Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 618 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.25. N 628 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Темекi өнiмдерiнiң  өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк peттeу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      2) Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2004 жылғы 3 маусымдағы  
N 618 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
      1) "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңы  7-бабының  2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып әзiрленген және толтырылған өндiрiс паспортын;
      2) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарының мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелген техникалық талаптарды;
      3) стандарттау және өлшем құралдарының бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi белгiленген нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келетiн жабдықтарды;
      4) темекi өнiмдерiн өндiрудi технологиялық бақылау жөнiндегi зертхананы;
      5) барлық тауар белгiлерiнiң дәл және толық атауларын көрсете отырып өнiмдер тiзбесiн;
      6) темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi меншiк құқығында немесе өзге де құқықтарда өтiнiш берушiге тиесiлi ғимараттар мен үй-жайларды;
      7) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес жұмыс iстейтiндердiң еңбек жағдайларын қамтамасыз ететiн арнайы киiмдер және басқа да қорғаныш құралдары.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2004 жылғы 3 маусымдағы  
N 618 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Темекi өнiмдерін өндiру жөнiндегі қызметті
лицензиялау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) жеке және заңды тұлғалардың темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия басты болып табылады.

      3. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады (бұдан әрi - лицензиар).

      4. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысымен  бекiтiлген нысан бойынша берiледi.

  2. Лицензияны алу тәртiбi

      5. Өтiнiш берушi темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу үшiн "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысымен  бекiтiлген нысан бойынша өтiнiш бередi.
      Өтiнiшке:
      1) темекi өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдарды және өкiлдiктердi тiркеу есебi туралы куәлiктiң көшiрмелерi;
      2) жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      3)  алынып тасталды
      4) темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi ғимараттар мен үй-жайларға меншiк құқығын немесе өтiнiш берушiнiң өзге де құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
      5) темекi өнiмдерiн өндiру кезiнде өтiнiш берушiнiң тауар белгілерiн пайдалануға арналған құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi;
      6) темекi өнiмдерiн өндiруге арналған лицензияны алу үшiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi органдардың қорытындысы;
      7) темекi өнiмдерiн өндiруге арналған лицензияны алу үшiн - санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы;
      8) темекi өнiмдерiн өндiруге арналған лицензияны алу үшiн - Өртке қарсы қызмет органдарының қорытындысы;  <*>
      9) темекi өнiмдерiн өндiруге арналған лицензияны алу үшiн - экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы;
      10) темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат қоса берiледi.
      Осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi нотариалды түрде куәландырылуы тиiс.
      Құжаттарды қабылдап алу күнi осы тармақтың 6), 8)-тармақшаларында санамаланған құжаттардың ескiру мерзiмi заңнамада белгiленгеннен аспауы тиiс.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N  662 , 2007.04.30. N  352  (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.  

      6. Лицензияға лицензиар басшысы немесе осыған уәкiлеттi тұлға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.

      7. Өтiнiш берушi - заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерi оның құрамында лицензияланады. Филиалдар немесе өкiлдiктер туралы ереже және тiркеу құжаттары лицензиарға беруге жатады.

      8. Заңды тұлға темекі өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын филиалды немесе өкiлдiктi ашқан жағдайда лицензиарды отыз күнтiзбелiк күн ішiнде хабардар етедi.

      9. Лицензияны беру өтiнiш берушiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат негізiнде жүргiзiледi.

      10. Лицензия беруден бас тарту, лицензияны керi қайтарып алу, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметке бақылау жасау

      11. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ережелердің caқталуына бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

      12. Бiлiктiлiк талаптарының және белгiленген ережелердiң сақталуын тексеру лицензияның қолданылу мерзiмi iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
      Жоспарлы тексерулер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргiзiлмейдi.
      Жоспардан тыс тексерулер лицензиаттың жоспарлы тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бiлiктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi бұзушылықтарды жоюын растау үшiн, сондай-ақ шағымдарға, мәлiмдеулерге, өтiнiштерге дереу мән берудi талап ететiн жағдайларда жүргiзiледi.
      Тексерулер нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру aктici жасалады.
      Тексеру актiсiнiң негiзiнде бұзушылықтарды көрсетiлген мерзiмде жоймаған жағдайда, лицензиар лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
      Лицензиат лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда лицензиарды хабардар етедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады