Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе

Решение Есильского районного маслихата Акмолинской области от 15 февраля 2021 года № 2/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 февраля 2021 года № 8366. Утратило силу решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 15 сентября 2023 года № 8С-9/3

      Сноска. Утратило силу решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 15.09.2023 № 8С-9/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Есильский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Есильском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу:

      решение Есильского районного маслихата "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе" от 18 января 2019 года № 44/2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7055, опубликовано 30 января 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      решение Есильского районного маслихата "О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 18 января 2019 года № 44/2 "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе" от 6 марта 2020 года № 66/2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7730, опубликовано 18 марта 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии,
секретарь районного
маслихата
С.Агымбаева

      "СОГЛАСОВАНО"

      Акимат Есильского района

      Сноска. В гриф согласования вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 06.06.2023 № 8С-4/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение к решению
Есильского районного
маслихата от 15 февраля
2021 года № 2/2

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Есильском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, проживающим в Есильском районе.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом - государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Есильского района" (далее – уполномоченный орган).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством.

      4. Доля предельно допустимых расходов на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде устанавливается в размере 10 (десяти) процентов к совокупному доходу семьи (гражданина);

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 06.06.2023 № 8С-4/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местным представительным органом.

      6. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается 18 (восемнадцать) квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан, за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается 30 (тридцать) квадратных метров.

      7. За норму расхода электрической энергии, обеспечиваемую компенсационными мерами, устанавливается 101 (сто один) киловатт на одного человека в месяц.

      8. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

Глава 3. Порядок оказания жилищной помощи

      9. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" и/или посредством веб-портала "электронного правительства", согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

      10. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом совокупный доход семьи (гражданина) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал, за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем).

      11. В случае несогласия с отказом в предоставлении жилищной помощи, заявитель вправе обратиться в вышестоящий государственный орган или в суд в порядке установленном законодательством Республики Казахстан.

      12. Расходы по коммунальным услугам берутся по предъявленным заявителями платежных документов на оплату коммунальных услуг.

      13. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

Глава 4. Выплата жилищной помощи

      14. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 2/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 8366 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 8С-9/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 8С-9/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 44/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7055 тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      Есіл аудандық мәслихатының "Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 44/2 "Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 6 наурыздағы № 66/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 тіркелген, 2020 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы,
аудандық мәслихат
хатшысы
С.Агымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімдігі

      Ескерту. Келесілді грифына өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 06.06.2023 № 8С-4/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Есіл аудандық мәслихатының
2021 жылғы 15 ақпандағы
№ 2/2 шешіміне
қосымша

Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Есіл ауданында тұратындарға беріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамамен айқындалатын тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

      4. Шекті жол берілетін шығыстардың үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 06.06.2023 № 8С-4/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      6. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр болып қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.

      7. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, электр энергиясы шығысының нормасы үшін айына бір адамға 101 (жүз бір) киловатт болып белгіленеді.

      8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, үйлер) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табысы мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      11. Тұрғын үй көмегін ұсынудан бас тартумен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа жүгінуге құқығы бар.

      12. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтініш берушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған төлем құжаттары бойынша алынады.

      13. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тиiстi қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      14. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.