Об установлении повышенных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах района Аққулы, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местного бюджета

Решение маслихата района Аққулы Павлодарской области от 25 декабря 2020 года № 296/61. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 5 января 2021 года № 7149

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", маслихат района Аққулы РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах района Аққулы, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местного бюджета, повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам экономики и бюджетной политики, законности и защите прав человека.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2021 года.

      Председатель сессии маслихата района Аққулы К. Жиеналин
      Cекретарь маслихата района Аққулы С. Мусинова

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққулы ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 296/61 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 7149 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққулы ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Жиеналин
      Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы С. Мусинова