Об установлении льготы в виде бесплатного проезда отдельным категориям граждан города Петропавловск на общественном транспорте (кроме такси) в городе Петропавловск

Совместные постановление акимата города Петропавловск Северо-Казахстанской области от 23 апреля 2021 года № 631 и решение маслихата города Петропавловск Северо-Казахстанского области от 23 апреля 2021 года № 1. Зарегистрированы Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 26 апреля 2021 года № 7389

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", статьями 6 и 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Петропавловск ПОСТАНОВИЛ и Петропавловский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить льготу в виде бесплатного проезда следующим категориям граждан, имеющим постоянную регистрацию в городе Петропавловск, на общественном транспорте (кроме такси) в городе Петропавловск:

      1) лицам с инвалидностью 1 и 2 группы;

      2) детям с инвалидностью до 16 лет;

      3) детям с инвалидностью всех групп от 16 до 18 лет;

      4) одному из законных представителей, воспитывающих детей с инвалидностью возрастом до 18 лет;

      5) ветеранам Великой Отечественной войны;

      6) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      7) ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      8) многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-Героиня", награжденным орденами "Материнская Слава" I и II степени;

      9) жертвам политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимся пенсионерами;

      10) многодетным семьям (одному из законных представителей), имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста);

      11) малообеспеченным семьям (одному из законных представителей) из числа получателей адресной социальной помощи;

      12) детям школьного возраста из многодетных и малообеспеченных семей из числа получателей адресной социальной помощи.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными совместным постановлением акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 30.05.2023 № 695 и решением маслихата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 30.05.2023 года № 4 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      2. Предоставить вышеуказанным категориям граждан бесплатные персонифицированные льготные карты, дающие право бесплатного проезда.

      3. Коммунальному государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Петропавловска" предусмотреть возмещение убытков перевозчиков, связанных с перевозкой вышеуказанных категорий пассажиров.

      4. Определить источником финансирования городской бюджет.

      5. Коммунальным государственным учреждениям "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Петропавловска" и "Аппарат маслихата города Петропавловска" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного постановления акимата города Петропавловск и решения Петропавловского городского маслихата в республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего совместного постановления акимата города Петропавловск и решения Петропавловского городского маслихата на интернет-ресурсе акимата города Петропавловск и Петропавловского городского маслихата после его официального опубликования.

      6. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата города Петропавловск и решения Петропавловского городского маслихата возложить на курирующего заместителя акима города.

      7. Настоящее совместное постановление акимата города Петропавловск и решения Петропавловского городского маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына Петропавл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдіктер белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 631 және Солтүстік Қазақстан облысты Петропавл қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 1 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 сәуірде № 7389 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31 - баптарына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Петропавл қаласында тұрақты тіркелген азаматтардың мынадай санаттарына Петропавл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

      1) 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      2) 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      3) 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға;

      4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған заңды өкілдердің біріне;

      5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      6) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      7) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      9) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға;

      10) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға (заңды өкілдердің біріне);

      11) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан аз қамтылған отбасыларына (заңды өкілдерінің біріне);

      12) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан мектеп жасындағы балаларға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 30.05.2023 № 695 және Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 30.05.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен шешімімен.

      2. Жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттарына тегін жол жүру құқығын беретін тегін дербестендірілген жеңілдікті карталар берілсін.

      3. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген жолаушылар санаттарын тасымалдауға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді қарастырсын.

      4. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып белгіленсін.

      5. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" және "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы мен Петропавл қалалық мәслихатының шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы мен Петропавл қалалық мәслихатының шешімін ресми жариялағаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің және Петропавл қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы мен Петропавл қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы бірлескен Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы мен Петропавл қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.