О внесении изменения и дополнения в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе"

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 8 апреля 2020 года № 462. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 9 апреля 2020 года № 7032. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 2 ноября 2020 года № 565

      Сноска. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 02.11.2020 № 565 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шалкарского районного маслихата от 22 мая 2017 года № 108 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5528, опубликованное 15 июня 2017 года в газете "Шалқар" ) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме; ";

      в подпункте 4) пункта 9:

      слова "Шалкарская центральная районная больница" заменить словами "Шалкарская районная больница";

      дополнить пунктом 13-1 следующего содержания:

      "13-1. Единовременная социальная помощь при введении чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан в размере 20000 (двадцать тысяч) тенге оказывается:

      1) без учета дохода, инвалидам получающим государственные социальные пособия первой, второй, третьей групп, детям инвалидам до шестнадцати лет, родителям, занятым уходом за ребенком-инвалидом (на каждого человека) согласно списка уполномоченной организации осуществляющей назначение и выплату социальной помощи;

      2) без учета дохода, гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, инфицированным вирусом иммунодефицита человека и больным различной формой туберкулеза на амбулаторном лечении, на основании представленных списков государственного коммунального предприятия "Шалкарская районная больница" на праве хозяственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области";

      3) без учета дохода, одиноким и одинокопроживающим пенсионерам получающие специальные социальные услуги, согласно списка уполномоченного органа;

      4) семьям, среднедушевой доход которых не превышает однократного размера прожиточного минимума по Актюбинской области, кроме семей получающий адресную социальную помощь, на основании списков представленных акимами города, сельских округов.

      Социальная помощь выдается один раз на период чрезвычайного положения и на одного человека только по одной категории.

      Социальная помощь оказывается без предъявления документов и в случе прекращения чрезвычайного положения оплата прекращается.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Шалкарского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата Шалкарского района, после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 апреля 2020 года.

      Председатель сессии Шалкарского
районного маслихата
Ж. Утегенов
      Секретарь Шалкарского
районного маслихата
С. Бигеев
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель государственного учреждения
"Управления координации занятости и
социальных программ Актюбинской области"
Б. Елеусинова

Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 462 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 7032 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 02.11.2020 № 565 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5528 тіркелген, 2017 жылы 15 маусымда "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      2 тармақтың 1) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) " Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; ";

      9 тармақтың 4) тармақшасындағы:

      "Шалқар аудандық орталық ауруханасы" сөздері "Шалқар аудандық ауруханасы" сөздерімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1 тармағымен толықтырылсын:

      "13-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі:

      1) табыстарын есепке алмай, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-анаға (әр адамға) әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) табыстарын есепке алмай, амбулаториялық ем алушы онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны берген тізімі негізінде;

      3) табыстарын есепке алмай, үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге уәкілетті органның тізімі негізінде;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларын қоспағанда, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаған жағдайда аз қамтылған отбасыларына қала, ауылдық округ әкімдері берген тізімдері негізінде.

      Әлеуметтік көмек төтенше жағдай кезеңінде бір рет және бір адамға тек бір санат бойынша беріледі.

      Әлеуметтік көмек құжаттарсыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.".

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Ж. Утегенов
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Елеусинова