Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығына сәйкес "Тұрғынүйқұрылысбанкi" жабық акционерлiк қоғамы берген жеңілдiктi тұрғын үй несиелерiн алған азаматтардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан N 304

      Жеңiлдiктi тұрғын үй несиелерiн алған азаматтар үшін теңгенің еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшудiң әлеуметтiк зардаптарын әлсiрету мақсатында және "Банк ЦентрКредит" ашық акционерлiк қоғамымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 1999 жылғы 5 сәуiрден бастап теңгенiң айырбас бағамының өзгеруiне байланысты "Тұрғынүйқұрылысбанкi" жабық акционерлiк қоғамы берген жеңiлдiктi тұрғын үй несиелерiн алған азаматтардың (бұдан әрi - Заемшылар) мiндеттемелерiнiң бiр бөлігiн республикалық бюджеттен қаржыландыру орынды деп танылсын.
      2. "ЦентрКредит Банкi" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "ЦентрКредит Банкi" ААҚ) 1 АҚШ доллары үшiн 88,3 теңге бағамды және 5 пайыз жылдық сыйақы ставкасын ескере отырып, 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап олар бойынша тараптардың мiндеттемелерiн белгілей отырып, Заемшылармен несие шарттарына қосымша келiсiмдер жасау ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) "ЦентрКредит Банкі" ААҚ-мен Шарт жасассын, онда 2000 жылғы 8 желтоқсанда Қаржы министрлiгi мен "ЦентрКредит Банкi" ААҚ арасында қол қойылған Заемшылардың тобын нақтылау мәселесi жөнiндегi келiсiмде анықталған Заемшылар мен шарттар бойынша бағамдық айырманы есептеу мен төлеу тәртiбін және шарттың мерзiмiн ұзарту құқығынсыз "ЦентрКредит Банкi" ААҚ-ның 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап Заемшылармен жасалған несие шарттарының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiнгi кезең үшiн бағамдық айырманы төлеу көзделсiн. Жыл сайын өтеуге жататын бағамдық айырманың мөлшерi 1 АҚШ доллары үшiн 88,3 теңге бағамы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің тиiстi жылғы 31 желтоқсандағы бағамы арасындағы айырма ретiнде анықталсын. Бағамдық айырманы өтеу Заемшылардың бiр жылғы негiзгi борыш пен сыйақыны өтеу сомасына жүргiзіледi. 2002 жылы өтемақы төлеу 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап 2001 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең үшiн жүргiзiледi;
      2) 2002 жылдан бастап және осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген берiлген несиелер бойынша жасалған несие шарттарының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн республикалық бюджетте алдыңғы қаржы жылы үшiн бағамдық айырманы төлеуге жыл сайын қаражат көздесiн, бұдан басқа, 2002 жылдың республикалық бюджетiнде 1999 және 2000 жылдардың төлемдерi бойынша

 

бағамдық айырманы төлеу көзделетiн болсын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






О мерах по обеспечению защиты интересов граждан, получивших льготные жилищные кредиты, выданные закрытым акционерным обществом "Жилстройбанк" в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 6 сентября 1993 года N 1344 "О новой жилищной политике"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2001 года N 304

      В целях смягчения социальных последствий перехода к режиму свободно плавающего обменного курса тенге для граждан, получивших льготные жилищные кредиты, и по согласованию с открытым акционерным обществом "Банк ЦентрКредит" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Признать целесообразным финансировать из республиканского бюджета исполнение части обязательств граждан (далее - Заемщики), получивших льготные жилищные кредиты, выданные закрытым акционерным обществом "Жилстройбанк", в связи с изменением обменного курса тенге с 5 апреля 1999 года.
      2. Рекомендовать открытому акционерному обществу "Банк ЦентрКредит" (далее - ОАО "Банк ЦентрКредит") перезаключить кредитные договора с Заемщиками, зафиксировав обязательства сторон по ним с 1 апреля 1999 года в тенге, исходя из курса 88,3 тенге за доллар США и ставки вознаграждения 5 процентов годовых.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан:
      1) заключить с ОАО "Банк ЦентрКредит" договор, в котором предусмотреть порядок начисления и выплаты курсовой, разницы по договорам с Заемщиками, определенных Соглашением по вопросу уточнения круга Заемщиков, подписанного между Министерством финансов и ОАО "Банк ЦентрКредит" от 8 декабря 2000 года и выплаты ОАО "Банк ЦентрКредит" курсовой разницы за период с 1 апреля 1999 года до окончания срока действия кредитных договоров, заключенных с Заемщиками, без права пролонгации. Размер курсовой разницы, подлежащий ежегодной компенсации, определить как разницу между курсом 88,3 тенге за доллар США и курсом Национального Банка Республики Казахстан на 31 декабря соответствующего года. Компенсация курсовой разницы производится на сумму погашения Заемщиками основного долга и вознаграждения за год. В 2002 году компенсация производится за период с 1 апреля 1999 года по 31 декабря 2001 года;
      2) начиная с 2002 года и до окончания срока действия кредитных договоров, заключенных по выданным кредитам, указанным в пункте 1 настоящего постановления, ежегодно предусматривать в республиканском бюджете средства на выплату курсовой разницы за предыдущий финансовый год, кроме того, в республиканском бюджете 2002 года предусмотреть оплату курсовой разницы по платежам 1999 и 2000 годов.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на

 

Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Джандосова У.А.

     5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

   Республики Казахстан  



     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Умбетова А.М.)