Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысы.


      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері


      Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);

      2) Қазақ Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;

      2) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.07.2019 № 479 қаулысымен.

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 05.07.2019 № 479 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны іске асыруға бағытталған өнімді бөлу туралы келісімдерге және оларға ілеспе өзге де құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2022 № 136 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
      К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2022 № 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2023 № 908 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Министрліктің мынадай ведомствосы бар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрлік, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;

      2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;

      4) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) шикі газды қоса алғанда, көмірсутектер, уран ресурстарын молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

      6) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыретін іске асыруды қамтамасыз ету;

      7) реттелетін салалардағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      8) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 583; 13.10.2023 № 908 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      сотқа жүгіну;

      тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардың мамандарын тарту;

      Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;

      орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;

      тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу;

      реттелетін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;

      реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;

      заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) реттелетін салаларда стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      2) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      3) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      4) қоғамдық кеңес құрады;

      5) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарайды;

      6) қоғамдық кеңес мүшелерінің Министрліктің және оның ведомстволарының жанындағы өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуын келіседі;

      7) қоғамдық кеңестің және оның жұмыс топтарының құрамында өкілдік етуді жүзеге асырады;

      8) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы Министрлік атынан өкілдіктің дербес құрамын айқындайды;

      9) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамын бекітеді;

      10) қоғамдық кеңестің құрамын бекітеді;

      11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      12) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізуінің мерзімдерін келіседі;

      13) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы есепті қоғамдық кеңеске ұсынады;

      14) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      15) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      16) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      17) стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптауыштарды және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      18) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      19) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша реттелетін салаларда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      20) реттелетін салаларда мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды;

      21) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптарды белгілейді;

      22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      23) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      24) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      25) Министрліктің даму жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      26) реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және өз құзыреті шегінде бекітеді;

      27) реттелетін салаларда өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат ету рәсімдерін жүзеге асырады;

      28 реттелетін салаларда рұқсат ету бақылауын жүзеге асырады;

      29) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;

      30) реттелетін салада рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      31) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      32) газ және газбен жабдықтау саласында, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және мұнай тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіру саласында, магистральдық құбыр, көмірсутектер және уран өндіру, электрмен жабдықтау және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау саласында, жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары салаларында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      32-1) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      33) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;

      34) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеп, бекітеді және бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      35) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;

      36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң құрамын бекітеді;

      37) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;

      38) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;

      39) өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

      40) өндіру паспортын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін, өндіру паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;

      41) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      42) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      43) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      44) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін келіседі;

      45) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын әзірлейді және бекітеді;

      46) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекітеді;

      47) Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      48) қызметін ұйымдастыруды, құрамын, жұмыс регламентін және іс қағаздарын жүргізуді айқындайтын Қазақстан Республикасының уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      49) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      50) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      51) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын әзірлейді және бекітеді;

      51-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік ережеге сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекітеді;

      52) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      53) көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезіндегі есептер нысандары мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      54) жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды әзірлейді және бекітеді;

      55) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      56) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;

      57) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;

      58) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;

      59) уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      60) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамын әзірлейді және бекітеді;

      61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын әзірлейді және оны жіберу мерзімдерін бекітеді;

      61-1) шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені бекітеді;

      62) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;

      63) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      64) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      65) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде қайта өңдеу үшін мұнай беру графиктерін қалыптастырады;

      66) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында ресейлік мұнайды тасымалдау құнын бекітеді;

      67) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар шарттарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      68) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      69) халықаралық төрелік және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын дауларды сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етеді;

      70) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды ұйымдастырады;

      71) басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      72) көмірсутектерді барлау және өндіру, уран өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады;

      73) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге және уран өндiруге келiсiмшарт жасасады;

      74) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      75) көмірсутектерді барлау мен өндіруге және уран өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;

      76) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;

      77) жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді;

      78) көмірсутектер мен уранды барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды;

      79) көмірсутектер мен уран бойынша келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады;

      80) ұлттық компания мен құзыретті органның арасындағы тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;

      81) банктік салым кепілі шартын жасасу тәртібін және оның көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      82) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      83) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      84) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу тәртібін айқындайды;

      85) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;

      86) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;

      87) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат береді;

      88) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;

      89) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен көмірсутектер және уран өндіру саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады;

      90) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      91) кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер шарттарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оның қорытындыларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, электрондық сатып алу жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ұсынылатын жер қойнауын пайдаланушылардың мәліметтері негізінде Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;

      92) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      93) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      94) теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін салу мен орналастыруға рұқсаттар береді;

      95) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      96) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді;

      97) жыл сайын мұнайды және қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарларын бекітеді;

      98) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін жеткізу жоспарларын бекітеді;

      99) мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;

      100) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      101) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      101-1) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;

      102) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерін өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;

      103) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бөлінісінде барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бөлінісінде Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарларын (кестелерін) ұсынады;

      104) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру графиктерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;

      105) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      106) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;

      106-1) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;

      106-2) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      107) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;

      108) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;

      109) мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      110) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен мұнай өнімдерінің көтерме жеткізулеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;

      111) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      112) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      113) шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      114) шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар береді;

      115) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      116) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      117) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      117-1) магистральдық құбыржол салу туралы шешім қабылдайды;

      118) өнім түрлері бойынша ұлттық операторларды айқындайды, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді;

      119) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      120) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      121) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      122) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      123) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      124) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      125) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      126) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және бекітеді әрі оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

      127) тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      128) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвесторларға ілеспе газды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      129) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шарттар жасасады;

      130) газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      131) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;

      132) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      133) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндіру, өткізу және тұтыну теңгерімін жүргізуді ұйымдастырады;

      134) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын бекітеді;

      135) магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын келіседі;

      136) құжаттармен расталған мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі немесе тауарлық газдың бағасын сараптауды жүзеге асырады және бекітеді;

      137) Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған артықшылықты құқығын іске асыру қағидаларын әзірлейді;

      138) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;

      139) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;

      140) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын кейіннен 1 шілдеден бастап бесжылдық кезеңге бекіте отырып, жоба пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi және қажет болған кезде жыл сайын 1 шілдеде түзетіп отырады;

      141) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi;

      142) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүзеге асырады;

      143) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды теңгерімін жасайды;

      144) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      145) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      145-1) сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      145-2) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      146) тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      147) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастырады;

      148) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      149) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      150) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

      151) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалануға қажетті көлемдердегі сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекітеді;

      152) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін бекітеді;

      153) тауарлық газды өндірушілердің, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының есебін жүргізеді және тізбесін интернет-ресурста жариялайды;

      154) сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды;

      155) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты береді;

      156) көмірсутектерді өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық теңгерімін жүргізеді;

      157) Қазақстан Республикасы газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін әзірлейді;

      158) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін келіседі;

      158-1) шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің тәртібіне сәйкес ақпаратты өңдеу, сақтау, пайдалану, оның ішінде беру және тарату мақсаттарында шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпарат жинауды жүзеге асырады;

      159) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру тізбесі мен мерзімдерін бекітеді;

      160) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      161) шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      162) мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды;

      163) теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төмен нормативтер мен талаптарды белгілейді;

      164) азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, Теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      165) реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу туралы ұсыныстар дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізуді жүзеге асырады;

      166) реттелетін салаларда техникалық регламенттер әзірлеу жұмысын ұйымдастырады;

      167) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;

      168) құзыреті шеңберінде стандарттау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;

      169) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      170) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      171) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      172) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      173) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;

      174) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;

      175) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;

      176) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      177) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      178) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;

      179) өз құзыреті шегінде пайдаланылып болған отынмен немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      180) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      181) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      182) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      183) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      184) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      185) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      186) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      187) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      188) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      189) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен, Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданады;

      190) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      191) радиоактивті қалдықтарға нормативтерді белгілейді;

      192) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      193) иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орналасқан жері және орын ауыстыруы туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстырып тексеруді жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;

      194) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3-тармағына сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;

      195) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді;

      196) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;

      197) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі;

      198) санкциясыз қол жеткізуге, санкциясыз алып қоюға немесе диверсия жасауға байланысты немесе олар іс жүзінде жасалған оқиға болған жағдайда, оқиға себептері, олардың мән-жайлары және салдары, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы пайдаланушы ұйымның есебін қарайды;

      199) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы пайдаланушы ұйымнан ақпарат алады;

      200) ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы жағдайларын келіседі;

      201) радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;

      202) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар тізілімін Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады;

      203) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімдері туралы дерекқорда қамтылатын мәліметтерді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке ұсынады;

      204) уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы деректерді алдын ала хабарламалардағы, хабарламалар мен есептердегі жеке және заңды тұлғалар ұсынатын деректерді алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;

      205) жеке және заңды тұлғалар алдын ала хабарламаларда, уран өнімі мен ядролық материалдардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері, атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензияның бар-жоғы, экспортқа немесе импортқа лицензияның бар-жоғы туралы хабарламалар мен есептерде ұсынатын ақпаратты тексеруді жүргізеді;

      206) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізу үшін тест сұрақтарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      207) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізетін комиссия құрады;

      208) пайдаланушы ұйым беретін жергілікті жобалық қауіп-қатер жоспарын келіседі;

      209) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асырады;

      210) радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдайды және бекітеді;

      211) пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;

      212) техникалық регламенттер талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олар шығарылған елде бекітілген талаптарға сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері мен элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;

      213) қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарау нәтижелері бойынша қорытынды береді;

      214) қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын белгілейді;

      215) ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;

      216) техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін элементтер жүйелерін тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тіркеуден алады;

      217) ядролық қондырғының жобалау пайдалану құжаттамасын, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;

      218) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттер жүргізу әдістемесін келіседі;

      219) ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;

      220) ядролық қондырғы әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламаларын келіседі;

      221) пайдаланушы ұйым дайындаған белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;

      222) бекітілген жобалау құжаттамасынан ауытқуды, атом станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалар мен жүйелердің өзгеруін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген, атом станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгеруін келіседі;

      223) арнайы қабылдап алуға жататын жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;

      224) әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттардың және өзге де куәліктердің нысандарын келіседі;

      225) қолданыстағы жабдықтар мен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттер жүргізуді келіседі;

      226) атом станциясының әкімшілігі бекіткен атом станциясының жүйелерін, жабдықтары мен құбырларын пайдалану жөніндегі жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және жұмыстар көлемін азайтуды келіседі;

      227) жабдықтар мен құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жұмыс параметрлері кезінде атом станциялары жүйелерін пайдалануға рұқсат береді;

      228) атом станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;

      229) отынды және атом станциялары белсенді аймағының компоненттерін сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;

      230) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;

      231) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелендіру көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;

      232) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекітеді;

      233) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      234) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;

      235) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;

      236) ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;

      237) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыну енгізеді;

      238) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      239) инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;

      240) тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітеді және өзгерістер енгізеді;

      240-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді;

      240-2) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді;

      241) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін келіседі;

      242) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      243) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес орталықтандырылған сауда нарығының операторын (операторларын) конкурстық негізде айқындайды;

      243-1) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын айқындайды;

      243-2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны айқындайды;

      243-3) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты пайдалану туралы энергия өндіруші ұйымдардың есептік ақпаратын қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуы тұрғысынан қарайды және қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдарға жіберілетін қаражат көлемін азайту туралы шешім қабылдайды;

      243-4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      244) орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық арқылы міндетті түрде сатылуға жататын электр энергиясының үлесін монополияға қарсы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды;

      245) электр энергиясына және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтерді бекітеді;

      246) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

      247) электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;

      247-1) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты электр қуатын әзірлікте ұстап тұруға жіберу тәртібін бекітеді;

      247-2) сағаттық мөлшерлемелерді ескере отырып, электр энергиясының шекті тарифіне теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау әдістемесін бекітеді;

      247-3) жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін өзгерту тәртібін бекітеді;

      248) жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;

      249) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзушылықтар және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      250) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      251) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      252) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;

      253) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      254) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша электр байланысы жоқ өңірлер үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр энергиясының көтерме нарығының жұмыс істеу және оны ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындайды;

      255) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      256) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      257) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      258) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      259) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      260) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      261) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

      262) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;

      263) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      264) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;

      265) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      266) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      267) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      268) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      269) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      270) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      271) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      272) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      273) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      274) жүйелік оператордың қызметтер көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      275) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      275-1) бірыңғай сатып алушының құрамына жылу электр орталықтары кіретін және/немесе электр қуаты нарығында ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуы; бірыңғай сатып алушының электр энергиясының орталықтандырылған сауда саттығының қорытындысы бойынша энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуы; бірыңғай сатып алушының электр энергиясының көтерме сауда нарығында энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын сатуы шарттарының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      276) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      277) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      277-1) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды;

      277-2) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін бекітеді;

      277-3) электр энергиясын көтерме тұтынушылар болып табылатын цифрлық майнерлердің қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алу тәртібін айқындайды;

      278) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

      279) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      280) электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      281) маневрлік генерациялау режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      282) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;

      283) электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      284) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      285) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      286) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      287) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      288) техникалық жаңғыртудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      289) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      290) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      291) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      292) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      293) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      294) электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      295) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      296) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;

      297) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;

      298) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;

      299) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;

      300) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;

      301) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

      302) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      303) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      304) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      305) электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      306) жүйелік операторды айқындайды;

      307) электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      308) тұлғалар топтарының тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      309) тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      309-1) теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      309-2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін теңгерімдеу аймақтарын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      309-3) теңгерім провайдерлерінің қызметіне қойылатын талаптарды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      309-4) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді жүйелік операторға беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      309-5) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерін іріктеу және іске қосу тәртібін белгілейді;

      309-6) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы тиісті теңгерімдеу аймағы үшін операциялық тәуліктің тиісті сағатына сатып алатын теңгерімдеуші электр энергиясының көлемін айқындау тәртібін белгілейді;

      309-7) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының теңгерімдеуші электр энергиясын сатудың сағаттық орташа өлшемді бағаларын есептеу тәртібін белгілейді;

      309-8) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеу тәртібін белгілейді;

      309-9) теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің Орталық Азия мемлекетінің энергия жүйесімен теңгерімдеу аймағының шекарасындағы электр энергиясының сальдо-ағымдарының ауытқулары үшін жауапты болу тәртібін айқындайды;

      309-10) энергия өндіруші ұйымдардың жүйелік операторға алдағы жоспарлау тәуліктерінің әрбір сағатына жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер беру тәртібін белгілейді;

      309-11) теңгерім провайдерлерінің тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;

      309-12) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге арналған шарттар жасасу және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу жағдайлары мен тәртібін айқындайды;

      309-13) теңгерімдеуші нарықтың субъектілерімен қосылу шартының үлгілік нысанын бекітеді;

      309-14) жаңартылатын көздердің электр энергиясын сату бағасына арттыру коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды;

      309-15) жаңартылатын көздердің электр энергиясын сату бағасына төмендету коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды;

      309-16) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын желіге жіберудің жоспарлы мәнінен жол берілетін ауытқу мәнін айқындау тәртібін белгілейді;

      309-17) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы операциялық тәуліктердің тиісті сағаттарында сататын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін теңгерімдеу аймақтарының теріс теңгерімсіздіктерінің көлемдерін айқындау тәртібін белгілейді;

      309-18) теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктерін есептеу тәртібін бекітеді;

      309-19) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерін төмендетіп (жоғарылатып) теңгерімдеудің ең төмен көлемдерін есептеу тәртібін айқындайды;

      310) бекітілген қағидаларға сәйкес тізілімді қалыптастырады және жүргізеді;

      311) тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      312) тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжанатын тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      313) тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар пайдалануға енгізетін генерациялайтын қондырғыларға арналған орналастыру орнын (алаңдарды), отынның типі мен түрін келіседі;

      314) энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

      315) энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;

      316) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      317) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің мөлшерлерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      318) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-4 және 15-6-баптарына сәйкес электр қуаты нарығында жасалған электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар шығындарын да қамтитын электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау әдістемесін бекітеді;

      318-1) электр энергиясына арналған шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемелерді айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      319) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      320) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемдерін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

      321) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасасады;

      321-1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      322) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      323) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      324) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;

      325) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 583 қаулысымен;

      326) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      327) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемдерін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

      328) құрамына жылу электр орталықтары кіретін, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      329) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      330) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      331) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;

      332) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүліктің (активтердің) тізбесіне электр энергиясын енгізу туралы шешім қабылдайды;

      333) жүйелік оператордың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      334) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

      335) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатқа сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартады;

      336) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

      337) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беруші ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;

      338) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi;

      339) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерді жүзеге асырады;

      340) мерзiмдер мен орындауға жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;

      341) мыналарды:

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын;

      электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды және техникалық жай-күйін;

      электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;

      электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;

      342) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      343) тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпарат жібереді;

      344) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      345) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;

      346) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;

      347) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

      348) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      349) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      350) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      351) жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      352) қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекітеді;

      353) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және басым тұтынушыға қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      353-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарын бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      354) басым шартты тұтынушылар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі;

      355) аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      356) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;

      357) аукциондық сауда-саттықты өткізу мерзімдерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша жоспарланып отырған қуат шамаларын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері орналастырылатын болжамды аймақтарды (аудандарды) айқындайды;

      358) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;

      359) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды тексеруді жүзеге асыратын комиссияны қалыптастырады;

      360) маневрлік генерациялау режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды;

      361) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;

      362) энергия өндiрушi, энергия беруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждарына электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;

      363) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекітеді;

      364) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      365) электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      366) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;

      367) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;

      368) электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

      369) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, өнеркәсіптік кешендермен, тікелей тұтынушылармен және басым тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын бекітеді;

      370) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын әзірлейді;

      371) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      372) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 583 қаулысымен;

      373) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      374) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      375) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;

      376) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

      377) резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      378) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      379) мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдалану жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      379-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын бір сағатқа және (немесе) тәулікке және (немесе) айға және (немесе) тоқсанға және (немесе) жылға (жылдарға) сатып алу тәртібін белгілейді;

      379-2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға, шартты тұтынушыларға, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға электр энергиясына шекті тарифтерден жоғары тарифпен электр энергиясын сату тәртібін белгілейді;

      379-3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің электр энергиясын жеткізушілерінен (өндірушілерінен) электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды;

      379-4) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын басқа елдердің тұтынушыларына сатуды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды;

      379-5) бірыңғай сатып алушының тарифтерді саралау арқылы көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      379-6) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларды айқындау тәртібін айқындайды;

      379-7) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу тәртібін айқындайды;

      379-8) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      379-9) шартты тұтынушылар мен басым тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағалары мен көлемдерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының есептеу тәртібін айқындайды;

      379-10) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздер үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін түзету тәртібін айқындайды;

      379-11) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу мен сатуды жүзеге асыру, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмыс істеуі кезінде өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      379-12) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу және сату бағаларын айқындау тәртібін айқындайды;

      379-13) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      379-14) бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан және электр энергиясының жаңартылатын көздерінен сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      379-15) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (электр энергиясын кепілдікпен берушілерден басқа) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу тәртібін белгілейді;

      379-16) электр энергиясын кепілдікпен берушілердің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      379-17) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жұмыс істеген кезде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес аударуға жататын ақша қаражатының сомасын есептеу тәртібін белгілейді;

      379-18) энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясы үшін ақша қаражаты сомасын төлеу тәртібін белгілейді;

      379-19) цифрлық майнерлердің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу тәртібін бекітеді;

      380) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      380-1) арыз иелері көтеріп отырған жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды;

      381) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

      382) реттелетін салалардағы кадрларға қажеттілікті айқындайды;

      383) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      384) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;

      385) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастырады;

      386) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында орналастырады;

      387) ақпараттың сапасына және уақтылы берілуіне ішкі бақылау жүргізеді;

      388) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      389) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      390) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      391) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;

      392) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      393) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындайды;

      394) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын енгізу туралы шешім қабылдайды;

      395) ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;

      396) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондандырушы сәулелену көздерінің, қосарлы қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтардың және тиісті тауарлар мен технологиялардың, оларды шығаруға байланысты жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортына және импортына лицензия беруін келіседі;

      397) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      397-1) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      397-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;

      397-3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;

      398) ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу мен бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

      399) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      400) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында бақылауды жүзеге асырады;

      401) атом энергиясын пайдалану саласында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;

      401-1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      401-2) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;

      402) ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;

      403) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясын пайдалану объектісінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

      404) атом энергетикасы, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметін үйлестіреді;

      405) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтардың мониторингі бойынша зерттеулерді ұйымдастырады;

      406) атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялануға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;

      406-1) Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі саласындағы қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      406-2) ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізуді ұйымдастырады;

      406-3) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен аудандарын белгілеуді және оларды өзгертуді негіздейтін кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарын келіседі;

      406-4) босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;

      406-5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру туралы, оның жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын белгілеу және өзгерту, босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді;

      406-6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы ұсыныс енгізеді;

      406-7) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымның Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсыныстарын келіседі;

      406-8) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      406-9) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады;

      406-10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ядролық қару сынақтары жүргізілген аумақтарға кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізу әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;

      406-11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ядролық қару сынақтарының салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда кешенді экологиялық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      406-12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Семей ядролық қауіпсіздік аймағында атмосфералық ауаның, жерасты және жерүсті суларының, топырақ пен өсімдіктердің радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ радионуклидтердің таралу параметрлерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      407) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізеді;

      408) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      409) басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      410) жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды өзгерту туралы хабарлама нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      411) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      412) электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып аукционды өткізу тәртібін айқындайды;

      413) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      414) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      415) көмірсутектерді барлау мен өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      416) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша Мемлекеттік орган қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды;

      417) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуын қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      418) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      419) мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      420) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекітеді;

      421) көмірсутектерге және уранды өндіруге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үйлестіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      422) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну нысандары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      423) тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін айқындайды;

      424) тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      425) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      426) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайды өлшеу және салмақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      427) теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      428) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

      429) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;

      430) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасы нысандарының мазмұнын әзірлейді және бекітеді;

      431) табиғи нысандағы міндеттемелерді орындау қағидаларын әзірлейді;

      432) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, шарттарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      433) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына тұрақсыз конденсатты өткізу жөніндегі айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      434) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын осы салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      434-1) салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ ұсынылатын деректердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      434-2) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      435) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      436) жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге өткізуді жүзеге асыруды келіседі;

      437) өз құзыреті шегінде көмірсутектер саласындағы құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      438) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану және уран өндіру жөніндегі операцияларды реттейді;

      439) көмірсутектер және уран өндіру жөніндегі жобалау құжаттары ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      440) мұнайды және шикі газды өндіру мен олардың айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізеді;

      441) уран өндіру кезінде жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      442) мемлекеттің басым құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      443) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындайды;

      444) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындау жөніндегі өлшемшартты бекітеді;

      445) электр станцияларының тізбесіне тұтынушыларды енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      446) электр станцияларының тізбесін бекітеді;

      447) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      448) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      449) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      450) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

      451) Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді, бекітеді және қайта бекітеді;

      452) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      453) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік субсидиялардан экономикалық әсерді айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      454) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;

      455) қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқауларды қажет болған жағдайларда шығарады;

      456) бюджеттік мониторингті және оның нәтижелері туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;

      457) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      458) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      459) өздеріне қатысты Министрлік басқару органы болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      460) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

      461) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      462) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      463) ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

      464) стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;

      465) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін әзірлейді, бекітеді және келіседі;

      466) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салаларының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін әзірлейді және бекітеді;

      467) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      467-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      467-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;

      467-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;

      467-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      467-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;

      467-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;

      467-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

      467-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;

      467-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;

      467-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;

      467-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;

      467-12) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді;

      467-13) цифрлық трансформациялауды жүргізеді;

      467-14) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады;

      467-15) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;

      467-16) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;

      467-17) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) жаңартады;

      467-18) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;

      467-19) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      467-20) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      467-21) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;

      467-22) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақты 467-23) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 12.08.2024 № 649 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      468) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2022 № 772 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 19.10.2022 № 834 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 15.11.2022 № 902; 11.05.2023 № 361; 31.05.2023 № 427 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 14.07.2023 № 583; 01.09.2023 № 762 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2023 № 890; 13.10.2023 № 908 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.03.2024 № 149; 12.08.2024 № 649 қаулыларымен.

3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Министрлікті басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.

      17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;

      2) өз қызметінде өзінің бақылауында болатын комитеттердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;

      4) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;

      5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      6) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды;

      7) ведомстволар актілерінің күшін жояды немесе толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

      8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

      9) тиісті Үкімет шешімі қабылданған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет тікелей және жанама қатысатын, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіреді;

      10) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

      22. Аппарат басшысы аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

4-тарау. Министрліктің мүлкі

      23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2022 № 930; 25.01.2023 № 36 қаулыларымен.

      1. "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы.

      2. "Достық Энерго" акционерлік қоғамы.

      3. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.11.2022 № 930 қаулысымен.

      5. "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы.

      6. "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      7. "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      8. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.07.2022 № 471; 15.11.2022 № 902 қаулыларымен.

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      17. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті.

      18. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті.

      19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті.

      20. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті.

      21. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті.

      22. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті.

Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      "Капиталмұнайгаз" мемлекеттік мекемесі.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 20-7, 20-8, 20-9, 20-10, 20-11-жолдармен толықтырылсын:

      "20-7. "Достық Энерго" акционерлік қоғамы".

      20-8. "Қазаэросервис" акционерлік қоғамы.

      20-9. "Еуразия су орталығы" ғылыми-өндірістік бірлестігі" акцинерлік қоғамы.

      20-10. "Жасыл даму" акционерлік қоғамы.

      20-11. "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне" деген бөлім және реттік нөмірі 237-45-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне" деген бөлім және реттік нөмірлері 300, 300-1, 300-2-жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетіне" деген бөлім және реттік нөмірі 310-жол алып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 994 қаулысына

1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау

комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департамент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департамент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментов.

      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментов.

      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.

      15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментіне.

      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 994 қаулысына

2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қайта

аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының

тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      2. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      3. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      4. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      5. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      6. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      7. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      8. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      9. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      10. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      11. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      12. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      13. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      14. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      15. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      16. "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 994 қаулысына

3-қосымша

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және

су ресурстары министрлігінің қайта аталатын республикалық
мемлекеттік кәсіпорындарынын тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 05.07.2019 № 479 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      2. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.07.2019 № 479 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      4. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.07.2019 № 479 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Қарағандышахтатарату" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қарағандышахтатарату" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 994 қаулысына

4-қосымша

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 1-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 445-құжат).

      3. "Мемлекет қатысатын мұнай және газ саласындағы ұйымдардың қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4, 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 192-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 456-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1390 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1134-құжат).

      6. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1174 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 162-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1816 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 10, 196-құжат).

      8. "Қазмұнайұңғымажою" акционерлік қоғамын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 43, 634-құжат).

      9. 1-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 302-құжат).

      10. 1-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 74, 980-құжат).

      11. 1-тармағын қоспағанда, "Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы "Ақмола су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 222-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады