Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысы.


      БАСПАСӨЗ XАБАРЛАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 2 қазанда "Бірыңғай жинақтаушы зейнетакы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары. міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" (бұдан әрі - қаулысы) № 1042 қаулысын қабылдады.

      Қаулы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 18 шілдедегі № 111-р өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінің 10-тармағына сәйкес әзірленді.

      Жоғарыд аталған қаулы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленеді.

      Қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтармайды.

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз