Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление акимата Махамбетского района Атырауской области от 23 июня 2020 года № 138. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 29 июня 2020 года № 4683. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 20 февраля 2024 года № 50

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Махамбетского района Атырауской области от 20.02.2024 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции постановления акимата Махамбетского района Атырауской области от 01.02. 2022 года № 33 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", решением Махамбетского районного маслихата от 27 марта 2020 года № 427 "О согласовании перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" акимат Махамбетского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Махамбетского района Атырауской области от 01.02.2022 № 33 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу постановление акимата Махамбетского района от 16 мая 2016 года № 155 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих сельской местности" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3544, опубликовано 1 июля 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Сейткалиева М.Ж.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 апреля 2020 года.

      Аким Махамбетского района Ж. Ахметов

  Приложение к постановлению
акимата Махамбетского района
от 23 июня 2020 года № 138

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      Сноска. Приложение в редакции постановления акимата Махамбетского района Атырауской области от 01.02.2022 № 33 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Должности специалистов в области социального обеспечения:

      1) руководитель центра занятости населения района и руководитель организации полустационарного типа (отделения дневного пребывания) района;

      2) заместитель руководителя центра занятости населения района и заместитель руководителя организации полустационарного типа (отделения дневного пребывания) района;

      3) врачи всех специальностей;

      4) медицинская (ий) сестра (брат);

      5) логопед;

      6) психолог;

      7) методист;

      8) специалист структурного подразделения центра (службы) занятости;

      9) культорганизатор (организатор по массовой работе);

      10) консультант по социальной работе центра занятости населения;

      11) специалист по социальной работе;

      12) социальный работник по уходу за престарелыми и инвалидами;

      13) ассистент по социальной работе;

      14) специалист по лечебной физической культуре;

      15) ассистент.

      2. Должности специалистов в области культуры:

      1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      3) заведующий (руководитель) библиотекой государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      4) аккомпаниатор;

      5) аккомпаниатор-концертмейстр;

      6) артист всех наименований;

      7) библиограф;

      8) библиотекарь;

      9) дирижер;

      10) звукорежиссер;

      11) культорганизатор (основных служб);

      12) методист всех наименований (основных служб);

      13) музыкальный руководитель;

      14) продюсер;

      15) редактор (основных служб);

      16) режиссер;

      17) режиссер-постановщик;

      18) репетитор по вокалу;

      19) хореограф;

      20) хормейстер;

      21) художники всех наименований (основных служб).

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 маусымда № 4683 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 20.02.2024 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 01.02.2022 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 427 шешіміне сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 01.02.2022 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 155 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3544 санымен тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Сейтқалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Махамбет ауданының әкімі Ж. Ахметов

  Махамбет аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 23 маусымдағы №
138 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 01.02.2022 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;

      2) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысының орынбасары;

      3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      4) мейіргер;

      5) логопед;

      6) психолог;

      7) әдіскер;

      8) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      9) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);

      10) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

      11) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      12) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      13) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

      14) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;

      15) ассистент.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      4) аккомпаниатор;

      5) аккомпаниатор-концертмейстр;

      6) барлық атаудағы әртістері;

      7) библиограф;

      8) кітапханашы;

      9) дирижер;

      10) дыбыс режиссері;

      11) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      12) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      13) музыкалық жетекші;

      14) продюсер;

      15) редактор (негізгі қызметтер);

      16) режиссер;

      17) қоюшы режиссер;

      18) вокал бойынша үйретуші;

      19) хореограф;

      20) хормейстер;

      21) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).