Об утверждении Правил предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 7 августа 2023 года № 396. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 августа 2023 года № 33276.

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан "О миграции населения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования.

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

 
  Приложение к приказу
Министр науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от 7 августа 2023 года
№ 396

Об утверждении Правил предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования

Глава 1. Общие положения

      1. Правила предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан "О миграции населения" и предусматривают порядок предъявления подтверждения платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования, а также определяют его размер.

      2. Настоящие Правила не распространяются на иммигрантов, являющихся этническими казахами.

      3. К иммигрантам, прибывающим на территорию Республики Казахстан с целью получения образования, относятся обучающиеся, принятые в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования, в том числе по организованным программам обмена обучающихся и прохождения подготовительных курсов (далее - иммигранты).

Глава 2. Порядок подтверждения иммигрантами своей платежеспособности за обучение и проживание

      4. Организации образования ежегодно устанавливают стоимость оплаты обучения и проживания в студенческом общежитии для иммигрантов, прибывающих с целью получения образования.

      5. Для подтверждения своей платежеспособности иммигранты, пребывающие с целью получения образования предоставляют в организацию образования справку о состоянии текущего банковского счета.

      6. Организация образования в течение 5 рабочих дней с момента получения справки о состоянии текущего банковского счета заключает договор об оказании образовательных услуг.

      7. В случае недостаточности средств на текущем счете иммигранта организация образования принимает решение об отказе на заключение договора.

      8. Сумма оплаты за обучение и проживание, указанная в справке о состоянии текущего банковского счета, устанавливается в размере не менее стоимости оплаты за один год обучения и проживания в студенческом общежитии.

Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 тамызда № 33276 болып тіркелді.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 7 тамыздағы
№ 396 бұйрыққа
қосымша

Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруға, сондай-ақ оқуға ақы төлеу үшін қажетті төлем қабілеттілігін растауды ұсыну тәртібін көздейді, сондай-ақ оның мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар этникалық қазақ болып табылатын көшіп келушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде келген тұлғаларға қолданылмайды.

      3. Қазақстан Республикасының аумағына білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оның ішінде білім алушылар алмасудың және даярлық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша қабылданған білім алушылар (бұдан әрі - көшіп келушілер) жатады.

2-тарау. Көшіп келушілердің оқу және тұру үшін төлем қабілеттілігін растау тәртібі

      4. Білім беру ұйымдары жыл сайын білім алу мақсатында келген көшіп келушілер үшін оқу ақысы мен студенттік жатақханада тұру құнын белгілейді.

      5. Өзінің төлем қабілеттілігін растау үшін білім алу мақсатында келген көшіп келушілер білім беру ұйымына ағымдағы банктік шоттың жай-күйі туралы анықтама ұсынады.

      6. Білім беру ұйымы ағымдағы банктік шоттың жай-күйі туралы анықтама алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасайды.

      7. Көшіп келушінің ағымдағы шотында қаражат жеткіліксіз болған жағдайда білім беру ұйымы шарт жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      8. Ағымдағы банктік шоттың жай-күйі туралы анықтамада көрсетілген оқуға және тұруға арналған төлем сомасы оқудың және студенттік жатақханада тұрудың бір жылы үшін төлем құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді.