Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығын қараңыз.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2011 жылға арналған шекті мәндерін белгілеу бойынша ұсыныстар берсін.
5. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2011 жылға арналған шекті мәндерін енгізсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 665 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының
шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні белгіленді.
3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында әрбір тоқсан үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының әрқайсысы бойынша бөлек айқындалады.
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу
тәртібі
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу үшін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат пайдаланылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейлері мен өзгерістері бойынша жарияланған ресми деректер ақпарат көзі болып табылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Pi = Pbase*rav,i, мұндағы:
pi - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына i-ші тоқсандағы бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңгемен;
Рbase - тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы, теңгемен;
rav,i - тауар бойынша соңғы үш жылдағы i-ші тоқсанда баға индексінің орташа өзгерісі, пайызбен;
i - тоқсанның реттік нөмірі.
Астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы жылғы 15 қарашадағы бөлшек сауда бағасы тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы болып табылады*.
Тауар бойынша соңғы үш жылдағы тоқсандарда баға индексінің орташа өзгерісі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
rn,i - тауар бойынша n -ші жылғы i -ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;
rn-1,i - тауар бойынша n-1-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;
rn-2,i - тауар бойынша n-2-ші жылғы i-ші тоқсандағы баға индексі, пайызбен;
n - бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленетін жылдың алдындағы жыл.
Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндері өткен екі жылдың төртінші тоқсаны үшін және n-ші жылдың қазаны үшін тауар бойынша баға индексін ескере отырып белгіленеді және мемлекеттік статистика органдары n-ші жылдың төртінші тоқсанының деректерін жариялағаннан кейін жоғарыда көрсетілген формула негізінде түзетіледі.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) жыл сайын, ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың тоқсандарына арналған шекті мәндерін бекіту бойынша жиынтық ұсыныстар енгізеді.
Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын, ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін уәкілетті органға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту жөнінде түзетілген жиынтық ұсыныстар енгізеді.
6. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар жиынтық ұсыныстар бергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде макроэкономикалық талдау жүргізеді және жергілікті атқарушы органдардың жиынтық ұсыныстарымен қоса, жүргізілген макроэкономикалық талдау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына шығарады.
7. Комиссия уәкілетті орган ұсынған материалдарды 5 жұмыс күні ішінде қарайды.
8. Комиссия шешімінің тиісті жобасын алғаннан кейін уәкілетті орган 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы Үкіметтің тиісті шешімін дайындауды жүзеге асырады және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеудің алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және ағымдағы жылдың 25 наурызына дейін ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған түзетілген деректерді бекітеді.
_____________________________________
*Тауар бойынша 2011 жылға арналған базалық бөлшек сауда бағасы астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 2010 жылғы 15 қарашадағы бөлшек сауда бағасы болып табылады.
3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген
мөлшерін айқындау тәртібі
10. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асып кеткен жағдайда жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін және көрсетілген тауарларға бағалардың маусымдық ауытқуларына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қажеттілігі туралы өтінім енгізеді.
Өтінімге мыналар міндетті түрде қоса беріледі:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының бекітілген шекті мәндері жоғарылатылған немесе өңірде бағалардың өсу қаупі бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өсу себептері немесе одан әрі өсу қаупі;
3) көрсетілген тауарларға бағалардың маусымдық ауытқуларына байланысты тоқсандарға бөле отырып, өңір бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және тұтыну теңгерімінің ағымдағы жылға арналған көрсеткіштері;
4) мерзімін көрсете отырып, бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеуге арналған негіздеме және бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері туралы ұсыныстар (90 күннен артық емес);
5) сауда қызметі субъектілеріне қатысты монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану не әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының отандық өндірушілерін қаржылық қолдаудың қажетті шараларын, қолдаудың ықтимал көлемдері мен қаржыландыру көздерін (республикалық бюджет, жергілікті бюджет, қаржы институттарының қаражаты) көрсету бөлігінде баламалы шаралар бойынша ұсыныстар;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының артуына жол бермеу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат.
11. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар өтінім ұсынған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде өңірде бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін енгізудің орындылығына және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына талдау жүргізеді.
12. Уәкілетті орган бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін енгізудің экономикалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы жинақталған қорытынды жасайды және Комиссияның қарауына енгізеді.
13. Комиссия 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ұсынған материалдарды қарайды.
14. Комиссияның тиісті шешімін алғаннан кейін уәкілетті орган 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде азық-түлік тауарларының атауларын, осындай тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерлерін және шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының енгізілу мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының тиісті өңірінің аумағында сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын дайындауды жүзеге асырады және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
15. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар бір күн мерзімі ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы ақпарат таратады.
16. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерінен асырмауын бақылауды жүзеге асырады.
17. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы қабылдаған шешімдеріне мониторинг және талдау жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 665 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әлеуметтік
маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссия
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеттері мына:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;
2) Қазақстанда сауда қызметін реттеу саласындағы саясатты қалыптастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін арттыру бойынша жергілікті атқарушы орган ұсынылған өтінімді қарайды;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерді белгілеу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған қорытылған экономикалық сараптаманы қарайды;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің орындылығы туралы ұсыныстарды қалыптастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
2) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
5) Комиссия міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша комиссия отырыстарына мемлекеттік органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарының бірінші басшыларын, ал олар болмаса бірінші басшының міндеттерін атқарушы адамдарды шақыруға және тыңдауға;
6) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін аудандарда, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада кіші комиссиялар құруға құқығы бар.
4. Комиссия қызметінің тәртібі
6. Комиссия құрамына мыналар кіреді:
1) комиссия төрағасы;
2) комиссия төрағасының орынбасарлары;
3) комиссия хатшысы;
4) комиссия мүшелері.
7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылау жасайды және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады.
Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
9. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу бойынша өз өкілдіктерін басқа тұлғаларға беруіне құқығы жоқ.
10. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
11. Комиссия отырыстары жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, ол заңды болып есептеледі.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
14. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіздеме болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 665 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда
бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы