Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности Сайрамского района

Решение Сайрамского районного маслихата Туркестанской области от 18 августа 2022 года № 18-117/VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 августа 2022 года № 29214

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2022.

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового Кодекса Республики Казахстан и со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Сайрамский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки специалистам в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Сайрамского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Сайрамского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2022 года.

      Секретарь маслихата Ш. Халмурадов

Сайрам ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы № 18-117/VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29214 болып тiркелдi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139-бабының 9 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. "Сайрам аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маслихат хатшысы Ш. Халмурадов