О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 542 "Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2023 год"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 15 ноября 2023 года № 474. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 ноября 2023 года № 33641

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 542 "Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2023 год" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31623) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить:

      1) региональную квоту приема кандасов на 2023 год в количестве 2 337 человек;

      2) региональную квоту приема переселенцев на 2023 год в количестве 6 592 человек.".

      2. Комитету по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта;

      4) доведение настоящего приказа до сведения акиматов областей и городов Астана, Алматы и Шымкент для руководства в работе.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 542 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 474 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 қарашада № 33641 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31623 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 542 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мынадай:

      1) қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 337 адам;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасының саны 6 592 адам болып белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды;

      4) осы бұйрықты жұмыста басшылық ету үшін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"