Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 920-баптан қараңыз.
      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мазмұны алып тасталды – ҚР 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша:
      "салық органына", "салық органдарына", "салық органдарының", "салық органында", "салық органының", "салық органы", "салық органдарындағы", салық органын", "салық органдарын", "салық қызметі органдары", "салық қызметі органдарының", "салық қызметі органының", "салық қызметі органы", "салық қызметі органдарына", "салық қызметінің органдары", "салық қызметінің органы" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік кіріс органына", "мемлекеттік кіріс органдарына", "мемлекеттік кіріс органдарының", "мемлекеттік кіріс органында", "мемлекеттік кіріс органының", "мемлекеттік кіріс органы", "мемлекеттік кіріс органдарындағы", "мемлекеттік кіріс органын", "мемлекеттік кіріс органдарын", "мемлекеттік кіріс органдары", "мемлекеттік кіріс органдарының", "мемлекеттік кіріс органының", "мемлекеттік кіріс органы", "мемлекеттік кіріс органдарына", "мемлекеттік кіріс органдары", "мемлекеттік кіріс органы" деген сөздермен ауыстырылды;
      "кеден органынан", "кеден органының", "кеден органын", "кеден органына", "кеден органы", "кеден органдары", "кеден органдарының" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік кіріс органынан", "мемлекеттік кіріс органының", "мемлекеттік кіріс органын", "мемлекеттік кіріс органына", "мемлекеттік кіріс органы", "мемлекеттік кіріс органдары", "мемлекеттік кіріс органдарының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мүгедектерді", "мүгедектердің", "мүгедектер", "Мүгедектердің", "мүгедек" деген сөздер тиісінше "мүгедектігі бар адамдарды", "мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар адамдар", "Мүгедектігі бар адамдардың", "мүгедектігі бар адам" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА

1-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады.

      2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi.

      2-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.

      Бұл ереже әкімшілік жауаптылықты алып тастау жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.

      3. Әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ету туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi

      Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.

3-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының кеңiстiк тұрғысынан қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға да қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық судағы немесе әуе кеңiстiгiндегі кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға да оның тұрған жерiне қарамастан, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

      4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының уақыт тұрғысынан қолданылуы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылыққа жатады.

      2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген іс-әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың басталған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады.

5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзге түрде жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаған құқық бұзушылыққа қолданылады.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе тұлғаның жағдайын өзге түрде нашарлататын заңның керi күшi болмайды.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың мiндеттерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

      2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.

7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.

8-бап. Заңдылық

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары осы Кодекспен ғана айқындалады. Осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте, ешкім де әкімшілік жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартыла алмайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңды күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Қазақстан Республикасының заңында және Конституциясында белгiленген қағидалар арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.

      3. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіп берілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалатын заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітіп берілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Соттың шешiмiн алғаннан кейін iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың және органдардың (лауазымды адамдардың) конституциялық емес деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды.

      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген соттың, органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және заңда белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп соғады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Заң мен сот алдындағы теңдiк

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы

      1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және өз өкiлеттiктері шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленгенге дейін кiнәсiз деп есептеледi.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралған жағдайда, сондай-ақ айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам тиісті шешім заңды күшiне енген кезге дейін кiнәсiз деп есептеледi.

      2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

      3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндар да оның пайдасына шешiлуге тиiс.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап. Кiнә қағидаты

      1. Жеке тұлға кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Жеке тұлғаның кiнәсiз зиян келтiргені үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа жол берiлмейдi.

      2. Қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған жеке тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылады.

12-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа қайта тартуға жол бермеу

      Ешкiмдi де нақ сол бiр құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылыққа қайталап тартуға болмайды.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Iзгiлiк қағидаты

      Құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкiмшiлiк жаза дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетті қорлауды мақсат тұтпайды.

14-бап. Жеке басқа қол сұғылмаушылық

      1. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте, ешкiмді де әкiмшiлiк ұстап алуға, күштеп әкелуге, iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе басқа да мемлекеттiк органдарға жеткiзуге, жеке басын жете тексеруге және жеке тұлғаның заттарын жете тексеруге немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің өзге де шараларын қолдануға болмайды.

      2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен судьяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу қолданылуы мүмкін.

      3. Әрбiр ұстап алынған, күштеп әкелінген, iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе басқа да мемлекеттiк органға жеткiзiлген адамға ұстап алудың, күштеп әкелудiң, жеткiзудiң негiздерi, сондай-ақ жасалуы оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заңдық саралануы дереу хабарланады.

      4. Мемлекеттiк орган (лауазымды адам) заңсыз ұстап алынған, күштеп әкелiнген, жеткiзiлген немесе судья қаулысында көзделген мерзімнен артық әкімшілік қамаққа алуда болған адамды дереу босатуға мiндеттi.

      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушы адамдардың ешқайсысын азаптауға, оларға күш қолдануға, қатыгездiкпен немесе адами қадiр-қасиетiн қорлайтындай қарауға болмайды.

      6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу процесiнде тұлғаның не оның өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.

      7. Өзіне қатысты әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстап алынған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төндірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.

      8. Заңсыз әкімшілік қамаққа алудың, өмiрi мен денсаулығына қауіпті жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездiкпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтелуге жатады.

15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу кезiнде iске қатысатын адамның абыройын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемсiтетiн шешімдер мен әрекеттерге тыйым салынады, жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сол сияқты адам құпия сақталуы қажет деп есептейтiн жеке және іскерлік сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу барысында соттың, басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.

16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылық және құпияны қорғау

      Жеке өмiр, жеке бас, отбасы құпиясы, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдары мен жинақ ақшасының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және өзге хабарларының құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана жол берiледi.

17-бап. Меншiкке қол сұғылмаушылық

      1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды.

      2. Меншікке қол сұға отырып, мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын көлемді кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын көлемді кеменi ұстап алу; көлiк құралдарын, шағын көлемді кемелердi жете тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуді қамтамасыз етудің өзге де шараларын қолдану осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

18-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) тәуелсiздiгi

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар (судьялар) және органдар (лауазымды адамдар) оларды өздерiне сырттан ықпал етуге болмайтын жағдайларда шешедi. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

19-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату

      1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен айқындалған шектегi өзінің жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес.

      2. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куә болуға мiндеттi емес.

      3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы айғақтар беруге міндетті емес.

      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшiн оларды қандай да бір жауаптылыққа тартуға болмайды.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-бап. Бiлiктi заң көмегiне құқықтарды қамтамасыз ету

      1. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.

      2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.

21-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргiзудiң жариялылығы

      1. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) осы iстер бойынша іс жүргiзудi ашық жүзеге асырады.

      2. Заңға сәйкес жабық іс жүргізу мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар iстерге қатысты, сондай-ақ сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iске қатысатын тұлғаның бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету, жеке басы, отбасы құпиясын, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалар өмiрiнiң ішкі сырлары туралы мәлiметтердi сақтау қажет екендігiне не ашық талқылауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларға сiлтеме жасаған өтiнiшхатын қанағаттандырған кезде жүзеге асырылады.

      3. Жеке тұлғалардың жеке жазысқан хаттары мен жеке телеграф хабарлары өзара хат жазысқан және телеграф хабарларын алмасқан адамдардың келiсімiмен ғана ашық iс жүргiзу кезінде жария етiлуi мүмкiн. Бұлай болмаған жағдайда осы адамдардың жеке жазысқан хаттары мен жеке телеграф хабарлары жабық iс жүргiзу кезінде жария етiледi және зерттеледi. Көрсетілген қағидалар жеке сипаттағы мәлiметтерді қамтитын фото- және киноқұжаттарды, дыбыс және бейне жазбаларды, электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты зерттеген кезде де қолданылады.

      4. Iске қатысатын тұлғалардың және ашық iс жүргiзу кезінде қатысып отыратын жеке тұлғалардың iс жүргiзу жүзеге асырылып жатқан үй-жайда өздері отырған орындардан iстің жүргiзілу барысын жазбаша түрде немесе аудиожазбаны пайдалана отырып жазып алуға құқығы бар. Iс жүргiзу барысында кино- және фототүсірілімге, бейнежазбаға, радио, теледидар және интернет-ресурстар бойынша трансляциялауға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске қатысатын тұлғалардың пiкiрi ескеріле отырып, жол берiледi. Бұл әрекеттер iстiң қалыпты жүргізілу барысына кедергі келтірмеуге тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн.

22-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) қалыпты жұмысын және iс жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтедi. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам іс бойынша iс жүргiзу кезiнде қатысып отырғысы келетін адамдарға тексеру жүргізу, онымен қоса олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, жеке басын жете тексеру және олар әкелген заттарды жете тексеру туралы өкiм бере алады.

23-бап. Процестік шешiмдерге дау айту және процестік әрекеттерге шағым жасау еркіндігі

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі хаттамаларды жасауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) әрекеттерiне шағым жасалуы мүмкін, ал әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген соттың, органның (лауазымды адамның) шешімдеріне осы Кодексте белгiленген тәртiппен дау айтылуы мүмкін.

      2. Iске қатысатын тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.

      3. Шағым берген тұлғаға зиян келетiндей етiп немесе соның мүддесінде шағым берiлген тұлғаға зиян келетiндей етiп шағымды қарауға жол берiлмейдi.

24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау

      1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделi тұлға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

      2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және жеке тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап қоюмен (арызбен) сотқа жүгiнуге құқылы.

      3. Ешкiмге өзінің келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды.

      4. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің физикалық немесе психикалық жағдайына байланысты өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан тұлғаның немесе жәбірленушінің заңды өкіліне сот осы Кодекстің 683-бабының бесінші бөлігінде көзделген құқықты түсіндіруге міндетті.

2-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ

ЖАЛПЫ БӨЛІК
3-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

25-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық

      1. Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

      2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.

26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау

      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өзiнiң әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның зиянды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалды деп танылады.

27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау

      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз олардың алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиiстi назар салған және көре білген жағдайда, олардың алдын алуға тиіс және солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

4-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚ

28-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа жататын тұлғалар

      Әкiмшiлiк жауаптылыққа:

      1) әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға;

      2) заңды тұлға жатады.

29-бап. Ақыл-естiң дұрыс еместігі

      Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды.

30-бап. Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      Лауазымды адам өз қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жай болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылыққа жатады.

      Ескертпе. Осы Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған не әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттiк мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар – лауазымды адамдар деп танылады.

31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi

      Ескерту. 31-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнаулы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде көліктегі және жол шаруашылығындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.

      2. Егер көлiк құралының меншiк иесiнiң (иесiнiң) хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған тұлға анықталса не басқа тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесінде көлiк құралына ие бола алмай қалса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

      Ескертпе.

      Осы Кодекстiң баптарында көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берiлген жеке және заңды тұлғалар көлiк құралдарының иелерi деп танылады.

      Осы Кодекстiң баптарында сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды байқау мен тiркеудiң метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк құралының түрiн, маркасын, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн, сондай-ақ жүру жылдамдығы мен бағытын, салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін тiркейтiн фото-, бейне аппаратураны түсiну қажет.

      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, осы Кодекстiң 651, 652, 667, 676, 677, 680, 681-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тиiстi органдарда қызмет өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттеріндегі режимдi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы заңнамасын, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жол жүрісі қағидаларын, қызмет орындарынан тыс жерде кеден қағидаларын, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау қағидаларын, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау нормаларын, Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын бұзғаны үшiн осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға атыс және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға болмайды.

      3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен әскери және арнайы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылмайды.

      4. Әкімшілік жазаны қолдану құқығы берілген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде аталған адамдарға әкімшілік жазалар қолданудың орнына кінәлілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті органдарға құқық бұзушылықтар туралы материалдарды беруге тиіс.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі), 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады.

      2. Егер осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекетті (әрекетті не әрекетсіздікті) заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын орган, тұлға немесе дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын қызметкері жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа жатады.

      3. Заңды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған және дербес салық төлеушiлер болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерi (қаржы ұйымдарын қоспағанда) заңды тұлғалар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.

      4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның қызметкерін осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатады.

      Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар кәсіпкерлік субъектілері ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.

      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

34-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады.

      2. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

      3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

5-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

35-бап. Қажеттi қорғану

      1. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғанудың шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

      2. Кәсiби немесе өзге де арнайы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдардың бiрдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығы бар. Құқыққа қарсы қолсұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттiк органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан, адамға бұл құқық тиесiлi болады.

      3. Қолсұғушылықтың сипатына және қауіптілік дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, соның салдарынан қол сұғушыға жағдайдан туындамаған анық шектен тыс зиян келтiру қажеттi қорғанудың шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығып кету тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

      4. Құқыққа қарсы қолсұғушылықтан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажеттi қорғану шегiнен шығып кеткен адам әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды.

36-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу

      1. Құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде, осы адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қолсұғушылықтар жасау мүмкіндігінің жолын кесу үшiн, егер мұндай адамды өзге құралдармен ұстап алу мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

      2. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану деп адамға қажеттiлiктен асып, жағдайдан туындамаған, анық шектен тыс зиян келтiрген кезде, олардың ұстап алынған адам жасаған қолсұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстап алудың мән-жайларына анық сәйкес келмеуi танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

      3. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу құқығына оған арнаулы уәкiлеттiк берілген тұлғалармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.

37-бап. Аса қажеттiлiк

      1. Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни аталған адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл ретте аса қажеттiлiктің шегiнен шығып кетуге жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

      2. Аса қажеттiлiктің шегiнен шығып кету деп қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болғызбаудан айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру танылады. Мұндай шектен шығып кету тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

      1. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, егер мұндай мәжбүрлеу салдарынан адам өз әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

      2. Психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 37-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.

39-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау

      1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Мұндай іс-әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

      2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындауы үшін қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайды.

6-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ
ШАРАЛАРЫ

40-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары

      1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.

      2. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

      3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.

      4. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны осы Кодекстiң 59-бабында көзделген тәртiппен толтырылады.

41-бап. Әкiмшiлiк жаза түрлерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін:

      1) ескерту жасау;

      2) әкiмшiлiк айыппұл;

      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;

      4) арнайы құқықтан айыру;

      5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;

      6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

      7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;

      8) әкімшілік қамаққа алу;

      9) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 5) және 7) тармақшаларында санамаланған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.

42-бап. Әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары

      1. Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

      2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.

      3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

43-бап. Ескерту жасау

      1. Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген соттың, органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жасау жазбаша нысанда шығарылады.

      2. Осы Кодекстің 57-бабында және 366-бапқа ескертпеде көзделген мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ескерту жасауды қолдануға міндетті.

      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-бап. Әкiмшiлiк айыппұл

      1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгінiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу.

      Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшерi:

      1) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының;

      1-1) жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзушылық нәтижесінде жер қойнауы ресурстарына келтірілген залал сомасының;

      2) орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының;

      3) төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының;

      4) аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасының;

      5) заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құны сомасының;

      6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиiсінше есепке алынбаған соманың;

      7) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргiзiлген) мәмiле (операция) сомасының;

      8) монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасын, қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) сомасының;

      9) құқық бұзушылық жасалған, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезеңде бекiтiлген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;

      10) есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының;

      11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) сомасының;

      12) төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының;

      13) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының пайызымен көрсетiледi.

      Егер осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасының пайызымен көрсетiлсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргiзiлсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.

      2. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

      Лауазымды адамға, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұлдың мөлшерiн жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

      Орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

      Iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы баптың екінші бөлігінде көрсетiлген айыппұлдардың белгiленген мөлшерлерiнен асатын немесе одан кем мөлшерде белгiленуi мүмкiн.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын ҚР 05.07.2014 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 28.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

      4. Айыппұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.

      Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 271-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

45-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз айналдырудан тұрады.

      Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншiгiне айналдыруға немесе жойылуға жатады.

      2. Егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде өзгеше көзделмесе, құқық бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiлеуге жатады.

      3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

      4. Тәркiлеудi судья қолданады және бұл осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

46-бап. Арнайы құқықтан айыру

      1. Нақты адамға берілген арнайы құқықтан айыруды судья қолданады.

      2. Арнайы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.

      3. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру мерзiмi алты айдан кем болмауға және он жылдан аспауға тиіс.

      4. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруды, көлік құралын масаң күйде басқару не масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген қағидаларды бұзып, өздерi қатысушысы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.

      5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруын, оның оқ-дәрiлерiн және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзуды қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

      Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

47-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау

      1. Рұқсаттан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру рұқсатта көзделген қызметті жүзеге асыру не белгілі бір әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданылады.

      1-1. Рұқсаттан айыруды не оның қолданысын тоқтата тұруды осы баптың үшінші, төртінші, алтыншы және 6-1-бөліктерінің ережелерін ескере отырып, судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қолданады.

      2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.

      3. Кредиттiк бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға рұқсатты тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен құзыреттері шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      5. Алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 359-VI Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.

      6-1. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.

      7. Егер жүзеге асырылуы кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған қызмет лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі болып табылса, рұқсаттан айыру не рұқсатты тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза лицензияланатын қызмет түрінің нақты кіші түріне ғана қолданылады.

      Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру деп лицензияланатын қызмет түрін немесе оның кіші түрін жүзеге асыруға арналған лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен) не қызметтің белгілі бір түріне немесе кіші түріне не белгілі бір әрекетті жасауға, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түсініледі.

      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу

      1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды.

      2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, сот тәртiбiмен жүргізіледі немесе оны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) жүргiзедi. Мұндай істерді қарау он тәулік ішінде жүзеге асырылады.

      3. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.

      4. Іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға осы Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасы істі қарау кезінде қолданылатын болса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу мерзіміне қосылады.

      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

49-бап. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу

      Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды судья осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда тағайындайды.

50-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу

      1. Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар режимі талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.

      2. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.

      3. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмi әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмiне қосылады.

      Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу

      1. Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген тәртiппен және негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.

      Осы бөліктің ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.

      2. Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарланған жағдайда, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 179-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама немесе арыз бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.

52-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында осы Кодекске сәйкес мынадай әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылады:

      1) жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру;

      2) құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу;

      3) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны осы Кодекстің 64, 64-1-баптарында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылады.

      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру

      1. Осы Кодекстiң 594 (төртінші бөлiгiнде), 596 (төртiншi бөлiгiнде), 598 (екiншi бөлiгiнде), 599 (екiншi бөлiгiнде), 600 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.

      2. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң көрсетілген баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.

      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

53-1-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру

      Ескерту. 53-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде, 485-бабының бірінші бөлігінде және 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылары азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.

      Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.

      Ескерту. 6-тарау 53-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

54-бап. Құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiлеу

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге басқа қатысушылардың өтiнiшхаты бойынша осы Кодекстiң 73, 127, 128, 131, 434, 435, 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:

      1) жәбiрленушiнiң отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз мүшелерiн қоса алғанда, жәбірленушінің еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;

      2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;

      3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына;

      4) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.

      2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген кезде жәбiрленушi мен оның отбасы мүшелерiн күзету және қорғау үшiн сот айрықша жағдайларда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға тұрғын үйде жәбiрленушiмен бірге тұруға тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге қолдануға құқылы.

      2-1. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде сот психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар белгілеуге құқылы.

      3. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келіп тұру мiндетi жүктелуi мүмкiн.

      Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ

55-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы қағидалары

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген шекте осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.

      2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.

      3. Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын

      мән-жайлар ескерiледi.

      4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

      5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындамағаны үшiн көрсетілген жаза қолданылған мiндеттердi орындаудан, жол берiлген бұзушылықтарды жоюдан және залалды өтеуден босатпайды.

      6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн.

56-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар

      1. Мыналар:

      1) кiнәлi адамның өкiнуi;

      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;

      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр мән-жайлары салдарынан жасау;

      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе он төрт жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;

      6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;

      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау;

      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілмеген мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.

57-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар

      Мыналар:

      1) прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) осыған уәкiлеттi тұлғалардың оны тоқтату талабына қарамастан құқыққа қарсы мiнез-құлықты жалғастыру;

      2) осы Кодекстің 61-бабында көзделген мерзім ішінде әкімшілік жазаға тартылған адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасауы;

      3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;

      4) кiнәлi адамға психикасының ауыр түрде бұзылуынан зардап шегетіні көрінеу белгілі адамдарды не әкiмшiлiк жауаптылық туындайтын жасқа толмаған адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту;

      5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеттерi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;

      6) адамға немесе оның жақындарына қатысты осы адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;

      7) кiнәлi адамға жүктiлік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлi тұлғаға тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

      8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;

      9) дүлей зілзала жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

      10) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады. Әкiмшiлiк жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай осы мән-жайды ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.

      Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

58-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде әкiмшiлiк жазалар қолдану

      1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.

      2. Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оларды сол бiр судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл тұлғаға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, әкiмшiлiк қамаққа алу үшін – осы Кодекстiң 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен, ал арнайы құқықтан айыру үшін осы Кодекстің 46-бабының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерден асыруға болмайды.

      3. Егер әкімшілік айыппұлдар пайызбен көрсетілсе, олар бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде, айыппұл әрбір құқық бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.

      Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды өтеу

      1. Судья мүлiктiк зиян келтiрілген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешкен кезде, егер мұндай зиянның мөлшерi туралы дау болмаса, оны бiр мезгiлде өндiрiп алады.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген мүлiктiк зиянның мөлшерi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.

      2. Өзге де уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк зиянды өтеу, кiнәлi тұлға оны өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүргiзiледi.

      3. Iскерлiк беделдi қорғау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.

60-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу

      Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке немесе заңды тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру, сондай-ақ рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

61-бап. Тұлға әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған тұлға әкiмшiлiк жазаны орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері жасаған, қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – үш жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледi.

      Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЖАЗАДАН БОСАТУ

62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа кезде, тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу, сондай-ақ салық салу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн, техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін – оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттiк қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Қаржы саласында, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, оңалту және банкроттық кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасағаны үшін заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады.

      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен және бұл туралы қылмыстық iстi тергеп-тексеру немесе сот қарауы барысында белгілі болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнiң 405-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi тұлғаға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.

      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң өтуі сараптама тағайындалған кезден бастап, прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қарау кезеңіне, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған, сондай-ақ iс сотқа немесе мемлекеттiк органның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамына жiберілген кезден бастап тоқтатыла тұрады.

      Бұл мерзімдерді есептеу сараптама нәтижелері алынған кезден бастап, прокурорлық қадағалау және ден қою актісі бойынша шешім қабылданған күннен бастап, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындайтын органға (лауазымды адамға) іс жүзінде жеткізілген кезден бастап қайта басталады.

      Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспауға тиіс.

      6. Құқық бұзушының әрекеттерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, тұлға оны тоқтату туралы шешiм келіп түскен күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

      7. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетілген мерзiмдер өткенге дейiн тұлға жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.

      8. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берілген Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының ұсынуы, прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.

      Ескертпе. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген белгiлi бiр іс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.

      Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 21-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер көрсетілген акт әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.

      2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жекелей анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады.

64-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату

      1. Осы Кодекстiң 73-3, 79 (бірінші бөлігінде), 127-2, 146, 185, 186, 190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 220, 229 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.

      1-1. Егер осы Кодекстің 73 және 73-3-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушілермен, арыз иелерімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянын жуып-шайса, сот оларды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.

      Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 73-бабы бойынша тараптардың татуласуына байланысты бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылықтан босатылған адамдарға қолданылмайды.

      2. Татуласу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату

      Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.

      Ескертпе. Адамды осы бапта көрсетілген негіз бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтан босату туралы мәселе шешілген кезде – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нақты мән-жайлары, оның ішінде құқық бұзушының жеке басы, сондай-ақ қолсұғушылық объектісі, ал келтірілген зиян болған кезде оның мөлшері ескеріледі.

      Ескерту. 8-тарау 64-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

65-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал етудiң шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн.

66-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi

      1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерiн осы бөлімнің Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, он айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

      Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады.

      2. Арнайы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.

      3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкімшілік қамаққа алуды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 41 және 52-баптарында көрсетілген әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.

67-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану

      1. Осы Кодекстiң 56 және 57-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа кезде, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.

      2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар жиынтығында жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.

68-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.

69-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары

      1. Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн:

      1) заңды түсiндiру;

      2) алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетiн жүктеу;

      4) кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.

      2. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде бiрнеше тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айдан алты айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.

      4. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары, егер осы Кодекстiң 890-бабының бірінші бөлігінде белгiленген ескіру мерзiмі өтіп кетпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк жауапқа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.

      Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

70-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны

      1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның іс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.

      2. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы және оның тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.

      4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытты өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралын басқарумен байланысты нысандарды пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын шектеу, соттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адам) рұқсатынсыз басқа жерлерге шығуға тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстiң 54-бабында көзделген ерекше талаптар белгiленуi, сондай-ақ оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы қойылуы мүмкiн.

      Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

71-бап. Ескіру мерзімдері

      Осы Кодекстiң 62-бабында көзделген ескіру мерзiмдері кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысына қысқартылады.

72-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап алты ай iшiнде осы жазаға тартылды деп есептеледi.

ЕРЕКШЕ БӨЛIК
10-тарау. ЖЕКЕ БАСТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР

73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

      1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      ескерту жасауға не бес тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      он тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi.

      Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

      Ескерту. 73-1-бап алып тасталды – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

73-2-бап. Ұрып-соғу

      Ескерту. 73-2-бап алып тасталды – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

73-3-бап. Жала жабу

      1. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату –

      жеке тұлғаға бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Көпшiлiк алдында немесе масс-медианы немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –

      жеке тұлғаға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      Ескерту. 10-тарау 73-3-баппен толықтырылды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

74-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру

      1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын адамның алуына кедергi келтiретiн заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

75-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Лауазымды адамның тiл бiлмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы –

      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлдік белгілері бойынша кемсiту –

      лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

76-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу

      1. Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (шекаралық аймақтарды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың әрекетi (әрекетсiздiгi), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

77-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң, қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметiне кедергi келтіру

      Ескерту. 77-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметiне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергi келтіруі, сол сияқты осы бiрлестiктердiң заңды қызметiне лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға әкеп соққан араласу –

      екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

78-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту

      1. Белгiленген тәртiппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын тiкелей қозғайтын құжаттарды, материалдарды беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрiнеу жалған ақпарат беру –

      лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Лауазымды адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді жасауы, егер бұл іс-әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

79-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

      1. Дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Егер осы әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, меншiк иесi, оператор немесе үшiншi тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Меншiк иесiнiң, оператордың немесе үшiншi тұлғаның дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Егер осы іс-әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, дербес деректерді жоғалтуға, заңсыз жинауға және (немесе) өңдеуге әкеп соққан іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

80-бап. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету

      1. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2-1. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын өрескел бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -

      жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

      денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лицензиядан немесе лицензияға қосымшадан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Медицина қызметкерiнiң медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау, кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқса, –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшіншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

80-1-бап. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру

      1. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:

      1) қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;

      3) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;

      4) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу -

      жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту -

      жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -

      жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -

      он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -

      жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 10-тарау 80-1-баппен толықтырылды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

81-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы

      1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 81-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

82-бап. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы

      1. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы –

      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

82-1-бап. Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзу

      1. Осы Кодекстің 83, 84, 87, 89 және 91-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ең төмен әлеуметтік стандарттарды орындамаудан және (немесе) қамтамасыз етпеуден көрінген, Қазақстан Республикасының ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңнамасын бұзу –

      лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 10-тарау 82-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:

      1) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;

      2) мүгедектігі бар адамдардың мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;

      3) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу –

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

84-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу

      Ескерту. 84-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен..

      1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнамасын:

      1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудегi қажеттiлiкке бағалау жүргiзудiң және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiм шығарудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу;

      2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiмдi орындамау түрiнде жасалған бұзушылық –

      лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен..

85-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында белгiлi болған мәлiметтердi жария етуi

      1. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында белгiлi болған мәлiметтердi осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу

      1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі –

      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 86-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

87-бап. Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу

      1. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі –

      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзу –

      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

88-бап. Демалыс бермеу

      Жұмыс берушінің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуі –

      лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

89-бап. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру

      1. Жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

90-бап. Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру

      1. Жұмыс берушінің еңбек саласында жұмыскердің бірдей еңбек үшін бірдей ақы алу, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдай жасалу құқығын, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау кезінде бұзудан көрінген кемсітушілікке жол беруі –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптар қамтылатын, жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратты орналастыруы –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 90-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау

      Ескерту. 91-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген зейнетақы төлемдерін, аударымдарды жүзеге асыру мерзімдерін және (немесе) тәртібін және (немесе) талаптарын, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы шарттар жасасу тәртібін бұзуы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты аталған салымшылар туралы анық емес мәлiметтердi ұсынуы –

      заңды тұлғаға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      заңды тұлғаға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Зейнетақыларды және мемлекеттік жәрдемақыларды толық мөлшерде және (немесе) белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының лауазымды адамдарының орындамауы –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді:

      1) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;

      2) мемлекеттік кіріс органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мерзімдерде ұсынбауы;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;

      4) салымшыларға есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);

      6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасалған орындамауы не тиісінше орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:

      1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша агенттердiң-заңды тұлғалардың немесе дара кәсiпкерлердiң, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрмау;

      2) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерiн орындамау түрiнде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгіленген мiндеттердi орындамауы –

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде агенттердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының масс-медиада жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –

      заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға, оның мазмұнына сәйкес келмеуi –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты беруі –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

92-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасын бұзу

      Ескерту. 92-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарды:

      1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының тағайындалған әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және мөлшерінің толықтығын бұзуы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және төлемдер мөлшерінің толықтығын бұзуы түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы, –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің:

      1) өздерінің пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;

      2) әлеуметтiк аударымдарды төлемеу (аудармау), уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармау);

      3) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:

      1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен әлеуметтік аударымдарды төлеушiнің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;

      2) әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдарының әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерiн орындамауы түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы –

      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнiң мақсаттары үшiн тұлға, егер төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаған жағдайда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

92-1-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу

      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:

      1) мемлекеттік кіріс органдарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілердің тізімдерін ұсынбау;

      2) жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуі, (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы) түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік суъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:

      1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;

      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың және өсімпұлдардың сомаларын алуға мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындамау түрінде орындамауы –

      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде төлеушілердің банктік шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы заңға сәйкес белгіленген, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 10-тарау 92-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) болмауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес қызметкерлерді міндетті және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі талаптарды бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      3. Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес емдік-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жұмыскерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, білімін тексеруден өткізу жөніндегі талаптарын орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, ескерту жасалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама беру (кіріспе нұсқамадан басқа) талаптарын орындамауы және осы құжаттардың болмауы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Осы баптың алтыншы бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

94-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу

      Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –

      ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

95-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу

      Ескерту. 95-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау

      Ескерту 96-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

97-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiнде заңнама талаптарын бұзу

      1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар айқындаған мерзiмдерде қамтамасыз етпеу –

      келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту –

      ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу –

      ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу –

      ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 97-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 415-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын бұзу

      Ескерту. 98-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын:

      1) халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, санның немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты жұмыскерлердің алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты толық көлемде және (немесе) белгіленген мерзімдерде бермеу;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығына бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді жібермеу, уақтылы жібермеу;

      3) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұсынбау, уақтылы хабарламау;

      4) мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау түрінде жасаған бұзушылығы –

      5) алып тасталды - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есепті көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Жұмыспен қамту жеке агентінің еңбек делдалдылығы бойынша қызмет көрсетулерді алуға өтініш білдірген тұлғалармен шарт жасаспауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

99-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу

      1. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу –

      лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

100-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау

      Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген жеке немесе заңды тұлғаға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау –

      лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11-тарау. САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫНА (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫНА) ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

101-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) қажеттi мәлiметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе комиссияның шешiмдерiн орындамауы

      Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (республикалық референдум комиссиясына) кандидаттың заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы; сот заңда белгіленген тәртіппен таныған, кандидаттың сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасауға кінәлі екендігі туралы; кандидаттың азаматтығы туралы; кандидаттың немесе зайыбының (жұбайының) декларацияланған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығы туралы; әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдері туралы мәліметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе олардың комиссия өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімді орындамауы –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

102-бап. Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу

      Кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ республикалық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізу –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

103-бап. Сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығына кедергiкелтiру

      Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрілген тұлғаларына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

104-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату

      Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

105-бап. Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң құқықтарын бұзу

      Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеу, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және олар бойынша дауыс берілуін талап ету, өзі құрамына кіретін сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысу, олардың куәландырылған көшірмелерін алу, төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді жүзеге асыру құқықтарын бұзу –

      отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

106-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу

      Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не өтінішті сайлау комиссиясына келіп түскен күні қарамауы не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгiзу туралы өтінішті қабылдамау уәждерін жазбаша нысанда баяндай отырып, азаматқа шешімнің көшірмесін беруден бас тартуы не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн дереу орындамауы –

      ескерту жасауға немесе отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

107-бап. Сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтер ұсыну

      1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылар (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтерді ұсынуы –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың (республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың) анық емес тізімін ұсынуы –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

108-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу

      Тең сайлау құқығы туралы талапты екi немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

109-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы

      Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы –

      жеке тұлғаларға – Қазақстан Pecпубликасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онсыз, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

110-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беру

      Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беруi –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

111-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға) қатысу үшiн демалыс беруден бас тартуы

      Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттiк билік, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге қатысу үшiн заңнамалық актiлерде көзделген демалысты беруден бас тартуы –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

112-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу шарттарын бұзу

      Ескерту. 112-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы

      іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін бұрмалаудан көрінетін, кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын,

      сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді объективті көрсетпеуі –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      1-1. Телерадио хабарларын тарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында кез келген үгіт материалдарын таратуы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Бұқаралық ақпарат құралдарының, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың кандидаттың немесе саяси партияның абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрінеу нұқсан келтiретiн үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялауы, сондай-ақ аталған тұлғаларға абыройын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшін теріске шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік беруден бас тарту –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлу және сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздеріне сол бір нөмірде түсініктеме жасау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде тарату туралы талаптарды бұзуы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы –

      лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Бұқаралық ақпарат құралының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы бұқаралық ақпарат құралы эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруге келісім берілсе, –

      лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе жеребе бойынша белгіленген сөз сөйлеу кезектілігінің бұзылуы –

      лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарт талаптармен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу –

      лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

113-бап. Анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату

      Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауға (республикалық референдумға) дайындық пен оны өткiзу кезеңiнде үгіт материалдарын шығарған ұйымдар (баспа материалдары бойынша – олардың басылған жерi мен таралымы), тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ осындай материалдарды дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіт материалдарын Қазақстан Республикасының аумағының шегінен тыс жерде дайындау, анонимдік үгіт материалдарын тарату –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

114-бап. Үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру

      Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектілерге меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің келісімімен ілінген үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

115-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге қаражаттың жұмсалғаны туралы есептердi ұсынбау немесе жарияламау

      Кандидаттың, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамның не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қоры қаражатының пайдаланылғаны туралы есептi ұсынбауы –

      кандидатқа, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамға – он бес, заңды тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

116-бап. Сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету

      Кандидаттарға, партиялық тiзiмдерді ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық немесе өзге де материалдық көмек, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары мен бірлестіктері көрсететін қайырымдылық көмек көрсету –

      жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

117-бап. Мемлекеттiк сайланбалы лауазымға кандидаттың не саяси партияның шетел мемлекеттерінен, ұйымдарынан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы

      Депутаттыққа немесе өзге де мемлекеттiк сайланбалы қызметке кандидаттың не саяси партияның шетел мемлекетінен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдiктерден және басқа мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы –

      қайырмалдық заттары тәркілене отырып, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға кандидатқа – елу, заңды тұлғаға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

118-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi

      Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

119-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi ұсынбау не жарияламау

      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенiм бiлдiрілген тұлғасына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға танысу үшін Республиканың заңнамасына сәйкес ұсынылуы мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi ұсынбауы –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Алып тасталды – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау заңнамасында (республикалық референдум туралы заңнамада) белгiленген сайлаудағы (республикалық референдумдағы) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердiң жариялану мерзiмдерiн бұзуы не оларды толық жарияламауы –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған іс-әрекеттер –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пiкiрге сауал салу нəтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер нəтижелерінің болжамдарын жариялау тəртiбiн бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген жəне оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау əдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын жəне сауал салу нəтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.

      2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нəтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нəтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде жəне дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізу –

      жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу –

      жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.

      Ескерту. 120-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

121-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу

      Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (тыңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

122-бап. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу

      1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерінің, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің, діни бірлестіктердің сайлау алдындағы үгіт жүргізуі, сондай-ақ аталған тұлғалардың кез келген сайлау алдындағы үгіттеу материалдарын таратуы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар беру, қызметтер көрсету, бағалы қағаздар беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

123-бап. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру шарттарын бұзу

      Жергілікті атқарушы органдар және өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа және партиялық тізімді ұсынған саяси партияға келісім берілсе, –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

124-бап. Үгіт материалдарын орналастыру

      Үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу

      Депутаттыққа немесе өзге сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

126-бап. Сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіру

      1. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссиясының отырыстарына қатысу не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін болу не сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқау не электрондық сайлау жүйесінің жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ оның жұмыс істеуін тексеру кезінде қатысу құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –

      отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне ілесіп жүру не дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде сайлаушылардың дауыс беруін өткізу кезінде қатысу не фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқау не дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпаратты алудан бас тарту не тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –

      отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларына дауыстарды қайта санаудан бас тарту, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда –

      отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысу не сайлау комиссияларынан сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алу не дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіру не сайлау процесіне қатысушылармен кездесу, не жария мәлімдемелер жасау не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімдерін байқау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –

      отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау

      Ескерту. 127-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамауы –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге де ұйымның тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да жұмыскерінің жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      Ескерту. 127-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 294-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау

      1. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабында көзделген, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 12-тарау 127-1-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг)

      1. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) –

      ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет –

      ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 127-2-баппен толықтырылды – ҚР 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту

      1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң өзге де нысандарына тарту, сол сияқты кәмелетке толмаған адамды қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң көрсетілген нысандарында пайдалану –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.

      Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы

      1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы, сол сияқты белгіленген мерзімді бұза отырып есепке қою –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

130-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы

      1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу

      Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру

      1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 132-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

133-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуы

      1. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуы -

      жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -

      жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 133-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату

      1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату, яғни сату, оған жазылу, жеткізу, үлестіру, көрсету, прокаттау және (немесе) жалға беру –

      эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған әрекет –

      эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 134-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 170-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

135-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзу және оларды жария ету

      Ескерту. 135-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын ұйымдар басшыларының, Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың:

      1) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну мерзiмдерiн сақтамау;

      2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы анық емес мәлiметтер ұсыну, көрсетуге жататын деректерді жасыру;

      3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде қамтылған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді заңсыз жария ету түрінде жасаған бұзушылығы – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 135-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

135-1-бап. Лауазымды адамдардың жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы

      1. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 12-тарау 135-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-тарау. МЕНШIККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

      Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау –

      жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

137-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу

      1. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын:

      1) жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сауда-саттық (аукциондар) және конкурстар өткізбей беру;

      2) жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу;

      3) жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысынсыз және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасынсыз жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы;

      4) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;

      5) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;

      6) жергілікті атқарушы органның жеке меншікте болуы мүмкін емес жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;

      7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы;

      8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі;

      9) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын жер заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;

      10) жергілікті атқарушы органның шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға, сондай-ақ шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;

      10-1) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда көрсетілген, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдарға жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;

      10-2) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық елді мекендер шекаралары шегіндегі шабындық алқаптар алып жатқан жер учаскелерін азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне және жер пайдалануына беру туралы шешім қабылдауы;

      11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзыретіне кірмейтін, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы;

      12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;

      13) алып тасталды – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      14) жерге орналастыру жобасын бекіту мерзімдерін бұзу;

      15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын, жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу мерзімдерін бұзу;

      16) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстарды және жер учаскелерін беруді немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай беруден бас тартылғаннан кейін оларды беру жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) өткізбеу немесе уақтылы өткізбеу;

      17) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу мерзімдерін бұзу;

      18) бос жер учаскелері мен жоспарланып отырған сауда-саттық (аукциондар) жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру және жаңарту мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 137-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2023 № 208-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

138-бап. Арнаулы белгiлердi жою

      1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жерасты суларын байқайтын және режимдiк ұңғымаларды, су объектiлерiндегi режимдiк байқау тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру –

      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

      1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау –

      жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықты жасау кезінде пайдаланылған құралдар мен заттар тәркiлене отырып, жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал деп жер қойнауының заңсыз алып қойылған ресурстарының нарықтық құны танылады.

      Ескерту. 139-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

140-бап. Кен орны учаскелерiн таңдап өңдеу

      Ескерту. 140-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

141-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

      1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, оның ішінде сарқынды және басқа да суды ағызу, суды заңсыз пайдалану, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ суға мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Лимиттердi бұзып су алу, су пайдаланудың рұқсат берілген көлемінен асыру, белгіленген режимдерін сақтамау, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен шығарылған немесе бұрылған жерасты және жерүстi суларын ұтымды, нысаналы пайдаланбау –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 141-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

      Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын заңсыз басқаға беру –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Өсiмдiктер дүниесiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдаланылуына рұқсат алу немесе хабарлама жіберу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесiн заңсыз пайдалану –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 143-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

144-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану

      Ескерту 144-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу

      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын:

      1) қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзушылықтар;

      2) монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;

      3) тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту;

      4) аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізбеу;

      5) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізу;

      6) тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзушылықтар;

      7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзушылықтар түрінде жасалған бұзу –

      жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 145- бап жаңа редакцияда – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

146-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру

      Механикалық көлік құралымен, жегін көлікпен егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру –

      ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

147-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау

      1. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, маяларын малдың немесе құстың таптауы, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

147-1-бап. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру

      1. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адам жасаған әрекет –

      алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 147-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

148-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу

      Мемлекеттiк заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау

      Ескерту. 149-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Террористiк тұрғыдан осал объекті меншік иесінің, иеленушісінің, басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғасының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы –

      жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      үш айға дейінгі мерзімге қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

150-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау

      Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      үш айға дейiнгi мерзiмге масс-медианың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бiр жүз елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 150-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 140-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ оңалту, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

      Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу

      1. Шикiзатты, азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 151-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

152-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын бұзу

      Ескерту 152-бап алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

153-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк

      Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – келтiрiлген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      1. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында азаматқа бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал – iрi залал деп танылады.

      2. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын кіріс – iрi мөлшердегi кіріс деп танылады.

      3. Осы бапта құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны – едәуiр мөлшер деп танылады.

      Ескертпе!
ҚР Конституциялық Сотының 13.06.2023 № 19 нормативтік қаулысын қараңыз.

154-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы –

      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

155-бап. Заңсыз банктік қызмет

      Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген не iрi мөлшерде кіріс алумен ұштасқан, банктік қызметті (банк операцияларын) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жеке тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған кіріс сомасының – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:

      1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау;

      2) көрермендерге фильмнің жас санаты туралы белгiленген тәртіппен ақпарат бермеу;

      3) "18+" және "21+" жас санаттары бар фильмдерді прокаттау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;

      4) фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне фильмдер бойынша ақпарат бермеуі және (немесе) бұрмаланған ақпарат беруі;

      5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттарын сақтамау;

      6) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

156-1-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын:

      1) мерзiмдi баспа басылымдарын жас санаты белгісінсіз тарату;

      2) "18 жастан бастап" жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде белгіленген уақытты сақтамау;

      3) теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы тарату түрінде жасалған бұзушылық –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Аудио-бейне және (немесе) баспа өнімін жас санаты белгісінсіз тарату – ескерту жасауға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 14-тарау 156-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

157-бап. Көрiнеу жалған жарнама

      Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты тұтынушыны жаңылыстыратын ақпаратты пайдалануы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 157-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану

      Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалануға байланысты жағдайларды қоспағанда, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы бапқа сәйкес тәркіленген контрафактілік тауарлар мұндай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын (тауардан және оның қаптамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастаған кезде) жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.

      Ескерту. 158-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

159-бап. Монополистік қызмет

      1. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -

      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -

      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру арқылы терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -

      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3-1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған, монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеуді, ұстап тұруды қоспағанда, нарық субъектiлерiнiң өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшінші және 3-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi -

      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      Бәсекелестікке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған нарық субъектісі мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған:

      1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер туралы ақпарат алмаған;

      2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде шұғыл шаралар қолданған;

      3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер фактiлерi туралы толық ақпаратты хабарлаған;

      4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалды ерiктi түрде өтейтін кезде әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

      Ескерту. 159-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

160-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасын бұзу

      1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы –

      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілеттік берілмеген тұлғаның жүзеге асыруы –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

161-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану кезiндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi

      1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектiлерiнің мұндай келісімді алмастан экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы –

      жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау

      Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмдерде ақпарат бермеу не ақпаратты толық көлемде бермеу, монополияға қарсы органға анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жайлар мен аумаққа кiруiне кедергi жасау –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз алпыс, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

163-бап. Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік

      Ескерту. 163-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік –

      лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Жосықсыз бәсекелестік –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

163-1-бап. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің, сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі

      1. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің және сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі, егер мұндай әрекет бәсекелестiкке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – 

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 14-тарау 163-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу

      Ескерту. 164-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларында, ақпараттандыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер (әрекетсіздік) –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың уәкілетті органға табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішті және құжаттарды (ақпаратты) ұсынбауы –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында, ақпараттандыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпарат, есеп және хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) –

      заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде табиғи монополия субъектісі алуға тиіс кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.

      Ескерту. 164-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

165-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу

      1. Жүйелік оператор айқындайтын белгіленген квоталар шеңберінде цифрлық майнерлерге спот-сауда-саттықта (күнтізбелік айда осындай ұйымдар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта, экспортқа және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының босату бағасынан асатын электр энергиясын өткізуі (сатуы) –

      заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Электр энергиясының экспорты жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) –

      заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан заңсыз алуы (сатып алуы) –

      заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға заңсыз өткізуі (сатуы), сол сияқты оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан заңсыз алуы (сатып алуы) –

      заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде өткізілген (сатылған), сол сияқты алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп:

      1) осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның алған кірісі (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке тарифтері бойынша есептелген кіріс (түсім) арасындағы айырма;

      2) осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық кіріс (түсім) түсініледі.

      2. Кіріс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құны да енгізілуі керек.

      Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

166-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерді бұзуы

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген мерзімдерде бермеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты беруі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің бағалардың алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланып отырған бағаны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін төмендетпеуі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) деп:

      1) осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсiмi) мен көтерілгенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган деңгейiн айқындаған баға бойынша есептелген кірістің (түсiмнің) арасындағы айырма;

      2) осы баптың үшінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған кірісі (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;

      3) осы баптың төртінші бөлігі бойынша: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің алған кірісі (түсімі) мен шекті баға деңгейін негізге ала отырып қалыптастырылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма түсiнiледi.

      2. Кіріс (түсiм) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны да енгiзілуі керек.

      Ескерту. 166-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

167-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы

      Ескерту. 167-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 167-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

168-бап. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы

      1. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның инвестициялық бағдарламада бекітілген іс-шараларды сақтамауы, сол сияқты орындамауы немесе тиісінше орындамауы –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы –

      тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, кіріс (түсім) алуға алып келген әрекет (әрекетсіздік) –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 168-бап жаңа редакцияда – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

169-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу

      1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып алуға арналған квота нормаларын асыруы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      асырылған квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биоотынды өндіру жөніндегі қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Биоотын өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Құрамы техникалық регламенттерде белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Денатуратталмаған биоэтанолдың, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдейтін зауытқа жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымын жүргізу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Биоотын өндіретін нақ сол зауытта екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіру паспортынсыз, биоотын өндіру көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың ақауы болған кезде өндіруі –

      осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Биоотын өндірушілердің генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар тамақ шикізатын бұлардың қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз және бұларды мемлекеттік тіркеуді жүргізбестен қабылдауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды өткізуі –

      биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Биоотын өндірушілердің өндірілген биоотынды, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі –

      биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы –

      биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Осы баптың жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      биоотын тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

170-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынбауы, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу —

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттің шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығын бұзуы –

      заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерді және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын бұзуы –

      заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет –

      аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      9. Алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-қимыл белгілері болмаса, —

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      11. Алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекет -

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып және аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.

      Ескерту. 170-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 173-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

171-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асыру

      1. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын асырып жіберуі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.

      Ескерту. 171-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзу

      Ескерту. 172-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді масс-медиада жарияламауы, уақтылы, анық немесе толық жарияламауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

      орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартуы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 172-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 122-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

173-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы

      Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың қызметiне, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы заңсыз араласуы -

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу

      1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында параға сатып алу –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

      3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 174-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

175-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:

      1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 1-тармағында көзделген, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабардар ету мерзімдерінің сақталмауы;

      4) осы бақылау мен қағадалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың, сондай-ақ егер мұндай талаптар солардың атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететін мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, орындалуын тексеру;

      5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап ету;

      6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілерді, сынамаларды белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын мөлшерде іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;

      8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді профилактикалық бақылауды жүргізудің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабында көзделген белгіленген мерзімдерін асыру;

      9) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең iшiнде оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргiзілген кезде тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзу;

      10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізу;

      11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабында көзделген, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің мерзімділігін бұзу;

      12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау –

      лауазымдық адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 175-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

175-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу -

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 175-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

176-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту және олардың бакроттығы кезiндегi құқыққа сыйымсыз әрекеттер

      Ескерту. 176-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенің иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлiк және (немесе) есептiк құжаттаманы не экономикалық қызметтi көрсететiн өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттерді борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы), лауазымды адамы, сол сияқты уақытша немесе банкроттықты не оңалтуды басқарушы жасаса, егер бұл әрекеттер оңалту және банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, сол сияқты уақытша немесе банкроттықты не оңалтуды басқарушының басқа кредиторларға көрінеу залал келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекеттер оңалту және банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

176-1-бап. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер

      1. Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты құқық белгілейтін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттерді дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының азаматы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінде жасаса, –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінде басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 176-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы

      1. Борышкердiң қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Банкроттың мүлiктiк массасына түгендеу жүргiзу және (немесе) түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұралатын ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      ескерту жасауға алып келеді.

      6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген талаптарды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      9. Банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың (борышкердің) мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа (борышкерге) тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Кредитордың және банкрот – дара кәсіпкердің, банкрот – заңды тұлға мүлкі меншiк иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) жазбаша сұрау салуы негiзiнде ақпарат беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      ескерту жасауға алып келеді.

      12. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      14. Құны банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде елеулі төмендейтін мүлікті (жедел өткізуді қажет ететін тез бұзылатын тауарлар, мал және басқа да тауарлар) сатуды "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      15. Осы баптың бiрiншi, екінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      16. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      17. Осы баптың тоғызыншы, оныншы және он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 177-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

178-бап. Жария сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу

      Мүлiктің меншік иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi залал келтiрген, жария сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзудің белгіленген тәртiбiн бұзу –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал – ірі залал деп танылады.

179-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы

      1. Түгендеу жүргiзу және (немесе) кредиторлар комитетіне түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Банкроттың мүлкiн күзетудi және бақылауды қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегi бар тұлғалардан берешектi сот тәртібімен өндiрiп алу туралы талаптар қою мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      5. Банкроттық рәсiмiнде кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өтетін күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Банкроттың мүлкін сату жоспарын жасау немесе оны өткізуді жүзеге асыру жөніндегі міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі мiндетін орындамау не тиiсiнше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін, қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарламау –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      10. Борышкердiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерiн анықтау мiндеттерiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен банкроттың мүлiктiк массасына қайтару туралы талаптар қоймау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Кредиторлар комитетінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеу –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) кезде – жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған кезде – борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға, банкрот кәсіпорынды сату кезінде сатып алушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      ескерту жасауға алып келеді.

      15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде банкроттық рәсiмдердiң жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы оған хабарламау не уақтылы хабарламау –

      ескерту жасауға алып келеді.

      16. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiзiнде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлiмдемеу –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      17. Мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот туралы, оған тиесiлi (тиесiлi болған) мүлiк туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшiрмелерiн талап етіп алдыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      18. "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда адамдарды субсидиарлық жауаптылыққа тарту және сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеу –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      19. Егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерiн қозғайтын сот актiсiнiң көшiрмесiн оның шағымдану мәселесiн қарау үшiн кредиторлар комитетiне ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      20. Уақытша басқарушыдан немесе оңалтуды басқарушыдан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      21. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтінішті уақтылы жібермеу, банкроттың мөрін (болған кезде) жою –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      22. Осы баптың төртінші, бесінші, он төртінші – он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      23. Осы баптың үшінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, жиырмасыншы және жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      24. Осы баптың бірінші, екінші, оныншы және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      25. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкiмшiнiң бұзуы

      1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн бұзу –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерiн жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Алғашқы кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күнi туралы кредиторларға хабарлау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9. Осы баптың бірінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 180-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

181-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы

      1. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдау және оның күзетiлуi мен бақылануын қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етпеу не тиісінше қамтамасыз етпеу –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      6. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға немесе банкроттықты басқарушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының келiсімінсiз оңалту жоспарында көзделмеген кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде оған борышкер қызметiнiң жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      ескерту жасауға алып келеді.

      12. Сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      ескерту жасауға алып келеді.

      13. Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшхатты сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына борышкердің алдыңғы айдағы қаржылық жағдайы, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі, сондай-ақ кредиторлар комитетінің талап етуі бойынша ақпаратты беру жөніндегі міндеттерді орындамау не тиісінше орындамау–

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      16. Борышкердің немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерін анықтау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен қайтару туралы талаптар қоймауы –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      17. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн қолданудан кейiн пайда болған, кредиторлық берешегiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес пайызынан асатын болса, кредиторлық берешектiң ұлғаюына әкеп соғатын мәмiлелердi кредиторлар жиналысының келісімінсіз жасау –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      19. Осы баптың бесінші, алтыншы, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      Он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      20. Осы баптың жетінші, тоғызыншы және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      21. Осы баптың үшінші, сегізінші, он үшінші және он алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      22. Осы баптың төртінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 181-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

181-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнамасын қаржы басқарушысының бұзуы

      1. Қаржы басқарушысының Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды, белгіленген тәртіппен қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін жіберу жөніндегі міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, сол сияқты кредиторлардың мәлімделген талаптарын қарау нәтижелері бойынша шешімді уақтылы қабылдамау –

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Қаржы басқарушысының мүлікке түгендеу, бағалау жүргізу, борышкерден оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, оның мүлкін өз басқаруына қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін борышкердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмілелері анықталған кезде мүлікті борышкердің мүліктік массасына қайтару жөнінде шаралар қабылдамауы –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Сотқа қаржы басқарушысының қорытындысын, банкроттық міндеттемелерін тоқтату үшін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындыны, қорытынды есепті, сол сияқты сотқа және талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторларға борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің түпкілікті жоспарын ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу барысы туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамау –

      ескерту жасауға алып келеді.

      5. Қаржы басқарушысының "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, белгіленген тәртіпті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган айқындаған борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібін бұза отырып, борышкердің мүліктік массасын иеліктен шығаруы, кредиторлармен есеп айырысулар жүргізуі –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Қаржы басқарушысының басқа кредиторларға көрінеу залал келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекеттер сот арқылы банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Осы баптың бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      10. Осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 181-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

182-бап. Әдейі банкроттық

      1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің әдейі банкроттығы, яғни заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейін үш жыл ішінде құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын тұлғаның, сол сияқты дара кәсіпкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жасаған әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Азаматтың әдейі банкроттығы, яғни азаматтың өзі банкрот деп танылған күнге дейін үш жыл ішінде орындалмауы банкроттық үшін негіз деп танылған міндеттемелер туындаған күннен кейін кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жасаған әрекеттері –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 182-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

183-бап. Жалған банкроттық

      Ескерту. 183-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу

      1. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат беру –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды бағалаушылар палатасының жоймауы –

      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2018 № 134-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу

      Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн кәсiптiк немесе қызметтiк жұмысына байланысты өзiне белгілі болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу

      Кәсiптік немесе қызметтiк жұмысына байланысты сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын қамтитын мәлiметтер өзіне белгiлi болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұларды сақтау мiндетiн бұзуы –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу

      1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбау, уақтылы немесе толық ұсынбау не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі –

      лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі –

      лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

188-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу

      Ескерту. 188-бап алып тасталды – ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

189-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi мен мерзімдерін бұзу

      Ескерту. 189-бап алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР

190-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу

      1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі нұқсан келтіруге әкеп соққан әрекеттер –

      лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі нұқсан келтіруге әкеп соққан әрекеттер –

      лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Сатушының (дайындаушының, орындаушының):

      1) сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;

      2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап ұсыну жөніндегі міндеттерін орындамауы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома – елеулі мөлшердегі нұқсан, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы – ірі мөлшердегі нұқсан деп танылады.

      Ескерту. 190-бап жаңа редакцияда – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

190-1-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу жөніндегі талаптарын бұзу

      1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өздері өндірген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түрінде жасалған бұзушылық –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 15-тарау 190-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2016 № 445-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

191-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзу

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу

      Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату –

      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын бұзу

      1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану –

      тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау –

      тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асатын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 194-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау

      Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

197-бап. Темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің маркасын пайдалану

      1. Темекі бұйымдарының өздерін қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің немесе осы бұйым сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қораптың, қаптаманың маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату -

      жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -

      жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 197-бап жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу

      1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзу

      Ескерту. 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Кодекстің 133 және 423-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жөніндегі талаптарын бұзу –

      жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді имитациялайтын тауарларды өндiру, сату, тарату –

      жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 199-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу

      1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –

      лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:

      сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;

      этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу –

      лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 200-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

201-бап. Тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеу

      1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуынан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы және:

      1) сауда қызметі субъектісіне осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осыған ұқсас немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;

      2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасалатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптар қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеуі –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      202-бапты алып тастау көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру

      1. Ішкі сауда субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Сауда базары әкімшісінің сауда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің назарына жазбаша нысанда жеткізбеуі –

      ескерту жасауға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 202-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату

      1. Осы Кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау

      1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау –

      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

204-1-бап. Бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды қабылдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу

      1. Ішкі сауда субъектісінің:

      1) орындарын және (немесе) бағыттарын жергілікті атқарушы органдар бекіткен стационарлық емес сауда объектілерін қоспағанда, бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды стационарлық емес сауда объектілерінде өткізуі;

      2) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарларды ішкі сауда қағидаларында айқындалатын тәртіппен есепке алуды жүргізу жөніндегі міндетті орындамауы не тиісінше орындамауы;

      3) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарлар туралы ақпаратты күнтізбелік бір жыл ішінде сақтау міндетін бұзуы түрінде жасаған, бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды қабылдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 15-тарау 204-1-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

204-2-бап. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу

      1. Сауда базары әкімшісі бекіткен базар регламентінің болмауы, сол сияқты онда:

      1) сауда базарының жұмыс режимі туралы мәліметтердің және ішкі сауда субъектілерінің, сатып алушылар мен сауда базары әкімшілігі жұмыскерлерінің сауда базарына кіру тәртібінің;

      2) сауда базары ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесінің (бар болса);

      3) ішкі сауда субъектілеріне сауда орындарын беру тәртібінің, олардың сипаттамасының, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарының көрсетілмеуі –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 15-тарау 204-2-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

204-3-бап. Азық-түлік тауарларын беру шартын жасау кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан сыйақы мөлшерін арттыру немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алумен байланысты сыйақыны заңсыз талап ету

      1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерін арттыруы немесе оның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақыны заңсыз талап етуі –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 15-тарау 204-3-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

204-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру

      1. Ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыруы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 15-тарау 204-4-баппен толықтырылды – ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы немесе толық төлемеу

      1. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы төлемеу –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық төлемеу –

      жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 205-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту

      1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктердің, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      1. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:

      1) егер қолдан жасаудың анық белгілері болса;

      2) егер банкноттар мен монеталар төлем жасалмайтын болып табылса, заңды төлем құралы болып табылмайды.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері (банктерді, Ұлттық пошта операторын қоспағанда), коммерциялық емес ұйымдар тозған және ақаулы (бүлінген) банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тартқаны үшін осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.

      3. Банктер, Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.

      Ескерту. 206-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларына нұсқау жасау арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу –

      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді, конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қарамау не уақтылы қарамау, сол сияқты конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертулер және түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде, оны алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау не уақтылы орналастырмау –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты сұрау салу жіберуі және өзге де әрекеттері –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу –

      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды қолданбау бөлiгiнде бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу –

      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу –

      лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Негізінде конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешімі қабылданған сараптама комиссиясының не сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      10. Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген жағдайда тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      10-1. Өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) демпингке қарсы соманы енгізбеу арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғаны туралы мәліметтерді тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      10-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      11. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      12. Конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімін қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі сипатталымын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпеу –

      лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау немесе уақтылы орналастырмау, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына), Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаға немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау) –

      лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      14. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      15. Осы баптың бiрiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      16. Осы баптың екiншi, оныншы, 10-1, 10-2 және он үшінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      17. Осы баптың тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      18. Осы баптың үшiншi және он бірінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Осы бапта лауазымды адамдар деп:

      1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшысын не конкурстық құжаттаманы, аукциондық құжаттаманы немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылған ақпаратты бекіткен адамын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;

      2) екінші және оныншы бөліктерде – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

      3) үшінші, сегізінші, 10-1, 10-2, он бірінші және он үшінші бөліктерде – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жүктелген өкілеттіктерге сәйкес шешім қабылдаған адамын не оның міндетін атқаратын адамды;

      4) төртінші және он төртінші бөліктерде – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері мен хатшысын;

      5) бесінші бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды, мемлекеттiк сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысын не оның мiндетiн атқаратын адамды;

      6) алтыншы, жетінші және он екінші бөлiктерде – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.

      2. Лауазымды адам камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 207-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 108-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

207-1-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзу

      1. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларына нұсқау жасау –

      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –

      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану –

      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу –

      лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Негізінде тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешімі қабылданған сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының не сатып алу жөніндегі сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда, сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру –

      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Осы бапта сатып алуды жүзеге асыру тәртібі деп "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын немесе "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібін түсінген жөн.

      2. Осы бапта лауазымды адамдар деп:

      1) бірінші бөлікте – сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдарды және (немесе) тендерлік құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлеуге тікелей қатысатын адамдарды;

      2) екінші, төртінші және алтыншы бөліктерде – сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

      3) үшінші бөлікте – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуын ұйымдастырушы құрған тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.

      3. Лауазымды адам Ұлттық әл-ауқат қоры, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық әл-ауқат қоры, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 15-тарау 207-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 108-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзуы –

      заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушiнiң кредиттік тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы мәліметтерді кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз беруі, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресiмдемеу –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2-1. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпарат алу жағдайларын қоспағанда, кредиттік есепті алушының кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды кредиттiк тарих субъектiсiнің келісімінсіз беруi, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресiмдемеу –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Ақпарат берушiнiң Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттiк тарих субъектiсiнен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.

      Ескерту. 208-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

209-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу

      Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтiнiмi үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзу барысында концессиялық өтiнiмнiң бастапқы параметрлерiне және сипаттамаларына өзгерiстер енгiзу –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы бапта лауазымды адамдар деп концессия жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшыларын немесе конкурсты ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн жауапты, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдарды түсiну керек.

210-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу

      1. Валюталық шартты немесе берілген есептік нөмір бар валюталық шартты ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндетті болып табылған кезде уәкiлеттi банктің осындай валюталық шартты ұсынбай валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргiзуi –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 210-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

210-1-бап. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы

      1. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық уәкілетті банк осы баптың бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғанға ұқсас бұзушылықты уәкілетті банк жасаған жағдайда басталады.

      Ескерту. 15-тарау 210-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      Ескерту. 211-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның масс-медиада жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптармен микрокредит ұсынуға байланысты жарнаманы таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      3-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –

      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасалатын микрокредит беру туралы шарттарда сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген мөлшерін көрсетпеуі, анық емес көрсетуі, сол сияқты сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен асыруы –

      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.

      2. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалар деп екінші деңгейдегі банк, коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы немесе қарыз алуы кезінде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы – заңды тұлға түсініледі.

      Ескерту. 211-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 91-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Коллекторлық агенттіктің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса:

      1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануы;

      2) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде борышкерден берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауы;

      3) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде берешекті ақшадан басқа, өзге де мүлікпен өтеуді талап етуі;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жосықсыз әрекеттерді қоспағанда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзуы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі –

      ескерту жасауға алып келеді.

      3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3-2. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3-3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты беруі не анық емес ақпаратты не көрінеу анық емес мәліметтерді беруі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Коллекторлық агенттіктердің анық емес, сол сияқты толық емес есептілік ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін есептіліктің анық емес, сол сияқты толық емес сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.

      Ескерту. 15-тарау 211-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы

      1. Банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтамай өзгерту –

      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның оны "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де тұлғаларға қайта беруі –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордың құқықтары (талап етулері) өткен кезде борышкерден банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделмеген комиссиялар мен төлемдер алу –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Осы баптың мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.

      Ескерту. 15-тарау 211-2-баппен толықтырылды - ҚР 06.05.2017 № 63-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзiмдерiн бұзуы

      Ескерту. 212-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, кредиттік бюролардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысанын ұсынудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мерзімі бұзылған жағдайларда басталады.

      Ескерту. 212-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

213-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзып, сол сияқты олардың құқықтық қабiлетiнің шегiнен шығатын операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына мәмiле сомасының бiр пайызы, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде төрт жүз және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Осы баптың сегізінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасасылатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде міндеттерін орындамауы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының масс-медиада ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -

      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен асыруы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың жеке тұлғалармен жасасылатын банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттары бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның қолданылу шарттарын бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Банктiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе.

      1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық басталады.

      2. Осы баптың оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.

      Ескерту. 213-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.06.2024 № 91-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу

      1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды бермеуі, уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3-1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбау, уақтылы ұсынбау, сондай-ақ анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдау және (немесе) ақшамен және өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беру бөлігінде бұзуы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартулар туралы ақпарат ұсыну жөніндегі міндеттерді орындамауы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларында бекітілген, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын орындамауы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттер операцияларын тоқтата тұрмауы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      10. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы не Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына ішкі бақылау қағидаларының сәйкес келмеуі –

      жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      11. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттері мен өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпараттың берілгені туралы хабарлауы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      12. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      13. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      алты айға дейінгі мерзімге лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданысын тоқтата тұрып не олардан айыра отырып немесе үш айға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 214-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 24-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

214-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау

      Заңды тұлғаның жеке тұлғасы үшін көрінеу қылмыстық жолмен алынған, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге заңды түр беруге алып келген, көрсетілген ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияны осы заңды тұлғаның жасауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Осы бапта жеке тұлға деп осы баптың бірінші абзацында аталған заңды тұлғада тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын адамды немесе осындай заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарына немесе заңды тұлғаның жарғысына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау құқығына ие қызметкерін немесе осындай заңды тұлғаның "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3) тармақшасында айқындалған бенефициарлық меншік иесін түсінген жөн.

      2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалған операция туралы ерікті түрде мәлімдеген заңды тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

      Ескерту. Кодекс 214-1-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

215-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзу

      Ескерту. 215-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

216-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі

      1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі –

      лауазымды адамдарға – бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі -

      лауазымды адамдарға – бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша есептерді ұсыну тәртібін бұзуы

      1. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      11. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 217-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

218-бап. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есептерді ұсыну тәртібін бұзу

      1. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есепті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 218-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

219-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыру

      Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыруы –

      бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу

      Ескерту. 220-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындау немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту мерзімдерін бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін, бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына әрбір төлем құжаты үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Нұсқауды орындаудан бас тарту үшін "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған негіздер болмаған жағдайда банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4-1. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту көзделген жағдайларда банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақшаны алу кезектілігін бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем ұйымдарының төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсету кезінде "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтамауы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе.

      1. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 91-бабының сегізінші бөлігінде, 92-бабының төртінші бөлігінде, 92-1-бабының үшінші бөлігінде және 285-бабында жауаптылық көзделген әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.

      2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттан айырылған және (немесе) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқау орындалуға жататын күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 220-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

221-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару

      Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару –

      жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

222-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу талаптарын бұзу

      1. Эмитенттің өзіне қабылдаған міндеттемелердің сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығаруы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Эмитенттің электрондық ақша иесін сәйкестендірмей, елу айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығаруы, сондай-ақ бір операцияның ең жоғарғы сомасы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген электрондық әмияндағы электрондық ақшаны сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде эмитенттің электрондық ақша жүйесіндегі электрондық ақшаны пайдалануға жол беруі –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттің өтемеуі, уақтылы және толық өтемеуі –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 222-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

223-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде құқыққа сыйымсыз иемденуге байланысты бұзушылықтар

      Ескерту. 223-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз, қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуі, сондай-ақ қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерді бақылауды немесе ықпал ету мүмкіндігін иемденуі –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы бапта қаржы ұйымдары деп банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны түсіну керек.

      Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

224-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын құқыққа сыйымсыз иемденуіне байланысты бұзушылықтар

      1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып иемденуі –

      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып иемденуі –

      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның алдын ала рұқсатынсыз банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің еншiлес ұйымды құруы не иемденуі –

      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 224-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

225-бап. Зейнетақы активтерiн нысаналы пайдаланбау

      1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнетақы активтерін инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы –

      жеке тұлғаға – екі жүз, заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы –

      заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінің мақсаты үшін кастодиан-банк деп екінші деңгейдегі банк түсініледі.

      Ескерту. 225-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

226-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу

      1. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлiмше басшысының тарату комиссиясы қызметiне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімше басшысының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген, анық емес есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы ұсынбауы, ұсынбауы –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 226-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

227-бап. Қабылданған және (немесе) қадағалап ден қою шараларын, шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген мiндеттердi орындамау, уақтылы орындамау

      1. Банктердiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Даму Банкiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына төрт жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының, сақтандыру тобының құрамына кiретiн заңды тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдiң, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi қатысушыларының өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Эмитенттердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде орындамауы –

      жеке тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Коллекторлық агенттіктің өзi қабылдаған және (немесе) өзіне шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер түсініледі.

      Ескерту. 227-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу

      1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру тобы бас ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен
      8. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерiнiң өзгергенi немесе атауының өзгергенi туралы уақтылы хабарламауы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген, өздерінің қызметіне байланысты құжаттарды тиiсiнше құжаттау, есепке алу және сақтау жөніндегі шарттарды бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      11. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептiлiктi жасауы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      14. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      15. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу

      заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің қаржы есептiлiгiн және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес масс-медиада жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      18. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19. Сақтандыру ұйымының мемлекет қатысатын сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттарды жасасу және осы ұйымда тіркелу міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы –

      заңды тұлғаларға бір жүз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      20. 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен.

      Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық басталады.

      Ескерту. 228-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

229-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты талаптарды бұзуы

      Ескерту. 229-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшiн клиент ұсынған құжаттарды жоғалту –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

230-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу

      1. Сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру жөніндегі дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы –

      заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезiнде коэффициенттердi қате (негiзсiз) қолдануы–

      заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын сақтандыруға жатпайтын объектiлердi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандырудан көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы –

      заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 230-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

231-бап. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк және сақтандыру холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн бұзу

      Ескерту. 231-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерiн келiсу мерзiмдерiн қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының бұзуы –

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -

      заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 231-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

232-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу

      Ескерту. 232-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 232-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі

      Ескерту. 233-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алуы, сол сияқты банкке немесе өзге де кредиторға кредит берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердiң күшін жоюға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлардың туындауы туралы ақпаратты хабарламауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шарттарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану –

      мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы – тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген оларды алмастыратын адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адам деп қарыздар есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысын түсінген жөн.

      Ескерту. 233-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

234-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау

      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау –

      лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

234-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану

      Мыналардан:

      бекітілген заттай нормалардан асырудан;

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) және (немесе) олар бойынша мұндай шешімдерді (қорытындыларды) ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасында уәкілеттік берілген органдар және (немесе) ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының) болмауынан;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің балансында жоқ объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе.

      Осы баптың мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – орталық мемлекеттік органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – жергілікті атқарушы органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламаның басшысын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысын түсінген жөн.

      Ескерту. 15-тарау 234-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

235-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу

      Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу –

      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

236-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерін беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу

      Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу –

      лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

237-бап. Шығындарды өтеу қағидаларын бұзу

      1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу қағидаларын бұзуы –

      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –

      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

238-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы

      1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi:

      1) бухгалтерлiк есепке алуды жүргізуден жалтару;

      2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;

      3) жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде жасалған орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін қаржылық есептілікті бұрмалау деп жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.

      Ескерту. 238-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

239-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу

      Ескерту. 239-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын:

      1) бухгалтерлiк есепке алуды жүргізуден жалтару;

      2) құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға, қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну, қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау;

      3) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;

      4) қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі –

      есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлiк есепке алуды бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілігін бұрмалауға алып келген, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есепке алу әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі –

      тиісті түрде есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының және (немесе) бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің қызметі туралы есептілікті ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы –

      заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы баптың бірінші, екінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті бұрмалау деп бір жүз айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.

      Ескерту. 239-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

239-1-бап. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін бұзуы

      1. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін емтихан модульдері бойынша емтихан өткізуі, –

      жетпіс бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.

      Ескерту. 15-тарау 239-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету

      Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оған қолжетімділігі бар тұлғалардың iрi залал келтiрмей жария етуi –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу –

      заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы бапта көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

242-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi орындамауы

      Ескерту. 242-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

243-бап. Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді ұсыну тәртібін бұзуы

      1. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 243-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

244-бап. Валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот үшін есептік нөмірді алу және олар бойынша ақпаратты, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзу

      1. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген, ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсер ететін міндеттемелердің және (немесе) мән-жайлардың туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, оның негізінде және (немесе) оны орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 244-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы

      Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы –

      "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 245-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық қорытынды жасауы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Кодекстің 249-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы –

      аудиторларға – сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы –

      біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға – бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –

      біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –

      аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.

      5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы –

      аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз пайызы, бірақ бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз елу пайызы, бірақ алты жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы

      Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы, –

      аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе.

      1. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.

      2. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзу деп ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы айқындайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудит бойынша тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.

      Ескерту. 15-тарау 246-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

247-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу

      1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Аудитті "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу –

      лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Аудит жүргізілуі міндетті аудиттелетін қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және осы аудиттелетін ұйымдарды хабардар етпеу –

      заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тиісті уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі, сол сияқты анық емес мәліметтерді беруі –

      бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Аудиттелетін субъектілер атынан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдардың аудиті, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит нәтижесінде анықталған, бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы, –

      бірінші басшыларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Аудиторлық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органға есептілікті және (немесе) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі –

      заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7-1. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.

      8. Аудиторлық ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есептi ұсынбауы –

      заңды тұлғаларға бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың:

      1) аудиторлық ұйымдар – кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының он пайызында, бірақ кемінде бесеуінде күнтізбелік он екі ай осындай кәсіби ұйым тарапынан өтінішхатсыз аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылуының болуы;

      2) уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себептерді үш ай ішінде жоймауы;

      3) аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі;

      4) Аккредиттеу қағидаларын бір жыл ішінде жүйелі түрде (қатарынан екі реттен көп) бұзуы;

      5) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын құрмау түрінде жасаған, Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзуы, –

      аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі, –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кірмеуі және (немесе) уақтылы кірмеуі, –

      лицензиядан айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 247-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

248-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар

      1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі

      Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

250-бап. Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару

      Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

251-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау

      Уәкiлеттi банктердегі банктік шоттарға ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын:

      1) экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсiмдердi;

      2) Қазақстан Республикасының резиденті импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы бейрезидентінің пайдасына аударған, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызбау түрінде жасалған, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамауы –

      есепке жатқызылмаған ұлттық валюта және (немесе) шетел валютасы сомасының жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы шекті мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын және егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмайтын жағдайларда, басталады.

      Ескерту. 251-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері арасында тыйым салынған валюталық операцияларды жүргізу, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында осындай талап белгіленген кезде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүргізбеу –

      ескерту жасауға алып келеді.

      1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 252-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу

      Арнаулы валюталық режимді:

      1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау;

      2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;

      3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;

      4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу –

      жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 253-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

254-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану

      Ескерту. 254-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау

      Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің жарнаманы жариялау кезiнде анық емес мәлiметтер ұсыну және тарату арқылы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау –

      жеке және заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

256-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы

      1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын есептілік, білікті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының есептілігі түсініледі.

      2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір күннен кешіктірмей есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты берген жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, оның қатысушылары (акционерлері) және (немесе) үлестес тұлғалары осы баптың екінші бөлігінде жауаптылық көзделген бұзушылықтарды уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасын алған күнге дейін жойған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 256-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы

      1. Акционерлердің "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көзделген құқықтарын бұзу және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Бағалы қағаздар эмитентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын бұзуы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды жүзеге асырмауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

258-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау тәртібін, сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу

      Ескерту. 258-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу

      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәмiлелер жасауы –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы –

      жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 259-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы

      Ескерту. 260-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар нарығына басқа кәсiби қатысушыға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 260-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

261-бап. Эмитенттiң мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртiбiн бұзуы

      1. Эмитенттің орталық депозитарийге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі эмитенттің жеке шоттары бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін құжаттарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Эмитенттің осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртiбiн бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) бұзуы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, шет мемлекеттің аумағында мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру және (немесе) қызметін шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздары тізіміне мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды енгізу шарттары мен тәртiбiн бұзуы –

      заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Эмитенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптарды бұзуы, эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы –

      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе.

      Егер құқық бұзушылық анықталған кезде эмитент:

      қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;

      сот банкрот деп таныса, осы бапта белгіленген әкімшілік жауаптылыққа эмитенттер тартылмайды.

      Ескерту. 261-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

262-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу

      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ірі мәмілені және (немесе) жасалуына мүдделілік бар мәмілені жасау кезінде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының бағалы қағаздар нарығында өзі жүзеге асыратын кәсіби қызмет шеңберінде шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына қайшы келетін қаржы құралдарымен мәмілені және (немесе) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында жасаудан бас тарту үшін негіздер көзделген мәмілені жасауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Брокердің және (немесе) дилердің мәмілені жасау кезінде клиенттің тапсырысы болмай оны жасауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Инсайдерлердің қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері және (немесе) эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпарат беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер бұл әрекеттер ірі залал келтірмесе, –

      жеке тұлғаға – екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда өз қызметі туралы анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп рет) жария етуі және (немесе) ақпаратты белгіленген мерзімдерде жария етпеуі –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе.

      Осы баптың алтыншы бөлігінің мақсаттары үшін, өз қызметі туралы ақпарат деп бағалы қағаздар нарығы субъектісі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жария етуге жататын ақпарат түсініледі.

      Бағалы қағаздар нарығының субъектілері:

      1) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда, осы ақпаратты ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жария етілген жағдайда;

      2) егер құқық бұзушылық анықталған кезде бағалы қағаздар нарығының субъектісі:

      қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған болса және мәжбүрлеп таратылуға жатса не мәжбүрлеп тарату процесінде болса;

      сот банкрот деп таныса, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.

      Ескерту. 262-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бұзу

      Ескерту. 263-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзуы

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) дербес шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті зейнетақы жинақтаушы қорының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

265-бап. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу

      Ескерту. 265-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын " Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы " Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 265-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу

      Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы –

      төлемдi жүзеге асырған тұлғаларға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 266-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

267-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi

      1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан асырып қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

268-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу

      1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы –

      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыруы –

      бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу –

      жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Биржалық саудаға қатысушылардың биржалық тауарлар тiзбесiне кiрген өзiнiң тоқсан сайынғы жалпы биржалық тауарлары айналымының кемiнде отыз пайызын қосарланған қарсы аукцион режимiнде өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын сақтамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Тауар биржаларының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты көрінеу жалған ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты жүргізу режимдерін орындамауы –

      заңды тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      15. Тауар биржаларының клирингтік орталықтарының клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы жөніндегі міндетін орындамауы –

      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 268-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-тарау. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

269-бап. Мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебiне қою мерзiмiн бұзу

      1. Жекеше нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың мемлекеттік кіріс органында тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтінішті және дара кәсіпкерді тіркеу есебі, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы хабарламаны берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – сегiз, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Салық төлеушiнiң мемлекеттік кіріс органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 269-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

270-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану кезінде қызметтiқұқыққа сыйымсыз жүзеге асыру

      1. Арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып қолдану –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Дара кәсiпкердiң патент құнының есеп-қисабын беру не салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті беру мерзiмiн бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

271-бап. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыру

      1. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

272-бап. Салықтық есептiлiкті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну

      Ескерту. 272-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау -

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2-1. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну -

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Салықтық тіркелімдерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына бақыланылатын шетелдік компанияның "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салуға жататын қаржылық пайдасының немесе қаржылық пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. Осы баптың 2-1 және 2-2-бөліктерінің ережелері активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарда болған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда осындай мәліметтер көрсетілмеген жағдайда қолданылмайды.

      Ескерту. 272-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен..

273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту

      Ескерту. 273-баптың тақырыбын өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті мемлекеттік кіріс органына ұсынбауы, сондай-ақ салық төлеушiнiң трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрде) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде ұсынбауы не оны ұсынудан бас тартуы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асатын алшақтықтарды анықтау –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсынбауы, анық немесе толық ұсынбауы, ұсынудан бас тартуы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

274-бап. Қаржылық бақылау шараларын бұзу

      Ескерту. 274-бап алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

275-бап. Салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру

      Ескерту. 275-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы –

      жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу жолымен жасыруы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген бұзушылықтарды жоймау –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылмаған кезең ішінде айналым жасау –

      есепке қойылмаған кезең үшін айналым сомасының он бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер. 1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық салу объектiлерiн жасыру деп салық төлеушінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да түсініледі.

      2. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын, мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жатқызылған әрбір мүлік объектісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі әрбір банктік шот бойынша әкімшілік жауаптылық жеке-жеке туындайды.

      3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес адамның жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі.

      4. Осы баптың бесінші бөлігінің мақсаттары үшін айналым жасау деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған салық салынатын айналым түсініледі.

      Ескерту. 275-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

276-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салықтық есепке алуды жүргізуді бұзу

      1. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есепке алу құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың сақталмауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Есепке алу құжаттамасында тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетін қызметтердi) есепке алу және өткізу жөнiндегi операциялардың көрсетiлмеуi –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетін қызметтер) құнының үш пайызы, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салықтық нысандардың, салықтық есепке алу саясатының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.

      Ескерту. 276-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

277-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару

      Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің қолданылуы кезеңінде берешек болған кезде, салық төлеушiнiң үшiншi тұлғалармен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруы арқылы жасалған, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген есеп айырысулар сомасының – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

278-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету

      1. Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің сомаларын декларацияда, есеп-қисапта, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кемітіп көрсету, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған сомасының – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Салық төлеушiнiң есеп-қисапта ағымдағы төлемдер сомаларын кемітіп көрсетуi, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Салықтық кезең үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салықтық кезең iшiнде есептелген аванстық төлемдердің сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асып кетуі, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      ic жүзiндегi салықтың асып кету сомасының жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескертпелер.

      1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады.

      Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген сома – осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасы есепке алына отырып айқындалады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын кемітіп көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа жататын болса, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын кемітіп көрсеткені үшін жеке әкімшілік жауаптылыққа жатпайды.

      3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есеп-қисаптарын ұсынбаған жағдайда да тұлға әкімшілік жауаптылыққа жатады. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 742-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген корпоративтік табыс салығы есепке алынбайды.

      Ескерту. 278-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

279-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы

      1. Салық агентінің бюджетке ұстап қалуға және (немесе) аударуға жататын салықтардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстамауы –

      жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалмаған сомасының – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы –

      жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұстап қалынған (ұстап қалынуға тиіс) сомалары бойынша, мемлекеттік кіріс органына қосымша салық есептілігін ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.

280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру

      Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура танылады.

      Ескерту. 280-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу

      1. Салық төлеушінің шот-фактураны электрондық нысанда жазып бермеуі –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Салық төлеушінің мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Тауарларды өткізудің есепке алу жүйесін бұзып, тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету кезінде рәсімдеу көзделетін, мемлекеттік кіріс органдарының мөрімен куәландырылған тауардың ілеспе құжаттарының болмауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Тізбеге енгізілген тауарлар деп Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды және атауы 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамаға сәйкес тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар түсініледі.

      Ескерту. 280-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

281-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:

      1) темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынудан бас тарту немесе анық емес ақпаратты беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;

      2) темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін жабдықта өндіру;

      3) лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмау түрінде жасалған бұзушылық -

      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналымы шарттарын:

      1) этилдендiрiлген бензиннің және (немесе) қанықпаған мұнай өнiмдерiнің айналымы, сондай-ақ оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың одан әрі өңдемей сақтауы;

      2) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) өндірушілер мен мұнай берушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі;

      4) бақылайтын есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда темекі бұйымдарының айналымы (экспорттан басқа);

      6) мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден тыс орындарда өткізу;

      7) құрамында металл қосындылары бар (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) мұнай өнімдерін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың айналымға салуы;

      8) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері базаларынан өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айнал