О внесении изменений в постановление акимата от 12 июля 2018 года № 83 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающим в сельской местности"

Постановление акимата Наурзумского района Костанайской области от 15 мая 2020 года № 61. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 15 мая 2020 года № 9187. Утратило силу постановлением акимата Наурзумского района Костанайской области от 5 февраля 2021 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Наурзумского района Костанайской области от 05.02.2021 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, акимат Наурзумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Наурзумского района "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающим в сельской местности" от 12 июля 2018 года № 83 (опубликовано 10 августа 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8001) следующие изменения:

      заголовок указанного постановления изложить в новой редакции:

      "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающим в сельской местности";

      пункт 1 указанного постановления изложить в новой редакции:

      "1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности согласно приложению к настоящему постановлению.";

      заголовок приложения к указанному постановлению изложить в новой редакции:

      "Перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности";

      в приложении к указанному постановлению подпункт 30) пункта 3 изложить в новой редакции:

      "30) методист (основных служб), методист методического кабинета (центра);";

      в приложении к указанному постановлению пункт 6 исключить.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов Наурзумского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Наурзумского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Наурзумского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Наурзумского района Т. Карбозов

Әкімдіктің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 61 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 9187 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 05.02.2021 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Науырзым ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 қаулысының (2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8001 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";

      көрсетілген қаулының қосымшасында 3-тармақтың 30) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "30) әдіскер (негізгі қызметтердің), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;";

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 6-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі Т. Карбозов