Об установлении ограничительных мероприятии на участке "Айбала" Зайсанского городского округа

Решение акима города Зайсан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 19 февраля 2021 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 23 февраля 2021 года № 8409. Утратило силу - решением акима города Зайсан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 9 июля 2021 года № 10

      Сноска. Утратило силу - решением акима города Зайсан Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 09.07.2021 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Зайсанского района от 15 февраля 2021 года №218, аким города Зайсан РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на участке "Айбала" Зайсанского городского округа в связи с возникновением бруцеллеза крупного рогатого скота.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима города Зайсан" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Зайсанского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Зайсанского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за выполнением данного решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Зайсан А. Дутбаев

Зайсан қала округіне қарасты "Айбала" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 ақпанда № 8409 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 09.07.2021 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 ақпандағы №218 ұсынысы негізінде Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан қала округіне қарасты "Айбала" учаскесіндегі мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Зайсан қала әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан қаласының әкімі А. Дутбаев