Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Мартукскому району на 2021 год

Постановление акимата Мартукского района Актюбинской области от 27 января 2021 года № 8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 28 января 2021 года № 8028

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее постановление вводится в действие с 01.01.2021.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 9, подпунктом 3) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898, акимат Мартукского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Мартукскому району на 2021 год, в разрезе организаций согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Мартукский районный отдел занятости и социальных программ" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Мартукского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2021 года.

      Аким Мартукского района Е. Кенжеханұлы

  Приложение к постановлению акимата Мартукского района от 27 января 2021 года № 8

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Мартукскому району на 2021 год в разрезе организаций

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест (единиц)

1

Государственное коммунальное предприятие "Мартук-сервис" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Мартукский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

66

2

1

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Агрофирма "Коквест"

144

2

3

3

Коммунальное государственное учреждение "Жайсанский многопрофильный колледж" государственного учреждения "Управление образования Актюбинской области"

92

2

2

4

Государственное коммунальное казенное предприятие "Мартукский районный Дом культуры" государственного учреждения "Мартукский районный отдел культуры, физической культуры и спорта"

126

2

3

5

Товарищество с ограниченной ответственностью "Мартук Құрылыс"

10

1

1

6

Товарищество с ограниченной ответственностью "Алихан Ойл З"

187

3

6


2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 8 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 8028 болып тіркелді

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі Е. Кенжеханұлы

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 8 қаулысына қосымша

2021 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

66

2

1

2

"Агрофирма "Коквест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

144

2

3

3

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

2

2

4

"Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

126

2

3

5

"Мартук Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10

1

1

6

"Алихан Ойл З" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

187

3

6