"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 380 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әрбір шығарылымның орталық депозитарий Заңға сәйкес беретін халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) болады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоттар және орталық депозитарийдің депоненттерін номиналды ұстауды есепке алу жүйелеріндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша және (немесе) орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын және Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген, номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың есепке алу жүйелеріндегі шоттар бойынша жүзеге асырылады. Орталық депозитарий төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, оған, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, бастапқы нарықта орналастыру кезінде қайталама нарықта қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу және өтеу кезінде қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, сондай-ақ қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету (сыйақы есептеу және төлеу) кіреді.

      Агент төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, оларға бастапқы нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру кезінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бойынша есеп айырысу кіреді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор орта мерзімді индекстелген міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Жазылу жүргізілетін кезеңде агент өтінімдерді жұмыс күні қабылдайды. Агент келесі күні сағат 11.00-ге дейін қабылданған және қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық ведомосін қалыптастырып, эмитентке және бастапқы орналастыруға арналған бұйрықтарды орталық депозитарийге жібереді.

      Орталық депозитарий қабылданған бұйрықтардың негізінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті қосалқы шоттарға есепке жазады және сол күнгі сағат 12.00-ге дейін бұйрықтардың орындалуы (орындалмауы) туралы есептерді агентке жібереді.";

      109 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Сыйақы төлейтін күні сағат 16.00-ге дейін эмитент алдағы сыйақы төлеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомадағы ақшаны сыйақы төлеу күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен орталық депозитарийдің позициясына аударады.

      110. Сыйақы төлейтін күні сағат 17.00-ге дейін орталық депозитарий эмитенттен түскен ақшаны осы Ереженің 108-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес депоненттерге аударады.";

      115 және 116-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Өтеу күні сағат 16.00-ге дейін эмитент алдағы өтеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомадағы ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен орталық депозитарийдің позициясына аударады.

      116. Өтеу күні 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 114-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес ақшаны депоненттерге аударады және сонымен бір уақытта ұстаушылардың қосалқы шоттарынан өтелетін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді есептен шығарады.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады