"Мектеп - бала бақша" кешенінде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жай-күйіне, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 110 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3632. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 507 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.12 № 507 Бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына, 17-бабының 1) және 17) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "мектеп - бала бақша" кешенінде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жай-күйіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛIСIЛДI"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрi

      2005 жылғы 18 сәуір

Қазақстан Республикасының   
Денсаулық сақтау министрінің 
2005 жылғы 10 наурыздағы   
N 110 бұйрығымен      
бекітілген           

"Бала бақша - мектеп" кешенінде балаларды тәрбиелеу және
оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер
мен нормалар

1. Жалпы ережелер

      1. "Бала бақша - мектеп" кешенінде балаларды тәрбиелеу және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) бала бақша кешенін жобалаумен, құрылысын салумен, құрылысын жаңартумен және пайдаланумен шұғылданатын ұйымдарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.

      2. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер және анықтамалар қолданылды:
      1) топтық ұяшықтар - бір топтағы балаларға арналған үй-жайлар жиынтығы;
      2) оқшаулаушы бөлме - ауруларды оқшаулауға арналған үй-жайлар жиынтығы;
      3) инсоляция - үй-жайдағы күн сәулесінің радиациясына гигиеналық баға беруге арналған нормалаушы көрсеткіш;
      4) топтар мен сыныптардың толықтырылуы - бұл үй-жайдың аумағына байланысты топтағы немесе сыныптағы оқушылардың саны;
      5) рекреация - үзіліс және сабақтан бос кезінде оқушылар дем алатын үй-жай.

2. "Бала бақша - мектеп" кешенін орналастыруға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. "Бала бақша - мектеп" кешені (бұдан әрі - кешен) квартал ішінде, магистралді көшелерден, коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорындардан қашық орналасқан, жеке аумақта жайғасуға тиіс. Қызмет көрсету аумағы қалаларда 300 метр (бұдан әрі - м), ауылдық жерде және шағын қалаларда - 500 м болуы керек. Қалаларда қызыл жолаққа дейінгі аралық 25 м, ауылдық жерде 10 м болуы керек.

      4. Кешен квартал аралық тұрақты көлік жүретін жолдардан 100-170 м қашықтықта, көлік тұрақты жүрмейтін көшелерден 25 м қашықтықта орналасуы керек.

      5. Гараждар мен ашық автокөлік тұрақтарынан кешенге дейінгі қашықтық автокөлік санына қарай қолданыстағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 571 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеуден өткізу Реестрінде N 2464 (бұдан әрі - N 571 бұйрық) санымен тіркеуден өткен "Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымының құрылымына күтіп-ұсталуына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар " және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдесіндегі N 570 бұйрығына және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеуден өткізу Реестрінде N 2478 санымен тіркеуден өткен (бұдан әрі - N 570 бұйрық) "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің құрылымына және оларды күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы талаптарға " сай интернаттық және жалпы білім беретін ұйымдарды күтіп-ұстауға, оқытуға, құрылымына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес болуы керек.

      6. Тұрғын үйлерден кешен ғимаратына дейінгі қашықтық күн сәулесі мен жарықтың түсуін есептеу негізінде алынуға тиіс. Үй-жайлардың ішіне үздіксіз үш сағат бойы күн сәулесінің түсуі қамтамасыз етілуі керек.

      7. Жер учаскесінің мөлшері мектеп жасына дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдарға керекті алаңның қосындысына тең болып, қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай болуы керек (бұдан әрі - ҚНжЕ). Кешеннің аумағында қызметі бойынша қатысы жоқ нысандарды орналастыруға рұқсат етілмейді.

      8. Учаске аумағының биіктігі 1,6 м болатын қоршауы болып және аумақтың кем дегенде 50% алаңы көгалдандырылуы керек. Көгалдандыру барысында улы дән беретін ағаштар мен бұталарды отырғызуға болмайды.

      9. Кешеннің аумағы мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып аумақтарға бөлінуге тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қолданыстағы N 571 бұйрыққа сай, ал "Мектеп жасындағы балалар үшін N 570 бұйрыққа сай, алаңдар қарастырылуы керек.

      10. Денешынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру үшін балаларға денешынықтыру-спорт аумақтары қарастырылуы қажет, олар балалардың жасына қарай құрал-жабдықтармен жабдықталған спорттық алаңдардан тұруы керек.

      11. Денешынықтыру-спорттық аумақтар ғимараттардан кем дегенде 25 м қашықтықта, көгалды екпелердің арғы жағында орналасуы керек. Оларды топтық ұяшықтар және оқу үй-жайларының терезелері жағынан орналастыруға рұқсат етілмейді. Спорттық аумақтағы жабдықтар дене тәрбиесіне қажетті оқу бағдарламасын меңгеруді, секциялық спорттық жаттығуларды игеруді, сауықтыру шараларын жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс. Спорттық - ойын алаңдарының беті қатты қабаты, футбол алаңының көгалды қабаты болуы керек. Спорттық алаңшаларды күрделі құрылыс материалдарымен қоршауға болмайды.

      12. Денешынықтыру алаңдарына жақын маңда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылық саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына сай ауыспалы тереңдіктегі ашық жүзу бассейндерін және шомылу бассейндерін орналастыруға рұқсат етіледі.

      13. Кешен оқушыларына білім беру кезеңінің әрбір сатысына арналған оқу корпустарына жақын маңда көгалдандырылған аумақтар, қозғалыстағы ойындарына және тынығып дем алуына арналған алаңдар болуға тиіс.

      14. Шаруашылық аумағы көгалды екпелермен қоршалып, ас блогы, кір жуатын орын, басқа да өндірістік құрылыстардың кіріп-шығатын жеке жолдары болып, кешен ғимаратынан кем дегенде 35 м қашықтықта орналасуы керек.

      15. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету, канализация, жылыту жүйелері болмаған жағдайда сумен қамтамасыз ететін, канализация және жылыту жүйесінің қондырғылары болуы керек.

      16. Қоқыс жинағыштар бетондалған алаңға қойылып, алаңның көлемі контейнер орналасқан алаңнан 1 м артық болып, контейнердің тығыз жабылатын қақпағы болуға және кешен ғимаратынан 25 м қашықтықта орналасуға тиіс.

      17. Кешеннің ғимараттары су құбырымен жабдықталып, ыстық сумен, канализация жүйесімен қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай болуы керек. Судың сапасы қолданыстағы НҚА талаптарына сай болуы керек.

      18. Орталықтандырылған поселкалық елді мекенде немесе қалалық жерде су құбырларының, канализация жүйесі болмағанда, сумен қамтамасыз ету, канализация жүйесін құру тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде шешіледі.
      Канализациясы жоқ аудандарда кешен тазаланатын септигі бар жергілікті канализация жүйесі қарастырылуы керек.

      19. Ғимараттың қабаттылығы құрылыстық-климаттық аумақты еске ала отырып анықталынады, бірақ екі қабаттан көп болмауы керек. Кешендегі балалар саны жобаланған сыйымдылықтан аспауы керек. Нысандағы топтардың, сыныптардың толтырылуы қолданыстағы N 570 571   бұйрықтарға сай болуы керек.

      20. Кешен бір немесе бірнеше жеке ғимараттарда орналасуы мүмкін. Бір ғимаратта орналасқан жағдайда мектеп жасына дейінгі бөлімшені жеке блокта орналастырып, оның учаске аумағына шығатын бөлек есігі болуға тиіс. Ғимаратта және учаске аумағында мектеп жасына дейінгі балалар топтарын өзара оқшаулап ұстау үшін мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларды бөлек ұсталынуы керек.

      21. Оқушылардың киім ілетін орындары бірінші қабатта орналасуға тиіс, ол әр сынып үшін киім ілгіштер, және аяқ киімдерге арналған ұяшықтармен жабдықталуы керек. Киім ілгіштерді оқу бөлмелерінде, демалыс орындарында орналастыруға болмайды.

      22. Кешендегі топтық және сыныптық үй-жайлардың құрамы мен алаңы, жылытуғажарықтандыруғасумен, канализациямен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар N 570 571 бұйрықтарға сай болуы керек.

      23. Пешпен (от жағу) жылыту бір қабатты шағын мөлшердегі кешендерде рұқсат етіледі (50 адамнан артық емес). От жағатын орын дәлізде орналастырылуы керек.
      Үй-жайдың ішіндегі ауаның көміртегі тотығымен ластануын болдырмас үшін пештің құбырын отын толық жанып кеткеннен кейін және балалар келетін уақыттан 2 сағат бұрын жабу керек.

      24. Топтардағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған, оқушыларға, оның ішінде компьютер сыныптарындағы жиһаздар, спорттық құралдар, балалар ойындарына арналған ойыншықтар, оқыту және көрнекті құралдар қолданыстағы стандарттарға және N 570 571
бұйрықтарға сай болуға тиіс. V106048

      25. Дене тәрбиесін ұйымдастыру үшін бірінші қабатта 2 спорт залы немесе ғимаратқа қосымша құрылыс қарастырылуы керек. Үй-жайлар жиынтығы және спорт залының алаңы қолданыстағы ҚНжЕ-ге сәйкес болуы керек.

      26. Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектептің оқушыларымен музыка сабағын өткізу үшін музыка залы қарастырылуға тиіс.

      27. Медициналық қызмет көрсету үшін медициналық пунктте төмендегідей үй-жайлар қарастырылуы керек: дәрігер, тіс дәрігері, психолог, емшара, екпе жүргізетін кабинеттер, физиотерапевтік емшара жүргізетін кабинет, ауруларды оқшаулауға арналған 2 палата. Оқшаулағышта қабылдайтын бөлме және дәретхана қарастырылуға тиіс. Медициналық пунктке қажетті жабдықтар және құрал-саймандар, осы ереженің 8-қосымшаға және N 570 бұйрыққа сай жабдықталуы керек.
      Кешенде медициналық есептеу және есеп беру құжаттары N 570 ,    571 бұйрықтарға сай болуы керек.

      28. Кешеннің барлық үй-жайларға ылғалды тазалау жұмыстары, дезинсекция және дератизация жұмыстары көрсеткіштері бойынша жүргізіліп, қолданыстағы N 570 571 бұйрықтардың талаптарына сай болуы керек.

3. Оқушыларға тамақ беруді ұйымдастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      29. Оқушыларды тамақтандыру асханада, ал мектеп жасына дейінгі балаларды топтық бөлмелерде ұйымдастырылады. Ас блогының жиынтықтары қолданыстағы N 570 бұйрықтың талаптарына сәйкес болуы керек.

      30. Түс уақытында тамақтанатын залдарда 20 орынға 1 шүмек есебінен қол жуғыш орнатылуға тиіс.

      31. Оқушыларға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылуы керек (ертеңгі), ата-аналардың өтініші бойынша 2-мезгіл, ұзартылған күн тобында 3-мезгіл. Тамақтандыруды ұйымдастыру қолданыстағы N 570 ,  571 бұйрықтардың талаптарына сай жүргізілуі керек.

      32. Оқушылардың тағамына мыналарды қолдануға тиым салынады: флягқа, бөшкеге құйылған, пастерленбеген, қайнату әдісі арқылы өңдеуден өтпеген сүтті; ет фаршы қосылған кеспені; ет ораған құймақ; көк сорпа, сілікпе, паштеттерді, құйылған тамақтарды (етке және балыққа), саңырауқұлақтарды, пирожныйлар мен кремді торттарды; ірі бауырсақтарды; фритюрде қуырылған пирожкилер; пончиктер; консервілер және үйде дайындалған компоттар және суда жүзетін құстардың жұмыртқаларын.
      Ірімшікті тек пісірілген күйіндегі-ірімшік ретінде қаймақты дәмдеуіш түрінде немесе бірінші тамақтың дайын болуына 5-10 минөт қалғанда қосу арқылы.

      33. Күн сайын ауысым басталар алдында кешеннің медициналық қызметкері ас блогында жұмыс істейтіндерге іріңді тері ауруларының және басқа да жұқпалы аурулардың бар екенін анықтау үшін тексеріс жүргізуге тиіс. Іріңді тері аурулары бар және жұқпалы ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмейді.

4. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      34. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жұмыстары N 570 571       бұйрықтардың талаптарына сай жүргізілуі керек.
      Апталық оқу сағаттарының саны оның ұзақтығын есепке ала отырып белгіленеді, бірақ нормадан аспауы керек. Факультативтік, топтық, жеке сабақтар оқушыға рұқсат етілген жүктеме көлемінің шегінен шықпауы керек. Таңдау бойынша жүргізілетін және факультативті сабақтар балалардың бейімділігі мен талабын есепке ала отырып, 1-ші сыныптан бастап жүргізіледі.

      35. Тереңдетіле оқумен шұғылданатын 1-11 сынып оқушылары үшін 5-күндік оқу апталығын ендіруге рұқсат етілмейді.

      36. Сабақтың ұзақтығы 45 минөттен аспауға тиіс. 1-ші сыныпта оқу сабақтарының сатылы тәртібі - жүктемені біртіндеп көбейту қолданылады.

      37. Сабақтың өту тәртібі, оқу жүктемесі, N 570 бұйрықтың талаптарына сай болуы керек.
      Мектептердегі оқу сабақтары 8-ден ерте басталмауы керек. Сабақ оқыту бір ауысымда жүргізілуі керек.

      38. Мүсінін түзетіп отыру туралы сабақтар оқушылардың жасына байланысты жеті сайын берілетін жүктеменің ішіне кіруі керек.

      39. Төменгі сыныптағы оқушылар үшін белсенді-қозғалыс сипатындағы пәндер енуі қажет.

      40. Апталық оқудың ұзақтығына қарамастан оқушылардың оқулық жүктемесі бастауыш мектептерде 5 сабақтан, негізгі мектептерде 6 сабақтан аспауы керек.
      Апта бойы жұмыс қабілетінің оңтайлы деңгейін сақтау үшін аптаның ортасында (сәрсенбі) жеңілдетілген оқу күні қарастырылуға тиіс.

      41. Біріктірілген сыныптардағы оқушылар саны 25-тен аспауы керек. Бұл сыныптағы оқушылардың шаршап кетуіне жол бермес үшін, сабақтың ұзақтығын 5-10 минөтке қысқартып (денешынықтыру сабағынан басқасын). Оқушылар саны аз болған жағдайда бастауыш мектептің екі сыныбын (1 мен 2, 3 пен 4) біріктіруге болады.

      42. Оқу бағдарламасында тыңдауға және көруге арналған аудио техникаларды қолдану N 570 бұйрықтың талаптарына сай болуы керек.

      43. Мектептегі сабақ кестесі міндетті және факультативті сабақтар үшін бөлек жасалуға тиіс. Факультативті сабақтарды міндетті сабақтар аз өтетін күнге жоспарлау керек. Факультативті сабақ пен соңғы міндетті сабақтың арасында 45 минөтке үзіліс жоспарлануы қажет.

      44. Бастауыш мектептерде бірінен соң екіншісі өтетін қос сабақ өткізуге тиым салынады. Қос сабақтар жоғарғы сыныптың оқушыларына зертханалық тексеру, бақылау жұмыстары, еңбек сабақтары (8-11 сынып оқушылары үшін), мақсатты дене шынықтыру (шаңғы тебу, жүзу) сабақтары үшін рұқсат етіледі.

      45. Сабақ кестесін жасау барысында кіші сыныптардың оқушылары үшін күн, апта ішінде негізгі пәндерді музыка, бейнелеу өнері, еңбек, денешынықтыру сабақтарымен, орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін табиғаттану-математика пәндерін гуманитарлық циклдармен алмастыра отырып жасау қажет.

      46. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйқысын қорғау мақсатында, кешен бір ғимаратта орналасқан жағдайда, әр сыныпта сабақтың басталуы мен бітуі жөнінде дыбыспен немесе жарық жағу арқылы жеке белгі қарастырылуы керек.

5. Медициналық қызмет көрсетуге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      47. Бала бақша - мектеп кешені медицина қызметкерлерімен толықтырылып және мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға медициналық қызмет көрсету сабақтастығы қамтамасыз етілуі керек.

      48. Медициналық қызметкер болмаған жағдайда кешен басшылығы аймақтық амбулаториялық-емханалық ұйымдармен балаларға медициналық қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасауға тиіс.

      49. Мектеп жасына дейінгі балалар және кешен оқушылары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына сай мерзімде және көлемде профилактикалық екпелерді алып тұрулары керек.

      50. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу Реестрінен N 2556 өткен құжат негізінде, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы "Халықтың арнайы тобына міндетті медициналық тексерістерді жүргізу ережелерін бекіту туралы" N 766 бұйрығы мен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу Реестрінен N 2531 өткен құжат негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі "Халықтың арнайы тобын гигиеналық тұрғыдан оқыту Ережесін ұйымдастыруды және жүргізуді бекіту туралы" N 688 бұйрығы кешеннің қызметкерлері жұмысқа кірер алдында және әрі қарай кезеңмен медициналық тексерістен өтуге, профилактикалық екпелерді алып тұруға, гигиеналық білімін көтеруге тиіс. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу Реестрінен N 2575 өткен құжат негізінде, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 4 қарашасындағы "Халықтың арнайы тобына медициналық кітапшалардың белгісін бекіту туралы және жеке бастық медициналық кітапшасын беру, есепке алу және толтыру" туралы N 816 бұйрығының негізінде әрбір қызметкердің белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшасы болуы керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады