Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысы.

      Баспасөз релизі
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 37-1) тармақшасына, 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы;

      тұрғын үй және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу; тұрғын үй және (немесе) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізумен қоса тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарызын ішінара немесе толық өтеу; ипотекалық тұрғын үй берешегін қайта қаржыландыру жолымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – екінші деңгейдегі банктер;

      емделуге ақы төлеу мақсатында – "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болып айқындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Осы қаулы қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін он бірінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесі бекітілсін.";

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. "Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;

      3) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік қамсыздандыру саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) біржолғы зейнетақы төлемі – осы Заңда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      7) жеке зейнетақы шоты – міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсімі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдері ескерілетін және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) дербес атаулы шоты;

      8) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және ведомстволары;

      9) инвестициялық портфельді басқарушы – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті өз атынан және клиенттің мүддесінде және соның есебінен жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      10) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;

      11) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

      12) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;

      14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік мыналарға қолданылады:

      1) Заңның 11-бабының 1-тармағында, 32-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға – зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;

      2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күнге;

      3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге.

      Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын екі және одан көп рет жасасқан жағдайда айырманы төлеу сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, айырманы төлеу инфляция деңгейін және сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ескеріліп, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасына жүргізіледі.

      Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;

      4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, Заңның 32-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары алынған күнге;

      5) Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, Заңның 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын Заңның 35-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға – салымшының уәкілетті оператор ашқан арнаулы шотына біржолғы зейнетақы төлемдері соңғы аударылған және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударылған күннен басталатын кезеңге Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толған күнге.

      Біржолғы зейнетақы төлемдері алынғаннан және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

      Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа дейін уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтарған және (немесе) зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылған жағдайда, айырманы төлеу зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға соңғы аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең үшін жүргізіледі.

      Уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылған зейнетақы жинақтарының сомалары зейнетақы жарналары ретінде қаралады және қайтару сәтінде мемлекеттік кепілдік бойынша айырманың есебіне енгізіледі.

      Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар мемлекет кепілдігіне жүгінген жағдайда, айырманы төлеу 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы соңғы рет қайтарылған кезден бастап зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күні инфляция деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғаннан кейін зейнетақы жинақтары қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасына жүргізіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген форматқа сәйкес ЭЦҚ қойып, алушының жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсынады.".

      3. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

      21-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Электрондық түрдегі өтінім БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Зейнетақы төлемдерінің, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу кезінде және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару кезінде есепке алынатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері кезінде есептелген, бюджетке ұсталмаған және аударылмаған жеке табыс салығының сомасы қайтарылуға жатпайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Табыс іс жүзінде төленген және қызметкер оны алған кезде агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агент мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Ұлтық Банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын қызметкерлердің пайдасына аударуға тиіс.

      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы есептейді, ұстап қалады (есебіне жазады) және төлейді".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысына
1-қосымша

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;

      4) біржолғы зейнетақы төлемі – Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;

      5) зейнетақы жинақтары – шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;

      6) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;

      7) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) БЖЗҚ-дан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке тұлға;

      8) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, оны көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің абоненттік ұялы байланыс құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      9) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады.

      3. Зейнетақы төлемдері:

      1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

      Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

      Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Өтініш берілген күнге зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді.

      Бұл ретте 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған адамдар бойынша зейнетақы төлемдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының кемінде отыз еселенген мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Егер кезекті зейнетақы төлемі жүзеге асырылғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құраған жағдайда, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді;

      2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 2-тармағында, 32-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 2-тармағында көзделген жағдайларда бір рет;

      3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шартының негізінде сақтандыру ұйымына аудару арқылы жүзеге асырылады.

      4. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көзделген шарттардың бірі болған кезде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері:

      1) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған, Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында көрсетілген адамдар үшін алушының міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күнге Заңның 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспайды;

      2) Заңның 31-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген адамдар үшін уәкілетті оператордан бастапқы электрондық хабарлама алған күнге алушының міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

      Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемін есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын мынадай мәліметтер пайдаланылады:

      жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемінің оларды тағайындау күніне белгіленген мөлшері туралы;

      еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар, отставкадағы судья болып табылатын адамдар үшін – адамдардың аталған санаттарға тиесілігі туралы;

      3) сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдеріне зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан, Заңның 31-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында көрсетілген адамдар үшін салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайды.

      5. Зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарына есепке жазу бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер құжат көшірмесінің түпнұсқамен дәлдігін, алушының өтініштегі қолының төлнұсқалығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігіндегі нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда, оларды заңдастыру қажет.

2-тарау. Зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды БЖЗҚ-ға қайтару тәртібі

Зейнеткерлік жасқа жеткен, бірінші және екінші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайларда

      7. Алушы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу мақсатында:

      1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ банктік шоты туралы мәліметтерді ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді;

      2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде БЖЗҚ-ға өзі келіп, мыналарды:

      БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

      алушының банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті ұсынады.

      БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгіну тәртібі БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітіледі.

      8. Егер алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар болса, БЖЗҚ мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан алушыға мүгедектіктің белгіленуі туралы мәліметтерді сұратады.

      Алушыда мерзімсіз болып белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің бар екені туралы мәліметтер расталмаған жағдайда, БЖЗҚ алушы өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріп, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      9. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған алушылардың өтініштері бойынша Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген алушылардың өтініштері туралы мәліметтер беріледі.

      БЖЗҚ алушылардың осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес, бірақ ерте дегенде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күні алушылардың банктік шоттарына аударады.

      Алушы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация өтініш берілген күні өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, алушыға өтінішті қабылдаудан не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себебі көрсетілген хабарлама жіберу арқылы өтінішті орындаудан бас тартады.

      Алушыда БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда не ол БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің белгіленген кестесі бойынша алушы болып табылса, Мемлекеттік корпорация өтініш қабылдаған сәтте алушыны осы фактілер туралы хабардар етеді.

      10. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын төлеу үшін жүгінбеген адамдар бойынша БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 1 наурызға дейін Мемлекеттік корпорациямен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде көрсетілген адамдарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін порталда тіркелген алушылардың абоненттік ұялы байланыс құрылғысының телефон нөмірлерінің бар-жоғын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорация:

      порталда тіркелген телефон нөмірлері бар, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын адамдардың тізімін қалыптастырады;

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы алушының телефон нөміріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету ұсынысымен sms-хабар жібереді;

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға келісімі алынған адамдар бойынша электрондық өтінімдер және хабарламалар журналында әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жеке өтінімді қалыптастырады;

      Мемлекеттік корпорация халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде тіркеген электрондық өтінімдер бойынша осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған форматта электрондық хабарларды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық өтінімдер тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне жібереді.

      БЖЗҚ осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде Мемлекеттік корпорацияға алушылар бұрын ұсынған банктік шоттарға аударады.

      11. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте зейнетақы төлеміне өтініш берген күн:

      осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – алушының өтініші Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн не БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күн;

      осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – БЖЗҚ-да құжаттардың қабылданған не келіп түскен күні болып есептеледі.

      БЖЗҚ жыл сайын осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда

      12. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-ға өздері келіп, мыналарды:

      1) өтінішті;

      2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      3) алушының банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

      Өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшінің жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы төлемін осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады.

      Өтініш берген шетелдіктің Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайларда БЖЗҚ өтінішті қабылдаудан не осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген мерзімдерде орындаудан бас тартады, бұл ретте шетелдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсатты ресімдеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Қажет болған жағдайда шетелдік Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін БЖЗҚ-ға қайтадан өтініш береді.

      Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынған, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы мәліметтер болмаған не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күші жойылған жағдайларда БЖЗҚ өтінішті қабылдаудан не осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген мерзімдерде орындаудан бас тартады.

      13. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бір рет жүзеге асырылады.

      Алушы не зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда

      14. Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан асырмай жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

      Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

      15. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

      3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

      4) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның банктік шоты туралы мәліметтер.

      16. Жерлеуге арналған біржолғы төлем осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      17. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу үшін алушылар (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасы;

      3) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

      5) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

      18. Өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда, осы Қағидалардың 7, 12, 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қоса үшінші тұлға:

      1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынады.

      Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

      19. Өтінішті пошта байланысы құралдары арқылы берілген кезде осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында, 12 және 17-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ өтініштегі алушының қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

      20. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарын алуға сот актісі бойынша жүгінген адамдар БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) заңды күшіне енген сот актісі;

      2) банктік шот туралы мәліметтер.

      21. Қабылданған құжаттар негізінде БЖЗҚ электрондық іс макетін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтайды.

      22. БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын пошта байланысы арқылы берген адамды қоспағанда, алушыға, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесіне не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      23. Алушы не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі не жерлеуді жүзеге асырған адам осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасына, 12, 15 және 17-тармақтарына сәйкес белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда БЖЗҚ бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш жасалған күні БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріп өтінішті қабылдаудан не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу арқылы өтінішті орындаудан бас тартады.

      24. Зейнетақы төлемдері осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушыларға, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, мұрагерлерге, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адамдарға осы Қағидаларда көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      25. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілетін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның банктік шотына аударады.

      Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылған, олар БЖЗҚ-ға қайтарылған жағдайда

      26. Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көзделген шарттар болған кезде алушы БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу мақсатында уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы біржолғы зейнетақы төлеміне өтінішпен (бұдан әрі – төлемге өтініш) уәкілетті операторға жүгінеді.

      Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында пайдалану тәртібін "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 10-27) тармақшасына сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.

      Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге ақы төлеу үшін пайдалану тәртібін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 60-1) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.

      27. БЖЗҚ-ның уәкілетті оператормен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібі БЖЗҚ мен уәкілетті оператор арасында жасалған тиісті келісімде белгіленеді, оның шеңберінде екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға уәкілетті операторда тіркелген, осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес алушылар берген төлемге арналған өтініштер туралы электрондық хабарламалар, сондай-ақ жеке табыс салығын ұстап қалу және (немесе) салық шегерімін қолдану туралы өтініш беріледі.

      Алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      28. Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдар өздерінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алып қоюға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді уәкілетті операторға БЖЗҚ-дан көрсетілген мәліметтерді алу арқылы, оның ішінде БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларына сәйкес зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілдері арқылы дербес ұсынады.

      29. БЖЗҚ уәкілетті оператордан осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес электрондық хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға алушының біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын алушының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан алушының арнаулы шотына кейіннен есепке жатқызу үшін алушының өтінішінде көрсетілген, бірақ осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелген сомадан асырмай аударады.

      30. БЖЗҚ мынадай:

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамсыздығы және (немесе) қайтыс болуы туралы мәліметтер болған;

      салымшының (алушының) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болмаған;

      салымшыда (алушыда) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген шарттар болмаған;

      салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күнге зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен аспаған;

      жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының зейнетақы төлемдерінің мөлшері жиынтығында Алушының орташа айлық кірісінің орнын толтыру коэффициентін айқындау әдістемесіне сәйкес алушының орташа айлық кірісінің орнын ауыстыру коэффициентін 40 пайыздан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етпеген жағдайларда, осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген электрондық хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға бас тарту себебін көрсете отырып, салымшыға (алушыға) біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.

      31. Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдарға уәкілетті оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеу, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу көрсетілген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      32. Уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемдерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсаттарына нысаналы пайдалануын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      Біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтару бойынша уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасындағы өзара іс-қимыл осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тиісті келісімшартта айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Біржолғы зейнетақы төлемдерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсаттарына нысаналы пайдаланылмағаны анықталған жағдайда уәкілетті оператор осы Қағидалардың 26-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көзделген қағидаларға сәйкес оларды БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады.

      Қайтару:

      1) алушы уәкілетті операторға алушының арнаулы шотына есепке жазылған біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға өтініш берген;

      2) алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге пайдаланылмағанын растайтын құжаттарды ұсынбаған;

      3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында аударылған біржолғы зейнетақы төлемдері басқа мақсатта пайдаланылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті оператор алушыға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы электрондық хабарлама жібереді.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда алушы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында өзі алған біржолғы зейнетақы төлемінің бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті оператордан ашылған өзінің арнаулы шотына қайтарады.

      Уәкілетті оператор алушы қайтаратын сома түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, уәкілетті оператор алушыдан қайтаруға өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтаруды жүзеге асырады.

      Уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларын БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде аударады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысына
2-қосымша

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі

      1. Осы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібін белгілейді.

      2. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:

      1) зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі (%-да);

      2) зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі (%-да);

      3) зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері.

      3. Осы әдістеменің 2-тармағында көрсетілген параметрлер осы әдістеменің қосымшасына сәйкес қабылданады.

      4. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.

      5. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы, егер жеке тұлға мынадай шарттардың бірін қанағаттандырған жағдайда, осы әдістемеге қосымшада көрсетілген түзету коэффициентіне көбейтіледі:

      1) мерзімсіз белгіленген бірінші топтағы мүгедектігінің болуы;

      2) мерзімсіз белгіленген екінші топтағы мүгедектігінің болуы;

      3) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жастың басталуы және жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының болуы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген біреуден артық шартты қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.

      6. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері осы әдістеменің 4 және 5-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

      Бұл ретте зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылында ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем болмайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

      Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылған кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайту жолымен айқындалады.

  Зейнетақы төлемдерінің
мөлшерін
есептеуді жүзеге асыру
әдістемесіне
қосымша

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыруға арналған параметрлердің мөлшері

      1) зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі – 6,5;%;

      2) зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі – 5%;

      3) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде алпыс ай төленген зейнетақы төлемдерін алушылар үшін түзету коэффициенті – 1,45;

      4) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші топтағы мүгедектігі бар зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері:

Жасы

Түзету коэффициенті

18

0,74

19

0,75

20

0,77

21

0,78

22

0,79

23

0,81

24

0,82

25

0,84

26

0,86

27

0,87

28

0,90

29

0,91

30

0,94

31

0,96

32

0,98

33

1,01

34

1,03

35

1,06

36

1,09

37

1,12

38

1,15

39

1,18

40

1,21

41

1,24

42

1,28

43

1,31

44

1,34

45

1,38

46

1,42

47

1,45

48

1,48

49

1,51

50

1,54

51

1,56

52

1,58

53

1,58

54

1,58

55

1,56

56

1,54

57

1,49

58

1,42

59

1,40

60

1,37

61

1,87

62

1,79

63

1,69

      5) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, екінші топтағы мүгедектігі бар зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері:

Жасы

Түзету коэффициенті

18

0,59

19

0,59

20

0,60

21

0,61

22

0,62

23

0,63

24

0,64

25

0,65

26

0,66

27

0,68

28

0,69

29

0,70

30

0,72

31

0,73

32

0,75

33

0,76

34

0,78

35

0,79

36

0,81

37

0,83

38

0,85

39

0,87

40

0,89

41

0,91

42

0,93

43

0,95

44

0,98

45

1,00

46

1,03

47

1,05

48

1,08

49

1,10

50

1,12

51

1,15

52

1,17

53

1,19

54

1,21

55

1,23

56

1,24

57

1,24

58

1,24

59

1,25

60

1,26

61

1,32

62

1,30

63

1,27

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысына
3-қосымша

Алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі

      1. Осы алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      Салымшының орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін есептеуді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – "БЖЗҚ" АҚ) басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

      2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – ай сайынғы зейнетақы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін қоса алғанда, оларды тағайындау күні айқындалған, Заңға сәйкес алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;

      2) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және "БЖЗҚ" АҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке тұлға;

      3) салымшының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициенті – зейнетақы төлемдері мөлшерінің алушының орташа айлық кірісіне қатынасы ретінде айқындалатын коэффициент;

      3. Зейнетақы тағайындалған кездегі алушының орташа айлық кірісін есептеу үшін тиісті кезеңдегі инфляция деңгейі ескеріліп, алушының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы пайдаланылады, ол мынадай формула арқылы есептеледі:



      мұндағы:

      Sn– Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік N ай үшін инфляция деңгейі ескеріліп, алушының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

      Pi– міндетті зейнетақы жарналарының i айында түсуі;

      Pn– міндетті зейнетақы жарналарының n айында түсуі;

      Ij+1– j айына тұтыну бағалары индексінің қатынасы j+1 алдыңғы j айына қатысты, пайызбен;

      n– 60-қа тең деп қабылданатын күнтізбелік айлардың саны;

      i– 1-ден n-1-ге дейінгі мәнді алатын ай бойынша айнымалы;

      j– i-ден n-1-ге дейінгі мәнді алатын ай бойынша айнымалы.



      m– Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы тағайындалған күн мен зейнеткерлік жас басталған күн арасындағы дәйекті күнтізбелік айлардың саны;

      Il+n– айына тұтыну бағалары индексінің қатынасы l+n өткен айға қатысты , пайызбен;

      L– 1-ден m-ге дейінгі мәнді алатын ай бойынша айнымалы.

      Бұл ретте тиісті кезеңдегі тұтыну бағалары индексінің көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректерге сәйкес қабылданады.

      4. Алушының орташа айлық кірісі мынадай формула арқылы есептеледі:



      мұндағы:

      СДП – зейнетақы тағайындау күніне алушының орташа айлық кірісі, бірақ "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес және республика бойынша орташа айлық кірістен артық емес;

      СМД– өтініш берген күннің алдындағы орташа айлық жалақы мөлшері ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған республика бойынша орташа айлық кіріс. Толық күнтізбелік жылға орташа айлық жалақы туралы мәлімет орналастырылмаған жағдайда, есептеу үшін өтініш берілген күннің алдындағы жылдың мәліметтері қабылданады;

      Sn– Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік N ай үшін инфляция деңгейі ескерілген, алушының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

      N– Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік айдан бастап алушының нөлдік емес міндетті зейнетақы жарналары бар айлардың саны;

      СОПВ– Заңның 25-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі;

      n– 60-қа тең деп қабылданатын күнтізбелік айлардың саны.

      Егер N мәні нөлге тең болса, онда СДП мөлшері Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген мөлшердегі ең төменгі жалақыға тең деп қабылданады.

      5. Алушының орташа айлық кірісін ай сайынғы зейнетақымен алмастыру коэффициенті мынадай формулаға сәйкес есептеледі:



      мұндағы:

      КЗД– алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті, %-бен;

      СДП – зейнетақы тағайындау күніне алушының орташа айлық кірісі.

      6. Алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеуді уәкілетті орган осы әдістемеге сәйкес алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеу арқылы жүзеге асырады.

      7. 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын және әдістеменің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген айлар санын есепке алу үшін міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған, бірақ 60 айдан аспайтын кезең қабылданады.

      Заңның 65-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35-бабы 2-1-тармағының ережелеріне сәйкес өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленетін отставкадағы судьялар үшін орташа айлық кірісті алмастыру коэффициенті 40 пайызға тең болып қабылданады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысына
4-қосымша

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесі

      1. Осы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері.

      3. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:

      1) осы әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген, бірақ 9 %-дан аспайтын кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі (%-да);

      2) осы әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген, бірақ 5 %-дан кем емес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі (%-да);

      3) ең төмен зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі, бірақ 5%-дан кем емес;

      4) осы әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген, бірақ 5 %-дан кем емес ең төменгі жалақы мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі (%-да);

      5) осы әдістеменің 5-тармағына сәйкес белгіленетін міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

      6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес әйелдердің толық зейнеткерлік жасы деңгейінде белгіленеді; зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың шекті жасы осы әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленеді, бірақ 82 (сексен екі) жастан төмен болмауға тиіс;

      7) ай сайынғы зейнетақы мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтындай етіп айқындалады және екі құрамдас бөліктен тұрады:

      республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген, Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен барлық адамдарға (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды және өмір бойы асырауында болатын отставкадағы судьяларды қоспағанда) кепілді түрде төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің (бұдан әрі – ең төмен мөлшердегі базалық зейнетақы) ең төмен мөлшері;

      ең төменгі жалақы мен ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақы арасындағы айырма ретінде айқындалатын зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлем (міндетті зейнетақы жарналары есебінен болашақ зейнетақы жарналарының келтірілген құнын негізге ала отырып).

      4. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеу кезінде осы әдістеменің 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген параметрлер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде осы әдістемеге қосымшаға сәйкес қабылданады.

      5. Міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі алдағы күнтізбелік жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеу жүзеге асырылатын күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік соңғы 5 (бес) жылдағы салымшылар бойынша міндетті зейнетақы жарналары жиілігінің жылдық көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні ретінде жылжымалы негізде жыл сайын айқындалады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары жиілігінің 2020 жылға дейінгі (қоса алғанда) жылдық көрсеткіштері 12-ге (он екі) тең болып қабылданады.

      6. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеу үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны және міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны пайдаланылады.

      7. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ТСПВх1– x1 жастағы алушы үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны;

      ПВ – {МЗП; МП} және МБП-ның айырмасы ретіндегі БЖЗҚ-дан төленетін бастапқы зейнетақы төлемінің мөлшерін бағалау;

      МЗП – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері;

      МП – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген зейнетақының ең төмен мөлшері;

      МБП – ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақы;

      i– жылдық пайыздық мөлшерлеме;

      j– БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

      t– 0-ден x2-x1 -ге дейінгі мәндерді қабылдайтын айнымалы мән;

      x1– зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасы;

      X2– зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың шекті жасы.

      8. Міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ТСОПВх0-х0– жасындағы салымшы үшін міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны;

      ЧОПВ– міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

      МЗП – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері;

      СОПВ – Заңның 25-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі;

      i– кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі (%-да);

      k – жалақының ең төменгі мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

      t – 0-ден x_1-x_0-1-ге дейінгі мәндерді қабылдайтын айнымалы мән;

      Хo – салымшының жасы, мұндағы Х0<Х1;

      Х1– зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер жүзеге асырылатын жас.

      9. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ПМДХ0- Х0 – жасындағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі;

      ТСПВx1–Х1 жасындағы алушы үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны;

      ТСОПВХо-Хо жасындағы салымшы үшін міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны;

      i- кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

      I – ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

      Xo – салымшының жасы, мұндағы Xo<X1 ;

      X1– зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер жүзеге асырылатын жас.

      Бұл ретте Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес X1 және одан жоғары, бірақ зейнеткерлік жасқа толмаған салымшылар үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі ПМДХ1-1 , яғни зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасынан бір жылға төмен жас шегіне теңестіріледі.

      Әдістеменің осы тармағына сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі он мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.

      10. Ең төмен жеткіліктілік шегі тиісті жастағы адамдар үшін өткен жылғы ең төмен жеткіліктілік шегі мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

  Зейнетақы жинақтарының ең
төмен жеткіліктілік
шегін айқындау
әдістемесіне қосымша

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеуге арналған параметрлердің мөлшері

      1) кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 6,5 %;

      2) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %;

      3) ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %

      4) ең төменгі жалақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі – 5 %;

      5) міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі – 12;

      6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы – тиісінше 60 және 82.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады