Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 31 наурыз N 347. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.12. N 1693 қаулысымен. ~P991693

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған

ортаны қорғау министрлігі туралы ереже;
     2)
<*>

     3) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны 
қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
     ЕСКЕРТУ.1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 
             1999.08.02. N 1093 қаулысымен.  

P991093_

 
     2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны 
қорғау министрлігіне екі вице-министр болуға рұқсат етілсін.
<*>

     ЕСКЕРТУ.2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093           
             қаулысымен.  

P991093_

 
     3. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301  
              қаулысымен.  

P991301_

 

     4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған 
ортаны қорғау министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы 
ұсыныс енгізсін.
     5. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 347 қаулысымен бекітілген


           Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және
              қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы
                              Ереже

                       1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын аумақтарды, ормандарды, жануарлар және өсімдіктер дүниесін, су және жер ресурстарын қоспағанда, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомствосы болады - Геология және жер қойнауын қорғау комитетi. <*>
      ЕСКЕРТУ.1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
              қаулысымен. P991093_

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Министрліктің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе,

мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы 
бар.
     4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген 
тәртіппен республиканың барлық аумағында міндетті күші болатын бұйрықтар 
шығарады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

 
     5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының
Yкiметi бекiтедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

 
     6. Министрліктің заңды мекен-жайы:
     Көкшетау қаласы, К.Маркс көшесі, 81.
     7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының
Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" мемлекеттiк 
мекемесi.
<*>

     Министрліктің аумақтық органдары - облыстық, Астана және Алматы 
қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары болады.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

 
     8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

 
     
     9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен 
жүргізіледі.
     Министрлікке өз функцияларына жататын міндеттерін орындау 
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге тыйым 
салынады.
     Егер Министрлікке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті 
жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер 
мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.
     
             2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері
                          және құқықтары
     
     10. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды 
жүзеге асырады:


      1) қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу және мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру;
      2) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және ведомстволарды бақылауды жүзеге асыру;
      3) өзінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын, ормандарды, жануарлар және өсімдіктер дүниесін, су және жер ресурстарын қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы дамыту саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      4) қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі бойынша, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ормандар, жануарлар және өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауа, су, жер, жер қойнауы бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай жүйесіне басшылық жасау;
      5) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың, оның сапасының нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау;
      6) республикалық бағдарламалардың әкімшісі болу, сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастыру;
      7) қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың, оның ішінде республиканың минералдық-шикізат базасының жай-күйіне объективті баға берілуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Үкіметін хабарландыру;
      8) экологиялық жағдайды сақтау және жақсарту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саясатын әзірлеуге қатысу;
      9) қорық ісі жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер шығару;
      10) мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
      11) гидрометеорологиялық жағдайдың мониторингін жүзеге асыру;
      12) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын жүргізу және пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансын жүргізу;
      13) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өрістету саласында мемлекеттік зерттеу, сондай-ақ жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеудің бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
      14) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында оқу-ағарту жөніндегі ақпараттық-талдаулық жұмыстарды ұйымдастыру;
      15) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      11. Министрліктің негізгі міндеттері:
      1) қоршаған ортаның жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету;
      2) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
      3) өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру;
      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы оқу-ағарту жүйесін дамыту болып табылады.
      12. Министрлік негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асыруға;
      2) шарттар (келісім-шарттар) жасасуға, лимиттер мен квоталарды белгілеуге, ормандарды, жануарлар және өсімдіктер дүниесін, су және жер ресурстарын қоспағанда, табиғатты пайдалануға рұқсат беруге;
      3) өз құзыретінің шегінде қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтер бойынша экологиялық талаптарды, оның ішінде:
      атмосфераға, жерүсті және жерасты суларына шектеулі жол берілген қалдықтарды тастауларды қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етудің нормативтерін, жер бедерінде және жер қойнауында зиянды заттарды көмудің және қалдықтарды орналастырудың жол берілетін көлемінің нормативтерін;
      табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлемдердің нормативтерін;
      қоршаған ортаны ластағаны үшін, оның ішінде атмосфераға қалдықтарды тастаулар, жерүсті және жерасты суларына тастаулар үшін, жер бедерінде және жер қойнауында зиянды заттарды көму және қалдықтарды орналастыру үшін төлемдер нормативтерін бекітуге немесе келісуге;
      4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін олардың еңбегіне заңдарда белгіленген тәртіппен ақы төлеу арқылы сарапшыларды тартуға;
      5) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке адамдардан қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат сұрауға және алуға;
      6) өз құзыретінің шегінде табиғат қорғау талаптарын бұзушыларды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ шағым-арыз талаптарын қоюға және табиғатты қорғау заңдары талаптарының бұзылуы туралы істер бойынша сот талқылауларында мемлекеттің атынан талапкер болуға;
      7) ұйымдардың, ғимараттардың, объектілердің жұмыстарын шектеу мен

тоқтата тұру, оларды пайдалануға қосуға тыйым салу немесе экологиялық 
талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де 
қызметті шектеу немесе тоқтата тұру туралы ұйғарымдар енгізуге немесе 
бұл қызметті тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
     8) Министрлік қызметінің мәселелері бойынша халықаралық 
ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
     9) бас мемлекеттік экологиялық сарапшыларды тағайындауға;
     10) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
     
                     3. Министрліктің мүлкі
     
     13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен 
қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, 
сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен 
тұрады.
     14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке 
жатады.


      15. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

               4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары вице-министрлері болады.
      17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
      18. Осы мақсатта Министр мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) өзінің орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңдарға сәйкес Министрлік аппаратының қызметкерлерін, Министрліктің аумақтық органдарының жеке ведомстволық бағыныстылықтағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен олардың штат санының лимитi шегiнде айқындайды; <*>
      4) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне,

сондай-ақ Министрліктің аумақтық органдарының басшыларына тәртіптік жаза 
қолданады;
     5) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
     6) ведомство туралы ережеден басқа, Министрлiктiң аумақтық
органдары мен министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi 
бекiтедi.
<*>

     7) басқа да мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда 
Министрлікті білдіреді;
     8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді 
жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

 
     


      19. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi. <*>
      Министрлік жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды пайдаланудың өзекті мәселелерін қарау мақсатында ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттік экологиялық сараптама кеңесін, басқа да кеңестер мен жұмыс топтарын құрады. Кеңестер туралы ережелер мен олардың жеке құрамын Министр бекітеді.
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

              5. Министрлікті қайта құру және тарату

      20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
                                    Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 347 қаулысымен бекітілген


       Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған

       ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың
                          Тізбесі
     
     "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
     "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
     "Қазақстан Республикасының геология, экология және табиғи 
ресурстар ақпараттық-талдау орталығы мемлекеттік кәсіпорны
     "Қазгеоақпарат" РГАО республикалық геологиялық ақпарат орталығы" 
мемлекеттік мекемесі
     "Мамандандырылған гравиметрикалық кәсіпорын" мемлекеттік кәсіпорны
     Облыстық, Астана және Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 
басқармалары
     
                                    Қазақстан Республикасы                 
 
                                   Үкіметінің 1999 жылғы
                                      31 наурыздағы
                                     N 347 қаулысымен
                                        бекітілген
     
             Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
                  жойылған кейбір шешімдерінің
                          Тізбесі
     


      1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 қарашадағы N 1621 P971621_ қаулысы.
      2. "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 қарашадағы N 1622 P971622_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 465-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1784 P971784_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 55, 502-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 382 P980382_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3 және 4-тармақтары.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі N 680  

P980680_

  қаулысының 2,3 және 
4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 23, 200-құжат).
     6. "Қазмеханобр" мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіптік 
экология бірлестігін Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым 
академиясының қарауына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 1338  

P981338_

  қаулысының 2-тармағы.
     
     
     
      
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.         
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады