Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1719 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы болып белгіленсін.
      2. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:
      1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
      3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
      4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және байланыс саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арналарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының жұмыс істеуін жүзеге асырады. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналары бойынша ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғау жөніндегі іс-шаралар бірлескен құпия жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ақпаратты қорғау бойынша) жұмыстарын орындау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді қорғау «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы қызметті реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      3. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1268 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады