О внесении изменений в решение областного маслихата от 17 августа 2016 года № 51 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности"

Решение маслихата Актюбинской области от 24 декабря 2021 года № 110. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 декабря 2021 года № 26105

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение областного маслихата "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности" от 17 августа 2016 года № 51 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5074) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности";

      пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1. Установить повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь областного маслихата А. Нугманов

Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 110 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26105 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Облыстық мәслихаттың "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" 2016 жылғы 17 тамыздағы № 51 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5074 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов