Об установлении специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности повышенных должностных окладов и тарифных ставок по Макатскому району

Решение Макатского районного маслихата Атырауской области от 6 августа 2020 года № 389-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 21 августа 2020 года № 4709

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, за счет бюджетных средств повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам экономики и бюджета, промышленности, развития предпринимательства и соблюдения законности (А. Кабдолов).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правовые отношения, возникшие с 1 января 2020 года.

      Председатель сессии, временно
исполняющий обязанности
секретаря маслихата
Ж. Тажибаев

Мақат ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 тамыздағы № 389-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 тамызда № 4709 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Қабдолов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Сессия төрағасы, мәслихат
хатшысының уақытша
міндетін атқарушы
Ж. Тажибаев