"Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы " Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 126/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 194/8 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару туралы" Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 124-бабына, "мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, "туризм саласындағы функцияларды беру туралы"Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 244/3 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 126/6 қаулысымен бекітілген Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы Ережеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. "Успен ауданының тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберсін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мақашев

  Успен ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "___" _________
№ ______ қаулысына
қосымша
  Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 маусымдағы
№ 126/6 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ) Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, туризм және спортты дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ ведомстволары жоқ.

      3. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес өз атауы қазақ және орыс тілдерінде мөрлері мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға, "Мемлекеттік және мемлекеттік емес және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері болады, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.

      5. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ Өз құзыретінің мәселелері бойынша"Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141000 Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Милевский көшесі, 65.

      10. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района".

      12. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ құрылтайшысы Успен ауданының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ құрылтай құжаты болып табылады

      14. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      16. Қызметтің мақсаты

      1) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) ауданда бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді, меншік нысанына қарамастан аудандық бөлімдер мен ведомстволардың, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңды, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

      3) дене шынықтыруды, туризмді және спортты дамыту, аудан халқы арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

      4) дене шынықтыру, туризм және спорт салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.

      5) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.

      17. Қызмет мәні:

      Қызметінің мәні: мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, туризм және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, туризм және спорт саласындағы мемлекет саясатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      2) бағыныстағы мәдени-ағарту жұмыстарына, ұйымдар мен мекемелерге басшылық жасау;

      3) меншік нысанына қарамастан ауданның мәдениет мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      4) ауданды мекендейтін халықтардың тарихи-мәдени мұрасын, рухани дәстүрлерін жаңғыртуды, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;

      6) Успен ауданында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

      7) дене шынықтыру, туризм және спорт салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, облыс және аудан әкімінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

      19. Өкілеттіктер:

      1) Құқықтар:

      1.1) аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен ұйымдарының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, туризм және спорт саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      1.2) әкімдіктің, аудан әкімінің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына дамудың негізгі бағыттары, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, туризм және спорт саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      1.3) Қазақстан Республикасының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, туризм және спорт саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      1.4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;

      1.5) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізу;

      1.6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға;

      1.7) заңнамада белгіленген тәртіппен халықтың өтініштерін, өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарауға;

      1.8) мемлекеттік және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге;

      1.9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін Мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру, туризм және спорт мәселелерінде өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ өкілеттіктерін орындау үшін ауданның басқа атқарушы органдарымен және оның қарамағындағы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      2) міндеттер:

      2-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      2-2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындауға;

      2-3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге;

      2-4) мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізуге;

      2-5) өзіне бекітілген коммуналдық мүлікті пайдалану тиімділігіне және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыруға ;

      2-6) мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге міндетті.

      20. Функциялар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарауды қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

      4) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, туризм және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      5) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, байқаулар, фестивальдар мен конкурстар, декаративтік-қолданбалы өнер көрмелерін өткізуді ұйымдастырады;

      6) аудандық конкурстар мен фестивальдар өткізу жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      7) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың мүдделерін ескере отырып, ауданның мәдениетін дамыту және сақтау іс-шараларының перспективалық жоспарларын әзірлеу;

      8) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген нысандағы "Мәдениет ұйымының негізгі қызметі жөніндегі есеп" әкімшілік деректерін жинауды жүзеге асыру және облыстың атқарушы органына ұсыну;

      9) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      11) кітапхана және мұражай ісінің дамуы мен сақталуын қамтамасыз ету;

      12) клубтық мекемелердің, кітапханалардың дамуы мен сақталуын, спорт ғимараттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      13) мәдениет саласындағы мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

      14) мәдениет, тілдер, туризм және спортты дамыту мәселелері бойынша түрлі аудандық бағдарламаларды әзірлеу және іске асырылуын бақылау;

      15) аудандық маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      16) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізу;

      17) облыстың атқарушы органдарына ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді атау және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      18) дене шынықтыру мен спортты насихаттау, халықтың қалың жігін жүйелі дене жаттығуларымен айналысуға тарту арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын бекіту;

      19) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

      20) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;

      21) инфрақұрылымды сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету және мәдениет пен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту;

      22) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық деңгейде спорттың әртүрлі түрлері бойынша жарыстар өткізу;

      23) әр түрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз ету;

      24) Аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

      25) аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту

      26) біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарын: 2-разрядты спортшыны, 3-разрядты спортшыны, 1-жасөспірімдік разрядты спортшыны, 2-жасөспірімдік разрядты спортшыны, 3-жасөспірімдік разрядты спортшыны және біліктілік санаттарын: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушыны, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушыны, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерді, біліктілігі екінші санатты, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі.

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      21. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ басшылығын "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ-ге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      22. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      23. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      24. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ туралы ережені аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ-нің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

      5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      6) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      8) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ-нің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ атынан өкілдік етеді.

      10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      12) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады;

      13) Қазақстан Республикасының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, туризм және спорт саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      28. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

5 Тарау. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, мемлекеттік мүлік саласындағы заңнамаға, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге сәйкес жүзеге асырылады.

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ таратылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      2. Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Успен ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады