"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Мұхамедиев |
Петропавл қаласы әкімдігінің | |
2023 жылғы "12" қыркүйектегі | |
№ 1164 қаулысымен | |
бекітілген |
"Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Петропавл қ, 2023 ж.
1. Жалпы ережелер
1. "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - Мекеме), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және бюджеттік жоспарлау, бағдарламалық құжаттар, қала бюджетін атқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында басшылықты, Петропавл қаласы бюджетінің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізуді, коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Петропавл қаласы әкімдігінің уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекемеде ведомстволар жоқ.
3. Мекеме өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мекеме өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзіретінің мәселесі бо-йынша, Мекеме басшысының бұйырығымен Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Мекеменің құрылтайшысы және уәкілетті органы Петропавл қаласының әкімдігі болып табылады.
9. Мекеменің орналасқан жері: 150008, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.11. Осы Ереже Мекеменің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мекеменің міндеттері:
1) Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және бюджеттің орындалуы мәселелері бойынша қала бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
2) қаланың бюджетін атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) қала бюджетінің атқарылуы бойынша қаржылық және бюджеттік есептіліктің бухгалтерлік және бюджеттік есебін жүргізу;
4) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қалыптастыру, оны талдау;
5) қаланың коммуналдық меншігін басқару.
6) қаланың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді әдіснамалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізу;
7) облысты дамыту бағдарламасының қосымшасында көзделген стратегиялық нысаналы индикаторлар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
8) Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау негізінде үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет параметрлерін әзірлеу;
9) Бөлім қызметін қаржылық, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету;
10) электрондық құжат айналымын тиімді пайдалану;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Петропавл қаласының әкімімен Бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
14. Мекеменің Өкілеттіктері:
Мекеменің Құқықтары:
1) мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан сұрату және алу;
2) Әкімдікке қаланың даму стратегиясын және басымдықтарын, мақсаттарын анықтау бойынша ұсыныстар енгізу;
3) қала бюджетінен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ұсынымдар беру;
4) мемлекеттік органдар мен соттарда "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ мүдделерін білдіру;
5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
15. Мекеменің міндеттері:
1) мүлікті қабылдау-беру актілері бекітілсін;
2) өз құзыреті шегінде қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға;
3) Мекеменің құзіретті мәселесі бойынша, соның ішінде негізгі қызмет және жеке құрам бойынша, бұйрықтар шығару;
4) мекеменің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық инстанциялардың сот органдарына жүгінуге, коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мәселелері бойынша, мекеме қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мекеменің атынан өкілдік етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ ұсынған шегінде өкілеттіктерді жүзеге асыру.
16. Жүктелген міндеттерге сәйкес мекеме келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) заңнаманы қолдану практикасын талдау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, өз құзыреті шегінде қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау;
2) әлеуметтік-экономикалық Паспортты әзірлеу, Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жүргізу және ақпарат дайындау;
3) қала әкімі актілерінің жобаларын жоспарларға сәйкестікке және қаланың экономикалық, әлеуметтік даму бағдарламасына сәйкестікке келісуді жүргізу;
4) Петропавл қаласының Бюджеттік комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау;
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды қарау, бағалау және дайындау;
6) Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемін болжау;
7) Петропавл қаласы мәслихатының 3 жылға арналған жергілікті бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобаларын, Петропавл қаласының бюджетін түзету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
8) тиісті қаржы жылына арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы Петропавл қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы әкімдік қаулысының жобасын әзірлеу;
9) басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;
10) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жүргізу;
12) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат жасау және әкімдікке ұсыну;
13) жергілікті бюджеттік инвестициялар мен гранттарды іске асырудың тиімділігіне (нәтижелілігіне) бағалау жүргізу;
14) бюджеттік комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі жөніндегі ұсыныстарын қарау;
16) бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарау;
17) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары сараптамасының оң қорытындысы негізінде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша тізбені қалыптастыру;
18) бюджеттік бағдарламаларды бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бұйрықтарының жобаларын қарау және келісу;
19) бюджетті атқаруды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
20) түсімдердің жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу;
21) қаланың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражатты уақытылы және тиімді пайдалануына мониторингті жүзеге асыру;
22) қала бюджетін атқару бойынша бюдежттік есепті және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалған тәртіпте және мерзімде қала бюджетіне түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу;
24) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ақшалай қаражатты игеруге мониторингті жүзеге асыру;
25) қаражат есебінен бюджеттік кредиттерді пайдалануға, оларды есептеуге және қайтаруға мониторингті жүзеге асыру;
26) қала бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерге мониторингті жүзеге асыру;
27) қала бюджетін атқару бойынша есептілікті жасау;
28) бюджеттік есептілікті жүргізуді қамтамасыз ету;
29) қаланың бюджетін атқару және қаланың мемлекеттік мекемелерінің дебиторлық және кредиторлық берешектері бойынша есептілікті жасау;
30) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның қарыздарын өтеу және қызмет көрсету;
31) бірыңғай бюджеттік сыныптауға сәйкес қала бюджетіне түсімдердің әкімшілік етілетін кодтары бойынша артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке алуды қамтамасыз ету;
32) жоғары тұрған бюджеттен бөлінген, оның ішінде бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтару;
33) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Петропавл қаласының аумағында коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
34) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға қала әкімдігінің коммуналдық меншігін бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
35) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды есептен шығаруды келісу;
36) мүлікті қабылдау-тапсыру актілерін бекіту;
37) акциялар пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізілімін жүргізу;
38) қаланың коммуналдық меншігіне жататын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Қаржы-шаруашылық қызметіне тоқсан сайынғы мониторингті жүзеге асыру;
39) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
40) коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүлкіне түгендеу жүргізу мониторингін жүзеге асыру;
41) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа);
42) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығынсыз (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа) мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа);
43) коммуналдық мүлікті сатып алу–сату, мүліктік жалдау (жалға алу), сенімгерлік басқару шарттарының талаптарын орындауды жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа);
44) коммуналдық мүлікті сатудан, қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беруден, берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдаудан (тұрғын үй қорының объектілерінен басқа)қала бюджетінің кірісіне ақшалай қаражаттың толықтығы мен уақтылы түсуін бақылауды жүзеге асыру (мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерінен басқа);
45) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
46) бухгалтерлік есеп пен есептілікті, кадрлық - құқықтық жұмысты, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу;
47) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Мекемеге жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Петропавл қаласының әкіміне "Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) өз орынбасарының, сектор меңгерушілерінің, мамандардың құқықтарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді, мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда мекеменің атынан өкілдік етеді;
7) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде Мекеменің құзіретіне енетін мәселелер бойынша Мекеменің мүддесін ұсыну құқына сенімхат береді;
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының атынан өз балансында тұрған өзіне бекітілген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.
24. Мекемеге бекітілген мүлік республикалық / коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Мекеме таратылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік қаланың коммуналдық меншігінде қалады.