Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в районе Самар

Решение маслихата района Самар Восточно-Казахстанской области от 28 ноября 2023 года № 7-5/VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 4 декабря 2023 года № 8924-16

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат района Самар Восточно-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Определить:

      специализированные места для организации и проведения мирных собраний в районе Самар и нормы их предельной заполняемости согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест в районе Самар согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест в районе Самар согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий в районе Самар, в которых запрещено проведение пикетирования, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата района Самар Г. Шаймарданова

  Приложение 1 к решению
Маслихат района Самар
от 28 ноября 2023 года
№ 7-5/VIII

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в районе Самар и нормы их предельной заполняемости

   №

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний

Норма предельной наполняемости

1

Площадь перед сценой Дома культуры имени "И. Федосова" по переулку Букетова, 68 села Самарское.
Маршрут следования для проведения мирных собраний:
Село Самар, от пересечения улицы Самарға 100 жыл и переулка Букетова вдоль по переулку Букетова до пересечения с улицей Горохова.

100 человек

  Приложение № 2 к решению
маслихата района Самар
от 28 ноября 2023 года
№ 5-2/VIII

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест в районе Самар

      1. Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео и фотосъемки при проведении мирных собраний.

      2. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение № 3 к решению
маслихата района Самар
от 28 ноября 2023 года
№ 5-2/VIII

Порядок использования специализированных мест в районе Самар

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      По требованию представителя местного исполнительного органа, сотрудников правоохранительных органов приостанавливают или прекращают мирные собрания в случаях, предусмотренных статьями 17 и 18 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", с информированием участников мирных собраний о необходимости исполнения такого требования.

  Приложение № 4 к решению
маслихата района Самар
от 28 ноября 2023 года
№ 5-2/VIII

Границы прилегающих территорий в районе Самар, в которых запрещено проведение пикетирования

      Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 400 метров от прилегающих территорий следующих объектов села Самар:

      1) мест массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 7-5/VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 8924-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айқындалсын:

      осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Самар ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Самар ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Самар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Самар ауданы мәслихатының хатшысы Г. Шаймарданова

  Самар ауданының мәслихаты
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-5/VIII шешіміне
1-қосымша

Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

    №

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толу нормасы

1

Самар ауылы, Букетов тұйық көшесі, 68 бойындағы "И. Федосов" атындағы мәдениет үйі сахнасының алдындағы алаң.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты:
Самар ауылы, Самарға 100 жыл көшесі және Букетов тұйық көшесі қиылысынан бастап, Букетов тұйық көшесі бойындағы Горохов көшесі қиылысына дейін.

100 адам

  Самар ауданы мәслихатының
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-5/VIII шешіміне
2- қосымша

Самар ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Самар ауданы мәслихатының
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-5/VIII шешіміне
3- қосымша

Самар ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

  Самар ауданы мәслихатының
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-5/VIII шешіміне
4- қосымша

Самар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Самар ауылының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға, іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.