О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 15 марта 2021 года № 31-VII "Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность и поселки, а также в города районного значения Атырауской области"

Решение Атырауского областного маслихата от 3 августа 2023 года № 43-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 3 августа 2023 года № 5069-06

      Атырауский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Атырауского областного маслихата от 15 марта 2021 года № 31-VII "Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность и поселки, а также в города районного значения Атырауской области" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4899) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников";

      пункты 1 и 2 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1. Определить систему мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность и поселки, в города районного и областного значения Атырауской области, путем установления социальной поддержки в виде единовременной выплаты медицинским и фармацевтическим работникам;

      2. Определить порядок и размер оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность и поселки, города районного и областного значения Атырауской области, согласно приложению к настоящему решению.";

      приложение указанного решения изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата М. Хайруллиев

  Приложение к решению
Атырауского областного
маслихата от 3 августа 2023
года № 43-VIII
  Утвержден решением
Атырауского областного
маслихата от 15 марта 2021
года № 31-VII

Порядок и размер оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность и поселки, города районного и областного значения Атырауской области

1. Общие положения

      1. Настоящий порядок оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселки, в города районного и областного значения Атырауской области, определяют порядок принятия мер социальной поддержки, а также финансирования и выплат медицинским и фармацевтическим работникам, направленных для работы в сельскую местность и поселки, в города районного и областного значения.

      2. Основные понятия:

      1) уполномоченный орган по оказанию социальной поддержки (далее - уполномоченный орган) - государственное учреждение "Управление здравоохранения Атырауской области";

      2) работодатель - организация здравоохранения, финансируемая из соответствующего бюджета, заключившая трудовой договор с медицинским и фармацевтическим работником;

      3) медицинские и фармацевтические работники, направленные для работы в сельскую местность и поселки, в города районного и областного значения (далее - работники) - физические лица, имеющие профессиональное высшее медицинское или фармацевтическое образование осуществляющие медицинскую или фармацевтическую деятельность, направленные уполномоченным органом для работы в сельскую местность и поселки, в города районного и областного значения.

      3. Социальная поддержка работникам (далее - социальная поддержка) является единовременная помощь, осуществляемая за счет бюджетных средств, в качестве социальной гарантии специалистам, направляемым на срок не менее пяти лет в сельскую местность и поселки, в города районного и областного значения.

      В пятилетний период не включается время нахождения работника в отпуске без сохранения заработной платы, в отпуске без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, а также срок временной нетрудоспособности более двух месяцев, удостоверенный листом о временной нетрудоспособности.

      4. Социальная поддержка оказывается медицинским и фармацевтическим работникам, направляемым для работы в сельскую местность и поселки, в города районного и областного значения в следующих в размерах:

      - работникам, направляемым для работы в город областного значения - 3 000 000 (три миллиона) тенге;

      - работникам, направляемым для работы в сельскую местность и поселки, в город районного значения - 5 000 000 (пять миллионов) тенге.

      5. Правом на получение социальной поддержки обладает молодой специалист или приглашенный работник, имеющий фактический стаж работы по специальности.

      6. Оказание социальной поддержки работнику осуществляется за счет средств областного бюджета и выплачивается после заключения трудового договора с работником путем перечисления на его лицевой счет, открытый в банке второго уровня на основании его заявления.

2. Порядок принятия мер социальной поддержки

      7. По направлению уполномоченного органа работодатель заключает трудовой договор с работником в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан.

      8. В случае принятия решения о переводе работника уполномоченным органом в связи с производственной необходимостью (с предварительного согласия работника), между государственными медицинскими организациями, расположенными в сельской местности и поселках, в городах районного и областного значения, право на получение социальной поддержки за работником сохраняется.

      В таком случае за перевод в государственную медицинскую организацию, расположенной в другой сельской местности и поселках, в городах районного и областного значения, социальная поддержка заново не оказывается.

      При переводе работника, проработавший менее 3 (трех) лет в сельской местности и поселках, города районного значения в медицинскую организацию, расположенной в городе областного значения возвращается разница в сумме 2 000 000 (двух миллионов) тенге в областной бюджет.

      9. В случае досрочного расторжения трудового договора по инициативе работника либо работодателя, работодатель принимает меры по возврату в доход областного бюджета ранее перечисленных бюджетных средств путем подачи искового заявления в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан.

      Возврат ранее выплаченных денежных средств при досрочном расторжении трудовых отношений, предусматривается в трудовом договоре.

      10. Работодатель не позднее 10 рабочих дней с момента утраты работником права на получение социальной поддержки (в случае расторжения трудового договора) извещает об этом уполномоченный орган.

      11. Контроль за исполнением настоящего порядка осуществляет уполномоченный орган.

Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VII "Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 3 тамыздағы № 43-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 тамызда № 5069-06 болып тіркелді

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VII "Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4899 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімінің 1 және 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерінде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау белгілеу арқылы медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

  Атырау облыстық
мәслихатының 2023 жылғы 3
тамыздағы № 43-VIII шешіміне қосымша
  Атырау облыстық
мәслихатының 2021 жылғы 15
наурыздағы № 31-VII
шешімімен бекітілген

Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау, сондай-ақ ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қаржыландыру және төлемдер тәртібін айқындайды.

      2. Негізгі ұғымдар:

      1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмыс беруші - медицина және фармацевтика қызметкермен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      3) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар, медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органмен ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген жеке тұлғалар.

      3. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.

      Бес жылдық кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі кірмейді.

      4. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай мөлшерде әлеуметтік қолдау көрсетіледі:

      - облыстық маңызы бар қалаға жұмысқа жіберілген қызметкерлерге – 3 000 000 (үш миллион) теңге;

      - ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаға жұмысқа жіберілген қызметкерлерге - 5 000 000 (бес миллион) теңге.

      5. Әлеуметтік қолдау алуға жас маман немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар шақыртылған қызметкер құқылы.

      6. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және қызметкермен еңбек шартын жасасқаннан кейін оның арызы негізінде екінші деңгейдегі банктен ашылған оның дербес шотына аудару жолымен төленеді.

2. Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі

      7. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.

      8. Уәкілетті орган өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкерді ауылдық жерде және кенттерде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мемлекеттік медициналық ұйымдар арасында ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда (қызметкердің алдын ала келісімін алу арқылы), қызметкердің әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.

      Мұндай жағдайда ауылдық жерде және кенттерде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мемлекеттік медициналық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайтадан көрсетілмейді.

      Ауылдық жерде және кенттерде, аудандық маңызы бар қалада 3 (үш) жылдан кем жұмыс жасаған қызметкерді облыстық маңызы бар қаладағы медициналық ұйымға ауыстырған жағдайда 2 000 000 (екі миллион) теңге айырмашылық облыстық бюджетке қайтарылады.

      9. Жұмыскердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

      Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

      10. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда) бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      11. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.