Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 шілдедегі N 711 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 44, 559-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      "Кәсiби бiлiм бepу" деген 4-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 32-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқыту үшiн Қазақстанның 3 мың азаматын озық шетелдiк жоғары оқу орындарына жiберу";
      "Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы" деген 7-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 64-жол алынып тасталсын;
      "Жиыны:" деген жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
            "148 735,2
      2005 ж. - 41 392,7
      2006 ж. - 53 497,3
      2007 ж. - 53 845,2
            89 530,4
      2005 ж. - 23 370,3
      2006 ж. - 34 020
      2007 ж. - 32 140,1
            59 204,8
      2005 ж. - 18 022,4
      2006 ж. - 19 477,3
      2007 ж. - 21 705,1".
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады