Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в Целиноградском районе на 2020 год

Постановление акимата Целиноградского района Акмолинской области от 18 ноября 2019 года № А-3/564. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 20 ноября 2019 года № 7497

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 7) статьи 9, подпунктом 2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Целиноградского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в Целиноградском районе на 2020 год, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Целиноградского района А. Айткужинову.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким М.Таткеев

  Приложение
к постановлению акимата
Целиноградского района № А-3/564
от "18" ноября 2019 года

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в Целиноградском районе на 2020 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "АРЭК-Энергосбыт"

415

0,24


2020 жылға арналған Целиноград ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № А-3/564 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қарашада № 7497 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Целиноград ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. Айткужиноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М.Таткеев

  Целиноград ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "18" қарашадағы № А-3/564
қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Целиноград ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері
(%)

1

"АРЭК-Энергосбыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

415

0,24