"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы
бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың
тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2014 № 577 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2021 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2023 № 935 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.04.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Президент
1-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
1-2. Вице-Президент
2. Премьер-Министр
3. Құрылтай Төрағасы
4. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2026 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
7. Конституциялық Соттың Төрағасы
8. Жоғарғы Соттың Төрағасы
9. Ұлттық Банк төрағасы
10. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
11. Премьер-Министрдің орынбасарлары
11-1. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
12. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
13. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары
14. Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы
15. Бас прокурор
16. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
17. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы
18. Сенат Төрағасының орынбасары
19. Мәжіліс Төрағасының орынбасары
20. Президенттің Іс басқарушысы
20-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі
21. Президенттің көмекшілері
22. Президент Кеңсесінің басшысы
23. Президенттің кеңесшілері
24. Президентке бағынысты және есеп беретін агенттіктердің басшылары
25. Министрлер
26. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
26-1. "Алтын қыран" (Золотой Орел) орденінің және "Халық қаһарманы" (Народный герой), "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының иегерлері
27. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері
30. Құрылтай комитеттерінің төрағалары
31. Құрылтай депутаттары
32. Төтенше және Өкілетті Елшілер
33. Үкімет Аппаратының Басшысы
33-1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы
34. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
35. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері
36. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі және Астана мен Алматы архиепископы
37. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).38. Ұлттық компаниялардың басшылары
38-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры және оның орынбасарлары
38-2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы және оның орынбасарлары
38-3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшілері
38-4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшілері
38-5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
39. Конституциялық Соттың судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары
40. Құрылтай, Конституциялық Сот аппараттарының басшылары
41. Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары
41-2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары
42. Мемлекеттік орталық органдардың аппарат басшылары, министрлердің және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері
43. Қазақстандық саяси партиялардың жетекшілері
44. Қазақстан Республикасының Президенті отбасының мүшелері
45. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары
46. Қазақстан Республикасының Президенті, Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Құрылтай Төрағасының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері
47. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасына сапармен немесе жолай келетін делегацияларының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын басшылары мен мүшелері
48. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары
Ескертпе:* - күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша, ал Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісу бойынша жүргізіледі.
