О снятии ограничительных мероприятий

Решение акима села Кожа Наурзумского района Костанайской области от 14 января 2021 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 20 января 2021 года № 9723

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Наурзумская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 23 декабря 2020 года № 01-20/429, аким села Кожа Наурзумского района РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории крестьянского хозяйства "Алимгазиев Акылбек" села Кожа Наурзумского района Костанайской области.

      2. Признать утратившим силу решение акима села Кожа Наурзумского района "Об установлении ограничительных мероприятий" от 13 мая 2020 года № 3 (опубликовано 14 мая 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9177).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима села Кожа Наурзумского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Наурзумского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким села Кожа А. Куйекбаева

Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы Қожа ауылы әкімінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 9723 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 01-20/429 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Қожа ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қожа ауылы "Алимгазиев Акылбек" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Науырзым ауданы Қожа ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3 шешімінің (2020 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9177 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Науырзым ауданы Қожа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қожа ауылының әкімі А. Куйекбаева