Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим сельской местности Глубоковского района

Решение Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 3 декабря 2020 года № 53/4-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 10 декабря 2020 года № 7957

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Глубоковский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов, за счет бюджетных средств повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, если иное не установлено законами Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29.04.2021 года № 5/3-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 01.01.2021 ).

      2. Признать утратившим силу решение Глубоковского районного маслихата от 21 мая 2020 года № 43/8-VI "Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим сельской местности Глубоковского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7150, опубликовано 5 июня 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2021 года.

      Председатель сессии А. Мурзыканова
      Секретарь Глубоковского районного маслихата А. Баймульдинов

Глубокое ауданының ауылдық жердегі азаматтық қызметшілеріне жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 53/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 7957 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, бюджет қаражаттары есебінен, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 5/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      2. Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 43/8-VІ "Глубокое ауданының ауылдық жердегі азаматтық қызметшілеріне жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7150 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Мурзыканова
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов