Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсібін қолдаудың жекелеген шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қазан N 1580

      Фосфор өнеркәсібінің Қазақстан Республикасы үшін маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып және саланы қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "ҚазСабтон" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) заңдарға сәйкес:
      1) 1-қосымшада көрсетілген ұйымдарды біріктіру;
      2) оны Қоғам сатып алған жағдайда, заңдарға сәйкес банкроттық рәсімінен өтетін 2-қосымшада көрсетілген ұйымдардың конкурстық массасын құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына енгізу жолымен, Қоғамның заңды тұлға құру туралы ұсынысы назарға алынсын.
      2. Қоғам осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шарттарда заңды тұлға құрған жағдайда:
      1)
      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп заңдарда белгіленген тәртіппен Қоғам құратын заңды тұлғаға қажетті лицензияларды және (немесе) тиісті құжаттарды беруді қамтамасыз етсін.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 1) тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
               2000.03.31. N 485 қаулысымен. P000485_
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір ай мерзімде Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                     Қазақстан Республикасы



                                     Үкіметінің 1999 жылғы

                                        21 қазандағы

                                      N 1580 қаулысына

                                          1-қосымша



 
 
           Біріктіру жолымен жаңа заңды тұлға
             құрылатын ұйымдардың тізбесі
 
      1. "Жаңатас ТБК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Жаңатас қаласы)
      2. "Қаратау ТХК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қаратау қаласы)
      3. "Минералды тыңайытқыштар зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Тараз қаласы)
      4. "Тексуна Кемиклз, Инк" компаниясы Жамбыл филиалының теміржол-көліктік кешені (Тараз қаласы)
 

                                     Қазақстан Республикасы



                                     Үкіметінің 1999 жылғы

                                         21 қазандағы

                                       N 1580 қаулысына

                                          2-қосымша




 

     Заңдарға сәйкес конкурстық массасын "ҚазСабтон"

       жабық акционерлік қоғамы сатып алуды

        ұйғарып отырған ұйымдардың тізбесі


     1. "Фосфор" акционерлік қоғамы (Шымкент қаласы)

     2. "Шымкентфосфор" жабық акционерлік қоғамы (Шымкент қаласы)

     3. "Химөнеркәсіп" акционерлік қоғамы (Тараз қаласы)

     4. "ЖЖФЗ" өндірістік кооперативі (Тараз қаласы)




   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.       









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады