Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау

Решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 28 марта 2024 года № 11/67. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 5 апреля 2024 года № 4691-12

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) Актауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Актау согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Актауского городского маслихата по перечню, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Актауского городского маслихата С. Закенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Государственное учреждение

      "Управление координации занятости и

      социальных программ Мангистауской области"

  Приложение 1 к решению
  Актауского городского маслихата
  от 28 марта 2024 года №11/67

Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Актау

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), проживающим в городе Актау, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Актауский городской отдел занятости и социальных программ" (далее - услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя, претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется услугодателем, осуществляющим назначение жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее – Правила предоставления жилищной помощи).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным местными представительными органами.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) устанавливается в размере 3 (трех) процентов, а для одиноких пенсионеров (супругов) и лиц с инвалидностью всех групп в размере 1 (одного) процента.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на одного человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам предоставления жилищной помощи.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2 к решению
  Актауского городского маслихата
  от 28 марта 2024 года №11/67

Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Актауского городского маслихата

      1. Решение от 14 апреля 2021 года №2/16 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4495).

      2. Решение от 23 декабря 2022 года №22/173 "О внесении изменения в решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 14 апреля 2021 года № 2/16 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №31594).

      3. Решение от 18 августа 2023 года №5/28 "О внесении изменений и дополнения в решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 14 апреля 2021 года № 2/16 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4595-12).

Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 11/67 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 4691-12 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2.Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы С. Закенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2024 жылғы 28 наурыздағы
  №11/67 шешіміне 1 қосымша

Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (әрі қарай – Тұрғын үй көмегін беру қағидасы) айқындалған тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 3 (үш) пайыз мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер (ерлі-зайыптылар) және барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 1 (бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға шығыстар сметасына және коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2024 жылғы 28 наурыздағы
  № 11/67 шешіміне 2 қосымша

Ақтау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 2/16 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешім (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4495 болып тіркелген).

      2. 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 22/173 "Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 2/16 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 31594 болып тіркелген).

      3. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 5/28 "Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/16 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешім (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4595-12 болып тіркелген).