О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения исполняющего обязанности акима Тогызского сельского округа от 29 мая 2020 года № 7 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Тогызского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области от 9 октября 2020 года № 11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 9 октября 2020 года № 7530

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления руководителя Шалкарской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № 16-8/108, аким Тогызского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия, установленные на территории улицы Ханжалы разъезда Кендала Тогызского сельского округа, в связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации заболевания бешенства среди домашних животных.

      2. Признать утратившим силу решение исполняющего обязанности акима Тогызского сельского округа от 29 мая 2020 года № 7 "Об установлении ограничительных мероприятий", (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7141, опубликованное 1 июня 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Тогызского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Шалкарского района, после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Тогузского сельского округа Б. Ідірісов

Шектеу іс-шараларын алу және Тоғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 7530 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 2 қазандағы № 16-8/108 ұсынысы негізінде, Тоғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тоғыз ауылдық округі Кеңдала разъездінің Ханжалы көшесі аумағында үй жануарлары арасында құтырық ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Тоғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7141 болып тіркелген, 2020 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тоғыз ауылдық округінің әкімі Б. Ідірісов