О снятии ограничительных мероприятий

Решение акима села Арка Камыстинского района Костанайской области от 25 января 2021 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 26 января 2021 года № 9738

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Камыстинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 29 декабря 2020 года № 01-25/528, аким села Арка Камыстинского района РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории гурта № 1 села Арка Камыстинского района Костанайской области.

      2. Признать утратившим силу решение акима "Об установлении ограничительных мероприятий" от 14 августа 2020 года № 5 (опубликовано 17 августа 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9377).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима села Арка акимата Камыстинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Камыстинского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Т. Досмухамбетов

Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылы әкімінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 9738 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-25/528 ұсынысы негізінде Қамысты ауданы Арқа ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылының № 1 табынының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Әкімнің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 14 тамыздағы № 5 шешімінің (2020 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қамысты ауданы Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Т. Досмухамбетов