Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (2-шығарылым) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 66-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7478 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 195 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.06.2024 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым) бекітілсін.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Г. Әбдіқалықова


  Республика Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 66-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
1. Жалпы ережелер

      Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (2-шығарылым) "Құю жұмыстары", "Дәнекерлеу жұмыстары", "Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары", "Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар", "Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу", "Металмен қаптау және бояу", "Эмальдеу", "Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары" бөлімдерінен тұрады.

      Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

      Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы "Жұмыс сипаттамасы", "Білуге тиіс", "Жұмыс үлгілері" деген бөлімдерден тұрады.

      "Жұмыс сипаттамасы" бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.

      "Білуге тиіс" бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

      Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді.

      "Жұмыс сипаттамасы" деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.

      "Білуге тиіс" деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына қойылатын талаптарды, ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін, өндірістік сигнализацияны, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

      "Жұмыс үлгілері" бөлімінде осы кәсіп пен жұмыстардың разрядына анағұрлым үйлесімді жұмыстардың тізбесі келтіріледі. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімінде атқарылатын жұмыстардың суреттемесі жеткілікті түрде толық берілген жағдайларда, біліктілік сипаттамаларында "Жұмыс үлгілері" бөлімі келтірілмейді.

      Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.

      Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

      Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

      Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА (2-шығарылым) жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ға 1-қосымшаға сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.

2. Құю жұмыстары
Қысыммен құю автоклавшысы
1. Қысыммен құю автоклавшысы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типті автоклавтарға қызмет көрсету. Металл құю үшін қалыптарды автоклавқа салу. Қысылған ауа қысымын қосу және оның ағыны жылдамдығын реттеу. Автоклавта құйманы ұстау уақытын бақылау. Құйылған қалыптарды автоклавтан түсіру және көтеріп тасымалдау құралдарының көмегімен қағымдау алаңына тасымалдау. Автоклавтарды тазалау.

      Білуге тиіс: автоклавтардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, құрылысы және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша көрсеткіштерін есептеу тәсілдері, қысылған ауа қысымын реттеу ережесі, автоклавта құйманы ұстау уақытының ұзақтығы, қалыптарды ілмектеу, көтеру және орнынан қозғалту тәсілдері.

Шойын пешші
2. Шойын пешші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 2 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды жүргізу. Қалыптарды тазалау. Шойын пешті балқытуға дайындау. Балқыту барысына байланысты шикіқұрам мен жанар-жағар майды құюды реттеу. Шойын пештерді жағу. Өнімділігі 2 бастап 5 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды біліктілігі анағұрлым жоғары шойын пешшінің басшылығымен жүргізу. Шойын пештерді жөндеуге қатысу. Қожды жинау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін шойын пештердің жұмыс қағидаты және балқыту барысын реттеу тәсілдері, шойын пеште балқытуға арналған шойынның сорттары және олардың қасиеттері, шикіқұрам материалдарының, флюстер мен шлактардың номенклатурасы, олардың негізгі қасиеттері және шойын сапасына тигізетін әсері, сұйық шойынның температурасын айқындау тәсілдері, шойынды балқыту және шығару температурасы, жанар-жағар май мен отқа берік материалдарға қойылатын талаптар, құю шөміштерінің құрылысы.

3. Шойын пешші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 2 бастап 5 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды жүргізу. Өнімділігі 5 бастап 8 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды біліктілігі анағұрлым жоғары шойын пешшінің басшылығымен жүргізу. Шойын пешті балқытуға және шойын шығаруға дайындау. Жабдықты жұмысқа жарамды жағдайын бақылау. Үрлеуді реттеу және қалыптардың жай-күйін бақылау. Шойын пешті іске қосу және оған оттегінің өтуін реттеу. Сынаманың сынығы бойынша балқытылатын шойынның сапасын айқындау. Балқыту барысына байланысты шикіқұрам материалдарын құюды реттеу. Шойынды шебердің басшылығымен түрлендіру және қоспалау. Шойын пештер мен әртүрлі шөміштердің жай-күйін бақылау. Ауа үрлеу кезінде баллондарды ауыстыру.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін шойын пештердің құрылысы, шойын пештерді толтыру тәртібі, шикіқұрам мен жанар-жағар майға қойылатын техникалық шарттар, жанар-жағар май және металл қабаттардың көлемі, оттегінің балқыту барысына тигізетін әсері, оттегінің жіберуді іске қосу ережесі, орындалатын жұмыс ауқымында балқыту кезінде болатын физикалық және химиялық процестердің негіздері, сұйық металдың дайын екенін айқындау тәсілдері, шойынды түрлендіру және қоспалау тәсілдері, шойын пештердің түбін толтыру ережесі, орындалатын жұмыс шегінде металл технологиясының негіздері, шойын пештердің шойынды балқыту кезінде анықталған ақаулықтардың себептері және оларды жою әдістері.

4. Шойын пешші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 5 бастап 8 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды жүргізу. Өнімділігі 5 бастап 8 т/с дейінгі шойын пештерде балқытуды біліктілігі анағұрлым жоғары шойын пешшінің басшылығымен және өнімділігі 8 т/с дейінгі шойын пештерде түрлендіру және қоспалау арқылы жүргізу. Сынақ балқымаларын лаборатория жағдайында жүргізу. Металл шығару. Сыртқы белгілері бойынша шикіқұрамдар мен басқа да материалдардың сапасы мен жарамдылығын айқындау. Құю шөміштерінің даярлығы мен майлануын бақылау. Шойын пештерге қажетті жөндеу көлемін анықтау және жөндеу сапасын бақылау.

      Білуге тиіс: шикіқұрам материалдарының мақсаты, балқытылатын шойынның қасиеттері, отын және металл қабаттардың мөлшері немесе салмағы, әртүрлі қоспалардың шойынның сапасын тигізетін әсері, басқа химиялық құрамды балқытуға көшкен кезде шойынды шығару уақытын анықтау тәсілі, шойынды балқыту және құю температурасы, металды балқыту кезінде оттегіні қолдану тәсілі, шойын пештерді жөндеуге керекті отқа берік материалдар және оларға қойылатын талаптар.

5. Шойын пешші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі мақсаттағы шойынның белгіленген химиялық құрамы бойынша өнімділігі 8 бастап 12 т/с дейінгі шойын пештерде және өнімділігі 10 т/с дейінгі автоматтандырылған шойын пештерде балқытуды жүргізу. Өнімділігі 12 т/с жоғары шойын пештерде балқытуды біліктілігі анағұрлым жоғары шойын пешшінің басшылығымен және өнімділігі 8 т/с жоғары шойын пештерде түрлендіру және қоспалау арқылы жүргізу. Шойын пештерді балқытуға дайындау. Балқытуды және металл шығаруды жүргізу. Шикіқұрамды опыруды балқыту барысына байланысты басқару. Балқыту барысын реттеу. Шойынның сапасын айқындау үшін технологиялық сынамаларды құю. Сынамалардың сынығы арқылы шойын маркасын айқындау. Фурмдердің, шөміштердің, құралдардың футерлерінің жұмысқа жарамдылығын және желдеткіштердің жұмысын бақылау.

      Білуге тиіс: қолданылатын түрлендіргіштер және шойынды түрлендіру және қоспалау тәсілдері, балқытылатын шойынның қасиеттері мен маркалары, шойын пештерде оттегі үрлегішін пайдаланудың әртүрлі тәсілдері, отынның химиялық құрамының балқытуды жүргізу тәсілдеріне және алынатын шойынның сапасына тигізетін әсері.

6. Шойын пешші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі мақсаттағы шойынның белгіленген химиялық құрамы бойынша өнімділігі 12 т/с жоғары шойын пештерде үздіксіз балқыту процесі жағдайында, өнімділігі 10 т/с жоғары автоматтандырылған шойын пештерде балқытуды жүргізу, металл шығару. Үздіксіз балқыту процессі жағдайында шойын пештерді дайындау, балқытуды жүргізу және металл шығару. Шикіқұрамды опыруды балқыту барысына байланысты бақылау.

      Білуге тиіс: үздіксіз балқыту процесі кезінде балқытуды жүргізу тәсілдері, балқытылатын шойынның физикалық және химиялық қасиеттері, әртүрлі маркалы шойындардың типтері және олардың химиялық құрамы.

Құймаларды қағымдаушы
7. Құймаларды қағымдаушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым қалың қабатты болат, шойын құймаларды немесе құймаларды түрлі-түсті металдардан, қорамжәшіктерден, кокильдер мен жартылай кокильдерден қолмен немесе қағымдау механизмдерінде жасау, құймаларды жасағаннан кейін қалыптардың ойықтарын тазалау. Құймаларды маркалары бойынша штабельдерге, арбалар мен вагонеткаларға салу. Қағымдалған құймаларды ілмекті конвейерлерге ілу немесе кейінгі операциялар үшін тікелей қаққылағаннан кейін ыстық күйінде транспортерге салу. Құю ыдыстарын, тағандарды, құйғыштар мен шығарғыштарды шыңдау және белгіленген орындарға орналастыру. Қорамжәшіктерді қаққылағаннан кейін жұптау және штабельдерге, рольгангаларға, арбаларға, конвейерлерге немесе бөлінген орынға орналастыру. Толтырғыш қоспаны қағымдаудан кейін себу, қайта қазу және ылғалдандыру. Ірі құймаларды қағымдау, топырақта қалыптау. Өзектерінің саны 4 көп орташа құймаларды кранның көмегімен қағымдау механизмдерінде немесе қолмен қағымдау. Топырақта қалыпталған ірі немесе күрделі құймаларды қағымдау. Лекті-жаппай өндірісте конвейерден түсетін қарапайым ұсақ құймаларды қағымдау. Құймаларды рольгангаларға, транспортерлерге, арбаларға немесе платформаларға тией отырып, қағымдаудан кейін кейінгі операцияларға жіберу. Лекті-жаппай өндіріс жағдайында өзектерді құймалардан діріл машиналарында қағымдау.

      Білуге тиіс: бір типті қағымдау механизмдерінің құрылысы, құйғыштар мен шығарғыштарды құймаларды бүлдіріп алмай бөлу тәсілдері, құймаларды салқындату ережесі, өзектердің, қаңқалар мен тоңазытқыштардың қалыпта орналасу орны, құймалар мен қорамжәшіктерді жинақтау және салу ережесі, қолданылатын құралдар, лекті-жаппай өндірісте конвейерден түсетін құймаларды қағымдау тәсілдері мен ережесі, құймалардың қалыптарда суу режимі, көтергіш көлік құралдарының құрылысы, құймаларды ілмектеу тәсілдері, көтеру және орнын ауыстыру тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері

      Құймаларды қағымдау:

      1) Поршеньді және рет-тығын сақиналардың барабандары;

      2) Ішпектер мен мойынтіректердің қақпақтары;

      3) Газ плиталарға арналған ішпектер;

      4) Тығындар;

      5) Ұсақ бөлшектер;

      6) Дөңгелектер, шкивтер;

      7) Тежегіш кебістердің қалыптары;

      8) Үлкен фрезер станоктардың консольдері;

      9) Ауа үрлегіштердің, редукторлардың, су сорғылардың, май сүзгілердің корпустары;

      10) Рамааралық бекіткіштер;

      11) Рессор кронштейндері;

      12) Кеме зәкірлерінің табаны;

      13) Станоктардың патрондары;

      14) Жалғасу басқышы;

      15) Плиталар;

      16) Тіс тегістегіш станоктардың сырғыма тиектері;

      17) Компрессорлардың поршеньдері;

      18) Қазандық секциялары;

      19) Тік және көлденең фрезерлеу станоктарының тұғырлары;

      20) Токарлық-бұранда кескіш станоктардың тұғырлары;

      21) Ортасының биіктігі 200 мм жоғары токарьлық-бұранда кескіш станоктардың алжапқыштары;

      22) Фланецтер;

      23) Фитингілер;

      24) Желдеткіштердің шкивтері;

      25) Диаметрі 400 мм дейінгі мойынтірек қалқандар.

8. Құймаларды қағымдаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі, бірегей, ірі құймаларды, жоғары қоспаланған балқымалардан және қыш қалыптарға құйылған арнайы балқымалардан жасалған құймаларды қағымдау механизмдерінде пневматикалық балғамен және кран немесе тельфердің көмегімен қағымдау. Жұқа қабатты құймаларды қағымдау. Лекті-жаппай өндірісте конвейерден түсетін орташа және ірі құймаларды қағымдау. Құймаларды уақтылы қағымдауды қамтамасыз ету және қағымдау механизмдерінің қалыпты жұмыс істеуін бақылау. Қағымдау торын және басқа да қызмет көрсетілетін механизмдер мен құрылғыларды баптау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті қағымдау механизмдерінің құрылысы, қағымдау алдында құймаларды қалыптау ұстау ұзақтығы, қаққыланатын құймалар температурасының олардың сапасына тигізетін әсері, шойыннан, болаттан және жоғары қоспаланған құймалардан жасалған құймалардың механикалық қасиеттері, қағымдалатын құймалардың номенклатурасы.

      Жұмыс үлгілері

      Құймаларды қағымдау:

      1) Металл кескіш станоктардың алдыңғы және артқы тұғырлары;

      2) Вагондардың шүберін арқалықтары;

      3) Тежегіш барабандар;

      4) Білікті гидропульттерге арналған бөшкелер;

      5) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары;

      6) Құйма арбалардың жақтаулары;

      7) Локомотивтер мен вагондардың букстері;

      8) Көп сатылы күрделі біліктер;

      9) Конвертерлердің мойындары;

      10) Автотіркемелі құрылыс бөлшектері;

      11) Ауыл шаруашылық машиналарының корпустық бөлшектері;

      12) Металл қалыптар, түптер, болатты құюға арналған қосылма жалғамалар мен орталықтағыштар;

      13) Редукторлардың, артқы мосттар мен тіркемелердің картерлері;

      14) Қож таситын шөміштер;

      15) Домна пештеріне арналған конустар мен ыдыстар;

      16) Турбиналардың корпустары;

      17) Бу қыздырғыш қораптар;

      18) Опыру және құю машиналарының мульділері;

      19) Дизельдердің негізгі рамалары;

      20) Рольгангалардың рамалары;

      21) Вагон арбалардың рамалары;

      22) Айқастырмалардың өзектері;

      23) Іштен тегістеу станоктарының, ірі көлденең фрезерлеу станоктарының және илемдеу станоктарының тұғырлары;

      24) Тіс тегістегіш станоктардың тұғыры;

      25) Компрессорлардың тұғырлары мен картерлері;

      26) Тік және көлденең фрезерлеу станоктарының тұғырлары;

      27) Дөңгелектердің күпшектері;

      28) Агломерация фабрикасының қоректендіргіш табақтары;

      29) Компрессорлардың цилиндрлері;

      30) Диаметрі 400 мм астам мойынтіректердің қалқандары.

Гидроқұм бүркуші
9. Гидроқұм бүркуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа құймалар мен шыңдауыштар мен қалыпталған бөлшектерді құм гидравликалық құрылғыда күюден, қабыршықтардан, коррозиядан және коррозиядан қорғайтын қабат қалдығынан тазалау. Тазаланбайтын жерлерді оқшаулау. Өлшемдеріне қатысты қатаң шектері бар ұсақ бөлшектерді тазалау. Шыңдауыштар мен бөлшектерді камераларға тиеу, орналастыру және түсіру. Компоненттерді құм гидравликалық құрылғыларға салу. Біртекті құймаларды іріктеу және оларды үстелдер мен арбаларға салу. Құймаларды, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектерін тазалау процесінде қисайту. Қаңқаларды, рамаларды, ілмектер мен тоңазытқыштарды құймаларды тазалағаннан кейін алып тастау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құм гидравликалық құрылғылар мен қолданылатын көтеріп-тасымалдау құралдарының жұмыс қағидаты, тазалау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері, тазалағыш материалды салу ережесі, құймаларға, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектеріне тазалаудан кейін қойылатын техникалық талаптар, тазалау үшін қажетті су қысымының көлемі, құймаларды, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектерін салу тәсілдері.

10. Гидроқұм бүркуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құймаларды, шыңдауыштар мен қалыптау бөлшектерін гидравликалық камераларда немесе әртүрлі жүйелі құм гидравликалық құрылғыларда күюден, қабыршықтардан, коррозиядан және коррозиядан қорғайтын қабат қалдығынан тазалау. Кемелердің корпусын тотықтан, қабыршақтар мен ескі лак-сыр қабаттан көшпелі гидроқұм бүріккіш аппаратпен тазалау. Гидромониторды, құмгидромониторды, көшпелі гидроқұм бүріккіш аппаратты баптау және реттеу және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қажетті тазалау материалдарын іріктеу және тазалау режимін орнату.

      Білуге тиіс: гидромониторлар мен әртүрлі жүйелі құмгидромониторлардың құрылысы және баптау ережесі, көшпелі гидроқұм бүріккіш аппараттардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, тазаланатын беттің сипатына байланысты тазалағыш материалдар түйіршіктерінің мөлшері.

Гидротазалаушы
11. Гидротазалаушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа құймалардың қабырғаларын, іші мен өзектерін топырақтан, күйіктен және т.б. гидромониторлар мен брандспойттардың көмегімен 12 МПа (120 атм) қысыммен тазалау. Құймаларды гидрокамералардан түсіру. Қаңқаларды, рамаларды, ілмектер мен тоңазытқыштарды құймаларды тазалағаннан кейін алып тастау.

      Білуге тиіс: гидрокамералардың жұмыс қағидаты, ағын қысымын айқындау ережесі, сопло құрылғылары мен тегеурін шлангілерінің құрылысы, құймалар мен өзектердің қабырғалары мен ішінен ескі қоспаны алып тастау әдіс-тәсілдері.

12. Гидротазалаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құймалардың қабырғаларын, іші мен өзегін ескі қоспалардан гидромониторлар мен брандспойттардың көмегімен 12 МПа (120 атм) астам қысыммен тазалау.

      Білуге тиіс: қысымы жоғары гидрокамералар мен сорғылардың құрылысы, орындалатын жұмыс көлеміндегі гидромеханика негіздері, әртүрлі құймаларды гидротазалауға қойылатын техникалық шарттар.

13. Гидротазалаушы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өзектерді қағымдаушы электр гидроқұрылғыны басқару және құйманы қалыптау қоспасының қалдығынан тазалау. Жұмыс режимін таңдау, электродты бакқа түсіру және импульсті тоқ генераторын іске қосу. Құйманы тазалау барысын бақылау-өлшеу аспаптары мен жұмыс режимін автоматты реттеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау. Құрылғыны сөндіру, электродты көтеру және құймасы бар контейнерді (металл қалыпты) электр гидроқұрылғыдан тыс жіберу.

      Білуге тиіс: электр гидроқұрылғының, іске қосқыш және реттегіш құрылғылардың кинематикалық және электр схемалары, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика аспаптарының құрылысы, импульсті тоқ генераторына түсетін жүктеменің шегі, электр жабдықтары жұмысындағы ақаулықтардың себептері және оларды жою тәсілдері, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері.

Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші
14. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары үюшінің басшылығымен шикіқұрам материалдарын шойын пештер мен балқыту пештеріне, қолмен немесе кранның көмегімен үю. Пештік тиеу терезелерінің қалқалағыштарын реттеу. Шикіқұрам материалдарының жарамдылығы мен сапасын сыртқы түрі бойынша анықтау.

      Білуге тиіс: шойын пештер мен балқыту пештерінің жұмыс қағидаты, пештер мен балқыту пештерін толтыру режимі, шикіқұрамдық, толтырушы, тұндырушы және тотықтандырушы материалды, шикіқұрам материалдарының шекті көлемі мен салмағы, пештерге шикіқұрам материалдарын үю тәсілдері, шойын пештегі бос қабаттың көлемі, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.

15. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жалпы сыйымдылығы 40 т дейінгі шойын пештерге, балқыту пештеріне ірі көлемді металмен толтырған кезде шикіқұрам материалдарын автоматты түрде және қолмен үю. Үздіксіз металл балқыту процесінде шикіқұрамды шойын пештерге үю және металл шығару. Шикіқұрамның уақтылы жіберілуін және оның пешке біркелкі түсуін бақылау. Шикіқұрам материалдарын үйген кезде бағаналар мен арықтардың сақталуын бақылау. Үю материалдарының жұмысындағы шағын ақаулықтарды жою. Үю машиналарын жөндеуге қатысу.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті шойын пештері мен балқыту пештерінің, қызмет көрсетілетін үю машиналарының және оны басқару аспаптарының құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, барлық шикіқұрамдық және толтырушы материалдардың атауы және оларды сыртқы түрі бойынша ажырату, шикіқұрам материалдарын толтыру кезегі, жүктерді кранмен тасымалдау ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері, үю машиналарының механизмдерін майлау кезеңділігі.

16. Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жалпы сыйымдылығы 40 т астам балқыту пештеріне шикіқұрам материалдарын автоматты түрде және үю машиналарының көмегімен үю. Үю машинасы механизмдерінің және оның электр жабдықтарының жұмысын бақылау, оның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      Білуге тиіс: үю машиналарының құрылысы және кинематикалық схемасы, олардағы аспаптардың орналасуы, жұмыс қағидаты, артылған мульділердің шекті көлемі, балқытылатын металдың тиісті маркасына арналған шикіқұрамның құрамы, шикіқұрамның жекелеген элементтерінің металл мен құйманың қасиеттеріне тигізетін әсері.

Құймаларды пісіруші
17. Құймаларды пісіруші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқытып қаптау, қабыршықтарын, жарықтарын эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу және механикалық өңделмейтін құймаларды пісіру арқылы ақаулықты жою. Құйманың жетіспейтін бөліктерін пісіруге арналған қалыптарды жасау. Құймаларды қыздыруға болмайтын жерлері мен бөліктерін оқшаулай отырып, қыздыру. Біліктілігі анағұрлым жоғары құймаларды пісірушінің басшылығымен механикалық шабуға болатын құймаларды балқыту және пісіру. Құймалар мен пісірілген жерлерді салқындатуды реттеу.

      Білуге тиіс: шойынның құйылу және механикалық қасиеттері, шайырдың түрлері мен қасиеттері, сұйық металл мен балқытуға арналған шайырдың температурасы, пісірілетін жерге қойылатын талаптар, құймаларды сұйық шойынмен балқыту және пісірудің негізгі тәсілдері, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу тәсілдері, құймаларды ілмектеу, көтеру және орнын қауыстыру тәсілдері, құйғыштар мен құйғыш науалардың құрылысы.

18. Құймаларды пісіруші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен және плазмалық бүрку арқылы бітеу, салмағы 20 т дейінгі, механикалық өңделетін және қалыңдықтары әртүрлі шығыңқы бөліктері бар құймаларда пісіре отырып, ақаулықтарды түзету. Құймалар мен балқытылған жерлерді қыздыру және салқындату.

      Білуге тиіс: құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен бітеу тәсілдері, шойынның құйылу және механикалық қасиеттері, шайырдың қасиеттері, қыздыру және балқыту кезінде құймаларда пайда болатын ішкі кернеу, оны жою шаралары, құйманың қыздыруға болмайтын жерлерін оқшаулау тәсілдері, пісірілген күрделі құймаларды қыздыру, салқындату және күйдіру әдістері мен режимі.

19. Құймаларды пісіруші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды сұйық шойынмен балқыту, қабыршықтарды, жарықтарды эпоксидті және басқа да шайырмен және плазмалық бүрку арқылы бітеу, салмағы 20 т астам, механикалық өңделетін және жұқа шығыңқы бөліктері мен қалыңдығы әртүрлі қабырғалары бар құймаларда пісіре отырып, ақаулықтарды түзету. Металл қабылдағыштарды, сұйық металды құюға арналған құйғыштар мен құю науаларын жасау. Құймаларды толық және балқытылған жерлерді жеке қыздыруды және салқындатуды реттеу.

      Білуге тиіс: аса күрделі балқытылған құймаларды қыздыру, салқындату және күйдіру режимдері, құймалардың балқытуға даярлығын және сұйық металл мен шайырдың жарамдылығын анықтау тәсілдері.

Металл құюшы
20. Металл құюшы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Кран және сыйымдылығы 0,3 т дейінгі қол шөміштерден шойынды, болат немесе сұйық түсті металды күрделі емес және қалыптарға, металл қалыптарға немесе қабырғасы қалың тұрақты металл қалыптарға құю. Шөміштерді, металл қалыптар мен басқа да құю құрылғыларын құюға дайындау. Жерде конвейерде белгіленген жылдамдықпен қалыптау кезінде әртүрлі өлшемді жакеттерді кигізу және шешу. Құйылатын металдың температурасын бақылау. Сыйымдылығы 5 т дейінгі кран шөміштерден құймаларды құйған кезде жұмыстарды көмекші ретінде орындау. Сұйық металдың жарамдылығын сыртқы белгілері және оны құю кезіндегі жобалық температурасы бойынша анықтау.

      Білуге тиіс: шағын крандардың, науалар мен құйғыштардың құрылысы, құйылатын металдардың құйғыштық қасиеттері, қалыптарға құю ережесі және жүктерді қалыптарға орнату және жакеттерді қалыптардан алудың тиімді тәсілдері, қолданылатын металл қалыптардың, қосылма жалғамалардың, сифондар мен аралық шөміштердің құрылысы, науалар мен құйғыштарды футерлеу және бояуда қолданылатын материалдар, металл қалыптарды сырлауда қолданылатын бояулардың құрамы, көтергіш көлік құралдарын пайдалану тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері

      Металды қалыптарға құю:

      1) Мост крандардың жүгіртпелері;

      2) Диаметрі 500 мм дейінгі арқанды, кран және тізбекті блоктар;

      3) Ішпектер және диаметрі 150 мм дейінгі және ұзындығы 200 мм дейінгі мойынтірек қақпақтар;

      4) Салмағы 300 кг дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар;

      5) Локомотивтердің тежегіш қаңқа қаптамалары;

      6) Диаметрі 500 мм дейінгі бу сорғылардың цилиндр қақпақтары;

      7) Медициналық жабдықтардың иықұстағыштарының корпустары;

      8) Диаметрі 1000 мм дейінгі тегершіктер мен шкивтер;

      9) Кертпегі жоқ қорамжәшік;

      10) Мәнерлі келтеқұбырлар, бедерлі цилиндрлер, екі роульсті кипа планкалар, зәкірлер, клюздер, кнехттер;

      11) Қозғалмалы құрамның арматураланған мойынтірегі;

      12) Қозғалмалы құрамның өкшеліктері;

      13) Диаметрі 400 мм дейінгі мойынтірек қалқандар

21. Металл құюшы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Шойынды, болат немесе сұйық түсті металды сыйымдылығы 5 т дейінгі крандық шөміштерден қалыптар мен металл қалыптарға құю. Сыйымдылығы 0,3 т дейінгі қол және крандық шөміштерден күрделі қалың қабатты құймаларды қалыптарға құю. Металды қарапайым және күрделілігі орташа қалыптарға құю, рольгангаларға, қозғалмалы конвейерге және күрделі үлкен кокильдерге орнату. Көміртекті балқымаларды шөміштердің балқытылатын үлгілері бойынша қолмен бөліп құю. Металл қалыптарды құю арнасына орнату және металл қалыптан құйманы алу. Бөліп құятын электр арбаның көмегімен сұйық металды тарату. Шойынды шөміште немесе науада біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен әртүрлі компоненттерді тұндыру арқылы түрлендіру және қоспалау.

      Білуге тиіс: қолданылатын крандар мен қолмен құю шөміштерінің, оқбақырлардың құрылысы және олардың сыйымдылығы, металл қалыптар мен көтеріп тасымалдау механизмдерінің құрылысы, металды қалыптар мен металл қалыптарға бөліп құю кезінде бөліп құятын электр арбаны басқару тәсілдері, шойынды шөміште немесе науада түрлендіру және қоспалау тәсілдері, құю кезінде металды тотықтандыру және шөміште ұстау ережесі, құймалардың, шығарғыштардың, қосылма мен қож ұстағыштардың мақсаты және қалыпта дұрыс орналасу қағидаты, қалыптарға құю тәсілдері және жакеттерді кигізу және шешудің тиімді тәсілдері, тұрақты металл қалыптарды құю ерекшеліктері, түрлендірілген шойынды ұстау және құю уақыты.

      Жұмыс үлгілері

      Металды қалыптарға құю:

      1) Диаметрі 500 мм астам арқанды, кран және тізбекті блоктар;

      2) Қозғалмалы құрамның букстері;

      3) Ішпектер және диаметрі 150 мм астам және ұзындығы 200 мм астам мойынтірек қақпақтар;

      4) Тұқым сепкіштің тістері;

      5) Салмағы 300 кг астам құймаларға арналған металл қалыптар;

      6) Мост крандардың қозғалғыш дөңгелегі;

      7) Автотіркегіштердің фрикционды аппараттарының корпусы;

      8) Алдыңғы және артқы тұғырдың, беріліс жәшігінің, алжапқыштың, металл кескіш станоктардың кареткасының корпусы;

      9) Жылу қазандықтары (қазандықтар секциясы);

      10) Тұқым сепкіштердің айқастырмасы;

      11) Бу машиналары мен сорғыларының диаметрі 500 мм астам цилиндрлерінің қақпақтары;

      12) Диаметрі 1000 бастап 2000 мм дейін тегершіктер мен шкивтер;

      13) Құйғыш машиналардың мульділері;

      14) Кертпегі бар қорамжәшіктер;

      15) Тіс табанның күпшегі;

      16) Су құбырлары;

      17) Шлакты ағызуға арналған ыдыстар;

      18) Диаметрі 400 бастап 1000 мм дейінгі мойынтірек қалқандар.

22. Металл құюшы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 5 т астам бір немесе екі кран шөміштерден шойынды, болат немесе сұйық түсті металды күрделі құма қалыптарға, металл қалыптарға құю. Металды қалыптарға құю, рольгангаларға, қозғалмалы конвейерге, күрделі тұрақты металл және құм қалыптарға орнату немесе қоспаланған және көп қоспаланған болатты металл қалыптар мен кокильдерге бөліп құю. Құюға арналған көп қоспаланған және ыстыққа берік балқымаларды балқытылған үлгілерге шөмішпен қолмен құю. Құйғыш шөміштер мен құю жүйесінің құюға даярлығын тексеру. Қалыптарға құйылатын металдың температурасын белгілеу. Құймалардың сапасын бақылау.

      Білуге тиіс: металдың құйылатын қалыптарға сыйымдылығы, әртүрлі маркалы металды әртүрлі қалыптарға құю процесі, қалыптарды құрастыру ережесі, құймалардың, шығарғыштар мен қосылмалардың құрылысы және орналасуы, газды қалыптар мен өзектерден шығару тәсілдері, қалыптарды бекіту ережесі, металдарды әртүрлі қалыптарға құю температурасы мен жылдамдығы және олардың құйманың сапасына тигізетін әсері.

      Жұмыс үлгілері

      Металды қалыптарға құю:

      1) Илемдеу станоктарының сумен салқындатылатын арқалықтары;

      2) Дизельдер цилиндрлерінің блоктары;

      3) Паровоз цилиндрлерінің блоктары;

      4) Иінді білік;

      5) Автотіркегіштің бастары;

      6) Конверторлардың мойны;

      7) Ауылшаруашылық машиналардың корпустық бөлшектері;

      8) Сорушы және шығарушы коллекторлар;

      9) Ірі редукторлардың корпустары;

      10)Турбиналар мен сорғылардың корпустары;

      11) Жұқа қабатты құйма;

      12) Гидротурбиналардың қалақтары;

      13) Екі-үш қатар сымы бар, диаметрі 2000 мм астам тегершіктер шкивтер;

      14) Үю машиналарының мульділері мен тұмсығы;

      15) Комбайндардың кесуші аппаратының саусақтары;

      16) Турбиналардың келтеқұбырлары;

      17) Барлық типті автомобильдердің поршеньдері;

      18) Жылу радиаторлары;

      19) Дизель рамалары;

      20) Ірі станоктар мен илемдеу станоктарының тұғыры;

      21) Мойынтірек тіректері;

      22) Комбайндардың күпшектері;

      23) Ірі станоктардың маңдайшалары мен жылжымалары;

      24) Диаметрі 1000 мм астам мойынтірек қалқандар.

Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы
23. Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ және қарапайым бөлшектерді, қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған бұйымдарды құю. Мойынтіректерден жасалған балқымалар мен басқа да бөлшектерді кесек етіп құя отырып балқыту. Бөлшектер мен бұйымдарды қорғасын-қалайы балқымалармен құюға дайындау. Құйылатын бөлшектердің бетін қалайылау және мырыштау.

      Білуге тиіс: бір типті құю пештері мен оқбақырлардың құрылысы, ұсақ және қарапайым бөлшектерді қорғасыннан құю, құйылатын беттерді қалайылау, бөлшектерге құрамында қорғасыны бар құйманы құю процессі, қалайылау және құюға арналған бөлшектерді қыздыру температурасы, құрамында қорғасыны бар құйманы балқыту процесі және оны кесек етіп құю, бөлшектер мен бұйымдарды қорғасын-қалайы балқымалармен құюға дайындау процессі.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Тығыздама сақиналар, қорғасын балға, пломбалар - құю;

      2) Ауыспалы біліктердің мойынтіректері - құю

24. Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі бөлшектерді, қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған бұйымдарды құю. Болат таспаға баббит құйғыш агрегатта біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен қорғасын баббитпен құю. Болат таспа мен бөлшектерге баббит құюға дайындау. Баббит құйғыш агрегатқа қызмет көрсету. Баббит құйғаннан кейін таспаны фрезерлеу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балқыту пештері мен баббит құйғыш агрегаттың құрылысы, болат таспаны баббит құюға дайындау процессі және болат баббит таспаға қойылатын техникалық шарттар, қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған күрделігі орташа, күрделі және ірі бөлшектер мен бұйымдарды құю процесі.

      Жұмыс үлгілері

      Құю:

      1) Тірек және таяныш мойынтіректердің ішпектері мен жастықтары – ұсақ көздер мен қабыршақтарға құю;

      2) Паровоз сырғымасының ішпектері;

      3) Дизельдердің бұлғақ және түпкі мойынтіректерінің ішпектері;

      4) Бу қазандықтарының бақылау тығындары.

25. Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қорғасын-қалайы балқымасынан жасалған күрделі бөлшектерді құю. Болат таспаға баббит құйғыш агрегатта қысыммен қорғасын баббит құю. Қорғасын баббит дайындау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті балқыту пештері мен баббит құйғыш агрегаттарының құрылысы мен кинематикалық схемалары, күрделі бөлшектерді қорғасын-қалайы балқымамен және болат таспаны қорғасын баббитпен құю пpоцесі, құрамында қорғасын бар әртүрлі маркалы баббит пен балқымалардың құрамы мен қасиеттері, қара және түсті металдардың қасиеттері, қорғасын баббит дайындау ережесі, баббит пен оның құрамындағы элементтерді балқыту режимі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Эксцентpик біліктер - құю;

      2) Ішпектер мен мойынтірек жастықтары - баббитті қолмен құю;

      3) Тірек және таяныш мойынтіректердің ішпектері - баббит құйғыш агрегатта машинамен құю;

      4) Бу, гидравликалық турбиналардың және кpекинг-сорғылардың ішпектері - құю;

      5) Бу турбиналарының бугельдерінің қаптамасы - құю;

      6) Ұнтақтағыштың конусы - құю;

      7) Қозғалғыш құрамның бурс, моторлы-осьтік және оталғыш мойынтіректер - тозған баббитті қорыту және жаңасын құю;

      8) Тірек мойынтіректердің жастықтары - баббит құю;

      9) Май-бұранда сорғылардың тысы - құю.

Жер өңдеуші
26. Жер өңдеуші 1-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша қалыптау және негізгі қоспаларды жүгіртпелерде немесе қолмен біліктілігі анағұрлым жоғары жер өңдеушінің басшылығымен дайындау. Ұнтақталған материал мен құмды механикалық және қол електерде елеу. Қоспаның тасымалдауыштардан бункеpлерге берілуін реттеу. Қалыптау қоспасының жұмыс орындарына жеткізу. Қалыптау және негізгі қоспаларға арналған материалдарды жүгіртпелерге жеткізу және арту. Сульфит сілтісін, гpафит пастасын, желімді, бояуды, бекіткіштер мен бояуға арналған әртүрлі құрамдарды дайындау және өзектер мен қалыптарды түзетуге арналған материалдарды дайындау.

      Білуге тиіс: қалыптау және негізгі қоспалардың құрамына кіретін материалдардың мақсаты, қалыптау және негізгі қоспаларға қойылатын негізгі талаптар, механикалық және қол електерде, ауа жіктегіштерде жұмыс істеу ережесі, қалыптау материалдарын араластыруға арналған қызмет көрсетілетін механизмдерді басқару ережесі, сульфит сілтісін, гpафит пастасын, желімді, бояуды, бекіткіштер мен әртүрлі құрамдарды дайындауда қолданылатын материалдардың атауы, оларды сақтау және пайдалану ережесі.

27. Жер өңдеуші 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша қалыптау және негізгі толтырушы, қаптаушы, жылдам кебетін және толысқан өздігінен қатаятын қоспаларды жүгіртпелерде немесе қолмен дайындау. Қалыптау және қаптау қоспаларын бункерлерге бөліп салу. Сульфит сілтісін, гpафит пастасын, желімді, бояуды, бекіткіштер мен бояуға және өзектер мен қалыптарды түзетуге арналған әртүрлі құрамдарды қолмен немесе машинаның көмегімен пісіру.

      Білуге тиіс: бір типті қоспа дайындағыш машиналардың, тасымалдауыштардың, іске қосу машиналарының, құралдардың және түсіріп тастайтын механизмдердің жұмыс қағидаты және мақсаты, әртүрлі бояулар мен пасталарды дайындау жөніндегі жабдықтардың құрылысы және жұмыс қағидаты, қалыптау қоспасының физикалық қасиеттері, pецептуpасы мен дайындау ережесі, қалыптау қоспасының құю сапасына тигізетін әсері, құю қалыптары мен ірі өзектерді жылдам жасауға арналған жылдам кебетін және толысқан өздігінен қатаятын қоспаларды дайындау тәсілдері, әртүрлі қалыптау және негізгі бояулар мен пасталардың физикалық қасиеттері, pецептуpасы, мақсаты мен дайындау ережесі.

28. Жер өңдеуші 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецепт бойынша қалыптау және толысқан өздігінен қатаятын, негізгі қоспаларды және құю өндірісіндегі басқа да материалдарды әртүрлі жүйелі қоспа жасағыш машиналарда дайындау. Қалыптау қоспаларын белгіленген технологиялық процесс бойынша қайта қалпына келтіру. Қалыптау материалдары мен дайын қалыптау және өзекті қоспаларды тасымалдаушылар мен элеваторлар арқылы жіберу. Қалыптау машиналары мен қалыптаушылар мен өзекшенің жұмыс орнының қалыптау қоспаларымен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылау. Контейнерлерді ілмектеу, әртүрлі жүктерді оларды көтеру және тасымалдау үшін бір-бірімен байланыстырып байлау.

      Білуге тиіс: қоспа жасағыш машиналардың, тасымалдағыштардың, іске қосу құралдары мен түсіргіш механизмдердің құрылысы, өзектер мен қалыптарды жасауда қолданылатын әртүрлі қалыптау және өзекті қоспасының физикалық қасиеттері, pецептуpасы мен дайындау ережесі және олардың сапасына қойылатын талаптар, қалыптау қоспасының ылғалдығын, газ өткізгіштігін, беріктігі мен түйіршіктігін сынау тәсілдері.

Қаңқа жасаушы
29. Қаңқа жасаушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа қаңқаларды, ілмектер мен рамаларды жасау. Шаблондар, эскиздер мен өзекті жәшіктер бойынша күрделілігі орташа бедерлі қаңқаларды кеспелтектерге келтіре отырып жасау. Қалыптар мен өзектерге арналған әртүрлі тоңазытқыштарды жасау. Бұрын қолданылған қаңқаларды пайдалана отырып, қажетті материалдарды таңдау.

      Білуге тиіс: күрделілігі орташа өзекті жәшіктердің құрылысы, күрделі құралдар мен құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары, қаңқаларды, шыбықтар мен сымдарды түзету, кесу және майыстыруға арналған механизмдердің құрылысы және жұмыс қағидаты, өзектерді жасау тәсілдері, әртүрлі қималы шыбықты материалдарға арналған шекті жүктеме, өзектерді бекітуде қолданылатын қаңқалар мен басқа да құрылғыларды жасау тәсілдері, қалыптардағы өзектерді бекіту тәсілдері, тіреушіктерге қойылатын талаптар.

      Жұмыс үлгілері.

      Қаңқаларды дайындау:

      1) Тракторлардың көлденең және алдыңғы арқалықтары;

      2) Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндpі блоктарының басы;

      3) Инжектоpлар мен клапандардың қозғалтқыштары;

      4) Бұрма ауыстырғыштардың бөлшектері;

      5) Беріліс қорабының коpпусы;

      6) Турбиналардың коpпусы;

      7) Арматуралардың қақпақтары, гидpавликалық қораптар, арнасы бар жұмыс дөңгелектері, иірімдердің коpпусы, дейдвуд тығындар;

      8) Тракторлардың артқы мосттары;

      9) Автомобильдің құйылатын pадиатоpының келтеқұбырлары;

      10) Буфеp стакандар;

      11) Қозғалмалы құрамның қос дөңгелектерінің ортасы;

      12) Диаметpі 1500 мм дейінгі тістегіштер.

30. Қаңқа жасаушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Көп қабатты және жиналмалы қаңқаларды және күрделі пішінді ірі өзектерге арналған рамаларды шаблондар, эскиздер мен өзек қораптары бойынша жасау. Бұрын қолданылған қаңқаларды орнату. Қаңқаларды шаблондар бойынша тексеру және оларды құрылғыларда істеп бітіру. Күрделі қаңқаларды жөндеу.

      Білуге тиіс: күрделілігі мен мөлшері әртүрлі өзекті қораптар мен шаблондардың құрылысы, өзекті қораптар ажырату тәсілдері, өзекті қораптар мен шаблондардың алмалы-салмалы бөлігінің мақсаты, өзектерді қалыптарға орнату тәсілдері, қаңқалар мен тоңазытқыштарға қойылатын талаптар, қол электрлік доғал дәнекерлеу тәсілдері, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы мен қолданылу тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Қаңқаларды жасау:

      1) Көп жүк көтергіш көпірлі крандардың шығырларының барабандары;

      2) Алты цилиндрлі дизельдердің блоктары;

      3) Құйма арбалардың рамаларының жақтаулары;

      4) Букстер, сырғымалар, цилиндpлер;

      5) Жүк автомобильдерінің артқы мост картерлері;

      6) Жүк автомобильдерінің артқы мост pедуктоpларының картерлері;

      7) Дизельдердің коллектоpлары;

      8) Сорғылардың коpпустары, қалтасы бар орағыштар, боpт pастpубтары, моpтиpлер, бpашпиль жұлдыздары;

      9) Қозғалмалы құрамдардың мойынтіректері;

      10) Соққы нығыздауыштардың стаканы;

      11) Бірнеше бетте майыстырылған үштіктер;

      12) Диаметpі 1500 мм астам тістегеріштер.

Кокильші-құрастырушы
31. Кокильші-құрастырушы 1-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Шағын көлемді қарапайым кокильдерді құрастыру және құюға дайындау. Металл қалыптарды тазалау, майлау және сақтандыру қабатын жағу. Құймаларды кокильден алу. Қож бен металл қалдықтарын тазалау. Күрделілігі орташа кокильдерді құрастыру бойынша жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары кокильшінің басшылығымен орындау.

      Білуге тиіс: қарапайым кокильдерді құрастыру ережесі, металл қалыптарға сақтандыру қабатын жағудың мақсаты және ережесі, балқытылған металдың кокиль қабатына тигізетін әсері, металл қалыптардың жекелеген бөліктеріне жағылатын бояу қабатының қалыңдығы.

32. Кокильші-құрастырушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Көлемі мен күрделілігі орташа кокильдерді бес өзекке дейін бекіте отырып құюға құрастыру. Кокиль қол станогын құюға дайындау. Құю жүйесін дайындау. Күрделі ірі көлемді кокильдерді құрастыру бойынша жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары кокильшінің басшылығымен орындау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін кокиль станогының жұмыс қағидаты, өзектерге қойылатын талаптар, құйылатын металдардың құйғыштық қасиеттері және шөгу мөлшері, қабат бояуының құрамы және оны кокильдерге жағу әдісі, кокильге құйылатын металл темпеpатуpасы және оны құйған кезде және суыту кезеңінде қалыптарда болатын процестер.

      Жұмыс үлгілері.

      Кокиль құрастыру:

      1) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндpлерінің тығындары;

      2) Дизель картерлерінің корпустары;

      3) Дизельдердің май сорғыларының корпусы;

      4) Шкивтер мен тегершіктер.Жұмыс сипаттамасы. Ірі көлемді, күрделі тұрақты металл қалыптарды бестен бастап сегіз өзекке дейін бекіте отырып, құю арқылы құрастыру. Кокиль машинасын құюға дайындау. Ірі кокильдерді құя отырып әртүрлі тәсілдермен бекіту. Кокиль машинасының жекелеген тораптарын шағын жөндеу. Кокиль машиналарын баптау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін кокиль машиналары мен көтеріп-тасымалдайтын машиналардың құрылысы мен баптау тәсілдері, тұрақты металл қалыптарды құюдың ерекшеліктері, кокильдерді бояу және бояу дайындау тәсілдері, кокильді құю кезінде сұйық металдың өзектерге тигізетін әсері.

      Жұмыс үлгілері.

      Кокиль құрастыру:

      1) Арнайы аз магнитті толық салмақты балласт (өзектерінің саны 5-8);

      2) Электpотельфеpлердің барабандары;

      3) Қозғалтқыштар цилиндpлерінің блоктары;

      4) Электpотельфеpлердің қозғалғыш дөңгелектері;

      5) Металл қалып астындағы салмағы 2,5 т дейінгі тұғырық;

      6) Комбайндарға арналған дөңгелектердің күпшектері.

34. Кокильші-құрастырушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Ірі көлемді, күрделі тұрақты металл қалыптарды сегізден астам өзекті орнатып және бекіте отырып, құю арқылы құрастыру. Кокильдердің, кокиль машиналардың техникалық жағдайы мен құймалардың сапасын бақылау. Кокиль машиналарды баптау және жөндеуге қатысу.

      Білуге тиіс: әртүрлі модельді кокиль машиналарының құрылысы, кинематикалық схемалары және баптау ережесі, күрделі кокильдерді құрастыру пpоцесі, металдардың балқу және механикалық қасиеттері.

      Жұмыс үлгілері.

      Кокиль құрастыру:

      1) Арнайы аз магнитті толық салмақты балласт (өзектерінің саны 8 астам);

      2) Компpессоpлардың қақпақтары;

      3) Арнайы болаттан құйылған құймалар, тұтқалар, таpелкалар,

      4) Металл қалып астындағы салмағы 2,5 т астам тұғырық;

      5) Жылжымалар мен көлденең және тік жоңғылау станоктарының үстелдері.

35. Кокильші-құрастырушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Пневматикалық және гидравликалық сынаққа түсетін немесе дефектоскоп әдісімен бақыланатын жұқа қабатты құймаларды құю үшін күрделі және ірі кокильдерді құрастыру. Алмалы-салмалы бөліктерінің саны көп кокильдерді күрделі жер және металл өзектерді орната отырып құрастыру және құрастырылған кокильдерді әртүрлі тәсілдермен тексеру. Аса күрделі кокильдерді қыздырудың жылу режимін әртүрлі жылытқыш құралдардың көмегімен сақтау.

      Білуге тиіс: кокильдерде күрделі құймаларды жасау процессі, қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі күрделі пішінді құймаларды біркелкі салқындатуды қамтамасыз ететін кокильдерді қаптау қабатын жағу тәсілдері және қажетті қалыңдығы, күрделі кокильдерді қыздыру ережесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Кокильдерді құрастыру:

      1) Ауамен суытылатын моторлардың бастары;

      2) Компpессоpлардың корпусы.

Үлгілерді жинақтаушы
36. Үлгілерді жинақтаушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Шағын көлемді, қарапайым пішінді алмалы-салмалы бөліктерінің саны екіден аспайтын үлгілерді, өзекті қораптар мен өзектерді жинақтау. Жинақталатын үлгілердің жарамдылығын тексеру. Үлгілер мен өзекті қораптарды жинақтауға қатысты құжаттарды ресімдеу. Анағұрлым күрделі үлгілер мен өзекті қораптарды біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілерді жинақтаушының басшылығымен жинақтау.

      Білуге тиіс: қарапайым үлгілер мен өзекті қораптардың құрылысы, жинақтың құрамын кіретін үлгілердің, өзекті қораптар мен шаблондардың тізбесі, қарапайым бақылау-өлшеу құралының мақсаты мен қолданылу шарттары, үлгілердің жинақтарын орап салу және тасымалдау ережесі.

37. Үлгілерді жинақтаушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Орташа көлемді, күрделі пішінді үш-төрт алмалы-салмалы бөліктері бар үлгілерді, өзекті қораптар мен өзектерді жинақтау. Олардың мөлшерін сызбалар мен эскиздер бойынша тексеру. Жинақталатын үлгілердің жекелеген бөліктеріне жазуларды, нөмірлерді және басқа да белгілерді жазу. Үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды жинақтауға қатысты құжаттарды ресімдеу. Контейнерлерді ілмектеу, әртүрлі жіктерді оларды көтеру және тасымалдау үшін бір-бірімен байланыстырып байлау.

      Білуге тиіс: орташа көлемді, күрделі пішінді мен өзекті қораптардың және олардың алмалы-салмалы бөліктерінің құрылысы, жинақталатын үлгілерге қойылатын талаптар, үлгілер мен өзекті қораптардың түсі мен таңбалануының шартты белгіленуі, қарапайым және орташа күрделі бақылау-өлшеу құралының құрылысы, үлгілеу ісінің негіздері.

38. Үлгілерді жинақтаушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі, алмалы-салмалы бөліктерінің саны төрттен астам үлгілерді, өзекті қораптар мен өзектерді жинақтау және олардың мөлшерін сызбалар мен эскиздер бойынша тексеру. Үлгілерді жинақтау бойынша есеп жүргізу. Үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды жөндеу үшін іріктеу.

      Білуге тиіс: жинаққа кіретін үлгілердің, өзекті қораптар мен өзектердің құрамдас бөліктері, үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды салу және тасымалдау ережесі, күрделі және нақты бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары, үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды қоймалар мен жұмыс орындарында жіберу және қабылдау ережесі, орындалатын жұмыс ауқымындағы модель ісі.

Құю өндірісіндегі бақылаушы
39. Құю өндірісіндегі бақылаушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды, құрастырылған қалыптарды өзектердің дұрыс орнатылғанын, құймалардың, шығарғыштардың қосылмалары, газ ұстағыштарды, сондай-ақ өзекті қораптарының саны аз, қарапайым пішінді, қарапайым ағаш және металл үлгілердің, қалыптау шаблондарының орны мен қимасын сызбалар мен эскиздер, үлгілер бойынша тексере отырып бақылау және қабылдау. Бастапқы қалыптау және өзекті материалдардың сынамаларын, балқымалардың үлгілерін талдау үшін алу. Металл қалыптардың, түптердің сапасын және таңбалауды ауыстырудың дұрыстығын бақылау; құймалардың бетіндегі ақаулықтарды жою. Оңай балқитын материалдардан жасалған қарапайым бұйымдарға арналған өзектер мен үлгілерді бақылау және қабылдау. Бастапқы қалыптау және өзекті материалдардың және тексерілетін үлгілердің қорамжәшікте және жерде қалыптау жұмысын орындау үшін жарамдылығы мен техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау. Ағаштың кемшіліктері мен оның үлгілер мен өзекті қораптарды жасауға жарамдылық дәрежесін сыртқы түрі бойынша анықтау. Қалыптау және өзекті қоспаның газ өткізгіштігі мен ылғалдығын бақылау. Қарапайым үлгілер мен кокильдерді сызбасы бойынша белгілеу. Үлгілер мен өзекті қораптарды таңбалау.

      Білуге тиіс: қолданылатын дайын өнімге және негізгі материалдарға қойылатын техникалық талаптар, моделі, тақташалары мен шаблондары бойынша, жерде құрғақтығы мен ылғалдығы бойынша, қос көп алмалы-салмалы қорамжәшіктерде қалыптау тәсілдері, металдың құйылатын маркаларының номенклатуpасы, қалыптарды толтыру тығыздығы және кептіру дәрежесі, қолданылатын металл қалыптардың түрлері, қарапайым үлгілер мен өзекті қораптарды жасау тәсілдері, сызбаларда желілі шөгуге, механикалық өңдеуге әдіптердің белгіленуі және әдіптердің мөлшері, шақтамалар мен квалитеттер туралы негізгі түсінік, таңбаланудың шартты белгіленуі, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.

      Жұмыс үлгілері.

      Бақылау және қабылдау:

      1) Диаметpі 1000 мм дейінгі және ұзындығы 1500 мм дейінгі кран барабандары және кран асты жүгіртпелері;

      2) Тұрмыстық астаулар;

      3) Диаметpі 500 мм дейінгі тығындар;

      4) Кескіндерге, тұтқа саптарға арналған ұстағыштар және кілттер;

      5) Салмағы 25 т дейінгі құймаларға арналған металл қалып;

      6) Металл кескіш құрал – бұрғы, қашау, ұңғы;

      7) Дөңгелектер мен жиегі тегіс тістегеріш;

      8) Мойынтіректердің коpпусы;

      9) Диаметpі 1500 мм дейін және диаметpі 300 мм дейінгі қисық сымы бар тегершіктер мен шкивтер;

      10) Үйінді мульділер;

      11) Қорамжәшіктер;

      12) Үштіктер мен буын;

      13) Диаметpі 500 мм дейінгі құйма тістері бар тістегершік.

40. Құю өндірісіндегі бақылаушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым өзекті қораптары мен алмалы-салмалы бөліктері бар, көлемі мен күрделілігі орташа ағаш және металл үлгілерді қағымдау және кескеннен кейін ірі құймаларды, белгілердің, ағытпалар мен алмалы-салмалы бөліктерінің дұрыс орналасқандығын тексере отырып, бақылау және қабылдау. Оңай балқытылатын массаны, қаптамалар мен жартылай қалыптарды бақылау және қабылдау. Үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды қалыптау тәсіліне байланысты тексеру. Құйма сапасының техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау. Технологиялық нұсқаулықтардың сақталуын бақылау. Қысыммен құйылған түсті металдардан, құймалар мен пластмассадан жасалған күрделі бөлшектерді бақылау. Қарапайым үлгілер мен кокильдерді сызбалар бойынша белгілеу. Үлгілер мен өзекті қораптарды таңбалау. Қабылданған және жарамсыз етіп тасталған өнімдердің саны мен сапасы бойынша есеп және есептілік жүргізу.

      Білуге тиіс: құймаларға, құю материалдарына, күрделі үлгілер мен өзекті қораптарға қойылатын техникалық шарттар, күрделілігі орташа бөлшектерді қолмен және машинамен қалыптаудың технологиялық пpоцесі және оларды құю тәсілдері, негізгі типті құю және электр құю пештерінің жұмыс қағидаты, тізбекті шөгу және механикалық өңдеу әдіптерінің өлшемдері және оларды механикалық өңдеу, металдар мен материалдардың маркасы және олардың механикалық қасиеттері, кокильдерге және қаптама қалыптарға балқытылатын үлгілер бойынша құюдың ерекшеліктері, қолданылатын үлгілер мен өзекті қораптарды жасаудың технологиялық пpоцесі, бақылау-өлшеу аспаптарының, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылысы мен қолданылу шарттары.

      Жұмыс үлгілері.

      Бақылау және қабылдау:

      1) Диаметpі 1000 мм астам және ұзындығы 1500 мм астам кран барабандары;

      2) Тежегіш баpабандар, су құбырлары, айқастырмалар, су сорғылардың қоныштары;

      3) Диаметpі 500 мм астам тығындар;

      4) Салмағы 25 т астам құймаларға арналған металл қалыптар;

      5) Қозғалтқыштардың картерлері;

      6) Шығарынды және сорушы қозғалтқыштардың коллектоpы;

      7) Клапандардың, қаптамалардың коpпустары, күрделілігі орташа кpонштейндер – құймаларды бақылау және қабылдау;

      8) Қақпақтар, қораптар; стакандар;

      9) Диаметpі 300 мм астам қисық сымдары бар тегершіктер;

      10) Түзу сымдары бар тегершіктер мен диаметpі 1500 мм астам шкивтер;

      11) Қуаты 1472 кВт (2000 л.с.) дейінгі дизельдердің фундаменттік рамалары;

      12) Тік және бедерлі кескіш;

      13) Шыңдау машиналары мен салмағы 15 т дейін металл өңдейтін станоктардың тұғыры;

      14) Агломеpациялық машиналардың палеттері;

      15) Күрделілігі орташа тарелкалар мен қаптамалар – бақылау және құймаларды қабылдау;

      16) Құбырлар;

      17) Диаметpі 500 мм астам құйма тісті тістегершік;

      18) Зәкірлер, айнала аққыш, кнехттер, бөлгіш қораптар, редукторлардың коpпустары мен қақпақтары.

41. Құю өндірісіндегі бақылаушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдардан жасалған күрделі және ірі құймаларды, алмалы-салмалы бөліктері бар ағаш және металл үлгілер мен өзекті қораптарды сызбалар, техникалық шарттар және эскиздер бойынша бақылау және қабылдау. Металды қорыту кезінде технологиялық процестердің сақталуын бақылау. Әртүрлі жоңғылау және ұсталық жұмыстарға арналған модель шаблондарын қабылдау және тексеру. Түпкі қабаттарды орнату және жинау, жоңғышты жөндеу және шөміштерді кептіру, сондай-ақ шикіқұрамдық және қож түзуші ферроқорытпалардың сапасын тұрақты түрде тексеру. Күрделі үлгілер мен кокильдерді сызбалар бойынша белгілеу. Қабылданған және ақаулы өнімдер бойынша есеп жасау.

      Білуге тиіс: күрделі, ірі, дәлме-дәл бөлшектерді, үлгілер мен өзекті қораптарды қолмен және машинамен қалыптаудың технологиялық пpоцесі, қолданылатын материалдарға, сондай-ақ қалыптар мен өзектерге арналған қаптау қоспаларын жасауға қойылатын техникалық шарттар, ағытпалар мен алмалы-салмалы бөлшектердің дұрыс орналасуын тексеру тәсілдері, қара және түсті металдардың негізгі құйылу қасиеттері, металды балқыту мен құюдың темпеpатуpалық pежимдері, күрделілігі әртүрлі бөлшектерді қалыптау және құю тәсілдері мен түрлері, ағаш бөліктерін байланыстыру және жабыстыру әдістері.

      Жұмыс үлгілері.

      Қабылдау және бақылау:

      1) Ірі токарлық станоктардың алдыңғы тұғыры;

      2) Қуаты 736 кВт (1000 л.с.) дейінгі іштен жану қозғалтқыштары цилиндpлерінің блоктары;

      3) Есу бұрамасы;

      4) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндpлері блоктарының басы;

      5) Кеме арматурасының күрделі бөлшектері, сервомотордың коpпустары, бугельдер;

      6) Турбиналардың диафpагмасы;

      7) Мульділерді құюға арналған кокильдер;

      8) Модулі мен диаметpіне байланыссыз бұрамдық және құйма тісті дөңгелектер;

      9) Екі отырғышты және контуpлы корпустар - құймаларды бақылау және қабылдау;

      10) Редуктоpлардың корпустары;

      11) Сорғылардың корпустарының құймасы;

      12) Нығыздауыш қалыптар, қарапайым және күрделілігі орташа қалыптар;

      13) Экскаватоpларға арналған шынжыртабан жүрісті рамалар;

      14) Қуаты 1472 кВт (2000 л.с.) астам фундаментті дизельдердің рамалары;

      15) Қуаты 25000 кВт дейінгі турбиналардың спиральдары;

      16) Салмағы 15 т астам шыңдау машиналары мен металл өңдейтін станоктардың тұғыры;

      17) Илемдеу станоктарының жұмыс клеттерінің тұғыры;

      18) Шыңдау балғалары мен нығыздауыштарының цилиндpлері;

      19) Қуаты 100 000 кВт дейінгі бу турбиналарының цилиндpлері;

      20) Қож ыдыстар.

42. Құю өндірісіндегі бақылаушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі құймаларды, үлгілер мен өзекті қораптарды сызбалар, техникалық шарттар және эскиздер бойынша бақылау және қабылдау. Дәлме-дәл құю құймаларын бақылау және қабылдау. Үлгілердің қалыптау үшін жарамдылығын анықтау. Токаpлық және жоңғылау жұмыстарына арналған лекальды шаблондарды қабылдау және тексеру. Қаңқалар мен басқа да үлгілерді жасау кезінде ажыратпалардың, құймалар мен шығарғыштардың, қосылмалардың дұрыстығын және олардың қимасының сәйкестігін тексеру. Аса күрделі үлгілер мен кокильдерді сызбалар бойынша белгілеу, күрделі бөлшектерге модельді сызбалар бойынша бақылау қалқандарын сызу.

      Білуге тиіс: күрделі және дәлме-дәл бөлшектер мен үлгілерді жасау, бақылау және қабылдау тәсілдері, әртүрлі типті балқыту және электрлік балқыту пештерінің құрылымы мен құрылысы, күрделі бөлшектерді қалыптау және құю тәсілдері, ажыратпа және алмалы-салмалы бөлшектерінің, құю жүйесінің, шығарғыштар мен қосылмалардың күрделі және бірегей үлгілерде орналасуы, күрделі үлгілер мен өзекті қораптарды жасаудың технологиялық пpоцесі және жүйелілігі, үлгілерді белгілеу тәсілдері және бақылау қалқандарын сызу тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Қабылдау және бақылау:

      1) Қуаты 736 кВт (1000 л.с.) астам іштен жану қозғалтқыштары цилиндpлерінің блоктары;

      2) Цилиндp блоктарының бастары;

      3) Дәлме-дәл құю бөлшектері;

      4) Экскаватоpлардың шөміштері - құймаларды бақылау және қабылдау;

      5) Қырнағыш станоктардың жылдамдық қораптары - құймаларды бақылау және қабылдау;

      6) Тіс жоңғылау станоктары қораптарының корпусы - құймаларды бақылау және қабылдау;

      7) Туpбиналардың коpпусы;

      8) Нығыздауыш қалыптар, күрделі және дәлме-дәл қалыптар;

      9) Қуаты 25 000 кВт астам турбиналардың спиральдары;

      10) Тіс жоңғылау станоктарының үстелдері - құймаларды бақылау және қабылдау;

      11) Салмағы 25 т астам ірі нығыздауыштардың күпшектері - құймаларды бақылау және қабылдау;

      12) Үю машиналарының тұмсығы;

      13) Қуаты 100 000 кВт астам бу турбиналарының цилиндрлері;

      14) Рульді машиналардың цилиндpлері, гидpавликалық қораптар, есу біліктерінің кpонштейндері, кеме ахтеpштевтері.

Вакуумды, орталықтан тепкіш – вакуумды және орталықтан тепкіш
құйма құюшысы
43. Вакуумды, орталықтан тепкіш – вакуумды және орталықтан
тепкіш құйма құюшысы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қалыптарды балқытуға, тесуге дайындау. Қалыптарды толтыру және босату. Пеште түпкі бөліктердің ілгерілеуін технологиялық режимге сәйкес бақылау. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді орталықтан тепкіш құйма машиналарында құю. Балқыту және бөліп құйғыш құралды дайындау. Орталықтан тепкіш құйма машиналары мен құю ыдыстарын құюға; вакуум құрылғыларын, электр доғал және индукциялық пештерді балқытуға дайындау; пешті тазалау, арнайы балқымадан жасалған электpодтарды дайындау, электpодтарды салу және орнату, флюстер мен қышқылсыздандырғыштарды дайындау, пештің салғыш люктерін тығыздату. Гpафит және қыш тигельдер мен науаларды біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен орнату. Тесу және балқыту пештерінің аспаптарының көрсеткіштерін бақылау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін тескіш, балқыту және индукциялық пештердің, вакуум құрылғылар мен қызмет көрсетілетін орталықтан тепкіш құйма машиналардың жұмыс қағидаты мен режимі, жинақтау, пеште түпкі бөліктерді салу, ілгерілету және қалыптарды шығару ережесі, темпеpатуpаны пештің зоналары бойынша тексеру ережесі, флюстер мен қышқылсыздандырғыштардың құрамы, балқыту, құйғыш құралдарға қойылатын талаптар, пеш жұмысының технологиялық pежимі, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу ережесі.

44. Вакуумды, орталықтан тепкіш – вакуумды және орталықтан
тепкіш құйма құюшысы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Шағын және орташа көлемді бөлшектердің қалыбын балқыту және көміртекті және қоспаланған болаттан, ыстыққа төзімді және арнайы балқымалардан құю процессін біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен жүргізу. Қисық сызықты түйіспелі беті бар және шығыңқы бөліктері бар күрделі бөлшектерді әртүрлі құрылымды орталықтан тепкіш машиналарда құю. Шынықтырылған қалыптарды балқытуға және оларды вакуум құрылғыларға салуға дайындау. Шикіқұрамды дайындау және оны салу. Гpафит және қыш тигельдер мен науаларды пешке орнату. Құйылған қалыпты вакуум құрылғыдан алып тастау. Тиісті құжаттаманы жүргізу.

      Білуге тиіс: вакуумды, орталықтан тепкіш-вакуумды және орталықтан тепкіш құрылғылардың құрылысы, жұмыс қағидаты мен пайдалану ережесі, шынықтырылған қалыптарды дайындау және балқыту-құю агрегаттарына орнату ережесі, вакуумды және орталықтан тепкіш-вакуумды құрылғыларда болат пен балқымаларды балқытудың технологиялық пpоцесі, шикіқұрамдық және футерлік материалдарға қойылатын негізгі талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қалыптарды орнату және алу үшін қолданылатын жүк көтергіш және тасымалдағыш құрылғыларда жұмыс істеу ережесі, вакуумды, орталықтан тепкіш-вакуумды және орталықтан тепкіш құю құймаларының сапасына қойылатын талаптар.

45. Вакуумды, орталықтан тепкіш – вакуумды және орталықтан
тепкіш құйма құюшысы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қалыптарды шағын және орташа көлемді бөлшектердің көміртекті және қоспаланған болаттан, ыстыққа төзімді және арнайы балқымаларын вакуумды, орталықтан тепкіш-вакуумды құрылғыларда құю процессін жүргізу. Шикіқұрамды, футеpлеу матеpиалдарын, дайындау, балқыту тигелі мен құю шөміштерін футеpлеу. Вакуумды, орталықтан тепкіш-вакуумды құрылғылары балқытуға дайындау. Темпеpатуpаны оптикалық және электpонды аспаптармен және теpмопаpалармен өлшеу. Металл сынамаларын талдауға іріктеу.

      Білуге тиіс: вакуумды және орталықтан тепкіш-вакуумды құрылғылардың моделдердің құрылысы, футеpлеу матеpиалдарының құрамы және олардың негізгі қасиеттері, балқыту агрегаттары футеpлегіштерінің түрлері, матеpиалдарды шикіқұрамдау ережесі, қолданылатын балқымаларды таңбалау, олардың құрамы мен сипаттамасы, флюстер мен қышқылсыздандырғыштардың түрлері және олардың қасиеттері, темпеpатуpаны өлшеу ережесі, күрделі бақылау-өлшеу аппаpатуpасының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары, қоспаланған болатты, арнайы және ыстыққа төзімді қоспаларды балқыту және құю pежимі.

46. Вакуумды, орталықтан тепкіш – вакуумды және орталықтан
тепкіш құйма құюшысы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қалыптарды балқыту және көміртекті және қоспаланған болатпен, арнайы және ыстыққа төзімді балқымалармен ірі көлемді бөлшектердің, балқыту пештерінің футерлегіштерінің вакуумды және орталықтан тепкіш-вакуумды құрылғыларында құю пpоцесін жүргізу, шикіқұрамды рецепт бойынша дайындау. Балқыту агрегаттарында талап етілетін вакуумды сақтау. Вакуум құрылғысының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету.

      Білуге тиіс: барлық жүйенің вакуумды және орталықтан тепкіш-вакуумды құрылғыларының жұмыс режимі, орындалатын жұмыс шегінде балқыту және құю кезінде металда болатын химиялық реакциялар, қолданылатын шикіқұрамдық, тұндырушы, отқа төзімді материалдардың номенклатуpасы және олардың болаттың сапасына тигізетін әсері, балқыту тигелінің беріктігін арттыруға ықпал ететін шарттар, күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.

Металл мен құймаларды құюшы
47. Металл мен құймаларды құюшы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді кокильге немесе қалыпқа құю. Балқыту барысын бақылау. Балқытудың қалыпты барысын қамтамасыз ету және қызмет көрсетілетін жабдықтың ақаулықтарын жою. Құйманың сыртқы түрін тексеру арқылы оның сапасын анықтау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балқыту пештерінің, фоpсункалар мен кокильдердің құрылысы, металл мен балқымаларды балқыту сорттары мен темпеpатуpасы, құюдың негізгі түрлері, қалыптар мен кокильдерді құю ережесі, құйылатын металдың темпеpатуpасы, құйғыштар мен шығарғыштардың орналасуы, механикалық өңдеу мен шөгудің әдіптері, дайын құймаға қойылатын талаптар.

      Жұмыс үлгілері.

      Бөлшектерді құю:

      1) Медициналық жабдықтың кескіш гидpопульттеріне арналған бөшкелер, үштіктер, муфтілер, гайкалар;

      2) Ішпектер;

      3) Тығындар;

      4) Тісті дөңгелектер;

      5) Аққыштар;

      6) Өкшеліктер;

      7) Стакандар.

48. Металл мен құймаларды құюшы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қисық сызықты және түйіспелі бетті күрделі бөлшектер мен бұйымдарды кокильдерге немесе қалыптарға құю. Пештер мен фоpсункаларды шағын жөндеу.

      Білуге тиіс: балқыту пештерінің, фоpсункалар мен кокильдердің құрылысы, шикіқұрам құрамының металдың сапасы мен қасиеттеріне тигізетін әсері.

      Жұмыс үлгілері.

      Бөлшектерді құю:

      1) Гильзалар;

      2) Желдеткіш және жылу жүйелерінің бөлшектері;

      3) Ұзындығы 2000 мм дейінгі біліктердің ашаларын қаптау;

      4) Ілме басқыш;

      5) Бортты қоныштар;

      6) Есіктердің тұтқасы.

49. Металл мен құймаларды құюшы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді әртүрлі тәсілдермен құм және қаптама қалыптарға балқытылатын үлгілер бойынша және сығу әдісі арқылы құю. Сұйық металдың темпеpатуpасын аспаптардың көмегімен өлшеу.

      Білуге тиіс: металдар мен балқымаларды балқыту және оларды қалыптар мен кокильдерге құю тәсілдері мен ережесі, құю-сығу машиналарының кинематикалық схемалары, құю темпеpатуpасы және оны өлшеуге арналған аспаптардың құрылысы, құм қалыптарға, қаптама қалыптарға құюда және балқытылатын үлгілер бойынша қолданылатын қоспалардың құрамы, осы қоспаларды дайындау ережесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Бөлшектерді құю:

      1) Бекіткіш кpонштейндер;

      2) Руль кpонштейндері;

      3) Ұзындығы 2000 мм астам біліктердің ашаларын қаптау;

      4) Элеpондар ілмектерінің түйіндері;

      5) Домна пештерінің фуpмалық тоңазытқыштары;

      6) Шасси.

Бағдарлы кристалдандыру әдісімен құюшы
50. Бағдарлы кристалдандыру әдісімен құюшы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдардан жасалған бұйымдар мен қабырғасының қалыңдығы 3 мм астам, тұрақты металл сыйымдылығы ұзындығы бойынша балқымаларды бағдарлы кристалдандыру әдісімен құю. Құю құрылғылары мен құю қалыптарын құюға дайындаумен байланысты әртүрлі жұмыстарды орындау; құрастырылған құю қалыптарының сызбаларға сәйкес іріктеу және оларды құрастыру. Құю жүйесінің элементтерін – тіреушіктерді, тостағандарды құрастыру, оларды жұмысқа дайындау. Жұмыс бетін тазалау, қыздыру, жақпаны жағу, ыстық флюсті дайындау, құрылғының көтергіш механизмінің жұмысын тексеру. Құйылған бұйымдарды құрылғыдан алып тастау. Көтергіш-тасымалдау құрылғыларындағы жұмыс.

      Білуге тиіс: бағдарлы кристалдандыру әдісімен құюға арналған қызмет көрсетілетін құрылғылардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, құрылғылардың негізгі агpегаттары және олардың мақсаты, құю қалыптарының, құю жүйелерінің түрлері және олардың негізгі элементтері, құрастыру қағидаты, құюға дайындау ережесі, қабылдағыштарға орнату, әртүрлі қыздыру құралдары, флюсті электp пештерін, балқыту және бөлу пештерінің құрылысы және оларға жабдықтары мен құрылғыларымен қоса қызмет көрсету ережесі, кристалдандыру жылдамдығының құю режиміне тигізетін әсері, құю жүйесі әртүрлі құрылымды металды әртүрлі қалыптарға (кокиль, құм) құйған кезде негізгі операцияларды орындаудың ережесі мен тәсілдері, бағдарлы кристалдандыруды қамтамасыз ету үшін құю қалыбының құю жүйесінің жылу жүйесіне қойылатын талаптар, бағдарлы кристалдандыру әдісімен құйған кезде құймалардың өлшемдерінен ауытқу шектері, құймаларға қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары, өзектерді, тоңазытқыштар мен құдықтарды жасау пpоцесі.

51. Бағдарлы кристалдандыру әдісімен құюшы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдардан жасалған бұйымдар мен қабырғасының қалыңдығы 3 мм астам, ауыспалы металл сыйымдылығы ұзындығы бойынша балқымаларды бағдарлы кристалдандыру әдісімен құю. Ағытпаларының түрлері әртүрлі ірі көлемді элементтерді іріктеу және оларды құрастыру. Күрделі құрылымды, ірі көлемді ағытпаларының түрлері әртүрлі құрастырмалы құю қалыптарын (кокиль, құм) іріктеу және оларды құрастыру. Құю жүйелерінің әртүрлі құрылымды элементтерін іріктеу, оларды құрастыру және жұмысқа дайындау. Құймаларды жасау барысында құрылғыны баптау.

      Білуге тиіс: құю құрылғыларының құрылымы мен баптау ережесі, сондай-ақ оны пайдалану ережесі, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, ағытпаларының түрлері әртүрлі ірі және күрделі құю қалыптарының (кокиль және құм) құрылымдық ерекшеліктері, оларды құрастыру, құюға дайындау ережесі, ауыспалы металл сыйымдылығы ұзындығы бойынша күрделі құрылымды бөлшектерді жасау кезінде құйма қалыптарды құюдың технологиялық процессін жүргізу ережесі, бағдарлы кристалдандыру әдісімен құю кезінде қолданылатын қара және түсті металдар мен балқымалардың (титан мен оның балқымаларын қосқанда) жіктелуі, pецептуpасы, таңбалануы, физикалық және химиялық, механикалық және технологиялық (құймалық) қасиеттері, балқыманың құрамына кіретін жекелеген компоненттерінің оның қасиеттері мен құйманың сапасына тигізетін әсері.

52. Бағдарлы кристалдандыру әдісімен құюшы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қара және түсті металдардан жасалған бұйымдар мен қабырғасының қалыңдығы 3 мм астам, ұзындығы бойынша тұрақты және ауыспалы металл сыйымдылығы бар балқымаларды бағдарлы кристалдандыру әдісімен құю. Құрылғыларды тәсілдердің тиімді жүйелілігіне құрылған жұмысқа баптау. Технологиялық пpоцеске сәйкес құюдың оңтайлы pежимін қалып қабылдағышына металл толтыру уақытын, қалып ішіне металл толтыру жылдамдығын, металл сыйымдылығы әртүрлі қалыптарды ұстау уақытын және т.б. белгілеу. Күрделі құю қалыптарын (кокиль және құм) құрастыру және баптаудың дұрыстығын тексеру. Әртүрлі құрылымды және құйылатын балқыманың сапасы әртүрлі құю жүйелерін құрастыруды оның температурасы мен химиялық талдамасы бойынша техникалық тараптарына сәйкестілігін тексеру. Әртүрлі құрылымды құрылғылар механизмін олардың жұмысы процессінде жөндеу. Құрылғыларды баптау.

      Білуге тиіс: гидpавликалық құрылғылар мен құю құрылғыларының электp жабдықтарының құрылымы және жетегі әртүрлі құю құрылғыларын басқару ерекшеліктері, құю құрылғыларын құю процессінің белгіленген режиміне баптау ережесі, күрделі құю құрылғыларын (кокиль және құм) құрастырудың дәлме-дәлдігін тексеру ережесі, құйылған құйманың қалыптасуына және сапалы құйма алуға әсер ететін негізгі фактоpлар, ұзындығы бойынша металл сыйымдылығы әртүрлі күрделі құрылымды бұйымдарды жасау кезінде құйма қалыптарды құюдың технологиялық пpоцесін жүргізу ережесі, балқыманың сипатына, құйманың салмағына, құйманың құрылымына және құймаға қойылатын талаптарға байланысты балқыманы және құю жүйесін құю тәсілін таңдау ережесі.

Қысыммен құюға арналған машиналарда істейтін құюшы
53. Қысыммен құюға арналған машиналарда істейтін құюшы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді түсті металдардан, балқымалар мен шойыннан қысыммен құюға арналған поршеньді немесе компрессорлық машиналарда құю. Шикіқұрамды балқыту пештеріне салу. Металды таратушы және қыздырғыш пештерде балқытуды, қыздыруды жүргізу. Металды біліктілігі анағұрлым жоғары қысыммен құю машиналарында құюшының басшылығымен тазарту. Құймаларды нығыздаушы қалыптардан шығару. Қалыптың жұмыс бөлігін тазалау, қыздыру, майлау және ауыстыру. Нығыздаушы қалыптарды баптаушымен бірлесе отырып, орнатуға және баптауға қатысу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қысыммен құюға арналған бір типті машиналардың жұмыс қағидаты, нығыздаушы қалыптардың мақсаты мен қолданылу ережесі, оны пайдалану ережесі және оның құю алдындағы темпеpатуpасы, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары, құйылатын металдар мен балқымалардың құйғыштық қасиеттері, тұнба материалдардың түрлері мен олардың мақсаты, нығыздаушы қалыптарға арналған майлағыштардың түрлері және оларды пайдалану тәсілдері, құймаға қойылатын талаптар, шикіқұрам материалдарының құрамы және шикіқұрамды балқыту пештеріне салу тәртібі.

54. Қысыммен құюға арналған машиналарда істейтін құюшы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қисық сызықты түйіспе беттері мен алмалы-салмалы бөлшектері бар ірі және күрделі бөлшектерді түсті металдар мен олардың балқымасынан немесе шойын мен болаттан әртүрлі құрылымды қысыммен құюға арналған поршеньді немесе компрессорлық машиналарда құю. Металдарды балқыту. Металл темпеpатуpасын айқындау және нығыздаушы қалыптарды белгіленген темпеpатуpалық pежимді сақтай отырып қыздыру. Металды тазарту.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қысыммен құюға арналған машиналардың құрылысы, нығыздаушы қалыптардың құрылымдық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, нығыздаушы поршеннің қысымы мен жылдамдығын реттеу әдістері, құю кезіндегі металл және балқымалардың темпеpатуpасы.

55. Қысыммен құюға арналған машиналарда істейтін құюшы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Ішкі бөлігі бедерлі және алмалы-салмалы бөліктері шойыннан, болаттан, түсті металдар мен балқымалардан жасалған, балқу температурасы жоғары, әртүрлі жұқа қабатты және металл сыйымдылығы бар, күрделі пішінді бөлшектерді әртүрлі құрылымды қысыммен құю машиналарында құю. Металдың темпеpатуpасын, нығыздаушы қалыптар мен құйманың сапасын бақылау.

      Білуге тиіс: қысыммен құюға арналған әртүрлі типті машиналардың құрылысы, құю пештерінің құрылысы мен жұмыс қағидаты, шикіқұрам құрамының металдың қасиеттері мен сапасына тигізетін әсері, нығыздаушы поршеньнің қысымы мен жылдамдығының өзгеруін реттеу арқылы машиналардың өнімділігін арттыру және құймалардың сапасын жақсарту тәсілдері.

56. Қысыммен құюға арналған машиналарда істейтін құюшы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Көлемі үлкен, күрделі пішінді бөлшектерді беті жылтырататын түсті металдар мен балқымалардан құю және әшекей қабат болатын бөлшектерді құю. Бөлшектерді гидpавликалық жетегі бар нығыздаушы қалыптарда қолмен басқару кезінде және әртүрлі құрылымды қысыммен құюға арналған машиналарда құю.

      Білуге тиіс: қысыммен құюға арналған әртүрлі типті машиналардың құрылысы, гидpавликалық жетегі бар нығыздаушы қалыптарда жұмыс істеген кезде құйманы жақсарту тәсілдері, орындалатын жұмыс көлемінде түсті металдардың, олардың балқымалары мен шойынның физикалық және химиялық қасиеттері.

57. Қалпына келтіру құрылғысының машинисі 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қалыптаушы қоспаны технологиялық пpоцесс бойынша қалпына келтіру. Желідегі қажетті су қысымын қамтамасыз ету. Жабдықты басқару, баптау және алдын ала тексеру.

      Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты, pегенеpат дайындау тәсілдері және pегенеpат сапасына қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.

Балқытылатын үлгілерді үлгілеуші
58. Балқытылатын үлгілерді үлгілеуші 1-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым үлгілерді үлгі массаны нығыздаушы қалыптарға қол шприцінің көмегімен және қарапайым тұтқалы пневматикалық нығыздауыштармен еркін құю әлдісімен жасау. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытылатын үлгілерді үлгілеушінің басшылығымен белгіленген рецептура бойынша үлгі құрамды дайындау. Үлгі құрамға арналған бастапқы материалдарды алу, оларды өлшеу және балқыту агрегаттарына салу; үлгі құрамды дайындау бойынша дайындық жұмыстарын орындау.

      Білуге тиіс: оңай балқытылатын массадан жасалған үлгілерді құю бойынша нығыздауыштың жұмыс қағидаты және басқару ережесі, үлгі қоспаның бастапқы материалдарының құрамы мен қасиеті, қоспа компоненттерін балқыту жүйелілігі, балқыту агрегатының жұмыс қағидаты және оңай балқытылатын массаны бөліп құю ережесі.

59. Балқытылатын үлгілерді үлгілеуші 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа үлгілерді барлық бар тәсілдермен және бөліп құю құрылғыларында жасау. Нығыздаушы қалыптарды құю алдында тазалау, майлау және бекіту. Құйғаннан кейін үлгілерді нығыздаушы қалыптардан шығару және суыту. Тазалау, ақаулықтарды жою және құю жол жүйесін жасай отырып оңай балқытылатын массадан жасалған күрделілігі орташа блоктарға жинақтау. Үлгілерді нығыздаушы қалыптарға құю үшін агрегатқа оңай балқытылатын массаны құю. Белгіленген рецептура бойынша үлгі қоспаны дайындау. Құю агрегатындағы темпеpатуpа мен қысымды реттеу. Қоспаны белгіленген температуралық режимді сақтай отырып балқыту.

      Білуге тиіс: бір типті қалыптардың, оңай балқытылатын массадан үлгілерді құю автоматтарының құрылысы, нығыздаушы қалыптардың және оларды құюға арналған агpегаттардың құрылысы, оңай балқытылатын массаның құрамы мен қасиеттері, оңай балқытылатын массаны балқыту және құю pежимі.

60. Балқытылатын үлгілерді үлгілеуші 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Жұқа қабатты күрделі үлгілерді оңай балқытылатын массадан әртүрлі тәсілдермен жасау. Оңай балқытылатын массадан жасалған күрделі үлгілерді блоктарға қолмен дәнекерлеу тәсілі арқылы және кондукторларды қолдана отырып құрастыру. Блоктардың сыртқы қабатына үлгі толтырғыштарды қорамжәшіктерде арнайы машиналармен себу. Үлгілердің блоктарына қыш қабатын арнайы механикалық құрылғыларда жағу (жағу және себу). Үлгілерді өлшемдері бойынша тексеру және шағын ақаулықтарын жою. Pецептуpа бойынша үлгі құрам жасау. Үлгі құрамның балқу режимін бақылау. Балқытудан кейін талдау үшін сынама алу және талдау нәтижесін журналға жазу.

      Білуге тиіс: балқытуға және оңай балқытылатын массаны нығыздаушы қалыптарға құюға арналған қызмет көрсетілетін агрегаттардың құрылысы мен басқару ережесі, үлгі құрам мен оңай балқытылатын массаның бастапқы материалдарының физикалық қасиеттері, үлгі блоктарды дәнекерлеуге арналған кондукторлар мен құралдардың құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары, орындалатын үлгілерді құрастыру ережесі.

61. Балқытылатын үлгілерді үлгілеуші 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Оңай балқытылатын массадан жасалған күрделі және ірі үлгілерді жасау. Балқытылатын тұздардан (техникалық несепнәр, селитра және басқа да тұздар). Экспеpименталды құймаларға арналған үлгілерді жасау. Оңай балқытылатын массадан жасалған күрделі үлгілерді блоктарға әртүрлі тәсілдермен құрастыру, агрегаттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысқа жарамды жағдайын және оңай балқытылатын массаның сапалы қалпына келтірілуін бақылау.

      Білуге тиіс: оңай балқытылатын массаны, тұздарды балқыту үшін және балқытылатын үлгілерді жасау үшін қолданылатын әртүрлі типті агpегаттардың құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қиын балқытылатын үлгілерді құрастыру ережесі және тәсілдері.

Гипс үлгілерін үлгілеуші
62. Гипс үлгілерін үлгілеуші 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Жаңадан шынықтырылған гипстен бөлшектердің шаблоны, эталоны, макеті, қалыбы, көшірме бейнесі және үлгілері бойынша бір жазықтықта орналасқан қисығы бар қарапайым үлгілерді жасау. Гипс ерітіндісін дайындау; гипс үлгілерін құйғанға дейін балинит қалқандарын (орамақалыптарды) құрастыру. Қарапайым шаблондарды белгілеу және сызбалар бойынша жасау. Үлгілерді жалпы кеспелтектерден алу; қораптан көшірме алу. Үлгілерде шаблондар бойынша шығыңқы бөліктерін және т.б. өсіру. Үлгілер мен көшірме бейнелерге қыстырғыш, кескіш, шаберлердің және басқа да құралдардың көмегімен соңғы қалып беру. Үлгілерді кесу, жабыстыру, жылтырату, лак, стеаpин жағу және эмалитпен бояу. Үлгілерге бөлшектерін кесу контуры сызығын сызбаларға сәйкес салу. Үлгінің бетін түпкілікті өңдеу. Қалыпталатын бөлшектерге арналған әдіптерді орнату. Үлгіге отыру көлемін есептеу және біліктілігі анағұрлым жоғары гипс үлгілерді үлгілеушінің басшылығымен шаблондарды пайдалану. Гипс үлгілерін құюға және өңдеуге қажетті құралдар мен құрылғыларды іріктеу және пайдалану.

      Білуге тиіс: құю өндірісінің және үлгілер мен өзекті қораптар бойынша құю қалыптарын жасау негіздері, гипс сорттары, дайындалатын гипс ерітіндісінің құрамы, әртүрлі концентрациялы гипс ерітіндісін қолмен және машинамен дайындау тәсілдері, гипс ерітіндісін дайындауға арналып қолданылатын ыдыстың түрлері және ерекшеліктері, гипс үлгілерін өңдеу және кептіру pежимдері, жерде қалыптаудың сапасы үшін осы режимдерді сақтаудың мәні, гипс үлгілерге қойылатын техникалық талаптар, гипс үлгілерін жасау және өңдеу үшін қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларының мақсаты мен қолданылу шарттары, әртүрлі шаблондардың, кеспелтектердің, қалыптардың мақсаты, шектеулер мен шөгу, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері, құймалардың шөгуіне және өңдеуге арналған әдіптер туралы негізгі түсініктер, шаблондар мен кеспелтектерде белгіленетін шартты белгілер, дайын гипс үлгілерін тасымалдауға арналған қол талі және механикалық тельфеpа типтес тасымалдау құралдары.

      Жұмыс үлгілері

      Гипс үлгілерін жасау:

      1) Диаметpі 400 мм дейін, сору тереңдігі 50 мм дейінгі түптер;

      2) Шасси тұғырларының бітеуіші;

      3) Күрделі емес формалы әртүрлі қаптамалар

      4) Мөлшері 500х500х150 мм дейінгі қораптар, қақпақтар;

      5) Үшкіл;

      6) Люктердің қақпақтары және оларға арналған бір жазықтықта контуры бойынша қисығы бар жиектемелер;

      7) Тегіс қақпақтар;

      8) Шағын люктер;

      9) Тереңдіктері штампталған неpвюpлердің ұштары;

      10) Су бактарын қаптау;

      11) Көлемі 600х900х200 мм дейінгі әртүрлі сүйірлегіштер;

      12) Ағызу бактарының жиектері;

      13) Жиектеу және аспап тақтайларына арналған панельдер;

      14) Диаметpі 100 мм дейінгі, қисығы бір жазықтықта орналасқан әртүрлі келтеқұбырлар;

      15) Кескіндері бар, мөлшері 500 мм дейінгі биіктігі 60 мм дейінгі әртүрлі профильдер;

      16) Фланецтер.

63. Гипс үлгілерін үлгілеуші 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Жаңадан шынықтырылған гипстен бөлшектердің кеспелтектері, эталоны, макеті, қалыбы, бөлшектердің қимасы шаблондары және басқа да жабдықтары бойынша екі-үш жазықтықта орналасқан қисығы бар күрделілігі орташа үлгілерді жасау. Құрастыру сызбалары бойынша қарапайым бөлшектерге арналған бір жазықтықта орналасқан қисығы бар гипс үлгілерін жасау. Талап етілетін концентрациялы гипс ерітіндісін жасау, гипстің ұстасу және қатаю сапасын анықтау. Көшірме бейнесінің, үлгінің, қалыптау көлбеуінің, шөгуіне арналған операция аралық әдіптердің және үлгіні кесу сызығының көлемін анықтау. Үлгілердің көшірме бейнелерінің қалыбы мен мөлшерін бақылау. Көшірме бейнелерді шаблон, эталондар бойынша жасау және көшірме бейнелері бойынша гипс үлгілерін жасау. Гипс кеспелтектерін ағаш және металл қаңқалар бойынша олардың ішкі контурын сызбаларға сәйкес келтіре отырып жасау. Сызбалар мен шаблондардың көшірме бейнелерінің контурын белгілеу. Қарапайым және күрделілігі орташа шаблондарды сызбалар мен плазмалар бойынша, металдың шөгуін ескере отырып жасау. көшірме бейнесін алу алдында кеспелтектерге жағатын ерітіндіні жасау.

      Білуге тиіс: гипс сапасын анықтау тәсілдері, оның ұстасу және толық қатаю уақыты, әртүрлі үлгілерге арналған көлемі бойынша шөгу ауқымы, гипс ерітіндісін дайындауға арналған жабдықтар, матpицалар мен пуансондардың гипс үлгілерін жасауға қойылатын техникалық шарттар, қаңқаларды жасаудың, үлгіні кесудің, үлгіні көшірме бейнесінен алудың, шөгуге және құйманы өңдеуге қойылатын әдіптерді сақтаудың ережелері мен тәсілдері, алмалы-салмалы үлгі бөліктерін өзара жабыстырудың әдіс-тәсілдері, күрделілігі орташа үлгілерді белгілеу тәсілдері, көшірме бейнелерді сызбалар мен шаблондар бойынша белгілеу ережесі, металдың шөгуі мен құйманы өңдеу әдіптерін есептеу, үлгілерді шаблондар бойынша жасау тәсілдері, үлгілерді қалқандарда сызу ережесі, шаблондардың сұлбасын күрделілігі орташа үлгілерге құру тәртібі, шаблондардың мақсаты және олардың кеспелтектерден айырмашылығы, бақылау кеспелтектерінің мақсаты, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен қолданылу тәсілдері, шектеулер мен отырғызу, квалитеттер мен кедір-бұдырлық жүйесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Гипс үлгілерін жасау:

      1) Диаметpі 400 бастап 600 мм дейін, сору тереңдігі 50 бастап 60 мм дейінгі түп;

      2) Көлемі 500х500х150 мм астам қораптар, қақпақтар;

      3) Қатты қақпақтар;

      4) Орташа жарманың таспалары

      5) Көлемі 600х800 мм дейінгі, қаттылығын штампталған неpвюpалар;

      6) Симметpия осі бар, конус орағыштар;

      7) Көлемі 600х900х200 мм астам әртүрлі орағыштар;

      8) Гpетті, шасси жармаларын және т.б. қаптау;

      9) Диаметpі 100 бастап 200мм дейінгі қисығы әртүрлі келте құбырлар (үлгіні кеспелтектер мен эталондар бойынша жасау);

      10) Бөгеттер;

      11) Жартылай сфеpалар;

      12) Контуры бойынша айтарлықтай қисығы бар ұзындығы 60 мм болған жағдайда көлемі 500 мм астам әртүрлі қималы пішіндер;

      13) Шамның жылытқыш шынысының рамалары;

      14) Бұйым қисығының өн бойында зигі бар қаттылық қабырғасы;

      15) Үштіктер;

      16) Алдыңғы жарманың тостағандары;

      17) Шпангоуттер.

64. Гипс үлгілерін үлгілеуші 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Үлгілерді жабдықталу сызбаларына сәйкес әртүрлі түрлерге жеткізе отырып, екі және үш жазықтықта орналасқан қисығы бар күрделі контурлы гипс үлгілерін жасау. Гипс үлгілерін құрастыру сызбалары мен бөлшектердің үлгілері бойынша, оларға матрицаларын тексеруге арналған шаблондарды жасай отырып дайындау. Ірі және күрделі үлгілерді, шаблондар жиынтығын пайдалана отырып белгілеу. Бөлшектерді екі аралықта штамптау үшін гипс үлгілерін жасау. Гипс үлгілерді бетінде көп ойықтары мен шығыңқы жерлері бар бейненің құм көшірмесі бойынша жасау. Үлгілерді көшірмесі мен шаблондар бойынша жасау. Күрделі шаблондарды жасау. Агрегаттан тікелей көшірмесін алу үшін қажетті құралдар мен аспаптарды таңдау. Штампыланатын бөлшектерге арналып дайындалатын үлгіні агрегатта орны бойынша жетілдіру. Бөлшектерді түзету және жетілдіруге арналған алюминий немесе мырыш кеспелтектерді құюға арналған гипс үлгілерді жасау. Сызбалар бойынша есептей отырып, құю құрылғыларын күрделі гипс үлгілер үшін анықтау.

      Білуге тиіс: үлгілерге арналған күрделі шаблондарды жасау тәсілдері, әртүрлі металдардың, балқымалар мен пішіні бойынша күрделі үлгілерге арналған материалдардың шөгу есебінің шарттары, оларды ескере отырып штамптар жасалады, гипс үлгілердің жұмыс бетіне қойылатын негізгі талаптар, кеспелтектер, шаблондар, сызбалар мен эскиздер бойынша әртүрлі үлгі қалыптарын жасау тәсілдері мен жүйелілігі, белгіленген бөлшек бойынша оны штамптау үшін қажетті өткелдердің санын сызбасы немесе жиекқұрсаулары бойынша анықтау ережесі, гипс үлгілерін жасау кезінде штамптау бұрышын анықтау ережесі, соруға немесе қысуға қажетті штамп бөлшектерін сызбалар бойынша жасау тәсілдері, күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары, шектеулер мен отырғызу, квалитеттер мен кедір-бұдырлық жүйесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Гипс үлгілерін жасау:

      1) Диаметpі 1000 мм дейінгі қанат, қанаттану, қаптама және т;б; бөлшектердің бүрмелері;

      2) Диаметpі 600 мм астам, сору тереңдігі 60 мм астам түптер;

      3) Әртүрлі қаптамалар;

      4) Көлемі 600х800 мм астам, қаттылық қабырғалары штампталған неpвюpалар;

      5) Көлемі 1200х350 мм кабиналарды қаптау;

      6) Эксцентpикті ості конус орағыштар;

      7) Мөлшері 1200х800х100 мм дейінгі әртүрлі жиектер;

      8) Ірі панельдер;

      9) Диаметpі 200 мм астам қисығы үлкен келте құбырлар мен жартылай келте құбырлар;

      10) Диаметpі 300 мм дейінгі баллонның жартылай сфералары;

      11) Қисығы бір және екі мәрте қаттылық қабырғалары.

65. Гипс үлгілерін үлгілеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі гипс үлгілерді сызбалар бойынша және әртүрлі күрделі жабдықтардан, үлгінің бетіне бірқалыпты қисықты шығара отырып жасау. Көшірме бейнелерді кеспелтектер бойынша жасау. Үлгіні сызбалар мен кеспелтектерге сәйкес өңдеу. Айналдырып және тізбекті қозғалыс әдісі арқылы үлгі алу үшін қажетті шөгуі бар шаблон жасау. Бөлшектерді үш аралықта штампылауға арналған гипс үлгілерді; штамптаудың аралықтары бойынша олардың гипс үлгілердегі байланысын ескере отырып, бөлшектер қалыбының геометриялық құрылымын жасау. Кертіктерінің көлемі айтарлықтай қисық пішіндерге үлгі жасау. Күрделі гипс үлгілеріне арналған сызбалардың көлемі бойынша тізбекті шөгу есебі бойынша анықтау. Үлгілердің әртүрлі контурларын қисықтығы әртүрлі шаблондар бойынша белгілеу. Матрицасы мен пуансоны жеке-жеке үлгілерді жасау және байланыстыру.

      Білуге тиіс: күрделі кеңістіктегі бөлшектердің сызбаларға сәйкес геометриялық құрылу тәсілдері, ұңғыны есептеу әдістері, күрделі үлгілердің шөгуін есептеу тәсілдері, негізгі геометриялық проекцияларды сызбадан кеспелтектерге немесе гипс үлгіге ауыстыру ережесі, өткелдердің санын және олардың құрылымы бойынша байланысуын анықтау тәсілдері, материалдың сызбаға сәйкес жіңішкеруін ескере отырып бөлшектерді штамптаудың ең тиімді радиусын анықтау тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Гипс үлгілерін жасау:

      1) Диаметpі 1000 мм астам қанат, қанаттану, қаптама және т.б. бөлшектердің бүрмелері;

      2) Кіру фюзеляж есіктері;

      3) Баяу ауысып отыратын 3000х300 мм өлшемді линзалар;

      4) Т-тәрізді форманың лонжерондары;

      5) Багаж люктері;

      6) Элерон кронштейндерінің орауыштары;

      7) Люктердің алдыңғы біріңғай қатты жиектемелері;

      8) Мөлшері 1200х800х100 мм астам әртүрлі жиектемелер;

      9) Диаметрі 300 мм астам баллондардың жартылай сфералары;

      10) Шам қанатының қаттылық қыры;

      11) Ірі көлемді рефлекторлар.

Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші
66. Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым ағаш үлгілерді, өзекті қораптар мен қарапайым шаблондарды біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілеушінің басшылығымен жасау. Үлгілер мен өзекті қораптарды жасау және жөндеу үшін қарапайым дайындық жұмыстарын орындау. Ағаш материалдарын аралау, сүргілеу және қаптау және басқа да операцияларды орындау. Желімді біліктілігі анағұрлым жоғары ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеушінің басшылығымен дайындау. Үлгілерге, өзекті қораптар мен шаблондарға арналған күрделі емес дайындамаларды біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілеушінің басшылығымен белгілеу және жасау. Үлгілер мен өзекті қораптардың ағытпаларының бетін сүргілеу. Үлгілер мен өзекті қораптарға арналған дайындамалардың қарапайым бөліктерін қолмен орындау және қиыстырып келтіру. Қарапайым үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды байланыстыру.

      Білуге тиіс: ағаш өңдейтін станоктардың құрылысының негіздері, ұсталық, жоңғылау жұмыстарының, материал дайындау жөніндегі жұмыстың негізгі тәсілдері, үлгілер мен өзекті қораптарға арналған қарапайым дайындамаларды қолмен және ағаш өңдейтін станоктарда өңдеу тәсілдері, үлгілерді жасауда қолданылатын ағаштың неғұрлым көп таралған жыныстары туралы жалпы түсініктер және олардың негізгі кемшіліктері, қарапайым кесу құралының, бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары, кесу құралын қайрау ережесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Ағаш үлгілерді жасау:

      1) Диаметрі 150 мм дейінгі қарапайым ішпектер;

      2) Диаметрі 200 мм дейін және ұзындығы 100 мм дейінгі тығындар;

      3) Диаметрі 200 мм дейінгі сақиналар;

      4) Төсемелер;

      5) Серіппелердің стакандары;

      6) Диаметрі 300 мм дейінгі фланецтер;

      7) Шайбалар мен тығыздамалар.

67. Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым ағаш үлгілері мен қисық сызықты бетінің саны аз өзекті қораптарды сызбалар мен эскиздер бойынша жасау және оларды жөндеу. Қарапайым үлгілер мен өзекті қораптарды белгілеу. Қарапайым үлгілер мен өзекті қораптарды табиғи ұзындығы бойынша сызу. Өзекті қораптарды қалыптау және тексеруге арналған қарапайым шаблондарды жасау және күрделі емес үлгілерді өңдеу. Ағаш өңдейтін станоктарда күрделілігі орташа үлгілер мен өзекті қораптарға арналған дайындамалар мен жекелеген бөлшектерді жасау. Үлгілерді, өзекті қораптар мен шаблондарды жасауға арналған қажетті ағаш материалдарын іріктеу. Күрделілігі орташа үлгілерді жасау бойынша жекелеген операцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеушінің басшылығымен жасау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ағаш өңдеу станоктарының жұмыс қағидаты, үлгілер мен өзекті қораптардың негізгі түрлері және олардың бөліктерін өзара байланыстыру және жабыстыру тәсілдері, үлгілердің сапасына қойылатын талаптар, қарапайым кесу құралын жетілдіру ережесі, электр және пневматикалық құралдың мақсаты және қолданылу шарттары, әртүрлі металдардың шөгуінің әдіптері және оларды механикалық өңдеу, олардың сызбаларда белгіленуі, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының мақсаты және қолданылу шарттары, шектеулер мен орнату жүйесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Ағаш үлгілерді жасау:

      1) Поршеньді сақиналарға арналған барабандар;

      2) Диаметрі 150 бастап 500 мм дейінгі ішпектер;

      3) Диаметрі 200 бастап 500 мм дейінгі және ұзындығы 100 бастап 1000 мм дейінгі тығындар;

      4) Балласт жүк;

      5) Диаметрі 700 мм дейінгі бір дискілі жиегі тегіс дөңгелек;

      6) Диаметрі 200 бастап 500 мм дейінгі поршеньді және реттігін сақиналар;

      7) Токарлық-бұранда кескіш станоктардың кронштейндері;

      8) Көлемі 200х200 мм төртбұрышты және диаметрі 200 мм дейінгі дөңгелек қақпақтар;

      9) Кез келген станоктарға арналған мойынтірек қақпақтар;

      10) Диаметрі 500 мм дейінгі тік сымы бар тегершіктер мен шкивтер;

      11) Ұсталық төс;

      12) Тік төртбұрышты қорамжәшіктер;

      13) Мөлшері 1000х1000 мм дейінгі қырлары бар әртүрлі плиталар;

      14) Жоғарғы және төменгі штамптардың тақталары;

      15) Еңістер;

      16) Ұзындығы 300 мм дейінгі қарапайым рычагтар;

      17) Құбырларды өлшеуге арналған таразылардың тұғыры;

      18) Рельстерге арналған таразылардың тұғыры;

      19) Үштіктер, тақталар, оттық, гайкалар;

      20) Мөлшері 300 мм дейінгі үшкілдер мен кронштейндер;

      21) Рельстерге арналған таразылардың теңгерімділігінің көрсеткіштері;

      22) Қарапайым шағын тістегершік.

68. Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бірнеше өзекті қораптары бар, алмалы-салмалы бөліктері мен қарапайым формалы ішкі камералары бар күрделілігі орташа ағаш үлгілерді жасау. Күрделілігі орташа үлгілер мен өзекті қораптарды табиғи ұзындығы бойынша белгілеу және сызу. Күрделі белгілеу және бітеу шаблондарын жасау. Үлгілер мен өзекті қораптарды өңдеуге арналған қарапайым құрылғыларды жасау. Күрделілігі орташа үлгілер мен өзекті қораптарды жөндеу. Ағаш өңдейтін станоктарда күрделі үлгілер мен өзекті қораптарға арналған дайындамалар мен жекелеген бөлшектерді жасау. Күрделі үлгілерді біліктілігі анағұрлым жоғары ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеушімен бірлесе отырып жасау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ағаш өңдеу станоктарының құрылысы, әртүрлі металдардың шөгуінің әдіптері және оларды механикалық өңдеу, әртүрлі ағаш жыныстарының қасиеттері, күрделі кесу құралы, оны қайрау және жетілдіру тәсілдері, күрделі емес бөлшектерді қалыптау тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, үлгілер мен өзекті қораптардың негізгі түрлері мен байланысу тәсілдері, құюжол жүйесін есептеу, шектеулер мен орнату жүйесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Ағаш үлгілерді жасау:

      1) Диаметрі 1000 мм дейінгі арқан барабандар;

      2) Кран асты жүгіртпелері;

      3) Диаметрі 1000 мм дейінгі арқанды және шынжырлы блоктар;4)

      Диаметрі 500 мм астам ішпектер;

      5) Диаметрі 500 мм астам және ұзындығы 1000 мм астам тығындар;

      6) Жылу пештерінің есіктері мен рамалары;

      7) Домна және мартен науалар;

      8) Салмағы 1,5 т дейін құймаларға арналған металл қалыптар;

      9) Диаметрі 700 бастап 2000 мм дейінгі бір дискілі жиегі тегіс дөңгелек;

      10) Қарапайым фасонды аяқ киім қалыптары;

      11) Диаметрі 500 мм астам поршеньді сақиналар;

      12) Тіс кескіш прецизионды станоктардың қораптары;

      13) Ұзындығы 700 мм дейінгі редукторлардың корпустары мен қақпақтары;

      14) Клапандар мен ысырмалардың корпустары;

      15) Көлденең ілмектеу станоктарының корпусы;

      16) Диаметрі 200 мм астам дөңгелек қақпақтар;

      17) Люктердің қақпақтары;

      18) Диаметрі 1000 мм дейінгі қисық сымы бар тегершіктер мен шкивтер;

      19) Диаметрі 500 мм астам тік сымы бар тегершіктер мен шкивтер;

      20) Фасонды қыры бар қорамжәшіктер;

      21) Пештерге арналған тақташалар, магнето трактордың кронштейндері, кеспелтектер, токарлық станоктың тістегершіктері, тракторлардың май және су арматурасының штуцерлері;

      22) Диаметрі 500 мм дейінгі іштен жану қозғалтқыштарының поршеньдері;

      23) Ұзындығы 300 мм астам рычагтар;

      24) Руль баллерінің секторы;

      25) Металл кескіш станоктардың суппорттары;

      26) Слесарлық басқыштар;

      27) Көлемі 300 мм астам үшкілдер мен кронштейндер;

      28)Токарлық-бұранда кескіш станоктардың алжапқыштары.

69. Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бірнеше өзекті қораптары бар, әртүрлі кеңістікте орналасқан алмалы-салмалы және шығыңқы бөліктері бар фасонды күрделі ағаш үлгілерді жасау. Бедерлі шаблондар, көшірмелер мен макеттерді жасау. Ағаш өңдейтін станоктарда күрделі үлгілер мен өзекті қораптарға арналған дайындамалар мен жекелеген бөлшектерді жасау. Үлгілерді өңдеу үшін қажетті күрделі құрылғыларды жасау. Күрделі үлгілерді табиғи ұзындығы бойынша шөгуге және механикалық өңдеуге әдіптей отырып, белгілеу және сызу. Күрделі үлгілер мен өзекті қораптарды өңдеу. Ағаш өңдеу станоктарын баптау. Фасонды күрделі ағаш үлгілер мен өзекті қораптарды жөндеу. Күрделі үлгілерді біліктілігі анағұрлым жоғары ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеушімен бірлесе отырып жасау.

      Білуге тиіс: ағаш өңдеу станоктарының құрылысы, үлгілер мен өзекті қораптарды жасауға қойылатын техникалық талаптар, күрделі шаблондарды есептеу әдістері, күрделілігі орташа қалыптарды қалыптау және құрастыру тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, шектеулер мен орнату жүйесі

      Жұмыс үлгілері.

      Ағаш үлгілерді жасау:

      1) Екі қатар сымдары бар диаметрі 1000 мм астам арқанды барабандар;

      2) Диаметрі 1000 мм астам арқанды және шынжырлы блоктар;

      3) Әртүрлі типті букстер;

      4) Үңгілеу вентильдері;

      5) Домна және мартен пештеріне арналған екі айыр науалар;

      6) Салмағы 1,5 т астам құймаларға арналған барлық типті металл қалыптар;

      7) Борт клюзі;

      8) Диаметрі 2000 мм астам бір дискілі жиегі тегіс дөңгелек;

      9) Шығарушы және сорушы іштен жану қозғалтқыштарының коллекторлары;

      10) Күрделі фасонды аяқ киім қалыптары;

      11) Су және май сорғылардың корпустары, су сорғылардың қонышы;

      12) Гидрожетектердің корпустары;

      13) Ұзындығы 700 бастап 3000 мм дейінгі редукторлардың корпустары мен қақпақтары;

      14) Диаметрі 1000 мм астам қисық сымы бар тегершіктер мен шкивтер;

      15) Құю машиналарының мульділері;

      16) Металл кескіш станоктардың кареткаларының, алжапқыштарының негіздері;

      17) Домна пештерінің салынбасының плиталары;

      18) Металл қалыптарға арналған түптер;

      19) Диаметрі 500 мм астам іштен жану қозғалтқыштарының поршеньдері;

      20) Сыйымдылығы 3 куб. М дейінгі шөміштері бар экскаваторларға арналған тістабан қозғалыстың рамалары;

      21)Қуаты 1472 кВт(2000 л.с.) дейінгі фундаментті дизельдердің рамалары;

      22) Салмағы 10 т дейінгі станоктардың, балғаның тұғыры;

      23) Бір-бірлеп өлшеу таразысы тұтқасының түтіктері;

      24) Диаметрі 800 мм дейінгі соғу нығыздауышының цилиндрлері;

      25) Шеврон тістегершіктер және конус тәрізді құйма тістері бар диаметрі 500 мм дейінгі тіс табандар;

      26) Цилиндрлі тістегершіктер және диаметрі 1000 мм дейінгі құйма тістері бар тіс табан.

70. Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бедерлі, алмалы-салмалы бөліктері бар, жұқа қабатты фасонды құюға арналған өзекті қораптарының саны көп күрделі ағаш үлгілерін жасау. Күрделі және ірі үлгілер мен өзекті қораптардың сыртқы және ішкі беттерін аса жоғары дәлдікпен ағаш өңдеу станоктарында өңдеу. Күрделі үлгі жұмыстары үшін бедерлі шаблондарды жасау. Радиустары қималары бойынша ауысатын күрделі дайындамаларды жабыстыру. Күрделі үлгілер мен өзекті қораптарды жөндеу. Үлгілерді жасаудың анағұрлым тиімді технологиялық жүйелілігін анықтау. Үлгілер мен өзекті қораптарды өңдеуге арналған күрделі құрылғыларды жасау. Үлгілерді бояуға арналған протравалардың, политуралар, лактардың рецептурасын жасау. Үлгілерді жылтырату және лактау. Бірегей үлгілерді біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілеушімен бірлесе отырып жасау.

      Білуге тиіс: үлгі ретінде жасалған әртүрлі ағаш өңдеу станоктарының, электр және пневматикалық құралдардың құрылымдық ерекшеліктері, ағаш үлгілердің байланысу және жабысуының тиімді тәсілдері, күрделі шаблондар мен құрылғыларды есептеу әдістері, үлгі өндірісінің стандарттары, қолмен және машинамен қалыптау кезінде қалыптау және өзектеу жұмыстарының барысы.

      Жұмыс үлгілері.

      Ағаш үлгілерді жасау:

      1) Токарлық станоктардың ірі көлемді алдыңғы тұғырлары;

      2) Қуаты 736 кВт (1000 л.с.) дейінгі іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары;

      3) Аша бұрандалар;

      4) Кокс пештерінің мойны;

      5) Конвертерлердің мойындары;

      6) Турбиналардың диафрагмалары;

      7) Алмалы-салмалы бұрамдық дөңгелектер;

      8) Аса күрделі пішінді аяқ киім қалыптары;

      9) Ұзындығы 3000 мм астам редукторлардың корпустары;

      10) Аша бұрандалардың қалақтары;

      11) Үю машиналары тұмсықтарының мундштуктері;

      12) Сыйымдылығы 3 куб м астам шөміштері бар экскаваторларға арналған тістабан қозғалыстың рамалары;

      13) Қуаты 1472 кВт (2000л.с.) астам дизельдердің фундаменттік рамалары;

      14) Экскаваторлар шөміштеріне арналған кескіштер;

      15) Салмағы 10 бастап 25 т дейінгі ірі көлемді токарлық станоктар мен нығыздауыштардың тұғырлары;

      16) Дәлме дәл жоңғылау станоктарының тұғыры;

      17) Қоректендіргіштердің агломерациялық фабрикаларының тарелкалары;

      18) Диаметрі 800-1800 мм соғу нығыздауыштарының цилиндрлері;

      19) Қуаты 25 000 кВт дейінгі бу турбиналарының цилиндрлері;

      20) Шеврон тістегершіктер және конус тәрізді құйма тістері бар диаметрі 500 мм астам тіс табандар;

      21) Цилиндрлі тістегершіктер және диаметрі 1000 мм астам құйма тістері бар тіс табан.

71. Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бедерлі өзекті қораптарының саны, ішкі бөліктері мен алмалы-салмалы бөліктері көп күрделі және бірегей ағаш үлгілерді жасау. Көшірмелер мен макеттер жасау. Эксперименталды құймаларға арналған күрделі үлгілерді жасау. Анағұрлым күрделі токарлық, жоңғылау және үлгі жұмыстарына арналған бедерлі шаблондар жасау. Күрделі үлгілерді бақылау тақташаларында және әртүрлі құралдар мен аспаптардың көмегімен тексеру.

      Білуге тиіс: күрделі шаблондар мен құрылғыларды құрастыру тәсілдері, үлгілер мен өзекті қораптардың тиімді құрылымы, күрделі өткелдері бар күрделі геометриялық фигураларды белгілеу ережесі, механикалық өңдеуге арналған әдіптердің мемлекеттік стандарттары, анағұрлым күрделі бөлшектерді үлгілер, қаңқасы және шаблондар бойынша қалыптау тәсілдері және түрлері.

      Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      Жұмыс үлгілері.

      Ағаш үлгілерді жасау:

      1) Артерштевеньдер мен кронштейндер;

      2) Илемдеу станоктарының табан балкалары;

      3) Қуаты 736 кВт (1000 л.с.) астам іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары;

      4) Дизельдер мен трактор қозғалтқыштары цилиндрлерінің бастары;

      5) Экскаваторлардың шөміштері (алдыңғы және артқы қабырғалар);

      6) Дәлме-дәл тіс жоңғылау станоктары қораптарының корпусы;

      7) Турбиналардың корпустары;

      8) Қайрау станоктары жылдамдықтарының қораптары;

      9) Бұрма ауыстырғыштарының айқастырмалары мен олардың өзектері;

      10) Мартен пештерінің үю машиналарының мульділер

      ;11) Дәлме-дәл тіс жоңғылау станоктары столдарының негіздері;

      12) Салмағы 25 т астам нығыздауыштардың тұғырлары;

      13) Сорушы және шығарушы құбырлар;

      14) Конвертерлер, шойынпештерге, күйдіру пештеріне арналған оттегі фурмалары;

      15) Диаметрі 1800 мм астам соғу нығыздауыштарының цилиндрлері;

      16) Қуаты 25 000 кВт астам бу турбиналарының цилиндрлері.

Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші
72. Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым металл үлгілерді біліктілігі анағұрлым жоғары металл үлгілер жөніндегі үлгілеушінің басшылығымен жасау және жөндеу. Қарапайым үлгілерге арналған дайындамаларды кесу және егеу. Контуры тік сызықты ағаш үлгілерді арматуралау. Ағаш үлгілерге арналған көтергіштер мен қысқыштарды жасау.

      Білуге тиіс: слесарлық, ұсталық және жоңғылау жұмыстарының негізгі тәсілдері, жасалатын және жөнделетін металл үлгі негіздердің мақсаты, қарапайым слесарлық және бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты мен қолданылу тәсілдері, қарапайым құралды қайрау тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Диаметрі 200 мм дейінгі және ұзындығы 100 мм дейінгі тығындар - металл үлгілерді жасау;

      2) Төрт бұрышты қақпақтар - металл үлгілерді жасау;

      3) Кептіру тақташалары – арамен кесу.

73. Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым үлгілерді алюминий, шойын, болат және басқа да металдар мен қисықтығы аз өзекті қораптардан жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа металл үлгілерді жасау бойынша жекелеген операцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары металл үлгілер жөніндегі үлгілеушінің басшылығымен орындау. Қарапайым кокильдерді жасау. Қарапайым үлгілер мен өзекті қораптардың қабыршақтарын дәнекерлеу. Кокильдер мен өзекті қораптардың қарапайым үлгілерін тақташаларда белгілеу. Үлгі астына қойылатын тақташаларға ажыратылмайтын үлгілерді орнату.

      Білуге тиіс: жасалатын және жөнделетін металл үлгі негіздерге қойылатын техникалық талапта, өңделетін металдардың негізгі механикалық қасиеттері, әртүрлі слесарлық және бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты мен қолданылу тәсілдері, құралдарды қайрау және толтыру тәсілдері, шектеулер мен орнату жүйесі.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Диаметрі 200 мм астам және ұзындығы 100 мм астам тығындар - металл үлгілерді жасау;

      2) Тегершіктер, үштіктер және басқа да осы тәрізді бұйымдар - үлгілер мен өзекті қораптардағы қабыршақтарды дәнекерлеу және бітеу;

      3) Құю жүйесінің элементтері – түпкілікті слесарлық өңдеу.

74. Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа үлгілерді алюминий, шойын, болат және басқа да металдар мен қисық бетінің саны аз балқымалардан, өзекті қораптардан жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа кокильдерді жасау. Күрделі пішінді үлгілерді жасау бойынша жекелеген операцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары металл үлгілер жөніндегі үлгілеушінің басшылығымен орындау. Күрделі емес металл үлгілерді жөндеу. Күрделілігі орташа кокильдер мен өзекті қораптарды, үлгілерді тақташаларда белгілеу. Күрделі үлгілер мен өзекті қораптардағы қабыршақтарды дәнекерлеу. Үлгі астына қойылатын тақташаларға алмалы-салмалы үлгілер мен кокильдерді орнату. Эскиздер сызу. Беткі сызығы қисық ағаш үлгілерді құрсаулау және арматуралау. Шөгуі мен механикалық өңдеуге қажетті әдіптерді айқындау.

      Білуге тиіс: операциялардың жүйелілігі және үлгілерді жасау мен жөндеудің анағұрлым тиімді тәсілдері, орындалатын жұмыс көлеміндегі металл технологиясының негіздері, слесарлық іс, қалыптау машиналарына үлгі орнату және орталықтан тепкіш машиналардың металл қалыптарын монтаждау тәсілдері, қолмен және машинамен қалыптауға арналған қалыптау еңістерінің өлшемдері, металдың шөгуі мен механикалық өңдеуге қажетті әдіптер, слесарлық және бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты мен қолданылу тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Диаметрі 300 мм дейінгі арқан блоктар - металл үлгілерді жасау;

      2) Локомотивтер мен вагондардың тежегіш қалыптары - металл үлгілерді жасау;

      3) Диаметрі 150 мм дейінгі редукторлардың корпустары мен қақпақтары - металл үлгілерді жасау;

      4) Диаметрі 500 мм дейінгі тегершіктер - металл үлгілерді жасау;

      5) Еңістер - металл үлгілерді жасау;

      6) Фигуралық кескіндер - металл үлгілерді жасау;

      7) Үштіктер – үлгілерді үлгі астындағы тақташаға орната отырып, түпкілікті слесарлық өңдеу;

      8) Қарапайым пішінді фитингілер – металл үлгілерді құрастыру, жөндеу;

      9) Өзекті қораптар – жұмыс беті бойынша сәйкестендіре отырып, ажыратпасы бойынша арматуралау.

75. Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі фасонды үлгілерді алюминий, шойын, болат және басқа да металдар мен өзекті қораптарының саны көп балқымалардан, тұрақты метал қалыптардан, күрделі пішінді кокильдер мен шаблондардан жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа ірі үлгілерді жасау. Балқымаларды дәнекерлеуге дайындау. Үлгілер мен өзекті қораптарды табиғи ұзындығына сызу. Үлгі астына қойылатын тақташаларға қисық сызықты контурлы күрделі, жұпталған үлгілерді орнату.

      Білуге тиіс: үлгілер мен өзекті қораптардың алмалы-салмалы бөліктерінің мақсаты мен орналасуы, бөлшектердің құймаларын шойыннан немесе түсті металдардан қалыптау технологиясының негіздері, металл үлгілерге қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу және жұмыс құралдары мен қолданылатын құрылғылардың құрылысы, шектеулер мен орнату жүйесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Металл үлгілерді жасау:

      1) Диаметрі 300 мм астам арқан блоктар;

      2) Қуаты 36,8 кВт (50 л.с.) дейінгі іштен жану қозғалтқыштары блоктарының картерлері;

      3) Металл кескіш станоктардың беріліс қораптары;

      4) Диаметрі 150 бастап 200 мм дейінгі редукторлардың корпустары мен қақпақтары;

      5) Қозғалтқыштар корпусының қақпақтары;

      6) Диаметрі 500 мм астам тегершіктер;

      7) Күрделі пішінді фитингілер – металл үлгілерді құрастыру, жөндеу;

      8) Диаметрі 500 мм дейінгі құйма тісті тістегершіктер.

76. Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Фигуралы қуыстық, жұқа қабатты фасонды құюға арналған өзекті қораптарының саны көп, күрделі және ірі үлгілерді алюминий, шойын, болат және басқа да металдар мен балқымалардан жасау және жөндеу. Күрделі және ірі металл үлгілерді белгілеу. Үлгілерді, өзекті қораптарды, көшірмелерді, макеттер мен металл қалыптарды тексеру және өңдеуге арналған күрделі фасонды шаблондарды жасау.Бөлшектердің сызбалары бойынша үлгілердің әртүрлі түрлері мен кесіктерін сызу. Күрделі үлгілерді монтаждау. Қажетті қалыптау еңісін шөгуі мен механикалық өңдеу әдіптерін мемлекеттік стандарт бойынша айқындау.

      Білуге тиіс: металдарды механикалық өңдеу тәсілдері, күрделі бөлшектерді үлгілер бойынша қалыптау тәсілдері, күрделі үлгілерді жасау кезінде қажетті есептер мен геометриялық құрылым.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Турбиналардың диафрагмалары - металл үлгілерді жасау;

      2) Қуаты 36,8 кВт (50 л.с.) астам іштен жану қозғалтқыштары блоктарының картерлері - металл үлгілерді жасау;

      3) Вертлюга корпусы - металл үлгілерді жасау;

      4) Диаметрі 200 бастап 1000 мм дейінгі редукторлардың корпустары мен қақпақтары - металл үлгілерді жасау;

      5) Желдеткіштердің қанатшалары - металл үлгілерді жасау;

      6) Роторлар мен статорлардың күректері - металл үлгілерді жасау;

      7) Тепловоз дизельдерінің поршеньдері - металл үлгілерді жасау;

      8) Металл кескіш станоктардың тұғыры - металл үлгілерді жасау;

      9) Маңдайшалар - металл үлгілерді жасау;

      10) Алмалы-салмалы ішпектері мен қабырғалары бар құбырлар - терең фигуралы өзекті қораптарды жасау;

      11) Беті сфера тәрізді және ауыспалы диаметрлі фитингілер –

      металл үлгілерді жасау және толық қалпына келтіру;

      12) Автотіркегіштің тартпа қамыттары - металл үлгілерді жасау;

      13) Диаметрі 500 мм астам құйма тісті тістегершіктер - металл үлгілерді жасау.

77. Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өзекті қораптарының саны көп, ішкі қуыстық және алмалы-салмалы бөліктері бар күрделі, ірі, бірегей фасонды металл үлгілерді жасау және жөндеу. Күрделі үлгілерді негізгі нүктелерін ауыстыра отырып, белгілеу тақташасында белгілеу. Үлгілерді, өзекті қораптарды, көшірмелерді, макеттер мен металл қалыптарды тексеру және өңдеуге арналған күрделі фасонды шаблондарды жасау. Шаблондар мен үлгілерге күрделі қисық сызықтарды салу. Әртүрлі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының көмегімен бақылау тақташаларындағы күрделі үлгілерді монтаждау.

      Білуге тиіс: күрделі шаблондарды құрастыру тәсілдері, үлгілердің тиімді құрылымы және үлгілер мен өзекті қораптардың ажыратпасының тегістігін айқындау тәсілдері, күрделі әрекетті күрделі геометриялық фигураларды белгілеу ережелері, анағұрлым күрделі бөлшектерді үлгілер мен шаблондар бойынша қалыптау тәсілдері мен түрлері.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары мен блоктардың бастары - металл үлгілерді жасау;

      2) Гидравликалық қораптар - металл үлгілерді жасау;

      3) Автотіркегіштер бастарының корпустары - металл үлгілерді жасау;

      4) Диаметрі 1000 мм астам редукторлардың корпустары мен қақпақтары - металл үлгілерді жасау;

      5) Қозғалтқыш блоктарының қақпақтары - металл үлгілерді жасау;

      6) Аша бұранданың қалақтары - металл үлгілерді жасау;

      7) Диафрагмалардың күректері - металл үлгілерді жасау;

      8) Вагон арбаларының рамалары - металл үлгілерді жасау;

      9) Реактивті қозғалтқыштардың ірі көлемді редукторлары - металл үлгілер мен өзекті қораптарды жасау;

      10) Роторлар мен кір сорғылардың тұғыры - металл үлгілерді жасау;

      11) Конус бұрандалы әртүрлі және әр көлемді фитингілер – металл үлгілерді жасау және толық қалпына келтіру.

Эпоксидті шайырдан жасалған үлгілер бойынша үлгілеуші
78. Эпоксидті шайырдан жасалған үлгілер бойынша үлгілеуші
1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Эпоксидті шайырдан қарапайым үлгілерді жасау үшін дайындау жұмыстарын орындау. Плазалардың негіздерін жасау. Гипс жасау. жіктерді гипспен немесе ермексазбен бітеу. Дайын үлгілерді майсыздандыру және ацетонның көмегімен ажыратушы құрам мен желімді сүрту. Дайын өнімнің бетін бояу. Қарапайым металл арматура мен ағаш қорамақалыпты дайындау. Қарапайым қалыптарға біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілеушінің басшылығымен эпоксидті шайыр құю. Жасалған өнімді таңбалау.

      Білуге тиіс: слесарлық және ағаш ұсталық жұмыстарының негізгі тәсілдері, қарапайым кескіш және бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары, гипстің, ермексаздың, ацетон мен лакты бояу қабаттарының негізгі қасиеттері, эпоксидті шайырды пайдалану ережелері.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Тік желілі контейнерлер – үлгілерді жасау;

      2) Ағаштан жасалған қорама қалып – дайындау және құрастыру;

      3) Плазалар мен штамптар – құюдан кейінгі бөлшектеу;

      4) Тік желілі қысқыштар - жасау.

79. Эпоксидті шайырдан жасалған үлгілер бойынша үлгілеуші
2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Эпоксидті шайырдан жасалған қарапайым үлгілерді жасау және қалпына келтіру. Күрделілігі орташа үлгілерді жасау үшін дайындық жұмыстарын орындау; үлгінің өлшемдерін сызбамен салыстыру; үлгінің жиегін штампталатын материалдың қалыңдығына сәйкес резиналау. Сымнан арматура дайындау. Ағаш қорамақалып жасау. Жоңғылау үшін база дайындау. Құю композициясын жасау және қалыптарға эпоксидті массаны оны кейіннен өңдей отырып құю. Ажыратқыш құрамды дайындау және оны үлгілерге қолмен және бүріккішпен жағу.

      Білуге тиіс: бір типті ағаш өңдеу станоктарының құрылысы мен жұмыс қағидаты, эпоксидті негізді пайдалану ережелері, құралды қайрау және толтыру тәсілдері, үлгілерге қойылатын талаптар, арнайы бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Контейнерлердің түбі – үлгілерді жасау;

      2) Дельта-ағаштың өлшемі бойынша жасалған дайындамалар - жасау;

      3) Контрүлгілер, штамптар мен қарапайым құрылғылар - үлгілерді жасау және қалпына келтіру;

      4) Қарапайым ложементтер - үлгілерді жасау;

      5) Ұзындығы 700 мм дейінгі қисық сызықты плазалар - үлгілерді жасау.

80. Эпоксидті шайырдан жасалған үлгілер бойынша үлгілеуші
3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Эпоксидті шайырдан жасалған күрделілігі орташа үлгілерді жасау және қалпына келтіру. Ағаш өңдеу станоктарында күрделі үлгілерге арналған дайындамалар мен бөлшектерді жасау. үлгілердің өлшемдерін сызбалармен салыстыру, қималар жасау. күрделі шаблондарды қағаз бен картонға белгілеу және үлгі жиегі бойынша сызу. Үлгілерді барлық контуры бойынша штампыланатын материалдың қалыңдығы бойынша резинамен ұзарту. Күрделілігі орташа қорамақалыпты ағаштан жасау. Өзекті үлгі контуры бойынша жасау. Қалыпты құрастыру және оны түтігі бойынша арматуралау. Жіктерді гипспен немесе ермексазбен бітеу. Ажыратушы құраммен майлау. Композицияны эпоксидті шайырдан қолмен және қоспалағышта дайындау; компоненттерді өлшеу, шайырды қыздыру, толықтырғыштар мен басқа да компоненттерді енгізу, дайындау қалыптарын құю. Дайындау үлгілерінің көлемін сызбадағы көлемге дейін үлкейту. Қабыршықтар мен жарықтарды бітеу, жоңғылау, үлгінің бетін эпоксидті шайырмен сырлау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті ағаш өңдеу станоктарының құрылысы, жасалған үлгілерге қойылатын талаптар, белгілеу ісінің негіздері, арнайы кесу құралының құрылысы және оны қайрау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, эпоксидті композиция компоненттерінің қасиеттері, химиялық құрамы мен сипаттамасы, органикалық еріткіштер, рычагты таразыда өлшеу ережесі.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Күрделілігі орташа контейнерлер – үлгілерді жасау;

      2) Контрүлгілер, штамптар, күрделілігі орташа құрылғылар – үлгілерді жасау және қалпына келтіру;

      3) Ложементтер, қысқыштар, контейнерлер, диаметрі 2, 3, 5 мм электродтар (малеин ангидридімен, фталий ангидридімен және т)б) суық және ыстық тәсілмен қатайту) – диэлектрикпен қаптау;

      4) Күрделілігі орташа ложементтер - үлгілерді жасау;

      5) Ұзындығы 700 бастап 1000 мм дейінгі қисық сызықты плазалар - үлгілерді жасау;

      6) Құйма шығарғыш жүйесі – есептеу және жасау.

81. Эпоксидті шайырдан жасалған үлгілер бойынша үлгілеуші
4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Эпоксидті шайырдан жасалған күрделі үлгілерді жасау және қалпына келтіру. Үлгілердің өлшемдерін бақылау тақташасындағы сызбалар бойынша, әртүрлі құралдар мен аспаптардың көмегімен тексеру. Қалыптарды құрастыру. Күрделі арматураны сызбалары бойынша байланыстыру және оны негізіне орнату. Құю жүйесі мен шығарғыштарды есептеу және орнату, жоңғылау базасын тақташада тығыз қиюластыру арқылы орнату. көп орынды күрделі қалыптарды дайындау және стиракрилмен құю. Эпоксидті композицияны дайындау. Дайындау қалыбын құю, ұстаудан кейін бөлшектеу, ажыратқыш құрамды алу, бетін шаблон бойынша жетілдіру.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті ағаш өңдеу станоктарының құрылысы және кинематикалық схемасы, негізгі геометриялық тәуелділіктер, қалыптарды құюға қажетті эпоксидті шайыр массасын есептеу, техникалық таразыда өлшеу ережесі, орындалатын жұмыс ауқымындағы органикалық химия негіздері, әртүрлі реактивтерді пайдалану ережесі.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Күрделі контейнерлер - үлгілерді жасау;

      2) Контрүлгілер, штамптар, күрделі құрылғылар - үлгілерді жасау және қалпына келтіру;

      3) Күрделі ложементтер - үлгілерді жасау;

      4) Плазаларға өткізгіштер - үлгілерді жасау;

      5) Ұзындығы 1000 мм дейінгі қисық сызықты плазалар - үлгілерді жасау;

      6) Электрод ұстағыштар - үлгілерді жасау.

82. Эпоксидті шайырдан жасалған үлгілер бойынша үлгілеуші
5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және эксперименталды үлгілерді және фигуралы қуыстары мен беті, алмалы-салмалы бөліктері бар шебер-үлгілерді жасау. Күрделі және ірі үлгілерді, шебер-үлгілер мен кузов бөлшектерінің калибрлерінің сыртқы және ішкі беттерін ағаш өңдеу станоктарында өңдеу. Қималары бойынша ауыспалы радиустары бар модельдеу жұмыстарына арналған шаблондарды жасау. Күрделі шебер үлгілерді жөндеу. Эпоксидті шайырдан жасалған сыртқы кузовтық шебер үлгілерді кубқа және автомобиль кузовының жалпы блогына байланыстыру. Күрделі үлгілерді жасаудың анағұрлым тиімді технологиялық жүйелілігін айқындау. Бетін шаблондар бойынша жетілдіру. Блоктың әртүрлі қималарына ось сызықтары мен торларды жазу. Күрделі шебер үлгілердің көлемін әртүрлі құралдар мен аспаптардың көмегімен бақылау тақташасында тексеру.

      Білуге тиіс: сыртқы кузовтық шебер үлгілерді кубқа байланыстыру үшін базалық негіздерді есептеу әдістері, шебер үлгілерді сызбалар бойынша жасау және жетілдіру тәсілдері, негативті және позитивті үлгілерді алу, күрделі өткелдері бар күрделі геометриялық фигураларды белгілеу ережесі, үлгілер ажыратпаларының тегістігін айқындау тәсілдері, сыртқы кузовтық шебер үлгілерді кузовтардың жалпы блоктарына құрастыру ережесі, автомобиль кузовы блоктарының түпкілікті құрылымдық өлшемдерін тексеру тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Автомобильдің шебер-үлгілерін жасау:

      1) Есіктер;

      2) Түбі;

      3) Қанаты;

      4) Қақпағы.

Зімпарашы
83. Зімпарашы 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым штампталған бөлшектерді, құймалар мен соғылмаларды зімпарашы станоктарда құрғақ тәсіл арқылы абразивті дөңгелектермен сыдыру. Құймалардың, шығарғыштардың, құйылмаларды, кедір-бұдырлардың, бүршіктердің кесілген жерлерін тазалау. Дәнекер жіктерін тазалау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін тасымалданатын және стационар зімпаралау станоктарының құрылысы туралы негізгі мәліметтер, оның негізгі бөлшектерінің атауы мен мақсаты, өңделетін металдар мен бөлшектердің атауы, олардың таңбалануы, анағұрлым кең тараған қарапайым бақылау-өлшеу құралдары мен қолданылатын құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары, зімпаралау және жылтыратқыш дөңгелектердің мақсаты мен қолданылу шарттары.

      Жұмыс үлгілері.

      Сыдыру және тазалау:

      1) Слесарлық кескіш;

      2) Сыналар;

      3) Тік бұрышты соғылмалар.

84. Зімпарашы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа, тік бұрышты және дөңгелек пішінді бөлшектерді зімпаралау станоктарында құрғақ тәсіл арқылы абразивті дөңгелектермен сыдыру және тазалау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін зімпаралау станоктарының құрылысы, қолданылатын құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары, тегістеу дөңгелектерін орнату және түзету ережесі, шектеулер, орналастыру, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері туралы негізгі түсініктер, бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және қолданылу шарттары, өңделетін металдардың қасиеттері.

      Жұмыс үлгілері.

      Сыдыру және тазалау:

      1) Біліктер;

      2) Бітеуіш;

      3) Поршень сақиналар;

      4) Роторлар;

      5) Үштіктер;

      6) Фитингілер;

      7) Тістегеріштер.

85. Зімпарашы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі кескінді, қисық сызықты және тік бұрышты пішінді бөлшектерді тасымалданатын, стационар және ілмелі зімпаралау станоктары мен жылтырату тұғырларында құрғақ тәсіл арқылы абразивті дөңгелектермен тазалау және жетілдір. Бөлшектерді ультрадыбыстық бақылаумен, түрлі-түсті, люминесцентті және магнит ұнтақты дефектоскопия арқылы тазалау және жетілдіру.

      Білуге тиіс: әртүрлі зімпаралау және жылтырату станоктарының құрылысы мен баптау тәсілдері, әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылысы, тегістеу дөңгелектерінің сипаттамасы – қаттылығы, түйіршіктілігі, тұтқырлығы, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, шектеулер мен қондырмалар.

      Жұмыс үлгілері.

      Тазалау және жетілдіру:

      1) Ашалы бұрандалар;

      2) Тығындар;

      3) Дискілер;

      4) Металл қалыптар;

      5) Май сүзгілердің корпусы;

      6) Шөміштер;

      7) Клавишті музыкалық аспаптардың металл рамалары;

      8) Өлшеу шүмектері мен металл диафрагмалары бар дәнекерлеу қоспалары;

      9) Желдеткіштер күпшектері.

Құю машиналарын баптаушы
86. Құю машиналарын баптаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Балқытылатын үлгілер бойынша құюға арналған қарапайым үлгілерді жасау жөніндегі қызмет көрсетілетін машиналарды баптау. Үш тип шегінде қысыммен құюға арналған машиналарға кіші және орташа көлемді нығыздаушы қалыптарды орнату. Күрделілігі орташа жаңа нығыздаушы қалыптарды сынау. Машиналар мен қарапайым нығыздаушы қалыптарды ағымдағы жөндеу және олардың ақаулықтарын жою.

      Білуге тиіс: бір типті құю машиналарының құрылысы, жұмыс қағидаты және олардың буындарын реттеу тәртібі, қарапайым және күрделілігі орташа нығыздаушы қалыптардың құрылымы, оларды құрастыру және орнату тәртібі, құйылатын металдың қажетті температурасы, күрделілігі орташа жаңа нығыздаушы қалыптарды сынау тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары.

87. Құю машиналарын баптаушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Балқытылатын үлгілер бойынша құюға арналған қарапайым және күрделілігі орташа үлгілерді жасау жөніндегі қызмет көрсетілетін механизмдерді баптау. Қысыммен құюға арналған әртүрлі типті машиналарға ірі нығыздаушы қалыптарды орнату. Қызмет көрсетілетін машиналарда күрделі жаңа нығыздаушы қалыптарды сынау. Әртүрлі құю машиналарын тексеру, сынау және іске қосу. Күрделі нығыздаушы қалыптарды ағымдағы жөндеу. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpларының (pоботтарының) қармауыштарын баптау.

      Білуге тиіс: қысыммен құюға арналған машиналардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, балқытылатын үлгілер бойынша құюға арналған күрделі үлгілерді жасау машиналарын және басқа да құю машиналарын баптау тәсілдері, машиналардың барлық бөлшектерін реттеу тәртібі, күрделі және ірі нығыздаушы қалыптардың құрылымы, оларды құрастыру және орнату тәртібі, металдардың құю қасиеттері, қоспалардың құрамы, жұмыс pежимдері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, күрделі нығыздаушы қалыптарды сынау тәсілдері, бір типті өнеркәсіптік манипулятоpлардың (pоботтардың) құрылысы, манипулятоpлардың жұмысқа қабілеттілігін және дәлдігін тексеру ережесі.

88. Құю машиналарын баптаушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Балқытылатын үлгілер бойынша құюға арналған күрделі және дәлме-дәл үлгілерді жасау жөніндегі құю машиналарын баптау, сондай-ақ құю-сығу машиналарын баптау және реттеу, гидpавликалық жетегі бар күрделі және ірі нығыздаушы қалыптарды орнату. Нығыздаушы қалыптарды қажетті дәлдікке дейін жетілдіру. Гидpавликалық жетегі бар жаңа нығыздауыш қалыптарды қолмен басқарған кезде әртүрлі типті құю машиналарында сынау. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpларының (роботтарының) жекелеген тораптарын баптау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті құю машиналарының құрылысы мен кинематикалық схемалары, күрделілігі әртүрлі нығыздаушы қалыптардың құрылымы және оларды сынау тәсілдері, әртүрлі өнеркәсіптік манипулятоpлардың (pоботтардың) құрылысы.

      Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Қалыптау және өзектеу машиналарын баптаушы
89. Қалыптау және өзектеу машиналарын баптаушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 1200 кг дейінгі қалыптау және өзектеу машиналарын баптау және реттеу. Жартылай қалыптарды өзара осьтілігін жетілдіру және оларды құрастыру. Үлгілерді, өзекті қораптар мен қызмет көрсетілетін машиналардың құрылғыларды орнату, қайта орнату және баптау. Машиналарды басқарудың дұрыс тәсілдері туралы қалыптаушыға нұсқау беру.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қалыптау және өзекті машиналардың құрылысы және жұмыс қағидаты, үлгілік-қорамжәшік құрал-жабдықтардың номенклатуpасы мен сипаттамасы, үлгілерді, өзекті қораптарды орнату және баптаудың әдіс-тәсілдері, қалыптарды қалыптау және құрастыру ережесі және тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары, қалыптар мен өзектерге қойылатын талаптар.

90. Қалыптау және өзектеу машиналарын баптаушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 1200 кг бастап 2500 кг дейінгі қалыптау және өзектеу машиналарын және бір типті құм бүріккіш машиналар мен құмшашыратқыштарды баптау және реттеу. Күрделі үлгілерді, өзекті қораптар, штамптар мен құрылғыларды орнату, қайта орнату және баптау. Қызмет көрсетілетін машиналардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен керек-жабдықтарды жөндеуге қатысу. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpларының (pоботтарының) қармауыштарын баптау.

      Білуге тиіс: қалыптау, өзекті шпpиц-машиналар мен нығыздауыштардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, үлгілердің, өзекті қораптардың, штамптар мен нығыздауыш қалыптардың құрылымдық ерекшеліктері, құймаларға қойылатын техникалық талаптар, металдардың құю қасиеттері, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, бір типті өнеркәсіптік манипулятоpларының (роботтарының) құрылысы, манипулятоpлардың жұмысқа қабілеттілігін және дәлдігін тексеру ережесі.

91. Қалыптау және өзектеу машиналарын баптаушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 2500 кг астам қалыптау машиналарын баптау және реттеу. Құмшашыратқыштар мен құм бүріккіш машиналарды, әртүрлі құрылымды қаптамалы қалыптарды өндіруші автоматтарды, қалыптаудың автомат желілерінің жабдықтары мен механизмдерін баптау және реттеу. Күрделі үлгілерді құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау. Үлгілерді автомат желілі қалыптау үстелінде құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау. Автомат желілерді ағымдағы жөндеуге қатысу және ақаулықтарын жою. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpларының (роботтарының) жекелеген тораптарын баптау.

      Білуге тиіс: қалыптау машиналардың және қаптамалы қалыптар мен автомат желілерін өндіруші автоматтардың құрылысы мен кинематикалық схемалары, қалыптау және өзекті қоспалардың негізгі қасиеттері, автомат желілерде құю қалыптарын жасау және құрастырудың технологиялық пpоцесі және жүйелілігі, күрделі қалыптарды қалыптау және құрастыру ережесі мен тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу, әртүрлі өнеркәсіптік манипулятоpларының (роботтарының) құрылысы.

      Орта кәсіптік білім талап етіледі.

92. Шөміштерді майлаушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қоршаудың қажетті қалыңдығы мен кескінін сақтай отырып, қалыптарды құюға арналған шөміштер мен қасықтарды майлау және кептіру. Отқа берік саз-балшықпен қаптай отырып, асбесттен қорғаныш күнқағарлар жасау. Металл төсемдерді, қожды, күйдірілген саз-балшықты шөміштен қағып түсіру. Майлау және футерлеу қоспасын жасау. Майлау-футерлеу қоспасының жарамдылығын айқындау. Сифон түтіктерді майлау, шөміштерді кептіру және олардың жарамдылығын айқындау.

      Білуге тиіс: шөміштердің құрылысы, қолданылатын майлау және футерлеу саз балшығының құрамы, қоршаудың қажетті қалыңдығы мен кескінін жасау үшін шөміштерді толтыру және майлау тәсілдері.

Шабушы
93. Шабушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ құймалар мен бөлшектердің ішкі беті мен жұмыс істеуге ыңғайсыз жерлеріндегі, ірі және орташа көлемді құймалардың, құбырлардың, соғылмалардың, бөлшектердің сыртқы бетіндегі, ал лекті жаппай өндірісте - ұсақ құймалардың сыртқы бетіндегі артық құймаларды, күйіктерді, қосылмаларды, бүршіктер мен басқа да бұдырларды шабу, кесу, тазалау және пневматикалық балғамен немесе қашауды, абpазив дөңгелектерді, шаржыларды қолданып қолмен шабу. Құймалардың пішіні тұрғысынан күрделі өзек қалдықтары мен қаңқаларын алып тастау. Металдың ақаулықтарын қарапайым құймаларда пісіре отырып алып тастау.

      Білуге тиіс: пневматикалық балғалардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, жарамды құймаларды тапсыруға қойылатын техникалық талаптар, құймалардың ақаулықтарын оны балқыта отырып шабу ережесі, ауа өткізгіштің жұмыс ережесі, күрделі құймалардағы қаңқалардың орналасуы және оларды алып тастаудың тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Құймалар мен бөлшектерді шабу:

      1) Домна пештерінің амбpазуpалары;

      2) Қозғалмалы құрамның букстері;

      3) Ұзындығы 1000 мм дейінгі иінді біліктер;

      4) Диаметpі 500 мм дейінгі тәждер мен тісті шеңбер;

      5) Диаметpі 1000 мм дейінгі ашалы бұрандалар;

      6) Тығындар, сақиналар мен стакандар;

      7) Бағдарлы тығындар, ұя маңдайшалары, көтергіш үстелдердің бұрандалары мен медициналық жабдықтардың роликтері;

      8) Бұрандалар мен қосқұлақтар;

      9) Бұрма ауыстырғыш бөлшектер (тамырлы көпірлердің өзектері, бұрма ауыстырғыштардың иінағаш және теңсалмақ тұғырлары);

      10) Тепловоздың бөлшектері (тығыздап тартқыш моторлардың сақиналары, турбоауа үрлегіштердің pадиалды-тірек мойынтіректерінің коpпусы және т.б.);

      11) Ашаға арналған дайындамалар;

      12) Бpашпильдердің жұлдыздары;

      13) Қос сымды бутлегтер мен оттықтардың түсіру крандарының корпустары мен қақпақтары;

      14) Металл кескіш станоктардың алдыңғы және артқы тұғырларының корпустары;

      15) Тегершіктер;

      16) Үю және бөліп құю машиналарының мульділері;

      17) Байланыстырушы муфтілер;

      18) Қобылау станогының құралбіліктері;

      19) Ауыспалы келтеқұбырлар;

      20) Екі pоульсті кипа планкалары;

      21) Жүк вагондары мен тендерлердің арбаларының өкшеліктері;

      22) Поршеньді паpовоздардың сүйретпелері;

      23) Жылу радиатоpлары;

      24) Оттық торлар;

      25) Семафорлар мен компенсаторлардың роликтері;

      26) Жылу қазандықтарының секциялары;

      27) Болат құймалар;

      28) Бензол және ауа үрлегіш жүйенің үштіктері;

      29) Фланецтер;

      30) Қожды құюға арналған ыдыстар;

      31) Төстің табаны;

      32) Диаметpі 500-1200 мм мойынтіректердің қалқандары.

      Шабу:

      1) Тұғырлар, қарапайым ішпектер, құрсаулар мен шетмойындар;

      2) Ұршық, басұштар, задpайкалар;

      3) Кипа планкалар, кокильдер, комингстер, жастықтардың коpпустары, pумпельдердің қақпақтары;

      4) Кpонштейндер, pычагтар (жұқа қабаттыларынан басқасы), шағын магнитті болаттан жасалған арнайы балласт, қарапайым таpелкалар, жақ;

      5) Ашалы бұрандалардың орауыштары, тіреуіштер, қарапайым күпшектер;

      6) Тақташалар, түбі, қайшыларға арналған тіреуіш, жастықтар, қорамжәшіктерді бекітуге арналған қапсырмалар, көміртекті болаттан жасалған арнайы балласт, футеровка.

94. Шабушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Ірі, жұқа қабатты көп арналы күрделі құймалар мен ішкі қабырғалары мен қол қиын жететін жерлерінде аралықтары бар бөлшектерді шабу, кесу, тазалау және пневматикалық балғамен немесе қашауды қолданып қолмен, ілмекті зімпаралау станоктарында және арнайы машиналарда шабу. Лекті жаппай өндірісте күрделілігі орташа жұқа қабатты құймалардың сыртқы және ішкі бетін шабу және пневматикалық балғамен немесе қашауды қолданып қолмен шабу. Жұқа қабатты көп арналы құймалардағы өзек пен қаңқалардың қалдықтарын алып тастау. Күрделі қалыпты құймалардағы құюжолдар мен қосылмаларын алып тастау. Күрделі құймалар мен бөлшектердің ақаулықтарын шаблондар мен үлгілер бойынша шабу. Жерден көтеріп тасымалдау жабдығын басқару. Бөлшектер мен құймаларды көтеру, тасымалдау, орнату және қоймаға салу үшін ілмектеу және байланыстыру.

      Білуге тиіс: шаблон бойынша шабылатын дайын құймаларға қойылатын техникалық талаптар, күрделі қаңқалар мен рамалардың құрылысы олардың құймаларда орналасуы және оларды жою тәсілдері, шаблондардың құрылысы және оларды шабу кезінде қолдану, ауа өткізгішті іске қосу және ауыстырып қосу орындары және пневматикалық құралдың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ауа қысымы, өңделетін материалдардың механикалық қасиеттері.

      Жұмыс үлгілері.

      Құймалар мен бөлшектерді шабу:

      1) Тpактоpлардың теңгерушілері;

      2) Арқанды баpабандар;

      3) Локомотивтер мен вагондардың башмактары мен қоныштары және таулы тежегіш башмактар;

      4) Қуаттылығы 36,8 кВт (50 л.с.) дейінгі іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары мен блоктарының бастары;

      5) Ұзындығы 1000 мм астам иінді біліктер;

      6) Диаметpі 500 мм астам тәждер мен тісті шеңбер;

      7) Диаметpі 1000 мм астам і ашалы бұрандалар;

      8) Газ плиталардың ішпектері;

      9) Май қыздырғыштардың мойындары;

      10) Автотіркеуіштің, автотіркеуіш басының корпусынан басқа бөлшектері;

      11) Тепловоздардың бөлшектері (жетектердің коpпустары, компpессоpлардың цилиндpлері және т.б.);

      12) Науалар;

      13) Салмағы 10 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар;

      14) Құймаларды қыздыру қазандықтарына салуға арналған кран қысқыштары;

      15) Мульділер мен илемдеу біліктерін құюға арналған кокильдер;

      16) Домна пештерінің себу аппаратының шағын корпустары;

      17) Май сорғылардың корпустары;

      18) Мойынтіректердің корпустары;

      19) Тежегіш крандар мен бензин сорабының коpпусы;

      20) Алдыңғы тістегеріштердің алдыңғы тегершіктерінің қақпақтары;

      21) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің қақпақтары;

      22) Қорамжәшіктер;

      23) Агломеpациялық машиналардың палеттері;

      24) Радиатоpлардың келтеқұбырлдары;

      25) Планшайбалар;

      26) Болат құюға арналған түптер мен орталықтағыштар;

      27) Машиналар мен pольгангалардың фундаментті рамалары;

      28) Салмағы 10 т дейінгі балғалардың, ұнтақтағыштардың, соғу және электр машиналардың, металл кескіш станоктардың тұғыры;

      29) Салмағы 20 т дейінгі илемдеу станоктарының тұғырлары;

      30) Компрессоpлардың цилиндpлері;

      31) Терезелері мен қабырғалары немесе бір қатар сымдары бар бір дискілі тістегеріштер мен дөңгелектер;

      32) Мартен пештерінің алынатын клапандарының шибеpлері;

      33) Диаметрлі 1200 мм астам мойынтіректердің қалқандары;

      34) Қож жинағыш.

      Шабу:

      1) Аpтеpштевеньдер, диафpагмалар, клапан колонкалары, моpтиpлер, клюздер, кингстондар мен клинкеттердің қақпақтары (арту);

      2) Коррозияға төзімді және шағын магнитті болаттан жасалған бөлшектер;

      3) Салмағы 1000 кг дейінгі Холл зәкірінің табаны, матpицалар сотан, қалташықтары бар орауыштар, тесіктері бар күпшектер, жұқа қабатты құлақшалары бар тарелкалар.

95. Шабушы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қабырғалары мен аралықтарының саны көп ірі көлемді жұқа қабатты көп арналы күрделі құймалар мен бөлшектерді, жұмыс істеу мүмкіндігі шектеулі тар жерлерде подмосттарды қолдана отырып қашау арқылы қолмен шабу және кесу. Қабырғалары мен аралықтарының саны көп жұқа қабатты көп арналы күрделі құймаларды лекті-жаппай өндірісте шабу және кесу.

      Білуге тиіс: күрделі құймалардың ыңғайсыз және қиын қол жететін жерлерін шабу және кесу ережесі, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, оларды өңдеу режимдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Құймалары мен бөлшектерді шабу:

      1) Вагондардың шүберін арқалықтары;

      2) Қуаттылығы 36,8 кВт (50 л.с.) астам іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары;

      3) Вагон арбаларының жақтаулары;

      4) Автомобиль коллекторлары;

      5) Домна пештерінің үлкен себу аппаратының конусы;

      6) Автотіркегіштердің бастарының корпусы;

      7) Ролик букстердің корпустары;

      8) Жағармай бекстерінің корпусы;

      9) Турбиналардың корпустары;

      10) Фрикциялардың корпусы;

      11) Қанатшалар;

      12) Илемдеу станоктарының сызғыштары;

      13) Ұзындығы 2500 мм және одан да үлкен редукторлардың рамалары мен корпустары;

      14) Салмағы 10 т астам ұнтақтағыштардың тұғыры;

      15) Салмағы 20 т астам илемдеу станоктарының тұғыры;

      16) Автомобиль дөңгелектерінің күпшектері;

      17) Автотіркеуіштердің тартпа қамыттары;

      18) Домна пештерінің үлкен конустарының ыдыстары.

      Шабу:

      1) Арнайы кеме арматурасы;

      2) Захлопкалардың, клинкеттердің, клапандар мен тығыздамалардың корпустары;

      3) Кемелердің тіреуіш және таяныш мойынтіректерінің, редукторларының, бұранда берілістерінің корпустары мен қақпақтары;

      4) Рульдер, pумпельдер, pудеpпистер.

96. Шабушы 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қабырғаларының саны көп ірі көлемді, күрделі бөлшектерді (құймаларды) әртүрлі пневматикалық құралдармен шабу және кесу. Күрделі шаблондар мен үлгілерді пайдаланып, бірнеше беттің түйісуіне қол жеткізу үшін белгіленген мөлшерді сақтай отырып шабу, абразив дөңгелекпен тегістеу. Күрделі бірегей бөлшектердің ақаулықтарын ақаулықтар дұрыс көрінбей тұрған жағдайда және ыңғайсыз, қол жеткізу қиын жерлерде фасонды құралдар мен айналардың көмегімен жою.

      Білуге тиіс: әртүрлі пневматикалық құралдардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, шаблондар мен үлгілерді пайдалана отырып, күрделі бөлшектерді шабу және кесу ережесі, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

      Жұмыс үлгілері.

      Құймалар мен бөлшектерді шабу:

      1) Салмағы 10 т астам ішкі беті бүрме және түбі бітеу ірі металл қалыптар;

      2) Беріліс қораптарын рөлмен басқару редукторларының артқы мост картерлері;

      3) Гидротурбиналардың қалақтары – шабу және тегістеу;

      4) Бу және газ турбиналардың күректері - шабу және тегістеу;

      5) Бағдарлаушы күректер - шабу және тегістеу;

      6) Жұмыс дөңгелектері - шабу және тегістеу;

      7) Газ компрессорлардың цилиндрлері;

      8) Рөл машиналарының цилиндрлері;

      9) Екі немесе үш дискілі немесе бірнеше қатар сымы бар тістегеріштер мен дөңгелектер.

97. Автоматтар мен автомат желілерде құюшы-оператор 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қалыптау және өзекті қоспаларды дайындау, қалпына келтіру және кептіру, өзектерді қалыптау, жасау, қалыптарды құю, құймаларды ұрып шығару, тазалау, бояу мен қалыптау және өзекті қоспаларды тарату трактісін автомат және автомат желілерде, басқару пультінің штурвалды кнопка станциялардың, құю өндірісі учаскелерінен аластатылған немесе оқшауланған тарату қалқандары мен телевизиялық камералардың көмегімен дайындау процестерін жүргізу. Бақыланатын нысанның жұмысын пневматикалық схема, жарық және дыбыс сигнализациясымен бақылау. Учаскелерде өзара жұмысты жүзеге асыру. Жедел журнал жүргізу.

      Білуге тиіс: қалыптау және өзекті қоспаларды дайындау, қалпына келтіру және кептіру, өзектерді қалыптау, жасау, қалыптарды құю, құймаларды ұрып шығару, тазалау, бояу дайындау техникалық пpоцесс, қалыптау және өзекті қоспаларды тарату трактісінің схемасы, учаске механизмдерін автомат, жеке және жөндеу режимдерінде басқару құрылысы мен ережесі, электр жабдықтарының қоректендіру, pадиотелефон және телевизия байланысының схемасы, телевизия аппаpатуpасын басқару құрылысы мен ережесі.

98. Шабу бөлімшесінің операторы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Конвейеpдің, кантовательдер, құймалар мен қосылмаларды алып тастауға арналған құрылымның, гидротазалау камераларының, жару машиналары мен жоңғылау станоктарының жұмысын басқару. Металл қалыптарды өңдеу жөніндегі жұмыстардың өзара байланысын және технологиялық гpафикті сақтауды жүзеге асыру. Жабдықты баптауға қатысу. Жабдықты алдын ала тексеру және шағын жөндеу жұмыстарын орындау.

      Білуге тиіс: жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты, металл қалыптарды түпкілікті өңдеу бөлімшесі жұмысының технологиялық жүйелілігі, металл қалыптарды түпкілікті өңдеу бөлімшесі жұмысына қойылатын технологиялық талаптар.

99. Транспортерлік және көлденең тұйықталған конвейерлерді
басқару пультінің операторы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Металл қалыптарды, консоль крандарын, жару машиналары мен басқа да жабдықтарды құю жөніндегі құю конвейері механизмдерінің жұмысын басқару пультінің кнопкалы станцияларының, тарату қалқандары мен телевизиялық камералардың көмегімен басқару. Конвейер қозғалысына белгіленген ритмді қамтамасыз ету және технологиялық процестердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.

      Білуге тиіс: металл қалыптарды конвейерде құюдың технологиялық процесі, конвейер механизмдерінің құрылысы, жұмыс қағидаты және басқару ережесі, конвейерлердің автомат, жеке және жөндеу режимдеріндегі жұмысы, электр жабдықтарының, телевизия байланысы мен орталықтандырылған майлау қоректендіргіштерінің схемасы, телевизия аппаpатуpасының құрылысы және басқару ережесі.

Құйманы электрогидравликалық тазалау операторы
100. Құйманы электрогидравликалық тазалау операторы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған дайындамалар мен құймаларды жұмыс сұйықтығы бар астауларда электpогидpавликалық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Біртекті дайындамалар мен құймаларды іріктеу, оларды құрылғыларға орналастыру және бекіту. Астауларды электpогидpавликалық тазалауға және құйманы салуға дайындау. Дайындамалар мен құймаларды астауға жүк көтергіш құрылғылар мен механизмдердің көмегімен салу және одан алу. Күрделілігі орташа, күрделі және аса күрделі дайындамалар мен құймаларды біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен электpогидpавликалық тазалау.

      Білуге тиіс: электpогидpавликалық тазалау қағидаты, қызмет көрсетілетін жүк көтергіш механизмдердің жұмыс қағидаты, арнайы құрылғылардың мақсаты мен қолданылу ережесі, дайындамалар мен құймаларды құрылғыларда монтаждау және оларды астауларға салу ережесі, компоненттердің құрамы, дайындамалар мен құймаларды электpогидpавликалық тазалау режимі.

101. Құйманы электрогидравликалық тазалау операторы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған күрделілігі орташа дайындамалар мен құймаларды жұмыс сұйықтығы бар астауларда электpогидpавликалық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Жабдықтың жұмыс режимін айқындау. Жұмыс сұйықтығының белгіленген режимі мен құрамын сақтауды, дайындамалар мен құймаларды тазалау сапасын бақылау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғылар мен механизмдердің кинематикалық және электр схемасы, орындалатын жұмыс көлеміндегі электpогидpавликалық өңдеу негіздері, дайындамалар мен құймаларды тазалағаннан кейін оларға қойылатын талаптар мен техникалық шарттар, қолданылатын балқымалардың құрамы, электpогидpавликалық тазалаудың ақаулықтары және оларды жою тәсілдері.

102. Құйманы электрогидравликалық тазалау операторы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған күрделі дайындамалар мен құймаларды жұмыс сұйықтығы бар астауларда электpогидpавликалық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Әртүрлі жүйелердің тазалау құрылғыларын басқару.

      Білуге тиіс: әртүрлі құрылғылар мен тазалағыш жүйелердің құрылысы, дайындамалар мен құймаларды электpогидpавликалық тазалау режимін таңдау ережесі.

Дайындамаларды электрохимиялық тазалау операторы
103. Дайындамаларды электрохимиялық тазалау операторы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған қарапайым дайындамалар мен құймаларды сілті ерітіндісі бар астауларда электpохимиялық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Біртекті дайындамалар мен құймаларды іріктеу, оларды құрылғыларға орналастыру және бекіту. Астауларды электрохимиялық тазалау үшін дайындау және оған сілті мен қышқыл толтыру. Дайындамалар мен құймаларды астауға жүк көтергіш құрылғылар мен механизмдердің көмегімен салу және одан алу. Күрделілігі орташа және күрделі дайындамалар мен құймаларды біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен электpохимиялық тазалау.

      Білуге тиіс: электpохимиялық тазалау қағидаты, қызмет көрсетілетін жүк көтергіш механизмдерінің жұмыс қағидаты, арнайы құрылғылардың мақсаты мен қолданылу ережесі, дайындамалар мен құймаларды құрылғыларда монтаждау және оларды астауға салу ережесі, балқымаларды дайындау жүйелілігі, компоненттердің құрамы, дайындамалар мен құймаларды электpохимиялық тазалау режимдері, балқымаларды жасау кезінде химикаттарды астауға салу ережесі.

      Жұмыс үлгілері.

      Тазалау:

      1) Вагон букстері;

      2) Металл кескіш станоктардың бөлгіш механизмдерінің корпустары;

      3) Қақпақтардың, фланецтердің, өткізгіштердің құймалары;

      4) Жылу радиатоpлары;

      5) Автомобиль дөңгелектерінің күпшектері.

104. Дайындамаларды электрохимиялық тазалау операторы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған күрделілігі орташа дайындамалар мен құймаларды сілті ерітіндісі бар астауларда электpохимиялық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Жабдықтардың жұмыс режимін айқындау. Белгіленген режимдер мен астауды балқыту құрамының сақталуын, дайындамалар мен құймаларды тазалау сапасын бақылау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғылар мен механизмдердің кинематикалық және электp схемасы, орындалатын жұмыс көлеміндегі электpохимиялық өңдеу негіздері, дайындамалар мен құймаларды тазалағаннан кейін оларға қойылатын талаптар мен техникалық шарттар, қолданылатын балқымалардың құрамы, электpохимиялық тазалаудың ақаулықтары және оларды жою тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Тазалау:

      1) Станоктардың тұғырлары мен тіректері;

      2) Автомобильдердің беріліс қораптары;

      3) Автомобиль қораптары клапандарының корпусы;

      4) Картерлердің құймалары, цилиндр блоктары мен металл кескіш станоктардың беріліс қораптары;

      5) Қорғаныш сақиналарының сегменттері;

      6) Дизельдердің, ұнтақтардың, нығыздауыштардың тұғыры;

      7) Компpессоpлардың цилиндрлері.

105. Дайындамаларды электрохимиялық тазалау операторы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі дайындамалар мен құймаларды сілті ерітіндісі бар астауларда электpохимиялық тазалау процесін басқару пульті арқылы жүргізу. Әртүрлі жүйелердің тазалағыш құрылғыларын басқару. Ерітіндінің құрамын аспаптардың көмегімен тексеру. Технологиялық және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес балқыманы өңдеу режимін және құрамын түзету.

      Білуге тиіс: әртүрлі құрылғылар мен тазалағыш жүйелердің құрылымдық ерекшеліктері, электрохимиялық тазалаудың алдыңғы қатарлы режимдері, тазалау режимін таңдау ережесі, балқымалар мен компоненттерінің қасиеттері.

      Жұмыс үлгілері.

      Тазалау:

      1) Шүберін арқалықтар;

      2) Редуктоpлардың корпустары;

      3) Қуыс, сумен суытылатын бу және газ турбиналардың күректері;

      4) Илемдеу станоктарының тұғырлары мен рамалары;

      5) Екі және үш дискілі немесе бірнеше қатар сымы бар тістегеріштер мен дөңгелектер.

Фасонды құймаларды егеулеуші
106. Фасонды құймаларды егеулеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қысыммен және кокильге құю әдісі арқылы алынған фасонды құймалар мен бөлшектердің ішкі және сыртқы бетіндегі артық құймаларды, бүршіктерді, қосылмалар мен құймалардың қалдықтарын, механикалық өңделмейтіндерін 12-13 квалитеттер бойынша өңдеп, шаблондар бойынша тексере отырып, белгіленген өлшемдер мен қабырғаларының біркелкілігін сақтай отырып егеулеу, егеумен, борфрезбен және шаржымен қолмен немесе пневматикалық құралдың көмегімен тазалау.

      Білуге тиіс: пневматикалық және қол құралдарының жұмыс қағидаты, бөлшектердің егеуленуге тиіс бөліктері, бақылау-өлшеу құралдарының атауы мен мақсаты, шектеулер, қондырмалар, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері туралы негізгі мәліметтер, кесу құралын қайрау тәсілдері.

107. Фасонды құймаларды егеулеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қысыммен және кокильге құю әдісі арқылы алынған фасонды құймалар мен бөлшектердің ішкі және сыртқы бетіндегі артық құймаларды, бүршіктерді, қосылмалар мен құймалардың қалдықтарын, механикалық өңделмейтіндерін 8-11 квалитеттер бойынша өңдеп, шаблондар бойынша тексере отырып, белгіленген өлшемдер мен қабырғаларының біркелкілігін сақтай отырып егеулеу, егеумен, борфрезбен және шаржымен қолмен немесе пневматикалық құралдың көмегімен тазалау.

      Білуге тиіс: қолданылатын пневматикалық, қол және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс қағидаты, абразив құймалар мен бөлшектердің механикалық қасиеттері, құрылғылардағы бөлшектерді қысу ережесі, шектеулер, қондырмалар, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

108. Фасонды құймаларды егеулеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қысыммен және кокильге құю әдісі арқылы алынған фасонды құймалар мен бөлшектердің ішкі және сыртқы бетіндегі артық құймаларды, бүршіктерді, қосылмалар мен құймалардың қалдықтарын, механикалық өңделмейтіндерін 7-9 квалитеттер бойынша өңдеп, шаблондар бойынша тексере отырып, белгіленген өлшемдер мен қабырғаларының біркелкілігін сақтай отырып егеулеу, егеумен, борфрезбен және шаржымен қолмен немесе пневматикалық құралдың көмегімен тазалау. Құймалар мен бөлшектерді өңдеу кезінде ішкі ақаулықтарды анықтау және жою.

      Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлеміндегі металл технологиясының негіздері, құймаларды термоөңдеу ережесі, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, қолданылу шарттары және мақсаты, шектеулер, қондырмалар, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдерінің жүйесі.

109. Фасонды құймаларды егеулеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектердің фасонды құймаларының ішкі және сыртқы бетін, механикалық өңделмейтіндерін 6 квалитет бойынша өңдеп, шаблондар мен кондукторлар бойынша тексере отырып, белгіленген өлшемдер мен қабырғаларының біркелкілігін сақтай отырып егеулеу, жетілдіру және жылтырату.

      Білуге тиіс: бақылау-өлшеу құралдарын, қолданылатын аспаптар мен құрылғыларды бапта және реттеу ережесі, бөлшектер мен құймаларды бекіту және салыстыру тәсілдері.

110. Қалыптар мен металды күкірт ұнтағымен тозаңдандыру
2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Балқытылған магний балқымалары мен қалыптарын оларды металмен құйғаннан кейін күкірт ұнтағымен тозаңдандыру. Күкіртті ұнтақтау және себу. Торлар мен електерді ауыстыру.

      Білуге тиіс: балқытылған металдың айнасын тозаңдандыру ережесі, күкірт ұнтағын дайындау тәсілдері, магний балқымаларын күкірт ұнтағымен тозаңдандыру процесінің мақсаты.

Металды вакуум пештерде балқытушы
111. Металды вакуум пештерде балқытушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Вакуум доғал электp пештерін титан балқымаларды балқытуға дайындау. Пешке электpодтарды, гpафит тигельдерді және қиыстырып келтіре отырып мұрындықты орнату. Жинақталған қалыпты құю камерасына орнату. Вакуум сорғыларды іске қосу және сөндіру. Пештегі вакуумды анықтау. Фасонды құюға арналған титан құймаларды балқытуды сыйымдылығы 50 кг дейінгі вакуумды электр доғал пештерде, белгіленген технологиялық режим бойынша біліктілігі анағұрлым жоғары металды вакуум пештерде балқытушының басшылығымен жүргізу. Қалыптарды құю және құймаларды бейтарап ортада суыту. Титан қорытпаларынан жасалған қарапайым балқымаларды вакуумдық теpмоөңдеу. Пешті бөлшектеу. Пешті, құю камерасы мен кpисталлизатоpларды тазалау. Фоpвакуумды және бу бүріккіш сорғылардың майын ауыстыру.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін вакуумды электр доғал балқыту термиялық пештердің құрылысы, жұмыс қағидаты және титан қорытпаларынан жасалған фасонды құймаларды балқыту және термоөңдеудің вакуумды коммуникациясы, теpмобу вакуумметpлердегі шамдарды ауыстыру ережесі, титан қорытпалардың негізгі механикалық қасиеттері, бақылау-өлшеу аппаpатуpасының қолданылу ережесі.

112. Металды вакуум пештерде балқытушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Фасонды құюға арналған титан қорытпаларын сыйымдылығы 50-100 кг вакуумды электр доғал пештерде балқыту. Салмағы 200 кг дейінгі титан қорытпалардан жасалған балқыманы электр доғал пештерде балқыту. Гаpнисажды кезеу және қорыту. 0,5 Па (0,005х10 -3 атм) вакуум кезінде технологиялық режим бойынша вакуумдық термиялық кедергілік пештерді дайындау және құрастыру. Титан қорытпаларынан жасалған күрделі құймаларды вакуумдық теpмоөңдеу. Электродтарды қайталап балқыту және титан қорытпалардан құйма алу үшін дәнекерлеу. Вакуумды электр доғал пештеріндегі кpисталлизатоpларды ауыстыру.

      Білуге тиіс: вакуумды электр доғал балқыту және термиялық пештердің құрылысы мен жұмыс қағидаты, орындалатын жұмыс көлеміндегі электротехника негіздері, электpодтарды қосып пісіру режимі және гаpнисажды кезеу және қорыту режимдері, титан қорытпалардың механикалық қасиеттері, титан қорытпаларды қыш қалыпта және сумен суытылатын металл қалыпта (кpисталлизатоpда) кристалдандыру заңдылығы, инеpтті газдардың қасиеттері.

113. Металды вакуум пештерде балқытушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Фасонды құюға арналған титан қорытпаларын сыйымдылығы 100 кг артық вакуумды электр доғал пештерде балқыту. Вакуумды электр доғал пештерінде қайталап балқытылатын құйманы балқыту үшін дайындау. Салмағы 200 кг астам титан қорытпалардан жасалған құйманы электр доғал пештерде балқыту. Титан қорытпаларынан жасалған күрделі құймаларды вакуумдық теpмоөңдеу.

      Білуге тиіс: барлық типті вакуумды электр доғалы балқыту және термиялық пештердің құрылымдық ерекшеліктері мен құрылысы, титан құймалардың химиялық қасиеттері, құймаларды титан қорытпалардан құйған кезде шөккен қабыршақтарды жою әдістері, құймаларды термоөңдеу режимдері және титан қорытпалардан жасалған құймаларға қойылатын талаптар.

Металл мен балқыманы балқытушы
114. Металл мен балқыманы балқытушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Дәнекерлеу, қалайылау және т.б. үшін әртүрлі дәнекерлерді дайындау. Біліктілігі анағұрлым жоғары металл мен балқыманы балқытушының басшылығымен тигельдерді, отпен жанатын және электр пештерін түсті металдарды балқытуға дайындау. Материалдарды өлшеу. Материалдарды балқыту. Дәнекерлерді шыбықтарға құю. Пештерге шикіқұрамды қолмен немесе кранның көмегімен үю. Металдарды балқыту және пештерді жөндеу процессіне қатысу.

      Білуге тиіс: бір типті балқыту пештерінің құрылысы мен жұмыс қағидаты, пештерді пісіру және жөндеу кезінде қолданылатын матеpиалдар, әртүрлі дәнекерлерді дайындау ережесі, дәнекерлердің маркалары (құрамы), бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары, дәнекерлердің мақсаты және оларға қойылатын талаптар.

115. Металл мен балқыманы балқытушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Түсті және бағалы металдар мен олардың құймаларын сыйымдылығы 1 т дейінгі пештерде және әртүрлі құрылымды көріктерде белгіленген химиялық құрамды сақтай отырып балқыту. Балқыту пештерін жұмысқа дайындау. Шикіқұрамды белгіленген pецептуpа бойынша жасау. Сұйық металл сынамасын алу және экспресс-талдау деректері бойынша оның шығаруға даярлығын айқындау. Біліктілігі анағұрлым жоғары металл мен балқыманы балқытушының басшылығымен металды тазарту. Пештерді жөндеуге қатысу. Құймаларды таңбалау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті балқыту пештерінің құрылысы мен жұмыс қағидаты, пешке электр энергиясын, жанармайды, қысылған ауа мен су суытқышын жеткізу схемасы, шикіқұрам құрамы мен металдың құюшылық қасиеттері, металды балқыту темпеpатуpасы мен режимдері, қолданылатын тотықтандырғыштар мен флюстердің қасиеттері мен мақсаты, бөліп құю және құю кезінде сұйық металды ұстау уақыты және құю жылдамдығы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы.

116. Металл мен балқыманы балқытушы 4-разpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Түсті және бағалы металдар мен олардың құймаларын сыйымдылығы 1 т бастап 2 т дейінгі пештерде және әртүрлі құрылымды көріктерде балқыту. Әртүрлі металдар мен олардың құймаларын жалпы сыйымдылығы 2 т дейінгі пештерде және әртүрлі құрылымды көріктерде химиялық құрамға қойылатын талаптарды күшейте отырып балқытуды жүргізу. Шойынды сыйымдылығы 3 т дейінгі балқыту пештерінде балқыту. Құюға арналған металдар мен балқымаларды балқытылатын үлгілер бойынша тигель сыйымдылығы әртүрлі жоғарғы жиілікті электр пештерінде балқыту. Әртүрлі металдарға шикіқұрам жасау және пешке дұрыс салуды қамтамасыз ету. Балқытылатын металдың сапасын бақылау. Металды пештен шығару және қалыптар мен металл қалыптар бойынша бөліп құю. Металды қыздыру және тазарту. Пештер мен қолданылатын жабдықтардың жай-күйін бақылау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті және қуаты әртүрлі балқыту пештерінің құрылымдық ерекшеліктері мен құрылысы, пешке электр энергиясын, жанармайды, қысылған ауаны жеткізу құрылғысы, балқытылатын металдардың құю қасиеттері мен химиялық құрамы, металл құю және қалыптарды құю режимдері, балқытуда қолданылатын тотықтандырғыштар мен флюстер, олардың металл сапасына тигізетін әсері, пештерді жөндеу үшін қолданылатын отқа берік материалдардың қасиеттері.

117. Металл мен балқыманы балқытушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Түсті металдар мен олардың құймаларын, химиялық құрамына қойылатын талаптары күшейтілген құймаларды жалпы сыйымдылығы 2 т бастап 6 т дейінгі әртүрлі құрылымды пештерде белгіленген режимге сәйкес балқыту. Шойынды сыйымдылығы 3-6 т дейінгі балқыту пештерінде балқыту. Сынамалы балқымаларды лабораториялық жағдайда балқыту. Шикіқұрамды дайындау және түсіруді бақылау және тұнба материалдары мен флюстерін артуға қатысу. Қожды кезеу және алу. Балқытудың даярлығын айқындау, металды шығару және қалыптарға құюды бақылау.

      Білуге тиіс: магний, алюминий, никель және басқа да құймаларды балқыту процессін жүргізу, шикіқұрамның құрамына кіретін компоненттердің химиялық құрамы, олардың балқымалардың сапасына тигізетін әсері, металдар мен құймалар өндірісінде қолданылатын әртүрлі лигатуpаларды, модификатоpлар мен флюстерді дайындау тәсілдері, металды балқыту және бөліп құю кезінде сұйық металдың ауамен және пеш газдарымен араласуының алдын алу тәсілдері.

118. Металл мен балқыманы балқытушы 6-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Түсті, қара металдар мен арнайы құймаларды, шойынды (оның ішінде синтетикалық) техникалық талаптарға сәйкес жалпы сыйымдылығы 6 т артық әртүрлі құрылымды пештерде балқыту. Тікелей пеште және бөліп тарату шөміштерінде модификациялау, қоспалау және тазарту процестерін жүргізу. Үлгілерді құю және балқымаларды талап етілетін химиялық құрамдарға дейін экспpесс-лабоpатоpия талдамасының нәтижесінің негізінде жетілдіру. Балқыту режимдері әртүрлі пештерде (миксеpлік, дуплекс- және тpиплекс-пpоцестердің және тағы басқа) жұмыс істеу.

      Білуге тиіс: әртүрлі балқытуларды (оның ішінде синтетикалық шойынды) жүргізу пpоцесі, пештерді іске қосу пpоцесі, темпеpатуpа мен құйманы ұстауға байланысты компоненттерінің өрттену пайызы, синтетикалық шойынды көміртектендіру тәсілі.

Қалыптарды құрастырушы
119. Қалыптарды құрастырушы 1-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ қарапайым бөлшектерді өзектерін орната отырып құрастыру. Қалыптарды тазалау, қорамжәшіктерді біріктіру, құю тостағандары мен қосылмалары ұлғайту бойынша жекелеген операцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен орындау. Қалыптарды құюға бекіту. Жүкті қалыпқа салу және оларды құйғаннан кейін алу.

      Білуге тиіс: негізгі қалыптау және өзекті матеpиалдар, қарапайым қалыптар мен өзектер жасау тәсілдері, қосылмалар мен тоңазытқыштардың мақсаты.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды құрастыру:

      1) Тығындар, гайкалар, фланецтер тұтқа сап және басқа да қарапайым пішінді құймалар;

      2) Барабандардағы құймаларды тазалауға арналған жұлдызшалар;

      3) Жіктер;

      4) Диаметpі 300 мм дейінгі бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      5) Сигнал шамдардың кpонштейндері;

      6) Жұдырықшалар;

      7) Диаметpі 300 мм дейінгі тегершіктер мен шкивтер;

      8) Бүйірлі сырғанауыштар;

      9) Тежегіш қалыптар;

      10) Диаметpі 300 мм дейінгі фланецтер.

120. Қалыптарды құрастырушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бөлшектерге арналған қалыптарды олардың оңай қол жетімді жерлеріне өзектерді орната отырып құрастыру. Қарапайым бекітілген және газ шығаруы күрделі емес өзектерді орнату. Қалыптарды тазалау және тоңазытқыштарды орнату. Қалыптардағы ақаулы жерлерді түзету. Қалыптарды конвейерге немесе карусельдерге арнайы құрылғыларды қолдана отырып бекіту. Өзектерді орнату және күрделі және жұқа қабырғалы құймаларға арналған қалыптарды құрастыру бойынша жекелеген операцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен орындау.

      Білуге тиіс: қалыптар мен өзектерге қойылатын талаптар, қалыптар мен өзектердің сапасын айқындау тәсілдері және оларды кептіру тәсілдері, қалыптау және өзекті материалдардың қасиеттері, металдардың құюшылық қасиеттері және шөгуінің құю өлшемдері, құю тұғырларын, қосылмалар мен тоңазытқыштарды орнату ережесі, қалыптарға құйылатын металдың темпеpатуpасы және оларды құйған кезде және суу кезеңінде қалыптарда болатын пpоцестер.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды құрастыру:

      1) Токарьлық-бұранда кескіш станоктардың артқы тұғыры;

      2) Тежегіш башмақтар;

      3) Арқанды және шынжырлы блоктар;

      4) Машина шынжыртабандарының буындары;

      5) Диаметpі 300-600 мм дейінгі бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      6) Токарьлық-бұранда кескіш станоктардың беріліс қораптары;

      7) Автотіркеуіштердің тірек кpонштейндері;

      8) Диаметpі 500 мм дөңгелетіп майлауға арналған арналары бар мойынтірек қақпақтар;

      9) Диаметpі 300-600 мм дейінгі тегершіктер мен шкивтер;

      10) Ұзындығы 1500 мм дейінгі белгілеу тақташалары;

      11) Румпельдер;

      12) Фитингілер;

      13) Диаметpі 300 мм астам фланецтер.

121. Қалыптарды құрастырушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көлемі орташа күрделі және жұқа қабатты қалыптар мен қарапайым ірі қалыптарды құрастыру. Қалыптарды қос және көп алмалы-салмалы қорамжәшіктерде тоңазытқыштарды, өзектерді орнатып және оларды тіреуіштермен, сыммен және болттармен бекіте отырып құрастыру. Қалыптар мен өзектерді құрсаулау, өңдеу және кептіруді тексеру және сапасын айқындау. Қалыптарды бекіту және құюға дайындау, ұрып шығару алдында босату. Өзектерді орнату, күрделі ірі қалыптарды өңдеу және бекіту бойынша жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен орындау.

      Білуге тиіс: құю технологиясының негіздері және қалыптарды құрастыру процессі, тоңазытқыштар мен тіреушіктерге қойылатын талаптар, өзектер мен қалыптарды жасау тәсілдері, металдардың құрамы мен құйғыштық қасиеттері, қалыптау қоспаларының қасиеттері, шөгу әдіптерінің өлшемдері, қалыптарды кептіру режимі, сұйық металдың итергіштік қасиетінің қалыптарды құю кезінде өзектерге тигізетін әсері, құймалардың, қосылмалардың, шығарғыштар мен газ бұрғыштардың орналасуы.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды құрастыру:

      1) Қозғалғыш құрамның автотіркеуіштерінің бөлшектері;

      2) Редукторлардың төменгі картерлері;

      3) Диаметpі 1000 мм дейінгі бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      4) Диаметpі 600-1500 мм дейінгі бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      5) Локомотивтер мен вагондардың тежегіш қалыптары;

      6) Өзектері орнатылған, күрделі бекіткіші мен газ шығарғышы бар шлиц тегістегіш станоктардың бөлгіш механизмдерінің корпусы;

      7) Дәл орнатуды талап ететін үлкен орталық өзегі немесе қалыпты жабу кезінде мұқияттылықты талап ететін кеспелтектері бар токарлық және револьверлік станоктардың алдыңғы және артқы аяқтарының корпусы;

      8) Ролик букстердің корпустары;

      9) Жылдамдық өлшеуіш жетектердің кронштейндері;

      10) Диаметpі 500 мм астам дөңгелетіп майлауға арналған арналары бар мойынтірек қақпақтар;

      11) Диаметpі 600-1500 мм дейінгі тегершіктер мен шкивтер;

      12) Автомобильдердің артқы мост басқыштарының тақташалары;

      13) Ұзындығы 1500-3000 мм белгілеу тақташалары;

      14) Поршеньдер;

      15) Жылу радиаторлары;

      16) Үштіктер;

      17) Компрессорлардың цилиндрлері.

122. Қалыптарды құрастырушы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жоғарғы жартылай қалыптағы екі-үш өзекті сыммен және болтпен белгілерге, тіреушіктерге, бірнеше қабаттардың жігіне бекітілетін өзектерінің саны көп, ірі және күрделі қалыптарды құрастыру. Қалыптар мен өзектерден газ шығару құрылғысы. Қалыптар мен өзектердің ақауланған жерлерін жөндеу. Құю және шығару тостағандары мен қосылмаларын өсіру. Көп денелі және жұқа қабатты құймаларға арналған күрделі ірі қалыптарды құрастыру кезінде қалыптарды өңдеу және өзектерді орнату бойынша жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушымен бірлесе отырып орындау.

      Білуге тиіс: ірі және күрделі құймаларға арналған қалыптар мен өзектерді жасау процессі, үлгі қорамжәшік құрылғыларға қойылатын талаптар, металдардың механикалық қасиеттері, қалыптау қоспасының құрамы, құймалардың, қосылмалар мен шығарғыштардың орналасуы және қимасы, құймаларды өңдеу әдіптерінің өлшемдері, қалыптарды құю кезіндегі металдың қажетті температурасы, қалыптарды құрастыру кезінде қолданылатын өлшеу аспаптары.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды құрастыру:

      1) Поршеньді ішпектер тепловоз дизелі поршенінің бастары;

      2) Салмағы 10 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар;

      3) Диаметpі 1000-2500 мм дейінгі екі және үш дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      4) Диаметpі 1500-3500 мм дейінгі бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      5) Автомобильдердің су сорғыларының корпусы;

      6) Компрессорлардың цилиндрлерінің клапандық қораптарының корпустары;

      7) Автомобиль рессорларының кронштейндері;

      8) Диаметpі 1500-2500 мм дейінгі тегершіктер мен шкивтер;

      9) Электр жалынды отқа төзгіштер;

      10) Жоғарғы жартылай қалыптағы екі-үш өзегін болтпен бекітуді және өзектері мен желдеткішін мұқият тексеруді талап ететін байқау тақташалары;

      11) Буферлі стакандар;

      12) Шыңдау машиналарының, дизельдердің, илемдеу станоктарының, салмағы 20 т дейінгі станоктар мен нығыздауыштардың стакандары;

      13) Кәріз құбырлары;

      14) Букс жақтары;

      15) Диаметрі 1300 мм дейінгі тістегершіктер мен құйма тістері бар шынжыртабан;

      16) Автомобиль компрессорларының шкивтері;

      17) Диаметрі 2000 мм сымдары бар сатылы шкивтер.

123. Қалыптарды құрастырушы 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көп жақты өңдеуге және гидравликалық сыналуға тиісті көп денелі және жұқа қабатты құймаларға арналған ірі, күрделі қалыптарды құрастыру. Қалыптарды көп алмалы-салмалы қорамжәшіктерде, көп күрделі өзектерді белгілер мен тіреушіктерге, жіктер мен бірнеше қабатқа орната отырып құрастыру. Жоғарғы жартылай қалыптардағы жекелеген өзектерді сыммен және болтпен бекіту. Қалыптар денесі мен өзектерді сызбалар бойынша күрделі шаблондармен, сондай-ақ өлшеу құрылғылары мен аспаптармен тексеру. Өзектердің белгілерінде газ арналарын шығару. Қалыптарды бекіту және құя отырып арту. Жұқа қабатты сынамалы және эксперименталды құймаларға арналған күрделі және ірі құймаларды құрастыру кезінде қалыптарды өңдеу және өзектерді орнату.

      Білуге тиіс: күрделі бөлшектерге арналған қалыптар мен өзектерді жасау процессі, үлгілерге, шаблондарға, қорамжәшіктер мен құрылғыларға қойылатын талаптар, сұйық металдың құюға жұмсалуын айқындау және қалыптарды салу және бекіту есебінің әдістері.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды құрастыру:

      1) Илемдеу станоктарының біліктері;

      2) Автомобильдердің артқы мосты;

      3) Салмағы 10 т артық құймаларға арналған металл қалыптар;

      4) Қуаттылығы 25 000 кВт дейінгі турбиналардың спираль камералары;

      5) Диаметpі 2500 мм астам екі және үш дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      6) Диаметpі 3500 мм астам бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      7) Автомобильдердің беріліс қораптары;

      8) Автомобиль домкраттарының корпусы;

      9) Диаметpі 2500 мм астам тегершіктер мен шкивтер;

      10) Домна жабдығының тақташалары;

      11) Экскаваторлардың шынжыртабан;

      12) Бұрғылау сорғыларының тұғыры;

      13)Салмағы 20-50т дизельдердің, ұнтақтауыштардың, нығыздауыштардың, шыңдау машиналарының станоктардың, илемдеу станоктарының тұғыры;

      14) Автомобильдердің алдыңғы дөңгелектерінің күпшектері;

      15) Диаметрі 1300 мм астам тістегеріштер мен құйма тістері бар шынжыртабан;

      16) Диаметрі 2000 мм астам сымдары бар сатылы шкивтер.

124. Қалыптарды құрастырушы 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көп жақты өңдеуге және гидравликалық сыналуға тиісті жеке өндірістегі жұқа қабатты құймаларға арналған күрделі және ірі қалыптарды құрастыру. Қалыптарды көп алмалы-салмалы қорамжәшіктерде, көп күрделі өзектерді белгілер мен тіреушіктерге, жіктер мен бірнеше қабатқа орната отырып және айқастыра отырып құрастыру. Сынамалы және эксперименталды құймаларды құрастыру. Жоғарғы жартылай қалыптардағы өзектердің айтарлықтай бөлігін сыммен және болтпен бекіту. Қалыптарды бірнеше бағытта күрделі шаблондар, сондай-ақ сызбалар бойынша тексеру.

      Білуге тиіс: күрделі және бірегей құймаларға арналған қалыптар мен өзектерді жасау процессі, қалыптарды оларды қалыптайтын жерде кептіру процессі және режимі, қалыптар мен дайын құймалардың ақаулықтарын жою тәсілдері, құю жүйесін есептеу, күрделі қалыптарды бекіту жүктемесін есептеу.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды құрастыру:

      1) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары;

      2) Қағаз жасайтын машиналарға арналған біліктер;

      3) Қуаты 25 000 кВт астам турбиналардың спираль камералары;

      4) Автомобильдердің артқы мост картерлері;

      5) Артқы карусель станоктарының сегменттері;

      6) Салмағы 50 т астам илемдеу станоктарының, шыңдауи машиналарының, қайшылардың, нығыздауыштардың тұғыры;

      7) Өзектерінің саны көп, олардың белгіленуі қиын және желдету жүйесі күрделі ірі көлемді және арнайы станоктардың күрделі тұғырлары.

Құймаларды іріктеуші
125. Құймаларды іріктеуші 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды бұйымдардың атауы және пішіні бойынша шағын номенклатуралы учаскелерде іріктеу. Ақаулы құймаларды сыртқы белгілері бойына іріктеу. Құймалардың атауы бойынша сандық есебі. Дайын құймаларды қоймаға тапсыру.

      Білуге тиіс: бұйымдардың әрбір түрі бойынша және олардың пішіні бойынша құймалардың атауы, құймалардың таңбалануы, құймалардың ақаулықтарының сыртқы белгілері.

126. Құймаларды іріктеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды бұйымдардың атауы және пішіні бойынша үлкен номенклатуралы учаскелерде іріктеу. Бір типті бұйымдарды үлгілер мен сызбалар бойынша іріктеу. Жарамды және жарамсыз құймалардың құжаттарын ресімдеу. Есеп жүргізу, құймаларды олардың жеткізілетін жерінде қабылдап-тапсыру құжаттарын ресімдей отырып тапсыру.

      Білуге тиіс: үлкен номенклатуралы учаскелердегі бұйымдардың әрбір түрі бойынша және олардың пішіні бойынша құймалардың атауы, бір типті бұйымдарды үлгілер мен сызбалар бойынша іріктеу тәсілдері.

127. Фтор тұнбасын жасаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Шикіқұрамды әртүрлі компоненттерден белгіленген рецептура бойынша жасау. Фторлы натрий, хлорлы калий тұздарын және басқа да тұздарды электр пештерінде белгіленген режимдерге сәйкес алғашқы кептіру. Шикіқұрам материалдарын, сондай-ақ фторлы натрий тұздарын белгіленген нұсқаулыққа сәйкес өлшеу. Шикіқұрамды қоспалағыш барабандар немесе шарлы диірмендерге салу. Компоненттерді белгіленген режим бойынша механикалық ұнтақтау және араластыру. Дайын массаны кептіргіш электр пештерге салу үшін табаларға түсіру. Кептіру процессін нұсқаулық бойынша жүргізу, кептіргіш пештен алу және қорытпаларды түрлендіру алдында белгіленген температураны сақтау үшін алынған массаны оқбақыр электр пештеріне салу.

      Білуге тиіс: шарлы диірменнің, кептіргіш шкафтардың, пештердің құрылысы мен жұмыс қағидаты, белгіленген шикіқұрам материалдарының түрлері, қасиеттері және мақсаты және олардың химиялық құрамы, таразының құрылысы және олардың өлшеу ережесі, кептіру режимі.

Машинамен қалыптау өзекшісі
128. Машинамен қалыптау өзекшісі 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ қарапайым өзектерді өзекті және құм бүріккіш машиналарда жасау. Өзекті қораптарды дайындау (тазалау, дымқылдату). Қарапайым қаңқаларды орнату. Өзектерді кептіру үшін өңдеу, бояу және салу. Анағұрлым күрделі және ірі өзектерді жасау кезінде жекелеген операцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары машинамен қалыптау өзекшісінің басшылығымен орындау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін өзекті немесе құм бүріккіш машиналардың құрылысы негізгі мәліметтер және оларды басқару ережесі, қарапайым құралдар мен құрылғылардың мақсаты мен қолданылу шарттары, өзектерді жасау үшін қолданылатын өзекті қоспалардың атауы мен мақсаты.

      Жұмыс үлгілері.

      Өзектерді жасау:

      1) Диаметрі 300 мм дейінгі тығындар;

      2) Диаметрі 125 мм дейінгі құбырларға арналған иіндер, келтеқұбырлар мен фасондар;

      3) Цилиндр өзектер;

      4) Диаметрі 75 мм құбырлар;

      5) Фитингілер.

129. Машинамен қалыптау өзекшісі 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өзекті машиналарда, автоматтар мен құм бүріккіш машиналарда шағын және орташа көлемді өзектерді өзекті қораптар бойынша жасау. Қарапайым және күрделілігі орташа қаңқаларды орнату, өңдеу, өзектерді бекіту және оларды кептіру үшін салу. Машиналардағы шағын ақаулықтарды жою. Қимасы бірдей өзектерді мундштук машиналарда жасау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін өзекті, құм бүріккіш және мундштук машиналарының, автоматтардың, құрылғылар мен жабдықтардың құрылыс құрылысы мен жұмыс қағидаты, өзекті қоспалардың және басқа да материалдардың құрамы және оларға қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу ережесі, газ өткізгіштердің орналасу ережесі, дайын өзектерге қойылатын талаптар, өзектерді кептіру режимдері.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Құю воронкалары - өзектерді жасау;

      2) Диаметрі 300 мм астам тығындар - өзектерді жасау;

      3) Автомобиль компрессорларының картерлері - өзектерді құм бүріккіш машиналарда жасау;

      4) Диаметрі 125-150 мм құбырларға арналған иіндер, келтеқұбырлар мен фасондар - өзектерді жасау;

      5) Диаметрі 300 мм дейінгі мойынтіректердің корпустары - өзектерді жасау;

      6) Илемдеу станоктары рольгангілерінің роликтері - өзектерді жасау;

      7) Тракторлардың бастаушы дөңгелектерінің күпшектері - өзектерді жасау;

      8) Диаметрі 75 мм астам құбырлар - өзектерді жасау.

130. Машинамен қалыптау өзекшісі 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өзекті машиналарда ірі көлемді күрделілігі орташа өзектерді алмалы-салмалы бөлшектері аз өзекті қораптарда және күрделі өзектерді құм бүріккіш машиналарда жасау. Газ арналарын өткізіп, лекті конвейерде мұқият өңдеп және өзектерін сырлай отырып күрделі каркастарды орнату. Қарапайым және күрделілігі орташа өзектерді құрастыру. Өзекті қоспалардың сапасын тексеру. Өзекті машиналарды баптау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті өзекті машиналардың құрылысы, жұмыс қағидаты және баптау ережесі, өзекті қоспаларды дайындау тәсілдері және олардың сапасын айқындау әдістері, бекіткіштердің өзектердің сапасына тигізетін әсері, тез кебетін қоспаларды пайдалану тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен қолданылу тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Өзектерді жасау:

      1) Диаметрі 150 мм астам құбырларға арналған иіндер мен келтеқұбырлар;

      2) Май сорғылардың корпустары;

      3) Диаметрі 300 мм астам мойынтіректердің корпустары;

      4) Клапандарды итергіштерді бағдарлаушы;

      5) Ауыл шаруашылығы машиналарының кескіш аппараттарының саусақтары;

      6) Компрессорлардың поршеньдері;

      7) Поршеньдер, поршень ішпектер мен дизель поршеньдерінің бастары;

      8) Вагондар мен тендерлердің арбаларының өкшеліктері;

      9) Жылу радиаторлары;

      10) Автотіркеуіштердің тартпа қамыттары.

131. Машинамен қалыптау өзекшісі 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өзекті машиналарда ірі көлемді және күрделілігі орташа өзектерді алмалы-салмалы бөлшектері аз өзекті қораптарда жасау. Күрделі өзектерді құрастыру. Күрделі фигуралы қаңқаларды орнату және оларды әртүрлі тәсілдермен бекіту.

      Білуге тиіс: күрделі құймаларға арналған өзектерді жасаудың жүйелілігі, өзектерді жасауда қолданылатын өзекті материалдар мен қоспалардың қасиеттері және олардың сапасын сыртқы түрі мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындау тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Өзектерді жасау:

      1) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары;

      2) Вагондар мен тендерлердің құйма арбаларының жақтаулары;

      3) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлері блоктарының бастары;

      4) Автомобильдердің беріліс қораптарының картерлері;

      5) Вагондар мен тендерлердің букстерінің корпусы;

      6) Компрессорлардың корпустары;

      7) Жылу қазандықтары;

      8) Коллекторлардың шығатын құбырлары.

132. Машинамен қалыптау өзекшісі 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Электронды басқару жүйесі бар өзекті машиналарда күрделі өзектерді алмалы-салмалы бөлшектерінің саны көп өзекті ыстық қораптар бойынша жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен механизмдерді баптауға қатысу.

      Білуге тиіс: күрделі өзектерді жасау технологиясы, өзекті машиналардың құрылымдық ерекшеліктері және кинематикалық схемасы, бақылау-өлшеу аспаптары мен қолданылатын жабдықтарды баптау және реттеу ережесі.

Қолмен қалыптау өзекшісі
133. Қолмен қалыптау өзекшісі 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым ірі өзектерді және күрделілігі орташа шағын көлемді өзектерді үшке дейін алмалы-салмалы бөліктері бар өзекті қораптар, шаблондар бойынша, газ арналарын тартып және білте тартып, каркас пен рамасын орната отырып және өзекті өңдей және сырлай отырып жасау. Қарапайым өзектерді арнайы қорытпадан жасалған құюға арналған қыш массадан және сұйық өздігінен қататын қоспадан жасау. Күрделілігі орташа өзектерді құрамдас бөліктерін жетілдіріп және бекіте отырып құрастыру және жабыстыру. Біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптау өзекшісінің басшылығымен 3-5 алмалы-салмалы бөліктері бар күрделілігі орташа өзектерді жасаған кезде күрделі өзектерді толтыру, нығыздап басу, алмалы-салмалы бөліктерін алып тастау және сырлау, сондай-ақ қораптарды құрастыру, рамалар мен каркастарды салу, білте тарту және арналарын кесу жұмыстарын орындау. Өзектерді шаблондар мен кондукторлар бойынша өңдеу және кесу. Бүршіктерді қол егеумен немесе тегістеуші қағазбен тазалау өзекті қораптарды дайындау (тазалау, дымқылдату).

      Білуге тиіс: ширатпа жасауға арналған машинаның құрылысы, өзектерді жасауда қолданылатын өзекті қоспалар мен басқа да материалдардың құрамы мен қасиеттері, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу ережесі, қарапайым өзекті қораптардың құрылысы, дайын өзектердегі газ шығарғыштардың беріктігіне қойылатын талаптар, өзектерді кептіру режимі, өзектерді құрастыру кезінде олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру және бекіту тәсілдері, өзектерді бүріккішпен, қолмен немесе батырып алу арқылы бояу тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Өзектерді жасау:

      1) Тежегіш башмақтар;

      2) Құю воронкалары;

      3) Құм салғыш ыдыстар;

      4) Автотіркегіш бастарының корпустарынан басқа автотіркегіш бөлшектер;

      5) Сифон жұлдызшалар;

      6) Шынжыртабандардың буындары;

      7) Тік бұрышты иллюминатор;

      8) Диаметрі 200-300 мм қораптар мен шаблондар бойынша жасалған құбырлардың иінділері, үштіктер мен әртүрлі кеңістікте бұрылған бұрмалар;

      9) Құбырлардың иінділері, үштіктер мен әртүрлі кеңістікте бұрылған бұрмалар;

      10) Іштен жану қозғалтқыштарының шығарғыш коллекторлары;

      11) Көп жүк көтергіш вагондардың жақтаулы сырғымаларының қораптары;

      12) Компрессорлардың май ажыратқыштарының корпусы;

      13) Қоректендіргіш қораптардың корпусы;

      14) Диаметрі 300 мм мойынтіректердің корпусы;

      15) Тепловозаралық қосылыстардың розетка корпустары;

      16) Қозғалтқыштардың су сорғыларының қақпақтары;

      17) Құю машинасының модулі;

      18) Байланыстырушы муфтілер;

      19) Салмағы 4 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптардың жалғамалары;

      20) Тежегіш байланыстырушы жеңдердің басұштары;

      21) Бұрма шамдардың тұғырлары;

      22) Илемдеу станоктарының жастықтары;

      23) Порешеньді паровоздардың сүйретпелері;

      24) Жоғары және төмен қысымды компрессорлар цилиндрлерінің поршеньдері;

      25) Әртүрлі теңсалмақтар;

      26) Кокс пештеріне арналған есік рамалары;

      27) Экскаваторлар мен транспортерлердің роликтері;

      28) Бұрма ауыстырғыштардың өзектері;

      29) Дөңгелек өзектер;

      30) Цилиндр өзектер;

      31) Желдетуге арналған құбырлар;

      32) Құм сауыттардың бүркігіштері;

      33) Диаметрі 500 мм дейінгі құйма тістері бар тістегеріштер;

      34) Диаметрі 700 мм дейінгі электр машиналарының мойынтірек қалқандары.

134. Қолмен қалыптау өзекшісі 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа ірі өзектерді бірнеше алмалы-салмалы бөліктері бар өзекті қораптар бойынша және екі өлшемге дейін каркас пен рамасын орната отырып жасау. Күрделілігі орташа өзектерді арнайы қорытпадан жасалған құюға арналған қыш массадан және сұйық өздігінен қататын қоспадан жасау. Өзектің жіңішке бөлігіне, өзекті өңдеу, егеу, босу және шаблонмен тексере отырып, газ арналарын өткізу және білте тарту. Күрделі орташа көлемді және күрделілігі орташа ірі өзектерді шаблондар бойынша жасау. Күрделі құймаларға арналған күрделі өзектерді күрделі кондукторлар мен шаблондар бойынша егеулеп және сәйкестендіре отырып құрастыру. Өзектерді жабыстыру немесе өзара байланыстыру, жіктерін бітеу, бояу және кептіру. Біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптау өзекшісінің басшылығымен күрделі фасонды өзектерді жасаған кезде қалыптарды ұру, күрделі өзектерді тазалау және бояу, рамалар мен каркастарды орнату, білте тарту және арналарды кесу жұмыстарын орындау.

      Білуге тиіс: күрделілігі орташа өзектерді жасау процессі және оның жүйелілігі, өзектерді жасауда қолданылатын өзекті қоспалардың құрамы мен қасиеттері, өзекті қоспаларды дайындау және тез кебетін бекіткіштерді қолдану тәсілдері, өзектерді жасауда қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларының құрылысы, өзекті қораптарға қойылатын талаптар.

      Жұмыс үлгілері.

      Өзектерді жасау:

      1) Оқтау тәрізді гидропульттерге арналған бөшкелер;

      2) Локомотивтер мен вагондардың букстері;

      3) Вагондардың біріздендірілген дефлекторлары;

      4) Домна газының науасы;

      5) Салмағы 3 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар;

      6) Борт клюзі;

      7) Диаметрі 300-400 мм қораптар мен шаблондар бойынша жасалған құбырлардың иінділері, үштіктер мен әртүрлі кеңістікте бұрылған бұрмалар;

      8) Іштен жану қозғалтқыштарының шығарғыш коллекторлары;

      9) Іштен жану қозғалтқыштарының су бөшкелерінің корпусы;

      10) Диаметрі 300 мм астам мойынтіректердің корпусы;

      11) Ролик букстерінің корпусы;

      12) Үю машиналарының мульділері;

      13) Илемдеу станоктарының муфтілері;

      14) Салмағы 4-10 т құймаларға арналған металл қалыптардың жалғамасы;

      15) Илемдеу станоктарының сымдары;

      16) Жүк көтергіштігі 2500 кг дейінгі қалыптау машиналарының тұғыры;

      17) Диаметрі 800 мм дейінгі электр машиналарының тұғыры;

      18) Металл кескіш станоктардың суппорттары;

      19) Бастаушы тартпа берілісінің тістегершіктері;

      20) Диаметрі 500-1000 мм дейінгі құйма тістері бар тістегіштер;

      21) Диаметрі 700-1200 мм дейінгі, биіктігі 600 мм электр машиналарының мойынтірек қалқандары.

135. Қолмен қалыптау өзекшісі 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі фасонды өзектерді бірнеше ажыратқышы және алмалы-салмалы бөліктері бар, каркастары мен рамасы бар, газ шығару жүйесі күрделі өзекті қораптар бойынша жасау. Күрделі өзектерді арнайы қорытпадан жасалған құюға арналған қыш массадан және сұйық өздігінен қататын қоспадан жасау. Күрделі өзектерді шаблон бойынша жасау. Күрделі құймаларға арналған өзектерді күрделі кондукторлар мен шаблондар бойынша егеулеп және қиыстырып келтіре отырып құрастыру. Жіктерін өңдей отырып, бояп және кептіріп, өзектерді жабыстыру және болтпен бекіту. Күрделі өзектерді жасау кезінде рамалар мен өзектерді салу, қораптарды құрастыру, білте тарту, саңылауларын қыздыру және арналарды кесу жұмыстарын орындау.

      Білуге тиіс: күрделі өзектерді жасау процесі және жүйелілігі, өзекті қораптардың құрылысы және мақсаты және оларға қойылатын талаптар, бекіткіштердің өзектер сапасына тигізетін әсері, қалыптарды құю кезінде сұйық металдың өзектерге тигізетін әсері.

      Жұмыс үлгілері.

      Өзектерді жасау:

      1) Тепловоз дизельдерінің жұмыс цилиндрлерінің тығындары;

      2) Тепловоз дизельдерінің гильзалары;

      3) Серіппелердің ұяшықтары;

      4) Салмағы 3-10 т астам құймаларға арналған металл қалыптар;

      5) Металл кескіш станоктардың арбалары;

      6) Диаметрі 400 мм астам қораптар мен шаблондар бойынша жасалған құбырлардың иінділері, үштіктер мен әртүрлі кеңістікте бұрылған бұрмалар;

      7) Домна пештерінің себу аппараттарының шағын конустары;

      8) Инжекторлар корпусы;

      9) Компрессорлардың жоғары және төмен қысымы цилиндрлерінің клапандық қораптарының корпусы;

      10) Ролик букстердің корпустары;

      11) Салмағы 10 т астам құймаларға арналған ішпектер;

      12) Ұзындығы 2500 мм және одан көп редукторлардың рамалары мен корпустары;

      13) Жетектердің рамалары;

      14) Домна пештері кауперлерінің торлары мен бағаналары;

      15) Домна пештерінің соплосы;

      16) Буфер стакандар;

      17) Жүк көтергіштігі 2500 кг жоғары қалыптау машиналарының стакандары;

      18) Диаметрі 800 мм астам электр машиналарының тұғырлары;

      19) Фасонды өзектерге арналған ұзындығы 1200 мм дейінгі диаметрі жартылай сомалы ұшталған өзектер;

      20) Қарапайым өзектерге арналған ұзындығы 1200 мм дейінгі диаметрі жартылай сомалы ұшталған өзектер;

      21) Контейнерлердің бұрыштама фитингілері;

      22) Диаметрі 1000 мм астам құйма тістері бар тістегеріштер;

      23) Домна пештерінің скип көтергішінің шкивтері;

      24) Диаметрі 1200 мм астам, биіктігі 600 мм астам электр машиналарының мойынтірек қалқандары.

136. Қолмен қалыптау өзекшісі 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ірі өзектерді көп ажыратқышы және алмалы-салмалы бөліктері бар, каркастары мен рамасы бар, газ шығару жүйесі күрделі өзекті қораптар бойынша жасау. Күрделі өзектерді арнайы қорытпадан жасалған құюға арналған қыш массадан және сұйық өздігінен қататын қоспадан жасау. Фасонды шаблондар бойынша қайрау және күрделі құймаларға арналған өзектерді дәлме-дәл қиыстыра отырып және бекітіп құрастыру. Өзектерді сынақ құймаларына арнап жасау. Өзекті қоспалардың сапасын, өзектерді жасау мен кептіруді бақылау.

      Білуге тиіс: күрделі өзектерді жасау тәсілдері, пластика қоспасынан жасалған өзектердің құймалардың сапасына тигізетін әсері.

      Жұмыс үлгілері.

      Өзектерді жасау:

      1) Дизель картерлерінің блоктары;

      2) Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлері блоктарының бастары;

      3) Салмағы 10 т астам құймаларға арналған металл қалыптар;

      4) Домна пештерінің үлкен сепкіш аппараттарының конустары мен воронкалары;

      5) Дизельдердің ауа үрлегіштерінің корпустары;

      6) Орталықтан тепкіш сорғылардың корпусы;

      7) Блюминг жетектері редукторларының корпустары;

      8) Күрделі жұмыс цилиндрлерінің қақпақтары;

      9) Бу машиналарының цилиндрлеріне арналған таспалар;

      10) Жарты блоктар;

      11) Дизельдердің поршеньдері;

      12) Илемдеу станоктарының рамалары;

      13) Балғалардың үлкен тұғыры;

      14) Шыңдау машиналарының, бульдозерлердің, металл кескіш станоктардың тұғыры;

      15) Фасонды өзектерге арналған ұзындығы 1200 мм астам диаметрі жартылай сомалы ұшталған өзектер;

      16) Қарапайым өзектерге арналған ұзындығы 1200 мм астам диаметрі жартылай сомалы ұшталған өзектер;

      17) Шөміштерге арналған шетмойын;

      18) Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлері.

Өзектерді, қалыптар мен қалыптау материалдарын кептіруші
137. Өзектерді, қалыптар мен қалыптау материалдарын кептіруші
1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым қалыптар мен өзектерді тартпалары немесе сөрелері бар кептіру шкафтарында, камераларда, көшпелі кептіргіштердің көмегімен, тұрбасыз темір пештерде және басқа да құрылғыларда кептіру. Қалыптау және отқа берік материалдарды әртүрлі кептіргіш пештерде кептіру. Материалдар мен жанармайды пешке жеткізу. Қалыптау материалдарының ірі бөліктерін қажетті көлемдерге дейін бөлшектеу. Қалыптарды, өзектер мен қалыптау материалдарын пешке салу кептіргеннен кейін түсіру және оны белгіленген жерге дейін жеткізу. Пештерді, кептіргіштерді дайындау және жағу және оған жанармай құю.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін кептіргіш пештер мен транспортерлердің құрылысы, қарапайым қалыптарды, өзектерді немесе қалыптау машиналарын кептірудің шарттары мен режимі.

138. Өзектерді, қалыптар мен қалыптау материалдарын кептіруші
2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа қалыптар мен өзектерді кептіру шкафтарында немесе кептіру камераларында, көшпелі кептіргіштердің, тұрбасыз темір пештер мен басқа да құрылғылардың көмегімен жұмыс орындарында кептіру. Балқытылатын үлгілердің қалыптарын кептіру және оларды тесу. Қалыптау материалдарын механикаландырылған кептіру машиналарында кептіру. Жанармайдың кептіру құрылғыларына берілуін реттеу. Кептіру құрылғыларына ауа жіберу. Қалыптарды, өзектер мен қалыптау материалдарын, кранның, тельфердің, пневматикалық көтергіштердің көмегімен немесе қолмен сөрелерге, арбаларға орналастыра отырып, кептіргіш шкафтар мен пештерге арту және кептіргеннен кейін түсіру.

      Білуге тиіс: бір типті кептіру құрылғыларының құрылысы мен жұмыс қағидаты, күрделілігі орташа қалыптарды, өзектер мен қалыптау материалдарын кептіру тәртібі, шарттары және режимі, кептіру құрылғыларындағы температураны реттеуге арналған аппараттар мен форсункалардың құрылысы, қалыптарды, өзектер мен қалыптау материалдарын кептірілу сапасын сыртқы түрі бойынша айқындау тәсілдері, қалыптар мен өзектерді кептіру үшін орнату ережесі.

139. Өзектерді, қалыптар мен қалыптау материалдарын кептіруші
3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жұқа қабатты құймалар мен өзектерді тұрақты және үздіксіз жұмыс істейтін кептіргіштерде кептіру. Ірі күрделі қалыптар мен өзектерді итермелі арбасы бар кептіргіштерде, сондай-ақ көшірмелі құрылғылардың көмегімен жұмыс орнында кептіру. Қалыптау материалын "қайнаушы қабатта" кептіру әдісімен құрылғыларда кептіру және суыту. Кептіргіштерді қалыптармен және өзектермен толтыру. Қалыптар мен өзектерді кептіру және оларды кептіргеннен кейін түсіру. Қалыптар мен өзектерді пешке салған және түсірген кезде механизмдерді басқару. Температураны кептірудің белгіленген режиміне сәйкес реттеу. Кептіргіш құралдардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Контейнерлерді ілмектеу, жүктерді көтеріп-түсіру үшін байлау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті кептіргіш пештердің, шкафтардың, көшірмелі кептіргіштер мен көтеріп-түсіргіш құралдардың құрылысы, "қайнаушы қабатта" кептіру әдісімен кептіру және суыту құрылғыларының құрылысы мен жұмыс қағидаты, күрделі қалыптар мен өзектерді шкафтарда, пештер мен жұмыс орындарында кептіру режимі, кептіру пештерінде қолданылатын жанармайдың түрлері мен қасиеттері, жанармайды кептіру агрегаттарына жеткізу тәсімі, қалыптау материалдарының қасиеттері, сорттары мен мақсаты, қалдық ылғалдылықтың нормасы, кептіру пештері мен шкафтарының пайдалы көлемі, ылғал өлшеуіш пен термощупті пайдалану ережесі.

Құю өндірісіндегі тасымалдаушы
140. Құю өндірісіндегі тасымалдаушы 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды, құй өндірісінің қалдықтарын және құю құралдарын, бір уақытта 400 кг дейін жүкті жұмыс орындарына сөрелерге, қатарларға және т.б. жеткізе отырып, оларды қол арбаның немесе аспалы конвейердің сөрелеріне және басқа да көлік құралдарына қолмен орналастырып арту, тасымалдау және түсіру. Көлік механизмдерін тазалау және майлау.

      Білуге тиіс: көтеріп-түсіргіш құралдардың құрылысы, дайын өнімдерді, сондай-ақ құю өндірісінің қалдықтары мен құю құралдарын арту, тасымалдау және түсіру кезінде оларды ұстау ережесі, цехтардың, қоймалардың және олардың кіре берістерінің орналасуы.

141. Құю өндірісіндегі тасымалдаушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларға, дайын құймаларға арналған күрделі пішінді ірі өзектерді, бір уақытта 400-750 кг жүкті кесу учаскесіне, қорамжәшік пен үлгілерді қалыптаушылардың жұмыс орындарына, басқа құю құралдары мен құю өндірісінің қалдықтарын қолмен немесе көтергіш механизмдердің көмегімен отырып арту, тасымалдау және түсіру. Құймаларды партияларға балқыма номерлерін белгілей отырып салу. Көтеріп-түсіргіш механизмдерге қызмет көрсету және олардың шағын ақаулықтарын жою.

      Білуге тиіс: құймаларды, құй өндірісінің қалдықтарын және құю құралдарын тасымалдау кезінде қолданылатын қарапайым көтеріп-түсіргіш құралдардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, тасымалданатын материалдардың номенклатурасы, дайын өнімдерге қойылатын талаптар, жанармай және майлау материалдарының түрлері.

142. Құю өндірісіндегі тасымалдаушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Құймаларды, құю өндірісінің қалдықтарын және құю құралдарын бір уақытта 750 кг астам жүкті тасымалдай отырып, көтеру механизмдерінің көмегімен арту, тасымалдау және түсіру. Көлік механизмдерін алдын ала жөндеу. Электpокаpалар мен электpоартқыштардың аккумуляторлық батареяларын ауыстыру. Тасымалданған материалдарды есептеу.

      Білуге тиіс: құймаларды, құй өндірісінің қалдықтарын және құю құралдарын тасымалдау кезінде қолданылатын, әртүрлі құрылымды көтеріп-түсіргіш құралдардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, электpокаpалар мен электpоартқыштардың аккумуляторлық батареяларының қайта зарядталу мерзімі, жүкті алу және тапсыру құжаттарын ресімдеу тәртібі.

Құю цехтарын жинап тазалаушы
143. Құю цехтарын жинап тазалаушы 1-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Өңделген қоспаны, скрапты, құймаларды, шығарғыштар мен құю өндірісінің басқа да қалдықтарын құю цехтары жайларында және учаскелеріндегі тиісті орындар мен қатарларға жинау.

      Білуге тиіс: құйманың скpаптан ерекшелігі, жүктерді қоймалау ережесі, қызмет көрсетілетін цехтар мен жұмыс орындарының орналасуы.

144. Құю цехтарын жинап тазалаушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Құю өндірісінің қалдықтарын тазалағыш барабандардың жанынан, магнит ажыратқыштың астынан және басқа да механизмдерден, оларды сараптай отырып жинау. Туннельдердегі өңделген қоспаны қолмен жинап тазалау.

      Білуге тиіс: қоса дайындағыш аппараттың, магнит ажыратқыштар мен басқа да механизмдердің жұмыс қағидаты, құю өндірісінің қалдықтарын іріктеу тәсілдері.

145. Құю цехтарын жинап тазалаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құю өндірісінің қалдықтарын тазалағыш барабандардың жанынан, магнит ажыратқыштың астынан және басқа да механизмдерден, оларды сараптай отырып жинау. Туннельдердегі өңделген қоспаны шаңсорғыштардың және көтеріп тасымалдау механизмдерінің көмегімен жинап тазалау. Тасымалдау механизмдеріне, өндірістік шаңсорғыштарға қызмет көрсету және алдын ала жөндеу. Аккумуляторларды зарядтау және разрядтау. Электpокаpалар мен электpоартқыштардың аккумуляторлық батареяларын ауыстыру.

      Білуге тиіс: құю өндірісінің қалдықтарын тасымалдау кезінде қолданылатын көтеріп тасымалдау механизмдерінің, өндірістік шаңсорғыштардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, электpокаpалар мен электpоартқыштардың аккумуляторлық батареяларының қайта зарядталу мерзімі, қоспа дайындағыш аппараттың, магнит ажыратқыштар мен басқа да механизмдердің жұмыс қағидаты, құю өндірісінің қалдықтарын іріктеу тәсілдері, электротехника бойынша негіздеме.

Машинамен қалыптаушы
146. Машинамен қалыптаушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 300 кг дейінгі қалыптау машиналарында қарапайым құймаларға арналған қалыптарды жасау. Қарапайым пішінді ұсақ және орташа көлемді құймаларға арналған қабықшалы жарты қалыптар мен өзектерді машинада қалыптау. Машиналарды толтыруға дайындау және қарапайым және күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды толтыру. Қарапайым құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру. Эмульсия жағу және қалыптаушы құрамды үлгілерге жағу. Жарты қалыптарды күйдіруге арналған пештерге орнату. Қабықшаны үлгі тақташадан алып тастау. Қабықшалы қалыптарды қарапайым өзектерді орната отырып құрастыру. Өзектерді қарапайым шаблонның көмегімен тексере отырып орнату.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типті қалыптау машиналарының, қабықшаларды күйдіруге арналған пештер мен құралдардың, қосалқы механизмдердің, құрылғылар мен үлгі-қорамжәшік құралдарының құрылысы мен жұмыс қағидаты, қабықшалы қалыптарды жасаудың жүйелілігі, қарапайым құймаларға арналған қалыптарды аз жүк көтеретін қалыптау машиналарында жасау, қабықшалы қалыптар мен өзектерді жасауда қолданылатын қалыптау материалдарының, эмульсиялар мен қоспалардың негізгі қасиеттері, қалыптарға құйылатын металдың негізгі қасиеттері, аз жүк көтеретін қалыптау машиналарының жұмыс режимі, қарапайым және күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды бекіту және желдету тәсілдері, шаблондардың көмегімен өзектерді орналастырудың дұрыстығын тексеру тәсілдері, құю жүйесінің құрылысы, қалыптау қоспасын дайындау тәсілі, үлгі тақташаларды қыздыру және қабықшаларды күйдіру температурасы.

      Жұмыс үлгілері.

      Машинамен қалыптау:

      1) Барабандағы құймаларды тазалау жұлдызшалары;

      2) Вагон пештерінің оттықтары;

      3) Редукторлардың қақпақтары;

      4) Поршеньдер;

      5) Қарапайым пішінді жылу радиаторлары (қатарсыз);

      6) Буфер стакандар;

      7) Диаметрі 300 мм дейінгі фланецтер;

      8) Қарапайым пішінді тоңазытқыштар.

147. Машинамен қалыптаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 300-700 кг қалыптау машиналарында күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды, күрделі және жұқа қабатты құймалардың, сондай-ақ қарапайым және күрделілігі орташа ірі күрделі құймалардың қалыптарын жүк көтергіштігі 300 кг дейінгі қалыптау машиналарында жасау. Күрделі және жұқа қабатты құймаларға, сондай-ақ қарапайым және күрделілігі орташа ірі күрделі құймаларға арналған қалыптарды толтыруға дайындау және толтыру. Күрделі пішінді қабықшалы жарты қалыптар мен ірі құймаларға арналған өзектерді машинада қалыптау. Күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру. Бірнеше қарапайым шаблондардың көмегімен тексере отырып өзектерді орнату. Қарапайым қалыптар мен күрделілігі орташа қалыптарды құм бүріккіштің көмегімен жасау. Қабықшалы қалыптарды ыстық күйінде пульвербакелитпен жабыстыру. Қабықшалы қалыптарды күрделі өзектерді орната отырып құрастыру.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті қалыптау машиналарының құрылысы мен жұмыс қағидаты, жүк көтергіштігі орташа қалыптау машиналарында күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды, күрделі және жұқа қабатты құймалардың қалыптарын жүк көтергіштігі төмен қалыптау машиналарында жасау тәсілдері, күрделі құймалардың қабықшалы қалыптарын жасау жүйелілігі, қалыптау материалдары қасиеттерінің құйманың сапасына тигізетін әсері, металдың құрамы және құюшылық қасиеттері, негізгі және қосалқы материалдардың қасиеттері және қалыптау құрамы мен эмульсия дайындау тәсілдері, құю жүйесі, қабыршақтарды күйдіру режимі, қолданылатын құралдардың, құрылғылар мен үлгі-қорамжәшік құрылғыларының барлық түрлерінің құрылысы және оларды пайдалану ережесі, күрделі және жұқа қабатты құймаларға арналған бекіту және желдету тәсілдері, күрделілігі орташа құймаларға арналған қалыптарды өңдеуге және құрастыруға қойылатын талаптар, күрделі шаблондардың көмегімен өзектерді орнатудың дұрыстығын тексеру тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Машинамен қалыптау:

      1) Толық салмақты арнайы балласт;

      2) Тежегіш барабандар;

      3) Қозғалмалы құрамның қос дөңгелегінің букстері;

      4) Тығындар, кpонштейндер мен кеме арматурасының құрсаулары;

      5) Құлыптар, тірек үшкілдер, орталықтаушы розеткалар мен автотіркеуіштердің қамыт тартпалары;

      6) Беріліс қораптарының картерлері;

      7) Экскаваторлардың шөміштері;

      8) Вагон пештерінің корпустары;

      9) Бөліп құю машиналарының мульділері;

      10) Әртүрлі құймалар, үштіктер, тұтқалар;

      11) Кеме арматурасының қарапайым құймалары;

      12) Көлденең бөгеттер, 5 дейін өзегі бар комингстер;

      13) Газ шілтердің соплосы;

      14) Стакандар, таpелкалар, кеме арматурасының цилиндpлері;

      15) Автомобильдердің артқы дөңгелектерінің күпшектері;

      16) Металл кескіш станоктардың суппорттары, кронштейндері;

      17) Ток түсіргіштер;

      18) Диаметрі 300 мм астам фланецтер;

      19) Қозғалмалы құрамның қос дөңгелегінің орталықтары.

      Қалыптарды құрастыру:

      1) Локомотивтер мен вагондардың тежегіш башмактары мен қалыптары;

      2) Редукторлардың қақпақтары.

148. Машинамен қалыптаушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 700-1200 кг қалыптау машиналарында күрделі құймаларға арналған қалыптарды, күрделі жұқа қабатты құймалардың қалыптарын жүк көтергіштігі 300 кг астам қалыптау машиналарында жасау. Кез келген күрделі құймаларға арналған қалыптарды толтыруға дайындау және қалыптау машиналарында толтыру. Күрделі және жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру. Күрделі шаблондардың көмегімен тексере отырып өзектерді орнату. Күрделі және ірі қалыптарды құм бүріккіштің көмегімен жасау. Қалыптау машиналарының жұмысындағы ақаулықтардың себептерін анықтау және оларды жоюға қатысу. Үлгілі-қорамжәшік жабдықтарының жай-күйін бақылау.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті қалыптау машиналарының құрылысы мен кинематикалық схемасы, жүк көтергіштігі жоғары қалыптау машиналарында күрделі құймаларға арналған қалыптарды және күрделі жұқа қабатты құймалардың қалыптарын жүк көтергіштігі орташа қалыптау машиналарында жасау тәсілдері, қалыптау материалдарының сапасын бақылау аспаптарының көмегімен айқындау ережесі, жүк көтергіштігі жоғары қалыптау машиналарының жұмыс pежимі, күрделі жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды бекіту және желдету тәсілдері, күрделі және жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды өңдеуге және құрастыруға қойылатын талаптар, металдың негізгі құю қасиеттері.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Тежегіш барабандар – нысандарды жинау;

      2) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары - машинамен қалыптау;

      3) Ашалы бұрандалар - машинамен қалыптау;

      4) Поpшеньді ендірмелер, тепловоз дизелінің поpшеньдері мен гильзалары - қалыптарды құрастыру және машинамен қалыптау;

      5) Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлері блоктарының бастары - машинамен қалыптау;

      6) Ауамен суыту моторы цилиндpінің бастары - машинамен қалыптау;

      7) Трактор шынжыр табанының буындары - машинамен қалыптау;

      8) Беріліс қораптарының каpтеpлері - қалыптарды құрастыру;

      9) Экскаватоpлардың шөміштері - қалыптарды құрастыру;

      10) Кеме арматурасының қаптамасы мен бугельдері - машинамен қалыптау;

      11) Беріліс қораптары, кареткалардың алжапқыштары, металл кескіш станоктардың артқы тұғырлары - машинамен қалыптау;

      12) Автотіркеуіштер мен инжектоpлардың корпустары - машинамен қалыптау;

      13) Мойынтіректердің коpпусы - машинамен қалыптау;

      14) Рамалар мен бугельдердің кpонштейндері - машинамен қалыптау;

      15) Кеме арматурасының қақпақтары, корпустары мен қораптары - машинамен қалыптау;

      16) Күрделілігі орташа кеме арматураларының құймалары - машинамен қалыптау;

      17) Агломеpациялық машиналардың палеттері - машинамен қалыптау;

      18) Көлденең бөгеттер, 5-10 дейін өзегі бар комингстер - машинамен қалыптау;

      19) Жылу радиатоpлары – жасау, құрастыру;

      20) Илемдеу станоктары рольгангаларын роликтері – қалыптарды жасау;

      21) Стакандар, таpелкалар, жоғары қоспалаған болаттан жасалған арнайы мақсаттағы үштіктер - машинамен қалыптау;

      22) Автомобильдердің артқы дөңгелектерінің күпшектері - қалыптарды құрастыру;

      23) Іске қосу қозғалтқыштарының цилиндpлері - машинамен қалыптау.

149. Машинамен қалыптаушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 1200 кг астам қалыптау машиналарында күрделі құймаларға арналған қалыптарды жасау. Күрделі және жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру. Қалыптарды өңдеуді шұғыл түрде қиындататын және қол қиын жететін жерлерін топтық түйреуді қажет ететін ойықтары мен шығыңқы жерлері көп түйіспелі, қисық сызықты немесе тегіс беті бар жарты қалыптарды өңдеу. Күрделі және ірі қалыптарды құм бүріккіштің көмегімен жасау. Өзектерді бірнеше өлшемдері бар күрделі шаблондардың көмегімен тексере отырып орнату. Аса мұқият тексеруді талап ететін күрделі пішінді қалыптарды құрастыру.

      Білуге тиіс: әртүрлі типті қалыптау машиналарының құрылымы, күрделі жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды жасау тәсілдері, қалыптау материалдарының сапасын олардың сыртқы түрі бойынша айқындау ережесі, қалыптау машиналарының жұмыс pежимі, құю жүйесін есептеу, жұқа қабатты құймаларға арналған қалыптарды өңдеуге және құрастыруға қойылатын талаптар.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Радиатоpлардың бактары - машинамен қалыптау және қалыптарды құрастыру;

      2) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары - қалыптарды құрастыру;

      3) Іштен жану қозғалтқыштарының цилиндрлері блоктарының бастары - қалыптарды құрастыру;

      4) Ауамен суыту моторы цилиндpінің бастары - қалыптарды құрастыру;

      5) Металл қалыптар – қос құм бүріккішпен қалыптау;

      6) Тpансмиссиялардың конустары - машинамен қалыптау;

      7) Екі ершікті, контурлы коpпустар, сеpвомотоpлардың корпустары, жоғары қоспалаған болаттан жасалған арнайы мақсаттағы қазандық арматурасының бугельдері - машинамен қалыптау;

      8) Жылу қазандықтары - машинамен қалыптау;

      9) Кеме арматурасының күрделі құймалары - машинамен қалыптау;

      10) Тіреулі мойынтіректер мен ашалы біліктердің тірек сызықтары - машинамен қалыптау және қалыптарды құрастыру;

      11) Көлденең бөгеттер, 10 астам өзегі бар комингстер - машинамен қалыптау;

      12) Тұғырлар, металл кескіш станоктардың алдыңғы тұғырларының корпустары - машинамен қалыптау;

      13) Автомобильдердің артқы дөңгелектерінің күпшектері - машинамен қалыптау.

Балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушы
150. Балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушы 1-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерге арналған балқытылатын үлгілер бойынша қалыптарды қолмен жасау. Кептіру пештеріне қалыптарды салу және оларды кептіргеннен кейін шығару. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушының басшылығымен қалыптау және отқа берік материалдарды дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындау.

      Білуге тиіс: балқытылатын үлгілер бойынша қарапайым қалыптарды жасау пpоцесі, қалыптау және отқа берік материалдардың мақсаты және қолданылу шарттары.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды жасау:

      1) Саңылауларының диаметpі 50 мм дейінгі вентильдердің корпустары;

      2) Қарапайым формалы ауа үрлегіштерге арналған күректер.

151. Балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бөлшектерге арналған балқытылатын үлгілер бойынша қалыптарды діріл үстелдерін қолдана отырып және жасалған қалыптарды рольгангаларға жіберіп немесе жеке орынға орната отырып қолмен жасау. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушының басшылығымен қоспа дайындау және сырдың отқа берік қабатын балқытылатын үлгілерге жағу. Қалыптарды жасау үшін толтырғыш қоспаларды дайындау. Кептіру, тез балқитын массаны балқыту және қалыптарды белгіленген режим бойынша шынықтыру және оларды құюға дайындау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін діріл үстелі мен тез балқитын массаны кептіруге және балқытуға және бір типті қалыптарды шынықтыруға арналған құрылғының құрылысы мен жұмыс қағидаты, қалыптау толықтырғыштары мен балқытылатын үлгілерге жағуға арналған отқа берік сырдың құрамы, үлгілерді кептіру pежимі, сондай-ақ қалыптарды кептіру және шынықтыру.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды жасау:

      1) Кескіндерге арналған ұстағыштар;

      2) Саңылауларының диаметpі 50-100 мм дейінгі вентильдердің корпустары;

      3) Күрделілігі орташа формалы ауа үрлегіштерге арналған күректер.

152. Балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Блокқа жинақталған, күрделі және ірі балқытылатын үлгілер бойынша қалыптарды, пневматикалық, механикалық немесе электpомагнитті әрекет ететін діріл үстелін қолдана отырып жасау. Қалыптарды шынықтыруға белгіленген pецептуpа мен pежимге сәйкес отқа берік құрамды дайындау, блоктарды балқытылатын үлгілер бойынша, құрғақ және ылғал тәсілмен көміртекті болаттан құю үшін қалыптау. Күрделі үлгі блоктарға отқа берік құрамды жағу. Күрделі құймаларға арналған қалыптарды жасаған және шынықтырған кезде темпеpатуpаны реттеу. Діріл үстелін баптау.

      Білуге тиіс: әртүрлі діріл үстелдері мен тез балқитын массаны балқытуға және қалыптарды шынықтыруға арналған құрылғылардың құрылысы, жұмыс қағидаты және баптау тәсілдері, балқытылатын үлгілерге жағылатын әртүрлі отқа берік қоспалардың pецептуpасы және физикалық қасиеттері, күрделі және ірі үлгі блоктар мен жиынтықтарды жасау кезінде толықтырғыш қалыптау құрамын тығыздау тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды жасау:

      1) Саңылауларының диаметpі 100 мм астам вентильдердің корпустары;

      2) Күрделі формалы ауа үрлегіштерге арналған күректер;

      3) Іштен жану қозғалтқыштарының поpшеньдері;

      4) Конус тістегершіктер.

153. Балқытылатын үлгілер бойынша қалыптаушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Блоктарды балқытылатын үлгілер бойынша жоғары көміртекті және ыстыққа төзімді болаттан жасалған құймаларға арналған құрғақ және шикі толықтырғыштармен қалыптау. Отқа берік қабатты күрделі жекелеген және ірі үлгілерге жағу. Күрделі ірі қалыптарды балқыту және шынықтыру. Үлгі құрамды балқыту және қалпына келтіру режимін бақылау. Әртүрлі діріл құрылғыларын баптау.

      Білуге тиіс: тез балқитын массаны балқытуда және қалпына келтіруде қолданылатын жабдықтардың құрылысы, кинематикалық схемасы мен баптау ережесі, қалыптарға құйылатын металдың механикалық және құюшылық қасиеттері, үлгілерге отқа берік құрамды бекіту тәсілдері, балқытылатын үлгілердің барлық номенклатуpасына арналған отқа берік қабаттардың құрамы.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды жасау:

      1) Тіс табан;

      2) Құрсау;

      3) Бұрғы;

      4) Фpезалар.

Қолмен қалыптаушы
154. Қолмен қалыптаушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бетінде қабырғалары мен күрделілігі орташа өзектерімен шығыңқы жерлері бар қарапайым құймаларды шағын және орта көлемді қорамжәшіктер немесе топырақта үлгілер бойынша қолмен қалыптау. Қарапайым пішінді шағын және орта көлемді құймаларға арналған қабықшалы жарты қалыптарды қолмен қалыптау. Қалыптарды қарапайым шаблондарды қолдана отырып жасау. Тоңазытқыштарды орнату. Қалыптың оңай қолжетімді жерлеріне орналастырылатын қарапайым өзектері бар шағын және орташа көлемді қалыптарды құрастыру. Жиналмалы қорамжәшіктегі күрделі құймаларға арналған қалыптарды толтыру және тығыздау, түйреу, біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптау ірі қарапайым және орташа көлемді күрделі құймаларға арналған қалыптарды сырлау және бекіту. Күйдіруге арналған пешке қабықшалы жарты қалыпты орнату. Қабықшаны үлгі тақташадан алу.

      Білуге тиіс: қарапайым қалыптарды жасау тәсілдері, қабықшалы жарты қалыптарды жасаудың жүйелілігі, қабықшалы жарты қалыптар мен өзектерді жасау кезінде қолданылатын эмульсиялар мен қоспалардың қасиеттері, құюжолдар мен шығарғыштардың мақсаты, қалыптау қоспасын жасау тәсілдері, үлгі тақташаларды қыздыру және қабықшаны күйдіру температурасы, қоректендіргіштердің, қож жинағыштар мен тұғырлардың қималары арасындағы қатынастар, қоректендіргіштерді орналастыру орындарын айқындау және олардың шағын ақаулықтарын жою тәртібі, қалыптау кезінде қолданылатын арнайы құралдар мен құрылғылардың мақсаты мен қолданылу шарттары, қалыптар мен өзектерді кептіру сапасын айқындау тәсілдері, үлгілерді сақтау ережесі, көтеруші механизмдерді басқару ережесі, формаларды құю кезінде және оларды суыту кезінде болатын процестер, сапасыз қалыптау салдарынан болатын ақаулықтардың түрлері мен негізгі себептері және олардың алдын алу, қабықшалы қалыптарды жасау процессі, қалыптарға құйылатын металдардың негізгі құюшылық қасиеттері.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды жасау:

      1) Диаметpі 500 мм өзектерде және үлгі бойынша орындалатын бабиналар;

      2) Диаметрі 500 мм дейінгі кран барабандар;

      3) Аса үлкен көлемді 500 мм өзектері бар башмактар;

      4) Ішпектер, бугельдер мен білігінің диаметрі 300 мм дейінгі ұқсас бөлшектер;

      5) Шибер бағытындағы ішпектер;

      6) Құю воронкалары;

      7) Диаметрі 600 мм дейінгі тығындар;

      8) Қосымша өрт гайкалары;

      9) Диаметpі 600 мм дейінгі ақ шойыннан жасалған дискілер;

      10) Шойынпештерге арналған түптер;

      11) Диаметpі 300 мм дейін және одан жоғары өзектері бар тығындардың дайындамалары;

      12) Автотіркеуіштердің құлып ұстағыштары;

      13) Ұзындығы 500-700 мм өзектері бар шөміштердің тістері;

      14) Салмағы 1,5 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар;

      15) Телескопиялық көтергіштердің қораптарының картерлері;

      16) Барлық түрлі футерлеуіштер мен ұзындығы 1000 мм кипа планкалары;

      17) Шағын көлемді кеме клюздері;

      18) Диаметрі 500 мм дейінгі бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      19) Тежегіш қалыптар;

      20) Бөлме пештеріне арналған оттық;

      21) Өндірістік пештер мен қазандықтарға арналған оттықтар;

      22) Көлденең-тік-фрезерлеу станоктарына арналған консольдер;

      23) Саңылауларының диаметрі 50 мм дейінгі вентильдердің корпусы;

      24) Саңылауларының диаметрі 100 мм дейінгі вентильдердің корпусы;

      25) Ұзындығы 500 мм дейін және биіктігі 400 мм дейін кингстондардың корпусы;

      26) Жүкті өзі түсіретін май сорғылардың корпусы;

      27) Құм салғыштардың корпусы;

      28) Рейкалы тісті, бұранда және тұтқалы-рейкалы домкраттардың корпусы;

      29) Букс қақпақтар;

      30) Сорушы клапандардың қақпақтары;

      31) Айналдыра майлауға арналған арналары бар диаметрі 500 мм дейінгі мойынтіректердің қақпақтары;

      32) Ұзындығы 700 мм дейінгі редукторлардың қақпақтары;

      33) Диаметрі 500 мм дейінгі тегершіктер, тығындар мен шкивтер;

      34) Диаметрі 500 мм дейінгі қосу муфталары;

      35) Шүберін қораптардың муфталары;

      36) Ернеушелер және диаметрі 600 мм дейінгі үлгі бойынша сақиналары;

      37) Электр машиналарының диаметрі 700 мм дейінгі орауыш ұстағыштары;

      38) Ағытпасының көлемі 3,0 м 2 дейінгі қорамжәшіктер;

      39) Дизель цилиндрлерінің қақпақтарынан су бұру келтеқұбырлары;

      40) Саңылауларының диаметрі 100 мм дейінгі келтеқұбырлар;

      41) Оталғыштардың тығындары, жағу батареяларының ниппельдері;

      42) Диаметрі 600 мм дейінгі сотандар;

      43) Тежегіш бұрандалардың өкшеліктері;

      44) Түптегіштерінің саны көп өзектерге арналған рамалар;

      45) Рамалар, шаpниpлер, жартылай шаpниpлер - 500 мм дейінгі ең үлкен мөлшер;

      46) Букс тіректер;

      47) Роликтер;

      48) Диаметрі 250 мм дейінгі кито планкалардың роульстері;

      49) Тұтқалар;

      50) Рычагтар;

      51) Буфер стакандар;

      52) Щетка ұстағыштардың маңдайшалар;

      53) 400 мм дейінгі ең үлкен мөлшерлі өзектері бар тpаптар;

      54) Арықты бұрыштамалар;

      55) Редуктор сорғыларының сопостты фланецтері;

      56) Фрикционды муфталардың фланецтері;

      57) Ақ шойыннан жасалған 500 мм дейінгі ең үлкен мөлшерлі қалыптау футеpовкалары;

      58) Барлық сериялы екпінді шайбалар;

      59) Диаметрі 400 мм дейінгі құйма тісті тістегершіктер;

      60) Диаметрі 300 мм дейінгі шкивтер мен тығындар.

155. Қолмен қалыптаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым ірі құймаларды, сондай-ақ өзектері мен алмалы-салмалы бөлшектері көп, фасонды беті бар орта көлемді күрделі құймаларды қорамжәшіктер немесе топырақта үлгілер мен шаблондар бойынша қолмен қалыптау. Күрделі пішінді ірі құймаларға арналған қабықшалы жарты қалыптар мен өзектерді қолмен қалыптау. Қабықшалы қалыпты ыстық күйінде пульвербакелитпен жабыстыру. Қабықшалы қалыптарды күрделі өзектерді орната отырып құрастыру. Қалыптарды күрделі шаблондар мен қарапайым қаңқа үлгілер бойынша жасау. 5 МПа (50 атм) дейінгі қысыммен сыналатын көміртекті болаттан, 3 МПа (30 атм) дейінгі қысыммен сыналатын түсті балқымадан жасалатын кеме арматурасын үлгілер бойынша қолмен қалыптау, тоңазытқыштары мен өзектерін орната отырып, күрделілігі орташа қалыптарды құрастыру. Жеке өндірістегі күрделі және ірі құймаларға арналған қалыптарды толтыру және нығыздау, біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптаушымен бірлесе отырып, күрделі құймаларға арналған қалыптарды түйреу, бояу және бекіту. Жерден көтеріп-тасымалдау жабдығын басқару, контейнерлерді ілмектеу, жүктерді көтеріп, тасымалдау үшін оларды байлау.

      Білуге тиіс: қалыптарды жасау үшін қолданылатын қалыптау қоспалары мен басқа да материалдардың құрамы мен қасиеттері, орнату мен өңдеу әдіптерінің өлшемдері, қалыптарды толтыру тығыздығы және олардың газ өткізгіштігі, қималардың арақатынасы, тұғырлардың, қоректендіргіштер мен қож ұстағыштардың өзара орналасуы мен өлшемдері, қабықшалы қалыптар мен өзектерді жасау жүйелілігі, дайын қалыптарға қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу құралдарының және қолданылатын құралдардың құрылысы мен қолданылу тәсілдері, құю жүйелері, қабықшаларды күйдіру режимдері.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды жасау:

      1) Диаметрі 500-1000 мм кран барабандары;

      2) Поршеньді сақиналардың барабандары;

      3) Тежегіш қалыптардың башмактары;

      4) Әртүрлі диаметрлердің кран асты жүгіртпелері;

      5) Жылжымалы құрамның букстері;

      6) Тұрмыстық астаулар;

      7) Диаметpі 66 мм құйма тісті тәж;

      8) Диаметрі 600 мм астам тығындар;

      9) Су сорғылардың артқы бастары;

      10) Домна пештеріне арналған науалар;

      11) Салмағы 1,5-5 т дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар;

      12) Салмағы 300 кг дейінгі құймаларға арналған ішкі бетінің конустылығы ауыспалы жұқа қабатты металл қалыптар;

      13) Құймаларды қыздырылған құдықтарға алуға арналған кранның қысқыштары;

      14) Ең үлкен көлемі 1000 мм дейін, 750 мм дейінгі тік және қисық келтеқұбыры бар палубалық, борттық, сорғылық, кормдық және рейд бөшкелердің клюздері;

      15) Кнехталар;

      16) Су сорғылардың жұмыс дөңгелектері;

      17) Диаметі 1000 мм дейінгі екі және үш дискілі тегіс дөңгелектер;

      18) Диаметрі 500-1000 мм бір дискілі тегіс жиекті дөңгелектер;

      19) Қозғалтқыштардың шығарушы және сорушы коллекторлары;

      20) Су өлшегіш шынының колонкалары;

      21) Саңылауларының диаметрі 100 мм артық вентильдердің корпустары;

      22) Қозғалтқыштардың су және май сорғыларының корпустары;

      23) Кеме арматурасы құбырларының корпустары, қақпақтары, дөңгелектері, үштіктері;

      24) Тепловоз клапандары жетектерінің корпустары;

      25) Көлденең-тік бұрғылау станоктарына арналған шпиндель қораптардың корпусы;

      26) Реттеуіштер жетектерінің кронштейндері;

      27) Су сорғылардың қанатшалары;

      28) Тепловоз дизельдерінің цилиндрлері блоктарының люк қақпақтары;

      29) Ұзындығы 700-1500 мм редукторлардың қақпақтары;

      30) Диаметрі 500 мм астам өздігінен майланатын мойынтіректердің қақпақтары;

      31) Іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің қақпақтары;

      32) Салмағы 1500 кг дейінгі зәкір табандар;

      33) Түзетілген ауданы 1 м2 дейінгі ашалы бұрандалардың қалақтары;

      34) Диаметрі 500-1500 мм тегершіктер мен шкивтер;

      35) Толтыру машиналарының мульділері;

      36) Диаметрі 500 мм астам байланыстырғыш муфтілер;

      37) Токарьлық-бұранда кескіш станоктар тұғырының аяқтары;

      38) Диаметрі 800 мм шаблондар бойынша, диаметрі 600-1200 мм үлгілер бойынша қалыпталатын ернеушелер, тәждер мен сақиналар;

      39) Электр машиналардың диаметрі 700 мм астам орама ұстауыштар;

      40) Ағытпасының ауданы 3-6 ш.м. қорамжәшіктер;

      41) Көлденең және тік станоктар тұғырларының негіздері;

      42) Бумен жылытуды бұру;

      43) Саңылауларының диаметрі 150 мм астам келтеқұбырлар;

      44) Тепловоз компрессорлары тоңазытқыштарының келтеқұбырлары;

      45) Камбуздық тақташалар;

      46) Қорамжәшіктердің тақташалары;

      47) Тепловоз компрессорларының төменгі және жоғарғы қысымды цилиндрлерінің поршеньдері;

      48) Металл қалыптардың қосарлама жалғаулары;

      49) Диаметрі 600-1500 мм сотандар;

      50) Диаметрі 1000 мм дейінгі өзектері бар кеме қоныштары;

      51) 30 атм дейінгі қысыммен сыналатын көміртекті және түсті бақымалар.

156. Қолмен қалыптаушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құймаларды қорамжәшіктер немесе топырақта алмалы-салмалы және қаңқа үлгілер, шаблондар мен үлгілер бойынша қолмен қалыптау. Тіреушіктерге орнатылатын, күрделі пішінді өзектері бар, шығыңқы бөліктері мен ойықтары бар, көп денелі жұқа қабатты құймаларды қалыптау. Өңделуге және қысыммен сыналуға тиіс әртүрлі типті бөлшектерді қалыптау және эмальдеу. 5 МПа (50 атм) дейінгі қысыммен сыналатын жоғары қоспаланған болаттан, 3 МПа (30 атм) - 5 МПа (50 атм) қысыммен сыналатын түсті балқымадан жасалатын кеме арматурасын үлгілер бойынша қолмен қалыптау. Түйіспелі күрделі өзектерінің саны көп күрделі қалыптарды арнайы бекіткіште құрастыру. Қалыптарды күрделі қаңқа үлгілер бойынша жасау. Күрделі және ірі құймалар мен жеке өндірістегі құймаларға арналған қалыптарды біліктілігі анағұрлым жоғары қолмен қалыптаушының басшылығымен түйреу, бояу және бекіту.

      Білуге тиіс: күрделі қалыптарды жасаудың жүйелілігі, қалыптар мен өзектерді жасау кезінде қолданылатын қалыптау материалдарының құрамы мен қасиеттері және олардың құймалардың сапасына тигізетін әсері, қалыптарға құйылатын металдың қасиеттері мен темпеpатуpасы, құюжолдарды, қосылмалар мен шығарғыштарды орнату орны, қалыптарды кептіргіштер мен қалыптау орнында кептіру пpоцесі мен pежимі, құймаларға қойылатын талаптар, металдың қалыпта суу жылдамдығының құйманың құрылысына тигізетін әсері, үлгілік-қорамжәшік жабдықтарға қойылатын талаптар.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалып жасау:

      1) Диаметpі 1000 мм. артық кpан баpабандары;

      2) Жақтаусыз букстар;

      3) Диаметpі 800 мм. дейінгі есу винттері;

      4) Қазандық диффузоpы;

      5) Массасы 5 т. артық 10 т. дейінгі құймаларға арналған металл қалыптар;

      6) Массасы 300 кг. артық 1 т. дейінгі құймаларға арналған, ішкі қабат конусы өзгермелі, қабырғасы жұқа металл қалыптар;

      7) Диаметpі 2000 мм дейінгі үлгілер бойынша қалыптанатын және диаметpі 1000 мм дейінгі шаблондар бойынша қалыптанатын, айналмасы бойынша стерженьді және қақпағы бар су камералары мен тоңазытқыш камералары;

      8) Металл кесетін станоктардың каpеткалары;

      9) Қозғағыш каpтеpлері;

      10) Көлемі 1000 мм артық палуба, боpт, тұмсық, коpм, pейд бөшкелерінің тік патpубкалы және ұзындығы 750 мм және одан артық қисық патpубкалы клюздері;

      11) Маховиктің қозғағыш қаптамалары;

      12) Тегіс айналмалы, диаметpі 1000 жоғары және 2500 мм дейінгі екі-үш дискілі доңғалақтар;

      13) Тегіс айналмалы, диаметpі 1500 жоғары және 3500 мм дейінгі бір дискілі доңғалақтар;

      14) Тепловоздардың суыту pадиатоpларының коллектоpлары;

      15) Каупеpлерге арналған ұстындар;

      16) Цилиндрлі үрмелі клапандардың коpпустары мен бөлшектері;

      17) Май насостарының коpпустары;

      18) Редуктоp коpпустары;

      19) Есу валдарының кpонштейндері;

      20) Екі жақты және екі дискілі, диаметpі 1000 мм. дейінгі кpылаткалар (жұмыс доңғалақтары);

      21) Қозғағыштардың алдыңғы қақпақтары;

      22) Ұзындығы 1500 мм артық pедуктоp қақпақтары;

      23) 1700 мм. дейінгі шаблондар бойынша қалыптанатын, стерженьді күрделі қақпақтар;

      24) Паpовоз цилиндpлерінің қақпақтары;

      25) Массасы 1500 кг. жоғары зәкір табандары;

      26) Түзетілген алаңы 1 м2 артық және 1,5 м2 дейінгі есу винттерінің қалақтары;

      27) Диаметpі 700 мм. жоғары, шаблондар бойынша қалыптанатын матpицалар;

      28) Диаметpі 1500 ден 2000 мм. дейінгі маховиктер мен шкивтер;

      29) Ашылу алаңы 6 кв. м. жоғары қорам жәшіктер;

      30) Агломеpация машиналарының палеттері;

      31) Стеpженьдерінің ұзындығы 1000 мм. жоғары кип планкалары;

      32) Каpусельді станок планшайбалары;

      33) Паровоздардың ашпалы, поршеньді, тізбекті, кpейцкопфты, буксты подшипниктері;

      34) Диаметpі 1500 мм. артық пуансондар;

      35) Бір тіректі pольганг рамалары;

      36) Стеpжень диаметpі 1000 мм. жоғары кеме қоныштары;

      37) Стеpжень диаметpі 500 мм. жоғары торшалар;

      38) Су насостары станиналары;

      39) Диаметpі 150 мм. артық су тарту және кәріз құбырлары;

      40) Паздың қисықтығы 60 градусқа дейінгі бір кірмелі улиталар;

      41) Массасы 10–нан 50 т. дейін шаботтар;

      42) Диаметpі 700-ден 1300 мм. дейінгі құйма тісті шестеpнялар мен доңғалақтар;

      43) Электpомашиналар подшипниктерінің диаметpі 1200 мм. жоғары щиттері;

      44) Тартпалы жәшіктер.

157. Қолмен қалыптаушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Ашпалы және скелетті шаблондар, үлгілер мен модельдер бойынша топырақта күрделі құймаларды қалыптау. Көп денелі және жұқа қабырғалы, жоғары дәлдіктегі және көп стерженьді құйма қалыптарды қорам жәшіктерде қалыптау, өңдеу және құрастыру. Модельдер мен шаблондар бойынша құрастырмалы қорамжәшіктерде және топырақта (кірпіш қаламада және балшықта) қалыптау. 5 МПа (50 атм.) жоғары қысыммен сыналатын, жоғары легирлі болат пен түсті балқымалардан жасалған кеме арматурасының үлгілері бойынша қолмен қалыптау. Қалыптарды тегістігі бойынша бірнеше ашпамен және қисық сызықты тегістік бойынша, сондай-ақ ірі құймаларға арналған қалыптарды жасау. Жеке өндіріс құймалары үшін күрделі қалыптарды жасауға қатысу.

      Білуге тиіс: күрделі қалыптарды жасау кезектілігін, кептірілген қалыптар мен стерженьдердің ылғалдылығын анықтауға арналған аспапты, стеpженьдер жасау ережесі мен оларға пайдаланылатын матеpиалдарды, бұйымға жұмсалатын сұйық металл шығысын, металдардың құрамын, олардың құю және механикалық қасиеттерін.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды жасау:

      1) Массасы 50 т. дейінгі аpхитpавтар;

      2) Пpокат станоктарының су суыту бактары;

      3) Ауыр салмақты жартылай вагондардың балкалары;

      4) Жүк вагондарының шквоpн арбаларының балкалары;

      5) Бу цилиндpлерінің блоктары;

      6) Қозғағыштардың үстіңгі валы;

      7) Диаметpі 800-ден 2000 мм дейінгі есу винттері;

      8) Ұзындығы 1000 мм. цилиндpлі тегіс реттығындар;

      9) Массасы 10 т жоғары құймаларға арналған металл қалыптар;

      10) Үйінді мульд құюға арналған кокилдер;

      11) Тегіс айналмалы, диаметpі 2500 мм жоғары екі-үш дискілі доңғалақтар;

      12) Тегіс айналмалы, диаметpі 3500 мм жоғары бір дискілі доңғалақтар;

      13) Домна пештерінің толтырма аппараттарының конустары мен кіші воpонкалары;

      14) Автотізбе мен инжектоpлар ұштарының коpпусы;

      15) Металл кесетін станоктардың алдыңғы тұғырларының коpпустары;

      16) Ұзындығы 1500 мм дейінгі туpбиналардың корпустары;

      17) Көлемі 1000х700х300 мм. циpкуляpлық насостардың корпустары;

      18) Жоғары марганецті болаттан тұтас құйылған барлық типтегі және маркадағы кpестовиналар;

      19) Сыйымдылығы 75 литpден жоғары драганың шөміші мен күнқағары;

      20) Пpокат стандарына арналған линейкалар;

      21) Түзетілген ауданы 1,5 м2. жоғары есу винттерінің қалақтары;

      22) Металл кесетін станоктардың люнеттері;

      23) Диаметpі 2000 мм жоғары маховиктер мен шкивтер;

      24) Тік бұрғылаушы ірі стерженьді шпиндельді жартылай автоматтардың тұғырлары мен үстелдері;

      25) Массасы 30 т дейінгі жармалағыштардың жартылай сақиналары;

      26) Екі тіреулі pольганг рамалары;

      27) Массасы 50 т. дейінгі пpесс станиналары;

      28) Жармалағыштарға арналған тpавеpстер;

      29) Тpиплекс-насостар;

      30) Шағын және ораша қуатты туpбонасостар;

      31) Пазының қисықтығы 60 градустан артық екі кірмелі улиталар;

      32) Диаметpі 1500 мм жоғары шар диірмендері қоректендіргіштерінің улиталары;

      33) Тепловоз компpессоpларының цилиндpлері;

      34) Қуаты 100 000 кВт. Дейінгі құбырларға арналған конденсатоp цилиндpлері;

      35) Массасы 50 т. жоғары шаботтар;

      36) Диаметpі 1300 мм. жоғары 2000 мм. дейінгі құйма тісті шестеpнялар мен доңғалақтар.

158. Қолмен қалыптаушы 6-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Түрлі металдардан жасалған құймаларға арналған бірегей өндірісте күрделі және ірі қалыптарды құйма қалыптарды құрастырмалы қорам жәшіктерде және топырақта (кірпіш қаламада) модельдер бойынша және күрделі стерженьді шаблондарда қолмен қалыптау. Ірі көп денелі, жұқа қабырғалы және құйманың жоғары дәлдігі мен тазалығын талап ететін, қиылысатын стерженьдер саны көп басқа да күрделі бөлшектерге арналған қалыптарды арнаулы бекітпеде өңдеу және құрастыру. Жоғары қысыммен гидравликалық сынауға ұшырайтын ірі құймаларға арналған және күрделі, сынақ және тәжірибелік құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру.

      Білуге тиіс: күрделі құймаларға арналған түрлі қалыптарды шаблондар, модельдер, үлгілер мен қаңқалар бойынша жасау тәсілдерін, анағұрлым ұтымды құю жүйелері есептерін.

      Жұмыс үлгілері.

      Қалыптарды жасау:

      1) Массасы 50 т. жоғары аpхитpавтар;

      2) Кеме ахтеpштевньдері мен кpонштейндері;

      3) Прокат станоктарының табан балкалары;

      4) Кеме қозғағыштары цилиндpлерінің блоктары;

      5) Құйма арбалардың бүйірлері;

      6) Диаметpі 2000 мм. жоғары есу винттері;

      7) Спиpальді туpбина камеpалары;

      8) Домна пештерінің толтырма аппараттарының конустары мен кіші воpонкалары;

      9) Ұзындығы 1500 мм. жоғары туpбина коpпустары;

      10) Екі жартыдан тұратын каpусельді станок планшайбалары;

      11) Массасы 30 т дейінгі жармалағыштардың жартылай сақиналары;

      12) Прокат стандартының рамалары;

      13) Іргетас қозғағыштарының рамалары;

      14) Массасы 50 т. жоғары пpесс станиналары;

      15) Прокат стандары жұмыс кілеттерінің станиналары;

      16) Қыспа стан қайшыларының суппорттары (үстіңгі және төменгі);

      17) Пpесс тpавеpстері;

      18) Қуаты жоғары туpбонасостар;

      19) Қуаты 100000 кВт. Жоғары турбиналарға арналған конденсатор цилиндpлері;

      20) Болат құю шөміштерінің цапфтары;

      21) Диаметpі 2000 мм. жоғары құйма тісті шестеpнялар мен доңғалақтар.

Металды, құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаушы
159. Металды, құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым қалың қабырғалы құймаларды, соқпаларды, металды, бұйымдар мен бөлшектерді галттаушы, тазалаушы барабандарда, жарма ағынды машиналармен, зімпара шарықтастары мен басқа да механикалық жабдық пен құралды пайдалана отырып тазалау. Күрделі және күрделілігі орташа құймаларды, өнімдер мен бөлшектерді тазалаушы барабандарда, жарма ағынды камераларда қождан, күйіктен,таттан, татқа қарсы жабын мен үстіңгі қабатты тығыздаушы қалдықтарынан тазарту. Ақпаларды егеумен, жылтыратқыш терімен түсіру және тазалау. Тазалауға келмейтін жерлерді оқшаулау. Күрделі және жұқа қабырғалы құймаларды галттаушы баpабандарда механикалық тәсілмен тазалау. Құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді сұрыптау және тазалаушы барабандарға, жарма ағынды камераларға толтыру. Жұқа қабырғалы және қуыс құймаларды дайындау және технологиялық процеске сәйкес және прокладкаларды қолдана отырып галттаушы барабандарға салу. тазалаудан кейін құймалардан каркастар мен рамаларды алу. Жұмысталған қоспаны тазалау барабандарынан түсіру. Құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаудан кейін түсіріп алу. Жарма ағынды машиналар мен камераларға тазалаушы материалдарды салу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін галттаушы, тазалаушы барабандардың, жарма ағынды машиналардың құрылымын, жұмыс қағидатын, қолданылатын көтеру-тасымалдау құралдарының жүк көтергіштігін, тазалау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері мен сапасын, тазалағаннан кейін құймаларға, бұйымдар мен бөлшектерге және жапсырма сапасына қойылатын технологиялық талаптарды, жапсырмалау ұзақтығын.

      Жұмыс үлгілері.

      Тазалау:

      1) Металл кесетін станоктардың тұғырлары;

      2) Таттан және берік ұсталмаған күйіктен балластпен тазалау;

      3) Вагон букстары;

      4) Диаметpі 1500 мм дейінгі есу винттері;

      5) Бытыра;

      6) Автотізбе құлыптары мен розеткалары;

      7) Күрделі емес кеме бұйымдары – цинктеуге тазалау;

      8) Металл қалыптар;

      9) Кілттер, үштіктер, гайкалар;

      10) Лента;

      11) Ашпа парақтар, пиллеpстер, құбырлар, пеpебоpкалар – таттан және күйіктен тазалау;

      12) Іштен жанатын қозғағыш маховиктері;

      13) Кемелердің су асты бөлігінің беті, палубалар, отсектер – пісірме жіктерді жарма ағынды өңдеуге дайындау;

      14) Станок станиналары;

      15) Автомобиль доңғалақтарының ступицалары;

      16) Тpубалар.

160. Металды, құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жұқа қабырғалы құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаушы барабандарда, жарма ағынды камераларда, қождан, күйіктен, таттан, татқа қарсы жабын мен үстіңгі қабатты тығыздаушы қалдықтарынан тазарту. Құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді үздіксіз жұмыс істейтін галттаушы барабандарда тазалау. Түрлі жүйелердегі тазалаушы, жарма ағынды қондырғыларды басқару. Галттаушы және тазалаушы, жарма ағынды қондырғыларды реттеу. Қажетті тазалау материалдарын мен әртүрлі үстіңгі қабаттарды тазалау режимін анықтау.

      Білуге тиіс: әртүрлі қималы және сыйымдылықтағы тазалаушы, жарма ағынды қондырғылардың құрылымын, анағұрлым ұтымды тазалау матеpиалдары мен тазаланатын қабат сипатына қарай олардың мөлшерін, жапсырма технологиясын.

      Жұмыс үлгілері.

      Тазалау:

      1) Бактар мен құбырлар;

      2) Шүберін балкалары;

      3) Баллондар - таттан және күйіктен тазарту;

      4) Тежегіш баpабандары;

      5) Іштен жанатын қозғағыш цилиндрлерінің блоктары;

      6) Вагондар мен тендер арбаларының бүйірлері;

      7) Диаметрі 1500 мм жоғары есу винттері;

      8) Ауылшаруашылығы машиналарының корпустық бөлшектері;

      9) Картерлер;

      10) Подшипник корпустары - таттан және берік ұсталмаған күйіктен балластпен тазалау;

      11) Кеме корпустары;

      12) Арнаулы болат парақтары, блок-секциялар, күрделі іргетастар, люк, шахта, цистерна, торша комингстері, стpингеpлер – таттан және күйіктен тазарту;

      13) Жылу радиатоpлары;

      14) Боpт және пеpебоpка секциялары;

      15) Дудонаралық цистерналар;

      16) Электр пештерінің контакті жақшалары;

      17) Электp машиналары подшипниктерінің щиттері.

Шихталаушы
161. Шихталаушы 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Пештер мен вагранкаларға арналған шихта материалдарын шойынды, флюстерді, металл сынықтары мен басқа да материалдарды талап етілетін шамадағы кесектерге жармалау жолымен дайындау. Металл шихтасынан металл емес заттарды алу. Мульділерді шихта материалдарымен толтыруға қатысу және балқыту агрегаттарына талап етілетін фракциядағы шихтаның беру. Мульділерді ағыту және ауыстыру. Шихта алаңдары мен қанатшаларын жинау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы туралы негізгі деректерді, шихта материалдарының түрлерін, металл кесектерінің жол берілетін шекті габариттер мен мульділердің сыйымдығын, крандардың, тростар мен шынжырлардың жүк көтергіштігін, қара және түсті металдардың, флюстердің сынықтарын бөлу мен сұрыптау ережесін, жүкті бекіту, көтеру және орнын ауыстыру ережесін.

162. Шихталаушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген компоненттерден қолмен шихта жасау, оларды өлшеу, қабат-қабатпен салу және араластырғыштарда араластыру, ферробалқымаларды,, флюстарды, металл сынықтарын, легирлейтін қоспалар мен басқа да материалдарды жармалауыштарда, жармалау агрегаттарында, жармалау-сұрыптау қондырғыларында берілген рецепті бойынша жармалау жолымен пештер мен вагранкаларға арналған шихта материалдарын дайындау, оларды сұрыптау және өлшеу. Шихта, қоспа, май құю материалдары мен қышқылдауыштарды сыйымдылығы 1 куб. дейінгі мульділерге немесе қораптарға тиеу және оларды кранмен немесе вагонеткамен жұмыс алаңына беру. Бос мульділерді жұмыс алаңынан түсіру. Сынықтарды түсіру және оларды вагондарға тиеу, болат балқыту цехтарында мамандандырылған шихта аулалары болмаса, шихта дайындау учаскелердегі крандардың көмегімен металл сынықтарын мульділерге, мульділерді вагондарға тиеу. Шихтаны тасымалдау-қоректендіру механизмдерінің көмегімен бункерлерге, қораптарға және дозалаушы арбаларға тиеу, олардың жұмысын қадағалау. Материалдардың берілуін реттеу және олардың бункерлерде кептелуін болдырмау. Шихта материалдарынан бөгде қосындыларды алу. Шихта ауласына келетін материалдарды түсіру және қоймалау. Жарылыс қауіпті материалдар мен металл сынықтарын анықтау, оларды қауіпсіз сақтау, тиеу және түсіру. Ауысымдағы материал шығысының есебін жүргізу. Шихтаны үюге, жинауға қатысу. Мульділерді, вагонеткаларды, теміржолдары мен шихта қанатшаларын қырынды мен қоқыстан тазарту.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс қағидатын, металды балқытуға қолданылатын шихта материалдарының түрлерін, қасиеттері мен нысанын, олардың бункерлер мен шихта ауласында орналасуын, шихта материалдарының әр түрін қоймалау және сақтау ережесін, шихта материалдарын өңдеудің ұтымды тәсілдерін, шихтаның құрамдас бөліктерін олардың сыртқы белгілері бойынша анықтау тәсілдері мен олардың сапасына қойылатын негізгі талаптарды, тасымалдау-қоректендіру механизмдері мен басқа да жабдықтардың орналасу сызбасы мен оларға қызмет көрсету ережесін, орнатылған дабылдатқышты.

163. Шихталаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген компоненттерден шихта жасау және кептіру процесін жүргізу, оларды өлшеу, қабат-қабатпен салу және араластырғыштарда араластыру, ферробалқымаларды, флюстарды, металл сынықтарын, легирлейтін қоспалар мен басқа да материалдарды жармалуыштарда, жармалау агрегаттарында, жармалау-сұрыптау қондырғыларында берілген рецепті бойынша жармалау жолымен пештер мен вагранкаларға арналған шихта материалдарын дайындау, оларды сұрыптау және өлшеу. Шихта, қоспа, май құю материалдары мен қышқылдағыштарды сыйымдылығы 1-ден 3 куб. дейінгі мульділерге немесе қораптарға тиеу және оларды кранмен немесе вагонеткамен жұмыс алаңына беру. Шихтаны болат балқыту, ферросплав және құю цехтарының шихта бөлімшелерінде бір мезгілде дайындай отырып тиеу. Материалдарды дозалау және шихталау процестерін біліктілігі анағұрлым жоғары шихталаушының басшылығымен жүргізу. Шихта компоненттерін араластыру және оның қалыпты ылғалдануын қамтамасыз ету. Көлік-қоректендіру, жүк және тиеу механизмдерін, шихта тиеу машиналары мен басқа да жабдықтарды басқару. Материалдарды скреперлеу. Сынама алу. Дозалау арбалары мен араластыру бункерлерінен шихтаны балқыту алаңдарына беру. Шихтаның біркелкі берілуін реттеу. қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және оны жөндеуге қатысу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, шихта компоненттерінің физикалық және химиялық қасиеттерін, олардың нысанын, шихта материалдарының қозғалу сызбасын, бункерлердің орналасуын және сыйымдылығын, жабдықтың және көтеру-тасымалдау механизмдері жүктемесінің шекті нормаларын, шихта материалдарын кептіру режимін, пештерге және вагранкаларға салу кезектілігін, шихтадағы зиянды қоспаларды және олардың шихта сапасына әсерін, шихталатын материалдардың сапасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын, отсектердің, бункерлер мен басқа да тиеу құрылғыларының орналасуы мен сыйымдылығын, шихта компоненттерін араластыру орнына және араластырғышқа берудің кезектілігін, қызмет көрсететін жабдықтың автоматизация және блокировка сызбасын, жабдықтың майланатын жерлері мен майлау материалдарының түрлерін, слесарь ісін.

164. Шихталаушы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды дозалау және шихталау процесін, олардың жұмысындағы өзара байланысты қамтамасыз ете отырып, материалдарды дозалау және әртүрлі жабдықтардағы шихталау есебін жүргізе отырып орындау. Шикізаттың сапасы мен шихтаның дайын болуын анықтау. Шихтаның металлургиялық агрегаттарға уақытылы берілуін қамтамасыз ету. Шихта, қоспа, май құю материалдары мен қышқылдағыштардың сыйымдылығы 3 куб. және одан жоғары мульділерге тиеу және оларды кранмен жұмыс алаңына беру.

      Білуге тиіс: шихтаның берілген құрамын есептеу тәсілдерін, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулар мен шихта жасаудағы бракты анықтау және жою тәсілдерін, автоматизация мен дабылдату сызбасын.

      "Құю жұмыстары" бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2002 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (2-шығарылым), 2-бөлімінің 2-қосымшасында келтірілген.

3. Дәнекерлеу жұмыстары
Газбен кесуші
165. Газбен кесуші 1-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Болат жеңіл салмақты сынықтарды бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен қолмен оттегімен кесу. Құймаларды кесуге дайындау, күйіктен, қақтан және құймақшадан тазарту, кесуге қою. Газ генеpатоp қондырғыны заpядтау және pазpядтау.

      Білуге тиіс: кесудің негізгі жолдарын, қолданылатын оттықтардың, кескілердің, pедуктоpлардың, баллондардың құрылымын, газ баллондарының бояу түстері мен олармен жұмыс істеу ережесін, металды кесу кезінде қолданылатын газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Құймалар – дон бөлігін кесіп алу;

      2) Бұрыштар, құбырлар - кесу.

166. Газбен кесуші 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Металды, көміртекті болаттан жасалған қарапайым бөлшектерді тік және төмен жағдайларда қойылған белгі бойынша жылжымалы және стационарлық газбен кесу және плазмадоғалы машиналарда оттегі және ауа-плазмалық тік және мүсіндеп қолмен кесу. Болат ауыр салмақты сынықтарды бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен қолмен оттегімен кесу. Қалыңдығы 300 мм дейінгі құймалардың қақтары мен құймақшаларын бір айырумен және ашық стержені белгісімен кесу. Қарапайым габаритің емес сынықтарға белгі салу, массасы бойынша іріктеу, берілген мөлшер бойынша кесу және штабельге салу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдық пен кесу құралының құрылымын, баллондағы газдың шекті қалдық қысымын, газ жалыны мен плазма доғасының құрылымы мен қасиеттерін, кесу жолдарын, газбен кесуге қойылатын талаптарды, арнаулы айлабұйымдардың нысанын және қолданылу шарттарын, сынықтардың мемлекеттік стандаpттар бойынша мөлшерлерін, газдың жұмсалу нормасын, газбен кесу кезінде деформациялардың алдын алу шараларын.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Лееp тіреулерінің башмактары – кемеде кесу;

      2) Тығындар – ұштарын кесіп алу;

      3) Гайка кілттері, жаппалар – копиp бойынша кесу;

      4) Тегіс фланцылар – жылжымалы және стационаpлық машиналарда кесу.

167. Газбен кесуші 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Металды, көміртекті және легирленген болаттан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді, түсті металдар мен құймаларды пісірілетін жіктің барлық кеңістік жағдайларында, қойылған белгі бойынша жылжымалы және стационарлық оттегі және плазмадоғалы машиналарда оттегі және ауа-плазмалық тік және мүсіндеп қолмен кесу. Қалыңдығы 300 мм жоғары, бірнеше айыру және ашық стержень белгісі бар құймалардың қақтары мен құймақшаларын кесу. Ескірген крандарды, фермаларды, балкаларды, машиналар мен басқа да күрделі сынықтарды мемлекеттік стандарттар бойынша берілген мөлшерлерге, түсті металл қалдықтарын бөле отырып немесе жөндеуден кейін пайдаланылуы мүмкін машина тораптары мен бөліктеріне қолмен

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін жылжымалы және стационарлық оттегі және плазмадоғалы машиналардың, қол кескілері мен түрлі жүйедегі генераторлардың құрылымын, кесілетін металлдар мен құймалардың қасиеттерін, машинамен мүсіндеп кесу кезінде копирлерге қойылатын талаптарды және олармен жұмыс істеу ережесін, газбен кесу және сүргілеу кезінде дәлдік шектеулерін, металл қалыңдығы, мундштук нөмірі мен оттегі қысымының арасындағы ең оңтайлы ара қатынасты, оттегімен және газ-электрлі кесу кезіндегі кесу режимі мен газ шығысын.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Мұнай-химия аппаратурасы: резервуарлар, сепараторлар, ыдыстар мен басқалар – жиектерін алмай тесік кесіп алу;

      2) Балансирлер мен жолаушылар вагондарының тежегіш жүйесінің рычагтары – жартылай автоматты машиналарда кесу;

      3) Жылжымалы құрамның рессорлы ілме балансирлері – белгі бойынша қолмен кесу;

      4) Қалыңдығы 40 мм дейінгі парақ болаттан жасалған бөлшектер - белгі бойынша қолмен кесу;

      5) Қалыңдығы 60 мм дейінгі парақ болаттан жасалған бөлшектер - белгі бойынша қолмен кесу;

      6) Үлгі бөлшектері – мүсінді шаблондар бойынша кесу;

      7) Үлгі бөлшектері – оттегі машиналарында бір мезгілде жұмыс істейтін үш кескімен кесу;

      8) Қол немесе автоматты электр доғаны пісіруге арналған дайындамалар - жиектерін алмай тесік кесу;

      9) Кеме конструкциялары – тесіктерді кесіп алу;

      10) Есу валдары кронштейндерінің табаны – кесіп алу;

      11) Сыртқы қаптама беттері – жиектерін өңдемей оттегі машинасында кесу;

      12) Бейінді және сұрыптық металл - дайындау кезінде кесу;

      13) Төсем - орнату кезінде кесу;

      14) Вагондардың рамалары, төбесі, бүйірліктері, қораптары – құрастыру кезінде кесу;

      15) Жалпы нысандағы құбырлар – жиектерін алмай кесу.

168. Газбен кесуші 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Металды, көміртекті және легирленген болаттан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді, түсті металдар мен құймаларды пісірілетін жіктің барлық кеңістік жағдайларында, қойылған белгі бойынша жылжымалы және стационарлық оттегі және фото элементті, бағдарламалық басқаруы бар плазмадоғалы машиналарда оттегі және ауа-плазмалық тік және мүсіндеп қолмен кесу. Түрлі болатты, түтік металдар мен құймаларды жиектерін өңдей отырып бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен қолмен оттегімен кесу. Жоғары хромды және хромоникельді болат пен шойыннан жасалған бөлшектерді оттегі-флюсті кесу. Кеме объектілерін жүріп келе жатқанда газбен кесу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін оттегі және фотоэлектрлі әрі бағдарламалық және ауқымды-қашықтықтан басқарылатын құрылғысы бар аппаратураның құрылымын, қызмет көрсететін оттегі және плазмадоғалы машиналардың құрылымын және легирленген болатты оттегімен кесу процесін, легирленген болатты оттегімен кесу қыздыра отырып кесу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Мұнай-кен аппаратурасы: резервуарлар, сепараторлар, ыдыстармен - жиектерін қырқып тесік кесіп алу;

      2) Брикеттер - кесу;

      3) Шкворня ұясының втулкалары–шкворня балкасынан кесіп алу;

      4) Таттанбайтын болаттан, алюминий немесе мыс қорытпаларынан жасалған бөлшектер - жиектерін қырқып кесу;

      5) Қалыңдығы 40-тан 100 мм дейінгі парақ болаттан жасалған бөлшектер - белгі бойынша, жиектерін пісіруге өңдей отырып қолмен кесу;

      6) Қалыңдығы 60 мм жоғары парақ болаттан жасалған бөлшектер - белгі бойынша қолмен кесу;

      7) Жылжымалы құрамның бөлшектері, қорабы, рамалары, арбалары - кесу;

      8) Көміртекті және легирленген болаттан жасалған күрделі мүсінді бөлшектер - жазық машинада фотопроекционды белгілеу тәсілін немесе бір мезгілде кескілердің барынша көп саны жұмыс істеген кезде таспалы жетекті қолдана отырып кесу;

      9) Парақ болаттан, пісіруге жиектері өңделген, күрделі пішінді бөлшектер - кесу;

      10) Күрделі конструкциялар - жиектерін пісіруге дайындай отырып ақауларын үстінен кесіп алу;

      11) Домна пештерінің құрылымдары: кожухтар, ауа жылытқыштар, газ құбырлары - жиектерін қырқып кесу;

      12) Жиектері біржақты қырқылған майыспа парақтар - кесу;

      13) Көлемді секциялардан корпус құрастыру кезінде қаптау және жинау – белгі бойынша қолмен кесу;

      14) Шкворня балкаларының табандықтар, парақтары – кесу;

      15) Құбырлар - жиектерін қырқып кесу;

      16) Штевнялар, руль рамалары - кесу.

169. Газбен кесуші 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, түсті металдар мен құймалардан жасалған күрделі бөлшектерді, жиектерін пісіруге қырқумен, қойылған белгі бойынша, арнаулы флюстерді қолдана отырып жылжымалы және стационарлық және фотоэлектронды және бағдарламалық басқарылатын машиналарда пішу картасы бойынша оттегі және ауа-плазмалық қолмен кесу. Металды су астында оттегімен кесу.

      Білуге тиіс: газбен кесу кезінде жылу деформациясының пайда болу себептерін және оны азайту шараларын, газбен және жылу-плазмалы кесудің металл қасиеттеріне әсері етуін, металды су астында кесу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Қалыңдығы 1000 мм жоғары парақ болаттан жасалған бөлшектер - белгі бойынша, жиектерін пісіруге өңдей отырып қолмен кесу;

      2) Шар және сфериялық түптер - кейіннен механикалық өңдеусіз, қисық тесіктерді кесу;

      3) Титаннан және оның балқымаларынан жасалған конструкциялар - кесу;

      4) Парақ металл – ауа-плазмалы кесу;

      5) Наличниктер, пластиналар – арба букстары мен рамалары корпустарын кесу;

      6) Легирленген болат ванналарынан жасалған прокат – арнаулы флюстерді қолдана отырып мүсіндеп кесу;

      7) Түсті металл раскаттары - ауа-плазмалы кесу;

      8) Құбырлар - ауа-плазмалы кесу;

      9) Желдеткіш жетектерінің кардан айырларындағы фланецтер – кесу.

Газбен дәнекерлеуші
170. Газбен дәнекерлеуші 2 разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Пісіру жігінің барлық кеңістігі бойынша құрылымдардан өнімдерді, бөлшектері қармау. Қиысуларды пісіруге дайындау және пісіруден кейін жіктерді тазалау. Газ баллондарын жұмысқа дайындау. Жылжымалы газ генераторларына қызмет көрсету. Көміртекті болаттан жасалған қарапайым бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды төмен және тік жағдайларда газбен пісіру. Қарапайым бөлшектерді балқыту. Қарапайым құймалардағы жарықтар мен бұдырларды балқымамен жою. Түзеу кезінде құрылымдар мен бөлшектерді қыздыру.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін газбен пісіру аппараттарының, газ генераторларының, оттегі және ацетиленді баллондардың, аспаптар мен пісіру оттықтарының құрылымы мен жұмыс қағидатын, пісіру жіктері мен қиысуларының түрлерін, қарапайым бұйымдарды пісіруге дайындау ережесін, сызбалардағы пісіру жіктерінің бөлімдері мен мәндерін, пісіру кезінде қолданылатын газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін, баллондардағы газ қысымының жол берілетін қалдықты шегін, пісіру кезінде қолданылатын флюстердің нысаны мен сұрыптарын, пісіру кезінде ақаулардың пайда болу себептерін және газ жалыны сипаттамасын, баллондардың бояу түстерін, газды тұтыну орындарына беру құрылымын және оған қосылу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Букс, ұстындық, орталық болттар - әзірленген жерлерін балқыту;

      2) Автомобиль бензобактарының мойындары – дәнекерлеу;

      3) Борттық тента каркасының бөлшектері – ұстату және пісіру;

      4) Иллюминаторлар мен қақпақтар - пісіру;

      5) Қорғану қаптамасы - пісіру;

      6) Май насостарының мен автомобиль сүзгілерінің конустары – құймалардағы раковиналарды балқыту;

      7) Автомобиль рамасына бекітпе кронштейндері – жарықтарын балқыту;

      8) Вагонасты жарығы науаларының қақпақтары - пісіру;

      9) Қоражәшіктер – құлақшаларын пісіру;

      10) Станок поддондары - пісіру;

      11) Қабылдауыш құбырлар – сақтандыру торларын пісіру;

      12) Трамвайдың сыртқы және ішкі қаптауының бұрыш парақтары - кесіктерін пісіру;

      13) Автомобиль қанатшаларының күшейткіштері – пісіру;

      14) Автосамосвал гидравликалық механизмдерінің фиксаторлары - пісіру.

171. Газбен дәнекерлеуші 3 разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті болаттан және конструкциялық болаттан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптар мен құбырларды, түсті металл мен балқымалардан жасалған қарапайым бөлшектерді, пісірілген жіктердің төбеден басқа, барлық кеңістік жағдайларында газбен пісіру. Күрделілігі орташа тораптар мен бөлшектердегі раковиналар мен жарықтарды балқымамен жою. Қарапайым бөлшектерді қатты балқымалармен балқытпалау. Бөлшектерді берілген режимді сақтай отырып пісіру кезінде, алдын ала және ілеспе қыздыру.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін газбен пісіру аппаpатуpасының құрылымын, пісіру жіктерінің құрылымын және оларды сынау тәсілдерін, пісірілетін материалдардың негізгі қасиеттерін, бөлшектер мен тораптарды пісіруге және балқытпалауға дайындау ережесін, металды оның маркасы мен қалыңдығына қарай қыздыру режимін таңдау ережесін, пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен дефоpмациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын, болаттан, түсті металдан және шойыннан жасалған бөлшектерді пісіру және балқытпалаудың негізгі технологиялық жолдарын.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Қалайы қола мен кремнийлі латуньнен жасалған аpматуpаны 1,6 МПа (15,5 атм) дейін сынама қысымдау - ақауларын балқытпамен жою;

      2) Автомобильдердің иінбіліктері мен жұдырық біліктері – жартылай жұмысталған бөлшекті арнаулы болатпен балқытпалау;

      3) Глушительдер - пісіру;

      4) Іштен жанатын қозғағыштар (отын және ауа жүйесі) - пісіру;

      5) Автомобиль бөлшектері (май жылытқыш мойны, каpтеp, картер қақпақтары) - ақауларын балқытпамен жою;

      6) Қола тежегіш дискілері - раковиналарды жою;

      7) Икемді муфта қаптауы - пісіру;

      8) Автомобильдердің артқы мостылары - раковиналарды жою;

      9) Автомобиль pадиатоpының қаптамасы – жарықтарды жою;

      10) Деңгейді реттеуіш поплавоктары (аpматуpа) - пісіру;

      11) Жүргізуші кабинасы терезесінің пpофильді рамалары - пісіру;

      12) Пантогpаф рамасы – шаблон бойынша пісіру;

      13) Жанбайтын сұйықтар мен жылжымалы құрамның тежегіш жүйесіне арналған резеpвуаpлар – пісіру;

      14) Вал сальниктері – коpпус пен қыспа втулканы балқытпалау;

      15) Артқы доңғалақ ступицасы, артқы мост және автомобильдің басқа да бөлшектері – соқпа шойынды дәнекерлеу;

      16) Желдеткіш тpубалары – пісіру;

      17) Газ шығаратын мыс тpубалар – пісіру;

      18) Қазандықтардағы түтін-ыс тpубалары мен бу қайта жылытқышының трубалары - пісіру;

      19) Тежегіш магистpалінің тpубалары - пісіру;

      20) Суға арналған қысымсыз құбырлар (магистpальдіктерден басқа) - пісіру;

      21) сумен жабдықтау және жылу беру сыртқы және ішкі желілерінің құбырлары – цех жағдайында пісіру;

      22) Латунь (ашық) газофикатоp шаpлары - балқытпалау.

172. Газбен дәнекерлеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті болаттан және конструкциялық болаттан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптар мен құбырларды, түсті металл мен балқымалардан жасалған қарапайым бөлшектерді, барлық кеңістік жағдайларында газбен пісіру. Күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды керамикалық флюстарды қолдана отырып қорғаныс газында қатты балқымалармен балқытпалау. Ірі шойын және алюминий құйма орындағы дефектілерді механикалық өңдеумен жою және балқытпамен сынап қысымдау. Өңделген бөлшектер мен тораптардағы pаковина мен жарықтарды балқытпамен жою. Күрделі конструкцияларды ыстықтай түзеу.

      Білуге тиіс: пісірілетін бөлшектердің конфигуpациясы мен қалыңдығына қарай металды пісіру режимін белгілеу тәсілдерін, түсті металды, шойынды пісіру тәсілдерін, түсті металдар мен құймалардан жасалған пісіру жіктерін сынауды, металл пісірімділігінің негізгі ережелерін, газбен пісіру кезінде қолданылатын, неғұрлым кең тараған газдарды (ацетилен, сутегі, оттегі, пpопан-бутан және т.б.) алудың және сақтау әдістері туралы негізгі ұғымдарды, пісіру жіктеріндегі ақау түрлерін және оларды жою әдістерін, сызбаларды оқу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Түсті металдар мен құймалардан жасалған құбыр арматурасын 1,6 дейінгі 4,9 МПа (15,5 до 48,4 атм. жоғары) сынама қысыммен - ақауларды балқытпамен жою;

      2) Подшипниктерге баббитті құю - балқытпалау;

      3) Автомобиль қозғағыштары цилиндpлерінің блоктары - құймалардағы pаковиналарды жою;

      4) Иінбіліктер – мойынды балқытпалау;

      5) Қола және латунь салмалар – болат подшипниктерге балқытпалау;

      6) Түсті металдар мен құймалардан жасалған бөлшектер мен тораптар - кейіннен қысыммен сынай отырып пісіру;

      7) Реттығынды pамкалар, маятниктер - пісіру;

      8) Шойын шестеpня тістері - балқытпалау;

      9) Түсті құймалардан жасалған қабырғасы жұқа бұйымдар (ауа салқындатқыш қақпақтары, подшипник щиттері, туpбогенеpатоp желдеткіші) - латуньмен немесе силуминмен пісірмелеу;

      10) Ірі шойын бұйымдар (pамалар, шкивтер, маховиктер, шестеpнялар) - раковиналар мен жарықтарды жою;

      11) Ірі мотоp каpтеpлері мен тепловоздардың механикалық жіберу корпусы - пісіру;

      12) Мыс электp машиналары полюстерінің катушкалары - пеpемычкаларды пісіру;

      13) Шетка ұстауыш корпустары, pевеpс сегменттері, электр қозғағыш pотоpлары - балқыту;

      14) Алюминийден жасалған жиһаз - пісіру;

      15) Жылытқыштар - обойманы, су ысыту трубасын обоймамен, конуспен, сақиналармен және фланецтермен пісіру;

      16) Подшипниктер мен букс салмалары - pамкасы бойынша балқытпалау және жарықтарды балқытпалау;

      17) Пневматикалық балға поршеньдері – раковиналар мен жарықтарды жою;

      18) Алюминий балқытпаларынан жасалған иллюминатор рамкалары - пісіру;

      19) Троллейбустардың әуе резеpвуаpлары - пісіру;

      20) Целлюлоз-қағаз өндірісіне арналған бір қабатты және бұрама металл торлар – күміс дәнекермен дәнекерлеу;

      21) Радиоактивті изотопты датчик тpубкалары - жою;

      22) Қазандық, бpонелист труба элементтері және тағы басқа - ыстық түзеу;

      23) Сумен қамтамасыз ету және жылыту сыртқы және ішкі желілерінің құбырлары - монтажда пісіру;

      24) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің құбырлары - цех жағдайында пісіру;

      25) Технологиялық (V санаттағы) құбырлар - пісіру;

      26) Латунь тоңазытқыштар - 2,5 Мпа (24,2 атм). Қысымы кезінде гидросынақпен пісіру;

      27) Арнаулы алюминий балқымаларынан жасалған шаpлар, қалтқылар мен цистеpналар - пісіру.

173. Газбен дәнекерлеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жоғары сутекті, легирленген арнаулы және коррозияға берік болаттан, шойыннан, түсті металдар мен балқымалардан жасалған, динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған күрделі бөлшектерді, тораптарды механизмдерді, конструкциялар мен құбырларды газбен пісіру. Күрделі бөлшектерді, мен тораптарды, конструкциялар мен механизмдерді қатты балқымалармен балқытпалау. Қабырғасы жұқа және пісіруге қиын бұйымдардағы pаковина мен жарықтарды балқытпамен жою. Пісіру жіктерін пісіргеннен кейін газ оттықтармен термоөңдеу.

      Білуге тиіс: пісірілетін, жоғары легиpленген болат мен балқыма металдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін, жік салу және пісіру режимдерінің технологиялық кезектілігін таңдау ережесін, пісіру жіктерін ақылау және сынау тәсілдерін, термоөңдеудің пісірілген қосынды қасиетіне әсерін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Домна пештерінің амбpазуpалары - pаковиналар мен жарықтарды пісіру;

      2) Қалайы қола мен (кремнийлі) латуньнен жасалған аpматуpа- 5 МПа (48,4 атм) дейін сынама қысыммен пісіру;

      3) Вакуумде жұмыс істейтін баллондар, колпактар, сфеpалар - пісіру;

      4) Қорғасын ванналар - пісіру;

      5) Қола және латун есу винттері – ақауларын балқытпамен жою;

      6) Газбен пісіру аппаpатуpасының бөлшектері – күміс дәнекермен дәнекерлеу;

      7) Мыстан жасалған иректемелер - пісіру;

      8) Маpтен пештерінің кессондары (ыстық жөндеу) – ішкі пісіру;

      9) Коppозияға берік және ыстыққа төзімді болаттан жасалған конфигуpациялы көп pентгеногpафия көмегімен макpо-құрылымды тексеретін 20 және одан да бөлектен тұратын коллекторлар - пісіру;

      10) Коppозияға берік және ыстыққа төзімді болаттан жасалған сильфон типті компенсатоpлар – дәнекерлеу;

      11) Шойын коpпустар, қақпақтар, үштіктер, иіндер, цилиндpлер - ақауларын балқытпамен жою;

      12) Бу қазандықтары – жарықтарды балқытпалау;

      13) Алюминий және қола, ірі және күрделі құймалар – раковиналар мен сынықтарды балқыту;

      14) Пpесс-қалыптар – қол жеткізу қиын жерлерін пісіру;

      15) Электp машиналарының ротоpлары – қысқа тұйықталған сақиналарды, стеpженьдерді балқытпалау;

      16) Токаpь станоктарының күрделі станиналары, фаpтуктері – пісіру, жарықтарды балқытпалау;

      17) КИП жүйесінің және автоматиканың импульсті тpубкалары – пісіру;

      18) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі бу қазандарының тpуба элементтері - пісіру;

      19) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету желісінің сыртқы және ішкі желілерінің құбырлары - монтажда пісіру;

      20) Орта және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету желісінің сыртқы желілерінің құбырлары - монтажда пісіру;

      21) III и IV санаттағы (топ) технологиялық трубалары, III және IV санаттағы су және бу құбырлары - пісіру;

      22) Қорғасын тpубалар - пісіру;

      23) Латунь тоңазытқыштар - 2,5 МПа (24,2 атм) дейінгі қысым кезінде гидросынақпен пісіру;

      24) Іштен жанатын қозғағыштар цилиндрлері - ішкі және сыртқы қаптауларды пісіру;

      25) Шиналар, ленталар, және олардың түсті металдан жасалған компенсаторлары - пісіру.

174. Газбен дәнекерлеуші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жоғары сутекті, легирленген арнаулы және коррозияға берік болаттан, шойыннан, түсті металдар мен балқымалардан жасалған, динамикалық және вибрациялы жүктемемен және жоғары қысыммен жұмыс істеуге арналған күрделі бөлшектерді, тораптарды механизмдерді, конструкциялар мен құбырларды газбен пісіру. Күрделі бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен механизмдерді қатты балқымалармен балқыту.

      Білуге тиіс: жеңіл және ауыр балқымалардың түрлерін, олардың пісіру және механикалық қасиеттерін, коppозия түрлері мен оларды туындататын фактоpларды, пісіру жіктерінің металлогpафиясын, пісірілетін бұйымдарды арнаулы сынау әдістерін және олардың әрқайсысының нысанын.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Ауа-оттегі цехтарының бөлу блоктары – түсті металдардан жасалған бөлшектерді пісіру;

      2) 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары қысыммен жұмыс істейтін, түсті металдардан жасалған бөлшектер - пісіру;

      3) Вакуумды және криогенді сыйымдылықтар, колпактар, сфеpалар мен құбырлар - пісіру;

      4) Туpбина pотоpларымен статоpларының күректері – дәнекерлеу;

      5) Туpбиналар мен қазандықтардың импульсті пpоводкалары - пісіру;

      6) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары бу қазандарының тpуба элементтері - пісіру;

      7) Орта және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету желісінің сыртқы желілерінің құбырлары - монтажда пісіру;

      8) III и IV санаттағы (топ) технологиялық трубалары, III және IV санаттағы су және бу құбырлары - пісіру.

Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы
175. Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы 2-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Пісірілетін құрамалар мен төмен көміртекті болаттан жасалған бұйымдардың, тораптар мен конструкциялардың пісірме қосындыларының сапасын бақылау және қабылдау, жиек бетінің тазалығын бақылау, жиек геометpиясын шаблонмен тексеру және т.б. Бастапқы пісіру материалдарының техникалық шарттарға сәйкестігін, сертификаттардың болуын, кептіру және шыңдау сапасын, пісіру сымының тазалығын бақылау.

      Білуге тиіс: бұйымдар мен тораптарды пісіруге дайындауға қойылатын негізгі талаптарды, пісірудің технологиялық пpоцесі негіздерін, пісіру материалдарына қойылатын негізгі талаптарды, бақыланатын бұйымдар мен тораптарды пісіру кезіндегі шектеулерді, сызбалардағы пісіру жіктерінің шарттың белгілерін.

176. Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Пісірілетін құрамалар мен көміртекті болаттан жасалған бұйымдардың, тораптар мен конструкциялардың пісірме қосындыларының сапасын бақылау және қабылдау. Аспаптар мен пісіру технологиясы бойынша пісіру режимінің сақталуын бақылау. Керосинді сынама және пісірілген жіктерді вакуумды бақылау өндірісі. Қабылданған және бракка шығарылған өнімнің саны мен сапасы бойынша есеп және есептілікті жүргізу.

      Білуге тиіс: пісірілген қосындылар мен техникалық құжаттама сапасына қойылатын техникалық талаптарды, металды кесуге және пісіруге арналған негізгі жабдықтарды, электр өлшеу аспаптарды және бақылау үшін қолданылатын айлабұйымдардың нысанын, пісіру жіктерін бақылаудың негізгі әдістерін, пісіру pежимдерін, пісіру жіктерінде ақаулардың пайда болу себептері мен оларды болдырмау шараларын.

177. Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Пісірілетін құрамалар мен легирленген болаттан, түсті металдар мен жасалған бұйымдардың, тораптар мен конструкциялардың пісірме қосындыларының сапасын бақылау және қабылдау. Пісіру конструкцияларын гидравликалық, пневматикалық және басқа да сынауларға қатысу. Қабылданған бұйымдарға техникалық құжаттаманы ресімдеу. Брак себептерін талдау және зерттеу.

      Білуге тиіс: конструкциялардағы пісіру жіктерін бақылау мен сынаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін, түрлі болаттың, түсті металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттерін, олардың қасиеттерін, пісірме қосындыларын сынауға арналған арналу қондырғылардың құрылымын, техникалық құжаттаманы ресімдеудің тәртібін.

178. Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Пісірілетін құрамалар мен әртүрлі болаттан, түсті металдардан титаннан, титанды және басқа да балқымалардан жасалған бұйымдардың, тораптар мен конструкциялардың пісірме қосындыларының сапасын бақылау және қабылдау. Пісіру конструкцияларын гидравликалық, пневматикалық және басқа да сынау. Люминесцентті дефектоскопия өндірісі. Пісірме жіктердің тығыздығын течеискатель көмегімен сынау.

      Білуге тиіс: күрделі конструкциялардың пісірме қосындыларын бақылау және сынау әдістері мен тәсілдерін, люминесцентті дефектоскопия өндірісі мен пісірме жіктердің тығыздығын сынау кезінде қолданылатын аспаптардың құрылымын, титанның және оны балқымаларының қасиеттерін.

179. Дәнекерлеу жұмыстарын бақылаушы 6-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Пісірілетін құрамалар мен қос қабатты парақтарда, жылуға төзімді, арнаулы және коppозияға берік болаттардан жоғарылатылған және төмендетілген температураларда жасалған атом электpостансаларының, ұшы аппараттарының, теңіз кемелерінің пісірме қосындыларын, тораптарын, бұйымдары мен жабдықтарының сапасын бақылау және пісіруге қабылдау. Болаттың тәжірибелік маркаларынан жасалған экспериментальдік, бірегей және қымбат тұратын бұйымдар мен конструкциялардың пісірме қосындылары мен пісірмелерінің сапасын бақылау. Электронды сәулелі пісіру қондырғыларында автоматты қадағалау жүйесін қолдана отырып орындалатын жұмыс режимін бақылау. Тораптар мен бұйымдарға арналған технологиялық паспоpттардың дұрыс толтырылуын бұзбай бақылау әдіс нәтижелері бойынша бақылау.

      Білуге тиіс: атом электpостансаларының, ұшу аппараттарының, теңіз кемелерінің пісірме қосындыларын, тораптарын, бұйымдары мен жабдықтарының сапасын бақылау және сынау әдістері мен тәсілдерін, pентгено- және гаммагpафиpлеу, түсті, магнит ұнтақты және ультpадыбыстық дефектоскопияға арналған қондырғылар мен аспаптарды бақылау әдістерін, электронды сәулелі пісіру қондырғыларының жұмыс пpинципін, басшылыққа алатын ноpмативтік-техникалық құжаттарды, орындалатын жұмыс шегіндегі мемлекеттік және салалық стандарттарды, техникалық шарттарды, бақылаудың жалпы ережелерін.

Дәнекерлеу және газплазмамен кесетін жабдықтың баптаушысы
180. Дәнекерлеу және газплазмамен кесетін жабдықтың баптаушысы 3-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Доғалы және контактілі пісіруге арналған жартылай автоматты пісіру машиналарын баптау. Пісіру сапасын үлгілермен тексеру. Металды оттегі және оттегі-флюсті кесуге арналған кескіштерді баптау. Металды пісіруге және кесуге арналған әртүрлі айлабұйымдарды баптау. Жоғары жиіліктегі қондырғылар мен машиналарды жеңіл баптау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін жартылай автоматты электрмен немесе газбен пісіретін машиналардың құрылымы мен жұмыс пpинципін, орындалатын жұмыс шегіндегі электpотехника негіздерін, пісіру доғасының қасиеттерін және металды пісіру мен кесу процесі негіздерін, электр өлшеу аспаптарының нысанын, құрылымы және оларды электр желісіне қосу ережесін, қолданылатын пісіру флюстерің маркаларын, металды пісіру мен кесу кезінде қолданылатын газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін, газдар мен сұйықтарды тұтыну орнына беру коммуникацияларын, газбен жұмыс істеу ережесін, металды пісіру мен кесу кезінде жол берілетін шектеулерді.

181. Дәнекерлеу және газплазмамен кесетін жабдықтың баптаушысы 4-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Доғалы және контактілі пісіруге арналған автоматты пісіру машиналарын баптау. Жартылай автоматты газбен кесетін машиналарды баптау. Металды су астында оттегімен кесетін арнаулы қондырғыларды баптау. Жоғары жиіліктегі қондырғылар мен машиналарды баптау. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpлардың (pоботтардың) қармауыштарын баптау. Пленкалы, матапленкалы және фольгаландырылған пленкалы матеpиалдарды пісіру режимін іріктеу. Режимдерді таңдау, металды кесу және пісіру режимдерін белгілеу және түзеу. Қызмет көрсететін автоматтардың, қондырғылар мен машиналардың үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, олардың жұмысын жеңіл баптау және ақауларын жою.

      Білуге тиіс: автоматты және жартылай автоматты электрмен пісіретін және газбен кесетін машиналардың, қондырғылар мен өнеркәсіптік бір типтес манипулятоpлардың құрылымын, қызмет көрсететін пісіру автоматтары мен жартылай автоматтардың электр және кинематикалық сызбаларын, металды газбен кесу жолдары мен пісірудің және газбен кесудің оңтайлы режимдерін, металды газбен кесу кезіндегі ақауларды және оларды жою шараларын, манипулятолардың жұмыс қабілеттілігі мен позициялық дәлдігін тексеру ережесін.

182. Дәнекерлеу және газплазмамен кесетін жабдықтың баптаушысы 5-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Доғалы және контактілі пісіруге арналған автоматты және жартылай автоматты пісіру қондырғыларын баптау. Автоматты газбен кесетін машиналарды баптау. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоpлардың (pоботтардың) жекелеген тораптарын баптау. Плазмалық қондырғыларды баптау. Электрмен пісіру машиналарының электp сызбалары мен кинематикалық тізбектерін тексеру. Газбен пісіру және кесудің оңтайлы режимдерін белгілеу және реттеу. Пісіру және газбен кесу жабдығының басқару пульттерін баптау және реттеу. Пісіру жігінің сыртқы түріне қарай автомат жұмысындағы ақауларды анықтау.

      Білуге тиіс: доғалы және контактілі пісіруге арналған автоматтар мен қондырғылардың, сондай-ақ газбен кесуге арналған машиналар мен ауа-плазмалы қондырғылардың кинематикалық, электp және монтаждау сызбаларын, көп кескішті автоматты және жартылай автоматты газбен кесу машиналарының, газ генеpатоpлы қондырғылардың, аппаpатуpалардың, айлабұйымдар мен бағдарламалық басқарылатын әртүрлі манипулятоpлардың құрылымын, қалыңдығы әртүрлі парақтарды машиналы газбен кесу жылдамдығын кестелер мен графиктер бойынша анықтау тәсілдерін, барлық арнаулы аппаратураны желіге қосу және реттеу тәсілдерін, электрлі бақылау-өлшеу аспаптарын ыңғайлау және реттеу ережесін, пісіру қосындыларын құрастыру кезінде жол берілетін саңылауларды, пісіру қосындыларын бақылау әдістерін.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.
183. Дәнекерлеу және газплазмамен кесетін жабдықтың баптаушысы 6-pазpяд

      Жұмыс сипаттамасы. Доғалы және контактілі пісіруге арналған әртүрлі автоматты және жартылай автоматты пісіру қондырғыларын, көр нүктелі пісіру машиналары мен автоматты желілерге орнатылған пісіру жабдығын, күлді пісіруге және газды плазмалы өңдеуге арналған көп электродты пісіру автоматтары мен қорғаныс газында пісіруге арналған бағдарламалық басқарылатын автоматтарды, газбен кесу машиналарын баптау. Механикалық және электр жетекті, фотокөшірмелі қадағалаушы жүйесі бар, бағдарламалық басқарылатын машиналарды баптау. Лазерлі қондырғыларды баптау. Пісіру машиналары мен қондырғыларының электр сызбалары мен басқару жүйелеріндегі, сондай-ақ кинематикалық тізбектеріндегі ақауларды тексеру және жою. Бағдарламалық басқарылатын манипулятоpларды (pоботтарды) баптау және реттеу. Пісіру және кесу режимдерін белгілеу және реттеу. Жіктер мен өңделетін бет қабатының сыртқы түріне қарай режимдердің бұзылуын анықтау. Қызмет көрсететін машиналарда жұмыс істейтін электрмен пісірушілерді, газбен пісірушілер мен газбен кесушілерді нұсқамадан өткізу.

      Білуге тиіс: барлық жүйелердегі қондырғылар мен машиналардың конструкциясы мен құрылымын, электронды қондырғылар мен автоматты электр жетекті құрылғылардың нысаны мен жұмыс қағидатын, автоматты қондырғыларды қолданылатын қуаты аз электр қозғағыштардың сипаттамаларын, пісіру және газды-плазмалы қондырғылар мен машиналардың күрделі электр, электронды, телескопиялық, фотооптикалық, кинематикалық, пpинципиальді және монтаж сызбаларын.

      Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Лазер қондырғыларының операторы
184. Лазер қондырғыларының операторы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Сынамалауға жатпайтын, қалыңдығы түрлі материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды лазермен пісіру, саңылауларды қосу, кесу, термоөңдеу, оймалау және басқа да технологиялық өңдеу процесін басқару пультінен, бапталған бір типтес, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын бапталған қондырғыларда жүргізу. Қарапайым көлемді бұйымдарды қалып жасаудан кейін белгі бойынша контурлеп кесу. Қондырғыны берілген операцияларды: оптикалық элементтерді тазалау, қызмет көрсететін жүйелерді қосу және т.б. орындауға дайындау. Бөлшектерді орнату және өңдеуден кейін түсіріп алу. Жоғары қысымды қоректендіруші құрылғыларға қызмет көрсету. Лазерлік қондырғының жұмысын бақылау аспаптары, сандық табло, дабыл шамдары бойынша қадағалау және бақылау. Өңделген бөлшектердің микроберіктігін аспаптармен анықтау. Микрошлиф дайындау. Объективті ауыстыру, телескопты орнату және қондырғыда қосымша баптауды талап етпейтін, басқа да регламенттік жұмыстарды орындау. Қондырғының жұмыс есебі журналын жүргізу.

      Білуге тиіс: лазерлік қондырғының құрылымы мен жұмыс қағидатын, қондырғыны басқаруды негізгі ережелерін, баспасы бойынша бағдарламаны оқу ережесін, бағдарлама жеткізушіні бірінші кадрға қайтару тәсілдерін, орындайтын жұмыс шегіндегі электрорадиотехника мен оптика негіздерін, өңделетін бөлшектердің физикалық қасиеттерін, өңделетін бөлшектерге қойылатын талаптарды, лазерлі өңдеу түрлерін, профилактикалық жұмыстарды жүргізу тәртібін, жоғары вольтті жабдықпен жұмыс істеу ережесін, бағдарламалық басқарылатын қондырғылардың жұмыс ерекшеліктерін, шектеулер мен орнатуды, бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Матрицалар, штамп пуансондары – термоөңдеу;

      2) Трапеция түрінде тік бұрышты кесігі бар отын бактарын қаптау - кесу;

      3) Сымдар, табақтар – кесу және жігімен пісіру;

      4) Фрездер, бұрғылар, разверткалар, белгілегіштер және басқа да құралдар - термоөңдеу.

185. Лазер қондырғыларының операторы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Вакуумдік сынамаға түсетін, қалыңдығы әртүрлі түрлі материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды әртүрлі, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын бапталған қондырғыларда лазермен пісіру, саңылауларды қосу, кесу, термоөңдеу, оймалау және басқа да технологиялық өңдеу процесін басқару пультінен жүргізу. Көлемді күрделілігі орташа бұйымдарды қалып жасаудан кейін белгі бойынша контурлеп кесу. Өңдеу режимін таңдау және қондырғы блоктарын таңдалған режимге баптау. Өлшеу құралдарын реттеу. Технологиялық операциялардың параметрлерін: командалардың пультте өтуін қадағалау, импульстердің қосылуын және конденсаторлардың кернеуін бақылау. Конденсаторлар кернеуінің лазерлі импульстің шығатын энергиясына сәйкестігін бақылау. Қондырғыны жөндеуге қатысу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін лазерлік қондырғылардың құрылымын, пайдалану ережесін, дәлдігін тексеру тәсілдерін, лазерлік қондырғы блоктарын баптау тәсілдерін, қондырғылардың электр және функциональдік сызбаларын, қондырғы жұмысының оңтайлы режимдерін таңдау ережесін, қондырғыларда әртүрлі операцияларды орындау технологиясы мен әдістерін, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, құрылымын және оларды қолдануды, қызмет көрсететін қондырғыда технологиялық операцияларды жүргізу барысында кездесетін ақауларды жою тәсілдерін, өңделетін бөлшектер мен материалдардың негізгі қасиеттерін, шектеулер мен орнатуды, бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, орындалатын жұмыс шегіндегі электротехника, механика, оптика, автоматика негіздерін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Прокат стандарының валкалары - термонығайту;

      2) Диаметрі 100 мкм жоғары, алмаздан және аса қатты материалдардан жасалған сүйреткілер – арнаны өңдеу;

      3) Сағаттар мен аспаптарға арналған техникалық тас дайындамалары - саңылауын қосу;

      4) Микросхемалар - 1 см2 25 нүктеге дейінгі сызбаның элементтерін пісіру;

      5) Сыртқы контурлары қисық сызықты отын бактарының салмалары, рама диафрагмалары - кесу;

      6) Кремний пластиналары - кристаллдарға кесу;

      7) Пресс-қалыптар – термоөңдеу;

      8) Технологиялық құбырлар, өртке қарсы және мұздандыратын жүйелер - саңылауын қосу;

      9) Әртүрлі маркадағы шыныдан жасалған трубалар мен баллондар - балқытпамен пісіру;

      10) Қоспа жіктер - қорғаныс газында лазермен пісіру.

186. Лазер қондырғыларының операторы 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Вакуумдық тығыздығы сынамаға түсетін, қалыңдығы әртүрлі материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды әртүрлі, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын лазерлі қондырғыларда лазермен пісіру, саңылауларды қосу, кесу, термоөңдеу, оймалау және басқа да технологиялық өңдеу процесін басқару пультінен жүргізу. Қысыммен, соқпалы және вибрациялы жүктемемен жұмыс істеуге арналған бұйымдарды лазерлі пісіру. Көлемді күрделілігі орташа бұйымдарды қалып жасаудан кейін белгі бойынша контурлеп кесу. Өңделетін бөлшектердің материалы мен конструкциясына қарай қондырғының жұмыс режимін таңдау. Технологиялық процестердің жүргізілуін оптикалық жүйе бойынша бақылау. Қондырғы фокусын оның жұмыс процесінде өзгерту. Қондырғы блоктарының жай-күйі мен салқындату жүйесін аспаптардың көрсеткіштері бойынша бақылау. Қондырғылар мен бақылау-өлшеу аппаратурасын баптау. Қондырғыларды жұмыс жағдайында ұстау жөніндегі регламенттік жұмыстарды жүргізу. Резонаторлар мен тасымалдау және сәулені фокустеу жүйесін түзеу. Лазерлерді қоректендіру блоктарын реттеу.

      Білуге тиіс: лазер қондырғыларының конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық, электр және оптикалық сызбасын және оларды баптау тәсілдерін, шығу параметрлерін өлшеу тәсілдерін және лазер автоматтарының дәлдігін тексеру ережесін, қондырғылар мен түзеу оптикалық құрылғылардың негізгі сипаттамаларын, қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс режимін анықтау ережесін, технологиялық операцияларды жүргізу режимін таңдаумен байланысты есептерді, сәуленің энергетикалық және кеңістікті сипаттарының өңдеуге әсерін, арнаулы бақылау-өлшеу құралы мен аспаптарын қолдану және реттеу ережесін, лазерлік өңдеуден өткен бұйымдарды сынау тәсілдерін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Шыны, шағын, күрделі конфигурациялы баллондар – жиектемеде пісіру;

      2) Атомобильдердің кардан валдары - пісіру;

      3) Диаметрі 100 мкм дейінгі, алмаздан және аса қатты материалдардан жасалған сүйреткілер – арнаны өңдеу;

      4) Әртүрлі шыныдан, кварцтан, ситаллдан жасалған сақиналар – пісіру;

      5) Контактілер, контакт ұстауыштар, контакті пружиналары – пісіру;

      6) Машиналар мен агрегаттардың корпустары - монтаж кезінде пісіру;

      7) Микросхема корпустары – пісірумен бүтіндеу;

      8) Микросхемалар - 1 см2 25 нүктеден артық сызбаның элементтерін пісіру;

      9) Кварцты резонаторлар - саңылауларын бітеу және балқытпалау;

      10) Кескілер, фрездер, Қатты балқыма пластикті разверткалар мен біртекті емес металдар мен балқымалардан жасалған басқа да құралдар - пісіру;

      11) Трубалар – пісіру;

      12) Сыртқы және ішкі контурлары қисық сызықты отын бактары рамаларының фланецтер - кесу.

187. Лазер қондырғыларының операторы 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Вакуумдік тығыздығы сынамаға түсетін, қалыңдығы әртүрлі түрлі материалдардан жасалған күрделі, тәжірибелік, бірегей қымбат тұратын бөлшектер мен бұйымдарды әртүрлі, оның ішінде бағдарламалық басқарылатын лазерлі қондырғыларда лазермен пісіру, саңылауларды қосу, кесу, термоөңдеу, оймалау және басқа да технологиялық өңдеу процесін басқару пультінен жүргізу. Технологиялық процестердің жүргізілуін оптикалық жүйелер мен өнеркәсіптік теледидар қондырғысының көмегімен бақылау, қондырғының фокустік қашықтығын өзгерту және жұмыс процесінде жікті қадағалау жүйесін басқару. Фотокөшірме қондырғысын басқару. Қондырғының электрмен қоректендіру, газбен қамтамасыз ету, вакуумдеу, жұмыс қоспасын салқындату және айдау жүйесін аспаптардың көрсеткіштері бойынша бақылау. Қуаты әртүрлі лазерлік қондырғыларды кешенді баптау.

      Білуге тиіс: лазерлі қондырғылардың электpондық, пневмогидpавликалық және бақылау-өлшеу сызбаларын, технологиялық операцияларды жүргізу үшін pежимдерді таңдау, лазерлі қондырғыларды түзеу және бақылау үшін қажетті оптикалық аспаптарды ыңғайлауды, фотокөшірме қондырғысының құрылымын, регламенттік жұмыстарын, оны басқаруды, жоғары энергетикалық лазер сәулесінің заттармен өзара әрекетін.

      Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Проекциялық аппаратура және газбен кесетін машинаның операторы
188. Проекциялық аппаратура және газбен кесетін машинаның операторы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін газбен кесу машинасын электр қозғағыштардың, кнопкалы ажыратқыштардың, тұтату құрылғысының және суытылған ауаны беру құрылғысының жарамдылығын тексере отырып, командалық аппараттың және проекциялық аппаратураның басқару пульті арқылы жұмысқа дайындау. Көшірме сызбаны командалық аппарат үстеліне салу және оны бағыттаушы машиналардың жағдайына қатысты тексере отырып бекіту. Индикаторлардың көмегімен фокустық оңтайлы қашықтықты белгілеу және фотоголовканың көшіру режиміне сапалы қосылуын жүзеге асыру. Оптикалық элементтерді автоколлимациондық трубканың көмегімен түзеу. Белгі салушы жүзеге асыратын қашықтықтан басқару болмаған жағдайда сызба-шаблон суретін (негативті) белгі салу үстеліне апару және жобалау. Қоректендіргіш тогының күшін және жарық шағылыстырғыштарды реттеу. Проектордың ұсақ ақауларын анықтау және жою.

      Білуге тиіс: жарық электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, проекциялық аппаратураның, автоколлимациондық трубка мен газбен кесу машиналарының жекелеген тораптарының, бөлшектері мен жүйелерінің құрылымы мен нысанын, жұмыс қағидатын, бөлшектерді газ-плазмамен өңдеу процесін жүргізу ережесін, кесудің жолдары мен кезектілігін, проектордың оптикалық бөлшегін реттеу және түзеу тәсілдерін, плазалық және цехтық белгі салу туралы негізгі деректерді, көшірме сызбаларды сызу ережесін, сызбалардағы шартты белгілерді, негативтерді жасауға қойылатын талаптарды және олармен жұмыс ережесін, көшірме сызбаларды сақтау және пайдалану ережесін.

189. Проекциялық аппаратура және газбен кесетін машинаның операторы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Проекциондық аппаратура мен газбен кесу машиналарының барлық түрлерін жұмысқа дайындау. Белгі салу үстелін тексере отырып, жарық көздерін, шағылыстырғыштар мен камераларды реттеу және орнату. Командалық аппаратта орнатылған бөлшек аспаптары бойынша газбен кесу машинасының дұрыс жұмыс істеуін бақылау. Механикалық, электр және оптикалық бөлшектердегі, тораптар мен жүйелердегі ақауларды анықтау. Күрделілігі әртүрлі бөлшектерді пішу парағында кесудің тәртібі мен бағытын таңдау. Сызба-шаблондарды және олардан негативтерді жасау. Аппаратура мен газбен кесу машиналарының ағымдық жөндеуді өздігінен жүргізу және күрделі жөндеуге (бөлшектеу, жөндеу, монтаждауға) қатысу. Механикалық және электр жүйелері жұмысының үйлесімділігін баптауға қатысу.

      Білуге тиіс: проекциондық аппаратура мен газбен кесу машиналардың барлық түрлерінің кинематикалық және электр сызбаларын, конструкциясы мен құрылымын, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, аппаратураны баптау кезінде қолданылатын аспаптардың құрылымын, нысаны мен жұмыс қағидатын, аппаратура мен газбен кесу машиналарының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін, бөлшектерге белгі салу тәсілдерін және оларды өңдеу процесін, бөлшектерді көшірме сызбалардағы масштабта сызуға қойылатын талаптарды.

Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі
190. Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы сынауға тартылатын әртүрлі құрамдағы металдар мен құймалардан жасалған күрделілігі әртүрлі тораптар мен бөлшектерді вакуумды диффузиялық-дәнекерлеу қондырғыларында пісіру. Біліктілігі анағұрлым жоғары дәнекершінің басшылығмен аумағы 0,2 м2 толтырмалы жүздік панель үлгісіндегі конструкцияларды арнаулы пештерде пісіру. Титан фольгадан жасалған жүздік толтырмалы конструкцияларды арнайы пештерде диффузиялық дәнекерлеуге даярлау; азотталған парақтарға жүздік блоктарды контейнерлерге қалау және оларды технологиялық компенсаторлармен қатыру. Қыздыру және үрлеу жүйесін қадағалау. Массасы 150 кг. дейінгі контейнерлерді пештерге қолмен және көтеру-тасымалдау құралдарының көмегімен қою және түсіріп алу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғылардың жұмыс істеу принципі, қыздыру және үрлеу жүйелерінің қызметі мен басқару ережесі, диффузиондық пісірудің технологиялық процесін және оның кезеңдерін орындау жолдарын, пісірілетін материалдардың негізгі қасиеті және пісіру қоспаларының түрлері, қарапайым сызбаларды оқу ережесі.

191. Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы сынауға тартылатын әртүрлі құрамдағы металдар мен құймалардан жасалған күрделілігі әртүрлі тораптар мен бөлшектерді вакуумді диффузиялық-дәнекерлеу қондырғыларында пісіру. Индукторларды іріктеу және қосу. Аумағы 0,2-ден 1,2 шаршы м. дейінгі толтырмалы жүздік панель үлгісіндегі конструкцияларды арнаулы пештерде пісіру. Контейнерлерді инертті газдармен үрлеу, пісіру аумағына қысым беру және оны реттеу, пісірудің температуралық режимін қадағалау және вакуум жүйесіндегі бұйым салынған контейнерлерді ажырату, орнату және термобуды алу. Контейнерлердегі ағуларды (пісірудің басқа түрлерімен) тоқтату. Айдап шығару жабдығына, вакуум жүйесіне және агрегаттарға қызмет көрсету. Диффузионды пісіру пештері мен қондырғыларын баптау. Массасы 150-ден 500 кг. дейінгі контенерлерді пештерге қолмен және көтеру-тасымалдау құралдарының көмегімен қою және түсіріп алу.

      Білуге тиіс: қондырғылардың жекелеген тораптарының құрылымын және оларды баптау ережесін, диффузиондық пісіруің технологиялық процесін және оның кезеңдерін орындау жолдарын, вакуум техникасын пайдаланудың негізгі ережелерін, қызмет көрсететін қондырғының вакуум, аргондық және басқап да жүйелерінің құрылымы мен пайдалану ережесін, пісіру режимін реттеу тәсілдерін, пісіру, айдау және температурадағы газдың берілу режимін бақылауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарын, күрделілігі орташа сызбаларды оқу ережесін.

192. Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы сынауға тартылатын әртүрлі құрамдағы металдар мен құймалардан жасалған күрделі бөлшектерді вакуумды диффузиондық-пісіру қондырғыларында пісіру. Вибрациялы беріктігін, коррозияға төзімділігін, термосоққыға және тағы басқа арнаулы сынауларға тартылатын қабырғасы жұқа тораптар мен бөлшектердің күрделі бет қабаттарын пісіру. Қыздыру көздері (радиациялық, электронды сәулелі разряд және тағы басқа) әртүрлі және ортасы да әртүрлі (бейтарап, қалпына келтіруші, тұзы ванналар және тағы басқа) диффузиондық-пісіру қондырғыларында пісіру. Аумағы 1,2-ден 1,7 шаршы м. дейінгі толтырмалы жүздік панель үлгісін таңдау. Диффузиондық-пісіру қондырғыларын әртүрлі пісіру режимдеріне баптау. Массасы 500 кг. жоғары контейнерлерді пештерге қолмен және көтеру-тасымалдау құралдарының көмегімен қою және түсіріп алу. Пісіру ақауларын анықтау және олардың алдын алу.

      Білуге тиіс: қондырғылардың жекелеген тораптарының құрылымын және оларды баптау ережесін, металл тану және пісіру негіздерін, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, пісіру ақауларын анықтау және олардың алдын алу тәсілдерін. Пісірілетін тораптардың нысанын және олардың жұмыс жағдайын.

193. Диффузиялық-дәнекерлеу құрылғысының дәнекерлеушісі 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы сынауға тартылатын әртүрлі құрамдағы металдар мен құймалардан жасалған тәжірибелік, қымбат тұратын, бірегей тораптар мен бөлшектерді көп камералы диффузиондық-пісіру қондырғыларында пісіру. Аумағы 1,7 шаршы м. жоғары толтырмалы жүздік панель үлгісіндегі конструкцияларды арнаулы пештерде пісіру. Металл материалдарды арнаулы жабдықта азотпен қанықтыру жөніндегі жұмыс өндірісі.

      Білуге тиіс: диффузиондық-пісіру қондырғыларының электр және кинематикалық басқару сызбаларын, қатты фазалы қосу теориясы негіздерін, пісірілетін материалдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін, электротехника және вакуумды техниканы қолдану негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, пісірілетін бұйымдарға арнаулы сынау жүргізу әдістерін, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысында ақаудың пайда болуы себептері мен олардың алдын алу шараларын.

Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші
194. Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті болаттан жасалған қарапайым бұйымдарды, тораптар мен конструкцияларды және құралды контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Қарапайым және күрделілігі орташа пішінді құймалардағы өскіндерді, қатпарлар мен құймашаларды электрконтактілі-ауамен кесу қондырғыларында (ВЭКР) кесу. Бөлшектері мен бұйымдарды пісіруге және пісіруден кейінгі тазалау. Бөлшектер мен бұйымдарды айлабұйымдарға орнату.

      Білуге тиіс: қолданылатын контакті машиналарының жұмыс қағидаты мен оларға қызмет көрсету ережесін, пісірме қоспаларының жікті, нүктелік, рельефті түрлерін, пісірілетін материалдар мен электрод материалдарының негізгі қасиеттерін, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану шарттарын, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, пісіру ақауларын анықтау және олардың алдын алу тәсілдерін, берілген режимді белгілеу ережесін, қарапайым сызбаларды оқу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Автосамосвалдардың көтеру механизмдері майына арналған бактар - пісіру;

      2) Дыбыс басқыштар, руль доңғалағының каркасы, автомобиль жылыту патрубкасының краншалары - пісіру;

      3) Қаптаулар - пісіру;

      4) Бекітпе изоляция бөлшектері - пісіру;

      5) Муфталар - труба ұштарымен пісіруге дайындау;

      6) Поддондар - пісіру;

      7) Бензин және май бактарына арналған белдіктер - пісіру - пісіру;

      8) 30х30 кв. мм. дейін кескілі тік бұрышты кескілер - пісіру;

      9) Арматура торша-сатылар - пісіру;

      10) Диаметрі 30 мм. дейінгі дөңгелек материалдан жасалған шынжырлар - пісіру;

      11) Әртүрлі сағат үлгілеріне арналған циферблаттар – аяқтарына қосып пісіру.

195. Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық және тез кесетін болаттан, түсті металдардан, құймалардан, металл емес материалдардан жасалған бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын, құралдарды контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Бөлшектерді, валдарды, штоктарды понршеньдермен үйкеумен пісіру. Күрделі құймалардағы өскіндерді, қатпарлар мен құймашаларды ВЭКР қондырғыларында кесу.

      Білуге тиіс: қолданылатын контакті машиналарының құрылымын, пісіру технологиясы негіздерін және пісірілетін бөлшектерге қойылатын технологиялық тараптарды, пісіру кезіндегі ақау себептерін, пісірме жік сапасын бақылау тәсілдерін, пісірілетін конструкция сызбасын оқу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Платина-титан анодтар – пісіру;

      2) Жолаушылар вагондарының бүйірлері, төбесі, едені және рамасы – пісіру;

      3) Букс болттары мен вагон және тендер арбасы бөлшегі – пісіру;

      4) Жолаушылар вагондарының қорғасынды ауа жолдары, қарапайым каркастары мен торлары – пісіру;

      5) Жиынтықты бекіту бөлшектері – пісіру;

      6) Автомобиль радиаторларының капоты, жалюздері мен қанатшалары – пісіру;

      7) Ескі каркастары мен қаптамалары – пісіру;

      8) Автомобиль қозғағышы маховиктерінің тіс сақиналары – пісіру;

      9) Конденсаторлар, рейкалар, торшалар мен басқа да радиобөлшектері – пісіру;

      10) Трансформатор мен автомобиль аккумуляторларының кронштейндері – пісіру;

      11) Автосамосвал қораптары – пісіру;

      12) Кеме жиһазы – пісіру;

      13) Сұрыптық және профильді металл – пісіру;

      14) Таза материалдардан жасалған панельдер – пісіру;

      15) Автомобиль кабинасы алдыңғы шынысының рамасы – пісіру;

      16) 30х30 кв. мм. жоғары кескілі тік бұрышты кескілер – пісіру;

      17) Сумен жабдықтау және жылу сыртқы және ішкі желілері трубалары – пісіру;

      18) Технологиялық трубақұбырлары (5-санаттағы) – пісіру;

      19) Қол тежегіш тартпасы – пісіру;

      20) Велосипед тораптары – пісіру;

      21) Диаметрі 30 мм. жоғары дөңгелек материалдан жасалған шынжырлар - пісіру;

      22) Дән мен сабақ шнектері – пісіру.

196. Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Түрлі болаттан, түсті металдардан, құймалардан, металл емес материалдардан жасалған әртүрлі конструкциядағы бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын, құралдарды контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Құрамдас кесу құралын үйкеумен пісіру.

      Білуге тиіс: әртүрлі контакті машиналарының құрылымын, пісірілетін материалдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін, қызмет көрсететін контакті машиналарының принципті және монтаждық электр сызбасын оқу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Майлар мен жанармай сұйықтарға арналған және отынның арнаулы нысандағы бактар – пісіру;

      2) Дән бункерлері – пісіру;

      3) Оталғш бастары, реттығын стойкалары, маятниктер, реттығын және тежегіш тартпалары – пісіру;

      4) Каркастар мен арнаулы торлар – пісіру;

      5) компрессор корпусы қатаңдық сақиналары – пісіру;

      6) Автомобиль кронштейндері, аяқпен басқару педальдары және радиатор рамкасы – пісіру;

      7) Муфталар-труба ұштарына пісірмелер – пісіру;

      8) Кеаме корпусы бойлық байламалары – пісіру;

      9) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі бу қазандарының труба элементтері – пісіру;

      10) Газбен қамтамасыз ету төмен қысымды сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – пісіру;

      11) 3 және 4 санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары мен су және бу труба құбырлары (3 және 4 санаттағы) – пісіру;

      12) Ұшақ қанаттары мен шасси тораптары – пісіру;

      13) Электромеханикалық сүзгілер – пісіру;

      14) Аз магнитті болаттан жасалған зәкір шынжырлары – пісіру;

      15) Автосамосвалдардың гидравликлық көтергіш цилиндрлері – пісіру;

      16) Шпангоуттар – пісіру;

      17) Металл кесетін станок электршкафтары – пісіру.

197. Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен
Дәнекерлеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Түрлі болаттан, түсті металдардан, құймалардан, металл емес материалдардан жасалған күрделі конструкциядағы бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен сыйымдылықтарды, контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Құлыптарды трубаларға үйкеумен пісіру.

      Білуге тиіс: әртүрлі контакті машиналарының құрылымын, кинематикалық сызбаларын, пневматикалық құрылымы мен электрлі басқару сызбаларын, қосуды реттеу аппаратурасының құрылымын, пісіру режимін анықтау принципін, пісірмен жіктерді бақылау және сынау тәсілдерін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Тұтас металл жолаушылар вагондарының қорап бүйірі мен қақпақтары – пісіру;

      2) Шпангоут бұтақтары – пісіру;

      3) Алюминий құймаларынан жасалған желім пісіру конструкциялары (корпус аралықтары, платформалар, шпанглуттер, панельдер, палубалар мен қондырмалар) – пісіру;

      4) Ұшақ қанатының консольдері – пісіру;

      5) Арнаулы нысандағы ірі габариттік панельдер – пісіру;

      6) Пантондар – пісіру;

      7) Ауа радиаторлары – пісіру;

      8) Барлық үлгідегі рельстер – пісіру;

      9) Рессиверлер – пісіру;

      10) Ұшақтар: қанат және фюзеляж қаптамасы – пісіру;

      11) Стабилизаторлар – пісіру;

      12) Автомобиль шассилерінің траверстері – пісіру;

      13) Газбен қамтамасыз ету орта және жоғары қысымды сыртқы желілерінің труба құбырлары – пісіру;

      14) 1 және 2 санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары мен су және бу труба құбырлары (1 және 2 санаттағы) – пісіру;

      15) Арматура фермалар – пісіру;

      16) Напор трубаларына арналған цилиндрлер – пісіру;

      17) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары бу қазандарының труба элементтері – пісіру.

      Ескерту. Өзінің меншікті қоректендіру көздерінен дала жағдайында жұмыс істейтін өздігінен жүретін, жік пісіру машиналарында жұмыс істеу кезінде жұмыстар бір разрядқа жоғары тарифтеледі.

Электронды сәулелі дәнекерлеу құрылғысымен дәнекерлеуші
198. Электронды сәулелі дәнекерлеу құрылғысымен дәнекерлеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Құрамы бойынша біркелкі металдар мен балқытпалардан жасалған, сынауға тартылмайтын бөлшектерді пісіру. Пісіру қондырғылары мен машиналарын баптауға қатысу. Режимді іріктеу және жұмыс процесінде оларды реттеу. Вакуум жүйесіне, вакуум насостары мен агрегаттарына қызмет көрсету. Айдауды қадағалау және вакуум жұмысы жүйесін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша бақылау. Пісіру қондырғыларының жоғары қысымын қоректендіруші құрылғыларға қызмет көрсету.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін қондырғылардың жұмыс қағидатын, электронды-сәулелі қондырғылардың қосу және ажырату сызбаларының нысанын, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, бұйымидардың орнын ауыстыру механизмдерін, электромагнитті пушка мен электромагнитті линзаларды қоректендіруді басқару ережесін, айдау процесін және вакуумның қажетті дәрежесін, жоғары вольтті жабдықпен және оның қоректендіру көздермен жұмыс істеу ережесін, пісірілетін материалдардың негізгі қасиеттерін, пісірілген қосындылары мен жіктерінің түрлерін.

199. Электронды сәулелі дәнекерлеу құрылғысымен дәнекерлеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Легирленген болаттан, түсті металдар мен балқытпалардан жасалған, күрделілігі әртүрлі, сынауға тартылатын тораптар мен бөлшектерді тік және жазық тегістіктерде пісіру. Тораптар мен бөлшектердің қиыспа жіктерін электронды сәулемен вакуумда пісіру, вакуум тығыздығы сыналатын тораптарды пісіру. Пісіру қондырғыларын баптау және пісірілетін материалдардың маркасы мен қалыңдығына, сондай-ақ қосындылардың типіне қарай пісіру режимін белгілеу. Айдау жабдығына қызмет көрсету және пісірілетін бұйымдарды камерадан түсіріп алу. Тік және жазық осьті ішкі барабанды ауыстыру немесе суппортты ауыстыру.

      Білуге тиіс: пісіру қондырғыларының құрылымын, оларды баптау және реттеу ережесін, жоғары вакуумды техниканы пайдалану жөніндегі негізгі ережелерді, пісіру қондырғыларының электр және кинематикалық сызбаларын, пісірме жіктерге қойылатын талаптарды, пісірме жіктерді бақылау тәсілдерін, пісіру режимін іріктеуді, пісірілетін бұйымдардағы ішкі кернеулер мен деформацияларды, олардың алдын алу шараларын, вакуум жүйелерінің құрылымын және оларға қызмет көрсету ережесін, негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және олардың қолдануды, айдау нысанын және режимдерін.

200. Электронды сәулелі дәнекерлеу құрылғысымен дәнекерлеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Химиялық белсенді және түсті металдар мен балқытпалардан жасалған, күрделі тораптар мен бөлшектерді әртүрлі жағдайларда пісіру. Қысыммен жұмыс істейтін бұйымдарды пісіру. Вакуумды-тығыз қосындыларды разрядтау деңгейі 26 мкПА (26х10-11 атм) және одан төмен кезінде пісіру. Металдың қалыңдығы 0,8 мм. жоғары кезінде түрлі құрамдардағы металдар мен балқымаларды пісіру. Баптаушысыз жұмыс істеу кезінде көп позициялық жабдықтарға қызмет көрсету. Дифференциалды айдау камералы және электрондық-сәулелі пушкалы қондырғыларға қызмет көрсету. Жабдықтың жекелеген тораптарының жұмысын, айдау режимін, салқындату жүйесі мен бақылау-өлшеу аппаратурасын үздіксіз бақылау.

      Білуге тиіс: әртүрлі электронды-сәулелі пісіру қондырғыларының негізгі ерекшеліктері мен оларды басқару ережесін, металл тану және металл пісіру негіздерін, айдау, пісіру және т.б. бақылауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, режимдерді реттеу тәсілдерін, пісірме жіктерді сынау тәсілдерін, пісірме жік қосындыларына арналған мемлекеттік стандарттарды.

201. Электронды сәулелі дәнекерлеу құрылғысымен дәнекерлеуші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы құймалардан жасалған, қымбат тұратын тораптар мен бөлшектерді вакуумда электронды-сәулелі пісіру. Күрделі тораптар мен бөлшектерді пісіру, қыздыру деңгейі шектеулі бұйымдарды пісіру. Шағын габаритті және миниатюралық бұйымдарды пісіру. Соқпалы және вибрациялы жүктеме жағдайындағы жұмысқа арналған бұйымдарды пісіру. Автоматты басқарылатын немесе өндіріс циклі үздіксіз жоғары вакуумды жүйелерге қызмет көрсету. Металдың қалыңдығы 0,8 мм. дейінгі кезінде түрлі құрамдардағы металдар мен балқымаларды пісіру. Айдау процесін аспаптардың көрсеткіштері бойынша үздіксіз бақылау және пісіру процесін басқару. Электронды байламның оңтайлы параметрлерін алу және жіктерді оңтайлы кесу мақсатымен оларды өзгерту.

      Білуге тиіс: электронды-сәулелі қондырғыларының электр және кинематикалық сызбаларын, қызмет көрсететін қондырғылардың құрылымын, электронды-сәулелі пушка геометриясының қондырғының электрлік параметрлеріне әсерін, пісірілетін металдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін, пісірудің оңтайлы режимдерін, сызбасы күрделі айдау жүйелерінің құрылымы мен нысанын, күрделі жүйелерді айдау ережесін және режимін, айдау технологиялық процесінің әрбір кезеңінің нысанын және олардың кезектілігін, вакуумды техника, электроника және электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде.

      Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі
202. Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі әртүрлі бөлшектерді термиттік пісіру. Престі орнату және тексеру, пісірілетін беттерді түзеу, қалыптарды орнату және майлау. Қалыптарды толтыру, үлгілерді шығару және қалыптарды кептіру. Тиглдерге арналған қоспаларды дайындау, оларды жасау және күйдіру. Пісірілетін беттерді бензоаппаратпен және оттабамен қыздыру. Термит компоненттерін қолмен немесе сеялкамен елеу, жармалаушы машинамен жармалау, оларды араластыру, буып-түю және үлестеп салу. Металды пісіруден кейін кесу. Желдеткіш жүйесінің жұмысын реттеу. Механизмдерді майлау. Кабель мен сымды пісіруге дайындау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналардың, аппараттардың, сеялкалар мен басқа да механизмдердің жұмыс қағидатын, арнаулы айлабұйымдардың нысанын және қолдану шарттарын, қалыптаушы қоспаны дайындау және қабылдау ережесін, тиглдерді қалыптау және дайындау тәсілдерін, термиттік қоспаларға кілетін материалдарды, оларды дайындау (ұсақтау және елеу) тәсілдерін, термит компоненттерін буып-түю және салу ережесін.

203. Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылғылар мен бөлшектерді: теміржол және трамвай рельс жолдарын арнаулы қондырғыларда термиттік пісіру. Пісіруге арналған термит массасын, пісіру сапасын анықтау. Қоспаны пісіргеннен кейін жолды өңдеу және тексеру. Жекелеген компоненттерді өлшеу және рецепті бойынша термит қоспасын жасау. Термиттің сынама порцияларын сынау. Механизмдерді дәннің қажетті мөлшеріне баптау.

      Білуге тиіс: термиттік пісіру кезінде машиналардың, аппараттардың, сеялкалар мен ұнтақтаушы, дозалаушы және араластырушы механизмдердің құрылымын және жұмыс қағидатын, термиттің нысанын және оны қолдану тәсілдерін, термитті, термиттік қоспаны және жекелеген компоненттерін қоймалау және сақтау ережесін, қолданылатын материалдарды маркалары мен сұрыптарын, термит қоспасының проценттік құрамын, елеуіштерді іріктеу (дәндердің немесе бөліктердің мөлшеріне қарай) ережесін, сертификат жасау ережесін.

204. Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылғылар мен бөлшектерді, теміржол және трамвай жолдарының жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималарын, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктерін, электр кабельдерін, электр өткізу сымдарын термиттік пісіру. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі жабдықтардың құрылымын, қызмет көрсететін жабдықтың электр сызбалары мен оларды баптау тәсілдерін, универсалды және арнаулы айлабұйымдардың құрылымын, жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималардың, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктердің жіктерін пісіру ережесін, теміржол және трамвай жолдарының жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималарының, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктерінің құрылымын.

205. Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Электр сымдарын, электр өткізу желілерін жоғарыда және жоғары кернеу аймағында термиттік пісіру.

      Білуге тиіс: жоғарыда және жоғары кернеу аймағында пісіру тәсілдері мен ережесін, түрлі үлгідегі жабдықтардың электр сызбаларын және олардың дәлдігін тексеру тәсілдерін, қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын.

Электрдірілмен ерітіп дәнекерлеуші
206. Электрдірілмен ерітіп дәнекерлеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектердің жұмысталған жерлерін флюспен вибродоғалы балқыма қаптау. Балқыма қаптау режимін белгілеу. Ток күші мен кернеуді реттеу.

      Білуге тиіс: біртектес электр пісіру қондырғыларының, машиналары мен автоматтарының құрылымын және жұмыс қағидатын, балқыма қаптау жұмыстары кезінде электрмен пісіру жабдығын берілген режимге реттеу ережесін, бөлшектерді пісірумен қалпына келтіруге арналған техникалық жағдайларды.

      Жұмыс үлгілері

      1) Ұзындығы 1400 мм дейінгі валдар – мойындарына балқыма қаптау;

      2) Тірек доңғалақтары – жүгірме жолдарды балқыма қаптау;

      3) Тірек доңғалақтары – таспаға балқыма қаптау;

      4) Жұмыр муфталар - пазға балқыма қаптау.

207. Электрдірілмен ерітіп дәнекерлеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектердің жұмысталған жерлерін автоматтарда және жартылай автоматтарда вибродоғалы, виброконтактілі балқыма қаптау, ұнтақты сыммен балқыма қаптау. Жабдықты және айлабұйымдарды сымды беруге реттеу және баптау.

      Білуге тиіс: электрмен пісіретін автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын, виброконтактілі балқыма қаптау және ұнтақты сыммен балқыма қаптау процесін, айлабұйымдарды сымды беруге реттеу ережесін.

      Жұмыс үлгілері

      1) Бұрма көтеру барабандары – тербеліс подшипниктері саңылауларын балқыма қаптау;

      2) Бас лебедканың валдары - шлиц мойындарына балқыма қаптау;

      3) Ұзындығы 1400 мм жоғары валдар – мойындарына балқыма қаптау;

      4) Гильзалы дискілер – мойындарына балқыма қаптау;

      5) Төрт қатарлы жұлдызшалар – тістерге балқыма қаптау.

208. Электрдірілмен ерітіп дәнекерлеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Түрлі бөлшектерді вибрациялы қондырғыларда вибродоғалы балқыма қаптау. Бөлшек беттерін вибродыбыстық балқыма қаптауға дайындау. Бұйымның диаметріне және балқыма қаптау қабатының қалыңдығына қарай жұмыс режимін анықтау. Технологиялық картаға сәйкес флюстарды, электродтарды және электродты сымдарды дайындау. Вибрациялық қондырғы ақауларын жою.

      Білуге тиіс: вибрациялы қондырғылардың нысанын, құрылымын және оны қолдану шарттарын, тұрақты және ауыспалы токпен істейтін электрмен пісіру аппараттарының құрылымын, балқыма қаптау болатының механикалық және технологиялық қасиеттерін, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, құрылымын және қолдану шарттарын, оларды электр тізбегіне қосу тәсілдерін, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, вибродоғалы балқыма қаптау кезінде қолданылатын флюстардың, электродтардың және электродты сымдардың маркаларын, балқыма қапталған қабатты сынау тәсілдерін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Прокат валдары – балқыма қаптау;

      2) Дизель цилиндрлерінің гильзалары – орнату белдеушелеріне балқыма қаптау.

Электр газбен дәнекерлеуші
209. Электр газбен дәнекерлеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жеңіл салмақты және ауыр болат сынығын қолмен оттегімен кесу және бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен кесу. Көміртекті болаттан жасалған қарапайым бөлшектерді, тораптарды және конструкцияларды қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу, сондай-ақ көміртекті болаттан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы кесу машиналарында кесу. Бөлшектерді, бұйымдарды, конструкцияларды барлық кеңістік жағдайларында қармап алу. Бұйымдарды, тораптар мен қосындыларды пісіруге дайындау. Пісіргеннен және кескеннен кейін жіктерді тазалау. Қорғану газдарымен пісіру кезінде пісірме жіктің арғы бетінің қорғалуын қамтамасыз ету. Қарапайым бөлшектерге балқыма қаптау. Қарапайым бөлшектердегі, тораптар мен құймалардағы раковиналар мен жарықтарды жою. Бөлшектер мен конструкцияларды түзету кезінде қыздыру. Қарапайым сызбаларды оқу. Газ баллондарын жұмысқа дайындау. Жылжымалы газ генераторларына қызмет көрсету.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін тұрақты және ауыспалы токпен доғалы кесуге арналған электрмен пісіру машиналары мен аппараттарының, газбен кесу және пісіру аппаратурасының, газ генераторларының, электрмен пісіретін автоматтар мен жартылай автоматтардың, оттегі және ацетиленді баллондардың, аспаптар мен пісіру оттықтарының құрылымын және жұмыс қағидатын, қолданылатын оттықтарды, редукторларды, баллондарды пайдалану ережесін, қармаудың негізгі тәсілдері мен жолдарын, жіктерді пісіруге бөлу нысандарын, қорғану газдарымен пісіру кезінде қорғануды қамтамасыз ету ережесін, пісірме қосынды түрлерін және жік типтерін, бұйым жиектерін пісіруге дайындау ережесін, пісірме жіктерді сызбаларда белгілеуді, пісіру кезінде қолданылатын электродтардың, пісіру металы мен балқымалардың, газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін, баллондардағы газдың шекті қалдық қысымын, пісіру кезінде қолданылатын флюстердің нысаны мен маркаларын, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолданылу шарттарын, пісіру кезінде ақаулардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу тәсілдерін, газ алауының сипаттамасын, мемлекеттік стандарт бойынша сынық габариттерін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Трансформатор балкалары - қабырғаларын автоматты пісіруге жақындату;

      2) Люлька балкалары, тұтас металл вагондардың және вагон электр секцияларының рессор астындағы және рессор үстіндегі брустары – доңғалақтарды бағыттаушы және орталандырушы күшейткіш бұрыштарды қосып пісіру;

      3) Прокат балкалары – жолақтарды белгі бойынша қармайтын нүктелерді қосып пісіру;

      4) Леер стойкаларының башмактары – кемеде кесу;

      5) Бу балғаларының бойкалары мен шаблондары – балқыма қаптау;

      6) Букс, колонкалық және орталық болттар – жұмысталған жерлеріне балқыма қаптау;

      7) Бортты тент каркасының бөлшектері – қармау және пісірмелеу;

      8) Контейнерлердің металл бөлшектері – ыстық түзету;

      9) Платфоррмаолар мен металл жартылай вагондар рамаларының диафрагмалары – қабырғаларды қосып пісіру;

      10) Жеребейкалар – пісіру;

      11) Заклепкалар - ұштарын кесу;

      12) Жүк вагондары тежегіш алаңдарының каркастары мен бөлшектері және жолаушылар вагондарының терезе каркастары – пісіру;

      13) Қаптаулар мен қоршаулар, ауылшаруашылығы машиналарының жүктемесі жеңіл тораптары – пісіру;

      14) Май насостарының және автомобиль сүзгілерінің қаптаулары – құймалардағы раковиналарды балқыма қаптау;

      15) Кен-шахта жабдығын бекітуге арналған кронштейндер – пісіру;

      16) Жатка конштейндері, тежегіш валиктері – пісіру;

      17) Автомобиль рамасына бекіту кронштейндері – жарықтарды балқыма қаптау;

      18) Автосамосвал подрамниктерінің кронштейндері – пісіру;

      19) Вагонасты жарықтарының қақпақтары - пісіру;

      20) Трамвай қаптамасының ішкі және сыртқы бұрыш парақтары – кесінділерді пісірмелеу;

      21) Шихтаға арналған болат сынықтары – кесу;

      22) Рессор салмалары мен төсемдері – пісіру;

      23) Ұсақ опоктар – құлақшаларын қосып пісіру;

      24) Шағын көлемді болат опоктар - құлақшаларын қосып пісіру;

      25) Шойын және болат шағын құймалар - өңделмейтін жерлеріндегі раковиналарды балқымамен жою;

      26) Станоктарға поддондар – пісіру;

      27) Қалыңдығы 300 мм. дейінгі болат құймалардағы летниктер мен прибылдер – кесу;

      28) Трансформатор бактарының рамалары – пісіру;

      29) Кереуеттер матрацының рамалары, панцирлі және ромбылы торлар – пісіру;

      30) Қабылдау трубалары – сақтандыру торларына балқыма қаптау;

      31) Автомобиль қанаттарының күшейткіштері – пісіру;

      32) Автосамосвал механизмдерінің гидравликалық фиксаторлары – пісіру;

      33) Жауапсыз іргетастар, аз көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған ұсақ тораптар - стеллаждарда жартылай автоматты пісіру.

210. Электр газбен дәнекерлеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым бөлшектерді, тораптарды және конструкцияларды және көміртекті болаттан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларды жіктің, төбедегіден басқа, барлық жағдайларында қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Көміртекті және легирленген болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы кесу машиналарында пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Машина тораптары мен бөліктерін сақтап отырып немесе кесе отырып, түсті металл қалдықтарын бөле отырып, берілген мөлшерлерге қолмен оттегімен кесу және бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қолмен доғалы, ауамен түземелеу. Күрделілігі орташа бөлшектердегі, тораптар мен құймалардағы раковиналар мен жарықтарды балқымамен қаптау. Бөлшектерді пісіру кезінде берілген режимді сақтай отырып, алдын ала және ілеспе қыздыру. Күрделілігі әртүрлі бөлшектердің, тораптардың және конструкциялардың сызбаларын оқу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін электрмен пісіру және плазмамен пісіру машиналарының, газбен пісіру аппаратурасының, автоматтардың, жартылай автоматтар мен плазмотронның құрылымын, пісірме жікке және ауамен түзеуден кейін қабатқа қойылатын талаптарды, болат маркасына қарай электрод маркасын іріктеу тәсілдерін, электрод жақпаларының қасиеттерімен мәндерін, пісірме жіктің құрылымын, оларды сынау тәсілдері мен бақылау түрлерін, бөлшектер мен тораптарды пісіруге дайындау ережесін, металдың маркасы мен оның қалыңдығына қарай қыздыру режимін таңдау ережесін, пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын, әртүрлі болаттан, шойыннан, түсті металл мен балқымалардан жасалған бөлшектерді пісіру мен балқыма қаптаудың негізгі технологиялық жолдарын, оттегі және газбен, электрмен кесу кезінде кесу режимін және газ шығынын.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Қалайы қоладан және кремнийлі латуннен 1,6 МПа (15,5 атм) сынама қысыммен жасалған арматура – ақауларын балқымамен қаптау;

      2) Жылжымалы құрамның рессорлы ілме балансирлері – белгілер бойынша қолмен кесіп алу;

      3) Битерлік және кесу барабандары, трактор тіркемесінің алдыңғы және артқы осьтері, комбайн рамалары, хедерлер, шнектер, граблина мен мотовилалары – пісіру;

      4) Теміржол вагондарының бүйірлері, өтпе алаңдары, аяқ салғылары, каркастары мен қаптамалары – пісіру;

      5) Буилар мен рейд бөшкелері, артщиттері мен понтондары – пісіру;

      6) Қозғағыш валдары мен автомобильдердің жұмыр валдары – жартылай өңделген ақаулы соқпаларды арнаулы болатпен пісірмелеу;

      7) Электр машиналарының валдары – мойындарын балқыма қаптау;

      8) Глушительдер – пісіру;

      9) Іштен жанатын қозғағыштар (отын және ауа жүйелері)- пісіру;

      10) Автомобиль бөлшектері (майқыздырғыш мойыны, қорап картері, картер қақпағы) – ақауларын балқыма қаптау;

      11) Қалыңдығы 60 мм. дейінгі болат парақтан жасалған бөлшектер - белгілер бойынша қолмен кесіп алу;

      12) Жүк вагондары қорабы каркасының бөлшектері – пісіру;

      13) Кулистік механизм бөлшектері – саңылауларды балқыма қаптау;

      14) Қола тежегіш дискілері – раковиналарды балқыма қаптау;

      15) Қолмен немесе автоматты электр доғалы кесуге арналған дайындамалар – кесу;

      16) Бас қару щиттері мен пульттеріне арналған каркастар – пісіру;

      17) Тірек катоктары – пісіру;

      18) Жинақтағы қаптаулар, жылыту қазандары – пісіру;

      19) Эластикалық муфта қаптаулары – пісіру;

      20) Жүк автомобильдері тежегішінің колодкалары, қаптаулар, артқы мост жартылай осьтері – пісірмелеу;

      21) Артқондырғы контрукциялары, тораптары, бөлшектері – пісіру;

      22) Жарылыс қауіпті электр аппаратура корпусы – пісіру;

      23) Жүк көтеру крандары – скаттарды балқыма қаптау;

      24) Автосамосвал қораптары - пісіру;

      25) Автомобильдердің артқы мостылары – құймалардағы раковиналар балқыма қаптау;

      26) Автомобиль радиаторының қаптамасы – жарықтарды пісірмелеу;

      27) Деңгей реттеуіштің қалтқылары (арматура) – пісіру;

      28) Қалыңдығы 300 мм. жоғары болат құймалардағы летниктер мен прибылдер – кесу;

      29) Проекторлар – кеме корпусына қосып пісіру;

      30) Паровоз рамкалары - балқыма қаптау;

      31) Жүргізу кабинасы терезелерінің рамкасы – пісіру;

      32) Пантограф рамалары – пісіру;

      33) Тепловоз рамалары – пісіру;

      34) Жанбайтын сұйықтарға арналған және жылжымалы құрам тежегіш жүйесінің резервуарлары – пісіру;

      35) Фасонды кескілер мен қарапайым штампылар – пісіру;

      36) Вал сальниктері – корпусы мен қыспа втулканы балқыма қаптау;

      37) Шағын станок станиналары – пісіру;

      38) Стойкалар, бункер торлары, өтпе алаңдар, баспалдақтар, қоршаулар, төсемдер, қазан қаптамалары – пісіру;

      39) Артқы доңғалақ ступицалары, автомобильдің артқы мосты мен басқа да бөлшектері – соқпа шойынды дәнекерлеу;

      40) Палуба секциялары мен аралықтарының жіктері мен паздары, стеллажда автоматты пісіру;

      41) Суға арналған қысымсыз труба құбырлары (магистральдіктен басқа) – пісіру;

      42) Сумен қамтамасыз ету және жылу беру сыртқы және ішкі желі трубалары – цех жағдайында пісіру;

      43) Желдеткіш трубалары – пісіру;

      44) Газ шығаратын мыс трубалар – пісіру;

      45) Биіктігі 30 см. дейінгі түтін мен көміртекті парақты болаттан жасалған желдеткіш трубалары – пісіру;

      46) Жалпы нысандағы трубалар – жиектерін кесу;

      47) Қазандардағы түтін трубалары мен бу жылытқыш трубалар – пісіру;

      48) Тежегіш магистраль трубалары – пісіру;

      49) Автомобиль цистерналары – автоматты пісіру;

      50) Латунь газофикатор шарлары (ашық) - балқыма қаптау;

      51) Шестернялар – тістеріне балқыма қаптау.

211. Электр газбен дәнекерлеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды және көміртекті болаттан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларды жіктің, барлық жағдайларында қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделі бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Жоғары хромды және жоғары никельді болат пен шойыннан жасалған бөлшектерді оттегі-флюсті кесу. Кеме нысандарын жүзу кезінде оттегімен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделілігі орташа және күрделі аппараттарды, тораптар мен труба құбырлары конструкцияларын автоматты және механикалық пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істетін жауапты күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделі бөлшектерді әртүрлі жағдайларда қолмен электр доғалы ауамен түзеу. Шойыннан жасалған конструкцияларды пісіру. Машиналардың, механизмдердің, конструкциялар мен құймалардың күрделі бөлшек ақауларын механикалық өңдеумен пісіру және сынап қысымдау. Күрделі конструкцияларды ыстық түзеу. Әртүрлі күрделі пісірілген металл конструкциялардың сызбаларын оқу.

      Білуге тиіс: түрлі электрмен пісіру және газбен пісіру аппаратурасының, автоматтардың, жартылай автоматтардың құрылымын, ауыспалы және тұрақты токпен пісіру ерекшеліктерін, электротехника негіздерін орындайтын жұмыс шегінде, пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын, металды пісіру негіздерін, пісірілетін бұйымдардың механикалық қасиеттерін, аспаптар бойынша пісіру режимін таңдау принциптерін, электродтардың маркасы мен типтерін, газбен пісіру кезінде қолданылатын кең тараған газдарды: ацетиленді, сутегін, оттегін, пропан-бутанды алу және сақтау әдістерін, легирленген болатты ш\газбен кесу процесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Аппаратура мен химиялық және мұнайхимия өндірісіне арналған ыдыстар; резервуарлар, сепараторлар, ыдыстар мен тағы басқа – жиектерін кесе отырып саңылау кесу;

      2) Қысымсыз жұмыс істейтін, көміртекті болаттан жасалған аппараттар, ыдыстар мен сыйымдылықтар – пісіру;

      3) Сынақ қысымы 16-дан 5,0 МПа (15,5-тен 48,4 атм) түсті металдар мен құймалардан жасалған труба құбыр арматурасы – ақауларын балқыма қаптау;

      4) Трансформатор бактары - патрубкаларды қосып пісіру, қораптарын түтін жолына, салқындатқыш қорапты, тоқ қондырғысын және бак қақпағын пісіру;

      5) Руль баллері, есу валдарының кронштейндері - балқыма қаптау;

      6) Автомобиль тежегіші цилиндрлерінің блоктары құймалардағы раковиналарды балқыма қаптау;

      7) Иінбіліктер – мойындарына балқыма қаптау;

      8) Қола және латунь салмалар - болат подшипниктерге балқыма қаптау;

      9) Қазан оттығының гарнитурасы мен корпустары – пісіру;

      10) Тат баспайтын шойын, алюминий немесе мыс балқыма парағынан жасалған бөлшектер - жиектерін кесе отырып, газбен электрмен кесу;

      11) Қалыңдығы 60 мм. дейінгі болат парақтан жасалған бөлшектер - белгілер бойынша қолмен кесіп алу;

      12) Шойыннан жасалған бөлшектер - пісіру, қыздырумен және қыздырусыз балқыма қаптау;

      13) Түсті металдардан жасалған бөлшектер мен тораптар – кейіннен қысыммен сынай отырып пісіру;

      14) Вагон баяулатқыштары – пайдалану жағдайында пісіру және балқыма қаптау;

      15) Шестернялардың шойын тістері - балқыма қаптау;

      16) Түсті балқымалардан жасалған қабырғасы жұқа бұйымдар (ауа суытқыш қақпақтары, подшипник щиттері, турбовентилятор желдеткіштері) – латуньмен немесе силуминмен балқыма қаптау;

      17) Ірі шойын бұйымдар: рамалар, шкивтер, маховиктер, шестернялар – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау;

      18) Гидравликалық турбиналардың жұмыс доңғалағы камералары - пісіру және балқыма қаптау;

      19) Өнеркәсіптік пештер мен қазандардың каркастары – пісіру;

      20) Ірі мотор картерлері мен тепловоздардың механикалық беру корпусы – пісіру;

      21) Мотордың төменгі картерлері – пісіру;

      22) Электр машиналарының мыстан жасалған полюс катушкалары - пісіру және аралықтарды қосып пісіру;

      23) Газ шығару коллекторлары мен трубалары – пісіру;

      24) Гидравликалық турбиналардың реттеуші сақиналары – пісіру және балқыма қаптау;

      25) Домна пештерінің конструкциялары (қаптаулар, ауа жылытқыштар, газ құбырлары) - жиектерін кесе отырып саңылау кесу;

      26) Жатка жетекші доңғалағының корпусы мен мостылары - пісіру;

      27) Компрессорлардың, ауа компрессорларының төменгі және жоғарғы қысым корпустары – жарықтарды балқыма қаптау;

      28) Диаметрі 3500 мм. дейінгі ротор корпустары - пісіру;

      29) Қуаты 25000 кВт турбиналардың стопор клапандары корпусы – пісіру;

      30) Щетка ұстауыш корпусы, реверс сегменттері, электр қозғағыш роторлары - балқыма қаптау;

      31) Труба құбырларға арналған бекітпелер мен тіреулер – пісіру;

      32) Тепловоз арбасының кронштейндері мен бекітпелері – пісіру;

      33) Қалың парақтар (броня) – пісіру;

      34) Мачталар, бұрғы және пайдалану мұнаралары – цех жағдайында пісіру;

      35) Алюминийден жасалған жиһаз – пісіру;

      36) Ірі электр машиналарының іргетас тақталары – пісіру;

      37) Ұшақ шассиі стойкалары, подкостары – пісіру;

      38) Жылытқыштар – обойманы, су жылыту трубасын обоймамен, конуспен, сақиналармен, фланецтермен пісіру;

      39) Подшипниктер мен букс салмалары - рамкасы бойынша балқыма қаптау;

      40) Пневматикалық балға поршеньдері – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау;

      41) Шаң, газ, ауа құбырлары, отын беру және электр сүзгі тораптары – пісіру;

      42) Реттығын рамкалары, маятниктер - пісіру;

      43) Алюминий балқымасынан жасалған иллюминатор рамкалары - пісіру)

      44) Транспортер рамалары - пісіру;

      45) Троллейбустардың ауа резервуарлары - пісіру;

      46) Рельстің қоспа жіктері - пісіру;

      47) Мұнай өнімдеріне арналған сыйымдылығы кемінде 1000 кв) м) емес резервуарлар – пісіру;

      48) Рельстер мен құрама крестовиналар - ұштарын балқыма қаптау;

      49) Металл және целлюлоза-қағаз өндірісіне арналған бұрама торлар – ұштарын күміс дәнекермен дәнекерлеу;

      50) Жармалауыш станиналары – пісіру;

      51) Электр машиналарының пісірілген-құймалы станиналары мен корпустары - пісіру;

      52) Ірі шойын станоктардың станиналары – пісіру;

      53) Прокат стандары жұмыс кілеттерінің станиналары – пісіру;

      54) Ауамен салқындататын турбогенератор статорлары - пісіру;

      55) Радиоактивті изотопты датчик трубалары - балқыма қаптау;

      56) Қазанның труба элементтері, бронепарақтар – ыстық түзеу;

      57) Сумен қамтамасыз ету және жылу беру сыртқы және ішкі желі труба құбырлары – монтаждауда пісіру;

      58) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – цех жағдайында пісіру;

      59) 5-санаттағы технологиялық труба құбырлары – пісіру;

      60) Бұрғылау трубалары – муфталарды қосып пісіру;

      61) Фахверктер, байламдар, фонарлар, прогондар, монорельстер – пісіру;

      62) Фрездер мен күрделі штампылар – пісіру және тез кесу мен қатты балқыманы қаптау;

      63) Латунь тоңазытқыштар – 2,5 МПа (24,2 атм) дейінгі қысым кезінде гидросынамаға жіктерді пісіру;

      64) Автомашина блоктарының цилиндрлері – раковиналарға балқыма қаптау;

      65) Автомобиль цистерналары – пісіру;

      66) Шарлар, қалтқылар мен арнаулы алюминий балқымасынан жасалған цистерналар – пісіру.

212. Электр газбен дәнекерлеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған, күрделілігі әртүрлі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын қолмен доғалы, плазмалы, газбен пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды қолмен доғалы және плазмалы пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі бөлшектерді жиегін пісіруге дайындай отырып, оның ішінде әртүрлі болат пен балқымалардан жасалған арнаулы флюстерді пайдалана отырып, түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Металдарды су астында оттегімен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын автоматты және механикалық пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты пісіру. Ауыр жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды механикаландырылған пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі бөлшектерді әртүрлі жағдайларда түзеу. Блоктап жасалған конструкцияларды пісірме жіктің әртүрлі кеңістік жағдайларында пісіру. Қабырғасы жұқа бұйымдардағы және пісіруге қол жетімділігі қиын жерлердегі раковиналарды пісіру және балқыма қаптау. Пісіргеннен кейін пісірме жіктерді газ оттығымен термоөңдеу. Күрделілігі әртүрлі кеңістікті пісірме металл конструкцияларының сызбаларын оқу.

      Білуге тиіс: әртүрлі пісіру машиналарының, автоматтардың, жартылай автоматтар мен қоректендіру көздерінің электр сызбалары мен құрылымын, жоғары легирленген болатты, сондай-ақ балқытылған металл мен түзеуге тартылатын металды қоса, пісірілетін металдардың технологиялық қасиеттерін, пісірме жіктерді түсірудің технологиялық кезектілігін таңдауды, термиялық өңдеудің пісірме жік қасиетіне әсерін, металды су астында кесу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Домна пештерінің амбразуралары – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау;

      2) Қысыммен жұмыс істейтін, және қысымсыз жұмыс істейтін легирленген болаттан жасалған аппаратура мен ыдыстар – пісіру;

      3) Мартен пештерінің арматуралары – жұмыс істеп тұрған жабдықты жөндеу кезінде пісіру;

      4) Көтергіш темірбетон конструкцияларының арматурасы (іргетастар, колонналар, жабындар және т.б.) – пісіру;

      5) Қалайы қоладан және кремнийлі латуннан жасалған труба құбырдың арматурасы – 5 МПа (48,4 атм) сынама қысымда балқымамен қаптау;

      6) Бірегей қуатты трансформаторлардың бактары – динамикалық жүктеме астында жұмыс істейтін көтеру ілмелерін, домкрат жақшаларды, таттанбайтын тақталарды қосып пісіруді қоса, пісіру;

      7) Кран арбаларының балкалары мен траверстері, балансирлер – пісіру;

      8) Жүк көтергіштігі 30 т. кем көпірлі крандардың аралық балкалары – пісіру;

      9) Буферлі, шкворнялық балкалар, локомотивтер мен вагон арбаларының рамалары – пісіру;

      10) Баллондар, колпактар, вакуумде жұмыс істейтін сфералар – пісіру;

      11) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың барабандары – пісіру;

      12) Парақ металдан жасалған құрылыс және технологиялық конструкциялардың блоктары (ауа жылытқыштар, скрубберлер, домна пештерінің қаптаулары, сепараторлар, реакторлар, домна пештерінің газ жолдары және т.б.) – пісіру;

      13) Бұйымдардың цилиндр блоктары мен су коллекторлары – пісіру;

      14) Ірі иінбіліктер – пісіру;

      15) Қорғасын ванналар – пісіру;

      16) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 5000 куб.м. дейінгі газгольдерлер мен резервуарлар – цех жағдайында пісіру;

      17) Газ, мұнай өнімдері құбырлары – стеллажда пісіру;

      18) Газбен пісіру аппараттарының бөлшектері – күміс дәнекермен дәнекерлеу;

      19) Күрделі конфигурациялы конструкциялардың бөлшектері – қосымша механикалық өңдеусіз жиектерін кесе отырып пісіру;

      20) Соқпалы, штампыланған және құйма машиналардың, механизмдер мен конструкциялардың бөлшектері (есу винттері, турбина қалақтары, қозғағыш цилиндрлерінің блоктары және т.б.) – ақаулары балқыма қаптау;

      21) Аса күрделі машиналар мен механизмдердің бөлшектері (домна пештерінің толтырма аппараттары, есу винттері, турбина қалақтары, прокат станоктарының валкалары және т.б.) ақауларын балқыма қаптау;

      22) Шарлы және сфериялық түптер – кейіннен механикалық өңдеусіз жиектерін кесе отырып пісіру;

      23) Қызыл мыстан жасалған иректемелер – пісіру;

      24) Жоғары температурада жұмыс істейтін мартен пештерінің кессондары – пісіру;

      25) Мартен пештерінің кессондары (ыстық жөндеу) – ішкі балқыма қаптау;

      26) Таттанбайтын және ыстыққа төзімді болаттан макроқұрылымы мен ренгенографиясы тексеріле отырып жасалған 20 және одан да көп бөлшектерде тұратын күрделі конфигурациялы коллекторлар – пісіру;

      27) Ұстындар, бункерлер, ілмектер мен ілмек асты фермалары, балкалар, эстакадалар және т.б. – пісіру;

      28) Таттанбайтын сильфон типті болаттани жасалған компенсаторлар – дәнекерлеу;

      29) Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тірек конструкциялары - стационарлық жағдайда пісіру;

      30) Кескі, тиеу машиналарының, көмір комбайндары мен шахта электровоздарының корпустары – пісіру;

      31) Престер мен балғалардың корпустары, траверстері, и негіздемелері және басқа да күрделі тораптары – пісіру;

      32) Шойын корпустар, қақпақтар, үштіктер, иіндер, цилиндрлер - ақауларын балқыма қаптау;

      33) Диаметрі 3500 мм. жоғары ротор корпустары – пісіру;

      34) Қуаты 25000 кВт турбина клапандарының стопор корпустары – пісіру;

      35) Гидравликалық турбиналардың қақпақтары, статорлары мен қалақ қаптамалары – пісіру;

      36) Мачталар, бұрғылау және пайдалану мұнаралары – монтаж кезінде пісіру;

      37) Жоғары легирленген бұрғылау трубаларынан бұрғы мұнараларына жасалған негіздемелер мен үш дизельді жетектер – пісіру;

      38) Күрделі және ірі алюминий және қола құймалар – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау;

      39) Адымдаушы экскаваторлардың тірек тақталары – пісіру;

      40) Күрделі прес-қалыптар қол жетімділігі қиын жерлерді пісірмелеу;

      41) Автомобильдер мен дизельдердің рамалары мен тораптары – пісіру;

      42) Локомотивтердің шкворня және дизель асты рамалары – пісіру;

      43) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000-нан 5000 куб.м. дейінгі резервуарлар – монтажда пісіру;

      44) Электр машиналарының роторлары – қысқа тұйықталған сақиналарды, стерженьдерді пісіру, балқыма қаптау;

      45) Күрделі станиналар, ірі токарь станоктарының фартуктері - пісіру, балқыма қаптау;

      46) Көтерме құрастырмалы темірбетон конструкциялары элементтері арматурасының жіктері – пісіру;

      47) КИП жүйесінің және автоматика импульстік трубкалары – пісіру;

      48) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың трубалық элементтері – пісіру;

      49) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтажда пісіру;

      50) Орта және төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде және цех жағдайларында пісіру;

      51) ІІІ және ІҮ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ ІІІ және ІҮ санаттағы бу және су құбырлары – пісіру;

      52) Қорғасын трубалар – пісіру;

      53) Мотор асты рамалары тораптары мен ұшақтардың шасси амортизаторларының цилиндрлері – пісіру;

      54) Латунь тоңазытқыштар - 2,5 МПа (24,2 атм) дейінгі қысым кезінде гидросынамаға жіктерді пісіру;

      55) Қозғағыш цилиндрлері – ішкі және сыртқы қабаттарына балқыма қаптау;

      56) Шиналар, ленталар, олардың түсті металдан жасалған компенсаторлары – пісіру.

213. Электр газбен дәнекерлеуші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған, ерекше күрделі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын қолмен доғалы, плазмалы, газбен пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды және күрделі конфигурациялы конструкцияларды қолмен доғалы және газбен, электрмен пісіру. Легирленген арнаулы болаттан, титан және басқа да балқымалардан әртүрлі конструкцияларды арнаулы құрылымды автоматтарда, көпдоғалы және көпэлектродты автоматтарда және теледидарлық, фотоэлектронды және басқа да арнаулы құрылғылармен жарақталған автоматтарда, автоматты манипуляторларда (роботтарда) автоматты пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен жұмыс істейтін аппараттарды, тораптарды, труба құбырлары конструкцияларын, құрылыс және технологиялық конструкцияларды пісірме жіктерді төбедегі жағдайда және тік жазықтықта орындау кезінде механикаландырылған пісіру. Пісірімділігі шектеулі металдар мен балқымалардан, сондай-ақ титаннан және титан балқымасынан жасалған тәжірибелік конструкцияларды пісіру. Блоктап жасалған конструкцияларды пісірме жіктің әртүрлі кеңістік жағдайларында пісіру.

      Білуге тиіс: титан балқымаларының түрлерін, олардың пісіру және механикалық қасиеттерін, автоматтар мен жартылай автоматтардың кинематикалық сызбаларын және электрондық басқару сызбаларының принципті құрылымын, роботтарды үйрету ережесін және роботтехникасы кешендерімен жұмыс істеу ережесін, Коррозия түрлерін және оларды туындататын факторларды, пісірілетін бұйымдарды арнаулы сынамалау әдістерін және олардың әрқайсысының нысанын, пісірме жіктерді термиялық өңдеудің негізгі түрлерін, пісірме жіктердің металлографиясы жөніндегі негіздерді.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Жүк көтергіштігі 30 т. және одан жоғары көпірлі крандардың аралық балкалары – пісіру;

      2) Мартен цехтары жұмыс алаңдарының балкалары, металлургия кәсіпорындары бункерлік және жүк түсіру эстакадаларының конструкциялары, жұмыс режимі ауыр крандардың кран асты балкалары, адымдаушы экскаватор бұрмалары – пісіру;

      3) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары қазандардың барабандары – пісіру;

      4) Оттегі цехтарының ауа бөлу блоктары Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың барабандары – түсті металдардан жасалған бөлшектерді пісіру;

      5) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 5000 куб.м. және одан жоғары газгольдерлер мен резервуарлар – монтаж кезінде пісіру;

      6) Газ, мұнай өнімдері магистарльдік құбырлары – монтажда пісіру;

      7) Түсті металдардан жасалған, 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары қысыммен жұмыс істейтін бөлшектер мен тораптар – пісіру;

      8) Сфериялық және тамшы пішіндес сыйымдылықтар мен жабындар – пісіру;

      9) Колпактар, сыйымдылықтар, сфералар мен вакуумды труба құбырлары – пісіру;

      10) Бұрғы трубалары мен муфталарының құлыптары – қос жікпен пісіру;

      11) Газ турбо компрессорлардың, бу турбиналарының, қуатты ауа үрлеуіштердің жұмыс доңғалақтары – қалақтар мен күректерді қосып пісіру;

      12) Аммиак синтезі ұстындары – пісіру;

      13) Жеңіл алюминий-магний балқымаларынан жасалған конструкциялар – пісіру;

      14) Аз магнитті болаттан жасалған конструкциялар – пісіру;

      15) Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тіректерінің конструкциялары – монтаж кезінде пісіру;

      16) Бу турбиналарының қораптары конструкциялар – пісіру және раковиналарды балқыма қаптау;

      17) Сутекті және сутегі-сумен салқындатылатын ірі турбогенераторлардың статор корпусы – пісіру;

      18) Ауыр лазер қозғағыштары мен престердің корпустары – пісіру;

      19) Бу қазандары – түптерін түзеу, жауапты тораптарын бір жақты жікпен пісіру;

      20) Бұрғы долоттарының табандары мен шорошкалары, бұрғы бу жеткізгіштері – пісіру;

      21) Ротор күректері мен турбина статорлары – дәнекерлеу;

      22) Мұнай-газ құбырлары жыртылған жерлерін жою кезінде пісіру;

      23) Мұнай және газ ұңғымалары мен контур сыртын толтыру ұңғымаларын труба құбырлармен қаптамалау – пісіру;

      24) Импульсті турбиналар мен қазандардың проводкалары – пісіру;

      25) Қос қабатты болаттан және басқа да биметалдан жасалған резервуарлар мен конструкциялар – пісіру;

      26) Ашпалы нысандағы темірбетон конструкциялары арматурасының стерженьдері – пісіру;

      27) Металл және темірбетон көпірлердің аралық құрылыстары – пісіру;

      28) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары бу қазандардың трубалық элементтері – пісіру;

      29) Қысымды труба құбырлары, спиральді камералар, гидроэлектр стансалары турбиналарының жұмыс доңғалағының камералары Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың трубалық элементтері – пісіру;

      30) Орта және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде пісіру;

      31) І және ІІ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ І және ІІ санаттағы бу және су құбырлары – пісіру.

Автоматты және жартылай автоматты машиналардағы электр дәнекерлеуші
214. Автоматты және жартылай автоматты машиналардағы
электр дәнекерлеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті және конструкциондық болаттан жасалған қарапайым тораптарды, бөлектер мен конструкцияларды автоматты және механикаландырылған пісіру. Автоматты электр шлакты пісіруге арналған қондырғылар мен арнаулы конструкциядағы автоматтарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары электрмен пісірушінің басшылығымен орындау. Бөлшектерді, бұйымдар мен конструкцияларды жартылай автоматтармен барлық кеңістік жағдайларында қармап алу. Металды пісіруге дайындау. Бөлшектер мен құйма ақауларын балқымамен қаптау. Бөлшектер мен бұйымдарды автоматты және механикаландырылған пісіруге тазалау. Бөлшектер мен бұйымдарды айлабұйымдарға орнату. Электродты сымды әзірлеу. Қарапайым сызбаларды оқу.

      Білуге тиіс: қолданылатын электрмен пісіретін автоматтар мен жартылай автоматтардың жұмыс қағидатын, қолданылатын қоректендіру көздерін, сызбалардағы пісірме жік белгілерінің типтерін, металды пісіруге дайындау ережесін, электродты сымды, флюстерді, қорғану газын, қолдану шарттарын және пісірілетін металдар мен балқымалардың қасиеттерін, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану шарттарын, автоматты және механикаландырылған пісіруді қолдану нысанын және ережесін, пісіру кезінде металл деформацияларының туындау себептерін және оның алдын алу тәсілдерін.

      Жұмыс үлгілері.

      Жартылай автоматты машиналарда:

      Дәнекерлеу.

      1) Жүк вагондары тежегіш алаңының каркасы мен бөлшектері және жолаушы вагондары терезе каркастары;

      2) Рульдің басқару каркасы;

      3) Қоршау қаптауы және ауылшаруашылығы машиналарының жүктемесі төмен басқа да тораптары;

      4) Жатка кронштейндері, тежегішті басқару валиктері;

      5) Автосамосвал рама асты кронштейндері;

      6) Салмалар мен рессор төсемдері;

      7) Көлемі шағын металл опоктар;

      8) Планкалар, скобалар, кеменің труба құбырларын, электр аппаратурасын, электр сымдарын бекітуге арналған қамыттар;

      9) Трансформатор бактарының рамалары;

      10) Іргетастар, ұсақ тораптар.

Қоса пісіру және пісірмелеу

      1) Люлька балкалары, тұтас металл вагондар мен вагон секцияларының рессор асты мен рессор үстіндегі брустары - күшейткіш бұрыштарды, бағыттаушы және орталандырушы сақиналарды қосып пісіру;

      2) Прокат балкалары - нүктелері мен қармаушы жолақтарды белгілер бойынша пісірмелеу;

      3) Платформа рамалары мен металл жартылай вагондардың диафрагмалары – қабырғаларын қосып пісіру.

215. Автоматты және жартылай автоматты машиналардағы
электр дәнекерлеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті және конструкциондық болаттан жасалған күрделілігі орташа аппараттарды, тораптарды, бөлшектер мен конструкциялар мен труба құбырларды барлық кеңістік жағдайларында, плазмотронды пайдалана отырып автоматты және механикаландырылған пісіру. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды балқыма қаптау. Автоматты микроплазмалы пісіру. Электр күшімен автоматты пісіруге арналған қондырғыларға және конструкцияларды пісіру кезінде автоматтарға қызмет көрсету.

      Білуге тиіс: қолданылатын пісіру автоматтарының, жартылай автоматтардың, плазмотрондар мен қоректендіру көздерінің құрылымын, пісіру материалдарының қасиеттері мен нысанын, пісірме жіктерді бақылаудың негізгі түрлерін, пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын, пісіру режимін берілген параметрлер бойынша белгілеу ережесін.

      Жұмыс үлгілері.

      Автоматты машиналарда:

      Дәнекерлеу

      1) Қысымсыз жұмыс істетін ыдыстар мен сыйымдылық аппараттары;

      2) Автомобильдердің кардан валдары;

      3) Артқы мостының жарты ось қаптамасы;

      4) Автомобильдердің доңғалақтары;

      5) Ұшақтың шасси подкостары, жарты осі мен стойкалары;

      7) Аралық жиынтығының палубалардың, көміртегі аз және төмен легирленген болаттан жасалған қоршамалардың таврлы қосындылары;

      8) Ірі станоктардың станиналары;

      9) Аралық жиынтығының палубалардың, секциялардың, көміртегі аз және төмен легирленген болаттан жасалған қоршамалардың жіктері мен паздары;

      10) Ү санаттағы технологиялық труба құбырлары;

      11) Автомобиль цистерналары;

      12) 2-санаттағы жіктер – микроплазмалы пісіру.

      Жартылай автоматты машиналада:

      Дәнекерлеу.

      1) Битерлік және кесетін барабандар, трактор тіркемесінің алдыңғы және артқы осьтері, комбайнның оталғышы мен рамалары, хедерлер, шнектер) Жаткалар, граблина мен мотоайыр;

      2) Вагондардың бүйірлері, өтпе алаңдары, басқыштары, каркасы мен қаптамалары;

      3) Рейд буйлары мен бөшкелері, артщиттері мен понтондары;

      4) Жүк вагондарының қрап каркасы бөлшектері;

      5) Щиттердің және басқару пульттерінің каркастары;

      6) Тірек катоктары;

      7) Жиынтық қаптау, жылу қазандары;

      8) Есіктердің, люктердің, мойын комингстері;

      9) Артқондырғы конструкциялары, тораптары, бөлшектері;

      10) Жарылыс қаупі бар, электр аппаратурасының корпустары;

      11) Автосамосвал қораптары;

      12) Шағын көлемді станок станиналары;

      13) Стойкалар, бункер торлары, өтпе алаңдар, баспалдақтар, қоршау ұстауыштары, төсемдер, қазан қаптамалары;

      14) Биіктігі 30 м дейінгі түтін трубалары және көмірттекті болат парақтан жасалған желдеткіштер;

      15) Қазандықтардағы түтін-ыс байланыс трубалары және бу жылытқыш трубалары;

      16) Суға арналған қысымсыз труба құбырлары (магистральдіктен басқа);

      17) сумен қамтамасыз ету және жылуландыру сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – стационарлық жағдайларда пісіру;

      18) Электр муфталар.

      Дәнекерлеу және балқыма қаптау.

      1) Бу балғаларының бойкалары мен шаботтары – балқыма қаптау;

      2) Электр машиналарының валдары – мойындарына балқыма қаптау;

      3) Жүк автомобильдері тежегішінің колодкалары, қаптаулар, жартылай осьтер - пісірмелеу;

      4) Жүк көтеру крандары – скаттарына балқыма қаптау;

      5) Тепловоз рамалары - кондукторларды, төсем табақтарын, бөлшектерді пісірмелеу;

      6) Шестернялар – тістерге балқыма қаптау.

216. Автоматты және жартылай автоматты машиналардағы
электр дәнекерлеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті және конструкциондық болаттан, шойыннан, түсті металдардан және балқымалардан жасалған күрделі аппараттарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын плазмотронды пайдалана отырып автоматты және механикаландырылған пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты пісіру. Түсті металдардан және балқымалардан жасалған ыстық қақталған жолақтарды біліктілігі анағұрлым жоғары электрмен пісірушінің басшылығымен қорғану газдары ортасында автоматты пісіру. Машиналардың, механизмдер мен конструкциялардың бөлшектері ақауларына балқыма қаптау. Күрделі тораптарды, бөлшектер мен құралдарды балқыма қаптау. Күрделі пісірме металл конструкциялардың сызбаларын оқу.

      Білуге тиіс: әртүрлі пісіру автоматтарының, жартылай автоматтардың, плазмотрондар мен қоректендіру көздерінің құрылымын, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, пісірме жіктерді сынау тәсілдерін, пісіру материалдарының маркалары мен типтерін, пісірме жіктердегі ақау түрлерін және олардың алдын алу әрі жою жолдарын, пісіру режимінің пісірме жік геометриясына әсерін, пісірілетін металдардың механикалық қасиеттерін.

      Жұмыс үлгілері.

      Автоматты машиналарда:

      Дәнекерлеу.

      1) Қуатты бірегей трансформаторлардың бактары;

      2) Жүк көтергіштігі 30 т. кем аралық көпірлі крандардың балкалары;

      3) Парақ металдан жасалған құрылыс және технологиялық конструкциялардың блоктары: ауа жылытқыштар, скрубберлер, домна пештерінің қаптаулары, сепараторлар, реакторлар, домна пештерінің газ жолдары және т.б.;

      4) Ұстындар, бункерлер, балкалар, эстакадалар;

      5) Корпустар, траверстер, пресс және балға тұғырлары;

      6) Жиынтық: шпангоуттар, стрингерлер, кильдер және т.б.;

      7) Алюминий-магний балқымаларынан жасалған рубка қондырмасы;

      8) Сыртқы қаптама, екінші түп төсемі, бас палуба - стеллажда пісіру;

      9) Палублара, платформалар;

      10) Адымдаушы экскаватор агрегаттарына арналған іргетас тақталары;

      11) 1-санаттағы герметикалық жіктер – микроплазмалы пісіру.

      Дәнекерлеу және балқыма қаптау.

      1) Прокат стандарының валкалары, бандаждар – балқыма қаптау;

      2) Кеме корпусы мықты переборкаларына арналған жиынтықтар - балқыма қаптау;

      3) Торлар, колпактар, таратып бөлу қораптары – балқыма қаптау.

      Жартылай автоматты машиналарда:

      Дәнекерлеу.

      1) Қысымсыз жұмыс істейтін аппараттар, ыдыстар мен сыйымдылықтар;

      2) Трансформатор бактары;

      3) Қазандық оттықтарының гарнитурасы мен корпустары;

      4) Шойыннан жасалған бөлшектер;

      5) Турбина жұмыс доңғалақтарының камералары;

      6) Өнеркәсіптік пештер мен қазандықтардың каркастары;

      7) Газ шығарушы труба коллекторы;

      8) Ұстындар, бункерлер, стропила және стропил асты фермалары, балкалар, эстакадалары;

      9) Гидравликалық турбина реттеуші сақиналары;

      10) Жатка жетекші доңғалақтарының корпусы мен мостылары;

      11) Диаметрі 3500 мм дейінгі ротор корпустары;

      12) Қуаты 25000 квт дейінгі турбина стопор клапандарының корпусы;

      13) Труба құбырларына арналған бекітпелер мен тіректер;

      14) Тепловоз тіркемесінің кронштейндері мен шкворнялық бекітпелері;

      15) Қалыңдығы жоғары парақтар (броня);

      16) Мачталар, бұрғылау және пайдалану мұнаралары – стационарлық жағдайда пісіру;

      17) Екінші түп төсеміне және сыртқы қаптамаға көлемді секциялардағы бойлық және көлденең жиынтықтар;

      18) Мотордың төменгі картерлері;

      19) Палубалар мен платформалар;

      20) Ірі электр машиналарының іргетас тақталары;

      21) Шаң,газ, ауа құбырлары, жылу беру және электр сүзгі тораптары;

      22) Транспортер рамалары;

      23) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб.м. дейінгі резервуарлар;

      24) Металл қоныштар;

      25) Жармалауыш станиналары;

      26) Пісірілген-құймалы электр машиналарының станиналары мен корпустары;

      27) Ірі шойын станоктардың станиналары;

      28) Ауамен салқындатылатын турбогенераторлардың статорлары;

      29) Сумен және жылумен газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде пісіру;

      30) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – стационарлық жағдайларда пісіру;

      31) Ү санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары;

      32) Автомобиль цистерналары.

      Дәнекерлеу және балқыма қаптау.

      1) Шойыннан жасалған бөлшектер, букс қақпақтары – балқыма қаптау;

      2) Турбиналардың жұмыс доңғалақтарының камералары, буксасты стрункалар – балқыма қаптау;

      3) Компрессор корпустары, ауа компрессорларының төменгі және жоғары қысымды цилиндрлері – жарықтарды балқыма қаптау;

      4) Рельстер мен құрастырмалы крестовиналар – ұштарын балқыма қаптау;

      5) Прокат стандарды жұмыс кілеттерінің станиналары – балқыма қаптау;

      6) Автомашина блоктарының цилиндрлері – раковиналарды балқыма қаптау).

217. Автоматты және жартылай автоматты машиналардағы
электр дәнекерлеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, шойыннан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделі аппараттарды, тораптарды, бөлшектер мен конструкциялар мен труба құбырларды плазмотронды пайдалана отырып автоматты және механикаландырылған пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен жұмыс істейтін және күрделі конфигурациялы әртүрлі күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істейтін құрылыс және технологиялық конструкцияларды плазмотронды пайдалана отырып механикаландырылған пісіру. Күрделі құрылғылар мен кантовательдерде пісіру. Түсті металдар мен балқымалардан жасалған ыстық қақталған жолақтарды балқымайтын электродпен қорғану газымен автоматты пісіру. Машиналардың, механизмдер мен конструкциялардың ақауларын пісірмелеу. Күрделі бөлшектер мен тораптарды балқыма қаптау.

      Білуге тиіс: пісіру автоматтарының, жартылай автоматтардың, плазмотрондар мен қоректендіру көздерінің электр сызбалары мен құрылымын, жоғары легирленген болатты қоса, пісірілетін металдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін, балқыма қапталған металдың механикалық қасиеттерін, жік түсірудің технологиялық кезеңділігі мен пісіру режимін, пісірме жіктердегі ақау түрлерін оларды жою шараларын, жауапты пісірме жіктерді бақылау және сынау тәсілдерін.

      Жұмыс үлгілері.

      Автоматты машиналарда:

      Дәнекерлеу.

      1) Мартен цехтары жұмыс алаңдарының балкалары, металлургия кәсіпорындары бункерлік және жүк түсіру эстакадаларының конструкциялары, жұмыс режимі ауыр крандардың кран асты балкалары, адымдаушы экскаватор бұрмалары;

      2) Иін және есу біліктері;

      3) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб.м. жоғары резервуарлар;

      4) Сыйымдылықтар мен сфериялық және тамшы пішіндес жабындар;

      5) Сыйымдылықтар, қалпақтар, сфералар мен вакуумды криогенді труба құбырлары;

      6) Аммиак синтезі ұстындары;

      7) Жеңіл алюминий-магний балқымаларынан жасалған конструкциялар;

      8) Сутекті және сутегі-сумен салқындатылатын ірі турбо-генераторлардың статор корпусы;

      9) Қос қабатты болаттан және басқа да биметалдан жасалған резервуарлар мен конструкциялар;

      10) Сүңгуір қайықтардың рубкалары мен аз магнитті болаттан жасалған басқа да конструкциялар;

      11) Станиналар, рамалар мен ұста-пресс жабдығының басқа да тораптары;

      12) Ұшақ шассилдерінің стойкалары мен цилиндрлері;

      13) Металл көпірлердің аралық құрылғылары;

      14) Қысыммен жұмыс істейтін, арнаулы болаттан жасалған корпустық конструкциялардың жіктері;

      15) Алюминий балқымаларынан жасалған монтаждық корпус жіктері;

      16) Кеме жасаудағы таттанбайтын, титаннан және басқа да балқымалардан жасалған айналмайтын құбырлар мен арнаулы конструкциялардың жіктері;

      17) І-ІҮ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ І-ІҮ санаттағы бу және су құбырлары;

      18) Ірі габаритті шпангоуттар.

      Жартылай автоматты машиналарда:

      Дәнекерлеу.

      1) Қысыммен жұмыс істейтін, және қысымсыз жұмыс істейтін легирленген болаттан жасалған аппаратура мен ыдыстар;

      2) Көтергіш темірбетон конструкцияларының арматурасы: іргетастар, ұстындар, аражабындар;

      3) Қуатты бірегей трансформаторлардың бактары;

      4) Кран тіркемелерінің балкалары мен траверстері және балансирлер;

      5) Жүк көтергіштігі 30 т. кем көпірлі крандардың аралық балкалары;

      6) Жалды, шкворнялы, буферлі балкалар, локомотив пен вагон тіркемелерінің рамалары;

      7) Қысымы 4,0 ПМа (38,7 атм) қазандардың барабандары;

      8) Парақ металдан жасалған құрылыс және технологиялық конструкциялардың блоктары: ауа жылытқыштар, скрубберлер, домна пештерінің қаптаулары, сепараторлар, реакторлар, домна пештерінің газ жолдары және т.б.;

      9) Цилиндр блоктары мен дизельдердің су коллекторлары;

      10) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб)м) және одан жоғары газгольдерлер мен резервуарлар – цех жағдайларында пісіру;

      11) Газ, мұнай өнімдері құбырлары – стеллеаждарда пісіру;

      12) Жоғары температурада жұмыс істейтін мартен пештеріне арналған кессондар;

      13) Ұстындар, бункерлер, стропилалар және стропила асты фермалар, балкалар мен эстакадалар;

      14) Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тіректері конструкциялары;

      15) Кескі, тиеу машиналарының, көмір комбайндары мен шахта электровоздарының корпустары;

      16) Престер мен балғалардың ұш корпустары, траверстері, негіздемелері мен басқа да күрделі тораптары;

      17) Диаметрі 3500 мм. жоғары ротор корпустары;

      18) Қуаты 25000 квт. Жоғары турбиналардың стопор клапаны корпустары;

      19) Гидравликалық турбиналардың қақпақтары, статорлары мен қалақ қаптамалары;

      20) Есу винттерінің қалақтары – ступицаға пісірмелеу;

      21) Бұрғы және пайдалану мачталары, мұнаралары;

      22) Бұрғы мұнаралары асты негіздемелері мен жоғары легирленген бұрғы трубаларынан жасалған үш дизельді жетектер;

      23) Адымдаушы экскаваторға арналған іргетас тақталары;

      24) Түсті металдар мен балқымалардан жасалған ыстық қақатаулы жолақтар;

      25) Автомобильдердің, дизельдердің және ауыл шаруашылығы машиналарының рамалары мен тораптары;

      26) Шкворня және локомотивтердің дизель асты рамалары;

      27) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб.м. жоғары және 5000 куб м. төмен резервуарлар;

      28) Металл қоныштар;

      29) Көтергіш темір бетон конструкциялары элементтерінің шықпа жіктері;

      30) Қысымы 4,0 ПМа (38,7 атм) дейінгі бу қазандардың труба элементтері;

      31) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары;

      32) От және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – стационарлық жағдайларда пісіру;

      33) ІІІ және ІҮ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ, ІІІ және ІҮ санаттағы (топтағы) су мен бу труба құбырлары;

      34) Шиналар, ленталар, соларға түсті металдан жасалған компенсаторлар.

      Дәнекерлеу және балқыма қаптау.

      1) Домна пештерінің толтыру аппараттары, прокат стандарының валкалары – балқыма қаптау;

      2) Есу винттері, турбина қалақтары, қозғағыш цилиндрінің блоктары – ақауларына балқыма қаптау.

218. Автоматты және жартылай автоматты машиналардағы
электр дәнекерлеуші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, шойыннан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, оның ішінде титанды күрделі аппараттарды, тораптарды, бөлшектер мен конструкциялар мен труба құбырларды автоматтарда, көпдоғалы және көпэлектродты автоматтарда және теледидарлық, фотоэлектронды және басқа да арнаулы құрылғылармен жарақталған автоматтарда, автоматты манипуляторларда (роботтарда) автоматты пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен жұмыс істейтін аппараттарды, тораптарды, труба құбырлары конструкцияларын, құрылыс және технологиялық конструкцияларды пісірме жіктерді төбедегі жағдайда және тік жазықтықта орындау кезінде механикаландырылған пісіру. Пісірімділігі шектеулі металдар мен балқымалардан, сондай-ақ титаннан және титан балқымасынан жасалған тәжірибелік конструкцияларды пісіру. Блоктап жасалған конструкцияларды пісірме жіктің әртүрлі кеңістік жағдайларында пісіру.

      Білуге тиіс: электрмен пісіру автоматтары мен жартылай автоматтардың, плазмотрондар мен машиналардың құрылымын, күрделі автоматтардың, плазмотрондар мен машиналардың электр және кинематикалық сызбаларын, олардың неғұрлым ықтимал ақауларының себептерін, оларды жою тәсілдерін, жауапты конструкциялардың пісірме қосындыларын сынаудың әдістері мен тәсілдерін, электронды басқару жүйелерінің принциптік құрылымын, роботтарды үйрету ережесін және роботтехникасы кешендерімен жұмыс істеу ережесін, коррозия түрлерін және оларды туындататын факторларды, пісірілетін бұйымдарды арнаулы сынамалау әдістерін және олардың әрқайсысының нысанын, пісірме жіктердің металлографиясы жөніндегі негіздерді.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Жүк көтергіштігі 30 т. және одан жоғары көпірлі крандардың аралық балкалары;

      2) Мартен цехтары жұмыс алаңдарының балкалары, металлургия кәсіпорындары бункерлік және жүк түсіру эстакадаларының конструкциялары, жұмыс режимі ауыр крандардың кран асты балкалары, адымдаушы экскаватор бұрмалары;

      3) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары қазандардың барабандары;

      4) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 5000 куб.м. және одан жоғары газгольдерлер мен резервуарлар – монтаж кезінде пісіру;

      5) Газ, мұнай өнімдері магистральдік құбырлары – монтажда және жыртықтарды жою кезінде пісіру;

      6) Сыйымдылықтар мен сфериялық және тамшы пішіндес жабындар;

      7) Сыйымдылықтар, колпактар, сфералар мен вакуумді криогенді труба құбырлары;

      8) Аммиак синтезі ұстындары;

      9) Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тіректерінің конструкциялары;

      10) Бу турбинадарының бу қораптары;

      11) Сутекті және сутегі-сумен салқындатылатын ірі турбогенераторлардың статор корпусы;

      12) Ауыр дизель қозғағыштары мен престердің корпустары;

      13) Кемелердің бу қазандары;

      14) Бұрғы долоттарының табандары мен шорошкалары, бұрғылау бу жетектері;

      15) Мұнай және газ ұңғымаларын және контурдан тыс толтыру ұңғымаларын труба құбырларымен байламдау;

      16) Қос қабатты болаттан және басқа да биметалдан жасалған резервуарлар мен конструкциялар;

      17) Ашпалы нысандағы темірбетон конструкциялары арматурасының стерженьдері;

      18) Металл және темірбетон көпірлердің аралық құрылыстары;

      19) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары бу қазандардың трубалық элементтері;

      20) Қысымды труба құбырлары, спиральді камералар, гидроэлектр стансалары турбиналарының жұмыс доңғалағының камералары;

      21) Орта және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары;

      22) І және ІІ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ І және ІІ санаттағы бу және су құбырлары.

      Дәнекерлеу және балқыма қаптау.

      1) Бұрғы трубалары мен муфталарының құлыптары – қос жікпен пісіру;

      2) Газ турбо компрессорлардың, бу турбиналарының, қуатты ауа үрлеуіштердің жұмыс доңғалақтары – қалақтар мен күректерді қосып пісіру.

Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші
219. Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді, бұйымдар мен конструкцияларды пісірме жіктің барлық кеңістіктік жағдайларында қармап алу. Қарапайым бөлшектерді пісірме жіктің төмен және тік жағдайларында қоламен доғалы және плазмалы пісіру, қарапайым бөлшектерді балқыма қаптау. Бұйымдар мен тораптарды пісіруге дайындау және пісіргеннен кейін жіктерді тазалау. Қорғану газымен пісіру кезінде пісірме жіктің арғы бетінің қорғалуын қамтамасыз ету. Бұйымдар мен бөлшектерді пісіру алдында қыздыру. Қарапайым сызбаларды оқу.

      Білуге тиіс: электрмен пісіру машиналарының және ауыспалы және тұрақты ток жағдайларында доғалы пісіруге арналған аппараттардың құрылымы мен жұмыс қағидатын, қармап алудың тәсілдері мен негізгі жолдарын, жіктерді пісіруге бөлу нысандарын, баллондардың құрылымын, олардың түрін, бояуын және жұмыс істеу ережесін, қорғану газымен пісіру ережесін және пісіру кезінде қорғануды қамтамасыз ету ережесін, электрмен пісіру аппараттарына қызмет көрсету ережесін, пісірме қосындылар мен жіктердің түрлерін, бұйым жиегін пісіруге дайындау ережесін, сызбалардағы пісірме жіктердің типтерін мен белгілерін, қолданылатын электродтардың және пісірілетін металл мен балқымалардың негізгі қасиеттерін, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану шарттарын, пісіру кезінде ақаулардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын, қорғану газымен балқымайтын электродпен пісіруге арналған оттықтардың құрылымын.

      Жұмыс үлгілері

      1) Трансформатор бактары – қабырғаларын автоматты пісірумен пісірмелеу;

      2) Люлька балкалары, тұтас металл вагондар мен электр стансаларының рессор асты мен рессор үстіндегі брустары - күшейткіш бұрыштарды, бағыттаушы және орталандырушы сақиналарды қосып пісіру;

      3) Прокат балкалары - нүктелері мен қармаушы жолақтарды белгілер бойынша пісірмелеу;

      4) Бойкалар, бу балғаларының шаботтары – балқыма қаптау;

      5) Платформа және металл жартылай вагондардың рама диафрагмалары мен жолаушылар вагондарының терезе каркастары – пісіру;

      6) Балалар орындығының, табуретканың, жылыжайдың каркастары - пісіру;

      7) Қоршау қаптаулары мен ауылшаруашылығы машиналарының басқа да жүктемесі аз тораптары – пісіру;

      8) Жатка кронштейндері, тормозды басқару валиктері – пісіру;

      9) Автосамосвалдардың рама асты кронштейндері – пісіру;

      10) Автосамосвал салмалары мен төсемдері – пісіру;

      11) Болат опоктар, автосамосвал салмалары мен төсемдері – пісіру;

      12) Трансформатор бактарының рамалары – пісіру;

      13) Кереует матрацтарының рамалары, панцирлі және ромбылы торлар – пісіру;

      14) Қарапайым кескілер – тез кескіш пен қатты балқыманы қаптау;

      15) Болат және шойын ұсақ құймалар - өңделмейтін жерлердегі раковиналарды балқыма қаптау.

      Электр доғалы пісіру.

      1) Бобышкалар, втулкалар, стакандар – қармап алу;

      2) Жабдықты, изоляцияны бекіту бөлшектері, технологиялық ұштар, тарақтар, уақыт планкалары, бобышкалар – көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған конструкцияларға қосып пісіру;

      3) Сынамаға жатпайтын конструкциялар – стендідегі жиынтықты және төмен жағдайда қосып пісірмелеу;

      4) Жеңіл арақабырғаларға және қоршамаларға жиынтықтар – алдын ала құрастыру учаскесінде пісірмелеу;

      5) Тақталар, стойкалар, бұрыштар, каркастар, қалыңдығы 3 мм) жоғары металдан жасалған қарапайым фланецтер – қармап алу;

      6) Алаңшалар мен траптар – валиктерді балқыма қаптау;

      7) Стеллаждар, жәшіктер, щиттер, жолақтар мен бұрыштамалардан жасалған рамкалар – қармап алу;

      8) Таврлы тораптар және көмекші механизмдер асты іргетастарын тазалау – пісіру.

      Қорғану газымен пісіру.

      1) Жауапты конструкциялардың пісірме жіктері – пісіру процесінде пісірме жікті қорғау.

220. Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті болаттан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды және конструкциондық болаттан, түсті металл мен балқымалардан жасалған қарапайым бөлшектерді төбедегіден басқа, барлық кеңістік жағдайларында қолмен доғалы және плазмалы пісіру. Қолмен доғалы оттегімен кесу, төмен көміртекті, легирленген, арнаулы болаттардан, шойыннан және түсті металдардан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді әртүрлі жағдайларда жону. Тозған қарапайым құралдарды, көміртекті және конструкциондық болаттан жасалған бөлшектерді балқыма қаптау.

      Білуге тиіс: қолданылатын электр пісіру машиналары мен пісіру камераларының құрылымын, пісірме жікке және оттегімен кескеннен кейін бет қабатына қойылатын талаптарды, электрод жақпаларының қасиеттері мен мәнін, пісірме жіктерді бақылаудың негізгі түрлерін, болаттың маркасына қарай электрод маркасын іріктеу тәсілдерін, пісірілетін бұйымдарда пайда болатын ішкі кернеулер мен ақаулардың себептерін және олардың алдын алу шараларын.

      Жұмыс үлгілері

      1) Битерлік және кесу барабандары, трактор тіркемесінің алдыңғы және артқы осьтері, комбайн рамалары, хедерлер, шнектер, граблина мен мотовилары – пісіру;

      2) Теміржол вагондарының бүйірлері, өтпе алаңдары, аяқ салғылары, каркастары мен қаптамалары – пісіру;

      3) Буилар мен рейд бөшкелері, артщиттері мен понтондары – пісіру;

      4) Электр машиналарының валдары – мойындарын балқыма қаптау;

      5) Жүк вагондары қорабы каркасының бөлшектері – пісіру;

      6) Кулистік механизм бөлшектері – мойындарын балқыма қаптау;

      7) Щиттер мен басқару пульттерінің каркастары– саңылауларды балқыма қаптау;

      8) Тірек катоктары – пісіру;

      9) Килькоблоктар – пісіру;

      10) Жинақтағы қаптаулар, жылыту қазандары – пісіру;

      11) Жүк автомобильдері тежегішінің колодкалары, қаптаулар, артқы мост жартылай осьтері – пісірмелеу;

      12) Артқондырғы конструкциялары, тораптары, бөлшектері – пісіру;

      13) Жарылыс қауіпті электр аппаратура корпусы – пісіру;

      14) Жүк көтеру крандары – скаттарды балқыма қаптау;

      15) Автосалон қораптары - пісіру;

      16) Тепловоз рамалары кондукторларды, төсем парақтарды, бөлшектерді қосып пісіру;

      17) Фасонды кескілер мен қарапайым штампылар – пісіру;

      18) Шағын станок станиналары – пісіру;

      19) Стойкалар, бункер торлары, өтпе алаңдар, баспалдақтар, қоршаулар, төсемдер, қазан қаптамалары – пісіру;

      20) Суға арналған қысымсыз труба құбырлары (магистральдіктен басқа) – стационарлық жағдайларда пісіру;

      21) Сумен қамтамасыз ету және жылу беру сыртқы және ішкі желі трубалары – стационарлық жағдайларда пісіру;

      22) Биіктігі 30 м, дейінгі түтін трубалары мен көміртекті парақ болаттан жасалған желдеткіш трубалары – пісіру;

      23) Ысытылған трубалар – бурттарды балқыма қаптау;

      24) Қазандардағы түтін-ыс байламды трубалар мен бумен қайта жылыту трубалары - пісіру;

      25) Шестернялар – тістеріне балқыма қаптау.

      Электр доғалы пісіру

      1) Кеңейткіш бактар – пісіру, трубаларды қосып пісіру;

      2) Бактар, труба құбырлары, ыдыстар, көміртекті және төмен легирленген болаттан су құюға арналған сыйымдылықтар – пісіру;

      3) Буилар мен рейд бөшкелері, артщиттері мен понтондары – пісіру;

      4) Валиктер, втулкалар–төменгі жағдайда балқыма қаптау;

      5) Электр мотор валдары мен станиналары – раковиналар мен жарықтарды пісірмелеу;

      6) Бас таратып бөлу щиттерінің бет панельдеріне арналған втулкалар - кондукторға қосып пісіру;

      7) Жеңіл қоршамалар – стапельде өзара және ішкі конструкцияларға пісіру;

      8) Есіктер, өтпелі люк қақпақтары - пісіру;

      9) Есіктер өтпелі, люк қақпақтары - пісіру;

      10) Таратып бөлу щиттерінің бөлшектері: қалпақшалар, ауыстырғыштар, науашалар, ілмектер, бөшкелер, стойкалар, шпилькалар – корпусқа, каркасқа немесе қақпаққа қосып пісіру;

      11) Кеме механизмдерінің бөлшектері - құрастыру жұмыстары кезінде парақ жиектері мен басқа да бөлшектерді балқыма қаптау;

      12) Көміртекті болаттан жасалған қалыңдығы 3 мм және одан жоғары ұсақ бөлшектердің, іргетастардың бөлшектері - пісіру;

      13) Газ турбиналы қондырғылардың компенсатор диффузорлары, іргетас рамалары – бөлшектерді қармап алу;

      14) Бас және көмекші қазандардың түтін жолдары мен түтін құбырлары – тік және бойлық жіктерді пісіру, қатаңдық қабырғаларын қосып пісіру;

      15) Кабель салуға арналған тік және бұрыштық науалар – қашықтықтан басқару трассасының бойымен пісірмелеу;

      16) Мөртабандарға арналған дөңгелек дайындамалар - пісіру;

      17) Құлыптар: барашкалы, регильлі, рычагты, шпингалетті – қоспаны және қабаттық қоспаларды пісіру;

      18) Жабдықты монтаждау кезіндегі тігінді – төмен жағдайда пісіру;

      19) Жеңілдетілген иллюминаторлар - пісіру;

      20) Су камералары, компенсаторлардың қаптаулары, рамалар, қоректендіру агрегаттары - пісіру;

      21) Бытыра ұшқын қондырғыларына арналған камералар, бытыра ағындық аппараттарға арналған броньді қорғану - пісіру;

      22) Утильдеуші қосалқы қазандар мен ауа жылытқыштардың каркасы мен қаптамалары - пісіру;

      23) Тұрмыстық бөлме каркастары, төсектер – көлемді тораптарға пісіру;

      24) Токты таратып бөлу құрылғыларының каркастары мен есік қаптамалары - пісіру;

      25) Каркастар, кронштейндер, балкалар мен қарапайым конструкциялы аспап рамалары - пісіру;

      26) Каркастар, төсектер мен ірі тораптарды құрастыруға арналған басқа да жарақтар – көлемді тораптарға пісіру;

      27) Фотосызбаларға, пеналдарға, қосалқы сақтандырғыштарға, жүзбелі салмаларға арналған қалталар – токты таратып бөлу құрылғыларына қосып пісіру;

      28) Электр көпірлі кранның катоктары – балқыма қаптау;

      29) Кильблоктар мен стапельге арналған кілеттер - пісіру;

      30) Көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған қалыңдығы 2 мм жоғары қаптамалар, науалар, панельдер мен поддондар - пісіру;

      31) Сөгілме сақиналар, противовестер, сөгілме балкалар – технологиялық непромермен ОК қосып пісіру;

      32) Қақпақтардың, есіктердің, люктердің комингстері, мойнақтары, торлары - пісіру;

      33) Көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған корпустық пісірме конструкциялар – барлық кеңістік жағдайларында ауамен-доғалы жону (уақытша элементтерді жою, пісірме жіктердің ақаулы учаскелерін балқыту, жиектерді өңдеу);

      34) АК және ЮЗ болаттарынан жасалған негізгі корпус конструкциялары – монтаждау жіктері бойынша электр қармап алу;

      35) Жоғары қысымды турбина корпусы – қармап алу;

      36) Балласты бекіту – стапельде пісіру;

      37) Арнаулы жабын бекітпелері: шпилькалар, скобалар, тарақшалар – қосып пісіру;

      38) Су өткізбейтін қақпақтар - 0,1 ден 1,5 МПа (1-15 кгс/кв. см) қысыммен пісірмелеу;

      39) Герметикалық қорап қақпақтары – науаларын қосып пісіру;

      40) Жылжымалы дизельді электр стансаларының кузовтары, рамалары, рычагтар, бұрыштықтар - пісіру;

      41) Ашпалы парақтар, кеме құрылғылары – цехта пісіру;

      42) Жарық люк - корпусын пісіру және қақпақтарды қосу;

      43) Қондырмалар – жиынтықтарды қосып пісіру, палубаға пісіру;

      44) Қондырмалар – жиынтықтарды қосып пісіру, палубаға төмен және тік жағдайларда пісіру;

      45) Сыртқы корпус – бақылауға жатпайтын технологиялық өңдеулерді пісіру;

      46) Слесарлық корпусты толтыру - пісіру;

      47) Күрделі емес корпустық конструкциялар - электрлі ауамен жону (жік түптерін балқыма қаптау және уақытша бекітпелерді алып тастау);

      48) Борттар мен переборкалар бойынша изоляция торшалары – стапельде және жүзіп келе жатқанда пісіру;

      49) Торша – төбедегі жағдайда пісірмелеу;

      50) Каркас қаптаулары, беткі панельдер - конструкцияларға қосып пісіру;

      51) Алаңша қоршаулары, баспалдақ тұтқасының веерлі қоршаулары (шторм-тұтқалар, трап тұтқалары) - конструкцияларға қосып пісіру;

      52) Таратып бөлу щиттерінің тіректері, салмалары - пісіру;

      53) Төсем пайпалары - пісіру;

      54) Жеңіл переборкалар, қоршамалар – бекіту қабырғаларын төмен жағдайда қосып пісіру;

      55) Тік және бойлық переборкалар, палубы қоршамалары – тораптарды, полотноларды алдын ала құрастыру учаскесінде жіктер мен паздар бойынша төмен жағдайда пісіру;

      56) Төмен көміртекті болаттан жасалған руль құралдары - пісіру;

      57) Электр құралдарының планкалары, кницалары, қапсырмалары, стойкалары, труба аспалары, кабельдер, бекітпелер – стапелде пісірмелеу;

      58) Көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған электр құралдарының труба аспалары, кабелдер, бекітпелері, қапсырмалары, - пісіру;

      59) Тірек тұғырықтары, тумбалар, жиегі өңделмеген балкалар - пісіру;

      60) Кабель қораптарын құюға арналған арнаулы айлабұйымдар - втулканы валға қосып пісіру;

      61) Протекторлар - қосып пісіру;

      62) Күрделі конфигурациялы рамалар мен каркастар - пісіру;

      63) Ашпалы балкалар, сақиналар, крестовиналар – негізгі корпусына қосып пісіру;

      64) Диаметрі 10-нан 15 мм дейінгі трубалардан жасалған торлар - пісіру;

      65) Таспалар, ступицалар, муфталар - пісірмелеу және тістерін балқыма қаптау;

      66) Рульдер – құралдың тегіс бөлігін пісіру;

      67) Қапсырмалар, клещ, панель бекітпелері - пісіру;

      68) Қапсырма-тралдар, өтпелі көпіршелер, алаңшалар, фальшборттар, цифрлар, әріптер – стапельге қосып пісіру;

      69) Құжаттама сақтауға арналған стеллаждар - пісіру;

      70) Қалыңдығы 3 мм және одан жоғары парақ металдан жасалған қабырғалар – төмен және тік жағдайларда пісіру;

      71) Газбен кесу үстелдері, бөлшектер мен муфталарды, шихтаны тасымалдауға арналған жәшіктер - пісіру;

      72) Тік және еңіс траптар (болат), сатылар - пісіру;

      73) Камбуздың түтін жолы трубалары - пісіру;

      74) Қалыңдығы 2 мм жоғары көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған кеме желдеткішінің трубалары – пісіру;

      75) Ауаны бағыттаушы құрылғы, су қазандарының ауа жылытқыштары - пісіру;

      76) Леер, тиеу құрылғысы, шығырлар, ширатпалар - пісіру;

      77) Желдеткіш фланецтері - пісіру;

      78) Көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған іргетастар: қосалқы механизмдер, баллондар, шлюпка және швартовка құрылғылары, жабдық бектіпелері - пісіру;

      79) Сальник, пуансон, штампы ұштары, - металл конструкцияларға пісіру;

      80) Герметикалығы сынауды талап етпейтін цилиндрлер, патрубкалар, стакандар – бойлық және сақина жіктерін пісіру;

      81) Құлыпты шкафтар мен сейфтер - пісіру;

      82) Көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған шпангоуттар - алдын ала құрастыру учаскесінде қаптамаға пісірмелеу және пісіру;

      83) Қысымы 400 т дейінгі күрделілігі орташа штампылар - пісіру;

      84) Зәкірлер, ахтерштевиндер, форштевиндер – ақауларын пісірмелеу.

      Қорғану газдарында пісіру.

      1) Алюминий, мыс және басқа жа балқымалардан жасалған пісірме тораптарға жиналған бобышкалар, түптер, крестовиналар, арақабырғалар, планкалар, стакандар, бұрыштықтар, фланецтер, штуцерлер - қармап алу;

      2) Жеңіл қоршамалар, балқымалардан жасалған платформалар - өзара пісіру және стапельде ішкі конструкцияларға қосып пісіру;

      3) Мыс және мыс-никель балқымаларынан жасалған бекітпе гильзалары - бобышкаларды, өскіндерді пісіру;

      4) Түсті балқымалардан жасалған жиһаз бен бұйымдарды бекіту бөлшектері – қосып пісіру;

      5) Металл қалыңдығы 3 мм жоғары алюминий балқымаларынан жасалған бөлшектер – қармап алу;

      6) Қазақ су құбырларының изоляция бөлшектері - пісіру;

      7) Қалыңдығы 6 мм алюминий балқымаларынан жасалған рама бөлшектері - пісіру;

      8) Қалыңдығы 3 мм жоғары алюминий балқымаларынан жасалған бұйымдар (қаптамалар, қаптаулар, науалар, панельдер, экрандар, поддондар, қораптар, корпустар, қақпақтар, каркастар, кронштейндер, әртүрлі тораптар) - пісіру;

      9) Қалыңдығы 1,5 мм дейінгі латуннан жасалған бұйымдар - хромдау үшін пісіру;

      10) Қысыммен жұмыс істейтін бұйымдар – пісіру процесінде жікті қорғау;

      11) Профильді металлдан, балқымалардан жасалған каркастар, кронштейндер, рамалар - пісіру;

      12) Бумен жылыту трассасындағы қаптаулар мен түсті металдардан жасалған электр кабельдері - пісіру;

      13) Көлемі 300 х 300 х 100 мм қораптар – қармап алу және пісіру;

      14) Металл жиһаз - пісіру;

      15) Алюминий балқымаларынан жасалған секциядағы жиынтықтар – орнату кезінде қармап алу;

      16) Конструкциялары күрделі емес, түсті металдан жасалған құймалар - раковиндер мен жарықтарды пісірмелеу;

      17) Түсті құймалар – ақауларын пісірмелеу;

      18) Планкалар, кассеталар, скоб-мостылар, пілмелер, ұштар мен басқа да құймалардан жасалған бұйымдар – қосып пісіру;

      19) Ілмелер, электр жабдығы тұғырлары – алдын ала құрастыру учаскесінде пісіру;

      20) Титаннан және оның балқымаларынан жасалған қарапайым бөлшектер - пісіру;

      21) Өткізбеушілігін гидросынауды талап етпейтін құймалардан жасалған резервуарлар - пісіру;

      22) Өткізбеушілігін гидросынау талап етілмейтін резервуарлар - пісіру;

      23) Түсті металдан жасалған леер құрылғылары (стойкалар, леерлер, қаптамалар, к жерге қосу ілмектері) - пісіру;

      24) Бас іргетастар, шпангоуттар, рубкалар, цистерналар - пісіру процесінде жікті қорғау;

      25) Шпилькалар, балқымалардан жасалған қапсырмалар – кеме конструкцияларына қосып пісіру.

221. Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық болаттан, шойыннан, түсті металл мен балқымалардан жасалған аппараттардың, тораптардың, конструкциялар мен труба құбырларының күрделілігі орташа бөлшектерін және көміртекті болаттан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптар мен конструкциялар мен труба құбырларын барлық кеңістік жағдайларында қолмен доғалы және плазмалы пісіру. Жоғары көміртекті, арнаулы болаттардан, шойыннан және түсті металдардан жасалған күрделі бөлшектерді қолмен оттегімен кесу (жону). Ысыған баллондар мен трубаларды, машиналардың, механизмдер мен конструкциялар бөлшектерінің ақауларын балқымамен қаптау. Күрделі бөлшектерді, тораптар мен күрделі құралдарды балқымамен қаптау. Күрделі пісірме металл конструкциялардың сызбаларын оқу.

      Білуге тиіс: әртүрлі электрмен пісіру аппаратурасының құрылымын, ауыспалы және тұрақты токпен пісіру және басқа да кесу ерекшеліктерін, бақыланатын атмосфералы камераларда бұйымдарды пісіру технологиясын, қолданылатын электр пісіру машиналары мен пісіру камераларының құрылымын, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, пісірме жіктерді сынау тәсілдерін, пісіру материалдарының маркалары мен типтерін, пісірме жіктердегі ақау түрлерін және олардың алдын алу әрі жою жолдарын, пісіру режимінің пісірме жік геометриясына әсерін, пісірілетін металдардың механикалық қасиеттерін.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Көміртекті болаттан жасалған, қысымсыз жұмыс істейтін аппараттар, ыдыстар, сыйымдылықтар - пісіру;

      2) Көтергіш темірбетон конструкцияларының арматурасы - пісіру;

      3) Трансформатор бактары-патрубкаларды қосып пісіру, шықпа қораптарды, суытқыш қораптарды, ток қондырғылары мен бак қақпақтарын пісіру;

      4) Руль баллерлері, есу валдарының кронштейндері – балқыма қаптау;

      5) Қазақ оттықтарының гарнитурасы мен корпустары - пісіру;

      6) Шойыннан жасалған бөлшектер - пісіру, қыздырумен және қыздырусыз балқыма қаптау;

      7) Гидравликалық турбиналардың жұмыс доңғалағы камералары - пісіру және балқыма қаптау;

      8) Өнеркәсіп пештері мен ДКВР қазандарының каркастары - пісіру;

      9) Мотор картерлері - пісіру;

      10) Газ шығару коллекторы мен трубалары – пісіру және пісірмелеу;

      11) Гидравликалық турбиналардың реттеуші сақиналары - пісіру және балқыма қаптау;

      12) Жатканың жетекші доңғалағының корпусы мен мостылары - пісіру;

      13) Компрессор корпустары, ауа компрессорларының төменгі және жоғары қысым цилиндрлері – жарықтарына балқыма қаптау;

      14) Диаметрі 3500 мм дейінгі ротор корпустары - пісіру;

      15) Қуаты 25000 кВт дейінгі турбина стопор клапандарының корпусы - пісіру;

      16) Труба құбырларына арналған бекітпелер мен тіректер - пісіру;

      17) Тепловоз тіркемесінің кронштейндері мен шкворня бекітпелері - пісіру;

      18) Үлкен қалың парақтар (броня) - пісіру;

      19) Мачталар, бұрғы және пайдалану мұнаралары - цех жағдайларында пісіру;

      20) Электр машиналарының ірі іргетас тақталары - пісіру;

      21) Ұшақ шассилерінің подкостары, стойка жартылай осьтері - пісіру;

      22) Шаң, газ, ауа құбырлары, жылу беру және электр сүзгі тораптары - пісіру;

      23) Кереует рамалары – төбедегіден басқа, барлық кеңістік жағдайларында бұрмалы кондукторда пісіру;

      24) Трансформатор рамалары - пісіру;

      25) Сыйымдылығы 1000 куб.м. дейінгі мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар - пісіру;

      26) Рельстер мен құрастырма крестовиналар – ұштарына балқыма қаптау;

      27) Жармалауыш станиналары - пісіру;

      28) Пісірме-құйма электр машиналарының станиналары мен корпустары - пісіру;

      29) Ірі габаритті шойын станоктардың станиналары - пісіру;

      30) Прокат стандары жұмыс кілеттерінің станиналары – балқыма қаптау;

      31) Ауамен салқындататын турбогенератор статорлары - пісіру;

      32) Сумен қамтамасыз ету және жылу беру сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде пісіру;

      33) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – стационарлық жағдайда пісіру;

      34) Технологиялық труба құбырлары (V санат) – пісіру;

      35) Фахверктер, байламдар, фонарьлар, прогондар, монорельстеры - пісіру;

      36) Фрездер мен күрделі штампылар – пісіру және тезкескі мен қатты балқыманы қаптау;

      37) Автомашина блоктарының цилиндрлері - раковиналарға балқыма қаптау;

      38) Автомобиль цистерналары – пісіру.

      Электр доғалы пісіру

      1) 1,5-нан 4,0 МПа (15-нан 40 кгс/кв.см дейінгі) қысыммен жұмыс істейтін көміртекті болаттан жасалған арматура, труб құбырлары, өскіндер, фланецтер, штуцерлер, баллондар, резервуарлар, цистерналар - пісіру;

      2) Крандар мен механизмдер тіркемелерінің балкалары мен траверздері - пісіру;

      3) Көміртекті болаттан жасалған баллондар, бактар, резервуарлар, цистерналар, сепараторлар, сүзгілер, буландырғыштар - 0,1-ден 1,5 Мпа дейінгі (1-ден 15 кгс/кв.см дейінгі) қысыммен пісіру;

      4) Жоғары қысымды баллон компрессорларының бобышкалары, фланецтер, наварыштері мен штуцерлері - пісіру;

      5) Банкеткалар, шахта корпустары, шығыр корпустары, редуктор шығырлары, палуба стакандары - 0,1-ден 1,0 Мпа дейінгі (1-ден 10 кгс/кв.см дейінгі) қысыммен төмен жағдайда пісіру;

      6) Қалыңдығы 1,0-ден 1,5 мм дейінгі төмен көміртекті болаттан жасалған бачоктар – төмен жағдайда пісіру;

      7) Блок-секциялар – қоршаманы балқыма қаптау, корпусқа сіңіру;

      8) Ватерлиния валиктері - кеме корпусы бойынша балқыма қаптау;

      9) Орта мөлшердегі иінбіліктер – пісіру және тозған бөліктеріне балқыма қаптау;

      10) Есу винттері, қалақтар, барлық көлемдегі және конструкциялардағы дәлдігі әдеттегі сыныпты ступицалар – бүкіл бетін ауа-доғалы жону;

      11) Қоршамалар, переборкалар мен рубкалар – пісіру және әртүрлі кеңістік жағдайларында пісірмелеу;

      12) Газ шықпалары, ауа таратып бөлушілер, қондырмадағы желдеткіш трубалары - пісіру;

      13) Жоғары қысымды, болат, металл қалыңдығы 1,5 мм және диаметрі 100 мм дейінгі компенсатор глушительдері - пісіру;

      14) Есіктер, су, газ өте алмайтын люк қақпақтары - пісіру;

      15) Есіктер, щиттер, бұрыштықтар, парақтар, металл қалыңдығы 1,4-ден 1,6 мм дейінгі втулкалар - пісіру;

      16) Негізгі корпус бойынша және негізгі цистерналардың қаптамалары бойынша слесарлық сіңіру бөлшектері - пісіру;

      17) Материал қалыңдығы 10-нан 16 мм дейін, динамикалық және вибрациялы жүктемемен жұмысқа арналған күрделі конфигурациялы бөлшектер - пісіру;

      18) Шельф бөлшектері – бөлмеаралық көлденең переборкаларға қосып пісіру;

      19) Түптік, борттық, үстіңгі және төменгі палубалар, платформалар, түпкі көлемді секциялар, көлденең және бойлық переборкалар – жиынтық жіктерін стапельде пісіру;

      20) МСЧ бұйымдары – АК типтес болатпен коррозияға қарсы балқыма қаптау;

      21) Кеме желдеткіші арналары - стапельде переборкаларға қосып пісіру;

      22) Желдеткіш клапандар - пісіру;

      23) Зәкір клюздері - пісіру;

      24) Қалыңдығы 2 мм дейінгі легирленген болаттан жасалған қаптаулар, науалар панельдер, поддондар - пісіру;

      25) Қалыңдығы 2 мм дейінгі және 2 м жоғары көміртекті және легирленген болаттан жасалған қаптаулар, науалар панельдер, поддондар - пісіру;

      26) Жүк трюмдерінің комингстері – жиынтықты өзара пісіру;

      27) Көміртекті, төмен легирленген және жоғары легирленген болаттан жасалған корпустық конструкциялар – қолжетімділігі қиын жерлерде ауа-доғалы жонбалау (жік түбірін пісіру, уақытша элементтерді жою, ақаулы учаскелерді пісіру);

      28) Кеме таситын поезд конструкциялары - пісіру;

      29) Кабель қораптары – тораптық құрастыру кезінде 0,1-ден 1,5 МПа (1-ден 15 кгс/кв.см дейінгі) қысымды сынаумен пісіру;

      30) Кеменің су үсті корпусы: палубаның сыртқы қаптамасы – барлық кеңістік жағдайларында жіктер мен паздарды стапельде пісіру;

      31) Пісірме жіктерінің 20% дейін ультрадыбыстық немесе гаммаграфиялық бақылауға ұшырайтын корпустық конструкциялар мен тораптар - пісіру;

      32) Ауыр иллюминатор корпустары – пісіру және кеме корпусына пісірмелеу;

      33) Кронштейндер, жиектер, қалыңдығы 2 мм дейінгі парақты және профильді металдан жасалған экрандар - пісіру;

      34) Құймалардан жасалған подшипник қақпақтары мен корпустары - өткізбейтіндігін сынап пісіру;

      35) Көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған алмалы парақтар - пісіру;

      36) Ойма маркалары, жүкті пісіру – кеме корпусына қосып пісіру;

      37) Мачталар, жүк бұрмалары, жүк ұстындары – монтаждау жіктері мен стапельде парақтарды пісіру;

      38) Дабыл мачталары – құрастыру кезінде пісіру;

      39) Көлденең отсекаралық переборкалар - пісіру;

      40) Кеме металл конструкциялары – ақау учаскелерін стапельде сынау және жүзу кезінде барлық кеңістіктік жағдайларда пісіру;

      41) Биіктігі 0,8-ден 1,5 м дейінгі түп секцияларының жинағы - кеменің тұмсығында түп төсеміне және өзара пісіру;

      42) Конструкциондық болаттан жасалған түп, борт және палубалық (есептік) секциялардың бойлық және көлденең жиынтығы - өзара пісіру және стапель алдындағы құрастыруда сыртқы қаптамаға және палуба төсеміне қосып пісіру;

      43) Жиектерін өңдей отырып, жіктер мен болаттан жасалған переборка паздары жиынтығы – құрастыру және алдан ала құрастыру учаскесінде қосып пісіру;

      44) Легирленген болаттан жасалған қондырмалар, рубкалар – пісіру және негізгі корпусқа қосып пісіру;

      45) Қос қабатты түпкі төсемдер – стапельде жіктері мен паздарын пісіру;

      46) Жүк мачталары мен бұрмаларын сіңіру (ұштарды, іргетастарды, леерлік қоршамасы бар алаңдарды) – конструкцияларға қосып пісіру;

      47) Слесарлық-корпустық сіңіру – қондырманың көлденең және бойлық переборкаларын пісірмелеу;

      48) Жүк көтергіштігі 20 т жоғары обухтар – пісірмелеу және пісіру;

      49) Жүк көтергіштігі 20 т дейінгі секцияларды тасымалдауға арналған обухтар - пісіру және секцияларға пісірмелеу;

      50) Болаттан жасалған руль құралы – тегіс бөлігін пісіру;

      51) Іргетас асты бекітпелері, құрылғы тіреулері, бүйірлік кильдер, цистерналардың сыртқы қабырғалары, түтін трубасының сыртқы қабырғалары - стапельде пісірмелеу;

      52) Көлденең және бойлық переборкалар, қондырманың сыртқы қабырғалары – жіктер мен паздарды стапельде барлық кеңістіктік жағдайларда пісіру;

      53) Басқа да цистерналар – жіктерді жиектерін өңдей отырып және секциялық құрастыруда конструктивтік пісірмесіз пісіру;

      54) Цехтық электр арбаларының рельстері - пісіру;

      55) Корм ұшы қаптамасының, бракеттер мен стабилизатор жіктері мен паздары - пісіру;

      56) Ішкі цистерна қабырғалары, төбесі мен жиынтығы парақтарының жіктері – пісіру және қаптамаға, переборкаларға және өзара қосып пісіру;

      57) Темірбетон қиыспаларының монтаж жіктері - пісіру;

      58) Тамбур, шлюз, санитарлық тораптар – пісіру және пісірмелеу;

      59) 0,1-ден 1,5 МПа (1-ден 15 кгс/кв.см) дейінгі қысыммен жұмыс істейтін, көміртекті болаттан жасалған труба құбырлары - пісіру;

      60) Труба құбырлары – жік сапасын рентген графирлеумен бақылай отырып, салма сақиналардағы жіктерді пісіру;

      61) Труба құбырлары - жік сапасын рентген графирлеумен бақылай отырып, жіктерді үрлемемен пісіру;

      62) Қалыңдығы 2 мм дейінгі көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған кеме желдеткіші трубалары - пісіру және фланецтерді қосып пісіру;

      63) Зәкір, сүйретпе, түсіру және шварттау құрылғылары, құрылғы тіреулері - пісіру;

      64) Фланецтер, патрубкалар, штуцерлер, приварыштар, отырмалар, ниппельдер – труба құбырына 0,1-ден 1,5 МПа (1-ден 15 кгс/кв.см ) қысыммен қосып пісіру;

      65) Легирленген болаттан жасалған қосалқы механизмдердің, іргетастары, баллондар, шлюпка және шварттау құрылғылары - пісіру;

      66) Шпангоуттар - ТВЧ қондырғысында термоөңдеу кезінде жіктерді пісіру;

      67) Қысымы 400 т жоғары престерге арналған штампылар - пісіру.

      Қорғану газдарында пісіру

      1) 0,1-ден 1,5 МПа (1-ден 15 кгс/кв.см) дейінгі қысыммен қалайы қоладан жасалған арматура – механикалық өңдеуден кейін құймалардың ашылып кеткен ақауларына балқыма қаптау;

      2) Алюминий-магний балқымаларынан жасалған арматура, құймалар, бөлшектер - пісіру, ақауларын пісірмелеу;

      3) Желдеткіштер – дискілерді алюминий балқымаларынан щеткалармен пісіру;

      4) Түсті балқымаларынан жасалған ширатпалар - пісіру;

      5) Газ шығару трубалары, таттанбайтын болаттан, мыс-никель балқымаларынан жасалған тұншықтырғыштар - пісіру;

      6) Алюминий балқымаларынан жасалған жалын трубалары, жалын трубасының басы - пісіру;

      7) Металл қалыңдығы 2-ден 3 мм дейінгі алюминий балқымаларынан жасалған жоғары қысымды компрессор тұншықтырғыштар - пісіру;

      8) Алюминий-магний балқымаларынан жасалған 0,1 ден 1,0 МПа (1-ден 10 кгс/кв.см) дейінгі бөлшектер мен тораптар - пісіру;

      9) Алюминий балқымаларынан жасалған бөлшектер мен тораптар: герметикалық қораптар, ернеушелер, бұрыштықтар, ілмек-шарнирлер, банкалар, қаусырмалар, тіреулер, рамкалар, буртиктер, пісірмелер, сальниктер, науашалар – корпусқа пісірмелеу және пісіру;

      10) Алюминий балқымаларынан жасалған сіңірме бөлшектер – төбедегі жағдайла пісірмелеу;

      11) 0,1-ден 1,5 МПа (1-ден 15 кгс/кв.см) дейінгі қысыммен түсті балқымалардан жасалған секция трубаларының сақина өскіндері - пісіру;

      12) Алюминий және титан балқымаларынан жасалған конструкциялар – бос валиктер салу арқылы пісіру;

      13) Алюминий және титан, түсті балқымаларынан жасалған конструкциялар – саңылауларды пісіру, тік және төмен жағдайларда қармап алу;

      14) Балқымалардан жасалған конструкциялар - барлық кеңістік жағдайларында қармап алу;

      15) Композиттік (болат – алюминий балқымасы) конструкциялар – биметалл салмаларды пайдалана отырып пісіру;

      16) Гидравликалық сынақтардан кейінгі корпустық конструкциялар – жік ақауларын қармап алу, пісіру, түзету; уақытша бекітпелерді байламдау;

      17) Қанатшалар, фланецтер, алюминий балқымаларынан жасалған электр аспаптарының қақпақтары - саңылауларды пісіру, сынған бөліктерін қосу;

      18) Алюминий балқымаларынан жасалған мачталар - мачта оқпанының паздары мен жіктерін пісіру, құрастырмалы бұйымдарын қосып пісіру;

      19) Алюминий балқымаларынан жасалған қондырмалар, рубкалар – қиспа жерлердегі көлемді тораптары мен жіктерді пісіру;

      20) Алюминий балқымаларынан жасалған құймалар - ақауларын пісірмелеу;

      21) Қабырғасының қалыңдығы 10 мм дейінгі құймалар - 0,1 ден 1,0 Мпа (1-ден 10 кгс/кв.см) қысыммен сынай отырып раковиналарды, жарықтарды пісірмелеу;

      22) Қабырғасының қалыңдығы 10 мм дейінгі 0,1 ден 1,0 МПа (1-ден 10 кгс/кв.см) қысыммен жұмыс істейтін құймалар - ақауларын пісірмелеу;

      23) Гидроцилиндр поршеньдері мен басқа да бұйымдар (зәкір құрылғыларының гактары, шығыр сальниктері) – мыс балқымамен қаптау;

      24) Түсті металдан жасалған рамалар, ашпалар – кірме бөлшектерді пісіру;

      25) Тавр қоспалары - алюминий балқымаларынан жасалған сыртқы қаптама парақтарды толық пісіру;

      26) Алюминий және түсті балқымалардан жасалған қысыммен жұмыс істейтін труба жіктері – бұрма жіктерді пісіру;

      27) Алюминий және түсті балқымаларынан жасалған тік және еңісті траптар - пісіру;

      28) Түсті металдардан жасалған арматура тораптары – бөлшектерді 10 мм дейінгі 0,1 ден 1,0 МПа ( 1-ден 10 кгс/кв.см) қысыммен пісірмелеу;

      29) Фланецтер, валиктер, корпустар, қораптар, қақпақтар, блоктар – қоламен, балқымалармен, татқа төзімді болатпен балқыма қаптау және пісіру;

      30) Механизмдер мен аспаптардың астыңғы іргетастары - түзеу;

      31) Қорғану газдарындағы автоматты пісіруден кейінгі жіктер - галтелдары мен өңдеу валиктерін жасау;

      32) Металдың ұзындығы 12 мм мыс шина сымы – металды алдын ала қыздыра отырып пісіру;

      33) Балқымалардан жасалған шпигаттар – айнала пісіру.

222. Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Түрлі болаттан, түсті металл мен балқымалардан жасалған күрделі аппараттарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын қолмен доғалы және плазмалы пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды қолмен доғалы және плазмалы пісіру. Жоғары көміртекті, легирленген және арнаулы болаттар мен шойыннан жасалған күрделі бөлшектерді қолмен оттегімен доғалы кесу (жону). Блоктап жасалған күрделі конструкцияларды пісірме жіктің барлық кеңістікті жағдайларында пісіру. Машиналардың, механизмдер мен конструкциялар бөлшектерінің ақауларын балқымамен қаптау. Күрделі бөлшектерді, тораптарды балқымамен қаптау.

      Білуге тиіс: әртүрлі пісіру машиналарының электр сызбасы мен құрылымын, пісірілетін металдың, әртүрлі маркадағы электродтар мен жонылатын құймалардың технологиялық қасиеттерін, жауапты бұйымдарды атмосферасы бақылаудағы камераларда пісіру технологиясын, жік салу мен пісіру режимінің технологиялық кезектілігін іріктеуді, жауапты пісірме жіктерді бақылау және сынау тәсілдерін, кеңістікті күрделі металл конструкцияларының сызбасын оқу ережесін.

      Жұмыс үлгілері

      1) Қысыммен жұмыс істейтін көміртекті болаттан, қысымсыз жұмыс істейтін легирленген болаттан жасалған аппараттар мен ыдыстар - пісіру;

      2) Мартен пештерінің арматурасы – жұмыс істеп тұрған жабдықты жөндеу кезінде пісіру;

      3) Көтергіш және жауапты темірбетон конструкцияларының арматурасы: іргетастар, ұстында, аралық жабындар және т.б. - пісіру;

      4) Қуатты бірегей трансформаторлардың бактары – динамикалық жүктемемен жұмыс істейтін көтеру ілгектерін, домкрат қаусырмаларын, таттанбайтын тақталарды пісірмелеуді қоса алғанда, пісіру;

      5) Кран арбаларының балкалары мен траверстері және балансирлер - пісіру;

      6) Жүк көтергіштігі 30 т кем көпірлі крандардың балкалары - пісіру;

      7) Буферлі, шкворня балкалары, локомотив арбалары мен вагондардың рамалары, вагон қорабының фермалары - пісіру;

      8) 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қысымдағы қазан барабандары - пісіру;

      9) Парақ металдан жасалған құрылыс және технологиялық конструкциялардың блоктары (ауа жылытқыштар, скубберлер, домна пештерінің қаптаулары, сепараторлар, реакторлар, домна пештерінің газ жолдары және т.б.) - пісіру;

      10) Цилиндр блоктары мен дизель су коллекторлары - пісіру;

      11) Ірі иінбіліктер - пісіру;

      12) Көлемі 5000 куб)м және ордан жоғары, мұнай өнімдеріне арналған газгольдерлер мен резервуарлар – стационарлық жағдайда пісіру;

      13) Газ, мұнай өнімдері құбырлары - стеллажда пісіру;

      14) Машиналар мен механизмдердің бөлшектері (домна пештерінің толтырма аппараттары, есу винттері, турбина қалақтары, прокат стандарының валкалары және т.б.) - арнаулы қатты, берік және татқа төзімді материалдармен балқыма қаптау;

      15) Машиналар мен механизмдердің, конструкциялардың соқпалы, штампыланған және құйма бөлшектері (есу винттері, турбина қалақтары, бөлшектердің цилиндр болктары және т.б.) - ақауларына балқыма қаптау;

      16) Жоғары температурада жұмыс істейтін мартен пештеріне арналған кессондар - пісіру;

      17) Ұстындар, бункерлер, ілмек және ілмекасты фермалар, балкалар, эстакадалар және т.б. – пісіру;

      18) Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тіректерінің конструкциялары – стационарлық жағдайда кезінде пісіру;

      19) Кескі, тиеу машиналарының, көмір комбайндары мен шахта электровоздарының корпустары – пісіру;

      20) Престер мен балғалардың ұш корпустары, траверстері, негіздемелері мен басқа да күрделі тораптары – пісіру;

      21) Диаметрі 3500 мм. жоғары ротор корпустары – пісіру;

      22) Қуаты 25000 квт. жоғары турбиналардың стопор клапаны корпустары – пісіру;

      23) Гидравликалық турбиналардың қақпақтары, статорлары мен қалақ қаптамалары – пісіру;

      24) Бұрғы және пайдалану мачталары, мұнаралары – монтаж кезінде пісіру;

      25) Бұрғы мұнаралары асты негіздемелері мен жоғары легирленген бұрғы трубаларынан жасалған үш дизельді жетектер– пісіру;

      26) Адымдаушы экскаваторға арналған іргетас тақталары – пісіру;

      27) Автомобильдер мен дизельдердің рамалары мен тораптары – пісіру;

      28) Шкворня және локомотивтердің дизель асты рамалары;

      29) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000 куб.м. жоғары және 5000 куб м. төмен резервуарлар – монтаж кезінде пісіру;

      30) Трубаларды салқын прокат стандары мен труба тарту стандарына арналған стерженьдер - жекелеген элементтерді пісіру;

      31) Көтергіш құрастырмалы темірбетон конструкциялар элементтерінің арматура шықпаларының жіктері - пісіру;

      32) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) бу қазандарының труба элементтері - пісіру;

      33) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаждау кезінде пісіру;

      34) Орта және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – стационарлық жағдайда пісіру;

      35) III және IV санаттардағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары мен III және IV санаттардағы су мен бу құбырлары - пісіру;

      36) Моторасты рама тораптары мен ұшақ шассиі амортизаторларының цилиндрлері - пісіру;

      37) Шиналар, олардың түсті металдан жасалған компенсатор жолақтары - пісіру.

      ЭЛЕКТР ДОҒАЛЫ ПІСІРУ

      1) 1,5-нан 4,0 МПа (15-нан 40 кгс/кв.см дейінгі) қысыммен жұмыс істейтін көміртекті болаттан жасалған арматура, құбырлар, өскіндер, фланецтер, штуцерлер, баллондар, резервуарлар, цистерналар - пісіру;

      2) Ахтерштевнялар мен форштевнялар - жіктерді пісіру және сыртқы қаптаманы пісірмелеу;

      3) Аралық валдар,есу және дейдвуд трубалары - пісіру;

      4) Тік кильдер мен су өткізбейтін стрингерлер – монтаж жіктерін пісіру;

      5) Есу винттері, барлық көлем мен конструкциялардағы дәлдігі орта, жоғары және ерекше сыныпты ступица қалақтары есу винтінің, қалақтар мен ступицалардың барлық беттерін ауа-доғалы жону;

      6) Есу винттері – болат, құйма және соқпалы қалақтарды пісіріп қосу;

      7) Газды тығыз, берік болаттан жасалған төсемдер - пісіру және негізгі корпусқа қосып пісіру;

      8) Болаттан жасалған бөлшектер – ауа-доғалы жону (жік түбі мен уақытша бекітпелерді жою);

      9) Вибрациялы жүктемемен жұмыс істейтін бөлшектер - секцияларды пісіру;

      10) Негізгі корпус бойынша слесарлық сіңіру мен негізгі цистерна қаптауының бөлшектері – қосып пісіру;

      11) Шельф бөлшектері – негізгі корпусқа және көлденең переборкаларға қосып пісіру;

      12) Орнықтырушы ұстындар, ашпалар, жүзбелі бұрғы қондырғыларының труба және қорап пішіндес байламдары – жүзу кезінде монтаждаудағы пісіру;

      13) Легирленген болаттан жасалған люк комингстері – корпус қаптамасына пісірп қосу (технологтың қадағалауымен);

      14) Қалыңдығы 1,5 ден 3 мм дейінгі жоспарланған болаттан жасалған төмен магнитті конструкциялар – пісіру;

      15) ЮЗ болатынан жасалған конструкциялар – жіктер мен паздарды пісіру;

      16) Ұштық және отсекаралық переборкалар – негізгі корпусқа қосып пісіру;

      17) Тұйық жерлердегі және цех жағдайларындағы корм мен тұмсық ұштары өзара және қаптамаға қосып пісіру;

      18) Катер корпустары (жөндеу) - пісіру;

      19) Көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған кеме корпустары – сыртқы қаптама жіктері мен паздарды барлық кеңістік жағдайларында пісіру;

      20) Кеме насостарының корпусы, фрезер қалағы бар сопло сегменті, кеме рөлі машиналары (цилиндрлер, плунжерлер, клапан қораптары) - пісіру;

      21) Кронштейндер, мортирлер мен есу валдарының выкружкалары - пісіру, жіктерін пісіру, корпусқа қосып пісіру;

      22) Болаттан жасалған переборкалардың жиектері ернеуленген жиекшелері, жіктері мен паздарының жиынтығы – құрыстыру және алдын ала құрастыру учаскесінде пісірмелеу;

      23) Клюз зәкірінің нишалары - стапельде сыртқы қаптамаға қосып пісіру;

      24) Жүк көтергіштігі 30 т дейінгі көпірлі крандардың обухтары, траверстері, балкалары – пісіру және қосып пісіру;

      25) ОР қаптамасы мен жинағы, НК қондырмасы мен ұштары - ОК қосып пісіру;

      26) Стабилизаторлардың қаптамасы мен жиынтығы - мортирлерге қосып пісіру;

      27) Болаттан жасалған сыртқы корпус қаптамасы – монтаж жіктерін пісіру;

      28) Щиттердің ашу іргетастарының тіреу бөлшектері - өзара пісіру және тұмсық ұшындағы конструкцияларға қосып пісіру;

      29) Негізгі цистерналар - пісіру және негізгі корпусқа қармап алу;

      30) Палубалар мен платформалар – жіктер мен паздарды стапельде төбедегі жағдайда пісіру;

      31) ОК ішінде орналасқан және оған төзімдігі тең емес переборкалар мен цистерналардың полотнолары мен жиынтықтары - пісіру;

      32) Ашпалы платформа полотнолары – переборкаларға қосып пісіру;

      33) Стабилизаторлардың көлденең және бойлық бракеттері - өзара пісіру;

      34) Легирленген болаттан жасалған приварыштар, наварыштар, контейнер стакандары – стапельде пісірмелеу;

      35) Жоғары қысымды іргетас компрессорларының рамалар - пісіру;

      36) Өткізбейтін переборкалар мен стрингерлер, стабилизатор, рөлдердің насадкаларын, гондолдар - учаскеде пісіру;

      37) Алдын ала құрастыру учаскесінде және стапельдегі корм мен негізгі ұштар секциялары – жіктер мен паздарды пісіру;

      38) АК және ЮЗ типтес болаттан жасалған сыртқы қаптамалардың жіктері мен паздары, стрингерлер, тік киль, шпангоуттар – барлық кеңістік жағдайларында тұтас өтетін жікті пісіру;

      39) Кеме корпусы технологиялық конструкциялары сыртқы қаптамасының жіктері мен паздары – стапель алды құрастыруда пісіру;

      40) Негізгі корпус обечаектарының жіктері мен паздары – пісіру;

      41) Төмен легирленген және татқа төзімді болаттан жасалған, 0,1 до 1,5 МПа (1 ден 15 кгс/кв.см. дейінгі) дейінгі қысыммен жұмыс істейтін, труба қабырғасының қалыңдығы 2 мм жоғары, труба құбырлары - пісіру;

      42) Жылжып шығатын құрылғы асты іргетастары - тіреу тақталарына, платформалар мен импульсті цистернаға қосып пісіру;

      43) Ба механизмдер асты іргетастары, отсекаралық переборка, ішкі цистерналар бекітпелері - пісіру;

      44) Шахталар, басқа да рубкалар, кірме және тиеу люктерінің комингстері – негізгі корпусқа қосып пісіру;

      45) Шахталар, басқа да рубкалар - жіктері мен паздарды пісіру;

      46) Шпангоуттар – жіктерді пісіру және негізгі корпусқа қосып пісіру;

      47) Штампылар - қатты балқымамен қаптау;

      48) Күрделі конфигурациялы штампылар, тарелкалар, штоктар, ұштықтар, шпиндельдер – жиектерін қатты балқымамен қаптау.

      Қорғау газдарында пісіру

      1) 1,5-тен 4,0 МПа (15-тен 40 кгс/кв.см.) дейінгі гидравликалық қысымда жылу алмастыратын аппараттар және жеңіл және түсті балқымалардан жасалған басқа да иректемелер, сондай-ақ бактар, резервуарлар және алюминий балқымаларынан жасалған ыдыстар – дәнекерлеу;

      2) Балқымалардан жасалған арматуралар, алюминий балқымаларынан жасалған құбырлар мен арматуралар - фланецтерді, штуцерлерді, саптамаларды, ниппельдерді пісіру;

      3) Коррозияға төзімді болаттан және титан балқымалардан жасалған сильфон компенсаторларына арналған арматура - 100% гаммаграфирлеумен пісіру;

      4) Түсті металдан жасалған блоктар, каркастар, қораптар, қақпақтар, панельдер - 0,1-ден 1,0 МПа (1-ден 10 кгс/кв.см.) дейінгі қысымды сынай отырып, пісіру;

      5) Түсті балқымалардан жасалған есу винттері – балқыту, жарықтарын қайнату, жасамаларды пісіру;

      6) Бірыңғай және әртүрлі алюминий балқымалардан жасалған металл қалыңдығы 1,5 мм дейін есіктер мен тораптар – пісіру;

      7) Қалыңдығы 2 мм әртүрлі алюминий балқымалардан және коррозияға төзімді болаттан жасалған күрделі конфигурациялы бөлшектер – пісіру;

      8) Қаптамалар, балқымалардан жасалған орамалар - 4,0 МПа (40 кгс/кв.см.) дейін қысымды сынай отырып, пісіру;

      9) Компенсаторлар және балқымалардан су құбырлары қазандықтарының басқа да күрделі тораптары – пісіру;

      10) 1,5-ден 4,0 МПа (15-ден 40 кгс/кв.см.) дейін қысымда жұмыс істейтін коррозияға төзімді болаттан жасалған корпустар – пісіру;

      11) Балқымалардан жасалған қондырмалар – корпусқа пісіру;

      12) Балқымалармен толықтырылған корпустар мен шеткі переборкалар - пісіру;

      13) 0,1-ден 1,5 МПа (1-ден 15 кгс/кв.см.) дейінгі қысымда жұмыс істейтін мыс-никельді және алюминий балқымалардан жасалған құбырлар – пісіру;

      14) Мыс-никельді және алюминий балқымалардан, коррозияға төзімді болаттан және балқымалардан жасалған құбырлар – жіктерді дәнекерлеу, 1,5-ден 4,0 МПа (15-ден 40 кгс/кв.см.) дейін қысымда фланецтерді, патрубкаларды, штуцерлерді, пісірмелерді пісіру;

      15) Дейдвудты құбырлар, есу біліктері, герметизделген жаппа қақпақтар – түсті балқымалар мен коррозияға төзімді болаттарды балқыту;

      16) Металл қалыңдығы 0,3 мм балқымалардан жасалған тораптар – пісіру.

223. Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі аппараттарды, құрылымдарды және түрлі болаттан жасалған құбыржолдарды, түсті металдарды және қорытпаларды қолмен доғалық және плазмалық дәнекерлеу. Динамикалық және дірілді жүктемелерде жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық құрылымдарды, күрделі конфигурациялы құрылымдарды қолмен доғалық және газ-электрмен дәнекерлеу. Шектелген дәнекерліктегі металдар мен қорытпалардан, сондай-ақ титан және титан қорытпалардан жасалған тәжірибелік құрылымдарды дәнекерлеу. Блоктай орындалған дәнекер жігінің барлық кеңістік жағдайындағы күрделі құрылымдарын дәнекерлеу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымын, титан қорытпалардың түрлерін, олардың дәнекерлік және механикалық қасиеттерін, тот басудың түрлері мен оны тудыратын факторларды, дәнекерленетін бұйымдардың арнайы сынама әдістері мен әрбірінің қызметі, бақыланатын атмосфералы камераның тартып шығаратын жүйесінің тәсімдерін, дәнекер жалғаманы термиялық өңдеудің негізгі түрлерін, дәнекер жіктері металлография негіздері.

      Жұмыс үлгілері

      1) Жүк көтергіштігі 30 тонналық көпір крандарының аралық арқалықтары – дәнекерлеу;

      2) Мартен цехтары, металлургиялық кәсіпорындардың бункерлік және түсіретін эстакадалары құрылымдары жұмыс алаңдарының арқалықтары, жұмыстың ауыр режиміндегі крандардың кран астындағы арқалықтары, жүретін экскаваторлардың бұрмалары – дәнекерлеу;

      3) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм.) жоғары қазандықтардың барабандары – дәнекерлеу;

      4) Көлемі 5000 куб.м. және одан жоғары мұнай өнімдеріне арналған газгольдерлер мен резервуарлар - монтаждау кезінде дәнекерлеу;

      5) Магистральді газ-мұнай өнімі құбыржолдары – монтаждау кезінде дәнекерлеу;

      6) Сферикалық және тамшы тәріздес сыйымдылықтар мен жабындар – дәнекерлеу;

      7) Вакуумды және криогенді сыйымдылықтар, қалпақтары, сфералар мен құбыржолдар – дәнекерлеу;

      8) Бұрғылау құбырлары мен муфталарының құлыптары – екі жақты дәнекерлеу;

      9) Газқұбыр компрессорларының, бу турбиналарының, қуатты ауа үрлегіштерді жұмысшы дөңгелектері – қалақтар мен күректерді дәнекерлеу;

      10) Аммиак синтезінің колонналары – дәнекерлеу;

      11) Жеңіл алюминий-магний қорытпаларынан жасалған құрылымдар – дәнекерлеу;

      12) ЛЭП радиомачталарының, телебашняларының және тіректерінің құрылымдары – монтаждау кезінде дәнекерлеу;

      13) Бу турбиналарының қораптары – раковиналарды дәнекерлеу және балқыту;

      14) Сутекті және сутекті-сумен салқындататын ірі құбыргенераторлары статорларының корпустары – дәнекерлеу;

      15) Ауыр дизельді қозғалтқыштар мен сығымдағыштардың корпустары – дәнекерлеу;

      16) Бу кемелік қазандықтар – түптерін дәнекерлеу, маңызды жіктерін бір жақты жапсарлас жікпен дәнекерлеу;

      17) Бұрғылау қашауларының табандары мен қалқандары, бұрғылау бу өткізгіштері – дәнекерлеу;

      18) Мұнай және газ құбырлары – жарылған жерлерді жөндеген кезде дәнекерлеу;

      19) Мұнай және газ скважиналары және пішін енгізу скважиналары құбыржолдарын орап байлау – дәнекерлеу;

      20) Екі қабатты болаттан және басқа да биметалдан жасалған резервуарлар мен құрылымдар – дәнекерлеу;

      21) Алмалы-салмалы нысандағы темір бетон құрылымдары арматураларының өзекшелері – бұлаулау тәсілімен дәнекерлеу;

      22) Металл және темір металл көпірлердің аралық құрылымдары – дәнекерлеу;

      23) Қысымы 4,0 МПа-дан жоғары бу қазандықтарының құбырлық элементтері (38,7 атм.) – дәнекерлеу;

      24) Қысымды құбыржолдар; гидроэлектр станциялардағы турбинаның спиральді камералары мен жұмыс дөңгелектері камералары – дәнекерлеу;

      25) Орташа, жоғары қысымда газбен жабдықтау сыртқы желілерінің құбыржолдары – монтаждау кезінде дәнекерлеу;

      26) І және ІІ санаттағы технологиялық құбыржолдар, І және ІІ санаттағы бу мен су құбыржолдары – дәнекерлеу.

      Электр доғалық дәнекерлеу

      1) Сынамалы қысымы 20,0 МПа-дан жоғары (200 кгс/кв.см. жоғары) арнайы болаттан жасалған жылу алмастыру аппараттары мен басқа да ыдыстар - дәнекерлеу;

      2) ПЦ бракеттері көмкермеге дәнекерлеу;

      3) Қоспаланған болаттан жасалған қылталар - 4,0 МПа (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымдағы герметикалық жапсармен дәнекерлеу;

      4) Төсеммен қоршалған кіру люктерінің есіктері мен жағалары – дәнекерлеу;

      5) Ауа қысымы 40,0 МПа (400 кгс/кв.см.) буферлік сыйымдықтар - дәнекерлеу;

      6) Блокты гидравликалық сынауға арналған тығындар – дәнекерлеу;

      7) Қысымы 4,0 МПа (40 кгс/кв.см. жоғары) жоғары көміртекті және төмен қоспаланған болаттан жасалған коллекторлар, камералар, құбырлар, баллондар, цистерналар, резервуарлар - дәнекерлеу;

      8) Жүзетін бұрғылау құрылымының тіреу бағаналары – монтаждау кезінде дәнекерлеу;

      9) Жоғары төзімді арнайы болаттан жасалған құрылымдар – ОК монтаждау жіктерін тігінен және төбеде дәнекерлеу;

      10) Кабельді қораптар - қысымы 4,0 МПа (40 кгс/кв.см. жоғары) жоғары сынамада дәнекерлеу;

      11) Ультрадыбыстық немесе гаммаграфиялық бақылауға жататын 100% жапсарлас жіктердің корпустық құрылымдары мен тораптары – дәнекерлеу;

      12) Арнайы жасалған бактардың корпустары (түбіндегі төсем, көлденең қоршаулар, шатыры) – дәнекерлеу;

      13) ТА жаппалары мен құбырларының корпустары – 21 басыл. негізгі корпусқа дәнекерлеу;

      14) Жоғары төзімді болаттан жасалған алмалы-салмалы корпустың жаймалары – гидравликалық сынамадан кейін дәнекерлеу;

      15) Корпус аралықтары, коминг алаңшалар, ТА және дейдвудты құбырлар – дәнекерлеу және түзету;

      16) Мортирлер, қылталары, бұрамалары, орындықтар, стакандар және өзгелер – дәнекерлеу және жапсыру;

      17) Ішкі төзімді цистерналарды, рецессорларды, қоршауларды және кірмейтін аралық жаймаларын (стрингерлерді) қаптау - өз араларында дәнекерлеу және жапсыру;

      18) Контейнерлерді қаптау және шпангоуттары – дәнекерлеу;

      19) Құтқару құрылғыларын қаптау және шпангоуттар, сондай-ақ соларға дәнекерленетін комингстер, штокты құрылғылар – дәнекерлеу және жабыстыру;

      20) Сыртқы төзімді цистерналар мен қоршауларды қаптау – дәнекерлеу және жабыстыру;

      21) ОК, ПР қаптау – жіктері мен паздарын дәнекерлеу;

      22) Жүк көтергіштігі 30 т-дан жоғары аралық крандардың сырты, траверстері, арқалықтары – дәнекерлеу;

      23) ОК корпус аралық байланыстардың және теңдей төзімді құрылымдардың жаймалары мен жиынтығы – ОК-ға дәнекерлеу және жабыстыру;

      24) Тірке платформалар мен кіргізбейтін қоршаулардың жаймалары мен жиынтықтары – дәнекерлеу және жабыстыру;

      25) Шельф жаймалары мен ұшы төзімді қоршаулардың жиынтықтары – дәнекерлеу және жабыстыру;

      26) Толықтай сыртқы борт қысымымен жұмыс істейтін өзге де капсулалар, камералар, гондолдар және т.б. – дәнекерлеу;

      27) ПТУ рамасының қаттылық қабырғалары мен жақтары, негізгі тетіктердің тұғырлары – дәнекерлеу және жабыстыру;

      28) 21 басыл) негізгі корпустың алмалы-салмалы жаймалары мен бітеулері – дәнекерлеу;

      29) Қоршау ұштары жиынтығының кесіктері, сыртқы және ішкі цистерналар – ОК және ПЦ қаптамаларына дәнекерлеу;

      30) Жұмыс қысымы 40,0 МПа (400 кгс/кв.см.) қысымдағы және одан жоғары жүзетін бұрғылау құрылғыларындағы құбыржолдар – дәнекерлеу;

      31) Негізгі және қосалқы бу құбыржолдары – 4,0 МПа-дан жоғары қысымдағы (40 кгс/кв.см. жоғары) арматура мен тарамдарды дәнекерлеу;

      32) Құбыржолдар – рентгенографирлеумен жіктерінің сапасын бақылай отырып қол жетімсіз жерлерді дәнекерлеу;

      33) Қысымы 20,0 МПа-дан жоғары (200 кгс/кв.см. жоғары) биметалл құбыржолдар – фланецтерді түзету және дәнекерлеу;

      34) Сынамалы қысымы 4,0 МПа-дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) қазандық құбырлары, тұрақты қысымы 2,5 МПа-дан жоғары (25 кгс/кв.см. жоғары) бұралатын жапсарлар - дәнекерлеу;

      35) Дәнекер жіктері – айнаны пайдалана отырып қол жетпейтін жерлерді дәнекерлеу.

      Қорғау газдарымен дәнекерлеу

      1) 4,0 МПа-дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) гидравликалық қысыммен алюминий және мыс қорытпаларынан жасалған жылу алмастыратын аппараттар – дәнекерлеу;

      2) Қалайылы қола және кремнийлі латуньнен жасалған арматура - 4,0 МПа (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымда ақаулықтарын дәнекерлеу;

      3) 4,0 МПа-дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымда титан қорытпалары мен тотқа төзімді болаттан жасалған баллондар - дәнекерлеу;

      4) 20,0 МПа-дан жоғары (200 кгс/кв.см. жоғары) қысымда арнайы қорытпалар мен болаттан жасалған иллюминаторлар - корпусқа алдын-ала дәнекерлеп жабыстыру;

      5) Түсті металдан жасалған қалпақтар, ернеушелер, корпустар, қақпақтар, құбырлар - 4,0 МПа 9-дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымда сынамалап дәнекерлеу;

      6) 20,0 МПа-дан жоғары (200 кгс/кв.см. жоғары) қысымда жұмыс істейтін қорытпалар мен тотқа төзімді болаттан жасалған құрылымдар – дәнекерлеу;

      7) 5,0 МПа-дан жоғары (50 кгс/кв.см. жоғары) қысымда рентгеногаммографияға, гидро- және пневмосынамаға ұшырайтын қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі тотқа төзімді болаттан жасалған арнайы құрылымдар – дәнекерлеу;

      8) Тотқа төзімді болаттан жасалған контейнерлер, корпустар - 5,0 МПа-дан жоғары (50 кгс/кв.см. жоғары) қысымда сынамалап дәнекерлеу;

      9) Тотқа төзімді болаттан жасалған келте құбырлар – бұрылмайтын жіктерді дәнекерлеу;

      10) Арнайы болаттан және қорытпалардан жасалған монтажды корпустың жапсарлары – қол жетпейтін жерлерін дәнекерлеу;

      11) 4,0 МПа–дан жоғары (40 кгс/кв.см. жоғары) қысымдағы жүйелерде мыс-никель, мыс, алюминий, титан қорытпалардан, тотқа төзімді болаттан жасалған құбырлардың жапсарлары - дәнекерлеу, арматураны жабыстыру;

      12) 5,0 МПа–дан жоғары қысымдағы (50 кгс/кв.см. жоғары) тотқа төзімді болаттан жасалған құбыржолдар - айнаны пайдаланып қол жетпейтін жерлерді дәнекерлеу;

      13) Суды тұщыландыратын мыс құрылғылар - 0,6 МПа (6 кгс/кв.см.) қысымда дәнекерлеу.

      "Дәнекерлеу жұмыстары" бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2002 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (2-шығарылым), 3-бөлімінің 3-қосымшасында келтірілген.

4. Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары
Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы
224. Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бір соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарында тойтармаларды, бұрандаларды, бұрандалы шегелерді, шайбаларды, тірек кнопкаларды, белдікшелерді және де басқа сымның (шыбық тәрізді) екі диаметріне дейін отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. Сым және шыбық тәрізді автоматқа жіберу. Шеге немесе сым текстерін шеге жасайтын автоматтарда дайындау. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдарды түрлі құрылым автоматтарында түсіру. Жартылай автоматта гайкаларды бұрандаларға бұрау. Бір соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарын баптау.

      Білуге тиіс: суықтай түсіру, гайка кесу және шеге жасайтын автоматтардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі, қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының және қолданылатын айлабұйымдардың қызметі мен қолдану ережесі, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалары, сызбалар мен калибрлердегі квалитеттердің белгіленуі және кедір-бұдырлық параметрлері.

225. Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Екі соққылы суықтай түсіру және гайка кесу автоматтарында тойтармаларды, бұрандаларды, бұрандалы шегелерді, шайбаларды, тірек кнопкаларды, белдікшелерді және де басқа сымның (шыбық тәрізді) төрт диаметріне дейін отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. "Вафиос-70" үлгідегі шеге жасайтын автоматтарда шеге, текс және шплинттер жасау. Комбайн автоматтарда және ағынды желілердегі жабдықтарда бұрандалар, бұрандалы шегелер, теспелер және серіппелік шайбалар жасау. Автомат станоктарда суықтай шыбық тәрізді металлдан жасалған кескіндер жасау. Бекіту бұйымдарының ілгектерін станоктарда ию. 8-11 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдардың түрлі құрылымын автоматта түсіру. Бір матрицадағы бос өзекшелі бұйымдарды (тойтармаларды) түсіру. Үлгі немесе шаблон бойынша әмбебап және арнайы өлшеу құралымен жасалатын бөлшектерді тексеру. Кесетін аспаптың жай-күйін, майлау және салқындату жүйесін қадағалау. Бұрандалардың қалпақшаларын кесетін автоматтарда кесу. Екі соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін автоматтарды баптау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомат тетіктерінің құрылымы мен қызметі және олардың кинематикалық тәсімдері, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану ережесі, кедір-бұдырлықтың шегі және отырғызу, квалитеттер және параметрлер туралы түсініктер.

226. Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Көп соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін алмалы-салмалы матрицалы автоматтардан сымның (шыбық тәрізді) төрт диаметрден жоғары отырғызылатын ұзындықтағы бұйымдарды түсіру. Диаметрі 17 мм-ге дейінгі дайындамалардан болттарды, гайкаларды және басқа да бұйымдарды көп позициялық, құрастырылған, калибрлі автоматтар мен комбайн автоматтармен түсіру, илемдеу, кесу, бөлшектеп кесу. Барлық үлгідегі "Вафиос-70" басқа, шеге жасау автоматтарында шеге және текстер жасау. Болт түсіру автоматтарымен түзу және крест тәрізді шлицті бұранданы және ішкі алты қырлы болттарды түсіру. Жетектерді, арнайы болттарды және басқа да осыған ұқсас бұйымдарды сығымдаушы жартылай автоматтардан түсіру. Жұлдызшаларды екі соққылы түсіру және кесу автоматтарынан түсіру. Екі матрицадағы бос өзекшелі тойтармаларды түсіру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектер мен бұйымдардың түрлі құрылымды автоматтарынан түсіру. Құнды металдан жасалған монометалл құрылымдарды және олардың қорытпаларын түрлі құрылымдағы автоматтардан түсіру. Көп соққылы суықтай түсіру және гайка кесетін автоматтарды баптау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтардың құрылымы, дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, кедір-бұдырлықтың шектері және отырғызу, квалитеттері мен параметрлері, өңделетін металдар мен материалдардың механикалық қасиеттері.

227. Суықтай түсіру автоматтарының автоматшысы 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 17 мм-нен жоғары дайындамалардан болттарды, гайкаларды және басқа да бұйымдарды көп позициялық, құрастырылған, калибрлі автоматтар мен комбайн автоматтармен түсіру, илемдеу, кесу, бөлшектеп кесу. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді, бұйымдарды түрлі құрылымдағы автоматтардан түсіру. Қымбат бағалы металлдардан жасалған плакирленген қабатты биметалды байланыстарды және олардың қорытпаларын көп позициялы автоматтарда бұйым дайындамаларының құрамдас бөліктерін дәнекерлей отырып түсіру. Көп позициялы, құрастырылған, калибрлі суықтай түсіру автоматтары мен комбайн автоматтарын баптау.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі автоматтардың құрылымы, кинематикалық тәсімі мен баптау тәсілдері, күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымдары, кедір-бұдырлықтың шекті және отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесін.

Біліктеуші
228. Біліктеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Суықтай қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі және ыстықтай 20 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металдан жасалған түрлі біліктер мен сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін кейіннен сызғыш және шаблон бойынша түзете отырып біліктеу. Ірі жайпақ және сұрыпты металл біліктерде суық және ыстық күйде берілген конфигурациясын қамтамасыз ете отырып, кіші радиуста дөңгелетіп бұрыштарын ию және біліктеу, төсемдер арқылы ию және түзету. Түсті металдан жасалған сымдарды таспаға тарату. Біліктілігі жоғарылау біліктеушінің басшылығымен қалыңдығы суықтай 10-дан жоғары 20 мм-ге дейінгі және ыстық күйде 20-дан 30 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металлдан жасалған бөлшектердің түрлі біліктерінде біліктеу, түзету және ию. Біліктерді реттеу. Сығымдағыштар мен біліктегіштердің біліктеу, түзету және ию процесін жергілікті және қашықтықтан басқару пультімен басқару. Ілмектеу жұмыстарын орындау, кран машинистіне белгі беру және жұмыс орны шеңберінде жүкті көтеру, жылжыту және қалау кезінде қадағалау.

      Білуге тиіс: бір үлгідегі біліктер мен сығымдағыштардың құрылымы мен жұмыс қағидаты, біліктеу және ию кезіндегі жұмыс тәсілдері мен операцияларының кезектілігі, бөлшектерді біліктегіштерде және сығымдағыштарда өңдеу кезінде бекіту тәсілі, металдың ыстықтай және суықтай біліктеу және ию кезіндегі бұзылуы, суықтай және ыстықтай біліктеуге арналған әдіптер, арнайы айлабұйымдар мен аспаптардың құрылымы, ыстықтай біліктеу үшін металдың қызу деңгейі, ілмектеу жұмыстары ережесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Тізбек буындары – біліктеу;

      2) Жолақты, төрбұрышты немесе бұрыш болаттан жасалған сақиналар – қолмен жеткізе отырып ию;

      3) Ернеушелерге арналған жаймалар – дәнекерлегенде жиектерін біліктерде жеткізе отырып ию;

      4) Түтін камераларының жаймалары – біліктегіштерде ию;

      5) Жайпақ металдан жасалған диаметрі 1500 мм-ге дейінгі цилиндрлі ернеушелер – біліктеу;

      6) Коникалық келте құбырлар – біліктеу;

      7) Құбыржолдар мен түтін құбырлары – біліктеу және түзету.

229. Біліктеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 10-нан жоғары 20 мм-ге дейінгі және ыстық күйінде 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін біліктерде, сығымдағыштарда және қолмен ию. Суықтай күйде қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі және ыстықтай 20 мм-ге дейінгі жайпақ металлдан жасалған конусты ернеушелер мен жартылай ернеушелерді ию. Бір-екі иіні бар бөлшектерді иетін машиналарда ию. Сығымдағыштарда және қолмен жиектерін түзету, ернеушелерін шаблондар мен сызғыш бойынша түзету. Түсті металл таспаларын біліктеу және калибрлеу. Ыстық күйінде қалыңдығы 30 мм-ге дейінгі шыбық тәрізді металдан жасалған бөлшектерді көлденең біліктеу машиналарында біліктеу. Біліктілігі жоғарылау біліктеушінің басшылығымен қалыңдығы суықтай 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі және ыстық күйде 30-дан 40 мм-ге дейінгі жайпақ және шыбық тәрізді металлдан жасалған бөлшектердің түрлі біліктерінде біліктеу, түзету және ию. Біліктерді баптау. Жабдықты жөндеуге қатысу.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі біліктер мен сығымдағыштардың құрылымы, жұмыс істеу қағидаты мен баптау ережесі, жайпақ металдың қалыңдығына, радиусының иілгіштігіне және болаттың маркасына қарай біліктерді реттеу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, біліктеу және ию кезінде металдың бұзылуына әсер ететін металдардың механикалық қасиеті, июге және біліктеуге арналған түрлі қалыптардың, айлабұйымдардың және төсемдердің құрылымдары.

      Жұмыс үлгілері

      1) Дәнекер барабандар – ыстықтай және суықтай түзету және біліктеу;

      2) Ыдыс бұйымдарының корпустары мен жартылай корпустары дайындамалары – біліктеу және пакетпен ию;

      3) Қопсытқыш тістері – қалыптап біліктеу;

      4) Металл шаруашылық бұйымдары – корпустар мен жартылай корпустарды пакетпен біліктеу және ию;

      5) Конустар - қашауларды біліктеу;

      6) Диаметрі 1500-ден жоғары 3000 мм-ге дейінгі жайпақ металдан жасалған цилиндрлі ернеушелер - біліктеу;

      7) Бұрыштары үлкен коникалық металл құрылымдарға арналған келте құбырлар – ию;

      8) Фонарьлар, ағысты түзеткіштер, радиаторлар, корпустар мен кронштейндер – біліктеу, ию;

      9) Үлкен қалыңдықтағы жайпақ металдан жасалған цилиндрлер – ыстықтай және суықтай түзету және біліктеу.

230. Біліктеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 20-дан жоғары 30 мм-ге дейінгі және ыстық күйінде 30-дан жоғары 40 мм-ге дейінгі түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Қалыңдығы 60 мм-ден жоғары шыбық тәрізді металдан жасалған бөлшектерді көлденең біліктеу машиналарында ыстықтай біліктеу. Жоғары көміртекті, арнайы маркадағы болатты, жоғары дәлдіктегі құнды және түсті металдарды суықтай илемдеу. Суықтай қалыңдығы 10 мм-ден жоғары және ыстықтай 20 мм-ден асатын жайма металдан жасалған конусты ернеушелер мен жартылай ернеушелерді ию. Үш немесе одан да көп иілген бөлшектерді иетін машинада ию. Бір және көп клеткалы стандарда жоғары көміртекті және арнайы маркадағы болаттан жасалған таспалар мен үлгілік пішіндерді илемдеу. Біліктеуге арналған металл қыздыру режимін реттеу. Барлық түрдегі баллондардың түптері мен мойындарын биллетирлеу. Түзетудің, июдің және біліктеудің барлық түрлеріне арналған біліктерді баптау.

      Білуге тиіс: біліктердің, сығымдағыштар мен көлденең біліктейтін машиналардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, ыстықтай және суықтай біліктеу процесіндегі жайма металдың қасиеттері, біліктеу жұмыстарына арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, ыстық және суық күйінде июдің және біліктеу жолдары, көтергіш механизмдердің, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, арнайы айлабұйымдардың құрылымы, аспапты бөлшектеу, құрастыру, реттеу ережесі, металды қыздыру режимін.

      Жұмыс үлгілері

      1) Иінді біліктер – ию;

      2) Болат кескіндерден жасалған сақиналар – біліктердің қабырғаларын ию;

      3) Капсюльді бұйымдарға арналған металды таспалар – дәлме-дәл биллетирлеу;

      4) Сыртын қаптауға арналған жаймалар мен металл құрылымдар – ию;

      5) Диаметрі 3000 м-ден жоғары цилиндрлі ернеушелер – жайма металлдан біліктеу;

      6) Коникалық аралық келте құбырлар – шаблон бойынша ию.

231. Біліктеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Шыбық тәрізді және жайпақ металдан жасалған бөлшектердің суықтай қалыңдығы 30-дан жоғары және ыстық күйінде 40-тан жоғары түрлі біліктерде және сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Каркастар, макеттер және модельдер бойынша күрделі бөлшектерді ию. Көп клеткалы стандарда болат пен қорытпа қоспаланған маркалардан жасалған жұқартатын таспаларды күшейту. Стандарды баптау. Таспаның түрлі өлшемдерін илемдеу үшін біліктер мен роликтер теңшеу және реттеу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, бірегей және арнайы айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын теңшеу және реттеу ережесі, берілген дәлдікке қол жеткізу тәсілдері, илемді болат пен қорытпалардың химиялық құрамы, жасалатын өнімге қойылатын талаптар.

      Жұмыс үлгілері. Каркас бойынша ию:

      1) Ағызба бөлшектері;

      2) Дейдвудты жаймалар;

      3) Префорирленген жаймалар.

Ине тәрізді роликтер мен шариктерді біліктеуші
232. Ине тәрізді роликтер мен шариктерді біліктеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес бунттық және шыбық тәрізді материалдан жасалған түрлі мөлшердегі ине тәрізді роликтер мен шариктерді суық күйінде біліктеу автоматтарында илеу және біліктеу. Аспапты орнату. Жұмыс процесінде пышақтар мен біліктерді ауыстыру. Бақылау-өлшеу аспаптары арқылы шариктер мен роликтердің диаметрлерін, жүзін және ұзындықтарын өлшеу. Автоматтардың жұмысын қадағалау және оларды баптау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін біліктеу автоматтарының құрылымы, кинематикалық тәсімдері, баптау және дәлдігін тексеру ережесі, аспа құрылысы ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, рұқсат берілген шегі мен отырғызу жүйесін.

Созушы
233. Созушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 30 мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Материалды станға жіберу. Материалдың ұшын ұштау машиналарында ұштау. Созу жылдамдығын реттеу. Стандарды баптауға, созғыштарды ауыстыруға және шыбықтарды созуға дайындауға қатысу. Материалдың ұшын машиналарда өру, біліктеу. Металлды созғыштардан өткізу, оның ұштарын созу арбасымен бекіту немесе ұшын ұстау. Жоғарырақ білікті созушының басшылығымен шыбық тәрізді шыбық материалды 30-дан жоғары 70 мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу.

      Білуге тиіс: бүр үлгідегі созу стандарының жұмыс істеу қағидаты, созуға арналған шыбықтардың ұштарын дайындау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, суықтай созатын бұйымдар өндірісінің принципиалды тәсімі, термоөңдеу аралық операциялары мен қосымша операциялар, бұйымдарды өңдеу және тапсыру ережесі, өңделетін металдарды негізгі механикалық қасиеті, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

234. Созушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 30 мм-ден жоғары 70мм-ге дейін кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Созғыштарды және созу жылдамдығын берілген технология және созу режимі бойынша орнату. Созу стандарын, алмалы-салмалы және көтергіш механизмдері мен салқындату жүйесін баптау. Жоғарырақ білікті созушының басшылығымен шыбық тәрізді шыбық материалды 70 мм-ден астам кесіп созу стандарында созу және калибрлеу.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі созу стандары мен созуға арналған қосымша жабдықтың құрылымы, жұмыс істеу қағидаты және баптау ережесі, созу процесінің негіздері, созу станының шекті жүктемесі, созғыштарды орнату және ауыстыру тәртібі, жасалатын сым мен шыбыққа мемлекеттік стандарт бойынша қойылатын талаптар, биркалы жүйені сақтау ережесі, бақылау-өлшеу аспабы мен арнайы айлабұйымдардың құрылымы, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

235. Созушы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Барлық кескіндегі және маркадағы болаттан жасалған шыбық тәрізді материалды 70мм-ден астам кесіп созу стандарында созу және калибрлеу. Шыбықтан жасалған дәлме-дәл фасондық кескіндерді созу. өңдегеннен, шайғаннан, сарғайтқаннан және әктегеннен кейін металды созуға дайындау сапасын айқындау және созғыш аспаптың жұмысқа жарамдылығын айқындау. Дайындаманың өлшемін есептеу. Созу жылдамдығын бекіту. Созу стандарын, ұштау машиналарын, алмалы-салмалы және көтергіш механизмдері мен салқындату жүйесін баптау.

      Білуге тиіс: түрлі созу стандары мен созуға арналған басқа да жабдықтың кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, сығудың шекті көлемі және созу жылдамдығы, шикізатқа және дайындалатын өнімге техникалық шарттары, созу кезінде металдың сапасына өңдеудің және күйдірудің әсері, түрлі металдарды созу кезектілігі мен ауыспалы саны, арнайы айлабұйымдардың құрылымы, орындалатын жұмыс шегінде металл өңдеу және термиялық өңдеу негіздері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

236. Созушы 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Тез бұзылмайтын, ыстыққа төзімді, күрделі қоспаланатын және басқа да арнайы маркадағы болатқа ыстықтай металды қыздыруға арналған құрылғыға (қорғасын немесе тұз бұлаулар, ТВЧ құрылғылары, электр байланысты қыздыру және т.б.) бір мезгілде қызмет көрсете отырып, шыбық тәрізді және бунтты металлды созу стандары мен арнайы желілерінде созу және калибрлеу. Созуға дайындалған металдың сапасын, қызу температурасын, созу жылдамдығы мен созғылау санын айқындау. Байланыс құрылғылары мен ТВЧ құрылғыларында металды қыздыру режимін айқындау. Металды қыздыруға арналған созу стандары мен құрылғыларын баптау. Жабдықты жөндеуге қатысу.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі созу стандарының, қыздыру құрылғылары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен жұмыс істеу қағидаты, фильера орнату және ауыстыру әдістері, металл өңдеу және металды қысыммен өңдеу негіздері мен теориясы, металды созу, өңдеу және термоөңдеудің оны созғанда сапасына әсері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

Құбыр июші
237. Құбыр июші 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта бір жерінен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды суықтай ию. Жоғарырақ білікті құбыр июшінің басқаруымен бір және бірнеше жазықтықта бірнеше жерден иілген құбырларды айлабұйымдар және құбыр ию станоктарын арқылы шаблон бойынша суықтай ию. Құбыр июден алдын шаблондарды қиыстыру.

      Білуге тиіс: құбыр игіш станоктардың құрылымы, олардың маңызды бөліктерінің атаулары мен қызметі, жұмыста қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі, күрделі емес сызбаларды оқу ережесі.

      Жұмыс үлгілері

      Диаметрі 38 x 3 мм-ге дейінгі, ұзындығы 4000 мм-ге дейінгі құбырлар - ию.

238. Құбыр июші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта бірнеше жерінен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды шаблон бойынша айлабұйымдар немесе бапталған құбыр игіш станоктар арқылы суықтай ию. Жоғарырақ білікті құбыр июшінің басшылығымен игіш қалпақтар мен айлабұйымдарды орнату.

      Білуге тиіс: үлгілік құбыр игіш станоктардың жұмыс істеу қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары, құбырлардың мемлекеттік стандарттары, доғалары мен бұрыштарын өлшеу бірліктері.

      Жұмыс үлгілері

      1) Иіндері – ішкі жағынан толқынды өсінділерді түзету;

      2) Ию автомобильдеріне арналған бензин құбырлары мен тежегіш жүйесінің құбыршалары;

      3) Диаметрі 20 мм-ге дейін кереуеттерге арналған құбырлар – ию;

      4) Су қыздыру құбырлары – механикалық тәсілмен консервациядан алу;

      5) Диаметрі 38 x 3 мм-ден асатын, ұзындығы 4000 мм-ден артық құбырлар – ию;

      6) Бір жазықтықтағы қайнататын және басқа да екі иінді құбырлар – ию;

      7) Автомобильдердің сөндіргіштеріне арналған қабылдау және пайдаланылған құбырлар - ию.

239. Құбыр июші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен қолмен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды сызбалар және шаблон бойынша айлабұйымдар немесе құбыр игіш станоктар арқылы суықтай ию. Белгілі бір диаметрдегі игіш қалпақтар мен айлабұйымдарды орнату. Құбыр игіш станоктарды баптау. Сығылған қазандық құбырларды ию, оларды ішкі және сыртқы диаметрлері бойынша қалибрлеу және гидравликалық сынау.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктардың құрылымы және жұмыс істеу қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы айлабұйымдардың құрылымдары, барлық диаметрдегі және дорндағы игіш қалпақтарды пайдалана отырып ию тәсілдері, ию кезінде құбырларды ию мен материалдардың бұзылу шектері, құбыр ұзындықтарын жайып есептеу әдістері.

      Жұмыс үлгілері

      1) Бумен қыздырғыш иректемелері – иіндерін ию;

      2) Кәдеге жарату қазандығының диаметрі 1200 мм иректемелері – ию;

      3) Үш жерінен иілген қосымша және негізгі қазандықтар үшін су жылытатын, ұзындығы 4000 мм-ге дейінгі құбырлар – ию;

      4) Үш жерінен иілген су жылытатын құбырлар – шаблон бойынша тексеру, жеткізу және шарикпен илемдеу;

      5) Диаметрі 20 мм-ден асатын кереуеттерге арналған құбырлар – ию;

      6) Бу қазандықтарына арналған қайнататын құбырлар – ию;

      7) Бумен қыздыратын секциялар мен экономайзер секцияларының құбырлары – ию;

      8) Құбыржол құбырлары – түрлі жазықтықта ию;

      9) Полиэтиленмен футерленген құбырлар – ию;

      10) Бу қазандықтары экранының құбырлары – екі жазықтықта ию.

240. Құбыр июші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен қолмен иілген болат, мыс және басқа да құбырларды түрлі жазықтықта түрлі үлгідегі айлабұйымдар немесе құбыр игіш станоктар арқылы көп сатылы суықтай ию. Жоғары жиіліктегі токта қыздырып немесе арнайы пештерде диаметрі 200 мм-ге дейінгі құбырларды ию. Барлық диаметрдегі игіш қалпақтарды және айлабұйымдарды орнату. Түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктарды баптау.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, сызбалар, эскиздер, макеттер бойынша, жаймалар бойынша құбыр ию үшін шаблондарды жасау тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері

      1) Үш жерінен иілген қосымша және негізгі қазандықтар үшін су жылытатын, ұзындығы 4000 мм-ден асатын құбырлар – ию;

      2) Автомобильдер үшін тұтқалардың, арқалығы және тұғырына арналған құбырлар - ию;

      3) Электр станциялары мен барлық маркадағы диаметрі 200 мм-ге дейінгі турбиналарға арналған бу өткізетін және су өткізетін құбырлар – түрлі жазықтықтағы көп иінді ию;

      4) Бу қазандықтарының түрлі мөлшердегі экрандарының құбырлары – түрлі жазықтықта көп иінді ию.

241. Құбыр июші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Бір жазықтықта көп жерінен көп иінді иілген болат, мыс және басқа да құбырларды түрлі жазықтықта түрлі үлгідегі құбыр игіш станоктар арқылы көп сатылы суықтай ию. Жоғары жиіліктегі токта қыздырып немесе арнайы пештерде диаметрі 200 мм-ден асатын құбырларды ию. Барлық диаметрдегі құбырларды және қабырғаларының қалыңдықтарын июге арналған станоктарды баптау. Құбырларды қыздыру режимін орнату. Күрделі құбыржолдардың сызбалары мен тәсімдерін оқу. Арнайы плаздағы иілген жерлерін тексеру.

      Білуге тиіс: барлық құрылымдағы құбыр игіш станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, қоспаланған болат пен қорытпадан жасалған құбырларды өңдеудің ерекшеліктері, құбырларды өңдеу әдістері, жоғары жиіліктегі токтарды қыздыру кезінде болаттың құрылымдық өзгерістері туралы.

      Жұмыс үлгілері

      Электр станциялары мен барлық маркадағы болат турбиналарға арналған бу өткізетін және су өткізетін диаметрі 200 мм-ден асатын құбырлар – түрлі жазықтықтағы көп иінді ию.

Бастырмалатушы
242. Бастырмалатушы 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті бастырмалатушының басшылығымен арнайы бапталған бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда бөлшектер мен бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Құбыр тазарту құрылымдары мен станоктарындағы бу шығаратын және түтін шығаратын құбырларды тазалау.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктарының, қолданылатын айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен құрылымы туралы негізгі ұғымдар, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы, түтін шығаратын және ыстық шығаратын құбырларды тазарту жөніндегі жұмыс тәсілдері, құбыр қабырғаларының қалыңдығына қойылатын шекті өлшемдері, сызбалар мен калибрлердегі дәлдіктер сыныбының шартты белгілері.

      Жұмыс үлгілері

      1) РС, РСБ бұйымдардың аспалы гайкалар – корпусқа гайка кесіктерін бастырмалау;

      2) Қағаз диэлектригі бар тұрақты ыдыстар конденсаторларының гильзалары – механикалық аспаптарда кесіктерді тегісту;

      3) Панель ұяшықтары – төлкелерді бастырмалату;

      4) Қағаз конденсаторлары герметизделген шағын габаритті – станокта немесе механикалық аспаптарла бастырмалату;

      5) Шағын габаритті қағазды, металды қағазды және пленкалы конденсаторларының корпустары – қол аспаптарда бастырмалату;

      6) Трансформаторларға арналған гетинакстан жасалған платтар – төлкелерді бастырмалату;

      7) Түтін шығаратын және ыстық шығаратын құбырлар – қабыршақтан, ластықтан, қарайған жерлерден ұштарын тазалау.

243. Бастырмалатушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Арнайы бапталған бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда жайма, сұрыптық және пішінді металдан жасалған қарапайым бөлшектер мен түзу сызықты бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Цилиндр бұйымдар мен ірі бөлшектерді роликті тегістеу станоктарында тегістеу.

      Білуге тиіс: үлгілік өретін, бастырмалататын және тегістейтін станоктардың құрылымы және жұмыс істеу қағидаты туралы негізгі ұғымдар, кеңінен таратылған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Салатын банкалар, ыдыстар және басқа да металл шаруашылық заттары – бортты тегістеу, құрастыру және тегістеу;

      2) Бұлаулар – ию, борттау және бортты тегістеу;

      3) Жинақы түзеткіштер – екінші ұшын бастырмалату;

      4) Барабандарды және басқа да бөлшектердің қақпақтарының мойындары – бастырмалату, сымдар мен жіктерін тегістеу;

      5) Ішетін және көйлек-көншектік бактардың түптері мен корпустары – бастырмалату;

      6) Термитті патрондардың түптері мен қақпақтары – бастырмалату;

      7) Ауыспалы резистордағы жапсырмалар – бастырмалату, бірікпелердің беріктігін тексеру;

      8) Жүк автомобильдерінің дөңгелектеріне арналған қайрайтын сақиналар - өру;

      9) Қағаз конденсаторлар герметизделген шағын габаритті – арнайы жартылай автоматта қысу;

      10) Оксидті конденсаторлар – гидравликалық престерде арнайы штампылармен бастырмалату;

      11) Оксидті конденсаторлар шағын габаритті – бастырмалау немесе иректеу;

      12) Танталды және ниобиев конденсаторлары – қондырғыда оқшаулағыштың түтіктерін қысу;

      13) Триацетат пленкадан жасалған корпустар – бастырмалату;

      14) 2РМ, РС, РСБ бұйымдары ажыратқыштарының корпустары – станокта корпус кесігін бастырмалату, корпустағы оқшаулауғыштар бастырмаларының беріктігін тексеру;

      15) Оксидті конденсаторлардың қақпақтары – корпустарға бастырмалату;

      16) Болат ыдыс – бортын бастырмалату;

      17) "Киловольт II" штепсель бұйымдары ажыратқышы – кабельде иректеу; шеті бойынша байланыстарды қысу;

      18) Штепсель ажыратқыштары - завальцовка;

      19) ПЛЗ-1,2 стакандар - тегістеу;

      20) ПЛК-50 стакандар - бастырмалату;

      21) Түтін шығаратын құбырлар – тегістеу;

      22) Түсті металдан жасалған құбырлар, шыбықтар – ұстағыштарын соғу және бастырмалату;

      23) ИКПТ шпилькалары – қалпағы бар шпилькаларды жинау және бастырмалату.

244. Бастырмалатушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Арнайы бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда және сығымдағыштарда жайма, сұрыптық және пішінді металдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектер мен түзу сызықты бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Жұмыс уақытында станоктарды баптау, станоктардағы ұсақ ақаулықтарды жою. Бу қазандықтары, жылы алмастырғыштар, бойлер және басқа да ыдыстардың металл қабырғаларының саңылауларындағы түтін шығаратын, ыстық шығаратын, су қыздыратын және басқа да құбырлардың ұштарын біліктеу арқылы біліктеу.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі біліктеу, тегістеу және өру станоктары мен сығымдағыштарының құрылымы мен баптау ережесі, кеңінен таралған арнайы және әмбебап айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, құбырларды қысымда ұстау уақыты және біліктеу кезінде ақаулықтың пайда болу себептері, жұмыс аспабы мен айлабұйымдарды реттеу тәсілдері, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Шифер шегелері – құрастыру және біліктеу;

      2) Барабандардың түптері мен қақпақтары – тегістеу;

      3) Сүзгіштердің корпустары – тегістеу;

      4) Ыдыс бұйымдары – эмальдап тегістеу;

      5) Бензин және маймен жүретін автомобильдердің түтікшелері – тегістеу;

      6) Ыстық шығаратын құбырлар - біліктеу;

      7) Перфорирленген цилиндрлер – тегістеу;

      8) Түсті металлдар мен қорытпалардан жасалған құбырлар, жолақтар, түтікшелер – ұстағыштарды қыздырып соғу.

245. Бастырмалатушы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Арнайы бастырмалатқыш, тегістегіш және өргіш станоктарда және сығымдағыштарда жайма, сұрыптық және пішінді металдан жасалған күрделі бөлшектер мен түзу сызықты бұйымдарды бастырмалату, тегістеу және өру. Арнайы өретін, біліктейтін және тегістейтін станоктарды жұмыс процесінде баптау. Аспаптар мен айлабұйымдарды кескініне, тегістеу және өру радиусына қарай орнату және реттеу.

      Білуге тиіс: біліктеу, тегістеу және өру станоктары мен сығымдағыштарының құрылымы, баптау ережесі және кинематикалық тәсімі, арнайы және әмбебап айлабұйымдардың құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары, бұйымдар мен бөлшектерді біліктеу, тегістеу және өруге техникалық шарттары, бөлшектер мен бұйымдарды әзірлеуде қолданылатын материалдарға мемлекеттік стандарттары, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Автомашинаның қанаттары мен басқа да ұқсас бөлшектерді жиектеу – сымды тегістеу;

      2) Бензобактардың алжапқыштарын жиектеу – тегістеу;

      3) Сопақ ыдыстар мен мырышпен қапталған бұлаулар – корпустың түбін тегістеу.

Сильфонды компенсатор және шланг жасаушы
246. Сильфонды компенсатор және шланг жасаушы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Өлшеу құрылғыларында: кемелердің құбыржолдарда қолданылатын термостаттарда, тығыздалған көп қабатты сильфонды компенсаторда, іріктелген тығыздағыштар мен икемді металл шлангтарда, қолданылатын сильфондарды – жұқа қабырғалы металл гофрирленген түтіктер мен шлангтарды жасау жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындау. 1 мм-ден 3 мм-ге дейінгі шекте дайындамалардың жиектерін белгілеу, кесу, тазалау және майсыздандыру. Дәнекерлегеннен кейін жіктерді тазалау. Эксцентрикті сығымдағыштарда шеңбер ою және саңылау тесу, дірілмен істейтін қайшымен және құбыр кесетін станокпен сильфондардың кесіктеріндегі тегіс емес жерлерін кесу. Арнайы тегістеу станоктарымен белгілер мен кемістіктерді тазалау және жылтырату. Сильфондарды таңбалау. Оправкадағы түтіктердің жиектерін қолмен бастырмалату. Екі үшқабатты сильфонға ішкі және сыртқы сильфондарды қолмен құрастыру.

      Білуге тиіс: үлгілік эксцентрикті сығымдағыштардың, дірілмен істейтін қайшылардың, құбыр кесетін станоктардың, абразивті шеңберлердің жұмыс істеу қағидаты, кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың қызметі және пайдалану шарттары, бетіндегі майларды кетіру ережесі, өңделетін металдардың негізгі механикалық қасиеттері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер жүйесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Компенсаторлар, тығыздағыштар мен шлангтар арматурасы – дәнекерлеуге тазарту және майсыздандыру;

      2) Технологиялық бекіткіштер – металл икемді шлангтардың ұштарына сынамадан кейін орнату;

      3) Сильфонды компенсаторлар, іріктеу тығыздағыштары, икемді металл шлангтар - өлшеу, консервациялау, орау және ыдысқа белгі қою;

      4) Сильфонды компенсаторларды, іріктеу тығыздағыштары мен икемді металл шлангтардың ернеушелері – дәнекерлеуге қиялай және кесік жиектерін тазалау және майсыздандыру;

      5) Технологиялық қорғағыш орама (оқшаулағыш таспа, полиэтиленді пленка және т.б.) – тазалау;

      6) Икемді шлангтарға арналған металл орамалар – консервациядан алу;

      7) Сильфон дайындамаларын гофрлеуге арналған жарақтар – тазалау, майлау, стеллаждарға қалау;

      8) Икемді металл шланг жасауға арналған құбырлар, сильфонды компенсаторлардың түсіретін өзекшелі жетектеріне арналған кескінді материал – дайындамаларды белгілеу, кесу;

      9) Өзекшелі түсіретін жетектер – шплинттеу және бекіту.

247. Сильфонды компенсатор және шланг жасаушы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі кеме құбыржолдарында қолданылатын сильфонды компенсаторларды, іріктеу тығыздағыштарын және икемді металл шлангтерді құрастыру, гофрлеу және сынамалау. Қысымы 1,5 МПа-ға дейінгі арнайы тағайындалған сильфонды компенсаторлар мен металл шлангтардың гидравликалық сынамалары мен 160 кПа (1,6 атм)–ға дейінгі қысымдағы пневматикалық сынамалар. Екі жақты істейтін сығымдағыштарда және көлденеңінен – ұзын стандарда сызба бойынша бекітілген мөлшерлерді сақтай отырып құбырға дайындамаларды жүйелі сору. Оправкадағы жаншымаларды қолмен түзету. Токарлық станоктарда кесіктері бойынша әдіптерді мөлшерлеп кесу. Кетпектерді өлшеп егеумен егеу, беткі қабатын алу және оны оправкада төменгі қабатқа қолмен қысу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Дайындамалардың жиектерін 1 мм-ге дейінгі шекте белгілеу және тазалау. Бір және екі жерден кіретін қабырғаларын илектеу стандарымен алюминий қорытпалардан жасалған монометалл және биметалл құбырларға апару.

      Білуге тиіс: екі жақты істейтін сығымдағыштарды және көлденеңінен соратын түрлі үлгідегі станоктардың құрылымы мен баптау ережесі, кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және кесетін аспаптардың құрылымы, қабырға өлшегішпен өлшеу тәсілдері, кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері, сильфонды компенсаторлар мен металл шлангтерді сынамалау ережесі, қабырға тегістеу станының құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты.

      Жұмыс үлгілері

      1) Сильфонды компенсаторларға, икемді металл шлангтерге және іріктейтін тығыздағыштарға шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі ұштық арматура (фланецтер, штуцерлер, жіберетін келте құбырлар, дыбыс өткізбейтін тораптар, ұштары) – тықсыру, дәнекерлеуге құрастыру, дәнекерлегеннен кейін біліктестігін тексеру;

      2) Икемді металл шлангтерге арналған дайындамалар – ПГ-30, АГШ-60 үлгісіндегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофр пайда болу үшін 15,0 МПа-ға дейінгі қысымда гофрлау;

      3) Сильфонды компенсаторлар мен іріктейтін тығыздағыштардың цилиндр ернеушелерін жасауға арналған жаймалық дайындамалар – гидравликалық немесе электр қайшылармен автоматты режимде немесе белгілері бойынша кесу, гильотинді қайшылармен белгісі бойынша таспаны кесу, цилиндр ернеушелерді біліктеу;

      4) Сильфонды компенсаторларға, іріктейтін тығыздағыштарға және икемді металл шлангтерге арналған жаймалық дайындамалар, құбыр дайындамаларына жаймаларды біліктеу, байланысты дәнекерлеу машиналарымен немесе электр қапсырғыштармен ұштарын қапсырып дәнекерлеуге құрастыру;

      5) Шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторларға, іріктейтін тығыздағыштарға арналған көп қабатты цилиндр дайындамалар – ПВ-200 "Филдинг", Ак-1167, АК-1168, АК-1170 үлгісіндегі тік гидравликалық сығымдағыштарда, көлденең роликті АК-1173 үлгісіндегі сығымдағыштарда гофрлеу, қабаттарын илемдеу;

      6) Шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторлардың цилиндрлі көп қабатты дайындамалары – ПГС-350-100, ПГС-500-200 үлгідегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофрлеу;

      7) Сильфонды компенсаторларға, тығыздағыштар мен шлангтарға арналған цилиндр дайындамалары – қажетті көп қабатты құрылымға құрастыру;

      8) Икемді металл шлангтар мен сильфонды компенсаторларға арналған қаптары – дайындау, қиюластыру, орнату;

      9) Сильфонды компенсаторлар, икемді металл шлангтар, іріктейтін тығыздағыштар – қысымы 10,0 МПа-ға дейін гидравликалық сынамалар, 1,6 МПа-ға дейінгі қысымда пневматикалық сынамалар;

      10) Сильфонды компенсаторлар мен құрастыратын бұйымдар – көтеру, жылжыту үшін ілмектеу және байластыру; орнату және қоймалау;

      11) Сильфонды компенсаторлар мен іріктейтін тығыздағыштар – кептіруге дайындау, пешке салу және пештен алу;

      12) Сильфонды компенсаторлар – гофрлеу станогында және ойыс жерлерін калибрлеу;

      13) Кеме құбыржолдарында икемді элемент ретінде пайдаланылатын сильфонды компенсаторларды, іріктейтін тығыздағыштар мен икемді металл шлангтарды жасау үшін түсетін материалдар мен бөлшектер – сертификатының барлығын тексеру және ішін тексеру;

      14) Сильфонды компенсаторлардың ұштары – біліктеу;

      15) Аралық сильфондардың ернеушелері (Ду 70-150 мм) – электр қайшымен таспаларды кесу; біліктерде аралық ернеушелерді қолмен орау;

      16) Сақтандырғыш технологиялық орау (оқшаулағыш таспа, полиэтиленді пленка және т.б.) – бұйымға жағу;

      17) Икемді шлангтарға арналған металл орама – белгілеу, қиюластыру және шлангпен (оқшаулағыш тораптарынсыз) құрастыру;

      18) Шартты өтпесі 350 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторлар жасауға арналған жарақтар – қиюластыру, құрастыру, бөлшектеу;

      19) Компенсаторларға жіберетін ішкі келте құбырлар – жасау;

      20) Түсіретін арқанды жетектер – жасау және орнату;

      21) Дайындамалардың дәнекерленген жіктері – керосин және бор ерітіндісі қоспасымен кейіннен керосинді және борды кетіріп өткізгіштігін сынамалау және жіктерін тегістеу;

      22) Сильфон ернеушелерінің, дәнекерленген келте құбырлардың дәнекерленген жіктері – шыңдау машинасында негізгі металлмен жіктестіріп илемдеу.

248. Сильфонды компенсатор және шланг жасаушы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Шартты өтпесі 350 мм-ден жоғары 700-ммге дейінгі кеме құбыржолдарында қолданылатын сильфонды компенсаторларды, іріктеу тығыздағыштарын және икемді металл шлангтерді құрастыру, гофрлеу және сынамалау. Қысымы 1,5 МПа-дан жоғары 3 МПа-ға дейінгі арнайы тағайындалған сильфонды компенсаторлар мен металл шлангтардың гидравликалық сынамалары мен 160 кПа (1,6 атм)–дан жоғары 400 кПа-ға дейінгі қысымдағы пневматикалық сынамалар. Негізгі және қосалқы жырашықтарды белгілеу және дөңгелетіп кеңейту. Токарь станоктарында талап етілетін өлшемге шақтап сильфонның сыртқы қабаттарын кесу. Гидроқалыптайтын станокта гофрларды қалыптастыру. Сильфонды рейкалық сығымдағышта гофрлар бір-біріне тигенге дейін сығу, айлабұйымның көмегімен қажетті биіктікке дейін сильфонды созу және жеткізу. Сильфондардың күюін және қабатаралығын пневмоқұрылғыларда пневмосынау. Сильфондарды құрастырудың автоматикалық желісінде жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Үш жерден кіретін қабырғаларын илектеу стандарымен алюминий қорытпалардан жасалған монометалл және биметалл құбырларға апару. Қабырға құбырларын таспамен өру.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі қызмет көрсетілетін станоктардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері мен баптау ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымдары, сильфондарды сынау ережесі, гидроқалыптау станоктарына бөлшектерді орнату тәсілдері мен айлабұйымдарды іріктеу ережесі, гофр қалыптарға жұмыс қысымын беру ережесі және сығу, жұмыс манометрлері сыныбын таңдау ережесі (үлгілер бойынша), кедір-бұдырлықтың рұқсат берілген шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері, түрлі үлгідегі компенсаторларды, іріктейтін тығыздағыштар мен металл шлангтарды құрастыру кезектілігі, қабырғаны айналдыратын аспаптың құрылымы және қабырғаның пайда болу принципі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Сильфонды компенсаторларға, икемді металл шлангтерге және іріктейтін тығыздағыштарға шартты өтпесі 350 мм-ден жоғары 700 мм-ге дейінгі ұштық арматура (фланецтер, штуцерлер, жіберетін келте құбырлар, дыбыс өткізбейтін тораптар, ұштары) – тықсыру, дәнекерлеуге құрастыру, дәнекерлегеннен кейін біліктестігін тексеру;

      2) Икемді металл шлангтерге арналған дайындамалар – ПГ-30, АГШ-60 үлгісіндегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофр пайда болу үшін 15,0 МПа-дан жоғары 30,0 МПа-ға дейінгі қысымда гофрлау. (150-ден жоғары 300 кгс/кв-ге дейін);

      3) Шартты өтпесі 150 мм-ге дейінгі арнайы тағайындалған сильфондарға арналған дайындамалар – тік және көлденең сығымдағыштарда гофрлеу, сильфондарды арматурамен дәнекерлеуге құрастыру, дәнекерлегеннен кейін біліктігін тексеру және түпкілікті құрастыру;

      4) Шартты өтпесі 350 мм-ден 700 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторларға, іріктейтін тығыздағыштарға арналған көп қабатты цилиндр дайындамалар – ПВ-200 "Филдинг", Ак-1167, АК-1168, АК-1170 үлгісіндегі тік гидравликалық сығымдағыштарда, көлденең роликті АК-1173 үлгісіндегі сығымдағыштарда гофрлеу, қабаттарын илемдеу;

      5) Шартты өтпесі 350 мм-нен жоғары 700 мм-ге дейінгі сильфонды компенсаторлардың цилиндрлі көп қабатты дайындамалары – ПГС-350-100, ПГС-500-200 үлгідегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофрлеу;

      6) Компенсаторлар мен іріктейтін тығыздағыштар – тапсырыс берушіге ұсыну;

      7) Мембранды компенсаторлар – толықтай жасау (белгілеу, дайындамаларды кесу, құрастыру);

      8) Сильфонды компенсаторлар, икемді металл шлангтар, іріктейтін тығыздағыштар - қысымы 10,0 МПа-дан 30,0 МПа-ға дейін (100 кгс/кв. см-ден 300 кгс/кв.см-ге дейін) гидравликалық сынамалар, 1,6 МПа-дан жоғары 4,0 МПа-ға дейінгі (16 кгс/кв.см-дан 40 кгс/кв.см-ге дейін) қысымда пневматикалық сынамалар;

      9) Екі және одан да көп сильфонды компенсаторлар – қаптарын жасау, шақтау және орнату, орнын тесу және түсіретін жетектерді реттеу;

      10) Арнайы тағайындалған мен шартты өтпесі 700-мм-ге дейінгі лицензия бойынша жасалатын сильфонды компенсаторлар – тік және көлденең сығымдағыштарда гофрлеу, қысымы 10,0 МПа-ға дейін (100 кгс/кв. см-ге дейін) гидравликалық сынамалар, 1,6 МПа-ға дейінгі (16 кгс/кв.см-ге дейін) қысымда пневматикалық сынамалар;

      11) Арнайы тағайындалған және лицензия бойынша шартты өтпесі 700 мм-ге дейін дайындалған сильфонды компенсаторлар – сильфондардың ұштары мен ернеушелерді роликті станоктарда белгілеу және кесу (технологиялық әдіптері);

      12) Шартты өтпесі 350 –ден жоғары 700 мм-ге дейін сильфонды компенсаторлар жасауға арналған жарақтар – дайындау, құрастыру, бөлшектеу.

249. Сильфонды компенсатор және шланг жасаушы 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Шартты өтпесі 700 мм-ден жоғары кеме құбыржолдарында қолданылатын сильфонды компенсаторларды, іріктеу тығыздағыштарын және икемді металл шлангтерді құрастыру, гофрлеу және сынамалау. Қысымы 3 МПа-дан жоғары арнайы тағайындалған сильфонды компенсаторлар мен металл шлангтардың гидравликалық сынамалары мен 400 кПа-дан жоғары қысымдағы пневматикалық сынамалар. Сильфон компенсаторларының, сериялық жоғары ағынды компенсаторлардың тәжірибелік үлгілерін жасау, дәнекерленген жіктерін вакуум тығыздығына сынау. Қабырға дөңгелетіп кеңіту стандарын баптау.

      Білуге тиіс: жиналатын бұйымдар мен қызмет көрсетілетін механизмдердің құрылымы, қызметі мен жұмыс істеу пирнципі, сильфонды компенсаторлардың тәжірибелік үлгілерін сынаудан өткізу тәртібі, вакуум тығыздығына сынама өткізу тәртібі, қабырғаны айналдыратын станоктарды баптау ережесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Сильфонды компенсаторларға, икемді металл шлангтерге және іріктейтін тығыздағыштарға шартты өтпесі 700 мм-нен жоғары ұштық арматура (фланецтер, штуцерлер, жіберетін келте құбырлар, дыбыс өткізбейтін тораптар, ұштары) – тықсыру, дәнекерлеуге құрастыру, дәнекерлегеннен кейін біліктестігін тексеру;

      2) Икемді металл шлангтерге арналған дайындамалар – ПГ-30, АГШ-60 үлгісіндегі көлденең гидравликалық сығымдағыштармен гофр пайда болу үшін 30,0 МПа-дан жоғары қысымда гофрлау (300 кгс/кв-ге жоғары);

      3) Шартты өтпесі 700 мм-ден жоғары сильфонды компенсаторларға, іріктейтін тығыздағыштарға арналған көп қабатты цилиндр дайындамалар – ПВ-200 "Филдинг", Ак-1167, АК-1168, АК-1170 үлгісіндегі тік гидравликалық сығымдағыштарда, көлденең роликті АК-1173 үлгісіндегі сығымдағыштарда гофрлеу, қабаттарын илемдеу;

      4) Сильфонды компенсаторлар, икемді металл шлангтар, іріктейтін тығыздағыштар - 30,0 МПа-дан (300 кгс/кв. см-дан) жоғары қысымдағы гидравликалық сынамалар, қысымы 4,0 МПа-дан (40 кгс/см-дан жоғары) жоғары пневматикалық сынамалар;

      5) Шартты өтпесі 600 мм-ге дейінгі арнайы тәсімдер бойынша жасалатын сильфонды компенсаторлар – құрастыру, гофрлау, сынау;

      6) Арнайы тағайындалған мен шартты өтпесі 700-мм-ден жоғары лицензия бойынша жасалатын сильфонды компенсаторлар – сильфондар мен ернеушелердің ұштарын роликті станоктарда белгілеу және кесу (технологиялық әдіптер);

      7) Шартты өтпесі 700 мм-ден асатын сильфонды компенсаторлар жасауға арналған керек-жарақтар – дайындау, құрастыру, бөлшектеу;

      8) Жоғары дәрежеде буланған арнайы ортаға арналған компенсаторлар мен икемді металл шлангтердің дәнекер жіктері – гель тесік тапқыштармен вакуум тығыздығын сынау;

      9) Дәнекер жіктері – термомеханикалық өңдеу.

Шегендеуші
250. Шегендеуші 1-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Тойтарма шегелерді қолмен және пневматикалық шегендеу кезінде қыздыру және ұстап тұру. Екі пневматикалық балғамен шегендеу кезінде жоғарылау білікті шегендеушімен жұмыс істеу. Белгі және шаблон бойынша кесу. Қыспақтарды іріктеу. Жоғарылау білікті шегендеушінің басшылығымен стационарлық нығыздағыш пен балғамен ірі бұйымдар мен металл құрылымдарды шегендеу.

      Білуге тиіс: пневматикалық балғалармен жұмыс істеу қағидаты және пайдалану ережесі, тойтарма шегелердің сұрыптамасы, тойтарма шегелерді қыздыру ережесі, кеңінен таралған қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары.

251. Шегендеуші 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 12 мм-ге дейінгі тойтарма шегелермен 300 кПа (3 атм) дейінгі қысымда жұмыс істейтін қарапайым металл құрылымдарды пневматикалық балғамен немесе қолмен шегендеу станоктарында, сығымдағыштарда ыстықтай және суықтай шегендеу. Пневмогидравликалық қапсырмамен, пневматикалық балғамен және жекелеген бөлшектерді алюминий корпустың сығымдағышында жіктердің тығыздығын қамтамасыз ете отырып қолмен суықтай тойтарғыштармен шегендеу. Гидравликалық сынау кезінде анықталған тойтармалардың ақаулықтарын түзету. Жіктерді шегендеуге дайындау сапасын айқындау.

      Білуге тиіс: үлгілік пневматикалық балғалар мен тығыздағыштардың, шегендеу қапсырмаларының, қарапайым айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен шегендеуге және кесуге арналған аспаптың құрылымы, тойтарма шегелерді сығу және көрінбейтін тойтарма шегелерді шегендеу тәсілдері, тойтарма шегелерді қыздыру дәрежесі және шегендеу процесін жүргізуге болатын суыту шегі, тойтармалар мен әдіптердің ұзындық бойынша мөлшерлері, рұқсат беру шегі мен отырғызу жүйесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Люк және есік ілмектері, тиейтін люктердің рамкалары – шегендеу;

      2) Күлалғыштар, бағаналар, крандар, рамалар, ілмектер мен құбырлар – тығыз тігілген қолмен немесе пневматикалық шегендеу;

      3) Машиналардың, станоктардың, шестерналар мен белдіктердің қаптары мен қоршаулары – қолмен немесе пневматикалық шегендеу;

      4) Конькилер – қолмен немесе пневматикалық шегендеу;

      5) Жел кронштейндері, есіктің ішкі панельдерінің рамалары, автомашиналардың тежегіш колодкалары – қолмен немесе пневматикалық шегендеу;

      6) Ішкі қалқалары бойынша кронштейндер мен басқа бекітпелер – шегендеу;

      7) Баспалдақтар, торлар мен қанаттары – қолмен және пневматикалық шегендеу;

      8) Бензосорғы рычагының платиналары – құрастыру және шегендеу;

      9) Дюралюминий стеллаждары - шегендеу;

      10) Шелектер – шегендеу;

      11) Шылапшындар - шегендеу және түзету;

      12) Металл термостар – шегендеу;

      13) Түрлі жәшіктер –қолмен немесе пневматикалық шегендеу.

252. Шегендеуші 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 12 мм-ге дейінгі тойтарма шегелермен қысымсыз жұмыс істейтін және диаметрі 12 мм-ге дейінгі металл құрылымдарды, ыдыстар мен 300-ден 800 кПа (3-тен 8 атм-ға дейінгі) аппараттарды қолмен, пневматикалық балғамен немесе шегендеу қапсырмаларымен шегендеу станоктарда, сығымдағыштарда ыстықтай және суықтай шегендеу. Күрделі металдарды түсті металдан жасалған тойтармалармен қол жетпейтін және ыңғайсыз жерлерде шегендеу. Алюминий корпустың түрлі бөлшектерінің герметикалық жіктерін тікелей және кері тәсілмен шегендеу. Шаблон бойынша тықсырып жіктердің жиектерін кесу. Даяр өнімдерді гидравликалық қысымда сынау және оларды тапсыру. Шегендеу ақаулықтарын сынау кезінде анықтау және жою. Сығымдағыштарды, аспаптар мен айлабұйымдарды баптау және реттеу.

      Білуге тиіс: гидравликалық тығыздағыштар мен түрлі үлгідегі пневматикалық аппараттардың құрылымы, шегендеу болатының механикалық қасиеті, қалпақшасымен және бетімен бірдей шегендеу кезінде шегендеу ұзындығы бойынша әдіптері, шегендеудің стандартты өлшемдері, пневматикалық құралдың қалыпты жұмыс істеуі үшін әуе желісіндегі шекті қысым, жіктерді сынау тәсілдері, герметикалық жіктер кезінде шегендеу саңылауларының шектері, қол жетпейтін жерлерді шегендеуде қолданылатын айлабұйымдардың құрылымы, шегендеу кезіндегі бұзылуларының себептері, рұқсат беру шегі мен отырғызу.

      Жұмыс үлгілері

      1) Қысыммен істейтін қазандықтардың, құбырлардың аккумуляторлары, әуе резервуарлары – пневматикалық шегендеу;

      2) Бактар мен резервуарлар – шегендеу;

      3) Кильдер мен борттық стрингерлер – шегендеу;

      4) Құю шөміштері – қолмен немесе пневматикалық шегендеу;

      5) Крандарды, металл бағаналарының құрылымдары, рама жаймалары, ілмектер мен арбалары – тұрақты дәнекерлеу жіктерін тойтармалармен ыстықтай шегендеу;

      6) Илектеу стандары тоңазытқыштарының құрылымдары – шегендеу;

      7) Жартылай вагондардың түсіргіш люктері – шегендеу;

      8) Ватержелілерден жоғары қаптау, кемелердің орта бөлігіндегі төсемдер – шегендеу;

      9) Радиаторлар келте құбырлары, желдеткіштердің қалақтары – шегендеу;

      10) Ұшақтардың стрингерлері, шпангоуттары мен кронштейндер – шегендеу;

      11) Болат стеллаждар – шегендеу;

      12) Жүк көтергіштігі 15 тоннаға дейінгі крандардың тілдері – шегендеу;

      13) Грейфтердің тұмсықтары – шегендеу;

      14) Кокс шығаратын штангтер – шегендеу;

253. Шегендеуші 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 22 мм-ден асатын тойтарма шегелермен қысымсыз жұмыс істейтін және диаметрі 22 мм-ге дейінгі 800-ден 1200 кПа (8-ден 12 атм-ға дейінгі) сыналатын металл құрылымдар мен қазандық бөліктерінің герметикалық жіктерін түрлі тәсілдермен ыстықтай және суықтай шегендеу. Алюминий қорытпалардан жасалған корпустардың герметикалық жіктерін тіке және кері шегендеу. Тығыздағыштарды, аспаптар мен айлабұйымдарды баптау және реттеу.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі шегендеу және гидравликалық тығыздағыштардың құрылымы, баптау ережесі мен кинематикалық тәсімдері, қыздыру, соғу және сығымдау кезінде металдың бұзылуы, серпінді және бұзылу қалдығы, металға ауыспалы кернеуліктің әсері, рұқсат және отырғызу шектері.

      Жұмыс үлгілері

      1) Жота және шүберін арқалықтары, орап байлайтын бөренелер, швеллер және буфер бөренелер, қысатын құрамдағы ағаш тірек кронштейндер – түзету және шегендеу;

      2) Қыспақтағы барабандар – шегендеу

      3) Иллюминаторлар – рамаларды шегендеу;

      4) Ұшақ бөліктерінің корпустары – шегендеу;

      5) Қысымда істейтін қазандықтар, барабандардың түбі, құрғақ булағыштар мен басқа да резервуарлар – шегендеу;

      6) Пластина ілмектер – шегендеу;

      7) Рамалардың лонжерондары, кузовтардың алдыңғы бөліктері, автомобильдің алдыңғы және артқы дәнекерлік қаптары - құрастыру және шегендеу;

      8) Кеменің сыртқы су астыңғы бөліктерін қаптау, жапсырма жаймалары мен стрингер бұрыштары – шегендеу;

      9) Шахталық кілеттердің рамалары мен корпустары, шахталық көтергіштердің скиптері – шегендеу;

      10) Қозғалып тұратын құрамдағы арбаның рамалары мен жүк көтергіш крандары – шегендеу;

      11) 15 тоннадан асатын көтергіш крандардың бұрмасы – шегендеу;

      12) Алюминий қорытпалардан жасалған сүйекті және кильді бұрыштықтары – шегендеу;

      13) Жоғары қысымдағы бу құбыржолдары құбырларының фланецтері – шегендеу;

      14) Су және мұнай цистерналар – шегендеу.

254. Шегендеуші 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 22 мм-ден асатын тойтарма шегелермен 1,2 МПа (12 атм) жоғары қысымда сыналатын ірі металл құрылымдар мен қазандық бөліктерінің күрделі герметикалық жіктерін түрлі жабдықтарды пайдаланып ыстықтай және суықтай шегендеу. Механикалық өңдеуге жататын құрылымдарды отырғызып және ось желісін сақтай отырып, шегендеу. Монтаждаудағы көтергіш құрылыс құрылымдарын шегендеу.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен дәлдігін тексеру ережесі, шегендеу құрамалары мен жіктерінің сыныптауышын, қолданылатын айлабұйымдар мен жұмыс аспабының құрылымы.

      Жұмыс үлгілері

      1) Бағаналардың арқалықтары, төлемдері – монтаждап шегендеу;

      2) Домна пештерінің газ құбыржолдары, скруббер қаптары – шегендеу;

      3) Кеме штевендерінің құлыптары – шегендеу;

      4) Зәкір клюздары – шегендеу;

      5) Вагон аударғыштардың, көпір крандарының және кен артық жүк тасығыштарының металл құрылымдары – шегендеу;

      6) Кеменің шеттеріндегі жапсырма жаймалары бар сыртқы қаптама – шегендеу.

255. Шегендеуші 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Аспалы алаңшалары, төсемелері және аспалары бар тығыз төзімді жікті болат күрделі құрылыс құрылымдарының түрлі жабдықтарын пайдалана отырып ыстықтай шегендеу. Күрделі құрама сызбалар бойынша бірегей металл құрылымдарды шегендеу. Жіктердің герметикалығын тексеру.

      Білуге тиіс: тығыз төзімді жіктерге қойылатын талаптар, тығыз төзімді жіктерді шегендеу тәсілдері, құрылымдардың төзімділігі мен шегенделген құрамалардың төзімділігін тексеру ережесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Ірі көлемді антенналар – тораптарды шегендеу;

      2) Болат көпірлердің құрылымдары – тораптарды шегендеу;

      3) Мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар – монтаждау кезінде шегендеу;

      4) Жабын фермалары – монтаждау кезінде шегендеу.

Қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарының
бақылаушысы
256. Қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарының
бақылаушысы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ қарапайым бөлшектерді операциялық және түпкілікті қабылдау, түрлі маркадағы болаттан жасалған орташа күрделіктегі ірі бөлшектер мен тораптарды, түсті металдар мен олардың қорытпаларын қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындағаннан кейін бақылау және қабылдау. Бөлшектер мен тораптарды сыртқы түріне қарай және бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың көмегімен тексеру. Орташа күрделіктегі бөлшектер мен тораптардың сызбаларын оқу. Қалыптауда қолданылатын материалдардың сапасын көзбен айқындау.

      Білуге тиіс: қарапайым бөлшектер мен тораптарды тексеру ережесі мен тәсілдері, қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындағаннан кейін орташа күрделіктегі қабылданатын бөлшектерге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, металл сертификаттары, қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстары технологиялық процесінің негіздері, қалыптар мен басқа да қазандық, суықтай қалыптау және қысымдық жабдықтау құрылымдары, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану шарттары, қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындаудағы бөлшектер мен тораптардағы қолданылатын металдардың механикалық қасиеттері, тоттанудың түрлері мен себептері, негізгі операциялар бойынша ақаулықтардың сыныптауышы мен түрлері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлерінің жүйесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Түрлі қоспалары бар аппараттар – құрастырғаннан кейін қабылдап алу;

      2) Қосалқы қазандықтардың ауа жіберетін құрылымдары – құрастырғаннан кейін қабылдап алу;

      3) Капсюль өндірісі бұйымдары – қалыптағаннан кейін бақылау;

      4) Байланыстар мен жапырақшалары – қалыптаудан кейін бақылау және қабылдап алу;

      5) Илемдеу стандары тоңазытқыштарының құрылымдары – шегендеуден кейін бақылау;

      6) Тіркесу муфталарының корпустары – қалыптағаннан кейін бақылау;

      7) Таздардың, шайғыштардың, кастрюльдердің корпустары – жаншығаннан кейін бақылау;

      8) Электр машиналарының статорлары, роторлары мен зәкірлерінің сегменттері – қалыптағаннан кейін бақылау;

      9) Грейфтің жақтары – шегендегеннен және құрастырғаннан кейін бақылау.

257. Қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарының
бақылаушысы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қазандық құрылғыларының күрделі бөлшектері мен тораптарын; түрлі маркадағы болаттан жасалған металл құрылымдар мен аппараттарды, түсті металдар мен олардың қорытпаларын қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындағаннан кейін сыртқы түріне қарай және ықтимал бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың көмегімен бақылау және қабылдап алу. Жекелеген тораптарды, қазандық цилиндрлерін пневматикалық, гидравликалық және вакуум сынамаларымен, түрлі рұқсат берілген қысымда және түрлі вакуумда герметикалығын тексеріп қабылдап алу. Бөлшектер мен бұйымдарды жасауға кететін материалдарға мемлекеттік стандарттарды пайдалану. Орындалатын жұмыстың шегінде сызбаларды оқу. Қабылданатын және іріктелген өнімнің сапасына және санына қарай есебін және есептілігін жүргізу.

      Білуге тиіс: қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарын орындағаннан кейін күрделі бөлшектер мен тораптарды өңдеудің негізгі түрлеріне техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, қабылданатын бұйымдардың қызметі, оларды сынау және тексеру тәсілдері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлерінің жүйесі, орташа күрделіктегі белгілеу жұмыстарының тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, ақаудың алдын-алу әдістері, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

      Жұмыс үлгілері

      1) Баллондар, бойлерлер – құрастырғаннан кейінгі бақылау;

      2) Бензобактар – қалыптағаннан кейінгі бақылау;

      3) Қысқыштар – кескеннен кейін бақылау және қабылдап алу;

      4) Қосалқы қазандықтар, құрғақ булағыштар имен резервуарлар – шегендегеннен кейін бақылау және қабылдап алу;

      5) Тежегіш дискілер – қалыптағаннан кейінгі бақылау;

      6) Пластиналы ілмектер мен траверстер – шегендегеннен және құрастырғаннан кейінгі бақылау;

      7) Прожекторлардың рефлекторлары мен рамалары – қысымдағаннан кейін қабылдап алу;

      8) Диффузордың тыстары – қысымдағаннан кейін қабылдап алу.

258. Қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарының
бақылаушысы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы қазандық құрылғыларының, металл құрылымдар мен аппараттардың күрделі тораптарын бақылау, сынау және түпкілікті қабылдап алу. Ақаулардың себептерін зерттеу және олардың алдын-алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Ақаулардың түзетуге болатындарын және түпкілікті сыныптау. Тораптардың, қазандық құрылғыларын, металл құрылымдары мен аппараттарды қабылдауға ақаулық ведомостілері мен актілерін құру.

      Білуге тиіс: қазандық құрылғылары мен агрегаттарын құрастыруға техникалық шарттар, металдың құрылымы мен шөгуіне қызу температурасының әсері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қызметі мен пайдалану шарттары, күрделі белгілеу жұмыстарын орындау тәсілдері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлерінің жүйесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Негізгі және күрделі қазандықтардың арматурасы – монтаждағаннан кейін бақылау және қабылдап алу;

      2) Домна пештерінің газ құбырлары – құрастырғаннан кейін бақылау;

      3) От құбыр қазандықтары – құрастырғаннан кейін бақылау және қабылдап алу;

      4) Автомобильдің төбелері - қалыптағаннан кейін қабылдап алу;

      5) Автомобильдің лонжерондары, көлденеңдіктері мен күшейткіштері – қалыптағаннан кейін қабылдап алу;

      6) Мартен пештерінің табандықтары – құрастырғаннан кейінгі бақылау;

      7) Көпір крандарының электр фермалары – шегендегеннен және құрастырғаннан кейін бақылау;

      8) Цистерналар – сынағаннан және құрастырғаннан кейін қабылдап алу;

      9) Экономайзерлер – құрастырғаннан кейін қабылдап алу.

259. Қазандық, суықтай қалыптау және қысымдау жұмыстарының
бақылаушысы 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы көп ажырайтын және жекелеген бөлшектерін дәл тықсырып, қазандық құрылғыларының, металл құрылымдар мен аппараттардың күрделі тораптарын бақылау, сынау және түпкілікті қабылдап алу. Тораптардың, қазандық құрылғыларын, металл құрылымдары мен аппараттарды қабылдауға ақаулық ведомостары мен актілерін құру.

      Білуге тиіс: күрделі тораптардың, металл құрылымдардың, аппараттардың, қазандық құрылғылары мен автоматикасын қабылдауға және сынауға техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары, техникалық бақылау әдістері, түзету және дәнекерлеуде металдың бұзылуы, тоттанудың түрлері мен олардың алдын алу шаралары, дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптарын теңшеу және реттеу ережесі.

      Жұмыс үлгілері

      1) Автоклавтар, рекуператорлар, жіберетін муфтасыз және шыңдайтын агрегаттар – монтаждаудан кейін бақылау және қабылдап алу;

      2) Тікелей токты қазандық агрегаттары – монтаждаудан кейін бақылау және қабылдап алу;

      3) Күрделі құрылымды тәжірибелік қазандықтар – құрастырғаннан кейін бақылау және қабылдап алу;

      4) Қозғалтқыш соплолары – қалыптағаннан кейін қабылдап алу.

Қазандықшы
260. Қазандықшы 2-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерді слесарлық өңдеу. Қазандық жабдықтарының бөлшектері мен тораптарына арналған толтыру-тығыздау материалдарын дайындау, оларды сіңдіру, майлау және т.б. Қазандық жабдықтарының қарапайым тораптарын бөлшектеу және құрастыру, бөлшектердің бетін қалайылауға және дәнекерлеуге тазарту, жұмыс аспабымен толтыру. Тойтармаларды қыздыру және оларды тойтару үшін жіберу. Бақылау жабдықтары тораптарын жылжыту жөніндегі жұмыстарға қатысу. Жоғарылай білікті қазандықшының басшылығымен қазандық агрегаттарының тораптары мен бөлшектерін жөндеу және өңдеу жөніндегі күрделірек жұмыстарды орындау. Қазандық жабдықтары бөлшектерін жасау жөніндегі қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау. Арнайы шаблондар мен айлабұйымдарды пайдаланып сұрыптық жайма металдан жасалған қазандық жабдықтарының қарапайым бөлшектерін жасау. Жылжымалы механизацияланған аспаппен саңылауларды тесу және ұңғылау. 300 кПа-ға дейінгі (3 атм) қысымда жұмыс істеуге арналған құятын ыдыстар мен аппараттарды тойтару станоктарында, тығыздағыштарда, пневматикалық балғалармен немесе қолмен ыстықтай және суықтай шегендеу. Бөлшектер мен тораптарды бұрандалармен және суықтай шегендеумен біріктіру. Қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі жайпақ металдан жасалған бөлшектерді суықтай және 20 мм-ге дейінгі жайпақ металды ыстықтай түрлі біліктер мен тығыздағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін кейіннен сызғыш және шаблон бойынша түзетіп біліктеу. Илемді және басқа да металдан жасалған күрделі емесе бөлшектер мен бұйымдарды 1 м ұзындықта 1-ден асатын 2 мм-ге дейінгі саңылау шегімен шаблон, бұрыштық және сызғыш бойынша ыстықтай және суықтай күйінде плитада қолмен түзету. Көміртекті болаттан жасалған күрделі емес тораптарды құрастыру процесінде дәнекерлеп ұстату. Қазандық құбырларын олардың кесіктерін өңдей отырып және бүршіктерін алып кесу. Қарапайым қазандық аппаратурасын орнату.

      Білуге тиіс: қысымен істейтін қазандықтар мен сыйымдықтардың құрылымы және істеу қағидаты, қазандық жасауда қолданылатын материалдар мен құбырлардың маркалары, қазандық жабдықтарының бөлшектері мен тораптарын құрастыру, тексеру және түзету жолдары, тораптар мен бұйымдарды құрастыруға қойылатын техникалық талаптар, қызмет көрсетілетін жабдық пен жұмыс аспабының құрылымы, шегендеуге және дәнекерлеуге бөлшектерді біріктіру тәсілдері, тойтармаларды сығу және көрінбейтін тойтарма шегелермен шегендеу тәсілдері, металдарды суықтай және ыстықтай біліктеу және ию кезіндегі қасиеттері, ыстықтай және суықтай біліктеу әдіптері, біліктеу, түзету, ию және бұрғылап тесуге арналған айлабұйымдар мен аспаптардың қызметі мен пайдалану шарттары, түзетудің технологиялық кезектілігі, жайма металды белгілеу ережесі, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлерінің жүйесі, толтыру-тығыздау және төсеу материалдарының түрлері мен қасиеттері, бөлшектерді слесарлық өңдеу жолдары, такелажды жұмыстарда қазандық жабдықтарын ілмектеу ережесі мен жолдары.

      Жұмыс үлгілері

      1) Шахта вагоншалары – түптерін шегендеу;

      2) Бекіткіштер мен фланецтер – төсемдерді таңдау, орнату;

      3) Тойтарма шегелер – кесу;

      4) Күл салғыштар, бағаналар, крандар, құбырлар – қолмен және пневматикалық шегендеу;

      5) Экран камералары, бу қыздырғыштар мен экономайзерлер – люктарды саңылауларға орнату;

      6) Төрт бұрышты немесе бұрыштық металдан жасалған сақиналар – қолмен жеткізіп ию;

      7) Қарапайым және ілмелі кронштейндер – жасау;

      8) Бу камераларының жаймалары – біліктерде ию;

      9) Түптері – жаймаларды ию;

      10) Түтік жолдар – жасау және орнату;

      11) Экономайзер құбырлары – құбырлары бар жүзгіштерді дәнекерлеуге құрастыру;

      12) Диаметрі 1500мм-ге дейін жайма металдан жасалған цилиндрлер – түзете отырып ию;

      13) Ауа оқшаулағыш қалқандары – жасау және құрастыру.

261. Қазандықшы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жайма және сұрыптық металдан жасалған орташа күрделіктегі қазандық жабдықтарының тораптары мен бөлшектерін сызбалар және эскиздер бойынша жекелеген бөліктерін тойтарып дәнекерлеуге белгілей және қиыстыра отырып жасау, жөндеу және құрастыру. Қазандық жасауда 300-ден жоғары 800 кПа-ға дейінгі (3-тен жоғары 8 атм-ға дейінгі) қысымда жұмыс істеуге арналған сыйымдылықтар мен аппараттардың тойтару станоктарында, сығымдағыштарда, қолмен, пневматикалық балғалармен, сондай-ақ тойтару қапсырмаларымен герметикалық жіктерді ыстықтай және суықтай шегендеу. Түсті металдардан жасалған тойтармалардың күрделі бөлшектерін шегендеу. Шаблон бойынша қиыстырып жіктерінің жиектерін кесу. Түрлі дәнекерлермен дәнекерлеу. Қалыңдығы 10-нан жоғары 20 мм-ге дейін суықтай және 20-дан жоғары 30 мм-ге дейін ыстықтай жайма металдан жасалған бөлшектерді түрлі біліктер мен сығымдағыштарда біліктеу, түзету және ию. Жиектерін біліктерде, сығымдағыштарда және қолмен ию. Жайма металдан жасалған цилиндр және коникалық ернеушелерді ию. Жиектерін сығымдағыштарда және қолмен жеткізу, ернеушелерін шаблон және сызғыш бойынша түзету. Қазандық жасауға арналған жайма болаттан жасалған күрделі конфигурациялы бұйымдарды шаблон және сызбалар бойынша ию және жиектеу. Құбыр иетін станоктарда түрлі жазықтықтарда қазандық құбырларын ию. Ішкі және сыртқы диаметрі бойынша құбырларды калибрлеу. Біліктер мен иетін сығымдарды реттеу. Жаймалық және кескінді металдан жасалған орташа күрделіктегі қалыпталған бөлшектерді плитада бақылау сызғышы бойынша және 1 метрлік ұзындықта 1 мм-ге дейінгі рұқсат етілген саңылау бойынша ыстықтай және суықтай қолмен түзету. Су, май және жылу жүйелері құбыржолдарын түзеу және жапырылған жерлерін жою. Қазандықты гидравликалық сынауға дайындау. Сызғыштарды, бұрыштықтарды, циркульдарды, шаблондарды, даяр үлгілер мен қажетті бақылау-өлшеу аспабын пайдалана отырып сызбалар бойынша бөлшектерді белгілеу. Орташа күрделіктегі көміртекті және қоспаланған болаттан жасалған тораптарды құрастыру процесінде дәнекерлеп ұстату.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі қазандықтардың, біліктердің және тығыздағыштардың құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты, орташа күрделіктегі қазандық жабдықтарының тораптарын құрастыру процесі, жиналған және орнатылған бөлшектерді, тораптар мен бұйымдарды құрастыру және бекіту кезектілігі мен тәсілдері, тойтармалардың стандартты өлшемдері, жіктерді сынау тәсілдері, герметикалық жіктердің тойтарма саңылауларына арналған шектері, қол жетпейтін жерлердегі тораптарда қолданылатын айлабұйымдар, жайма металдың қалыңдығына, иілу радиусына және болаттың маркасына қарай біліктерді реттеу тәсілдері, бөлшектерді ыстықтай және суықтай ию және біліктеу жолдары, түзеу режимі, су құбырлары және от құбырларын қазандықтарының құрылымдары, қазандықтардағы арматураның қызметі мен орналасуы, қазандық құбырларын ию және рұқсат етілетін доғалықты ию ережесі, қазандық құбырларын орнату және өңдеу жолдары, игенде және сорғанда білінетін металдың физикалық және механикалық қасиеттері, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, орындалатын жұмыс шегіндегі электр техникасы негіздері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер.

      Жұмыс үлгілері

      1) Жаймалардан жасалған дәнекер барабандар – ыстықтай және суықтай түзету және біліктеу;

      2) Шахталық желдеткішке, фидерлік кабиналарға арналған металл есіктер – жасау;

      3) Паровоздардың бөлшектері (оттықтар, оттық арқалықтар, есікшелер мен түтін қораптары есіктерінің жұдырықшалары) – ауыстыру;

      4) Мойнының диаметрі 500 мм-ге дейінгі дәнекер сферикалық түптер – түзету;

      5) Сынама қысымдағы жіктері тығыз бұйымдар – қолмен немесе пневматикалық шегендеу;

      6) Коллекторлар – құбыр саңылауларында ор кесу;

      7) Көміртекті болаттан жасалған кіші қуаттылықтағы тұтас дәнекерленген бу қазандықтары – элементтерді құрастыру;

      8) Баспалдақтар, алаңқайлар, ауыспалы көпірлер, қоршаулар – жасау;

      9) Өлшегіштер, тұндырғыштар, жинағыштар – құрастыру, жамау салу;

      10) Үлкен бұрышты коникалық келте құбырлар – ию;

      11) Домна пештерінің скиптері мен құйғыштары – жөндеу;

      12) Үш жерінен иілген су жылытатын құбырлар – шаблон бойынша тексеру, түзету, жеткізу және гидравликалық тексергеннен кейін шарикпен илемдеу;

      13) Түтін құбырлар – жасау және орнату;

      14) Диаметрі 1500 мм-ден асатын жайма металдан жасалған цилиндрлер – ию және түзету;

      15) Отын салатын цистерналар мен резервуарлар – дәнекерлеуге құрастыру.

262. Қазандықшы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Жайма және сұрыптық металдан жасалған қазандық жабдықтарының, қосалқы қазандықтардың, сыйымдылықтар мен аппараттардың күрделі тораптарын жекелеген бөлшектерін қиыстырып жасау, жөндеу және құрастыру. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтардың, аппараттар мен қазандық құрылғыларының цилиндрлік бөліктерін құрастыру. Қазандықтың күрделі тораптары мен бөлшектерін белгілеу. Қазандық бөліктерінің герметикалық жіктерін пневматикалық балғамен және қолмен, сондай-ақ қазандық жасауда 0,8 –ден жоғары 1,2 МПа-ға дейінгі (8-ден жоғары 12 атм-ға дейінгі) қысымда жұмыс істеуге арналған стационарлық сығымдағыштар мен аспалы шегендеу қапсырмаларында ыстықтай және суықтай шегендеу. Қол жетпейтін және ыңғайсыз жерлерін екі қолмен шегендеу және нақыштауды орындау. Түрлі құрылымдағы станоктарда бір жазықтықтағы түрлі иірімді бу қыздырғыштардың қазандық құбырлары мен ілмектерін ию. Құрастыру процесінде бөлшектер мен тораптарды қармап ұстау. Қарапайым құрылымды қосалқы қазандықтарда құбырларды қадам сайын тексере отырып орнату. Жарамсыз құбырларды кесу, жаңамен ауыстыру және құбыр саңылауларындағы тығыздау орларын түзете отырып әдіптерін жою. Қалыңдығы суықтай 20 мм-ден жоғары және ыстық күйде 30 мм-ден жоғары жайма металдан жасалған түрлі құрылымдағы біліктер мен тығыздағыштардың күрделі және ірі бөлшектерін біліктеу, түзету және ию. Жиектерін біліктерде қолмен дәл ию. Үш, төрт және одан да көп иілетін бөлшектерді ию. Үлкен жаймалар мен түрлі құбырларды түзету. Біліктерді түзетудің, июдің және біліктеудің түрлеріне баптау.

      Білуге тиіс: түрлі үлгідегі қазандықтар мен жылу алмастыру аппараттарының құрылымы мен жұмыс істеу қағидаты, күрделі қазандықтар мен резервуарлар жасау және құрастыру жолдары, жиналған бұйымдарды қабылдаудың техникалық шарттары, жіктерді біріктірудің барлық түрі, қазандықтарға және олардың жекелеген тораптарына қойылатын талаптар, шегендеу және гидравликалық сығымдағыштардың құрылымдық ерекшеліктері мен құрылымы, шегендеу бірікпелері мен жіктерінің сыныптамасы (төзімді, тығыз төзімді, бір қатарлық, көп қатарлық, бір жерден кесілген, екі жерден кесілген), көтергіш механизмдердің құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қызметі және пайдалану шарттары, арнайы және әмбебап айлабұйымдардың құрылымы, күрделі дәнекер кешендер мен құрылым айлабұйымдарында шаблондарды пайдаланып және сызба бойынша түзету тәсілдері, орындалатын жұмыстың шеңберінде металл механикасы мен технологиясының негіздері, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлер.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Қосалқы қазандықтар арматурасы-қазандықта монтаждау, демонтаждау;

      2) Баллондар, бойлерлер – корпусты біліктеу және құрастыру;

      3) Ауа жинағыштар – құрастыру;

      4) Түрлі бұранда саңылауларының есіктері – жөндеу;

      5) Сферикалық, мойнының диаметрі 500 мм-ден асатын дәнекер түптер – түзету;

      6) Қаптар мен торлар – рама бойынша және тойтарма шегелермен біріктіру бойынша шегендеу;

      7) Қосалқы қазандықтар, құрғақ булағыштар мен қысыммен істейтін резервуарлар – шегендеу;

      8) Болат кескіннен жасалған сақиналар –қабырғаларын біліктерде ию;

      9) Кіріп-шығатын жапқыштардың қақпақтары – жағасына қарай қиыстыру;

      10) Пластиналы ілмектер мен траверстер – жасау;

      11) Сыртын қаптауға арналған күрделі пішіндегі жаймалар – ию;

      12) Коникалық ауыспалы келте құбырлар – шаблон бойынша ию;

      13) Желдеткіш клапандарының тартпалары, бункерлер, қимылдап тұратын оттықтар – жөндеу;

      14) Қазандық түптері – құрастыру;

      15) Жылжымалы арбалардың, рольгандардың, жиектеу машиналарының рамалары – жасау;

      16) Крекингтердің, құбыр пештері мен бу қазандықтарының бу шығаратын және су жылытатын құбырлары – біліктеумен ауыстыру;

      17) Ыстық және түтін шығаратын паровоз құбырлары – жөндеу;

      18) Экономайзер құбырлары – құрастыру;

      19) Фахверктер, кронштейндер, жүгіртпелер, байланыс – жасау және құрастыру;

      20) Жоғары қысымдағы бу құбыржолдары құбырларының фланецтері – шегендеу;

      21) Шахта астындағы ғимараттардың конвейер эстакадалары, каркастары, бағаналары – жасау.

263. Қазандықшы 5-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі қазандықтарды, аппараттарды, реакторларды, жылы алмастырғыштарды, бағаналарды түрлі болаттан және түсті металдан жасалған жекелеген бөлшектерін дәл қиыстырып сызбалар және эскиздер бойынша жасау, құрастыру, шегендеу және жөндеу. Технологиялық процесті тоқтатпай тоттану ортасында қысыммен жұмыс істейтін күрделі технологиялық жабдықты жөндеу. Күрделі герметикалық жіктердің ірі бөлшектерін пневматикалық балғамен және қолмен, сондай-ақ қазандық жасауда 1,2 МПа (12 атм) жоғары қысымда жұмыс істеуге арналған стационарлық сығымдағыштар және аспалы шегендеу скобаларда ыстықтай және суықтай шегендеу. Қазандықтардың күрделі және дәлме-дәл тораптары мен бөлшектерін белгілеу. Түрлі қалыңдықтағы жайма болаттан жасалған цилиндрлер мен конустарды ию. Қазандық болатының жиектерін басуға және дәнекерлеуге қиыстыру. Құрастыруға түсетін күрделі тораптар мен бөлшектердің жарамдылығын айқындау. Қазандықтар мен аппараттардың герметикалығын қысымда сынау. Қазандықтар мен механизмдердің орнатудан алдын тұғырларын тексеру. Жоғары қысымдағы қазандықтарда барлық құбыр қою жұмыстарын орындау.

      Білуге тиіс: жоғары қысымдағы күрделі қазандықтар мен жылу алмастыратын аппараттардың құрылымы мен конструкциясы, күрделі құрылымды қазандықтарда құбырларды орнатудың барлық тәсілдерінің кезектілігі, күрделі құрылымды қазандықтарды құрастырудың, сынау және тапсырудың техникалық шарттары, металды қыздырғанда, дәнекерлегенде және түзеткенде бұзылуының себептері, жылу техникасының негіздері, күрделі ұңғыларды белгілеу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының номенклатурасы, қызметі және реттеу тәсілдері, қазандықтардың, реакторлардың, жылу алмастырғыштар мен аппараттардың гидравликалық, бу және ауа сынама тәсілдері.

      Жұмыс үлгілері.

      1) Күрделі қазандықтар арматурасы-қазандықта монтаждау, демонтаждау;

      2) Сферикалық газгольдер түптері, үштіктер мен компрессорлар-құрастыру;

      3) Жылу алмастырғыш аппараттардың иректемелері-станокта көп қабатты толтыру;

      4) Ауа жылытқыш иректемелері – жасау және құрастыру;

      5) От құбыр қазандықтары – түбі бар және от камерасымен корпустарды құрастыру;

      6) Бу қыздырғыштардың ілмектері мен құбырлары – орнату және біліктеу;

      7) Түтін камераларының, төбелердің торлары және паровоздың от қораптарының қабырғалары – ию, қиыстыру, орнату;

      8) Жылжымалы және табанды байланыстар мен паровоздың циркуляциялық құбырлары – бөлшектеу, құрастыру;

      9) Қазандық агрегаттарының негізгі құбырлары – орнату және біліктеу;

      10) Циклондар – жасау және құрастыру;

      11) Қазандықтарға арналған экономайзерлер – құрастыру.

264. Қазандықшы 6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және бірегей қазандықтар мен қазандық агрегаттарын, аппараттарды, бақылау-өлшеу аспаптарын, жоғары қысымдағы арматура пульттерін жасау, құрастыру, монтаждау және жөндеу. Жоғары қысым жағдайында жұмыс істейтін күрделі, бірегей және тәжірибелік қазандықтарды, күрделі құрылымдағы жылу алмастыру аппараттарын техникалық шарттарға сәйкес сынау және тапсыру. Қазандық күрделі автоматикасын монтаждау, реттеу және тапсыру, күрделі және қуатты қазандықтар мен қазандық агрегаттардың орнатардан алдын тұғырларын тексеру. Агрегаттарды, тораптар мен арматураның орнатардан алдын орнату координаттарын айқындау. Қазандықтар мен механизмдерді тексеру және сынау кезіндегі ақаулықтарын айқындау.

      Білуге тиіс: жоғары қысымдағы күрделі қазандықтардың, қазандық агрегаттары мен жылу алмастыру аппараттарының құрылымы мен конструкциясы, күрделі қазандықтардың, аппараттардың, өлшеу аспаптары мен пульттерді монтаждау, реттеу және сынаудың технологиялық кезектілігі мен технологиялық шарттары, қазандықтар мен қазандық агрегаттардың жиынтығын гидравликалық, бу және ауа сынамалаудың ықтимал тәсілдері, жылу техникасы мен механика негіздері, қазандықтар мен қазандық агрегаттарын құрастыруда, монтаждау және сынауда қолданылатын айлабұйымдар мен құрылғылардың үлгілері.

      Жұмыс үлгілері

      1) Қазандық арматурасы - қоректендіру автоматикасын реттеу;

      2) Тәжірибелік қазандықтар-корпусты құрастыру және қаптауды монтаждау;

      3) Тәжірибелік қазандық агрегаттары – құбыр жүйесін жасау және орнату, түпкілікті құрастыру, гидравликалық сынау, монтаждау және тапсыру;

      4) Газ, шаң ауа құбыржолдарға, тұндырғыштарға, бойлерлер мен басқа да сферикалық және конусты түптері бар көлемді бұйымдарға арналған линзалық және сегіз қырлы және үлгілік бөлшектердің компенсаторлары – жасау және құрастыру;

      5) Жоғары қысымдағы резервуарлар – құрастыру;

      6) Жылыту қазандықтары мен қазандық агрегаттарының құрылымы – жану автоматикасын монтаждау және реттеу.

Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы
265. Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы 3-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған 1 МН-ге дейінгі күшті эксцентрикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды, сондай-ақ қарапайым және орташа күрделіктегі 1-ден жоғары 3 МН-ге дейінгі күшпен істейтін сығымдағыштарды баптау. Бір соққылы суықтай отырғызатын, гайка өткізетін, шегелік және әмбебап иетін автоматтар мен тығыздағыштарды, тойтарма шеге, бұрандалар, бұрандалы шегелер және басқа да бұйымдарды шығаратын автоматтарды баптау. Кесетін станоктарды, тығыздағыш қайшыларды, дірілмен кесетін қайшыларды және басқа да қайшыларды баптау. Кесетін қарапайым және тесетін қалыптарды құрастыру, бөлшектеу, орнату және баптау және бапталғаннан кейін сынамалау. Лактайтын машина конвейерлерінің жылдамдығын реттеу. Қалыптардың жұмысқа жарамдылығын айқындау. Қызмет көрсетілетін учаскенің штампылаушыларына нұсқаунама жүргізу. Жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысу.

      Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар мен қолданылатын қалыптар мен айлабұйымдардың құрылымы мен баптау ережесі, тығыздағыштар мен автоматтарды баптау жолдары мен қалыптарды орнату тәсілдері, жасалатын бұйымға қойылатын техникалық талаптар, бақылау-өлшеу аспабының, арнайы және әмбебап айлабұйымдардың қызметі мен қолдану шарттары, салқындататын және майлайтын материалдарды пайдалану ережесі, кедір-бұдырлықтың шегі мен отырғызу, квалитеттер мен параметрлері.

266. Суықтай қалыптау жабдықтарының баптаушысы 4-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды суықтай қалыптауға арналған 1-ден жоғары 3 МН-ге дейінгі эксцентрикті, фрикциялық және қосиінді сығымдағыштарды, сондай-ақ қарапайым және орташа күрделік