Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 601 қаулысымен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1. Осы Квазимемлекеттік сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру бойынша мәмілелерді және мемлекеттік қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында және Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін айқындайды.

      2. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылатын Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      3. Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын қаржы жылына арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекітеді.

      5. Бюджет параметрлері өзгерген жағдайда немесе квазимемлекеттік сектордың түзетілген қарыз алу жоспарлары негізінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының бекітілген шекті көлемін түзетуге жол беріледі.

      6. Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз міндеттемелерін орындауды сыртқы қарыз алу шеңберінде дербес қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады