"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 660 қаулысы

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2021 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 660 қаулысына
қосымша

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі

Р/с
Деректерді беру үшін жауапты мемлекеттік органдар Деректері берілетін тұлғалар санаттары Мемлекеттік органдардың деректерді енгізуге, оларды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына беруге арналған ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – АЖ)
1 2 3 4

1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Балалар

"Ұлттық білім беру деректер қоры" АЖ, Жетім балалардың республикалық деректер базасы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Жеке тұлға" мемлекеттік деректер базасы

2

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар

"Еңбек нарығы" АЖ

3

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер

"Жүктi және бала туу жасындағы әйелдердің тіркелімі" АЖ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

4

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Азаматтық хал актілерін тіркеу" АЖ – үш жасқа дейінгі балалары бар ата-аналардың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бір-біріне және баланың ЖСН байланыстырылған адамдар (екі ата-анасы) туралы деректер

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жетім балалардың республикалық деректер базасы

5

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Азаматтық хал актілерін тіркеу" АЖ – үш жасқа дейінгі балалары бар ата-аналардың ЖСН бір-біріне және баланың ЖСН байланыстырылған адамдар (екі ата-анасы) туралы деректер

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жетім балалардың республикалық деректер базасы

6

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

7

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

8

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

Қазақстан Республикасы сот органдарының АЖ

9

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар

Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қоры

10

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар

Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қоры

11

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жұмыс істемейтін қандастар

"Оралман" автоматтандырылған АЖ "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

12

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ

13

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мүгедектер

"Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған АЖ

14

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар

"Ұлттық білім беру деректер қоры" АЖ

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы, "Шетелде оқып жүрген студенттерді тіркеу" сервисі

15

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер

"Орталықтандырылған дерекқор" автоматтандырылған АЖ
"Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ

16

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сонымен қатар олардың отбасы мүшелері

Көші-қон полициясының АЖ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған АЖ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады