Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Алматы

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 28 сентября 2023 года № 1025. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 октября 2023 года № 33491

      В соответствии со статьей 212 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и пунктом 8 Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, утвержденных приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 723, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска местным исполнительным органом города Алматы государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2023 год;

      вид ценных бумаг – государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных программ;

      2) объем:

      город Алматы – не более 8 924 538 000 (восемь миллиардов девятьсот двадцать четыре миллиона пятьсот тридцать восемь тысяч) тенге;

      3) целевое назначение – финансирование строительства жилья в рамках реализации государственных программ.

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3 Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 1025 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 қазанда № 33491 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2023 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі:

      Алматы қаласы – 8 924 538 000 (сегіз миллиард тоғыз жүз жиырма төрт миллион бес жүз отыз сегіз мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев