Салық есептеуін жасаудың ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 608 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2079. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 493 (V032628) бұйрығымен. Бұйрық 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексінің  (Салық кодексі) 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған салық есептілгіін жасау ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң мына бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Салық есептiлiгiн жасау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306  бұйрығы  (N 1618; желтоқсан 2001 ж., "Ресми газет");
      2) "Салық кезеңi iшiнде (есептi тоқсан) алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралар жасау тiзiлiмiн жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1642  бұйрығы  (N 1721; наурыз 2002 ж., Нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенi);
      3) "Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi бойынша салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомаларының есебiн жасау Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2002 жылғы 13 наурыздағы N 359  бұйрығы  (N 1810; 2002 ж., "Нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенi");
      4) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 582  бұйрығы  (N 1924; қыркүйек 2002 ж., "Нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенi"). 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi салық комитетi (С.Қанатов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Министр

       Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің       
2002 жылғы 10 желтоқсандағы  
N 608 бұйрығымен      
бекітілген           

   Корпорациялық табыс салығы 
 бойынша декларация жасау ережесі
(100-нысан) 

   1. Жалпы ережелер 

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және резидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ Салық Кодексінің 115, 120 және 121 баптарына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдардан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен екінші дәрежелі банктерден, мемлекеттік мекемелер және Қазақстан Республикасының ұлттық Банкінен басқа,  Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың корпорациялық табыс салығын есептеу мен кірістерді мәлімдеуге арналған табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 

      2. Декларация Декларацияның өзінен (100-нысан) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашуға оған қосымшалардан (100.01-тен 100.35 нысандар бойынша) тұрады. 

      3. Декларацияны жасау кезінде: 
      1) қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 
      2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 

      4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берілмейді. 

      5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысанның тиісті торкөздері толтырылмайды. 

      6. Қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді. 

      7. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады. 

      8. Қосымша нысандардың "Жалпы ақпарат" бөлімінде тиісті қосымшаның "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштері көрсетіледі. 

      9. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде " - " белгісімен көрсетіледі. 

      10. Декларацияны беру кезінде: 
      7.Нысандарды беру кезінде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
      2) хабарламаммен тапсырыс хатмен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымның хабарламасын алады;
      3) келу тәртібімен электрондық түрде иә болмаса электрондық почта бойынша электрондық түрде Салық  Кодексінің  69-бабы 8-тармағының 3-тармақшасына сәйкес - салық төлеуші Декларацияны қабылдағаны (жеткізгені) туралы хабарламаны салық органында иә болмаса электрондық почта бойынша алады.

      11. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.       

  2. Декларацияны жасау (022.00 нысан)  

     12. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
     1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
     2) Декларация берілетін салық кезеңі; 
     3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
     4) ЭҚЖС коды (алғашқы бес белгі) олардың үлес салмағының кему тәртібімен қызметтің негізгі үш түрі бойынша көрсетіледі. Үлес салмағы он бөлшекке дөңгелектеумен проценттерде көрсетіледі (қызметтің аталған түрлерінің үлес салмағының жалпы сомасы 100 %-ке тең болуы міндетті емес екенін ескеру керек). 
      Үлес салмағын есептеу үшін N 1-ПФ нысандағы (жылдық) мемлекеттік статистика есептіліктегі 1-бөлімнің 100 жолында ("өнім") салық төлеушінің көрсеткен деректерін пайдалану керек. Үлес салмағы қызметтің әр түрі бойынша 100 жол бойынша 3-бағанының деректеріне 100 жолының тиісті бағанының деректер қатынасы ретінде айқындалады.
     Мысалы, қызметінің негізгі түрі үй-жай құрылысы болып табылатын салық төлеуші, N 1-ПФ (жылдық) есеп берудің 1-бөлімнің 100 жолында мынадай деректерді көрсетті:
____________________________________________________________________
Көрсеткіштер| Жол| Есепті | Оның ішінде қызметтің түрлері бойынша:
   атауы    |коды|жыл үшін|--------------------------------------- |
            |    |барлығы | үй-жай   |автомо.  |автомо.  |жарнама  |
            |    |        |құрылысы  |бильдерді|бильдерді|         |
            |    |        |          |бөлшектеп|жалға алу|         |
            |    |        |          |сату     |         |         |
            |    |        |_________ |_________|________ |_________|
            |    |        |   Коды   |   Коды  |   Коды  |  Коды   |
            |    |        |   45211  |  50102  |   71100 |  74400  |
____________|____|________|__________|_________|_________|_________|
     1      | 2  |    3   |    4     |    5    |    6    |   7     |
____________|____|________|__________|________ |_________|_________|
Өндірілген  |100 |250000,0|150 000,0 |50 000,0 |35 000,0 |5 000,0  |
өнім (тауар.|    |        |          |         |         |         |
лар, қызмет |    |        |          |         |         |         |
көрсетулер) |    |        |          |         |         |         |
көлемі,     |    |        |          |         |         |         |
мың теңге   |    |        |          |         |         |         |
____________|____|________|__________|________ |_________|_________|

     Онда ЭҚЖЖ бойынша мәліметтер мынадай түрде болады:
     _____________________________________________________
     |  5|  ЭҚЖЖ  А 4 5 2 1 1  В 5 0 1 0 2   С 7 1 1 0 0  |
     |Үлес салмағын                                       |
     |көрсетіңіз    0 6 0,0 %    0 2 0,0 %     0 1 4,0 %  |
     |____________________________________________________|         

      Құрылыстың үлес салмағы 150 000,0 (1-кестенің 4-бағаны) / 250 000,0 (1-кестенің 3-бағаны) х 100% ретінде есептелген. ЭҚЖЖ қалған кодтары бойынша үлес салмағы осындай жолмен есептеледі.
      Мемлекеттiк статистикалық есептiлiктi (МСЕ) N2-ШK нысаны бойынша беретiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - заңды тұлғалар ЭҚЖЖ мәлiметтерiн жоғарыда аталған әдiстер бойынша 2-ШК нысанның (жылдық) 3-бөлiмiнiң 200-207 жолдарының ("Қаржы-шаруашылық
қызметтiң қорытындылары") негiзiнде толтырады.
      N СОЦФИН нысанды МСЕ тапсыратын денсаулық сақтау (әлеуметтiк қызмет) ұйымдары және N СОЦФИН (бiлiм) МСЕ нысанын тапсыратын бiлiм беру ұйымдары ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтердi жоғарыда көрсетiлген әдiске ұқсас жолмен тиiсiнше NN СОЦФИН (денсаулық) және СОЦФИН
(бiлiм) нысанды жылдық есептiлiктiң 4 бөлiмiнiң ("Қаржы-шаруашылық қызметтiң қорытындылары") деректерiнiң негiзiнде толтырады.
      Жоғарыда көрсетiлген есептiлiк нысандарын бермейтiн банктер,сақтандыру ұйымдары, қоғамдық бiрлестiктер мен бюджеттiк ұйымдар ЭҚЖЖ мәлiметтерiнде тек негiзгi қызметi бойынша ЭҚЖЖ кодын көрсетедi;
      5) Декларацияның түрi. Бұл торкөздер  Салық кодексiнiң  69 және 71-баптарына сәйкес белгiленедi. Декларацияның түрiне қарай тиiстi торкөз белгiленедi.
      "Бастапқы" торкөзi егер Декларация салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеуден соң алғаш рет тапсырғанда белгiленедi.
      Декларация одан кейiн тапсырылғанда "кезектi" торкөзi белгiленедi;
      Бұрын тапсырылған декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенде "қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" торкөзi егер салық төлеушi  Салық кодексiнiң  31-бабы 2-тармағының 7) тармақшасымен көзделген, оның негiзiнде бұрын тапсырылған декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу талап етiлген хабарламаны алған жағдайда белгiленедi. 
      Таратқан (қайта құрған) жағдайда "тарату" торкөзi белгiленедi. Егер салық төлеушi Декларацияны  Салық кодексiнiң  136-бабы 4-тармағына сәйкес тапсырса, "бастапқы" және "тарату" деген торкөздер белгiленедi.
      Сондай-ақ  Салық кодексiнiң  114-бабымен көзделген жағдайда "ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар" торкөзi белгiленедi;
      6) валюта коды;
      7) берiлген қосымшалар. Берiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi;
      8) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi бойынша, салық кезеңiнiң жиынтығы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығының есебiн тапсырғанда (101.07 нысан), "101.07 нысан бойынша Есеп" торкөзi белгiленедi;
      9) резидент емес тапсырғанда "Резидент емес" торкөзi белгiленедi;
      10) жер қойнауын пайдаланушылар белгiлейдi. Декларация:
      10A - жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттың шегiнен шығатын қызмет бойынша;
      10B - жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттың шегiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша толтырылған қызмет белгiсi көрсетiледi; 
      11) жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттың шегiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша Декларация толтырылғанда жер қойнауын пайдаланушы жасаған келiсiм-шарттың нөмiрi мен күнi белгiленедi.

      13. Салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кiрiсiне Салық кодексiнiң  80,   184 -баптарына сәйкес айқындалатын салық төлеушi  кiрiстерiнiң барлық түрлерi енгізіледі.

      14. "Жылдық жиынтық кiрiс" бөлiмiнде:
      1) 100.00.001 жолына 100.01.001C жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      2) 100.00.002 жолына 100.02.012 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      3) 100.00.003 жолына  Салық кодексiнiң  83-бабына сәйкес мiндеттемелердi есептен шығару нәтижесiнде алынған кiрiстер сомасы көрсетiледi. Осы жол бойынша тарату декларациясын жасау кезiнде заңды тұлғаны тарату кезiнде кредиторлық берешектi есептен шығарудан алынған кiрiс көрсетiледi;
      4) 100.00.004 жолына 100.03.003 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      5) 100.00.005 жолына 100.04.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      6) 100.00.006 жолында  Салық кодексiнiң  86-бабына сәйкес берешек талабына жол беруден салық төлеушi алған және алуға жататын кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      7) 100.00.007 жолында  Салық кодексiнiң  80-бабының 2-тармағындағы 8) тармақшаға сәйкес кәсiпкерлiк қызметiн шектеу немесе тоқтатуға келiсiм үшiн салық төлеушi алған және алуға жататын кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      8) 100.00.008 жолына 100.22.006 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      9) 100.00.009 жолын жер қойнауын пайдаланушылар толтырады. Осы жолға 100.05.001D немесе 100.05.002C жолдарында көрсетiлген сома көшiрiледi.
      10) 100.00.010 жолында Салық кодексінің 80-бабының 2-тармағындағы 11) тармақшаға сәйкес жалпы үлестік меншіктен кірісті бөлу кезінде алынатын кірістер сомасы көрсетіледі; 
      11) 100.00.011 жолында Салық кодексінің 80-бабындағы 2-тармақтың 12) тармақшасына сәйкес егер, бұл сомалар бұрын шегерімге жатқызылмаса, бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдар, бюджеттен қайтарылғандардан басқа сот тағайындаған немесе борышкер деп танылған айыппұлдар, өсімдер мен санкциялардың басқа да түрлерінің сомасы көрсетіледі; 
      12) 100.00.012 жолында  Салық кодексінің  89-бабына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерінде бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар сомасы көрсетіледі; 
      13) 100.00.013 жолына 100.06.004 жолында көрсетілген сома көшіріледі. 
      Табиғи және техногедік сипаттағы төтенше жағдайлар туындау жағдайында ізгілік көмек түрінде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған, сондай-ақ мүлік құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алынған негізгі қаражат құны 100.00.022Е және 100.00.022F жолдары бойынша жылдық жиынтық кірістен алып тастауға жатады; 
      14) 100.00.014 жолына 100.07.003 жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      15) 100.00.015 жолына 100.08.005 жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      16) 100.00.016 жолына 100.09.001С жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      17) 100.00.017 жолында  Салық кодексінің  80-бабының 2-тармағындағы 18) тармақшаға сәйкес ұтыстардың жалпы сомасы көрсетіледі; 
      18) 100.00.018 жолында Салық кодексінің 80-бабының 2-тармағындағы 19) тармақшаға сәйкес роялти түріндегі салық төлеуші алған кіріс көрсетіледі; 
      19) 100.00.019 жолында Салық кодексінің 80-бабының 2-тармағындағы 20) тармақшаға сәйкес әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған шығыстардан кірістердің асу сомасы көрсетіледі; 
      20) 100.00.020 жолында 100.00.001 - 100.00.019 жолдарында көрсетілмеген, Салық кодексінің 80-бабына сәйкес жылдық жиынтық кіріске енгізілетін салық төлеушінің кірісі көрсетіледі;
      21) 100.00.021 жолында 100.00.001 - 100.00.020 жолдарының сомасын қосумен айқындалатын жылдық жиынтық кірістің жалпы сомасы көрсетіледі.

      15. "Жылдық жиынтық кірісті түзету" бөлімінде:
      1) 100.00.022 жолында  Салық кодексінің  91-бабына сәйкес жылдық жиынтық кірісті түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі, ол 100.00.022А - 100.00.022Н жолдарының сомасын қосумен айқындалады;
      2) 100.00.023 жолында 100.00.021 және 100.00.022 жолдарының сомасының айырмасы ретінде айқындалатын түзету есебімен жылдық жиынтық кірістің сомасы көрсетіледі.

      16. "Шегерімдер" бөлімінде:
      1) 100.00.024 жолына 100.12.010 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      2) 100.00.025 жолына 100.13.008 жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      3) 100.00.026 жолына 100.14.001С жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      4) 100.00.027 жолына 100.15.001В жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      5) 100.00.028 жолын жер қойнауын пайдаланушы толтырады. Осы жолға 100.05.003 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      6) 100.00.029 жолына 100.16.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      7) 100.00.030 жолына 100.17.001С жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      8) 100.00.031 жолына 100.18.006 жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      9) 100.00.032 жолын жер қойнауын пайдаланушы толтырады. Осы жолға 100.19.016 және 100.19.019 жолдарын қосумен айқындалатын сома көшіріледі;
      10) 100.00.033 жолына 100.20.001H жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      11) 100.00.034 жолында  Салық кодексінің  103-бабына сәйкес есептелген шектерде бюджетке төленген салықтардың сомасы көрсетіледі;
      12) 100.00.035 жолына 100.21.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      13) 100.00.036 жолында 100.00.036А - 100.00.036G жолдарының сомасын қосумен айқындалатын тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың, жөндеуге шығыстар мен басқа да шегерімдердің жалпы сомасы көрсетіледі;
      14) 100.00.036А жолына 100.22.004Е жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      15) 100.00.036В жолына 100.22.005Е жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      16) 100.00.036С жолына 100.23.001В жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      17) 100.00.036D жолына 100.22.004I және 100.22.005G жолдарында көрсетілген сомалар көшіріледі;
      18) 100.00.036Е жолына 100.22.004Н және 100.22.005F жолдарында көрсетілген сомалар көшіріледі;
      19) 100.00.036F жолына 100.24.001В жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      20) 100.00.036G жолына 100.22.004F және 100.00.036Е жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;
      21) 100.00.037 жолында 100.00.024 - 100.00.036 жолдарының сомасын қосумен айқындалатын шегірімдердің жалпы сомасы көрсетіледі. 

      17. "Салық салынатын кіріс есебі" бөлімінде: 
      1) 100.00.038 жолында 100.00.023 және 100.00.037 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс (залал) сомасы көрсетіледі; 
      2) 100.00.039 жолына 100.26.005 жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      3) 100.00.040 жолында 100.00.038 және 100.00.039 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс (залал) сомасы көрсетіледі; 
      4) 100.00.041 жолында  Салық кодексінің  124-бабының 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес көшіруге жатпайтын,  Салық кодексінің  110-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдарды шегерімге жатқызу нәтижесінде салық төлеуші алған залал сомасы көрсетіледі. Бұл ретте, егер 100.00.036С жолы бойынша сома 100.00.038 жолының сомасынан астам немесе тең болса, онда 100.00.041 жолында 100.00.038 жолында көрсетілген сома көрсетіледі. Егер 100.00.036С жолы бойынша сома 100.00.038 жолы бойынша сомадан аз болса, 100.00.041 жолына 100.00.036С жолының сомасы көшіріледі; 
      5) 100.00.042 жолында кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылатын (100.00.040 - 100.00.041 + 100.02.002) үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды сату кезінде алынған залал сомасынан қалыптасқан және көшіруге жатпайтын залал сомасына азайтылған есепті салық кезеңінің нәтижелері бойынша алынған залал сомасы ретінде айқындалған көшіруге жататын залал сомасы көрсетіледі; 
      6) 100.00.043 жолында 100.00.040 х 2 % + (100.00.043D - 100.00.043G) - 100.00.043Н) сомаларының шамасында Салық кодексінің 122-бабына сәйкес (100.00.043А - 100.00.043С сома) салық салынатын кірістен (кіріске) алынып тастайтын (енгізілетін) шығыстардың (кірістердің) жалпы сомасы көрсетіледі; 
      7) 100.00.043А жолында  Салық кодексінің  122-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес әлеуметтік сала объектілерін ұстап тұруға нақты шеккен шығыстар сомасы көрсетіледі; 
      8) 100.00.043В жолында Салық кодексінің 122-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға тегін берілген мүлік сомасы көрсетіледі; 
      9) 100.00.043С жолында Салық кодексінің 122-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға берілетін адрестік әлеуметтік көмек көрсетіледі; 
      10) 100.00.043D жолын мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілер толтырады. Бұл жолда Салық кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілген шығыстар сомасы көрсетіледі; 
      11) 100.00.043Е жолында Салық кодексінің 122-бабының 3-тармағына сәйкес негізгі қаражаттардың қаржы лизингі бойынша алынған сыйақы сомасы көрсетіледі; 
      12) 100.00.043F жолында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  2-бабындағы 1-тармаққа сәйкес орташа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялық кредиттер бойынша, ипотекалық кредиттер бойынша және тұрғын үй-жайлардың лизингі бойынша сыйақылар жөніндегі кіріс сомасы көрсетіледі; 
      13) 100.00.043G жолында  Салық кодексінің  122-бабының 4-тармағына сәйкес кіріс сомасы көрсетіледі; 
      14) 100.00.043Н жолында Салық кодексінің 122-бабының 5-тармағына сәйкес пайдаланудың үш жылдық кезеңінің аяқталуына дейін тіркелген активтерді сату кезінде  Салық кодексінің  110-бабының 2-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдар сомасы көрсетіледі. 
      Егер 100.00.043А - 100.00.043С жолдарында көрсетілген шығыстардың нақты сомасы салық салынатын кірістен екі процентінен кемінің сомасын құраса (100.00.040), онда салық салынатын кірістен алып тастауға жүргізілген шығыстардың нақты сомасы жатады. Егер сома салық салынатын кірістен екі проценттен астам құраған жағдайда, онда салық салынатын кірістің екі проценттері мөлшерінде айқындалған сома алып тастауға жатады. 
      15) 100.00.044 жолында  Салық кодексінің  123-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған және  Салық кодексінің  124-бабына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерінен көшірілген залал сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 100.27.001 жолында айқындалған залал сомасы көшіріледі; 
      16) 100.00.045 жолында 100.00.040, 100.00.043 және 100.00.044 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын шеккен залалдар мен түзетулерді ескеріп салық салынатын кіріс көрсетіледі. Егер 100.00.044 жолында көрсетілген сома бұрынғы екі жолдың айырмасынан үлкен болса, онда осы жолдың шамасы теріс болады. Алынған сома 100.29.001 жолына көшіріледі. 

      18. "Салық міндеттемесінің есебі" бөлімінде: 
      1) 100.00.046 жолында 100.29.002 жолында айқындалған есептелген салық сомасы көрсетіледі; 
      2) 100.00.047 жолында 100.29.004 жолында айқындалған таза кіріске салық сомасы көрсетіледі; 
      3) 100.00.048 жолында 100.29.005 жолында айқындалған есепті салық кезеңі үшін салық төлеуші жүргізген есептің сомасы көрсетіледі; 
      4) 100.00.049 жолында 100.29.006 жолында айқындалған есепті салық кезеңі үшін төленген аванстық төлемдердің сомасы көрсетіледі; 
      5) 100.00.050 жолында 100.29.007 жолында айқындалған есепті салық кезеңі үшін салық төлеуші жүргізген шегерімдер сомасы көрсетіледі;
     6) 100.00.051 жолында 100.29.008 жолында айқындалған төлеуге жататын салық сомасы көрсетіледі; 
     7) 100.00.052 жолында 100.29.009 жолында айқындалған шегеруге (қайтаруға) жататын артық төленген салық сомасы көрсетіледі. 
     100.00.050 жолын толтыру кезінде сома салық органы мен салық төлеуші куәландырған салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жағдайы туралы салыстыра тексеру актісінің негізінде көрсетіледі. 

           3. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)     
             сатудан кірістер - 100.01 нысанын жасау

      19. Бұл нысан  Салық кодексінің  81-бабына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатудан кірісті айқындауға арналған.

      20. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      21. "Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату" бөлімінде:
      100.01.001 жолы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатудан кірістің жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады. 

      22. 100.01.001С жолының шамасы 100.00.001 жолына көшіріледі. 
      23. 100.01.001 жолына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес салық төлеуші жүзеге асыратын қызметтің түрлері көрсетіледі. Бұл ретте, салық төлеуші қызметтің жүзеге асырылатын түрлері бойынша әр парақ бойынша тиісті топты (класс) көрсетеді; 
      3) С бағанында есепті салық кезеңінің ішінде сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, берілген қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі; 
      4) D бағанында  Салық кодексінің  81-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілген түзету сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің 81-бабының 2-тармағындағы 4) тармақшаға сәйкес, егер шарт жағдайларымен сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төлем шетел валютасындағы белгілі сомаға тең сомадан теңгеде жүргізілсе, оларды төлеу кезінде сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны түзетуге жатады; 
      5) Е бағанында аталған өзгерістер болған сол салық кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізілетін, жүргізілген түзетуден кейін сатылған тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулердің) құны көрсетіледі. С және D бағандарының сомасы (айырмасы) ретінде айқындалады. Түзету болмаған жағдайда Е бағанына С бағанында көрсетілген деректер көшіріледі. 
      100.01.001 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 100.01.001 жолына, D бағаны - 100.01.001В жолына, Е бағаны 100.01.001С жолына көшіріледі. 

  4. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ
амортизацияға жатпайтын активтерді сату кезінде құн өсуінен кіріс - 100.02 нысанын жасау

      24. Бұл нысан  Салық кодексінің  82-бабына сәйкес үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтерді сату кезінде құн өсуінен кірісті айқындауға арналған.

      25. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      26. "Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сату" бөлімінде:
      1) 100.02.001 жолында үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан кірістің жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады; 
      2) 100.02.002 жолы кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылатын үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады; 
      3) 100.02.003 жолы кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылмайтын үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады. 

      27. "Амортизацияға жатпайтын активтерді сату" бөлімінде: 
      100.02.004 жолы үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар мен бағалы қағаздардан басқа  Салық кодексінің  82-бабының 1-тармағында көрсетілген амортизацияға жатпайтын активтерді сату кезінде құн өсуінен кірістің жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады. 

      28. "Бағалы қағаздарды сату" бөлімінде: 
      1) 100.02.005 жолы "А" және "В" қор биржасының ресми тізімінде орналасқан акцияларды сатудан кірістің (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады; 
      2) 100.02.006 жолы берешек бағалы қағаздардан басқа, өзге бағалы қағаздарды сатудан кірістің (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады; 
      3) 100.02.007 жолы "А" және "В" қор биржасының ресми тізімінде орналасқан облигацияларды сатудан кірістің (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады; 
      4) 100.02.008 жолы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатудан кірістің (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады; 
      5) 100.02.009 жолы басқа берешек бағалы қағаздарды сатудан кірістің (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады; 
      6) 100.02.010 жолы  Салық кодексінің  124-бабының 2-тармағына сәйкес бұрынғы салық кезеңінен көшірілген "А" және "В" қор биржасының ресми тізімінде орналасқан акциялар мен облигациялардан басқа, бағалы қағаздарды сатудан залал сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады; 
      7) 100.02.011 жолы 100.02.010 жолының сомасына азайтылған 100.02.006, 100.02.008, 100.02.009 жолдарының сомасы мен (немесе) әртүрлілігі ретінде айқындалатын шеккен залалдар сомасын ескеріп "А" және "В" қор биржасының ресми тізімінде орналасқан акциялар мен облигациялардан басқа, бағалы қағаздарды сатудан кірістің (залалдың) сомасын көрсетуге арналған. 

      29. "Барлығы" бөлімінде: 
      100.02.012 жолында үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар сату кезінде қосылған құн өсуінен кірістің жалпы сомасы, сондай-ақ 100.02.001, 100.02.004, 100.02.005, 100.02.007, 100.02.008 және 100.02.011 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын (осы жолдар бойынша кірісті алу кезінде) бағалы қағаздарды қоса амортизацияға жататын активтер көрсетіледі. 

      30. 100.02.002 жолында айқындалған, кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан салық төлеушінің залал алуы кезінде осы залал  Салық кодексінің  124-бабының 1-тармағына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерінің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін үш жылды қоса алғанда мерзімге көшіріледі. Аталған сома 100.00.042 жолының сомасын айқындау кезінде есептелмейді. 
      100.02.003 жолында айқындалған, кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылмайтын үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан залалды алу жағдайында осы залал салық салу мақсатында есептелмейді. 
      100.02.005 және 100.02.007 жолдарында кірісті алу кезінде осы сомалар  Салық кодексінің  91-бабының 1-тармағындағы 3-тармақшаға сәйкес 100.00.022С жолына көшіріледі. 
      100.02.008 жолында кірісті алу кезінде осы сома 100.00.022D жолына көшіріледі. 
      Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сату кезінде алынуға жататын (алынған) құн өсуінен кіріс, сондай-ақ 100.02.012 жолында айқындалған бағалы қағаздарды қоса амортизацияға жатпайтын активтер 100.00.002 жолына көшіріледі. 

      31. 100.02.001, 100.02.002, 100.02.003 жолдарына қосымша нысандар: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында сатылған үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың атауы көрсетіледі; 
      3) кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылатын үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сату кезінде С бағанында бұрынғы салық кезеңінің 100.22.001 және 100.22.002 жолдарына қосымша нысанның Р бағанындағы тиісті жолдарда айқындалған  Салық кодексінің  82-бабының 3-тармағына сәйкес үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың қалдық құны көрсетіледі. Кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылмайтын үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды сату кезінде осы бағанда аталған баптың 2-тармағына сәйкес сатылған объектінің теңгермелік құны көрсетіледі. 
      Егер объект есепті салық кезеңінің ішінде сатып алынған және сатылған жағдайда, онда С бағанында кәсіпкерлік қызметінде оны пайдалануға қарамастан объектінің алғашқы құны көрсетіледі; 
      4) D бағанында аталған объектілерді сату құны көрсетіледі; 
      5) Е бағанында D және С бағандары бойынша сома айырмасы ретінде айқындалатын оларды сатудан кіріс (залал) көрсетіледі. 
      100.02.001 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.02.001 жолына, 100.02.002 жолына қосымша нысан Е бағаны 100.02.002 жолына, 100.02.003 жолына қосымша нысан Е бағаны 100.02.003 жолына көшіріледі. 

      32. 100.02.004 жолына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар мен бағалы қағаздардан басқа  Салық кодексінің  82-бабының 1-тармағында көрсетілген амортизацияға жатпайтын сатылған активтердің атауы көрсетіледі; 
      3) С бағанында аталған баптың 2-тармағына сәйкес объектілердің теңгермелік құны көрсетіледі; 
      4) D бағанында объектілерді сату құны көрсетіледі; 
      5) Е бағанында D және С бағандарында көрсетілген сомалардың айырмасы ретінде айқындалатын оларды сатудан кіріс (залал) көрсетіледі. 
      Осы объектілерді сатудан алынған залалдар Е бағанының жиынтық сомасын айқындау кезінде салық салу мақсатында есептелмейді. 
      100.02.004 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.02.004 жолына көшіріледі. 

      33. 100.02.005, 100.02.006 жолдарына қосымша нысандар: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында берешек бағалы қағаздардан басқа, сатылған бағалы қағаздардың атауы көрсетіледі; 
      3) С бағанында бағалы қағаздарды сатып алу құны көрсетіледі; 
      4) D бағанында бағалы қағаздарды сату құны көрсетіледі; 
      5) Е бағанында D және С бағандары бойынша сомалар айырмасы ретінде айқындалатын бағалы қағаздарды сатудан кіріс (залал) көрсетіледі. 
      100.02.005 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.02.005 жолына, 100.02.006 жолына - 100.02.006 жолына қосымша нысан Е бағаны көшіріледі. 

      34. 100.02.007, 100.02.008, 100.02.009 жолдарына қосымша нысандар: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында сатылған берешек бағалы қағаздардың атауы көрсетіледі; 
      3) С бағанында берешек бағалы қағаздардың құны көрсетіледі; 
      4) D бағанында берешек бағалы қағаздардың айналым мерзімі (күні) көрсетіледі; 
      5) Е бағанында берешек бағалы қағаздардың номиналдық құны көрсетіледі; 
      6) F бағанында купон сомасын енгізетін құн бойынша сатып алынған берешек бағалы қағаздардан басқа берешек бағалы қағаздарды сатып алу құны көрсетіледі. Купон сомасын енгізетін құн бойынша сатып алынған берешек бағалы қағаздар сатушыға сатып алушы төлеген купон шамасына кемітілген сатып алу құны бойынша көрсетіледі; 
      7) G бағанында берешек бағалы қағаздарды сатып алу күні көрсетіледі; 
      8) Н бағанында Е және F бағандары бойынша сомалар айырмасы ретінде айқындалатын дисконт немесе сыйақы сомасы көрсетіледі; 
      9) І бағанында олар бойынша сыйақы төлеу күніне дейін сату кезінде сатып алушыдан алынған купон есебінсіз берешек бағалы қағаздарды сату құны көрсетіледі. Осы бағанда көрсетілген купон сомасы 100.08.002 жолына қосымша нысан G бағанының тиісті жолдарында көрсетіледі; 
      10) J бағанында берешек бағалы қағаздарды сату күні көрсетіледі; 
      11) К бағанында берешек бағалы қағазды иелену кезеңі үшін дисконт немесе сыйақы амортизациясының сомасы көрсетіледі, ол былай есептеледі: 
      К = (Н/D) х (J-G), онда 
      (J-G) - күндегі берешек бағалы қағазды иелену кезеңі; 
      12) L бағанында L=(I+(F+-К)) формуласы бойынша айқындалатын берешек бағалы қағазды сатудан кіріс (залал) көрсетіледі. 
      100.02.007 жолына қосымша нысан L бағанының жиынтық шамасы 100.02.007 жолына, 100.02.008 жолына қосымша нысан L бағаны 100.02.008 жолына, 100.02.009 жолына қосымша нысан L бағаны 100.02.009 жолына көшіріледі. 

      35. 100.02.010 жолына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында залалдар туындаған және осы жол толтырылған салық кезеңі көрсетіледі; 
      3) С бағанында бұрынғы салық кезеңі үшін Е бағанында айқындалатын бұрынғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар сомасы көрсетіледі; 
      4) D бағанында есепті салық кезеңінде алынған кіріс (көшіруге жататын залал) көрсетіледі. Осы бағанға 100.02.006, 100.02.008, 100.02.009 жолдарының сомасы көшіріледі; 
      5) Е бағанында одан кейінгі салық кезеңдеріне көшірілетін залал көрсетіледі. D және С бағандары сомасының айырмасы ретінде айқындалады. Осы сома  Салық кодексінің  124-бабының 2-тармағымен белгіленген залалдарды көшіру үшін мерзім аяқталуына дейін келесі салық кезеңінің С бағанына көшіріледі;
      6) F бағанында Салық кодексінің 124-бабының 2-тармағына сәйкес көшіру мерзімінің аяқталуымен байланысты одан кейінгі салық кезеңдеріне көшіруге жатпайтын залал көрсетіледі.
      100.02.010 жолына қосымша нысанның тиісті салық кезеңі үшін С бағанының шамасы 100.02.010 жолына көшіріледі. 

  5. Күмәнді міндеттемелер бойынша кірістер - 100.03
 нысанын жасау

      36. Бұл нысан  Салық кодексінің  84-бабына сәйкес күмәнді міндеттемелер бойынша кірістерді айқындауға арналған. 

      37. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      38. "Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша күмәнді міндеттемелер" бөлімінде: 
      100.03.01 жолы кіріске енгізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша күмәнді міндеттемелер сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады.     

      39. "Қызметкерлердің кірістері бойынша күмәнді міндеттемелер"
бөлімінде: 
      100.03.002 жолы кіріске енгізілетін қызметкерлердің күмәнді міндеттемелерінің сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады.  

      40. "Күмәнді міндеттемелердің барлығы" бөлімінде:
      100.03.003 жолы салық төлеуші күмәнді деп таныған кредиторлық берешектің жалпы сомасын көрсетуге арналған және 100.03.001 және 100.03.002 жолдарының сомасы ретінде айқындалады.     

      41. 100.03.003 жолының шамасы 100.00.004 жолына көшіріледі.
      42. 100.03.01 жолына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында кредитор - заңды тұлғаның (тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізуші) толық атауы көрсетіледі; 
      3) С бағанында В бағанында көрсетілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі; 
      4) D бағанында сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша кредитор - жеткізуші құжатының (шот-фактуралар, орындалған жұмыстар мен басқаларының актісі) нөмірі мен күні көрсетіледі; 
      5) Е бағанында күмәнді деп танылған міндеттемелер бойынша тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету күні көрсетіледі; 
      6) F бағанында қосылған құн салығының сомасын ескеріп кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі; 
      7) G бағанында кредиторлық берешектің туындау сәтіне қолданылатын қосылған құн салығының ставкасы көрсетіледі; 
      8) Н бағанында G бағанында көрсетілген ставканы ескере отырып есептелген қосылған құн салығының сомасының алуы үшін кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі; 
      9) І бағанында  Салық кодексінің  84-бабына сәйкес есепті салық кезеңі үшін жылдық жиынтық кіріске енгізуге жататын және күмәнді болып табылатын кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі. 
      100.03.001 жолына қосымша нысан F бағанының жиынтық шамасы 100.03.001А жолына, Н бағаны - 100.03.001В жолына, І бағаны - 100.03.001С жолына көшіріледі.

      43. 100.03.002 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында  Салық кодексінің  149-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған қызметкерлердің кірісі көрсетіледі;
      3) С бағанында В бағанында көрсетілген қызметкерлердің есептелген кірісінің сомасы көрсетіледі;
      4) D бағанында С бағанында көрсетілген қызметкерлердің есептелген кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;
      5) Е бағанында қызметкерлерге кірісті есептеу күні көрсетіледі;
      6) F бағанында қызметкерге төленген кіріс сомасы көрсетіледі;
      7) G бағанында міндетті зейнетақы қорларына аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;
      8) Н бағанында қызметкерге кірісті төлеу күні көрсетіледі;
      9) І бағанында міндетті зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу күні көрсетіледі;
      10) J бағанында салық төлеуші күмәнді деп таныған және 
қызметкерлердің кірістері бойынша кредиторлық берешектің сомасы 
көрсетіледі;
      11) К бағанында салық төлеуші күмәнді деп таныған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі.
      100.03.002 жолына қосымша нысан J бағанының жиынтық шамасы 100.03.002А жолына, К бағаны - 100.03.002В жолына көшіріледі.

  6. Мүлікті жалға беруден кірістер - 100.04 нысанын жасау 

      44. Осы нысан  Салық кодексінің  80-бабындағы 2-тармақтың 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де мүлікті жалға беруден кірістерді айқындауға арналған. 

      45. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.      

      46. "Мүлікті жалға беру" бөлімінде:
      100.04.01 жолы мүлікті жалға беруден кірістердің жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады.

      47. 100.04.001 жолының шамасы 100.00.005 жолына көшіріледі.
      48. 100.04.01 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында жалға беруші жалға берген мүлік түрі көрсетіледі;
      3) С бағанында осы Ереженің 225-тармағына сәйкес жалға алушы - салық төлеушінің тіркеу нөмірі/резиденттік ету елінің коды  көрсетіледі;
      4) D бағанында жалға алу шартын жасаудың нөмірі мен күні көрсетіледі;
      5) Е бағанында есепті салық кезеңі үшін жалға алу шартына сәйкес жалға беруші алуға жататын (алған) жалға алу төлемінің сомасы көрсетіледі.
      Егер салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан мүлік үшін (тысқары орналасып жалға берілген) жалға алу төлемін алса (алуға жатса), онда Е бағанында салық сомасын қоса жалға алу төлемінің есептелген сомасы көрсетіледі. 
      100.04.001 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.04.001 жолына көшіріледі. 

  7. Кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар 
- 100.05 нысанын жасау 

      49. Бұл нысан  Салық кодексінің  88-бабына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарларын жою жөніндегі нақты шығыстардың сомасынан кен орнын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының асуынан кірістерді, сондай-ақ  Салық кодексінің  97-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасын айқындауға арналған. 

      50. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      51. "Кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударым" бөлімінде: 
      100.05.001 жолы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бағдарламасының (бұдан әрі - бағдарлама) іс-әрекет етудің барлық кезеңі үшін кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      52. "Кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша шығыстар" бөлімінде: 
      100.05.002 жолы есепті кезең үшін кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша шығыстарды көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      53. "Шегерімге жатқызылатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар" бөлімінде:
      100.05.003 жолы шегерімге жатқызылатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдарды көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      54. 100.05.001D немесе 100.05.002С жолдарының шамасы 100.00.009 жолына көшіріледі. 
      100.05.003 жолының шамасы 100.00.028 жолына көшіріледі.

      55. 100.05.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында оған сәйкес кен орнын әзірлеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға келісім-шартты жасау нөмірі мен күні көрсетіледі; 
      3) С бағанына В бағанында көрсетілген келісім-шарттың қызмет ету мерзімі көрсетіледі; 
      4) D бағанында бағдарламаның қызмет ету мерзіміне белгіленген кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасы көрсетіледі; 
      5) Е бағанында  Салық кодексінің  97-бабының 1-тармағына сәйкес бағдарламаның қызмет ету кезеңі үшін кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасы көрсетіледі; 
      6) F бағанына бағдарламаның кезеңі үшін кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстардың сомасы көрсетіледі; 
      7) G бағанында бағдарламаның кезеңі үшін (Е-F) кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстардың жалпы сомасынан бағдарламаның кезеңі үшін шегерімге жатқызылған кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдардың асуы нәтижесінде құралған оң айырма түрінде алынған кіріс көрсетіледі. 
      100.05.001 жолына қосымша нысан D бағанының жиынтық шамасы 100.05.001А жолына, Е бағаны - 100.05.001В жолына, F бағаны - 100.05.001С жолына, G бағаны - 100.05.001D жолына көшіріледі. 

      56. 100.05.002 жолына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында оған сәйкес кен орнын әзірлеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасаудың нөмірі мен күні көрсетіледі; 
      3) С бағанына В бағанында көрсетілген келісім-шарттың қызмет ету мерзімі көрсетіледі; 
      4) D бағанында есепті салық кезеңі үшін бағдарлама шегіндегі кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі; 
      5) Е бағанында есепті салық кезеңі үшін кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша шығыстардың нақты сомасы көрсетіледі; 
      6) F бағанына есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылған кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасы көрсетіледі; 
      Егер жер қойнауын пайдаланушы бағдарламада көзделген кезеңде кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша жұмыстарды жүргізбесе, онда осы бағанда көрсетілген сома 100.00.009 жолына көшіріледі. 
      100.05.002 жолына қосымша нысан D бағанының жиынтық шамасы 100.05.002А жолына, Е бағаны - 100.05.002В жолына, F бағаны - 100.05.002С жолына көшіріледі. 

      57. 100.05.003 жолына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында оған сәйкес кен орнын әзірлеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасаудың нөмірі мен күні көрсетіледі; 
      3) С бағанына В бағанында көрсетілген келісім-шарттың қызмет ету мерзімі көрсетіледі; 
      4) D бағанында есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылуы тиіс жер қойнауын пайдалануға келісім-шартқа сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасы көрсетіледі. 
      100.05.003 жолына қосымша нысан D бағанының жиынтық шамасы 100.05.003 жолына көшіріледі. 

  8. Тегін алынған мүлік (жұмыстар, қызмет көрсетулер)
 - 100.06 нысанын жасау  

      58. Бұл нысан  Салық кодексінің  90-бабына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктен басқа, салық төлеуші тегін алған мүлік, жұмыстар мен қызмет көрсетулер түріндегі кірісті және мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған субсидияларды айқындауға арналған. 
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда алынған ізгілік көмек түріндегі және бағыты бойынша пайдаланған мүліктің құны, мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан  Салық кодексінің  91-бабының 1-тармағының 5, 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде алынған негізгі құралдары 100.00.022Е және 100.00.022F жолдары бойынша жиынтық жылдық кірістен шығарылуға жатады. 

      59. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде мынадай деректерді көрсетеді: 
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі; 
      2) Декларация берілетін салық кезеңі. 

      60. "Мүлік" бөлімінде: 
      1) 100.06.01 жолы есепті салық кезеңінің ішінде салық төлеуші Салық кодексінің 91-бабының 1-тармағының 5, 6) тармақшаларына сәйкес алынған мүліктерден басқа, сондай-ақ жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлік және мемлекет бюджет қаражаттарынан алынған субсидиялардан басқа, тегін алынған мүліктің (жұмыс, қызмет) құнын көрсетуге арналған және осы қосымша нысан негізінде толтырылады; 
      2) 100.06.002 жолы есепті салық кезеңінде салық төлеуші Салық кодексінің 91-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес тегін алған мүліктің құнын көрсетуге арналған және қосымша нысан негізінде толтырылады; 
      3) 100.06.003 жолы есепті салық кезеңінде салық төлеуші Салық кодексінің 91-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес тегін алған мүліктің құнын көрсетуге арналған және қосымша нысан негізінде толтырылады; 
      4) 100.06.004 жолы есепті салық кезеңінде салық төлеуші тегін алған мүліктің (жұмыс, қызмет) жалпы құнын көрсетуге арналған. 100.06.001-ден 100.06.003 жолдарының сомасы ретінде айқындалады. 

      61. 100.06.004 жолының шамасы 100.00.013 жолына көшіріледі. 
      100.06.002 жолының шамасы 100.00.022Е жолына көшіріледі. 
      100.06.003 жолының шамасы 100.00.22F жолына көшіріледі. 

      62. 100.00.001, 100.00.002, 100.00.003 жолдарына қосымша нысандар: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) осы Ереженің 225-тармағына сәйкес жалға алушы - салық төлеушінің тіркеу нөмірі/резиденттік ету елінің коды көрсетіледі; 
      3) С бағанында тегін алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер атауы көрсетіледі;
      4) D бағанында С бағанында көрсетілген мүлік алынған, жұмыс 
орындалған, қызмет көрсетілген құжат нөмірі мен күні көрсетіледі;
      5) Е бағанында тегін алынған мүлік, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер құны көрсетіледі.
      100.06.001 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.06.001 жолына, 100.06.002 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.06.002 жолына, 100.06.003 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.06.003 жолына көшіріледі. 

  9. Дивидендтер - 100.07 нысанын жасау 

      63. Бұл нысан  Салық кодексінің  80-бабындағы 2-тармақтың 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де салық төлеуші алған дивидендтер түріндегі кірісті айқындауға арналған. 
      Оларды төлеу нысанына қарамастан  Салық кодексінің  10-бабындағы 1-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес айқындалатын кіріс дивидендтер болып табылады.

      64. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      65. "Дивидендтер" бөлімінде:
      1) 100.07.01 жолы Қазақстан Республикасының аумағында алынған дивидендтердің сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады;
      2) 100.07.02 жолы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс алынған дивидендтердің сомасын көрсетуге арналған. Осы жолға 100.28.001А жолында көрсетілген сома көшіріледі;
      3) 100.07.03 жолы 100.07.001 және 100.07.002 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, салық төлеуші алған дивидендтердің жиынтық сомасын көрсетуге арналған.

      66. 100.07.003 жолының шамасы 100.00.014 жолына көшіріледі.
      67. 100.07.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында дивидендтер алынған заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
      3) С бағанында дивидендтерді төлеген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
      4) D бағанында дивидендтерді төлеу көзінен корпорациялық табыс салығын ұстап қалу туралы растаушы құжатты беру нөмірі мен күні көрсетіледі. Растаушы құжатты дивидендтерді төлеген заңды тұлға береді;
      5) Е бағанында растаушы құжаттар болған кезде, ұстап қалынған салық сомасынан басқа, дивидендтердің алынған сомасы көрсетіледі.
      100.07.001 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.07.001 жолына көшіріледі.

  10. Сыйақы - 100.08 нысанын жасау  

     68. Бұл нысан  Салық кодексінің  80-бабының 2-тармағындағы 16) тармақшаға сәйкес Қазақстан Республикасында да, оның шегінен тысқары жерлерде де салық төлеуші алуға жататын (алынған) сыйақылар түріндегі кірістерді айқындауға арналған.  Салық кодексінің  10-бабының 1-тармағындағы 2-тармақшаға сәйкес кірістер сыйақылар болып табылады.

      69. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректер көрсетіледі:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      70. "Активтер бойынша сыйақылар" бөлімінде: 
      100.08.001 жолы берешек бағалы қағаздар бойынша алынуға жататын (алынған) сыйақылар, сондай-ақ резидент еместердің сыйақылары сомаларынан басқа сыйақылар сомаларын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      71. "Берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылар" бөлімінде:
      100.08.002 жолы берешек бағалы қағаздар бойынша алынуға жататын (алынған) сыйақылар сомасын көрсетуге арналған және осы қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      72. "Мемлекеттік бағалы қағаздар және агенттік облигациялар" бөлімінде:
      100.08.003 жолы мемлекеттік бағалы қағаздар және агенттік облигациялар алынуға жататын (алынған) сыйақылар сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      73. "Резидент еместерден сыйақылар" бөлімінде:
      100.08.004 жолы Қазақстан Республикасының шегінен тыс алынуға жататын (алынған) сыйақылар сомасын көрсетуге арналған. Осы жолға 100.28.002А жолында көрсетілген сома көшіріледі.

      74. "Барлығы" бөлімінде:
      100.08.005 жолы 100.08.001А, 100.08.002С және 100.08.003 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын сыйақылар бойынша кірістердің жиынтық сомасын көрсетуге арналған.

      75. 100.08.005 жолының шамасы 100.00.015 жолына көшіріледі.
      100.08.001В, 100.08.002D және 100.08.003D жолдарының шамасы 100.29.005В жолына көшіріледі. 

      76. 100.08.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында сыйақы түрі көрсетіледі;
      3) С бағанында сыйақы алынған заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні көрсетіледі;
      4) D бағанында сыйақы төлеген салық төлеушінің тіркеу нөмірі 
көрсетіледі;
      5) Е бағанында төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығын ұстауды растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні көрсетіледі; 
      6) F бағанында төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығының сомасын ескере отырып есептелген сыйақы сомасы көрсетіледі;
      7) G бағанында осы салықты ұстауды растайтын құжаттар болған 
жағдайда, салық төлеушіге сыйақы төлеу кезінде ұсталған салық сомасы көрсетіледі. 
      100.08.001 жолына қосымша нысан F бағанының жиынтық шамасы 100.08.001А жолына, G бағанының жиынтық шамасы 100.08.001В жолына көшіріледі.

      77. 100.08.002, 100.08.003 жолдарына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында  Салық кодексінің  10-бабының 1-тармағындағы 8) тармақшаға сәйкес берешек бағалы қағаздардың түрі көрсетіледі; 
      3) С бағанында сыйақы алынған (алынуға жататын) заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі; 
      4) D бағанында сыйақы төлеген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі; 
      5) Е бағанында төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығын ұстауды растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні көрсетіледі. Растаушы құжат сыйақы төлеген заңды тұлға - эмитентке беріледі; 
      6) F бағанында есепті салық кезеңінде салық төлеушіге тиесілі дисконт немесе сыйақы сомасы көрсетіледі.
      7) G бағанында дисконтты немесе сыйақыны ескерусіз есептелген купон сомасы көрсетіледі; 
      8) Н бағанында эмитенттен төлем көзінде ұстап қалынған корпорациялық табыс салығының сомасы ескерілген сыйақының жалпы сомасы көрсетіледі. G және F бағандарының сомасы (айырмашылығы) ретінде айқындалады;
      9) Е бағанында осы салықты ұстап қалғандығын растайтын құжат бар болғанда  Салық кодексінің  131-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салық төлеушіге төлеуге жататын (төленген) купон түріндегі сыйақы сомасынан эмитент ұстап қалған корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетіледі. 
      100.08.002 жолына қосымша нысан F бағанының жиынтық шамасы 
100.08.002А жолына, G бағаны - 100.08.002В жолына, Н бағаны - 100.08.002С жолына, І бағаны - 100.08.002D жолына көшіріледі.

  11. Оң бағамдық айырма - 100.09 нысанын жасау

      78. Бұл нысан  Салық кодексінің  80-бабының 2-тармағындағы 17) тармақшаға сәйкес жылдық жиынтық кіріс енгізілуге жататын оң бағамдық айырма сомасын айқындауға арналған. 

      79. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      80. "Оң бағамдық айырма" бөлімінде:
      100.09.001 жолы жылдық жиынтық кіріске енгізілуге жататын оң бағамдық айырманың жалпы сомасы туралы мәліметті көрсетуге арналған және осы қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      81. 100.09.001С жолының шамасы 100.00.016 жолына көшіріледі.
      82. 100.09.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында нәтижесінде оң бағамдық айырма құралған шетел 
валютасындағы операциялардың атауы көрсетіледі:
      валюталық шоттар бойынша;
      валюталық несиелер бойынша;
      сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша;
      жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар бойынша;
      өзге де операциялар бойынша;
      3) С бағанында бухгалтерлік есеп деректері бойынша оң бағамдық айырманың тиісті сомасы көрсетіледі;
      4) D бағанында салық кезеңі ішінде құралған оң бағамдық айырманың тиісті сомасы көрсетіледі.
      5) Е бағанында  Салық кодексінің  10-бабындағы 1-тармақтың 13) тармақшасына сәйкес айқындалатын бухгалтерлік есеп деректері бойынша салық кезеңі ішінде есеп жүргізілген жасалған операциялар бойынша оң бағамдық айырманың тиісті сомасы көрсетіледі;
      6) F бағанында бухгалтерлік есеп деректері бойынша, С және D бағандары сомасының және Е бағаны сомасының айырмасы ретінде айқындалатын салық кезеңі соңында есеп жүргізілген жасалған операциялар бойынша оң бағамдық айырманың тиісті сомасы көрсетіледі. 
      100.09.001 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 100.09.001А жолына, D бағаны - 100.09.001В жолына, Е бағаны - 100.09.001С жолына, F бағаны - 100.09.001D жолына көшіріледі.

  12. Еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар
 - 100.10 нысанын жасау 

      83. Осы нысан  Салық кодексінің  92-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар сомасын айқындауға арналған. Бұл ретте, еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстарға материалдық, әлеуметтік игілік немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыс беруші берген кірістерді қоса, ақшалай және заттай нысанда жұмыс беруші төлейтін қызметкерлердің кез-келген кірістері жатады.

      84. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      85. "Шығыстар" бөлімінде:
      1) 100.10.001 жолында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндірісінде тікелей айналысатын қызметкерлердің, әкімшілік персоналы мен сатумен айналысатын қызметкерлерге есептелген еңбекақысының жалпы сомасы көрсетіледі. 100.10.001А - 100.10.001С жолдарының сомасын қосумен айқындалады; 
      2) 100.10.002 жолында 100.10.001 жолында көрсетілген еңбекақыдан басқа Салық кодексінің 149, 154-баптарына сәйкес айқындалатын кірістер көрсетіледі. 100.10.002А-дан 100.10.002С-ға дейінгі жолдардың сомасын қосумен айқындалады; 
      3) 100.10.003 жолында 100.10.001 және 100.10.002 жолдарында көрсетілмеген қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жөніндегі шығыстар көрсетіледі. Мысалы: жұмыс беруші заңды тұлғаны қайта құрумен, қызметкерлердің штатын қысқартумен байланысты қызметкерлерге төлемдер. 100.10.003А - 100.10.003С жолдарының сомасын қосумен айқындалады; 
      4) 100.10.004 жолында 100.10.001 - 100.10.003 жолдарының сомасын қосумен айқындалатын қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жөніндегі шығыстар көрсетіледі;
      5) 100.10.005 жолында негізгі қаражаттарды жөндеуге қызметкерлерге есептелген кіріс сомасы мен оларға берілген материалдық және әлеуметтік игіліктердің сомасы көрсетіледі;
      6) 100.10.006 жолында жұмыс беруші төлейтін және шегерімге жатқызылуға жататын қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жөніндегі шығыстар сомасы көрсетіледі.
      86. 100.10.006 жолының шамасы 100.12.004 жолына көшіріледі.

  13. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстары -
 100.11 нысанын жасау  

      87. Осы нысан Салық кодексінің  195 - 197 -баптарына сәйкес шегерімдерге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын айқындауға арналған және Қазақстан Республикасымен жасалған кіріске немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың алдын-алу және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерін (бұдан әрі - халықаралық шарт) қолдануға құқығы бар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын резидент еместер толтырады.

      88. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық агентінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі;
      3) халықаралық шарттың толық атауы;
      4) аталған шығыстарды шегеруге жатқызуда қолданылатын әдіс;
      5)  Салық кодексінің  196-бабына сәйкес бара-бар бөлу әдісін қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеуде қолданылатын тәсіл;
      6) резиденттік еліндегі салық төлеушінің салық кезеңі (көрсетілген салық кезеңінің басталу және аяқталу күні белгіленеді); 
      7) ССКТК - резиденттік еліндегі салық төлеушінің салық кезеңіндегі түзету коэффициенті (түзету коэффициентінің мөлшері белгіленеді); 
      8) ТМСКТК - тұрақты мекемесі арқылы қызметінен Қазақстан Республикасындағы салық кезеңінің түзету коэффициенті (түзету коэффициентінің мөлшері белгіленеді). 
      Түзету коэффициентін (коэффициенттерін) қолданбау жағдайларында тиісті торкөз (торкөздер) толтырылмайды. 
      Түзету коэффициенті салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы қызметінің көрсеткіштерін салыстыру мақсатында бөлудің бара-бар әдісін қолдану кезінде және Қазақстан Республикасындағы және салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің сәйкессіздіктері кезінде қолданылады. 

      89. ССКТК Салық кодексінің 196-бабының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында шегеруге жататын резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын есептеу үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі және Қазақстан Республикасындағы салық кезеңдерінің ұзақтығын сәйкестендіру мақсатында енгізіледі. ССКТК базалық салық кезеңіне сәйкес келетін айлар санын салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының жалпы санына ара-қатынасы ретінде айқындалады. Базалық салық кезеңіне Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңі алынады. 
      1-мысал. 
      Салық төлеуші Қазақстан Республикасында шегеруге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстар сомаларын есептеу кезінде бөлудің бара-бар әдісін қолданады. Есептік көрсеткіш бірінші тәсіл бойынша есептеледі. 
      Салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі 2000 жылғы 1 қыркүйектен 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейін 15 айдан тұрады. Базалық кезеңге 2001 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі 12 айдан тұратын салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі қолданылады. Базалық салық кезеңі шеңберіне (2001 жылғы қаңтар - 2001 жылғы желтоқсан) салық төлеушінің резиденттік еліндегі 2001 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі салық кезеңі енгізіледі, бұл жағдайда ССКТК 12/15-ті құрайды. 

      90. ТМСКТК  Салық кодексінің  196-бабының ережелеріне сәйкес салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің басталу-аяқталу мерзімдерін көрсетілген салық кезеңдерінің ұзақтығы бірдей болған жағдайда есептік көрсеткішін есептеу үшін сәйкестендіру мақсатында енгізіледі. ТМСКТК базалық салық кезеңінің шеңберіне енетін Қазақстан Республикасындағы айлар санының салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі айларының жалпы санының қатынасы ретінде айқындалады. 
      Базалық салық кезеңіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі алынады. 
      2-мысал. 
      Салық төлеуші Қазақстан Республикасында шегеруге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстар сомаларын есептеу кезінде бөлудің бара-бар әдісін қолданады. Есептік көрсеткіш бірінші тәсіл бойынша есептеледі. 
      Салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі 2000 жылғы 1 қыркүйектен 2001 жылғы 31 тамызға дейін 12 айдан тұрады. Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі 2001 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін 12 айдан тұрады. 
      Базалық салық кезеңіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі алынады. 
      Базалық салық кезеңі шеңберіне (2000 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы тамыз) Қазақстан Республикасындағы екі салық кезеңі: 2000 жылғы қыркүйек-желтоқсан және 2001 жылғы қаңтар-тамыз, тиісінше, ТМСКТК1-4/12; ТМСКТК2-8/12 енеді.

      91. "Шығыстар" бөлімінде: 
      1) 100.11.001 жолы резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын көрсетуге арналған; 
      2) 100.11.002 жолы бөлудің бара-бар әдісін қолданғанда пайдаланылатын есептік көрсеткішті көрсетуге арналған; 
      3) 100.11.003 жолы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алу мақсатында шеккен, Қазақстан Республикасында шегеруге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын көрсетуге арналған. 
      Бөлудің бара-бар әдісін қолданғанда 100.11.003А жолының шамасы 100.11.001А және 100.11.002А жолдарының қосындысы ретінде айқындалады. 
      Шығыстарды шегерулерге тікелей (тура) жатқызу әдісін қолданғанда 100.11.003В жолында резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алу мақсатында шеккен және  Салық кодексінің  197-бабына сәйкес құжаттармен расталған басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасы көрсетіледі. Шығыстар сомасы осындай шығыстарды бухгалтерлік есепте бөлек есептеу жүргізу негізінде айқындалады. Бұл ретте резидент еместің есеп саясаты қоса тіркеледі. Көрсетілген сома шығыстар баптары бойынша 100.12 нысанында көрсетіледі. 

      92. 100.11.001 және 100.11.002А жолдары қосымша нысан деректері негізінде толтырылады. 
      100.11.003А жолының шамасы 100.12.006 жолына көшіріледі. 

      93. 100.11.001, 100.11.002 жолдарына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың реттік нөмірі; 
      2) В бағанында тиісті көрсеткіштер айқындалады; 
      3) С бағанында резидент еместің ССКТК қолданылмаған тиісті көрсеткіштерінің сомалары көрсетіледі. Осы баған заңды тұлға-резидент еместің қаржы есебінің көрсеткіштері негізінде толтырылады; 
      4) D бағаны ССКТК қолданған жағдайда толтырылады. Бұл ретте, D бағанының көрсеткіштері салық кезеңі үшін көрсеткіштер немесе базалық салық кезеңі шеңберіне енетін резиденттік еліндегі салық кезеңі үшін көрсеткіштер сомасына, көрсетілген мәліметтерге ССКТК қолданылған көрсеткіштер болып табылады. 
      3 мысал. 
      1 мысалдың деректері қолданылады.
      ССКТК 12/15 құрайды.
      Резидент еместің салық кезеңіндегі ССКТК қолданылмаған жиынтық кірісі 20 млн теңге құрайды.
      Есепті салық кезеңі үшін резидент еместің ССКТК қолданылған жиынтық жылдық кірісі:
      20 млн х 12/15 = 16 млн теңге құрайды.
      Резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары 1 млн теңге құрады. 
      Резидент еместің ССКТК қолданылған басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасы: 
      1 млн х 12/15 = 0,8 млн теңге құрады. 
      D бағанының тиісті көрсеткіштерін есептеу кезінде есеп қоса беріледі; 
      5) Е бағанында резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен ТМСКТК қолданылмаған тиісті көрсеткіштерінің сомасы көрсетіледі. 
      Осы баған көрсетілген қызметтің қаржы есебінің деректері негізінде толтырылады. 
      6) F бағаны ССКТК қолданған жағдайда толтырылады. Бұл ретте, F бағанының көрсеткіштері салық кезеңі үшін көрсеткіштер немесе базалық салық кезеңі шеңберіне енетін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі үшін көрсеткіштер сомасына, көрсетілген мәліметтерге ССКТК қолданылған көрсеткіштер болып табылады. 
      4 мысал. 
      2 мысалдың деректері қолданылады. 
      ТМСКТК1-4/12; ТМСКТК2-8/12. 
      Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметіне ТМСКТК қолданылмаған жиынтық жылдық кірісі 2000 жылы 0,5 млн теңге; 2001 жылы - 0,55 млн теңге құрады. 
      Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметіне ТМСКТК1 және ТМСКТК2 қолданылған жиынтық жылдық кірісі: 
      0,5 млн х 4,12+0,55 млн х 8/12 15 = 166667+366667 = 533334 теңге құрады. 
      F бағанының тиісті көрсеткіштерін есептеу кезінде есеп қоса беріледі; 
      7) G бағанында қолданылатын әдіс бойынша есептелген есептік көрсеткіш мөлшері көрсетіледі. Есептік көрсеткіш С бағанының көрсеткіштеріне F бағанының көрсеткіштері немесе D бағанының көрсеткіштеріне Е бағанының көрсеткіштері не С бағанының көрсеткіштеріне Е бағанының көрсеткіштер қатынасы ретінде айқындалатын, резидент еместің салыстырылатын көрсеткіштеріне тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен салыстырылатын көрсеткіштердің қатынасы ретінде көрсетіледі. Тиісті есептік көрсеткіш мөлшері  Салық кодексінің  196-бабының ережелеріне сәйкес есептеледі. Есептік көрсеткіш шамасын айқындау кезінде мыңдық бөліктер көрсетіледі.
      5 мысал. 
      ССКТК қолданылған жағдайда: 
      3 мысалдың деректері пайдаланылады.
      Резидент еместің есепті салық кезеңіндегі ССКТК қолданылған жиынтық жылдық кірісі 16 млн. теңге құрайды.
      Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен ТМСКТК қолданылмаған жиынтық жылдық кірісі 0,4 млн. теңге құрады.
      Бұл ретте, есептік көрсеткіш: 
      0,4 млн./16 млн = 0,025. 
      Резидент еместің ССКТК қолданылған басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының шамасы 0,8 млн теңге құрағанын ескерсек, онда Қазақстан Республикасында көрсетілген шығыстарды мына сомада есептен шығаруға рұқсат етіледі: 
      0,8 млн. х 0,025 = 0,02 млн. теңге.
      6 мысал. 
      ТМСКТК қолданылған жағдайда:
      4 мысалдың деректері қолданылады.
      Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметіне ТМСКТК1 және ТМСКТК2 қолданылған жиынтық жылдық кірісі 533334 теңге құрайды.
      Резидент еместің ССКТК қолданбай салық кезеңі үшін жиынтық жылдық кірісі 50 млн. теңге құрайды.
      Осы жағдайда есептік көрсеткіш:
      533334/50 млн = 0,011 құрайды.
      Резидент еместің ССКТК қолданылмаған басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасы 2 млн. теңге құрайды.
      Қазақстан Республикасында көрсетілген шығыстарды: 
      2 млн.х 0,011 = 0,022 млн. теңге сомасына есептен шығаруға рұқсат етіледі.

      94. 100.11.001, 100.11.002 жолдарына қосымша нысанның 001G немесе 004G жолында айқындалатын есептік көрсеткіш шамасы есептік көрсеткішті есептеудің қолданылатын тәсіліне қарай 100.11.002А жолына көшіріледі.
      100.11.001, 100.11.002 жолдарына қосымша нысанның 005С жолында есептелген басқару және жалпы әкімшілік шығыстардың сомасы 100.11.001А жолына көшіріледі. ССКТК қолданылған жағдайда 100.11.001А жолына 100.11.001, 100.11.002 жолдарына қосымша нысанның 005D жолында көрсетілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасы көшіріледі.

  14. Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша 
шығыстар - 100.12 нысанын жасау

      95. Осы нысан  Салық кодексінің  92-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар сомасын және  Салық кодексінің  91-бабының 2-тармағына сәйкес жылдық жиынтық кіріске (кірістен) енгізуге (алып тастауға) жататын активтерді бағалау әдісінің өзгеруінен кіріс (залал) сомасын айқындауға арналған.
      Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу, шығару мен сату кірісті алу құралы болып табылатын салық төлеушілер есепті салық кезеңінің басына және соңына тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі - ТМҚ) құнын көрсетуге міндетті. 
      ТМҚ есебі  Салық кодексінің  65-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      96. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      97. "Шығыстар" бөлімінде:
      1) 100.12.001 жолында есепті салық кезеңінің соңына ТМҚ құны бұрынғы салық кезеңінің соңына ТМҚ құны болып табылады. Деректер бұрынғы салық кезеңі үшін 100.12.002 тиісті жолынан көшіріледі. Бастапқы Декларацияда аталған жол есепті салық кезеңнің басына бухгалтерлік теңгерме бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің бастапқы декларациясын беретін салық төлеушіде есепті салық кезеңінің басында ТМҚ болмауы мүмкін; 
      2) 100.12.002 жолы есепті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерме деректеріне сәйкес толтырылады. Есепті салық кезеңінің ішінде салық төлеуші берген тарату Декларациясында 100.12.002 жолы тиісті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде толтырылады; 
      3) 100.12.003 жолында салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметі үшін басқа ұйымдар және (немесе) жеке кәсіпкерлердің материалдарды (шикізат пен материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары), тауарларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді салық төлеушінің есепті салық кезеңінің ішінде сатып алған, тегін алған құны көрсетіледі. Қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылатын 100.12.003А, 100.12.003В, 100.12.003С, 100.12.003D, 100.12.003E, 100.12.003F, 100.12.003H, 100.12.003J, 100.12.003K, 100.12.003L, 100.12.003M, 100.12.003N, 100.12.003O, 100.12.003P жолдарының сомасын қосумен айқындалады; 
      4) 100.12.004 жолына 100.10.06 жолында айқындалған еңбекақыны төлеу жөніндегі шығыстар сомасы көшіріледі; 
      5) 100.12.005 жолында 100.12.005A, 100.12.005F және 100.12.005G жолдарының сомасы ретінде айқындалатын 100.12.003 жолында ескерілмеген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) шығару мен сату бойынша шығыстардың басқа да барлық сомасы көрсетіледі; 
      6) 100.12.005А жолында 100.12.005В-дан 100.12.005Е жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, іссапар шығыстарының жалпы сомасы көрсетіледі. 100.12.005В жолында  Салық кодексінің  93-бабының 1-тармағындағы 1) тармақшаға сәйкес бронь үшін шығыстарға төлемді қоса, іссапар және кері орнына жолға нақты жүргізілген шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.12.005С жолында Салық кодексінің 93-бабының 1-тармағындағы 2) тармақшаға сәйкес бронь үшін шығыстарға төлемді қоса, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жүргізілген шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 100.12.005D және 100.12.005E жолдарда Салық кодексінің 93-бабының 1-тармағындағы 3) және 4) тармақшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және тысқары іссапарлар бойынша төленетін күндік тиісті сома көрсетіледі; 
      7) 100.12.005В жолында Салық кодексінің 93-бабындағы 2-тармаққа сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстарының нақты сомасы көрсетіледі; 
      8) 100.12.005С жолында есепті салық кезеңінің шығыстарына жатқызылатын алдағы кезеңдердің шығыстар сомасы көрсетіледі. 
      100.12.003 - 100.12.005 жолдарында келтірілетін деректер 100.00.024 - 100.00.036 жолдарында көрсетілген деректерді қайталамауы тиіс; 
      9) 100.12.006 жолында 100.12.003А жолында көрсетілген сома көшіріледі; 
      10) 100.12.007 жолында сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) шығысқа қосылған ТМҚ және басқа да шығыстардың жиынтық сомасы, (100.12.001 - 100.12.002) + 100.12.003 - 100.12.006 жолдарының сомасы көрсетіледі; 
      11) 100.12.008 жолында  Салық кодексінің  113-бабына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылған ТМҚ, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің нақты құны көрсетіледі; 
      12) 100.12.009 жолында салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметі емес мақсаттарда пайдаланған ТМҚ, жұмыстар мен қызметтер сомасы көрсетіледі; 
      13) 100.12.010 жолында 100.12.007 жолының сомасынан 100.12.008 және 100.12.009 жолдарының сомасын шегерумен айқындалатын сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі; 
      14) 100.12.011А жолында есепті салық кезеңінің соңына ТМҚ өзіндік құнын бағалаудың қолданылатын әдісі көрсетіледі;
      15) 100.12.011В жолында пайдаланылатын бағалау әдісінің өзгеру фактісі көрсетіледі. Осы жолды ТМҚ өзіндік құнын олардың бағалау әдісін өзгертуі кезінде салық төлеуші толтырады;
      16) 100.12.012 жолында 100.12.011D жолының сомасынан 100.12.011СІ жолдарының сомасын шегерумен айқындалатын ТМҚ өзіндік құнының бағалау әдісінің өзгеруі кезінде алынған кіріс (шығыс) сомасы көрсетіледі.
      17) 100.12.013 жолы анықтамалық түрінде толтырылады, есепті салық кезеңі үшін іссапарларда қызметкерлер жүргізген іссапарлар саны мен күндерінің саны көрсетіледі.

      98. 100.12.010 жолының шамасы 110.00.024 жолына көшіріледі.
      100.12.012 жолының шамасы  Салық кодексінің  91-бабының 2-тармағына сәйкес 100.00.022Н жолына көшіріледі.

      99. 100.12.003А, 100.12.003В, 100.12.003С, 100.12.003D, 100.12.003E, 100.12.003F, 100.12.003H, 100.12.003J, 100.12.003K, 100.12.003L, 100.12.003M, 100.12.003N, 100.12.003O, 100.12.003P жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында кірісті алушы-салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі:
      3) С бағанында шығыстар сомасы көрсетіледі;
      100.12.003А жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 100.12.003А жолына, 100.12.003В жолына қосымша нысан С бағаны 100.12.003В жолына, 100.12.003С жолына қосымша нысан С бағаны 100.12.003С жолына, 100.12.003D жолына қосымша нысан С бағаны 100.12.003D жолына, 100.12.003E жолына қосымша нысан С бағаны 100.12.003Е жолына, 100.12.003F жолына қосымша нысан С бағаны 100.12.003F жолына, 100.12.003H жолына қосымша нысан С бағаны 100.12.003H жолына, 100.12.003J жолына қосымша нысан С бағанының шамасы 100.12.003J жолына, 100.12.003K жолына қосымша нысан 100.12.003К жолына, 100.12.003L жолына қосымша нысан С бағанының 100.12.003L жолына, 100.12.003M жолына қосымша нысан С бағанының шамасы 100.12.003М жолына, 100.12.003N жолына қосымша нысан  100.12.003N жолына, 100.12.003O жолына қосымша нысан С бағанының 100.12.003D жолына, 100.12.003С жолына қосымша нысан С бағанының шамасы 100.12.003О, 100.12.003Р жолына қосымша нысан 100.12.003Р жолына көшіріледі.

  15. Сыйақы бойынша шығыстар - 100.13 нысанын жасау

      100. Бұл нысан  Салық кодексінің  94-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақы бойынша шығыстардың сомасын айқындауға арналған.

      101. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      102. "Теңгемен кредиттер (заемдар) бойынша сыйақылар" бөлімінде:
      100.13.001 жолы теңгемен кредиттерді (заемдарды) салық төлеушілердің алу кезінде шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақылардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректері негізінде толтырылады.

      103. "Шетел валютасымен кредиттер (заемдар) бойынша сыйақылар" бөлімінде:
      100.13.002 жолы шетел валютасымен кредиттерді (заемдарды) салық төлеушілердің алуы кезінде шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақылардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректері негізінде толтырылады.

      104. "Кредиттер (заемдар) бойынша сыйақылардың барлығы" бөлімінде: 
      1) 100.13.003А жолында (100.13.001Е + 100.13.002Е) + (100.13.001С + 100.13.002С) х 15%/30% формуласы бойынша айқындалатын шегеруге жататын сыйақының ең жоғарғы сомасы көрсетіледі;
      2) 100.13.003В жолында кредиттер (заемдар) бойынша шегеруге жататын сыйақылардың сомасы көрсетіледі. 

      105. "Теңгемен берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылар" бөлімінде:
      100.13.004 жолы теңгедегі ақша шығарудағы берешек бағалы қағаздарды салық төлеушінің орналастыруы кезінде шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақы сомасы туралы мәліметті көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      106. "Шетел валютасындағы берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылар" бөлімінде:
      100.13.005 жолы шетел валютасында ақша шығарудағы берешек бағалы қағаздарды салық төлеушінің орналастыруы кезінде шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақының жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      107. "Берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылардың барлығы" бөлімінде:
      100.13.006 жолында 100.13.004Е және 100.13.005Е жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылар сомасы көрсетіледі.

      108. "Сыйақылардың барлығы" бөлімінде:
      100.13.007 жолында 100.13.003В, 100.13.006 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақының жалпы сомасы көрсетіледі.

      109. 100.13.007 жолының шамасы 100.00.025 жолына көшіріледі.

      110. 100.13.001, 100.13.002 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында кредитор ұйымның атауы көрсетіледі; 
      3) С бағанында осы Ереженің 225-тармағына сәйкес жалға алушы - салық төлеушінің тіркеу нөмірі/резиденттік ету елінің коды көрсетіледі;
      4) D бағанында кредит шартын жасау күні мен нөмірі көрсетіледі; 
      5) Е бағанында кредит алу күні көрсетіледі: күн, ай, жыл;
      6) F бағанында алынған кредит (заем) сомасы көрсетіледі. Кредитті(заемды) шет ел валютасында алғанда кредитті (заемды) алу сәтіндегі валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгемен есептеледі;
      7) G бағанында салық төлеуші кредитті (заем) пайдаланатын есепті салық кезеңіндегі күндер саны көрсетіледі;
      8) Н бағанында белгіленген ставканы қолданумен шарт жағдайына сәйкес есепті салық кезеңі үшін салық төлеуші резидентке төлеген (төлеуге жататын) сыйақы сомасы көрсетіледі. Валюта бағамының өзгеруінен қорғану тәсілі ретінде хеджирлеуді қолданғанда туындайтын айырмашылық бұл бағанда көрсетуге жатады. Сыйақыны шет ел валютасында төлегенде сыйақы сомасы сыйақыны төлеу сәтіндегі валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгеде есептеледі. Егер сыйақы есепті салық кезеңі ішінде төленбеген жағдайда, сыйақы сомасы есепті кезеңінің соңғы күніне валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгеде есептеледі; 
      9) І бағанында белгіленген ставканы қолданумен шарт жағдайына сәйкес есепті салық кезеңі үшін салық төлеуші резидент емеске төлеген (төлеуге жататын) сыйақы сомасы көрсетіледі. Сыйақыны шет ел валютасында төлегенде сыйақы сомасы сыйақыны төлеу сәтіндегі валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгеде есептеледі. Егер сыйақы есепті салық кезеңі ішінде төленбеген жағдайда, сыйақы сомасы есепті кезеңінің соңғы күніне валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгеде есептеледі; 
      10) J бағанында кредиттерді алу кезінде теңгедегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы, шетел валютасындағы кредиттерді алу сәтіне Лондон банкаралық рыногының ставкасы көрсетіледі; 
      11) К бағанында  Салық кодексінің  94-бабының 2-тармағымен белгіленген ставка, яғни, сәйкесінше, Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 еселік ресми ставкасының және J бағанында көрсетілген Лондон банкаралық рыногының 2 еселік ставкасының мөлшерінде көрсетіледі; 
      12) L бағанында кредитті (заемды) пайдалану күндер санын ескерумен және К (FxG/365xK) бағанында көрсетілген ставканы қолданумен айқындалатын сыйақы сомасы көрсетіледі; 
      13) М бағанында Н және L бағандарында көрсетілген сомадан ең азы ретінде айқындалатын, резидентке төленетін және шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақы сомасы көрсетіледі; 
      14) N бағанында І және L бағандарында көрсетілген сомадан ең азы ретінде айқындалатын, резидент емеске төленетін және шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақы сомасы көрсетіледі. 
      100.13.001 жолына қосымша нысан F бағанының жиынтық шамасы 100.11.001А жолына, Н бағаны - 100.13.001В жолына, І бағаны - 100.13.001С жолына, L бағаны - 100.13.001D жолына, М бағаны - 100.13.001Е жолына, Н бағаны - 100.13.001F жолына көшіріледі, 100.13.002 жолына қосымша нысан F бағаны 100.13.002А жолына, N бағаны - 100.13.002В жолына, І бағаны - 100.13.002С жолына, L бағаны - 100.13.002D жолына, М бағаны - 100.13.002Е жолына, N бағаны - 100.13.002F көшіріледі. 

      111. 100.13.004, 100.13.005 жолдарына қосымша нысандар: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында эмиссиялар бойынша бөлшектеп берешек бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі; 
      3) С бағанында берешек бағалы қағаздардың эмиссияларын тіркеудің нөмірі мен күні көрсетіледі; 
      4) D бағанында берешек бағалы қағаздың атаулы құны көрсетіледі. Берешек бағалы қағазды шет ел валютасында шығарғанда берешек бағалы қағаздың атаулы құны берешек бағалы қағазды сату сәтіндегі валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгеде есептеледі; 
      5) Е бағанында дисконт немесе сыйақы сомасы көрсетіледі; 
      6) F бағанында дисконт немесе сыйақы есебінсіз купон сомасы көрсетіледі; 
      7) G бағанында купон және дисконт (сыйақы) сомасы (айырма) (F+-Е) ретінде айқындалатын сыйақының жалпы сомасы көрсетіледі. Валюта бағамының өзгеруінен қорғану тәсілі ретінде хеджирлеуді қолданғанда туындайтын айырмашылық бұл бағанда көрсетуге жатады. Валюта бағамының өзгеруінен қорғану тәсілі ретінде хеджирлеуді қолданғанда туындайтын айырмашылық бұл бағанда көрсетуге жатады. Сыйақыны шет ел валютасында төлегенде сыйақы сомасы сыйақыны төлеу сәтіндегі влюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгеде есептеледі. Егер сыйақы есепті салық кезеңі ішінде төленбеген жағдайда, сыйақы сомасы есепті салық кезеңінің соңғы күніне валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгеде есептеледі; 
      8) Н бағанында теңгедегі берешек бағалы қағаздарды орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы, шетел валютасындағы орналастыру кезінде - берешек бағалы қағаздарды ресімдеу (қайта ресімдеу) сәтіне Лондон банкаралық рыногының ставкасы көрсетіледі. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап эмиссияланатын айналым мерзімі бір жылдан асатын  берешек бағалы қағаздар бойынша қолданылатын ставкалары келісім-шартты жасасқан күннен жыл сайын қайта қаралады; 
      9) І бағанында  Салық кодексінің  94-бабының 2-тармағымен белгіленген ставка, яғни, сәйкесінше, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2 еселік ресми ставкасының және Н бағанында көрсетілген Лондон банкіаралық рыногының 2 еселік ставкасының мөлшерінде көрсетіледі; 
      10) J бағанында есепті салық кезеңіндегі берешек бағалы қағаздардың айналым мерзімін ескерумен және І бағанында көрсетілген ставканы қолданумен айқындалатын сыйақы сомасы көрсетіледі; 
      11) К бағанында G және J бағандарында көрсетілген сомадан ең азы ретінде айқындалатын, шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақы сомасы көрсетіледі. 
      100.13.004 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 100.13.004А жолына, F бағаны - 100.13.004В жолына, G бағаны - 100.13.004С жолына, J бағаны - 100.13.004D жолына, К бағаны - 100.13.004Е жолына көшіріледі, 100.13.005 жолына қосымша нысан Е бағаны 100.13.005А жолына, F бағаны - 100.13.005В жолына, G бағаны - 100.13.005С жолына, J бағаны - 100.13.005D жолына, К бағаны - 100.13.005Е жолына көшіріледі. 

  16. Төленген күмәнді міндеттемелер -
 100.14 нысанын жасау       

      112. Бұл нысан  Салық кодексінің  95-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс төленген күмәнді міндеттемелердің сомасын айқындауға арналған. 

      113. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      114. "Күмәнді міндеттемелер" бөлімінде:
      100.14.001 жолы шегерімге жатқызылуы тиіс төленген күмәнді міндеттемелер сомасын айқындауға арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады. 

      115. 100.14.001С жолының шамасы 100.00.026 жолына көшіріледі. 

      116. 110.14.001 жолына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында кіріске жатқызылған және салық төлеуші бұрын күмәнді міндеттеме деп танылған, сома төленген кредитор - заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) атауы көрсетіледі; 
      3) С бағанында В бағанында көрсетілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі; 
      4) D бағанында кредиторлық берешектің туындауын растайтын құжаттың (шот-фактуралар, орындалған жұмыстар мен басқаларының актісі) нөмірі мен күні көрсетіледі; 
      5) Е бағанында күмәнді міндеттеме деп танылған кредиторлық берешек сомасын кіріске енгізу күні (айы, жылы) көрсетіледі;
      6) F бағанында күмәнді міндеттеме деп танылған кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі;
      7) G бағанында күмәнді міндеттеме деп танылған кредиторлық берешекті өтеу күні (айы, жылы) көрсетіледі;
      8) Н бағанында төленген күмәнді міндеттемелер сомасы көрсетіледі;
      9) І бағанында бұрын күмәнді міндеттеме деп танылған және шегерімге жатқызылатын кіріске жатқызылған әрі F және Н бағандары сомасының ең азы ретінде айқындалатын кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі.
      100.14.001 жолына қосымша нысан F бағанының жиынтық шамасы 
100.14.001А жолына, Н бағаны - 100.14.001В жолына, І бағаны - 100.14.001С жолына көшіріледі.

  17. Күмәнді талаптар - 100.15 нысанын жасау

      117. Бұл нысан  Салық кодексінің  96-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс күмәнді талаптар сомасын айқындауға арналған. 

      118. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      119. "Күмәнді талаптар" бөлімінде:
      100.15.01 жолы шегерімге жатқызылуы тиіс күмәнді талаптардың сомасын айқындауға арналған және қосымша нысанның деректері негізінде толтырылады. 

      120. 100.15.001В жолының шамасы 100.00.027 жолына көшіріледі. 

      121. 100.15.001 жолына қосымша нысан: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында салық төлеушіге берешек үш жыл ішінде өтелмеген, тауарлар сатылған, жұмыстар орындалған, қызмет көрсетілген заңды тұлғаның атауы, жеке кәсіпкердің аты-жөні көрсетіледі; 
      3) С бағанында В бағанында көрсетілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі; 
      4) D бағанында салық төлеушіде бар дебиторлық берешек бойынша құжат (шот-фактура) күні мен нөмірі көрсетіледі; 
      5) Е бағанында осы шығыстарды оларға шегерімге жатқызу туралы өз тіркеу орны бойынша салық органына жіберілген салық төлеуші хабарламасының күні мен нөмірі көрсетіледі. Хабарламада сатып алушының атауы, сатып алушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі, шот-фактураның күні мен нөмірі, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны, шегерімге жатқызылған сома көрсетіледі. Хабарламаға ұйымның басшысы, бас бухгалтері қол қоюы және куәландырылуы тиіс; 
      6) F бағанында дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімінің күні мен нөмірі көрсетіледі;
      7) G бағанында Заңды тұлғалардың Мемлекеттік тізілімнен банкрот-борышкерді алып тастау туралы әділет органы шешімінің күні мен нөмірі көрсетіледі;
      8) Н бағанында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша дебиторлық берешек (жанама салықтарсыз) сомасы көрсетіледі;
      9) І бағанында салық салынатын кірісті айқындау кезінде жылдық жиынтық кіріске Н бағанында көрсетілген берешекті енгізу күні (ай, жыл) көрсетіледі;
      10) J бағанында күмәнді талап болып табылатын және шегерімге жататын дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі.
      100.15.001 жолына қосымша нысан Н бағанының жиынтық шамасы 100.15.001А жолына, J бағаны - 100.15.001В жолына көшіріледі.

  18. Ғылыми-зерттеу, жобалық, іздестіру және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығыстар
- 100.16 нысанын жасау

      122. Бұл нысан  Салық кодексінің  98-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс және кіріс алумен байланысты жүргізілген ғылыми-зерттеу, жобалық, іздестіру және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығыс сомасын айқындауға арналған.

      123. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректер көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      124. "Шығыстар" бөлімінде:
      100.16.001 жолы шегерімге жатқызылуы тиіс ғылыми-зерттеу, жобалық, іздестіру және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығыс сомасын айқындауға арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

      125. 100.16.001 жолының шамасы 100.00.029 жолына көшіріледі.

      126. 100.16.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі;
      2) В бағанында шартқа сәйкес ғылыми-зерттеу, жобалық, іздестіру және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөні көрсетіледі;
      3) С бағанында осы Ереженің 225-тармағына сәйкес жалға алушы - салық төлеушінің тіркеу нөмірі/резиденттік ету елінің коды көрсетіледі;
      4) D бағанында орындалған жұмыстардың түрлері (атауы) көрсетіледі;
      5) Е бағанында ғылыми-зерттеу, жобалық, іздестіру және 
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға сәйкес келетін жүзеге асыруларды растайтын құжат нөмірі мен күні көрсетіледі;
      6) F бағанында бұрынғы шегерімге жататын және кірістер алумен 
байланысты ғылыми-зерттеу, жобалық, іздестіру және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жүргізілген шығыстар сомасы көрсетіледі.
      100.16.001 жолына қосымша нысан F бағанының жиынтық шамасы 100.16.001 жолына көшіріледі.

  19. Сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстар
 - 100.17 нысанын жасау

      127. Бұл нысан  Салық кодексінің  99-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстар сомасын айқындауға арналған.

      128. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы.

      129. "Шегерімге жатқызылатын сақтандыру сыйақылары" бөлімінде: 
      100.17.001 жолы сақтандыру сыйақылар бойынша шығыстар сомасын көрсетуге арналған. 

      130. 100.17.001С жолының шамасы 100.00.030 жолына көшіріледі. 

      131. 100.17.001 жолына қосымша нысандар: 
      1) А бағанында жолдың рет нөмірі көрсетіледі; 
      2) В бағанында сақтандырушы - ұйымның атауы көрсетіледі; 
      3) С бағанында В бағанында көрсетілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі; 
      4) D бағанында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларынан басқа, есепті салық кезеңі үшін сақтандырушы - салық төлеуші төлеуге тиіс (төлеген) сақтандыру сыйақыларының атауы көрсетіледі; 
      5) Е бағанында сақтандыру сыйақылары төленетін сақтандырушы - салық төлеушінің сақтандыру шарттарын жасау нөмірі мен күні көрсетіледі; 
      6) F бағанында сақтандырушы - салық төлеуші төлейтін сақтандыру сыйақылары жататын сақтандыру класы көрсетіледі; 
      7) G бағанында есепті салық кезеңі үшін төлеуге жататын (төленген) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетіледі; 
      8) Н бағанында Салық кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша сақтандыру қызметін реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сақтандыру сыйақыларының шекті нормасы көрсетіледі; 
      9) І бағанында G және Н бағанында көрсетілген сомадан ең азы ретінде айқындалатын, шегерімге жататын, сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетіледі. 
      100.17.001 жолына қосымша нысан G бағанының жиынтық шамасы 100.17.001А жолына, Н бағаны - 100.17.001В жолына, І бағаны - 100.17.001С жолына көшіріледі.

  20. Әлеуметтік төлемдерге шығыстар - 100.18 нысанын жасау

      132. Бұл нысан  Салық кодексінің  100-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс әлеуметтік төлемдерге шығыстарды айқындауға арналған.

      133. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі.

      134. "Шығыстар" бөлімінде:
      1) 100.18.001 жолында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген есепті салық кезеңі үшін уақытша еңбекке қабілетсіздігінің күндерін төлеуге қызметкерге есептелген сома көрсетіледі; 
      2) 100.18.002 жолында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жүктілігі мен тууы жөніндегі демалыс бойынша қызметкерге есептелген сома көрсетіледі; 
      3) 100.18.003 жолында есепті салық кезеңі үшін өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауы кезінде олардың мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге келтірілген зиянның өтемін төлеу және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының төлеуге бағытталған шығыстар сомасы көрсетіледі; 
      4) 100.18.004 жолында өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауы кезінде олардың мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге келтірілген зиянның өтемін төлеу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, өзінің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері көрсетіледі; 
      5) 100.18.005 жолында шегерімге жатқызылуы тиіс, өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауы кезінде олардың мертігуіне не
денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге келтірілген зиянның өтемін төлеу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, өзінің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары залалдарын өтеу сомасы көрсетіледі. 100.18.003 және 100.18.004 жолдарында көрсетілген соманың ең азы ретінде айқындалады;
      6) 100.18.006 жолында шегерімге жатқызылуы тиіс әлеуметтік төлемдерге шығыстар сомасы көрсетіледі. 100.18.001, 100.18.002 және 100.18.005 жолдарының сомасы ретінде айқындалады

      135. 100.18.006 жолының шамасы 100.00.031 жолына көшіріледі.

  21. Геологиялық зерттеуге шығыстар және табиғи
 ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары - 100.19 нысанын жасау

      136. Бұл нысан  Салық кодексінің  101-бабына сәйкес табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары мен геологиялық зерттеуге шығыстар сомасын, сондай-ақ шегерімге жатқызылуы тиіс жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын айқындауға арналған. 

      137. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Декларация берілетін салық кезеңі;
      3) келісім-шартты жасау күні және нөмірі.

      138. "Геологиялық зерттеуге, барлауға және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстар" бөлімінде: 
      1) 100.19.001 жолында геологиялық зерттеуге шығыстар сомасы көрсетіледі; 
      2) 100.19.002 жолында бағалау және орналастыру кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіруге дайындық жұмыстары мен барлауға шығыстар сомасы көрсетіледі; 
      3) 100.19.003 жолында жалпы әкімшілік шығыстарының сомасы көрсетіледі; 
      4) 100.19.004А жолында  Салық кодексінің  288-бабының 1-тармағына сәйкес қол қойылатын төленген бонус сомасы көрсетіледі; 
      5) 100.19.004В жолында  Салық кодексінің  291-бабына сәйкес төленген коммерциялық табылу бонусының сомасы көрсетіледі; 
      6) 100.19.004С жолын жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жағдайына сәйкес өндіру бонусын төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар толтырады; 
      7) 100.19.005 жолын жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жағдайына сәйкес тарихи шығыстарды төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар толтырады; 
      8) 100.19.006 жолында 100.19.001 - 100.19.005 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын пайдалы қазбаларды өндіруге дайындық жұмыстары мен барлауға, геологиялық зерттеуге шығыстардың жалпы сомасы және салық төлеушінің басқа да шығыстары көрсетіледі; 
      9) 100.19.007 жолында табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары, барлау, геологиялық зерттеу өткізу кезеңіне келісім-шарт жасалған шектерде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған кірістер сомасы көрсетіледі; 
      10) 100.19.008 жолында 100.19.006 жолында көрсетілетін шығыстар сомасына азайтылмайтын 100.19.007 жолынан кірістер сомасы көрсетіледі. 100.19.009 және 100.19.010 жолдарының сомасы ретінде айқындалады; 
      11) 100.19.009 жолында пайдалы қазбаларды сату кезінде жер қойнауын пайдаланушы алған кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады; 
      12) 100.19.010 жолында  Салық кодексінің  91-бабына сәйкес алып тастауға жататын кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі. 100.19.010А - 100.19.010F жолдарының сомасы ретінде айқындалады; 
      13) 100.19.011 жолында 100.19.006 жолында алынған шығыстар сомасына азайтылатын кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі. 100.19.007 және 100.19.008 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады; 
      14) 100.19.012 жолында 100.19.006 және 100.19.011 жолдарының айырмасы ретінде алынған  Салық кодексінің  101-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары мен геологиялық зерттеу, барлауға шығыстар сомасы көрсетіледі. 

      139. "Материалдық емес активтерге шығыстар" бөлімінде: 
      100.19.013 жолы материалдық емес активтерге шығыстар сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады. 

      140. "Геологиялық зерттеуге шығыстар мен табиғи ресурстарды өндiруге дайындық жұмыстары мен материалдық емес активтер" бөлiмiнде:
      1) 100.19.014A жолында табиғи ресурстарды өндiруге дайындық жұмыстары мен геологиялық зерттеуге шығыстар сомасы көрсетiледi. Келiсiм-шарттың iс-әрекет етудегi бiрiншi салық кезеңiнде осы жолға 100.19.012 жолында айқындалған сома, одан кейiнгi салық кезеңдерiне - бұрынғы салық кезеңi үшiн 100.19.014D жолында айқындалған сома көшiрiледi;
      2) 100.19.015A жолында материалдық емес активтерге шығыстар сомасы көрсетiледi. Келiсiм-шарттың iс-әрекет етудегi бiрiншi салық кезеңiнде осы жолға 100.19.013 жолында айқындалған сома, одан кейiнгi салық кезеңдерiне - бұрынғы салық кезеңi үшiн 100.19.015D жолында айқындалған сома көшiрiледi;
      3) 100.19.014BI және 100.19.015BI жолдарында 25 проценттер мөлшерiнде амортизацияның шектi нормасы көрсетiледi;
      4) 100.19.014BII және 100.19.015ВIІ жолдарында шектi нормадан аспайтын (25%) жер қойнауын пайдаланушы қолданатын амортизацияның нормасы көрсетiледi;
      5) 100.19.014C және 100.19.015C жолдарында тиiсiнше 100.19.014A және 100.19.014BII, 100.19.015A және 100.19.015BII жолдарының туындысы ретiнде айқындалатын есептi салық кезеңiндегi шегерiмге жатқызылуы тиiс амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      6) 100.19.014D және 100.19.015D жолдарында тиiсiнше 100.19.014А және 100.19.014C, 100.19.015А және 100.19.015C жолдарының туындысы ретiнде айқындалған келесi салық кезеңiне көшiрiлетiн шығыстар сомасы көрсетiледi;
      7) 100.19.016 жолында шегерiмге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi. 100.19.014C және 100.19.015C жолдарының сомасы ретiнде айқындалады.

      141. "Кадрларды оқытуға және әлеуметтiк саланы дамытуға шығыстар" бөлiмiнде:
      1) 100.19.017 жолында есептi салық кезеңi үшiн келiсiм-шарт шегiнде айқындалған қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға шығыстар сомасы көрсетiледi;
      2) 100.19.018 жолында есептi салық кезеңi қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға шығыстарды жер қойнауын пайдаланушы нақты жүргiзген сома көрсетiледi;
      3) 100.19.019 жолында шегерiмге жататын қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға шығыстар сомасы көрсетiледi. 100.19.017 және 100.19.018 жолдарының ең аз мәнi ретiнде айқындалады.

      142. 100.19.016 және 100.19.019 жолдарының шамасы 100.00.032 жолына көшiрiледi.

      143. 100.19.009 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында пайдалы қазбалардың атауы көрсетiледi;
      3) С бағанына тиiстi пайдалы қазбаларды сатудан кiрiстер сомасы көрсетiледi.
      100.19.009 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 100.19.009 жолына көшiрiледi.

      144. 100.19.013 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында салық төлеушi алған материалдық емес активтердiң атауы көрсетiледi;
      3) С бағанына тиiстi материалдық емес активтерге шығыстар сомасы көрсетiледi.
      100.19.013 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 100.19.013 жолына көшiрiледi.

  22. Терiс бағамдық айырма бойынша шығыстар -
100.20 нысанын жасау

      145. Бұл нысан  Салық кодексiнiң  102-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылатын және жылдық жиынтық кiрiс алумен байланысты терiс бағамдық айырма сомасын айқындауға арналған.

      146. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      147. "Tepic бағамдық айырма" бөлiмiнде:
      100.20.001 жолы шегерiмге жатқызылуы тиiс, терiс бағамдық айырманың сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      148. 100.20.001H жолының шамасы 100.00.033 жолына көшiрiледi.

      149. 100.20.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында терiс бағамдық айырма көшiрiлген бұрынғы салық кезеңдерi, сондай-ақ есептi салық кезеңi көрсетiледi;
      3) С бағанында нәтижесiнде терiс бағамдық айырма құралған операциялар атауы көрсетiледi:
      валюталық шоттар бойынша;
      валюталық кредиттер бойынша;
      сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар бойынша;
      жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар бойынша;
      өзге де операциялар бойынша;
      4) D бағанында бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша терiс бағамдық айырманың сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында  Салық кодексiнiң  10-бабындағы 1-тармақтың 13) тармақшасына сәйкес айқындалатын терiс бағамдық айырманың сомасы көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында Салық кодексiнiң 10-бабындағы 1-тармақтың 13) тармақшасына сәйкес айқындалатын есептi салық кезеңiнде есеп жүргiзiлген жасалған операциялар бойынша оң бағамдық айырманың тиiстi сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында Е және F бағандарының сомасы ретiнде айқындалатын, бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша салық кезеңiнiң соңына есеп жүргiзiлмеген, жасалған операциялар бойынша оң бағамдық айырманың тиiстi сомасы көрсетiледi;
      8) H бағанында бұрынғы салық кезеңiнiң L бағанынан көшiрiлген терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында көшiрiлген соманы ескерiп терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiледi. F және H бағандарының сомасы ретiнде айқындалады;
      10) J бағанында салық салынатын кiрiс сомасынан 50 процент қосу, 100.00.016 жолында көрсетiлген оң бағамдық айырма сомасы ретiнде  Салық кодексiнiң  102-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын терiс бағамдық айырманың шектi сомасы көрсетiледi. Бұл ретте, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде оң және терiс бағамдық айырмалар ескерiлмейдi;
      11) К бағанында I және J бағандары сомасының ең азы ретiнде айқындалатын, шегерiмге жататын, терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында келесi салық кезеңiне көшiрiлетiн терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiледi. I, К және M бағандары сомасының айырмасы ретiнде айқындалады;
      13) M бағанында талап-арыз мерзiмiнiң аяқталуына байланысты көшiруге жатпайтын терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiлмейдi. Қосымша нысанда көрсетiлген бес салық кезеңдерiнiң барлығында I бағанының сомасы және қосымша нысанда көрсетiлген бес салық кезеңдерiнiң бiрiншi Ғ бағаны сомасының оң айырмасы ретiнде айқындалады.
      100.20.001 жолына қосымша нысан D бағанының жиынтық шамасы 100.20.001A жолына, E бағаны - 100.20.001B жолына, F бағаны 100.20.001C жолына, G бағаны - 100.20.001D жолына, H бағаны 100.20.001E жолына, I бағаны - 100.20.001F жолына, J бағаны 100.20.001G жолына, К бағаны - 100.20.001H жолына көшiрiледi.

  23. Бюджетке енгiзуге жатпайтын айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптары - 100.21 нысанын жасау

      150. Бұл нысан  Салық кодексiнiң  92-бабындағы 5-тармаққа сәйкес бюджетке енгiзуге тиiстiлерден басқа, шегерiмге жатқызылатын жылдық жиынтық кiрiс алумен байланысты тағайындалған немесе танылған айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптарының сомасын айқындауға арналған.

      151. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      152. "Айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптары" бөлiмiнде:
      100.21.001 жолы шегерiмге жатқызылуы тиiс айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптарының сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      153. 100.21.001 жолының шамасы 100.00.035 жолына көшiрiледi.

      154. 100.21.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында оның алдында шаруашылық шарттарын жағдайларын бұзғаны үшiн шарт мiндеттемелерi буындаған ұйым атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында осы Ереженiң 225-тармағына сәйкес В бағанында көрсетiлген салық төлеушi - ұйымның тiркеу нөмiрi/резиденттiк ету елiнiң коды көрсетiледi;
      4) D бағанында оған сәйкес салық төлеушiге (салық төлеушi) танылған немесе тағайындалған айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптарының шартты (келiсiм-шартты) немесе сот шешiмiн жасау нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      5) E бағанында шегерiмге жатқызылатын жылдық жиынтық кiрiстi алумен байланысты тағылған немесе танылған айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптары көрсетiледi.
      100.21.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 100.21.001 жолына көшiрiледi.

  24. Кесiмдi активтер бойынша амортизациялық аударымдар, жөндеуге шығыстар және басқа да шегерiмдер -
100.22 нысанын жасау

      155. Бұл нысан  Салық кодексiнiң  4-бөлiмiнiң 3-параграфына сәйкес салық салу мақсатында кесiмдi активтер бойынша амортизациялық аударымдар сомасын, жөндеуге шығыстарды және басқа да шегерiмдердi, сондай-ақ  Салық кодексiнiң  87-бабына сәйкес шағын топтың теңгермелiк құнынан есептен шыққан кесiмдi активтердiң (I және II активтерден басқа) құн асуынан кiрiстердi айқындауға арналған.

      156. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      157. "Үйлер, құрылыстар" бөлiмiнде:
      100.22.001 жолы үйлер, құрылыстар бойынша шегерiмдердi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      158. "Ғимараттар" бөлiмiнде:
      110.22.002 жолы ғимараттар бойынша шегерiмдердi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      159. "Негiзгi қаражаттың қалған шағын тобы" бөлiмiнде:
      100.22.003 жолы негiзгi қаражаттың қалған шағын тобы бойынша шегерiмдердi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      160. "Негiзгi қаражат бойынша барлығы" бөлiмiнде:
      100.22.004 жолы негiзгi қаражат бойынша шегерiмдердiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған. 100.22.001, 100.22.002, 100.22.003 тиiстi жолдарының сомасы ретiнде айқындалады.

      161. "Материалдық емес активтер" бөлiмiнде:
      100.22.005 жолы материалдық емес активтер бойынша шегерiмдердiң көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      162. "Басқалары" бөлiмiнде:
      1) 100.22.006 жолы шағын топтың құндық теңгермесiнен есептен шыққан кесiмдi активтердiң құнының асуынан кiрiстi көрсетуге арналған. 100.22.003 жолына қосымша нысан J бағанының және 100.22.005 жолына қосымша нысан H бағанының терiс сомаларын қосумен айқындалады;
      2) 100.22.007 жолы  Салық кодексiнiң  113-бабының 4-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс, жал келiсiм-шартына сәйкес жалға берушi жүргiзген және жалға берушi өтемеген жалға алған негiзгi құралдарды жөндеуге кеткен шығыстардың сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      163. 100.22.004E жолының шамасы 100.00.036A жолына көшiрiледi.
      100.22.005E жолының шамасы 100.00.036В жолына көшiрiледi.
      100.22.004І және 100.22.005G жолдарының шамасы 100.00.036D жолына көшiрiледi.
      100.22.004H және 100.22.005F жолдарының шамасы 100.00.036E жолына көшiрiледi.
      100.22.004F жолының шамасы 100.00.036G жолына көшiрiледi.
      100.22.006 жолының шамасы 100.00.008 жолына көшiрiледi.

      164. 100.22.001, 100.22.002, 100.22.003 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында  Салық кодексiнiң  110-баптың 1-тармағына сәйкес салық төлеушi амортизациялық аударымдар есептеудi жүргiзетiн негiзгi құралдардың атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында  Салық кодексiнiң  107-бабы мен 110-бабының 1-тармағына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн негiзгi құралдар тобының нөмiрi көрсетiледi;
      4) D бағанында амортизациялық аударымдар есептелетiн негiзгi құралдардың тиiстi тобының амортизациялық шағын тобының нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағына сәйкес амортизацияның шектi нормалары процентпен көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында салық төлеушi қолданатын амортизациялық нормалар әрбiр шағын топ бойынша процентпен, бiрақ E бағанында көрсетiлген шектен асырылмай көрсетiледi;
      7) G бағанында әрбiр салық шағын тобы бойынша өткен салық кезеңi үшiн 100.22.001, 100.22.002, 100.22.003 жолдарына қосымша нысанның Р бағанының тиiстi жолдарынан көшiрiлетiн есептi салық кезеңiнiң басындағы шағын топтың құндық теңгерiмiнiң шамасы көрсетiледi;
      8) H бағанында шағын топтар бөлiнiсiнде есептi салық кезеңiнде сатып алынған, тегiн алынған, сондай-ақ негiзгi құралдардың жарғылық капиталға салымы ретiнде түскен және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын құны көрсетiледi. Көрсетiлген негiзгi активтердiң құны  Салық кодексiнiң  106-бабына сәйкес айқындалады. Осы бағанда, сондай-ақ өткен салық кезеңi үшiн 100.23.001 жолына қосымша нысанның К бағанында айқындалған Салық кодексiнiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес екi еселенген нормамен амортизациялық аударымдар сомасы есептелген негiзгi құралдардың қалдық құны көрсетiледi;
      9) I бағанында  Салық кодексiнiң  109-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретiнде негiзгi құралдарды сатудан алынған және/немесе алынуы, қаржы лизингiне берiлуi тиiс, сондай-ақ негiзгi құралдардың есептен шығарылуы, жоғалуы, жойылуы, ысырабы кезiндегi сома көрсетiледi;
      10) J бағанында  Салық кодексiнiң  108-бабының 2-тармағына сәйкес есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың негiзгi құралдарының теңгерiмдiк құнының шамасы (G+H-I) айқындалады;
      11) К бағанында Салық кодексiнiң 107-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес (J х Ғ) есептелген есептi салық кезеңдегi амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында  Салық кодексiнiң  113-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс негiзгi құралдардың әрбiр шағын тобы бойынша жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдарды жөндеуге кеткен нақты шығыстардың сомасы көрсетiледi;
      13) M бағанында Салық кодексiнiң 113-бабына сәйкес жалпы шыққан шығыстар сомасына тепе-тең негiзгi құралдардың тиiстi тобының, шағын тобының теңгерiмдiк құны артатын, L бағанында көрсетiлген сомадан асатын негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушiнiң шыққан нақты шығыстарының сомасы көрсетiледi;
      14) N бағанында  Салық кодексiнiң  111-бабының 2-тармағына сәйкес 100 айлық есептiк көрсеткiштен кем соманы құрайтын есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шамасы, шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi;
      15) О бағанында егер Салық кодексiнiң 111-бабының 1-тармағына сәйкес осы шағын топтың барлық кесiмдi активтерi есептi салық кезеңiнiң соңына есептен шықса, J бағанында көрсетiлген сомаға тең есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi;
      16) Р бағанында Салық кодексiнiң 108-бабының 2-тармағында көзделген түзетулер (J - К + M - N - О) есебiмен есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi.
      Жиынтық шама:
      100.22.001 жолға қосымша нысанның G бағаны 100.22.001A жолына, H бағаны - 100.22.001B жолына, I бағаны - 100.22.001C жолына, J бағаны - 100.22.001D жолына, К бағаны - 100.22.001E жолына, L бағаны - 100.00.001F жолына, M бағаны - 100.22.001G жолына, N бағаны - 100.22.001H жолына, О бағаны - 100.22.001I жолына, Р бағаны - 100.22.001J жолына көшiрiледi;
      100.22.002 жолға қосымша нысанның G бағаны 100.22.003A жолына, H бағаны - 100.22.002B жолына, I бағаны - 100.22.002С жолына, J бағаны - 100.22.002D жолына, К бағаны - 100.22.002E жолына, L. бағаны - 100.00.002F жолына, M бағаны - 100.22.002G жолына, N бағаны - 100.22.002H жолына, О бағаны - 100.22.002I жолына, Р бағаны - 100.22.002J жолына көшiрiледi;
      100.22.003 жолға қосымша нысанның G бағаны 100.22.003A жолына, H бағаны - 100.22.003B жолына, I бағаны - 100.22.003C жолына, J бағаны - 100.22.003D жолына, К бағаны - 100.22.003E жолына, L бағаны - 100.00.003F жолына, М бағаны - 100.22.003G жолына, N бағаны - 100.22.003H жолына, О бағаны - 100.22.003I жолына, Р бағаны - 100.22.003J жолына көшiрiледi.

      165. 100.22.005 жолға қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын материалдық емес активтердiң атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында  Салық кодексiнiң  110-бабының 1-тармағына сәйкес амортизацияның шектi нормалары процентпен көрсетiледi;
      4) D бағанында С бағанында көрсетiлген шектен аспайтын материалдық емес активтер бойынша салық төлеушi қолданатын амортизацияның нормалары процентпен көрсетiледi;
      5) E бағанында өткен салық кезеңiндегi 100.22.005 жолына қосымша нысанның L бағанындағы тиiстi жолдардан көшiрiлетiн есептi салық кезеңiнiң басындағы материалдык емес активтердiң шағын тобының теңгерiмдiк құнының шамасы көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында есептi салық кезеңiнде сатып алынған, тегiн алынған, сондай-ақ жарғылық капиталға салым ретiнде түскен және жылдық жиынтық табысты алу үшiн пайдаланылатын материалдық емес активтердiң құны көрсетiледi. Материалдық емес активтердiң құны Салық кодексiнiң 106-бабына сәйкес айқындалады. Осы бағанда өткен салық кезеңi үшiн 100.23.001 жолға қосымша нысанның К бағанында айқындалған Салық кодексiнiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес амортизацияның екi еселеген нормасымен амортизациялық аударымдардың сомасы есептелген материалдық емес активтердiң қалдық құны көрсетiледi;
      7) G бағанында Салық кодексiнiң 109-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретiнде материалдық емес активтердi сатудан алынған және/немесе алынуы, қаржы лизингiне берiлуi тиiс, сондай-ақ сақтандырылған материалдық емес активтер бойынша есептен шығарылуы, жоғалуы, жойылуы, ысырабы кезiндегi сома көрсетiледi.
      8) H бағанында есептi салық кезеңiнiң аяғында Салық кодексiнiң 108-бабының 2-тармағына сәйкес (E + Ғ - G) материалдық емес активтердiң шағын тобының теңгерiмдiк құнының шамасы айқындалады;
      9) I бағанында Салық кодексiнiң 107-бабының 2-тармағына сәйкес (HxD) есептi салық кезеңiне есептелген амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында Салық кодексiнiң 111-бабының 2-тармағына сәйкес 100 айлық есептiк көрсеткiштiң кем сомасын құрайтын есептiк салық кезеңiнiң аяғындағы шама, шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi;
      11) К бағанында егер Салық кодексiнiң 111-бабының 1-тармағына сәйкес осы шағын топтың барлық кесiмдi активтерi есептi салық кезеңiнiң аяғында есептен шықса, H бағанында көрсетiлген сомаға тең есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi;
      12) L бағанында амортизациялық аударымдар сомасына кемiтiлген және Салық кодексiнiң 108-бабының 2-тармағында (H - I - J - К) көзделген түзету есебiмен есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны ретiнде айқындалатын, есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi.
      100.22.005 жолға қосымша нысанның E бағанының жиынтық шамасы 100.22.005A жолына, F бағаны - 100.22.005B жолына, G бағаны - 100.22.005C жолына, H бағаны - 100.22.005D жолына, I бағаны - 100.22.005E жолына. J бағаны - 100.00.005Ғ жолына, К бағаны - 100.22.001G жолына, L бағаны - 100.22.005H жолына көшiрiледi.
      100.22.003 жолға қосымша нысанның J бағаны мен 100.22.005 жолға қосымша нысанның H бағаны бойынша терiс сомасы 100.22.006 жолына көшiрiледi.

      166. 100.22.007 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында негiзгi құралдарды жылдық жиынтық табыс алу мақсатында алған жалға берушінің атауы (аты-жөні, тегі) көрсетіледі;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      4) D бағанында жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланатын, олар бойынша жөндеуге кеткен шығыстар келiсiм-шартқа сәйкес жалға берушi өтемеген негiзгi құралдардың атауы көрсетiледi;
      5) E бағанында Салық кодексiнiң 10-бабындағы 1-тармаққа сәйкес, D бағанында көрсетiлген негiзгi құралдар топтарының нөмiрi көрсетiледi;
      6) F бағанында негiзгi құралдар жалға алу келiсiм-шартының нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      7) G бағанында жал келiсiм-шартына сәйкес есептi салық кезеңi үшiн жал төлемiнiң сомасы көрсетiледi;
      8) H бағанында жалға алған негiзгi құралдарды жөндеуге нақты шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында жалға берушi өтеуге тиiс жөндеуге кеткен шығыстардың сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында жалға берушi өтемеген, H және I бағанындары сомасының айырмашылығы ретiнде айқындалатын жөндеуге кеткен шығыстардың сомасы көрсетiледi;
      11) К бағанында  Салық кодексiнiң  113-бабының 4-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс негiзгi құралдарды жөндеуге нақты шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында Салық кодексiнiң 113-бабының 4-тармағына сәйкес және J және К бағандары сомасының айырмашылығы ретiнде айқындалатын шегерiмге жатқызылмайтын негiзгi құралдарды жөндеуге кеткен нақты шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi.
      100.22.007 жолына қосымша нысан G бағанының жиынтық шамасы 100.22.007A жолына, H бағаны - 100.22.007B жолына, I бағаны 100.22.007C жолына, J бағаны - 100.22.007D жолына, К бағаны 100.22.007E жолына, L бағаны - 100.22.007F жолына көшiрiледi.

  25. Алғаш рет пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар - 100.23 нысанын жасау

      167. Бұл нысан салық төлеушi алғаш рет пайдалануға берiлген және  Салық кодексiнiң  110-бабының 2-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды айқындауға арналған.
      Салық кодексiнiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдарын салық төлеушi шегерiмге жатқызған кезде, осы нысан үш жыл iшiнде жиынтық жылдық табыс алу мақсатында тiркелген активтердi пайдалануды растау үшiн өткен үш салық кезеңiне берiледi.

      168. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      169. "Алғаш рет пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар" бөлiмiнде:
      100.23.001 жолы алғаш рет пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және осы қосымша нысанның негiзiнде толтырылады.

      170. 100.23.001B жолының шамасы 100.00.036C жолға көшiрiледi.
      171. 100.23.001 жолға қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында тiркелген активтердiң атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi тiркелген активтi iске қосу күнi көрсетiледi;
      4) D бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағына сәйкес тiркелген актив тобының нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағына сәйкес тiркелген активтiң шағын тобының нөмiрi көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағында белгiленген тiркелген активтердiң әрбiрiнiң атауы бойынша процентпен салық төлеушi қолданатын амортизацияның шектi нормалары көрсетiледi;
      7) G бағанында Ғ бағанда көрсетiлген шектен аспайтын, тiркелген активтердiң әрбiрiнiң атауы бойынша процентпен салық төлеушi қолданатын амортизацияның нормалары көрсетiледi;
      8) H бағанында салық төлеушi Салық кодексiнiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес (G x 2) қолданатын, амортизацияның екi еселенген нормалары көрсетiледi;
      9) I бағанында Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берiлген және салық төлеушi жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланатын, түскен тiркелген активтердiң құны көрсетiледi;
      10) J бағанында кемiнде үш жылда жылдық жиынтық табыс алу мақсатында (I x Н) тiркелген активтердiң деректерiн пайдалану шарты кезiнде амортизацияның екi еселенген нормасы бойынша есептелген амортизация аударымдарының сомалары көрсетiледi;
      11) К бағанында Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берiлген және жылдық жиынтық табыс алу үшiн (I-J) пайдаланылатын тiркелген активтердiң құны көрсетiледi. Келесi салық кезеңiнде осы бағанның деректерi салық салу мақсатында амортизация аударымдарын есептеу үшiн тиiстi шағын топтың теңгерiмдiк құнына енгiзуге жатады және келесi салық кезеңiнiң 100.22.001, 100.22.002, 100.22.003 жолдарға қосымша нысанның H бағанының және 100.22.005 жолға қосымша нысанның F бағанының тиiстi жолдарына көшiрiледi.
      12) L бағанында тиiстi тiркелген активтiң жойылған күнi көрсетiледi.
      100.23.001 жолға қосымша нысанның I бағанының жиынтық шамасы 100.23.001A жолына, J бағаны - 100.23.001B жолына, К бағаны 100.23.001C жолына көшiрiледi.

  26. Инвестициялық салықтық преференциялар бойынша шегерiмдер - 100.24 нысанын жасау

      172. Бұл нысан  Салық кодексiнiң  5-бөлiмнiң ережелерiне сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс инвестициялық жобалар шеңберiнде жаңадан пайдалануға берiлген негiзгi құралдардың құнын айқындауға арналған.

      173. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi;
      3) өтелiмдiлiк мерзiмi;
      4) инвестицияларды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар туралы мәселенi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жасалған келiсiм-шарт нөмiрi мен күнi;
      5) преференциялар берiлген кезең.

      174. "Инвестициялық салықтық преференциялар бойынша шегерiмдер" бөлiмiнде:
      100.24.001 жолы инвестициялық жобалар шеңберiнде жаңадан пайдалануға берiлген негiзгi құралдардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және осы қосымша нысанның негiзiнде толтырылады.

      175. 100.24.001B жолының шамасы 100.00.036F жолға көшiрiледi.
      176. 100.24.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында негiзгi құралдардың атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында негiзгi құралдарды iске қосу күнi көрсетiледi;
      4) D бағанында инвестициялық жоба шеңберiнде жаңадан пайдалануға берiлген негiзгi құралдардың құны көрсетiледi (инвестициялық бағдарлама). Келесi салық кезеңiнде осы жолға өткен салық кезеңi үшiн 100.24.001 жолға қосымша нысанының G бағанының тиiстi жолдарындағы негiзгi құралдардың қалдық құны және келiсiм-шарттың шарты бойынша есептi салық кезеңiнде жаңадан пайдалануға берiлген негiзгi құралдардың құны көшiрiледi;
      5) E бағанында есеп бойынша инвестициялық салықтық преференциялар берудiң ағымдағы кезеңi көрсетiледi (бiрiншi салық кезеңi - преференцияларды қолданудың бiрiншi жылы, келесi салық кезеңдерi - Қазақстан Республикасынын заңдарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттың негiзiнде преференцияларды қолдану жылы). Преференцияларды қолдану мерзiмi инвестициялардың көлемi мен өтелу мерзiмiне байланысты, бiрақ  Салық кодексiнiң  139-бабының 2 және 6-тармақтарына сәйкес преференцияларды қолдану мерзiмiнен бастап бес жылдан аспайды;
      6) Ғ бағанында келiсiм-шартқа сәйкес инвестициялық салықтық преференцияларды қолдану мерзiмiне қарай шегерiмге жатқызылуы тиiс негiзгi құралдардың құны көрсетiледi;
      7) D бағанында келесi салық кезеңiнiң 100.24.001 жолына қосымша нысанының D бағанының тиiстi жолдарына көшiрiлетiн негiзгi құралдардың құны көрсетiледi (D - F).
      100.24.001 жолға қосымша нысанның D бағанының жиынтық шамасы 100.24.001A жолына, F бағаны - 100.24.001B жолына, G бағаны - 100.24.001C жолына көшiрiледi.

      177. Осы нысан резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмаған қызметiне Қазақстан Республикасының көздерiнен түскен кiрiс және Салық кодексiнiң  179 187 198 - 202 -баптарына сәйкес төлем көзiнен табыс салығының сомасын айқындауға арналған.

  27. Резидент еместерге төлейтiн Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстары - 100.25 нысанын жасау

      178. Осы нысан резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмаған қызметiне Қазақстан Республикасының көздерiнен түскен кiрiс және Салық Салық кодексiнiң 179, 187, 198-202-баптарына сәйкес төлем көзiнен табыс салығының сомасын айқындауға арналған.

      179. "Есептiк көрсеткiштер" бөлiмiнде:
      1) 100.25.001 жолы салық кезеңiнiң басында резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға төленбеген табысының сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның негiзiнде толтырылады;
      2) 100.25.002 жолы салық кезеңi үшiн резидент емеске есептелген табыстың сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның негiзiнде толтырылады;
      3) 100.25.003 жолы салық кезеңi үшiн резидент емеске есептелген жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның негiзiнде толтырылады;
      4) 100.25.004 жолы салық кезеңi үшiн резидент емеске төлеуге тиiстi, кiрiс сомаларының және осындай кiрiстерден жеке табыс салығы сомаларының есептелген табыстың сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның негiзiнде толтырылады;
      5) 100.25.005 жолы өткен салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша декларацияда резидент емеске төленген және (немесе) салық агентi шегерiмге жатқызған бюджетке есептеуге тиiстi табыстың сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның негiзiнде толтырылады;
      6) 100.25.006 жолы өткен салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша декларацияда резидент емес төлеген және (немесе) салық агентi шегерiмге жатқызған бюджетке есептеуге тиiстi жеке табыс салығы сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның негiзiнде толтырылады;
      7) 100.25.007 жолы  Салық кодексiнiң  198-бабына сәйкес шартты банк салымына орналастырылған жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның негiзiнде толтырылады.

      180. 100.25.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында  Салық кодексiнiң  178-бабына сәйкес резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Ереженiң 224-бабына сәйкес кiрiстерiнiң коды көрсетiледi;
      3) С бағанында салық кезеңiнiң басында төленбеген кiрiстердiң сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында салық кезеңi үшiн есептелген кiрiстердiң сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында кiрiстерден есептелген табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында D және E бағандары көрсеткiштерi арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалатын салық кезеңi үшiн төленуге тиiс кiрiс сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында төленген кiрiстердiң және (немесе) салық агентi шегерiмге жатқызған табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      8) H бағанында резидент еместерге төленген кiрiстерден және (немесе) бюджетке есептеуге тиiстi салық агентi шегерiмге жатқызған табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасы көрсетiледi.
      100.25 қосымша нысанның С бағанының жиынтық шамасы 100.25.001 жолға, D бағанының - 100.25.002 жолына, E бағаны - 100.25.003 жолына, F бағаны - 100.25.004 жолына, G бағаны - 100.25.005 жолына, H бағаны - 100.25.006 жолына, I бағаны - 100.25.007 жолына көшiрiледi.

  28. Халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын кiрiстi есептеу -
100.26 нысанын жасау

      181. Осы нысан  Салық кодексiнiң  199-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасымен жасасқан қосарланған салық салуға жол бермеу және кiрiстер мен мүлiктерге (капиталға) салық салудан жалтарудың алдын алу туралы халықаралық шарт ережелерi (бұдан әрi - халықаралық шарт) бойынша салық салудан босатылатын салық салынатын кiрiс сомасын айқындауға арналған.
      100.26 нысанын Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес толтырады. Бұл нысанға салық төлеушi-резидент еместiң резиденттiгiн растайтын құжат қоса тiркеледi.

      182. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi;
      3) қолданылатын халықаралық шарттың толық атауы;
      4) шығыстарды есептеудiң қолданылатын әдiсi (тиiстi торкөзде әдiстердiң бiрi көрсетiледi).

      183. "Есеп" бөлiмiнде:
      1) 100.26.001 жолы резидент емес салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған жиынтық жылдық табысының жалпы сомасын көрсетуге арналған. Бұл жолға 100.26.003 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      2) 100.26.002 жолы  Салық кодексiнiң  199-бабының 1-тармағына сәйкес бухгалтерлiк есепте осындай кiрiстерге бөлек есеп жүргiзу негiзiнде есептелген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған халықаралық жүк тасымалдауда көлiк қызметiн көрсетуден алынған кiрiс сомасын көрсетуге арналған;
      3) 100.26.003 жолы резидент емес салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алу үшiн шеккен шығыстарының шегерiлетiн жалпы сомасын көрсетуге арналған. Осы жолға 100.00.037 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      4) 100.26.004 жолы салық төлеушiнiң халықаралық тасымалдауларда көлiк қызметiн көрсетуден кiрiс алу мақсатында шеккен шығыстарының сомасын көрсетуге арналған. Салық төлеушi шығыстарды есептеудiң тура әдiсiн қолданған жағдайда осы жолда бухгалтерлiк есепте осындай шығыстарды есептеудiң бөлек әдiсiн қолдану негiзiнде есептелген құжаттармен расталған сома көрсетiледi. Шығыстарды есептеудiң жанама әдiсiн қолданған жағдайда осы 100.26.004 жолы 100.26.003 жолының үлес салмағы және деректерiнiң қосындысы ретiнде есептеледi. Үлес салмағы 100.26.002 жолы деректерiнiң 100.26.001 жолы деректерiне қатынасы ретiнде айқындалады. Бұл ретте, салық төлеушi халықаралық тасымалдауларда көлiк қызметiн көрсетуден кiрiс алу мақсатында шеккен шығыстарын есептеудiң көрсетiлген әдiстерiнiң бiрiн дербес таңдауға құқылы;
      5) 100.26.005 жолы халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын кiрiс (залал) сомасын көрсетуге арналған. 100.26.005 жолының деректерi 100.26.002 және 100.00.004 жолдары деректерiнiң айырмашылығы ретiнде есептеледi.

      184. 100.26.005 жолының шамасы 100.00.039 жолына көшiрiледi.

  29. Залалдарды көшiру - 100.27 нысанын жасау

      185. Бұл нысан  Салық кодексiнiң  124-бабына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтен көшiрiлген залалдар сомасының есебiне арналған.

      186. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      187. "Залалдар" бөлiмiнде:
      100.27.001 жолы өткен салық кезеңдерiнен көшiрiлетiн залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      188. 100.27.001 жолының шамасы 100.00.44 жолына көшiрiледi.
      189. 100.27.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында залал пайда болған және осы жол толтырылатын өткен салық кезеңдерiнен көшiрiлген залалдың жиынтық сомасы көрсетiледi;
      3) С бағанында өткен салық кезеңдерiнен көшiрiлген залалдар сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында есептi салық кезеңiнде алынған кiрiс (көшiрiлуге тиiстi залал) көрсетiледi. Егер 100.00.040 жолында кiрiс алынса, онда салық салынатын кiрiстiң түзетiлген сомасына кемiтiлген кiрiс сомасы (100.00.043 жолы) осы бағанға көшiрiледi. Егер 100.00.040 жолында залал алынған жағдайда, онда осы бағанға 100.00.042 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi.
      5) E бағанында келесi салық кезеңiне көшiрiлетiн залал көрсетiледi. D және С бағандарының және 100.02.002 жолында көрсетiлген үй-жайлар, құрылыстар және ғимараттарды сату кезiнде алынған залал айырмашылығы ретiнде айқындалады. Осы сома Салық кодексiнiң 124-бабының 1-тармағында белгiленген залалдарды көшiруге арналған мерзiм өтiп кеткенге дейiн келесi салық кезеңнiң қосымша нысанының С бағанына көшiрiледi.
      6) Ғ бағанында Салық кодексiнiң 124-бабының 1-тармағында белгiленген залалдарды көшiруге арналған мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты келесi салық кезеңiне көшiруге жатпайтын залал көрсетiледi.
      100.27.001 жолына қосымша нысанның тиiстi салық кезеңiнiң С бағанының шамасы 100.27.001 жолына көшiрiледi.

  30. Шетелдiк салық есебi - 100.28 нысанын жасау

      190. Бұл нысан  Салық кодексiнiң  129-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке алынған шетел мемлекеттерiндегi көздерден салық төлеушi алған кiрiс бойынша табыс салығы және табысқа (бұдан әрi - табыс салығы) салық сомасын айқындауға арналған.
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерде салық төлеушi төлеген табыс салығының сомасы салықтарды төлегенiн растайтын құжаттардың болуы кезiнде жүргiзiледi. Мұндай құжат шетел мемлекеттерiндегi көздерден алынған кiрiс және төленген салықтар сомасы туралы шетел мемлекетiнiң салық органы растаған анықтама болуы мүмкiн.

      191. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      192. "Дивиденттер" бөлiмiнде:
      100.28.001 жолы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған дивидендтерден салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      193. "Сыйақылар" бөлiмiнде:
      100.28.002 жолы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған сыйақылардан салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      194. "Роялти" бөлiмiнде:
      100.28.003 жолы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған роялтиден салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      195. "Халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен кiрiс" бөлiгiнде:
      100.28.004 жолы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған халықаралық тасымалдарда көлiктiк қызмет көрсетуден түскен кiрiстен салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      196. "Тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырылатын қызметтен түскен өзгелей кiрiс" бөлiгiнде:
      100.28.005 жолы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырылатын қызметтен түскен өзгелей кiрiстен салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      197. "Тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен түскен салық салынатын кiрiс (пайда)":
      100.28.006 жолы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен түскен салық салынатын кiрiстен (пайдадан) салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      198. "Барлығы" бөлiгiнде:
      100.28.007 жолы 100.28.001C, 100.28.002C, 100.28.003C, 100.28.004C, 100.28.005C, 100.28.006С жолдарында айқындалған, Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған салықтың жиынтық сомасын көрсетуге арналған.

      199. 100.28.007 жолының шамасы 100.29.005А жолына көшiрiледi.
      100.28.001A жолының шамасы 100.07.002 жолына көшiрiледi.
      100.28.002A жолының шамасы 100.08.003 жолына көшiрiледi.

      200. 100.28.001, 100.28.002, 100.28.003, 100.28.004 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында осы Ереженiң 225-тармағына сәйкес кiрiс төлемi көзi - елi көрсетiледi;
      3) С бағанында әрбiр төлем көзi - елi бойынша есептi салық кезеңi iшiнде салық төлеушiге есептелген кiрiс сомасы көрсетiледi. Егер салық төлеушi бiр шетел мемлекетiнде есептi салық кезеңi iшiнде бiрнеше көздерден кiрiс алған жағдайда, онда осы шетел мемлекетi бойынша есептелген кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында тиiстi төлем көзi - елi заңдарымен немесе халықаралық шартпен белгiленген төленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      5) E бағанында әрбiр кiрiс төлем көзi - елiне төленген табыс салығының сомасы көрсетiледi. Бұл орайда, E бағанының деректерi С және D бағандарының қосындысы ретiнде айқындалады;
      6) F бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      7) G бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi. Бұл орайда, G бағанның деректерi С және F бағандарының қосындысы ретiнде айқындалады.
      100.28.001 жолға қосымша нысанның С бағанының жиынтық шамасы 100.28.001A жолына, E бағаны - 100.28.001B жолына, G бағаны - 110.28.001C жолына көшiрiледi, 100.28.002 жолға қосымша нысанның С бағаны 100.28.002A жолына, E бағаны - 100.28.002B жолына, G бағаны - 100.28.002C жолына көшiрiледi, 100.28.003 жолға қосымша нысанның С бағаны 100.28.003A жолына, E бағаны - 100.28.003B жолына, G бағаны - 100.28.003C жолына көшiрiледi, 100.28.004 жолға қосымша нысанның С бағаны 100.28.004A жолына, E бағаны - 100.28.004B жолына, G бағаны - 100.28.004C жолына көшiрiледi.

      201. 100.28.005 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында осы Ереженiң 224-тармағына сәйкес кiрiстiң төлем көзi - елi бойынша ашылатын сома тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырылатын қызметтен түскен кiрiс түрi көрсетiледi;
      3) С бағанында осы Ереженiң 225-тармағына сәйкес кiрiстiң төлем көзi - елi көрсетiледi;
      4) D бағанында әрбiр төлем көзi - елi бойынша есептi салық кезеңi iшiнде салық төлеушiге есептелген кiрiс сомасы көрсетiледi. Егер бiр шетел мемлекетiнде салық төлеушi есептi салық кезеңi iшiнде бiрнеше көздерден кiрiс алған жағдайда, осы шетел мемлекетi бойынша есептелген кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында тиiстi төлем көзi - елi заңдарында немесе халықаралық шартта белгiленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      6) F бағанында әрбiр төлем көзi - елiнде төленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi. Бұл орайда, F бағанының деректерi D және E бағандарының деректерiнiң қосындысы ретiнде айқындалады;
      7) G бағанында  Салық кодексiнiң  129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      8) H бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi. Бұл орайда, H бағанның деректерi D және G бағандарының деректерiнiң қосындысы ретiнде айқындалады.
      100.28.005 жолға қосымша нысанның D бағанының жиынтық шамасы 100.28.005A жолына, F бағаны - 100.28.005B жолына, H бағаны 100.28.005C жолына көшiрiледi.

      202. 100.28.006 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында осы Ереженiң 225-тармағына сәйкес кiрiстiң төлем көзi - елi көрсетiледi;
      3) С бағанында есептi салық кезеңiнiң iшiнде олардың салық заңнамаларына сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша салық төлеушi есептеген салық салынатын кiрiстiң (пайданың) сомасы көрсетiледi. Егер бiр шетел мемлекетiнде салық төлеушi есептi салық кезеңi iшiнде бiрнеше көздерден салық салынатын кiрiс алған жағдайда, онда осы шетел мемлекетi бойынша есептелген салық салынатын кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында тиiстi төлем көзi - елi заңдарында немесе халықаралық шартта белгiленген төленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      5) E бағанында әрбiр кiрiстiң төлем көзi - елiнде төленген табыс салығының сомасы көрсетiледi. Бұл орайда, E бағанының деректерi С және D бағандарының қосындысы ретiнде айқындалады;
      6) F бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      7) G бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының сомасы көрсетiледi. Бұл орайда, G бағанның деректерi С және F бағандарының деректерiнiң қосындысы ретiнде айқындалады.
      100.28.006 жолға қосымша нысанның С бағанының жиынтық шамасы 100.28.006A жолына, E бағаны - 100.28.006B жолына, G бағаны 100.28.006C жолына көшiрiледi.

  31. Салық мiндеттемесiн есептеу - 100.29 нысанын жасау

      203. Бұл нысан салық төлеушiнiң корпорациялық табыс салығының сомасын есептеуiне резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiнен таза кiрiске салық және төленген аванстық төлемдер мен жүргiзiлген есепке алулар, есептi салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша басқа да есеп айырысуларды, сондай-ақ заңды тұлға бойынша жалпы деректердi көрсетуге арналған.

      204. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      205. "Салық есептеу және жүргiзiлген төлем бойынша есеп" бөлiмiнде:
      1) 100.29.001 жолында 110.00.045 жолында айқындалған салық салынатын кiрiстiң сомасы көрсетiледi;
      2) 100.29.002 жолында  Салық кодексiнiң  135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығының есептелген сомасы көрсетiледi. 100.29.002 жолының шамасы 100.00.046 жолына көшiрiледi;
      3) 100.29.003 жолын қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүргiзетiн резидент eмec заңды тұлғалар толтырады. Осы жолда 100.29.001 және 100.29.002 жолдарының айырмашылығы ретiнде айқындалатын таза кiрiс сомасы көрсетiледi;
      4) 100.29.004 жолын қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүргiзетiн резидент емес заңды тұлғалар толтырады. Осы жолда  Салық кодексiнiң  185 немесе  201 -баптарына сәйкес есептелген қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүргiзетiн резидент емес заңды тұлғаның таза кiрiсiне салық сомасы көрсетiледi. Бұл ретте тиiстi жолдарда Салық кодексiнiң 185-бабының 1-тармағымен белгiленген ставка бойынша, немесе Салық кодексiнiң 201-бабына сәйкес халықаралық шартпен белгiленген ставка бойынша есептелген салық сомасы көрсетiледi. Егер салық төлеушi таза кiрiске салық төлеуге қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолданса, онда халықаралық шартқа сәйкес осындай салық ставкасы және көрсетiлген шарт атауы көрсетiледi, сондай-ақ салық төлеушiнiң резиденттiгiн растайтын құжат қоса тiркеледi. 100.29.004 жолында көрсетiлген таза кiрiске салық сомасы 100.29.004A немесе 100.29.004B жолдарының деректерiне қарай айқындалады. 100.29.004 жолының шамасы 100.00.047 жолына көшiрiледi;
      5) 100.29.005 жолында есептелген корпорациялық табыс салығының жалпы сомасы көрсетiледi. Ол 100.29.002 және 100.29.004 жолдарының сомасы ретiнде айқындалады;
      6) 100.29.005A жолында  Салық кодексiнiң  129-бабының ережелерiне сәйкес осы Декларацияда көрсетiлген кiрiстен ұсталған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының сомасы көрсетiледi. Бұл жолға 100.29.007A жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      7) 100.29.005B жолында Қазақстан Республикасында сыйақы (ұтыс) төлеу көзiнен ұсталған салықтың сомасы көрсетiледi. Бұл жолға 100.08.001B, 100.08.002D және 100.08.003D жолдарында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      8) 100.29.006 жолында есептi салық кезеңi үшiн есептелген корпорациялық табыс салығының жалпы сомасы көрсетiледi. Бұл жолға 100.29.005 жолының сомасымен және 100.29.002 және 100.29.004 жолдары көрсетiлген сомасы көшiрiледi;
      9) 100.29.007 жолында 100.29.007А және 100.29.007B жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын аванстық төлемдердiң жиынтық шамасы көрсетiледi;
      10) 100.29.007A жолында есептi салық кезеңi үшiн есептелген корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде өткен салық кезеңiнен көшiрiлген және салықтың басқа түрлерiнен артық төленген салық сомасы көрсетiледi;
      11) 100.29.007В жолында есептi салық кезеңi үшiн салық төлеушi есептi салық кезеңiнде төлеген аванстық төлемдердiң жиынтық шамасы көрсетiледi;
      12) 100.29.008 жолында төлеуге жататын корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. 100.29.005 жолында көрсетiлген корпорациялық табыс салығының сомасы және 100.29.006 және 100.29.007 жолдарында көрсетiлген есепке алулар мен жүргiзiлген аванстық төлемдер сомасы арасында есептелген айырмашылық ретiнде айқындалады.
      100.29.008 жолының шамасы 100.00.051 жолына көшiрiледi;
      13) 100.29.009 жолында төленген аванстық төлемдер шамасы 100.29.006 және 100.29.007 жолдарында көрсетiлген төленген аванстық төлемдер мен жүргiзiлген есепке алулар 100.29.005 жолында есептелген корпорациялық табыс салығының сомасынан артық жағдайда айқындалатын артық төленген салық сомасы көрсетiледi. 100.29.006 және 1010.29.007 жолдарының сомасы айырмасы ретiнде айқындалады.

      206. "Басқа ақпарат" бөлiмiнде:
      1) 100.20.010 жолында статистика органдарының деректерi бойынша Экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуiшiне сәйкес кәсiпкерлiк қызмет түрлерi көрсетiледi;
      2) 100.20.011 жолында статистика органдарының деректерi бойынша КОЖЖ (кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктегішi) коды көрсетiледi;
      3) 100.29.012 жолында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiледi;
      4) 100.29.013 жолында занды тұлғаның меншiк түрi көрсетiледi: жеке меншiк немесе мемлекеттiк.

      207. 100.29.002 жолының шамасы 100.00.046 жолына көшiрiледi.
      100.29.004 жолының шамасы 100.00.047 жолына көшiрiледi.
      100.29.005 жолының шамасы 100.00.048 жолына көшiрiледi.
      100.29.006 жолының шамасы 100.049 жолына көшiрiледi.
      100.29.007 жолының шамасы 100.00.050 жолына көшiрiледi.
      100.29.008 жолының шамасы 100.00.051 жолына көшiрiледi.
      100.29.009 жолының шамасы 100.00.052 жолына көшiрiледi.

  32. Бухгалтерлiк теңгерме - 100.30 нысанын жасау

      208. Бұл нысан бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептi салық кезеңiне әзiрленген салық төлеушiнiң қаржылық есебi болып табылады.

  33. Кiрiстер және шығыстар туралы есеп -
100.31 нысанын жасау

      209. Бұл нысан бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептi салық кезеңiне әзiрленген салық төлеушiнiң қаржылық есебi болып табылады.

      210. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      211. "Көрсеткiштер" бөлiмiнде:
      100.31.01-100.31.11 жолдары бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша толтырылады. Бұл орайда, 100.31.01-100.31.03 жолдары қосымша нысанның негiзiнде толтырылады.

      212. 100.31.001, 100.31.002, 100.31.003 жолдарына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында салық төлеушiлер жүзеге асыратын қызмет түрлерi көрсетiледi;
      3) С бағанында бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша В бағанда көрсетiлген қызмет түрлерi бөлiгiнде тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзуден түскен кiрiс көрсетiледi;
      4) D бағанында бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша В бағанда көрсетiлген қызмет түрлерi бөлiгiнде өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құны көрсетiледi;
      5) E бағанында С және D бағандарының айырмашылығы ретiнде айқындалады.
      100.31.001, 100.31.002, 100.31.003 жолдарына қосымша нысанның С бағанының жиынтық шамасы 100.31.001 жолына, D бағаны - 100.31.002 жолына, E бағаны - 100.31.003 жолына көшiрiледi.

  34. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларациямен
кiрiстер және шығыстар туралы есептi салыстыру -
100.32 нысанын жасау

      213. Бұл нысан олардың арасындағы кiрiстер және шығыстар туралы есеп және салық салынатын кiрiс бойынша айқындалған және айырмашылықтарды айқындау жолымен Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация бойынша айқындалған таза кiрiстi салыстыруға арналған.
      Осы қосымшадағы айырмашылықты айқындау үшiн бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi заңдарына, салық заңнамаларының ережелерi бойынша айқындалған кiрiс пен шегерiмдерге сәйкес есептi салық кезеңiне жасалған кiрiстер және шығыстар туралы есепте салық төлеушi айқындаған кiрiстердi (залалдарды) салыстыру жүргiзiледi.

      214. I бағанын толтыру кезiнде Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген деректер пайдаланылады.

      215. II бағанын толтыру кезiнде бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi жөнiндегi заңнамаға сәйкес алынған бухгалтерлiк есеп деректерi пайдаланылады.

      216. III бағанында 100.32.001, 100.32.002, 100.32.003 жолдардан басқа, I және II бағандардың айырмашылығы көрсетiледi.

      217. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      218. "Көрсеткiштер" бөлiмiнде:
      1) 100.32.001 жолында қаржы есептемесi бойынша таза кiрiс (залал) көрсетiледi;
      2) 100.32.002 жолында 100.00.046 және 100.00.047 жолдарында көрсетiлген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      3) 100.32.003 жолында 100.00.045 жолында көрсетiлген салық салынатын кiрiс көрсетiледi;
      4) 100.32.004 жолында:
      I бағанына 100.00.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен кiрiс көрсетiледi;
      5) 100.32.005 жолында:
      I бағанда 100.32.005A-100.32.005E жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын активтердi сату кезiнде құнның өсуiнен түскен кірістің (залалдың) жалпы сомасы көрсетiледi;
      II бағанда 100.32.005A-100.32.005E жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша 100.31.004 жолда көрсетiлген тауарлардан (жұмыстардан, қызмет көрсетулерден) басқа, активтердi сатудан түскен кiрiстiң (залалдың) жалпы сомасы көрсетiледi;
      6) 100.32.005A жолда:
      I бағанға 100.02.001; 100.02.002 және 100.02.003 жолдарында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда тұрғын-үйлер, ғимараттар, құрылыстардан түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      7) 100.32.005В:
      I бағанға 100.02.004 жолда көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда тұрғын-үйлер, ғимараттар, құрылыстардан басқа, негiзгi құралдардан түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      8) 100.32.005C жолында:
      II бағанда материалдық емес активтердi өткiзуден түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      9) 100.32.005D жолында:
      I бағанда 100.02.005-100.002.009 жолдардың сомасы ретiнде айқындалатын шама көрсетiледi;
      II бағанда бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      10) 100.32.005E жолында:
      II бағанда басқа да активтердi сатудан түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      11) 100.32.006 жолында:
      I бағанға 100.00.003 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда есептен шығару мiндеттемесiнен түскен кiрiс көрсетiледi;
      12) 100.32.007 жолында:
      I бағанға 100.00.004 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      13) 100.32.008 жолында:
      I бағанға 100.00.005 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда мүлiктi жалға бергеннен түскен кiрiс көрсетiледi;
      14) 100.32.009 жолында:
      І бағанға 100.00.006 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІI бағанда борыштың талаптан қайтудан түскен кiрiсi көрсетiледi;
      15) 100.32.010 жолында:
      I бағанға 100.00.007 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда кәсiпкерлiк қызметтi шектеу немесе тоқтатуға келiсуден алынған кiрiс сомасы көрсетiледі;
      16) 100.32.011 жолында:
      І бағанға 100.00.009 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда кәсiпкерлiк қызметiн шектеу немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      17) 100.32.012 жолында:
      І бағанға 100.00.010 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда жалпы үлестiк меншiктен түскен кiрiстi бөлу кезiнде алынған кiрiс сомасы көрсетiледi;
      18) 100.32.013 жолында:
      I бағанға 100.00.011 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда айыппұлдар, өсiмақылар және басқа да санкция түрлерi бойынша кiрiс көрсетiледi;
      19) 100.32.014 жолында:
      I бағанға 100.00.012 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда бұрын жүргiзiлген шығыс бойынша алынған өтемақылар көрсетiледi;
      20) 100.32.015 жолында:
      I бағанға 100.00.013 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер, соның iшiнде тауарлық-материалдық құндылықтардың артығынан тегiн алынған мүлiк, сондай-ақ оларды тарату кезiндегi негiзгi құралдардан бөлшектеу, талқылау кезiнде алынған тауарлық-материалдық қорлар түрiндегi кiрiс көрсетiледi;
      21) 100.32.016 жолында:
      I бағанға 100.00.014 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда дивиденд түрiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      22) 100.32.017 жолында:
      I бағанға 100.00.015 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда сыйақы түрiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      23) 100.32.018 жолында:
      I бағанға 100.00.016 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда оң бағамдық айырмашылық сомасы көрсетiледi;
      24) 100.32.019 жолында:
      I бағанға 100.00.017 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда ұтыс түрiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      25) 120.32.020 жолында:
      I бағанға 100.00.018 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда роялти түрiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      26) 100.32.021 жолында:
      I бағанға 100.00.019 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда әлеуметтiк саладағы объектiлердi пайдалану кезiндегi шығыстардан кiрiстiң артығынан алынған кiрiс сомасы көрсетiледi;
      27) 100.32.022 жолында:
      I бағанға 100.00.008 және 100.00.020 жолдарының сомасы ретiнде айқындалған мөлшер көшiрiледi;
      ІІ бағанда 100.32.004-100.32.021 жолдарында көрсетiлмеген бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша басқа да кiрiстер көрсетiледi;
      28) 100.32.023 жолында:
      I бағанда 100.00.022 жолдан көшiрiлетiн жылдық жиынтық кiрiстiң түзетiлген сомасы көрсетiледi;
      29) 100.32.024 жолында:
      I бағанда кiрiстiң жалпы сомасы (100.32.004-100.32.022 жолдардың сомасы алынған 100.32.023 жолы) көрсетiледi;
      II бағанда кiрiстiң жалпы сомасы (100.32.004-100.32.022 жолдардың сомасы) көрсетiледi;
      30) 100.32.025 жолында:
      I бағанға 100.00.024 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құны ретiнде айқындалған, кезеңнiң шығысы және басқа да жолдарда көрсетiлген шығыстарды есептемегенде, негізгi емес қызмет бойынша шығыстар шамасы көрсетiледi;
      31) 100.32.025A жолында:
      I бағанға 100.00.005A жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда 100.12.005AI-100.12.005AІV жолдарындағы сома ретiнде айқындалатын iссапар шығыстарының жалпы сомасы көрсетiледi;
      32) 100.32.025АI жолында:
      I бағанға 100.12.005АI жолынан сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда бронь үшiн шығысты төлеудi қоса алғанда, iссапар орны мен керi жолға жүргiзiлген шығыстардың нақты сомасы көрсетiледi;
      33) 100.32.025АІІ жолында:
      I бағанға 100.12.005AII жолынан сома көшiрiледi;
      II бағанда бронь үшiн шығысты төлеудi қоса алғанда, тұрғын үй жалдауға жүргізілген шығыстардың нақты сомасы көрсетiледi;
      34) 100.32.025АIII жолында:
      I бағанға 100.12.005AIII жолынан сома көшiрiледi;
      II бағанда Қазақстан Республикасы шегiндегi iссапар бойынша тәулiктiк мөлшерi көрсетiледi;
      35) 100.32.025AIV жолында:
      I бағанға 100.12.005AIV жолынан сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда Қазақстан Республикасы шегiндегi iссапар бойынша тәулiктiк мөлшерi көрсетiледi;
      36) 100.32.025B жолында:
      I бағанға 100.12.005B жолынан сома көшiрiледi;
      II бағанда өкiлеттiк шығыстар сомасы көрсетiледi;
      37) 100.32.026 жолында:
      І бағанға 100.00.025 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда сыйақы бойынша шығыстар сомасы көрсетiледi;
      38) 100.32.027 жолында:
      I бағанға 100.00.026 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      39) 100.32.028 жолында:
      I бағанға 100.00.027 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда күмәндi борыш бойынша резерв көрсетiледi;
      40) 100.32.029 жолында:
      I бағанға 100.00.028 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда резервтiк қорларға аударымдар сомасы көрсетiледi;
      41) 100.32.030 жолында:
      І бағанға 100.00.029 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда ғылыми-зерттеуге, жобалық, iздестiрушi және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға кеткен шығыстар сомасы көрсетiледi;
      42) 100.32.031 жолында:
      I бағанға 100.00.030 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстар сомасы көрсетiледi;
      43) 100.32.032 жолында:
      I бағанға 100.00.031 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда әлеуметтiк төлемдерге шығыстар сомасы көрсетiледi;
      44) 100.32.033 жолында:
      I бағанға 100.00.032 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарының сомасы көрсетiледi;
      45) 100.32.034 жолында:
      I бағанға 100.00.033 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда терiс бағамдық айырмашылықтар сомасы көрсетiледi;
      46) 100.32.035 жолында:
      I бағанға 100.00.034 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда өнiмдердi (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен кiрiстi айқындағанға дейiн пайдаланылған салықтардан басқа, салықтар және Қазақстан Республикасында төленген корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ басқа мемлекеттерде төленген табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      47) 100.32.036 жолында:
      I бағанға 100.00.035 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда айыппұл, өсiмақы, тұрақсыздық айыбы деп көрсетiлген немесе танылған сома көрсетiледi;
      48) 100.32.037 жолында:
      I бағанға 100.00.036A жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда негiзгi құралдар бойынша амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      49) 100.32.038 жолында:
      I бағанға 100.00.036B жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      50) 100.32.039 жолында:
      I бағанға 100.00.036C жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      51) 100.32.040 жолында:
      I бағанға 100.00.036D жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      52) 100.32.041 жолында:
      I бағанға 100.00.036E жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      53) 100.32.042 жолында:
      I бағанға 100.00.036F жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      54) 100.32.043 жолында:
      I бағанға 100.00.036G жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда жөндеуге кеткен шығыстар сомасы көрсетiледi;
      55) 100.32.044 жолында:
      II бағанда негiзгi құралдардың жойылуы және iстен шығуынан залалдар сомасы көрсетiледi;
      56) 100.32.045 жолында:
      II бағанда материалдық емес активтердiң жойылуы және iстен шығуынан залалдар сомасы көрсетiледi;
      57) 100.32.046 жолында:
      II бағанда материалдық құндылықтар нормативтен тыс ысырап, бүлiнген және жетпеген, сондай-ақ басқа да өндiрiстiк емес шығыстар және ысырап сомасы көрсетiледi;
      58) 100.32.047 жолында:
      II бағанда айыпкер белгiленбеген немесе егер айыпкер жақтың есебiнен қажеттi соманы өтеу мүмкiн болмаған жағдайда, талан-тараждан түскен залал көрсетiледi;
      59) 100.32.048 жолында:
      II бағанда өндiрiстiк қуаттық пен консервацияда болып табылатын объектiлердi ұстап тұруға шығындар сомасы көрсетiледi;
      60) 100.32.049 жолында:
      II бағанда жұмысшылардың еңбек демалыстарын төлеуге резервтегi сома көрсетiледi;
      61) 100.32.050 жолында:
      II бағанда негiзгi құралдарды алда тұрған жөндеуге кететiн шығыстарға резервтегi сома көрсетiледi;
      62) 100.32.051 жолында:
      II бағанда 100.32.025-100.32.050 жолдарында бухгалтерлiк есепте көрсетiлмеген басқа да шығыстар сомасы көрсетiледi;
      63) 100.32.052 жолында:
      I бағанда 100.00.043 жолынан көшiрiлетiн салық салынатын кiрiс сомасы көрсетiледi;
      64) 100.32.053 жолында:
      I бағанда 100.32.025 және 100.32.052 жолдарын қосумен айқындалатын сома көрсетiледi;
      II бағанда 100.32.025 және 100.32.051 жолдарын қосумен айқындалатын сома көрсетiледi;
      65) 100.32.054 жолында:
      III бағанда III бағандағы 100.32.024 және 100.32.053 жолдарының әртүрлiлiгi ретiнде анықталатын шығыс пен кiрiс арасындағы айырмашылық көрсетiледi.
      66) 100.32.055 жолында:
      III бағанда 100.32.054 жолдың сомасына түзетiлген 100.32.001 және 100.32.002 сомасы ретiнде айқындалған салық салынатын кiрiс көшiрiледi. Осы сома 100.00.045 жолда көрсетiлген салық салынатын сомаға сәйкес келуi қажет.

  35. Ақша қозғалысы туралы есеп - 100.33 және
100.34 нысандарын жасау

      219. Бұл нысандар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк бойынша заңдарға сәйкес есептi салық кезеңi үшiн салық төлеушi әзiрлеген қаржылық есептiлiк болып табылады.

  36. Стандарттық салық жеңiлдiктерiн алғанда салық мiндеттемесiн есептеу - 100.35 нысанын жасау

      220. Бұл нысан инвестициялар бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм-шартқа сәйкес стандарттық салық жеңiлдiктерiн алғанда салық төлеушi корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған.

      221. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      222. "Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеу" бөлiмiнде:
      1) 100.35.001 жолында бұрынғы есептi салық кезеңдерiнен ең жоғары болып табылатын есептi салық кезеңi үшiн салық салынатын кiрiс сомасы көрсетiледi;
      2) 100.35.002 жолында салық салынатын кiрiстiң ең жоғары салық кезеңiнiң жылы көрсетiледi;
      3) 100.35.003 жолында есептi салық кезеңiне қатысы бойынша 100.35.002 жолында көрсетiлген жыл инфляциясының орташа жылдық индексi көрсетiледi;
      4) 100.35.004 жолында инфляция индексi ескерiле отырып, бұрынғы салық кезеңдерi үшiн салық салынатын кiрiстiң сомасы көрсетiледi және 100.35.001 және 100.35.003 жолдарының сомасынан шығарылу ретiнде айқындалады;
      5) 100.35.005 жолында есептi салық кезеңiнде стандарттық салық жеңiлдiктерiн берген шарттың күшi бар айлардың саны көрсетiледi;
      6) 100.35.006 жолында инфляция индексi мен жолында есептi салық кезеңiнде стандарттық салық жеңiлдiктерiн берген шарттың күшi бар айлардың саны ескерiле отырып, бұрынғы салық кезеңдерi үшiн салық салынатын кiрiстiң ең жоғары сомасы көрсетiледi, және 100.35.004 x 100.35.005/12 формуласы бойынша айқындалады;
      7) 100.35.007 жолында есептi салық кезеңiнде стандарттық салық жеңiлдiктерiн берген шарт бойынша қызметтен алынған есептi салық кезеңi үшiн салық салынатын кiрiстiң сомасы көрсетiледi;
      8) 100.35.008 жолында (100.35.007 және 100.35.004 жолдарының сомасының айырмасы ретiнде айқындалатын, (салық салынатын кiрiс - 100.35.001 жолында көрсетуге тиiстi салық салынатын кiрiстiң болмаған жағдайында) салық салынатын кiрiстiң жеңiлдетiлген өсiмiнiң сомасы көрсетiледi;
      9) 100.35.009 жолында шартқа сәйкес корпорациялық табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      10) 100.35.010 жолында шартқа сәйкес корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi.

      223. 100.35.010 жолының шамасы 100.29.002C жолына көшiрiледi.

  37. Табыс түрлерi мен елдердiң кодтары

      224. Декларацияны толтырғанда табыс түрлерiн мынадай кодтауды пайдалану керек:
      1) Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар:
      1010 - Қазақстан Республикасындағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыстар;
      1020 - Қазақстан Республикасындағы аумағында орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1021 - резидент шығарған бағалы қағаздарды сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1022 - заңды тұлға - резиденттiң қатысу үлесiн немесе Қазақстан Республикасындағы аумағында орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1030 - резиденттерге борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      1031 - Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыруына байланысты резидент еместерге борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      1040 - резидент еместердiң мiндеттемелердi, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттарды орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      1041 - резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша мiндеттемелерiн резиденттер мен резидент еместердiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      1050 - заңды тұлға - резиденттен дивидендтер нысанында түсетiн табыстар;
      1060 - резиденттерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1061 - егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1070 - резидент - эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1071 - резидент - эмитенттерден, егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент емес эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1080 - резиденттерден алынған роялти нысанындағы табыстар;
      1081 - тұрақты мекемесi арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты резидент еместерден алынатын роялти нысанындағы табыстар;
      1090 - Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
      1100 - Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
      1110 - Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақылары нысанындағы табыстар;
      1111 - Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақылары нысанындағы табыстар;
      1120 - тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
      1130 - Қазақстан Республикасында жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша қызметтен түскен табыстар;
      1131 - Қазақстан Республикасында өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтен түскен табыстар;
      1140 - басшылардың қаламақылары және (немесе) осындай тұлғаларға жүктелген басқару мiндеттерiн нақты орындау орнына қарамастан резидент заңды тұлғаның жоғары басқару органының (директорлар кеңесiнiң, басқарманың немесе өзге де сол сияқты органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;
      1150 - Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
      1160 - материалдық, әлеуметтiк игiлiктер үшiн жұмыс берушi немесе жалдаушы шеккен шығыстардың өтем нысанындағы табыстары немесе Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн резидент емес жеке тұлғалардың өзге де материалдық пайдалары, оның iшiнде тамақтандыруға, тұруға оқу мекемелерiнде балалар оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа байланысты шығыстар;
      1170 - резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
      1180 - кiмге төлем жүргізілетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне, театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетiн табыстар;
      1190 - резиденттер төлейтiн ұтыстар;
      1200 - Қазақстан Республикасында жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      1210 - Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн табыстар;
      1220 - нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан резиденттерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, маркетингтiк, заңдық, (адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда), агенттiк, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
      1221 - нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, маркетингтiк, заңдық, (адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда), агенттiк, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
      1230 - мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар;
      1240 - күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар;
      1250 - Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етiлген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар;
      1260 - кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған табыстар;
      1270 - шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар;
      1280 - кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;
      1290 - ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;
      1300 - бұрын жүргізiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар;
      1310 - бағамдық оң айырма;
      1320 - әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артуы;
      1330 - степендиялар;
      1340 - жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша алған табыстары;
      1350 - Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған табыстар резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстар.
      2) Қазақстан Республикасы шегiнен тыс көздерден табыстар:
      2010 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыстар;
      2020 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2021 - резидент шығарған бағалы қағаздарды сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2022 - заңды тұлға - резиденттiң қатысу үлесiн немесе Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2030 - Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      2040 - резидент еместердiң мiндеттемелердi, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттарды орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      2050 - заңды тұлға - резиденттен дивидендтер нысанында түсетiн табыстар;
      2060 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      2070 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      2080 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынған роялти нысанындағы табыстар;
      2090 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
      2100 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
      2111 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
      2120 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
      2130 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша қызметтен түскен табыстар;
      2131 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтен түскен табыстар;
      2140 - басшылардың қаламақылары және (немесе) осындай тұлғаларға жүктелген басқару мiндеттерiн нақты орындау орнына қарамастан резидент заңды тұлғаның жоғары басқару органының (директорлар кеңесiнiң, басқарманың немесе өзге де сол сияқты органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;
      2150 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
      2160 - материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда нысанындағы табыстар;
      2170 - резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
      2180 - кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне, театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасы шегiнен тыс қызметтен төленетiн табыстар;
      2190 - резидент еместер төлейтiн ұтыстар;
      2200 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      2210 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн (алынған) табыстар;
      2220 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынатын табыстар.

      225. Резидент емес - салық төлеушiнiң резиденттiк елi кодын толтырғанда Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегі N 127-П бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 21 сәуiрде N 291 тiркелген Жүк кеден декларациясын толтыру  тәртiбi  туралы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес елдердi санды кодтауды пайдалану қажет.
_______________________________________________
       РҚАО-ның ескертуі: 100.00, 100.01, 100.02, 100.03, 100.04, 100.05, 100.06, 100.07, 100.08, 100.09, 100.10, 100.11, 100.12, 100.13, 100.14, 100.15, 100.16, 100.17, 100.18, 100.19, 100.20, 100.21, 100.22, 100.23, 100.24, 100.25, 100.26, 100.27, 100.28, 100.29, 100.30, 100.31, 100.32, 100.33, 100.34, 100.35 графикалық нысандары Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оларды РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен    
бекітілген        

  Корпорациялық табыс салығы бойынша
аванстық төлемдер сомасының
есебін жасау ережелері
(101.01 - 101.04 нысаны)

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және 100.00 және 110.00 және 120.00 нысандарын беретін заңды тұлғалардың корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының Есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.

      2. Есепті жасау кезінде:
      1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта -  Салық кодексінің  69-бабына сәйкес толтырылады.

      3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

      4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

      5. Есепті беру кезінде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
      2) тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті жеткізу туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

      6. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. Есеп жасау (101.01 - нысан)

      7. Осы есеп  Салық кодексінің  126-бабына сәйкес Декларацияны тапсыруға дейін төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуге арналған.

      8. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) Есеп берілетін салық кезеңі;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) Есеп түрі. Бұл торкөз Салық кодексінің 69 және 71-баптарына сәйкес белгіленеді. Есептің түріне қарай тиісті торкөз белгіленеді.
      Келесi Есептердi беру кезiнде "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" деген торкөз егер салық төлеушi оның негiзiнде бұрын берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу талап етiлетiн  Салық кодексiнiң  31-бабы, 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны алса белгіленедi. Бұл жағдайда салық төлеушi "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" деген торкөздердi бiр уақытта белгiлейдi;
      5) валюта коды;
      6) салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомасын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi бойынша тапсырған кезде (101.07 нысан), "101.07 нысан бойынша есеп" торкөзi белгiленедi;
      7) резидент емес тапсырған кезде "резидент емес" деген торкөз белгiленедi.

      9. "Есеп" бөлiмiнде:
      1) 101.01.001 жолында бұрынғы салық кезеңi үшiн салық төлеушi төлеген аванстық төлемдер (шекте және есептелгеннен кем емес) сомасы көрсетiледi;
      2) 101.01.002 жолында бұрынғы салық кезеңiнде салық төлеушiнiң аванстық төлемдердi төлеу айларының жалпы саны көрсетiледi;
      3) 101.00.003 жолында 101.01.002 жолында көрсетiлген, бұрынғы салық кезеңiнiң айлар санына 101.01.001 жолында көрсетiлген, бұрынғы салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомасының қатынасы ретiнде есептелген, бұрынғы салық кезеңi үшiн орташа айлық аванстық төлем көрсетiледi;
      4) 101.00.004 жолында Декларацияны тапсыруға дейiн кезең үшiн төлеуге жататын аванстық төлемдердiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      101.01.004A, 101.01.004B, 101.01.004C жолдары Декларацияны тапсыруға дейiн кезең үшiн төлеуге жататын аванстық төлемдердiң жалпы сомасы ай-айға бөлiп көрсетiледi.
      101.01.00413, 101.01.004Е, 101.01.004F жолдары Салық кодексiмен белгiленген тәртiпте Декларацияны салық төлеушiнiң беру мерзiмiн ұзарту кезiнде толтырылады. Бұл орайда Декларацияны тапсыру мерзiмi толық(-тай) ай(-лар)-ға емес басқа мерзiмге ұзартылса, толық емес ай үшiн төленуге жататын аванстық төлемдер сомалары 101.01.003 жолда көрсетiлген сомалар және осы айдағы күндер саны негiзiнде бара-бар әдiс бойынша есептеледi.

  3. Есеп жасау (101.02 нысан)

      10. Осы есеп  Салық кодексiнiң  126-бабына сәйкес Декларацияны тапсырудан кейiн төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуге арналған.

      11. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Есеп берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) Есеп түрi. Бұл торкөз Салық кодексiнiң 69 және 71-баптарына сәйкес белгiленедi. Есептiң түрiне қарай тиiстi торкөз белгiленедi.
      Келесi Есептердi беру кезiнде "Кезектi" торкөзi белгіленедi.
      Берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" деген торкөз егер салық төлеуші оның негiзiнде бұрын берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу талап етiлетiн  Салық кодексiнiң  31-бабы, 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны алса белгіленедi. Бұл жағдайда салық төлеушi "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" деген торкөздердi бiр уақытта белгiлейдi;
      5) валюта коды;
      6) салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомасын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi бойынша тапсырған кезде (101.07 нысан), "101.07 нысан бойынша есеп" торкөзi белгiленедi;
      7) резидент емес тапсырған кезде "резидент емес" деген торкөз белгiленедi.

      12. "Есеп" бөлiмiнде:
      1) 101.02.001 жолында Бұрынғы салық кезеңi үшiн декларация 100.00.046 (110.00.044) жолында айқындалған бұрынғы салық кезеңi үшiн есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. 2002 жыл үшiн 101.02 нысанын жасау кезiнде осы жолға 2001 жыл үшiн жүргiзiлген шегерiмдер және жылдық жиынтық кiрiс туралы декларацияның 36-жолынан сома көшiрiледi;
      2) 101.02.002 жолында есептi салық кезеңi үшiн салықтың болжанатын сомасы көрсетiледi. Егер 101.02.002 жолы бойынша сома 101.02.001 жолы бойынша сомадан кем болса, салық төлеушi бұрынғы салық кезеңiмен салыстыру бойынша есептi салық кезеңiнде салықтың болжанатын сомасын алу бойынша дәлелдi өтiнiштi салық органдарына бередi;
      3) 101.02.003 жолында 101.02.002 жолынан көшiрiлетiн есептi салық кезеңi үшiн есептелген аванстық төлемдердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      4) 101.02.004 жолында 101.01.004 жолынан көшiрiлетiн Декларацияны тапсыруға дейiн салық кезеңi үшiн төленетiн аванстық төлемдер сомасы көрсетiледi;
      5) 101.00.005 жолында 101.02.003 және 101.02.004 жолдарының айырмасы ретiнде айқындалатын Декларацияны тапсырудан кейiн салық кезеңi үшiн төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасы көрсетiледi;
      6) 101.02.006 жолында Декларацияны тапсырудан кейiн есептi салық кезеңiнiң айлар саны көрсетiледi;
      7) 101.02.007 жолында 101.02.006 жолында көрсетiлген есептi салық кезеңiнiң айларына 101.02.005 жолында көрсетiлген және төлеуге жататын аванстық төлемдердiң сомасының қатынасы ретiнде айқындалатын Декларацияны тапсырудан кейiн төлеуге жататын орташа айлық аванстық төлемдер сомасы көрсетiледi;
      8) 101.02.008 жолында аванстық төлемдер сомасын енгiзу есептi салық кезеңiнiң соңғы айына және Декларацияны тапсырудан кейiн аванстық төлемдердi тапсырудың бiрiншi айы көрсетiледi.

      13.  Салық кодексiнiң  71-бабына сәйкес қосымша декларацияны салық төлеушiнiң беруi кезiнде, сондай-ақ тексерiс нәтижелерi бойынша корпорациялық табыс салығының сомасының өзгеруi кезiнде салық төлеушiге төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасын түзетумен қосымша есептi беру қажет.

  4. Есеп жасау (101.03 нысан)

      14. Осы нысан Салық кодексiнiң 126-бабына сәйкес бұрынғы салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша салық салынатын кiрiсi жоқ немесе залал алған салық төлеушiлердiң Декларацияны тапсыруынан кейiн төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуге арналған.

      15. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Есеп берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) Есеп түрi. Бұл торкөз Салық кодексiнiң 69 және 71-баптарына сәйкес белгiленедi. Есептiң түрiне қарай тиiстi торкөз белгiленедi.
      Келесi Есептердi беру кезiнде "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" деген торкөз егер салық төлеушi оның негiзiнде бұрын берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу талап етiлетiн  Салық кодексiнiң  31-бабы, 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны алса белгіленедi. Бұл жағдайда салық төлеушi "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" деген торкөздердi бiр уақытта белгiлейдi;
      5) валюта коды;
      6) салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялык табыс салығы сомасын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi бойынша тапсырған кезде (101.07 нысан), "101.07 нысан бойынша есеп" торкөзi белгіленедi;
      7) резидент емес тапсырған кезде "резидент емес" деген торкөз белгіленеді.

      16. "Есеп" бөлiмiнде:
      1) 101.03.001 жолында есептi салық кезеңi үшiн аванстық төлемдердiң болжанатын сомасы көрсетiледi;
      2) 101.03.002 жолында 101.01.004 жолынан көшiрілетiн Декларацияны тапсыруға дейiн кезең үшiн төленетiн аванстық төлемдердiң болжанатын сомасы көрсетiледi;
      3) 101.03.003 жолында 101.03.001 және 101.03.002 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, Декларацияны тапсырудан кейiн кезең үшін төлеуге жататын аванстық төлемдердiң жалпы сомасы көрсетіледi;
      4) 101.03.004 жолында Декларацияны тапсырудан кейiн есептi салық кезеңiнiң айлар саны көрсетiледi;
      5) 101.03.005 жолында 101.03.004 жолында көрсетiлген айлар санына 101.03.003 жолында көрсетiлген және төлеуге жататын аванстық төлемдердiң сомасының қатынасы ретiнде айқындалатын Декларацияны тапсырудан кейiн төлеуге жататын орташа айлық аванстық төлем сомасы көрсетiледi;
      6) 101.03.006 жолында Декларацияны тапсырудан кейiн аванстық төлемдердi төлеудiң бiрiншi айы және аванстық төлемдер сомасын енгiзу есептi салық кезеңiнiң соңғы айы көрсетiледi.

      17.  Салық кодексiнiң  71-бабына сәйкес қосымша декларацияны салық төлеушiнiң беруi кезiнде, сондай-ақ тексерiс нәтижелерi бойынша корпорациялық табыс салығының сомасы өзгеруi кезiнде салық төлеушiге төлеуге жататын аванстық төлемдер сомасын түзетумен қосымша есеп беру қажет.

  5. Есеп жасау (101.04-нысан)

      18. Осы нысан  Салық кодексiнiң  126-бабына сәйкес қайта құрылған салық төлеушiлер төлеуi тиiс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуге арналған.

      19. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Есеп берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) Есеп түрi. Бұл торкөз Салық кодексiнiң 69 және 71-баптарына сәйкес белгiленедi. Есептiң түрiне қарай тиiстi торкөз белгiленедi.
      Келесi Есептердi беру кезiнде "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлген жағдайда "Қосымша" торкөзi белгіленедi.
      "Хабарлама бойынша" деген торкөз егер салық төлеушi оның негiзiнде бұрын берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу талап етiлетiн  Салық кодексiнiң  31-бабы, 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны алса белгіленедi. Бұл жағдайда салық төлеушi "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" деген торкөздердi бiр уақытта белгiлейдi;
      5) валюта коды;
      6) салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомасын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi бойынша тапсырған кезде (101.07 нысан), "101.07 нысан бойынша есеп" торкөзi белгiленедi;
      7) резидент емес тапсырған кезде "резидент емес" деген торкөз белгiленедi.

      20. "Есеп" бөлiмiнде:
      1) 101.04.001 жолында қайта құрылған салық төлеушiнiң құру күнiнен бастап есептi салық кезеңi үшiн аванстық төлемдердiң болжанатын сомасы көрсетiледi;
      2) 101.04.002 жолында құру күнiнен бастап есептi салық кезеңiндегi айлар саны көрсетiледi;
      3) 101.04.003 жолында 101.04.002 жолында көрсетiлген айлар санына 101.04.001 жолында көрсетiлген болжанатын аванстық төлемдердiң сомасы ретiнде есептелген есептi салық кезеңi үшiн орташа айлық аванстық төлем көрсетiледi;
      4) 101.04.004 жолында аванстық төлемдердi төлеудiң бiрiншi айы мен аванстық төлемдер сомасын енгiзудiң есептi салық кезеңiндегi соңғы айы көрсетiледi.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 101.01, 101.02, 101.03, 101.04 графикалық нысандары Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оларды РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен    
бекітілген        

  Резиденттер кiрiстерiнiң төлем көзiнен ұсталған
корпорациялық табыс салығы
сомасының есебiн жасау ережелерi
(101.05 нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және резидент кiрiстерiнiң төлем көзiнен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомасын, кiрiстердi төлеген салық агентiнiң есептеуiне арналған резиденттер кiрiстерiнiң төлем көзiнен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасының Есебiн (бұдан әрi - Есеп) жасау тәртiбiн көздейдi.

      2. Есептi жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта -  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      3. Есептi толтыру кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi.

      4. Көрсеткiштер жоқ болған кезде тиiстi торкөздер толтырылмайды.

      5. Тиiстi қосымша нысанның көрсеткiштерiн ашуды талап ететiн жолдарды толтыру кезiнде аталған қосымша нысандар мiндеттi тәртiпте толтыруға жатады.

      6. Қосымша нысандардардың "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде Есептiң "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде көрсетiлген тиiстi деректер көрсетiледi.

      7. Есептi беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiмен Есеп екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық төлеушiге қайтарылады;
      2) тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеушi почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3)  Салық кодексiнiң  69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртiбiмен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеушi Есептi жеткiзу туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

      8. Есепке Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. Есеп жасау (101.05 нысан)

      9. "Салық агентi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық агентi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Есеп берiлетiн есептi тоқсан;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) Есеп түрi. Бұл торкөз  Салық кодексiнiң  69 және  71-баптарына  сәйкес белгiленедi. Есептiң түрiне қарай тиiстi торкөз белгiленедi.
      Келесi Есептердi беру кезiнде "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" деген торкөз егер салық төлеушi оның негiзiнде бұрын берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу талап етiлетiн  Салық кодексiнiң  31-бабы, 2-тармағының 7) тармақшасына көзделген хабарламаны алса белгіленедi. Бұл жағдайда салық төлеушi "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" деген торкөздердi бiр уақытта белгiлейдi.
      5) валюта коды.

      10. "Есеп" бөлiмiнде:
      1) 101.05.001A, 101.05.001B және 101.05.001C жолдарында төлем көзiнен ұсталған, есептi кезеңнiң 1, 2 және 3 айлары үшiн салық агентi төлеген кiрiстiң сомасы көрсетiледi. 101.05.001D жолында 101.05.001A, 101.05.001B және 101.05.001C жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын, және төлем көзiнен ұсталған есептi кезеңi үшiн төлеген кiрiстiң сомасы көрсетiледi;
      2) 101.05.002A, 101.05.002В және 101.05.002C жолдарында төлем көзiнен ұсталған және есептi кезеңнiң 1, 2 және 3 айлары үшiн бюджетке төленуге тиiс корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. 101.05.002D жолында 101.05.002A, 101.05.002B және 101.05.002C жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын, есептi кезең үшiн төлем көзiнен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      3) 101.05.003A, 101.05.003B және 101.05.003C жолдарында 1, 2 және 3 салық кезеңдерi үшiн төлем көзiнен ұсталған және бюджетке төленген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      101.05.004A, 101.05.004B және 101.05.004C жолдарында 101.05.002 жолының айырмасы ретiнде айқындалатын, есептi салық кезеңнiң 1, 2 және 3 айлары үшiн төлем көзiнен ұсталған және бюджетке төленуге тиiс корпорациялык табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      4) 101.05.003, 101.05.003D жолында 101.05.004А, 101.05.004В және 101.05.004C жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын төлем көзiнен ұсталған және есептi кезең үшiн бюджетке аударылуға жататын корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi.
      101.05.005A, 101.05.005B және 101.05.005C жолдарында 101.05.003 тиiстi жолының айырмасы ретiнде айқындалатын, есептi кезеңнiң 1, 2 және 3 айлары үшiн төлем көзiнен ұсталған және бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi.
      5) 101.05.002, 101.05.005D жолында 101.05.005A, 101.05.005B және 101.05.005C жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есеп салық кезеңi үшiн бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi.

      11. 101.05.001, 101.05.002, 101.05.003 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында осы Ережелердiң 12 тармағына сәйкес төленген кiрiс кодының түрi көрсетiледi;
      3) С бағанында кiрiс алған ұйым атауы көрсетiледi;
      4) D бағанында С бағанында көрсетiлген салық төлеушi - салық агентiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында төленетiн кiрiс сомасы көрсетiледi;
      6) F бағанында төлем көзiне салық салынатын төленген кiрiс сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында  Кодекстiң  135-бабының 2-тармағымен белгiленген корпорациялық табыс салығының ставкасы көрсетiлген;
      8) H бағанында (FxG)/100 ретiнде айқындалатын, төлем көзiнен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомасы;
      9) І бағанында төлем көзiнен ұсталған және бюджетке аударылған корпорациялық табыс салығы көрсетiледi.
      101.05.001, 101.05.002, 101.05.003 жолдарына қосымша нысанның E бағанының жиынтық сомасы 101.05.001A, 101.05.001B және 101.05.001C тиiстi жолдарына, H бағанының - 101.05.002A, 101.05.002B және 101.05.002C тиiстi жолдарына, I бағанының - 101.05.003A, 101.05.003B және 101.05.003C тиiстi жолдарына көшiрiледi.

  3. Кiрiс түрлерiнiң коды

      12. Декларацияны толтыру кезiнде кiрiс түрлерiнiң мынадай кодталуын пайдалану қажет:
      1050 - заңды тұлға - резиденттен дивидендтер нысанында түсетiн табыстар;
      1060 - резиденттерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1061 - егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1070 - резидент - эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1071 - резидент - эмитенттерден, егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент емес эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1190 - резиденттер төлейтiн ұтыстар.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 101.05 графикалық нысаны Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оны РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен    
бекітілген        

  Резидент еместердiң төлем көзiнен
ұсталған корпорациялық табыс салығы
сомасының есебiн жасау ережелерi
(101.06 нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық Кодексi) сәйкес әзiрленген және 101.06 нысаны бойынша (бұдан әрi - 101.06 нысаны бойынша есеп) және төмендегi қосымша нысандарды қамтитын (бұдан әрi - нысандар) Резидент еместердiң төлем көзiнен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасының есебiн жасау тәртiбiн айқындайды.

      2. Есептi жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта -  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      3. Есептi толтыру кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi.

      4. Көрсеткiштер жоқ болған кезде тиiстi торкөздер толтырылмайды.

      5. Қосымша нысандардың "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде Есептiң "Салық агентi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде көрсетiлген тиiстi көрсеткiштер көрсетiледi.

      6. Есепке 1-5 қосымша нысандар салық кезеңiнiң әр бiр айы бойынша жеке толтырылады. Бұл кезде қосымша нысанның "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық кезеңiнiң қай айы үшiн осы нысан толтырылатыны көрсетiледi.

      7. Тиiстi қосымша нысанның деректерi болған кезде аталған қосымша нысан мiндеттi тәртiпте толтыруға жатады. Тиiстi қосымша нысанның деректерi жоқ болған кезде көрсетiлген қосымша нысан берілмейдi.

      8. Есептi беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiмен екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық төлеушiге қайтарылады;
      2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеушi почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
      3) Салық кодексiнiң 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртiбiмен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде - салық төлеушi 101.06 нысан бойынша есеп қабылдау (жеткiзу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

      9. Есепке Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. 101.06 нысан бойынша есептi жасау

      10. "Салық агентi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық агентi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) 1-жолда салық төлеушi-салық агентiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) 2-жолда 101.06 нысаны бойынша есеп берiлетiн салық кезеңi;
      3) 3-жолда құрылтай құжаттарына сәйкес салық агентiнiң толық атауы;
      4) ЭҚЖЖ коды. Экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуiшi бойынша қызметтiң негiзгi түрiнiң коды және олардың үлес салмағы көрсетiледi.
      ЭҚЖЖ коды (алғашқы бес белгi) олардың үлес салмағының кему тәртiбiмен қызметтiң негiзгi үш түрi бойынша көрсетiледi. Үлес салмағы он үлеске дейiн дөңгелектеумен проценттерде көрсетiледi (қызметтiң көрсетiлген түрлерiнiң үлес салмағының жалпы сомасы 100% тең болуы мiндеттi емес екенiн ескеру қажет).
      Үлес салмағын есептеу үшiн N 1-ӨН нысандағы мемлекеттiк статистикалық (жылдық) есептiлiктегi I-бөлiмнiң 100 жолында ("Өнiм") салық төлеушi көрсеткен деректердi пайдалану керек. Қызметтiң әрбiр түрi бойынша үлес салмағы 100 жол бойынша 3-бағанның деректерiне 100 жолының тиiстi бағаны деректерiнiң қатынасы ретiнде айқындалады.
      Мысалы, қызметiнiң негiзгi түрi ғимараттар салу болып табылатын салық агентi N 1-ӨН (жылдық) есебi I-бөлiмiнiң 100 жолында мынадай деректердi көрсеттi:
--------------------------------------------------------------------
                       |    оның iшiнде қызметтiң түрлерi бойынша
--------------------------------------------------------------------
                       |    оның iшiнде қызметтiң түрлерi бойынша
--------------------------------------------------------------------
                       |45211 коды| 50102 коды|71100 коды|74400 коды
--------------------------------------------------------------------
     1       2      3         4        5          6          7
--------------------------------------------------------------------
Өндiрiлген  100  250000,0  150000,0  50000,0     35000,0    5000,0
өнiм (тауар.
лар, қызмет
көрсетулер)
көлемi, мың
теңге
--------------------------------------------------------------------

      Онда ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтер мынадай түрде болады:
-----------------------------------------------
       5 ЭҚЖЖ І 45211  ІІ 50102  ІІІ 71100
Үлес салмағын  060,0%    020,0%     014,0%
көрсетіңіз
-----------------------------------------------

      Құрылыстың үлес салмағы 150 000,0 (1-кестенiң 4-бағаны)/250 000,0 (1-кестенiң 3-бағаны) х 100% ретiнде есептелген. ЭҚЖЖ қалған кодтары бойынша үлес салмағы осындай жолмен есептелген.
      Мемлекеттiк статистикалық есептiлiктi N 1-ШК нысаны бойынша беретiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - заңды тұлғалар ЭҚЖЖ мәлiметтерiн 1-ШK нысаны есебiнiң (жылдық) тиiстi деректерiнiң негiзiнде толтырады.
      N СОЦФИН нысанды MCE тапсыратын денсаулық сақтау (әлеуметтiк қызмет) ұйымдары және N СОЦФИН (бiлiм) MCE нысанын тапсыратын бiлiм беру ұйымдары ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтердi жоғарыда көрсетiлген әдiске ұқсас жолмен тиiсiнше NN СОЦФИН (денсаулық) және СОЦФИН (бiлiм) нысанды жылдық есептiлiктiң 4 бөлiмiнiң ("Қаржы-шаруашылық қызметтiң қорытындылары") деректерiнiң негiзiнде толтырады.
      Жоғарыда көрсетiлген нысандар бойынша есептiлiктi бермейтiн қоғамдық бiрлестiктер мен бюджеттiк ұйымдар ЭҚЖЖ мәлiметтерiнде негiзгi қызметi бойынша ЭҚЖЖ кодын көрсетедi;
      5) Есеп түрi. Егер салық агентi Есептi:
       Салық кодексiнiң  136-бабы 2-тармағы бойынша берсе - "бастапқы" деген торкөз белгiленедi;
      Салық кодексiнiң 136-бабы 3-тармағы бойынша берсе - "тарату" деген торкөз белгiленедi;
      Салық кодексiнiң 136-бабы 4-тармағы бойынша берсе - "бастапқы" және "тарату" деген торкөздер белгiленедi;
       Салық кодексiнiң  71-бабы 2-тармағы бойынша берсе - "қосымша" деген торкөз белгiленедi;
       Салық кодексiнiң  31-бабы 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша берсе - "хабарлама бойынша" деген торкөз белгiленедi;
      басқа жағдайларда Салық кодексiнiң 136-бабы 1-тармағына сәйкес - "кезектi" деген торкөз белгiленедi.
      6) валюта коды;
      7) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтi жүзеге асыратын және салық агентiнен салық кезеңiнiң әр айы үшiн төлем көзiнен салық салуға жататын табыс алатын резидент емес - заңды тұлғалардың санын көрсетедi.

      11. "Есептiк көрсеткiштер" бөлiмiнде:
      1) 101.06.001 жолы салық кезеңiнiң әр айының басына резидент емес - заңды тұлғаларға төленбеген табыстардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысандардың тиiстi деректерiн жиынтықтау жолымен толтырылады;
      2) 101.06.002 жолы салық кезеңiнiң әр айы және тұтас салық кезеңi үшiн резидент емес есептеген табыстардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысандардың тиiстi деректерiн жиынтықтау жолымен толтырылады;
      3) 101.06.003 жолы салық кезеңiнiң әр айы және тұтас салық кезеңi үшiн резидент емеске есептелген табыстан табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысандардың тиiстi деректерiн жиынтықтау жолымен толтырылады;
      4) 101.01.004 жолы табыстардың есептелген сомасы мен мұндай табыстардан табыс салығының сомаларының арасындағы айырма ретiнде есептелетiн, салық кезеңiнiң әр айы және тұтас салық кезеңi үшiн резидент емеске төленуге жататын табыстардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысандардың тиiстi деректерiн жиынтықтау жолымен толтырылады;
      5) 101.06.005 жолы салық кезеңiнiң әр айы және тұтас салық кезеңi үшiн резидент емеске төленген және (немесе) салық агентi өткен жылдың қорытындысы бойынша декларацияда шегеруге жатқызған төленбеген сомалардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысандардың тиiстi деректерiн жиынтықтау жолымен толтырылады;
      6) 101.06.006 жолы салық кезеңiнiң әр айы және тұтас салық кезеңi үшiн  Салық кодексiнiң  181-бабы 1) тармақшасына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысандар негiзiнде толтырылады;
      7) 101.06.007 жолы салық кезеңiнiң әр айы және тұтас салық кезеңi үшiн салық агентi өткен жылдың қорытындысы бойынша декларацияда шегеруге жатқызған табыс салығының жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысандардың тиiстi деректерiн жиынтықтау жолымен толтырылады;
      8) 101.06.008 жолы салық кезеңiнiң әр айы және тұтас салық кезеңi үшiн  Салық кодексiнiң  198-бабына сәйкес шартты банк салымдарына аударылған табыс салығының жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысандардың тиiстi деректерiн жиынтықтау жолымен толтырылады.

      12. Есепке 1-қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында дивидендтi алушы резидент еместiң толық атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында осы Ережелердiң 17-тармағына сәйкес В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiнiң коды көрсетiледi;
      4) Д бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiндегi салықтық тiркелуiнiң нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында резидент емес - салық төлеушiнiң салық агентiнiң жарғылық капиталындағы акция/қатысу үлесiн алу күнi көрсетiледi;
      6) F бағанында салық агентiнiң жарғылық капиталында акция/қатысу үлесiнiң жалпы құны көрсетiледi;
      7) G бағанында В бағанында көрсетiлген резидент еместiң салық агентiнiң жарғылық капиталындағы үлесi процентпен көрсетiледi;
      8) H бағанында тиiстi кезеңнiң басына төленбеген дивидендтер сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында есептелген дивидендтер сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында халықаралық шартпен немесе Салық кодексiнiң 180-бабымен белгiленген, дивидендтерге табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      11) К бағанында I және J бағандары көрсеткiштерiнiң туындысы ретiнде есептелген дивидендтерден табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында I және К бағандарының айырмасы ретiнде есептелген төленуге жататын дивидендтер сомасы көрсетiледi;
      13) M бағанында төленген дивидендтер сомасы көрсетiледi;
      14) N бағанында Салық кодексiнiң  181  және  200  баптарына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi.

      13. Есепке 2-қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сыйақыны алушы резидент еместiң толық атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында осы Ережелердiң 17-тармағына сәйкес В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiнiң коды көрсетiледi;
      4) D бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiндегi салықтық тiркелуiнiң нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында резидент емес - салық төлеушiге төленетiн сыйақының түрi көрсетiледi;
      6) F бағанында борыштық бағалы қағаздардың, мүлiк немесе кредиттiң саны көрсетiледi;
      7) G бағанында борыштық бағалы қағаздардың, мүлiк және (немесе) кредиттiң (займ) жалпы номинальдық құны көрсетiледi;
      8) H бағанында борыштық бағалы қағаздарды сатып алу күнi немесе мүлiк немесе кредиттi (займды) алу күнi көрсетiледi;
      9) I бағанында салық кезеңiнiң басына төленбеген сыйақылардың сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында есептелген сыйақылардың сомасы көрсетiледi;
      11) К бағанында халықаралық шартпен немесе Салық кодексiнiң 180-бабымен белгiленген, сыйақыларға табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      12) L бағанында J және К бағандары көрсеткiштерiнiң туындысы ретiнде есептелген сыйақылардан табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      13) M бағанында I және J бағандарының айырмасы ретiнде есептелген төленуге жататын сыйақылардың сомасы көрсетiледi;
      14) N бағанында салық агентi өткен жылдың қорытындысы бойынша декларацияда шегеруге жатқызған төленген сыйақылар және (немесе) төленбеген сыйақылар сомасы көрсетiледi;
      15) О бағанында  Салық кодексiнiң  181-бабының 1) тармақшасы және 200 баптарына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      16) Р бағанында төленбеген, алайда салық агентi шегеруге жатқызған резидент еместердiң сыйақыларынан Салық кодексiнiң 181-бабының 2) тармақшасына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi.

      14. Есепке 3-қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сыйақыны алушы резидент еместiң толық атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында осы Ережелердiң 17-тармағына сәйкес В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiнiң коды көрсетiледi;
      4) D бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiндегi салықтық тiркелуiнiң нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында халықаралық шарттың немесе Салық кодексiнiң 10-бабының ережесiне сәйкес роялтидiң түрi көрсетiледi;
      6) F бағанында оған қатысты роялти туындайтын құқық немесе мүлiктi тiркеу елiнiң коды көрсетiледi;
      7) G бағанында оған қатысты роялти туындайтын құқық немесе мүлiктiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      8) H бағанында оған сәйкес роялти туындайтын салық агентi-пайдаланушымен жасалған шарттың нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      9) I бағанында салық агентi-пайдаланушының құқықтар мен мүлiктердi пайдалану мерзiмi көрсетiледi;
      10) J бағанында салық кезеңiнiң басына төленбеген роялтидiң сомасы көрсетiледi;
      11) К бағанында есептелген роялтидiң сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында халықаралық шартпен немесе Салық кодексiнiң 180-бабымен белгiленген табыстарға салық ставкасы көрсетiледi;
      13) M бағанында L және К бағандары көрсеткiштерiнiң туындысы ретiнде есептелген роялтиден табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      14) N бағанында К және М бағандарының айырмасы ретiнде есептелген төленуге жататын роялтидiң сомасы көрсетiледi;
      15) О бағанында салық агентi өткен жылдың қорытындысы бойынша декларацияда шегеруге жатқызған төленген роялтилер және (немесе) төленбеген роялтилер сомасы көрсетiледi;
      16) Р бағанында Салық кодексiнiң 181-бабының 1) тармақшасы және 200 баптарына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      17) Q бағанында салық агентi шегеруге жатқызған резидент еместердiң төленбеген роялтиiнен Салық кодексiнiң 181-бабының 2) тармақшасына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi.

      15. Есепке 4-қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында мұндай табыстарды алушы резидент еместiң толық атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында осы Ережелердiң 17-тармағына сәйкес В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiнiң коды көрсетiледi;
      4) D бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiндегi салықтық тiркелуiнiң нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарының түрi көрсетiледi;
      6) F бағанында салық кезеңiнiң басына резидент емеске төленбеген табыстардың сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында есептелген табыстың сомасы көрсетiледi;
      8) H бағанында есептелген табыстардан табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында G және H бағандары көрсеткiштерiнiң арасындағы айырма ретiнде есептелген төлеуге жататын табыс сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында салық агентi өткен жылдың қорытындысы бойынша декларацияда шегеруге жатқызған төленген табыстар және (немесе) төленбеген табыстар сомасы көрсетiледi;
      11) К бағанында Салық кодексiнiң  181 198 202  баптарына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында салық агентi шегеруге жатқызған резидент еместер табыстарынан табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      13) M бағанында Салық кодексiнiң 198-бабына сәйкес шартты банк салымдарына орналастырылған табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      14) N бағанында шартты банк салымына резидент еместiң табысынан ұсталған табыс салығының сомасы аударылған банктiң CTH-i көрсетiледi.

      16. Есепке 5-қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында мұндай табыстарды алушы резидент еместiң толық атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiнiң коды көрсетiледi;
      4) D бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң резиденттiк елiндегi салықтық тiркелуiнiң нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында  Салық кодексiнiң  178-бабына сәйкес резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарының түрi көрсетiледi;
      6) F бағанында салық кезеңiнiң басына төленбеген табыстардың сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында есептелген табыстың сомасы көрсетiледi;
      8) H бағанында  Салық кодексiнiң  180-бабымен белгiленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      9) I бағанында G және H бағандары көрсеткiштерiнiң туындысы ретiнде есептелген табыстардан табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында G және I бағандары көрсеткiштерiнiң арасындағы айырма ретiнде есептелген резидент емеске төлеуге жататын табыс сомасы көрсетiледi;
      11) К бағанында салық агентi өткен жылдың қорытындысы бойынша декларацияда шегеруге жатқызған төленген табыстар және (немесе) төленбеген табыстар сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында  Салық кодексiнiң  181-бабының 1) тармақшасына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      13) M бағанында салық агентi шегеруге жатқызған резидент еместердiң табысынан Салық кодексiнiң 181-бабының 2) тармақшасына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi.

      17. Резидент емес - салық төлеушiнiң резиденттiк елiнiң кодын толтыру кезiнде Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң 26.09.1995 жылғы 127-П бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 21 сәуiрде N 291 тiркелген "Әлем елдерiнiң жiктемесi" Жүк кеден декларациясын толтыру  тәртiбi  туралы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес елдердiң сандық кодталуын пайдалану қажет.

      18. Есептi толтырған кезде кiрiс түрлерiнiң мынадай кодтарын толтыру қажет:
      Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер:
      1010 - Қазақстан Республикасындағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыстар;
      1020 - Қазақстан Республикасындағы аумағында орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1021 - резидент шығарған бағалы қағаздарды сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1022 - заңды тұлға - резиденттiң қатысу үлесiн немесе Қазақстан Республикасындағы аумағында орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1030 - резиденттерге борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      1031 - Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыруына байланысты резидент еместерге борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      1040 - резидент еместердiң мiндеттемелердi, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттарды орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар);
      1041 - резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша мiндеттемелерiн резидент еместердiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      1050 - заңды тұлға - резиденттен дивидендтер нысанында түсетiн табыстар;
      1060 - резиденттерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1061 - егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1070 - резидент - эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1071 - резидент - эмитенттерден, егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент емес эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1080 - резиденттерден алынған роялти нысанындағы табыстар;
      1081 - тұрақты мекемесi арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты резидент еместерден алынатын роялти нысанындағы табыстар;
      1090 - Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
      1100 - Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
      1110 - Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтандыру сыйақылары түрiндегi табыстар;
      1111 - Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
      1120 - тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
      1130 - Қазақстан Республикасында жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша қызметтен түскен табыстар;
      1131 - Қазақстан Республикасында өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтен түскен табыстар;
      1140 - басшылардың қаламақылары және (немесе) осындай тұлғаларға жүктелген басқару мiндеттерiн нақты орындау орнына қарамастан резидент заңды тұлғаның жоғары басқару органының (директорлар кеңесiнiң, басқарманың немесе өзге де сол сияқты органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;
      1150 - Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
      1160 - материалдық, әлеуметтiк игiлiктер үшiн жұмыс берушi немесе жалдаушы шеккен шығыстардың өтем нысанындағы табыстары немесе Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн резидент емес жеке тұлғалардың өзге де материалдық пайдалары, оның ішінде тамақтандыруға, тұруға, оқу мекемелерiнде балалар оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа байланысты шығыстар;
      1170 - резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
      1180 - кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне, театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетiн табыстар;
      1190 - резиденттер төлейтiн ұтыстар;
      1200 - Қазақстан Республикасында жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      1210 - Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн табыстар;
      1220 - нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан резиденттерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, маркетингтiк, заңдық (адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда), агенттiк, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
      1221 - нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, маркетингтiк, заңдық (адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда), агенттiк, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
      1230 - мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар;
      1240 - күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар;
      1250 - Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етiлген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар;
      1260 - кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған табыстар;
      1270 - шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар;
      1280 - кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;
      1290 - ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;
      1300 - бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар;
      1310 - бағамдық оң айырма;
      1320 - әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артуы;
      1330 - степендиялар;
      1340 - жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша алған табыстары;
      1350 - Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған табыстар резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстар.
      2) Қазақстан Республикасы шегiнен тыс көздерден табыстар:
      2010 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыстар;
      2020 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2021 - резидент шығарған бағалы қағаздарды сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2022 - заңды тұлға - резиденттiң қатысу үлесiн немесе Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2030 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      2040 - резидент еместердiң мiндеттемелердi, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттарды орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      2050 - заңды тұлға - резиденттен дивидендтер нысанында түсетiн табыстар;
      2060 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      2070 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      2080 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынған роялти нысанындағы табыстар;
      2090 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
      2100 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
      2111 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
      2120 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
      2130 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша қызметтен түскен табыстар;
      2131 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтен түскен табыстар;
      2140 - басшылардың қаламақылары және (немесе) осындай тұлғаларға жүктелген басқару мiндеттерiн нақты орындау орнына қарамастан резидент емес заңды тұлғаның жоғары басқару органының (директорлар кеңесiнiң, басқарманың немесе өзге де сол сияқты органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;
      2150 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
      2160 - материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда нысанындағы табыстар;
      2170 - резидент емес-жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
      2180 - кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне, театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасы шегiнен тыс қызметтен төленетiн табыстар;
      2190 - резидент еместер төлейтiн ұтыстар;
      2200 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      2210 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн (алынған) табыстар;
      2220 - Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алынатын өзге де табыстар.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 101.06 графикалық нысаны Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оны РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен    
бекітілген        

  Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiндегi корпорациялық табыс салығы мен аванстық төлемдер сомасының Есебiн жасау ережелерi
(101.07 - 101.08 нысандар)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және 100.00, 110.00 және 120.00 нысандарын беретiн заңды тұлғалар, құрылымдық бөлiмшелер бойынша корпорациялық табыс салығы мен аванстық төлемдердi бөлуге арналған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi бойынша салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы мен аванстық төлемдер сомасының Есебiн (бұдан әрi - Есеп) жасау тәртiбiн айқындайды.

      Құрылымдық бөлiмшелер үшiн салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша төленуге тиiстi аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомаларын заңды тұлға өз қызметiнiң ерекшелiгiне қарай өзiнiң тiркелу орны бойынша салық органымен келiсе отырып еңбекке ақы төлеу қоры және тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан түскен табыс көрсеткiштерiнiң негiзiнде айқындайды.
      Бұл орайда құрылымдық бөлiмшелер үшiн салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша төленуге тиiстi аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомаларын бөлу қолданатын үлес салмағына, (әрбiр құрылымдық бөлiмшенiң еңбекке ақы төлеу қоры немесе тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)) сатудан табыс және жалпы заңды тұлға бойынша салық кезеңi үшiн есептелген аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомаларына қарай жүргiзiледi;
      Пайдаланылатын көрсеткiш салық кезеңiнiң iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
      101.07 нысаны бойынша Есептi бас ұйым өзiнiң тiркелу есепке алыну орны бойынша ұсынады және аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомаларының Есебiне (101.01, 101.02, 101.03, 101.04, 121.00 нысандар) және корпорациялық табыс салығы Декларациялар (100.00, 110.00, 120.00 нысандар) қоса берiледi.
      Бас ұйым 101.07 нысаны бойынша Есептiң негiзiнде дербес балансы мен банк шоты бар (өкiлдiктер, оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер) бойынша және дербес балансы мен банк шоты жоқ оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бойынша 101.08 нысаны бойынша Есептердi толтырады, оларды өзiнiң тiркеу орны бойынша салық органында растайды және құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiркеу орны бойынша салық органдарына жiбередi. Бұл ретте бас ұйымның тiркеу орны бойынша салық органына 101.08 нысаны бойынша Есеп деректерiнiң 101.08 нысаны бойынша Есеп деректерiмен сәйкес келуiн бақылау жүктеледi.
      Салық кезеңiнiң аяқталуы бойынша корпорациялық табыс салығы Декларацияларымен (100.00, 110.00, 120.00 нысандар) бiр уақытта заңды тұлғаның бас ұйымы тiркеу орны бойынша салық органына салық төлеушiнiң және тiркеу орны бойынша салық органының растаған өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн корпорациялық табыс салығы бойынша бюджетпен есептесу жөнiндегi салыстыру актiсiн тапсыруы тиiс.
      Құрылымдық бөлiмшелер үшiн салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша төленуге тиiстi аванстық төлемдер және корпорациялық табыс салығы сомаларын дұрыс есептеу сондай-ақ оларды толық және уақтылы төлеудi бақылау құрылымдық бөлiмшелерiнiң тұрған орны бойынша салық органдарына жүктеледi.

      2. Есептi жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта -  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      3. Есептi толтыру кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi.

      4. Көрсеткiштер жоқ болған кезде тиiстi торкөздер толтырылмайды.

      5. Тиiстi қосымша нысандардағы көрсеткiштердi ашуды талап ететiн жолдарды толтыру кезiнде, көрсетiлген қосымша нысандар мiндеттi тәртiпте толтыруға жатады.

      6. Қосымша нысандардың "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде Есептiң "Салық агентi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде көрсетiлген тиiстi көрсеткiштер көрсетiледi.

      7. Есептi беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiмен екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық төлеушiге қайтарылады;
      2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеушi почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
      3) Салық кодексiнiң 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртiбiмен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде - салық төлеушi 101.06 нысан бойынша есеп қабылдау (жеткiзу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

      8. Есепке Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  1. Есептi жасау (101.07) нысан

      9. Есеп  Салық кодексiнiң  128-бабына сәйкес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi бойынша салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомаларын бөлу тәртiбiн қарастырады.

      10. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тіркеу нөмiрi;
      2) Есеп берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) салық төлеушiнiң тiркеу орны (бас ұйымның);
      5) Есеп түрi. Бұл торкөздер  Салық кодексiнiң  69 және  71-баптарына  сәйкес белгiленедi. Есептiң түрiне қарай тиiстi торкөз белгiленедi.
      Егер Есеп салық төлеушi мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн алғаш рет берiлсе, "Бастапқы" торкөзi белгiленедi.
      Келесi Есептердi беру кезiнде "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Бұрын берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" деген торкөз егер салық төлеушi оның негiзiнде бұрын берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу талап етiлетiн  Салық кодексiнiң  31-бабы, 2-тармағының 7) тармақшасына көзделген хабарламаны алса белгіленедi. Бұл жағдайда салық төлеушi "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" деген торкөздердi бiр уақытта белгiлейдi.
      Тарату (қайта ұйымдастыру) жағдайында "Таратылу" торкөзi белгiленедi;
      6) пайдаланылатын көрсеткiш (тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан табыс немесе еңбекке ақы төлеу қоры);
      7) валюта коды;
      8) Есепке қоса берiлген салық есептiлiгiнiң коды (101.01, 101.02, 101.03, 101.04, 121.00, 100.00, 110.00, 120.00);
      9) 101.08 нысаны бойынша қоса берiлген Есептердiң саны;
      10) Астана, Алматы қалаларының, бiр облыстың аумағында заңды тұлғаның бас ұйымымен орналасқан жеке теңгерiмi мен банктiк шоты жоқ оқшауланған құрамдылық бөлiмшелерiнiң саны.

      11. "Есеп" бөлiмiнде:
      1) 101.07.001 жолы бас ұйым мен заңды тұлғаның бас ұйымымен дербес балансы мен банк шоты жоқ бiр облыстың, Астана, Алматы қалаларының аумағындағы оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi төлеуге тиiстi салық сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады;
      2) 101.07.002 жолы дербес балансы мен банк шоты бар қаладағы бiр филиалдар (өкiлдiктер, оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер) төлеуге тиiстi салық сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады;
      3) 101.07.003 жолы дербес балансы мен банк шоты жоқ оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер, және бiр облыстың, Астана, Алматы қалаларының аумағында заңды тұлғаның бас ұйымсыз оқшауланған құрылымдық бөлiмшелердiң төлеуге тиiстi салық сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады;
      4) 101.07.004 жолы салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығының жалпы сомаларын көрсетуге арналған, және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады, салық кезең үшiн төлеуге жататын аванстық төлемдердiң жалпы сомасы көрсетiледi. Бұл ретте осы сома 101.07.001 жолынан 101.07.003 жолдары сомасына тең келуi тиiс.

      12. 101.07.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында бас ұйым және бiр облыстың, Астана, Алматы қалаларының аумағында заңды тұлғаның дербес балансы мен банк шоты жоқ оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер, және бас ұйымымен оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi көрсетiледi;
      3) С бағанына бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленетiн салық органының коды көрсетiледi;
      4) D бағанында бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық кезеңi үшiн есептелген еңбекке ақы төлеу қоры, немесе салық кезеңi үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан түсуге жататын (түскен) табыс көлемi көрсетiледi;
      5) E бағанында бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша көрсеткiшi (еңбекке ақы төлеу қоры немесе тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыс) және заңды тұлға бойынша жалпы сомасының көрсеткiшiнiң қатынасы ретiнде анықталатын бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша заңды тұлға бойынша жалпы көлемде процентпен үлес салмағы көрсетiледi;
      6) F бағанында бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге тиiстi салық сомасы көрсетiледi;
      101.07.001 жолына қосымша нысанның D, E және F бағандарының жиынтық шамасы тиiсiнше 101.07.004 жолына қосымша нысанның С, D және Е бағандарының 002 жолына, 101.07 001 жолына қосымша нысанның F бағаны 101.07.001 жолына көшiрiледi.

      13. 101.07.002 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында дербес балансы мен банк шоты бар филиалдар (өкiлдiктер, оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер) атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленетiн салық органының коды көрсетiледi;
      4) D бағанында салық төлеушi-құрылымдық бөлiмшелердiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық кезеңi үшiн есептелген еңбекке ақы төлеу қоры, немесе салық кезеңi үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан түсуге жататын (түскен) табыс көлемi көрсетiледi;
      6) F бағанында бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша көрсеткiшi (еңбекке ақы төлеу қоры немесе тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыс) және заңды тұлға бойынша жалпы сомасының көрсеткiшiнiң қатынасы ретiнде анықталатын бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша заңды тұлға бойынша жалпы көлемде процентпен үлес салмағы көрсетiледi;
      7) G бағанында тиiстi құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге тиiстi салық сомасы көрсетiледi;
      101.07.002 жолына қосымша нысанның E, F және G бағандарының жиынтық шамасы тиiсiнше 101.07.004 жолына қосымша нысанның С, D және E бағандарының 003 жолына, 101.07.002 жолына қосымша нысанның G бағаны 101.07.002 жолына көшiрiледi.

      14. 101.07.003 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында бiр облыстың, Астана, Алматы қалаларының аумағында заңды тұлғаның бас ұйым бар оқшауланған құрылымдық бөлiмшеден (-лерден) басқа, бiр облыстың, Астана, Алматы қалаларының аумағында орналасқан және дербес балансы мен банк шоты жоқ оқшауланған құрылымдық бөлiмшенiң (лердiң) атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында тиiстi құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленетiн облыс немесе Астана, Алматы қалалары салық органдарының коды көрсетiледi;
      4) D бағанында салық төлеушi-құрылымдық бөлiмшелердiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi (oл жоқ болған жағдайда - салық төлеушi бас ұйымның тiркеу нөмiрi көрсетiледi);
      5) E бағанында бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық кезеңi үшiн есептелген еңбекке ақы төлеу қоры, немесе салық кезеңi үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан түсуге жататын (түскен) табыс көлемi көрсетiледi;
      6) F бағанында бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша көрсеткiшi (еңбекке ақы төлеу қоры немесе тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыс) және заңды тұлға бойынша жалпы сомасының көрсеткiшiнiң қатынасы ретiнде анықталатын бас ұйым мен тиiстi құрылымдық бөлiмшелер бойынша заңды тұлға бойынша жалпы көлемде процентпен үлес салмағы көрсетiледi;
      7) G бағанында тиiстi құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге тиiстi салық сомасы көрсетiледi.
      101.07.002 жолына қосымша нысанның E, F және G бағандарының жиынтық шамасы тиiсiнше 101.07.004 жолына қосымша нысанның С, D және E бағандарының 003 жолына, 101.07.002 жолына қосымша нысанның G бағаны 101.07.002 жолына көшiрiледi.

      15. 101.07.004 жолына қосымша нысан 101.07.001, 101.07.002, 101.07.003 жолдарына қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.
      101.07.004 жолына қосымша нысанның E бағаны 101.07.004 жолына көшiрiледi.

  3. Есеп жасау (101.08-нысан)

      16. Есеп  Салық кодексiнiң  128-бабына сәйкес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi бойынша салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомалары жөнiнде заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң (-лерiнiң) тiркеу орны бойынша салық органын хабардар етудi қарастырады.

      17. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Есеп берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) құрылымдық бөлiмшенiң салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi;
      5) құрылымдық бөлiмшенiң құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы (дербес балансы мен банк шоты жоқ облыстар немесе Астана, Алматы қалалары бойынша жалпы сомамен оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн Есеп жасау кезiнде толық атауы көрсетiледi);
      6) құрылымдық бөлiмшенiң тiркелу есепке алу орны бойынша салық органының коды (дербес балансы мен банк шоты жоқ облыстар немесе Астана, Алматы қалалары бойынша жалпы сомамен оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн Есеп жасау кезiнде облыстар немесе Астана, Алматы қаласының салық органының коды көрсетiледi);
      Есеп түрi. Егер салық төлеушi Есептi:
       Салық кодексiнiң  136-бабы 2-тармағы бойынша берсе - "бастапқы" деген торкөз белгiленедi;
      Салық кодексiнiң 136-бабы 3-тармағы бойынша берсе - "тарату" деген торкөз белгiленедi;
      Салық кодексiнiң 136-бабы 4-тармағы бойынша берсе - "бастапқы" және "тарату" деген торкөздер белгiленедi;
       Салық кодексiнiң  71-бабы 2-тармағы бойынша берсе - "қосымша" деген торкөз белгiленедi;
       Салық кодексiнiң  31-бабы 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша берсе - "хабарлама бойынша" деген торкөз белгiленедi;
      басқа жағдайларда "кезектi" деген торкөз белгiленедi;
      8) Есепке қоса берiлген Салық есептiлiгiнiң коды;
      9) валюта коды.
      10) 101.01, 101.02, 101.03, 101.04 нысандарымен бiрге бiр уақытта берген кезде толтырылады және көрсетiлген нысандардан деректер ауыстырылады.

      18. "Есеп" бөлiмiнде 101.08.001 жолы салық төлеушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша төленуге жататын аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығының жалпы сомаларын көрсетуге арналған және 101.07.001, 101.07.002, 101.07.003 жолдарына қосымша нысандардың деректері негізінде толтырылады.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 101.07, 101.08 графикалық нысандары Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оларды РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.
      Ескерту: N 2 қосымшаның "Есеп" бөлiмiнде 101.08.001 жолының атауы мынадай редакцияда жазылды: "Филиал/өкiлдiк/оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге жататын салық сомасы" - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 14 бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен     
бекітілген         

  Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердiң табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне есептелгенi туралы есептi жасау ережелерi
(101.09-нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және  Салық кодексiнiң  198-бабына сәйкес резидент-банктер 101.09-нысан бойынша Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердiң табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне есептелгенi туралы есептi (бұдан әрi - Есеп) жасау тәртiбiн айқындайды.

      2. Есептi жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта -  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      3. Есептi толтыру кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi.

      4. Көрсеткiштер болмаған кезде тиiстi торкөздер толтырылмайды.

      5. Қосымша нысанның "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде Есептiң "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде көрсетiлген тиiстi көрсеткiштер көрсетiледi.

      6. Тиiстi қосымша нысанның деректерi болған кезде аталған қосымша нысан Есеп жолының деректерiнiң бар немесе жоқ екенiне қарамастан мiндетті тәртiпте толтыруға жатады.

      7. Есептi беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiнде екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық органына қайтарылады;
      2) почта бойынша салық төлеушi хабарламалы тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3) келу тәртiбiмен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеушi Кодекстiң 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 101.09-нысан бойынша есептi жеткiзу туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

      8. Есепке Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердiң табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне есептелгенi туралы есеп - 101.09-нысан бойынша eceпті жасау

      9. "Банк-резидент туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) банк-салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
      2) Есеп тапсырылатын есептi салық кезеңiн;
      3) толық атауын;
      4) Есептiң түрi: Егер банк есептi:
       Салық кодексiнiң  136-бабы 2-тармағы бойынша берсе - "бастапқы" деген торкөз белгiленедi;
      Салық кодексiнiң 136-бабы 3-тармағы бойынша берсе - "тарату" деген торкөз белгiленедi;
      Салық кодексiнiң 136-бабы 4-тармағы бойынша берсе - "бастапқы" және "тарату" деген торкөздер белгiленедi;
       Салық кодексiнiң  71-бабы 2-тармағы бойынша берсе - "қосымша" деген торкөз белгіленедi;
       Салық кодексiнiң  31-бабы 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша берсе - "хабарлама бойынша" деген торкөз белгіленедi;
      басқа жағдайларда Салық кодексiнiң 136-бабы 1-тармағына сәйкес - "кезектi" деген торкөз белгiленедi.

      10. "Мемлекеттiк бюджетке есептелдi" бөлiмiнде:
      1) 101.09.01 жолы 101.09.01A және 101.09.01В жолдарының сомасы ретiнде айқындалған, салық кезеңi үшiн табыс салығы мен банк сыйақыларының жиынтық сомаларын көрсетуге арналған;
      2) 101.09.01А жолы салық кезеңi үшiн мемлекеттiк бюджетке есептелген табыс салығының жиынтық сомаларын көрсетуге арналған, және 1-қосымша нысанның негiзiнде толтырылады;
      3) 101.09.01B жолы салық кезеңi үшiн мемлекеттiк бюджетке есептелген банк сыйақыларының жиынтық сомаларын көрсетуге арналған, және 1-қосымша нысанның негiзiнде толтырылады.

      11. Есепке қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында шартты банк салымы туралы келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      3) С бағанында кiрiстi төлеушi салық агентiнiң аты-жөнi немесе атауы көрсетiледi;
      4) D бағанында салық агентiнiң CTH-i көрсетiледi;
      5) E бағанында резидент еместiң аты-жөнi немесе атауы көрсетiледi;
      6) F бағанында резиденттiк елiндегi резидент емес салық төлеушiнiң нөмiрi көрсетiледi;
      7) G бағанында шартты банк салымының нөмiрi (банк шоты) көрсетiледi;
      8) Н бағанында шартты банк салымы туралы келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      9) I бағанында шартты банк салымына резидент еместердiң кiрiстерiнен табыс салығын есептеу күнi көрсетiледi;
      10) J бағанында шартты банк салымында табыс салығын орналастыру валютасының коды көрсетiледi;
      11) К бағанында шарты банк салымында резидент еместердiң кiрiсiнен табыс салығын орналастыру сәтiнен бастап есептелген, оны мемлекет бюджетiне аударғанға дейiнгi банк сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында табыс салығы сомасын қайтаруға салық органы шешiмiнiң нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      13) M бағанында шартты банк салымынан резидент емеске табыс салығы сомасын төлеу күнi көрсетiледi;
      14) N бағанында шартты банк салымынан резидент емеске төленген табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      15) О бағанында шартты банк салымынан резидент емеске төленген банк сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      16) Р бағанында шартты банк салымында орналастырған табыс салығын мемлекет бюджетiне есептеу туралы салық органы банкке ұсынған инкассалық өкiмнiң нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      17) Q бағанында банк сыйақыларының сомасын мемлекет бюджетiне есептеу туралы банкке ұсынған салық органының инкассалық өкiмнiң нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      18) R бағанында табыс салығын мемлекет бюджетiне есептеу күнi көрсетiледi;
      19) S бағанында банк сыйақыларын мемлекет бюджетiне есептеу күнi көрсетiледi;
      20) T бағанында  Салық кодексiнiң  198-бабы 13-тармағына сәйкес табыс салығын мемлекет бюджетiне есептеу күнiне орналастыру валютасын айырбастаудың рыноктық бағамы көрсетiледi;
      21) U бағанында шартты банк салымынан табыс салығын мемлекет бюджетiне есептеу сомасы ұлттық валютада көрсетiледi;
      22) V бағанында шартты банк салымынан банк сыйақыларын мемлекет бюджетiне есептеу сомасы ұлттық валютада көрсетiледi.
      Есепке қосымша нысанның U бағанының жиынтық шамасы 101.09.001A жолына, V бағанының жиынтық шамасы - 101.09.001B жолына көшiрiледi.
_______________________________________________
       РҚАО-ның ескертуі: 101.09 графикалық нысаны Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оны РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

      

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен     
бекітілген         

  Шартты банк салымында резидент еместердiң кiрiсiнен табыс салығын орналастыру сәтiнен бастан есептелген, оны мемлекет бюджетiне аударғанға дейiнгi банк сыйақыларының сомасы туралы мәлiметтердi жасау ережелерi
(101.10 нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және  Салық кодексiнiң  198-бабына сәйкес резидент-банктер 101.10-нысан бойынша Шартты банк салымында резидент еместердiң кiрiсiнен табыс салығын орналастыру сәтiнен бастап есептелген, оны мемлекет бюджетiне аударғанға дейiнгi банк сыйақыларының сомасы туралы мәлiметтердi (бұдан әрi - Мәлiметтер) жасау тәртiбiн айқындайды.

      2. Мәлiметтердi жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта - Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес толтырылады.

      3. Мәлiметтердi толтыру кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi.

      4. Мәлiметтердi беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiнде екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық органына қайтарылады;
      2) қағаз тасығышта почта бойынша тапсырысты хатпен салық төлеушi почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3) келу тәртiбiмен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеушi  Салық кодексiнiң  69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Мәлiметтердi қабылдау (жеткiзу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

      5. Мәлiметтер Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. Шартты банк салымында резидент еместердiң кiрiсiнен
табыс салығын орналастыру сәтiнен бастап
есептелген, оны мемлекет бюджетiне аударғанға
дейiнгi банк сыйақыларының сомасы туралы мәлiметтер -
101.10-нысан бойынша мәлiметтердi жасау

      6. "Банк-резидент туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) банк-резидент салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
      2) толық атауын;
      3) Олар бойынша Мәлiметтер ұсынылған салық органы сұратуының нөмiрi мен күнiн.

      7. "Өзге ақпарат" бөлiмiнде:
      1) 101.10.001 жолында салық агентiнiң аты-жөнi немесе атауы көрсетiледi;
      2) 101.10.002 жолында салық агентiнiң CTH-i көрсетiледi;
      3) 101.10.003 жолында кiрiстi алушы - резидент еместiң аты-жөнi немесе атауы көрсетiледi;
      4) 101 10.004 жолында резидент ету елiндегi резидент еместiң салық тiркеуінiң нөмiрi көрсетiледi;
      5) 101.10.005 жолында Салық кодексiнiң 198-бабына сәйкес жасалған шартты банк салымы туралы шарттың тiркелу нөмiрi көрсетiледi;
      6) 101 10.006 жолында шартты банк салымының нөмiрi (банк шоты) көрсетiледi;
      7) 101.10.007 жолында шартты банк салымында (банк шотында) резидент еместердiң кiрiстерiнен табыс салығы сомасын орналастыру кезеңi көрсетiледi;
      8) 101.10.008 жолында шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      9) 101.10.009 жолында шартты банк салымы туралы шартқа сәйкес банк сыйақыларының мөлшерi көрсетiледi;
      10) 101.10.010 жолында шартты банк салымында орналастыру сәтiнен бастап есептелген, оны бюджетiне аударғанға дейiнгi табыс салығының, банк сыйақыларының сомасы көрсетiледi.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 101.10 графикалық нысаны Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оны РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.   

 Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің      
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
      N 608 бұйрығымен      
бекітілген         

  Корпорациялық табыс салығы
бойынша декларация жасау ережелерi
(110.00-нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корпорациялық табыс салығының кiрiстерiн мәлiмдеуге және есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрi - Декларация) жасау тәртiбiн айқындайды.

      2. Декларация Декларацияның өзiнен (110.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпаратты ашуға оған қосымшалардан (110.01-110.33 нысандары) тұрады.

      3. Декларацияны жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта -  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      4. Декларацияны толтыру кезiнде түзетулерге, тазартуларға және өшiрулерге жол берiлмейдi.

      5. Көрсеткiштер жоқ болған кезде тиiстi торкөздер толтырылмайды.

      6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берiлмейдi.

      7. Тиiстi қосымша нысанда көрсеткiштердi ашуды талап ететiн жолдарды толтыру кезiнде аталған қосымша нысандар мiндеттi тәртiпте толтыруға жатады.

      8. Қосымша нысандардың "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде тиiстi қосымшаның "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде көрсетiлген тиiстi көрсеткiштерi көрсетiледi.
      9. Соманың терiс мәнi тиiстi жолдың (бағанның) бiрiншi сол торкөзiнде "-" белгiсiмен көрсетiледi.

      10. Декларацияны беру кезiнде:
      1) келу тәртiбiнде қағаз тасығышта Декларация екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен бiрге салық органына қайтарылады;
      2) хабарламамен почта бойынша салық төлеушi тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3) келу тәртiбiмен электрондық түрде немесе электрондық почта бойынша салық төлеушi Салық кодексiнiң 69-бабының 8-тармағындағы 3-тармақшаға сәйкес Декларацияны қабылдау (жеткiзу) туралы электрондық почта бойынша немесе салық органында хабарламаны алады.

      11. Декларацияға Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. Декларацияны жасау (110.00-нысан)

      12. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) ЭҚЖЖ коды. Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрiнiң негiзгi коды (алғашқы бес белгi) және оның үлес салмағы (100%) көрсетiледi;
      5) Декларацияның түрi. Осы тор көздер  Салық кодексiнiң  69 және  71-баптарға  сәйкес белгiленедi. Декларацияның түрiне байланысты тиiстi торкөз белгiленедi.
      "Бастапқы" торкөз егер салық төлеушiлер ретiнде тiркелгеннен кейiн алғаш рет Декларация берiлгенде белгiленедi.
      Одан кейiнгi декларацияларды беру кезiнде "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Бұрын берiлген декларацияларға өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кезiнде "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" торкөзi, егер салық төлеушiмен  Салық кодексiнiң  31-бабы, 2-тармағының 7) тармақшасында қарастырылған хабарлама алынса, соның негiзiнде бұрын көрсетiлген Декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қажет ететiн жағдайда белгiленедi. Бұл жағдайда салық төлеушiмен "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" торкөздерi бiр уақытта белгiленедi.
      Тарату (қайта құру) жағдайында "Тарату" торкөзi белгiленедi. Егер салық төлеушi Декларацияны  Салық кодексiнiң  136-бабының 4-тармағына сәйкес берсе, "Бастапқы" және "Тарату" торкөздерi белгіленедi.
      Сондай-ақ,  Салық кодексiнiң  114-бабында көзделген жағдайда "Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар" торкөзi белгiленедi.
      6) валюта коды;
      7) берiлген қосымшалар. Берiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi;
      8) Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi (107.07-Нысан) бойынша салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер және корпоративтiк табыс салығы сомалары Есебiн беру кезiнде, "101.07-нысан бойынша Есеп" торкөзi белгiленедi;
      9) резидент емеспен беру кезiнде "Резидент емес" торкөзi белгiленедi.

      13. Салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кiрiсiне Салық кодексiнiң  80,   184-баптарына  сәйкес айқындалатын салық төлеушi кiрiстерiнiң барлық түрлерi енгiзiледi.

      14. "Жылдық жиынтық кiрiс" бөлiмiнде:
      1) 110.00.001 жолына 110.01.004 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      2) 110.00.002 жолына 110.01.012 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      3) 110.00.003 жолына  Салық кодексiнiң  83-бабына сәйкес мiндеттемелердi есептен шығару нәтижесiнде алынған кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      4) 110.00.004 жолына 110.03.003 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      5) 110.00.005 жолына 110.04.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      6) 110.00.006 жолына 110.05.004 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      7) 110.00.007 жолында  Салық кодексiнiң  86-бабына сәйкес берешек талабына жол беруден салық төлеушi алған және алуға жататын кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      8) 110.00.008 жолында  Салық кодексiнiң  80-бабының 2-тармағындағы 8) тармақшаға сәйкес кәсiпкерлiк қызметiн шектеу немесе тоқтатуға келiсiм үшiн салық төлеушi алған және алуға жататын кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      9) 110.00.009 жолына 110.22.006 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      10) 110.00.010 жолында Салық кодексiнiң 80-бабының 2-тармағындағы 11) тармақшаға сәйкес жалпы үлестiк меншiктен кiрiстi бөлу кезiнде алынатын кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      11) 110.00.011 жолында Салық кодексiнiң 80-бабы, 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес егер бұл сомалар бұрын шегерiмге жатқызылмаса, буын негiзсiз ұсталған айыппұлдар, бюджеттен қайтарылғандарды қоспағанда басқа сот тағайындаған және (немесе) борышкер деп танылған айыппұлдар, өсiмдер мен санкциялардың басқа да түрлерiнiң сомасы көрсетiледi;
      12) 110.00.012 жолында  Салық кодексiнiң  89-бабына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерiнде бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылық сомасы көрсетiледi;
      13) 110.00.013 жолына 110.06.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      14) 110.00.014 жолына 110.07.003 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      15) 110.00.015 жолына 110.08.005 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      16) 110.00.016 жолына 110.09.001C жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      17) 110.00.017 жолында Салық кодексiнiң 80-бабының 2-тармағындағы 18) тармақшаға сәйкес ұтыстардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      18) 110.00.018 жолында Салық кодексiнiң 80-бабының 2-тармағындағы 19) тармақшаға сәйкес роялти түрiндегi салық төлеушi алған кiрiс көрсетiледi;
      19) 110.00.019 жолында Салық кодексiнiң 80-бабының 2-тармағындағы 20) тармақшаға сәйкес кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылмайтын әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған шығыстардан кiрiстердiң асу сомасы көрсетiледi;
      20) 110.00.020 жолында 110.00.001 - 110.00.019 жолдарында көрсетiлмеген, Салық кодексiнiң 80-бабына сәйкес жылдық жиынтық кiрiске енгiзiлетiн салық төлеушiнiң кiрiсi көрсетiледi;
      21) 110.00.021 жолында 110.00.001 - 110.00.020 жолдарының сомасын қосумен айқындалатын жылдық жиынтық кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi.

      15. "Жылдық жиынтық кiрiстi түзету" бөлiмiнде:
      1) 110.00.022 жолында  Салық кодексiнiң  91-бабына сәйкес жылдық жиынтық кiрiстi түзетудiң жалпы сомасы көрсетiледi, ол 110.00.022A - 110.00.022E жолдарының сомасын қосумен айқындалады;
      2) 110.00.023 жолында 110.00.021 және 110.00.022 жолдарының сомасының айырмасы ретiнде айқындалатын түзету есебiмен жылдық жиынтық кiрiстiң сомасы көрсетiледi.

      16. "Шегерiмдер" бөлiмiнде:
      1) 110.00.024 жолына 110.11.009 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      2) 110.00.025 жолына 110.12.008 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      3) 110.00.026 жолына 110.13.001C жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      4) 110.00.027 жолына 110.14.001B жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      5) 110.00.028 жолына 110.15.001E жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      6) 110.00.029 жолына 110.17.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      7) 110.00.030 жолына 110.17.001C жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      8) 110.00.031 жолына 110.18.001D жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      9) 110.00.032 жолына 110.19.007 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      10) 110.00.033 жолына 110.20.001H жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      11) 110.00.034 жолында  Салық кодексiнiң  103-бабына сәйкес есептелген шектерде мемлекеттiк бюджетке төленген салықтардың сомасы көрсетiледi;
      12) 110.00.035 жолына 110.21.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      13) 110.00.036 жолында 110.00.036A - 110.00.036F жолдарының сомасын қосумен айқындалатын тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың, жөндеуге шығыстар мен басқа да шегерiмдердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      14) 110.00.036A жолына 110.22.004E жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      15) 110.00.036В жолына 110.22.005E жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      16) 110.00.036C жолына 110.23.001B жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      17) 110.00.036D жолына 110.22.041 және 110.22.005G жолдарында көрсетiлген сомалар көшiрiледi;
      18) 110.00.036E жолына 110.22.004H және 110.22.005F жолдарында көрсетiлген сомалар көшiрiледi;
      19) 110.00.036F жолына 110.22.004F және 110.22.004E жолдарында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      20) 110.00.037 жолында 110.00.024 - 110.00.036 жолдарының сомасын қосумен айқындалатын шегiрiмдердiң жалпы сомасы көрсетiледi.

      17. "Салық салынатын кiрiс есебi" бөлiмiнде:
      1) 110.00.038 жолында 110.00.023 және 110.00.037 жолдарының айырмасы ретiнде айқындалатын салық салынатын кiрiс (залал) сомасы көрсетiледi;
      2) 110.00.039 жолында  Салық кодексiнiң  124-бабының 1-тармағының үшiнші бөлiгiне сәйкес көшiруге жатпайтын, Салық кодексiнiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдарды шегерiмге жатқызу нәтижесiнде салық төлеушi алған залал сомасы көрсетiледi. Бұл ретте, егер 110.00.036C жолы бойынша сома 110.00.038 жолының сомасынан астам немесе тең болса, онда 110.00.039 жолында 110.00.038 жолында көрсетiлген сома көрсетiледi. Егер 110.00.036C жолы бойынша сома 110.00.038 жолы бойынша сомадан аз болса, 110.00.039 жолына 110.00.036C жолының сомасы көшiрiледi;
      3) 110.00.040 жолында кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылатын (110.00.038 - 110.00.039 + 110.02.002) үйлер, құрлыстар мен ғимараттарды сату кезiнде алынған залал сомасынан қалыптасқан және көшiруге жатпайтын залал сомасына азайтылған есептi салық кезеңiнiң нәтижелерi бойынша алынған залал сомасы ретiнде айқындалған көшiруге жататын залал сомасы көрсетiледi;
      4) 110.00.041 жолында 110.00.038 х 2% + (110.00.041D - 110.00.041G) - 110.00.041H сомаларының шамасында Салық кодексiнiң 122-бабына сәйкес (110.00.041A - 110.00.041C сома) салық салынатын кiрiстен (кiрiске) алынып тастайтын (енгізiлетiн) шығыстардың (кiрiстердiң) жалпы сомасы көрсетiледi;
      5) 110.00.041A жолында  Салық кодексiнiң  122-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстап тұруға нақты шеккен шығыстар сомасы көрсетiледi;
      6) 110.00.041В жолында Салық кодексiнiң 122-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға тегiн берiлген мүлiк сомасы көрсетiледi;
      7) 110.00.041C жолында Салық кодексiнiң 122-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғаларға берiлетiн адрестiк әлеуметтiк көмек көрсетiледi;
      8) 110.00.041D жолын мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын салық төлеушiлер толтырады. Бұл жолда Салық кодексiнiң 122-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген шығыстар сомасы көрсетiледi;
      9) 110.00.041E жолында Салық кодексiнiң 122-бабының 2-тармағына сәйкес негiзгi қаражаттардың қаржы лизингi бойынша алынған сыйақы сомасы көрсетiледi;
      10) 110.00.041F жолында Салық кодексiнiң 122-бабының 4-тармағына сәйкес кiрiс сомасы көрсетiледi;
      11) 110.00.041G жолында "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабындағы 1-тармаққа сәйкес орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кредиттер бойынша, ипотекалық кредиттер бойынша және тұрғын үй-жайлардың лизингi бойынша сыйақылар жөнiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      12) 110.00.041H жолында Салық кодексiнiң 122-бабының 5-тармағына сәйкес пайдаланудың үш жылдық кезеңiнiң аяқталуына дейiн тiркелген активтердi сату кезiнде  110-баптың  2-тармағына сәйкес бұрын шегерiмге жатқызылған амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi.
      13) Егер 110.00.041A - 110.00.041C жолдарында көрсетiлген шығыстардың нақты сомасы салық салынатын кiрiстен екi процентiнен кемiнiң сомасын құраса, онда салық салынатын кiрiстен алып тастауға салық салынатын кiрiстен екi процент мөлшерiнде айқындалған сома жатады;
      14) 110.00.042 жолында  Салық кодексiнiң  123-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған және  Салық кодексiнiң  124-бабына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерiнен көшiрiлген залал сомасы көрсетiледi;
      15) 110.00.043 жолында 110.00.038, 110.00.041 және 110.00.042 жолдарының айырмасы ретiнде айқындалатын шеккен залалдар мен түзетулердi ескерiп салық салынатын кiрiс көрсетiледi. Егер 110.00.042 жолында көрсетiлген сома бұрынғы екi жолдың айырмасынан үлкен болса, онда осы жолдың шамасы терiс болады. Алынған сома 110.27.001 жолына көшiрiледi.

      18. "Салық мiндеттемесiнiң есебi" бөлiмiнде:
      1) 110.00.044 жолында 110.27.002 жолында айқындалған есептелген салық сомасы көрсетiледi;
      2) 110.00.045 жолында 110.27.003 жолында айқындалған есептi салық кезеңi үшiн салық төлеушiмен жүргiзiлген есепке жатқызу сомасы көрсетiледi;
      3) 110.00.046 жолында 110.27.004 жолында айқындалған есептi салық кезеңi үшiн салық төлеушi жүргiзген шегерiмдер сомасы көрсетiледi;
      4) 110.00.047 жолында 110.27.005 жолында айқындалған есептi салық кезеңi үшiн төленген аванстық төлемдер көрсетiледi;
      5) 110.00.048 жолын толтыру кезiнде 110.27.006 жолында айқындалған есепке алуға (қайтаруға жататын) тиiс артық төленген салық сомасы көрсетiледi;
      6) 110.00.049 жолын толтыру кезiнде 110.00.007 жолында айқындалған есепке жатқызуға (қайтаруға) жатқызылған артық төленген салық сомасы көрсетiледi;
      110.00.047 жолын толтыру кезiнде сома салық органы мен салық төлеушi куәландырған салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жағдайы туралы салыстыра тексеру актiсiнiң негiзiнде көрсетiледi.

  3. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) cатудан кiрiстер - 110.01 нысанын жасау

      19. Осы нысан  Салық кодексiнiң  81-бабына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан кiрiстi айқындауға арналған.

      20. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      21. "Кiрiстер" бөлiмiнде:
      1) 110.01.001 жолында тауарларды сатудан кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      2) 110.01.002 жолында жұмыстарды орындаудан кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      3) 110.01.003 жолында қызмет көрсетулерден кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi. 110.01.003A - 110.01.003Q жолдараның сомасы ретiнде айқындалады.
      4) 110.01.003Q - 110.01.003Q жолдарында қызмет көрсетулердiң тиiстi түрлерiн көрсетуден кiрiстер көрсетiледi;
      5) 110.01.004 жолында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi. 110.01.001 - 110.01.003 жолдарының сомасы ретiнде айқындалады.

      22. 110.01.004 жолының шамасы 110.00.001 жолына көшiрiледi.

  4. Үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердi сату кезiнде құн өсуiнен кiрiс - 110.02 нысанын жасау

      23. Осы нысан  Салық кодексiнiң  82-бабына сәйкес үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердi сату кезiнде құн өсуiнен кiрiстi айқындауға арналған.

      24. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      25. "Үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сату" бөлiмiнде:
      1) 110.02.001 жолы үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан кiрiстiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      2) 110.02.002 жолы кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылатын үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      3) 110.02.003 жолы кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылмайтын үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      26. "Амортизацияға жатпайтын активтердi сату" бөлiмiнде:
      110.02.004 жолы үйлер, ғимараттар, құрылыстар мен бағалы қағаздардан басқа Салық кодексiнiң 82-бабының 1-тармағында көрсетiлген амортизацияға жатпайтын активтердi сату кезiнде құн өсуiнен кiрiстiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      27. "Бағалы қағаздарды сату" бөлiмiнде:
      1) 110.02.005 жолы "А" және "В" қор биржасының ресми тiзiмiнде орналасқан акцияларды сатудан кiрiстiң (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      2) 110.02.006 жолы берешек бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге бағалы қағаздарды сатудан кiрiстiң (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      3) 110.02.007 жолы "А" және "В" қор биржасының ресми тiзiмiнде орналасқан облигацияларды сатудан кiрiстiң (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      4) 110.02.008 жолы мемлекеттiк бағалы қағаздарды және агенттiк облигацияларын сатудан кiрiстiң (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      5) 110.02.009 жолы басқада берешек бағалы қағаздарды сатудан кiрiстiң (залалдың) жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      6) 110.02.010 жолы  Салық кодексiнiң  124-бабының 2-тармағына сәйкес бұрынғы салық кезеңiнен көшiрiлген "А" және "В" қор биржасының ресми тiзiмiнде орналасақан акциялар мен облигацияларды, мемлекеттiк бағалы қағаздар және агенттiк облигацияларды қоспағанда, бағалы қағаздарды сатудан залал сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      7) 110.02.011 жолы 110.02.010 жолының сомасына азайтылған 110.02.006, 110.02.009 жолдарының сомасы мен (немесе) әртүрлiлiгi ретiнде айқындалатын (кiрiске немесе залалға тәуелдi) шеккен залалдар сомасын ескерiп "А" және "В" қор биржасының ресми тiзiмiнде орналасқан акциялар мен агент облигацияларын қоспағанда, бағалы қағаздарды сатудан кiрiстiң (залалдың) сомасын көрсетуге арналған.

      28. "Барлығы" бөлiмiнде:
      110.02.012 жолында үйлер, ғимараттар, құрылыстар сату кезiнде қосылған құн өсуiнен кiрiстiң жалпы сомасы, сондай-ақ, 110.02.001, 110.02.004, 110.02.005, 110.02.007, 110.02.008 және 110.02.011 жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын (осы жолдар бойынша кiрiстi алу кезiнде) бағалы қағаздарды қоса амортизацияға жататын активтер көрсетiледi.

      29. 110.02.002 жолында айқындалған, кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылған үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан салық төлеушiнiң залал алуы кезiнде осы залал Салық кодексiнiң 124-бабының 1-тармағына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерiнiң салық салынатын кiрiсi есебiнен өтеу үшiн үш жылды қоса алғанда мерзiмге көшiрiледi.
      110.02.003 жолында айқындалған, кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылмайтын үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сатудан залалды алу жағдайында осы залал салық салу мақсатында есептелмейдi.
      110.02.005 және 110.02.007 жолдарында кiрiстi алу кезiнде осы сомалар  Салық кодексiнiң  91-бабының 1-тармағындағы 3) тармақшаға сәйкес 110.00.022С жолына көшiрiледi.
      110.02.008 жолында кiрiстi алу кезiнде осы сома 110.00.022D жолына көшiрiледi.
      Yйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сату кезiнде алынуға жататын (алынған) құн өсуiнен кiрiс, сондай-ақ 110.02.012 жолында айқындалған бағалы қағаздарды қоса амортизацияға жатпайтын активтер 110.00.002 жолына көшiрiледi.

      30. 110.02.001, 110.02.002, 110.02.003 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сатылған үйлердiң, ғимараттардың, құрылыстардың атауы көрсетiледi;
      3) кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылатын үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сату кезiнде С бағанында бұрынғы салық кезеңiнiң 110.22.001 және 110.22.002 жолдарына қосымша нысанның Р бағанындағы тиiстi жолдарда айқындалған Салық кодексiнiң 82-бабының 3-тармағына сәйкес үйлердiң, ғимараттардың, құрылыстардың қалдық құны көрсетiледi. Кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылмайтын үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сату кезiнде осы бағанда аталған баптың 2-тармағына сәйкес сатылған объектiнiң теңгермелiк құны көрсетiледi.
      Егер объект есептi салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған және сатылған жағдайда, онда 110.02.001 және 110.02.002 жолдарына қосымша нысандар С бағанында кәсiпкерлiк қызметiнде оны пайдалануға қарамастан объектiнiң алғашқы құны көрсетiледi;
      4) D бағанында аталған объектiлердi сату құны көрсетiледi;
      5) E бағанында D және С бағандары бойынша сома айырмасы ретiнде айқындалатын оларды сатудан кiрiс (залал) көрсетiледi.
      110.02.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 110.02.001 жолына, 110.02.002 жолына қосымша нысан E бағаны 110.02.002 жолына, 110.02.003 жолына қосымша нысан E бағаны 110.02.003 жолына көшiрiледi.

      31. 110.02.004 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында үйлер, ғимараттар, құрылыстар мен бағалы қағаздарды қоспағанда  Салық кодексiнiң  82-бабының 1-тармағында көрсетiлген амортизацияға жатпайтын сатылған активтердiң атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында аталған баптың 2-тармағына сәйкес объектiлердiң теңгермелiк құны көрсетiледi;
      4) D бағанында объектiлердi сату құны көрсетiледi;
      5) Е бағанында D және С бағандарында көрсетiлген сомалардың айырмасы ретiнде айқындалатын оларды сатудан кiрiс (залал) көрсетiледi.
      Осы объектiлердi сатудан алынған залалдар E бағанының жиынтық сомасын айқындау кезiнде салық салу мақсатында есептелмейдi.
      110.02.004 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 110.02.004 жолына көшiрiледi.

      32. 110.02.005, 110.02.006 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында берешек бағалы қағаздардан басқа, сатылған бағалы қағаздардың атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында бағалы қағаздарды сатып алу құны көрсетiледi;
      4) D бағанында бағалы қағаздарды сату құны көрсетiледi;
      5) E бағанында D және С бағандары бойынша сомалар айырмасы ретiнде айқындалатын бағалы қағаздарды сатудан кiрiс (залал) көрсетiледi.
      110.02.005 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 110.02.005 жолына, 110.02.006 жолына - 110.02.006 жолына қосымша нысан E бағаны көшiрiледi.

      33. 110.02.007, 110.02.008, 110.02.009 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сатылған берешек бағалы қағаздардың атауы көрсетiледi;
      мемлекеттiк бағалы қағаздар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ноталары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық мiндеттемелерi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұлттық жинақ облигациялары, басқа мемлекеттiк бағалы қағаздар;
      қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмдерiнде орналасқан облигациялар;
      өзге де мемлекеттiк емес берешек бағалы қағаздар. Бұл ретте, бағалы қағаздардың аталған түрлерi бойынша деректер бiртұтас сомалармен көрсетiледi;
      3) С бағанында берешек бағалы қағаздардың атаулы құны көрсетiледi;
      4) D бағанында купон сомасын енгiзетiн құн бойынша сатып алынған берешек бағалы қағаздарды қоспағанда берешек бағалы қағаздарды сатып алу құны көрсетiледi. Купон сомасын енгiзетiн құн бойынша сатып алынған берешек бағалы қағаздар сатушыға сатып алушы төлеген купон шамасына кемiтiлген сатып алу құны бойынша көрсетiледi;
      5) E бағанында С және D бағандары бойынша сомалар айырмасы ретiнде айқындалатын дисконт немесе сыйақы сомасы көрсетiледi;
      6) F бағанында олар бойынша сыйақы төлеу күнiне дейiн сату кезiнде сатып алушыдан алынған купон есебiнсiз берешек бағалы қағаздарды сату құны көрсетiледi. Осы бағанда көрiнiс таппаған купон сомасы 110.08.002 жолына қосымша нысан D бағанының тиiстi жолдарында көрсетiледi;
      7) G бағанында берешек бағалы қағазды иелену кезеңi үшiн дисконт немесе сыйақы амортизациясының сомасы көрсетiледi, ол былай есептеледi:
      G = (E/жүгiну мерзiмi (күндер)) х (иелену кезеңi (күндер));
      8) H бағанында D және G бағандарының сомасы (Н=(Ғ - (D+G))) және Ғ бағаны бойынша сома айырмасы ретiнде айқындалатын берешек бағалы қағаздарды сатудан кiрiс (залал) көрсетiледi.
      110.02.007 жолына қосымша нысан H бағанының жиынтық шамасы 110.02.007 жолына, 110.02.008 жолына қосымша нысан H бағаны 110.02.008 жолына, 110.02.009 жолына қосымша нысан H бағаны 1i0.02.009 жолына көшiрiледi.

      34. 110.02.010 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында залалдар туындаған және осы жол толтырылған салық кезеңi көрсетiледi;
      3) С бағанында бұрынғы салық кезеңi үшiн E бағанында айқындалатын бұрынғы салық кезеңдерiнен көшiрiлген залалдар сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында есептi салық кезеңiнде алынған кiрiс (көшiруге жататын залал) көрсетiледi. Осы бағанға 110.02.006, 110.02.008, 110.02.009 жолдарының сомасы көшiрiледi;
      5) E бағанында одан кейiнгi салық кезеңдерiне көшiрiлетiн залал көрсетiледi. D және С бағандары сомасының айырмасы ретiнде айқындалады. Осы сома  Салық кодексiнiң  124-бабының 2-тармағымен белгiленген залалдарды көшiру үшiн мерзiм аяқталуына дейiн келесi салық кезеңiнiң С бағанына көшiрiледi.
      6) Ғ бағанында Салық кодексiнiң 124-бабының 2-тармағына сәйкес көшiру мерзiмiнiң аяқталуымен байланысты одан кейiнгi салық кезеңдерiне көшiруге жатпайтын залал көрсетiледi.
      110.02.010 жолына қосымша нысанның тиiстi салық кезеңi үшiн С бағанының шамасы 110.02.010 жолына көшiрiледi.

  5. Күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiстер -
110.03 нысанын жасау

      35. Осы нысан  Салық кодексiнiң  84-бабына сәйкес күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiстердi айқындауға арналған.

      36. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      37. "Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша күмәндi мiндеттемелер" бөлiмiнде:
      110.03.01 жолы кiрiске енгiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша күмәндi мiндеттемелер сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негізiнде толтырылады.

      38. "Қызметкерлердiң кiрiстерi бойынша күмәндi мiндеттемелер" бөлiмiнде:
      110.03.002 жолы кiрiске енгiзiлетiн қызметкерлердiң күмәндi мiндеттемелерiнiң сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      39. "Барлығы күмәндi мiндеттемелер":
      110.03.003 жолы салық төлеушi күмәндi деп таныған кредиторлық берешектiң жалпы сомасын көрсетуге арналған және 110.03.001 және 110.03.002 жолдарының сомасы ретiнде айқындалады.

      40. 110.03.003 жолының шамасы 110.00.004 жолына көшiрiледi.

      41. 110.03.01 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында кредитор - заңды тұлғаның (тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзушi) толық атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      4) D бағанында сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша кредитор - жеткiзушi құжатының (шот-фактуралар, орындалған жұмыстар мен басқаларының актiсi) нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      5) E бағанында күмәндi деп танылған мiндеттемелер бойынша тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету күнi көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында қосылған құн салығының сомасын ескерiп кредиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында кредиторлық берешектiң туындау сәтiне қолданылатын қосылған құн салығының ставкасы көрсетiледi;
      8) H бағанында G бағанында көрсетiлген ставканы ескере отырып есептелген қосылған құн салығының сомасының алуы үшiн кредиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында Салық кодексiнiң 84-бабына сәйкес есептi салық кезеңi үшiн жылдық жиынтық кiрiске енгiзуге жататын және күмәндi болып табылатын кредиторлық берешек сомасы көрсетiледi.
      110.03.001 жолына қосымша нысан Е бағанының жиынтық шамасы 110.03.001A жолына, H бағаны - 110.03.001B жолына, I бағаны - 110.03.001С жолына көшiрiледi.

      42. 110.03.02 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында  Салық кодексiнiң  149-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған қызметкерлердiң кiрiсi көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген қызметкерлердiң есептелген кiрiсiнiң сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында С бағанында көрсетiлген қызметкерлердiң есептелген кiрiстерiнен мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында қызметкерлерге кiрiстi есептеу күнi көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында қызметкерге төленген кiрiс сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында мiндеттi зейнетақы қорларына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы көрсетiледi;
      8) H бағанында қызметкерге кiрiстi төлеу күнi көрсетiледi;
      9) I бағанында мiндеттi зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу күнi көрсетiледi;
      10) J бағанында салық төлеушi күмәндi деп таныған және қызметкерлердiң кiрiстерi бойынша кредиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi;
      11) К бағанында салық төлеушi күмәндi деп таныған және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша кредиторлық берешек сомасы көрсетiледi.
      110.03.002 жолына қосымша нысан J бағанының жиынтық шамасы 110.03.002A жолына, К бағаны - 110.03.002B жолына көшiрiледi.

  6. Мүлiктi жалға беруден кiрiстер - 110.04 нысанын жасау

      43. Осы нысан  Салық кодексiнiң   80-бабындағы 2-тармақтың 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де мүлiктi жалға беруден кiрiстердi айқындауға арналған.

      44. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      45. "Мүлiктi жалға беру" бөлiмiнде:
      110.04.001 жолы мүлiктi жалға беруден кiрiстердiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      46. 110.04.001 жолының шамасы 110.00.005 жолына көшiрiледi.

      47. 110.04.01 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында жалға берушi жалға берген мүлiк түрi көрсетiледi;
      3) С бағанында жалға алушы - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi/осы Ережелердiң 203-тармағына сәйкес резиденттiк елi коды;
      4) D бағанында жалға алу шартын жасаудың нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      5) E бағанында есептi салық кезеңi үшiн жалға алу шартына сәйкес жалға берушi алуға жататын (алған) жалға алу төлемiнiң сомасы көрсетiледi.
      Егер салық төлеушi Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан мүлiк үшiн (тысқары орналасып жалға берiлген) жалға алу төлемiн алса (алуға жатса), онда Е бағанында салық сомасын қоса жалға алу төлемiнiң есептелген сомасы көрсетiледi.
      110.04.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 110.04.001A жолына көшiрiледi.

  7. Жасалған провизиялар мөлшерлерiнiң кемуiнен кiрiстер - 110.05 нысанын жасау

      48. Осы нысан  Салық кодексiнiң  85-бабына сәйкес банктердiң құрылған провизиялары мөлшерлерiнiң кемуінен кiрiстердi айқындауға арналған.

      49. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      50. "Мiндеттемелердi орындау кезiнде талаптар мөлшерiн өзгерту" бөлiмiнде:
      110.05.001 жолы мiндеттемелердi орындау кезiнде талаптар мөлшерiн өзгерту кезiндегi жиынтық соманы көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      51. "Талап ету құқығына жол беру ақысы, жаңартпа, қайта табыстау туралы шарт негiзiнде және (немесе) өзге негiздерде талап етулер мөлшерiнiң өзгеруi" бөлiмiнде:
      110.05.002 жолы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген цессия шартын жасау жолымен талап құқығына жол беру ақысы, жаңартпа, қайта табыстау туралы шарт негiзiнде және (немесе) өзге негiздерде талап етулер мөлшерiнiң өзгеруi кезiнде жиынтық соманы көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      52. "Таланттарды қайта жiктеу кезiнде провизиялар мөлшерiнiң өзгеруi" бөлiмiнде:
      110.05.003 жолы талаптарды қайта жiктеу кезiнде провизиялар мөлшерiнiң өзгеруi кезiндегi жиынтық соманы көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      53. "Барлығы" бөлiмiнде:
      110.05.004 жолы 110.05.001D, 110.05.002D, 110.05.003F жолдар сомасы ретiнде айқындалатын құрылған провизиялар мөлшерлерiнiң кемуiнен кiрiстiң жалпы сомасын көрсетуге арналған.

      54. Күмәндi және үмiтсiз активтер, шартты мiндеттемелер бойынша сомалар тиiстi жолдарда көрсетiледi.
      Құрылған провизиялар мөлшерлерiнiң кемуiнен кiрiстердi айқындау кезiнде үмiтсiз автивтер деп теңгермеде де бар, теңгерме үшiн есептелетiн де активтер танылады (2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап теңгерме үшiн есептен шығарылған).

      55. 110.05.004 жолының шамасы 110.00.006 жолына көшiрiледi.

      56. 110.05.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында шартты мiндеттеменiң актив тобы айқындалған;
      3) С бағанына бұрынғы салық кезеңдерi үшiн 110.15.001 жолына қосымша нысан С бағанынан бүрынғы салық кезеңдерiнiң соңына талаптардың жалпы сомасы көшiрiледi;
      4) D бағанында С бағанында көрсетiлген орындалған талаптардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында С бағаны бойынша тиiстi сомаларға D бағаны бойынша сомалардың қатынасы ретiнде айқындалатын орындалған талаптардың бөлшегiнiң үлес салмағын көрсетедi;
      6) F бағанына бұрынғы салық кезеңi үшiн 110.15.001 жолына қосымша нысан H бағанынан бұрынғы салық кезеңiнде шегерiмге жатқызылған провизиялар сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында F және E бағандары бойынша сомалар ретiнде айқындалатын талаптардың тоқтатылған бөлiгi жөнiндегi шегерiмге жатқызылған провизиялар сомасы көрсетiледi.
      110.05.001 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 110.05.001A жолына, D бағаны - 110.05.001B жолына, Ғ бағаны 110.05.001C жолына, G бағаны - 110.05.001D жолына көшiрiледi.

      57. 110.05.002 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында шартты мiндеттеменiң актив тобы айқындалған;
      3) С бағанына бұрынғы салық кезеңi үшiн 110.15.001 жолына қосымша нысан С бағанынан бұрынғы салық кезеңiнiң соңына талаптардың жалпы сомалары көшiрiледi;
      4) D бағанында Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген цессия шартын жасау жолымен талап құқығына жол беру ақысы, жаңартпа шарты, қайта табыстау туралы шарт негiзiнде және (немесе) өзге негiздерде C бағанында көрсетiлген тоқтатылған талаптардың жалпы сомаларын көрсетедi;
      5) Е бағанында С бағаны бойынша тиiстi сомаларға D бағаны бойынша сомалардың қатынасы ретiнде айқындалатын талаптардың тоқтатылған бөлшегiнiң үлес салмағын көрсетедi;
      6) F бағанына бұрынғы салық кезеңiнен 110.15.001 жолына қосымша нысан H бағанынан бұрынғы салық кезеңiндегi шегерiмге жатқызылған провизиялар сомасы көшiрiледi;
      7) G бағанында F және E бағандары бойынша сомалар ретiнде айқындалатын талаптардың тоқтатылған бөлiгi жөнiндегi шегерiмге жатқызылған провизиялар сомасы көрсетiледi.
      110.05.002 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 110.05.002A жолына, D бағаны - 110.05.002B жолына, Ғ бағаны 110.05.002C жолына, G бағаны - 110.05.002D жолына көшiрiледi.

      58. 110.05.003 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында шартты мiндеттеменiң актив тобы айқындалған;
      3) С бағанына бұрынғы салық кезеңi үшiн 110.15.001 жолына қосымша нысан С бағанынан бұрынғы салық кезеңiнiң соңына талаптардың жалпы сомалары көшiрiледi;
      4) D бағанында 110.05.001 жолына қосымша нысан D бағанының тиiстi жолдарында есептелген талаптардың есептi салық кезеңiнiң iшiнде орындалған жалпы сомалар көрсетiледi;
      5) E бағанында 110.05.002 жолына қосымша нысан D бағанының тиiстi жолдарында есептелген талаптардың есептi салық кезеңiнiң iшiнде тоқтатылған жалпы сомалар көрсетiледi;
      6) Ғ бағанына талаптарды қайта мамандандыру кезiнде С есептелгеннiң санынан есептi салық кезеңiнiң соңына талаптардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында С бағаны мен D, E, F бағандары бойынша сомалар ретiнде айқындалатын талаптардың кемiтiлген мөлшер сомасы көрсетiледi. Бұл ретте, осы қосымшада осы баған бойынша оң айырма табылатын талаптар ғана көрсетiлуi тиiс. Терiс айырма қалыптасатын талап 110.15 нысанында көрсетiледi;
      8) H бағанында уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындаған резервтеу мөлшерi көрсетiледi;
      9) I бағанында G және H бағандары бойынша сома ретiнде айқындалатын талаптардың қайта мамандандырылған бөлшегi бойынша шегерiмге жатқызылған провизиялар сомасы көрсетiледi.
      110.05.003 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 110.05.003A жолына, D бағаны - 110.05.003B жолына, E бағаны - 110.05.001C жолына, Ғ бағаны - 110.05.003D жолына, G бағаны - 110.05.003E жолына, I бағаны - 110.05.003F жолына көшiрiледi.

  8. Тегiн алынған мүлiк (жұмыстар, қызмет көрсетулер) -
110.06 нысанын жасау

      59. Осы нысан  Салық кодексiнiң  90-бабына сәйкес жарғылық капиталға салым ретiнде алынған мүлiктi қоспағанда, салық төлеушi тегiн алған мүлiк, жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрiндегi кiрiстi және мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған субсидияларды айқындауға арналған.

      60. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      61. "Мүлiк" бөлiмiнде:
      110.06.001 жолы есептi салық кезеңiнiң iшiнде салық төлеушi тегiн алған мүлiк сомасы туралы мәлiмет көрсетiледi және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      62. 110.06.001 жолының шамасы 110.00.013 жолына көшiрiледi.

      63. 110.06.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, резидент еместен мүлiктi (жұмысты, қызмет көрсетудi) алу кезiнде резидент еместен мүлiктi (жұмысты, қызмет көрсетудi) жеткiзушi - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      3) С бағанында тегiн алынған мүлiк, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер атауы көрсетiледi;
      4) D бағанында С бағанында көрсетiлген мүлiк алынған, жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген құжат нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      5) E бағанында тегiн алынған мүлiк, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызметтер құны көрсетiледi.
      110.06.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 110.06.001 жолына көшiрiледi.

  9. Дивидендтер - 110.07 нысанын жасау

      64. Осы нысан  Салық кодексiнiң  80-бабы, 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де салық төлеушi алған дивидендтер түрiндегi кiрiстi айқындауға арналған.
      Оларды төлеу нысанына қарамастан  Салық кодексiнiң  10-бабындағы 1-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес айқындалатын кiрiс дивиденд болып табылады.

      65. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      66. "Дивидендтер" бөлiмiнде:
      1) 110.07.01 жолы Қазақстан Республикасының шегiнде алынған дивидендтердiң сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      2) 110.07.02 жолы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс алынған дивидендтердiң сомасын көрсетуге арналған. Осы жолға 110.26.001A жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      3) 110.07.03 жолы 110.07.001 және 110.07.002 жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын, салық төлеушi алған дивидендтердiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған;

      67. 110.07.003 жолының шамасы 110.00.014 жолына көшiрiледi.

      68. 110.07.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында дивидендтер алынған заңды тұлғаның толық атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында дивидендтердi төлеген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      4) D бағанында дивидендтердi төлеу көзiнен корпорациялық табыс салығын ұстап қалу туралы растаушы құжатты беру нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Растаушы құжатты дивидендтердi төлеген заңды тұлға бередi;
      5) E бағанында растаушы құжаттар болған кезде, ұстап қалынған салық сомасын қоспағанда, дивидендтердiң алынған сомасы көрсетiледi.
      110.07.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 110.07.001 жолына көшiрiледi.

  10. Сыйақы - 110.08 нысанын жасау

      69. Осы нысан  Салық кодексiнiң  80-бабының 2-тармағындағы 16) тармақшаға сәйкес Қазақстан Республикасында да, оның шегiнен тыс жерлерде де салық төлеушi алуға жататын (алынған) сыйақылар түрiндегi кiрiстердi айқындауға арналған.  Салық кодексiнiң  10-бабының 1-тармағындағы 2-тармақшаға сәйкес кiрiстер сыйақылар болып табылады.

      70. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде мынадай деректер көрсетiледi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      71. "Кредиттер, активтер бойынша сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.08.001 жолы берешек бағалы қағаздар бойынша алынуға жататын (алынған) сыйақылар, сондай-ақ резидент еместердiң сыйақылары сомаларынан басқа 10-баптың 1-тармағындағы 2) тармақшаға сәйкес кредиттер мен активтердiң басқа да түрлерi бойынша сыйақылар сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      72. "Берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.08.002 жолы берешек бағалы қағаздар бойынша алынуға жататын (алынған) сыйақылар сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      73. "Мемлекеттiк бағалы қағаздар және агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.08.003 жолы мемлекеттiк бағалы қағаздар және агенттiк облигациялар бойынша алынуға (алынған) жататын сыйақылар сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      74. "Резидент еместерден сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.08.004 жолы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс алынуға жататын (алынған) сыйақылар сомасын көрсетуге арналған. Осы жолға 110.26.002A жолында көрсетiлген сома көшiрiледi.

      75. "Барлығы" бөлiмiнде:
      110.08.005 жолы 110.08.001, 110.08.002A және 110.08.004 жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын сыйақылар бойынша кiрiстердiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған.

      76. 110.08.005 жолының шамасы 110.00.015 жолына көшірiледi.

      77. 110.08.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сыйақы түрi көрсетiледi;
      110.08.001 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 110.08.001 жолына көшiрiледi.

      78. 110.08.002 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында "Бағалы қағаздар туралы" Заңға және Салық кодексiнiң 10-бабының 1-тармағындағы 8) тармақшаға сәйкес берешек бағалы қағаздардың түрi көрсетiледi:
      мемлекеттiк бағалы қағаздар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ноталары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық мiндеттемелерi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұлттық жинақ облигациялары, басқа мемлекеттiк бағалы қағаздар;
      өзге де мемлекеттiк емес берешек бағалы қағаздар. Бұл ретте, бағалы қағаздардың аталған түрлерi бойынша деректер бiртұтас сомалармен көрсетiледi;
      3) С бағанында есептi салық кезеңiнде салық төлеушiге тиесiлi дисконт немесе сыйақы сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында дисконтты немесе сыйақыны ескерусiз купонның есептелген сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында сыйақының жалпы сомасы көрсетiледi. D және С бағандарының сомасы ретiнде айқындалады;
      110.08.002 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 110.08.002A жолына, D бағаны - 110.08.002В жолына, E бағаны 110.08.002C, 110.08.003 жолына қосымша нысанның С бағаны 110.08.003A, D бағаны - 110.08.003B жолына, E бағаны - 110.08.003C жолына көшiрiледi.

  11. Оң бағамдық айырма - 110.09 нысанын жасау

      79. Осы нысан  Салық кодексiнiң  80-бабы, 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық кiрiс енгiзiлуге жататын оң бағамдық айырма сомасын айқындауға арналған.

      80. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      81. "Оң бағамдық айырма" бөлiмiнде:
      110.09.001 жолы жылдық жиынтық кiрiске енгiзiлуге жататын оң бағамдық айырманың жалпы сомасы туралы мәлiметтi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      82. 110.09.001C жолының шамасы 110.00.016 жолына көшiрiледi.

      83. 110.09.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында оң бағамдық айырма нәтижесiнде құралған шетел валютасындағы операциялардың атауы көрсетiледi:
      валюталық шоттар бойынша;
      валюталық кредиттер бойынша;
      сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар бойынша;
      жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар бойынша;
      өзге де операциялар бойынша;
      3) С бағанында бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша есептi салық кезеңiнiң басына есептер жүргiзiлмеген, жасалған операциялар бойынша оң бағамдық айырманың сәйкес сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында есептi салық кезеңi iшiнде пайда болған, оң бағамдық айырманың сәйкес сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында  Салық кодексiнiң  10-бабындағы 1-тармақтың 13) тармақшасына сәйкес айқындалатын есептi салық кезеңiнде есептер жүргiзiлген, жасалған операциялар бойынша оң бағамдық айырманың сәйкес сомасы көрсетiледi;
      6) F бағанында С және D бағандарының және E бағаны сомасы айырмасы ретiнде айқындалатын бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша есептiк салық кезеңiнiң соңына есептер жүргiзiлмеген, жасалған операциялар бойынша оң бағамдық айырманың сәйкес сомасы көрсетiледi;
      110.09.001 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 110.09.001A жолына, D бағаны - 110.09.001B жолына, E бағаны - 110.09.001C жолына, F бағаны - 110.09.001D жолына көшiрiледi.

  12. Еңбекақы төлеу жөнiндегi шығыстар -
110.10 нысанын жасау

      84. Осы нысан  Салық кодексiнiң  92-бабының 1-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс еңбекақыны төлеу жөнiндегi шығыстар сомасын айқындауға арналған. Бұл ретте, еңбекақыны төлеу жөнiндегi шығыстарға материалдық, әлеуметтiк игiлiк немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстердi қоса, ақшалай және заттай нысанда жұмыс берушi төлейтiн қызметкерлердiң кез-келген кiрiстерi жатады.

      85. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      86. "Шығыстар" бөлiмiнде:
      1) 110.10.001 жолында сатумен айналысатын әкiмшiлiк персоналы мен қызметкерлерге тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндiрiсiнде тiкелей айналысатын қызметкерлердiң есептелген еңбекақысының жалпы сомасы көрсетiледi. 110.10.001A - 110.10.001D жолдарының сомасын қосумен айқындалады;
      2) 110.10.002 жолында 110.10.001 жолында көрсетiлген еңбекақыдан басқа Салық кодексiнiң  149 154 -баптарына сәйкес айқындалатын кiрiстер көрсетiледi;
      3) 110.10.003 жолында 110.10.001 және 110.10.002 жолдарында көрсетiлмеген қызметкерлердiң еңбекақысын төлеу жөнiндегi шығыстар. Мысалы: жұмыс берушi заңды тұлғаны қайта құрумен, қызметкерлердiң штатын қысқартумен байланысты қызметкерлерге төлемдер. 110.10.003A - 110.10.003D жолдарының сомасын қосумен айқындалады;
      4) 110.10.004 жолында 110.10.001 - 110.10.003 жолдарының сомасын қосумен айқындалатын қызметкерлердiң еңбекақысын төлеу жөнiндегi шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      5) 110.10.005 жолында негiзгi қаражаттарды жөндеуге қызметкерлерге есептелген кiрiс сомасы мен оларға берiлген материалдық және әлеуметтiк игiлiктердiң сомасы көрсетiледi;
      6) 110.10.006 жолында жұмыс берушi төлейтiн және шегерiмге жатқызылуға жататын қызметкерлердiң еңбекақысын төлеу жөнiндегi шығыстар сомасы көрсетiледi. 110.10.004 - 110.10.005 жолдары сомасының айырмасы ретiнде айқындалады.

      87. 110.10.006 жолының шамасы 110.11.004 жолына көшiрiледi.

  13. Қаржы қызмет көрсетулерiн (тауарларды, жұмыстарды) сату бойынша шығыстар - 110.11 нысанын жасау

      88. Осы нысан  Салық кодексiнiң  92-бабының 1-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылуға тиiс сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша шығыстар сомасын және  Салық кодексiнiң  91-бабының 2-тармағына сәйкес жылдық жиынтық кiрiске (кiрiстен) енгiзуге (алып тастауға) жататын активтердi бағалау әдiсiнiң өзгеруiнен кiрiс (залал) сомасын айқындауға арналған.
      ТМҚ есепке алу  Салық кодексiнiң  65-бабының 3-тармағына сәйкес жүргiзiледi.

      89. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      90. "Шығыстар" бөлiмiнде:
      1) 110.11.001 жолында есептi салық кезеңiнiң басына ТМҚ құны бұрынғы салық кезеңінің соңына TMҚ құны болып табылады. Деректер бұрынғы салық кезеңi үшiн 110.11.062 тиiстi жолынан көшiрiледi. Бастапқы Декларацияда аталған жол есептi салық кезеңнiң басына бухгалтерлiк теңгерме бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзiнiң бастапқы декларациясын беретiн салық төлеушi есептi салық кезеңiнiң басында болмауы мүмкiн;
      2) 110.11.002 жолы есептi салық кезеңiнiң соңына бухгалтерлiк теңгерме деректерiне сәйкес толтырылады. Есептi салық кезеңiнiң iшiнде салық төлеушi берген тарату Декларациясында 110.11.002 жолы тиiстi салық кезеңiнiң соңына бухгалтерлiк есеп деректерiнiң негiзiнде толтырылады;
      3) 110 11.003 жолында салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметi үшiн басқа ұйымдар және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң материалдарды (шикiзат пен материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын. Қосалқы бөлшектер және (немесе) тағы басқалары), тауарларды, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтердi салық төлеушiнiң есептi салық кезеңiнiң iшiнде сатып алған, тегiн алған құны көрсетiледi. Қосымша нысандар негiзiнде толтырылатын 110.11.003А, 110.11.003B, 110.11.003C, 110.11.003D, 110.11.003Е, 110.11.003F, 110.11.003G, 110.11.003Н, 110.11.003J, 110.11.003K, 110.11.003L, 110.11.003M, 110.11.003N, 110.11.003О, 110.11.003P, 110.11.003R, 110.11.003S жолдарының сомасын қосумен айқындалады;
      4) 110.11.004 жолына 110.10.06 жолында айқындалған еңбекақыны төлеу жөнiндегi шығыстар сомасы көшiрiледi;
      5) 110.11.005 жолында 110.11.003 жолында ескерiлмеген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) шығару мен сату бойынша шығыстардың басқа да барлық сомасы көрсетiледi;
      6) 110.11.005A жолында 110.11.005В-110.11.005E жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын iссапар шығыстарының жалпы сомасы көрсетiледi. І жолында  Салық кодексiнiң  93-бабының 1-тармағындағы 1) тармақшаға сәйкес бронь үшiн шығыстарға төлемдi қоса, iссапар және керi орнына жолға нақты жүргiзiлген шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi. 110.11.005C жолында Салық кодексiнiң 93-бабының 1-тармағындағы 2) тармақшаға сәйкес бронь үшiн шығыстарға төлемдi қоса, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жүргiзiлген шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi. 110.11.005D және 110.11.005E жолдарда Салық кодексiнiң 93-бабының 1-тармағындағы 3) және 4) тармақшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және тысқары iссапарлар бойынша төленетiн күндiк тиiстi сома көрсетiледi;
      7) 110.11.005F жолында Салық кодексiнiң 93-бабындағы 2-тармаққа сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстарының нақты сомасы көрсетiледi;
      8) 110.11.005G жолында есептi салық кезеңiнiң шығыстарына жатқызылатын алдағы кезеңдердiң шығыстар сомасы көрсетiледi.
      110.11.003 - 110.11.005 жолдарында келтiрiлетiн деректер 110.11.024 - 110.11.036 жолдарында көрсетiлген деректердi қайталамауы тиiс;
      9) 110.11.006 жолында 110.11.003 - 110.11.005C сомасы + (110.11.001 - 110.11.002) сатылған қаржылық қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстарға енгiзiлген ТМҚ жиынтық сомасы мен басқа да шығыстар көрсетiледi;
      10) 110.11.007 жолында  Салық кодексiнiң  113-бабына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн пайдаланылған ТМҚ, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң нақты құны көрсетiледi;
      11) 110.11.008 жолында банк қызметiнiң мақсатында емес салық төлеушi пайдаланылған ТМҚ, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң құны көрсетiледi;
      12) 110.11.009 жолында 110.11.006 жолының сомасынан 110.11.007 және 110.11.008 жолдарының сомасын шегерумен айқындалатын сатылған қаржы қызмет көрсетулерi, тауарлары, жұмыстары бойынша шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      13) 110.11.010A жолында есептi салық кезеңiнiң соңына ТМҚ өзiндiк құнын бағалаудың қолданылатын әдiсi көрсетiледi;
      14) 110.11.010В жолында пайдаланылатын бағалау әдiсiнiң өзгеру фактiсi көрсетiледi. Осы жолды ТМҚ өзiндiк құнын олардың бағалау әдiсiн өзгертуi кезiнде салық төлеушi толтырады;
      15) 110.11.011 жолында 110.11.010C жолының сомасынан 110.11.010D жолдарының сомасын шегерумен айқындалатын ТМҚ өзiндiк құнының бағалау әдiсiнiң өзгеруi кезiнде алынған кiрiс (шығыс) сомасы көрсетiледi.
      16) 110.11.012 жолы анықтамалық түрiнде толтырылады, есептi салық кезеңi үшiн iссапарларда қызметкерлер жүргiзген iссапарлар саны мен күндерiнiң саны көрсетiледi.

      91. 110.11.009 жолының шамасы 110.00.024 жолына көшiрiледi.
      110.11.011 жолының шамасы Салық кодексiнiң 91-бабының 2-тармағына сәйкес 110.00.02E жолына көшiрiледi.

      92. 110.11.003A, 110.11.003B, 110.11.003C, 110.11.003D, 110.11.003E, 110.11.003Ғ, 110.11.003G, 110.11.003Н, 110.11.003J, 110.11.003K, 110.11.003L, 110.11.003M, 110.11.003N, 110.11.003О, 110.11.003P, 110.11.003R, 110.11.003S жолдарына қосымша нысандар.
      1) А бағанында жолдың тiркеу нөмiрi;
      2) В бағанында салық төлеушi - кiрiстi алушының тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      3) С бағанында шығыстар сомасы көрсетiледi.
      110.11.003А жолына қосымша нысанның С бағанының жиынтық шамасы 110.11.003A жолына көшiрiледi, 110.11.003B жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003B жолына көшiрiледi, 110.11.003C жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003C жолына көшiрiледi, 110.11.003D жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003D жолына көшiрiледi, 110.11.003E жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003E жолына көшiрiледi, 110.11.003F жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003F жолына көшiрiледi, 110.11.003G жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003G жолына көшiрiледi, 110.11.003H жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003Н жолына көшiрiледi, 110.11.003J жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003J жолына көшiрiледi, 110.11.003K жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003K жолына көшiрiледi, 110.11.003L жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003L жолына көшiрiледi, 110.11.003M жолына қосымша нысанның С бағаны 110 11.003M жолына көшiрiледi, 110.11.003N жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003N жолына көшiрiледi, 110.11.003О жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003О жолына көшiрiледi, 110.11.003Р жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003P жолына көшiрiледi, 110.11.003R жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003R жолына көшiрiледi, 110.11.003S жолына қосымша нысанның С бағаны 110.11.003S жолына көшiрiледi.

  14. Сыйақы бойынша шығыстар - 110.12 нысанын жасау

      93. Осы нысан  Салық кодексiнiң  94-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс сыйақы бойынша шығыстардың сомасын айқындауға арналған.

      94. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      95. "Теңгеде кредиттер (заемдар) бойынша сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.12.001 жолы теңгеде кредиттердi (заемдарды) салық төлеушiлердiң алу кезiнде шегерiмге жатқызылуы тиiс сыйақылардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады.

      96. "Шетел валютасындағы кредиттер (заемдар) бойынша сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.12.002 жолы шетел валютасындағы кредиттердi (заемдарды) салық төлеушiлердiң алу кезiнде шегерiмге жатқызылуы тиiс сыйақылардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады.

      97. "Кpeдиттер (заемдар) бойынша сыйақылардың барлығы" бөлiмiнде:
      110.12.003 жолы 110.12.001D және 110.12.002D жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын, кредиттер (заемдар) бойынша сыйақылардың жалпы сомасы туралы мәлiметтердi көрсетуге арналған.

      98. "Теңгедегi берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.12.004 жолы теңгедегi ақша шығарудағы берешек бағалы қағаздарды салық төлеушiнiң орналастыруы кезiнде шегерiмге жатқызылуы тиiс сыйақы сомасы туралы мәлiметтi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      99. "Шетел валютасындағы берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.12.005 жолы шетел валютасында ақша шығарудағы берешек бағалы қағаздарды салық төлеушiнiң орналастыруы кезiнде шегерiмге жатқызылуы тиiс сыйақының жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      100. "Берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылардың барлығы" бөлiмiнде:
      110.12.006 жолында 110.12.004E және 110.12.005E жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын, берешек бағалы қағаздар бойынша сыйақылар сомасы көрсетiледi.

      101. "Сыйақылардың барлығы" бөлiмiнде:
      110.12.007 жолы 110.12.003, 110.12.006 жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын, шегерiмге енгiзiлуге жататын сыйықының жиынтық сомасы көрсетiледi.

      102. 110.12.007 жолының шамасы 110.00.025 жолына көшiрiледi.

      103. 110.12.001, 110.12.002 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында кредитор/депозитор ұйымның атауы көрсетiледi. Бұл ретте, В бағанында жеке тұлғаларға берiлген/жеке тұлғалардан алынған кредиттер (заемдар)/депозиттер бойынша, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша кредит (заем)/депозит түрi көрсетiледi, D, E, G, I, J бағандары толтырылмайды, ал Ғ, H, К, L бағандарының деректерi бiртұтас сомалармен көрсетiледi;
      3) С бағанында кредиттор/депозитор - салық төлеушiнiң (заңды/жеке тұлғалардың саны) тiркеу нөмiрi көрсетiледi/осы Ережелердiң 203-бабына сәйкес резиденттiк елi коды;
      4) D бағанында кредиттiк/депозиттiк шарты жасау күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында кредиттi/депозиттi алу күнi көрсетiледi: күн, ай, жыл;
      6) Ғ бағанында алынған кредит (заем)/депозит сомасы көрсетiледi. Кредиттi (заем)/депозиттi шетел валютасында алу кезiнде кредит (заем)/депозит алу мезетiнде валюта айырбасының нарықтық бағамын қолданумен кредит (заем)/депозит теңгеге қайта саналады.
      7) G бағанында салық төлеушi пайдаланатын кредит (заем)/депозиттiң есептi салық кезеңiндегi күндер саны көрсетiледi;
      8) H бағанында онда белгiленген ставканы қолданумен шарт жағдайына сәйкес есептi салық кезеңi үшiн салық төлеушi төлеген (төлеуге жататын) сыйақы сомасы көрсетiледi. Валюта бағамының өзгерiсiнен сақтану тәсiлi ретiнде хеджерлеудi қолдану кезiнде пайда болатын айырма, осы бағанда көрсетiлуге жатады. Сыйақыларды шетел валютасында төлеу кезiнде сыйақыларды төлеу мезетiнде валюта айырбасының нарықтық бағамын қолданумен сыйақылар теңгеге қайта саналады. Егер сыйақы есептi салық кезеңi ағымында төленбеген жағдайда, сыйақы сомасы есептiк салық кезеңiнiң соңғы күнiне валюта айырбасының нарықтық бағамын қолданумен теңгеге қайта саналады;
      9) I бағанында кредиттердi/депозиттердi алу кезiнде теңгедегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы, шетел валютасындағы кредиттердi/депозиттердi алу кезiнде - кредиттi беру/депозиттi ресiмдеу сәтiне Лондон банкаралық рыногының ставкасы көрсетiледi. 2003 жылдың 1-қаңтарынан кейiн жасалған ұзақ мерзiмдi сипаттағы шарттар (бiр жылдан жоғары) бойынша қолданылатын ставка шарт жасалған күннен бастап жыл сайын қайта қаралады;
      10) J бағанында  Салық кодексiнiң  94-бабының 2-тармағымен белгiленген ставка, яғни, сәйкесiнше, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселiк ресми ставкасының және I бағанында көрсетiлген Лондон банкаралық рыногының 2 еселiк ставкасының мөлшерiнде көрсетiледi;
      11) К бағанында J (F x G/365 x J) бағанында көрсетiлген күндер санын есепке ала ставканы қолданумен айқындалатын сыйақы сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында H және К бағандарында көрсетiлген сомадан ең азы ретiнде айқындалатын, шегерiмге жатқызылуы тиiс сыйақы сомасы көрсетiледi.
      110.12.001 жолына қосымша нысан F бағанының жиынтық шамасы 110.12.001A жолына, H бағаны - 110.12.001В жолына, К бағаны - 110.12.001C жолына, L бағаны - 110.12.001D жолына көшiрiледi; 110.12.002 жолына қосымша нысан Ғ бағаны 110.12.002A жолына, Н бағаны - 110.12.002B жолына, К бағаны - 110.12.002C жолына, L бағаны - 110.12.002D жолына көшiрiледi.

      104. 110.12.004, 110.12.005 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында эмиссиялар бойынша бөлшектеп берешек бағалы қағаздардың түрлерi көрсетiледi;
      3) С бағанында берешек бағалы қағаздардың эмиссияларын тiркеудiң нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      4) D бағанында берешек бағалы қағаздың атаулы құны көрсетiледi. Берешек бағалы қағазды шетел валютасында шығару кезiнде берешек бағалы қағаздың атаулы құны берешек бағалы қағазды сату мезетiнде валюта айырбасының нарықтық бағамын қолданумен теңгеге қайта саналады;
      5) E бағанында дисконт немесе сыйақы сомасы көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында дисконт немесе сыйақы есебiнсiз купон сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында купон және дисконт (сыйақы) сомасы (айырма) (Ғ +- Е) ретiнде айқындалатын сыйақының жалпы сомасы көрсетiледi. Валюта бағамының өзгерiсiнен сақтану тәсiлi ретiнде хеджерлеудi қолдану кезiнде пайда болатын айырма, осы бағанда көрсетiлуге жатады. Сыйақыларды шетел валютасында төлеу кезiнде сыйақыларды төлеу мезетiнде валюта айырбасының нарықтық бағамын қолданумен сыйақылар теңгеге қайта саналады. Егер сыйақы есептi салық кезеңi ағымында төленбеген жағдайда, сыйақы сомасы есептiк салық кезеңiнiң соңғы күнiне валюта айырбасының нарықтық бағамын қолданумен теңгеге қайта саналады;
      8) Н бағанында теңгедегi берешек бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы, шетел валютасындағы орналастыру кезiнде - берешек бағалы қағаздарды ресiмдеу сәтiне Лондон банкаралық рыногының ставкасы көрсетiледi. 2003 жылдың 1-қаңтарынан кейiн айналысқа шығарылған айналыс мерзiмi бiр жылдан жоғары берешек бағалы қағаздар бойынша қолданылатын ставка шарт жасалған күннен бастап жыл сайын қайта қаралады;
      9) I бағанында Салық кодексiнiн 94-бабының 2-тармағымен белгiленген ставка, яғни, сәйкесiнше, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселiк ресми ставкасының және Н бағанында көрсетiлген Лондон банкаралық рыногының 2 еселiк ставкасының мөлшерiнде көрсетiледi;
      10) J бағанында I (D х I) бағанында көрсетiлген есептi салық кезеңiнде берешек бағалы қағаздың айналыс мерзiмiн есепке ала және ставканы қолданумен айқындалатын сыйақы сомасы көрсетiледi;
      11) К бағанында E және J бағандарында көрсетiлген сомадан ең азы ретiнде айқындалатын, шегерiмге жатқызылуы тиiс сыйақы сомасы көрсетiледi.
      110.12.004 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 110.12.004A жолына, Ғ бағаны - 110.12.004B жолына, G бағаны - 110.12.004C жолына, J бағаны - 110.12.004D жолына, К бағаны - 110.12.004E жолына көшiрiледi; 110.12.005 жолына қосымша нысан E бағаны 110.12.005A жолына, Ғ бағаны - 110.12.005B жолына, G бағаны - 110.12.005C жолына, G бағаны - 110.12.005D жолына, К бағаны - 110.12.005E жолына көшiрiледi.

  15. Төленген күмәндi мiндеттемелер - 110.13 нысанын жасау

      105. Осы нысан  Салық кодексiнiң  95-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиіс төленген күмәндi мiндеттемелердiң сомасын айқындауға арналған.

      106. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      107. "Күмәндi мiндеттемелер" бөлiмiнде:
      110.13.001 жолы шегерiмге жатқызылуы тиiс төленген күмәнді мiндеттемелер сомасын айқындауға арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      108. 110.13.001C жолының шамасы 110.00.026 жолына көшiрiледi.

      109. 110.13.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында кiрiске жатқызылған және салық төлеушi бұрын күмәндi мiндеттеме деп танылған, сома төленген кредитор - заңды тұлғаның (жеке кәсiпкердiң) атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi керсетiледi;
      4) D бағанында кредиторлық берешектiң туындауын растайтын құжаттың (шот-фактуралар, орындалған жұмыстар мен басқаларының актiсi) нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      5) E бағанында күмәндi мiндеттеме деп танылған кредиторлық берешек сомасын кiрiске енгiзу күнi (айы, жылы) көрсетiледi.
      6) Ғ бағанында күмәндi мiндеттеме деп танылған кредиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында күмәндi мiндеттеме деп танылған кредиторлық берешектi өтеу күнi (айы, жылы) көрсетiледi;
      8) H бағанында тәленген күмәндi мiндеттемелер сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында бұрын күмәндi мiндеттеме деп танылған және шегерiмге жатқызылатын кiрiске жатқызылған әрi F және H бағандары сомасының ең азы ретiнде айқындалатын кредиторлық берешек сомасы көрсетiледi.
      110.13.001 жолына қосымша нысан F бағанының жиынтық шамасы 110.13.001A жолына, H бағаны - 110.13.001В жолына, I бағаны - 110.13.001С жолына көшiрiледi.

  16. Күмәндi талаптар - 110.14 нысанын жасау

      110. Осы нысан  Салық кодексiнiң  96-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс күмәндi талаптар сомасын айқындауға арналған.

      111. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      112. "Күмәндi талаптары" бөлiмiнде:
      110.14.001 жолы шегерiмге жатқызылуы тиiс күмәндi талаптардың сомасын айқындауға арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      113. 110.14.001B жолының шамасы 110.00.027 жолына көшiрiледi.

      114. 110.14.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында салық төлеушiге берешек үш жыл iшiнде өтелмеген, тауарлар сатылған, жұмыстар орындалған, қызмет көрсетiлген заңды тұлғаның атауы, жеке кәсiпкердiң аты-жөнi көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      4) В бағанында салық төлеушiде бар дебиторлық берешек бойынша құжат (шот-фактура) күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында осы шығыстарды оларға шегерiмге жатқызу туралы өз тiркеу орны бойынша салық органына жiберiлген салық төлеушi хабарламасының күнi мен нөмiрi көрсетiледi. Хабарламада сатып алушының атауы, сатып алушы салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, шот-фактураның күнi мен нөмiрi, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны, шегерiмге жатқызылған сома көрсетiледi. Хабарламаға ұйымның басшысы, бас бухгалтерi қол қоюы және мөрмен куәландырылуы тиiс;
      6) Ғ бағанында дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
      7) G бағанында Мемлекеттiк тiзiлiмнен банкрот-борышкердi алып тастау туралы әдiлет органы шешiмiнiң күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
      8) H бағанында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату бойынша дебиторлық берешек (жанама салықтарсыз) сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында салық салынатын кiрiстi айқындау кезiнде жылдық жиынтық кiрiске H бағанында көрсетiлген берешектi енгiзу күнi (ай, жыл) көрсетiледi;
      10) J бағанында күмәндi талап болып табылатын және шегерiмге жататын дебиторлық берешек сомасы көрсетiледi.
      110.14.001 жолына қосымша нысан H бағанының жиынтық шамасы 110.14.001A жолына, J бағаны - 110.14.001В жолына көшiрiледi.

  17. Провизиялар (резервтер) құру жөнiндегi шығыстар -
110.15 нысанын жасау

      115. Осы нысан  Салық кодексiнiң  97-бабының 2-тармағына сәйкес күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды құру, шартты мiндеттемелер жөнiндегi шығыстарды айқындауға арналған.

      116. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      117. "Шығыстар" бөлiмiнде:
      110.15.001 жолы күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар, шартты мiндеттемелер сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.
      Сенiмсiз активтермен провизиялар құру жөнiндегi шығыстарды айқындау кезiнде активтер деп теңгермеде де және теңгерме үшiн есептелетiн (2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап теңгерме үшiн есептен шығарылған) есептi салық кезеңiнiң соңына активтер танылады.

      118. 110.15.001E жолының шамасы 110.00.028 жолына көшiрiледi.

      119. 110.15.001 жолына қосымша нысан:   
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында шартты мiндеттеменiң актив тобы айқындалған;
      3) С бағанында есептi салық кезеңiнiң соңына талаптар сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындаған резервтеу мөлшерi көрсетiледi;
      5) E бағанында С және D бағандары сомасының туындысы ретiнде айқындалған провизиялар (резервтер) сомасы көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында бұрынғы салық кезеңi үшiн 110.15.001 жолына қосымша нысан H бағанында айқындалған және бұрынғы салық кезеңiнде шегерiмге жатқызылған провизиялар сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында түзетудi ескерiп шегерiмге жатқызылған провизиялар сомасы көрсетiледi. 110.05.003 жолына қосымша нысан I бағанында, 110.05.001, 110.05.002 жолдарына қосымша нысан Ғ бағаны сомасының және G бағаны сомасының айырмасы ретiнде айқындалады;
      8) H бағанында E және G бағандары сомасының оң айырмасы ретiнде айқындалған және есептi салық кезеңiнде шегерiмге жатқызылған провизиялар сомасы көрсетiледi.
      110.15.001 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 110.15.001A жолына, Е бағаны - 110.15.001B жолына, Ғ бағаны - 110.15.001С жолына, G бағаны - 110.15.001D жолына, Н бағаны - 110.15.001E жолына көшiрiледi.

  18. Ғылыми-зерттеу, жобалық, iздестiру және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығыстар -
110.16 нысанын жасау

      120. Осы нысан  Салық кодексiнiң  98-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс және кiрiс алумен байланысты жүргiзiлген ғылыми-зерттеу, жобалық, iздестiру және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығыс сомасын айқындауға арналған.

      121. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      122. "Шығыстар" бөлiмiнде:
      110.16.001 жолы шегерiмге жатқызылуы тиiс ғылыми-зерттеу, жобалық, iздестiру және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығыс сомасын айқындауға арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      123. 110.16.001 жолының шамасы 110.00.029 жолына көшiрiледi.

      124. 110.16.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетіледi;
      2) В бағанында шартқа сәйкес ғылыми-зерттеу, жобалық, iздестiру және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөнi көрсетіледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi/осы Ережелердiң 203-тармағына сәйкес резиденттiк елi коды;
      4) D бағанында орындалған жұмыстардың түрлерi (атауы) көрсетiледi;
      5) E бағанында ғылыми-зерттеу, жобалық, iздестiру және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға сәйкес келетiн жүзеге асыруларды растайтын құжат нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      6) F бағанында бұрынғы шегерiмге жататын және кiрiстер алумен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалық, iздестiру және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға жүргiзiлген шығыстар сомасы көрсетiледi.
      110.16.001 жолына қосымша нысан Ғ бағанының жиынтық шамасы 110.16.001 жолына көшiрiледi.

  19. Сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстар -
110.17 нысанын жасау

      125. Осы нысан  Салық кодексiнiң  99-бабының 1-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстар сомасын айқындауға арналған.

      126. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      127. "Шегерiмге енгiзiлетiн сақтандыру сыйақылары" бөлiмiнде:
      110.17.002 жолы сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстар сомасын көрсетуге арналған.

      128. 110.17.001 жолының шамасы 110.00.030 жолына көшiрiледi.

      129. 110.17.001 жолына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сақтандырушы - ұйымның атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      4) D бағанында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, есептi салық кезеңi үшiн сақтандырушы - салық төлеушi төлеуге жататын (төлеген) сақтандыру сыйақыларының атауы көрсетiледi;
      5) E бағанында сақтандыру сыйақылары төленетiн сақтандырушы - салық төлеушiнiң сақтандыру шарттарын жасау нөмiрi мен күнi көрсетiледі;
      6) Ғ бағанында сақтандырушы - салық төлеушi төлейтiн сақтандыру сыйақылары жататын сақтандыру класы көрсетiледi;
      7) G бағанында есептi салық кезеңi үшiн төлеуге жататын (төленген) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      8) Н бағанында Салық кодексiнiң 99-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен келiсiм бойынша сақтандыру қызметiн реттеу және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген сақтандыру сыйақыларының шектi нормасы көрсетiледi;
      9) I бағанында Н бағанында көрсетiлген норманы қолдана отырып сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      110.17.001 жолына қосымша нысан G бағанының жиынтық шамасы 110.17.001A жолына, H бағаны - 110.17.001B жолына, I бағаны - 110.17.001C жолына көшiрiледi.

  20. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiру (сақтандыру) жөнiндегi жарналар бойынша шығыстар -
110.18 нысанын жасау

      130. Осы нысан  Салық кодексiнiң  99-бабының 2-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiру (сақтандыру) жөнiндегі шығыстар сомасын айқындауға арналған.

      131. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      132. "Жарналар бойынша шығыстар" бөлiмiнде:
      110.18.001 жолы жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiру (сақтандыру) жөнiндегi жарналар сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      133. 110.18.001D жолының шамасы 110.00.031 жолына көшiрiледi.

      134. 110.18.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында Банктер және банк қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған жеке тұлғалардың кепiлдендiрiлетiн салымдарының (депозиттерiнiң) сомасы көрсетiледi;
      3) С бағанында "Банк және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  52-бабымен айқындалған жарна ставкасы көрсетiледi;
      4) D бағанында В және С бағандары туындысының сомасы ретiнде айқындалатын жарнаның шектi сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында Банктер және банк қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiру (сақтандыру) қорына енгiзуге жататын (енгiзiлген) жарна сомасы көрсетiледi;
      6) F бағанында D және E бағандарының ең аз сомасы ретiнде айқындалатын, шегерiмге жататын жарна сомасы көрсетiледi.
      110.18.001 жолына қосымша нысан В бағанының жиынтық шамасы 110.18.001A жолына, D бағаны - 110.18.001B жолына, E бағаны - 110.18.001C жолына көшiрiледi, Ғ бағаны - 110.18.001D жолына көшiрiледi.

  21. Әлеуметтiк төлемдерге шығыстар -
110.19 нысанын жасау

      135. Осы нысан  Салық кодексiнiң  100-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс әлеуметтiк төлемдерге шығыстарды айқындауға арналған.

      136. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.
      137. "Шығыстар" бөлiмiнде:
      1) 110.19.001 жолында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген есептi салық кезеңi үшiн уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiнiң күндерiн төлеуге қызметкерге есептелген сома көрсетiледi;
      2) 110.19.002 жолында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жүктiлiгi мен тууы жөнiндегi демалыс бойынша қызметкерге есептелген сома көрсетiледi;
      3) 110.19.003 жолында есептi салық кезеңi үшiн олардың өз еңбек (қызмет) мiндеттемелерiн орындаумен байланысты қызметкерге келтiрiлген жарақатты немесе денсаулғына келтiрiлген өзге залалды өтеуге төлемге жiберiлген шығыстар сомасы көрсетiледi;
      4) 110.19.004 жолында Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өз еңбек (қызмет) мiндеттемелерiн орындаумен байланысты қызметкерге келтiрiлген жарақатты немесе денсаулығына келтiрiлген өзге залалды, және жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi кәсiптiк жарналар мөлшерiнде өтеуге төлем мөлшерi көрсетiледi;
      5) 110.19.005 жолында олардың өз еңбек (қызмет) мiндеттемелерiн орындаумен байланысты қызметкерге келтiрiлген жарақатты немесе денсаулығына келтiрiлген, және шегерiмге енгiзiлуге жататын жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi кәсiптiк жарналар, өзге залалды өтеу сомасы көрсетiледi. 110.19.003 және 110. 19.004 жолдарында көрсетiлген соманың ең азы ретiнде айқындалады;
      6) 110.19.006 жолында шегерiмге жатқызылуы тиiс әлеуметтiк төлемдерге шығыстар сомасы көрсетiледi. 110.19.001, 110.19.002 және 110.19.005 жолдарының сомасы ретiнде айқындалады

      138. 110.19.006 жолының шамасы 110.00.032 жолына көшiрiледi.

  22. Терiс бағамдық айырма бойынша шегерiмдер -
110.20 нысанын жасау

      139. Осы нысан  Салық кодексiнiң  102-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылатын және жылдық жиынтық кiрiс алумен байланысты терiс бағамдық айырма сомасын айқындауға арналған.

      140. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      141. "Tepic бағамдық айырма" бөлiмiнде:
      110.20.001 жолы шегерiмге енгiзiлуге жататын, терiс бағамдық айырманың сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      142. 110.20.001F жолының шамасы 110.00.033 жолына көшiрiледi.

      143. 110.20.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында терiс бағамдық айырма көшiрiлген бұрынғы салық кезеңдерi, сондай-ақ есептi салық кезеңi көрсетiледi;
      3) С бағанында нәтижесiнде терiс бағамдық айырма құралған операциялар атауы көрсетiледi:
      валюталық шоттар бойынша;
      валюталық кредиттер бойынша;
      сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар бойынша;
      жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар бойынша;
      өзге де операциялар бойынша;
      4) D бағанында бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша есептi салық кезеңiнiң басына жасалған операциялар бойынша есептер жүргiзiлмеген терiс бағамдық айырманың тиiстi сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында есептi салық кезеңi ағымында пайда болған терiс бағамдық айырманың тиiстi сомасы көрсетiледi;
      6) F бағанында  Салық кодексiнiң  10-бабындағы 1-тармақтың 13) тармақшасына сәйкес есептi салық кезеңiнде есептер жүргiзiлген жасалған операциялар бойынша айқындалатын терiс бағамдық айырманың тиiстi сомасы көрсетiледi;
      7) G бағанында D және E бағандарының және F бағаны сомасы айырмасы ретiнде айқындалатын бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша есептi салық кезеңiнiң соңына жасалған операциялар бойынша есептер жүргiзiлмеген терiс бағамдық айырманың тиiстi сомасы көрсетiледi;
      8) H бағанында бұрынғы салық кезеңiнiң L бағанынан көшiрiлген терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында F және H бағандарының сомасы ретiнде айқындалатын көшiрiлген соманы ескерiп терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында салық салынатын кiрiс сомасынан 50 процент қосу, 110.00.016 жолында көрсетiлген оң бағамдық айырма сомасы ретiнде  Салық кодексiнiң  102-бабындағы 3-тармаққа сәйкес айқындалатын терiс бағамдық айырманың шектi сомасы көрсетiледi. Бұл ретте, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде оң және терiс бағамдық айырмалар ескерiлмейдi;
      11) К бағанында I және J бағандары сомасының ең азы ретiнде айқындалатын, шегерiмге жататын, терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында келесi салық кезеңiне көшiрiлетiн терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiледi. I, К және M бағандары сомасының айырмасы ретiнде айқындалады;
      13) M бағанында талап-арыз мерзiмiнiң аяқталуына байланысты көшiруге жатпайтын терiс бағамдық айырма сомасы көрсетiлмейдi. Қосымша нысанда көрсетiлген бес салық кезеңдерiнiң барлығында F бағанының сомасы және қосымша нысанда көрсетiлген бес салық кезеңдерiнiң бiрiншi I бағаны сомасының оң айырмасы ретiнде айқындалады.
      110.20.001 жолына қосымша нысан D бағанының жиынтық шамасы 110.20.001A жолына, E бағаны - 110.20.001B жолына, Ғ бағаны - 110.20.001C жолына, G бағаны - 110.20.001D жолына, H бағаны - 110.20.001E жолына, I бағаны - 110.20.001F жолына, J бағаны - 110.20.001G жолына, К бағаны - 110.20.001H жолына, L бағаны - 110.20.001I жолына, M бағаны - 110.20.001 жолына көшiрiледi.

  23. Бюджетке енгiзуге жатпайтын айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптары - 110.21 нысанын жасау

      144. Осы нысан  Салық кодексiнiң  92-бабындағы 5-тармаққа сәйкес бюджетке енгiзуге тиiстiлерден басқа, шегерiмге жатқызылатын жылдық жиынтық кiрiс алумен байланысты тағайындалған немесе танылған айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптарының сомасын айқындауға арналған.

      145. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      146. "Айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптары" бөлiмiнде:
      110.21.001 жолы шегерiмге жатқызылуы тиiс айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптарының сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      147. 110.21.001 жолының шамасы 110.00.035 жолына көшiрiледi.

      148. 110.21.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында оның алдында шаруашылық шарттарының жағдайларын бұзғаны үшiн шарт мiндеттемелерi туындаған ұйым атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушi - ұйымның тiркеу нөмiрi көрсетiледi/Осы ережелердiң 203-тармағына сәйкес резиденттiк елi коды;
      4) D бағанында оған сәйкес салық төлеушiге (салық төлеушi) танылған немесе тағайындалған айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптарының шартты (келiсiм-шартты) немесе сот шешiмiн жасау нөмiрi мен күнi көрсетіледі;
      5) Е бағанында шегерiмге жатқызылатын жылдық жиынтық кiрiстi алумен байланысты тағылған немесе танылған айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық айыптары көрсетiледi.
      110.21.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 110.21.001 жолына көшiрiледi.

  24. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар, жөндеуге шығыстар және басқа да шегерiмдер -
110.22 нысанын жасау

      149. Осы нысан  Салық кодексiнiң  4-бөлiмiнiң 3-параграфына сәйкес салық салу мақсатында тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар сомасын, жөндеуге шығыстарды және басқа да шегерiмдердi, сондай-ақ  Салық кодексiнiң  87-бабына сәйкес шағын топтың теңгермелiк құнынан есептен шыққан тiркелген активтердiң (I және II активтерден басқа) құн асуынан кiрiстердi айқындауға арналған.

      150. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      151. "Үйлер, құрылыстар" бөлiмiнде:
      110.22.001 жолы үйлер, құрылыстар бойынша шегерiмдердi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      152. "Ғимараттар" бөлiмiнде:
      110.22.002 жолы ғимараттар бойынша шегерiмдердi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негізiнде толтырылады.

      153. "Негiзгi қаражаттың қалған шағын тобы" бөлiмiнде:
      110.22.003 жолы негiзгi қаражаттың қалған шағын тобы бойынша шегерiмдердi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      154. "Негiзгi құралдар бойынша барлығы" бөлiмiнде:
      110.22.004 жолы негiзгi құралдар бойынша шегерiмдердiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған. 110.22.001, 110.22.002, 110.22.003 тиiстi жолдарының сомасы ретiнде айқындалады.

      155. "Материалдық емес активтер" бөлiмiнде:
      110.22.005 жолы материалдық емес активтер бойынша шегерiмдердi көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерiнiң негiзiнде толтырылады.

      156. "Басқалар" бөлiмiнде:
      1) 110.22.006 жолы шағын топтың құндық теңгермесiнен есептен шыққан тiркелген активтердiң құнының асуынан кiрiстi көрсетуге арналған.
      110.22.003 жолына қосымша нысан J бағанының және 110.22.005 жолына қосымша нысан H бағанының терiс сомаларын қосумен айқындалады;
      2) 110.22.007 жолы  Салық кодексiнiң  113-бабының 4-тармағына сәйкес шегерiмге енгiзiлуге жататын, жалға алушымен жүргiзiлген жалға алынған негiзгi құралдарды жөндеуге және шартқа сәйкес жалға берушiмен өтелмейтiн шығыстар сомасын көрсетуге арналған.

      157. 110.22.004E жолының шамасы 110.00.036A жолына көшiрiледi.
      110.22.005E жолының шамасы 110.00.036B жолына көшiрiледi.
      110.22.004I және 110.22.005G жолдарының шамасы 110.00.036D жолына көшiрiледi.
      110.22.004H және 110.22.005F жолдарының шамасы 110.00.036E жолына көшiрiледi.
      110.22.004F жолының шамасы 110.00.036F жолына көшiрiледi.
      110.22.006 жолының шамасы 110.00.009 жолына көшiрiледi.

      158. 110.22.001, 110.22.002, 110.22.003 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында  Салық кодексiнiң  110-баптың 1-тармағына сәйкес салық төлеушi амортизациялық аударымдар есептеудi жүргiзетiн негiзгi құралдардың атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында  Салық кодексiнiң  107-бабы мен 110-бабының 1-тармағына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн негiзгi құралдар тобының нөмiрi көрсетiледi;
      4) D бағанында амортизациялық аударымдар есептелетiн негiзгi құралдардың тиiстi тобының амортизациялық шағын тобының нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағына сәйкес амортизацияның шектi нормалары процентпен көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында салық төлеушi қолданатын амортизациялық нормалар әрбiр шағын топ бойынша процентпен, бiрақ E бағанында көрсетiлген шектен асырылмай көрсетiледi;
      7) G бағанында әрбiр салық шағын тобы бойынша өткен салық кезеңi үшiн 110.22.001, 110.22.002, 110.22.003 жолдарына қосымша нысанның Р бағанының тиiстi жолдарынан көшiрiлетiн есептi салық кезеңiнiң басындағы шағын топтың құндық теңгерiмiнiң шамасы көрсетiледi;
      8) H бағанында шағын топтар бөлiнiсiнде есептi салық кезеңiнде сатып алынған, тегiн алынған, сондай-ақ негiзгi құралдардың жарғылық капиталға салымы ретiнде түскен және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын құны көрсетiледi. Көрсетiлген негiзгi активтердiң құны  Салық кодексiнiң  106-бабына сәйкес айқындалады. Осы бағанда, сондай-ақ өткен салық кезеңi үшiн 110.23.001 жолына қосымша нысанның К бағанында айқындалған Салық кодексiнiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес екi еселенген нормамен амортизациялық аударымдар сомасы есептелген негiзгi құралдардың қалдық құны көрсетiледi;
      9) I бағанында  Салық кодексiнiң  109-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретiнде негiзгi құралдарды сатудан алынған және/немесе алынуға жататын, қаржы лизингiне берiлуi тиiс, сондай-ақ негiзгi құралдардың есептен шығарылуы, жоғалуы, жойылуы, ысырабы кезiндегi сома көрсетiледi;
      10) J бағанында  Салық кодексiнiң  108-бабының 2-тармағына сәйкес есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың негiзгi құралдарының теңгерiмдiк құнының шамасы (G+H-I) айқындалады;
      11) К бағанында  Салық кодексiнiң  107-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес (JxF) есептелген есептi салық кезеңдегi амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында  Салық кодексiнiң  113-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс негiзгi құралдардың әрбiр шағын тобы бойынша жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдарды жөндеуге кеткен нақты шығыстардың сомасы көрсетiледi;
      13) M бағанында Салық кодексiнiң 113-бабына сәйкес жалпы шыққан шығыстар сомасына тепе-тең негiзгi құралдардың тиiстi тобының, шағын тобының теңгерiмдiк құны артатын, L бағанында көрсетiлген сомадан асатын негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушiнiң шыққан нақты шығыстарының сомасы көрсетiледi;
      14) N бағанында  Салық кодексiнiң  111-бабының 2-тармағына сәйкес 100 айлық есептiк көрсеткiштен кем соманы құрайтын есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шамасы, шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi;
      15) О бағанында Салық кодексiнiң 111-бабының 1-тармағына сәйкес егер есептi салық кезеңiнiң аяғында осы шағын топтың барлық тiркелген активтерi жойылса, J бағанында көрсетiлген сомаға тең есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi;
      16) Р бағанында  Салық кодексiнiң  108-бабының 2-тармағында көзделген түзетулер (J-K+M-N-0) есебiмен есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi.
      Жиынтық шама:
      110.22.001 жолға қосымша нысанның G бағаны 110.22.001A жолына, H бағаны - 110.22.001B жолына, I бағаны - 110.22.001C жолына, J бағаны - 110.22.001D жолына, К бағаны - 110.22.001E жолына, L бағаны - 110.00.001F жолына, M бағаны - 110.22.001G жолына, N бағаны - 110.22.001H жолына, О бағаны - 110.22.001I жолына, Р бағаны - 110.22.001J жолына көшiрiледi;
      110.22.002 жолға қосымша нысанның G бағаны 110.22.003A жолына, H бағаны - 110.22.002B жолына, I бағаны - 110.22.002C жолына, J бағаны - 110.22.002D жолына, К бағаны - 110.22.002E жолына, L бағаны - 110.00.002F жолына, М бағаны - 110.22.002G жолына, N бағаны - 110.22.002H жолына, О бағаны - 110.22.002I жолына, P бағаны - 110.22.002J жолына көшiрiледi;
      110.22.003 жолға қосымша нысанның G бағаны 110.22.003A жолына, H бағаны - 110.22.003B жолына, I бағаны - 110.22.003C жолына, J бағаны - 110.22.003D жолына, К бағаны - 110.22.003E жолына, L бағаны - 110.00.003F жолына, M бағаны - 110.22.003G жолына, N бағаны - 110.22.003H жолына, О бағаны - 110.22.003I жолына Р бағаны - 110.22.003J жолына көшiрiледi.

      159. 110.22.005 жолға қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын материалдық емес активтердiң атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағына сәйкес амортизацияның шектi нормалары процентпен көрсетiледi;
      4) D бағанында С бағанында көрсетiлген шектен аспайтын материалдық емес активтер бойынша салық төлеушi қолданатын амортизацияның нормалары процентпен көрсетiледi;
      5) E бағанында өткен салық кезеңiндегi 100.22.005 жолына қосымша нысанның L бағанындағы тиiстi жолдардан көшiрiлетiн есептi салық кезеңiнiң басындағы материалдық емес активтердiң шағын тобының теңгерiмдiк құнының шамасы көрсетiледi;
      6) F бағанында есептi салық кезеңiнде сатып алынған, тегiн алынған, сондай-ақ жарғылық капиталға салым ретiнде түскен және жылдық жиынтық табысты алу үшiн пайдаланылатын материалдық емес активтердiң құны көрсетiледi. Материалдық емес активтердiң құны Салық кодексiнiң 106-бабына сәйкес айқындалады. Осы бағанда өткен салық кезеңi үшiн 100.23.001 жолға қосымша нысанның К бағанында айқындалған  Салық кодексiнiң  110-бабының 2-тармағына сәйкес амортизацияның екi еселеген нормасымен амортизациялық аударымдардың сомасы есептелген материалдық емес активтердiң қалдық құны көрсетiледi;
      7) G бағанында  Салық кодексiнiң  109-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретiнде материалдық емес активтердi сатудан алынған және/немесе алынуы, қаржы лизингiне берiлуi тиiс, сондай-ақ сақтандырылған материалдық емес активтер бойынша есептен шығарылуы, жоғалуы, жойылуы, ысырабы кезiндегi сома көрсетiледi;
      8) H бағанында есептi салық кезеңiнiң аяғында  Салық кодексiнiң  108-бабының 2-тармағына сәйкес (Е+Ғ-G) материалдық емес активтердiң шағын тобының теңгерiмдiк құнының шамасы айқындалады;
      9) I бағанында Салық кодексiнiң 107-бабының 2-тармағына сәйкес (Н х D) есептi салық кезеңi үшiн есептелген амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында  Салық кодексiнiң  111-бабының 2-тармағына сәйкес 100 айлық есептiк көрсеткiштiң кем сомасын құрайтын есептiк салық кезеңiнiң аяғындағы шама, шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi;
      11) К бағанында егер Салық кодексiнiң 111-бабының 1-тармағына сәйкес есептi салық кезеңiнiң аяғында осы шағын топтың барлық тiркелген активтерi есептен шықса, H бағанында көрсетiлген сомаға тең есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны көрсетiледi;
      12) L бағанында Салық кодексiнiң 108-бабының 2-тармағында көзделген түзету есебiмен (H-I-J-К) және амортизациялық аударымдар сомасына кемiтiлген есептi салық кезеңiнiң аяғындағы шағын топтың теңгерiмдiк құны ретiнде айқындалатын шағын топтың құндық теңгермесi көрсетiледi.
      110.22.005 жолға қосымша нысанның E бағанының жиынтық шамасы 110.22.005A жолына, F бағаны - 110.22.005B жолына, G бағаны - 110.22.005C жолына, H бағаны - 110.22.005D жолына, I бағаны - 110.22.005E жолына, J бағаны - 110.00.001F жолына, M бағаны - 110.22.001G жолына, N бағаны - 110.22.005F жолына, К бағаны - 110.22.005G жолына, L бағаны - 110.22.005H жолына көшiрiледi.
      110.22.003 жолға қосымша нысанның J бағаны мен 110.22.005 жолға қосымша нысанның H бағаны бойынша терiс сомасы 110.22.006 жолына көшiрiледi.

      160. 110.22.007 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында жылдық жиынтық табыс алу мақсатында негiзгi құралы жалға алынған, жалға берушiнiң (аты-жөнi) атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      4) D бағанында жылдық жиынтық табыс алу мақсатында қолданылатын, шартқа сәйкес жалға берушiмен өтелмейтiн олар бойынша жөндеу шығыстары жүргiзiлгенде жалға алынған негiзгi құралдардың атауы көрсетiледi;
      5) E бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағына сәйкес D бағанында көрсетiлген негiзгi құралдар тобының нөмiрi көрсетiледi;
      6) Ғ бағанында жалгерлiк шарттың нөмiрi және жасалған күнi көрсетiледi, осыған сәйкес негiзгi құралдар жалға алынады;
      7) G бағанында жалгерлiк шартына сәйкес есептi салық кезеңi үшiн жалгерлiк төлем сомасы көрсетiледi;
      8) H бағанында жалға алынған негiзгi құралдарды жөндеу үшiн жалпы нақты шығыстар сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында жалға берушiмен төленуге жататын жөндеу үшiн шығыстар сомасы көрсетiледi;
      10) J бағанында H және I бағандарының сомаларының айырмасы ретiнде айқындалатын жалға берушiмен өтелмейтiн жөндеу үшiн шығыстар сомасы көрсетiледi;
      11) К бағанында  Салық кодексiнiң  113-бабының 4-тармағына сәйкес шегерiмге енгiзiлуге жататын негiзгi құралдарды жөндеу үшiн нақты шығыстар сомасы көрсетiледi;
      12) L бағанында Салық кодексiнiң 113-бабының 4-тармағына сәйкес шегерiмге енгiзiлуге жатпайтын және J және К бағандарының сомаларының айырмасы ретiнде айқындалатын негiзгi құралдарды жөндеу үшiн нақты шығыстар сомасы көрсетiледi.
      110.22.007 жолға қосымша нысанның G бағанының жиынтық шамасы 110.22.007A жолына, H бағаны - 110.22.007B жолына, I бағаны - 110.22.007C жолына, J бағаны - 110.22.007D жолына, К бағаны - 110.22.007E жолына, L бағаны - 110.00.007F жолына көшiрiледi.

  25. Алғаш рет пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар - 110.23 нысанын жасау

      161. Осы нысан салық төлеушi алғаш рет пайдалануға берiлген және  Салық кодексiнiң  110-бабының 2-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылуы тиiс жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды айқындауға арналған.
      Салық кодексiнiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдарын салық төлеушi шегерiмге жатқызған кезде, осы нысан үш жыл iшiнде жиынтық жылдық табыс алу мақсатында тiркелген активтердi пайдалануды растау үшiн өткен үш салық кезеңiне берiледi.

      162. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      163. "Алғаш рет пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар" бөлiмiнде:
      110.23.001 жолы алғаш рет пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және осы қосымша нысанның негiзiнде толтырылады.

      164. 110.23.001B жолының шамасы 110.00.036C жолға көшiрiледi.

      165. 100.23.001 жолға қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында тiркелген активтердiң атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында тиiстi тiркелген активтi Қазақстан Республикасы аумағында iске қосу күні көрсетiледi;
      4) D бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағына сәйкес тiркелген актив тобының нөмiрi көрсетiледi;
      5) E бағанында Салық кодексiнiң 110-бабының 1-тармағына сәйкес тiркелген активтiң шағын тобының нөмiрi көрсетiледi;
      6) F бағанында Салық кодексiнiн 110-бабының 1-тармағында белгiленген тiркелген активтердiң әрбiрiнiң атауы бойынша процентпен салық төлеушi қолданатын амортизацияның шектi нормалары көрсетiледi;
      7) G бағанында F бағанда көрсетiлген шектен аспайтын, тiркелген активтердiң әрбiрiнiң атауы бойынша процентпен салық төлеушi қолданатын амортизацияның нормалары көрсетiледi;
      8) H бағанында салық төлеушi Салық кодексiнiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес (G х 2) қолданатын, амортизацияның екi еселенген нормалары көрсетiледi;
      9) I бағанында алғаш рет пайдалануға берiлген және салық төлеушi жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланатын, түскен тiркелген активтердiң құны көрсетiледi;
      10) J бағанында кемiнде үш жылда жылдық жиынтық табыс алу мақсатында (I x Н) тiркелген активтердiң деректерiн пайдалану шарты кезiнде амортизацияның екi еселенген нормасы бойынша есептелген амортизация аударымдарының сомалары көрсетiледi;
      11) К бағанында алғаш рет пайдалануға берiлген және жылдық жиынтық табыс алу үшiн (I-J) пайдаланылатын тiркелген активтердiң құны көрсетiледi. Келесi салық кезеңiнде осы бағанның деректерi салық салу мақсатында амортизация аударымдарын есептеу үшiн тиiстi шағын топтың теңгерiмдiк құнына енгiзуге жатады және келесi салық кезеңiнiң 110.22.001, 110.22.002, 110.22.003 жолдарға қосымша нысанның H бағанының және 110.22.005 жолға қосымша нысанның Ғ бағанының тиiстi жолдарына көшiрiледi.
      12) L бағанында тиiстi тiркелген активтiң iстен шыққан күнi көрсетiледi.
      110.23.001 жолға қосымша нысанның I бағанының жиынтық шамасы 110.23.001A жолына, J бағаны - 110.23.001B жолына, К бағаны - 110.23.001С жолына көшiрiледi.

  26. Резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға төленетiн Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстары - 110.24 нысанын жасау

      166. Осы нысан резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмаған қызметiне Қазақстан Республикасының көздерiнен түскен кiрiс және Салық кодексiнiң  179 187 198 - 202 -баптарына сәйкес төлем көзiнен табыс салығының сомасын айқындауға арналған.

      167. "Салық агентi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық агентi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық агентiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      168. "Есептiк көрсеткiштер" бөлiмiнде:
      1) 110.24.001 жолы салық кезеңiнiң басына резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға төленбеген кiрiстер сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      2) 110.24.002 жолы салық кезеңi үшiн резидент еместерге есептелген кiрiстер сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      3) 110.24.003 жолы салық кезеңi үшiн резидент еместерге есептелген кiрiстен ұсталатын табыс салығы сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      4) 110.24.004 жолы есептелген кiрiстер сомалары мен осындай кiрiстерден ұсталатын табыс салығы сомалары арасындағы айырма ретiнде есептелетiн, салық кезеңi үшiн резидент еместерге төленуге жататын кiрiстер сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      5) 110.24.005 жолы салық қезеңi үшiн резидент еместерге төленген және (немесе) төленбеген, бiрақ салық агентiмен бұрынғы салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша декларацияда шегерiмге жатқызылған, кiрiстер сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      6) 110.24.006 жолы салық кезеңi үшiн резидент еместерге төленген және (немесе) төленбеген, бiрақ салық агентiмен бұрынғы салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша декларацияда шегерiмге жатқызылған, кiрiстерден ұсталатын табыс салығы сомасын көрсетуге арналған, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      7) 110.24.007 жолы салық кезеңi үшiн Салық кодексiнiң 198-бабына сәйкес шартты банк салымына аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      169. 110.24 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында  Салық кодексiнiң  178-бабына сәйкес осы Ережелердiң 202 тармағына орай Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместер алған кiрiс түрiнiң коды көрсетіледi;
      3) С бағанында салық кезеңiнiң басына резидент еместiң төленбеген кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      7) D бағанында салық кезеңi үшiн есептелген кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      8) E бағанында есептелген кiрiстерден ұсталатын табыс салығы сомасы көрсетiледi;
      9) F бағанында D және E бағандары көрсеткiштерiнiң арасындағы айырма ретiнде есептелетiн, салық кезеңi үшiн төленуге жататын кiрiс сомасы көрсетiледi;
      10) G бағанында салық кезеңi үшiн төленген кiрiстер және (немесе) төленбеген кiрiстер көрсетiледi, бiрақ салық агентiмен бұрынғы салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша декларацияда шегерiмге жатқызылған;
      11) H бағанында бюджетке аударылуға жататын, төленген және (немесе) төленбеген, резидент еместердiң кiрiстерiнен ұсталатын табыс салығы сомасы көрсетiледi, бiрақ салық агентiмен шегерiмге жатқызылған;
      12) I бағанында салық кезеңi үшiн  Салық кодексiнiң  198-бабына сәйкес шартты банк салымына орналастырылған табыс салығы сомасы көрсетiледi.
      110.24 қосымшаға қосымша нысанның С бағанының жиынтық шамасы 110.24.001 жолына, D бағаны - 110.24.002 жолына, E бағаны - 110.24.003 жолына, F бағаны - 110.24.004 жолына, G бағаны - 110.24.005 жолына, Н бағаны - 110.24.006 жолына, I бағаны - 110.24.007 жолына көшiрiледi.

  27. Залалдарды көшiру - 110.25 нысанын жасау

      170. Осы нысан  Салық кодексiнiң  124-бабына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтен көшiрiлген залалдар сомасының есебiне арналған.

      171. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      172. "Залалдар" бөлiмiнде:
      110.25.001 жолы келесi салық кезеңдерiнен көшiрiлетiн залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      173. 110.25.001 жолының шамасы 110.00.42 жолға көшiрiледi.

      174. 110.25.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында залал пайда болған және осы жол толтырылатын өткен салық кезеңдерiнен көшiрiлген залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;
      3) С бағанында өткен салық кезеңдерiнен көшiрiлген залалдар сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында есептi салық кезеңiнде алынған кiрiс (көшiрiлуге тиiстi залал) көрсетiледi. Егер 110.00.038 жолында кiрiс алынса, онда салық салынатын кiрiстiң түзетiлген сомасына кемiтiлген кiрiс сомасы (110.00.041 жолы) осы бағанға көшiрiледi. Егер 110.00.038 жолында залал алынған жағдайда, онда осы бағанға 110.00.040 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi.
      5) Е бағанында келесi салық кезеңiне көшiрiлетiн залал көрсетiледi. D және С бағандарының және 110.02.002 жолында көрсетiлген үйлер, құрылыстар және ғимараттарды сату кезiнде алынған залал айырмашылығы ретiнде айқындалады. Осы сома Салық кодексiнiң 124-бабының 1-тармағында белгiленген залалдарды көшiруге арналған мерзiм өтiп кеткенге дейiн келесi салық кезеңнiң қосымша нысанының С бағанына көшiрiледi.
      6) F бағанында Салық кодексiнiң 124-бабының 1-тармағында белгiленген залалдарды көшiруге арналған мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты келесi салық кезеңiне көшiруге жатпайтын залал көрсетiледi.
      Тиiстi салық кезеңi үшiн 110.25.001 жолына қосымша нысанның С бағанының шамасы 110.25.001 жолына көшiрiледi.

  28. Шетелдiк салықты есепке жатқызу - 110.26 нысанын жасау

      175. Осы нысан  Салық кодексiнiң  129-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке алынған шетел мемлекеттерiндегi көздерден салық төлеушi алған кiрiс бойынша табыс салығы және табысқа (бұдан әрi - табыс салығы) салық сомасын айқындауға арналған.
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс салық төлеушi төлеген табыс салығының сомасы салықтарды төлегенiн растайтын құжаттардың болуы кезiнде жүргiзiледi. Мұндай құжат шетел мемлекеттерiндегі көздерден алынған кiрiс және төленген салықтар сомасы туралы шетел мемлекетiнiң салық органы растаған анықтама болуы қажет.

      176. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      177. "Дивидендтер" бөлiмiнде:
      110.26.001 жолы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған дивидендтерден салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      178. "Сыйақылар" бөлiмiнде:
      110.26.002 жолы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған сыйақылардан салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      179. "Роялти" бөлiмiнде:
      110.26.003 жолы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған роялтиден салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      180. "Халықаралық тасымалдарда көлiктiк қызмет көрсетуден түскен кiрiс" бөлiгiнде:
      110.26.004 жолы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған халықаралық тасымалдарда көлiктiк қызмет көрсетуден түскен кiрiстен салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      181. "Тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырылатын қызметтен түскен өзгелей кiрiс" бөлiгiнде:
      110.26.005 жолы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырылатын қызметтен түскен өзгелей кiрiстен салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      182. "Тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен түскен салық салынатын кiрiс (пайда)":
      110.26.006 жолы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен түскен салық салынатын кiрiстен (пайдадан) салықтың жалпы сомасын айқындауға арналған.

      183. "Барлығы" бөлiгiнде:
      110.26.007 жолы 110.26.001C, 110.26.002C, 110.26.003C, 110.26.004C, 110.26.005C, 110.26.006C жолдарында айқындалғандай соманы төлеу кезiнде есепке жатқызылған салықтық жиынтық сомасын көрсетуге арналған.

      184. 110.26.007 жолының шамасы 110.27.004 жолына көшiрiледi.
      110.26.001А жолының шамасы 110.07.002 жолына көшiрiледi.
      110.26.002A жолының шамасы 110.08.003 жолына көшiрiледi.

      185. 110.26.001, 110.26.002, 110.26.003, 110.26.004 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында осы Ережелердiң 203-тармағына орай кiрiс төлемi көзi - елi коды көрсетiледi;
      3) С бағанында әрбiр төлем көзi - елi бойынша есептi салық кезеңi iшiнде салық төлеушiге есептелген кiрiс сомасы көрсетiледi. Егер салық төлеушi бiр шетел мемлекетiнде есептi салық кезеңi iшiнде бiрнеше көздерден кiрiс алған жағдайда, онда осы шетел мемлекетi бойынша есептелген кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында тиiстi төлем көзi - елi немесе халықаралық шартқа заңнамамен белгiленген төленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      5) Е бағанында әрбiр кiрiс төлем көзi - елiне төленген табыс салығының сомасы көрсетiледi. Бұл орайда, E бағанының деректерi С және D бағандарының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады;
      6) F бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасының шегiнде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      7) G бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасының шегiнде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi. Бұл орайда, G бағанның деректерi С және F бағандарының деректерiн көбейту ретiнде айқындалады.
      110.26.001 жолға қосымша нысанның С бағанының жиынтық шамасы 110.26.001A жолына, E бағаны - 110.26.001B жолына, G бағаны - 110.26.001C жолына көшiрiледi, 110.26.002 жолға қосымша нысанның С бағаны 110.26.002A жолына, E бағаны - 110.26.002B жолына, G бағаны - 110.26.002C жолына көшiрiледi, 110.26.003 жолға қосымша нысанның С бағаны 110.26.003A жолына, E бағаны - 110.26.003B жолына, G бағаны - 110.26.003C жолына көшiрiледi, 110.26.004 жолға қосымша нысанның С бағаны 110.26.004A жолына, E бағаны - 110.26.004B жолына, G бағаны - 110.26.004C жолына көшiрiледi.

      186. 110.26.005 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында осы Ережелердiң 202-тармағына орай тұрақты мекеме құрмай жүзеге асырылатын қызметтен түскен кiрiстiң төлем көзi - елi бойынша ашылатын сома кiрiс түрлерiнiң коды көрсетiледi;
      3) С бағанында осы Ережелердiң 203-тармағына орай кiрiстiң төлем көзi - елi коды көрсетiледi;
      4) D бағанында әрбiр төлем көзi - елi бойынша есептi салық кезеңi iшiнде салық төлеушiге есептелген кiрiс сомасы көрсетiледi. Егер бiр шетел мемлекетiнде салық төлеушi есептi салық кезеңi iшiнде бiрнеше көздерден кiрiс алған жағдайда, осы шетел мемлекетi бойынша есептелген кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      5) E бағанында тиiстi төлем көзi - елi немесе халықаралық шарт заңнамасында белгiленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      6) F бағанында әрбiр төлем көзi - елiнде төленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi. Бұл орайда, F бағанының деректерi D және E бағандарының деректерiн жүргiзу ретiнде айқындалады;
      7) G бағанында  Салық кодексiнiң  129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасының шегiнде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      8) H бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасының шегiнен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi. Бұл орайда, H бағанның деректерi С және G бағандарының деректерiн жүргiзу ретiнде айқындалады.
      110.26.005 жолға қосымша нысанның D бағанының жиынтық шамасы 110.26.005A жолына, F бағаны - 110.26.005B жолына, H бағаны 110.26.005C жолына көшiрiледi.

      187. 110.26.006 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында осы Ережелердiң 203-тармағына орай кiрiстiң төлем көзi - елi коды көрсетiледi;
      3) С бағанында есептi салық кезеңiнiң iшiнде олардың салық заңнамаларына сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша салық төлеушi есептеген салық салынатын кiрiстiң (пайданың) сомасы көрсетiледi. Егер бiр шетел мемлекетiнде салық төлеушi есептi салық кезеңi iшiнде бiрнеше көздерден салық салынатын кiрiс алған жағдайда, онда осы шетел мемлекетi бойынша есептелген салық салынатын кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында тиiстi төлем көзi - елi немесе халықаралық шарт заңнамасында белгiленген төленген табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      5) E бағанында әрбiр кiрiстiң төлем көзi - елiнде төленген табыс салығының сомасы көрсетiледi. Бұл орайда, E бағанының деректерi С және D бағандарының деректерiн жүргiзу ретiнде айқындалады;
      6) F бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының ставкасы көрсетiледi;
      7) G бағанында Салық кодексiнiң 129-бабының ережелерiне сәйкес әрбiр төлем көзi - елi бойынша Қазақстан Республикасының шегiнен тыс төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылған табыс салығының сомасы көрсетiледi. Бұл орайда, G бағанның деректерi С және F бағандарының деректерiн жүргiзу ретiнде айқындалады.
      110.26.006 жолға қосымша нысанның С бағанының жиынтық шамасы 110.26.006A жолына, E бағаны - 110.26.006B жолына, G бағаны 110.26.006C жолына көшiрiледi.

  29. Салық мiндеттемесiн есептеу - 110.27 нысанын жасау

      188. Осы нысан салық төлеушiнiң корпорациялық табыс салығын есептеуiне және төленген аванстық төлемдер мен жүргiзiлген есепке алулар, сондай-ақ есептi салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша басқа да есеп айырысуларды көрсетуге арналған.

      189. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      190. "Салық есептеу және жүргiзiлген төлем бойынша есеп" бөлiмiнде:
      1) 110.27.001 жолында 110.00.043 жолда айқындалған салық салынатын кiрiстiң сомасы көрсетiледi;
      2) 110.27.002 жолында  Салық кодексiнiң  135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығының есептелген сомасы көрсетiледi;
      3) 110.27.003 жолында 110.27.003A және 110.27.003B жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есептi салық кезеңi үшiн есепке жатқызу жүргiзiлген жалпы сома көрсетiледi;
      4) 110.27.003A жолында  Салық кодексiнiң  129-бабына сәйкес берiлген Декларацияда көрсетiлген кiрiстен ұсталған, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төленген және Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылуға қабылданған салық сомасы көрсетiледi. Осы жолға 110.26.007 жолында айқындалған сома көшiрiледi;
      5) 110.27.003B жолында Қазақстан Республикасында есептелген (төленген) ұтыс сомаларынан ұсталған салық сомасы көрсетiледi;
      6) 110.27.004 жолында есептi салық кезеңi үшiн есептелген корпорациялық табыс салығының жалпы сомасы көрсетiледi. 110.27.002 және 110.27.003 жолдары сомаларының айырмасы ретiнде айқындалады;
      7) 110.27.005 жолында 110.27.005A және 110.27.005B жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын төленген аванстық төлемдер көрсетiледi;
      8) 110.27.005A жолында есептi салық кезеңiнiң корпоративтiк табыс салығын төлеу кезiнде бұрынғы салық кезеңiнен және салықтың басқа түрлерiнен көшiрiлген артық төленген салық сомасы көрсетiледi;
      9) 110.27.005B жолында есептi салық кезеңi үшiн салық төлеушiмен жүргiзiлген аванстық төлемдердiң жиынтық шамасы көрсетiледi;
      10) 110.27.006 жолында төлеуге жататын корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. 110.27.004 жолында көрсетiлген есептелген корпорациялық табыс салығы сомасы мен 110.27.005 жолында көрсетiлген аванстық төлемдер жүргiзiлген сома арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      11) 110.27.007 жолында егер, 110.27.005 жолында көрсетiлген төленген аванстық төлемдер шамасы 110.27.004 жолында көрсетiлген корпорациялық табыс салығының шамасынан астам болған жағдайда айқындалатын артық төленген салық сомасы көрсетiледi. 110.27.005 және 110.27.004 жолдары сомасының айырмасы ретiнде айқындалады.

      191. 110.27.002 жолының шамасы 110.00.044 жолына көшiрiледi.
      110.27.003 жолының шамасы 110.00.045 жолына көшiрiледi.
      110.27.004 жолының шамасы 110.00.046 жолына көшiрiледi.
      110.27.005 жолының шамасы 110.00.047 жолына көшiрiледi.
      110.27.006 жолының шамасы 110.00.048 жолына көшiрiледi.
      110.27.007 жолының шамасы 110.00.049 жолына көшiрiледi.

  30. Бухгалтерлiк теңгерме - 110.28 нысанын жасау

      192. Осы нысан бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептi салық кезеңiне әзiрленген салық төлеушiнiң қаржылық есебi болып табылады.

  31. Қаржы-шаруашылық қызметiнiң қорытындылары туралы есеп - 110.29 нысанын жасау

      193. Осы нысан бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептi салық кезеңiне әзiрленген салық төлеушiнiң қаржылық есебi болып табылады.

  32. ҚЖ/РӨ кестесi - Резервтердегi (провизиялардағы) өзгерiстер кестесi - 110.30 нысанын жасау

      194. Осы нысан бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептi салық кезеңiне әзiрленген салық төлеушiнiң қаржылық есебi болып табылады.

  33. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларациямен қаржы-шаруашылық қорытындылары туралы есептi салыстыру - 110.31 нысанын жасау

      195. Осы нысан олардың арасындағы қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы есеп және салық салынатын кiрiс бойынша айқындалған және айырмашылықтарды айқындау жолымен Қорпорациялық табыс салығы бойынша декларация негiзiнде айқындалған таза кiрiстi салыстыруға арналған.
      Осы қосымшадағы айырмашылықты айқындау үшiн бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi заңнамасына, салық заңнамаларының ережелерi бойынша айқындалған кiрiс пен шегерiмдерге сәйкес есептi салық кезеңiне жасалған қаржы-шаруашылық қызметтiң қорытындылары туралы есепте салық төлеушi айқындаған кiрiстердi (залалдарды) салыстыру жүргiзiледi.

      196. I бағанын толтыру кезiнде декларацияда көрсетiлген деректер пайдаланылады.

      197. II бағанын толтыру кезiнде бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi жөнiндегi заңнамаға сәйкес алынған бухгәлтерлiк есеп деректерi пайдаланылады.

      198. III бағанында 110.31.001, 110.31.002, 110.31.003 жолдардан басқа, I және II бағандардың айырмасы көрсетiледi.

      199. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      200. "Көрсеткiштер" бөлiмiнде:
      1) 110.31.001 жолында қаржы есептемесi бойынша таза кiрiс (залал) көрсетiледi;
      2) 110.31.002 жолында Декларация бойынша корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. Осы жолға 110.00.044 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      3) 110.31.003 жолында 110.00.043 жолында көрсетiлген Декларация бойынша салық салынатын кiрiс көрсетiледi;
      4) 110.31.004 жолында:
      I бағанына 110.00.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен кiрiс көрсетiледi;
      5) 110.31.005 жолында:
      І бағанда 110.31.005A - 110.31.005E жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын активтердi сату кезiнде құнның өсуiнен түскен кiрiстiң (залалдың) жалпы сомасы көрсетiледi;
      II бағанда 110.31.005A - 110.31.005E жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша 110.31.004 жолда көрсетiлген тауарлардан (жұмыстардан, қызмет көрсетулерден) басқа, активтердi сатудан түскен кiрiстiң (залалдың) жалпы сомасы көрсетiледi;
      6) 110.31.005A жолда:
      I бағанға 110.02.001; 110.02.002 және 110.02.003 жолдарында көрсетілген сома көшiрiледi;
      II бағанда тұрғын-үйлер, ғимараттар, құрылыстардан түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      7) 110.31.005B:
      I бағанға 110.02.004 жолда көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда тұрғын-үйлер, ғимараттар, құрылыстардан басқа, негізгi құралдардан түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      8) 110.31.005C жолында:
      ІІ бағанда материалдық емес активтердi өткiзуден түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      9) 110.31.005D жолында:
      I бағанда 110.02.005 - 110.002.009 жолдардың сомасы ретiнде айқындалатын шама көрсетiледi;
      ІІ бағанда бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      10) 110.31.005E жолында:
      басқа да активтердi сатудан түскен кiрiс (залал) көрсетiледi;
      11) 110.31.006 жолында:
      I бағанға 110.00.003 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда есептен шығару мiндеттемесiнен түскен кiрiс көрсетiледi;
      12) 110.31.007 жолында:
      I бағанға 110.00.004 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      13) 110.31.008 жолында:
      I бағанға 110.00.005 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда мүлiктi жалға бергеннен түскен кiрiс көрсетiледi;
      14) 110.31.009 жолында:
      I бағанға 110.00.006 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда жасалған провизиялар мөлшерлерiнiң кемуiнен алынған сома көрсетiледi;
      15) 110.31.010 жолында:
      I бағанға 110.00.007 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда борыштың талаптан қайтудан түскен кiрiсi көрсетiледi;
      16) 110.31.011 жолында:
      I бағанға 110.00.008 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда кәсiпкерлiк қызметiн шектеу немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      17) 110.31.012 жолында:
      I бағанға 110.00.010 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда жалпы үлестiк меншiктен түскен кiрiстi бөлу кезiнде алынған кiрiс сомасы көрсетiледi;
      18) 110.31.013 жолында:
      I бағанға 110.00.011 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда айыппұлдар, өсiмақылар және басқа да санкция түрлерi бойынша кiрiс көрсетiледi;
      19) 110.31.014 жолында:
      I бағанға 110.00.012 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда бұрын жүргізiлген шығыс бойынша алынған өтемақылар көрсетiледi;
      20) 110.31.015 жолында:
      I бағанға 110.00.013 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер, соның iшiнде тауарлық-материалдық құндылықтардың артығынан тегiн алынған мүлiк, сондай-ақ оларды тарату кезiндегi негiзгі құралдардан бөлшектеу, талқылау кезiнде алынған тауарлық-материалдық қорлар түрiндегi кiрiс көрсетiледi;
      21) 110.31.016 жолында:
      I бағанға 110.00.014 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда дивиденд түрiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      22) 110.31.017 жолында:
      I бағанға 110.00.015 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда сыйақы түрiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      23) 110.31.018 жолында:
      I бағанға 110.00.016 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда он бағамдық айырмашылық сомасы көрсетiледi;
      24) 110.31.019 жолында:
      I бағанға 110.00.017 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда ұтыс түрiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      25) 110.31.020 жолында:
      I бағанға 110.00.018 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда роялти түрiндегi кiрiс сомасы көрсетiледi;
      26) 110.31.021 жолында:
      I бағанға 110.00.019 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда әлеуметтiк саладағы объектiлердi пайдалану кезiндегi шығыстардан кiрiстiң артығынан алынған кiрiс сомасы көрсетiледi;
      27) 110.31.022 жолында:
      I бағанға 110.00.009 және 100.00.020 жолдарының сомасы ретiнде айқындалған мөлшер көшiрiледi;
      II бағанда 110.31.004 - 110.31.021 жолдарында көрсетiлмеген бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша басқа да кiрiстер көрсетiледi;
      28) 110.31.023 жолында:
      I бағанда 110.00.022 жолдан көшiрiлетiн жылдық жиынтық кiрiстiң түзетiлген сомасы көрсетiледi;
      29) 110.31.024 жолында:
      I бағанда кiрiстiң жалпы сомасы (110.31.004-110.31.022 жолдардың сомасы алынған 110.31.023 жолы) көрсетiледi;
      II бағанда кiрiстiң жалпы сомасы (110.31.004-110.31.022 жолдардың сомасы) көрсетiледi;
      30) 110.31.025 жолында:
      І бағанға 110.00.024 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құны ретiнде айқындалған, кезеңнiң шығысы және басқа да жолдарда көрсетiлген шығыстарды есептемегенде, негiзгi емес қызмет бойынша шығыстар шамасы көрсетiледi;
      31) 110.31.025A жолында:
      I бағанға 110.00.005A жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда 110.12.005AI - 110.11.005AIV жолдарындағы сома ретiнде айқындалатын iссапар шығыстарының жалпы сомасы көрсетiледi;
      32) 110.31.025AІ жолында:
      I бағанға 110.11.005АІ жолынан сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда бронь үшiн шығысты төлеудi қоса алғанда, iссапар орны мен керi жолға жүргiзiлген шығыстардың нақты сомасы көрсетiледi;
      33) 110.31.025АII жолында:
      I бағанға 110.11.005АII жолынан сома көшiрiледi;
      II бағанда бронь үшiн шығысты төлеудi қоса алғанда, тұрғын үй жалдауға жүргiзiлген шығыстардың нақты сомасы көрсетiледi;
      34) 110.31.025АIII жолында:
      I бағанға 110.11.005АIII жолынан сома көшiрiледi;
      II бағанда Қазақстан Республикасы шегiндегi iссапар бойынша тәулiктiк мөлшерi көрсетiледi;
      35) 110.31.025AIV жолында:
      І бағанға 110.11.005AIV жолынан сома көшiрiледi;
      II бағанда Қазақстан Республикасы шегiндегi iссапар бойынша тәулiктiк мөлшерi көрсетiледi;
      36) 110.31.025В жолында:
      I бағанға 110.11.005B жолынан сома көшiрiледi;
      II бағанда өкiлеттiк шығыстар сомасы көрсетiледi;
      37) 110.31.026 жолында:
      I бағанға 110.00.025 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда сыйақы бойынша шығыстар сомасы көрсетiледi;
      38) 110.31.027 жолында:
      I бағанға 110.00.026 жолында көрсетілген сома көшiрiледi;
      39) 110.31.028 жолында:
      I бағанға 110.00.027 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда күмәндi борыш бойынша резерв көрсетiледi;
      40) 110.31.029 жолында:
      I бағанға 110.00.028 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда резервтiк қорлардағы аударымдар сомасы көрсетiледi;
      41) 110.31.030 жолында:
      I бағанға 110.00.029 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда ғылыми-зерттеуге, жобалық, iздестiрушi және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға кеткен шығыстар сомасы көрсетiледi;
      42) 110.31.031 жолында:
      I бағанға 110.00.030 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда сақтандыру сыйақылар бойынша шығыстар сомасы көрсетiледi;
      43) 110.31.032 жолында:
      І бағанға 110.00.031 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiру (сақтандыру) жөнiндегi жарналар бойынша шығыстардың сомасы көрсетiледi;
      44) 110.31.033 жолында:
      I бағанға 110.00.032 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда әлеуметтiк төлемдерге шығыстар сомасы көрсетiледi;
      45) 110.31.034 жолында:
      I бағанға 110.00.033 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда терiс бағамдық айырмашылықтар сомасы көрсетiледi;
      46) 110.31.035 жолында:
      I бағанға 110.00.034 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда өнiмдердi (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен кiрiстi айқындағанға дейiн пайдаланылған салықтардан басқа, салықтар және Қазақстан Республикасында төленген корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ басқа мемлекеттерде төленген табыс салығының сомасы көрсетiледi;
      47) 110.31.036 жолында:
      I бағанға 110.00.035 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда айыппұл, өсiмақы, тұрақсыздық айыбы деп көрсетiлген немесе танылған сома көрсетiледi;
      48) 110.31.037 жолында:
      I бағанға 110.00.036A жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      ІІ бағанда негiзгi құралдар бойынша амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      49) 110.31.038 жолында:
      I бағанға 110.00.036B жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар сомасы көрсетiледi;
      50) 110.31.039 жолында:
      I бағанға 110.00.036C жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      51) 110.31.040 жолында:
      I бағанға 110.00.036D жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      52) 110.31.041 жолында:
      I бағанға 110.00.036E жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      53) 110.31.042 жолында:
      I бағанға 110.00.036F жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      II бағанда жөндеуге кеткен шығыстар сомасы көрсетiледi;
      54) 110.31.043 жолында:
      II бағанда негiзгi құралдардың жойылуы және iстен шығуынан залалдар сомасы көрсетiледi;
      55) 110.31.044 жолында:
      II бағанда материалдық емес активтердiң жойылуы және iстен шығуынан залалдар сомасы көрсетiледi;
      56) 110.31.045 жолында:
      II бағанда тауарлық-материалдық құндылықтар нормативтен тыс ысырап, бүлiнген және жетпеген, сондай-ақ басқа да өндiрiстiк емес шығыстар және ысырап сомасы көрсетiледi;
      57) 110.31.046 жолында:
      II бағанда айыпкер белгiленбеген немесе егер айыпкер жақтың есебiнен қажеттi соманы өтеу мүмкiн болмаған жағдайда, талан-тараждан түскен залал көрсетiледi;
      58) 110.31.047 жолында:
      II бағанда бухгалтерлiк есеп деректерi бойнынша өндiрiстiк қуаттық пен консервацияда болып табылатын объектiлердi ұстап тұруға шығындар сомасы көрсетiледi;
      59) 110.31.048 жолында:
      II бағанда жұмысшылардың еңбек демалыстарын төлеуге резервтегi сома көрсетiледi;
      60) 110.31.049 жолында:
      ІІ бағанда негiзгi құралдарды жөндеуге алда тұрған шығыстарға резервтегi сома көрсетiледi;
      61) 110.31.050 жолында:
      II бағанда 110.31.025-110.31.049 жолдарында көрсетiлмеген басқа да шығыстар сомасы көрсетiледi;
      62) 110.31.051 жолында:
      I бағанда 110.00.041 жолдан көшiрiлетiн салық салынатын кiрiстiң түзету сомасы көрсетiледi;
      63) 110.31.052 жолында:
      I бағанда 110.31.025-110.31.051 жолдарын қосумен айқындалатын сома көрсетiледi;
      II бағанда 110.31.025-110.31.050 жолдарының қосумен айқындалатын сома көрсетiледi;
      64) 110.31.053 жолында:
      III бағанда III бағанның 110.31.024 және 110.31.052 жолдарының туындысы ретiнде айқындалатын кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма көрсетiледi;
      65) 100.31.054 жолында:
      III бағанда 110.31.053 жолдың сомасына түзетiлген 110.31.001 және 110.31.002 жолдарының сомасы ретiнде айқындалған салық салынатын кiрiс көшiрiледi. Осы сома 110.00.043 жолда көрсетiлген салық салынатын сомаға сәйкес келуi қажет.

  34. Ақша қозғалысы туралы есеп беру - 110.32 және
110.33 нысандарын жасау

      201. Осы нысандар бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептi салық кезеңiне әзiрленген салық төлеушiнiң қаржылық есебi болып табылады.

35. Кiрiстер түрлерi және елдер коды

      202. Декларацияны толтыру кезiнде кiрiстер түрлерiне келесi кодтау қолданылсын:
      1) Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер:
      1010 - Қазақстан Республикасындағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыстар;
      1020 - Қазақстан Республикасындағы аумағында орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1021 - резидент шығарған бағалы қағаздарды сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1022 - заңды тұлға - резиденттiң қатысу үлесiн немесе Қазақстан Республикасындағы аумағында орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      1030 - резиденттерге борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      1031 - Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыруына байланысты резидент еместерге борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      1040 - резидент еместердiң мiндеттемелердi, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттарды орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар);
      1041 - резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша мiндеттемелерiн резидент еместердiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      1050 - заңды тұлға - резиденттен дивидендтер нысанында түсетiн табыстар;
      1060 - резиденттерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1061 - егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1070 - резидент - эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1071 - резидент - эмитенттерден, егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент емес эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      1080 - резиденттерден алынған роялти нысанындағы табыстар;
      1081 - тұрақты мекемесi арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты резидент еместерден алынатын роялти нысанындағы табыстар;
      1090 - Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
      1100 - Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
      1110 - Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтандыру сыйақылары түрiндегi табыстар;
      1111 - Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
      1120 - тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
      1130 - Қазақстан Республикасында жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша қызметтен түскен табыстар;
      1131 - Қазақстан Республикасында өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтен түскен табыстар;
      1140 - басшылардың қаламақылары және (немесе) осындай тұлғаларға жүктелген басқару мiндеттерiн нақты орындау орнына қарамастан резидент заңды тұлғаның жоғары басқару органының (директорлар кеңесiнiң, басқарманың немесе өзге де сол сияқты органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;
      1150 - Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
      1160 - материалдық, әлеуметтiк игiлiктер үшiн жұмыс берушi немесе жалдаушы шеккен шығыстардың өтем нысанындағы табыстары немесе Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн резидент емес жеке тұлғалардың өзге де материалдық пайдалары, оның iшiнде тамақтандыруға, тұруға, оқу мекемелерiнде балалар оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа байланысты шығыстар;
      1170 - резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
      1180 - кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне, театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетiн табыстар;
      1190 - резиденттер төлейтiн ұтыстар;
      1200 - Қазақстан Республикасында жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      1210 - Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн табыстар;
      1220 - нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан резиденттерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, маркетингтiк, заңдық (адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда), агенттiк, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
      1221 - нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, маркетингтiк, заңдық (адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда), агенттiк, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
      1230 - мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар;
      1240 - күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар;
      1250 - Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етiлген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар;
      1260 - кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған табыстар;
      1270 - шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар;
      1280 - кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;
      1290 - ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;
      1300 - бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар;
      1310 - бағамдық оң айырма;
      1320 - әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артуы;
      1330 - степендиялар;
      1340 - жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша алған табыстары;
      1350 - Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған табыстар резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстар.
      2) Қазақстан Республикасы шегiнен тыс көздерден табыстар:
      2010 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан табыстар;
      2020 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2021 - резидент шығарған бағалы қағаздарды сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2022 - заңды тұлға - резиденттiң қатысу үлесiн немесе Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi сатудағы баға өсiмiнен табыстар;
      2030 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      2040 - резидент еместердiң мiндеттемелердi, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттарды орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      2050 - заңды тұлға - резиденттен дивидендтер нысанында түсетiн табыстар;
      2060 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      2070 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынатын борыштық бағалы қағаздар сыйақылар нысанындағы табыстар;
      2080 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде алынған роялти нысанындағы табыстар;
      2090 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
      2100 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
      2111 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
      2120 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
      2130 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша қызметтен түскен табыстар;
      2131 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтен түскен табыстар;
      2140 - басшылардың қаламақылары және (немесе) осындай тұлғаларға жүктелген басқару мiндеттерiн нақты орындау орнына қарамастан резидент емес заңды тұлғаның жоғары басқару органының (директорлар кеңесiнiң, басқарманың немесе өзге де сол сияқты органның) мүшелерi апатын өзге де төлемдер;
      2150 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
      2160 - материалдық, әлеуметтiк игілiктер немесе өзге де материалдық пайда нысанындағы табыстар;
      2170 - резидент емес-жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
      2180 - кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне, театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасы шегiнен тыс қызметтен төленетiн табыстар;
      2190 - резидент еместер төлейтiн ұтыстар;
      2200 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      2210 - Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде орналасқан мүлiктi тегiн aлу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн (алынған) табыстар;
      2220 - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алынатын өзге де табыстар.

      203. Резидент емес - салық төлеушiнiң резиденттiк елiнiң кодын толтыру кезiнде Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң 26.09.1995 жылғы 127-II бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1997 жылғы 21 сәуiрде N 291 тiркелген "Әлем елдерiнiң жiктемесi" Жүк кеден декларациясын толтыру тәртiбi туралы  Нұсқаулықтың  3-қосымшасына сәйкес елдердiң сандық кодталуын пайдалану қажет.
_______________________________________________
       РҚАО-ның ескертуі: 110.00, 110.01, 110.02, 110.03, 110.04, 110.05, 110.06, 110.07, 110.08, 110.09, 110.10, 110.11, 110.12, 110.13, 110.14, 110.15, 110.16, 110.17, 110.18, 110.19, 110.20, 110.21, 110.22, 110.23, 110.24, 110.25, 110.26, 110.27, 110.28, 110.29, 110.30, 110.31, 110.32, 110.33 графикалық нысандары Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оларды РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрiнiң      
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен      
бекiтiлген         

  Корпорациялық табыс салығы бойынша
декларация жасау ережелері
(120.00-нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстердi, сондай-ақ сақтандыру сыйақыларын орналастырудан кiрiстердi мәлiмдеуiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының корпорациялық табыс салығын есептеуiне арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрi - Декларация) жасау тәртiбiн айқындайды.

      2. Декларация Декларацияның өзiнен (120.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектiлер және салық салу объектiлерi туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (120.01 - 120.07 нысандары) тұрады.

      3. Декларацияны жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта - нысандар  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      4. Нысандарды толтыру кезiнде түзетулерге, тазартуларға және былғауға жол берiлмейдi.

      5. Көрсеткiштер жоқ болған кезде нысандардың тиiстi торкөздерi толтырылмайды.

      6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берiлмейдi.

      7. Тиiстi қосымша нысанның көрсеткiштерiн ашуды талап ететiн жолдарды толтыру кезiнде аталған косымша нысандар мiндеттi тәртiпте толтыруға жатады.

      8. Қосымша нысандардардың "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде тиiстi қосымшаның "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде көрсетiлген тиiстi көрсеткiштер көрсетiледi.

      9. Соманың терiс мәнi тиiстi жолдың (бағанның) бiрiншi сол торкөзiнде "-" белгiсiмен белгiленедi.

      10. Декларацияны беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiмен екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық төлеушiге қайтарылады;
      2) хабарлама мен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеушi почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3) Салық кодексiнiң 69-бабындағы 8-баптың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртiбiмен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеушi Декларацияны қабылдау (жеткiзу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

      11. Декларацияға 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. Декларация жасау (120.00-нысан)

      12. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) ЭҚЖЖ коды. Экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуiшi бойынша қызметтiң негiзгi түрiнiң коды (алғашқы бес белгi) және оның үлес салмағы (100%) көрсетiледi;
      5) Декларацияның түрi. Осы торкөздер  Салық кодексiнiң  69 және  71-баптарына  сәйкес белгiленедi. Декларацияның түрiне байланысты тиiстi торкөз белгiленедi.
      "Бастапқы" торкөзi егер салық төлеушi ретiнде тiркелгеннен кейiн алғаш рет Декларация берiлгенде белгiленедi.
      Одан кейiнгi декларацияларды беру кезiнде, "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Бұрын берiлген декларацияларға өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кезiнде, "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" торкөзi, егер салық төлеушiмен  Салық кодексiнiң  31-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында қарастырылған хабарлама алынса, соның негiзiнде бұрын көрсетiлген Декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қажет ететiн жағдайда белгiленедi. Бұл жағдайда салық төлеушiмен "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" тор көздерi бiр уақытта белгiленедi.
      Тарату (қайта құру) жағдайында "Тарату" торкөзi белгiленедi. Егер салық төлеушi Декларацияны  Салық кодексiнiң  136-бабының 4-тармағына сәйкес берсе, "Бастапқы" және "Тарату" торкөздерi белгiленедi.
      6) валюта коды;
      7) берiлген қосымшалар. Берiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi.
      8) Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi (107.07-Нысан) бойынша салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер және корпоративтiк табыс салығы сомалары Есебiн беру кезiнде, "101.07-нысан бойынша Есеп" торкөзi белгiленедi;

      13. "Сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiс" бөлiмiнде:
      1) 120.00.001 жолында 120.01.009 жолында айқындалған жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде сақтандырушылардан және қайта сақтандырушылардан алынуы тиiс (алынған) сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      2) 120.00.002 жолында 120.01.010 жолында айқындалған жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде сақтандырушылардан және қайта сақтандырушылардан алынуы тиiс (алынған) сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      3) 120.00.003 жолында 120.01.003A және 120.00.003B жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстер бойынша есептелген корпорациялық табыс салығының жалпы сомасы көрсетiледi;
      4) 120.00.003A жолында  Салық кодексiнiң  117-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алынуы тиiс (алынған) сомадан 4% ставка бойынша есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. 120.00.001 жолы сомасы және 4% ставка туындысы ретiнде айқындалады;
      5) 120.00.003B жолында Салық кодексiнiң 117-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алынуы тиiс (алынған) сомадан 2% ставка бойынша есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. 120.00.002 жолы сомасы және 2% ставка туындысы ретiнде айқындалады;
      6) 120.00.004 жолында есептi салық кезеңi үшiн салықты төлеу есебiне салық төлеушi енгiзген корпорациялық табыс салығының жалпы сомасы көрсетiледi. 120.01.004A және 120.00.004B жолдарының жиынтығы ретiнде айқындалады;
      7) 120.00.004A жолында есептi салық кезеңi үшiн салықты төлеу есебiне бұрынғы салық кезеңiнен және басқада салық түрлерiнен көшiрiлген артық төленген салық сомасы көрсетiледi;
      8) 120.00.004B жолында есептi салық кезеңi үшiн енгiзiлген сомалардың жиынтық шамасы көрсетiледi.

      14. "Басқа да кiрiстер бойынша есеп" бөлiмiнде:
      1) 120.00.005 жолында 120.02.010 жолында айқындалған салық салынатын кiрiстiң (залалдың) қорытынды сомасы көрсетiледi;
      2) 120.00.006 жолында  Салық кодексiнiң  123-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған және  Салық кодексiнiң  124-бабына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерiнен көшiрiлген өзге де iс-әрекеттерден алынған залалдың сомасы көрсетiледi;
      3) 120.00.007 жолында 120.00.005 және 120.00.006 жолдарының айырмасы ретiнде айқындалатын алынған залалдарды есепке ала салық салынатын кiрiс сомасы көрсетiледi;
      4) 120.00.008 жолында  Салық кодексiнiң  135-бабының 1-тармағына сәйкес салық салынатын кiрiстен басқада кiрiстер бойынша 30% ставка бойынша есептелген корпоративтiк табыс салығы сомасы көрсетiледi. 120.00.007 жолының сомасы және 30% ставка туындысы ретiнде айқындалады
      5) 120.00.009 жолында 120.00.009A және 120.00.009B жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын төленген аванстық төлемдер көрсетiледi;
      6) 120.00.009A жолында есептi салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығын төлеу кезiнде бұрынғы салық кезеңiнен және басқада салық түрлерiнен көшiрiлген артық төленген салық сомасы көрсетiледi;
      7) 120.00.009B жолында есептi салық кезеңi үшiн салық төлеушiмен жүргiзiлген аванстық төлемдердiң жиынтық шамасы көрсетiледi.

      15. "Салық мiндеттемесi есебi" бөлiмiнде:
      1) 120.00.010 жолында 120.00.003 + 120.00.008 жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есептi салық кезеңi үшiн есептелген салықтың жалпы сомасы көрсетiледi;
      2) 120.00.011 жолында 120.00.004 + 120.00.009 жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есептi салық кезеңi үшiн төленген аванстық төлемдер және корпоративтiк табыс салығының жалпы сомасы көрсетiледi;
      3) 120.00.012 жолында төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы сомасы көрсетiледi. 120.00.010 жолында көрсетiлген есептелген корпоративтiк табыс салығы сомасы мен 120.00.011 жолында көрсетiлген аванстық төлемдер жүргiзiлген және төленген салық сомалары арасында айырма ретiнде айқындалады;
      4) 120.00.013 жолында егер 120.00.011 жолында көрсетiлген аванстық төлемдер жүргiзiлген және төленген салық сомалары шамасы 120.00.010 жолында көрсетiлген есептелген корпоративтiк табыс салығы сомасы шамасынан жоғары болған жағдайда айқындалатын артық төленген салық сомасы көрсетiледi;
      120.00.011 жолын толтыру кезiнде сома салық органымен және салық төлеушiмен куәландырылған, салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы салық төлеушiнiң дербес шотынан көшiрме негiзiнде көрсетiледi.

  3. Сақтандыру қызметiнен кiрiстер - 120.01 нысанын жасау

      16. Осы нысан  Салық кодексiнiң  115-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушiмен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде сақтандырушылардан және қайта сақтандырушылардан алынуға жататын (алынған), сондай-ақ салық салынуға жатпайтын кiрiстер, сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстердiң сомасын айқындауға арналған.

      17. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      18. "Сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстер бойынша есеп" бөлiмiнде:
      1) 120.01.001 жолында 120.00.002 жолындағы көрсетiлгендердi қоспағанда, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  (бұдан әрi - Заң) 6-бабындағы 3-тармақта және Заңның 6-бабындағы 2-тармақта көрсетiлген класстар бойынша жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      2) 120.01.002 жолында Заңның 6-бабындағы 2-тармақта көрсетiлген класстар бойынша жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      3) 120.01.003 жолында 120.01.004 жолында көрсетiлгендердi қоспағанда, Заңның 6-бабының 3-тармағында және Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы емес қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      4) 120.01.004 жолында Заңның 6-бабындағы 2-тармаққа сәйкес көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      5) 120.01.005 жолында 120.01.006 жолында көрсетiлгендердi қоспағанда, Заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы емес қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде қайта сактандырғыш-резидентпен төленген сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      6) 120.01.006 жолында Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы кайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде қайта сақтандырғыш-резидентпен төленген сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      7) 120.01.007 жолында 120.01.008 жолында көрсетiлгендердi қоспағанда, Заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген класстар бойынша жинақтаушы емес қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде қайта сақтандырғыш-резидентпен теленген сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      8) 120.01.008 жолында Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде қайта сақтандырғыш-резидентпен төленген сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi, және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады;
      9) 120.01.009 жолында 120.01.010 жолында көрсетiлгендердi қоспағанда, Заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы емес қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасы көрсетiледi. 120.01.001, 120.01.003 және 120.01.005, 120.01.007 ((120.01.001 + 120.01.003) - (120.01.005+ 120.01.007)) жолдары сомаларының айырмасы ретiнде айқындалады;
      10) 120.01.010 жолында Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасы көрсетiледi. 120.01.002, 120.01.004 және 120.01.006, 120.01.008 ((120.01.002 + 120.01.004) - (120.01.006 + 120.01.008)) жолдары сомаларының айырмасы ретiнде айқындалады;
      11) 120.01.011 жолдарында  Салық кодексiнiң  89-бабының 2-тармағына сәйкес әрекетiнiң бiтуi бойынша немесе жинақтаушы емес сақтандыру шартының мерзiмінен бұрын бiтуi кезiнде сақтандыру ұйымымен сақтандырғышқа қайтарылуға жататын (қайтарылған) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi.

      19. "Салық салынуға жатпайтын кiрiстер бойынша есеп" бөлiмiнде:
      1) 120.01.012 жолында  Салық кодексiнiң  115-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сақтандыру шарты бойынша қабылданған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бiр жағы болып табылатын және сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға бергенде қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушылардан алынуға жататын (алынған) кiрiстердiң комиссиялық түрдегi сыйақылар сомасы көрсетiледi.
      2) 120.01.013 жолында Салық кодексiнiң 115-бабы, 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн депозитке, бағалы қағаздарға және басқа қаржылық құралдарға орналастырудан алынуға жататын (алынған) инвестициялық кiрiстер (дивидендтер, сыйақылар түрiндегi кiрiстер), сондай-ақ он бағамдық айырма түрiндегі кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      3) 120.01.014 жолында Салық кодексiнiң 115-бабы, 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарымен байланысты дебиторлық және кредиторлық қарыздар бойынша пайда болатын оң бағамдық айырма түрiндегi кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      4) 120.01.015 жолында Салық кодексiнiң 115-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу бойынша сақтандыру төлемдерiнде және шығыстарында қайта сақтандырушы үлесi түрiндегi кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      5) 120.01.016 жолында Салық кодексiнiң 115-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшiншi жақтардан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң  289  және  840 -баптарына орай суброгация (керi талап) ретiнде талаптар бойынша алынған кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      6) 120.01.017 жолында Салық кодексiнiң 115-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының 1-қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдылығына орай шегерiмге жатқызылған сақтандыру резервтерiне аударым сомаларын қоспағандағы есептi салық кезеңi iшiнде сақтандыру резервтерi мөлшерiнiң азаю сомасы көрсетiледi;
      7) 120.01.018 жолында Салық кодексiнiң 115-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес сақтандыру жинақтау шарттары бойынша сақтандырушымен берiлген займдар бойынша Заңның 12-бабының 1-тармағына орай алынуға жататын (алынған) кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      8) 120.01.019 жолында Салық кодексiнiң 115-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының 1-қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдылығына орай олар бойынша шығыстар шегерiмге жатқызылған күмәндi мiндеттемелердi қоспағандағы сақтандыру қызметiнiң күмәндi мiндеттемелерi бойынша кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      9) 120.01.020 жолында 120.01.012-120.01.019 жолдарының жиынтығы ретiнде айқындалатын Салық кодексiнiң 115-бабының екiншi бөлiмiнiң 1-тармағына сәйкес салық салынуға жатпайтын кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi.

      20. "Басқа ақпарат" бөлiмiнде:
      120.01.013 жолында салық төлеушi жұмыс iстейтiн және уәкiлеттi органның лицензиясы бар сақтандыру саласы көрсетiледi.

      21. 120.01.009 жолының шамасы 120.00.001 жолына көшiрiледi.
      120.01.010 жолының шамасы 120.00.002 жолына көшiрiледi.

      22. 120.01.001, 120.01.002, 120.01.003, 120.01.004, 120.01.005, 120.01.006, 120.01.007, 120.01.008, 120.01.009, 120.01.010, 120.01.011 жолдарына қосымша нысандар:
      1) А бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сақтандырушы (қайта сақтандырушы) заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң атауы көрсетiледi. Жеке кәсiпкер болып табылмайтын жеке тұлғаларды сақтандыру шарттары бойынша бұл кезде В бағанында "Жеке тұлғалар", С бағанында - олардың саны көрсетiледi, D бағаны толтырылмайды, ал E бағаны бiрiңғай сомамен көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген тиiстi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi/осы Ережелердiң 35-бабына сәйкес резиденттiк елi коды;
      4) D бағанында сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының нөмiрi және жасалған күнi көрсетiледі;
      5) E бағанында сақтандыру сыйақысының сомасы көрсетiледi.
      120.01.001 жолына қосымша нысанның E бағанының қорытынды шамасы 120.02.001 жолына көшiрiледi, 120.01.002 жолына қосымша нысанның E бағаны 120.02.002 жолына көшiрiледi, 120.01.003 жолына қосымша нысанның E бағаны 120.02.003 жолына көшiрiледi, 120.01.004 жолына қосымша нысанның E бағаны 120.02.004 жолына көшiрiледi, 120.01.005 жолына қосымша нысанның E бағаны 120.02.005 жолына көшiрiледi, 120.01.006 жолына қосымша нысанның Е бағаны 120.02.006 жолына көшiрiледi, 120.01.007 жолына қосымша нысанның E бағаны 120.02.007 жолына көшiрiледi, 120.01.008 жолына қосымша нысанның E бағаны 120.02.008 жолына көшiрiледi, 120.01.011 жолына қосымша нысанның E бағаны 120.02.011 жолына көшiрiледi.

  4. Өзге де қызметтерден кiрiстер - 120.02 нысанын жасау

      23. Осы нысан  Салық кодексiнiң  115-бабының 2-тармағына сәйкес Заңның 11-бабының 2-тармағына орай түрлерi айқындалған салық кезеңi iшiнде алынуға жататын (алынған), және салық салынатын кiрiстi (залалды), өзге де қызметтен кiрiстердi салық төлеушiмен айқындауға арналған.

      24. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      25. "Өзге де кiрiстер бойынша есеп" бөлiмiнде:
      1) 120.02.001 жолында  Салық кодексiнiң  81-бабына сәйкес айқындалатын Заңның 11-бабының 2-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетiлген негiзгi емес қызмет түрлерi бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан салық төлеушiмен алынуға жататын (алынған) кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      2) 120.02.002 жолында  Салық кодексiнiң  82-бабына сәйкес айқындалатын Заңның 11-бабының 2-тармағының 1, 3)-5) тармақшаларында көрсетiлген негiзгi емес қызмет түрлерi бойынша негiзгi құралдарды, материалдық емес активтердi және бағалы қағаздарды сату кезiндегi құнның өсуiнен, сондай-ақ қаржылық құралдарды сату кезiндегi жалпы кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      3) 120.02.003 жолында  Салық кодексiнiң  80-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес айқындалатын Заңның 11-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген негiзгi емес кызмет түрлерi бойынша Қазақстан Республикасында сонымен бiрге оның аумағынан тыс жерлерде мүлiктi жалға беруден түскен кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      4) 120.02.004 жолында Салық кодексiнiң 80-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес айқындалатын Заңның 11-бабының 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген негiзгi емес қызмет түрлерi бойынша жалпы үлестiк меншiктен түскен кiрiстердi бөлiстiру кезiнде алынатын кiрiстер сомасы көрсетiледi;
      5) 120.02.005 жолында Салық кодексiнiң 80-бабына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн, бiрақ 120.00.001-120.00.004 жолдарында көрсетiлмеген салық төлеушiнiң кiрiстерi көрсетiледi;
      6) 120.02.006 жолында 120.00.001-120.00.005 жолдарының сомаларын қосумен айқындалатын басқа да кiрiстердiң (жылдық жиынтық табыстың) жалпы сомасы көрсетiледi;
      7) 120.02.007 жолында бухгалтерлiк есептiлiк деректерiне сәйкес есептi салық кезеңi үшiн нақты шегерiлген шығыстардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      8) 120.02.008 жолында 120.02.006 жолының сомасы және 120.02.009, 120.02.010, 120.02.020, 120.02.006 жолдарының сомасы қатынасы ретiнде айқындалатын жалпы кiрiстер сомасындағы өзге де қызметтен кiрiстер сомасының үлес салмағы көрсетiледi;
      9) 120.02.009 жолында 120.02.007 және 120.02.008 жолдарының туындысы ретiнде айқындалатын Салық кодексiнiң 115-бабының 2-тармағының екiншi бөлiмiне сәйкес шегерiмге жатқызуға жататын шығыстар сомасы көрсетiледi;
      10) 120.02.010 жолында 120.02.006 және 120.02.009 жолдарының айырмасы ретiнде айқындалатын өзге де қызметтен алынған салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетiледi.

      26. 120.02.010 жолының шамасы 120.00.005 жолына көшiрiледi.

  5. Залалдарды көшiру - 120.03 нысанын жасау

      27. Осы нысан Салық кодексiнiң 124-бабына сәйкес өзге де қызметтен көшiрiлген залалдар сомасының есебiне арналған.

      28. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      29. "Залалдар" бөлiмiнде:
      120.03.001 жолы келесi салық кезеңдерiнен көшiрiлетiн залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған және косымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      30. 120.03.001 жолының шамасы 120.00.006 жолға көшiрiледi.

      31. 120.03.001 жолына қосымша нысан:
      1) A бағанында жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында залал пайда болған және осы жол толтырылатын өткен салық кезеңдерiнен көшiрiлген залалдың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;
      3) С бағанында өткен салық кезеңдерiнен көшiрiлген залалдар сомасы көрсетiледi;
      4) D бағанында 120.00.005 жолында көрсетiлген есептi салық кезеңiнде алынған кiрiс (көшiрiлуге тиiстi залал) көрсетiледi;
      5) E бағанында келесi салық кезеңдерiне көшiрiлетiн залал көрсетiледi. D және С бағандарының сомасы ретiнде айқындалады. Осы сома  Салық кодексiнiң  124-бабының 1-тармағында белгiленген залалдарды көшiруге арналған мерзiм өтiп кеткенге дейiн келесi салық кезеңнiң қосымша нысанының С бағанына көшiрiледi;
      6) F бағанында Салық кодексiнiң 124-бабының 1-тармағында белгiленген залалдарды көшiруге арналған мерзiмiнiң өтіп кетуiне байланысты келесi салық кезеңiне көшiруге жатпайтын залал көрсетiледi.
      120.03.001 жолына қосымша нысанның тиiстi салық кезеңi үшiн С бағанының шамасы 120.03.001 жолына көшiрiледi.

  6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлiк теңгермесi - 120.04 нысанын жасау

      32. 120.04 нысаны бухгалтерлiк есеп және қаржы есеп беруi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған салық төлеушiнiң қаржы есеп беруi болып табылады.

  7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп беру -
120.05 нысанын жасау

      33. 120.05 нысаны бухгалтерлiк есеп және қаржы есеп беруi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептi салық кезеңi үшiн дайындалған салық төлеушiнiң қаржы есеп беруi болып табылады.

  8. Ақша қозғалысы туралы есеп беру - 120.06 және 120.06 нысандарын жасау

      34. Осы нысандар бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептi салық кезеңiне әзiрленген салық төлеушiнiң қаржылық есебi болып табылады.

  9. Елдер коды

      35. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 127-П бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасынын Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 22 сәуiрде N 291 тiркелген кедендiк жүк Декларациясын толтыру  тәртiбi  туралы нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушi-резидент емес елдiң кодын толтыру кезiнде елдердiң сандық кодын қолдану қажет.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 120.00, 120.01, 120.02, 120.03, 120.04, 120.05, 120.06, 120.07 графикалық нысандары Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оларды РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрiнiң      
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен      
бекiтiлген         

  Корпорациялык табыс салығы
бойынша есеп жасау ережелерi
(121.00-нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстердi, сондай-ақ сақтандыру сыйақыларын орналастырудан кiрiстердi мәлiмдеуiне және ай қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының корпорациялық табыс салығын есептеуiне арналған корпорациялық табыс салығы бойынша есептi (бұдан әрi - Есеп) жасау тәртiбiн айқындайды.

      2. Есептi жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әрiптерiмен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта - нысандар  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      3. Есептi толтыру кезiнде түзетулерге, тазартуларға, және өшiруге жол берiлмейдi.

      4. Көрсеткiштер жоқ болған кезде нысандардың тиiстi торкөздерi толтырылмайды.

      5. Соманың терiс мәнi тиiстi жолдың (бағанның) бiрiншi сол торкөзiнде "-" белгiсiмен белгiленедi.

      6. Есептi беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiмен екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық төлеушiге кайтарылады;
      2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеушi почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3) Салық кодексiнiн 69-бабы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртiбiмен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеушi Есептi қабылдау (жеткiзу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

      7. Есепке Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

      8. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн есептi ай;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) Есеп түрi. Осы торкөздер  Салық кодексiнiң  69 және  71-баптарына  сәйкес белгiленедi. Есептiң түрiне байланысты тиiстi торкөз белгiленедi.
      "Бастапқы" торкөзi егер салық төлеушi ретiнде тiркелгеннен кейiн алғаш рет Есеп берiлгенде белгiленедi.
      Одан кейiнгi Есептер беру кезiнде, "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Бұрын берiлген Есептерге өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кезiнде, "Қосымша" тор көзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" тор көзi, егер салық төлеушiмен  Салық кодексiнiң  31-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында қарастырылған хабарлама алынса, соның негiзiнде бұрын көрсетiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қажет ететiн жағдайда белгiленедi. Бұл жағдайда салық төлеушiмен "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" тор көздерi бiр уақытта белгiленедi.
      Тарату (қайта құру) жағдайында "Тарату" торкөзi белгiленедi.
      5) валюта коды.

      9. "Сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстер бойынша есеп" бөлiмiнде:
      1) 121.00.001 жолында 121.00.002 жолындағы көрсетiлгендердi қоспағанда, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  (бұдан әрi - Заң) 6-бабындағы 2-тармақта және Заңның 6-бабындағы 3-тармақта көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      2) 121.00.002 жолында Заңның 6-бабындағы 2-тармақта көрсетiлген топтар бойынша жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      3) 121.00.003 жолында121.00.004 жолында көрсетiлгендердi қоспағанда, Заңның 6-бабының 3-тармағында және Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген топтар бойынша жинақтаушы емес қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйакыларынын сомасы көрсетiледi;
      4) 120.00.004 жолында Заңның 6-бабындағы 2-тармаққа сәйкес көрсетiлген топтар бойынша жинақтаушы қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      5) 121.00.005 жолында 121.00.006 жолында көрсетiлгендердi қоспағанда, Заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген топтар бойынша жинақтаушы емес қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде қайта сақтандырушы-резидентпен төленген сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      6) 121.00.006 жолында Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде қайта сақтандырғыш-резидентпен төленген сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      7) 121.00.007 жолында 121.00.008 жолында көрсетiлгендердi қоспағанда, Заңның 6-бабының 2 және 3 тармақтарында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы емес қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде қайта сақтандырушы-резидентпен төленген сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      8) 121.00.008 жолында Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде қайта сақтандырушы-резидентпен төленген сақтандыру сыйақыларының сомасы көрсетiледi;
      9) 121.00.009 жолында 121.00.010 жолында көрсетiлгендердi қоспағанда, Заңның 6-бабының 2 және 3 тармақтарында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы емес қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасы көрсетiледi. 121.00.001, 121.00.003 және 121.00.005, 121.00.007 ((121.00.001 + 121.00.003) - (121.00.005 + 121.00.007)) жолдары сомаларының айырмасы ретiнде айқындалады;
      10) 121.00.010 жолында Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген кластар бойынша жинақтаушы қайта сақтандыру шарттары бойынша салық кезеңiнiң iшiнде алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасы көрсетiледi. 121.00.002, 121.00.004 және 121.00.006, 121.00.008 ((121.00.002 + 121.00.004) - (121.00.006 + 121.00.008)) жолдары сомаларының айырмасы ретiнде айқындалады;
      11) 121.00.011 жолында 12100.011A және 121.00.011B жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын сақтандыру сыйақылары түрiндегi кiрiстер бойынша есептелген корпорациялық табыс салығының жалпы сомасы көрсетiледi;
      12) 121.00.011A жолында  Салық кодексiнiң  117-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алынуы тиiс (алынған) сомадан 4% ставка бойынша есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. 121.00.009 жолы сомасы және 4% ставка туындысы ретiнде айқындалады;
      13) 121.00.011B жолында Салық кодексiнiң 117-бабының тармағының 2) тармақшасына сәйкес жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алынуы тиiс (алынған) сомадан 2% ставка бойынша есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы көрсетiледi. 121.00.010 жолы сомасы және 2% ставка туындысы ретiнде айқындалады;
      14) 121.00.012 жолында есептi кезең үшiн салықты төлеу есебiне салық төлеушi енгiзген корпорациялық табыс салығының жалпы сомасы көрсетiледi;
      15) 121.00.013 жолында төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы сомасы көрсетiледi. 121.00.011 жолында көрсетiлген есептелген корпоративтiк табыс салығы сомасы мен 121.00.012 жолында көрсетiлген төленген салық сомасы сомалары арасында айырма ретiнде айқындалады;
      16) 121.00.014 жолында егер 121.00.012 жолында көрсетiлген төленген салық сомалары шамасы 121.00.011 жолында көрсетiлген есептелген корпоративтiк табыс салығы сомасы шамасынан жоғары болған жағдайда айқындалатын артық төленген салық сомасы көрсетiледi. 121.00.012 және 121.00.011 жолдарының айырмасы ретiнде айқындалады.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 121.00 графикалық нысаны Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оны РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрiнiң      
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен     
бекiтiлген       

  Корпорациялық табыс салығы бойынша
декларация жасау ережелерi
(130.00-нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және қоғамдық мүддеде қызметiн жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сәйкес келетiн акционерлiк қоғамдар, мекемелер мен тұтынушы кооперативтерiнен басқа сыйақылар, грант, кiру және мүшелiк жарналары, қайырымдылық көмегi, өтеусiз берiлген мүлiк, коммерциялық емес ұйымдарға өтеусiз негізде аударымдар мен қайырмалдықтар түрiндегi кiрiстердi мәлiмдеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрi - Декларация) жасау тәртiбiн айқындайды:
      1) осындай ретiнде кiрiстi алу мақсаты жоқ;
      2) қатысушылар арасында алынған таза кiрiстi немес мүлiктi бөлмейдi.

      2. Декларация Декларацияның өзiнен (130.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектiлер және салық салу объектiлерi туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (130.01 - 130.07 нысандары) тұрады.

      3. Декларацияны жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әрiптерiмен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта -  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      4. Нысандарды толтыру кезiнде түзетулерге, тазартуларға және өшiруге жол берiлмейдi.

      5. Көрсеткiштер жоқ болған кезде нысандардың тиiстi торкөздерi толтырылмайды.

      6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берiлмейдi.

      7. Тиiстi қосымша нысанның көрсеткiштерiн ашуды талап ететiн жолдарды толтыру кезiнде аталған қосымша нысандар мiндеттi тәртiпте толтыруға жатады.
      8. Қосымша нысандардардын "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде тиiстi қосымшаның "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде көрсетiлген тиiстi көрсеткiштер көрсетiледi.

      9. Соманың терiс мәнi тиiстi жолдың (бағанның) бiрiншi сол торкөзiнде "-" белгiсiмен белгiленедi.

      10. Декларацияны беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiмен екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық төлеушiге қайтарылады;
      2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеушi почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3) Салық кодексiнiң 69-бабы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртiбiмен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеушi Декларацияны қабылдау (жеткiзу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

      11. Декларацияға Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. Декларацияны жасау (130.00-нысан)

      12. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) ЭҚЖЖ коды. Экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуiшi бойынша қызметтiң негiзгi түрiнiң коды және оның үлес салмағы (100%) көрсетiледi.
      ЭҚЖЖ коды (алғашқы бес белгi) олардың үлес салмағының кему тәртiбiмен қызметтiң негiзгi үш түрi бойынша көрсетiледi. Үлес салмағы он үлеске дейiн дөңгелектеумен проценттерде көрсетiледi (қызметтiң көрсетiлген түрлерiнiң үлес салмағының жалпы сомасы 100% тең болуы мiндеттi емес екенiн ескеру қажет).
      Үлес салмағын есептеу үшiн N 1-ӨН нысандағы (жылдық) мемлекеттiк статистика есептiлiктегi I-бөлiмнiң 100 жолында ("Өнiм") салық төлеушiнiң көрсеткен деректерiн пайдалану керек. Қызметтiң әрбiр түрi бойынша үлес салмағы 100 жол бойынша 3-бағанның деректерiне 100 жолының тиiстi бағаны деректерiнiң қатынасы ретiнде айқындалады.
      Мысалы, қызметiнiң негiзгi түрi үй-жайлар құрылысы болып табылатын салық төлеушi N 1-ӨН (жылдық) есебi I-бөлiмiнiң 100 жолында мынадай деректердi көрсеттi:
-------------------------------------------------------------------
Көрсет.  |Жол | Есепті  | оның ішінде қызметтің түрлері бойынша:
кiштер   |коды|жыл үшін |------------------------------------------
атауы    |    |барлығы  |үй-жайлар|автомобиль.|автомо.  | жарнама
         |    |         |құрылысы |дерді бөл. |бильдерді|
         |    |         |         | шек сату  |жалға алу|
         |    |         |-----------------------------------------
         |    |         |  45211  |  50102    | 71100   | 74400
         |    |         |  коды   |  коды     |  коды   |  коды
-------------------------------------------------------------------
  1        2      3         4          5          6         7    
-------------------------------------------------------------------
Өндіріл.   100   25000,0   150000,0   50000,0  35000,0   5000,0
ген өнім
(тауарлар,
қызмет
көрсету.
лер)
көлемi,
мың
теңге
-------------------------------------------------------------------

      Онда ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтер мынадай түрде болады:
     --------------------------------------------
     | 5  ЭҚЖЖ    І  45211    ІІ  50102   ІІІ   71100 |
     | Үлес сал.                                 |
     | мағын көр.  060,0%     020,0%      014,0% |
     | сетіңіз                                   |
     ---------------------------------------------

      Құрылыстың үлес салмағы 150 000,0 (Кестенiң 4-бағаны) / 250 000,0 (І-Кестенiң 3-бағаны) x 100% ретiнде есептелген. ЭҚЖЖ қалған кодтары бойынша үлес салмағын осындай жолмен есептеген.
      N 2 - ШК мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысанын тапсыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - заңды тұлғалары ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтердi 2 - ШК(жылдық) нысанының 3 - бөлiмiнiң ("Қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижесi") 200-207 жолдарының деректерiне негiзделе жоғарыда аталған тәсiлмен толтырылады.
      Жоғарыда көрсетiлген нысандарда есептiлiк тапсырмайтын қоғамдық және бюджеттiк ұйымдар ЭҚЖЖ мәлiметтерiнде ЭҚЖЖ бойынша негiзгi қызмет кодын ғана көрсетедi;
      5) Декларацияның түрi. Осы торкөздер  Салық кодексiнiң  69 және  71-баптарға  сәйкес белгiленедi. Декларацияның түрiне байланысты тиiстi торкөз белгiленедi.
      "Бастапқы" торкөз егер салық төлеушiлер ретiнде тiркелгеннен кейiн алғаш рет Декларация берiлгенде белгiленедi.
      Одан кейiнгi декларацияларды беру кезiнде, "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Бұрын берiлген декларацияларға өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кезiнде, "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" торкөзi, егер салық төлеушiмен  Салық кодексiнiң  31-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында қарастырылған хабарлама алынса, соның негiзiнде бұрын көрсетiлген Декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қажет ететiн жағдайда белгiленедi. Бұл жағдайда салық төлеушiмен "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" торкөздерi бiр уакытта белгiленедi.
      Тарату (қайта құру) жағдайында "Тарату" торкөзi белгiленедi. Егер салық төлеушi Декларацияны  Салық кодексiнiң  136-бабының 4-тармағына сәйкес берсе, "Бастапқы" және "Тарату" торкөздерi белгiленедi.
      6) валюта коды;
      7) берiлген қосымшалар. Берiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi.
      8) Корпорациялық табыс салығы декларациясында көрсетiлген қызметтен кiрiстер болуы кезiнде "100 нысаны бойынша декларация" торкөзi белгiленедi. Бұл ретте,  Салық кодексiнiң  120-бабының 4-тармағына сәйкес  Салық кодексiнiң  67-бабына сәйкес бөлек есептiлiк жүргізiледi;
      9) акционерлiк қоғамдар, мекемелер және тұтынушы кооперативтерiнен басқа, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық болып табылмайтын ұйым растауға аталған шарттарға жауап бередi, тиiстi торкөздер белгіленедi.

      13. "Кiрiстер" бөлiмiнде:
      1) 130.00.001 жолында 130.01.001 жолында айқындалған сыйақы түрiнде алынған кiріс сомасы көрсетiледi;
      2) 130.00.002 жолында 130.02.001 жолында айқындалған грант түрiнде алынған кiрiс сомасы көрсетiледi;
      3) 130.00.003 жолында кiру жарналары түрiнде алынған кiрiс сомасы көрсетiледi;
      4) 130.00.004 жолында мүшелiк жарналар түрiнде алынған кiрiс сомасы көрсетiледi;
      5) 130.00.005 жолында  Салық кодексiнiң  10-бабындағы 1-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған қайырымдылық көмегi түрiнде алынған кiрiс көрсетiледi;
      6) 130.00.006 жолында 130.03.001 жолында айқындалған өтеусiз берiлген мүлiк түрiнде алынған кiрiс сомасы көрсетiледi;
      7) 130.00.007 жолында өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған кiрiс көрсетiледi;
      8) 130.00.008 жолында кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi. 130.00.001 - 130.00.007 жолдарының сомасы ретiнде айқындалады.

  3. Сыйақылар - 130.01 нысанын жасау

      14. Осы нысан Салық кодексiнiң 10-бабының 1-тармағындағы 2) тармақшаға сәйкес сыйақылар түрiндегi алынған кiрiстер сомасын айқындауға арналған.

      15. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      16. "Сыйақылар" бөлiмiнде:
      130.01.001 жолында сыйақылар түрiндегi алынған кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      17. 130.01.001 жолының шамасы 130.00.001 жолына көшiрiледi.

      18. 130.01.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сыйақы төлеген заңды (жеке) тұлғаның атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi/осы Ережелердiң 35-тармағына сәйкес резиденттiк елi коды;
      4) D бағанында Салық кодексiнiң 10-бабындағы 1-тармақтың 2) тармақшасына сәйкес сыйақы түрi көрсетiледi;
      5) E бағанында алынған сыйақы сомасы көрсетiледi.
      130.01.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 130.01.001 жолына көшiрiледi.

  4. Гранттар - 130.02 нысанын жасау

      19. Осы нысан  Салық кодексiнiң  10-бабындағы 1-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес грант түрiнде алынған кiрiстердiң сомасын айқындауға арналған.

      20. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      21. "Гранттар" бөлiмiнде:
      130.02.001 жолында грант түрiндегi алынған кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      22. 130.02.001 жолының шамасы 130.00.002 жолына көшiрiледi.

      23. 130.02.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында грант төлеген заңды (жеке) тұлғаның атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген осы Ережелердiң 35-бабына сәйкес салық төлеушiнiң/резиденттілiк елi кодын тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      4) D бағанында В бағанында көрсетiлген тұлғаның резиденттiк елi көрсетiледi, егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының салық төлеушiсiнiң тiркеу нөмiрi болмаған жағдайда;
      5) E бағанында алынған грант сомасы көрсетiледi.
      130.02.001 жолына қосымша нысан D бағанының жиынтық шамасы 130.02.001 жолына көшiрiледi.

  5. Өтеусiз берiлген мүлiк - 130.03 нысанын жасау

      24. Осы нысан өтеусiз берiлген мүлiк түрiнде алынған кiрiстердiң сомасын айқындауға арналған.

      25. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеуші мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      26. "Мүлiк" бөлiмiнде:
      130.03.001 жолында өтеусiз берiлген мүлiк түрiндегi алынған кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi және қосымша нысанның деректерi негiзiнде толтырылады.

      27. 130.03.001 жолының шамасы 130.00.006 жолына көшiрiледi.

      28. 130.03.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында өтеусiз мүлiктi берген заңды (жеке) тұлғаның атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында В бағанында көрсетiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi/осы Ережелердiң 35-тармағына сәйкес резиденттiк елi коды;
      4) D бағанында өтеусiз берiлген мүлiк сомасы көрсетiледi.
      130.03.001 жолына қосымша нысан D бағанының жиынтық шамасы 130.03.001 жолына көшiрiледi.

  6. Бухгалтерлiк теңгерме - 130.04 нысанын жасау

      29. Осы нысан бухгалтерлiк есеп және қаржы есеп беру бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептi салық кезеңi үшiн дайындалған салық төлеушiнiң қаржы есеп беруi болып табылады.

  7. Кiрiстер және шығыстар туралы есеп беру -
130.05 нысанын жасау

      30. Осы нысан бухгалтерлiк есеп және қаржы есеп беру бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептi салық кезеңi үшiн дайындалған салық төлеушiнiң қаржы есеп беруi болып табылады.

      31. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      32. "Көрсеткiштер" бөлiмiнде:
      130.05.001 - 130.05.011 жолдары бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша толтырылады. Бұл ретте, 130.05.001 - 130.05.003 жолдары қосымша нысан негiзiнде толтырылады.

      33. 130.05.001, 130.05.002, 130.05.003 жолдарына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында салық төлеушi жүзеге асыратын қызмет түрi көрсетiледі;
      3) С бағанында бухгалтерлiк есеп бойынша В бағанында көрсетiлген кызметтiң түрлерi бөлшегiндегi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан кiрiс көрсетiледi;
      4) D бағанында бухгалтерлiк есеп бойынша В бағанында көрсетiлген қызметтiң түрлерi бөлшегiндегi сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны көрсетiледi;
      5) E бағанында С және D бағандарының айырмасы ретiнде айқындалатын жиынтық кiрiс көрсетiледi.
      130.05.001, 130.05.002, 130.05.003 жолдарына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 130.05.001 жолына, D бағаны - 130.05.002 жолына, E бағаны - 130.05.003 жолына көшiрiледi.

  8. Ақша қозғалысы туралы есеп беру - 130.06 және
130.07 нысандарын жасау

      34. Осы нысандар бухгалтерлiк есеп және қаржы есептемесi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептi салық кезеңiне әзiрленген салық төлеушiнiң қаржылық есебi болып табылады.

  9. Елдер коды

      35. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 127-П бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 22 сәуiрде N 291 тiркелген кедендiк жүк Декларациясын толтыру тәртiбi туралы  нұсқаулыққа  3-қосымшаға сәйкес салық төлеушi-резидент емес елдiң кодын толтыру кезiнде елдердiң сандық кодын қолдану қажет.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 130.00, 130.01, 130.02, 130.03, 130.04, 130.05, 130.06, 130.07 графикалық нысандары Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оларды РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрiнiң      
2002 жылғы 10 желтоқсандағы 
N 608 бұйрығымен      
бекiтiлген        

  Корпорациялық табыс салығы бойынша
декларация жасау ережелерi
(140.00-нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сәйкес келетiн ұйымдардың кiрiстерiн мәлiмдеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрi - Декларация) жасау тәртiбiн көздейдi:
      1) салық кезеңi үшiн мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санынан кемiнде 51 процентi болатын;
      2) салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегіне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар жатады.
      Жоғарыда аталған шарттарға сәйкес келетiнiне қарамастан акцизделетiн тауарларды өндiру мен сату бойынша қызметтен және қызметтiң акциздiк түрлерiнен кiрiстер алатын ұйымдар салық салудың осы тәртiбiн қолданбайды және 100.00 нысаны бойынша корпорациялық табыс салығын бередi.

      2. Декларация Декларацияның өзiнен (140.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектiлер және салық салу объектiлерi туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (140.01 - 140.10 нысандары) тұрады.

      3. Декларацияны жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әрiптерiмен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық тасығышта -  Салық кодексiнiң  69-бабына сәйкес толтырылады.

      4. Декларацияларды толтыру кезiнде түзетулерге, тазартуларға, және өшiруге жол берiлмейдi.

      5. Көрсеткiштер жоқ болған кезде нысандардың тиiстi торкөздерi толтырылмайды.

      6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берiлмейдi.

      7. Тиiстi қосымша нысанның көрсеткiштерiн ашуды талап ететiн жолдарды толтыру кезiнде аталған қосымша нысандар мiндеттi тәртiпте толтыруға жатады.

      8. Қосымша нысандардың "Жалпы ақпарат" бөлiмiнде тиiстi қосымшаның "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде көрсетiлген тиiстi көрсеткiштер көрсетiледi.

      9. Соманың терiс мәнi тиiстi жолдың (бағанның) бiрiншi сол торкөзiнде "-" белгiсiмен белгiленедi.

      10. Декларацияны беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiмен екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салық төлеушiге қайтарылады;
      2) хабарлама мен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеушi почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
      3) Салық кодексiнiң 69-бабындағы 8-баптың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртiбiмен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеушi Декларацияны қабылдау (жеткiзу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

      11. Декларацияға Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

  2. Декларацияны жасау (140.00-нысан)

      12. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы;
      4) ЭҚЖЖ коды. Экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуiшi бойынша қызмет түрлерiнiң коды және олардың үлес салмағы көрсетiледi;
      ЭҚЖЖ коды (алғашқы бес белгi) олардың үлес салмағының кему тәртiбiмен қызметтiң негiзгi үш түрi бойынша көрсетiледi. Үлес салмағы он үлеске дейiн дөңгелектеумен проценттерде көрсетiледi (қызметтiң аталған түрлерiнiң үлес салмағының жалпы сомасы 100%-кe тең болуы мiндеттi емес екенiн ескеру қажет).
      Үлес салмағының есебi үшiн N 1-ӨН (жылдық) мемлекеттiк жылдық статистикалық есеп беру нысанының I-бөлiмiнiң 100 жолында ("Өнiм") салық төлеушi көрсететiн деректердi пайдалану керек. Қызметтiң әрбiр түрi бойынша үлес салмағы 100 жол бойынша 3 бағанының деректерiне 100 жолдың тиiстi бағанына деректер қатынасы ретiнде айқындалады.
      Мысалы, қызметiнiң негiзгi түрi үй-жайлар құрылысы болып табылатын салық төлеушi N 1-ӨН (жылдық) І-бөлiмiнiң 100 жолында мынадай деректердi көрсеттi:
-------------------------------------------------------------------
Көрсет.  |Жол | Есепті  | оның ішінде қызметтің түрлері бойынша:
кiштер   |коды|жыл үшін |------------------------------------------
атауы    |    |барлығы  |   үй    |автомобиль.|автомо.  | жарнама
         |    |         |құрылысы |дерді бөл. |бильдерді|
         |    |         |         | шек сату  |жалға алу|
         |    |         |-----------------------------------------
         |    |         |  45211  |  50102    | 71100   | 74400
         |    |         |  коды   |  коды     |  коды   |  коды
-------------------------------------------------------------------
  1         2      3          4          5         6         7
___________________________________________________________________ 
Өндіріл.   100  250000,0   150000,0   50000,0   35000,0    5000,0
ген өнім
(тауарлар,
қызмет
көрсету.
лер)
көлемi,
мың
теңге
-------------------------------------------------------------------

      Онда ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтер мынадай түрде болады:
     --------------------------------------------
     | 5  ЭҚЖЖ    І  45211    ІІ  50102   ІІІ   71100 |
     | Үлес сал.                                 |
     | мағын көр.  060,0%     020,0%      014,0% |
     | сетіңіз                                   |
     ---------------------------------------------

      Құрылыстың үлес салмағы 150000,0 (I-кестенiң 4-бағаны)/250000,0 (I-кестенiң 3-бағаны) x 100% ретiнде есептелген. ЭҚЖЖ қалған кодтары бойынша үлес салмағы осындай жолмен есептеледi.
      N 2 - ШК мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысанын тапсыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - заңды тұлғалары ЭҚЖЖ бойынша мәлiметтердi 2 - ШК(жылдық) нысанының 3-бөлiмiнiң ("Қаржы - шаруашылық қызметiнiң нәтижесi") 200-207 жолдарының деректерiне негiзделе жоғарыда аталған тәсiлмен толтырады.
      Жоғарыда көрсетiлген нысандарда есептiлiк тапсырмайтын қоғамдық және бюджеттiк ұйымдар ЭҚЖЖ мәлiметтерiнде ЭҚЖЖ бойынша негiзгi қызмет кодын ғана көрсетедi;
      5) Декларацияның түрi. Осы тор көздер  Салық кодексiнiң  69 және  71-баптарға  сәйкес белгіленедi. Декларацияның түрiне байланысты тиiстi торкөз белгiленедi.
      "Бастапқы" торкөз егер салық төлеушiлер ретiнде тiркелгеннен кейiн алғаш рет Декларация берiлгенде белгiленедi.
      Одан кейiнгi декларацияларды беру кезiнде, "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Бұрын берiлген декларацияларға өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кезiнде, "Қосымша" торкөзi белгiленедi.
      "Xaбapлaмa бойынша" торкөзi, егер салық төлеушiмен  Салық кодексiнiң  31-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында қарастырылған хабарлама алынса, соның негiзiнде бұрын көрсетiлген Декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қажет ететiн жағдайда белгiленедi. Бұл жағдайда салық төлеушiмен "Хабарлама бойынша" және "қосымша" торкөздерi бiр уақытта белгiленедi.
      Тарату (қайта құру) жағдайында "Тарату" торкөзi белгiленедi. Егер салық төлеушi Декларацияны  Салық кодексiнiң  136-бабының 4-тармағына сәйкес берсе, "Бастапқы" және "Тарату" торкөздерi белгiленедi.
      6) валюта коды;
      7) берiлген қосымшалар. Берiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi;
      8) "А" торкөзiнде есептi салық кезеңi үшiн қызметкерлер мен мүгедек қызметкерлердiң саны көрсетiледi;
      "В" торкөзiнде есептi салық кезеңi үшiн қызметкерлер мен мүгедек қызметкерлердiң (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы мүгедек қызметкерлердiң еңбекақысын төлеу жөнiндегi шығыстарды көрсетедi және тиiстi торкөздi белгiлейдi) еңбекақысын төлеу жөнiндегi шығыстар көрсетiледi;
      акцизделетiн тауарлар мен қызметтiң акцизделетiн түрлерiн өндiру және сату бойынша қызметiн жүзеге асыратын ұйымды растау "С" торкөзiнде белгiленедi;
      Декларацияда көрсетiлген өз қызметiн жүзеге асыруға кiрiстердi жiберетiн ұйымды растау "D" торкөзiнде белгiленедi;
      егер ұйым есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған болған жағдайда "E" торкөзi белгеленедi.

      13. "Кiрiстер" бөлiмiнде:
      1) 140.00.001 жолына 140.01.001С жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      2) 140.00.002 жолына 140.02.005 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      3) 140.00.003 жолына Салық кодексiнiң 83-бабымен айқындалған және мiндеттемелердi есептен шығару нәтижесiнде алынған кiрiстер сомасы көрсетiледi. Осы жол бойынша тарату декларациясын жасау кезiнде заңды тұлғаны тарату кезiнде кредиторлық берешектi есептен шығарудан алынған кiрiс көрсетiледi;
      4) 140.00.004 жолына 140.03.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      5) 140.00.005 жолында егер сома  Салық кодексiнiң  80-бабының 2-тармағындағы 12) тармақшаға сәйкес айқындалған бұрын шегерiмге жатқызылмаса, бұрын негiзсiз бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, сот тағайындаған немесе борышты деп танылған айыппұлдар, өсiмдер және санкциялардың басқа да түрлерiнiң сомасы көрсетiледi;
      6) 140.00.006 жолына 140.04.003 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      7) 140.00.007 жолына 140.05.004 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      8) 140.00.008 жолына 140.06.001 жолында көрсетiлген сома көшiрiледi;
      9) 140.00.009 жолында Салық кодексiнiң 80-бабының 2-тармағындағы 18) тармақшаға сәйкес айқындалған ұтыстардың жалпы сомасы көрсетiледi;
      10) 140.00.010 жолында Салық кодексiнiң 10-бабының 1-тармағындағы 4) тармақшаға сәйкес айқындалған грант түрiнде алынған кiрiс көрсетiледi;
      11) 140.00.011 жолында Салық кодексiнiң 10-бабының 1-тармағындағы 1) тармақшаға сәйкес айқындалған қайырымдылық көмегi түрiнде алынған кiрiс көрсетiледi;
      12) 140.00.012 жолында өтеусiз берiлген мүлiк түрiнде алынған кiрiс көрсетiледi;
      13) 140.00.013 жолында өтеусiз негіздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған кiрiс көрсетiледi;
      14) 140.00.014 жолында 140.00.001 - 140.00.013 жолдарында ескерiлмеген басқа да кiрiстер көрсетiледi;
      15) 140.00.015 жолында кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi. 140.00.001 - 140.00.014 жолдарының сомасы ретiнде айқындалады.

  3. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан түскен кiрiс - 140.01 нысанын жасау

      14. Осы нысан Салық кодексiнiң 81-бабына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан кiрiстi айқындауға арналған.

      15. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      16. "Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату" бөлiмiнде:
      140.02.001 жолы тауарларды (жүмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан кiрiстiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан негiзiнде толтырылады.

      17. 140.01.001С жолының шамасы 140.00.001 жолына көшiрiледi.

      18. 140.01.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында салық төлеушi Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiне (ЭҚЖЖ) сәйкес жүзеге асыратын қызмет түрлерi көрсетiледi. Бұл ретте, салық төлеушi жүзеге асыратын қызмет түрлерi бойынша әрбiр жолда тиiстi топты (класты) көрсетедi;
      3) С бағанында есептi салық кезеңiнiң iшiнде сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны көрсетiледi;
      4) D бағанында  Салық кодексiнiң  81-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген түзету сомасы көрсетiледi. Салық кодексiнiң 81-бабының 2-тармағындағы 4) тармақшаға сәйкес егер сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн төлем шарты жағдайларымен шетел валютасындағы белгiлi сомаға тең сомада жүргiзiлсе, оларды төлеу кезiнде сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны түзетуге жатады;
      5) E бағанында аталған өзгерiстер болған сол салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша жүргiзiлетiн жүргiзiлген түзетуден кейiн сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны көрсетiледi. С және D бағандары сомасы (айырмасы) ретiнде айқындалады. Түзету болмаған жағдайда E бағанына С бағанында көрсетiлген деректер көшiрiледi.
      140.01.001 жолына қосымша нысан С бағанының жиынтық шамасы 140.01.001А жолына, D бағаны - 140.01.001B жолына, E бағаны - 140.01.001C жолына көшiрiледi.

  4. Негiзгi құралдарды, материалдық емес активтердi және бағалы қағаздарды сату кезiнде құн өсiмiнен алынатын кiрiс - 140.02 нысанын жасау

      19. Осы нысан  Салық кодексiнiң  82-бабына сәйкес негiзгi құралдарды, материалдық емес активтердi және бағалы қағаздарды сату кезiнде құн өсiмiмен алынатын кiрiстi айқындауға арналған.

      20. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      21. "Негiзгi құралдарды сату" бөлiмiнде:
      140.02.001 жолы негiзгi құралдарды сатудан кiрiстiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады.

      22. "Материалдық емес активтердi сату" бөлiмiнде:
      140.02.002 жолы материалдық емес активтердi сату кезiнде құн өсуiнен кiрiстiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады.

      23. "Бағалы қағаздарды сату" бөлiмiнде:
      1) 140.02.003 жолы борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiстiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады;
      2) 140.02.004 жолы борыштық бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiстiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады.

      24. "Барлығы" бөлiмiнде:
      140.02.005 жолында 140.02.001 - 140.02.004 жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын (кiрiстi алу кезiнде) негiзгi құралдарды, материалдық емес активтердi және бағалы қағаздарды сату кезiнде құн өсiмiнен алынатын кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi.

      25. 140.02.005 жолының шамасы 140.00.002 жолына көшiрiледi.

      26. 140.02.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сатылған негiзгi құралдардың атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында негiзгi құралдардың теңгермелiк құны көрсетiледi;
      4) D бағанында аталған объектiлердiң сату құны көрсетiледi;
      5) E бағанында D және С бағандары сомасының айырмасы ретiнде айқындалатын оларды сатудан кiрiс (залал) көрсетiледi.
      Осы объектiлердi сатудан алынған залалдар E бағанының жиынтық шамасын айқындау кезiнде салық салу мақсатында ескерiлмейдi.
      140.02.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 140.02.001 жолына көшiрiледi.

      27. 140.02.002 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сатылған материалдық емес активтердiң атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында материалдық емес теңгермелiк құны көрсетiледi;
      4) D бағанында материалдық емес активтердiң сату құны көрсетiледi;
      5) E бағанында D және С бағандарында көрсетiлген сомалардың айырмасы ретiнде айқындалатын оларды сатудың кiрiсi (залалы) көрсетiледi.
      Осы объектiлердi сатудан алынған залалдар E бағанының жиынтық сомасын айқындау кезiнде салық салу мақсатында ескерiлмейдi.
      140.02.002 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 140.02.002 жолына көшiрiледi.

      28. 40.02.003 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, сатылған бағалы қағаздардың атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында бағалы қағаздардың сатып алу құны көрсетiледi;
      4) D бағанында бағалы қағаздарды сату құны көрсетiледi;
      5) E бағанында D және С бағандарының айырмасы ретiнде айқындалатын бағалы қағаздарды сатудың кiрiсi (залалы) көрсетiледi.
      Осы объектiлердi сатудан алынған залалдар E бағанының жиынтық шамасын айқындау кезiнде салық салу мақсатында ескерiлмейдi.
      140.02.003 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 140.02.003 жолына көшiрiледi.

      29. 140.02.004 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында сатылатын борыштық бағалы қағаздардың атауы көрсетiледi;
      3) С бағанында борыштық бағалы қағаздардың саны көрсетiледi;
      4) D бағанында борыштық бағалы қағаздардың айналыс мерзiмi (күн) көрсетiледi;
      5) E бағанында борыштық бағалы қағаздардың атаулы құны көрсетiледi;
      6) F бағанында купон сомасын енгiзетiн, құн бойынша сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды коспағанда, борыштық бағалы қағаздарды сатып алу құны көрсетiледi. Купон сомасын енгiзетiн, құн бойынша сатып алынған борыштық бағалы қағаздар сатушыға сатып алушы төлеген, купон сомасына кемiтiлген сатып алу құны бойынша көрсетiледi;
      7) G бағанында борыштық бағалы қағаздардың сатып алынған күнi көрсетiледi;
      8) H бағанында E және F бағандары сомаларының айырмасы ретiнде айқындалатын дисконттың немесе сыйақының сомасы көрсетiледi;
      9) I бағанында олар бойынша сыйақы төлеу күнiне дейiн оларды сату кезiндегi сатып алушыдан алынған купон ескерiлмей борыштық бағалы қағаздарды сату құны көрсетiледi. Осы бағанда көрсетiлмеген купон сомасы 140.05.002 жолына қосымша нысандағы G бағанындағы тиiстi жолдарда көрсетiледi;
      10) J бағанында борыштық бағалы қағаздардың сатылған күнi көрсетiледi;
      11) К бағанында былай есептелетiн борыштық бағалы қағазды иелену кезеңi үшiн дисконт немесе сыйақы амортизациясының сомасы көрсетiледi:
      К=(H/D) x (J-G), мұнда
      (J-G) - борыштық бағалы қағазды иелену кезеңiндегi күн саны;
      12) L бағанында L=(I-F+-К)) формуласы бойынша айқындалатын борыштық бағалы қағаздарды сатудың кiрiсi (залалы) көрсетiледi.
      Осы объектiлердi сатудан алынған залалдар L бағанының жиынтық шамасын айқындау кезiнде салық салу мақсатында ескерiлмейдi.
      140.02.004 жолына қосымша нысан L бағанының жиынтық шамасы 140.02.004 жолына көшiрiледi.

  5. Мүлiктi жалға беруден алынған кiрiстер -
140.03 нысанын жасау

      30. Осы нысан Салық кодексiнiң 80-бабының 2-тармағындағы 5) тармақшаға сәйкес Қазақстан Республикасында да, одан тысқары аумақтарда да мүлiктi жалға беруден кiрiстердi айқындауға арналған.

      31. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      32. "Мүлiктi жалға беру" бөлiмiнде:
      140.03.001 нысаны мүлiктi жалға беруден кiрiстердiң жиынтық сомасын көрсетуге арналған және қосымша нысан деректерi негiзiнде толтырылады.

      33. 140.03.001 жолының шамасы 140.00.004 жолына көшiрiледi.

      34. 140.03.001 жолына қосымша нысан:
      1) А бағанында жолдың рет нөмiрi көрсетiледi;
      2) В бағанында жалға берушi жалға берген мүлiктiң түрi көрсетiледі;
      3) С бағанында салық төлеушi жалға алушының тiркеу нөмiрi көрсетiледi/осы Ережелердiң 62-тармағына сәйкес резиденттiк елiнiң коды;
      4) D бағанында жалға алу шартының нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      5) E бағанында есептi салық кезеңi үшiн жалға алу шартына сәйкес жалға берушi алуы тиiс (алған) жал төлемiнiң сомасы көрсетiледi.
      Егер салық төлеушi Қазақстан Республикасынан тысқары аумақта мүлiк үшiн жал төлемiн алса (алуға жататын), онда E бағанында салық сомасын қоса алғанда, есептелген жал төлемiнiң сомасы көрсетiледi.
      140.03.001 жолына қосымша нысан E бағанының жиынтық шамасы 140.03.001 жолына көшiрiледi.

  6. Дивидендтер - 140.04 нысанын жасау

      35. Осы нысан  Салық кодексiнiң  80-бабының 2-тармағындағы 15) тармақшаға сәйкес салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасында да, одан тысқары аумақта да алған дивидендтер түрiндегi кiрiсiн айқындауға арналған.
      Дивидендтер оларды төлеу нысанына қарамастан  Салық кодексiнiң  10-бабының 1-тармағындағы 6) тармақшаға сәйкес айқындалатын кiрiс болып табылады.

      36. "Салық төлеушi туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салық төлеушi мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Декларация берiлетiн салық кезеңi.

      37. "Дивидендтер" бөлiмiнде:
      1) 140.04.001 жолы Қазақстан Республикасының шегiнде алынған дивидендтер сомасын көрсе