Об установлении повышенных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах района Тереңкөл , а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местного бюджета

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 23 декабря 2020 года № 2/66. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 28 декабря 2020 года № 7121

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах района Тереңкөл, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местного бюджета, повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам бюджетной политики и экономического развития маслихата района Тереңкөл.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2021 года.

      Председатель сессии маслихата района Тереңкөл С. Ахменова
      Секретарь маслихата района Тереңкөл С. Баяндинов

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 2/66 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 7121 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының бюджеттік саясаты мен экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы С. Ахменова
      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов