О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года № 16-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района

Решение Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 2 апреля 2019 года № 32-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 5 апреля 2019 года № 5614. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28 февраля 2020 года № 43-1

      Сноска. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28.02.2020 № 43-1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Акжаикский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Акжаикского районного маслихата от 27 декабря 2013 года № 16-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3419, опубликованное 6 февраля 2014 года в газете "Жайық таңы") следующие изменения:

      в приложении 3 к Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района:

      подпункт 4) во второй графе изложить в следующей редакции:

      "4) военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – 50 000";

      подпункт 1) в третьей графе изложить в следующей редакции:

      "1) военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 50 000";

      подпункт 1) в четвертой графе изложить в следующей редакции:

      "1) семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия – 50 000".

      2. Руководителю аппарата Акжаикского районного маслихата (А.Ашабаев) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Примечание: расшифровка аббревиатуры:
Союз ССР – Союз Советских
Социалистических Республик.

Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 32-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 сәуірде № 5614 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 43-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 3-қосымшасында:

      екінші бағанның 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер – 50 000";

      үшінші бағанның 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер – 50 000";

      төртінші бағанның 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы – 50 000".

      2. Ақжайық аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ашабаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:
КСР Одағы – Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағы.