"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамын және "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы оған "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және ұйымдық-техникалық қолдау "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      5. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 696 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгеріcтер

      1. "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысында:

      3-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінде:

      реттік нөмірі 21-жол алып тасталсын.

      4. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде:

      "4. Көлік және байланыс" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 43-жол алып тасталсын.

      5. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады