Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Северо-Казахстанской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской и Кызылординской областей

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 6 июня 2023 года № 614. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 июня 2023 года № 32711

      В соответствии со статьей 212 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и пунктом 8 Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска местными исполнительными органами Северо-Казахстанской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской и Кызылординской областей государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2023 год;

      вид ценных бумаг – государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных программ;

      2) объемы:

      Северо-Казахстанской области – не более 5 500 000 000 (пять миллиардов пять миллионов) тенге;

      Восточно-Казахстанской области – не более 5 500 000 000 (пять миллиардов пять миллионов) тенге;

      Павлодарской области – не более 4 515 417 000 (четыре миллиарда пятьсот пятнадцать миллионов четыреста семнадцать тысяч) тенге;

      Кызылординской области – не более 5 351 500 000 (пять миллиардов триста пятьдесят один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      3) целевое назначение – финансирование строительства жилья в рамках реализации государственных программ.

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3 Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра - Министр финансов Республики Казахстан Е. Жамаубаев

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қықылорда облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 614 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32711 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қықылорда облыстарының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2023 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемдері:

      Солтүстік Қазақстан облысы – 5 500 000 000 (бес миллиард бес миллион) теңгеден артық емес;

      Шығыс Қазақстан облысы – 5 500 000 000 (бес миллиард бес миллион) теңгеден артық емес;

      Павлодар облысы – 4 515 417 000 (төрт миллиард бес жүз он бес миллион төрт жүз он жеті мың) теңгеден артық емес;

      Қызылорда облысы – 5 351 500 000 (бес миллиард үш жүз елу бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев