Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Мойынкумского района

Решение Мойынкумского районного маслихата Жамбылской области от 19 апреля 2022 года № 16-3. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2022 года № 27719

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан, пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Мойынкумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Мойынкумского района, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов, повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2022 года.

      Секретарь Маслихата
      Мойынкумского района Б. Калымбетов

Мойынқұм ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 16-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27719 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мойынқұм ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыc істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Мойынқұм аудандық
      маслихатының хатшысы Б. Калымбетов