Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района

Решение Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 2 июля 2020 года № 49/414-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 13 июля 2020 года № 7339. Утратило силу - решением Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 25 октября 2021 года № 8/124-VII

      Сноска. Утратило силу - решением Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 25.10.2021 № 8/124-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Аягозский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Оказать социальную поддержку по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств, в размере 11,1966 месячных расчетных показателей в сумме 31 104 (тридцать одна тысяча сто четыре) тенге, специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района, без истребования заявлений от получателей.

      2. Определить следующий порядок оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее - социальная поддержка):

      1) назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Аягозского района ВКО" на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии;

      2) социальная поддержка оказывается лицам, постоянно проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района;

      3) социальная поддержка предоставляется один раз в год через банки второго уровня путем зачисления на лицевые счета получателей.

      3. Основания для отказа предоставляемой социальной поддержки:

      1) проживание в сельской местности за пределами Аягозского района;

      2) несоответствие перечню должностей, имеющих право на социальную поддержку, устанавливаемые местным исполнительным органом;

      3) повторное обращение в течение года, в случае назначения социальной поддержки в текущем году.

      4. Признать утратившими силу некоторые решения Аягозского районного маслихата согласно приложения.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 1 января 2021 года.

      Сноска. Пункт 5 в редакции решения Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 22.01.2021 № 2/11-VІІ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Председатель сессии, секретарь Аягозского районного маслихата С. Искаков

  Приложение к решению
Аягозского районного маслихата
от 2 июля 2020 года № 49/414-VI

Перечень решений Аягозского районного маслихата признанных утратившими силу

      1. Решение Аягозского районного маслихата от 6 сентября 2018 года № 27/190-VІ "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-6-180, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 9 октября 2018 года);

      2. Решение Аягозского районного маслихата от 29 ноября 2019 года № 41/289-VІ "О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 6 сентября 2018 года № 27/190-VІ "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6399, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 23 декабря 2019 года);

      3. Решение Аягозского районного маслихата от 24 января 2020 года № 43/325-VІ "О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 6 сентября 2018 года № 27/190-VІ "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6717, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 10 февраля 2020 года);

      4. Решение Аягозского районного маслихата от 31 марта 2020 года № 45/339-VІ "О приостановлении действия решения Аягозского районного маслихата от 6 сентября 2018 года № 27/190-VІ "Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6872, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 16 апреля 2020 года);

Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/414-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 шілдеде № 7339 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/124-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 25.10.2021 № 8/124-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 31 104 теңге (отыз бір мың жүз төрт) 11,1966 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – "ШҚО Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) әлеуметтік қолдау Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

      3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

      1) Аягөз ауданы шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;

      2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі.

      4. Қосымшаға сәйкес Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 22.01.2021 № 2/11-VІІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сессия төрағасы, Аягөз аудандық мәслихат хатшысы С. Искаков

  Аягөз аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
2 шілдедегі № 49/414-VI
шешіміне қосымша

Аягөз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VІ "Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-180 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 9 қазанында жарияланған);

      2. Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 41/289-VІ "Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6399 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 23 желтоқсанында жарияланған);

      3. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 43/325-VІ "Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6717 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 10 ақпанында жарияланған);

      4. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45/339-VІ "Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VІ шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6872 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 16 сәуірінде жарияланған).