"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
"__________ " 2015 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
"____________" 2015 жыл "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
___________ Т. Жақсылықов
"__________ " 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген |
Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветерианриялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) ауру жануар – жануардан немесе жануарды сою кезінде (лимфа түйіндерін және ішкі (паренхиматозды) органдарды зерттеу) немесе түсіктен алынған биологиялық (патологиялық) материалды серологиялық, бактериологиялық әдістермен немесе полимеразды-тізбектік реакциямен (бұдан әрі – ПТР) зерттеу нәтижесінде анықталған, ағзасында ауру қоздырғышы табылған жануар;
2) вакциналанатын саламатты эпизоотологиялық бірлік – диагностикалық зерттеулердің топтық теріс нәтижесіне қол жеткізілген, бруцеллез инфекциясының бар екендігін білдіретін басқа белгілер жоқ, бірақ қоздырғыштың ену қаупі бар және осыған байланысты вакциналау жүргізілген эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын);
3) қосымша диагностикалық зерттеулер – ПТР әдісімен зерттеу немесе биологиялық сынамамен (бұдан әрі – биосынама) бактериологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде эпизоотологиялық бірліктің саламатсыздық мәртебесі анықталмаған, бірақ алғашқы диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар бар, бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірліктегі жануарлар басына зертханалық бақылау жүргізу.
Бұл жағдайларда жануарларды қосымша диагностикалық зерттеу шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеудің баламасы ретінде енгізілетін шара болып табылады.
4) қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты эпизоотологиялық бірлік – алғашқы және екінші диагностикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша оң нәтиже берген жануарлары бар эпизоотологиялық бірлік немесе бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірлік;
5) мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) – эпизоотиядан өлген немесе таралуының алдын алу мақсатында сойылған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерін ұзақ мерзімді сақтауға арналған орын. Сібір жарасы көмінділері қорғау мен есепке алудың ерекше мәртебесіне ие;
6) ауру бойынша саламатсыз пункт (саламатсыз пункт) – эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
7) саламатсыз эпизоотологиялық бірлік – ауру жануар анықталған үйір, мал тобы, отар, табын;
8) саламатты пункт – ауру жануар және оң нәтиже берген жануар анықталмаған эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын), саламатты шаруашылық субъектісі және саламатты елді мекен;
9) шаруашылық жүргізуші субъект – жануарлар өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар;
10) эпизоотологиялық бірлік – эпизоотиялық тұрғыдан байланысты, бір жерде (бір өрісте, жайылымда және басқа жерлерде) болуы себепті ауру қоздырғыштың әсер етуі тәуекеліне ұшырау ықтималдығы бірдей жануарлар тобы (үйір, мал тобы, отар, табын).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларына, жануарлардың жыныс
және соматикалық жасушаларына қойылатын талаптар
3. Жыныс және соматикалық жасушалар жануарлардың жұқпалы аурулары таралмаған аумақтарда орналасқан субъектілердегі клиникалық сау жануарлардан алынады.
4. Жануарларға, жануарлардың соматикалық және жыныстық жасушаларына қойылатын талаптар "Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық талаптар) белгіленген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-параграф. Жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатқа қойылатын талаптар
5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринария саласындағы техникалық регламенттермен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен және Бірыңғай ветеринариялық талаптармен белгіленеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-параграф. Ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен
жемшөп қоспаларына қойылатын талаптар
6. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
7. Ветеринариялық препараттардың, сондай-ақ химиялық және микробиологиялық синтезделген жемшөп қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, шығарушы кәсіпорын беретін ілеспе құжат бар болса, оларды әкелу, тасымалдау Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырылады.
4-параграф. Диагностика және ветеринариялық-санитариялық
сараптамаға арналған орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларына
қойылатын талаптар
8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларында белгіленеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 5-параграф. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу,
өңдеу (дауалау) және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының
диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн
пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы
бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарға қойылатын талаптар
9. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, өңдеу (дауалау) және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарға қойылатын талаптар олардың арналуы (пайдалануына) байланысты орнатылады.
10. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 6-параграф. Жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын
факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарына, ыдыстың барлық
түрлерiне, буып-түю материалдарына қойылатын талаптар
11. Жануарлардың аса қауiптi аурулары тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралас аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына кіретін көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген кезеңде және тәртiппен дезинфекциялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына енетін барлық көлік құралдарының қозғалғыш бөліктері жануарлардың жұқпалы аурулары, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының әкелуінен қорғау үшін дезинфекцияланады.
12. Орын ауыстырылатын (тасмалданатын) объектінің сипатына және олардың ветеринариялық-санитариялық бағасына байланысты көлік құралдары үш санаттың бірі бойынша өңделеді:
1) бірінші;
2) екінші;
3) үшінші.
13. Мыналарды:
1) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтағы пункттерден шыққан дені сау жануарларды (оның ішінде құсты, аңдарды, хайуанаттар бағы жануарларын, араларды, бауырымен жорғалаушыларды қоса алғанда);
2) дені сау жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдаған көлік құралдары бірінші санат бойынша өңдеуге жатады.
Үймемен тасымалданатын сойылған жануарларды, етті, ет өнімдерін, жемдік астық пен құнарлы жем шөпті тиеуге берілетін көлік құралдары да бірінші санат бойынша өңдеуге жатады.
14. Мыналарды:
1) тасымалдау кезінде арасында ауру немесе жұқпалы ауруы бар деген күдік туған жануарлар мен құстарды, сондай-ақ жұқпайтын немесе жұқпалы аурулардан өлген жануарлардың (құстардың) өлекселерін;
2) жұқпалы аурумен ауыратын жануарлардан және құстардан алынған немесе жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз пункттерден дайындалған өнімдер мен шикізатты;
3) өсіру және жерсіндіру мақсатына арналған тауарлық тірі балықтарды, сондай-ақ тиеуге берілетін балықты, ұрықтандырылған уылдырықты, шаяндарды;
4) экспорттаушы елде ыстық жуудан өткен импорттық жүнді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары екінші санат бойынша өңдеуге жатады.
Асыл тұқымды, күнделікті пайдаланылатын, цирктік, хайуанаттар бағы және спорттық жануарларды, сондай-ақ ет пен ет өнімдерін экспортқа тиеуге арналған көлік құралдары да екінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жатады.
15. Мыналарды:
1) жолда болған кезде немесе түсіру кезінде Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (Халықаралық эпизоотиялық бюро) (бұдан әрі – ХЭБ) тізіміне енгізілген аса қауіпті ауруларға шалдыққаны анықталған немесе күдік тудырған немесе аурулардан өлген жануарлар арасында болған жануарларды;
2) сібір жарасына зерттелмеген тері-былғары шикізатын;
3) қолайсыз елдерден түсетін жануарлардан алынатын импорттық шикізатты;
4) камералық өңдеуден және ыстықпен жуудан өтпеген импорттық жүнді, қылшықты, қылды, мамықты, қауырсынды, түбітті, қабықты және басқаларын;
5) ветеринариялық-санитариялық шығу тегі белгісіз жануарлардан алынатын өнімді;
6) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында кездеспейтін жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз елдерден әкелінген жануарлардан алынған шикізат пен жартылай фабрикаттарды;
жиналған және даладағы сүйектерді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары үшінші санат бойынша өңдеуге жатады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Бірінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары алдымен қидан, қоқыстан, жануарлардан алынатын өнімдердің қалдықтарынан және басқа да ластанудан тазартылады, содан кейін жуады. Жуу ыстық сумен жүргізіледі. Жуылатын беткі қабаттардағы су ағысының температурасы 600С төмен болмауы және брандспойттан шыққан кездегі қысымы 2 атмосферадан кем болмауы тиіс. Еден мен құрал-жабдықтарды, содан кейін қабырғаларды, төбені және есіктің ішкі жағы мен торларды жуады. Жуылмай қалған кірді қырғыштың, щетканың және сыпырғыштың көмегімен кетіреді. Содан кейін екінші қайтара еден мен құрал жабдықтарды аққан су лайланудан толық тазарғанша жуады. Жууды қабырғаны өңдеумен аяқтайды.
Екінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары механикалық әдіспен тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады. Механикалық тазарту алдында ішкі қабырғалар мен еден немесе қидың үстіңгі қабаты, сондай-ақ көлік ішіндегі барлық құрал-жабдықтар дезинфекциялық ерітіндісімен ылғалдандырылады.
Ылғалды дезинфекциялау үшін шашыратқыш ұшы бар қондырғылар пайдаланылады. Алдымен еден, содан кейін қабырғалар мен төбе дезинфекцияланады, осыдан кейін еден екінші рет дезинфекцияланады.
Дезинфекциялаушы ерітіндіні ол көлік құралының ішіндегі барлық үстіңгі беттерге бірқалыпты шаша отырып мүмкіндігінше тік бұрышпен шашылады. Ерітінді, бұрыштарға, тесіктерге, есіктерге шашылады. Көлік құралдарының сыртқы қабырғалары міндетті түрде дезинфекцияланады.
Дезинфекциялаушы кедергіде (дезинфекциялау блогы) көліктің қозғалғыш бөлігін ветеринариялық-санитариялық өңдеу мынадай операцияларды қамтиды:
1) қозғалғыш бөлігі мен түбін механикалық әдіспен тазарту және жуу;
2) дезинфекциялаушы ваннаға дезинфекциялау ерітіндісін толтыру;
3) шашырату (бүрку) арқылы көлікті (дөңгелектері мен түбін) дезинфекциялау блогында өңдеу;
4) қозғалғыш бөліктің бетін дезинфекциялаушы ерітіндінің қалдықтарынан тазарту.
17. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге арналған ыдыс пен буып-түю материалдары таза, құрғақ, бөгде иістерсіз, су мен майға төзімді, ерімейтін және сіңірмейтін, өнімнің химиялық құрамын өзгертпейтін, оған дәм мен иіс бермейтін болуы тиіс.
7-параграф. Ветеринария саласындағы жеке және
заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар
18. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар мен адам үшін ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының алдын алу бойынша мыналарды қамтамасыз етеді:
1) осы Қағидаларды сақтай отырып, жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыру;
2) хайуанаттар бағындағы, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды осы Қағидаларға және ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп-бағуды, өсіруді және пайдалануды жүзеге асыру;
3) қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;
4) аумақтарды, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ азықты, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған құрылысжайларды осы Қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстау;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-бағуға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтау;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру;
7) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;
8) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналау және диагностикалау;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеріп қарауға кедергісіз беру;
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындау;
11) өткізуге арналған жануарларды союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей және сойғаннан кейін ұшалары мен органдарына ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай союға жол бермеу;
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11591 болып тіркелген) бекітілген Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарлары сойылатын алаңдарда кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды жүргізу;
13) ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде көмек көрсету;
14) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10223 тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына (бұдан әрі – Жануарларды карантиндеу қағидалары) сәйкес жануарларды карантиндеу;
15) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, азықтық қоспаларға арналған нормативтік техникалық құжаттаманы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 тіркелген) бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларына сәйкес келісу.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 8-параграф. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе
пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумағына,
өндiрiстiк ғимараттары мен қызметiне қойылатын талаптар
19. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11837 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Жануарларды пайдалану рәсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сай болуы қажет.
21. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттар, азықтық қоспалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10287 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын жүргізу қағидаларына сәйкес олардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында байқаудан өткізілуі тиіс.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Ішкі сауда объектілерінде тамақ өнімін сатып алған кезде сатып алушылардың (кәсіпкерлердің) ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында онда сатып алынған тамақ өнімінің күнін, түрін және мөлшерін сатып алушының (кәсіпкерлердің) тегін, атын әкесінің атын (бар болса), тамақ өнімінің межелі объектісін көрсете отырып, сатып алынған өнімнің қауіпсіздігін растайтын сараптама актісінің көшірмесін (сынақ хаттамасын) алуына жол беріледі. Сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі ветеринариялық–санитариялық сараптаманы жүргізген уәкілетті адамның қолымен және ішкі сауда объектісінің сараптама зертханасының мөрімен расталады.
9-параграф. Мал айдалатын жолдарға, маршруттарға, мал
жайылымдары мен суаттардың аумақтарына қойылатын талаптар
23. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) Заңның 21 бабының 3 тармағына сәйкес тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісе отырып ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
Жануарларды маусымдық жайылымдарға, ет өңдеуші кәсіпорындары мен мал сатып алу орындарына айдап апару үшін ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдарына, айдалатын малдың жолдағы азығын қамтамасыз ететін мөлшерде жер пайдалану шекарасының бойындағы жайылымдық алқаптардан жер учаскелері беріледі.
Бір ауданның шегінде мал айдауға арналған ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары береді.
Бірнеше ауданның аумағы арқылы мал айдау үшін мал айдайтын жолдарға жер учаскелерін беру туралы шешімді облыстың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.04.2023 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-параграф. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк,
ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды,
сараптама актiсi жөнiндегi құжаттамаға қойылатын талаптар
25. Ветеринариялық есепке алу және есептілік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық есепке алу және есептілік нысандары бойынша және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11265 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық есепке алу және есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларына сәйкес жүргізіледі және ұсынылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Ветеринариялық анықтамаға және ветеринариялық-санитариялық қорытындыға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда белгіленеді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Сараптама актісіне (сынақ хаттамасына) қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларында белгіленеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 11-параграф. Мал қорымына(биотермиялық шұңқырларға)
қойылатын талаптар
28. Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) ыза сулардың деңгейі жер бетінен кемінде 2 метр болатын құрғақ биік жер учаскесінде орналастырады.
Мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) арналған санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) сәйкес айқындалады. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың аумағында орналасқан мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) қосалқы құрылысжайлардың құрамына кіреді.
Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) аумағын кіру қақпасы бар биіктігі кемінде 2 метр болатын саңылаусыз дуалмен қоршайды. Дуалдың ішкі жағынан бүкіл периметрі бойынша тереңдігі 0,8-1,4 метр ор қазады және қазып алынған топырақтан ені кемінде 1,5 метр болатын жал жасайды.
Ордың үстінен көпір салады.
Су қорғау, орманды бақ және қорықтық аймақтарда мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) орналастырмайды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) салу кезінде 5-6 метр тереңдікте жерасты сулары шығатын (жер бедерін ескере отырып) жерлерден басқа учаскенің ортасынан ұзындығы мен ені 3 метр, тереңдігі 10 метр болатын шұңқыр қазады. Шұңқырдың қабырғасын су өтпейтін материалмен қалайды да, қорғаныш құрылғысымен жер беті деңгейінен 40 сантиметрден 1 метрге дейін жоғары шығарады. Шұңқырдың түбін реттеп, кем дегенде 20 сантиметр қалыңдықпен бетондайды. Шұңқырдың жабыны екі қабаттап жасалынады. Қабат арасына жылу өткізбейтін төсеніш салады. Жабынның дәл ортасынан өлшемі 100х100 сантиметр болатын тесік қалдырады, оның құлыпталатын тығыз жабылатын қақпағы болады. Шұңқырдан диаметрі 25 сантиметр және биіктігі 3 метр болатын сорғыш мұржа шығарылады. Шұңқырдың үстіне биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 6 метр, ені 3 метр болатын қалқа тұрғызады. Қасынан жануарлардың өлекселерін союға, дезинфекциялаушы құралдарды, арнайы киімдерді және құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайды жалғастыра салады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.30. Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) биологиялық қалдықты тасталғаннан кейін екі жыл өткен кейін қайта қолдануға жол беріледі және әрбір 0,25 метрден шұңқырдың барлық тереңдігінен алынған сібір жарасы қоздырғышының шырышталған материалдағы сынамасын шығарғанда.
Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) тазалағаннан кейін қабырғасымен түбінің бүтіндігін тексереді, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
30-1. Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген мал қорымдарына адамдар мен жануарлар кіре алмайтындай етіп бүкіл периметрі бойынша биіктігі кем дегенде 1,5 метр болатын қоршаумен (металл немесе бетон) қоршайды, "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалармен (аурудың пайда болған күні) белгіленеді.
Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері, сондай-ақ жануарлардан алынған шикізат пен өнім арнайы қондырғыларда өртеледі. Күл қалдығы Беккари шұңқырына салынады.
Сібір жарасынан өлген жануардың лажсыз сойылған, өлексесі жарып ашылған жерді мұқият өртейді, содан кейін 20%-дық хлоры бар әк ертіндісін құяды, топырақты 25 сантиметр тереңдікте қазып, кемінде 25% белсенді хлордан тұратын құрғақ хлоры бар әкті топырақтың үш бөлігіне бір бөлік есебінде араластырады. Топырақты әкпен араластырғаннан кейін сумен ылғалдандырады.
Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген орындарды ветеринариялық-санитариялық карточка, кадастрлық мағлұматтар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар бойынша, жергілікті жердегі комиссиялық іздестіруі бойынша анықтау мүмкін болмаған кезде, сібір жарасынан өлген жануарлар өлекселері көмілген орындар айқындалмаған деп саналады (бағдар жоқ, бірақ жануарлардың өлгендігі жөнінде мәліметтер кадастрда көрсетілсе, сібір жарасы бойынша стационариялық-саламатсыз пунктте эпизоотиялық ошақтың бар екендігі, бірақ сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген орынның анықталмағандығы жөнінде акті жасалынады). Объектілердің аумақтары Санитариялық қағидаларға сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағындағы елді мекендерден алыстатылады.
Ескерту. 11-параграф 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.12-параграф. Ішкі сауда объектілеріне қойылатын талаптар
31. Ішкі сауда объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау талаптарын сақтау мәніне мiндеттi түрде жүргізіледі.
32. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер жатады.
33. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық ілеспе құжаттарға сәйкестiгiн тексеруді;
2) жануарды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық қарап тексеруді;
3) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын тексеруді;
4) жануардың және адамның денсаулығына аса қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қоюды және жоюды;
5) ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеудi ұйымдастыруды қамтиды.
34. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
35. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізбей сатуға жол берілмейді.
36. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттық негізде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-параграф. Процессингтік орталыққа қойылатын талаптар
37. Процессинг орталығына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10749 болып тіркелген) бекітілген Процессинг орталығының жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Аурулардың профилактикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
38. Ветеринариялық iс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ұстаудың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте өткiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.
39. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Жоспарлау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-параграф. Қолайлы пунктте жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
40. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта мынадай іс-шаралар өткізіледі:
1) эпизоотиялық тізбекті үзуге ықпал ететін мал шаруашылығының технологиясы;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жолға қойылуы;
3) нормаланған азықтандыру және күтіп-бағу;
4) Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес жануарларды карантиндеу;
5) мал шаруашылығы фермаларының аумағын аймақтарға бөлу, мал шаруашылығына қажетті құрылыстар, ветеринариялық санитариялық объектілерді салу;
6) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң әкімшілік-аумақтық шекарасына ветеринарлық құжаттары жоқ жануарлардың келуінен қорғау;
7) жайылымдық және шабындық алқаптарды эпизоотиялық көзқарас тұрғысынан дұрыс пайдалануды ұйымдастыру;
8) осы Қағидаларды сақтай отырып және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыра отырып, жануарларды тасымалдаған кезде мал басы жиналатын орындарды (тірі мал сатуды жүзеге асыратын ішкі сауда объектілері, көрмелер, мал соятын және олардан алынатын шикізатты өңдейтін объектілер) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;
9) мал шаруашылығындағы шаруашылық жүргiзушi субъектілер жұмыскерлерін қажетті мүкәммалмен және арнайы киіммен қамтамасыз ету;
10) халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттарды қолдана отырып, дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау;
12) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген ерекше профилактика құралдарын пайдалана отырып, аурулардың диагностикасы, өзіндік профилактикасы.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-параграф. Қолайсыз пунктте жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
41. Диагноз эпизоотологиялық, клиникалық, аллергиялық, гельминтологиялық және патологиялық-анатомиялық деректерді ескере отырып, зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
42. "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 тіркелген) (бұдан әрі – Карантинді белгілеу қағидалары) сәйкес карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу және карантинді немесе шектеу іс-шараларын алып тастау туралы шешім қабылданады.
43. Ветеринария саласындағы мамандар Қазақстан Республикасында және (немесе) Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттарды қолдана отырып, дезинфекция, дератизация және дезинсекция, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген ерекше профилактика құралдарын пайдалана отырып, аурудың диагностикасын, өзіндік профилактикасын жүргізеді.
4-тарау. Ауески ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Қолайсыз пунктте жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
44. Ауески ауруының әкелінуінен қорғау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) табынды жинақтау үшін жануарларды Ауески ауруы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алады;
2) фермалардың, жайылымдардың аумағында, мал шаруашылығы қора-жайларында, мал азығы ас үйлерінде, қоймаларда, диірмендерде, құрама жем зауыттарында үнемі кеміргіштермен күрес жүргізіледі.
45. Кеміргіштер жаппай қырылған жағдайда өлу себебін анықтау үшін олардың өлекселерін ветеринариялық зертханаға жібереді:
1) қаңғыбас иттер мен мысықтардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында болуына жол бермейді;
2) шарасыздан сойылған жануарлардан алынған ет және ішек-қарындарды пісірілмеген күйі, сондай-ақ союдың, асхананың және ас үйдің пісірілмеген қалдықтарымен шошқаларды, терісі бағалы аңдарды, иттерді және мысықтарды азықтандыруға жол бермейді.
46. Жануарларда Ауески ауруына күдік тудыратын белгілер байқалған кезде жануарлардың иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге немесе ветеринария саласындағы маманға дереу хабарлайды және ол келгенге дейін мынадай шараларды қабылдайды:
1) ауырған жануарларды оқшаулайды, еметін торайлар ауырғанда саламатсыз ошақтың аналығымен қоса барлық ұяластарды, ал аналықтан бөлінген торайлар ауырғанда барлық топты оқшаулайды;
2) ауру жануарлар немесе олардың өлекселері болған станоктарды, үйшіктерді және тасымалдайтын жәшіктерді механикалық тазартуды және дезинфекциялауды, сондай-ақ күту заттарын Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде дезинфекциялық құралдармен дезинфекциялауды жүргізеді;
3) тіркелген саламатсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағына және қора-жайларына бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді, саламатты фермалары бар осы шаруашылық жүргізуші субъектімен (шошқа қора, мал ауласы, қой қора, питомник) шаруашылық байланыстарды тоқтатады;
4) жануарлар өлген жағдайда өлекселерді станоктар мен торлардан жару бөлмесіне апарып тастайды немесе оларды ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор келгенге дейін суық жерде жабық жәшікте сақтайды.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер немесе ветеринария саласындағы маман жануарлардың ауруы туралы хабарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) диагнозын анықтау үшін ветеринариялық зертханаға жануардың өлексесін немесе патологиялық материалды жібереді;
2) аурудың шығуының ықтимал себептерін, аурудың көзін және таралу жолдарын анықтайды, шаруашылық жүргізуші субъектінің эпизоотиялық жай-күйін нақтылайды және осы Қағидаларға сәйкес аурудың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Жануарлардың Ауески ауруымен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп жарияланады және карантин қойылады.
Карантиннің шарты бойынша мыналарға:
1) Ауески ауруына сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге (кіргізуге) және одан әкетуге (шығаруға), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде де және қоралардың іштерінде де қайтадан топтастыруға;
2) шаруашылық жүргізуші субъектіден алдын ала зарарсыздандырмастан, былғарыны, қой терілерін, терілерді, сондай-ақ қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында дайындалған және сақталатын маңыздандырылған, шырынды азықтарды және көлемді жем-шөпті (шөп, сабан) әкетуге. Бұл азықтарды ауырып жазылған және вакцинациядан өткен жануарларды азықтандыру үшін сол жерде пайдаланады;
3) шаруашылық жүргізуші субъектіде жануарларды шағылыстыруды жүргізуге, асханадан қалған қалдықтарды азықтандыру үшін пайдалануға;
4) жануарларды өлшеуге және таңба басуға, аңдардың түбіттерін тарауға;
5) шошқаларды оларды алдын ала қайнатпастан маңыздандырылған және шырынды азықтармен (сүрлемнен басқа) азықтандыруға жол берілмейді.
49. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде:
1) жануарлардың барлық мал басын клиникалық тексеруден және оларды іріктеп термометрлеуден өткізеді;
2) ауру және ауруы күдікті жануарларды оқшауландырады және емдейді;
3) кейіннен карантинді алып тастау алдында қорытынды дезинфекциялай отырып, қора-жайларды және күту заттарын мұқият тазартады және ауық-ауық дезинфекциялайды;
4) қолайсыз фермалар мен шаруашылықтардың аумағында мал шаруашылығы және қосалқы қора-жайларда кеміргіштерді жою және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жүргізеді;
5) қора-жайлардан күнделікті қи мен төсенішті биотермиялық зарарсыздандыру үшін көңқоймаға шығарады. Қиды немесе бөкпені алдын ала зарарсыздандырмастан егін алқабына және бақшаға тыңайтқыш үшін шығаруға жол берілмейді;
6) Ауески ауруынан шарасыз өлтірілген немесе арам өлген жануарлардың терілерін және қойдың терілерін сыпырып алады және жануарлардан алынған шикізаттарды дезинфекциялау жөніндегі нұсқауға сәйкес зарарсыздандырудан өткізеді;
7) жануарлардың өлекселерін өртейді.
2-параграф. Шошқа өсіретін шаруашылықтардағы жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
50. Шошқа өсіретін қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде қосымша:
1) барлық жас топтарындағы жануарларды тек станоктарда азықтандыруды ұйымдастырады. Әрбір азықтандырғаннан кейін астауларды мұқият тазартады және кейіннен сумен әбден шая отырып, дезинфекциялайды;
2) Ауески ауруымен ауырған аналық шошқаларды, қабандарды және төлдерді бордақылауға қояды және союға өткізеді.
51. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан және одан аурудан сауыққан жануарларды шығарғаннан, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін бір айдан кейін алынады.
3-параграф. Ірі қара және ұсақ малдары бар шаруашылықтардағы
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
52. Ауески ауруы бойынша қолайсыз пункттерде мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:
1) ауру және ауруы күдікті жануарларға Ауески ауруына қарсы емдік дозада глобулин егеді;
2) ауру жануарлармен жанасуда болған жұқтыруы күдікті жануарларға профилактика дозасында глобулин егеді, ал 2-3 апта өткеннен кейін олар Ауески ауруына қарсы вакцинамен иммундалады;
3) шошқалар Ауески ауруымен ауырған шошқа қораға тікелей жақын орналасқан ірі қара мал мен ұсақ малдарға да вакцинация жасайды;
4) Ауески ауруы жұғуы күдікті сиырлардан алынған сүтті адамдарға тағам ретінде тек пастерленген немесе қайнатылғаннан күйінде беруге жол беріледі. Клиникалық ауру және ауруы күдікті сиырлардың сүтін қайнатып зарарсыздандырады және жояды.
53. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантинді ауру тоқтағаннан және ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін бір ай өткеннен соң алады.
4-параграф. Аң өсіретін шаруашылықтарындағы (қызмет көрсететін иттердің тәлімбақтарындағы) жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
54. Аң өсіретін фермаларда (қызметтік ит өсіретін тәлімбақтарда) мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:
1) Ауески ауруы вирустарының болуына күдікті ет азықтарын рационнан алып тастайды;
2) ауру және ауруы күдікті аңдарға (қызметтік иттерге) емдік дозада ерекше глобулин егеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді. Шартты түрдегі сау аңдарға, қызметтік иттерге Ауески ауруына қарсы вакцина егеді;
3) шарасыздан сойылған және қырылған терісі бағалы аңдардың терілерін зарарсыздандырады. Құндылығы жоқ жазғы терілерді өлексемен бірге жояды.
55. Ауески ауруы бойынша қолайсыз аң өсіретін шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан, ауырып жазылған мал шығарылғаннан, қора-жайларды санитарлық жөндеуден өткізгеннен және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кейін алынады.
5-тарау. Везикулярлық стоматит ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүргізілетін профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
56. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерді везикулярлық стоматит вирусының әкелінуінен қорғау мақсатында:
1) везикулярлық стоматит бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған малдардан шаруашылық жүргізуші субъектілерді жинақтайды;
2) шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаңадан келген барлық жануарларға толық ветеринариялық тексеру жүргізеді;
3) везикулярлық стоматитке диагностикалық зерттеулер жүргізеді.
2-параграф. Везикулярлық стоматит бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
57. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні сол ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және Карантинді белгілеу қағидаларына сәйкес карантин қояды.
Карантин шарттары бойынша мыналарға:
1) қолайсыз пунктке ауруға сезімтал жануарларды әкелуге;
2) қолайсыз пункттен залалсыздандырмаған мал шаршаулығы өнімдері мен жем-шөптерді шығаруға;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді.
58. Ауру жануарларды оқшаулайды, диеталық жем-шөппен (сүрлем, быламық) қамтамасыз етеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді.
Қора-жайларды, станоктарды, жануарларды күту заттарын, жабдықтарды, көлік құралдарын залалсыздандырады. Қиды биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады.
Жануарлардың өлекселері биотермиялық шұңқырларда жағып жіберуге жатады.
Шарасыздан сойылған, ауру және ауру бойынша күдікті жануарлардан алынған ет және ет өнімдері көп қайнатуға жатады, одан кейін шектеусіз қолданылады.
Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларынан алынған сүт 760С температурада 15-20 секунд пастерленеді. Егер ортадан тепкiш сүт тазалағыш пастерлейтін қондырғылар болмаған жағдайда келіп түскен сүтті міндетті түрде 850С температурада 30 минут пастерлейді немесе 5 минут қайнатады.
59. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауырған мал жазылғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
6-тарау. Жануарлар төлдерінің колибактериозы ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын жануарлар төлдері колибактериозының профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
60. Төлдердің колибактериозының (бұдан әрі – колибактериоз) профилактикасы аналығы мен төл ағзасының резистенттілігін көтеруге, сондай-ақ сыртқы орта объектілері арқылы жануарларға жұқтыруды болдырмауға бағытталған ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық және эпизоотикалыққа қарсы (жалпы және арнайы) іс-шаралар кешенін жүргізуге негізделген.
2-параграф. Жануарлар төлдерінің колибактериозы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
61. Бұзаулар арасында колибактериоз анықталған жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) ауру шыққан профилакторий секциясына бұзауларды қабылдау тоқтатылады. Ауырған жануарларды орнында қалдырады және ауру қоздырғышының профилакторийдің басқа секцияларына таралуының алдын алатын барлық шараларды жүргізеді;
2) қолайсыз секциядағы бұзаулардың қиы мен төсенішін қора-жайдан шығарады және биотермиялық залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген алаңға жинайды;
3) қиларды жинауға үшін пайдаланылатын арбалар мен басқа мүкәммал күн сайын дезинфекцияланады;
4) ауру бұзауларды оқшаулайды және емдейді;
5) профилакторийдің колибактериоз бойынша қолайсыз секциясынан бұзауларды шығарғаннан кейін, механикалық тазарту мен дезинфекциялау жүргізеді.
62. Торайлар арасында колибактериоз шыққан кезде мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) барлық ауыратын еметін торайларды енесімен бірге және ауру аналықтан бөлінген торайларды оқшаулайды және емдейді. Терапияның диеталық және симпатикалық құралдарын да қолданады;
2) ауру малдар тұрған босаған қора-жайларды тазартады және дезинфекциялайды.
63. Қозылар арасында колибактериоз шыққан жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) ауру қозыларды енесімен бірге оқшаулайды және емдейді;
2) ауру малдар анықталған қора-жайларды тазартады және дезинфекциялайды;
3) қоздатуды қораның қолайлы бөлігінде ұйымдастырады.
7-тарау. Пастереллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Пастереллездің профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
64. Жануарлардың пастереллезбен ауыруының алдын алу үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) табынды пастереллез бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі жануарлармен толықтыру;
2) азықтар залалдануының профилактикасы үшін мал шаруашылығы қора-жайларында, айналасындағы аумақта және азық қоймаларында кеміргіштерді жоюды жүргізу;
3) азықтың, әсіресе сүрлем мен құрама жемнің сапасын тұрақты түрде бақылау, ал көрсеткіштер болған кезде оларды бактериологиялық зерттеу;
4) мастит кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізу.
2-параграф. Ауруды жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
65. Жануарлардың пастереллезі анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні пастереллез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және Карантинді белгілеу қағидаларына сәйкес шектеу енгізеді.
66. Жануарлардың пастереллезі бойынша қолайсыз пунктте жол берілмейді:
1) жануарларды сою үшін әкетуді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектіден жануарларды шығаруға;
2) пастереллезге сезімтал жануарларды кіргізуге (әкелуге);
3) жануарларды қайта топтастыруға, таңбалауға, сондай-ақ хирургиялық операциялар жасауға;
4) оны ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, пастереллезбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға;
5) жануарларды жаюға және оларды ашық суайдындардан суаруға;
6) ауру жануардан алынған сүтті зарарсыздандырмаған күйінде сатуға;
7) мүкәммалды, жабдықты және кез келген басқа заттарды, сондай-ақ ірі, шырынды және маңыздандырылған азықтарды шығаруға (әкетуге);
8) ауру қоздырғышы табылған жануарлардың қиын және қи бөкпесін егістіктерге шығаруға.
67. Сүтті 900С температурада 5 минут ішінде пастерлейді және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.
Қиды бөлек жинайды және биотермиялық зарарсыздандырады.
68. Эпизоотиялық ошағын бәсеңдету және ауруды жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) қолайсыз топтың барлық жануарларын клиникалық қарап тексереді және термометрлейді. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды бөлек қора-жайларға оқшаулайды және емдейді, ал қалғанына вакцина егеді;
2) шаруашылықтың қалған жануарларына олардың тұрған орнына қарамастан вакцина егеді;
3) ауру жануарлармен жанасқан барлық жастағы жануарларды олар бұрын тұрған қора-жайларда қалдырады және жаз кезінде шектеу алынғанға дейін оларды байлауда күтіп-бағуды ұйымдастырады.
69. Пастереллез бойынша қолайсыз пункттерде жануарларға вакцина егу жұмыстарымен қатар мүмкін болатын ауру көзі ретінде тышқан тәріздес кеміргіштерді жою мақсатында үнемі дератизациялау шараларын жүргізеді.
70. Кезекті дезинфекциялауды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) жануарлардың ауруының бастапқы жағдайлары және қырылуы кезінде дереу жануарлар тұрған қора-жайларда;
2) ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларда күнделікті таңертең тазарту жүргізген кезде;
3) ауру жануарлар жанасқан барлық заттар (қораның едендері, қабырғалары, астаулар, қызмет көрсететін персоналдың аяқ киімі мен арнайы киімдері), қора-жайлардың өтетін жолдары дезинфекцияланады. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларға кіре беріс аяқ киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық барьермен жабдықтайды;
4) жұқтыруы күдікті (шартты түрде сау) жануарларды ұстайтын қора-жайлар мен жайылу алаңдарына ауру жануарды әрбір бөліп шығарғаннан кейін және одан кейін шектеу алынғанға дейін әр 10 күнтізбелік күн сайын дезинфекция жүргізеді.
71. Пастереллезден қырылған жануарлардың өлексесін өртеп жібереді немесе биотермиялық шұңқырларда зарарсыздандырады.
72. Қолайсыз пункттен шектеулерді алудың алдында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді:
1) жайылу алаңдарын, қой қораларды, қоршаулы мал жайлары мен шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қидан және қоқыстан тазартады, одан кейін оны дезинфекциялайды және қопсытады;
2) мал шаруашылығы қора-жайларында дезинсекция, дератизация және қорытынды дезинфекция жүргізеді. Дератизацияны шаруашылық жүргізуші субъекті аумағының барлық қора-жайларында жүргізеді.
8-тарау. Салмонеллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүзеге асырылатын салмонеллездің профилактикасы бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
73. Жануарлар мен құстардың арасында салмонеллездiң таралуын болдырмауға бағытталған негізгі іс-шаралар:
шаруашылық жүргізуші субъектілерде жаңа туған жануарлардың және өсіріліп жатқан төлдердің ағзасының резистенттілігін көтеруге бағытталған санитарлық-ветеринарлық тәртіптің сақталуын қатаң бақылауды жүзеге асыру;
ауру жануарлар мен инфекция тасымалдағыштарды уақтылы анықтау жөнінде жануарлар мен құстардың ауруына қатаң ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды орнату;
жануарларға арналған өндірістік қора-жайларды дезинфекциялау мен дератизациялау жүргізу;
шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден ғана жануарлармен толықтыру;
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және жануарлар тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық (ветеринариялық) қағидаларының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;
рационды бірден өзгертуге, бұзылған азық беруге, сапасыз сумен суаруға жол бермеу;
азық пен азық қоспаларына ұдайы Сальмонеллалармен ластануға бактериологиялық бақылау жүргізу.
74. Жануарларды сою өнімдерінде көбейетін сальмонеллаларды шығаруды болдырмау мақсатында мыналарды жүргізеді:
1) мал сою объектілерінде (ет өңдейтін кәсіпорындарда, мал сою пункттері мен алаңдарында) санитарлық мәдениетті арттыруға, сояр алдында ұстау режимін сақтауға және жануардан алынатын шартты түрде жарамды өнімді залалсыздандыруға бағытталған іс-шараларды;
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің салмонеллез бойынша қолайлы екендігі туралы белгісі бар келіп түскен малдардың құжаттамаларды және ұшаны, басты, өкпе-бауырды, теріні бірыңғай нөмірмен таңбалауды;
3) қалдықтарды дұрыс жинақтауды, зарарсыздандыруды және жоюды жүргізеді.
75. Сүт шаруашылығын жүргізуші субъектілерде сүттi жинау, сақтау және тасымалдаудың санитарлық шарттарын қатаң түрде орындау, сүт ыдыстарын, мүкәммалын, жабдықтарын сапалы санитарлық өңдеуді қамтамасыз етеді.
2-параграф. Салмонеллез бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
76. Салмонеллез анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеулер қойлады. Шектеу шарты бойынша мыналарға жол берілмейді:
1) жануарларды және құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге және шығаруға;
2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде жануарларды және құстарды қайта топтастыруға;
3) шарасыздан сойылған жануарлар мен құстардың етiн алдын ала бактериологиялық зерттеуге жүргізбестен, ал егер зерттеу мүмкін болмаған жағдайда - жоғары температурада залалсыздандырмай пайдалануға;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа секцияларындағы адамдардың, сондай-ақ бөгде адамдардың арнайы киiмсiз және аяқ киімдерін дезинфекцияламай оқшаулағышқа кiруiне;
5) салмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің жайылымдарына жануарларды жаюға және азық дайындауға;
6) қолайсыз құс қорасындағы құстарды, құстардың инкубациялық жұмыртқасын шығаруға жол берілмейді.
77. Шаруашылық жүргізуші субъектіде салмонеллез өршіген уақытта жануарларды міндетті түрде термометрлей отырып бас басына клиникалық тексереді. Ауру және ауруы күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді.
Сальмонеллезбен ауырған жануарлар және құстар табылған қора-жайларда, сондай-ақ торларда, науаларда, өтетін жерлерде, инкубаторларда, қосалқы қора-жайларда және жайылымдарда дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция және дератизация бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзедi.
78. Шаруашылық жүргізуші субъектіні ауруды жойғаннан, қорытынды дезинфекция жасағаннан және аурудан сауыққан жануарларды союға өткізгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң жануарлардың салмонеллезі бойынша қолайлы деп таниды.
9-тарау. Трихофития (дерматомикоз, бұзау таз) ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар тәртібі
79. Трихофитияның алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жаз кезеңінде жүргізіледі.
Қиларды кейіннен мал шаруашылығы қора-жайларын профилактикалық дезинфекциялай отырып, зарарсыздандырады. Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру алдында барлық мал басына клиникалық тексеру жүргізеді. Ауруы күдікті немесе ауру жануарлар анықталған жағдайда, диагноз нақтыланады және емдеу жүргізіледі.
Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру кезеңінде қора-жайларға дезинфекция жүргізеді. Жаңа туған төлдерді ұстайтын қора-жайлар таза, құрғақ және онда жеткілікті мөлшерде төсеніш болуы қажет.
80. Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерден жаңадан келген жануарларды карантиндеуде ұстайды. Осы кезең ішінде жануарларды тері ауруларының бар-жоқтығына тексереді.
81. Қызмет көрсететін персонал тері ауруларын анықтау шараларымен және жеке профилактика қағидаларымен таныстырады.
2-параграф. Қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар тәртібі
82. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу іс-шаралары қойылады.
83. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
1) жануарларды етке сою үшін әкетуді қоспағанда, жануарларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға) жол берілмейді;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді;
3) тазарту мен дезинфекция жүргізгенге дейін ауру жануарларды ұстаған қора-жайларға сау жануарларды әкелуге (кіргізуге) жол берілмейді;
4) ауру жануарлар тұрған қора-жайларда мұқият механикалық тазалау және дезинфекция жүргізеді;
5) жануарлардың жасын және пайдалануды ескере отырып, ұстау, күтіп-бағу және азықтандыру бойынша ветеринариялық-санитариялық қағидаларды қатаң сақтайды;
6) қысағаға сезімтал барлық жануарлардың тері қабатын күнтізбелік бес күнде бір рет тиянақты тексереді;
7) ауру және ауруы күдікті жануарларды оңашаланған топтарға бөледі және емдейді (микроспориямен ауратын мысықтар жоюға жатады);
8) жайылым кезеңінде ауру жануарларды жеке топтармен жаяды;
9) ауру жануарларды емдеуді арнайы бөлінген орында жүргізеді;
10) өңделгеннен кейін алынған жүнді, тері қабыршақтары мен мақтаны жағу, құралдарды қайнату, ал жануарларды өңдеген орынды дезинфекциялау қажет;
11) қиды биотермиялық жолмен өңдейді;
12) қайта ағымдағы дезинфекцияны күнтізбелік 10 күнде бір рет жүргізеді.
84. Клиникалық ауру жануарларды бөлген соңғы жағдайдан кейін 2 ай өткен соң қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін шектеу іс-шаралары алынады.
10-тарау. Риккетсиоздар ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветерииариялық-санитариялық таза аумақтарда жүргізілетін алдын алу шаралары тәртібі
85. Рикетсиоздар бойынша эпизоотиялық жай-күйді бақылау үшін ветеринария саласындағы мамандар және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар саламатсыз аумақтарда кеміргіштерді аулап, кенелерді жинап, оларды рикетсиоздар қоздырғыштарын тасып жүруіне диагностикалық зерттеу жүргізеді, аурудың табиғи ошақтарын қатаң есепке алады.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.86. Мал қораларында, аулаларында, жем-шөп сақталатын қоймаларында кеміргіштерді жою шараларын жүргізеді. Көп мөлшердс кеміргіштср орналасып алған маялардың шөптерімен сабандарын залалсыздандырады.
Жайылым кезінде ауыл шаруашылық малдарын шағатын кенелерді жоюдың шараларын үнемі ұйымдастырады немесе кенелер жоқ жайылымдарды қолданады. Кенелер жұмыртқа салып кеткен жайылымдардың шөптерін шауып әрі жерін жыртып отырады. Мал жайылымға шығарда тексеру жүргізіп, кенеге қарсы емдік шаралар жүргізеді.
87. Рикетсиоздан таза емес аймақтарда малдарды ашық суатқа (өзеңге, көлдерге, бұлақтарға) жіберуге жол берілмейді.
2-параграф. Риккетсиоздан таза емес эпизоотиялық ошақтарда
және қолайсыз пункттерде жүргізілетін шаралар тәртібі
88. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектілерді, елді мекендерді осы аурудан таза емес деп жариялап, шектеу қойылады.
89. Шектеудің шарты бойынша жол берілмейді:
1) таза емес шаруашылық субъектілерде малдарды әкелуге, союға жіберілген малдардан басқасын шығаруға жол берілмейді;
2) ветеринариялық инспекторлардың рұқсатынсыз малдарды араластыруға;
3) лажсыз рикетсиозбен ауырып сойылған малдардың етін қолдануға. Мұндай малдардың еттерін ветеринариялық - санитариялык тексеру және оларға санитарнялык баға беру Ережесіне сәйкес колданады;
4) ауру малдармсн бір жерде болган немесс жүгуы мүмкін дсп табылған күдікті жем- шөпгсрді тасымалдауға.
90. Рикетсиоз ауруына күдікті малдарды төлдету жеке бөлмелердс жүрілуі тиіс, төлдегеннен соң шуларын, өлі туған төлдерді жойып, соңынан тиянақтап бөлмелерді, құралдарды дезинфекциялайды.
91. Бөлмелерді және құрал-саймандарды дезинфекциялауға Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттар қолданылады. Бөлмелерді дезинфекциялау шектеу алынғанша әр күнтізбелік 5 күн сайын жүргізіліп тұрады.
92 Бөлмелерде дератизациялык және дезакаризациялық шаралар жүргізіледі.
93. Рикетсиозбен ауырған малдардың (кой, сиыр, ешкі) сүттерін 3-5 минут кайнатып малдарға азық ретінде береді. Қолайсыз пункттерден алынған клиникалық сау малдардың сүттерін пастеризациядан кейін ғана қолданады.
94. Рикетсиоздан қолайсыз пункперден жүндерді, ешкі түбіттерін тығыз бұлдармен қаптап тікелей өндейтін өндіріс орындарына (дайындайтын пункттерге жинамай) жіберіледі. Жөнелту құжаттарында шаруашылық субъект риккетсиоздан таза еместігін көрсету керек.
Риккетсиоздан қолайсыз пункттерде лажсыздан сойылған немесе өлген малдардан алынған жүн және терілер дезинфекцияланады.
Көң, жем-шөп жене баска қалдыктар биотермиялық әдіспен залалсыздандырылады немесе өртеледі.
95. Таза емес аймақтан шектеу, ақырғы ауырған малдың патологиялық материалдарынан қоздырғыштар бөлгеннен (диагностика жүргізу үшін сойғаннан соң), комплементерді ұзак уақыт бірлестіру реакциясына оң нәтиже бергеннен соң, қорытынды дезинфекция жүргізілген соң күнтізбелік 30 күннен кейін алынады.
11-тарау. Жануарлар мен құстардың туберкулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Туберкулездің профилактикасы бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
96. Жануарлардың туберкулезбен ауыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер меншік нысанына қарамастан мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) қолында жануарлар бар болғанда немесе жаңадан сатып алғанда жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын хабардар етеді;
2) жануарларды сатуды, союға тапсыруды, өріске шығаруды, жайылымдарға орналастыруды және басқа да барлық тасымалдау мен қайта топтастыруды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізат өткізуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімімен жүргізеді;
3) оларға ауру жұқтырмау мақсатында мал азығын дайындауда қауіпсіздік шараларын сақтайды;
4) жаңадан келген жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық тазалау жүргізу үшін карантиндеу жүргізеді;
5) туберкулезге күмәнді жануарлар ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке хабарлайды;
6) ветеринария саласындағы мамандардың талабы бойынша сатып алынған жануарлар туралы барлық қажетті мәліметтерді береді және оларға тексеріп-қарау, зерттеу мен тазалау жүргізу үшін жағдайлар жасайды;
7) жануарларды тасымалдағанда, күтіп бағу және азықтандыру кезінде, мал шаруашылығы объектілерін салу кезінде санитариялық-эпидемиялогиялық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұйғарымы бойынша ауру жануарларды уақытында тапсыруды немесе барлық саламатсыз мал бастарын толығымен жоюды жүзеге асырады;
9) жануарлардың туберкулезбен ауруының алдын алу бойынша, сондай-ақ ауру шыққан жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.98. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары мынаны жүзеге асырады:
1) мал шаруашылығы қызметкерлерін жұмыс киімімен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді, оларды сақтау бөлмелерімен жабдықтайды, сондай-ақ мал шаруашылығы қора-жайларын қол жуғышпен, сабынмен, сүлгімен және алғашқы көмек қобдишасымен жарақтандырады;
2) мал шаруашылығы және азық дайындау жұмыстарына туберкулезге тексеруден өтпеген, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын және диспансерлік есепте белсенді топта тұратын адамдарды жібермейді;
3) қызмет көрсететін персоналда туберкулез анықталған жағдайда, ауру адамдарды дереу жануарларды күту жөніндегі жұмыстан босатады;
4) сүт және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында қолайсыз пункттерден алынған сүтті міндетті түрде пастерлеудің және басқа да шикі сүт өнімдеріне термиялық өңдеудің жүргізілуін қамтамасыз етеді.
99. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар:
1) жануарларға қызмет көрсететін персоналға тұрақты түрде медициналық қадағалау жүргізеді;
2) халық пен мал шаруашылығы жұмыскерлері арасында туберкулездің зияны мен зардаптары, жеке профилактика және онымен күресу туралы түсіндірме жұмысын жүргізуді тұрақты негізде ұйымдастырады.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.100. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жануарларды күтіп-бағатын ветеринарлық мамандар жануарлар туберкулезінің профилактикасы және онымен күресу іс-шараларын жүргізеді.
101. Адамдар туберкулезінің профилактикасы және оларды емдеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да арнайы іс-шараларды, сондай-ақ, осы іс-шаралардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар жүзеге асырады.
Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.102. Ветеринарлық және медициналық ұйымдар жануарлардың және жануарларды күтіп-бағуға байланысты немесе қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты өзара ұсынады. Елді мекендерде адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары анықталған кезде адамдардың залалдану көзі мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында тез арада эпидемиологиялық-эпизоотологиялық зерттеу жүргізіледі, қажет болған жағдайда малдар туберкулезге зерттеледі және ауру табылған жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
2-параграф. Туберкулез кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
103. Туберкулез ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті жеке меншік нысанына қарамастан туберкулез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу енгізіледі.
104. Туберкулинге реакция берген жануарларды қалған мал басынан оқшаулайды және асыл тұқымдық және өндірістік құндылығына қарамастан күнтізбелік 15 күн ішінде союға өткізеді.
105. Сау малдар бұрын ауру жануарлар ұсталған қора-жайларға, жайылым алаңдарына және басқа да объектілерге сауықтыру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жіберіледі.
106. Шектеу шарттары бойынша мыналарға:
1) малдарды союға шығаруды қоспағанда, олардың орнын ауыстыруды (кіргізу және шығару) жүзеге асыруға;
2) қолайсыз аймақта шөп, сабан және басқа ірі мал азығын дайындауға;
3) сау жануарлар үшін туберкулез бойынша қолайсыз табындар жайылған жайылым жерлерін пайдалануға және ақпайтын суаттардан суаруға 6 айдан кейін жол беріледі;
4) туберкулезбен ауырған жануарларды пайдалануға және табынды көбейту үшін олардан алынған төлдерді пайдалануға;
5) ауру жануарларды және қолайсыз табындардың мал басын сау малдармен қосып ұстауға, бірге жаюға, суаруға немесе өзге де жанасуға, сондай-ақ қолайсыз табындардың жануарларын жайлауға айдауға және тасымалдауға;
6) туберкулезбен ауырған жануарларды сойған кезде алынған залалсыздандырмаған етті, ет өнімдерін аңдарды азықтандыру үшін пайдалануға жол берілмейді.
107. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттегі сиырлардан алынған шикі сүтті базарларда сату, асханаларға, емдеу-профилактикалық, балалар және мектеп мекемелеріне жеткізу үшін шығаруға жол берілмейді. Зерттеу кезінде туберкулезге реакция берген сиырлардан алынған сүт қайнатуға немесе тоң май жасауға қайта өңдеу жолымен зарарсыздандырылуға жатады. Қолайсыз табындардың (ферманың) реакция бермеген сиырларынан алынған сүт (қаймақ) тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде 900С температурада 5 минут ішінде немесе 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен зарарсыздандыруға, ал пастеризатор болмаған жағдайда қайнатуға жатады. Зарарсыздандырғаннан кейін сүтті сүт зауытына әкетеді немесе шаруашылық ішінде қолданады. Сүт өңдеу кәсіпорындарында сүт құйылғаннан кейін цистерналар немесе бидондар шаюға және дезинфекциялауға жатады.
108. Туберкулезбен ауырған жануарларды сою объектілерінде (сою пункттері, ет өңдейтін кәсіпорындар) союды ветеринария саласындағы маманның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік санитариялық-ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жеке профилактика шараларын сақтай отырып және инфекция қоздырғышының таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін талаптарды орындай отырып жұмысшылар жүргізеді.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.109. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттерде қора-жайларды, жайылымдарды, жайылым алаңдарын, жабдықтарды, мүкәммалды және басқа да объектілерді ағымдағы дезинфекциялауды, сондай-ақ дезинсекция мен дератизациялауды жүргізеді. Қиды биологиялық, химиялық және физикалық тәсілдермен зарарсыздандырады.
3-параграф. Ірі қара мал туберкулезінен қолайсыз пункттерді
сауықтыру бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
110. Ірі қара малдың туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыруды мынадай жолмен жүргізеді:
1) қолайсыз табынның мал басын толығымен сау жануарларға ауыстыру жолымен;
2) ауру малдарды бөліп және кейіннен оларды сою арқылы жүйелі диагностикалық зерттеулер жолымен;
3) ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралардың кешенін міндетті түрде жүзеге асырумен.
111. Туберкулез шаруашылық жүргізуші субъектіде алғаш рет анықталғанда және ауру табын арасында кеңінен таралған кезде мал басын толығымен ауыстыруды қолданады. Мұндай жағдайда шектеу қойылғаннан кейін:
1) малдарды туберкулезге аллергиялық зерттеуді тоқтатады;
2) сиырларды және қашарларды ұрықтандыруды жүргізбейді;
3) алынған сүт 850С температурада 30 минут немесе 900С-та 5 минут пастерленеді, содан кейін бұзауларға береді немесе сүт өңдеу кәсіпорындарына жібереді;
4) қолайсыз табындағы барлық мал басын төлімен бірге үш ай ішінде союға өткізеді;
5) қора-жайлар малдан босағаннан кейін оларды дезинфекциялауды жүргізеді;
6) барлық босаған сиыр қораларда, бұзау қораларда, төл қабылдайтын бөлмелерде едендерді, өтетін жерлер мен қабырғаларды қидан, жем-шөп қалдықтарынан тазартады, қиды механикалық жолмен алып тастау үшін тасылмалдаушыларды қайта жөндейді;
7) ағаш едендерді алады, қайта қолдануға жарамды тақтайларды жақсылап тазалап жуғаннан кейін дезинфекциялайды. Жарамсыз тақтайларды өртейді;
8) аумақты, жайылым алаңдарын қоқыс пен қидан тазартады;
9) қиды арнайы арналған жерге шығарады, ені 3 метр және биіктігі 2 метр дөңдерге жинайды, бетін жермен жабады және қоршайды, бұл қи дөңдерге жиналғаннан кейін кемінде 2 жылдан соң пайдаланады;
10) мал шаруашылығы үй-жайларында едендер төсейді, қи шығаратын транспортерлер жасақталады;
11) барлық пайдалануға жарамсыз арнайы киімдерді, аяқ киімді, құнысыз мүкәммалды өртейді;
12) ветеринариялық–санитариялық іс-шаралар аяқталғаннан, шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағындағы барлық қора-жайларда қорытынды дезинфекция жүргізгеннен және дезинфекцияның сапасын зертханалық жолмен тексергеннен кейін қолайсыз пункттен шектеу алынады.
112. Барлық табын бойынша екі рет қатар зерттеу нәтижесі теріс болған кезде, осы кезеңде 1,5 ай аралығымен тері ішіне туберкулиндік сынамамен зерттеу жүргізілетін жануарларды үш айлық бақылап қадағалауға қояды. Аллергиялық және серологиялық зерттеулерден теріс реакция алынған кезде табынды туберкулез бойынша қолайлы деп жариялайды.
113. Егер туберкулезге аллергиялық және серологиялық әдістермен соңғы зерттеу кезінде реакция беретін жануарлар шықса, онда оларды диагностикалық союға жібереді.
114. Қолайсыз пункттерде:
1) ауру сиырлардан туған бұзауларды сиырлармен бірге союға өткізеді;
2) сауықтыру жүргізіліп жатқан табында реакция бермеген сиырлардан туған бұзауларды (оны бақылап қадағалауға қойғанға дейін) оқшауландырылған топпен ұстайды, бордақылауға қояды, содан кейін союға өткізеді;
3) бақылап қадағалау кезеңінде алынған төлдерді оқшаулап ұстау жағдайында өсіреді және шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынғаннан кейін қалыпты жағдайда пайдаланады.
115. Шектеуді алар алдында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың кешенін жүргізеді.
4-параграф. Шошқа, қой, ешкі, жылқы, түйе, терісі бағалы аңдар
және құстар туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыру
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
116. Шошқа туберкулезі (бұқа немесе адам қоздырғышының түрі) анықталған жағдайда туберкулинге реакция берген барлық шошқаларды, оның ішінде төлдейтін аналық шошқаларды, қабандарды союға өткізеді. Торайлау және төлдерді бордақылау аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық жануарларын туберкулезге диагноз қойылған сәттен бастап 3 айдан кешіктірмей союға өткізеді.
117. Қойда, ешкіде, жылқыда және түйеде туберкулез анықталған жағдайда:
1) реакция берген барлық жануарларды союға өткізеді;
2) қалған мал басын зерттейді: жылқыны – туберкулинді көзге тамызу арқылы (офтальмосынама);
қой, ешкі және түйені – әр күнтізбелік 30-45 күн сайын тері ішіне туберкулиндік сынама арқылы бір рет теріс реакция бергенге дейін тексереді, содан кейін тиісті топтағы жануарларды сау деп таниды.
118. Терісі бағалы аңдарда туберкулез анықталған жағдайда:
1) оларды клиникалық тексереді, ауру ұрғашы жануарларды төлімен бірге оқшаулайды. Сойылғаннан кейін терілері шектеусіз қолданылады, ал ұшалары өртеу арқылы жойылады;
2) күшіктегеннен бастап сойғанға дейінгі кезең ішінде қырылған және өлтірілген аңдарда органдар мен бөлшектерінің туберкулезге тән өзгерістерін таппаса аң өсіретін шаруашылық сауықтырылған болып саналады;
3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін шектеу алынады.
119. Маралдарда туберкулез анықталған жағдайда:
1) реакция берген барлық маралдарды союға өткізеді;
2) қалған мал басын табын бойынша теріс реакция бергенге дейін туберкулезге зерттейді. Клиникалық ауру жануарларды союға өткізеді.
120. Құс шаруашылығы шаруашылығын жүргізуші субъектілерінде және жеке аулаларда құстардың туберкулезі анықталған кезде қолайсыз құс қорасындағы (цехтағы) барлық құстар союға өткізіледі, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді және шектеу алынғаннан кейін сау жас құстардан жаңа топ құрады. Қолайсыз құс қораларындағы (цехтағы) құстардан алынған жұмыртқалар өсіруге жіберілмейді, нан өнімдері мен кондитерлік кәсіпорындарында қолданылады.
121. Кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынады.
12-тарау. Аусыл ауруы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
122. ХЭБ-нің Жерүсті жануарларының санитариялық кодексінің ұсынымдарына сәйкес табиғи жағдайларда аусыл вирусының эпизоотиялық штаммын жұқтырған жануарлар мен вакциналанған жануарларды саралау мақсатында аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарына қарсы денелерді анықтау бойынша серомониторингтік зерттеулер жүргізіледі.
Аусыл вирусының эпизоотиялық штаммын жұқтырған жануарлардан вакциналанған жануарларды саралау аусыл диагностикасы бойынша ХЭБ ұсынған әдістермен жүзеге асырылады.
Аусылға қарсы вакциналанбаған жануарлардың арасынан аусыл вирусының эпизоотиялық штаммының әр түрлі типті құрылымдық емес ақуыздарына реакция берген жануарлар анықталған жағдайда, ХЭБ ұсынымдарына сәйкес, мұндай жануарлар санитариялық союға жатады.
Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-параграф. Аусыл бойынша қолайсыз пунктте жүргізілетін
іс-шаралар тәртібі
123. Қолайсыз пунктке карантин қойылады.
124. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшілері) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша буферлік зонада және саламатсыз пункттерде жануарлардың аусыл ауруына қарсы күрес жөнінде жоспар жасайды, ол мынаны көздейді:
1) облыс және аудан орталықтарында ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын тарта отырып, аусылға қарсы барлық іс-шараларды басқаруға және үйлестіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/676 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11727 болып тіркелген) сәйкес жұмыс тобымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты топтарды құру;
2) ветеринариялық қызметтің, ішкі істер органдары, кеден және шекара қызметтерінің аумақтық құрылымдарының олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретін ескере отырып, аусылға қарсы күрес бойынша жедел және келісілген іс-әрекеттері;
3) жануарлардың аусыл ауруымен күрес жөніндегі іс-шараларда адами және материалдық ресурстарды, оның ішінде аусылдың басқа облыстардан таралуын болдырмау үшін бар ресурстарды тарта отырып, шоғырландыру;
4) шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен басқа да бақылауға жататын жүктерді заңсыз орын ауыстырудағы негізгі бағыттарды анықтай отырып, аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жедел бағалау;
5) биоматериалдардың сынамаларын алу және одан әрі молекулярлық деңгейде вирустардың сипатын анықтай отырып, зертханалық зерттеулер жүргізу;
6) саламатсыз облыстарда және тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда аусылға сезімтал жануарларды тасымалдауды және көршілес мемлекеттермен шекарада орналасқан мал сою пункттері (сою пункттері, сою алаңдары (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары), ет өңдеу кәсіпорындары) мен сауда объектілерінің жұмысын тоқтату;
7) аусылдың таралуының әлеуетті ауқымын және аусыл өршуінің ықтимал салдарларын бағалау үшін ақпарат жинақтау;
8) жеке аулаларға, шаруашылықтарға, жануарларды өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілеріне, өңдеу кәсіпорындарына, сою объектілеріне инспекция жасау жолымен аусыл бойынша тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда белсенді бақылауды жүзеге асыру;
9) аусылдың таралуын азайту мақсатында карантиндік режимді енгізу және жануарларды тасымалдауды шектеу;
10) Республикалық бюджеттен өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды алып қою және жою;
11) аусыл ошағына дезактивация жүргізу және ауру қоздырғыштарының механикалық жолмен берілу тәуекелін жою;
12) аусылдың қауіптілігі туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру және аусылды тану бойынша ақпараттық материалдар (буклеттер, плакаттар және кітапшалар) тарату, ауруды тапқан кезде жануарлар иелерінің әрекеттері және жануарларды қорғау шаралары жөнінде жұмыстар жүргізу;
13) ЖАЖ-технологияның бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, аурудың шығуын модельдеу, деректерді картаға түсіру және аусыл бойынша молекулярлық зерттеулер жүргізу;
14) аусылдың шығу себептерін, ауру таралуының болжамды ауқымын және клиникалық белгілерін белсенді түрде іздеу арқылы вирустардың айналымын анықтау мақсатында аумақтарда, шаруашылықтарда, мал базарларында және жеке аулаларда эпизоотологиялық тексеру жүргізу;
15) аусыл бойынша қолда бар ақпараттың негізінде шектеу аймағын, бақылау аймағын және қорғау аймағын картаға түсіру және анықтау;
16) шектеу, бақылау және қорғау аймақтарында аусылға сезімтал жануарлардың барлық түріне күнделікті клиникалық тексеру жүргізу және аурудың кез келген жағдайы және күдігі туралы хабарлау;
17) профилактикалық вакциналауды жүргізу үшін шектес мемлекеттермен шекаралас тәуекел дәрежесі жоғары аудандарды айқындау;
18) Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған ветеринариялық зертханаға биоматериалдардың сынамаларын беру;
19) залалданған қора-жайларды, әкімшілік аудандар мен табиғи шекаралар (өзен, көл, тау) шегінде шектеу аймақтарын, залалданған аумақтың айналасындағы диаметрі 3 километр бақылау аумағын және диаметрі 10 километр қорғау аймағын анықтау;
20) өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды бағалау;
21) тәуекелді бағалауға сәйкес залалданған қора-жайлардағы ауру жануарларды сою және жою;
22) мал сойылған қора-жайлар мен аумақтарды тазарту және дезинфекциялау;
23) аусылдың клиникалық белгілерін анықтау үшін шаруашылық субъектілерін инспекциялау;
24) қорғау аймағындағы жануарларды вакцинаның қолданылуына және ауруды түбегейлі жою стратегиясына сәйкес вакциналау;
25) аусыл кезінде мынадай шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантинді алып тастау:
1) басқа облыстардың саламатсыз аймақтарымен ветеринариялық-санитариялық бекеттерді ұйымдастыруды көздейтін
Қазақстан Республикасының шекарасын күзету жөніндегі іс-шаралар;
1) қол жүгін физикалық бақылауды қоса алғанда, адамдар мен автокөлік құралдарының көрші облыстардан сауда-экономикалық және тұрмыстық байланыстар жөніндегі өткізу пункттері арқылы өтуіне;
2) ауру немесе ауырып қалған жануарларды қолайсыз аудандардан облыс ішіндегі қолайлы аудандарға бақылаусыз орын ауыстыруын қадағалауға
бақылауды күшейту жөніндегі бірлескен іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеу және бекіту.
Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.125. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) бекітілген Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларына сәйкес аумақтарды аймақтарға бөлуді жүзеге асырады.
Саламатсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар мыналарға жол бермеуді көздейді:
1) аусыл бойынша саламатсыз пункттен жануарлардың барлық түрлерін, оның ішінде құстарды әкелу (кіргізу) және әкету (шығару);
2) саламатсыз пунктте жануарлардан алынған өнім мен шикізатты, азықты, азықтық қоспаларды дайындау және одан шығару, сондай-ақ инфекция жұққан мүкәммалды, материалдарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды шығару;
3) ошақтың, саламатсыз пункттің ішінде жануарларды қайта топтастыру (ауыстыру);
4) ішкі сауда обектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын обектілердің көрмелер, жәрмеңкелер, сауда-саттық өткізу, сондай-ақ саламатсыз пункттің аумағында жануарлардың, адамдардың және көліктің шоғырлануына байланысты басқа да іс-шараларды өткізу;
5) саламатсыз пункттен сүт шығару және пайдалану;
6) жануарларды қолдан ұрықтандыру үшін саламатты шаруашылықтарға ұрық шығару;
7) көліктің барлық түрлерінің саламатсыз пункт арқылы өтуі. Көліктердің межелі жеріне өтуі үшін айналып өтетін жолдар анықталуы және көрсеткіштермен белгіленуі тиіс. Қажет болған жағдайда, қолайсыз пунктке арнаулы тағайындалған көліктің кіруіне және шығуына болады. Бұл ретте, саламатсыз пункттен шығарда көлік, шығатын адамдардың сыртқы киімдері және аяқ киімдері міндетті түрде дезинфекциялануы тиіс. Осы мақсатта бір жолды белгілейді, онда саламатсыз пункттің шекарасында шығатын адамдардың сыртқы киімін зарарсыздандыру үшін дезинфекциялау камерасын, аяқ киімді дезинфекциялау үшін дезинфекциялау ерітіндісі және щеткасы бар ыдысты, көлікті дезинфекциялау үшін дезинфекциялық қондырғыны, кезекшілер үшін қарауыл күркесін және олардың киімдерін санитариялық тазарту кезінде көрсетілген тұлғалардың болуы үшін вагон орнатады.
Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.126. Аусыл бойынша саламатсыз пункттерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ЖАО бөлімшесі мемлекеттік ветеринариялық ұйыммен (бұдан әрі – РҚО) бірлесіп мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:
1) пункттен апаратын барлық жолдарды (соқпақтарды) жабады және тәулік бойы кезекшілігі бар күзет-карантиндік бекеттердің қажетті санын қояды, сондай-ақ "Жүруге тыйым салынады", "Айналып өту", "Аялдау міндетті", "Аялдауға тыйым салынады" деген тиісті көрсеткіштерді (жол белгілерін) орнатады;
2) күзет-карантиндік бекеттерде кезекшілік атқару үшін қажетті адамдар санын бөледі және олардың міндеттерін айқындайды. Күзет-карантиндік бекеттер бойынша кезекшіге арнайы куәліктер мен қолға байлайтын таңғыштар беріледі. Бекеттер шлагбаумдармен, дезинфекциялық тосқауылдармен және кезекшілерге арналған будкалармен жабдықталады, мүмкіндігінше байланыс орнатады;
3) барлық жануарларды қорада ұстауға немесе арнайы бөлінген оқшауланған жайылым учаскесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді, саламатсыз пункттегі аусылға бейім барлық жануарларды есепке алады;
4) саламатсыз пункттегі барлық сезімтал жануарларды алдыңғы егу мерзіміне қарамай аусылға қарсы міндетті түрде вакциналайды;
5) үй құсын саламатсыз пункттің аумағында жабық үй-жайларда, ал иттерді байлап ұстайды;
6) мал шаруашылығы үй-жайлары мен өндірістік аумақтарға күнделікті дезинфекция жүргізуді, арнайы киімді, күтім заттарын, көлік құралдарын өңдеуді қамтамасыз етеді;
7) жануарларға арналған үй-жайларға немесе қораларға, жануарлар иелерінің аулаларына кірген кезде, сондай-ақ жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), өңдеуді, өндіруді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде аяқ киім мен көлікті өңдеуге арналған дезинфекциялық кедергілер орнатады.
Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.127. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы:
1) аусыл бойынша қолайсыз пунктке шығуға және сол жерде диагноз қоюдың, аусылды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізудің, ауру бойынша қолайсыз пункттің шекарасын, қолайсыз аймақты, қадағалау аймағы мен қолайлы аймақты белгілеудің дұрыстығын нақтылауы;
2) ауданның жергілікті атқарушы органының басшысына, облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына, көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларына аусылдың шыққандығы туралы дереу хабарлауы;
3) қолайсыз пунктте және қолайсыз аймақта карантин талаптарының сақталуы бойынша дереу бақылау орнатуы тиіс.
128. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан хабар алғаннан кейін Жануарлардың денсаулығын сақтаудың дүниежүзілік ұйымын және шектес мемлекеттердің мемлекеттік ветеринариялық қызметтерінің басшыларына Қазақстан Республикасындағы аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай туралы хабарлайды.
129. Қолайсыз пунктте аусылдың эпизоотиялық ошағын толық оқшаулауды, онда вирусты жоюға бағыталған іс-шараларды үнемі және жоспарлы орындауды, оны тарату жолдарын жабуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) өтетін бір жер қалдырып эпизоотиялық ошақтың аумағын қоршайды және онда тәулік бойы күзетшілік бекет қояды;
2) ошаққа кіре берісті дезинфекция барьері және дезинфекциялайтын қондырғысы бар бақылау-өткізу пунктімен жабдықтайды;
3) жануарларға қызмет көрсету және ошақтың аумағында басқа шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін тысқары шығу құқығынсыз тұрақты көлікті бекітеді. Мал азығын, азық-түлікті және басқа да қажетті материалдарды тасып жеткізу үшін ошаққа кіре берісте сырттан жүктерді жеке көлікпен жеткізетін қайта тиеу алаңын жабдықтайды;
4) қолайсыз пунктте бекітілген адамдарды ауыстыратын санитарлық киіммен және аяқ киіммен, орамалмен, сабынмен және қолды тазартуға арналған дезинфекциялайтын ерітіндімен, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек қобдишасымен қамтамасыз етеді. Ошақтан қандай да болмасын заттарды, мүкәммалды, жабдықтарды, азық-түлікті, жем-шөпті және кез-келген заттарды алып шығуға болмайды;
5) ошақтың шегінде сүтті зарарсыздандыру, сүт өнімдерін өңдеу және сақтау үшін үй-жайларды жабдықтайды. Ошақтағы сиырлардан алынған сүтті қорытқан майға қайта өңдейді. Адамдардың тамағына және жануарларға азыққа 5 минут бойы қайнату немесе 30 минут бойы 850С температурада пастерлеу жолымен зарарсыздандырылған сүтті (сүт өнімдерін) ғана пайдаланады;
6) ошақтың аумағына және әсіресе, ауру малдар тұрған қора-жайларға, сондай-ақ оларды күтіп-бағу заттарына күнделікті дезинфекциялау жүргізуді ұйымдастырады. Қиларды, мал азығы қалдықтарын және төсенішті биотермиялық жолмен зарарсыздандыру үшін ошақтың аумағында жинайды және үйеді немесе жағып жібереді;
7) шаруашылық жүргізуші субъектілерде кеміргіштерді жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аусылмен ауыратын жануарларды ұстайтын жерлерге иттердің, мысықтардың, құстардың және басқа жануарлардың кіруіне жол бермеу шараларын қабылдайды;
8) ошақтағы ауру және қырылған жануарларды өртеу жолымен жояды.
130. Қолайсыз пунктте ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар:
1) жануарлардың аусыл ауруы шығуына күдікті жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы қызметі жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелеріне, мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау органдарына хабардар етуі;
2) аусыл ауруы бойынша күдікті жануарларды оқшаулауы, оларға қызмет көрсетуге басқа жануарларды күтіп-бағатын адамдармен оның байланысын болдырмай, жеке адам бекітуі. Басқа жануарларды ауру анықталған орнында қалдыру және оларды басқа қора-жайларға ауыстыруды немесе басқа жайылымға айдауға жол бермеуі, жануарларды айдауды, тасуды, жануарларды, жануарлардан алынатын азық-түлік пен шикізаттарды дайындау (сою), өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін тоқтатуы;
3) аумақ шекарасына немесе ауру жануарлар орналасқан қора-жайларға кіре берісте "Кіруге тыйым салынады! Аусыл ауруына күдікті!" деген жазуы бар көрсеткіш белгілер қоюы;
4) аусылдың эпизоотиялық ошағы аумағынан жануарлардан алынатын азық-түлікті және шикізатты, азықты, азықтық қоспаларды қоса алғанда, кез келген заттарды шығаруға (алып шығуға)жол бермеуі;
5) шаруашылықты қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа жеке және заңды тұлғалармен, ең алдымен басқа жануар иелерімен байланысқа жол бермеуі;
6) жануарлардың аусыл ауруымен ауруына күдік туралы хабарламаны алған кезде ветеринариялық-санитариялық қорытындыны ресімдей отырып, аусылға алдын ала диагноз қою үшін орынға (аусылдың эпизоотиялық ошағына) дереу келуі;
7) ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын жануарлардың аусылмен ауырғанына алдын ала қойылған диагноз туралы хабардар етуі;
8) эпизоотиялық ошаққа келген сәттен бастап, аусылдың эпизоотиялық ошағының шекарасын және аусыл бойынша қолайсыз пунктті анықтауы;
9) аусылға диагнозды растау (түпкілікті диагноз қою) және жануарлардың ауруын қоздырған аусыл вирусының типін анықтау үшін, эпизоотиялық ошаққа келген сәттен бастап ауру жануарлардан патологиялық материал алуы;
10) келген сәттен бастап, аусылдың вирусын әкелу көзін, сондай-ақ оны таратудың мүмкін болатын жолдарын анықтау мақсатында тиісті эпизоотологиялық зерттеу актісін ресімдей отырып, эпизоотологиялық зерттеу жүргізуі;
11) киімдері мен аяқ киімдерін мұқият санитарлық тазартқаннан және дезинфекциялағаннан кейін адамдардың аусылдың эпизоотиялық ошағынан шығуын ұйымдастыруы қажет.
131. Қолайсыз пункттен карантин эпизоотиялық ошақта соңғы ауырған жануардың жазылған, сойылған немесе жойылған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң алынады.
132. Карантинді алудың алдында:
1) аусылмен ауырған жануарлар тұрған барлық қора-жайларды, аумақтарды, мүкәммалды және көлікті тазалау және қорытынды дезинфекция жүргізу;
2) жануарларды ұстау, пайдалану және өсіру жөніндегі өндірістік үй-жайлардың ішінде жаңа сөндірілген әк ерітіндісімен қабырғаларды, бөлінген жерлерді әктейді;
3) қолайсыз пункттен карантинді алу кезінде қорытынды іс-шараларын жаңбыр, қар жауған және аяз уақытында жүргізген жағдайда, қолайлы ауа-райы болған кезде бұл пунктте қайтадан сыртқы ортадағы аусылдың вирусын толық құртуды қамтамасыз ететін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін (қора-жайларды санитариялық жөндеу, дезинфекция және басқалары) жүргізеді;
4) қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындаудың толықтығын, аусыл бойынша малдың сау екендігін тексереді.
133. Карантинді алғаннан кейін Карантинді белгілеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген және ХЭБ жер үсті жануарларының саулығы жөніндегі кодекспен ұсынылған мерзімге шектеу іс-шараларын бекітеді.
2-параграф. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде аусыл
анықталған кезде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
134. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде (бұдан әрі - Кәсіпорын) аусыл анықталған кезде осы Қағидада белгіленген іс-шараларды жүргізеді.
135. Кәсіпорындарда аусылдың таралуын болдырмайтын мынадай шараларды қабылдайды:
1) кәсіпорын аумағындағы барлық жануарларды дереу алады және өртеу жолымен жояды;
2) жануарлар тасымалданған көлік құралдарын қидан, азық қалдықтарынан және қоқыстардан, жануарларды ұстаған аумақтар мен қора-жайларды, өндірістік үй-жайларды, сондай-ақ мүкәммалды тазартуды ұйымдастырады және оларды мұқият дезинфекциялайды;
3) қиларды кәсіпорын аумағында жабдықталған көң сақтағыштарда биотермиялық тәсілмен жағып жіберуді немесе зарарсыздандыруды, сондай-ақ ағын суларды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді;
4) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің аусыл бойынша қолайсыз партиясын жеткізуге, адамдардың киімдерін және аяқ киімін тазарту, дезинфекциялау, сондай-ақ зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысқан адамдарды санитариялық тазартуды ұйымдастырады.
136. Кәсіпорындарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша дереу мыналар көздейтін шектеу іс-шараларын енгізеді:
1) сою үшін әкелген жануарлардың жаңа партияларын, басқа өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді қабылдау ошақты жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар аяқталғанға және карантин мен шектеулі іс-шаралар алынғанға дейін тоқтату;
2) кәсіпорынның аумағынан өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға, сондай-ақ қалдықтарды және кез келген заттарды зарарсыздандырмаған күйде одан тысқары шығаруға (әкетуге) жол бермеу;
3) кәсіпорынға тікелей қатысы жоқ бөгде адамдардың кәсіпорынға кіруіне жол бермеу;
4) кәсіпорынның қызмет көрсететін персоналын санитариялық тазалықтан өткізу режимін күшейту.
3-параграф. Аусыл бойынша қолайсыз аймақта және
ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
137. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жануарлардың аусыл ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық-санитариялық және профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.138. Қолайсыз аймақта жануарлардың аусыл ауруының туындауына жол бермеуді қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды қабылдайды:
1) пункттердің аусыл бойынша қолайсыз пунктпен қатер төндіретін шаруашылық байланысты толығымен тоқтатады;
2) барлық аусылға сезімтал жануарлардың есебін жүргізеді және оларды вирустың тиісті типінің аусылға қарсы вакцинасымен иммундайды. Қатерлі аймаққа жаңадан келген барлық жануарларды да аусылға қарсы егеді, оларды карантиндеуден кейін, бірақ вакцинациядан кейін күнтізбелік 21 күннен бұрын емес жалпы табынға қосады;
3) жануарлар орналасқан өндірістік аумақтарға және қора-жайларға бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
4) профилактикалық іс-шараларды жүргізу және елді мекендерде оларға аусыл қоздырғыштарын әкелуден қорғауға бағытталған осы Қағидаларды сақтауға бақылауды жүзеге асыру үшін қолайсыз аймақтың әрбір елді мекеніне ветеринарлық мамандарды бекітеді;
5) отарлы мал шаруашылығы аймақтарында қолайсыз пункт аумағымен шекараның бойымен 10-15 километр ішке қарай жануарлар жайылмайтын аймақты бекітеді, ол жерден карантин кезінде барлық жануарларды шығарады. Басқа жағдайларда жануарларды азық пен суды әкеліп беретін байлап немесе қамап ұстайды;
6) шөп маяларын және басқа ірі азықтарды үй және жабайы жануарлардың кіруінен қорғауды немесе қоршауды (айналасын қазады) ұйымдастырады;
7) аусыл вирусының әкеліну қаупі және аурудың туындауының алдын алу шаралары туралы жеке және заңды тұлғаларға, азаматтарға хабарлайды, тұрғындар арасында осы мәселелер бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізеді;
8) аусылға қарсы вакцина егілген жануарларды вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 21 күннің ішінде союға жол бермейді.
139. Жабайы жануарлар (ең алдымен – аша тұяқтылар) ұстайтын жеке және заңды тұлғалар көрсетілген объектілерге кіре берісте (шығатын жерде) дезинфекция кілемшелері және дезинфекция барьер жабдықтарын қоса, инфекция қоздырғыштарының әкелінуіне жол бермеу жөніндегі шаралардың жүйесін жүргізеді, қызмет көрсететін персоналды арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді.
140. Қолайсыз аймақтан жеткізілген сүтті міндетті түрде 850С температурада пастерлейді немесе қайнатады.
4-параграф. Аусыл бойынша қолайлы аймақта жүргізілетін
іс-шаралар
141. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ЖАО бөлімшесі аусыл бойынша қолайлы аймақта ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша аусыл ауруының профилактикасы және онымен күресудің стратегиялық жоспарын жасайды, онда:
1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу бойынша;
2) тәуекелдерді анықтау бойынша;
3) тәуекелдерді азайту (төмендету) бойынша;
4) аусылдың таралуын қысқарту және жұғу тәуекелін төмендету бойынша іс-шаралар көзделеді.
142. Аусыл эпизоотологиясын зерделеу жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
1) аусыл бойынша эпизоотология жағдайын анықтау мақсатында тиісті аумақтағы мал шаруашылығын жүргізу жүйесін (жануарларды және мал шаруашылығы өнімдерін ұстау, өсіру) толық зерделеу;
2) соңғы 12 ай ішіндегі деректерді жинау және талдау арқылы аусыл бойынша эпизоотология жағдайын зерделеу:
аусылдың үй жануарлары және жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларының арасында таралуы;
аурудың клиникалық белгілерінің көрінуі;
жануарларды вакциналау және аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарын анықтау серомониторингі;
жануарларды және мал шаруашылығы өнімдерін тиісті аумаққа шығару (импорттау);
көктем-жаз мезгілінде жаңа жайылымдарға жаюды ескере отырып, жануарларды әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы ішінде орын ауыстыру;
жеке аулалар, шаруашылықтар, базарлар, қайта өңдеу кәсіпорындарын белсенді бақылау (инспекциялау) деректерінің жиынтығы;
аусылға қарсы вакцина егілген жануарлар мен аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарының серомониторингі деректерінің жиынтығы;
жануарларға вакцина егу және серомониторинг жүргізу бойынша есептілікті зерделеу және талдау жолымен пассивті бақылауды жоспарлау;
ауру тіркелген жағдайда, республиканың аумағында таралған аусылдың серотиптерін (кіші типтерін) анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларының қан сывороткасының сынамаларын ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасына жіберу;
деректер базасын пайдалану және аусылдың таралу көрсеткіштерін картаға түсіру жөнінде ауруларды қадағалау жөніндегі электрондық интеграцияланған жүйені және жер ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ЖАЖ) қолдану. Ветеринария саласындағы мамандарды ауру жануарлардан биоматериалдар сынамаларын алуды қоса алғанда, аусылды эпизоотологиялық тексеруге, диагностикасы мен ауру тәуекелдеріне үйрету бойынша семинар-тренингтер өткізу.
143. Тәуекелді анықтау жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
1) ауру өршіген және (немесе) ауруы күдікті болған кезде ақпаратты жедел жинауды жүзеге асыру;
2) аусылды жұқтыру мүмкін ошақтарды анықтау үшін оларды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, аусылдың пайда болуына, таралуына және әкелінуіне ықпал ететін тәуекелдерді бағалай отырып, эпизоотологиялық тексеру нәтижесінің деректерін талдау;
3) мынадай факторлар мен оларды бағалау әдістері бойынша аусылдың таралуына ықпал ететін тәуекелдерді бағалау, оның ішінде:
аусыл бойынша қолайсыз пункттерден ауру немесе ауырып жазылған жануарларды көшіру және орнын ауыстыру;
қолайлы аймаққа адамдардың, көлік құралдарының қозғалысы, азықты (шөп, жем-шөп және басқалар), қолайсыз аймақта қолданыста болған жабдық пен мүкәммалды тасымалдау;
сапасыз вакциналарды қолдану;
аусылды жұқтырған жануарлардың сүйектері бар қалдықтармен шошқаларды азықтандыру;
аусылдың пайда болуының және таралуының мерзімдік факторлары және басқа да әлеуетті тәуекелдері;
жабайы фауна;
ауруды қасақана тарату;
тәуекелдерді зерделеу және анықтау негізінде Қазақстан Республикасының аумағында (облыстар бөлігінде) аусылдың таралуына және сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау жоспарын жасау және бекіту;
аусылдың таралуын қысқартуға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау шараларын және егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оларды бағалау әдістерін белгілеу;
анықталған жаңа тәуекелдерді ескере отырып, облыс аумағында аусылдың таралуына және сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру және оны жаңарту.
144. Тәуекелдерді азайту (төмендету) жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу мен тәуекелдерді бағалау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2) тұрғындар арасында аусылға қарсы күрес шаралары бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) вакцинация жүргізу стратегиясын әзірлеу және "суық тізбек" принципін қамтамасыз ету;
4) жануарлардың аусылды жұқтыруын қысқарту үшін тірі мал сататын базарларда ветеринариялық-бақылау шараларын қабылдау және оған қатысушылар арасында аусылдың жұғу жолдары мен профилактика және онымен күрес шаралары туралы ағарту жұмыстарын жүргізу;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жануарлардың орын ауыстыруына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) жеке аулаларда, мал шаруашылығы объектілерінде және тірі мал сататын базарларда гигиена нормаларының сақталуын қамтамасыз ету (өндірістік-тұрмыстық желілердің аса күдікті жерлерін үнемі жинау, тазарту, дезинфекция, дератизация және дезинсекция т.б.);
7) жануарларға аусылға қарсы вакцина егуді қамтуды бағалауға бағытталған серомониторинг жүргізу;
8) қолданылатын вакциналардың қажеттігін және оның тиісті аумақта таралған вирус штаммына сәйкестігін растайтын зертханалық зерттеу жүргізу;
9) жүргізілген және жүргізілетін аусылдың таралуын және тәуекелдерді қысқартуды бақылау шараларын бағалау;
10) аусылдың өршуін, оның ішінде қолданылған бақылау шараларына қарамастан орын алған аурудың өршуін эпизоотологиялық тексеру жолымен зерделеу;
11) бақылаудағы нысандарда биологиялық қауіпсіздік және гигиена талаптарының сақталуын тексеруді және инспекциялауды ұйымдастыру;
12) жеке аулалар мен шаруашылықтарға бару, жануарларды тексеру, биоматериалдардың сынамаларын алу және жануарлардың иелерінен сұрау алу жөніндегі ветеринариялық инспекцияның жедел әлеуетін арттыруға ықпал ететін құқықтық жағдай жасау;
13) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу жөніндегі алынған деректерді нақты режимде талдау үшін географиялық байланысы бар деректерді және карта жасауды қамтитын ақпараттық жүйені дамыту;
14) жануарлардың орын ауысуы мен оларды базарларда сатуға байланысты аурудың таралу тәуекелін қысқарту үшін қажетті құқықтық нормаларды (тірі малды сату жөніндегі нарық жұмысын және оларға қатысушылардың жауапкершілігін реттеу) міндетті түрде қолдану.
145. Аусылдың таралуын қысқарту және жұқтыру тәуекелін төмендету жөніндегі іс-шаралар мыналарды көздейді:
1) аусылдың эпизоотологиясын зерделеу, тәуекелін анықтау және бақылау шараларының орындалатындығы мен тиімділігін қамтамасыз ету және тиісті жоспарларға түзету енгізу үшін әрбір шара бойынша алынған деректерді міндетті түрде талдай отырып, тәуекелдерді қысқартуға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу және тәуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру негізінде, мынаны:
аурудың пайда болуына ықпал еткен инфекция көзі мен факторларын көрсете отырып, аусылдың өршуінің әрбір жағдайын эпизоотологиялық тергеуді
аурудың таралуының мүмкін болатын сценарийлерін болжауды және атқарылған жұмыс туралы есеп жасауды;
аусылдың одан әрі таралуын шектеу жөніндегі жедел шараларды (карантиндік режим, ауру және олармен жанасқан жануарларды санитариялық сою, олардың қозғалысын шектеу, аумақты зоналау, жедел вакцина егу және басқаларын) қабылдауды;
белсенді және пассивті бақылау деректерін, оның ішінде өршуді зерттеу, ауру көзін анықтау және аусыл бойынша зертханалық зерттеу туралы деректерді талдауды;
аусыл ауруының таралуының алдын алу мақсатында жануарлардың қозғалысын шектейтін қолданыстағы құқықтық базаны толықтыруды;
аусылға күдікті жағдайлар туралы міндетті хабардар етуді;
ауру жануарларды алуды және жоюды, олардың құнын өтеуді қамтамасыз ететін құқықтық жайлар жасауды;
жануарларды сәйкестендіру және деректер базасын жүргізу жүйесін бір жолға қоюды;
аусылды жұқтыруды қысқарту үшін жануарларды өсіру мен күтіп-бағудың және мал базарларында сатудың, қайта өңдейтін кәсіпорындарда өнімдер мен шикізатты өңдеу мен сатудың технологиялық сызбасын қадағалауды;
импорттық жануарларға карантиндеу жүргізуді және импорттық мал шаруашылығы өнімдерін инспекциялауды;
оларды мерзімдік жазғы жайылымдарға айдауға байланысты жануарлар қозғалысының бағыттарын анықтауды;
үй жануарларының жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларымен мүмкін болатын байланысын болдырмауды;
әлеуетті және аусылдың таралу қаупі бар аймақтарды ескере отырып, аумақтарды:
қазақстандық аумақта кемінде 50 километр ішке қарай Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бойымен;
кемінде 30 километр радиусымен (жолдың екі жағы бойынша) облыс аумағымен өтетін ірі автомагистралдардың бойымен;
елді мекендердің санын және аусылға сезімтал мал басын ескере отырып, аусылдың бұрын анықталған ошақтарының қолайсыз және буферлік аймақтары бойынша;
жабайы фаунаның аша тұяқты өкілдері арасында мүмкін инфекция көзі бар аймақтар бойынша буферлік аймақтарға бөлуді;
мыналарды:
жеке аулаларды, шаруашылықтарды, базарларды, өңдеу кәсіпорындарын инспекциялауды;
жануарларды аусылға қарсы вакцинациялау серомониторингін;
аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының серомониторингін;
жануарларды клиникалық тексеруді қоса алғанда, ауру өршіген және ауруға күдік болған кезде қолда бар ақпаратты жедел жинау және талдау жүргізу жолымен белсенді бақылауды жүзеге асыруды;
аусыл бойынша есептілікті зерделеу және талдау жолымен пассивті бақылауды жүзеге асыру;
облыс аумағында таралған аусыл вирусы штаммының сипаттамасын анықтау үшін ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасында биоматериалдардың сынамаларын алу кезінде репрезентативтілікті қамтамасыз етуді;
ХЭБ-тың Жер үсті жануарларының денсаулық кодексінің бақылау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумағында аусылдың таралуын бақылауды көздейтін аусылды жою жөніндегі жоспарды әзірлеу және іске асыру.
12-1-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасының алдын алу жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. Қағида 12-1-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасы ауруының алдын алу жөніндегі эпизоотияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу тәртібі
145-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшелері:
1) сібір жарасының эпизоотиялық ошақтарын, сібір жарасының топырақты ошақтарының координаттары мен шекараларын белгілей отырып, анықтауға және тіркеуге, эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылауға (қадағалауға);
2) адамдар мен жануарлардың өтіп кетуіне жол бермейтін топырақтағы ошақтарды бүкіл периметрі бойынша биіктігі кемінде 1,5 метр қоршаулармен (метал немесе бетон) қоршауға. Топырақты ошақта "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалар болуы керек;
3) ішкі сауда объектілерінде, кәсіпорындарда (импортқа және экспортқа байланыстыларды қоспағанда) өндіріс объектілерінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
4) сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), мал айдайтын трассалардың, мал шаруашылығы объектілерінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға;
5) мал шаруашылығы қожалықтарында, мал сою пункттерінде, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындайтын және сақтайтын жерлерде, мал тасумен айналысатын барлық типтегі көлік құралдарында, кәсіпорындардағы өндірістік үй-жайларда профилактикалық дезинфекция жүргізуге бағытталған сібір жарасының алдын алу жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындайды.
145-2. Ет және ет өнімдерін өткізу Заңның 22-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.
145-3. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар ауруының алдын алу мақсатында:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуі;
2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшелерін, ЖАО құрған ветеринариялық мекемелерді, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын:
жаңадан сатып алынған жануар (лар), туылған төлдер, олардың (оның) сойылғаны және сатылғаны туралы;
екі және оданда көп жануарлардың қырылғаны, бiр мезгiлде ауырғаны немесе олардың әдеттен тыс мiнезі туралы хабардар етуі және ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдануы тиіс;
3) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуі қажет.
145-4. ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қолдану жөніндегі тәлімдемеде (нұсқаулықта) көзделген тәртіппен және мерзімдерде ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық вакциналау жүргізеді.
145-5. Жануарларды сібір жарасына қарсы вакциналау нәтижелері бойынша Жоспарлау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген ветеринариялық іс-шара туралы акт ресімделеді, оған Жоспарлау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы мәліметтерге сәйкес келетін жеке нөмірлері көрсетіле отырып, вакциналауға ұшыраған жануарлардың тізімдемесі қоса беріледі.
Ескерту. 145-5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.145-6. Жануарларды вакциналағаннан кейін күнтізбелік 14 күн ішінде бақылайды және сібір жарасына қарсы вакциналанған малды етке союға және вакциналағаннан кейін күнтізбелік 14 күн өткенге дейінгі кезеңде өлген малдың терісін алуға жол берілмейді.
145-7. Кәсіпорындар меншік нысанына қарамастан, мынадай талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді:
1) жануарлардың ұшасына және ішкі ағзаларына ветеринариялық қарап-тексеру және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу, зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру;
2) ет және жануардан алынатын басқа да өнімді зарарсыздандыру, пайдалануға жарамсыз болған жағдайда оны кәдеге жарату;
3) ет және ет өнімін арнайы оқшауланған және сүргі салынған камераларда, тоңазытқыштарда сақтауды және зертханалық зерттеулер жүргізу кезеңінде сібір жарасының қоздырғыштарын жұқтыруға күдікті еттің сақталуын;
4) ауыл шаруашылығы жануарларының терісін сібір жарасына зерттеу.
145-8. Өлген жануардың өлексесін ашып қарау барысында сібір жарасына күдіктену туындаған жағдайда жұмыс тоқтатылады.
145-9. Жануарлардың сібір жарасымен ауырғандығы және/немесе сібір жарасына күдікті жануарлардың өлу жағдайлары тіркелгені туралы ақпаратты алған кезде мемлекеттік ветеринар дәрігер және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы маманы ауырған және өлген жануарларға қарап-тексеру жүргізеді.
145-10. Сібір жарасына күдік туындаған кезде жануарлардың өлексесінен патологиялық материалдың мынадай үлгілері алынады және ветеринариялық зертханаға жіберіледі:
1) құлақ тілігінен, перифериялық тамырларынан қан алып немесе құлақ қалқанын кесіп алып жолдайды (алдын ала өлексе жатқан жақтан екі лигатура қоя отырып, тіліктің шеттерін күйдіреді);
2) қан аралас сұйықтықтар болған жағдайда, ауыз және мұрын қуыстарынан алынған шайындыларды жолдайды.
145-11. Патологиялық материал биологиялық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, ветеринариялық зертханаға қолма-қол жіберіледі. Ветеринариялық зертханада материал полимеразды-тізбектік реакция (бұдан әрі - ПТР) арқылы микроскопиялық (материал түскен күні), бактериологиялық (үш тәулік ішінде) және биологиялық (10 тәулік ішінде) әдістермен зерттеледі.
145-12. Микроскопиялық зерттеулердің алдын ала оң қорытындысын алған кезде ветеринариялық зертхана тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринар дәрігерін хабардар етеді.
145-13. ЖАО бөлімшесі ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және тиісті әкімшілік бірліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшесімен бірлесіп сібір жарасы инфекциясының болуына күдікті жануардың өлекселеріне сараптама нәтижелерін алғанға дейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оларды жою бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
145-14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринар дәрігері ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, тиісті әкімшілік бірліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жібереді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мен тиісті әкімшілік бірліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы өкілімен бірлесіп эпизоотиялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді, сібір жарасы қоздырғышын жұқтыруға күдік тудырған жануардан алынатын өнімдерді және шикізатты өткізуге және шығаруға жол бермейді.
2-параграф. Қолайсыз пунктте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
145-15. Түпкілікті диагнозды қойған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағына карантин қойылады, бұл кезде:
1) жануарлардың барлық түрлерін әкелуге, әкетуге;
2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарлардың орнын ауыстыруға;
3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;
4) жануарларды етке союға;
5) өлген жануарлардың өлексесін ашып қарауға және терісін алуға;
6) ветеринариялық хирургиялық операциялардың кезек күттірмейтінінен басқасын жүргізуге;
7) эпизоотиялық ошақ аумағына бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына объектіге қызмет көрсетуге байланысы жоқ көліктің кіруіне;
8) табиғи су қоймаларынан жануарларды суаруға;
9) жануарларды және жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты саудалауға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерін (аукциондар) және адамдар мен жануарлар жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
145-16. ЖАО бөлімшесі ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және тиісті әкімшілік бірліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшесімен бірлесіп, эпизоотиялық ошақты жою жөнінде іс-шаралар жоспарын жасайды.
145-17. Сібір жарасының эпизоотиялық ошағында ветеринария саласындағы мамандар шошқалардан басқа, барлық жануарлар басына міндетті түрде дене қызуын өлшей отырып, ветеринариялық қарап-тексеру жүргізеді.
145-18. Сібір жарасын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларға сібір жарасымен ауырған немесе өлген жануарлар болған аумақты және үй-жайды дезинфекциялаумен қоса, жануарларды Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген инсектицидтермен және дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жатады.
145-19. Сібір жарасымен ауырған немесе өлген жануарлар болған учаскелердегі дақылдар, ірі және шырынды азықтарды шығаруға болмайды, олар сол жерде жойылады немесе сібір жарасына қарсы вакциналанған жануарларды азықтандырады.
145-20. Сібір жарасы бойынша қолайсыз жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат анықталған кезде кәсіпорындарда Заңның 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес карантин енгізіледі. Жануардан алынатын өнім мен шикізат жойылады.
145-21. Сібір жарасының қоздырғыштарымен контаминацияланған жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау, сақтау және өңдеу жүзеге асырылған үй-жайларда Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген құралдармен дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
145-22. Карантин инфекцияны жойғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
Карантинді алудың алдында:
1) ауру жануарлар тұрған барлық қора-жайларды, аумақты, мүкәммалды, көлікті тазалау және қорытынды дезинфекция жүргізіледі;
2) жануарларды күтіп-бағатын, пайдаланатын және өсіретін өндірістік үй-жайлардың ішіндегі қабырғаларды, бөлінген жерлерді жаңа езілген әк ерітіндісімен әктейді;
3) қолайсыз пункттен карантинді алу кезіндегі қорытынды іс-шараларды жаңбыр, қар және аяз кезеңдерінде жүргізген жағдайда, қолайлы ауа-райының болуына қарай бұл пунктте қайтадан сыртқы ортадағы ауру қоздырғышын толық құртуды қамтамасыз ететін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені (қора-жайларды санитариялық жөндеу, дезинфекция және басқалары) жүргізіледі;
4) қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындаудың толықтығын, ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасы бойынша жануарлардың саулығын тексереді.
3-параграф. Кәсіпорындарда сібір жарасы анықталған кезде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
145-23. Кәсіпорындарда сібір жарасының белгілері анықталған кезде осы Қағидалармен белгіленген іс-шаралар жүргізіледі.
145-24. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ЖАО шешімімен кәсіпорындарда дереу:
1) ауру ошағын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар аяқталғанға және шектеу іс-шараларын алғанға дейін союға әкелген жануарлардың жаңа партияларын, басқа орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді қабылдауды тоқтату;
2) кәсіпорынның аумағынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді шығаруға, сондай-ақ қалдықтарды және кез келген заттарды зарарсыздандырмаған күйде одан тысқары шығаруға (әкетуге) жол бермеу;
3) аталған кәсіпорынға тікелей қатысы жоқ бөгде адамдардың кәсіпорынға кіруіне жол бермеу;
4) кәсіпорынның қызмет көрсететін персоналын санитариялық тазалықтан өткізу режимін күшейтуді көздейтін шектеу іс-шаралары енгізіледі.
145-25. Кәсіпорындарда мынадай шараларды қабылдайды:
1) жануарлар тасымалданған көлік құралдарын қидан, азық қалдықтарынан және қоқыстардан, жануарларды ұстаған аумақтар мен қора-жайларды, өндірістік үй-жайларды, сондай-ақ мүкәммалды тазартуды ұйымдастырады және оларды мұқият дезинфекциялайды;
2) кәсіпорын аумағындағы жабдықталған көң сақтағыштарда қиларды биотермиялық тәсілмен жағып жіберуді немесе зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жеткізуге, оны өңдеуге санитариялық тазарту, дезинфекциялау бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысқан адамдарға санитариялық өңдеу, сондай-ақ адамдардың киімдері мен аяқ киімдерін зарарсыздандыруды, тазартуды ұйымдастырады.
12-2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының құтыруы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. Қағида 12-2-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта профилактика бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
145-26. Жануарлардың құтыру ауруының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар (жануарлардың иелері) меншік нысанына қарамастан мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын сақтайды;
2) оларға тиесілі иттер мен мысықтарды клиникалық тексеру және антирабиялық вакцинамен алдын ала егу үшін ветеринариялық емдеу-профилактикалық ұйымдарына жеткізеді;
3) құтыруға қарсы егілмеген иттердің жеке аулаларға, фермаларға, табындарға, отарлар мен табындарға жіберілуін шектейді;
4) жабайы жануарларды табындарға, отарларға, табындарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және жануарлардың басқа да топтарына жібермеу шараларын қабылдайды;
5) ауыл шаруашылығы және үй жануарларын жабайы жыртқыштар, иттер немесе мысықтар тістеген жағдайларда, ауруға күдікті немесе тістелген жануарларды оқшаулауға қажетті шаралар қолданады;
6) өз жануарларының құтыруға қарсы уақтылы вакциналануын және диагностикасын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 145-26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.145-27. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттерді, мысықтарды және басқа да жануарларды (құтырудың айқын белгілері бар жануарларды қоспағанда) иесі немесе қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы бригада осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринариялық емдеу ұйымына немесе ветеринариялық дәрігерге күнтізбелік 10 (он) күн ішінде дереу жеткізуі тиіс.
Ескерту. 145-27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.145-28. Ветеринариялық емдеу ұйымының немесе осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігердің рұқсаты бойынша адамдарды немесе жануарларды тістеген жануарды күнтізбелік 10 (он) күн бойы оқшауланған үй-жайда ұстауға және оны ветеринариялық дәрігердің қарауына ұсынуға жазбаша міндеттеме берген иесінде қалдырады.
Ескерту. 145-28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.145-29. Оқшауланған жануарларды бақылау нәтижелерін аталған аумаққа қызмет көрсететін ветеринар дәрігер арнайы журналда тіркейді және бақылау нәтижелері туралы ақпаратты бақылау аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей жазбаша түрде зардап шеккен адамға егу жүргізетін ұйымға және зардап шегушінің тұрғылықты жері бойынша ЖАО ветеринариялық бөлімшесіне хабарлайды.
145-30. Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін клиникалық сау жануарлар алдын ала вакциналанғаннан кейін оларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау шартымен иелеріне қайтарады. Құтырумен ауырған жануарларды жояды.
145-31. Құтыру бойынша эпизоотиялық қолайсыз аймақтарда ауыл шаруашылығы жануарларының (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқылар, түйелер), иттер мен мысықтардың құтыруына қарсы жоспарлы профилактикалық иммундеу және диагностика жүргізеді.
Ветеринариялық іс-шаралар жүргізу аяқталғаннан кейін Жоспарлау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар жүргізу туралы акті жасалады, оған Жоспарлау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқордағы мәліметтерге сәйкес келетін жеке нөмірлерін көрсете отырып, вакциналауға, аллергиялық зерттеуге, өңдеуге тартылған жануарлардың тізбесі қоса беріледі.
145-32. Жануардың ветеринариялық паспортында Бірыңғай ветеринариялық талаптарға № 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тиісті белгілер жасалынады.
Ескерту. 145-32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.145-33. Жабайы жануарлардың құтыруын уақтылы анықтау және оның таралуының алдын алу мақсатында орман шаруашылығы, табиғатты қорғау, аңшылық шаруашылығы органдарының, қорықтар мен қаумалдардың қызметкерлері:
1) жабайы жануарлардың құтыру жағдайлары (құтыруға күдіктену) немесе олардың әдеттен тыс әрекеттері (адамнан қорықпау, адамдарға немесе жануарларға арандатылмаған шабуылдау) туралы ветеринариялық маманға тез арада хабарлайды;
2) аңшылық алқапта, қорықтар, қаумалдар аумақтарында, ірі елді мекендердің жасыл аймақтарында табылған жабайы жыртқыштардың (түлкілер, жанат тәрізді иттер, ақ түлкілер, қасқырлар, қарсақтар, шибөрілердің) өлекселерін құтыруға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жібереді;
3) аңшылардың жолдамаларын және аңшылық билеттерін тексеру кезінде табиғатты қорғайтын аңшылық инспекция және қорықшылық қызметі иттердің құтыруға қарсы егілгенін куәландыратын тіркеу куәліктерін тексереді. Вакциналанбаған иттер аңға жіберілмейді.
145-34. Құтыруға зерттеу жүргізу үшін зертханаға ұсақ малдан - жаңадан өлген өлексені немесе оның басын, ал ірі малдан - жаңа өлген өлексенің басын жібереді.
145-35. Зерттеу нәтижелері туралы зертханаға патологиялық материалды жіберген ветеринар маманға және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға және тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринар дәрігеріне хабарлайды.
2-параграф. Құтыру бойынша саламатсыз пунктте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
145-36. Бас мемлекеттік ветеринар дәрігер жануарларда құтыру жағдайы анықталғаны туралы ақпарат алған кезде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне дереу хабарлайды;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өкілімен бірлесіп, сол жерге барады, эпизоотиялық ошаққа және қолайсыз пунктке эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді, қауіп төндіретін аймақтың шекарасын айқындайды және эпизоотиялық ошақты оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сондай-ақ адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аурудың жаңа жағдайларын болдырмау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органында бекіту үшін шектеу іс-шараларын белгілеу бойынша құжаттарды ресімдейді.
145-37. Құтыру бойынша қолайсыз елді мекендерде иттер мен мысықтардың көрмесін өткізуге, иттерді шығаруға және айтақтауға жол берілмейді. Жануарларды саудаға салу тоқтатылады, иттер мен мысықтарды қолайсыз пункттен тыс шығаруға және шектеу қойылған аумақта және қауіп төндіретін аймақта жабайы жануарларды аулауға (хайуанаттар паркіне апару үшін, басқа аудандарға орналастыру мақсатында) тыйым салынады.
145-38. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшелері ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциясы мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша қолайсыз пункттерде ауыл шаруашылығы жануарларының құтыруымен күресу жөнінде жоспар жасайды, ол:
1) халық арасында құтыру ауруының қауіптілігі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
2) ит, мысық және басқа да жануарларды ұстау жағдайын тексеру, құтырумен ауыратын науқастарды, ауруға күдіктілерді және құтыруды жұқтыруға күдікті жануарларды анықтау үшін қолайсыз пункттің әр ауласын (әр пәтерін) аралауды;
3) адамдар мен жануарларды тістеген, оқшауланатын және бақылауда ұсталатын жануарлардан басқа құтырумен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды өлтіріп, кейін өртеуді;
4) жабайы жануарлардың құтыру жағдайлары анықталған кезде жергілікті атқарушы органдар (ауылдық округтердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдері) жабайы жануарларды, иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шаралар жүргізуді көздейді.
145-39. Құтырудың эпизоотиялық ошағында құтырумен ауыратын немесе ауруға күдікті жануарлар бөлініп алынған жануарлардың тобына (ферма, үйір, мал тобы, отар, табын) тұрақты бақылау орнатылады. Бұл жануарларды күніне кемінде үш рет қарайды және антирабиялық вакцинаны қолдану нұсқаулығына сәйкес оған профилактикалық егулер жүргізіледі. Егулерден кейін малдарды күнтізбелік 60 күн бойы оқшаулайды.
145-40. Жабайы жыртқыш аңдар немесе иттер тістеген клиникалық сау жануарларды құтыруға қарсы егулерге және тұқымдылықтарына қарамастан, өлтіріп, кейін өртейді.
145-41. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою құтырумен ауыру жағдайы тіркелген орында жүргізіледі.
145-42. Құтыру бойынша қолайсыз ферманың (мал тобы, үйір, отар, табын) клиникалық сау жануарларының сүтін құтыруға қарсы егулер жүргізілгеніне қарамастан, 30 минут бойы 800-850 С пастерленгеннен кейін немесе 5 минут бойы қайнатқан соң ғана адамдарға тамаққа пайдалануға немесе жануарларға азық ретінде беруге рұқсат етіледі.
145-43. Құтыру бойынша қолайсыз топтың клиникалық сау жануарынан алынған жүнді оның дезинфекциялануға жататынын ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсете отырып, қожалықтан тығыз матадан жасалған ыдыспен арнайы өңдеу кәсіпорындарына апарады.
145-44. Құтыру ауруымен ауырған және күдікті жануарлардың тұрған орындары, құрал-саймандар, сілекеймен және басқа бөлінділермен ластанған киім және басқа заттар дезинфекциялануы тиіс.
12-3-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының листериозы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. Қағида 12-3-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақта профилактика бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
145-45. Жануарлардың басы листериоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларынан жинақталады.
145-46. Жануарларды сатып алу, сату, союға тапсыру, басқа орындарға ауыстыру және жаңадан топтастыру ветеринариялық ілеспе құжаттар (ветеринариялық сертификат немесе ветеринариялық анықтама) болған кезде жүргізіледі, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізу ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізгеннен кейін жүргізіледі.
Листериозды дер кезінде анықтау мақсатында комплементті байланыстыру реакциясында жануарлар қанының сарысуына:
1) листериозға күдіктенген барлық жағдайларда;
2) эпизоотиялық жағдайға байланысты асыл тұқымды мал өсіретін орталықтарда, қолдан ұрықтандыру станцияларында (пункттерінде) барлық тұқымдықтарды (бұқалар, қабандар, қошқарлар);
3) эпизоотиялық жағдайға байланысты асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтағы шошқалардың, ірі қара және ұсақ малдардың барлық мал бастарына зерттеу жүргізіледі
145-47. Жаңадан келген жануарларды карантиндейді.
145-48. Мемлекеттік ветеринар дәрігер және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы маманы жануарлардың іш тастау, өлі туу және қырылу жағдайларының барлығын есепке алуды жүргізеді және ветеринариялық зертханаға тексеруге патологиялық материал жібереді.
145-49. Барлық азықтарды, оның ішінде сүрленген шөп пен құрамажеммен азықтандыру алдында листерияны жұқтыруына зерттеу қажет және бұл азықтарды зерттеу нәтижелері теріс болған кезде ғана жануарлардың рационына қосу қажет.
145-50. Сүтпен және сүт өнімдерімен (қаймағы айырылған сүт, сүт сарысуы және басқасы) қоректендіру үшін қолданылатын астаулар жуылуы және дезинфекциялануы тиіс.
145-51. Жануарлардың маститі болған кезде, сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
145-52. Листериозға зерттеу үшін зертханаға:
1) іш тасталған жатырдан бөлінген жыныс мүшелерінің ағындысын, ауру жануардың және ауруға күдікті жануардың қанын немесе сарысуын, малдың сүтін;
2) ұсақ жануарлардың тұтас өлексесін немесе басын (бас миын), бауырды, көкбауырды, бүйректі, лимфатүйіндерді, өкпенің зақымданған бөлігін, іш тасталған ұрықты немесе оның қабығын жіберу қажет. Жаз мезгілінде патологиялық материалды глицериннің 40%-дық стерильденген сулы ерітіндісімен консервациялап жіберу қажет.
145-53. Листериоз диагнозы эпизоотологиялық деректер кешені мен зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қойылады. Шешуші мән бактериологиялық зерттеу - листерия өсірінділерінің бөлінуіне тиесілі.
2-параграф. Листериоз бойынша қолайсыз пункте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
145-54. Жануарға листериоз диагнозы қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маман бұл туралы шаруашылық субъектісінің басшысына, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігеріне дереу хабарлайды. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен бірлесіп, эпизоотиялық ошақта эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді.
145-55. Жануарлар аурулары анықталған қолайсыз пунктте шектеу қойылады.
145-56. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
1) жануарларды сою үшін әкетуді қоспағанда, оларды әкетуге (шығаруға);
2) ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, листериозбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға;
3) ауру жануарлармен жанасқан және листерияларды жұқтыруға күдік болған кезінде азықты сыртқа шығаруға;
4) ветеринар дәрігердің рұқсатынсыз шаруашылық субъектісінің ішінде жануарларды топтастыруға (ауыстыруға);
5) асыл тұқымды және пайдаланылатын жануарлардың қолайсыз пункттерінде шөпті, сабанды және басқа да ірі азықты басқа шаруашылық субъектілеріне және аудандарға шығару үшін оларды дайындауға, сондай-ақ жануарлардың (құстарды қоса алғанда), мамық жүнді аңдардың, иттердің, мысықтардың жәрмеңкелерін, базарларын және көрмелерін өткізуге;
6) ауру жануарларды өсіру және бордақылау үшін халыққа сатуға;
7) ауру жануарлар мен қолайсыз табындардың мал басының сау жануарлармен бірге жайылуына, бірге су ішуіне және басқадай жанасуда болуына, сондай-ақ жануарларды алыс жерлердегі жайылымдарға айдауға және тасуға жол берілмейді.
145-57. Листериоз бойынша қолайсыз пункт деп жарияланған шаруашылық субъектісінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) әр жануар басын клиникалық қарап-тексеруден өткізеді және әр жануардың дене қызуы өлшенеді;
2) клиникалық белгілері және листерия тасымалдаушылары жоқ ауру жануарларды анықтау үшін серологиялық зерттеу жүргізіледі;
3) орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының клиникалық белгілері бар ауру жануарлар союға жіберіледі;
4) ауруға күдікті жануарлар және оң серологиялық реакциясы бар жануарлар оқшауланады және антибиотиктермен емдеуге немесе союға жіберіледі. Листериозбен ауырған және оң нәтиже көрсеткен жануарларды қабылдау және сою ет өңдейтін кәсіпорындарда және сою пункттерінде жүзеге асырылады. Объектіге түскен ауру жануарлар сау жануарлардан бөлек арнайы бөлінген қашаларда (оқшаулағыштарда) ұсталынады. Оларды жалпы сою цехында ауысым соңында немесе жеке ауысымда союға рұқсат етіледі. Сою аяқталғаннан кейін санитариялық қасапхана үй-жайын, жануарларды союдың алдында ұстауға арналған орынды, сою өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістік үй-жай, технологиялық жабдықтар, бұйымдар, санитариялық және арнайы киімдер, аяқ киім, көлік құралдары және өндірістік ағындар механикалық тазалауға және дезинфекциялауға жатады;
5) клиникалық белгілері жоқ және теріс серологиялық реакциясы бар жануарларға профилактикалық мақсатта антибиотиктер қолданылады;
6) жануарлардан алынған сүт диагностикалық зерттеуден өтеді және оң нәтиже көрсетілген кезде 15 минут бойы қайнатылады, кейін оны шаруашылық ішінде жануарларға беру үшін қолданады немесе қорытылған май жасауға қайта өңдейді. Сауыққан жануарлардың сүті шаруашылық субъектінде екі ай бойы пастерленеді, одан кейін оны шығаруға жол беріледі;
7) сау тұқымдық жануарлардың ұрығымен серологиялық зерттеп-қараудан кейін қолдан ұрықтандыру жүргізіледі;
8) мал шаруашылығы үй-жайларындағы қи күнделікті қи сақтайтын қоймаларға шығарылады немесе жеке учаскелердегі үйінділерге жиналады. Оны 2-3 ай бойы биотермиялық зарарсыздандырудан кейін тыңайтқыш ретінде қолдануға жол беріледі.
145-58. Дезинфекциялау төменде келтірілген мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) мал шаруашылығы үй-жайларында және оған іргелес аумақтарда ауру жануарлар анықталған әр жағдайдан кейін, содан соң шектеу қойылған барлық кезеңде әрбір күнтізбелік 14 күннен кейін дезинфекциялау жүргізіледі. Ауырған жануарлар, ауруға күдікті жануарлар ұсталатын орын-жайлардың кіреберісі аяқ киімді өңдеуге арналған дезинфекциялық кедергілермен (кілемшелермен) жабдықталады;
2) листериоз қоздырғышы бар жайылу алаңдары, аулалар, базалар, жануарларға арналған орын-жайлар, су айдындарына жақын жерлер және басқа да учаскелер немесе аумақтар ауру тоқтағаннан кейін қоқыстан, қидан тазартылады. Қи мен қатты қалдықтар (шөп қалдықтары және басқалар) шығарылады және зарарсыздандырылады (биотермиялық әдіспен, химиялық құралдармен және басқалармен). Үй-жайларда және оларға іргелес аумақтарда дератизация жүргізіледі, кеміргіштердің өлекселері жиналады және өртеледі;
3) пішен маялары, шөмелелер, сабандар, сүрлем, құрамажем кеміргіштердің мекендеуіне тексеріледі. Кеміргіштер анықталған жағдайда дереу дератизация жүргізіледі;
4) траншеяларда немесе үйінділерде сақталатын сүрлемдік масса листериоз қоздырғышымен контаминацияланған жағдайда, барлық листериоз қоздырғышымен зақымдалған сүрлемдік масса биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылуға жатады;
5) листериозбен ауыратын ауру жануарлардан алынған былғары-тері шикізаты зарарсыздандырылады.
145-59. Мал тұратын орын-жайлар мен мал күтуге қолданылатын заттарды дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.
145-60. Малдың іш тастаған ұрығы, өлекселері тез арада кәдеге жаратылуы тиіс.
145-61. Шаруашылық субъектісіне қойылған шектеу іс-шаралары клиникалық ауру жануарлар анықталған соңғы жағдайдан кейін, серологиялық тексерудің теріс нәтижесін алғаннан кейін, шаруашылық субъектісінің ғимараттары мен аумағына қорытынды механикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізгеннен кейін екі айдан соң тоқтатылады.
145-62. Шаруашылық субъектісі листериоздан сауыққаннан кейін екі жыл ішінде қойларды асыл тұқымды және пайдалануға өсіруге жануар қанының сарысуына серологиялық зерттеудің теріс нәтижелері алынғаннан кейін жол беріледі. Бір жыл ішінде жануардың басқа түрлерін өсіру де осындай шарттармен жүзеге асырылады.
145-63. Бұрын листериоз бойынша қолайсыз болған шаруашылық субъектілерінде оң реакциялары жойылғанға дейін жануарларды қораға қоюдың алдында жылына 1 рет серологиялық тексеру жүргізіледі. Оң реакция берген жануарлар оқшауланады, емделуге немесе союға жіберіледі. Жануарларды әкету кезінде ветеринариялық ілеспе құжаттарда листериозға жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері көрсетіледі.
12-4-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларының лептоспирозы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. Қағида 12-4-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлылық аумағында профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
145-64. Лептоспироз бойынша қолайлы аумақтарда лептоспироздың алдын алу жөніндегі эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар:
1) жануарлардың клиникалық жағдайларын бақылау, іш тастаулар санын есепке алу;
2) лептоспироз бойынша қолайлы қолдан ұрықтандыратын асыл тұқымды мал шаруашылықтарын, кәсіпорындарды, қолдан ұрықтандыру станцияларын топтастыру;
3) жаңадан келіп түсетін жануарларды карантиндеу;
4) бордақылау шаруашылықтарын клиникалық сау жануарлармен толықтыру;
5) жануарлардың лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардың (фермалардың), елді мекендердің жануарларымен жайылымда, суаттарда жанасуларына жол бермеу, вакциналанбаған малдарды лептоспироздың табиғи ошақтарының аумағында жаймау;
6) ашық су айдындары жағасына жануарларға арналған жазғы лагерьлер орнатуға жол бермеу;
7) мал шаруашылығы үй-жайларында, фермалар аумағында, азық сақтау орындарында кеміргіштерді жүйелі түрде жоюды бақылау шараларын сақтау болып табылады.
145-65. Лептоспирозға күдіктенудің барлық жағдайларында зертханалық зерттеуге жануарлардан қанның сарысуы және басқа да патологиялық материал (тіндер, органдардағы сұйықтықтар, ұрық айналасының суы, ұрық қанының сарысуы, іш тастау материалы) алынады.
145-66. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша шаруашылық (ферма, табын): лептоспироз бойынша:
1) патологиялық материалды микроскопиялық зерттеу кезінде лептоспирлер анықталғанда;
2) 20%-дан астам тексерілген жануарлар қанының сарысуында (зәрінде) антидене анықталғанда;
3) патологиялық материалдан лептоспир өсіндісі бөлінгенде қолайсыз деп саналады.
145-67. Жануарлар қанының сарысуында спецификалық антидене немесе зәрімен бөлінетін лептоспир анықталған кезде лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтар үшін көзделген іс-шаралар жүргізіледі.
145-68. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, эпизоотиялық ошаққа эпидемиялық-эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізеді.
2-параграф. Лептоспироз бойынша қолайсыз пункте ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
145-69. Жануарлардың лептоспироз диагнозы расталған кезде шаруашылық субъектісінің аумағына шектеу қойылады.
145-70. Шектеу шарттары бойынша:
1) өсімін молайту мақсатында жануарларды әкетуге (әкелуге), сатуға;
2) тиісті аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринар дәрігерінің рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруды жүзеге асыруға;
3) жануарларды ашық су айдындарына жіберуге және оны жануарларға ішкізу және шомылдыру үшін пайдалануға;
4) вакцина егілмеген жануарларды лептоспирозбен ауырған жануарлар жайылған жайылымға немесе лептоспироздың табиғи ошағы аумағына жаюға;
5) вакцина егілмеген жануарларды лептоспирозды жұқтырған кеміргіштер анықталған азықпен қоректендіруге жол берілмейді.
145-71. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықта (фермада, отарда, шошқа қорада) клиникалық тексеру және ауруға күдікті жануарлардың дене қызуын өлшеу жүргізіледі.
145-72. Ауру және күдікті жануарларды оқшаулайды, гипериммундық сарысумен және қолдану жөніндегі тәлімдемелерде (нұсқауларда) көрсетілген дозаларда антибиотиктерді қолдана отырып, емдейді. Мұндай жануарларды сою санитариялық қасапханада, ал ол болмаған жағдайда, жеке профилактика шаралары сақтала отырып, сойылған сау жануарлардың өнімдері шығарылғаннан кейін, ауысымның соңында ет өңдеу кәсіпорынының мал сою цехында жүргізіледі. Мұндай жануарларды сойғаннан кейін үй-жайды және жабдықтарды Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде рұқсат етілген құралдармен дезинфекциялайды.
145-73. Асыл тұқымды және өндірістік құндылығына қарамастан барлық жануарларды бордақылайды және союға тапсырады.
145-74. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардан алынған сүтті қайнағанға дейін қыздырады және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.
145-75. Мал басының өсімін молайту үшін сақталуы қажет аналық бастарды, тұқымдықтарды және жас төлдерді вакциналағаннан кейін лептоспироцидтік препараттармен өңдейді және дезинфекцияланған үй-жайларға ауыстырады.
145-76. Өңдеудің тиімділігін күнтізбелік 10-15 күннен кейін зәрдің микроскопиясы арқылы тексереді.
145-77. Іс-шаралар жүргізгеннен кейін алынған жас төлді бөлек күтіп-бағады, лептоспирозға қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі тәлімдемеде (нұсқаулықта) көзделген мерзімде вакциналайды және шектеу алынғаннан кейін жалпы негізде өткізеді.
145-78. Лептоспироз бойынша бұрын қолайсыз кәсіпорында (станцияда) барлық тұқымдықтардың қанының сарысуын реакцияда және зәрінің микроскопиясын 3 айдан кейін қайта зерттейді және теріс нәтижелер алған кезде, одан әрі әрбір 6 айда жүргізеді.
145-79. Лептоспирозға сезімтал клиникалық сау жануарлардың барлық түрлерін және жастық топтарын вакциналайды. Емдеудегі жануарларды сауыққаннан кейін күнтізбелік 5-7 күн өткен соң вакциналайды.
145-80. Жекелеген жануарлардың қанында антиденелер немесе зәрінде лептоспир анықталған жағдайда, барлық топты шаруашылықта қалдырады және оның лептоспироз бойынша қолайлылығы туралы мәселені шешу үшін қосымша зерттеулер жүргізеді.
145-81. Соңғы ауырған жануар сауыққаннан кейін және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін бір айдан соң жануарларды бордақылауға облыс аумағында шығаруға (әкетуге) рұқсат етіледі.
145-82. Барлық тексерілген жануарларда зерттеулердің теріс нәтижелері алынған кезде шаруашылық сауыққан болып саналады.
145-83. Лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтардағы шектеу:
1) бордақылау шаруашылықтарында - мал басын союға тапсырғаннан кейін және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін;
2) асыл тұқымды және пайдаланылатын шаруашылықтарда - олардың лептоспироз бойынша қолайлылығын зертханалық зерттеу әдістерімен анықтағаннан кейін алып тасталады. Шектеу алынғаннан кейін лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарды қайта зерттеу 6 айдан соң жүргізіледі.
145-84. Сатуға арналған жануарлар карантинденеді және лептоспирозға қанның сарысуы тексеріледі, шошқалар бұнымен қоса, зәрде лептоспиріннің болуына тексеріледі.
145-85. Шаруашылықтардан әкетілетін асыл тұқымды және пайдаланылатын жануарларды ветеринариялық өңдеу тәртібі: лептоспироз бойынша қолайлы шаруашылық субъектілерінен ғана асыл тұқымды немесе пайдаланылатын жануарларды әкетуге (шығаруға) рұқсат етіледі.
145-86. Барлық сезімтал жануарларды лептоспирозға қарсы:
1) лептоспироз бойынша қолайсыз шаруашылықтарда;
2) мал басын лептоспирозға зерттеп-қарамай жинақтайтын бордақылау шаруашылықтарында;
3) лептоспироздың табиғи ошағы аймағында жануарларды жайғанда;
4) шаруашылықта қан сарысуы оң реакция беретін жануарлар анықталғанда;
5) шаруашылық субъектілерінің отарлы мал шаруашылығы бар аудандарда вакциналайды.
145-87. Қызметтік ит өсіру питомниктерінде клиникалық ауру иттерді және ауруға күдікті иттерді оқшаулайды, оларды гипериммундық сарысумен және антибиотиктермен емдейді. Клиникалық сау иттердің барлық жастық топтарын лептоспирозға қарсы вакциналайды.
145-88. Лептоспироз бойынша қолайсыз питомниктердегі иттерді сатуға жол берілмейді.
145-89. Жануарларды әкетуге (шығаруға) барлық топтар бойынша зерттеулердің теріс нәтижелері болғанда шектеусіз рұқсат етіледі.
13-тарау. Ірі қара малдың вирустық диареясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
профилактика бойынша ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
146. Вирустық диареяны болдырмау жөнінде жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар:
iрi қара малды орналастырған, азықтандырған және пайдаланған кезде осы Қағиданың орындалуын қамтамасыз етуді;
жайылымдардың және суару орындарының ветеринариялық-санитариялық жағдайын тиісті түрде ұстауды;
өлген жануарлардың қиын және өлекселерін уақтылы зарарсыздандыруды қамтамасыз етуді;
профилактикалық дезинфекцияны, дератизацияны, дезинсекцияны ұдайы жүргізуді;
барлық жануарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуді;
қолайлы және қолайсыз аймақтардың жануарларының арасында байланысқа жол бермеуді қамтиды.
2-параграф. Вирусты диареяның эпизоотиялық ошағында және ол бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
147. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды
148. Ауру жануарларды оқшаулайды және аурудың таралу деңгейіне қарай жояды немесе емдейді. Таралу және сау жануарларға жұқтыру деңгейі экзотикалық, жануарлардың алғашқы анықталған ауруларын қоса алғанда, қосымша инфекция жұқтырудың жоғары тәуекелінің болуына қарай анықталады.
149. Емдеу кезінде негізінен, асқыну профилактикасына және ағзаның қорғаныс күштерін қолдауға бағытталған симптоматикалық терапияға жол беріледі.
Антибиотиктерді іріктеу кезінде микрофлораның оған деген сезімталдығы ескеріледі.
Жануарларды қайта топтастыруға шектеу қойылады.
Егжей-тегжейлі дезинфекция жүргiзедi.
150. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу ақырғы ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
14-тарау. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
151. Ірi қара малдың азығы үшін күйіс қайыратын жануарлардың ет-сүйек ұны мен қайта өңдеу қалдықтарын пайдалануға жол бермеу профилактиканың негізгі әдісі болып табылады.
152. Кемiктәрiздес энцефалопатиясына күдiктi ірi қара мал союға, жатады, өлексесін өртеп жібереді.
153. Ауру жұққан жануар анықталған жағдайда, оны жояды, ал шаруашылықта карантин енгізіледі. Шаруашылықтағы қалған жануарларды кейін ұшаларын және iшек-қарынын өртей отырып, қасапханада сояды.
154. Бас миын диагнозды түпкілікті растау үшін гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық әдіспен және иммуно-блотингті түрлі әдістерді пайдалана отырып, түпкілікті растау үшін алады.
155. Ауру жануарларды анықтау үшiн етке сояр алдында жасы 6 айдан асқан iрi қара малдың, барлық жас тобындағы қойлар мен ешкiнiң барлық басын жүйелi түрде тексеруден өткiзедi.
156. Аурудың инкубациялық кезеңi ұзақ және серологиялық немесе ауырған, әсіресе аурудың инкубациялық кезеңiдегі жануарларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін басқа да тесттердің болмауына байланысты аурудың таралу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты:
1) ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына кез келген күдіктену туралы ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық мекемелерге, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлау;
2) ветеринария саласындағы мамандар iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының клиникалық белгiлерiн таниды;
3) диагностикалық қызметтерде Еуропалық комиссиясының ғылыми ветеринариялық комитетi әзірлеген стандартталған тесттерді қолдана отырып, ауруды растауға және iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясын iрi қара малдың клиникалық белгiлерi ұқсас басқа да жақын ауруларынан ажыратуға мүмкіндік беретін білімі, тәжірибесі және әдістері болады;
4) инфекцияның азық арқылы берiлуi мүмкіндігін болдырмау. Ол үшін күйіс қайыратын жануарларды күйіс қайыратын жануарлардан алынған ақуыздармен азықтандыруға жол бермеу қажет. Мұндай шара жануарларды, соның ішінде зоопарктегі және табиғи қорықтардағы жануарларды қоздырғыштың ағзаға мал азығымен түсуінен қорғауы тиіс.
Ескерту. 156-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.157. Ет-сүйек ұнын өндiру кезiнде ірi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жұқпаған күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерiн өңдеу технологиясы iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының қоздырғышымен өндіру, тасымалдау және сақтау барысында бірігу мүмкіндігін жоққа шығаратын шараларды көздейді.
158. Аурудың инкубациялық кезеңі ұзақ болуына байланысты қоздырғыш iрi қара мал арасында клиникалық белгiлерi байқалмай таралады. Осыған байланысты мынадай шарттарды сақтау қажет:
1) беру факторларын ескеру, рационға күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерін, күйіс қайыратын жануарлардың ақуыздарын қосуды болдырмау;
2) ет-сүйек ұнын өндiру кезінде қолданылатын күйіс қайыратын жануарлардың субөнiмдерiн өңдеу технологиясын қатаң сақтау;
3) шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық қызмет ет импортына ерекше бақылауды жүзеге асырады. Күйіс қайыратын жануарлардың ұшаларын бас миымен, жұлынымен, көк бауырымен, айырбезімен бiрге әкелуге жол бермеу қажет.
159. Адамға және күйіс қайыратын жануарларға iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының жұғу қаупін азайту мақсатында: бас миы мен жұлынды, көзді, көмекей бездерiн, айырбезін, көк бауырын және 6 айдан асқан жануарлардың ішек-қарнын, сондай-ақ осы ағзалардан алынған ақуыз өнiмдерді пайдалануға, сондай-ақ еттi бөлшектеген кезде көрініп тұратын жүйке және сөл бездерi ұлпаларының алып тастауға және жоюға жол бермеу қажет.
160. 1996 жылы сәуiрде Женевада Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның және Азық-түлiк және ауыл шаруашылық ұйымының, Біріккен ұлттар ұйымының қатысуымен ұйымдастырған конференцияда халықаралық сарапшылар тобы Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті мынадай ұсынымдарды әзірледі:
1) барлық елдер олардың тағамға түсуіне, азық-түлік өнiмдерiн өңдеу барысында оның қоздырғышы активтілігінің жойылуына жол бермеу үшін iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жұққан жануарларды союды және қауiпсiз жоюды қамтамасыз етеді;
2) Халықаралық Эпизоотиялық Бюро қабылдаған ұсынымдарға сәйкес iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жағдайларын ұзақ мерзiмдi бақылауды және тіркеуді белгілеу;
3) iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының бiрдi-екiлi жағдайы байқалған елдер де аурудың қоздырғыш ластаған жануарлар ұлпаларының адам және жануарлардың азық-түлік өнімдерін шығару үшін түсуіне жол бермейді;
4) ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың ұлпаларын олардан азық дайындау үшін пайдалануға жол бермеу.
15-тарау. Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргiзiлетiн профилактика бойынша ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
161. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеитінің профилактикасы мынадай іс-шараларды қамтиды:
шаруашылық жүргізуші субъектiлердi инфекция қоздырғыштарының әкелінуінен қорғау;
ағзаның резистенттiлiгiн күшейтуге бағытталған шаралар кешенін жүргізу;
уақтылы диагноз қою, ауру жануарларды бөлу және оқшаулау;
сыртқы ортадағы вирустарды залалсыздандыру;
табынды жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы аймақтардан сау жануарлармен топтастыру;
жаңадан келген жануарларды карантиндеуде ұстау;
қора-жайларда қалыпты микроклиматты сақтау, үнемі жүргізілетін ауаны аэрозольдық профилактикалық дезинфекциялау, кейіннен дезинфекциялай отырып, қабырғаларды, аралықтарды, еденді және науаларды механикалық тазалау.
2-параграф. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша
эпизоотиялық ошақта және қолайсыз пунктте жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
162. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
163. Шектеу қойған кезде мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына жануарларды кіргізуге және одан шығаруға;
2) оларды шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында қайта топтастыруға;
3) жем-шөптердi және күтіп-бағу заттарын әкетуге жол берілмейді.
164. Жаңа эпизоотиялық ошақтағы ауру жануарларды қоспағанда, барлық жануарларды дереу ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитіне қарсы вакцинамен иммундайды.
165. Буферлі аймақтағы жануарларды вакцинамен иммундайды.
166. Ауру және ауруы бойынша күдiктi жануарлар тұрған қора-жайларды, сондай-ақ күтіп-бағу құралдарын, арнайы киiмдi, мал төсенiшi мен қиды зарарсыздандырады.
167. Өлген және шарасыздан сойылған жануарлардың терiлерін дезинфекциялық ерітіндіге салу арқылы зарарсыздандырады.
Шарасыздан сойылған жануарлардың ұшалары ет жетілгеннен кейін және дегенеративтi өзгерiстер болмаған жағдайда кедергiсiз сатады. Танаудың, өңештiң, жұтқыншақтың, өкпенiң, асқазан-iшек органдарының кiлегей қабығында талаурау және некроздық процестер анықталған жағдайда бұл органдарды техникалық жолмен жағып жібереді.
Ауру және ауру бойынша күдiктi жануарлардан алынған сүтті 700С температурада 30 минут пастерлеуден кейiн адамдарға тамаққа және малдарға азық ретiнде қолдануға болады.
168. Ауру жануарлар тұрған қора-жайларға кіретін жерде дезинфекциялық ерiтiндiмен қатты шыланған дезинфекциялық маттар орнатылады.
169. Шектеу ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
3-параграф. Жануарларды қолдан ұрықтандыру кәсіпорындарында
және пункттерінде ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитімен
күрес бойынша іс-шаралар
170. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша ұйымды ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша қолайсыз өңірлерден тұқымды бұқалармен жинақтайды.
171. Қолдан ұрықтандыру стансаларына жаңадан келген бұқаларды карантиндеуге қояды.
172. Қолдан ұрықтандыру стансаларындағы барлық бұқаларды айына бір рет термометрия жасап, жыныс органдарының жай-күйіне ерекше көңіл бөле отырып клиникалық тексереді.
173. Баланопаститпен ауырған бұқаларды оқшаулайды, олардың күпегiнен тампонмен кiлегей сынамаларын және жуынды, сондай-ақ ұрықтар алады және зерттеу үшін диагностикалық зертханаға жiбередi.
174. Вирусты бейтараптаушы анти денелердi анықтау үшiн қан сывороткасының сынамасын және вируспен ластанғанына зерттеу үшiн ұрықты алады.
175. Соңғы күнтізбелік 14 күнде алынған ұрықтардың сериясын біріктіреді және бір сынама ретінде зерттейді.
176. Ұрығынан вирус табылған бұқалар жарамсыз деп есептеледi, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтарды жояды. Қан сывороткасында антидене табылған бұқалар да жарамсыз деп танылады.
177. Баланопаститпен ауыратын бұқалар зертханалық әдiспен вирустың этиологиясы дәлелденсе жарамсыздыққа шығарылады, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтар жойылады.
178. Бұдан кейін процудент ретiнде қолданылатын барлық бұқалардың ұрықтарын вируспен контаминациясына және қанын антидененiң бар-жоғына арасы 6 айдан жылына 2 рет зерттейдi.
16-тарау. Кампилобактериоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарлары
кампилобактериозының профилактикасы бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
179. Жануарлардың кампилобактериозбен ауыруына жол бермеу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлардың иелерi және ветеринария саласындағы мамандар мыналарды қамтамасыз етеді:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің iшiнде ветеринария саласындағы мамандардың рұқсатынсыз жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеу;
2) қолайлы табынды (отарды) толықтыру үшін тек iрi қара мал және қой кампилобактериозы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден ғана жануарларды әкелуге рұқсат ету;
3) шаруашылыққа жаңадан келген барлық бұқаларды асыл тұқымдық немесе өндiрiстiк мақсатта пайдалану үшін арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет кампилобактериозға тексеріп карантиндеуде ұстайды.
180. Жануарлар кампилобактериозының ерекше профилактикасы үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген вакциналарды қолданады.
2-параграф. Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі
кәсіпорындарды ірi қара малдың кампилобактериозынан сауықтыру
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
181. Кампилобактериоз диагнозы анықталған кезде асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын кампилобактериоз бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеуді енгізеді.
182. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындардың барлық тұқымдық бұқаларын иммундайды.
Барлық тұқымдық бұқалардан ұрық алу тоқтатылады.
Жануарларға вакцина егумен қатар тұқымдық бұқаларға емдеу жүргізіледі.
Емдеуден және вакцина еккеннен кейін бір айдан соң арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет барлық тұқымдық бұқалардың ұрықтарына және күпек шырышына бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
Үш рет теріс реакция алынған кезде бұқаларды сауықты деп таниды.
183. Ауру бұқалардың қатты мұздатылған ұрықтарының барлық қоры жойылуға жатады. Шартты түрде сау бұқалардан алынған ұрықтардың қалған сериялары жануарларды кампилобактериозға бактериологиялық зерттеуден кейін оларды қолдан ұрықтандыру үшін қолданылуы мүмкін.
184. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарда сауықтыру кезеңінде, санитарлық ахуалды жақсарту және ауруды таратуға жол бермеу бойынша іс-шараларды жүргізеді:
1) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарды, кампилобактериозға қарсы сауықтыру іс-шаралары кезеңiнде табынды жаңартуға арналған жас малмен толықтыруға жол берілмейді;
2) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарына түсіп қойған табынды жаңартуға арналған жас малды оқшау қорада ұстау және оларды тазарту және вакцина еккеннен кейін жалпы мал шаруашылығы қора-жайларына ауыстыру қажет;
3) бұқаларға вакцина егердің және тазалаудың алдында және емдеу курсы аяқталғаннан кейін барлық мал қораларға, аумақтарға, күтіп-бағу және ұстау заттарына толық дезинфекциялау жүргізеді. Кейіннен дезинфекциялауды күнтізбелік 10 күнде бiр рет жүргізеді.
185. Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын жануарлардың барлық тобы бойынша ұрықтың және күпек шырыштың бактериологиялық зерттеулерінің үш рет (арасына күнтізбелік 10 күн салып) теріс реакцияларының негізінде ірі қара малды кампилобактериоз бойынша сауықты деп жариялайды.
3-параграф. Ірi қара мал кампилобактериозы бойынша
қолайсыз шаруашылықты сауықтыру бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
186. Iрi қара малдың кампилобактериозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шаралар кешенін жүргізеді.
187. Қолайсыз табындарда аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қолдан ұрықтандыру жүргізіледі. Аталған шаруашылықтағы қашарлардың және сиырлардың бұқалармен ерiктi шағылысуына жол берілмейді. Бұқаларды оқшаулайды, кампилобактериозға зерттейді және емдеу-профилактикалық тазартуды жүргізеді.
188. Сауықтыру іс-шараларын жүргiзу кезеңiнде мыналарға:
1) басқа шаруашылықтардан жануарларды әкелуге және шаруашылық iшiнде фермалар арасында малды қайта топтастыруға;
2) кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылықтан асылдандыру үшiн және қолдану мақсатында жануарларды әкетуге жол берілмейді.
189. Ірi қара малдың барлық басы кампилобактериозға қарсы иммундалады.
190. Фермаларда сиырлардың және құнажындардың бұзаулауы төлдету бөлімшелерінде жүргізіліледі. Шаруашылық жүргізуші субъектiде оларды кезеңді санациялау үшін резервті төлдету бөлімшелері болады. Әрбiр iш тастаған сиырды оқшаулайды, iш тастау жүргізілген қора-жайды және станоктарды тазалайды және дезинфекциялайды. Барлық түсіп қалған ұрықтарды бактериологиялық зерттеу үшін ветеринарлық зертханаға жолдайды. Жаңа туған бұзауларды сақа малдардан оқшау ұстайды.
191. Жаз кезеңінде қолайсыз фермалардағы малды лагерлік ұстауға ауыстырады, мал шаруашылығы қора-жайларында санитарлық тазартуды, дезинфекциялауды және жөндеуді жүргізеді. Қора-жайларды барлық лагерлік кезеңде жануарлардан бос қалдырады.
192. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде сауықтыру іс-шаралары барысында мал шаруашылығы қора-жайларына және аумақтарына дезинфекция жүргiзiледi.
193. Егер 12 айдың ішінде кампилобактериялардың патогендік дақылдары бөлінбесе және аурудың клиникалық белгілері байқалмаса, профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шараларының барлық кешені орындалған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiні сауықтырылған деп хабарлайды.
194. Шаруашылық жүргізуші субъектіде тұқымдық бұқалар бар болған кезде шектеуді алудың алдында ұрықты, күпек шырышын немесе өсінді жыныс бездерінің сөлін бактериологиялық зерттеудің үш рет теріс нәтижесін алған кезде бұқалар сау деп саналады.
4-параграф. Қойлардың кампилобактериозы бойынша
қолайсыз шаруашылықтарды сауықтыру бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
195. Барлық iш тастаған қойларды, сондай-ақ мезгiлiнен ерте төлдеу белгілері бар қойларды отардан тез арада бөлiп және сақман бiткенге дейiн отардан оқшаулайды.
196. Түсіп қалған ұрықтарды, шарана қабықтарын, шуды және ластанған төсенiштi, қиды жинайды, содан кейiн өртейді немесе дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырғаннан кейін жерге көмедi.
197. Қой қораны және жайылатын аулаларды тазартады және дезинфекциялайды.
198. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз отардан асылдандыру және қолдану мақсаты үшiн қойды шығаруға (әкетуге) жол берілмейді, отарларды шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринария саласындағы маманының рұқсатынсыз қайта толықтыруға жол берілмейді.
199. Қолайсыз отардың қойларын қырқуды және тоғытуды кесте бойынша соңғы кезекте жүргізеді, содан кейін қора-жайлар, жабдықтар, құрал-саймандар және аумақты дезинфекциялайды.
200. Қойларды жайылымдық ұстау кезінде отарды басқа жайылымдық учаскелерге ауыстырады, ал қолайсыз отар бағылған жайылымды 2 ай мерзімге карантиндейдi.
201. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық буаз қойларын қойлардың кампилобактериозына қарсы вакцинамен иммундайды.
202. Егер шаруашылықта бір мезгілде қойлардың кампилобактериозы бойынша бірнеше отар қолайсыз болған жағдайларда, мұндай отарлардан алынған қойлардан жас малды (ұрғашы тоқтыларды) жеке отарға жинақтайды және оларды шартты түрде қолайлы деп есептейді.
203. Шаруашылық жүргізуші субъектiні қойларда екі жыл ішінде кампилобактериоздық іш тастау болмаған кезде кампилобактериоз бойынша қолайлы деп таниды.
17-тарау. Ірі қара малдың жұқпалы алаөкпесі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 17-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
204. Iрi қара малдың алаөкпесiмен ауру жағдайы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп танылады.
205. Эпизоотиялық ошақтарда және қолайсыз пункттерде ветеринарлық мамандар мынадай іс-шараларды өткізеді:
1) iрi қара малдың басын есепке алу;
2) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі барлық сақа ірі қара малды және бұзауларды алаөкпеге (перкуссия, аускультация және температура өлшеу) клиникалық зерттеу. Сонымен қатар комплементті байланыстыру реакциясында (бұдан әрi - КБР) зерттеу мақсатында зертханаға жолдау үшін қан алынады;
3) зерттеулердің нәтижесіне сәйкес малды топтарға бөлу;
4) клиникалық белгiлерi бар ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру.
206. Карантин белгіленген аумақта мыналарға:
1) сауықтыру іс-шараларын жүргiзетiн ветеринария саласындағы дәрігердің рұқсатынсыз малды қайта топтастыруға;
2) алаөкпе бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден (пункттен) малды әкету және оған сау малды қосуға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнiң алаөкпе бойынша қолайсыз аумағы арқылы тасымалдауға немесе айдауға;
4) ірі қара малдың алаөкпесі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден және елдi мекеннен жем-шөпті әкетуге жол берілмейдi. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектiлердің және елді мекеннің жем-шөбі тек аталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде және пункттерде пайдаланылады.
207. Алаөкпе ауруы бойынша күдiктi және КБР бойынша оң реакция берген барлық клиникалық ауру жануарлар отардан оқшау қораға тез арада бөлініп алынады және сойылуға жатады. Өлген жануарлардың сылынған терiлерiн оқшауланған жағдайда ауада кептіреді. Жарамсыз деп танылған зақымданған мүшелер мен тұтас еттің бөлігі өртеу әдісімен жойылады.
208. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден алаөкпенiң таратушы көзi болып табылуы мүмкін ауру жануарларды уақытылы және толығымен жою мақсатында, шаруашылық жүргізуші субъектілердегі вакцинацияға қарамастан, карантинді алып тастағанға дейін малға клиникалық зерттеу екі аптадан кешіктірмей жүргізіледі.
209. Шартты сау малы бар шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық карантин мерзіміне оны қоршаған шаруашылық жүргізуші субъектiлерден немесе шаруашылық жүргізуші субъектiнiң қалған бөлiктерiнен толық оқшаулануын қамтамасыз ететін жағдай жасалады.
210. Карантин екiншi вакцина егуге барлық жануарлардағы реакцияның аяқталуы уақытынан бастап үш айға қойылады. Екiншi вакцина еккеннен кейiн аурулар анықтаған кезде, карантин мерзімі отардан ауруларды жойған сәттен бастап есептеледі.
211. Егер үш ай iшiнде жануарлардың алаөкпесі бойынша аурулары немесе күдіктілері анықталмайтын болса, карантин алынады және шаруашылық жүргізуші субъектi алаөкпе бойынша қолайлы деп жарияланады.
18-тарау. Ірі қара малдың нодулярлық дерматиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Нодулярлық дерматиттiң профилактикасы
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
212. Жануарлардың нодулярлық дерматит ауруының алдын алу бойынша:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны;
бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайларда және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдау;
3) ветеринария саласындағы мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізу және вакциналау жүргізу үшін жануарларды беру қажет.
Ескерту. 212-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.212-1. Нодулярлы дерматиттің пайда болуының алдын алу мақсатында ветеринариялық-санитариялық саламатты аумақта іс-шаралар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген препараттармен жануарларды вакциналауға жол беріледі.
Ескерту. 1-параграф 212-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-параграф. Нодулярлық дерматитпен (бұлдырмақ ісікпен)
күресу бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
213. Нодулярлық дерматит шыққан кезде шаруашылық жүргізуші субъектiге карантин қойылады.
214. Карантиннiң шарты бойынша жол берілмейді:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге құстарды қоса алғанда, барлық жануарлар түрлерiн кіргізуге (әкелуге), шығаруға (әкетуге);
2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде ветеринария саласындағы маманның рұқсатынсыз малдардың орнын ауыстыруға;
3) ауру және ауру бойынша күдiктi жануарларды союға, саууға және етiн, сүтiн пайдалануға.
214-1. Нодулярлы дерматит кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
ауру және ауруға күдікті жануарларды жедел оқшаулау;
Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген дезинсекциялық құралдарды пайдалана отырып, қансорғыш жәндіктермен күресу;
қора-жайларды, серуендеу алаңдарын және жануарлар топтасатын басқа да орындарды дезинфекциялау.
Ескерту. 2-параграф 214-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.215. Нодулярлық дерматиттен қырылған жануарлардың өлекселерi терiсiмен бiрге өртеу жолымен жойылуға жатады.
215-1. Эпизоотиялық ошақта және нодулярлы дерматит бойынша саламатсыз пунктте іс-шаралар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген препараттармен жануарларды вакциналауға жол беріледі.
Ескерту. 2-параграф 215-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.216. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин барлық ауру және ауру бойынша күдiктi жануарларды сойғаннан және қорытынды шаралар жүргізгеннен кейiн алынады.
19-тарау. Ірі қара малдың парагрипп-3 ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
217. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының алдын алу бойынша іс-шаралары:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерді қоздырғыштың әкелуінен қорғауды;
2) жануарлардың жалпы резистенттілігін көтеруге бағытталған шаралар кешенін жүргізуді;
3) осы Қағиданы қатаң сақтауды;
4) ауруға уақтылы диагноз қоюды;
5) сыртқы ортадағы вирусты жоюды;
6) жаңадан келген жануарларды карантиндеуде ұстауды қамтиды.
218. Жеткізуші шаруашылық жүргізуші субъектiлерде тасымалдағанға дейін кемінде күнтізбелік 14 күн бұрын бұзауларға парагрипп-3 ауруына қарсы профилактикалық вакцина егеді.
219. Жануарларды арнайы жабдықталған көлiкпен жеткiзедi.
220. Шаруашылық жүргізуші субъектiнiң мал шаруашылығы қора-жайларында қажетті микроклиматты қалыпты жағдайда ұстайды және үнемі профилактикалық дезинфекциялауды жүргiзеді.
2-параграф. Шаруашылық жүргізуші субъектiнi ірі қара малдың
парагрипп-3 ауруы бойынша сауықтыру жөніндегі іс-шаралар
221. Парагрипп-3 диагнозы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу қояды.
222. Шектеу шарттары бойынша қолайсыз пунктте мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге жануарларды әкелуге және басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге әкетуге және оларды қайта топтастыруға;
2) жануарларды күтіп-бағуға байланысты емес адамдардың қолайсыз қора-жайларға баруына;
3) ауру жануарларды күтіп-бағатын персоналдың сау бұзаулар орналасқан қора-жайға кiруiне жол берілмейді.
223. Клиникалық сау жануарларды сою пунктіне союға арнайы жабдықталған көлікпен әкетуге жол берiледi. Жануарлардың өлекселерін өртеп жiбередi.
224. Жануарлардың етінде азудың өзгерiстері болмаған кезде жануарлардың етін шектеусіз сатуға рұқсат етіледі. Танауының, кеңірдегінің, өкпесiнiң, асқазан-ішек жолының кiлегей қабаттарында қабынған және өлi етке айналған өзгерiстерi анықталған кезде бұл органдар техникалық кәдеге жаратуға жiбередi.
225. Ауру жануарларды бөлек секцияларға оқшаулап гипериммунды сывороткасымен, спецификалық емес глобулинмен немесе реконвалесценттi сывороткасымен емдейдi. Сонымен қатар антибиотиктер, сульфаниламид, нитрофуран препараттарын қолданады.
226. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегi торларды, станоктарды, күту құрал-саймандарын, жабдықтар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттармен дезинфекциялауды жүргізеді.
227. Ауыру жануардың сауығуының немесе сойылуының соңғы болған оқиғасынан кейiн күнтізбелік 14 күн өткен, сондай-ақ қорытынды шаралар өткізілген соң шаруашылық жүргізуші субъекті қолайлы деп жарияланады және шектеу алынады.
20-тарау. Ірі қара малдың паратуберкулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақтарда жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
228. Iрi қара малдың паратуберкулезiнiң пайда болуының және оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлер, ветеринария саласындағы мамандар, сондай-ақ мал иелерi мыналарды:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге iрi қара малдың паратуберкулезi бойынша қолайсыз аумақтардан жануарларды әкелуге (кiргiзуге) жол бермеу;
2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге жаңадан келетiн барлық жануарларды карантиндеуде ұстайды;
3) жануарларды жылына екi реттен кем емес клиникалық тексерудi қамтамасыз ету: жайылымға шығару алдында және күзде қыстаққа тұрғызу алдында;
4) жайылымдарды, суаратын жерлерді, мал шаруашылығы фермаларын, қора-жайларды және жануарларды ұстайтын басқа да жерлердi қалыпты ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
5) паратуберкулез бойынша қолайсыз пункттердің жануарларымен iрi қара малдармен, жеке қолданыстағы малдармен байланысына, сондай-ақ жануарлардың әртүрлі түрiмен және әртүрлі жастағы топтарын бiрге ұстауға жол бермеу;
6) жануарлар ағзасының резистенттiлiгiн көтеру үшiн рационды ақуыз, минералды заттар, микроэлементтер мен витаминдер бойынша құрастыру;
7) жануарлардың рационы қышқылды жеммен күшейтілген бiр жақты жемдеуге жол берілмейді.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз
пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
229. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағында шектеу іс-шаралары қойылады.
230. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
1) диагноз қойылғаннан кейін барлық жануарларды клиникалық тексереді;
2) аурудың клиникалық белгiлерi бар жануарларды шығарады және етке союға тапсырады;
3) қалған iрi қара мал басын паратуберкулезге тексередi;
4) одан кейiн сауықтырылатын табындағы жануарлардың қан сывороткаларын серологиялық зерттеу мен аллергиялық тексеру жылына 2 рет - көктем мен күзде жүргiзіледi;
5) мал басын тоқсанына бiр рет клиникалық тексереді, паратуберкулездiң клиникалық белгiлерi бар жануарларды аллергиялық және серологиялық зерттеулердің нәтижесіне қарамастан етке союға тапсырады;
6) екiншi рет зерттеу кезінде оң немесе күдiктi реакция берген жануарларды етке союға өткізеді, қалғаны жалпы табынға қайтарады;
7) сойылған жануарлардан алынған материалдарды барлық жағдайда бактериологиялық және гистологиялық зерттеулерге жолдайды;
8) паратуберкулезбен ауыратын сиырлардан туған бұзауларды етке союға өткізеді, қолайсыз табындағы сау жануарлардан туған бұзауларды үлкен малдардан бөлектейді және күнтізбелік 5 (бес) күн уыз береді, сонан кейін осы ферма үшін арнайы бөлінген пастерленген сүтпен және обратпен бағады. Кейін оларда паратуберкулездің бар жоқтығын зерттейді.
231. Паратуберкулез бойынша қолайсыз пунктте өткізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар:
1) тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға жол беріледі;
2) мал аулалары мен олардың аумағының айналасының тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етедi;
3) мал шаруашылығы қора-жайларын механикалық тазартуды, жануарларды ұстау орындарын, әр зерттеуден кейiн мүкәммал мен басқа да жабдықтарды ағымдағы дезинфекциялауды жүргiзедi;
4) ауру малдардың және ауру бойынша күдiктi малдардың қиын өртейді, шартты түрде сау малдардың қиын биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады;
5) сауын сауу қондырғысы мен сүт ыдыстарын күнделiктi зарарсыздандыруды қамтамасыз етедi;
6) сиырлардың бұзаулауын төлдеу қора-жайларында жүргiзедi, шуларды өтпейтiн ыдысқа жинайды және залалсыздандырады;
7) алғашқы уызды жеке ыдысқа сауады және қайнату арқылы залалсыздандырады, шартты түрде сау жануарлардан алынған сүтті 850С температурада 30 (отыз) минут пастерлейдi;
8) жануарларды жабық су көздерінен суаруды ұйымдастырады, олардың жануарлардың тезегімен ластануын болдырмау үшiн жайылымдағы бөгеттерді, арықтарды, үлкен шалшықтарды қоршайды.
232. Ауру жануарды соңғы бөлу жағдайынан кейiн 3 (үш) жыл өткен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейiн шектеу іс-шаралары алынады.
21-тарау. Ірі қара малдың обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 21-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың
Обасы қоздырғышының әкелінуінен қорғау бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
233. Ірі қара малдың обасына қарсы іс-шаралар ел аумағын шетелден ауру вирусының әкелінуінен сенімді қорғауды, шекара маңындағы аймақта оған сезімтал жануарлардың мал басына жыл сайын вакцина егуді, ал оба анықталған жағдайда – барлық ауру және ауру бойынша күдiктi ірі қара малды сою және жоюды көздейді. Қолайсыз пункттерде қатаң карантин және басқа ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу.
234. Ерекше профилактика Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың обасынан қорғау жөніндегі кешенді іс-шаралар болып табылады.
235. Ірі қара малдың обасы бойынша қолайсыз елдермен шекаралас әкiмшiлiк аудандарда орналасқан барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде осы бөлімде көрсетiлген ұйымдастыру, эпизоотияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
236. Жайылым мерзімінде әрбiр табынға жеке жайылым және суат бекiтiледi және жануарлардың әр түрi бөлек бағылады; әртүрлі табынның жануарларының араласуына, сондай-ақ үй жануарларының жабайы жануарлармен (бұғы, елiк, бұлан, қабан және басқалары) байланысына жол берілмейді.
237. Жеке және заңды тұлғалар жайылымдарда ірі қара малдың обасына сезімтал үй немесе жабайы жануарлардың өлекселері тапқан жағдайда Заңға сәйкес бұл туралы ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына патологиялық материалдарды алу (диагностикалық зерттеулерге) және өлекселерді көмуді ұйымдастыру үшін хабарлайды.
Ескерту. 237-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.238. Шекаралас аумақта ұсталынған жабайы жануарлар немесе атқаннан кейін олардың ұшалары мiндеттi түрде ветеринариялық тексеруге жатады.
239. Шекара аймағында қараусыз қалған малдың пайда болғаны туралы ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды. Мұндай малды дереу ұстайды және оның кімге тиесілі екендігі анықтағанға дейін және ветеринариялық тексергенге дейін оқшаулап ұстайды.
Ескерту. 239-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.240. Жануарларды бір шаруашылық жүргізуші субъектіден басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге, сондай-ақ шекаралық аймақтан тыс жерге ауыстыруға клиникалық тексеруден кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімімен ғана жол беріледі.
Ескерту. 240-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.241. Шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан мал әкелу (әкету) алдын ала сол әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiледi, шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген малдарды бордақылау алаңдарына және табындарға орналастыруға тек ветеринариялық тексеруден және оларды карантиндеуде оқшаулап ұстаудан кейiн ғана рұқсат етiледi.
2-параграф. Жануарларды ірі қара малдың обасыауыруын жою
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
242. Диагноз анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды және карантин қояды.
243. Ауру және ауру бойынша күдiктi жануарлар қан шықпайтын әдіспен өлтiруге жатады, өлекселерi терісімен бірге жағып жібереді.
244. Ауырған және өлген жануарлардың жатқан жерін Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген препараттармен мұқият дезинфекциялау қажет.
245. Қалған (шартты түрде сау) жануарлар (табындағы, топтағы, фермадағы, шаруашылықтағы) жеке қолайсыз топқа бөлiп жыл мезгіліне қарамастан олардың шаруашылық шегінде қайта топтастырылуына жол бермей, оқшаулап қамап ұстау шартында ұстайды.
246. Көлiктiң барлық түрінің шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуына, оған кіруіне, адамдардың тиісті дезинфициялық өңдеусіз шығуына және кіруіне, сондай-ақ шаруашылық аумағынан жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттарын шығаруға жол берілмейді.
247. Қолайсыз шаруашылық аумағының кiре берiсiне бекеттер және дезинфекциялық ерiтiндiлерi бар ыдыстар қойылады.
248. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маманы мыналарды:
1) барлық жануарларды клиникалық тексеруден өткiзiп дене қызуын өлшеуді;
2) ауырған және өлген жануарлардың санын нақтылауды, көршiлес шаруашылықтағы және елдi мекендегі эпизоотиялық жағдайды, ауру қоздырғышын әкелудің мүмкін жолдарын анықтауды;
3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қатаң орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
249. Карантин соңғы ауыру жануар жойылғаннан күннен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң алынады.
22-тарау. Қарасан ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 22-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жануарлардың қарасан ауыруының профилактикасы
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
250. Жануарларды қарасан ауыруының профилактикасы мақсатында мынандай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) мал қорымдарын (биотермиялық шұқыр) тиісті санитарлық жағдайда ұстау және оны қоршау жұмыстарын жүргiзу;
2) қарасан ауыруынан өлген жануарлар көмiлген жерлердiң топырағын зарарсыздандыру;
3) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлердi құрғату бойынша жұмыстарды жүргiзу;
4) суаттарды, құдықтарды қалпына келтiру, жануарлар су iшетiн зақымданған немесе күдiктi суаттарды жабу;
5) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз мал союға, шарасыз өлтірілген жануарлардың етiн және ет өнiмдерiн сатуға жол бермеу;
6) қолайсыз аулаларды, өлген жануарлар жатқан қора-жайлар мен жерлердi тазарту және дезинфекциялау;
7) 3 айдан 4 жас аралығындағы iрi қара малдың барлық сезімтал басына профилактикалық вакцина егуді жүргізу. Қарасан ауруы тiркелген шаруашылықта 6 айдан жоғары жастағы қойлар вакцина егуге жатады.
251. Профилактикалық иммундау үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттар Мемлекеттік тізілімінде тiркелген вакциналар қолданылады.
252. Активтігі жойылған вакцинамен профилактикалық егу жануарларды жайылымға шығарғанға дейін күнтізбелік 14 күн кешіктірілмей аяқталуы тиiс. Мал жайылымда 6 айдан артық болатын аудандарда ауруға сезімтал мал басына арасына 6 ай салып жылына 2 рет вакцина егілуі тиіс. Қарасан ауыруына қарсы тiрi вакцинамен жануарларды жылына 1 рет жайылымға шығарғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей егедi.
253. Жаңа туған төлдердi олардың 3 айлық жасқа толуына қарай жыл ішінде вакцина егедi, кейінгі вакцина егу активтігі жойылған вакцинамен 6 айдан кейiн егедi.Тірі вакцина қолданылған кезде малды қайта вакцина егу 12 айдан кейін егеді.
254. Қауiп төнген аумақта орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген барлық жануарлар мiндеттi түрде вакцинамен егуге жатады. Егу жүргізгеннен кейін 14 тәуліктен соң оларды жалпы табынға қосуға жол беріледі.
255. Қарасан ауруына қарсы жүргізілген екпе туралы егу жасалған жануарлардың (түрлері бойынша) санын, вакцинаның, препарат шығарған кәсіпорынның атауын, дайындалған күнiн, жұмсалған вакцинаның мөлшерiн, сондай-ақ вакцинаны жүргізген тұлғаның аты-жөнiн және жануарлардың жағдайын қадағалауды көрсете отырып актi толтырылады.
2-параграф. Қарасан ауруын жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
256. Қолайсыз пункттерде қарасан ауыруына бейiм жануарлар дене қызуы өлшеп клиникалық қаудан өткiзедi. Ауырудың клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, дене қызуы) белгілері байқалған жануарлар оқшауланады.
257. Жануарлардың өлекселері терісімен бірге өртеу арқылы жойылады.
258. Ауру жануарлардан ластаған қи, төсенiш және жем-шөп қалдықтары далаға шығар алдында дезинфекциялық ерiтiндiсi себiлiп, содан кейiн (мүмкіндігінше сол жерде) өртеледі.
259. Ауырудың клиникалық белгiлерi жоқ барлық жануарлар тез арада вакцинамен егiледi.
260. Қарасан ауыруымен ауырған жануарлар клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, сықырлау) жойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен ерте емес етке союға рұқсат етiледi.
261. Егiлген жануарлардың дене қызуының көтерiлуi, вакцина егілген жерлерде iсiнудiң немесе ауырудың басқа белгілерінің болуы жағайын қоспағанда, вакцина егiлген сиырлардың сүтi шектеусiз қолданылады. Мұндай жағдайда сүттi тек пiсiргеннен кейiн пайдалануға жол беріледі.
262. Диагноз анықталған кезде қолайсыз пунктте карантин қойылады.
263. Карантин шарттары бойынша мыналарға:
1) ірі қара мал мен қойларды карантин белгіленген аумақтан тыс әкетуге;
2) ірі қара мал мен қойлардың карантин белгіленген аймаққа әкелуге және оларды осы аумақ арқылы айдауға;
3) ірі қара мал мен қойларды сатуға, айырбастауға және шаруашылықішілік қайта топтастыруға;
4) карантин белгіленген аумақта жиналған шөп пен басқа да азықтарды шығаруға. Мұндай азықтарды карантин белгіленген пункттің ішінде жылқыларды және иммундалған қара малды азықтандыру үшін оларды вакциналағаннан кейін кемінде күнтізбелік 14 күн өткен соң пайдаланады;
5) ауру малдардан алынған сүтті тамаққа пайдалануға;
6) ауру жануарларды етке союға;
7) өлекселерді ашып қарауға және өлген жануарлардың терісін алуға;
8) саламатсыз шаруашылық жүргізуші субъектіге бөгде адамдардың кіруіне және осы шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсетуге қатысы жоқ көліктің кіруіне;
9) тоғандар мен басқа да су айдындарынан жануарларды жалпы суаруға;
10) егілген және асқынуы бар малдардан алынған сүтті тамаққа пайдалануға жол берілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектіні қарасан бойынша саламатты деп жариялайды және одан карантин жануардың қарасаннан сауыққан немесе өлген соңғы оқиғасынан бастап және қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 14 күннен соң алынады.
Ескерту. 263-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23-тарау. Қой мен ешкінің секіртпесі (брадзот) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 23-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
264. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге жануарлар ауыруының алдын алу мақсатында мыналар қажет:
1) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;
бірнеше жануардың өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;
3) ветеринария саласындағы мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
Ескерту. 264-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.265. Секiртпе ауруы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу шаралары қойылады, бұл ретте:
1) барлық ауру және ауруға күдiктi жануарларды оқшаулап, емдiк дозамен гипериммунды сарысу және антибиотик егедi, ал керек болған жағдайда симптоматикалық емдеу жүргiзiледi;
2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірі-тартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады және тиiстi вакцина егiледi;
3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң және секіртпеден жануарлардың ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі әдеттегі бағу және жемдеу жағдайына көшiредi.
266. Секіртпеден өлген қой немесе ешкiнiң өлекселерi терiсiмен және жүнi алынбай жойылады. Өлекселерді ашу тек арнаулы жабдықталған орында ғана диагностикалық мақсатта жол берiледi.
267. Қиды химиялық немесе күйдіру әдісімен дезинфекциялау жүргізіледі.
268. Шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жарияланған кезеңде мыналарға жол берілмейді:
1) шаруашылық жүргізуші субъектіде қой мен ешкіні әкелуге, шығаруға және ауыстыруға;
2) секіртпемен ауырған қой мен ешкiнi союға және етiн тамаққа пайдалануға;
3) қой мен ешкiнi саууға және сүтiн тамаққа пайдалануға, секіртпемен ауырғаннан алынған сүт қайнату жолымен зарарсыздандырылады.
269. Шаруашылық жүргізуші субъекті жануардың ауыруы немесе көрсетілген аурудан өлуі болған соңғы оқиғадан кейін қорытынды шаралар жүргізілгеннен соң күнтізбелік 20 күннен кейін қой мен ешкінің секіртпе ауруы бойынша қолайлы болып саналады.
24-тарау. Қой мен ешкінің инфекциялық агалактия ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
270. Қой мен ешкінің жұқпалы агалактия ауыруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялап, шектеу қойылады.
271. Агалактия ауруы бойынша ауру және күдiкті жануарлар тез арада оқшаулауға және емдеуге жатады.
272. Ауру жануарларды дәрімен емдеумен қатар оларды азықтандыру мен күту жағдайын жақсарту қажет.
273. Жұқпалы агалактия бойынша қолайсыз отардағы түсік тастаған қой мен ешкілер де оқшауланады. Iш тастаған төл және шу жойылады, ал түсік тастаған жер мұқият дезинфекцияланады.
274. Барлық бөлінген жануарларды емделiп сауыққаннан кейін 8 ай бойы оқшаулауда ұстайды. Емделуге келмейтiн жануарларды етке союға жiбередi.
275. Еметiн қозылар мен лақтарды оқшаулап, сау аналықтардың сүтiмен қоректендiредi. Қолайсыз отардағы басқа малдарды жаңа суаттары бар жаңа жайылымдарға ауыстырады, оларға жүйелі түрде ветеринариялық қадағалау белгілейді және үнемі клиникалық тексеру жүргізеді.
276. Ауыру жануарлар тұрған қора, аула мұқият механикалық тазартылады және дезинфекцияланады. Күтім заттары қайнату немесе күлді сілті ерітіндісімен зарарсыздандырылады. Бөлінген ауыру жануарлардың ластанған төсеніші, азығы мен қиы өртеледі.
277. Қолайсыз отардағы қой мен ешкіден алынған сүтті сол жерде пастерлейді.
278. Терiлердi күнге кептiредi де шектеусіз қолданады.
279. Жұқпалы агалактиямен ауыру және жазылған қошқарлар табиғи немесе қолдан ұрықтандыруға жiберiлмейдi. Жазылған саулықтарды сау қошқарлардың ұрығымен ұрықтандырады.
280. Қолайсыз отарлардан асыл тұқымды және өндірушілік мақсат үшін жануарларды шығаруға, сондай-ақ шаруашылықта шектеу алынғанға дейін отарларды қайта топтастыруға жол берілмейді.
281. Қолайсыз пункттерден шектеу соңғы ауру жануарды жойғаннан (оқшаулағаннан) кейiн күнтізбелік 60 күннен соң алынады.
25-тарау. Қойлар мен ешкілердің инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 25-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
282. Шаруашылық жүргізуші субъектiлер энтеротоксемия ауруының алдын алу мақсатында қажет:
1) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;
бірнеше жануардың өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;
3) ветеринария саласындағы мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
Ескерту. 282-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.283. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы анықталғанда, шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялайды және мынадай іс-шаралар жүргiзіледi:
1) барлық ауру және ауруға күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді;
2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірі-тартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады және тез арада иммундейді;
3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң және қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі әдеттегі бағу және жемдеу жағдайына көшiредi.
Қолайсыз пункт кезеңінде мыналарға:
1) инфекциялық энтеротоксемиямен ауырған қойлар мен ешкiлердi союға және етiн тамаққа пайдалануға;
2) ауру қойлар мен ешкiлердiң сүтiн саууға және тамаққа пайдалануға жол берілмейді.
284. Инфекциялық энтеротоксемиядан өлген қойлар мен ешкiлердiң өлекселерi терiсiмен, жүнiн сылып алмастан жоюға жатады.
285. Қидың дезинфекциясын химиялық әдiспен немесе биотермиялық зарарсыздандырмай өртеу арқылы жүргізеді.
286. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық энтеротоксемия ауруын алдын алу мақсатында жануарларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету, рационды бірден өзгертуге жол бермеу, суару мен ұстаудың санитариялық және зоогигиеналық қағидаларын сақтау қажет. Аурудың пайда болу мүмкіндігі кезінде қойлар мен ешкiлердi жайылымға шығарар алдында сапалы азықпен қоректендiруді ұсынады.
287. Қойлар мен ешкілердің инфекциялық энтеротоксемия ауруы бойынша бұрын тiркелген қолайсыз пункттерде барлық қой мен ешкiлердi аурудың пайда болу кезеңіне дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей немесе жайылымға шығар алдында тиiстi вакцинамен иммундеуге жатады.
288. Шаруашылық жүргізуші субъекті қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы бойынша аурудың соңғы жағдайынан немесе жануарлардың өлгенiнен кейiнгі күнтізбелік 20 күн өткен соң және қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін қолайлы болып саналады.
26-тарау. Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы ("көк тіл", блютанг) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 26-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
289.Шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаңадан әкелінген жануарларға карантиндеуді жүргізу.
290. Қора-жайларда дезинфекцияны, дезинсекцияны, сондай-ақ дератизацияны жүйелі жүргізу.
291. Ойпаң жердегi шөптердi шабу және жануарларды жоғары учаскелерге көшіру.
292. Қансорғыш жәндіктерге қарсы репеллентермен жануарларды өңдеу.
293. Жаңадан сатып алынған жануарларға белсенді және белсенді емес клиникалық, вирусологиялық және серологиялық қадағалауды жүргізу.
294. Жануарлардың кіргізілуін соңғы 24 ай ішінде осы инфекциядан бос елдерден жүзеге асыру.
27-тарау. Қойлардың инфекциялық маститі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 27-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
295. Жүйелi түрде аналық қойларға клиникалық қарау жүргiзiледi. Ауру аналық қойды қозыларымен бiрге оқшаулайды және емдейдi. Ауру аналық қойдың қозысын жекелейді және, ауыз қуысын антисептикалық ерiтiндiлермен мұқият түрде өңдегеннен кейiн сиыр сүтiмен азықтандырады немесе сау аналық қойларға қосады. Ауырып жазылған қойларды оқшаулап ұстайды.
296. Қой қораларды мұқият тазалайды және дезинфекциялайды. Ауру қойлардың сүтiн жеке ыдысқа жинап жояды. Қиды биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады.
297. Аналық қой отарын инфекциялық мастит бойынша қолайлы бастарымен қалыптастырады.
298. Емiзулi аналық қойларды құнарлы азықпен қамтамасыз етедi және ұстауға қажетті жағдай жасайды. Олардың сүт безiнiң жағдайына назар аударады және жүйелi түрде қарайды.
299. Маститке күдiктенген кезде сауылатын қойлардың сүтiн экспресс әдiспен зерттейдi, ал аурулардың сынамаларын және өлген жануарлар желiнiнiң бөлiгiн бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға жiбередi.
300. Ауруларды бөлгеннен кейін қора-жайларды тазалайды және дезинфекциялайды.
301. Инфекциялық маститпен ауыратын қойларды оқшаулайды, құнарлы азықпен қамтамасыз етедi.
302. Емдеу үшiн Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген осы ауру үшiн тиiмдi антибиотиктердi, сульфаниламидтердi және тағы басқа препараттарды пайдаланады.
303. Шектеу ауруды жойғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейiн алынады.
28-тарау. Қойлар мен ешкілердің контагиозды эктимасы (контагиозды пустулезді стоматиты және дерматиты) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
304. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасының профилактикасы мыналарды:
1) жануарлардың контагиозды пустулезді дерматиты ауруына уақытылы диагностикалауды;
2) қойлар мен ешкiлердiң контагиозды пустулезді дерматитіне қарсы вакцинаны барлық бейiм бастарға вакцина егуді қамтиды.
305. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасының әкелінуінен қорғау мақсатында жануарлар иелерi мен ветеринария саласындағы мамандарға мыналарды:
1) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;
бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;
3) ветеринария саласындағы мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
Ескерту. 305-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.306. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды пустулезді дерматиты ауруы қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
307. Шектеудiң шарттары бойынша мыналарға:
1) қойлар мен ешкiлердi ет комбинатына клиникалық сау ұсақ мал басын союға автокөлікпен шығаруды қоспағанда, әкелуге (кіргізуге) және шығаруға (әкетуге);
2) қолайсыз топтардың жануарларына қызмет көрсетумен байланысты емес адамдардың қора-жайларға және осы жануарларды ұстайтын басқа орындарға кiруге;
3) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз шаруашылықтың iшiнде жануарларды қайта топтастыруға;
4) ауру жануарлар жанасқан жем-шөптерді (шөп, сабан) шығаруға жол берілмейді. Осы жем-шөппен сол жерде қойлар мен ешкілердің контагиозды пустулезді дерматиты ауруына бейім емес жануарларға, сондай-ақ ауру және осы аурумен ауырып жазылған қойлар мен ешкiлердi азықтандырады.
308. Қолайсыз жерлердің қойлар мен ешкiлердiң сүтiн тамаққа қайнатқаннан кейiн немесе сүт өнiмдерiн тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде қайта өңдегеннен кейiн, және кейіннен шаруашылық жүргізуші субъектіде ғана пайдалануға рұқсат етедi.
309. Қойлар мен ешкілердің контагиозды эктимасы ауруымен ауыратын жануарларды оқшаулайды және емдеу жүргiзедi.
310. Өлген және контагиозды эктимасы ауруының клиникалық белгiлерi бар, жануарларды шарасыздан өлтірген өлекселерiн жояды.
311. Әкімшілік-аумақтық бірліктің қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасы бойынша қолайсыз жануарларын қырқу қолайлы отарларды қырққаннан кейін соңғы кезекте жүргізеді. Қырқу орындарын, сондай-ақ қырқу құралдарын жұмыс аяқтағаннан кейiн механикалық тазартудан және дезинфекциядан өткiзеді. Алынған жүн тығыз материалдан жасалған ыдыста шаруашылық жүргізуші субъектіден тек қайта өңдеу кәсiпорынға шығарады.
312. Қолайсыз пункттен шектеуді соңғы ауру жануарды анықтаған немесе сауыққан жағдайынан кейін күнтізбелік 30 күннен соң және қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейiн алады.
29-тарау. Қойлар мен ешкілер тұяқтарының шіруі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 29-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын қойлар мен ешкiлер тұяғының шіруінің профилактикасы
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
313. Аурудың алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар тұқымдық және пайдалану мақсаттары үшін жануарларды ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтан тыс шығару (әкету) кезінде жөнелтуге дейін және жаңадан сатып алынған жануарларды карантиндеу кезеңiнде жалпы ветеринариялық тексеруден өткізеді.
314. Жануарларды сатуға, сондай-ақ оларды осы пункттен әкетуге (шығаруға) жануарларды тексеру нәтижелері теріс болған және ветеринариялық паспортта тиісті белгі болған кезде жол беріледі.
315. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерде отарларды жинақтауды қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайлы пункттерден шығатын жануарлармен жүргізу қажет.
316. Импортталатын жануарлар карантиндеуге жатады.
317. Экспортталатын жануарларды импорттаушы елдiң ветеринариялық талаптарына және әдiстерiне сәйкес зерттейдi.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақтарында және
қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
318. Жануарлардың қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі ауыру анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу қойылады.
319. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiде (елді-мекенде):
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына қойлар мен ешкiлердi әкелуге (кіргізуге) және одан тыс әкетуге (шығаруға);
2) қойлар мен ешкiлердi шаруашылық жүргізуші субъектiнің (елді-мекеннің) iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру қойлар мен ешкiлердi сау қойлармен және ешкiлермен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға жол берілмейді.
320. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететiн ветеринария саласындағы маманы қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруін жою жоспарын жасайды және оны тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келіседі, тұяқтың шіруін қойлардың некробактериозынан, эктимасынан, шешектен және ауысылдан саралау үшін ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды іріктейді және зертханаға жібереді.
321. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі пайда болған шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық жануарлар әрбiр күнтізбелік 10 күн сайын зерттейді, анықталған ауру жануарларды оқшаулайды.
322. Шартты түрде сау қойлар мен ешкiлердiң сүті қайнатылғаннан кейін тамаққа қолданылады, ал ауру жануарлардан алынған сүт жойылады.
323. Қолайсыз пунктте тұяқтың шіруінің жұғуын болдырмау мақсатында қойлар мен ешкiлер аяқ ваннасынан өткiзіледi.
324. Оқшауланған ауру қойлар мен ешкiлерді емдейді.
325. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу соңғы ауру қойдың немесе ешкiнің сауығу сәтінен бастап немесе ауру қой немесе ешкi сойылғаннан кейін 1 ай өткен соң алынады. Шектеу алынар алдында барлық қойлар мен ешкiлердің тұяқшаларына ветеринариялық тексеру жүргізіліп, аяқ ваннасынан өткiзедi.
30-тарау. Қойлардың баяу инфекциялары (скрепи, висна-маеди, аденоматоз) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 30-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
326. Отарды қолайлы өңірлердегі жануарлармен жинақтау.
327. Жаңадан әкелінген жануарларды карантиндеу.
328. Баяу инфекцияларға жол бермеу бойынша қой мен ешкі иелерi жүргiзетiн ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) қойлар мен ешкiлерді орналастыру, азықтандыру және пайдалану кезінде ветеринариялық-санитариялық қағидалардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) жайылымдар және суат орындарын тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
3) қиды және өлген жануарлардың өлекселерін уақытында залалсыздандыру;
4) профилактикалық дезинфекция, дератизация, дезинсекция, дезакаризацияны тұрақты жүргiзу;
5) мал шаруашылығы фермаларын, қора-жайларын дезинфекциялық кедергілермен қамтамасыз ету;
6) мал шаруашылығы объектiлерiнiң аумақтарына қоршауды қамтамасыз ету;
7) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;
бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;
8) барлық жануарлардың сәйкестендіруін қамтамасыз ету;
9) жаңадан әкелiнген жануарларды диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргiзу мақсатында күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
10) инфекциялық ауруларға қолайлы аумақтарда азықтардың дайындығын жүргізу;
11) асхана және сою қалдықтарына термикалық залалсыздандыру жүргізу;
12) қолайлы және қолайсыз аймақтардың жануарлары арасында байланысқа жол бермеу.
Ескерту. 328-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.329. Ветеринария саласындағы мамандар жүргізетін арнайы iс-шаралар:
1) жануарлардың жыл сайын клиникалық қарауды жүргiзу;
2) жануарларды емдеу-профилактикалық тазалауды жүргiзу;
3) жануарларды жоспарлы диагностикалық зерттеуді жүргiзу.
2-параграф. Қойлар мен ешкiлер арасында баяу инфекция пайда
болған жағдайда жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
330. Жануарлар иелерi мыналарды жүзеге асырады:
1) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;
бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;
2) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы ветеринария саласындағы мамандарға хабарлауды және ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауды;
3) ветеринария саласындағы маманың ескеруінсіз ауруы бар деп анықталған жануарды кез келген қозғалысына жол бермеу;
4) союдың алдында ветеринариялық қарауды жүргiзбей және сойылғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай сатуға арналған жануарларды союға жол бермеу;
5) қолайсыз пункттің аумағына жануарлардың, бөгде адамдар мен көлiктердiң кіруіне жол берілмейді;
6) жануарлардың қиын, өлексесiн және ауру жануарлардың басқа да қалдықтарын зарарсыздандырумен қамтамасыз ету.
Ескерту. 330-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.331. Ветеринария саласындағы мамандар жүзеге асырады:
2) жануарлардың клиникалық қарауын;
3) барлық ауру және жұғу күдігі бар жануарларды жоюды;
4) лажысыз дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзуді.
332. Барлық ауру, ауруға күдiгi бар жануарларды сойған соң және қорытынды іс-шараларды жүргізгеннен кейін карантин алынады.
31-тарау. Қойлардың күл ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 31-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүргізілетін профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
333. Қойлардың күл ауруының пайда болуы мен оның таралуын алдын алу үшiн мыналар:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге қойдың күлі бойынша қолайсыз өңірлерден келген қойларды, азық пен құрал-саймандарды әкелуге (кiргiзуге) жол бермеу;
2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келген барлық қойларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
3) қойлардың жай-күйiне жүйелi түрде ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
4) отарларға, сондай-ақ жайылым учаскелерге, суару жерлерi мен айдау жолдарына тұрақты түрде қызмет көрсететiн персоналды бекiту қажет.
334. көрсетілген ауру бойынша қолайсыз шектес елдермен тікелей шекаралас аудандардың аумақтарында орналасқан бастарды қоса алғанда, қойдың күл ауруы бойынша қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық қойларына жылына 2 рет күлге қарсы профилактикалық вакцина егу қажет.
335. Қойдың күл ауруы жойылған кейiнгi үш жыл ішінде бұрынғы қолайсыз пункттердегі қой бастарына вакцина егуге жатады.
2-параграф. Қойдың күлі бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін профилактикалық іс-шаралары
336. Түпкілікті диагнозды қойған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң аумағына карантин қойылады.
337. Карантиннiң шарттары бойынша мыналарға:
1) жануарлардың барлық түрлерiн қолайсыз пункттерге әкелуге (кіргізуге) және олардан әкетуге (шығаруға);
2) қолайсыз пунктте дайындауға және жануарлардан бұрын дайындалған өнімді және шикiзатты шығаруға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, сондай-ақ ауру қойларды сау жануарлардың барлық түрлерiмен бiрге жаюға, суаруға және ұстауға;
4) қолайсыз топтардағы жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес адамдарға қора-жайларға және осындай жануарлары бар басқа орындарға кіруге;
5) карантин қойылған аймақта малдар мен мал өнiмдерiн сатуға, көрмелер, жәрмеңке, базар, сондай-ақ жануарлардың, адамдардың және көлiктердiң жиналуымен байланысты басқа да іс-шаралар жүргiзуге;
6) қойдың күл ауруымен ауыратын жануарлармен жанасқан жем-шөпті (пiшен, сабан және тағы да басқа) шығаруға. Ол жем-шөптi сол жерде (шаруашылықта) күл ауруына бейiм емес жануарларға немесе ауру және қойдың күлімен ауырып жазылған қойларды азықтандырады;
7) қойдан алынған сүттi және одан алынатын өнiмдердi залалсыздандырылмаған күйiнде пайдалануға. Қолайсыз пункттегі қойдан алынған сүт сол жерде 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен немесе 5 минут қайнату арқылы залалсыздандыруға жатады;
8) қойдың күл ауруына қолайсыз пункттiң аумағы арқылы автокөлiктiң жүруiне. Бұндай жағдайда көлiктiң белгiленген жерiне жету үшiн айналма жолдары көрсетiлуі қажет;
9) карантин алынғанға дейiн күл ауруына қолайсыз қойларды қырқуға жол берілмейді.
338. Күл ауруымен қойлар мен қозыларды оқшаулайды және емдейдi, клиникалық сау малдарға күлге қарсы вакцина егедi.
339. Күлдiң клиникалық белгiлерiмен өлген қойлардың өлекселерiн өртеу арқылы жояды. Ондай өлекселердiң терiлерiн сылып алуға және пайдалануға жол берілмейді.
340. Қолайсыз пункттегі мал шаруашылығының қора-жайларын, жабдықтарды, серуендету алаңдарын, қоршауларды және ауру қойлар болған басқа да орындарды барлық карантиннiң мерзiмi кезiнде қорытынды дезинфекция жүргiзiлгенге дейiн әр күнтізбелік 5 күн сайын дезинфекциялайды.
Қиды биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады.
341. Қолайсыз пунктте соңғы күл ауруымен ауырып сауыққан, өлген немесе сойылғаннан кейiн күнтізбелік 20 күн өткен соң карантин алынады.
32-тарау. Ірі қара малдар, қойлар мен ешкілердің энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 32-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ірі қара малдың, қой мен ешкінің энзоотиялық (хламидиоздық) түсігінің профилактикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
342. Ірі қара малдың, қойлар мен ешкілердің хламидиозды іш тастауымен ауыруының алдын алу үшін:
1) шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келіп түскен жануарларды карантиндеу;
2) қора-жайлардың, жайылымдардың, суат орындарының тиісті ветеринариялық-санитариялық жай-күйде ұсталынуы;
3) олардың толыққанды азықпен қамтамасыз етілуі;
4) отарларға жайылымдар мен суару орындарын бекітілуі қажет.
Ескерту. 342-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.343. Асыл тұқымды ірі қара мал, қойлар мен ешкілер шаруашылықтарда Жоспарлау қағидаларының талаптары ескеріле отырып, әрбір 6 ай сайын серологиялық тексеруден өтеді.
Ескерту. 343-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.344. Төлдеу мен қозылау оқшауланған секцияларға (торларға) бөлінген жеке үй-жайларда жүргізіледі.
Ескерту. 344-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-параграф. Қойдың энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастауларын
жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
345. Ірі қара мал мен қойдың энзоотиялық (хламидиоздық) іш тастауына диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні саламатсыз деп жариялайды және шектеу іс-шараларын енгізеді.
Ескерту. 345-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.346. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
1) ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз ірі қара мал басын саламатсыз пунктке кіргізуге және шығаруға, жануарларды қайта топтастыруға;
2) ауру жануарлар жанасқан қой шаруашылығының, ешкі шаруашылығының шикі өнімін және азықтың барлық түрлерін әкетуге;
3) қой мен ешкілерді еркін шағылыстыруға;
4) ауру жануарлардан алынған шикі өнімді ет қоректі және көп қоректі жануарлармен азықтандыруға жол берілмейді.
Ескерту. 346-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.347. Ауру және ауруға күдікті жануарларды союды пункттері мен алаңдарында жүргізеді.
348. Саламатсыз пунктте тұқымдық бұқалар мен қошқарларды (текелерді) егу алдында хламидиозға тексереді. Оң немесе күмәнді реакция берген жануарларды оқшаулайды және күнтізбелік 30 күннен кейін қайта зерттейді. Егер қайта зерттеу кезінде оң немесе күмәнді нәтиже алынса, бұл жануарларды союға жібереді, ал теріс нәтиже берілсе оларды вакциналайды. Вакциналанған бұқаларды, қошқарларды (текелерді) мақсаты бойынша пайдаланады.
Ескерту. 348-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.349. Саламатсыз отарлардан қалыпты төлдеген ірі қара мал мен қалыпты қозылаған қойлардың (ешкілердің) сүтін тамаққа қайнатылған немесе сүт қышқылы түрінде пайдаланады.
Ескерту. 349-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.350. Қоражайларды, керек-жарақтарды, күтіп-бағу заттарын, киім-кешектерді, аяқ киімдерді дезинфекциялайды.
351. Түсік тасталған төлді, төлдік қабықшалар, қойлардың, ешкілердің, қозылардың, лақтардың жолдастары және өлекселері жойылады.
352. Энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастау бойынша қолайсыз отарлардың (топтардың) жануарларды, аурудан қолайлы отарлардың қойлары мен ешкілерін қырққаннан кейін соңғы кезекте қырқады.
353. Қырықтық орны, керек-жарақтары, сондай-ақ, қырықтық құралдары жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады және дезинфекцияланады. Шаруашылық жүргізуші субъектісінен алынған жүнді қайта өңдеу кәсіпорындарына жібереді.
354. Қойлардың энзоотиялық (хламидиоздық) іш тастауы бойынша қолайсыз пункттен шектеу соңғы жануарлар сойылғаннан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейiн күнтізбелік 30 күннен соң алынады.
33-тарау. Жылқы тұмауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 33-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқылардың тұмау ауруының профилактикасы бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
355. Жылқы тұмауының алдын алу мақсатында меншігінде жылқылары бар жеке және заңды тұлғалар мынандай іс-шараларды өткізеді:
1) тұмауға қарсы профилактикалық екпелер жасау үшін оларды жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге жылқы тұмауымен ауыратын және ауру күдігі бар жануарларды кіргізуге (әкелуге) жол берілмейді;
3) барлық жаңа әкелінген жылқыларды карантиндеуде ұстайды.
356. Импортталатын жылқыларға жөнелтуге дейін ең көбі сегіз және ең азы екі апта ішінде жылқы тұмауына қарсы вакцина егілуге тиіс.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және жылқы тұмауы бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
357. Жануарлардың жылқы тұмауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
358. Карантин шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жылқыларды кіргізуге (әкелуге) және оның шеңберінен тыс шығаруға (әкетуге);
2) жылқыларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға (ауру жануарларды оқшауланған жерге шығаруды қоспағанда), сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға рұқсат етілмейді.
359. Жылқы тұмауымен ауыратын және ауру күдігі бар жануарлар оқшауланып, симптомдық емдеуге түседі.
360. Ауру және ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін әрбір күнтізбелік 10 күн сайын дезинфекцияланады.
361. Қи және төсем биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Өлген жануарлардың өлекселері өртеледі.
362. Клиникалық сау жылқыларға вакцина егіледі.
363. Қолайсыз пункттен карантин жануарлардың жылқы тұмауымен соңғы ауыру жағдайынан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
34-тарау. Жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 34-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқылардың жұқпалы анемиясын сауықтыру бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
364. Тақ тұяқты жануарлардың инфекциялық анемиямен ауруының алдын алу мақсатында, меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар инфекциялық анемияға диагностикалық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді. Жануарларды тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) асыл тұқымдық және пайдалану мақсаттары үшін әкімшілік-аумақтық бірліктің шеңберінен тыс шығару (әкету) (жөнелтуге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайды);
2) жаңадан сатып алынған жануарларды карантиндеу;
3) жануарлардың биологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына продуцент ретінде түсуі (арасына күнтізбелік 30 күн салып екі мәрте, одан әрі жылына 2 рет).
365. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларын жинақтауды жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша қолайлы пункттердегі жануарлармен жүргізу қажет.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және жылқылардың
жұқпалы анемиясы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
366. Жануарлардың жылқылардың жұқпалы анемиясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
367. Карантиннің шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және оның шеңберінен тыс шығаруға (әкетуге);
2) сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
3) оларды жылқылардың жұқпалы анемиясы вирусынан зарарсыздандырмай жануарлардан алынатын қан-сарысу дәрі-дәрмектерін сатуға;
4) жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жануарлардан алынған қымызды карантиндегі пункттен шығаруға және сатуға рұқсат етілмейді.
368. Қолайсыз пункт жануарларының барлық мал басы клиникалық тексеруге түседі және диффузиялық преципитациялау реакциясы әдісімен инфекциялық анемияға тексеріледі.
369. Инфекциялық анемиямен клиникалық ауыратын жануарлар оқшауланып, техникалық кәдеге жаратуға жіберіледі.
370. Ауру жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін әрбір күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.
Қи биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.
371. Инфекциялық анемияға серологиялық тексеру кезінде араға күнтізбелік 7-10 күн салып екі мәрте оң немесе күдікті сезінетін және клиникалық ауру белгілері (дене температурасының көтерілуі, ісінуі, жүдеуі) жоқ жануарлар санитарлық қасапханада сойылады. Тамаққа жарамды ет пісіріліп зарарсыздандыруға немесе консервілер дайындау үшін жіберіледі. Басы, сүйектері, ішек-қарындары, терісі кәдеге жаратылады.
372. Қолайсыз пунктте диффузиялық преципитациялау реакциясы әдісімен инфекциялық анемияға тексеру кезінде теріс реакция берген жануарлар топ бойынша екі мәрте теріс реакция алуға дейін араға күнтізбелік 30 күн салып осы әдіспен қайта тексеріледі.
373. Серологиялық тексеру кезінде оң нәтиже берген биелерден туған құлындар диффузиялық преципитациялау реакциясымен араға күнтізбелік 30 күн салып екі мәрте инфекциялық анемияға тексеріледі. Екі мәрте тексерудің нәтижелері теріс болған кезде олар сау деп есептеледі.
374. Бірінші немесе екінші тексеру кезінде күмәнді нәтиже берген жануарлар күнтізбелік 7-10 күннен кейін қайтадан тексерілуге тиіс. Оң және екі мәрте күмәнді нәтиже берген жануарлар союға жатады.
375. Қолайсыз пункттен карантин ауру және оң нәтиже берген жануарлар сойылғаннан кейін, сондай-ақ, араға күнтізбелік 30 күн салып қалған тақ тұяқты жануарлардың мал басын cерологиялық тексерулердің теріс реакцияларын екі мәрте алғаннан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін 3 ай өткен соң алынады.
35-тарау. Жылқылардың сақауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 35-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жылқылардың сақауының профилактикасы бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
376. Аурудың алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар мынадай іс-шараларды өткізеді:
1) ветеринарлық қарап тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) жануарларды толыққанды азықтандыруды ұйымдастырады;
3) құлындарды үлкен мал басынан бөлек ұстайды;
4) жануарларды жеткізуді және жемшөпті сатып алуды тек қана қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жүргізеді;
5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды карантиндеуде ұстайды;
6) 5 жасқа дейінгі жануарларды жылқылардың сақауына қарсы вакцина егу үшін жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
7) қоражайларды профилактикалық дезинфекциялауды жүргізеді.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың сақауы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
377. Жануарлардың жылқылардың сақауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады.
378. Шектеудің шарттары бойынша:
1) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағынан жануарларды және жемшөпті шығаруға (әкетуге);
2) жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің ішінде қайта топтастыруға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
Ауру жануарларды оқшаулайды және емдейді.
379. Барлық мал басының термометриясымен күн сайынғы клиникалық тексеру белгіленеді.
380. Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.
381. Жануарлар тұрған қора-жайлар тазаланады және дезинфекцияланады.
382. Қолайсыз пункттен шектеу жануарлардың жылқылардың сақауымен соңғы ауруы жағдайынан және қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
36-тарау. Жылқы ринопневмониясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 36-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқы ринопневмониясы профилактикасы бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
383. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауруының алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді.
384. Жануарларға тексеру:
1) жануарларды тұқымдық мақсаттар үшін ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумағынан тыс шығару (әкету) кезінде;
2) қайта сатып алынған жануарларға карантиндеу кезеңінде жүргізіледі.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақтарында және жылқы
ринопневмониясыбойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
385. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады.
386. Жылқы ринопневмониясы бойынша қолайсыз пунктте:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және одан тыс шығаруға (әкетуге);
2) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
3) аталық жануарлардан қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерге ұрық беруге жол берілмейдi.
387. Ветеринария саласындағы маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің қалған жануарларына мұқият клиникалық бақылауды белгілейді.
388. Ветеринария саласындағы маманы түсік тастаған немесе төлі өліп қалған құлындаған биелердi симптоматиялық емдеуге түсіреді.
389. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария саласындағы маманы барлық мал басына жылқының ринопневмониясына қарсы вакцина егуді жүргізеді.
390. Әрбiр түсік жағдайынан кейін ат қора дезинфекцияланады.
Тастанды төл қабығымен бiрге өртеледi.
Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық әдiспен зарарсыздандырылады.
Жылқы ринопневмониясымен ауыратын немесе күдігі бар жануарлардан алынған ұша қайнатылады.
Сүйектер мен iшкi органдар жоюға жiберіледi.
Терiні оларды кейіннен таза сумен жуып және кептіре отырып, әк тұнбасы ерітіндісінде (1 килограмм жаңа өшірілген әк 20 литр суға) 12 сағат ұстау жолымен дезинфекцияланады.
391. Жылқылардың ринопневмониясы бойынша қолайсыз пункттен шектеу егер буаздықтың екінші жартысында жануарлар болмаса, соңғы түсік жағдайынан немесе тіршілікке қабілетсіз құлын туылғаннан және қорытынды iс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін екі айдан соң алынады.
37-тарау. Жылқылардың маңқасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 37-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқылардың маңқасын сауықтыру бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
392. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумаққа жылқылардың маңқасының әкелінуін болдырмау мақсатында, қолайлы аумақтардан тек қана клиникалық сау және маллеинизацияда теріс реакция берген жануарларды әкелуге (енгізуге) рұқсат етiледi.
393. Қайта сатып алынған жануарлар күнтізбелік 30 күн ішінде оқшауланып ұсталады және маллеинизация мен клиникалық тексеруге ұшырайды.
394. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жыл сайын жылына бір рет жануарларды маңқаға жоспарлы аллергиялық тексеру жүргізіледі.
395. Жылқылар мына жағдайларда клиникалық және маллеи арқылы тексеріледі:
1) басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлеріне беруге дейін екi апта бұрын;
2) көрмелерге, спорт жарыстарына жiберу алдында;
3) сою алдында.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың маңқасы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
396. Жануарлардың жылқы маңқасымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
397. Карантиннің шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және одан тыс шығаруға (әкетуге);
2) қолайсыз пункттiң аумағы арқылы жылқыларды айдауға және оларға мiніп өтуге;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
4) союға, жылқыларды қымызбен емдеу орындарында пайдалануға, ауру және маңқамен ауру күдігі бар жануарларды қаштыруға рұқсат етiлмейдi.
398. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария саласындағы маманы барлық жануарларды клиникалық тексеруге және маллеинизацияға түсіреді.
399. Тексеру нәтижелерi бойынша жануарларды төрт топқа бөледi:
1) жылқы маңқасының клиникалық белгiлерi анық байқалған жануарлар;
2) анық белгілері жоқ және маллеинизацияда сезінетін;
3) клиникалық белгiлерi жоқ, бiрақ маллеинизацияда оң әсер көрсететін жануарлар;
4) клиникалық белгiлерi жоқ және маллеинияға әсер көрсетпейтін жануарлар.
400. Осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жануарлардың өлекселері терiсi сыпырылмай және ашылмай жағу жолымен жойылады.
401. Маңқамен ауырған жануарлардың өлекселерiн ашуға және олардың терісін сылып алуға жол берілмейді.
402. Ауру жұқтыру күдігі бар жануарлар әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын пунктті қолайлы деп жарияланғанға дейін маллеинизациялау әдiсiмен зерттейдi.
403. Маңқаны жұқтыру күдігі бар жануарларды осы шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағы шегінде жекеленген жерде жаюға рұқсат етiледi.
404. Қора-жайларды дезинфекциялау әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын (әрбір маллеинизациядан кейін) жүргізіледі.
Қиға, төсемге және азық қалдықтарына дезинфекциялық ерiтiндi құйып өртейдi.
405. Қора-жайдағы жылқыларды күтуге арналған барлық заттар, абзелдер, шелектер мен басқа да саймандар:
1) металл заттарды күйдiру жолымен дезинфекцияланады;
2) ағаш заттар, арбалар, шаналар дезинфекцияланады;
3) абзелдің былғары бөліктері, етiктер, кебiстер дезинфекциялық ерiтiндiсiмен сүртіледi;
4) халаттар, сүлгiлер 30 минут бойы қайнатылып зарарсыздандырылады;
5) қызмет көрсететін персоналдың жеке киімдері параформалинді камерада дезинфекцияланады.
406. Қолайсыз пункттегі карантин көзді маллеинизациялау әдісімен барлық сезімтал мал басын зерттеудің үш есе терiс нәтижелерін алу жағдайында маңқамен ауыратын жылқыларды соңғы анықтаудан кейін 45 күн өткен соң және қорытынды дезинфекция жүргiзгеннен кейін алынады.
38-тарау. Жылқылардың эпизоотиялық лимфангиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 38-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiне профилактика
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
407. Аурудың пайда болуының алдын алу үшiн өсіруге арналған жылқыларды жеткізушілер аумағының және шаруашылықтарының эпизоотиялық жай-күйі тұрақты түрде бақыланып отырады. Шаруашылыққа қайтадан келіп түскен жылқылар карантиндеуде ұсталып, тері және көзге көрінетін шырышты қабыршақтары мұқият тексеріледі. Жылқыларды пайдалану кезінде терi жамылғысының жарақаттануына жол бермеу бойынша іс-шараларға ерекше назар аударылады.
408. Эпизоотиялық лимфангиттің пайда болуының алдын алуға жылқыларды ұстау, күтім жасау және пайдалану жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтай отырып қол жеткiзiледi.
409. Жылқыларға арналған қора-жайлар, құрал-саймандар және күтім жасау заттары мерзімді түрде дезинфекцияланады.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың
эпизоотиялық лимфангитi бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
410. Жануарлардың жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiмен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
411. Карантиннiң шарты бойынша шаруашылықта жылқыларды (есектерді, қашарларды) шығаруға, сатуға және көшіруге, жаңа жануарларды кіргізуге, ауру және ауру күдігі бар жануарларды жаюға, сондай-ақ, құлындарды қашыртуға, піштіруге, ауру және ауру күдігі бар биелерден алынған сүтті пайдалануға рұқсат етілмейді.
412. Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын жануарларды қан шықпайтын әдiспен жояды. Өлекселердi терiсiмен бiрге өртейдi.
413. Қолайсыз ферманың сау жылқыларын (есектері, қашарлары) әрбір күнтізбелік 5 күн сайын клиникалық тексеруден өткізеді. Оларды қолайлы фермалардың жылқыларымен байланысты болдырмау шартында шаруашылық ішіндегі жұмыстарға жібереді.
414. Ат қоралар және олардың айналасындағы аумақты тазартады және әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.
415. Абзелдерді бір сағат ішінде 60 С0 температурада формальдегид буымен дезинфекцияланады.
416. Ауру және ауру күдігі бар жануарлардың қиы, төсемі және азық қалдықтары жағылады.
417. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауру жануарды жоюдан, жылқыларды қорытынды клиникалық тексеруден, қора-жайларды тазалап, дезинфекциялаудан кейін 3 айдан соң алынады.
39-тарау. Шошқаның атрофиялық риниті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 39-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Шошқаның атрофиялық ринитін профилактикалау және
жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
418. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитін профилактикалау іс-шараларына негізделген:
шошқаларды ұстау және азықтандыру бойынша жалпы ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық талаптарды сақтау арқылы шаруашылық жүргізуші субъектісіне инфекцияның әкелінуін алдын алуға;
ветеринариялық құжаттармен және инфекциялық атрофиялық риниті бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден шошқалардың табынын жинақтауға;
жаңа әкелiнген шошқаларды карантиндеуде ұстауға;
олардың жасын ескере отырып, шошқалардың бөлек ұстауын сақтауға;
аналық шошқаларды торайлау кезiнде басқа жас топтарынан бөлек ұстауға;
шошқа фермасының аумағына және қора-жайларына көктем мен күзде, кейiннен қиды дезинфекциялап және биотермиялық зарарсыздандыра отырып, механикалық тазалауды жүргізуге;
шошқа қорасының кiреберісіне дезинфекциялық кедергі және дератизация жүйелі орнатуға;
қолайсыз инфекциялық атрофиялық ринитi бойынша жеке сектордың және шаруашылық жүргізуші субъектінің шошқаларымен қатынасқа жол бермеуге;
шошқа тұрған қора-жайларға бөгде адамдардың кiруiн болдырмау;
ветеринария саласындағы мамандар барлық шошқа басына клиникалық қараудан өткiзу;
жануарларды күтіп-бағуда пайдаланылатын заттарды (күрек, айыр, сыпыртқы) күнделiктi тазалауға және дезерiтiндiмен жууға;
әрбір шошқа қорасына сабыны мен сүлгісі бар қолжуғыш орнатуға және арнайы киiмдi шығаруға жол берілмейді;
ветеринариялық зертханаға келіп түскен шошқа өлексесiнiң танау қуысын мiндеттi түрде ашу және инфекциялық атрофиялық ринитке тән өзгерiстердiң болуын зерттеуге негізделген.
419. Ауруға диагнозды белгілеген кезде мынадай іс-шаралар өткiзiледi:
аурудың анық белгiлерi бар ауру шошқалар тобын ортақ шошқа қораларынан оқшаулайды және союға тапсырады немесе шошқа фермасынан тыс аумағына семiртуге қояды;
аурулары табылған шартты сау шошқаның тобын әрбір күнтізбелік 5-6 күннен кейін мұқият жеке клиникалық қараудан өткiзедi және барлық анықталған ауру шошқаларды оқшаулайды және союға тапсырады;
сау шошқаның тобына шошқа қорада қалған барлық шошқа бастарына клиникалық қарау кезінде ауру және ауру күдігі бар жануарлар анықталмаған және олардың жұқтырмаудан қорғау іс-шаралары қабылданған шошқа бастары жатады.
420. Шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтыру кезінде мыналар қарастырылады:
1) қолайлы шошқа қоралардан іріктелген үш және одан да көп торайлары бар клиникалық сау аналық шошқалар мен екi жастан асқан аталық шошқалардан топ құру және оларды шаруашылық сауықтырылғанша жеке оқшауланған, құрғақ, ауасы жақсы желдетілетін қора-жайларда орналастыру;
2) осы топтар тұратын шошқа қораларды және айналадағы ортаны тазалау, қажетті жөндеу жұмысын, дезинфекция және дератизация жүргізу;
3) оқшауланып ұсталатын клиникалық сау шошқа топтарын жазғы лагерге шығару және осы шошқа басын күту үшін жеке персоналды бекіту;
4) шошқаның қолайсыз бастарын шошқалардың қолайлы топтарда өсірілген сау аналық баспен ауыстыра отырып, союға тапсыру немесе шошқалардың инфекциялық атрофиялық ринит ауруынан қолайлы басқа шаруашылықтан сау бастарын әкелу.
421. Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
422. Шектеу талаптары бойынша мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің табынын көбейту үшін толық сауыққанша басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шошқаларды шығаруға;
2) клиникалық ауру шошқаларды семiрту үшін басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шығаруға рұқсат берiлмейдi.
423. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бiр жыл iшiнде ауру болмаған кезде және шартты қолайлы топтардың негізгі аналық шошқалардан соңғы екi рет торайлану кезінде инфекциялық атрофикалық ринитке қолайлы сау торайлар алынған жағдайда, сондай-ақ қорытынды ветеринариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін инфекциялық атрофиялық ринит бойынша қолайлы деп жариялайды.
40-тарау. Шошқаның африкалық обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 40-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Шошқаның африкалық обасын профилактикалау және
жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
424. Шошқаның африкалық обасы вирусының әкелінуiн алдын алу мақсатында мыналарға:
1) шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден үй және жабайы жануарларды, оларды союдың өнiмдерiнiң және азықтың барлық түрін кіргізуге;
2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлiк құралдарының иелерiне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз мемлекеттерде сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын ет өнiмдерiн (консервiлерден басқа) жеткізуге;
3) Көлік құралдарынан Қазақстан Республикасының теңіз порттары акваторияларына, әуе кеңістігіне, темір және тас жол магистральдары бойынша тамақ қалдықтары мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді. Шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден келген кемедегi ағынды су зарарсыздандыруға жатады. Тамақ (ет) өнiмдерi бар сақтайтын тоңазытқыш камералары және теңiз, өзен кемелерiндегi қоймалары Қазақстан Республикасы портында барлық тоқтап тұру кезеңінде пломбалауға жатады;
4) шошқаларды халықаралық әуе, теңiз, өзен порттары және шекаралық темiржол станцияларының аумақтарында ұстауға жол берілмейді.
425. Ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп, шошқалардың африкалық обасы бойынша саламаттылығына қарамастан, шет мемлекеттерден келген теңіз және өзен кемелерінен, ұшақтардан, вагон-мейрамханалардан, рефрижераторлардан және басқа да көлік құралдарынан түсірілген қоқыстың, тамақ және басқа да қалдықтардың жиналуына және залалсыздандырылуына бақылау жүргізеді. Бұл қалдықтар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қаланың қоқыс тастайтын жерлерінен тыс арнайы жабдықталған орында өртеу арқылы жойылуы тиіс.
Ескерту. 425-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.426. Мемлекеттерден (шошқаның африкалық обасы бойынша саламатсыз) келетін жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиесілі жүктерді, қол жүгін, сондай-ақ халықаралық почта жөнелтілімдерін тиісті шаралар қабылдау үшін ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тексеріп қарайды.
Ескерту. 426-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.427. Қазақстан Республикасына ауру вирусының әкеліну қаупі төнген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында аурудың эпизоотиялық ошақтары туындаған жағдайда, облыстардың, аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен шошқаның африкалық обасына қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссияларды құрады. Комиссия құрамына тиісінше жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді, олардың қатысуы шошқаның африкалық обасының алдын алу және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажет.
Ескерту. 427-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.428. Қазақстан Республикасымен шекаралас аумақта шошқаның африкалық обасы пайда болған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары шекаралас аудандардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қайта өңдеу кәсіпорындардың тұрғындарына шошқа шаруашылығы үшін туындаған қауіптер туралы кеңінен таныстыруды ұйымдастыруы және Қазақстан Республикасының аумағына аурудың вирусының әкелінуiн болдырмау бойынша іс-шараларды қабылдайды.
429. Шаруашылық жүргізуші субъектiсiндегі ветеринариялық маман шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк пайда болған кезде ол туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
430. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы шошқаның африкалық обасы ауруына жануарларда күдiгі туралы хабарлама алған кезде, эпизоотиялық тексеру, патологиялық материалдарды іріктеу жүргiзу үшін және эпизоотиялық ошақтың шекарасын, қолайсыз пунктті, аурудың таралу мүмкін жолдарын анықтауға тез арада сол жерге келуге және аурудың таралуын болдырмау бойынша мынадай іс-шараларды қабылдауы қажет:
1) ауру және ауру күдiгi бар шошқаларды олар болған қора-жайлардан оқшаулау;
2) жануарлардың (құстарды қоса алғанда) барлық түрлерін союға және ет өнiмдерiн (ет, май, терi, қауырсын, түбiт) сатуға жол бермеу;
3) ауру анықталған елдi-мекеннен, шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуға және олардың аумақтарына көлік құралдарының кез-келген түрлеріне кіруге, шаруашылық жүргізуші субъектіден тиісті санитарлық өңдеусіз қызмет көрсету персоналына шығуға жол берілмейді;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағынан жануарлардың өнімдерін және шикізаттарын, азықтарын және өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға;
5) шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк болған кезде тиісті іс-шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, көрші аудандардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларына, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге қабылданған іс-шаралар туралы тез арада хабарлауға;
6) пысықталған патологиялық материалды ветеринариялық зертханаға патологиялық материалдарды іріктеу және қайта жіберудің белгiленген тәртiбін сақтай отырып, шошқаның африкалық обасын зерттеу үшін жiбередi.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақта шошқаның африкалық обасын жою
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
431. Шошқаның африкалық обасының диагнозын қою туралы материалдарды алғаннан кейін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы жергiлiктi атқарушы органға карантинді белгілеу туралы ұсыныс енгізеді.
432. Ветеринария саласындағы уәкілеттік органмен бекітілген аумақтарды аймаққа бөлу қағидаларына сәйкес эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтайды және онда аурудың профилактикасы мен жою бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады.
433. Карантин шарттары бойынша:
1) жануарлардың барлық түрлерін, оның ішінде құстарды шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына әкелуге, одан тысқары жерлерге әкетуге;
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты оларда дайындауға және олардың аумағынан шығаруға;
3) өсімдік шаруашылығы өнімдерін олардың аумағынан әкетуге;
4) шаруашылық жүргізуші субъектіге бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына көлік құралдарының кіруіне және шаруашылық жүргізуші субъектіде шошқа басын қайта топтастыруға;
5) базарларда және басқа да сауда орындарында жануарлармен, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатпен сауда жасауға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерді (аукциондарды) және адамдар мен жануарлар жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
Ескерту. 433-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.434. Эпизоотиялық ошақтағы барлық шошқаларды қан шықпайтын әдiсiмен жояды. Өлген, сойылған шошқаның өлексесiн, қиды, азық қалдықтарын, ыдысты және арзан құнды құрал-жабдықтарды, сондай-ақ тозған қора-жайларды, ағаш едендердi, науаларды, қалқаларды сол жерде өртейдi.
435. Жануарлар ұсталған қора-жайларға, қоршаулар мен басқа орындарға мына тәртіпте 3 рет дезинфекцияны жүргізеді: бiрiншi - жануарларды жойғаннан кейiн бiрден жасайды; екiншi - ағаш едендердi, қалқаларды, науаларды алғаннан және тиянақты механикалық тазарту жүргізгеннен кейiн; үшiншi - карантиндi алардың алдында жасайды. Бiрiншi дезинфекцияны жүргізген кезде дезакаризация, дератизация, дезинсекция жасалады.
Дератизация жасағаннан кейiн жиналған кемiргiштердiң өлекселерін өртейдi.
436. Барлық қора-жайларға, құрал-жабдықтарға, қоршауларға, мал сою пункттерге және жануарлар тұрған басқа орындарға механикалық тазарту жүргізудің алдында дезинфекциялауға түседі.
437. Жануарлардың қора-жайларына, қоршауларға, азық алаңдарына, мал сою пункттерге, ет өңдеу кәсіпорындарға және басқа объектілерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттар қолданылады.
438. Жануарлардың өлекселерi болған қора-жайлардың жерлерiн (ағаш едендердi алғаннан кейiн), қораларды, орындарды дезинфекциялау жүргізеді. 24 сағат өткен соң жердiң 10-15 сантиметр қабатын қопарып алады және арнайы қазылған, тереңдiгi кемiнде 2 метр орға көмедi. Топырақ бетiне бiркелкi дезинфекция жүргізеді.
439. Нәжіс жинағыштағы қи бөкпесін дезинфекциялайды.
440. Жануарлардың қи қоймасындағы қиды дезинфекциялап араластырады, содан 1,5 метр тереңдiкке көмiп тастайды.
441. Қилардың көп мөлшерін биологиялық зарарсыздандыру үшін 1 жылға қалдырады. Ол үшiн, қи қойманың жиегiне 1 шаршы метрге 2 килограмм құрғақ хлорлы әк себеді. Қи қоймасының ішкі жағының периметрі бойынша тікенек сымдардан қоршау орнатады және ор қазады.
442. Көлiк құралдарды және басқа да техникаларды (бульдозерлер, экскаваторлар және басқалар) сол эпизоотиялық ошақтың аймағындағы арнайы бөлінген алаңда мұқият жуып болған соң, дезинфекциялайды, ол үшiн осы Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық заттардың бiреуiн қолданады.
443. Дезинфекциялық кедергілерді, дезтөсенiштердi, дезванналарды Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген препараттардың біреуімен толтырады.
444. Эпизоотиялық ошақты душ қабылдайтын кабиналармен жабдықтайды және онда жұмыс істейтін адамнан басқа, барлық мамандар күнде гигиеналық душта санитариялық өңдеуден өтедi. Бұл ретте, сыртқы, iшкi киiмдердi, бас киiмдердi, арнайы жұмыс киiмдердi және аяқ киiмдердi бу камерасында 57-600 С температурасымен 1 сағат ішінде зарарсыздандырады. Ошақтағы жұмыс толық аяқталғаннан кейiн пайдаланылған арнайы киiмдердi отқа жағады.
445. Ауаның температурасы төмен болған жағдайда дезинфекцияның алдында тиянақты механикалық тазарту жұмыстары жүргiзiледi. Ол үшiн дезинфекциялық объектілердің беті ең алдымен дезинфекция ерітіндісінің бiреуiмен суарады, сонан кейiн мұздан, қардан босатады да, қи мен қоқысты тазалайды.
3-параграф. Буферлік аймақта жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
446.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы шаруашылық жүргізуші субъектідегi, елді-мекендегі барлық шошқаларды дереу есепке алады, шаруашылық жүргізуші субъектiге шошқаларды сатуға, ауыстыруға, қора-жайдан шығаруға, союға жол бермеу туралы жазбаша түрде ескертедi.
447. Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұрығымен қаулысымен бекітілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринарлық дәрігер қысқа мерзiмде барлық шошқалардың алуды жүзеге асырады. Жануарларды тасымалдау кезiнде жүру жолында қоршаған ортаны вируспен ластамау үшiн тасымалдау көлiктерiнің шанағын жабдықтайды.
448. Шошқаларды түсiргеннен кейiн көлік құралдары арнайы оқшауланған орында механикалық тазартуға және дезинфекциялауға жатады. Көлiк құралына санитариялық өңдеудің жүргізілгені туралы бұл жұмысты есепке алу журналына жазады.
449. Буферлік аймақта шошқаларды союды вирустың таралу мүмкіндігін болдырмайтын осы Қағидаларды сақтай отырып жүргізеді.
450. Сойылған шошқадан алынған етті және оның өнiмдерiн пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервілерге қайта өңдейдi
451. Еттердi көрсетiлген өнiмдерге қайта өңдеу мүмкiн емес болса, онда оларды пiсiру арқылы зарарсыздандырады. Өндiрiлген өнiм қолайсыз аумақтың шегінде пайдаланылады.
452. Егер ұшаны сойған кезде бұлшықеттерде, iшкi органдарында және теріде қанталау немесе дегенеративтiк өзгерiстер анықталса, онда оларды барлық ішкі органдарымен өртеу арқылы жояды.
453. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз пункттерден және эпизоотиялық ошақтарынан буферлік аймаққа апаратын барлық жолдарға, буферлік аймақтың және қадағалау аймақтың сыртқы шекарасына апаратын жолдарға тәуліктік карантиндiк-күзеттiк полициялық бекеттері орнатылады.
454. Бекеттердi шлагбауммен, дезтосқауылмен және кезекшiлерге арналған үйшiктермен жабдықтайды.
4-параграф. Бақылау аймағында жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
455. Базарларда шошқалардың және олардың өнiмдерiнің саудасына жол берілмейді.
456. Шаруашылық жүргізуші субъектiдегi барлық шошқа бастарына қайта есепке алу жүргізіледі. Оларды жаюға жол берілмейді. Шошқаның классикалық обасына және шошқа тiлмесiне қарсы иммундау жұмыстары жүргізіледі.
457. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерде барлық санаттағы шошқалардың денсаулығының жағдайына мемлекеттiк ветеринариялық бақылауды және қадағалауды күшейтедi. Ветеринариялық зертханаларға шошқалардың өлекселерiн және патологиялық материалдарды зерттеу үшін пошта арқылы қайта жiберуге жол берілмейді. Патологиялық материалдарды тиiстi талаптарды сақтай отырып қолма-қол жеткізуге ғана жол беріледі.
5-параграф. Карантиндi және шектеудi алу бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
458. Шаруашылық жүргізуші субъектідегі шошқаның африкалық обасы бойынша карантин күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
459. Карантин алынғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шошқаларды және оны сойғаннан кейін алынған өнiмдерi мен шикiзаттарын қолайсыз аудандардан, облыстардан тыс шығаруға жол берілмейді.
460. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аудандардың (қалалардың), облыстардың ішкі сауда объектілерінде және шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде шошқаны сатуға және тұрғындардан сатып алуға жол берілмейді.
461. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аудандардың, облыстардың байланыс бөлiмшелерiнде азаматтардан жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттары бар сәлемдемелердi қабылдауға жол берілмейді.
462. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аумақтар үшін белгіленген шектеулер қадағалау аймақтың шекаралас әкімшілік-аумақтық бірлікке де қатысты.
463. Карантиннің әрекет ету мерзімінде қолайсыз аудандардан, облыстардан тыс шығатын кезде жолдарда карантиндік бекеттер жұмыс атқаруы қажет.
464. Бұрынғы эпизоотиялық ошақтарында және буферлік аймақтарда карантин алынғаннан кейiн 12 айдан соң, шаруашылық жүргізуші субъектілерді шошқалармен жинақтауға рұқсат берiледi.
465. Ірі шошқа шаруашылығының кешеніне жануарлар басын жинақтау карантин алынғаннан кейiн 12 айдан соң, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатымен жол беріледі. Мұндай қора-жайларға жануарлардың (құстарды қоса алғанда) басқа түрлерін орналастыру карантин алынғаннан кейiн рұқсат берiледi.
41-тарау. Шошқаның везикулярлық ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 41-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Шошқаның везикулярлық ауруының әкелінуiнiң алдын
алу бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
466. Ауру қоздырғыштың әкелінуін алдын алу мақсатында мыналарға:
1) везикулярлық ауруға қолайсыз елдерден шошқаның терiсiн, шошқа өнiмдерiн және шошқаларды әкелуге;
2) халықаралық желілерге қызмет көрсететін әуежайлардан, ұшақтардан, пароходтардан, пойыздардан жиналған тамақ қалдықтарын шошқаларға азық ретiнде пайдалануға;
3) құстардың жаппай ұшу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектiлердің ашық жайылым алаңдарда шошқаларды ұстауға жол берілмейді.
467. Шошқаның везикулярлық ауруының негізгі алдын алуы ауру қоздырғышының қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелінуін болдырмау және шаруашылық жүргізуші субъектінің шегінде шошқа басының өткізілуіне бақылау болып табылады.
468. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының әкелінуін алдын алу үшiн:
3) шаруашылық жүргізуші субъектіні везикулярлық ауруына қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден сау жануарлармен толықтыру қажет;
4) шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелiнген шошқаларды карантиндеуде ұстау қажет. Карантин кезiнде шошқаларға шошқаның везикулярлық ауруына серологиялық зерттеу жүргізеді.
469. Шошқаның везикулярлық ауруына күдіктенген жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы және шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маман бұл туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды, ауру және ауруға күдікті жануарларды оқшаулауды ұйымдастырады, оларға жеке қызмет көрсетуші персоналды бекітіп береді.
Ескерту. 469-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.470. Шошқаның везикулярлық ауруына күдік туралы хабарлама алған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және мемлекеттік ветеринариялық дәрігері дереу сол жерге келіп, эпизоотиялық жағдайды анықтап, диагнозын анықтау және аурудың таралуына жол бермеу үшін шаралар қолдану қажет.
Ескерту. 470-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.471. Осы мақсатта:
1) ауру қоздырғышының әкеліну көздерін және жолдарын анықтау бойынша шаруашылықта мұқият эпизоотиялық зерттеу, талдау жүргiзіледi;
2) айналадағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде шошқаның везикулярлық ауруының және басқа ауруларының эпизоотиялық жағдайын нақтылайды;
3) оқшауда тұрған шошқа басына, аурудың әртүрлі сатысында жануарлардың дене қызу реакциясына назар аудара отырып, клиникалық тексеру жүргізіледі;
4) патологиялық материалдарды іріктеп, зерттеуге жолдайды.
2-параграф. Шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының
әкелінуі қаупі бар аймақтағы жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
472. Қауiптi аймақта мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) тұрғындарды аурудың таралу қаупi және осыған байланысты жүргізілетін іс-шаралар туралы хабардар етедi. Шошқаларға активтілігі жойылған профилактикалық вакцинаны қолайсыз пункттен карантинді алғаннан кейiн 2 жыл бойы егеді;
2) жануарлардың өсіруін, жануарлардан жасалған өнімдер мен шикізаттардың дайындауын (союын), сақтау мен қайта өңдеуін, сатуын жүзеге асыратын ішкі саудада, қайта өңдейтін кәсіпорындарда, мал сою алаңдарда немесе мал сою пункттерде, өндіріс объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейтедi;
3) қауiптi аймақтан шошқаларды әкелуге және әкетуге (қайта өңдейтін кәсіпорындарды, сою алаңдары мен сою пункттерін қоспағанда) жол берілмейді. Ішкі сауда объектілерінде тірі шошқалардың саудасы Шошқаның везикулярлық ауруына қарсы вакцина еккен кейін күнтізбелік 21 күннен кейiн жүргізеді;
4) шошқаларды ұстауға және азықтандыруға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау қойылады.
3-параграф. Шошқаның везикулярлық ауруын жоя бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
473. Шошқаның везикулярлық ауруының диагнозы анықталған кезде карантин қойылады.
474. Карантин шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына шошқаларды әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге (жануарларды өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне әкетуді қоспағанда);
2) саламасыз пункттен ет комбинаттарына немесе қайта өңдеуге арналған сою пункттеріне, сондай-ақ азықтарды, жабдықтар мен мүкәммалды қоспағанда, шикі шошқа етін және басқа да зарарсыздандырылмаған шошқаларды сою өнімдерін шығаруға;
3) ветеринария саласындағы мамандардың келісімінсіз шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде шошқаларды сою және қайта топтастыруға;
4) көлік құралдарын шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерлерге дезинфекциялық дауалаусыз шығаруға;
5) санитариялық дауалаусыз аурудың эпизоотиялық ошағынан қызмет көрсететін персоналдың шығуына;
6) жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғалардың шошқа қора-жайларына кіруіне.
7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ шикі түрдегі сою өнімдерін (ет, май, ливер) сатуға жол берілмейді.
Ескерту. 474-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.475. Шаруашылық жүргізуші субъектіде барлық шошқа басын сою тиімсіз болып табылатын қолайсыз шошқа кешендерiнде және репродуктивтi шаруашылық жүргізуші субъектілерде, асыл тұқымды зауыттарда күнделiктi клиникалық қарау жүргізеді, шошқаның везикулярлық ауруымен ауырған және ауруға күдiктi барлық жануарларды сояды және қора-жайларды дезинфекциялайды. Қолайсыз шошқаның везикулярлық ауруынан сау және қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі шошқаларға вакцина егiледi.
476. Шошқаның везикулярлық ауруымен ауыратын және ауруға күдiктi шошқаларды союды ет комбинаттардың санитариялық сою цехтарында немесе ортақ конвейерде, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмайтын қағидаларды сақтай отырып, арнайы жабдықталған сою пункттерiнде (аулаларда) жүргізеді.
477. Шошқаларды союға немесе олардан алынған өнiмдердi қайта өңдеу үшін ет комбинатына және сою пунктіне сұйықтықты өткізбейтін, тығыз шанағы бар көлік құралымен жеткізеді. Жүру жолында елдi-мекендерде тоқтауға, сондай-ақ шошқаны союға жол берілмейді.
478. Шаруашылық жүргізуші субъектiден, сондай-ақ ет комбинаты немесе сою пунктi аумағынан шығатын көлiк құралдар мұқият тазаланады және дезинфекцияланады. Жануарларды тиеу және түсiру кезiнде, сондай-ақ жүру жолында шошқаларға қызмет көрсететін қызметкерлердің арнайы киiмдерi және аяқ киімдері дезинфекцияланады.
479. Жануарларды сою кезінде пайдаланған жабдықтарды жұмыс аяқталған соң мұқият дезинфекциялайды. Құндылығы аз ағаштан жасалынған құралдарды өртейдi. Сою пункттерiн (аулаларды) тазалайды және дезинфекциялайды.
480. Еттi, қыртыс майды және субөнімдерді пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервi жасауға қайта өңдейді немесе пiсiруге жiбередi.
481. Жануарлардың арық ұшаларды барлық iшкi құрылыс мүшелерiмен бiрге, сондай-ақ шошқалардың өлекселерiн өртейді немесе ветеринария саласындағы мамандардың бақылауымен техникалық жоюға жiбередi.
482. Жануарлардың терiсiн сылып алмайды, оларды үйітеді немесе жидiтедi. Ет комбинаттарында немесе сою пункттерiнде жануарлардың зарарсыздандырылатын терiсiн сылып алуға жол беріледі.
483. Барлық орындалған іс-шаралардан кейін карантиндi алар алдында екi рет қорытынды дезинфекцияны жүргізеді.
484. Шошқаның везикулярлық ауруын профилактикалау үшiн активтілігі жойылған вакцина қолданады.
485. Везикулярлық ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру немесе ауруға күдікті барлық жануарларды сойғаннан кейін, сондай-ақ барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды жүргізілген соң күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
486. Шаруашылық жүргізуші субъектiден карантинді алғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шектеу қойылады, бұл уақыт iшiнде:
1) ет комбинатынан басқа бұрынғы шошқаның везикулярлық ауруына қолайсыз аумақтан тыс шошқаларды және олардың өнімдерін шығаруға және сатуға;
2) сәлемдемемен шошқадан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды жiберуге жол берілмейді.
42-тарау. Шошқа дизентериясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 42-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын шошқаның дизентериясын профилактикалау бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
487. Дизентерияны болдырмау және таратпау мақсатында жеке және заңды тұлғалар:
1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi және шошқа басын азықтандыру мен ұстау технологиясының талаптарын қатаң орындауға;
2) жабық түрдегi шошқа фермаларын өзінің сауықтырылатын жас мал есебiнен, ал бордақылау шаруашылықтарын жұқпалы аурулар бойынша оның ішінде шошқа дизентериясы бойынша қолайлы (кемінде 2-3 жыл ішінде) бекітілген шаруашылық жүргізуші субъектiлерден әкелінетін мал басы есебінен жинақтауға;
3) шошқа дизентериясы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлермен шаруашылық байланыстарына жол бермеуге;
4) бордақылау шаруашылық жүргізуші субъектiлерде көбейту үшін бір реттік шошқаларды және қабандарды пайдалануға қатаң жол бермеуі тиіс.
488. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге әкелінетін жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы ұстайды.
489. Фермадағы шошқаларда дизентерияға күдiктi гастроэнтерит карантині пайда болған кезде барлық жануарларды тобы кейіннен қора-жайларды (секцияларды, торларды, станоктарды) санациялай отырып, союға тапсырылады.
490. Сауықтырылатын жануарларды бір цехтан екiншi цехқа негізгі фермаға ауыстыру кезінде торайлардың тері жамылғысын құрамында 0,5 пайыз күйдiргiш натрий және 1 пайыз формальдегиді бар сiлтiлi ерiтiндiсiмен өңдейді.
2-параграф. Шошқаның дизентериясы бойынша эпизоотиялық
ошақтарында және қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
491. Ауру жануарлар бөлiнген шаруашылық жүргізуші субъектiге мынадай:
1) жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеуі;
2) бөгде адамдардың келуі;
3) жеке және заңды тұлғалардың дезинфекциялауды жүргiзуі шектеу қойылады.
492. Емдеу үшiн Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттар қолданылады.
43-тарау. Шошқаның классикалық обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 43-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
493. Шошқаның классикалық обасының (бұдан әрі – ШКО) пайда болуын және таралуын алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерге, ветеринария мамандарына, сондай-ақ, жануарлардың иелерiне:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келіп түскен барлық шошқаларды күнтізбелік 30 күн оқшаулап ұстау;
2) шошқаларды тамақ қалдықтарымен термиялық зарарсыздандырудан кейiн азықтандыруы қажет.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақтарында және қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
494. ШКО диагнозы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектi аумағына карантин қойылады.
495. Қолайсыз пункттегі (шаруашылық жүргізуші субъектiден) карантинді жануарлардың ШКО-дан өлуінің немесе сауығуының соңғы жағдайынан кейін күнтізбелік 40 күн өткен соң алынады. Шошқаларды шаруашылық жүргізуші субъектiден шығару бойынша шектеулер карантин алынғаннан кейін 12 айдан соң алынады.
496. Карантиннiң шарты бойынша:
1) қолайсыз пункттерге шошқаларды (қайта өңдеу кәсiпорындарды қоспағанда) әкелуге (кіргізуге) және олардан әкетуге (шығаруға);
2) ветеринария саласындағы маманының рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде шошқаларды союға және қайта топтастыруға;
3) дезинфекциялық өңдеусіз көлiктiң кез келген түрiн қолайсыз пункттен шығаруға;
4) шошқаларға қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың шошқа қора-жайларына кіруіне;
5) қызмет көрсететін персоналдың аурудың эпизоотиялық ошағынан санитариялық өңдеуден өткiзбей жұмыс киiммен және аяқ киiммен шығуына;
6) қолайсыз пункттен азықтарды әкетуге;
7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ, шикі түріндегі ет өнімдерін (ет, май, өкпе-бауыр және тағы да басқалары) сатуға жол берілмейді.
497. Эпизоотиялық ошақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық шошқалар союға жатады, ал барлық шошқа басын сою орынсыз болатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық шошқаларды қараудан өткiзеді және клиникалық сау шошқаларға ШКО-ға қарсы вакцина егіледi.
498. ШКО бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде аналық шошқаларды ШКО-ға қарсы тiрi вирус-вакцинамен иммунизациялауды ұрықтануға дейiн жүргiзедi. Торайлайтын аналық шошқаларға тiрi вакцина егуге жол берілмейді. Торайлайтын аналық шошқалар арасында ауру пайда болған жағдайда, оларға вирус-вакциналар егедi, алайда кейіннен союға өткізу үшін бордақылауға ауыстыра отырып, одан әрі өсiрудiң циклынан алып тастайды.
499. Ауру және ауру күдігі бар және ШКО жұқтыруға күдiктi жануарларды сою қайта өңдеу кәсiпорындарда, сою алаңдарында немесе сою пункттерінде жүргізіледі.
500. Ауру және ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қора-жайларға механикалық тазарту және дезинфекциялау жүргiзiледі.
501. Обадан өлген шошқалардың өлекселерін өртеу арқылы жояды.
3-параграф. Шошқаның классикалық обасынан қауіп төнетін
аумақта жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
502. ШКО бойынша қауіп төнетін аумақта барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлердің барлық шошқаларына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау орнатылады, жүйелі түрде есепке алу және клиникалық қарау жүргiзiлiп, ветеринария мамандарының рұқсатынсыз оларды қайта топтастыруға жол берілмейді.
503. Бұрын жүргізілген вакцина егу мерзімдерді ескере отырып, барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде ШКО-ға қарсы профилактикалық вакцина егу жүргізіледі.
44-тарау. Шошқа тілмесі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 44-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Шошқа тiлмесiнің профилактикасы және оны жою
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
504. Шошқа тiлмесiнiң профилактикасы бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды:
1) шошқаларды тікелей күн сәулесiнен қорғауды қамтамасыз ететін жануарларға жазғы-лагерлік ұстауды жабдықтау жолымен жылу күйзелісінің профилактикасын;
2) шошқаларды құрама тамақ қалдықтарымен залалсыздандырылмаған күйде азықтандыруға жол бермеуді;
3) шошқаларды союды қайта өңдеу кәсiпорындарда немесе жануарларды сою бойынша мамандандырылған пункттерде жүргізуді қамтиды.
505. Шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында диагноз анықталған кезде шектеу қойылады.
506. Шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу ауру жануардың соңғы сауығу жағдайынан және қора-жайларды, жаю алаңдарын және күтім жасау заттарын мұқият тазартқаннан және қорытынды дезинфекциялау жүргiзгеннен кейін күнтізбелік 14 күн өткен соң алынады.
507. Шектеудiң шарттары бойынша:
3) шошқаларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға);
4) шошқаларды шарасыз союдан алынған зарарсыздандырылмаған етiн шығаруға;
5) ауру шошқалармен байланыста болған шошқаларды азықтандыруға арналған азықтарды шығаруға жол берілмейді.
508. Тілмемен клиникалық ауыратын шошқаларды пенициллин қосылған тiлмеге қарсы гипериммунды сывороткамен емдейдi. Аурудан сауыққан жануарларды олар сауыққаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей және барлық шошқаларды тiлмеге қарсы вакцина егілгеннен кейін терi жамылғылары мен аяқтарын дезинфекциялағаннан соң қайтарады.
509. Қолайсыз эпизоотиялық ошақтарындағы клиникалық сау шошқаларға тiлмеге қарсы вакцина егеді.
510. Технология бойынша қайта өңдеу кәсiпорындарға өткізуге жататын шошқалар арасында тiлме ауруы пайда болған кезде, ауруларды оқшаулайды және емдейді, ал клиникалық сау шошқаларды тез арада сою үшін жақын жердегi етті қайта өңдейтiн кәсiпорындарға жiбередi. Жiберiлген күнi союды жүзеге асыру мүмкiн болмаған кезде, сау жануарларды сол жерде қалдырып, тiлмеге қарсы вакцина егеді және күнтізбелік 10 күннен кейiн шектеусiз союға тапсырады.
511. Ауру шошқаларды бөлудің әрбiр жағдайынан кейін, шошқа қораның еденi мен қабырғасын тазартады, жуады және Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттармен дезинфекциялайды.
512. Өлекселерден немесе шарасыз сойылған тілмемен ауыратын шошқалардан сылып алынған терiлер дезинфекцияланады. Өңделген терiлердi өткiзбейтiн ыдысқа орайды да терi зауытына жiбередi. Терiнiң дезинфекциялауын ұйымдастыру мүмкiн болмаған кезде, өлексенi терiсiмен бірге жояды.
45-тарау. Шошқалардың трансмиссивті гастроэнтериті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 45-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтерит ауруынан
профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
513. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритпен ауруының алдын алу және профилактикалау мақсатында шошқалары бар шаруашылық жүргізуші субъектiлер жыл сайын шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритін профилактикалау бойынша жоспарлы ветеринариялық iс-шараларды жүргізедi.
514. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритiн профилактикалау мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң аумағын инфекция қоздырғышының әкелінуiнен қорғауға;
2) шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритке қарсы барлық аналық шошқаларға жүйелі профилактикалық вакцинаны тиісті вакцинаны қолдану бойынша басшылыққа сәйкес егуге;
3) негізгі және сауыққан аналық шошқалардың бөлек торайлануын ұйымдастыру;
4) шошқалардың торайлануын жүргізген кезде "бос - бос емес" қағидатын сақтауға;
5) құрал-саймандар мен жабдықтар бар шошқалардың торайлануға арналған қора-жайлардағы профилактикалық үзіліс кезінде мұқият механикалық тазартуды, дезинфекциялауды, жууды, кептiруді жүргізуге негiзделедi.
515. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді және репродукторларды жинақтау тәртібі шаруашылық жүргізуші субъектінің – сатып алушылар мен жеткізулердің трансмиссивтi гастроэнтериті бойынша эпизоотиялық қолайлығынан шыға отырып белгіленеді.
516. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiнен бос шаруашылық жүргізуші субъектiні шошқа басымен жинақтауды, осы ауру бойынша эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық жүргізуші субъектiлерген, сондай-ақ карантин кезiнде мiндеттi түрде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне серологиялық тексеру жүргізу қажет. Егер, оң әсер ететін жануарлар анықталса, онда шаруашылық жүргізуші субъектiсiн шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiнен бос шошқалардың тобымен жинақтауға жол берілмейді. Бұл жануарлар союға немесе эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық жүргізуші субъектiсiне беруге жатады.
517. Серологиялық зерттеу кезiнде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне оң әсер ететін жануарлар анықталған шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде осындай жағдайдағы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiмен немесе аурудан бос шаруашылықтан жинақтау рұқсат етіледі.
518. Ауруға қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі және зерттеу кезiнде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне оң әсер ететін жануарлар бар шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі барлық аналық шошқа басына вакцина егіледi.
519. Шошқа қора-жайларындағы микроклиматтың тиісті технологиялық параметрлерін ұстау қажет.
2-параграф. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритіне қолайсыз
шаруашылықты сауықтыру жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
520. Қолайсыз пунктке шектеу қойылады. Шектеудiң шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiсiне кіргізуге және басқа шаруашылық жүргізуші субъектіден шығаруға;
2) қолайсыз шошқалардың басын қайта топтастыруға;
3) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiсiне, жануарларға қызмет көрсетуге байланысты емес адамдарға кіруге жол берілмейді.
521. Барлық буаз аналық шошқаларды шошқаның вирустық трансмиссивтi гастроэнтеритiне қарсы вакцинасын егеді.
522. Клиникалық сау жануарларды сою үшін қайта өңдеу кәсіпорындарға, сою алаңдарға немесе сою пункттерге арнайы жабдықталған көлiк құралдармен шығаруға рұқсат етіледі.
523. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне қолайсыз шаруашылық субъектiлерiнде шошқалар тұрған бөлiмдердi, күтiм құралдарын, көлiк, құрал саймандарды шектеу алынғанша, күн сайын күйдiргiш натрийдiң 3 пайыздық ерiтiндiсiмен немесе жаңа сөндiрiлген әктiң 20 пайыздық тұнбасымен дезинфекциялайды.
524. Шаруашылық жүргізуші субъектiсi және оның ветеринария саласындағы мамандары тез арада осы аурудың өршуіне себеп болған шошқаларды ұстаудың технологиясындағы бұзушылықтарды жоюға іс-шаралар қабылдайды.
525. Шошқадан, аурудан және шошқаның трансмиссивтi гастроэнтерит ауруы бойынша күдігі бар шошқадан алынған етке және субөнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгеннен кейін пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжық өнімдерін, консервiлерін дайындауға жіберіледі. Шұжық өнімдеріне қайта өңдеу мүмкін болмаса, етті және субөнімдерді қайната отырып зарарсыздандырылады, шикі түрінде пайдалануға жол берілмейді.
526. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтерит ауруынан өлген жануарлардың өлекселерiн өртейді.
527. Жануардың соңғы өлу жағдайынан және союға тапсырғаннан немесе ауырған жануарлардың сауықтыруларынан күнтізбелік 21 күннен кейiн және бекітілген іс-шараларды жүргізген соң қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiсi деп жариялайды.
46-тарау. Шошқалардың энцефаломиелиті (Тешен ауруы) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 46-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитінің
(Тешен ауруы) профилактикасы және жою бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
528. Энзоотиялық энцефаломиелиттің негізгі профилактикасы қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерге ауруды қоздырғыштың әкелінуінің алдын алу және шаруашылық жүргізуші субъекті шеңберінде шошқалардың орын ауыстыруын бақылау болып табылады.
529. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті қоздырғышының әкелінуінің алдын алу үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай iс-шараларды жүргiзедi:
1) шаруашылық жүргізуші субъектісін шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті бойынша қолайлы сау жануарлармен топтастыруды жүргізеді;
2) шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелінген шошқаларды карантиндеуде ұстайды. Шаруашылық жүргізуші субъектінің шошқаларын карантиндеу кезеңінде энзоотиялық энцефаломиелитке серологиялық зерттеуден өткізеді;
3) клиникалық ауру жануарлар анықталған және шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитіне диагноз зертханалық зерттеулермен расталған жағдайда немесе шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитінің қоздырғышына серопозитивтi шошқалар анықталған кезде энзоотиялық энцефаломиелит вирусының таралуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып, әкелінген шошқалардың барлық партиясы сою объектілерінде (сою пункттері мен алаңдары, ет өңдейтін кәсіпорындар) сойылады;
4) тамақ қалдықтары шошқаларға тек термиялық зарарсыздандырылғаннан кейiн берiледi.
2-параграф. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитпен ауруына
күдiктену кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
530. Қолайлы емес пункттерге шектеулер қойылады. Осы мақсатта:
шаруашылық жүргізуші субъектіде аурудың қоздырғышының көздерін және әкеліну жолдарын анықтау үшiн мұқият эпизоотиялық тексеру жүргiзедi;
жақын орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілерде және елді мекендерде шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті мен басқа аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайын анықтайды;
аурудың әртүрлі кезеңдерінде жануарлардың температуралық реакциясына ерекше назар аудара отырып, оқшау қорада орналасқан шошқаларды клиникалық қарап тексеруді жүргізеді;
патологиялық материалды іріктеп алып, зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жiбередi.
531. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитіне диагноз қойылғаннан кейiн карантин белгіленеді.
532. Карантин шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына шошқаларды әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге (жануарларды өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне әкетуді қоспағанда);
2) өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне өңдеуге шығарылатындарды қоспағанда, саламатсыз пункттен шикі шошқа етін және басқа да зарарсыздандырылмаған шошқаларды сою өнімдерін, сондай-ақ азықтарды, жабдықтар мен мүкәммалды шығаруға;
3) ветеринария саласындағы мамандардың келісімінсіз шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде шошқаларды союға және топтастыруға;
4) шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерлерге дезинфекциялық дауалаусыз көлікті шығаруға;
5) санитариялық дауалаусыз аурудың эпизоотиялық ошағынан қызмет көрсетуші персоналдың шығуына;
6) жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғалардың шошқа шаруашылығы үй-жайларына кіруіне;
7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ шикі түрдегі сойылған өнімдерді (ет, май, ливер және басқалар) сатуға;
8) ауруға бейім жануарлар жиналатын жәрмеңкелер мен басқа да іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
Ескерту. 532-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.533. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитпен ауруын жою бойынша iс-шараларын жүргiзу кезінде шаруашылық жүргізуші субъектінің өндiрiстiк бағытын, көлемі мен мал басының зақымдану дәрежесін есепке алады.
534. Қолайсыз ферманың барлық шошқаларын сою орынсыз шошқа шаруашылығы кешендерінде және репродуктивтi шаруашылық жүргізуші субъектілерде, тұқымдық зауыттарда күн сайын клиникалық қарап тексеру жүргізіледі, энзоотиялық энцефаломиелитпен ауыратын және ауру күдігі бар барлық шошқалар, сондай-ақ дамуы жағынан артта қалған жануарлар сойылады, қоралар дезинфекцияланады. Энзоотиялық энцефаломиелит бойынша қолайсыз және қауіп төндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердегі клиникалық сау шошқаларға вакцина егiледi. 2 айлық жасқа дейінгі кезеңде вакцина егілген торайларға олар 3 айлық жасқа жеткеннен кейін қайта вакцина егiледi. Вакцина егу карантин тоқтатылғаннан кейiн де 2 жыл бойы жалғастырылады.
535. Энзоотиялық энцефаломиелитпен ауыратын және ауру күдігі бар шошқаларды сою қайта өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде вирустың таралуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып, жүргізіледі.
536. Союға арналған шошқаларды немесе олардың сойылған өнімдерін қайта өңдеу үшін берік, сұйықты өткізбейтін шанақтары бар көлік құралдарымен қайта өңдейтін мекемелерге, сою алаңдарына немесе сою пункттерiне әкелінеді. Жолшыбай елдi мекендерде тоқтауға, сондай-ақ, шошқаларды союға рұқсат етілмейді.
537. Көлік құралдары шаруашылық жүргізуші субъектiден, сондай-ақ, өңдейтін мекемелердің, сою алаңдарының немесе сою пункттерiнің аумағынан шығатын кезде мұқият тазартылып, дезинфекцияланады. Тиеуде және түсіруде жұмыс істейтін адамдардың, сондай-ақ, жолшыбай шошқаларды бағып-күтетін адамдардың арнайы киімдері мен аяқ киімдері дезинфекцияланады.
Жануарларды сойғанда пайдаланылған жабдықтар жұмыс аяқталғаннан кейін дезинфекцияланады.
538. Ет, май және қосалқы өнімдер пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп қақталған шұжықтар немесе консервiлерге қайта өңделеді немесе қайнатуға жiберіледi.
539. Арық жануарлардың ұшалары iшкi құрылыс мүшелерiмен бiрге, сондай-ақ, өлекселер жағылады.
540. Бас, сирақтары мен құйрықтарды оларды дайындаудың қарапайым технологиялық режимдерін сақтай отырып, ұйыма және іркілдек өңдеп шығаруға пайдалануға рұқсат етіледі.
541. Жануарлардың терiсі сыпырылмайды, олар ұйытылады немесе ыстық сумен жидiтіледi. Өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде зарарсыздандырылатын терілерді сыпыруға рұқсат етіледі.
3-параграф. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті
қоздырғышының әкелінуі бойынша қауіп төндіретін аймақтағы
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
542. Қауіп төндіретін аймақта мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
1) халыққа аурудың тарау қаупi және осыған байланысты өткізілетін iс-шаралар туралы хабарланады. Бұрын жүргізілген вакцина егулерді ескере отырып, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде қолайсыз пункттен карантин алынғаннан кейiн 2 жыл бойы энзоотиялық энцефаломиелитке қарсы инактивтендірілген және тірі вакцинамен шошқаларға профилактикалық вакцина егiледi;
2) ішкі сауда объектілерінде, өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануартекті өнімдерді және шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын, шошқаларды союдан алынған өнімдерді және шикізатты дайындайтын және қайта өңдейтін өндіріс объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күшейтіледі;
3) қауiп төндіретін аумаққа (өңдетін мекемелерді, сою алаңдарын немесе сою пункттерiн қоспағанда) шошқаларды әкелуге және одан әкетуге рұқсат етілмейді. Ішкі сауда объектілерінде тірі шошқаларды саудалау оларға энзоотиялық энцефаломиелитке қарсы вакцина егiлгеннен кейін күнтізбелік 14 күн өткен соң жүргізіледі;
4) шошқаларды ұстауға және азықтандыруға мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау орнатылады;
5) шаруашылық жүргізуші субъектiге қызмет көрсету үшін тұрақты жұмысшылар мен көлік бекітіледі.
543. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелиті бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин ауру және ауру күдігі бар жануарлар не тиісінше дамуы жағынан артта қалған шошқалар сойылғаннан, сондай-ақ, барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң алынады.
Егер, қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық шошқалар сойылса, онда мұндай шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин онда тиiстi ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар және соңғы дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін алынады.
544. Барлық iс-шаралар орындалғаннан кейін, карантиндi тоқтату алдында 24 сағат аралықпен екi мәрте дезинфекциялау жүргізіледі.
545. Шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин алынғаннан кейін 6 ай мерзiмге шектеу қойылады, сол аралықта шошқаларды және оның сойылған өнiмдерiн әкетуге және сатуға жол берілмейді.
47-тарау. Дикроцелиоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 47-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жануарлардың дикроцелиозы бойынша қолайлы аумақта
өткізілетін профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
546. Жануарлардың дикроцелиозының профилактикасы үшiн мынадай іс-шаралар өткізіледі:
1) эпизоотологиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгi-жазғы кезеңде жануарлар гельминтокопрологиялық әдiстермен ішінара дикроцелиозге, олардың дикроцелилердің личинкаларын жұқтыруы анықтала отырып, жайылымдар оларда жер үстiндегі моллюскалар мен құмырсқалардың болуына және орналасу тығыздығына тексерiледi, ауру анықталған жағдайда мал басын гельминтокопрологиялық зерттеу және ауру жануарларды гельминтті жою жүргiзiледi;
2) жануарларды ашық құрғақ учаскелерінде жаю және таза бұлақтардан суару қамтамасыз етiледi, сыртқы ортада дамуын ескере отырып, жайылымдардың уақтылы ауысуы қамтамасыз етiледi.
547. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге әкелу (кіргізу) немесе әкету (шығару) алдында жануарлар дикроцелиозге гельминтокопрологиялық тексеруге түседі, гельминттер анықталған кезде жануарларға гельминтті жою жүргiзiледi және олар толық сауыққанға дейiн бақыланады.
548. Қиды тазарту, оны зарарсыздандыру және мал шаруашылығы қораларын және жайып семірту алаңдарын және жануарлардың экскременттерiмен жанасатын сыртқы ортаның басқа да объектiлерiн дезинвазиялау жүргiзiледi.
2-параграф. Жануарлардың дикроцелиозi бойынша қолайсыз аумақта
өткізілетін жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
549. Жануарлардың дикроцелиозi бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) жануарларды байлауда немесе байлап бағуда ұстау ұйымдастырылады;
2) эпизоотологиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгi-жазғы кезеңде жайылымдар оларда жер үстiндегі моллюскалар мен құмырсқалардың болуына және орналасу тығыздығына тексерiледi, олардың дикроцелилердің личинкаларын жұқтыруы анықталған жағдайда ол жерлерге сау жануарларды жаюға рұқсат етілмейді;
3) моллюскалардың (дикроцелийлердiң аралық иелерi) санын азайту үшiн жайылым бұталардан және тастардан тазартылады, дақылдық шөптер егiледi немесе инсектицидтiк препараттармен моллюскаларға қарсы тазалау жүргiзiледi;
4) жыл-сайын қараша-желтоқсан айларында емдiк-сақтандыру гельминтті жою жүргiзiледi;
5) гельминтті жою үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген антигельминтиктер қолданылады.
48-тарау. Ірі қара малдың, қойлар мен ешкілердің диктиокаулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 48-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
550. Жануарлардың диктиокаулездерінің алдын алу және жою мақсатында жануарлардың иесi және ветеринария мамандары ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
551. Жануарлардың диктиокаулездермен ауыруының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралары барлық мал басын толыққанды жемшөппен, жануарларды азықтандырудың, суарудың және ұстаудың тиісті шарттармен қамтамасыз ету болып табылады.
552. Жануарларды жайылымды немесе қорада байлап бағу қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектiлерде табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жүйелi түрде жақсарту (жерлерді суландыру, оларды тастардан және бұталардан, орман жайылымдарынан, шырпылар мен өсінділерден тазарту), дақылды жайылымдарды жасақтау, сондай-ақ, әрбір күнтізбелік 5-7 күн сайын ашық қораларды ауыстыра отырып, жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша шаралар жүзеге асырылуы қажет.
1-параграф. Жануарлардың диктиокаулездерінің профилактикасы
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
553. Жануарлардың диктиокаулездерді жұқтыруын болдырмау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзу қажет:
1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рациондары қолданылады. Жайылымдық учаскелер микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден және басқа да элементтер) қоспалар қосылады;
2) жануарлар тек қана оттықтардан азықтандырылады;
3) жануарлар су құбырларынан, құдықтардан, өзендерден, ағысы жылдам бұлақтардан алынған таза сумен суарылады. Тоғандардан және басқа да ағынсыз су қоймаларынан суаруға сүзгiш-құдықтардың жасалуын көрсету шартымен рұқсат етіледі. Шалшықтардан, несеп төгілген сулардан, арықтардан және шұңқырлардан суаруға жол берілмейді;
4) мал шаруашылығы қораларының, оттықтардың және астаулардың, күтім жасау заттарының, керек-жарақтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық жерлер мен аумақтардың тазалығы қамтамасыз етіледі. Қоражайлар жақсы желдетiлетін, құрғақ, жарық болуға тиіс;
5) мал шаруашылығы қоражайларда, оларға жақын орналасқан жерлерде және жемшөптер мен су көздерін сақтау орындарында иттердi ұстауға жол берілмейді;
6) мал шаруашылығы қоражайлардан және жаю алаңдарынан қи мен тезек тұрақты түрде зарарсыздандыру үшін арнайы қи қоймаларына шығарылады;
7) әрбiр гельминтті жоюдан кейiн мал несебі күнтізбелік 3-5 күн ішінде жиналып, одан кейін дезинвазиялануы керек. Қоражайларға, жаю алаңдарына, жабдықтарға және керек-жарақтарға дезинвазия жасалады;
8) жануарларды құрғақ жайылымдарда жаю. Жаю үшін жайылымдардың батпақты, ойпатты және несеппен ластанған учаскелерін пайдалануға жол берілмейді;
9) жануарлардың (диктиокаулезге барынша сезімталдары сияқты) жас төлдерiн қырат жерлерде, жақсартылған жайылымдарда бағу жүзеге асырылады, ерте (қысқы) төлдеген бұзауларды қоражайда және байлап бағуда ұстау, сондай-ақ, жас төлді диктиокаулезден еркін өсіруді және сау табынды жасақтауды қамтамасыз ететін басқа да шаралар қолданылады.
554. Ветеринария мамандары жылына кемінде 2 рет гельминттiк копроскопиялық әдiстермен барлық ірi қара малдың, қой мен ешкi мал басының 10-20 %-ын ішінара тексеруге, өлген немесе етке сойылған жануарларды ашу кезінде диктиокаулдың бар-жоғын ескеруге тиіс.
555. Шаруашылыққа жаңадан әкелінетін барлық үй және жабайы жануарларды карантиндеу және диктиокаулезге гельминттiк копроскопиялық тексеру қажет. Диктиокаулез жұқтырғаны анықталған жағдайда, жануарларды жаппай гельминтті жою жүргiзiлiп, оның тиiмдiлiгi тексерiледi.
556. Бұрын шаруашылық аумағында кездеспеген жаңадан әкелiнген малдардан диктиокаулез анықталған жағдайда, жануарлар оқшау ұсталып, диктиокаулдан толық арылғанша гельминтті жою жүргiзіледi.
557. Шаруашылықтан шығарар алдында, ірі қара және ұсақ малды диктиокаулезге гельминттік копроскопиялық тексеру жасалады.
Диктиокаулез анықталған жағдайда барлық жануарларға гельминтті жою жасалып, бұдан кейiн оларды шығаруға рұқсат етіледі.
2-параграф. Жануарлардың диктиокаулезiн жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
558. Диктиокаулездің ерекше алдын алудың негізгі шарасы жануарлардың ауруының алдын алуды және қоздырғыштың инвазиясының сыртқы ортада сейілуін қамтамасыз ететін химиялық және биологиялық дәрі-дәрмектерді қолдану болып табылады.
559. Жаппай немесе профилактикалық гельминтті жоюдың алдында қатты әсер ететін және бірінші рет қолданылатын дәрі-дәрмектер және қолдану әдістері жануарлардың шағын тобында (15-20) алдын ала сыналады. 2-3 тәулік ішінде асқынулар болмаған жағдайда барлығына жаппай гельминтті жою жасалады.
560. Жануарларды дегельминтизациялау үшін Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар мен олардың дәрілік нысандары қолданылады.
Ескерту. 560-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.561. Ірi қара малдың диктиокаулезi анықталған шаруашылық жүргізуші субъектiде:
1) ағымдағы жылы туған бұзаулар, мал бордақылайтын шаруашылықтарда жасы үлкен бұзаулар қорада немесе оқшауланған байлап бағуда ұстап өсiріледi;
2) диктиокаулез жұқтырған iрi мүйiздi қара малдың өткен жылдың қыркүйек айынан бастап бағылмаған учаскелерде бұзауларды оқшауланған жайылымда-қорада ұстау ұйымдастырылады;
3) көп жылдық дақылды жайылымда бағу, әрбiр ашық қораны (учаскені) 5 тәуліктен аспайтын мерзімге пайдалана отырып, 3-4 айдан соң бастапқы учаскеге қайтара отырып, ұйымдастырылады. Диктиокаул жұқтырған жануарларды көп жылдық дақылды жайылымдарға жаюға рұқсат етілмейді;
4) карантин кезеңiнде шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарлар ларвоскопиялық әдіспен гельминтологиялық тексеруден өткiзіледi. Бүкіл топ бойынша нәтижелер теріс болған жағдайда жануарлар жалпы табынға ауыстырылады;
5) өткен жылы туған бұзаулар жаюға дейін күнтізбелік 20 күн ішінде ларвоскопиялық әдіспен гельминтологиялық тексеруден өткiзіледi;
6) ағымдағы және былтырғы жылы туған бұзаулар ішінара (20-25 бас) бiрiншi рет жайылғаннан кейін күнтізбелік 45-50 күн өткен соң, одан кейін жайылым мерзiмiнiң соңына дейiн әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын ларвоскопиялық әдіспен гельминтологиялық тексеруден өткiзіледi;
7) табында бұзаулардың ауруы анықталған жағдайда гельминтті жою жасалып, қамап ұстауға ауыстырылады. Қажеттілігіне қарай гельминтті жою тек күнтізбелік 12 күннен кешіктірілмей қайталанады.
562. Қой мен ешкiнiң диктиокаулезi анықталған шаруашылық жүргізуші субъектiлерде:
1) ларвоскопия әдісімен ішінара гельминтке тексеру жүргiзедi: көктемде (наурыз) бұрын табиғи жайылымда бағылған барлық табындар мен елдi мекендердегі жануарларға - 3; жазда (шiлде-тамыз) барлық саулық табындарда ағымдағы жылы туған қозылар мен лақтарға - 3; күзде, қамап ұстау алдында жаңадан жинақталған жас малдарға және 2 жасқа дейiнгi қой мен ешкiге – 3;
2) табындарда ауру жұқтырған жануарлар анықталған жағдайда көктемде жайылымға шыққанға дейiн бұрын жайылымда бағылған қой мен ешкiлерге (әсiресе төлдегеннен кейiн саулықтар) – 3, жазда (шiлде-тамыз) қозыларды, күзде барлық жануарларға (қамап ұстауға қою кезінде) - 3 гельминтті жою жүргізіледі;
3) жыл бойы жайылымда күтіп-бағу кезінде және айдаудағы қой шаруашылығында жануарларды тексеру және гельминтті жою мерзiмiн, диктиокаулездің өңірлік эпизоотологиясының ерекшелiктерiн ескере отырып, белгілейді;
4) жануарлар диктиокаулезі клиникасымен ауырған кезде оларда жыл мезгiлiне қарамастан тез арада емдік гельминтті жоюды жүргізеді.
563. Төлдегенге дейін 2 апта бұрын және төлдегеннен кейін 2 апта болған буаз сиырлар, қойлар, сондай-ақ, арық малдар, iшi кепкен, остеомаляция белгiлерi бар және басқа да өткір және ауыр түрде ауырған жануарлар гельминтті жоюға жатпайды. Мұндай жануарлар олар сауыққаннан кейiн, жеке гельминтті жоюдан өткiзіледi.
564. Дәрі-дәрмектерді терiге, терi астына, бұлшық етке, көк тамырға, қабақ астына, кеңiрдекке егу кезінде асептика және антисептика ережелерiн қатаң түрде сақтау қажет.
49-тарау. Ірі қара малдың, қойлар мен ешкілердің мониезиозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 49-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
565. Жануарлар мониезиозінің алдын алу және жою мақсатында жануарлардың иесi және ветеринария мамандары ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға міндетті.
566. Жануарлардың мониезиозбен ауыруының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралар барлық мал басын толыққанды азықпен, азықтандырудың, суарудың және ұстаудың тиісті жағдайымен қамтамасыз етуді білдіреді.
567. Жануарларды жайылымды немесе қорада байлап ұстау қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектiлерде табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту (жерлерді мелиорациялау, оларды тастардан және бұталардан, орман жайылымдарын шөпшектер мен өсінділерден тазарту), дақылды жайылымдарды жасақтау, сондай-ақ, әрбір күнтізбелік 5-7 күн сайын қораларды ауыстыра отырып, жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша шараларды жүйелi түрде жүзеге асыру қажет.
1-параграф. Жануарлар мониезиозының алдын алу бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
568. Жануарлардың мониезиоздерді жұқтыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері мынадай іс-шаралар жүргiзедi:
1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рацион қолданады. Жайылымдық учаскелер микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден және басқа да элементтер) қоспалар қосылады;
2) жануарларды тек қана науалардан азықтандырады;
3) жануарларды су құбырларының, құдықтардың, өзендердің, ағысы жылдам бұлақтардың таза суымен суарады. Тоғандардан және басқа да ағынсыз су қоймаларынан суаруға сүзгiш-құдықтар жасалған жағдайларда рұқсат етіледі. Жануарларды шалшықтардан, несеп төгілген сулардан, арықтардан және шұңқырлардан суаруға жол берілмейді;
4) мал қораларының, науалардың, астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, жабдықтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық жерлер мен аумақтардың тазалығын қамтамасыз етеді.
5) Мал қоралар жақсы желдетiлетін, құрғақ, жарық болуға тиіс;
6) мал қораларынан, жаю алаңдарынан және баздардан қи тұрақты түрде зарарсыздандыру үшін арнайы қи қоймаларына шығарылады;
7) әрбiр дегельминтизациядан кейiн мал несебі күнтізбелік 3-5 күн ішінде жиналып, одан кейін дезинвазиялануы керек. Мал қораларына, жаю алаңдарына, жабдықтарға және құрал-саймандарға да дезинвазия жасалады;
8) жануарларды құрғақ жайылымдарда жаяды. Жаю үшін жайылымдардың батпақты, ойпатты және несеппен ластанған учаскелерін пайдалануға рұқсат етілмейді;
9) жануарлардың жас төлдерiн қырат жерлерде, жақсартылған жайылымдарда бағуды жүзеге асырады, ерте (қысқы) туған бұзауларды қорада және байлап бағуда ұстау, сондай-ақ жас төлді мониезиозден еркін өсіруді және сау табындарды жасақтауды қамтамасыз ететін басқа да шаралар қабылдайды.
569. Ветеринария мамандары жылына кемінде 2 рет гельминттiк копроскопиялық әдiстермен барлық iрi қара мал, қой мен ешкi мал басының 10-20 %-ын ішінара тексеруге, өлген немесе етке сойылған жануарларды ашу кезінде мониезиоздың бар-жоғын ескеруге тиіс.
570. Шаруашылыққа жаңадан келіп түскен барлық үй және жабайы жануарлар карантиндеуде ұстайды және мониезиозге гельминттiк копроскопиялық тексерілуі керек. Мониезиоз жұқтырғаны белгіленген кезде, жануарлардың мал басын дегельминтизациялау жүргiзiлiп, оның тиiмдiлiгi тексерiледi.
571. Жаңадан әкелiнген малдарда бұрын шаруашылық аумағында кездеспеген мониезиоз анықталған кезде, жануарлар оқшау ұсталып, мониезиоздерден толық арылғанша дегельминтизация жүргiзіледi.
572. Шаруашылықтан шығарар алдында, iрi қара және ұсақ малды мониезиозге гельминттік копроскопиялық тексеру жасалады. Мониезиоз гельминттері анықталған кезде барлық жануарларға дегельминтизация жасалып, бұдан кейiн оларды шығаруға рұқсат етіледі.
2-параграф. Жануарлардың мониезиозын жою бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
573. Мониезиоздың ерекше профилактикасының негізгі шарасы жануарлар ауруының алдын алуды және инвазия қоздырғышының сыртқы ортада сейілуін қамтамасыз ететін химиялық және биологиялық препараттарды қолдану болып табылады.
574. Малдардың мониезиозді жұқтыруы анықталған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде малды қорада ұстауға қою және жайылымға айдау алдында профилактикалық дегельминтизация жүргізілуі керек.
575. Преимагиналды дегельминтизация жануарлардың организмiндегi мониезиоздар жыныстық жетілуге жетпеген мерзiмде жүргiзіледi.
576. Жануарлардың мониезиоздардың клиникалық белгiлерi болған кезде дегельминтизация жылдың кез келген уақытында жүргiзіледi. Қайталама инфекциядан немесе жұқпалы емес аурулардан туындаған асқынулар жағдайында қайталанатын ауруға қарсы симптоматикалық емдеу белгіленеді және тек қана осыдан кейін жануарлар дегельминтизацияланады.
577. Жаппай емдік немесе профилактикалық дегельминтизацияның алдында қатты әсер ететін және жабдықтауға бірінші келіп түскен препараттар мен қолдану әдістері жануарлардың шағын тобында (15-20) алдын ала сыналады. 2-3 тәулік ішінде асқынулар болмаған кезде барлық мал басына дегельминтизация жасалады.
578. Қозылар мен лақтарды профилактикалық дегельминтизация бiрiншi рет оларды жайылымға немесе қора аумағына айдап шығарған соң күнтізбелік 14-16 күннен кейiн (жыл бойы жайылымда ұстау кезінде туғаннан кейін күнтізбелік 25-30 күн өткен соң), қайталама бiрiншi дегельминтизациядан кейін күнтізбелік 15-20 күн өткен соң, үшiншi рет екiншi дегельминтизациядан кейін күнтізбелік 25-30 күн өткен соң жасалады. Қозылар мен лақтар қыркүйек айында бiр рет дегельминтизацияланады, ал жануарларды қорада ұстауға ауыстырғаннан кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң қой мен ешкiнiң барлық мал басы дегельминтизацияланады. Жыл бойы жайылымда бағылатын шаруашылықтарда бiр жастан асқан ұсақ малға күзде және жоспарлы төлдеу аяқталған соң профилактикалық дегельминтизация жасалады.
579. Ағымдағы жылы туылған бұзауларға профилактикалық дегельминтизация 2 рет жүргiзiледi: бiрiншi рет жайылымға шығарылғаннан кейін 35-40 күнтізбелік күн өткен соң, екiншi рет бiрiншi дегельминтизациядан кейін 35-40 күнтізбелік күн өткен соң, ал бір жастан асқан бұзауларға жылына бiр рет жайылымға шығарылғаннан кейін күнтізбелік 35-40 күн өткен соң жасалады.
580. Төлдеуіне 2 апта қалған және төлдегеннен кейін 2 апта өткен буаз сиырлар мен қойлар, сондай-ақ, арық малдар, iшi кепкен, остеомаляция белгiлерi бар және басқа да өткір және ауыр түрде ауырған жануарлар дегельминтизациялауға жатпайды. Бұл жануарлар олардың денсаулық жағдайы жақсарғаннан кейiн жеке дегельминтизациядан өткiзіледi.
581. Жануарларды дегельминтизациялау үшін Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар мен дәрі түрлері қолданылады.
Ескерту. 581-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.582. Препараттарды терi астына, бұлшық етке, көк тамырға егу кезінде асептика және антисептика ережелерiн қатаң түрде сақтау қажет.
583. Мониезиоз анықталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде, бұзауларды соңғы 3 жыл бойы ауырған малдар жайылмаған жайылымда ересек малдардан оқшау бағады. Дақылды жайылымда бағу үшiн бiр жылдық шөп егiлген қоршауды пайдаланады. Көп жылдық шөптері бар қоршауда бұзаулар тек қана алғашқы егу жылында бағылады.
584. Жануарларды қорада немесе байлап бағуда ұстау қолданылады, мұнда олар мониезиозды жұқтырмайды.
585. Көрсетiлген іс-шараларды орындау мүмкiн болмаған кезде профилактикалық дегельминтизация және химиялық профилактика жүргізіледі.
50-тарау. Пироплазмоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 50-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жануарлардың пироплазмозының алдын
алу және профилактикасы бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
586. Жануарларды пироплазмозды жұқтыруының алдын алу үшiн мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) табындар пироплазмоз бойынша қолайлы пункттердің жануарларынан топтастырылады және мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың және мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің келесімінсіз табынға жаңадан келіп түскен жануарлар қосылмайды;
2) басқа жерлерден жаңадан әкелiнген барлық жануарлар карантиндеуде ұсталады. Осы уақыт iшiнде жануарлар жүйелi тексеруден өткiзіледi және иксод кенелерi анықталған кезде жануарлар Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген акаридцидтік препараттармен өңделеді, өңдеу су бүрку, шомылдыру, дуст себу немесе сүрту жолымен жүргізіледі. Кенелерге қарсы ылғалды өңдеуді жүргiзу үшiн шомылдыру ванналары, тұрақты немесе жылжымалы бүрiккiш тетіктер жабдықталады;
3) жануарларды кене баспаған қораларда ұстау қамтамасыз етіледi;
4) егер, жануарлар пироплазмоз бойынша қолайсыз аумақтан әкелiнсе, олар бiр мәрте Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген акарицидтiк препараттардың бiрiмен өңделеді;
5) жануарларды кенелерге қарсы кезең-кезеңімен өңдеу, оларды ұстау жүйесiне, жыл мезгiлiне және жайылым жерлері аумағындағы кенелердiң санына және белсендiлiгiне байланысты жүргiзiледi. Айдауда бағу жүйесі кезінде жануарлар жергілікті жерде кене басу бойынша көрсеткіштерге сәйкес айдау трассаларындағы акарицидтермен өңделеді;
6) табиғи және жасанды жайылымдарды пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жайылымдарды ауыстыру кенелердiң биологиясымен олардың жануарларда паразиттiк өмiр сүру уақытын ескере отырып жүргізіледі.
587. Пироплазмоз бойынша қолайсыз пункттерде жануарлардың түрiн, қоздырушының және оған тән тасымалдаушы кенелердiң түрiн ескеру және аурулар мен кенелердiң таралу картасын жүргізу қажет. Барлық мал басы, кенелердiң белсендiлiк кезеңiн және акарацидтiк препараттардың қалдықты әсер ету ұзақтығын ескере отырып өңделеді. Жануарлар кене баспаған жайылымдарда бағылады.
588. Жануарлардың денесiнде тасымалдаушы кенелер анықталған кезде немесе аурудың жекелеген жағдайлары анықталған кезде бүкіл табын Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген акарицидтiк препараттармен өңделеді. Өңдеу ерте химиялық профилактика үшін ұсынылатын шамада және әрбiр күнтізбелік 15 күннен кейiн мал басының жаппай ауруының тоқтауына дейiн қайталанады. Жануарлар химиялық профилактика жүргiзiлгеннен кейін екiншi күнi акарацидтiк препараттармен кенелерге қарсы өңделеді.
589. Пироплазмозға диагноз қойылғаннан кейiн бүкіл табын акарацидтiк препараттардың бiрiмен емдiк мөлшерде өңделеді.
590. Кенеленген мал қоралар мұқият механикалық тазалаудан кейiн акарацидтiк препараттармен өңделеді.
591. Мал шаруашылығы қораларын профилактикалық дезакаризациялау жылына кемiнде 3-4 рет өткiзіледi.
592. 611. Жануарлардың пироплазмозын тасымалдаушы иксод кенелермен күрестi олардың мекендейтін жерлерiнде агротехникалық және жер суландыру іс-шараларын өткізу жолымен жүргiзу қажет. Кенелердің биотоптарында, жайылымдарда бұталарды тегістеу, арамшөптердi жою, тың және тыңайған жерлердi жырту, дақылды шөптерді егу жүргізіледі.
593. Кенелердiң санын азайтуға мына схемалар бойынша жүргізілетін жайылымдарды ауыстыру жолымен қол жеткізіледі:
1) егер шаруашылық жүргізуші субъектiлерде кенелерi жоқ және кене басқан жайылымдар бар болса, онда кенелерi жоқ аумақ төрт учаскеге бөлінедi. Әр учаскеде мал көктемнен бастап күнтізбелік 25 күннен бағылады. Төрт учаскені пайдаланғаннан кейiн жануарлар былтырғы күзден бастап жануарлар болмаған кене басқан аумаққа ауыстырылады. Одан бергi өткен кезең 7 айдан астам уақытты құрайды. Осы мерзімде кене басқан учаскеде жануарлар болмағандықтан, учаскелердегі личинкалардың қоректену мүмкіндігі болмайды, соның салдарынан олардың негізгі бөлігі өледi;
2) егер бүкіл жайылым алқабын кене басқан болса, онда жайылымдарды ауыстыру екi учаскеге бөлу жолымен ұйымдастырылады. Олардың бірінде жануарлар бағылады, ал екiншiсі бiр жыл бойы бос тұрады, осы уақыт аралығында ол кенеден тазарады.
Келесi жылы жануарлар кенеден босаған аумақта бағылады, ал жануарлар бағылған учаске бiр жыл бойы пайдаланылмайды және ол да кенеден тазартылады.
594. Мал қораларындағы, ашық қоралардағы және қоршаған аумақта қанның паразиттiк ауруларын тасымалдаушы кенелер личинкаларының тышқан тәрiздi кемiргiш-қоректендіргіштерімен жүйелі түрде күрес жүргiзiледi.
595. Жануарлардың денесiндегi кенелердi жою үшiн оларды акарицидтi препараттардың ерiтiндiлерімен ұсынылған концентрацияда күнтізбелік 7-10 күнде бiр рет ванналарда шомылдырады немесе душ қондырғыларында су бүркедi. Жануарларды өңдеу көктемгi жайылымға шығару алдында күнтізбелік 2-3 күн бұрын басталып, олардың жануарлар денесiнде паразиттiк өмiр сүру маусымы кезеңінде жүргізіледі.
596. Жануарларды союға оларды қолдану бойынша нұсқаулықта белгіленген мерзімде пайдаланылатын акарицидтердің қалдықтарын толығымен ыдыратқаннан кейін рұқсат етiледi. Жануарлар мәжбүрлі түрде сойылған жағдайда, олардың етi мен органдары зертханада акарицид қалдықтарының бар-жоқтығына тексеріледі.
51-тарау. Саркоптоидоз және демодекоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 51-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
597. Мал қораларында жыл сайын дезинфекция жүргiзіледi.
598. Жаңадан әкелінген жануарлар карантиндеуде ұсталады.
599. Жануарларды ветеринариялық-санитариялық инспектордың келiсiмiнсiз жергілікті жерлерде қайта топтастыруды жүргізуге жол берілмейді.
2-параграф. Қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
600. Саркоптоидоз ауруына күдiктену жағдайында жануарлар дереу оқшауланады және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға, мемлекеттік ветеринаиялық дәрігерге хабарланады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер барлық мал басын тексеруден өткiзедi, терi жарақаты болған жағдайларда, зертханалық зерттеулер үшін сынамаларды іріктеп алады.
601. Шаруашылық жүргізуші субъектiлер және жануарлардың иелерi саркоптоидозды жоюға бағытталған барлық іс-шаралардың орындалуын және өткізілуін қамтамасыз етуге қажет.
602. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарлардың саркоптоидозын жою іс-шараларының өткізілуін бақылайды.
603. Меншiк нысанына қарамастан шаруашылық (табын, ферма, отар) қолайсыз болған кезде:
1) жануарлардың кіргізуге және шығаруға;
2) сау мал басымен бiрге жаюға, ұстауға, суаруға және басқа да жанастыруға;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың келiсiмiнсiз жануарларды қайта топтастыруға;
4) аумаққа бөгде адамдардың жіберілуіне жол берілмейді.
604. Өлген, өлтірілген және сароптоидозбен ауырған жануарлардан сыпырылған терiлер Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген ветеринариялық препараттармен зарарсыздандырылады, ал тауарлық құн жоқ мамық жүнді аңдар мен қояндардың терiсi жағу жолымен жойылады.
605. Мал қораларда, баздарда, қой қораларда, торларда дезакаризация жүргізіледі.
606. Саркоптоидозды ауру малдар бағылған және айдалып өткен жайылымдарды және мал айдау трассаларын жаз айларында күнтізбелік 30 күннен кейін ғана пайдалануға рұқсат беріледі.
607. Саркоптоидоздарды емдеу және профилактикасы үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) саркоптоз және псороптоз кезінде қойлар мен ешкiлердiң профилактикасы мақсатында бір мәрте және емдеу мақсатында екі мәрте (арасы күнтізбелік 7-10 күннен) көлемi 8-15 метр3 стационарлық ванналарда акарацидтiк препараттардың судағы ерiтiндiсiне шомылдырады;
2) қыста қойлардың псороптозбен ауру жағдайлары болған отарлар қырықтықтан кейін көктемде екi рет және күзде бiр рет өңделеді;
3) iрi қара малды, қойларды және ешкiлерді, түйелерді, шошқаларды, ала бұғыларды, маралдар мен бұғыларды, қояндарды, мамық жүнді аңдарды, иттер және мысықтарды саркоптоидоздан емдеу және профилактикалық өңдеу үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген акарацидттер қолданылады;
4) жануарлар шомылдыру алдында дем алдырылады, 4-5 сағат бойы азықтандыруды және 1-2 сағат бұрын суаруды тоқтатады;
5) шомылдыруға буаз қойлар (ешкiлер) төлдеуге бiр ай қалғанда жiберiлмейдi, бiр айға дейiнгi қозылар (лақтар), аналық қойлар ұрықтандыруға 45 күн қалғанда жiберiлмейдi;
6) ауру және арық жануарлар отардан бөлінеді, олар қосымша жемшөппен қамтамасыз етіледі және қанағаттанарлық қоңдылыққа жеткеннен (сауыққаннан) кейін шомылдырылады. Қатты жаңбырдың астында қалған жабағысы кеппеген қойлар, күнтізбелік 7-10 күннен кейiн қайта шомылдырылады;
7) акарацидтердi бүрку жолымен пайдалануға жол берілмейді.
608. Қырқуға бiрiншi кезекте сау отардағы қойлар жіберіледі. Қолайсыз отарлардың жануарларын қырқу орналасқан орындарында жүзеге асырылады.
609. Ауру жануарлардан алынған жүн жеке үй-жайларда сақталады. Ол дезакаризациялау үшін "қотыр" деген таңбасы бар тығыз қосарлы жұмсақ ыдыста өңдеуші кәсіпорындарға әкетіледі.
610. Қораларды, баздарды дезакаризациялау оларды механикалық тазартудан кейiн жүргiзiледi. Қи, төсем, жемшөп қалдықтары 3 айға дейінгі мерзімге биотермиялық зарарсыздандыру үшін қи қоймасына шығарылады.
52-тарау. Жануарлардың токсоплазмозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 52-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
611. Жануарлардың токсоплазмозды жұқтыруының алдын алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектiлер, ветеринария саласындағы мамандар, сондай-ақ жануарлардың иелерi:
1) токсоплазмоз бойынша қолайлы шаруашылықтардан отарларды, мал табындарын жасақтауы;
2) қораларды жүйелi түрде дезинвазиялау және профилактикалық дезакаризациялау жүргізуі;
3) мал қораларға мысықтар мен иттердi жiбермеуі;
4) мысықтар мен иттерді өлi немесе түсік тастаған төлдермен азықтандыруға жол бермеуі;
5) жаңадан келіп түскен барлық жануарларды карантиндеуі қажет.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
612. Шаруашылық жүргізуші субъектiде жануарлардың токсоплазмозбен ауруына күдiктену кезінде ветеринария саласындағы маман бұл туралы тез арада тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер хабарлайды.
613. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер токсоплазмоз ауруының пайда болуы туралы хабарды алғаннан кейiн ауру шыққан жерге келедi және эпизоотия ошағының шекарасын анықтай отырып, қолайсыз пункттi эпизоотологиялық тексерудi ұйымдастырады. Ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды іріктейді және диагноз қою үшiн ветеринариялық зертханаға жiбередi.
614. Эпизоотологиялық және клиникалық белгiлерi (этиологиясы анықталмаған бедеулік және түсік тастау, мутацияланған және тiршiлiкке қабілетсіз төлдердiң тууы) бар шаруашылық жүргізуші субъектіде барлық жануарлардан алынған қан токсоплазмозға тексеріледi. Өлген және мәжбүрлі сойылған малдардың басы, бауыры, көкбауыры, өкпесi, жүрегi, сондай-ақ өлi туған төлдерi зертханаға жiберіледi.
615. Клиникалық белгiлерiнен және оң реакциясынан басқа микроскопиялық түрде токсоплазмоздың қоздырушысы табылған жануарлар ғана ауру деп танылады.
616. Жануарларда тек қана клиникалық белгiлерi мен оң реакция болған кезде олардың ауру күдігі бар деп есептеледі.
617. Шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында түпкілікті диагноз белгіленген кезде мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) токосплазмозбен ауырған ауыл шаруашылығы жануарлар сойылады, олардың еті қайнатылғаннан кейiн қолданады, қосалқы өнiмдер жойылады;
2) ауру күдігі бар жануарлар оқшауланады, ал жайылымдық ұстау кезінде олар жеке жайылым учаскесiнде бағылады;
3) ауру жануарлардың сүтін пастеризациядан немесе қайнатылғаннан кейiн ғана пайдаланылуға рұқсат етіледі;
4) өлi туған және түсік тастаған төлдер зертханаға зерттеуге жiберіледi;
5) ауру күдігі бар барлық жануарларға ветеринариялық бақылау жүргiзіледi және айына бiр рет (қатарынан алты ай бойы) сарысуды токсоплазмозға тексеру жүргізіледі.
618. Егер осы кезеңде аталған жануарлардың арасынан токсоплазмозбен ауру жануарлар бөлінбесе, ал сарысуды зерттеген кезде титрдiң төмендегенi байқалса, ондай жануарлар сау жануарлар тобына ауыстырылады:
1) токсоплазмозбен ауру иттер, мысықтар және мамық жүнді аңдар, сондай-ақ ауру күдігі барлар жойылады;
2) токсоплазмозбен ауру немесе ауру күдігі бар жануарлар сойылғаннан кейiн алынған терiлер өңделгеннен (тұздау, кептiру және басқа да әдiстер) кейiн шектеусiз шығарылады;
3) ауру немесе ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қоралар дезинвазияланады.
619. Токсоплазмоз бойынша қолайсыз пунктте ауру жануарлар сойылғаннан кейiн және ауру күдігі бар малдар оқшауланғаннан кейiн қалған жануарларды шектеусiз сатуға және шығаруға және олардан алынған барлық мал шаруашылығы өнiмдерiн пайдалануға рұқсат етiледi.
620. Шаруашылық жүргізуші субъектідегі клиникалық сау жануарлар сауықтырылғанға дейiн айына бiр рет серологиялық тексеру жүргізіледі. Клиникалық белгiлер байқалған және серологиялық зерттеу кезінде екi рет қайталанатын оң реакция болған жағдайда, жануарлар ауру күдігі бар жануарлар тобына ауыстырылады. Жануар өлген, түсік тастаған, өлi төл туған және буаздықтың басқа да патологиялық нысандары жағдайында материалдар зертханаға жiберіледi.
621. Жануарлардың токсоплазмозбен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектi егер бiр жыл iшiнде ауру жануарлар бөлiнбесе, аурудың айқын клиникалық белгiлерi, оның ішінде буаздықтың патологиясы жағдайлары байқалмаса, сауықтырылған болып есептеледі.
53-тарау. Фасциолез бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 53-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактика бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
622. Жануарларға фасциолезді жұқтыруының алдын алу мақсатында, мынадай iс-шаралар өткізіледі:
1) профилактикалық дегельминтизация жылына кемiнде 2 рет: жануарларды қораға қойғаннан кейiн бір айдан кейін, одан кейiн үш ай өткен соң (фасциолдар бұл кезде жыныстық жетілу кезеңіне жетеді, оған антгельминтиктер барынша белсенді әсер етеді), малды жайылымға шығарудан бiр ай бұрын дегельминтизация тоқтатылады;
2) жануарлардың фасциолезіне күдіктенумен аурудың барлық жағдайларында ветеринария қызметіне уақтылы хабарланады;
3) ветеринария мамандарының талап етуі бойынша сатып алынған жануарлар туралы қажетті мәліметтер ұсынылады және оларды тексеруді, зерттеуді және өңдеулерді жүргізу үшін жағдайлар жасалады;
4) жануарларды тасымалдау, ұстау және азықтандыру кезiнде, мал шаруашылығы объектілерінің құрылысы кезiнде санитариялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталады.
2-параграф. Жануарлардың фасциолезімен күресу
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
623. Жануарлардың фасциолезімен күресу – арнайы iс-шараларды пайдалана отырып, кешендi түрде жүргiзiледi. Кешендi профилактикалық iс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) дефинитивтік иелерді дегельминтизациялау;
2) ұлулардың биотоптарын анықтау және оларды жою;
3) жайылымды ауыстыруды жүргізу, толыққанды азықтандыру және жануарларды санитариялық-гигиеналық ұстау.
624. Дегельминтизациялау үшін антгельментиктер препараттары қолданылады. Кейіннен паразиттердің тұрақты, резистентті нәсілдерінің пайда болуымен гельминттердің препараттарға бейімделуін болдырмау үшін дегелминтизациялау кезінде антгельминтиктердi ауыстыру қажет.
625. Фасциолездің профилактикасы үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) өзендердің, аңғарлардың, батпақ атыраптарының және су қоймаларының аңғарларын (жағалаулар, өсімдіктер мен суландыру каналдарының әсіресе, жерге түскен жапырақтардың түбі), шалшықтарды, су қоймалары жағалауындағы жануарлар тұяқтарының іздерін тексеру жолымен жайылымдардағы ұлулардың биотоптарын анықтау;
2) биотоптары құрғауы кезінде немесе суық түскен кезде ұлулар топырақ сынамаларын шаю жолымен табылады;
3) алаңдар жануарлардың су ішуіне арналған қатты жабынмен жабдықталады;
4) жануарларды бағу мал жаюды 2-2,5 ай сайын ауыстыра отырып, қыратты құрғақ жерлерде жүргізіледі. Жануарларды ойпаң батпақты жерлерде жаюға және ұсақ ағынсыз су қоймаларынан суаруға жол берілмейді;
5) қиды биотермиялық өңдеу қамтамасыз етіледі;
6) сатып алынатын жануарлардың несебін гельминттiк копроскопиялық зерттеулер жүргізіледі.
54-тарау. Анаплазмоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 54-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүзеге асырылатын анаплазмозды профилактикасы бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
626. Аурудың алдын алу мақсатында меншiгiнде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар:
1) профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) жануарларды толыққанды азықтандыруды ұйымдастырады;
3) жас малдарды ересек мал басынан бөлек ұстайды;
4) жануарларды әкелуді және жемшөпті сатып алуды тек қана қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жүргізеді;
5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды карантиндеуде ұстайды;
6) мал қораларды, аулаларды, ашық қораларды және тұрақтарды дезакаризациялауды жүргізеді;
7) жануарлардың, жайылымдардың биотиптеріндегі кенелермен жүйелi түрде күрес жүргізеді;
8) әкелiнетiн, әкетiлетiн, сондай-ақ орны ауыстырылатын жануарлар карантиндеуге және анаплазмозға тексеруге жатады;
9) хирургиялық операцияларды жүргiзу, жануарларды жаппай ветеринариялық өңдеу кезiнде асептика және антисептика қағидаларын қатаң сақтайды.
2-параграф. Анаплазмоз бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
627. Шаруашылық жүргізуші субъектiде анаплазмозбен ауыратын жануарлар анықталған кезде, ветеринария саласындағы маман бұл туралы дереу тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына, мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне хабарлайды.
628. Тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер жануарлардың анаплазмозбен ауыруына күдіктену туралы хабарды алысымен диагноз қою, эпизоотологиялық тексеру жүргізу, эпизоотия ошағының және қолайсыз пункттің шекарасын анықтау үшін дереу осы жерге келіп, ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды іріктейді және ветеринариялық зертханаға жiбередi.
629. Анаплазмозға диагноз қою кезінде, жануарлар оқшауланып, оларды емдеу үшiн Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар қолданылады. Апта сайын жануарлар акарицидтi препараттармен өңделедi.
55-тарау. Ірі қара малдың гиподерматозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 55-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
630. Гиподерматоздың алдын алу және жою мақсатында ауру қоздырғыштарының биологиясын, эпизоотиялық ерекшелiктерiн, жергiлiктi табиғи климаттық жағдайларды және мал шаруашылығын жүргiзу технологиясын ескере отырып ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенi жүзеге асырылады.
631. Ұйымдастыру-шаруашылық іс-шаралары жануарларды толыққанды жемшөппен қамтамасыз ету, зоогигиеналық талаптарға жауап беретін суаруды және ұстауды қамтиды.
632. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар шаруашылық жүргiзу технологиясын ескере отырып, қоралардан және жайылу алаңдарынан қиды тұрақты жинауды, қораларды, шатырлы жайларды, жазғы қоршалған қораларды дезинфекциялауды қамтиды.
633. Жайылымдарға бөгелек личинкаларымен зақымданған, сондай-ақ шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарларды оларды инсектицедтермен алдын ала өңдеусіз жайылымдарға бағуға рұқсат етілмейді.
634. Бөгелектердің ұшу маусымында жануарлар қораларда, шатыр астында, қараңғыланған жерлерде ұсталып, таңертең бөгелектердің ұшуы басталғанға дейін, кешке – олардың ұшуы аяқталғаннан кейін жайылады.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
635. Гиподерматозбен iс-шаралар кешенінде күресудiң негiзгi әдiсі жануарларды жануардың организмінде болатын бөгелектердің бiрiншi кезеңдегі личинкаларын жоюға бағытталған Қазақстан Республикасында тiркелген ветеринариялық препараттармен бастапқы өңдеу болып табылады. Осы мақсатта жануарларды күзде бөгелектердiң ұшуы аяқталғаннан кейін өңдейді. Гиподерматоз бойынша қолайсыз өңірлерде барлық мал басы химиялық терапиялауға жатады.
636. Iрi қара малды тексеру және екінші және үшінші кезеңдегі личинкаларға қарсы химиялық терапия республиканың оңтүстiк бөлігінде ақпан-наурыз айларында, орталық және солтүстiк бөлiктерінде сәуiр-мамыр айларында жүргiзіледi.
56-тарау. Ірі қара малдың тейлериозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 56-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ауру профилактикасы бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
637. Шаруашылық жүргізуші субъектiлердің басшылары жануарларды аурудың тасымалдаушы кенелермен жанасуын болдырмайтын жағдайларда ұстауы қажет, ол үшiн:
1) сезімтал жануарды кенелерден таза қораларда ұстауды қамтамасыз ету;
2) тейлериоз бойынша қолайсыз пунктте немесе шаруашылық жүргізуші субъектiде сезімтал жануарларды қорада және қора-лагерьлік күтiп-бағуды немесе биік таулы жайылымдарда жаюды ұйымдастыру қажет.
638. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер мыналарды жүзеге асырады:
1) тейлериоз бойынша қолайсыз пунктте немесе шаруашылық жүргізуші субъектiде эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, кенелерге қарсы және тейлериозға қарсы іс-шаралардың кешендi жоспарын жасайды;
2) осы жерде мекендейтiн тасымалдаушы кенелердiң түрлерiн анықтайды;
3) олардың жануарларды шағу мерзiмiн ескере отырып, кенелердiң таралу картасын жасайды.
2-параграф. Ауруды жою бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
639. Тейлериоз белгіленген қолайсыз пункттерде не шаруашылық жүргізуші субъектiлерде тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға және әкелуге рұқсат етілмейді.
640. Мал қораларды және жануарларды кенелерге қарсы өңдеу үшiн, сондай-ақ, тейлериоздың алдын алу және оны емдеу үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар пайдаланылады.
641. Жануарларды кенелерге қарсы өңдеу жергiлiктi температуралық жағдайларға және кенелердiң белсендiлiгiне байланысты наурыз-қыркүйек айларында аптасына бiр рет, қазан-қараша айларында екi аптада бiр рет және желтоқсан-ақпан айларында айына бiр рет жүргiзедi.
642. Наурыз-қыркүйек айларында жануарларды өңдеу үшiн дымқыл әдiс, бүрку немесе ванналарға тоғыту қолданылады.
643. Кенелерге қарсы өңдеу iрi қара малға, жылқы мен түйелерге жасалады.
57-тарау. Ірі қара малдың телязиозы бойынша іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 57-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
iрi қара малдың телязиозы профилактикасы бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
644. Iрi қара мал телязиозының профилактикасы үшiн мынадай iс-шаралар жүргізiледi:
1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рацион жасалады;
2) жайылымдық учаскелері микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден және басқа да элементтер) қоспалар қосылады;
3) жануарлар тек қана науалардан азықтандырылады;
4) жануарлар үшін қоралардың, науалардың, астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, жабдықтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық аумақтың тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ дезинсекциялауды өткiзу;
5) үй-жайлардан, жаю алаңдарынан және мал қоралардан қи мен тезекті күн сайын зарарсыздандыруға арналған арнайы қи қоймаларына шығаруды қамтамасыз ету;
6) қи жинауға арналған арнайы құрал-саймандар және көлiк бөлу;
7) әрбiр дегельминтизациядан кейiн жою үшiн қиды жинауды қамтамасыз ету;
8) қораларды, жаю алаңдарын, жануарлар шоғырланатын жерлерді, сондай-ақ құрал-саймандарды, жабдықтарды дезинвазиялауды және дезинсекциялауды жүргізу;
9) жануарларды жаюға батпақты жайылымдарды пайдаланбау;
10) телязиозды болжау және алдын алу үшiн инвазияның белсендiлiгiн зерттеу. Ол үшiн мерзімді түрді жылына кемінде бiр рет, мал басының ішінара 10-20 %-ның көз конъюктивасынан шаю әдісімен зерттеледi;
11) шаруашылық жүргізуші субъектілерде жаңадан келіп түскен жануарларды гельминтологиялық тексеруден өткiзу. Жануарлардың гельминттермен зақымданғаны анықталған кезде, барлық мал басына дегельминтизация жүргiзу.
645. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерден әкету алдында iрi қара малдар телязиозға гельминтологиялық тексеруден өтеді. Телязиоз гельминттері анықталған кезде барлық жануарлар арнайы ерiтiндiмен жұмсақ ұшты спринцовкамен көздерiн шаю арқылы дегельминтизацияланады және содан кейін ғана оларды алып кетуге рұқсат етiледi.
646. Iрi қара малдың телязиозын емдеу үшiн Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген ерекше дәрiлік заттар қолданылады.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және ірi қара малдың
телязиозы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
647. Ірi қара малдың телязиозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық ауру жануарлардың көздерiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген емдiк ерiтiндiлермен және эмульсиялармен шаю жүргiзiледi.
648. Телязиоздың секундарлық инфекциямен асқынса, онда симптоматиялық емдеу жүргiзiледi.
649. Күннің ыстық кезеңінде сиыр шыбындары неғұрлым белсендi болғанда жануарларды жабық қораларда немесе шатыр астында ұстайды.
650. Барлық мал басын дегельминтизациялау қысқы байлауда тұрған кезеңiнде немесе көктемде сиыр шыбындарының ұшуы басталғанға дейін жүргізіледі, эмульсиямен немесе арнайы ерiтiндiмен өңдеу сиыр шыбындарының ұшуынан бастап әрбiр күнтізбелік 7-8 күн сайын қайталанады.
651. Жайылым кезеңінде сиыр шыбындарымен күресу үшiн iрi қара малға күн сайын дезинфекциялық машиналардың көмегімен дезинсекциялық құралдар себіледі, бұл үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген дезинсекциялық құрал пайдаланылады.
58-тарау. Ірі қара малдың трихомонозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 58-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақта профилактика бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
652. Жануарлар тек қана iрi қара малдың трихомонозы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнен әкелуге рұқсат етiледi.
653. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге тұқымдық немесе пайдалану мақсатында келіп түскен бұқалар (жас бұқалар), сондай-ақ әкелінетін сиырлар мен қашырту жасындағы құнажындар 1 ай карантинде ұсталып, күнтізбелік 10 күн сайын 3 рет трихомонозға тексеріледi.
Асыл тұқымды бұқалар мен сынама бұқалар трихомонозға 6 айда, күнтізбелік 10 күн аралықпен үш мәрте тексеріледi.
654. Түсік тастаған жануарлар дереу оқшауланады.
Түсік тасталған төл трихомонозға тексеру үшін зертханаға жiберіледi.
2-параграф. Қолайсыз пункттердегі ауруды жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
655. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде трихомонозбен ауырған немесе трихомонад тасымалдаушы жануарлар анықталған кезде, iрi қара малдың трихомонозы бойынша қолайсыз деп жарияланып, шектеу қойылады және оларды профилактикасы жүргiзiледi.
656. Қолайсыз пунктте мынадай іс-шаралар өткізіледі:
1) қолдан ұрықтандырылған немесе шағылысқан барлық сиырлар мен құнажындар трихомоноз анықталғанға дейiн соңғы 4 айда гинекологиялық тексерiстен өткiзіледi. Трихомонозбен ауру күдігімен жыныс органдарының патологиясы анықталған жануарлар дереу оқшауланып, емдеу жүргiзіледi;
2) ауру жануарларды емдеу үшін Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады;
3) қолайсыз пункттерде:
трихомоноз бойынша қолайсыз пунктіге құнажындарды және жас бұқаларды, сондай-ақ толық сауыққанға дейін ересек жануарларды әкелуге;
тұқымдық және пайдалану мақсаттары үшін етке союға жiберiлетiндерден басқа, жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiден басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге шығаруға (әкетуге) жол берілмейді;
жаз мезгілінде малды лагерьлік ұстауға ауыстырылып, қораларда санитариялық тазалау, жөндеу, дезинфекциялау, дератизациялау жүргізіледі және ол жаз бойы малдан бос қалдырылады;
дезинфекциялау үшiн Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялағыш заттар қолданылады.
657. Сатуға немесе тұқымдық және пайдалану мақсатында басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге ауыстыруға іріктеп алынған iрi қара малды шығаруға (әкетуге) трихомоноз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнен ғана рұқсат етiледi.
658. Жыныстық жетiлген бұқаларды (18 айлық жастағылары және одан жоғары) шығару алдында олардың препуциялық шырышы немесе ұрықтары микроскопиялық және өсiндiлiк зерттеу жолымен бiр рет тексереді.
659. Қолайсыз пункт емдiк және ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар кешені жүргiзілгеннен кейiн, барлық емделіп отырған жануарларды трихомонозға зертханалық зерттеу нәтижелері теріс болған және барлық ауру жануарлар емделгеннен кейiн 6 ай iшiнде жаңа түсік жағдайлары және трихомоноз өзегінде гинекологиялық аурулар болмаған кезде iрi қара малдың трихомонозынан сауықтырылған болып есептеледі.
59-тарау. Жануарлардың эймериозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 59-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жануарлардың эймериозы профилактикасы
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
660. Эймериоз профилактикасының жалпы шаралары жануарларды толыққанды жемшөппен қамтамасыз ету және жануарларды азықтандыру, суару және бағып ұстаудың гигиенасын сақтау болып табылады.
661. Жануарларды тығыз орналастырып ұстауға және қораларда ылғалдылықтың жоғары болуына, ересек малдар мен жас малдардың араласуына, жемшөптің және ауызсудың қимен ластануына жол берілмейді.
Жануарларды төмен орналасқан батпақты учаскелерде жаюға жол берілмейді.
662. Жануарларды қамап ұстаудан жайылымда бағуға және керiсiнше бiртiндеп ауыстыру қажет.
663. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағынан қи уақтылы жиналуы және олар қи қоймаларында биотермиялық зарарсыздандырылуы қажет.
664. Жануарларды қорадан шығарғаннан кейiн және қорада ұстауға қояр алдында қораны қидан және басқа ластанулардан тазартып жуады және мұқият дезинфекциялайды.
2-параграф. Қолайсыз пункттердегі ауруды жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
665. Күн сайын қиды жинау, қораларды, жаю алаңдарын және жабдықтарды (науалар, астаулар және жануарларға күтім жасауға арналған басқа да заттар) механикалық тазарту жүргiзiледi.
666. Қора-жайды, жаю алаңдарын және жабдықтарды дезинвазиялау үшiн Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген дезинфекциялағыш заттар қолданылады.
667. Ауру пайда болған жағдайда ауру жануарлар жедел оқшауланады және оларды емдеу жүргiзіледi.
668. Паразиттiң дамуын тоқтату үшiн емдiк және профилактикалық мақсатта кокцидиостатикалық препараттар қолданылады.
669. Ауру жануарлары емдеу үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
60-тарау. Псороптоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 60-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Профилактика ретінде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
670. Жануарлардың псороптозбен ауруының алдын алу үшін шаруашылық жүргізуші субъектiлер және жануарлардың иелерi:
4) жануарларды тазалықта ұстауды, оларды күн сайын тазалауды және жылдың жылы мезгілінде он күнде кемiнде бiр рет шомылдыруды жүргізуді;
5) әрбір мал басының терiсін тексеруді, нашар семіртілген жануарларға жемшөп рационын ұлғайтуды;
6) әрбір жануарды ұстау орнын бекiту (жылқыларға арналған желі, iрi қара малға және түйеге арналған қоршаулы орындар, ер-тұрман, әбзелдер, щеткалар, науалар);
7) псороптоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден әкелiнген құрал-саймандарды дезинфекциялаусыз пайдалануды;
8) шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келіп түскен жануарларды оқшаулап ұстауды қамтамасыз етеді.
2-параграф. Қолайсыз пункттердегi жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
671. Псороптоз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъекті псороптоз бойынша қолайсыз болып есептеледі және онда мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) ауру жануарларды (клиникалық белгiлерi айқын және ауру күдігі бар) ауру жұқтыру күдігі бар жануарлардан (клиникалық белгiлерi жоқ, қатаң жеке күтiм жасау және ұстау болмаған кезде көрші қорада, жалпы қорада немесе бір жайылымда болған псороптозбен ауыратын жануарлармен жанасқан), сондай-ақ сау жануарлардан (ешқандай клиникалық белгiлерi жоқ, псороптозбен ауырғандармен жанасуда болмаған және басқа қораларда тұрған) бөлек қояды;
2) жануарлар оқшауланып ұсталады және оларға жеке бекітілген персонал қызмет көрсетедi;
3) жануарлардың азықтандыру және суару жануарға бекітілген тиісті құрал-саймандармен (науалар, шелектер) жеке жүргізіледі;
4) жануарлардың бағу белгiлi бiр учаскелерде оқшау жүргізіледі.
672. Мемлекеттiк ветеринариялық инспектор емдеу үшін арнайы емдеу пункттерiне жіберетін жануарларды шығаруды (әкетуді) қоспағанда, псороптозбен ауырған жануарларды қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден шығаруға (әкетуге) рұқсат етілмейді.
673. Псороптозды жұқтыру күдiгі бар жануарларға толық емдік өңдеу жасалады.
674. Оларды шығаруға (әкетуге) (сату, басқа шаруашылықтарға беру) жануарларды псороптозға қарсы өңдеуден кейiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың рұқсатымен ғана жол беріледі.
61-тарау. Қой ценурозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 61-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ценуроз бойынша қолайлы аумақта профилактика
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
675. Жануарлардың ценурозбен ауруының алдын алу мақсатында заңды және жеке тұлғалар, жануарлардың иелерi іс-шараларды ценуроздың және жануарлардың басқа да ауруларының алдын алуға бағытталған қоздырғыштың биологиясын және бағу технологиясын ескере отырып, жүзеге асыруға тиіс және бұл барлық мал басын толыққанды жемшөппен, азықтандырудың, суарудың, ұстаудың тиісті шарттарымен қамтамасыз етуді білдіреді. Осы мақсатта мынадай шарттар орындалуы қажет:
1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рационды қолдану. Жайылымдық учаскелері қандай да бір макро және микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден) қоспаларды қосу;
2) жануарларды қора-жайларда және баздарда тек қана науалардан ғана азықтандыру;
3) жануарларды су құбырларының, құдықтардың, өзендердің, ағысы жылдам бұлақтардың таза суымен суару. Тоғандардан және басқа да ағыссыз су қоймаларынан суаруға сүзгiш-құдықтар жасалған жағдайда ғана жол беріледі. Жануарларды шалшықтардан, арықтардан және шұңқырлардан суаруға жол берілмейді;
4) мал қораларының, науалардың және астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, жабдықтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық жерлер мен аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету. Қора-жайлар жақсы желдетiлетін, құрғақ, жарық болуы қажет;
5) мал қораларында, оларға жақын орналасқан жерлерде және жемшөп сақтау орындары мен су көздерінде иттердi ұстауға жол берілмейді;
6) мал қораларынан, жаю алаңдарынан және баздардан қи мен көң тұрақты түрде зарарсыздандыру үшін арнайы қи қоймаларына шығарылады.
676. Иттердi әрбір дегельминтизациялаудан кейiн, олардан бөлiнген қи күнтізбелік 3-5 күн бойы жиналуы керек, содан кейiн өртеу арқылы дезинвазияланады. Қора-жайлар, жаю алаңдары, жабдықтар мен құрал-саймандар дезинвазияланады.
677. Шаруашылық жүргізуші субъектiге жаңадан келіп түскен барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде профилактикалық оқшаулауды жүргізу керек, ценурозбен ауырған жануарлар анықталған жағдайда олар емделедi және толық сауыққаннан кейін жалпы табынға жiберіледi.
678. Жануарлардың өлекселерi және қасапханалық қалдықтар (бас, iшкi органдар) жағылып, биотермиялық орға көміліп зарарсыздандырылады. Жануарларды сою ветеринария саласындағы маманның рұқсатымен жүргізіледі. Иттердi азықтандыру үшiн қасапханалық материал мұқият тексерілгеннен кейiн қолданылады. Иттерді жануарлардың зарарсыздандырылмаған органдарымен және өлекселерiмен азықтандыруға жол берілмейді.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және қой ценурозы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
679. Отарлар мен табындардағы иттердiң саны ең төменгі қажеттi шекке дейiн қысқартылады (1-2 итке дейiн) және кезбе иттердi жою жүйелi түрде жүргізіледі.
680. Азаматтардың жеке пайдалануындағы иттердi мал қораларға, жемшөп сақтау қоймаларына, жаю алаңдарына, жайылымдарға және суару көздерiне жiберуге жол берілмейді.
681. Малды қорғауға және бағуға есепке алынған қызметтiк иттер ғана жiберіледi.
682. Иттерге жануарлардың кез келген, әсiресе цестод личинкаларымен зақымдалған органдарының етін шикі түрінде беруге үзілді-кесілді жол берілмейді.
683. Отарлар мен табындардағы иттер мынадай мерзiмдерде дегельминтизацияланады: желтоқсаннан бастап сәуiрге дейiн - күнтізбелік 45 күн сайын, мамырдан бастап қарашаға дейiн - күнтізбелік 30 күн сайын.
684. Ауылдық жерлерде тұрғындарға тиесілі иттер тоқсанына бір рет дегельминтизацияланады.
685. Иттердi дегельминтизациялау желден қорғалған жерде орналасқан арнайы бөлінген, қоршаумен қоршалған немесе ор қазылған алаңда жүргiзіледi. Алаңға бөгде адамдар, оның ішінде балалар жiберілмейдi. Иттер дегельминтизациялағаннан кейiн бiр тәулiк бойы байлауда ұсталады.
686. Иттердi дегельминтизациялау үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген антгельминтиктер қолданылады.
687. Иттер мен жабайы ет қоректiлердiң ауру жұқтыруының алдын алу үшiн мыналар жүзеге асырылады:
1) жануарларды союға тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен және оның бақылауымен арнайы қасапханаларда немесе сою пункттерiнде ғана рұқсат етiледi. Отарлар мен табындарда жануарлар мәжбүрлі сойылған жағдайда малдың ұшасы мен iшкi органдары арнайы, қаңылтырмен қапталған жабылатын жәшiкте, ұшаны және органдарды тексеру қажет ветеринария саласындағы маман келгенге дейiн сақталады;
2) ет комбинаттары, қасапханалар мен сою пункттерi аумағына, ет пен сүт және азық-түлiктiк бақылау станциялары маңына және ауру малдар шоғырланған жерлерге иттер (қызметтiк иттерден басқа) жiберілмейдi;
3) жануарлардың өлекселерi өлексе жағатын пештерде жағылады немесе биотермиялық шұңқырға тасталады. Әрбір отар кейіннен оларды кәдеге жарату үшін шығара отырып, өлiм себебiн ветеринария саласындағы маман анықтағанға дейiн қойдың өлекселерiн сақтауға арналған қаңылтырмен қапталған және құлыппен жабылатын арнайы жәшiкпен жабдықталады.
688. Ценуроздың айқын көрінісі байқалған жануарлар уақтылы оқшауланады және дәрi-дәрмекпен емделедi. Антгельминтиктер болмаған кезде қойлар мен қозылар сою үшін ет комбинаттарына, қасапханаларға немесе сою пункттерiне шығарылады.
689. Өнiмдiлігі жоғары және элиталық жануарлар хирургиялық жолмен емделедi.
62-тарау. Цистицеркоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 62-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларының ауру
жұқтыруының алдын алу бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
690. Ауыл шаруашылығы жануарларының ауру жұқтыруының алдын алу үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) кезбе иттер жойылады;
2) фермалардағы күзет иттерінің саны қой отарын немесе мал табынына бір итке дейін шектеледі. Иттерге ветеринариялық паспорт беру арқылы олар есепке алынады;
3) иттерді мал фермаларының және базалардың, ет комбинаттары мен мал соятын пункттердің аумағына және малға арналған жемшөпті сақтау және дайындау орындарына жіберуге жол берілмейді;
4) күзет және отар иттеріне мерзімді түрде (әрбір 1-1,5 ай сайын) дегельминтизация жүргізіледі. Дегельминтизацияның тиімділігін арттыру үшін иттер өңдеуге дейін кемінде бір тәулік аш диетада ұсталады. Дегельминтизациялау үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
2-параграф. Иттердiң және жыртқыш етқоректiлердің
ауру жұқтыруын болдырмау бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
691. Жануарларды сою мал сою объектілерінде (сою пункті, алаңы, өңдеуші кәсіпорындар) жүзеге асырылады.
692. Өлекселерді немесе өлтірілген жануарлардың конфискаттарын иттерге, мысықтарға және мамық жүнді аңдарға беруге рұқсат етілмейді.
63-тарау. Эхинококкоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 63-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Эхиноккоз бойынша қолайлы аумақта профилактика
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
693. Жануарлардың эхинококкозбен зақымдануының алдын-алу мақсатында шаруашылық субъектілері, ветеринариялық мамандар, сондай-ақ мал иелері:
1) жануарларды толық құнды азықпен қамтамасыз ету, азықтандыру мен күтін-бағу гигиенасын сақтау;
2) мал шаруашылығы фермаларынын, қасапханалардың, ет өңдейтін кәсіпорындардың территорияларына және мал азығын сақтайтын жерлерге иегерді жібермеу;
3) иттерді Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес арнайы белгіленген жерлерде серуендету;
4) малдарды аулада союды жүргізбеу;
5) өлген малдардың өлекселерін немесе сойылған малдардың калдықтарын иттерге, терісі бағалы аңдарға және мысықтарға азыққа бермеу;
6) күзеттік және кызметік иттерге мерзімді дегельминтизация жүргізу;
7) ет және ет өнімдерін ветеринариялык-санитариялық сараптаусыз сатуға жол бермеу қажет.
694. Әр шаруашылық субъектісін қоршалған қасапханамен, Беккари шұңқырымен немесе өлексе жағатын пешпен қамтамасыз ету қажет.
2-параграф. Эхинококкоздан таза емес пункттерде
және эпизоотиялық ошақтарда жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
695. Сәйкес әкімшілік-аумақтык бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы эхинококкоз ауруының пайда болуы туралы хабарды алғаннан кейін тез арада ауру шыққан жерге келіп:
1) эпизоотологиялық тексеруді ұйымдастырады;
2) таза емес пункттің індет ошағының шекарасын анықтау;
3) диагноз қою үшін ауру малдардан патологиялық материалдар алады және оны ветеринариялық лабораторияға жібереді.
696. Нақты диагноз қойылғаннан кейін шаруашылық субъектісінің аумағында ұйымдастыру-шаруашылық және санитариялық-насихаттық шаралар кешенін жүргізеді:
1) отарлар мен табындардағы иттердің санын қажетті шекке дейін қысқарту;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды жүйелі түрде жою;
3) өлекселер мен зақымдалған мүшелерді утильдеу немесе жағу арқылы немесе биотермиялық шүңқырда жою;
4) отарлар мен табындардағы, сондай-ақ халықтағы барлық иттерді есепке алу;
5) отарлар мен табындардағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке иеліктегі жасы үш айдан асқан барлық иттерді әр күнтізбелік 45-50 күн сайын дегельминтизациялау;
6) шаруашылық субъектілерінің қызметкерлерін мерзімді түрде (3-6 ай сайын) тексеру және зерттеу;
7) санитариялық-насихаттау жұмыстарын жүргізу және жеке гигиена ережелерін сақтау.
697. Ішкі мүшелерді ашып, тексеру жолымен еттің толық ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүргізу қажет. Эхинококктар табылған жағдайда ондай мүшелер жойылады.
64-тарау. Жылқылардың нутталлиозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 64-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүзеге асырылатын жылқылардың нутталлиозы
профилактикалық іс-шаралары тәртібі
698. Ауру профилактикасы мақсатында меншiгiнде жануарлары (жылқылар, есектер, қашырлар) бар жеке және заңды тұлғалар жыл сайын мынадай іс-шараларды жүргiзедi:
1) профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) жануарларды толыққанды азықтандыруды ұйымдастырады;
3) құлындарды үлкен мал басынан бөлек ұстайды;
4) жануарларды (жылқыларды, есектердi, қашырларды) әкелуді және жемшөп сатып алуды қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден ғана жүргізеді;
5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды (жылқыларды, есектердi, қашырларды) карантиндеуде ұстайды;
6) қора-жайларды, аулаларды, ашық қораларды және тұрақтарды дезакаризациялауды жүргізеді;
7) жүйелi түрде жануарлардағы, жайылымдардағы кенелермен күрес жүргізеді.
2-параграф. Жылқылардың нутталлиозы бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
699. Шаруашылық жүргізуші субъектiде нутталлиозбен ауыратын жануарлар анықталған кезде, осы шаруашылық жүргізуші субъектiге қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маман бұл туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды. Тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жануарлардың жылқылардың нутталлиозымен ауыруына күдіктену туралы хабарды алысымен диагнозды нақтылау үшін осы жерге келіп, ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды алады және ветеринариялық зертханаға жiбередi.
700. Нутталлиоз диагнозы анықталған кезде, ауру жануарлар оқшауланады және емдеу үшiн Қазақстан Республикасында тіркелген препараттар ветеринариялық препараттар қолданылады.
701. Жануарларды апта сайын акарацид препараттарымен өңдейді.
65-тарау. Жылқылардың параскариозы (параскаридозы) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 65-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактикасы жөніндегі іс-шаралар тәртібі
702. Аурудың профилактикасы жылқыларды оңтайлы мерзiмде дегельминтизациялауды, сыртқы ортаны зарарсыздандыруды, азықтандырудың және ұстаудың қалыпты жағдайын қалыптастыруды қамтиды.
703. Профилактикалық дегельминтизациялау мерзiмi және кезеңдiлiгi жылқылардың жасына және олардың басқа гельминттердi жұқтыруына байланысты. Ерте көктемде туылған құлындардың параскариозбен моноинвазиясы кезiнде, маусым және шiлде айларында, ал көктемнiң соңында туғандарды – тамыз айында дегельминтизациялайды. Оларды қазан және қараша айларында қайталап өңдейдi. Жас 1-2 жылдық жастағы малдарды жайылымға шығару алдында наурыз және сәуiрде дегельминтизациялайды, қайталап – тамызда және қыркүйекте; интенсивтi инвазия кезiнде қараша-желтоқсанда үшiншi дегельминтизациялауды жүргiзедi. Ересек жылқыларды көктемде және күзде дегельминтизациялайды.
704. Табында бағып ұстау кезiнде жиі байқалатын жылқылардың бiр мезгiлде параскариозды және стронгилятозды жұқтыруы кезiнде дегельминтизация кешендi түрде, ұзақтығы гельминттердiң препатенттi даму кезеңiне сәйкес келетін мерзiмде антибиотиктердiң қауымдастырылуымен жүргiзiледi.
705. Емдiк (мәжбүрлі) дегельминтизация жылдың кез келген уақытында жүргiзіледi.
706. Дегельминтизациядан кейiн күнтізбелік 10-15 күннен соң ат қораны және жақын жатқан аумақтарды санитариялық өңдеу жүргiзіледi. Қабырғалар, едендер, науалар және барлық шаруашылық құрал-саймандар ыстық дезинфекциялық ерiтiндiмен жуылады.
707. Кейін қи, жемшөп қалдықтары және төсем күн сайын тазартылып, қиға биотермиялық өңдеу жасалады.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақта және параскариоз бойынша
қолайсыз пунктте жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
708. Параскариоз бойынша қолайсыз шаруашылықта жайылымның ашық қора жүйесiн қолдану ұсынылады, бұл үшiн жайылымдық жерлер 8 учаскеге бөлінедi. Әрбiр ашық қорада жылқылар осындай жүйелілікпен бастапқы ашық қораларға қайтарыла отырып, күнтізбелік 10 күннен жайылады.
709. Инвазияланған жануарларды емдеу Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген антигельминтиктермен жүргiзiледi.
66-тарау. Жылқылардың күйек ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 66-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүзеге асырылатын жылқылардың күйек ауруын профилактикасы
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
710. Аурудың пайда болуының алдын алу үшiн мемлекеттік ветеринарлық дәрігер өсіруге арналған жылқыларды жеткізушілер аумағының және шаруашылықтарының эпизоотиялық жай-күйі тұрақты түрде бақылап отырады. Шаруашылық жүргізуші субъектiге жаңадан әкелінген жылқылар карантиндеуде ұсталады.
711. Күресу шаралары (профилактика, диагностика және емдеу) ауруды жою және ауру жануардың организмін стерильдеу бойынша жоспарлы іс-шараларды өткізу жолымен жүргізіледі.
712. Жылқыларға арналған қора-жайлар, құрал-саймандар және күтім жасауға арналған заттар дезинфекцияланады.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және жылқылардың
күйек ауруы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
713. Шаруашылық жүргізуші субъектiде (табында, аулада) күйек ауруымен ауыратын жылқылар анықталған кезде, осы ауылдық округке, елді мекенге, қалаға қызмет көрсететін мемлекеттік ветеринарлық дәрігер бұл туралы дереу тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
714. Тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жылқылардың күйек ауруымен ауыратынына күдіктену туралы хабарды алысымен диагноз қою, эпизоотологиялық тексеруді жүргізу, эпизоотия ошағының және қолайсыз пункттің шекарасын анықтау үшін дереу осы жерге келеді.
715. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жылқыларды (есектерді, қашырларды) шығаруға, сатуға және көшіруге, жаңа жануарларды кіргізуге, ауру және ауру күдігі бар жануарларды жаюға, сондай-ақ қашыртуға рұқсат етілмейді.
716. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жыл сайын күйек науқандары арасындағы кезеңде сезімтал жануарларды, сондай-ақ ауру және ауру күдігі бар биелерден туған құлындарды үш мәрте тексеру жүргізіледі.
717. Қолайсыз жерлерде қашырту үшін пайдаланылатын айғырлар Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттардың бірімен профилактикалық өңдеуге ұшырайды.
718. Ауру және ауру күдігі бар жануарлардың қиы, төсемі және жемшөп қалдықтары жағылады.
719. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектi соңғы ауру жануар бөлінгеннен кейін және егер шаруашылық жүргізуші субъектiнің қалған барлық жануарлары күйек ауруына терiс нәтиже берсе, бір жыл өткен соң қолайлы деп жарияланады.
67-тарау. Жылкының инфекциялық энцефаломиелиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 67-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялык-санитариялықтаза аймақтарда
алдын-алу бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
720. Жылқының энцефаломиелит ауруының алдын алу мақсатында келесі шаралар жүргізіледі:
батпақ және батпақтанған жайылымдарды құрғату, бұталарды тазалау;
жайылымдағы азықтык шөптер құрамын жақсарту;
томарлық және батпақтық қырықбуын және басқа да улы шөптерден таза жайылымдар таңдау;
қан сорғыш жәндіктердің жаппай шығу кезеңінде әр түрлі үркіткіш құралдармен (репеленттермен) жылқыларды домдаудан өткізу.
2-параграф. Жылқының инфекциялық энцефаломиелит ауруынан таза
емес пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
721. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектілерінің аумағын, жылқының инфекциялық энцефаломиелит ауруынан таза емес деп жариялап, карантин қойылады.
722. Таза емес аумақтан карантин ақырғы жылқы өлген немесе жазылғаннан соң күтізбелік 40 күннен кейін қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін алынады.
723. Карантин шарты бойынша рұқсат берілмейді:
таза емес пункттерге жылқыларды әкелуге және одан шығаруға;
ауру, ауруғa күдікті малдарды жаюға;
таза емес аумақ арқылы жылқыларды айдауға және олармен өтуге;
жылқыларды ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз бір ат қорадан пункт шегіндегі басқа табынға араластыруға;
таза емес пункттің жылқысын таза пункттің жылқыларымен жақындастыруға;
таза емес пункттердін аумақтарына жылқылардың жаппай жиналуына.
724. Жылқылардың энцефаломиелит ауруынан таза емес пункттер тіркелген региондарда, ұрықтандыру пункттері және оларда тұрған айғырлар ветеринариялық тыңғылықты қадағалауда болады.
725. Ауруға күдікті малдарды анықтап болу, оқшаулау мақсатында, карантин кезінде таза емес пункттерде күн сайын екі мезгіл температурасын өлшеу, күнделікті жұмыс қабілеттігін, күйін, тәбетін және сірі қабаттарының сарылану мен терінің сезімталдығын бақылап, байқайды.
726. Күдікті, сонымен қатар аурудың ерте сатысында оларды оқшаулап және симптоматикалық емдеу жүргізеді.
727. Екінші рет (күнтізбелік 5-7 күнен кейін) ветеринариялық тексеру кезінде жылқының энцефаломиелит ауруының белгілері болмаған жағдайда, оларды сауыққан малдар тобына ауыстырады.
728. Ауырып жазылған жылқыларды, ауру асқынып қайталанбас үшін 1 айға дейін жұмысқа қоспайды. Осыдан кейін ол жылқыларды жұмысқа косады.
729. Жылқының энцефаломиелит ауруынан өлген өлекселерін мал қорымында жояды.
730. Ауру жылқылар тұрған қораларды, қашарларды, және оларға арналған құралдарды шұғыл түрде тазалап, дезинфекциядан өткізеді.
731. Дезинфекция жүргізуге Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттар колданылады.
732. Карантин шарты бойынша:
1) жылкыларды, жылкылардан алынған шикі өнімдерді ұқсатушы өнеркәсіптерге тасымалдау әкімшілік аумақ бірліктеріне тиісті ветеринариялық инспектордың рұқсатымен жүргізіледі (жылқылардан алынған шикі өнімдер жақсылап жабылған ыдыстарда болуы керек),
2) басқа жануарларды және құстарды, сонымсн қатар олардан алынған өнімдерді шығаруға болады.
733. Жылкының энцефаломиелит ауруынан тұрақты таза емес ошақтарда келесідей алдын алу шаралары жүргізіледі:
энцефаломиелит ауруынан тұрақты таза емес ошақтарды және шаруашылық субъектілерді анықтап, кешенді сауықтыру шараларын жасау;
ошақ шыққан жердің рельефін, батпағын, көлін, бүталарын және басқада өсімдіктер жағдайын зерттеу;
қан сорғыш жәндіктер мен кенелердіц жылкы малына ең көп мөлшерде шабуыл жасау уақытын анықтау;
жылкының энцефаломиелит ауруы үнемі шығатын жайылымдарды зерттеу.
68-тарау. Жылқының африкалық обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 68-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветерииариялық – санитариялық таза аймақтарда
алдын – алу бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
734. Жылқының африкалық обасы еніп және таралып кетпес үшін:
1) профилактикалық және басқа шараларды жүргізуін жүйелі бақылау;
2) осы аурудың алдын алуда жергілікті географиялық жағдайларды ескеріп жүргізілетін іс-шаралардың аумақтық шекарасын анықтау;
30 домдауға жататын мал басын, неше peт өткізу керектігін, бөлме көлемін, гематофагтардың жиналған жерлерін есептеп іс-шараларды жүргізуге қажетті биопрепараттарды, инсектицидттерді және басқа материалдарды қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру;
4) елді мекендердегі халықтар арасында осы аурудың тегі және онымен күрес жолдары туралы ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
5) барлық тақ тұяқты және иттерді қатаң есепке алу;
6) барлық тақ тұяқтыларды басқа малдардан бөлек ұстау;
7) жылқының африкалық обасынан таза емес аймақтардан шаруашылық субъектілеріне жылқыны енгізуге, сонымен қатар азықпен құралдар әкелуге кіргізуге жол берілмейді;
8) малдардың барлық түрлерін инсектицидтерді қолдана отырып, Қазақстан Республикасының реестрінде тіркелгсн ветеринариялық препараттармен домдау жасау;
9) кеміргіштермен күресу жеміндегі іс – шараларды жүзеге асыру, жануарларға арналған бөлмелерді және гематофагтар жиналатын орындарға жүйелі түрде дезинфекциялауды жүргізу.
2-параграф. Таза емес пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
735. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектілерді осы аурудан таза емес деп жариялап, карантин қойылады.
736. Таза емес аймақтан карантин ақырғы мал өлгеннен бастап бір жыл өткен соң қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін алынады.
737. Карантин шарттары бойынша:
таза емес пункттерге малдың барлық түрлерін әкелуге және шығаруға;
ауру және сау малдарды бір жайылымда жаюға, суаруға және бір қорада ұстауға, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінде малдарды қайта топтастыруға;
жылқыларды, есектерді, қашырларды және басқа малдарды сатуға, көрмелерді және карантиндік пункттер мен қауіпті аумақтарда малдардың жиналуымен байланысты басқада шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілм.ейді
738. Карантинді постардың өту жолдары дезинфекция жүргізетін арнайы құралдармен инсектицидтік қамтамасыз етілуі тиіс.
739. Карантин қойылған шаруашылық субъектілеріне кіретін және олардан шығатын автокөліктер мұқият дезинфекциядан өтуі тиіс. Олардағы жүктер де дезинфекцияланады.
Ескерту. 739-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.740. Карантин қойылған пунктте мынадай шаралар өткізіледі:
1) бос жүрген иттерді жою;
2) африкалық обадан өлген мал өлекселерді өртеу, жою;
3) жылқының африкалык обасын жұқтыру күдігі бар тақтұяқтыларды басқа малдардан жеке ұстау;
4) иттер және тақтұяқтылар, мүмкін болған кезде барлық малдар, құстарды қоса алғанда жүйелі түрде инсектициттермен өңдеу;
5) күнделікті қора-жайлардағы ауру жануарлардың қиларын, азық қалдықтарын және төсеніштерін жинау және өртеу;
6) гематофагтардың жиналған және қалқып шығуы мүмкін жерлерді (бұлақтардың, кішкене өзендердің, арықтардың батпақ жағалаулары, ағаштардың қуыстары, көлшіктер және басқалары) жүйелі түрде инсектицидтермен өңдеу.
Ескерту. 740-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.741. Жылқының африкалық обасымен ауырған барлық малдар өртеу арқылы жойылады.
742. Жылқының африкалық обасына күдікті клиникалық белгілерімен өлген тақ тұяқтылардың өлекселері алғашқы ауырған жағдайда диагнозды анықтау үшін гематофагтардың ұшып қонуынан, инфекцияны таратпау шарттарын сақтап сойылып, соңынан өртеу арқылы жойылады.
743. Тақ тұяқтылардың африкалық обасынан сауықтырылған шаруашылық субъектісінде 3 жыл қатарынан өткізілетіндер:
тақ тұяқтылар мен иттерді инсектицидттермен жүйелі түрде домдаудан өткізу;
гематофагтардың туатын және орын тепкен жерлерін инсектицидттармен жүйелі түрде домдаудан өткізу;
кемергіштерді жою іс-шараларын ұйымдастыру (жылқының африкалық обасының қоздырушысының резервуары).
744. Бұрын тақ тұяқты жануарлардың обасынан таза емес шаруашылық субъектілеріне малдарды енгізу, шығару және сатуға карантин алынғаннан соң бір жылдан кейін, тақтұяқты жануарлардың осы аурудан толық тазарған жағдайында ғана рұқсат беріледі.
69-тарау. Стронгилятоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 69-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жануарлар стронгилятоздарының профилактикасы ретінде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
745. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта стронгилятоздардың таралуын болдырмау мақсатында клиникалық сау және копрологиялық тексерулер бойынша теріс нәтижелер берген жануарларды ғана әкелуге рұқсат етiледi.
746. Жаңадан сатып алынатын жануарлар күнтізбелік 30 күн бойы оқшау ұсталып, клиникалық байқаудан және копрологиялық тексеруден өткiзіледi.
747. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жыл сайын, жылына 2 рет көктемде және күзде жануарларға профилактикалық дегельминтизациялау жүргiзіледi. Бұдан басқа, жылқылар мынадай жағдайларда: басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге беруге дейін, көрмеге және спорттық жарыстарға жіберудің алдында екі апта бұрын клиникалық байқаудан және копрологиялық тексеруден өткiзіледi.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және жануарлар стронгилятозы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
748. Стонгилятоз бойынша стационарлық қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде:
1) жануарларды азықтандыру және ұстау жағдайлары жақсартылуға тиіс;
2) күн сайын және мұқият қи жинау және оны биотермиялық өңдеу жүргізіледі;
3) жануарлар дегельминтизацияланады;
4) сыртқы ортадағы қоздырғыштың даму мерзімін ескере отырып, жайылымдарды тұрақты түрде ауыстыру жүргізіледі;
5) жас төл қыратты, жақсартылған жайылымдарда бағылады;
6) жануарлар су құбырының, құдықтың, өзендердің және жылдам ағысты бұлақтардың таза суымен суарылады, бұл ретте су көздеріне түсетін жерлер құрғақ, қатты топырақты немесе жабынды болуға тиіс;
7) мал қораларының, науалардың, астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, аулалар мен олардың маңындағы аумақтың тазалығы қамтамасыз етіледі;
8) дезинфекциялық, дезинвазиялық және дератизациялық іс-шаралар өткізіледі.
749. Стронгилятозбен қатты ауырған жануарлар жеке топтарға бөлінеді, оларды азықтандыру және ұстау жағдайлары жақсартылады, жеке емделеді.
70-тарау. Түйелердің су-ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 70-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын түйелердiң су-ауруы профилактикасы ретінде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
750. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумаққа су-аурудың таралуын болдырмау мақсатында осы ауру бойынша қолайлы аумақтардан клиникалық сау жануарларды ғана әкелуге рұқсат етiледi.
751. Импортталатын және экспортталатын жануарлар карантиндеуге және су-ауруға тексеруге жатады.
752. Қолайсыз аумақтарға амалсыздан бару немесе оларды басып өту уақытында жануарларды қан сорғыш жәндiктерден иісі аңқып тұратын дәрiлер сiңген (деготь, креолин, тазартылмаған карбол қышқылы тағы басқа) жабумен қорғау қажет.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және түйелердiң
су-ауруы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
753. Жануарлар су-аурумен ауырған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъект қолайсыз деп жарияланады.
754. Су-ауру бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде жыл сайын кейіннен ауру жануарларды оқшаулап және міндетті ерекше емдей отырып, түйелердi және осы ауруға сезiмтал басқа да мал басын трипанозомозға клиникалық, микроскопиялық және күкіртті диагностикалық әдiстер көмегiмен тексеру жүргізіледі. Тексеру жылына кемінде үш рет: қыстың басында және соңында (таратушылар болмаған кезде) және ауру маусымында жүргiзiлуі қажет.
755. Жануарларды қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерден қолайлыларға ауыстыруға трипанозоманы тасымалдаушының жоқтығын белгіленгеннен кейiн ғана жол беріледі.
756. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлердегі бағалы аталықтар және асыл тұқымды аналықтар жыл сайын трипанозомозді жұқтырудың барынша үлкен қаупі бар маусым уақытында ерекше препараттармен профилактикалық өңдеуден өткiзіледi.
757. Ішкі құюды жүргізу кезінде, зерттеу үшін қан алу кезінде және осы сияқты барлық құралдар, әсіресе инелер әрбір жануарға қолданар алдында қайнату арқылы зарарсыздандырылады. Айналадағы заттардың қанмен ластануына жол берiлмейдi.
758. Ауру малдар оқшауланады және емделедi.
759. Ауру күдігі бар жануарлар оқшауланады және кемінде үш рет қосымша зерттеулерден өткiзіледi.
760. Емдеуден кейін жануарлар 6 айға жеке топтарға оқшауланады және үш мәрте тексеруден өткiзіледi.
761. Егер 1 жыл iшiнде емделген жануарларда аурулардың жаңа жағдайлары және рецидивтер анықталмаса, шаруашылық етуші субъекті сауықтырылған деп танылады.
762. Күйек пункттерiнде мiндеттi бақылау жүргiзiп, барлық келіп түскен аналықтардың қаны микроскопиялық зерттеуден өткiзіледi.
763. Жоғары бағалы аталықтар ауру, күдiктi және емдеуден өткен аналықтармен соңғылардың сауығуына дейiн күйекке жiберiлмейдi.
764. Ауру аналықтар ұрықтандыруға емделгеннен кейiн күнтізбелік 10-15 күн өткен соң ғана жiберіледi.
765. Ауру аталықтар емделгеннен кейiн толық сауыққанға дейін күйекке жiберiлмейдi.
766. Ауру, күдiктi және емделген аналықтарды жасанды түрде ұрықтандыруға болады.
71-тарау. Шошқалардың аскаридозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 71-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
шошқалардың аскаридозы профилактикасы ретінде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
767. Шошқалардың аскаридозының профилактикасы үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) рационға құрамы бойынша витаминдермен және минералдық заттармен теңгерімделген жемшөп қосылды;
2) шошқаларды жазда лагерьде ұстау қамтамасыз етіледі;
3) оңтүстiкке қарай қаратылған, топырағы тығыз ылдилы бөктерлерде жазғы лагерьлердiң құрылысы және жабдықталуы қамтамасыз етіледі;
4) қидың күн сайын жиналуы, оның биотермиялық залалсыздандыруға арналған жабдықталып қоршалған қи қоймасына шығарылуы қамтамасыз етіледі;
5) қораларды, астауларды, науаларды, күтiм жасау заттарын және шаруашылық құрал-саймандарын (шелектердi, күректердi, айырларды, сыпыртқыларды) үнемi тазалау және механикалық тазарту, оларды ерiтiндiлермен немесе қайнаған сумен зарарсыздандыру жүргiзiледi;
6) кейіннен тегістей отырып, ферма маңындағы аумаққа және жаю аулаларына әк сеуіп аудару жүргізіледі;
7) ферма маңындағы жыртылмаған учаскелерді және орманды жайылымдарды пайдалануға жол берілмейді, өйткені онда жаңбыр құрттарының ірі биотоптары көп болады;
8) торайлау науқандары, жас малды бордақылауға ауыстыру аралығындағы кезеңдерде және жануарлар союға әкетілгеннен кейін мерзімді түрде қораларды мұқият тазарту және дезинвазиялау жүргiзiледi;
9) жануарларды тек қана науалардан (астаулардан) азықтандыру және таза сумен суару қамтамасыз етiледi;
10) жаңадан әкелінген жануарлар карантиндеуге және гельминттерге зертханалық зерттеуге ұшырайды;
11) шошқалардың ферма аумағындағы немесе елді мекендегі жаю аулаларынан тыс жайылуына рұқсат етілмейді.
768. Репродуктивтік және асыл тұқымды шаруашылықтарда аналық шошқаларды торайлауға дейiн бiр ай бұрын, лагерлерге ауыстыру алдында және күзде қоршалған орындарда ұстауға қою алдында дегельминтизациялау жүргiзiледi. Жас емізілетін торайлар сәуірден бастап желтоқсанға дейін бірінші рет 90 күндiк жасында, ал қыста, желтоқсаннан бастап сәуiрге дейiн - бiрiншi рет 50-55 күндiк жасында, екiншi рет 90 күндiк жасында преимагинальды түрде дегельминтизацияланады. Қиының сынамалары мерзімді түрде зерттелініп, зерттеудің нәтижелері оң болған кезде жоспардан тыс алдын алу дегельминтизациясы жүргiзiледi.
2-параграф. Қолайсыз пункттерде шошқалардың аскаридозын жою
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
769. Шошқалардың аскаридозы бойынша қолайсыз пункттерде мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) репродуктивтік, асыл тұқымды және репродуктивтік-бордақылау шаруашылықтарында торайлауға дейiн бiр ай бұрын барлық аналық шошқалар дегельминтизацияланады. Күнтізбелік 10 күннен кейiн бақылау зертханалық зерттеу жүргiзiледi және ауру жұқтырған жануарлар анықталған кезде дегельминтизация қайталанады;
2) туылған торайлар 14 күндiк жасынан және 35 күндiк жасынан бастап преимагинальдық дегельминтизацияланады;
3) торайларға преимагинальдық дегельминтизация жүргiзу мүмкiндiгi болмаған кезде, дегельминтизация 5-3 айлық жасқа жеткеннен кейін басталады. Күнтізбелік 10 күннен кейiн бақылау зертханалық зерттеулер жүргiзiледi және топта 10 %-тен астам ауру жұқтырған жануарлар анықталған жағдайда дегельминтизация қайталанады;
4) аналық шошқалардың қоралары – әрбiр торайлау кезеңінің алдында, өсіру және бордақылау топтарының шошқа қоралары – қораларды кезектi толтыру алдында дезинфекцияланады.
770. Бордақылау шаруашылықтарында:
1) бордақылауға келiп түсетiн шошқалар, карантиндеу кезеңiнде зертханалық зерттеулерге және қажеттілігіне қарай дегельминтизациялауға түседі;
2) карантиндiк қоралар малдарды бордақылауға ауыстырғаннан кейiн, ал бордақылауға арналған шошқа қоралары - бордақылаудың кезектi циклi аяқталғаннан кейiн дезинфекцияланады.
771. Шаруашылықтың барлық түрлерiнде шошқа қораларының, төбесi ашық жайлардың, жаю аулаларының және алаңдардың едендерiнiң жамылғысы қатты болуға тиіс. Шошқаларды ферма аумағында жаюға жол берілмейді.
772. Дегельминтизациялау үшін Қазақстан Республикасында тiркелген препараттар қолданылады.
72-тарау. Трихинеллез бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 72-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Трихинеллез бойынша қолайсыз эпизоотия ошақтарында
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
773. Шошқаларды жануарларды ет комбинатында сою қалдықтарымен, сондай-ақ аң шаруашылығындағы және аңшылықта ауланатын аңдардан алынған ет ұшасымен тіпті кәдімгі қайнатудан кейін де азықтандыруға рұқсат етiлмейдi. Шошқалардың фермалардың, елдi мекендердің аумағында, алаңқайлар мен жыраларда және орман алқабында кезiп жүруiне рұқсат етiлмейдi. Шошқа қораларын, жаю аулаларын, жазғы лагерьлерді қоса алғанда, шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жүйелi түрде дезинфекциялау және дератизациялау жүргiзiледi.
774. Ветеринария қызметi ет өңдейтiн, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы және елдi мекендердегі барлық шошқа ұшасын, сондай-ақ базарға және арнайы дүкендерге келіп түсетiн осы ауруға сезiмтал басқа да жануарлардың ұшаларын трихинеллезге мiндеттi түрде тексеріп отырады. Ветеринария қызметi аң шаруашылықтарында жаппай сою кезінде аң ұшаларын ішінара тексередi.
775. Шошқа мен аңдар ұшаларының бұлшықет сынамаларында трихинелл личинкалары табылған жағдайда, аталған ұшалар ет-сүйек ұнына өңделеді немесе өртеледі, оларды жерге көмуге жол берілмейді. Жануарлар арасында трихинеллез қоздырғышының табылғаны туралы тиісті ақпарат халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі.
Ескерту. 775-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.776. Тұрғындар арасында трихинеллез ауруы тіркелген уақытта, ошақта бірлескен эпидемиологиялық-эпизоотологиялық іс-шаралар жүргізіледі.
777. Бұлшықет талшықтары бар қосалқы өнімдер де кәдеге жаратылады, шпиг 20 минут бойы 100 С0 қорытылады, iшкi май шектеусiз сатылады.
778. Аң фермаларында аң ұшаларын алдын-ала залалсыздандырмай азықтандыруға рұқсат етiлмейдi, өлген жануарлардың өлекселері өртеледi.
73-тарау. Құстың аспергиллезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 73-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүзеге асырылатын құс аспергиллезiнiң профилактикасы ретінде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
779. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде құс аспергиллезi ауруын болдырмау үшін меншік нысанына қарамастан, осы Қағидаларда көзделген іс-шаралар кешені қатаң орындалады.
780. Мыналар қамтамасыз етіледi:
1) құстарға толыққанды сапалы жем беру;
2) фермаларға, құсханаға әкелінетiн жем мен төсемдердiң, буып-түю материалдарының және жұмыртқа ыдыстарының санитариялық сапасын мұқият бақылау;
3) саңырауқұлақтардың әртүрлі түрлерімен жаппай тұқымданбау үшiн жем мен жемшөп қоспаларын сақтау қағидаларын орындау;
4) кезең аралық профилактикалық үзiлiстерiн сақтау, бұл кезде құсханаға, инкубаторияға, қоймаға, күтіп-ұстау заттарына, жабдықтарға, ыдыстар мен тасымалдау заттарына мұқият түрде механикалық тазалау мен дезинфекция жүргiзіледі;
5) инкубациялық жұмыртқаларды жүйелi түрде дезинфекциялау;
6) құсханаларды және құс фабрикаларының өндiрiстiк аймақтарын тазалау, вентиляциялық және басқа да қалдықтардың жиналуын, бұталардың, биiк шөптер мен өсiмдiктердiң өсiп кетуін болдырмау;
7) құс фабрикасының ауа кеңiстiгi шаңдануының және эрозияның алдын алу мақсатында топыраққа көпжылдық шөптер егу, оларды жүйелi түрде көгал түрінде шабу;
8) ферма iшiндегi жолдарды, құсхана қабырғаларын, әсiресе құсханаға, көгалға, ағаштарға жақын орналасқан вентилятор, алаң жақтан суару машиналарының көмегiмен су бүрку арқылы жүйелi түрде жуу немесе суландыру.
781. Пайдаланылатын құсханаларда едендi жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында сумен ылғалдап отырады, ал күнтізбелік 7-10 күнде 1 рет натрий гипохлоридiн (кальций) немесе 1 текше метрге 300 миллилитр есебімен құрамында 0,5 белсендi хлоры бар хлорамин Б ерiтiндiсiн пайдаланады.
782. Қазақстан Республикасында тіркелген ветеринариялық препараттар пайдаланылады.
2-параграф. Эпизоотикалық ошақтарда және құс аспергиллезi
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
783. Ауру құс анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті аспергиллез бойынша қолайсыз болып жарияланады және шектеу енгізеді.
784. Құс аспергиллезi бойынша қолайсыз құс шаруашылық жүргізуші субъектiде мыналарға:
1) құстарды қолайсыз құсханадан (елдi мекеннен, ауладан) сау құсханаға ауыстыруға;
2) тиісті санитариялық өңдеусіз керек-жарақтарды, жабдықтарды және басқа да заттарды қолайсыз объектiлерден сау объектiлерге ауыстыруға;
3) қолайсыз құсханада (елдi мекеннен, ауладан) күтіп-бағумен айналысатын персоналдың қолайлы объектiлерге келуіне;
4) жұмыртқаларға алдын ала дезинфекция жасамай инкубаторияға әкелуге рұқсат етілмейді.
785. Ауру құс өз шаруашылығында сойылып, кейіннен кәдеге жаратуға жiбередi.
786. Күрделi эпизоотиялық жағдайда ветеринария саласындағы маман мен шаруашылық жүргізуші субъектi басшысының шешімі бойынша құс мерзімінен бұрын союға жiберіледi.
787. Қорытынды іс-шаралар жүргізілген жағдайда, ауру құсты анықтау және құсханадан әкетудің соңғы жағдайынан кейін 3 ай өткен соң шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу алынады.
74-тарау. Құстардың Марек ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 74-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Құстардың Марек ауруының профилактикасы
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
788. Аурудан қолайлы құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдығатын әр басына, Марек ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргiзiледi.
789. Тауықтардың арасында Марек ауруына иммундық профилактика жұмысын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген вакциналар қолданылады.
790. Құсханалар мен жабдықтарға толық санация жүргiзе отырып, табынды өсiруде профилактикалық үзiлiс жүзеге асырылады.
2-параграф. Аурудан қолайсыз пункттерде ауруды
жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
791. Марек ауруына диагноз қойылған жағдайда, құс шаруашылығына шектеу енгiзiледi, оның шарттары бойынша аурудың өту сипатын ескере отырып, ауруды жою бойынша кешендi ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзiледi.
792. Құс шаруашылығында аурудың таралуы кең ауқымды сипат алмай, аурудың жекелеген жағдайлары болған кезде Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн, құс шаруашылығының iшiнде жұмыртқаларды инкубациялауға рұқсат етiледi. Құстардың жүнін, мамығын, инкубациялық жұмыртқаларды және мал қораларға кәдiмгi жалпы қабылданған заттармен дезинфекциялау жүргiзiледi.
793. Марек ауруының эпизоотиялық пайда болуы кезiнде (құстардың жаппай ауыруы және аурудың таралу үрдісінде) мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) инкубациялық жұмыртқалардың және тiрi құстардың сатылуына жол берілмейді;
2) инкубацияны және құстардың жас балапандарын өсiруге қабылдау тоқтатылады;
3) қолайсыз құс қораларындағы, цехтардағы, фермалардағы барлық құстар құс шаруашылығының құс сою бөлiмiнде немесе ет өңдеу кәсiпорындарында сойылады;
4) инкубаторға, құс қорасына, қосалқы қора жайларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға, іргелес аумаққа мұқият тазарту және дезинфекциялау жүргiзiледi;
5) қолайсыз құс өсіру шаруашылықтарында құс қораларына, инкубаторларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға, өндiрiстiк аумақтарға, көлiк құралдарына және басқа объектiлерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргiзiледi;
6) саңғырыққа және төсемдерге биотермиялық зарарсыздандыру жүргiзiледi.
794. Балапандарды өсiруге қабылдау, құс шаруашылығында санация аяқталғаннан кейiн бiр ай уақыт өткен соң рұқсат етiледi.
795. Өсiруге қабылданған балапандар тәулiктiк жаста Марек ауруына қарсы егiледi (вакцинаны қолдануға арналған нұсқаулыққа сәйкес).
796. Қолайсыз құс шаруашылығының тауықтарынан алынған жұмыртқалар формальдегид буымен мынадай схема бойынша дезинфекцияланады:
1) инкубациялық жұмыртқалар: төрт рет - бiрiншi рет жұмыртқалағаннан кейiн 1 сағаттан кешіктірілмейтін уақытта, екiншi рет - инкубаторға салынар алдында, үшiншi рет - инкубаторларда 6 сағат жылытылғаннан кейiн және төртiншi рет - шығарушы шкафтарда жұмыртқалар бiр орыннан басқа орынға ауыстырылғаннан кейiн;
2) ас жұмыртқалары - сауда көздерiне жiберiлердiң алдында бiр рет дезинфекциялаудан өткiзiледi.
797. Марек ауруы бойынша қолайсыз құс қораларындағы құстарды сою кезiнде тұтас ұшалар iшкi органдарынан толық босатылады, барлық iшкi органдары кәдеге жаратуға жiберiледi, ал тұтас ұшалар қоғамдық тамақтану желісіне беріледі немесе қайнатылған шұжық, консервiлер дайындауға қолданады. Терiлерiнде немесе бұлшықеттерінде iсiктi жаралар болған жағдайда, тұтас ұшалар техникалық кәдеге жаратуға жiберiледi және ас өнiмдерiн дайындау үшiн қолдануға жол берілмейді.
798. Марек ауруының классикалық үлгiсiмен құстардың 5-10 % ауырған жағдайда құстардың барлық қолайсыз топтарын сою қажет.
799. Ауру жаппай таралған жағдайда инкубациялық жұмыртқаларды сатуға және балапандарды өсiруге жол берілмейді. Құстарды жойғаннан кейiн және құс шаруашылығында өндiрiстiң барлық технологиялық буындарындағы санациядан кейiн 1 ай уақыт өткен соң балапандар өсiрiле бастайды. Барлық жас балапандар тәулiктiк жаста егiледi.
800. Шектеу құс шаруашылығынан 6 айлық жасқа дейiн өсiрiлген құс балапандарының арасында Марек ауруы болмаған кезде алынады.
75-тарау. Құстардың бурсалдық ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 75-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Құстардың жұқпалы бурсалдық ауруының профилактикасы
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
801. Құс шаруашылықтарының ветеринария саласындағы мамандары профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында:
1) сырттан індеттің енуiне жол бермеуге арналған іс-шараларды әзірлеуге. Бұл үшiн құстарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаларды жұқпалы бурсалды аурудан қолайлы шаруашылықтардан ғана алуға;
20 құстарды зоогигиеналық нормалардың талаптарына сай келетін бағып-ұстауға қолайлы жағдай жасау арқылы құстар организмiнiң жұқпалы ауруларға жалпы резистенттiлiгiн көтеруге;
3) жұқпалы бурсалдық ауруға қарсы профилактикалық егу жүргiзiлетiн шаруашылықтарда, егiлген құстарға иммунитеттiң тұрақтылығына жүйелi түрде бақылауға міндетті. Иммунизацияның тиiмдiлiгi вакцинаның сапасына және оны енгiзу тәсiлiне байланысты.
2-параграф. Қолайсыз пункттерде ауруды жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
802. Бурсалдық аурудың пайда болуына күдiктену кезінде аурудың таралуын тоқтатуға арналған іс-шаралар жүргiзiледi, құс қоралары бекiтiледi, ауру және ауруға күдiктi құстар сойылады, құс қораларына, инкубаторларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға және құстарды серуенге шығаратын аумаққа тазарту жүргiзiледi. Құс қораларына бөгде кiсiлердің кiруіне, құс шаруашылығының iшiнде құстардың орнын ауыстыруға және одан құстарды, жұмыртқаларды шығаруға, сондай-ақ жем-шөпті, құрал-саймандарды, жабдықтарды, саңғырықты шығаруға рұқсат етілмейді.
803. Диагноз анықталған жағдайда қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
804. Карантин шарты бойынша мыналарға:
1) қолайсыз пунктке әкелуге, құстарды және құс шаруашылығы өнiмдерiн оның шегiнен әкетуге;
2) қолайсыз пункт (ошақ) аумағына бөгде кiсiлердiң кiруiне жол берілмейді.
805. Ауруды және жұқпалы ошағын жою іс-шараларға мыналар кiредi:
3) ауру және ауруға күдiктi, құстардың бурсалды ауруына шалдығатын барлық құстарды сою;
4) өлген құстардың өлексесін және сойылған ауру құстарды термиялық кәдеге жарату;
5) құс қорасын, жабдықтарды, құрал-саймандарды және ауру құс тұрған аумақты дезинфекциялау арқылы залалсыздандыру;
6) ауру ошағындағы және қауiптi аумақтағы бурсалды ауруға шалдығатын құстардың арасында вакциналық профилактика жүргiзу.
806. Жұқпалы бурсалдық ауру бойынша қауiптi құс шаруашылықтарында және елдi мекен пункттерінде мыналарға:
1) қора-жайдан жұқпалы бурсалды ауруға шалдығатын құстарды шығаруға;
2) құс фабрикасына бөгде адамдардың кiруiне және көрмелер өткiзуге жол берілмейді;
3) қызмет көрсетуші персонал санитариялық рұқсатты қолданады.
807. Карантин соңғы ауру немесе өлген құсты кәдеге жаратудан соң және індет ошағында қоздырғышты жою бойынша қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзілгеннен кейiн күнтізбелік 21 күн өткенде алынады.
76-тарау. Үйректердің вирустық гепатиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 76-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Үйректiң вирустық гепатитінен
ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда профилактика
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
808. Вирустық гепатит профилактикасы үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерді індеттің енуінен қорғаудың, зоогигиеналық жағдайды жақсартудың, жемдеу және құстардың орналасқан жерiн қалыптастыру және құстардың моционының нормаға сай орындалуының үлкен маңызы бар.
809. Профилактика үшiн тiрi белсендiлiгiн жоятын вакцина қолданылады, оны аналық үйректерге немесе 1-3 күндiк балапандарға егедi. Аналық үйректерге де егедi, 2-3 рет еккен соң аналық үйректер иммунитеттi жұмыртқадан бередi.
2-параграф. Үйректiң вирустық гепатиті бойынша қолайсыз
аумақтарда және эпизоотикалық ошақтарда жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
810. Вирустық гепатит диагнозы қойылған кезде (жеке меншiк құс фабрикаларында, аулаларда) карантинге жауып, мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) барлық ауру және ауруға күдікті, әлсiреген және арықтаған үйректердi жояды. Осы құс қорасының қалған сау үйректерiн ары қарай өсуге қалдырады, ал жасы үлкен үйректердi - жұмыртқалағанға дейiн ұстайды, кейiн шаруашылықтың барлық құстарын союға жiбередi;
2) 2-ден 25 күнге дейiнгi шартты сау үйректердiң барлығына реконвалесценттi қан сары суын немесе гипериммунды қан сары суын терi астына, мойынның астыңғы бөлiгiне, 0,5-1 миллилитр көлемiнде бiр рет енгiзедi;
3) шартты сау құстарды етке тапсырған соң қорада механикалық тазарту жүргiзедi және құрал-жабдықтарды, қолданылатын заттарды, құс қораның маңайын дезинфекциялайды. Қиды және төсемді жағады немесе биотермиялық залалсыздандыруға шығарады. Дезинфекцияны араға күнтізбелік 10 күн салып екi рет өткiзедi. Арнайы киiмдердi (халат, аяқ киiмдi т.б.) 15-20 минутке қайнап жатқан суға салады немесе дезинфекциялайды. Үйректердiң жаңа партиясын қайта залалсызданғаннан кейiн күнтізбелік 7-10 күн өткен соң әкелуге рұқсат берiледi.
811. Карантин талаптары бойынша:
1) инкубациялы жұмыртқаларды, үйрек пен балапандарды сыртқа шығаруға, оларды халыққа сатуға;
2) үйректердің вирустық гепатиті бойынша қолайсыз қора-жайлардағы құстарды алмастыруға, олардан жем-шөпті, құрал-жабдықтарды және басқа қолданылатын заттарды қолайлы қора-жайларға шығаруға;
3) бөтен адамдардың құс фабрикасына (жеке меншік құс фабрикасына, аулалар мен құс қораларына) кіруіне;
4) вирустық гепатитпен ауырған құстар ұсталған су қоймаларын бiр жыл бойы қолдануға рұқсат етілмейді.
812. Карантин талаптары бойынша мыналарға:
1) клиникалық сау үйректер мен балапандарды сою үшін сою пунктiне жiберуге;
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің ішiнде үйректi етке өсiру үшiн жұмыртқаларды инкубациялауға;
3) үйрек табынын қалыптастыру үшін үйректердің вирустық гепатиті бойынша қолайлы басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерден балапандарды әкелуге рұқсат етiледi.
813. Шаруашылық жүргізуші субъекті карантин алынғаннан кейін және қора-жайға, құрал-жабдықтарға, құстарды күтетiн заттарға, құс қора-жайларының айналасындағы аумаққа және басқа да қосалқы қор-жайларға қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін қолайлы деп жарияланады.
77-тарау. Жоғары патогенді құс тұмауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 77-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жоғары патогенді құс тұмауының профилактикасы
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
814. Жоғары патогенді құс тұмауының жұғу қауіпi туған жағдайда, оның қоздырғышын енгiзбеу мақсатында ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi эпизоотияға қарсы шараларды қолданады, оларға сәйкес:
1) қолайсыз мемлекеттердiң аумағынан құс және құс шаруашылығы өнiмдерiн әкелуге (әкетуге) шектеу енгiзіледі;
2) жабайы және ұшып келетiн құстарды аулау реттеледі (жабайы құстарға аңшылық мерзiмiн реттеу, олардың популяциясын және үй құстарымен жанасу жиiлiгiн азайту мақсатында құстарды атудың санын көбейту);
3) ең алғашқы аурудың пайда болу қаупi төнетiн аумақ анықталады, құс ұстайтын заңды және жеке тұлғаларға енгiзiлген шектеулер туралы тиiстi өкiмдер жiберіледі.
815. Шаруашылықта (жеке шаруашылығында) құстары бар жеке тұлғалар мынадай талаптарды қатаң сақтауы қажет:
1) үй құстарының жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) аулада құс ұстау қажет болған жағдайда, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшiру;
3) құстың ауру және өлу жағдайы туралы дереу тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;
4) жабайы құстармен бiрге көлдердiң маңайынан радиусi 5 шақырым көлемiнде үй құстарын бағуға немесе жаюға жол бермеу.
816. Шаруашылықта құстары бар заңды тұлғалар мынадай:
1) құстардың жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) радиусi 5 (бес) шақырымда құстардан бос аймақ құру;
3) қажет болған жағдайда құстарды жабық типтi режимде ұстауға көшiру;
4) iндеттiк аурулар бойынша қолайлылығы тиiстi ветеринариялық құжаттармен бекiтiлген шаруашылықтардан құстарды енгiзу (шығару, араластыру);
5) шаруашылық жүргізуші субъектiлерде қолайлылықты сақтау, қажет болған жағдайда оларға дезинфекция жүргiзу;
6) құстарды өсiру және ұстау технологиясын сақтау;
7) құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық санитариялық инспекторына хабарлау;
8) құстарды әртүрлi жануарлармен, әсiресе шошқалармен бiрге ұстауға жол бермеу талаптарын қатаң сақтауы қажет.
2-параграф. Эпизоотикалық ошақтарда және жоғары патогенді
құс тұмауы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
817. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағына карантин белгіленеді.
818. Ауру шыққан жер, оған енетiн аумақ ауру анықталған жерге (ауру ошағына) қатынасы бойынша ара қашықтығына және вирустың тасымалдану факторлығының болуына байланысты аймақтарға бөлiнедi:
1) саламатсыз пункт;
2) буферлік зона - ауру тiркелген пункттiң (iндет ошағы аймағынан) шекарасы маңайынан радиусы 25 (жиырма бес) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы);
3) байқау аймағы – қауiптi аймақтың шекарасы маңайынан радиусы 50 (елу) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы).
Ескерту. 818-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.819. Саламатсыз пунктте жоғары патогенді құс тұмауының қоздырғышын жою және оның одан әрі таралуының алдын алу бойынша шаралар жүргізіледі. Ол үшін саламатсыз пунктте барлық құстарды (өлекселерді, ауру құстарды, шартты түрде сау және сау құстарды) олардың түрі мен жасына қарамай өртеу арқылы жояды.
Вируспен ластанған және ластануы мүмкін орындарын (құс қоралары, аулалар, сою, тасымалдау, кәдеге жарату орындары) Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялау құралдарымен дезинфекциялайды.
Саламатсыз пункттің аймағынан құсты және құс шаруашылығы өнімдерін шығаруды толығымен тоқтатады. Саламатсыз пункт аймағының шекарасында ветеринариялық-санитариялық (карантиндік) бекеттер ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда, осы аймақтан жануарлардың барлық түрлерінің сыртқы аумаққа қозғалуын толығымен тоқтатады.
Ескерту. 819-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.820. Буферлік аймақта ауруды шектеу іс-шаралары және аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгiзiледi. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерiмен байланысына жол берілмейді.
821. Бақылау аймағында аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгiзiледi. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерiмен байланысына жол берілмейді.
822. Тұмаудан өлген ең ақыры өлексенi, құс тұмауына күдiктi немесе ауырған құстарды жойғаннан кейін және қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн 21 күннен соң шаруашылық субъектiлерiнен карантин алынады.
78-тарау. Тауықтардың жұқпалы бронхиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 78-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақтарда тауықтардың жұқпалы бронхит профилактикасы
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
823. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді тауықтың жұқпалы бронхит вирусының енуінен мақсатында құс фабрикаларының басшылары мен мамандары профилактикалық іс-шаралар кешенін орындайды.
824. Құс фабрикаларының тауықтың жұқпалы бронхитi бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілермен шаруашылық байланыс жасауына рұқсат етілмейді.
Құс шаруашылығын жинақтауда тек қана клиникалық сау құстың инкубациялық жұмыртқаларын ғана қолдануға болады
825. Құс ұсталатын барлық құс қораларында ауа алмасу тұрақтылығын бақылау қажет. Зиянды газдардың концентрациясы тиiстi шамадан аспауы қажет: аммиак 15 миллиграмм кубтық метрге, күкiрттi сутегi 5 миллиграмм кубтық метрге, көмiр қышқылы – 0,25 пайыз көлемi бойынша ауа дымқылдығы 60-70 пайыз болуы тиіс.
826. Құс қораларын бiр жастағы құстардан ғана жинақтау қажет.
2-параграф. Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы бойынша
қолайсыз пункттерде және эпизоотия ошақтарында жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
827. Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті (құс фабрикасы) тауықтардың жұқпалы бронхиты бойынша қолайсыз деп жарияланады және оған шектеу қойылады.
828. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде (құс фабрикасында) мыналарға:
1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіге инкубациялық жұмыртқаларды және эмбриондарды әкетуге;
2) тiрi-құсты басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге әкетуге және оны халыққа сатуға;
3) құсты, жемшөпті және жұмыс құралдарын қолайсыз құс қораларынан қолайлы қораларға ауыстыруға;
4) құстың жұқпалы бронхитiне бейiм құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерінен, құс қоралардан әкелуге;
5) асыл тұқымды табындарды балапан кезінде жұқпалы бронхиттен ауырған құстардан жинақтауға жол берiлмейдi.
829. Бiрнеше қора-жайда ауру анықталған жағдайда ауру және әлсiз құстар мұқият іріктеледі, оны ет-сүйек ұнға өңдейдi.
830. Асыл тұқымды шаруашылық жүргізуші субъектілерде тауықтың жұқпалы бронхиты анықталған жағдайда, ауру сақа құстарды союға тапсырады, ал шартты түрде сау құстарды одан әрі союға тапсыра отырып, ет, жұмыртқа алу үшiн қолданады. Тауарлы шаруашылық субъектілердегі аналық табында да соны қайталайды.
831. Қолайсыз құс қораларының жұмыртқаларын өткiзу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерден шығару алдында алдымен дезинфекция өткiзедi.
832. Қолайсыз құс қораларындағы сойған құстың ұшаларын өнеркәсiптiк өңдеуге жібереді. Қолайлы құс қораларындағы құс ұшаларын жалпы сатуға өткізеді.
833. Қолайсыз құс қораларындағы сойылған құстарының мамығы, қауырсыны кептiру аспаптарында 15 минут бойы 85-90 Цельсий градуста кептiріледi немесе Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекцияланады, кейін кептіріліп, мамық өңдейтін кәсіпорындарға жіберіледі.
834. Шаруашылық ішілік мақсатта балапан өсіру үшін, қолайлы құс қораларының тауықтарынан инкубацияға алынған жұмыртқаларды, екi рет Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекциядан кейiн қолдануға рұқсат берiледi.
835. Инкубация қалдықтарын кәдеге жаратады немесе жояды.
836. Құстардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден инкубациялық жұмыртқаларды әкелуге инкубациялық жұмыртқаларды мұқият дезинфекциялағаннан және жұмыртқаны жеке инкубациялағаннан кейiн, сондай-ақ балапандарды жеке өсiрген жағдайда рұқсат етіледi.
837. Шаруашылық жүргізуші субъектіде сау балапандарды оқшаулап өсiруді жүргізеді.
838. Қи және төсем қи қоймасына шығарылады және биотермиялық тәсiлмен зарарсыздандырылады. Көлiктер күн сайын дезинфекцияланады.
839. Инкубаторлар, құс қоралары, жабдықтар мұқият механикалық тазаланады, дезинфекцияланады және құс қораларының айналасындағы аумақта Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекцияланады.
840. Қораларды әрбiр 2-3 күн сайын, ал аумақты аптасына 1 рет.
841. Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекциялайды.
842. Құстар іште болған кезде құс қоралары Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекцияланады.
843. Дәрiлердiң ауада тозаңдату үшін аэрозольдік агрегатын қолданады.
844. Ауру құстардың ақырғы қоздырғыш бөлуiнен 3 айдан кейiн шаруашылық жүргізуші субъектідегі тауықты жұқпалы бронхит бойынша қолайлы деп жариялауға болады. Шектеуді алар алдында толық қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
79-тарау. Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 79-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті профилактикасы
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
845. Құстардың жұқпалы ларинготрахеитінің (бұдан әрі - ЖЛТ) профилактикасы үшін:
1) құс топтары инкубациялық жұмыртқалармен және тәулiктiк балапандармен тек қана ЖЛТ-тен қолайлы шаруашылықтардан толықтырылады;
2) құстардың әртүрлi жастағы топтары аумақтық бөлінген аймақтарға орналастырылады;
3) құс қораларын бiрдей жастағы құстардан толықтыру;
4) құс қораларын мұқият тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзе отырып, цикл аралық профилактикалық үзiлiстердi сақтау;
5) тасымалдап әкелiнетiн асыл тұқымды жұмыртқалар, ыдыстар және оларды жеткiзуге қолданатын көлiк, сондай-ақ киiм, аяқ киiм, жүргiзушi және алып келушi персоналдың қолдары дезинфекцияланады;
6) өзінің аналық табынынан алынған жұмыртқаларға және құс шаруашылығына әкелiнетiн асыл тұқымды жұмыртқаларға бөлiнiп алынған инкубацияны қамтамасыз ету;
7) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа құстарынан бөлек әкелiнген жұмыртқадан алынған тәулiктiк балапандарды өсiру қажет.
846. ЖЛТ-тi профилактикасы үшін Қазақстан Республикасында тiркелген құстардың жұқпалы ларинготрахеитiне қарсы вакциналар қолданылады.
2-параграф. Қолайсыз пункттерде ауруды жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
847. Құстардың ЖЛТ ауруы анықталған жағдайда, құс шаруашылығы осы ауру бойынша қолайсыз болып жарияланады және бұл жерге шектеу енгiзiледi.
848. Шектеу енгiзу кезiнде мыналарға:
1) құс шаруашылығының iшiнде ауру асқынған кезде құстарды ауыстыруға;
2) қолайсыз құс шаруашылығына кез келген жастағы құстарды әкетуге және олардан әкетуге;
3) инкубациялық жұмыртқаларды басқа құс шаруашылығына әкелуге;
4) құс шаруашылығының iшiнде қолайсыз құс қораларынан алынған жұмыртқаларды инкубациялауға қолдануға;
5) жем-шөпті, жабдықтарды және құрал-саймандарды қолайсыз өндiрiстiк қора-жайлардан және қолайсыз құс шаруашылығы аумақтарынан әкетуге;
6) қолайсыз құс қораларынан алынған жұмыртқаларды құс шаруашылығының жұмыртқа қоймасына әкелуге және сақтауға;
7) қолайсыз құс шаруашылығының аумағына және оның аумағынан персоналдың толық санитариялық өңделуiнсiз және киiмдерi мен аяқ киiмдерiн ауыстырмай шығуына жол берілмейді.
849. Құс шаруашылығының қолайсыздығы кезеңiнде мыналарға:
1) облыс көлемiнде дезинфекция жасалғаннан кейiн қолайсыз пункттерден ас жұмыртқаларына сауда көздерiне әкетуге;
2) қолайлы құс қораларындағы құстардан алынған жұмыртқаларды iшкi шаруашылық мақсатта қолдану үшiн мына схема бойынша жүргiзiлген аэрозольдық дезинфекциядан кейiн: бiрiншi жолы - жұмыртқалағаннан кейiн 1,5-2 сағаттан кем емес уақытта, екiншi - арнайы автомашинадағы ыдыста қорапталған күйiнде немесе инкубаторияның дезинфекциялық камерасында, үшiншi - инкубаторға салынардың алдында таңдалып алынғаннан кейiн; төртiншi - инкубацияның басталуынан 6 сағат өткен соң инкубациялау;
3) құс шаруашылығында сою цехы болмаған кезде облыстың мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының рұқсатымен аурудан қолайлы құс қораларынан жоспарлы түрде етке союға жататын құстарды, құс етiн қайта өңдеушi кәсiпорындарға әкелуге рұқсат етiледі.
850. Құс шаруашылығында құстардың ЖЛТ алғаш рет пайда болған кезде аурудың таралуына жол бермеу мақсатында қолайсыз құс қорасындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай жағдайда сыртқы ортадағы аурудың қоздырғышын жоюды қамтамасыз ететiн барлық қажеттi ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргiзiледi.
851. Ауру басқа құс қораларына таралған жағдайда мұқият таңдау жүргiзiледi және құс шаруашылығының санитариялық сою цехында ауру және әлсiз құстар сойылады.
852. Барлық клиникалық сау құстарды ЖЛТ қарсы вакцинасымен оны қолдану нұсқаулығына сәйкес иммунизациялайды.
853. Құс шаруашылығында құстарды жемдеу және ұстауды жақсартады, рационға антистресстiк препараттар (қоспалар) енгiзiледi.
854. Әрбiр құс қорасына қызмет атқарушы персонал тағайындалады, олар жұмыс киiмiмен, арнайы аяқ киiммен, дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз етiледi.
855. Құстарды сою, ветеринариялық-санитариялық шарттарды сақтай отырып, ветеринария саласындағы маманның бақылауымен, кейін сойылған жерге, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция жүргiзiледi.
856. Қолайсыз құс қорасынан құстардың үлкен партиясын сою қажеттiлiгi кезiнде және құс шаруашылығында күнтізбелік 2 күн iшiнде сою мүмкiндiгi болмаған жағдайда, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен клиникалық сау құстарды еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарына әкетуге рұқсат етiледi.
857. Құстардың тұтас ұшаларына ветеринариялық-санитариялық сараптама және қайта өңдеу жүргiзiледi. Тұтас ұшаларында және органдарында өзгерiстер болмаған жағдайда, қайнатқаннан кейiн қолданады немесе қайнатылған шұжықтар, консервiлер дайындауға арналады.
858. Қолайсыз құс қораларында құстарды сойғаннан алынған мамықтар және қауырсындар Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекцияланады. Мамықтарды және қауырсындарды дезинфекциялық ерітіндімен немесе ыстық сумен дезинфекциялағаннан кейiн мамықтарын және қауырсындарын ылғалдан сығып алып және кептiргiш қондырғыларда кептiредi.
859. Құстарды етке союға тасымалдағаннан кейiнгi контейнерлер және жәшiктер ет тасылатын ыдыстар, сондай-ақ жұмыртқа әкетуге қолдануға арналған контейнерлер, картон төсемелер, жәшiктер және басқа ыдыстар міндетті түрде тазалауға, сондай-ақ дезинфекциялауға жатқызылады.
860. Құстарды және жұмыртқаларды әкелуге арналған ағаш жәшiктердi, контейнерлердi Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекциялап, дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн оларды мұқият сумен жуады.
861. Құс шаруашылығының ЖЛТ қолайсыз кезеңi кезiнде мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ қолайсыз құс қораларына, инкубаторларға, қосалқы мал қораларға, құрал-саймандарға және жабдықтарға, өндiрiстiк аумақтарға, көлiк құралдарына және басқа объектілерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция, дезинсекция, сондай-ақ дератизация жүргiзiледi.
862. Құстардан босап бос тұрған мал қораларға дымқыл дезинфекция Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен жүргiзеді.
863. Өндiрiстiк бөлмелердiң ауасына, беткі қабатына және жабдықтарды құстарды сыртқа шығармай дезинфекция жүргізу үшін аэрозольдық дезинфекцияны Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен жүргізеді.
864. Саңғырықты және терең төсемені саңғырық сақтағышқа биотермиялық залалсыздандыруға шығарады.
865. Құс етiн қайта өңдеушi кәсiпорындарда құстардың ЖЛТ пайда болған жағдайда, кәсiпорындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай кезде бұл кәсiпорынға жаңадан келiп түсетiн құстарды тасымалдап әкелуге тек қана, барлық құс шаруашылығы өнiмдерi сатылып болғаннан кейiн және барлық қажеттi ветеринариялық-санитариялық шаралар (мал қораларға және аумаққа механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция) жүргiзiлгеннен кейiн рұқсат етiледi.
866. Құс шаруашылығындағы құстардың ЖЛТ бойынша шектеу ауру құстың сойылуының соңғы жағдайынан соң немесе құстар ауырып жазылғаннан кейiн 2 ай өткен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргiзiлгеннен кейiн алынады.
80-тарау. Құстардың кокцидиозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 80-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақта профилактика ретінде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
867. Құстардың кокцидиозбен ауруының профилактикасы мақсатында:
1) құстарды топтап өсiруге, қораларда ылғалдылықтың жоғары болуына, жас балапандар мен үлкен құстардың араласуына, жем және ауыз судың қимен ластануына жол бермеу;
2) құстарды толыққанды жеммен қамтамасыз ету;
3) құс қораларына құстарды кезектi отырғызуға дайындау кезеңiнде қораларға, серуен алаңдарына, жабдықтарға және құрал-саймандарға дезинвазия жүргiзу;
4) шаруашылық жүргізуші субъектiлердің аумақтары қидан тазарту және оны биотермиялық зарарсыздандыруды жүргiзу;
5) құстарға кезең-кезеңімен кокцидиостатиктердi қолдану қажет.
868. Құстардың балапандары батареялық торларда немесе еденi торланған секцияларда өсiріледi.
869. Құс қораларын, құралдарды және құрал-саймандарды дезинвазияға Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекция жүргізеді.
2-параграф. Эпизоотия ошағында және құстардың
кокцидиозы бойынша қолайсыз пункте жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
870. Кокцидиоз пайда болған кезде, қолайсыз топтың барлық құс басына кокцидиостатиктер белгіленеді, әлсiз құстар өлтіріледі. Күн сайын қиды жинау, қораларды, жаю алаңдарын және жабдықтарды (науалар, астаулар және басқа құстарға күтім жасауға арналған заттар) механикалық тазарту жүргiзiледi.
871. Профилактикалық және емдеу мақсатында, тауық балапандары, күрке тауық, қаз және үйрек балапандарына Қазақстан Республикасында тiркелген препараттар қолданылады.
872. Кокцидиостатиктердi қолданудың ұзақтығы эпизоотиялық жағдайға және құстардың балапандарын өсiрудiң әдiстерiне байланысты.
873. Құстардың балапандарын торларда өсiру кезiнде препараттар аурудың залдан келесi залға ауыстырылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде профилактикалық мақсатта белгілеу ұсынылады. Қажеттілігіне қарай 3 күндiк үзiлiстен кейiн препараттарды беру курсы жалғастырылады.
874. Құстардың балапандарын едендерде өсiру кезiнде кокцидиостатиктер профилактикалық мақсатта күнтізбелік 10-15 күндiк жастағыларынан бастап екi-үш 10-күндiк курстармен аралығында күнтізбелік 3 күннен аспайтын үзiлiспен белгіленеді. Қажеттілігіне қарай препараттарды берудi қайталанады.
875. Бройлерлерді ауыстырылмайтын терең төсенiште өсiру кезінде кокцидиостатиктердi профилактикалық мақсатта күнтізбелік 10-15 күндiк жасынан бастап күн сайын қолдану және союға 3-5 тәулiк қалғанда қолдануды тоқтату ұсынылады.
876. Ұзақ уақыт бойы шаруашылықта кокцидиостатиктiң бiр түрiн қолдануға болмайды, өйткені кокцидиилер оған төзiмдiлiк пайда болуы мүмкiн.
81-тарау. Құстың респираторлық микоплазмозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 81-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Респираторлық микоплазмоз ауруының шығуына
байланысты жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
877. Шаруашылықта аралас жұқпалы аурулар байқалғанда, алдыменен өте жиі өтетін аурулармен күрес жүргізеді.
878. Шаруашылық субъекгілерінде құстардың микоплазмоз ауыруын балаулағаннан кейін шаруашылыққа шектеу койылады.
879. Шектеу кезінде мыналарға жол берілмейді:
1) құстарды және инкубациялық жұмыртқаларды сау қолайлы шаруашылыққа шығаруға болмайды;
2) құстарды және эмбриондарды ветеринариялық және медициналық биологиялық препараттарды өндіру үшін қолдануға және сатып таратуға болмайды.
880. Шектеу кезінде мыналарға рүқсат беріледі:
1) мемлекеттік жергілікті ветеринария инспекторының рұқсатымен аудан көлемінде, асыл тұқымды шаруашылықтан инкубациялық жұмырқаларды және бір күндік балапандарды эпизоотологиялық жағдайлары ұқсас товарлы шаруашылыққа шығаруға болады;
2) ет өңдейтін мекемелерге уақытша жарамды құстарды союға шығаруға, құс етін, тағам үшін арналған жұмыртқаны және құстың түбіті, қауырсынын өңдеу мекемелеріне шығаруға болады;
3) жүмыртқаларды инкубациялауға және балапандарды ішкі шаруашылық жұмыстары үшін өсіруге болады.
881. Құстың респираторлық микоплазмоз ауруының шығуына байланысты, қолайсыз шаруашылықта аурумен күресудің негізгі шаралары:
1) құстың респираторлық микоплазмоз ауруының клиникалық белгісі байқалған құстарды, осы колайсыз шаруашылықта сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялык тексеру және сойылғанан кейін үшаларын, ішкі органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларға санитариялык баға беру Ережесінің талабына сай өз қажеттігіне колдана отырып сояды;
2) құс тобын, құстардың басқа ауру тіркелмеген үш шаруашылықтан аспайтын инкубациялық жұмыртқаларды және бір күндік балапандарды әкеліп бағып, соның есебінен құстың санын көбейтіп, одан – әрі дені сау бір жастағы құс фермаларын құрастыруға, оқшаулап өсіруге болады;
3) құстарды өсіруде зоогигиеналық қалыпты ұйымдастыруға, жақсы сапалы белоктық,витаминдік, минеральдық заттармен және микроэлементтермен байытылған азықтармен қамтамасыз етуге болады;
4) құстарды өсіруде цикл аралық демалыс өлшемдерін қатаң сақтайды;
5) құстардың әрбір партиясын орналастыру алдында, құстарды бағып-күтетін қораларды - бөлмелерді механикалық тазалаудан өткізіп, дезинфекциялау қажет.
882. Ауыру тоқтағаннан кейін және балау мақсатпен өлген немесе өзі өлген кұстардың, сонымен бірге инкубацияның соңғы күндеріндегі өлген эмбриондардың лабораториялық зерттеулерінің теріс нәтижесін алғаннан кейін, шаруашылықты құстардың микоплазмозынан жазылды деп санап шектеу тоқтатылады.
2-параграф. Алдын алу және күресу бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
883. Респираторлық микоплазмоз ауруының алдын алу үшін шаруашылыққа қолайлы шаруашылықтан құс әкелу керек. Инкубациялық жұмыртқаларға санация істеп, құстардың тығыз орналасуы мөлшерін сақтап, құс қораларында зоогигеналық жағдайын жақсартады. Құсханаларда әр жыл сайын кезекті демалыс беріліп, онда кезекті және күрделі жөндеу жұмыстары, жуу, дезиифекция жүргізіліп, айналаға санация істелінеді, инкубациялық жұмыртқаларды және соларды салатын құралдарды дезинфекциялайды.
82-тарау. Құстардың Ньюкасл ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 82-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ньюкасл ауруының профилактикасы ретінде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
884. Құс шаруашылығының, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринария желісі мекемелерiнiң ветеринария саласындағы мамандары:
1) қызмет көрсететін құс шаруашылықтарында, елдi мекендерде арнайы ветеринариялық іс-шараларды жүргiзудi ұйымдастыруға және құстардың жағдайына жүйелi түрде бақылау жүргiзуге;
2) құс қораларын және құрал-саймандарды Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекция жүргізеді.
3) Ньюкасл ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргiзетiн құс шаруашылықтарында, егiлген құста иммунитеттiң тұрақтылығына бақылау тағайындауға міндетті.
885. Осы ауру бойынша аурудан қолайлы шаруашылықтарда (аймақтарда) құстарды Ньюкасл ауруына қарсы егудiң орындылығын эпизоотиялық жағдайға байланысты тиісті әкімшілік бірліктің Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары анықтайды.
2-параграф. Аурудан қолайсыз пунктерде ауруды жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
886. Ньюкасл ауруынан қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
887. Ньюкасл ауруына карантин қойылған құс шаруашылықтарында және елді мекендерде:
1) құс қораларынан Ньюкасл ауруына шалдыққан құстарды шығаруға;
2) құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарды бөгде адамдардың аралауына;
3) құстармен және құс өнімдерімен сауда жасауға, құстарды және құс өнімдерін (тұтас ұшалар, жұмыртқалар, эмбриондар, мамықтар, қауырсындар) дайындауға, шаруашылыққа әкелуге немесе одан әкетуге жол берілмейді.
Ескерту. 887-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.888. Құстардың Ньюкасл ауруынан қолайсыз құс шаруашылығында ауруды жоюда мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) етке тапсыруға қкүйі жоқ жас құстарда ауру анықталған жағдайда, қолайсыз пункт құс қораларындағы барлық ауру және сау балапандар қансыз тәсiлмен өлтiрiледi және жойылады. Мұндай жағдайда ауру қоздырғышының шығып кетуiне және жайылуына жол бермеу үшiн барлық қажеттi шаралар қабылданады, міндетті түрде сыртқа шығарушы желдеткiш сөндiрiледi, терезелер және есiктер жабылады. Етке тапсыруға күйі жеткiлiктi балапандарда немесе ересек құстарда ауру пайда болған жағдайда, қансыз тәсiлмен өлтiрiледi және тек ауру немесе ауруға күдiктi құстар жойылады;
2) құс қораларындағы қалған клиникалық сау құстар етке тапсыруға сойылады, егер барлық құстарды етке союмен қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда - оларды Ньюкасл ауруына қарсы егедi. Бұл құстарды қатаң түрде оқшаулап ұстау қажет және құс шаруашылығынан карантиндi алуға дейiн 2 аптадан кешiктiрмей союға тапсыру қажет;
3) тұтас ұшалар қайнатылады және осы шаруашылық iшiнде халыққа тамаққа қолданылады.
4) құстардың үлкен партиясы етке сойылғанда, тұтас ұшалары облыстың iшiндегi жақын орналасқан ас дайындаушы кәсiпорындарға өндiрiстiк қайта өңдеу үшiн жiберiлуi мүмкiн немесе қайнатылған күйде қоғамдық тамақтандыру арналарына жiберiледi;
5) құстарды етке сою ветеринариялық маманның бақылауымен, ветеринариялық-санитариялық шарттарды сақтай отырып және соңынан ет сойылған жерлерге, құрал-саймандарға, жабдықтарға дезинфекция жүргiзе отырып жүзеге асырады;
6) клиникалық сау құстарды етке сою кезiнде алынған мамық және қауырсындар дезинфекцияланады;
7) Ньюкасл ауруы шыққанға дейiнгi және карантин кезеңiндегi алынған жұмыртқаларды 10 минуттан кем емес уақыт қайнатады және қолайсыз пункт шаруашылығының iшiнде тағамға қолданады;
8) жұмыртқалардың үлкен партиясы болған жағдайда оларды аэрозольдық тәсiлмен дезинфекциялайды және жоғары температурада дайындалатын нан немесе кондитерлiк тағамдарға қолдануға, облыс iшiндегi тамақ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарына жіберуге рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда, ауру қоздырғыштарының таралып кетуiн болдырмау үшiн шаралар қолданылады (ыдыстарды, көлiктi, жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдердi дезинфекциялау, қызметшiнi санитариялық өңдеу);
9) Ньюкасл ауруына қарсы бұрын егiлмеген қолайсыз пункт шаруашылығының барлық қалған құстарын вакцинацияланады. Бұрын вакцинацияланған құстарға иммунитеттiң деңгейiне тексеру жүргiзiледi (құстардың қан сары суы зерттеледi), қажет жағдайда қарсы вакцинацияланады;
10) карантиндi алғанға дейiн жұмыртқаларды инкубациялауды және балапандарды өсiруге қабылдауды тоқтатады.
889. Елдi мекен тұрғындарының меншiгiне жататын құстардың арасында Ньюкасл ауруы анықталған жағдайда, қолайсыз пункт аулаларындағы барлық ауру немесе ауруға күдiктi құстарды отқа жағу арқылы жояды, ауру құстармен байланысы болған осы ауладағы қалған құстарды, сондай-ақ көршi аулалардағы барлық құстарды етке сояды, тұтас ұшалары қайнатылады және шаруашылықтың iшiнде тамаққа қолданылады. Етке сойылған құстардан алынған мамықтары, қауырсындары және iшкi орындары отқа жағылады.
890. Қолайсыз елдi мекеннiң ауруға шалдығуы мүмкін қалған құстарды Қазақстан Республикасында тiркелген биопрепараттармен Ньюкасл ауруына қарсы вакцинацияланады.
891. Көршi қолайсыз құс қораларына, құс қора-жайларына, аулаларға мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзiледi. Саңғырыққа және терең төсемдерге оқшауланған жердiң бөлiгiнде биотермиялық залалсыздандыру жүргiзiледi.
892. Құс шаруашылығында және қауiп туғызушы аймақтағы елдi мекендердегі мемлекеттiк ветеринариялық қызмет, ветеринария мамандары және шаруашылықтардың басшылары әкiмшiлiктердiң өкiлдерiмен бiрге, құс шаруашылығын, елдi мекендердi Ньюкасл ауруы қоздырғышының таралып кетуiнен сақтайтын шара қабылдайды және осы мақсатта мыналарды:
1) құстардың және құс өнiмдерiнiң, жемшөптің, жабдықтар мен құрал-саймандардың аурудан қолайсыз пункттерден шығарылмауы мақсатында, сол аймақтардың шекараларында карантиндiк бекеттер ұйымдастырады;
2) осы нұсқаулықта қарастырылған, шаруашылықтың санитариялық жағдайына, саңғырықтарды, төсемдерді тазартуға және оларды залалсыздандыруға, сондай-ақ өз уақытында егу және басқа іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылау жүргiзiледi.
893. Қолайсыз аймақтарда орналасқан құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарда және елдi мекендерде, ауруға шалдығатын әр құс уақтылы және егу бойынша нұсқаулыққа сәйкес Ньюкасл ауруына қарсы егіледі.
894. Соңғы тiркелген ауру құсты жойғаннан кейiн және ветеринариялық шаралар жүргiзiлгеннен соң күнтізбелік 30 күн өткен соң құс шаруашылығынан карантин алынады.
83-тарау. Құстар орнитозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 83-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Құстардың орнитоз ауыруы кезіндегі алдын-алу
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
895. Ауруды болдырмау үшін барлық ауыруларға ортақ алдына алу шараларын жүргізсді және ауруды тасымалдаушы жабайы құстармен күресу жұмыстарын жүргізеді.
896. Құстардың орнитоз ауыруын алдын алу шаралары құс шаруашылық субъектілерінде, зообазаларда құсты ұстау, азықтандыру қалыпты жағдайын жасайды. Құс шаруашылық объектілерінде микроклимат жағдайыи жасау керек, “бос - бос емес”, “таза - таза емес” тәртібін қатаң сақтау керек және Қазакстан Республикасына әкелінген құстарды карантиндейді.
897. Балау, диагноз індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерін ескере отырып, лабораториялық тексерулердің нәтижесіне сүйенеді.
898. Орынтоз ауруы шыға қалған жағдайда құс шаруашылығы қолайсыз шаруашылық деп шектеу қойылады.
899. Шектеу кезінде осы шараларға қатаң жол берілмейді:
1) шаруашылыққа сырттан жаңадан құстар әкелуге, шаруашылықтан сатуға құстарды шығаруға және оларды топтауға жол берілмейді;
2) ауру шығып жатқан шаруашылықтан жұмыртқа жинауға және жұмыртқаны бастыруға жол берілмейді.
900. Ауруға күдікті және ауыру құсты жойып, қора жайды тазалап, дезинфекциялайды.
901. Ауыру шыққан құсханадан алынған жұмыртқаларды озонның немесе формальдегидтің буымен залалсыздандырады, содан кейіи пайдалануға рұқсат етіледі.
902. Құстарды бағып күту үшін, арнайы күтуші адамдар белгіленеді. Бұл адамдармен басқа құс шаруашылық мекемелерге кіруге болмайды.
903. Қолайсыз шаруашылықтан ауру ошағы жойылған соң (аурудың клиникалық белгілері бар соңғы құс тіркелген соң) шектеу шаралары тоқтатылады.
84-тарау. Құстардың күл ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 84-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Құстардың күл ауруы профилактикасы ретінде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
904. Аурудан қолайлы құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруға.
Құс қораларына және жабдықтарына толық тазарту жүргiзiле отырып, өсiрiлушi топтарда профилактикалық үзіліс iске асырылады.
905. Құстардың кұл профилактикасы үшiн құс шешегiне қарсы Қазақстан Республикасында тіркелген вакцина қолданылады.
2-параграф. Қолайсыз пункттерде ауруды жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
906. Құстардың шешек ауруы анықталған құс шаруашылығы және басқа құс шаруашылығымен айналысушы субъектiлер, қолайсыз пункт деп танылады және ол жерге карантин қойылады
Карантин шарттарында мыналарға:
1) құстардың барлық жастағыларын және түрлерiн, оның iшiнде елдi мекендерге балапандарды сатуға (еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға етке тапсыруға тасымалдағанды есептемегенде), көлiкпен тасымалдауға, жекелеген жағдайларда шешектен қолайсыз құс қораларынан инкубация цехтары сенiмдi қорғаныста болған жағдайда және жұқпалы аурудың таралуына мүмкiндiк болмаған жағдайда, эпизоотиялық жағдай ескерiле отырып және ауданның (облыстың) Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімімен, тәулiктiк жастағы тауық балапандарын, күркетауық балапанын, цесаряттарды, қаз және үйрек балапандарын облыс шегiндегi мамандандырылған құс шаруашылықтарына орын ауыстыруға жол беріледі;
2) жұмыртқаларды тұқымдық мақсатта орын ауыстыруға жол берілмейді.
907. Карантин шарттары бойынша мыналарға:
1) жұмыртқаларды дезинфекциядан өткiзгеннен кейiн сауда көздерiне шығарып сатуға;
2) құс шаруашылығының iшiнде құс өсiру мақсатында аурудан қолайлы құс қораларынан алынған құстардың жұмыртқалары, тiкелей инкубаторға қойылар алдында дезинфекциядан өткен жұмыртқаларды инкубациялауға;
3) шешекке қарсы егiлген (вакцинациядан кейiн күнтізбелік 20 күн өткен соң) суда жүзушi құстар, сондай-ақ тауықтар, фазандар, павлиндер, түйеқұстар және цесаркаларды тасымалдап әкелуге рұқсат етiледi.
908. Құс шешегiнен қолайсыз пунктте:
1) құстардың арасында шешек ауруы пайда болған жағдайда барлық ауру және ауруға күдiктi, сондай-ақ әлсiз құстар сол құс шаруашылығының санитариялық ет сою пунктінде етке сойылады;
2) мұндай құстарды етке өткiзу үшiн еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға әкетуге жол берілмейді;
3) қалған, аурудың клиникалық белгiлерi жоқ жартылай сау құстарды, экономикалық мақсатын ескере отырып, етке союға немесе еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға өткiзуге ұсынады;
4) құс етiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзiледi. Бұл ретте ауру құстарды союдан алынған тұтас ұшаларды әкетуге және асқа қолдануға тек қана термиялық өңдеуден өткiзiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi. Осындай алдын ала термиялық өңдеуден өтпеген тұтас ұшалар, құс шаруашылығының iшiнде де сатылуға рұқсат етілмейді;
5) барлық клиникалық сау құстарды шешекке қарсы егеді. Вакцинацияланған құстарға бақылау жүргiзiледi, вакцинациядан кейiн, егер 20 күн iшiнде олардың арасында шешекпен ауыратын құстар анықталмаса (инкубациялық кезеңде егiлгендерден), онда олар етке сойылады;
6) профилактикасы мақсатында шешектiң таралуына қауiп туғызушы құс шаруашылығында (азаматтарының жеке қолдануындағы құстарды) құстарды вакцинациялайды;
7) ауру және ауруға күдiктi құстарды етке сою кезiндегi алынған мамықтарды, қауырсындарды Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекциялайды және ветеринариялық куәлiкте (анықтама) шаруашылықтың күлден қолайлы екендiгiн көрсете отырып, мамық өңдеушi кәсiпорындарда екi рет қапталып, ыдысқа салынып әкетіледі;
8) қоралардың бөлмелерiне, жабдықтарға, құралдарға және өндiрiстiк аумақтарға мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзiледi, құс қораларынан алынған саңғырық биотермиялық жолмен залалсыздандырылады; құс қоралары қолайлы және құрғақ ұсталынып және құстардың тығыз тұруына жол берiлмейдi;
9) құстар құнарлы жемшөппен қамтамасыз етiледi, жем құрамына сүт өнiмдерiн қосу ұсынылады.
909. Ауру жойылғаннан кейiн 2 ай өткен соң (құстарда шешектiң клиникалық белгiлерiнiң соңғы рет тiркелуi анықталғанда) және соңғы қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн қолайсыз пункт шаруашылығынан карантин алынады.
85-тарау. Күзеннің Алеут ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 85-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүзеге асырылатын күзеннiң Алеут ауруының профилактикасы
ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
910. Қолайлы аң шаруашылықтарында Алеут ауруының профилактикасы күзендердi әкелу қағидаларын қатал орындалуына, қан сарысуының сынамаларын таңдамалы және жоспарлы түрде зерттелуiне, ветеринариялық-санитариялық және шаруашылық іс-шараларының орындалуына негiздеген.
911. Қолайлы аң шаруашылықтарына күзендi тек аурудан қолайлы шаруашылықтардан қан сарысуын зерттегеннен және терiс нәтиже алынғаннан кейiн әкелуге рұқсат етiледi.
912. Әкелiнген күзендердiң карантиндеуде ұстайды және күзендердiң Алеут ауруын жоққа шығару үшiн зертханалық зерттеу жүргізу қажет. Терiс нәтиже кезінде барлық клиникалық сау аңдарды фермаға көшiредi. Егер ауру жануарлар байқалса карантиннiң мерзiмiн олар сауыққанға дейiн ұзартады.
913. Жұқпалы жағдайын бақылау мақсатында аурудан қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерде күзендерден зертханалық зерттеулер үшiн таңдап қан сарысуын алады.
914. Жұқпалы аурулардан сақтану мақсатында кезең-кезеңмен дезинфекциялау жүргiзiледi.
2-параграф. Эпизоотикалық ошақтарда және күзеннiң
Алеут ауруынан қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
915. Күзеннiң Алеут ауруы диагнозы анықталған уақытта аң өсіру шаруашылық субъектiсiне шектеу қойылады.
916. Қолайсыз аң шаруашылығы субъектiлерiнде ауруды жою іс-шаралары қан сынамасын жоспарлы және жоспарлы емес зерттеулер, оң нәтиже берген малдарды оқшаулау және iрiктеу, аңдарды топтастыру, дезинфекциялық жұмыстарды жүргiзу қамтылады. Сонымен қатар күзендер көрмеге жiберiлмейдi, күзендердi сау шаруашылыққа шығаруға, өлген күзендермен жемдеуге, күзен майын және қалдық жемін қолдануға жол берілмейді.
917. Қолайсыз аң шаруашылығы субъектiлерiнде жоспар бойынша Алеут ауруына қанды зерттеу негiзгi табынды топтастыру кезеңiнде, күйлеу алдында, енесiнен бөлу алдында, сатуға арналған күзендердi, сондай-ақ тумайтын ұрғашыларды (ауруға күдiктi) тексередi. Зерттеу нәтижелерiн әрбiр тор бойынша есептейдi. Жоспарсыз зерттеу, серологиялық реакциялар оң нәтиже берген, ауруға күдiктi немесе өлген және ерiксiз өлген күзендер байқалған торларда жүргiзiледi.
918. Негiзгi табынды топтастыру кезеңiнде асыл тұқымды, үлкен күзендердi, сондай-ақ терiс нәтиже берген аналықтардан алынған төлдер зерттеледi. Оң нәтиже берген аңдарды жүн терiсi шыққанша оқшауханада ұстайды, кейiн терiсiн алу үшiн сояды. Терiс нәтиже берген аналықтардың күшiктерiн топтан ақаулап, кейiн өлтiредi. Кей жағдайда күзендердiң көпшiлiк басы аңғарса, бас ветеринарлық инспектордың рұқсатымен бiр жыл iшiнде тек қана оң нәтиже берген күзендердi сояды.
Ерекше жағдайларда, күзендердің көбі әсер алуына байланысты ауданның бас ветеринарлық инспекторымен келісім бойынша бір жыл ішінде оң әсер беретін күзендерді ғана союмен шектеледі.
919. Күзгi уақытта оң нәтиже беретiн күзеннiң процентi ортадан жоғары болған шаруашылықтарда негiзгi тобында және ұрыққа қалдырылған тұқымның арасында сою кезеңi бiткенше қосымша зерттеулер жүргізіледі.
920. Қаңтар-ақпанда, айдау басталғанға дейін күнтізбелік 10-15 күннен кеш емес барлық күзендердi зерттеуден өткiзедi, оң нәтиже бергендерiн сояды және терiс нәтиже берген төлдермен толықтырады.
921. Айдау аяқталған уақыттан бастап және төлдi енесiнен бөлу алдында барлық негiзгi табынды тексередi. Қанды зерттеудi наурыздың ортасына дейiн бiтiредi, сауылатын аналықтар мен еркектердi - енесiнен айырылғанша тексередi. Оң нәтиже берген тұқымдарды оқшаулайды және жүнi шыққанша ұстайды.
922. Серологиялық зерттеу нәтижесiне қарап күзендердi әкелу және әкету, шаруашылығы субъектiлерiнiң iшiнде, шаруашылықтар арасында, қала, елдер арасында топтастыру мәселелері мынадай түрде шешiледi:
1) қолайлыдан - шектеусiзге;
2) қолайсыз пункттен - терiс нәтижелi аңдарды жұқпалы жағдайы ұқсас немесе одан жақсы торларға, оң нәтижелi аңдардың пайызына қарай орын ауыстырады;
3) оң нәтижелi және олармен бiрге бiр торда тұрған күзендердi оқшауханаға көшiредi немесе сояр алдында ұстайтын, арнайы сау емес топқа қосады.
923. Сыртқа шығарылатын күзендердiң тобын карантиндеуде ұстап, күнделiктi клиникалық бақылаудан және серологиялық зерттеуден өткiзедi.
924. Қолайсыз пункт шаруашылықтардан әкелiнген күзендердi карантиндеуде ұстайды және зерттеулер жүргізеді. Серпозитивтi тұқымдарды сояды, ал терiс нәтиже беретiн клиникалық сау күзендердi басқа күзендерден жеке ұстайды.
925. Ауру және ауруға күдiктi күзендердi сойғаннан кейiн сою пунктiн дезинфекциялайды.
926. Күзендердің мал басының негiзгi топта және жөндеу төлінде жоспарлы қан зерттеуiнен 3 рет терiс нәтиже шыққанда Алеут ауруынан шаруашылығы субъектiсiн қолайлы деп есептеледi.
86-тарау. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 86-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық
ауруларының профилактикасы ретінде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
927. Үй қоянын өсiретiн шаруашылықтардың басшылары мен ветеринариялық мамандары, қояндарды тасымалдау, қабылдау және оның шикiзат өнiмдерiн өңдеу кәсiпорындарының басшылары аурудың профилактикасы үшiн жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық іс-шараларын қатаң сақтауға міндетті.
928. Үй қоянын өсiретiн шаруашылықтардың, басқа шаруашылығы субъектiлерiнiң ветеринариялық мамандары, қоян өсiрушi-әуесқойлар, елдi мекендерде, шаруашылығы субъектiлерiнде мемлекеттiк ветеринариялық қызмет көрсететiн мамандар, ветеринариялық арнаулы іс-шаралардың жоспарында көрсетiлгенiндей (профилактикасы егулер, диагностикалық зерттеулер) жүргiзуі тиіс, қояндардың геморрагиялық вирустық ауруының профилактикасы, сақтандырудың жағдайын жасайды және қояндарды үнемi бақылауды қамтамасыз етедi.
929. Үй қояндарының шикiзаттарымен жұмыс iстегенде, ветеринариялық және санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтайды, өндiрiс орнынан шаруашылықтың залалсыздандырмаған қалдықтарының шығуына жол берiлмейдi.
930. Жемшөп мен терi шикiзаттарының бiр қоймада сақталуына болмайды.
931. Үй қояндарының және оның шикiзаттарын тасымалдағаннан кейiн автокөлiктi міндетті жуып және оған дезинфекция жасалынады.
2-параграф. Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына күдiк
туған кездегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
932. Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына (бұдан әрі – ҮҚВГА) күдiк туғанда шаруашылығы субъектiлерiнiң басшылары, ветеринариялық мамандар мыналарға:
1) ҮҚВГА-ға күдiк туғанда аудандық (қалалық) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарлауға;
2) қояндардың және оның өнiмдерiн сатып таратуды, тоқтата тұрудың шарасын жасауы;
3) жануарларды бағып күтушi персоналдың және көлiктiң кiрiп-шығуына шектеу қоюы;
4) қояндарды шаруашылықта топтастыруға, және жаңадан сырттан әкелуі;
5) басқа да ауруды таратпаудың тиiстi іс-шараларын қарастыруы қажет.
933. Жануарлардың иелерi ҮҚВГА-ға күдiк туғанда жақын бөлiмшедегi ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарлауға міндетті.
934. Аудандық бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор немесе бөлiмшенiң ветеринария саласындағы маманының ҮҚВГА-ға күдiк туғаны жөнiнде хабарды алғаннан кейiн мыналарға міндетті:
1) күдiктi жерге келiп эпизоотиялық жағдаймен танысады және ауруды анықтаудың, ауруға диагноз қоюдың іс-шараларын қарастырады;
2) ауруға тиiстi патматериал, сынама алып, оны ветеринариялық зертханаға немесе ғылыми зерттеу институтының зертханалық тексеруге жiберудi ұйымдастырады;
3) ауру тарату көзiн және оның жұғу жолдарын анықтайды;
4) қолайсыз пункттiң және қауiптi аймақтың шекарасын анықтайды, сонымен қатар ауруды таратпаудың нақты іс-шараларын белгiлейдi.
935. ҮҚВГА жөнiнде диагноз қойылғаннан кейiн, шаруашылығы субъектiлерiне шектеу қойылады.
3-параграф. Үй қояндардың вирустық геморрагиялық ауруын жою
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
936. Шектеудiң шарты бойынша қолайсыз пунктте мыналарды:
1) қояндарды және оның өнiмдерiн: терi, түбiт, мүлiк және қоянның жемшөбін әкелуге және шығаруға;
2) үй қояндарын қайтадан топтастыруға;
3) үй қояндарының шоғырлануына байланысты өткізілетін көрмелер және басқа шаралар ұйымдастыруға;
4) қояндарды және оның сойылған өнiмдерiмен сауда саттық жасауға;
5) қоян өсiрушiлердiң жануарларды айырбастауына;
6) қояндарды шағылыстыратын пункттердiң жұмыс iстеуiне;
7) ауру қояндар орналасқан және оның өлексесi жатқан жерден жемдік жем-шөп дайындауға және олармен қояндарды жемдеуге;
8) қояндарды базарлардан, қоғамдық тамақтандыру орындарынан, елдi мекендерден алынған залалсыздандырылмаған тағам, өсiмдiк қалдықтарымен жемдеуге;
9) қоян өсiрушiлердiң жиналыстарын, кеңестерiн өткiзуге жол берілмейді.
937. Қолайсыз шаруашылықта, пунктте атқарылуы тиiс жұмыстар:
1) барлық қояндардың толық есебiн жүргiзедi;
2) ауру жануарларды айырып алу үшiн, мұқият клиникалық тексеру жүргiзедi;
3) ауру және ауруға күдiктi жануарларды қан шығармай сою әдiсiмен сол тұрған жерiнде өлтiредi және өлексенi кәдеге жаратуға жiбередi;
4) аурудың профилактикасы және емдiк мақсатта, барлық қояндарды арнайы дайындалған иммундық сарысумен тиiстi нұсқамаға сәйкес егедi;
5) қалған шартты сау жануарларға вакцинация жүргiзiледi;
6) вакцина болмаған жағдайда, ауруды таратпау мақсатында, қолайсыз пунктте қояндарды жою қажеттігі жөнiнде сұрақты шешедi. Ауру қояндарды және туғанына 2 ай болмаған қояндарды қан шығармай сою әдiсiмен өлтiрiп терiсiмен қоса кәдеге жаратуға жiбередi;
7) ересек денi сау қояндарды қолайсыз пункттiң өзiнде шаруашылығықа етке сойылады, аурудың таралмауы қамтамасыз етiлiп, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қағидалары сақталады және тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының бақылауымен жүргiзiледi;
8) қояндардың ұшаларын, етiн қайнатқан соң қолайсыз әкiмшiлiк аймағының аумағында шексiз пайдалануға болады, және басы, аяқтары, iшкi ағзаларын, қан және басқа өнiмдерiн күнi бұрын дайындалған дезинфекциялық заттармен өңделiп утильдейдi, күйдіреді немесе 1,5-2 метр тереңдiкте қазып көмедi;
9) серуендеу алаңдарына, жабдықтарға, сою пункттерiне және жануарлар орналасқан шаруашылығы субъектiлерi мен қоян ұстайтын азаматтардың қора-мал қораларына мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзiледi;
10) елдi мекендi, азаматтарға қауiптi аурудың таралуы және шектеу қойылғандығы жөнiнде хабардар етедi;
11) ҮҚВГА-ны таратпау жөнiнде тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
12) базарларда, ет комбинаттарында, қояндарды союдан шыққан өнiмдердi өңдеу және дайындау кәсiпорындарында ветеринариялық-санитариялық қадағалауды күшейтедi;
13) үй қоянына арналған қораларға күнделiктi дезинсекция жүргiзедi (шыбындарды, масаларды және басқа жәндіктерді жояды).
938. Қолайсыз пунктте дайындалған қояндардың терiлерiн екi қабат тығыз залалсыздандырылған матамен орап, қатқаннан кейiн, қоймалар мен тоңазытқыштарда ұстамастан тiкелей, залалсыздандыру және өңдеу үшiн өңдеу кәсiпорындарына жiбередi.
939. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауыруы бойынша қолайсыз пункттерді шектеу қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін алынады.
87-тарау. Күзеннің вирустық энтериті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 87-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүзеге асырылатын, вирустық энтериттен профилактикасы бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
940. Малдардың вирустық энтерит ауруын сақтандыру мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) вирустық энтеритке қолайсыз аймақтан күзен шаруашылығына жем, төсенiш, көлік құралдарын әкелуге рұқсат берiлмейдi;
2) аурудан қолайсыз пунктерден күзендi күтетiн тұлғаларға ауруға қолайсыз шаруашылығы субъектiсiне баруға жол берілмейді.
2-параграф. Эпизоотикалық ошақтарда және
вирустық энтеритке қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
941. Күзеннiң вирустық энтеритi ауруына күдiк болған жағдайда (жемнен тартыну, iш өткенде нәжiстер әр түрлi-түстi болған кезде, нәжiстерде кiлегейлi түтiк тәрiздiлер байқалғанда және басқалар) шаруашылығы субъектiлерiнде жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық зертханаға зерттеуге патологиялық материалдар (өлексе, сұйық нәжiсi бар кiлегейлi түтiктер немесе iшек кесiндiлерi) жiберуi тиiс.
942. Аурудың шыққаны туралы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринар инспекторына хабарлауы тиiс.
943. Барлық ауру және ауруға күдiктi деген күзендердi оқшау жерге бөлiп алады.
944. Аймаққа кiретiн жерде Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекция ерiтiндiсi бар дезинфекциялық тосқауыл қою керек. Шедаларға кіре берісте дезинфекциялық кедергілер қойылады.
945. Күзен өлген үйшiктi, торды, су, жем беретiн құралдарды Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсiмен сулы дезинфекция жүргiзiп, артынан тазартып, қайталап дезинфекция жүргiзедi. Күтушi персоналдың арнайы киiмдерi мен аяқ киiмдерiн булы формалин камерасында дезинфекциялайды.
946. Қи, төсенiш және жем қалдықтарын күн сайын жинап, биотермикалық әдiспен зарарсыздандыруға үйiп, дайындайды.
947. Тор астындағы топыраққа Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсiн құяды.
948. Күзен ауруына күдiктi деген малды қарауға жеке персонал бөлiнедi; оларды басқа аурудан қолайлы шаруашылығы субъектiлерiндегi персоналмен қатынасуына жол бермейдi.
949. Диагноз зертханалық тәсiлмен расталғанда, шаруашылығы субъектiнi күзеннiң вирустық энтеритiнен қолайсыз деп жариялайды және мынадай шектеулер қойылады:
1) шаруашылығы iшiнде күзендердiң ауыстыруына жол берілмейді, сондай-ақ аңды қолға ұстап орындалатын iс-шараларды тоқтатады (өлшеу, бонитировка жасау);
2) қолайсыз шаруашылығы субъектiсі аумағына басқа персоналдың келуiне жол берілмейді, қолайсыз және қолайлы аң шаруашылықтары арасындағы байланысты тоқтатады;
3) шаруашылығы субъектiден күзендердi, сондай-ақ аңды күтуге қолданған құралдарды басқа жаққа шығаруға жол берілмейді;
4) қолайсыз шаруашылықта жұмыс iстейтiн персоналға аумаққа кiруге және одан шығуға тек қана, арнайы киiм мен аяқ киiмдерiн ауыстырғаннан кейiн рұқсат етiледi.
950. Қолайсыз пункт шаруашылығы субъектiсіге жем шөп, төсенiш, жабдық, мүлiк және малды күтетiн басқа құрал саймандарды аумақтың шекарасында орналасқан алмасу алаңы арқылы әкелiнедi, соңынан көлiк құралдарын арнайы дезинфекция жасайтын алаңдарда дезинфекциялайды.
951. Жабайы құстарды үркiту, кемiргiштер мен жәндiктердi жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аң өсiретiн фермаға ит, мысық және тағы да басқа жануарлардың кiрiп кетпеу шараларын қабылдайды.
952. Ауру және ауырып болған аңдарды жүнi өсiп болғаннан кейiн вирус алып жүрушi ретiнде деп сою.
953. Шаруашылығы субъектiдегi күзендердi вирустық энтеритiне қарсы вакциналайды.
954. Күн сайын аңдарды күтетiн құралдарды, сондай-ақ аптасына бiр рет олар тұратын тор мен үйшiктердi Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсiмен дезинфекциялайды.
955. Энтериттен өлген күзендердiң терiсiн алу, арнайы жабдықталған орында, арнайы бөлген қызметкерлер жүргiзедi.
956. Күнделiктi жұмыс аяқталғаннан кейiн өлекселердi, пайдаланған ағаш жаңқаларын және майлар күйдіріледi, ал қоралар, құрал-саймандар мен жабдықтар Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады.
957. Шаруашылығы субъектiсiнен өлген күзендердiң терiлерiн зарарсыздандырылғаннан кейін әкетуге рұқсат етіледі.
958. Қолайсыз пункт шаруашылығы субъектiсiнен шектеудi соңғы өлiм тiркелгеннен күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін немесе күзендердiң вирустық энтеритiнен сауыққаннан кейiн және қорытынды іс-шаралар өткiзiлгеннен соң алынады.
88-тарау. Қоянның миксоматозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 88-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Қояндардың миксоматоз ауыруы анықталған
кездегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
959. Қоянның миксамотоз ауруының белгілері шыққан жағдайда шаруашылықта (елді мекенде) қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маман осы жөнінде тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлауы тиіс.
960. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық санитариялық инспекторы болған жағдаймен хабардар болғаннан кейiн, миксоматозға диагноз қоюдың шарасын қарастырады, аурудың таралуын, қоздырғышы қайдан келгенiн және ауруды болдырмаудың іс-шаралар жөнiнде нұсқау бередi.
961. Алынған патологиялық материалды қолма-қол ветеринариялық зертханаға жібереді.
962. Қоянның миксоматоз ауруының диагнозы анықталғаннан кейiн шаруашылығы субъектiсiне шектеу қойылады.
2-параграф. Қоянның миксоматоз ауруын жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
963. Қолайсыз пунктте миксоматоз ауруын жою үшiн мынадай іс-шаралар атқарылады:
1) қоян шаруашылығы аумағынан кiре берiсте Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсi бар дезбарьер орналастырады, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қолайсыз ошақтарын болдырмас үшiн барлық шаралар қолданылады;
2) күнделiктi қораларға, орындарға шыбын, маса және басқа жәндіктерді құрту үшiн дезинсекция жұмыстарын жүргiзедi;
3) қояндарды күтушi-мамандар әр жұмысқа келген мезетте оларға қолайлы жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдерi ауыстырылып берiлiп отырады;
4) басқа қоян бағатын шаруашылықтармен ара қатынасты тоқтата тұрады, автотранспорт қатынасын, заттарды, құрал жабдықтарды, жемшөпті және басқа заттарды тасымалдау тоқтатылады;
5) қызметшілердің киетiн жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдерi пароформалиндiк камерада залалсыздандырады.
964. Жануарларды сол тұрған жерiнде сояды. Сойған немесе өлген қоянның денесiн терiсiмен қоса кәдеге жаратуға жiбередi. Қи, төсеніш, шөптің қалдығы, ыдыстар және құралдар өртеледі.
965. Сойылған қояндардың ұшасын қайнатқан соң пайдалануға жiбередi, iшкi ағзаларын күйдіреді немесе кәдеге жаратады.
966. Қоян терiсiн дайындайтын базарларда, мекемелерде ауру шыққанға дейiн және шектеу кезiнде қоян терiлерiн залалсыздандыруға жiбередi.
967. Қолайсыз пунктте барлық қалған аурудан қолайлы, клиникалық белгiлерi байқалмаған қояндарды миксоматоз ауруына қарсы вакцина егіледi, ауруды таралмас үшiн барлық кешендi ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды атқарады. Әрбiр мал басына ветеринариялық бақылау күнделiктi жүргiзiледi.
968. Қояндардың миксоматоз ауруы бойынша қолайсыз пункттерден шектеу қорытынды іс-шаралардан кейін алынады.
89-тарау. Етқоректілердің токсокарозы және токсаскаридозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 89-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақта жүргiзiлетiн профилактика ретінде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
969. Инвазияның пайда болуы мен оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлерi, ветеринария саласындағы мамандары, сондай-ақ мал иелерi қажет:
1) аңдарды жерден жоғары көтеріңкі торлы еденi бар торларда ұстауы;
2) торларды, ашық қораларды, вольерлерді және басқа да мал ұстайтын жерлердi жануарлардың экскременттерiнен және басқа да заттардан күн сайын тазарту және дезинфекция жүргiзу;
3) буаз саулықтарды отырғызар алдында торлардың темiр бөліктері мен едендерiн қыздыру шамымен зарарсыздандыру, олардың ағаш бөліктерін ыстық сумен шаю;
4) мерзімді түрде копроовоскопиялық зерттеулер жүргiзу (күшiктердi ай сайын, ересектерін - тоқсан сайын) және инвазияланған жануарлар анықталған кезде - дегельминтизация жүргiзу;
5) мамық жүнді аңдарға көкөністерді ағынды сумен мұқият шайғаннан кейiн азыққа беру;
6) алдын-ала ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз шикi етпен, iшкi органдармен мамық жүнді аңдар мен иттерді азықтандыруға жол бермеу;
7) аң фермаларының аумағына кезбе иттердi жiберуге жол бермеу;
8) шаруашылық аумағында және қораларда мерзiмдi түрде дератизация жүргiзу.
970. Аңдардың жоспарлы профилактикалық дегельминтизациясы маусым-шiлде айларында күшiктердi бөлгеннен кейiн, екiншi рет – желтоқсанда шағылыстырудың алдында жүзеге асырылады.
971. Токсокароз бен токсаскаридоздың профилактикасы үшiн күшiктер туғаннан кейiн 20-25 және 70-80 күнтізбелік күннен кейін дегельминтизацияланады. Буаз ұрғашы иттер күшіктеуге дейiн бiр ай бұрын және күшіктегеннен кейiн бiр айдан соң дегельминтизацияланады. Күзеттiк және қызметтiк иттердi мерзiмдi түрде тексередi және қажеттілігіне қарай дегельминтизациялайды.
972. Токсокарозды адамдар, негізінен балалар жұқтырады, сондықтан балалар ойнайтын жерлерде, аулаларда иттер мен мысықтарды серуендетуге, адамдар шомылатын өзендерді және басқа да суқоймаларда шомылдыруға жол берілмейді.
973. Қалаларда иттердi серуендетуге арнайы бөлiнген тормен қоршалған алаңдарда және волъерлерде рұқсат етіледі.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
974. Соңғы диагноз белгіленген кезде ветеринария саласындағы маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің жетекшiсiмен және мал иелерiмен бірлесіп мынадай іс-шаралар кешенiн жүзеге асырады:
1) барлық ауру жануарларды оқшаулайды және жануарлардың экскремент жерлерiн дезинвазиялауды, дегельминтизациялауды жүргізеді;
2) серуендету аулаларын, ұстау орындарын мерзiмдi түрде механикалық тазалауды жүргiзедi.
975. Иттер мен мамық жүнді аңдарды емдеу үшiн, Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
90-тарау. Етқоректі жануарлардың обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 90-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Қолайсыз пункттегi ет қоректі жануарлардың обасын
жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
976. Етқоректiлердiң оба ауруына диагноз қойылған кезде шаруашылығы субъектiлерiне карантин қойылады.
977. Етқоректiлердiң обасынан қолайсыз аң өсiретiн шаруашылықтарда (ит питомниктерiнде) мынадай жою іс-шаралары жүргiзiледi:
1) барлық ауырған және оба ауруына күдiктi жануарларды жедел оқшаулайды және симптоматикалық емдеу жүргiзедi, ал қалған жануарларды (терiсi бағалы аңдар мен иттер) ережеге сәйкес вакцинамен егедi;
2) аң шаруашылықтарында және ит питомниктерiнде барлық күтушiлердi қосымша киiмдермен - халаттар, фартуктер және резина аяқ киiмдерiмен қамтамасыз етедi;
3) күтушi персоналдың киiмдерi күнделiктi залалсыздандырылып тұрады;
4) әрбiр ауру жануар бөлiнiп оқшауланған сайын торлар, үйшiктер, тордың астындағы топырақ және жәшiктер залалсыздандырылады. Оқшаулағышқа күнделiктi дезинфекция жүргiзiледi. Дезинфекция жасау үшiн Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiн қолданады.
5) қиды арнаулы бөлiнген аумаққа жинап биотермиялық залалсыздандыру үшiн үш ай ішінде жауып тастайды.
978. Өлген аңдардың немесе мұқият сойылған жануарлардың терiсiн тек оқшаулағышта сыпырады. Обадан өлген аңның өлексесiн, ұшаларын және құнсыз терiлерiн жағып жiбередi.
979. Ауру және ауырған жануарлардан алынған терiлердi 25-33 градуста температурада 3 тәулiк ішінде кептiредi және кейіннен 18-20 градус температурада он тәулiк ішінде ұстайды.
980. Қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін ет қоректiлердiң оба ауруынан қолайсыз пункттен карантиндi алады.
91-тарау. Балықтардың анизакидозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 91-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Балықтардың анизакидозын сауықтыру бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
981. Балық шаруашылығымен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың аумағында және үй-жайларында жұмыс iстейтiн персоналдың анизакид личинкаларын жұқтырудың қауіпсіздік шаралары сақталуы қажет. Балықтарды өңдеумен айналысатын адамдар жеке профилактика шараларын сақтауға, атап айтқанда, шикi балықтың туралған етiнің және басқа да балық жартылай фабрикаттарының дәмiн көруге жол бермеуге, қалдықтарды уақтылы зарарсыздандыруы қажет.
982. Анизакидозбен зақымданған ошақтардан түсетін барлық балықтар ветеринариялық құжаты болған кезде қабылдануы қажет, онда балық шартты түрде жарамды деп көрсетiлуге тиіс, өйткені онда шартты түрде жарамды балық сатылар алдында тиісті технологиялық өңдеуге ұшырайды.
983. Шикі балықты және оның қалдықтарын су айдындарына, қоқыс төгетiн жерлерге тастауға және үй жануарларын жемдеуге беруге рұқсат етілмейді.
984. Балықты өңдеу кезінде алынатын қалдықтар қайта өңдеу үшін жемдік балық ұнына жіберіледі, ал ұн-май қондырғылары болмаған жағдайда судың қайнауынан бастап 30 минут бойы қазандарда қайнатылады.
2-параграф. Балықтардың анизакидозын жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
985. Анизакидтердің тiршiлiкке қабілеттi личинкаларымен зақымданған балықтарды сатуға рұқсат етілмейді.
986. Балық өнiмдерiне зертханалық тексерулер жүргiзу кезінде және анизакидтердің тірі личинкалары анықталған кезде балық тоңазытып зарарсыздандыруға жіберіледі.
987. Зарарсыздандырылғаннан кейін балық қайтадан анизакидтердің тірі және тiршiлiкке қабілеттi личинкаларының бар-жоқтығын зертханалық тексеруге ұшырайды.
92-тарау. Тұқы тұқымдас балықтардың аэромонозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 92-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Тұқы балықтарының аэромонозын сауықтыру
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
988. Балықтардың аэромонозын сауықтыру мақсатында мыналар қажет:
1) балықтарды шаруашылыққа тек жұқпалы аурулардан қолайлы су айдындарынан тасымалдап әкелу;
2) тұқымдық материалды (осы жылғы, бiр жылдық, екi жылдық) жергiлiктi балықтардан арнайы жеке бөлiнген тоғандарға орналастыру;
3) аулау және көшiрiп отырғызу кезiнде балықтардың жарақат алуына жол бермеу;
4) тоғандарда қатты өсiмдiктердiң көп өсуiне тосқауыл қою;
5) балық организмдерiнiң төзiмдiлiгiн арттыруға бағытталған кешендiк іс-шараларды өткізу (толыққанды азықтандыру, қолайлы зоогигиеналық жағдайлар);
6) тұрақты түрде тоқсанынан бір реттен кем емес, ал вегетациялық кезеңде аулау уақытысында балықтарға ихтиопатологиялық зерттеу жүргiзу қажет.
2-параграф. Қолайсыз пункттердегі ауруды жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
989. Тұқы аэромонозы пайда болған жағдайда қолайсыз балық өсiретiн шаруашылықтарға және табиғи балық шаруашылығы су айдындарына карантин қойылады. Карантиннiң шарты бойынша қолайсыз шаруашылықтарда мыналарға:
1) балықтарды шаруашылықтың басқа тоғандарына және табиғи балық шаруашылығы су айдындарына ауыстырып салуға;
2) аэромонозға бейiмдi балықтардың әртүрлері мен әр жастағыларын араластырып салуға жол берілмейді.
990. Карантиндегi су айдындарынан әкетуге, сонымен қатар оларға балықтар мен гидробионттарды әкелуге, жекелеген жағдайларда ветеринариялық органдардың рұқсатымен карантиндегi шаруашылықтың қолайсыз тоғандарына байланысы болмаған шаруашылықтың қолайлы тоғандарынан балықтарды, оларды одан әрі карантинде міндетті түрде бір жыл ұстай отырып, басқа шаруашылыққа және су айдындарына әкетуге рұқсат етіледі.
991. Тiрi тауарлы балықтарды тiрi балық сақтайтын базалардағы орында ұстамай, сауда орындарына тек тiкелей әкетуге рұқсат берiледi. Қолайсыз шаруашылықтардағы балықтарды әкетуге пайдаланылған суды хлорлаудан өткiзгеннен кейiн жалпы дәліздік желіге төгiп тастайды, ал ауылдық жерлерде далаға су айдынынан 500 метрден кем емес қашықтық аралығында төгiп, ыдысты тиiстi өңдеуден өткiзедi.
992. Балық өсiретiн шаруашылықтарда және балық шаруашылықтарының су айдындарында сауықтыру шарасын суды ағызып жiберу арқылы немесе кешендiк тәсiлдердi қолдану жолымен iске асырады.
993. Құйылма тоғаны бар шағын толық жүйелi балық шаруашылықтары, балық питомниктері немесе жекелеген тоғандар бiр жыл iшiнде бiр мезгiлде барлық ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-мелиоративтiк iс-шаралар жүргiзе отырып, суын ағызып жiберуге жатады. Бұл ретте:
1) күзде тоғандарды ағызып жiбередi, барлық тауарлы балықтар, аталық және жетiлген жас балықтар сауда жүйесi арқылы өткiзiледi, тұқымдық балықтар (шабақтар) мал жеміне жiберiледi;
2) келесі жылдың қыс, көктем және жаз айларында тоған арнасын, балық жинайтын орларды және су құрылыстарын қайнатылмаған iзбес (25-30 центнер/гектарына) немесе хлорлы (3-5 центнер/гектарына) iзбеспен зарарсыздандырады;
3) көктемге қарай зарарсыздандырған тоғандарға су құйып, оларға сау тұқымдық балықтарды жұқпалы аурудан қолайлы шаруашылықтардан әкелiп, балықтандырады.
994. Суды тек тасымалдап жеткiзетiн iрi толық жүйелi балық өсiретiн шаруашылықтарда, суы ағызылмайтын немесе толық ағып кетпейтiн тоғандарда, сонымен қатар жабық табиғи су айдындарында кешендi әдiспен сауықтандыру жүргiзiледi.
995. Әдiстiң құрамына мыналар кіреді: ауру қоздырғышының көздерiн анықтау, қоздырғыштардың таралу жолдарын үзу, балықтардың табиғи төзiмдiлiгiн арттыру, аурудың таралуына тосқауыл қою және оларды бағып ұстауға бiр қалыпты жағдай туғызу.
996. Судың қышқылдығын және оларда жиналып қалған органикалық қалдықтарды бейтараптау мақсатында судың рН деңгейiнің 8,5-ке дейiн көтерiлуiне қол жеткiзе отырып, су көлемiнiң 150-300 килограмм/гектарына мөлшерiнде (күнтізбелік 8-15 күн аралықпен суды ағызу кезеңінде 2-3 рет) сөндiрiлген әктi немесе әктiң сүттi сұйығын енгiзу ұсынылады.
997. Қолайсыз балық өсiрушi шаруашылықтарында аэромоноз ауыруынан жазылған және осы көрсетiлген ауруға едәуiр төзiмдiлiгi бар балықтардан аталық өндiргiш балықтар мен жас балықтардың топтарын қалыптастырады.
998. Аэромоноздың созылмалы ауруынан қолайсыз шаруашылықтарда, табиғи су айдындары мен су қоймаларында балықтардың ауруларына шалдықпайтын немесе едәуiр төзiмдi балықтарды: өсiмдiк улы (ақ амур және дөңмаңдай), шортан, өзектiк жайын және басқа түрлерi өсiрiлiп көбейтiледi.
999. Емдеу мақсатында Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дәрiлік препараттар қолданылады.
1000. Балық өсiрушi шаруашылығынан балық аэромонозына қойылған карантиндi балықтар ауруының соңғы тiркелгенiнен бiр жыл өткеннен кейiн және өндiрiстiк тоғандардан алынған биологиялық сынамалардың жақсы нәтижелерi және жүргiзiлген ветеринариялық-санитариялық шаралар кешенi өткiзiлгеннен кейiн алады.
93-тарау. Балықтардың торсылдағының қабынуы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 93-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Су қоймаларын сауықтыру бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1001. Суын ағызып жiберу кезінде кемiнде бiр жыл мерзімге барлық тоғандарды сусыз ұстайды. Ауланған балықтарды сауда орындарына сатуға жiбередi. Бүйiрi үлкейген балықтарды және судың бетiнде жүзген балықтарды пiсiрiлген күйiнде жануарларды жемдейді немесе оларды жояды. Суды ағызып жiберу әдісімен сауықтандырудың орындылығы тоғанның, сумен жабдықтау жүйесiнiң эпизоотиялық жағдайымен анықталады және тоғандардың тегiстiгi, ауданының көлемi, экономикалық мүмкiндiгi және басқа жағдайлар ескеріледi. Суы ағызылып жiберілген тоғандар орны дезинфекциялауға, құрғатуға, кейiннен ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғыза отырып, қатыруға ұшырайды.
1002. Тоғандардың суын ағызып жiберу мүмкiн болмаған кезде су айдындарын кешендi әдiспен сауықтыру жүргiзіледi. Мұнда уылдырықты инкубациялау әдiсiмен алынған балықтарды өсiрiп, сау үйiр құрады немесе осы ауруға бейiм балықтарды бейiм емес немесе бейiмдiлiгi төмен балықтармен ауыстырады. Тоғандарға, аулау құралдарына және мүлiктерге зарарсыздандыру жүргiзедi.
1003. Тоғандарда балықтарды кешендi әдiспен сауықтырғанда алдын ала емдеу жұмыстарын жүргiзедi.
Осы аурудан қолайсыз пункттердегi тоғандарды кешендi әдiс бойынша сауықтырғанда шектеу алынар алдында ветеринариялық қадағалаудың бақылауымен биологиялық сынаманы жүргiзедi. Тоғандарға жергiлiктi тұқы балықтарын (бiр жылға дейiнгi, бiр жылдық немесе бас көбейтетiн) осы аурудан, басқа да аурудан қолайлы шаруашылықтан әкелiнген балықтарды жiбередi. Балықтарды 15 градустан төмен емес температурада үш ай ішінде ұстайды және қолданылатын балық өсiрудiң тығыздығын анықтайды. Егер судың температурасы 15 градустан төмен болса, онда биосынаманың мерзiмiн ұзартады, онда орта тәулiктiк температура үш ай ішінде 15 градустан төмен болмауы тиіс. Осы аталған уақытта балық ауруының болмауы шектеудi алуға негiз болады.
1004. Жүзу жарғағының ауруы толық тоқтағаннан, ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-суландыру іс-шаралары жүргiзiлгеннен кейін бір жыл өткен соң кешендi кешендi әдiспен сауықтырғанда, терiс биосынама алынса, балық өсiрiлетiн шаруашылықтан шектеу алынады.
94-тарау. Балықтың дифиллоботриозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 94-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақта профилактика ретінде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1005. Жануарлардың дифиллоботриозды жұқтыруының алдын алу мақсатында:
1) су айдындарын нәжiспен ластанудан қорғау;
2) қызмет көрсететiн персоналға гельминтологиялық тексеру жүргiзу;
3) санитариялық қызметпен бірлесіп, табиғи су айдындары мен су қоймаларындағы балықтарды тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;
4) күзет иттерiне мерзiмдi түрде дегельминтизациялау жүргiзу қажет.
1006. Су айдындарына, қоқыс тастайтын орындарға шикі балықты және оның қалдықтарын тастауға, ет қоректi және барлық қоректi жануарларға беруге жол берілмейді.
1007. Дифиллоботриид личинкаларын жұқтыруға: шортан, нәлiм, алабұға, пеляд, ақсақа, хариус, көкшұбар, талма, кета, бахтах, ақ балық, кета, кумжа, таймень, арқан балық тұқымдасының кейбiр түрлерi және қорегі су шаяндары-циклоптар мен диаптомустар болып табылатын балықтың басқа да түрлерi тексерiледi.
2-параграф. Дифиллоботриоз бойынша қолайсыз аумақта
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1008. Су айдынында дифиллоботриид личинкаларын жұқтырған балықтар анықталған кезде барлық балықтар ауру жұқтыру дәрежесiне қарамастан, шартты түрде жарамды деп саналады және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тек қана тиісті өңделуден кейiн тамаққа пайдалануға жiберiледi.
1009. Дифиллоботриоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде алдын-ала ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізбей, мамық жүнді аңдар мен иттерді балықпен және балық өнiмдерiмен жемдеуге жол берілмейді.
1010. Құрттардың плероцеркоидтарын жұқтыруға бейім қолайсыз тоғандардан ауланатын балықтардың барлық түрлеріне мiндеттi түрде ихтиопатологиялық зертханалық-диагностикалық зерттеу жүргізілуге қажет.
1011. Балықты өңдеген кезде алынатын қалдықтар азықтық балық ұнын жасау үшiн қайта өңделуге жiберiледi, ал май-ұн қондырғылары болмаған жағдайда су қайнағаннан бастап 30 минут бойы қазандарда қайнатылады.
1012. Балық ауланған жерлерде шартты түрде жарамды балықтарды өңдеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда оны аудан, облыс шеңберінде жақын орналасқан өңдеу орнына дейiн тасымалдауға жол берілмейді.
1013. Шартты түрде жарамды балықты тамаққа пайдалануға тұздау, мұздату, қайнату, қақтау, арнайы кулинариялық өңдеу немесе консервiлеу арқылы тиісті өңдеуден кейін оның түрiне байланысты жол берілмейді.
1014. Жалпақ құрттың плероцеркоидтарымен қатты зақымдалған балық техникалық кәдеге жаратуға жiбередi.
95-тарау. Тұқы тұқымдас балықтың қызамығы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 95-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Қызамықтан қолайсыз пунктте жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі (шектеу іс-шаралары мен
карантиндi ұйымдастыру)
1015. Тұқы балықтың қызамық ауруының шығуын және таралуын алдын алу мақсатында шаруашылықтардың және шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары жалпы сауықтыру, ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру талаптарын қатаң орындауға міндетті.
1016. Балықтардың қызамық ауруы анықталғанда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы балық өсiретiн шаруашылық субъектiлерiнiң иелерiмен бiрлесiп, қызамық жұқпасы ошағына кiретiн көлшiктерді немесе су қоймаларын тексередi.
1017. Тексерудің нәтижелерi актімен ресімделеді.
1018. Аурудан қолайсыз пунктке карантин қойылады.
Карантиннiң шарты бойынша қолайсыз пунктерде мыналарға:
1) балықтарды карантиндегi су айдындарынан шығаруға, сондай-ақ карантиндегi көлдерге балықтарды әкелуге;
2) ауырған немесе ауру жұғуға күдiктi балықтарды қолайлы шаруашылықтардың тоғандарына және бір тоғаннан басқа тоғанға ауыстыруға;
3) қызамыққа бейiм балықтардың әртүрлерi мен әр жастағыларын суларда араластыруға;
4) балық өсiретiн тоғандарға тыңайтқыш мақсатында қи төгуге;
5) балық өсiретiн шаруашылық субъектілеріне бөгде тұлғаның баруына;
6) балық өсiру мүлiктерiн, аулау құралдарын және басқа заттарды бiр балық шаруашылығы тоғанынан басқасына әкетуге және әкелуге жол берілмейді.
1019. Карантиндегi шаруашылық субъектілерінде балық ауруларын жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) қолайсыз пункттерде жұмысқа арналған арнайы бөлiнген аулау құралдары мен мүлiктер болуы тиіс. Оларды басқа түске бояйды және жеке сақтайды. Карантиндегi тоғандарға қызмет көрсету үшiн тұрақты жұмысшылар бекiтiледi;
2) тұқы балық-үйрек аралас шаруашылық субъектілерінде үйректердi оқшау балық кәсiпшiлiгiне маңызы жоқ және басқа балық өсiретiн көлдермен, табиғи сулармен қатысы жоқ тоғандарға тастайды. Тұқымға және өсiруге арналған үйректердi басқа балық өсiретiн шаруашылық субъектілеріне немесе балық кәсiпшiлiгiне маңызы бар тоғандарға шығаруға жол берілмейді;
3) қырылған балықтардың өлекселерiн ұстап алып, тоғаннан алыста алдын ала хлор ерiтiндiсiмен немесе сөндiрiлмеген әкпен зарарсыздандырылғаннан кейiн кемiнде 1,5 метр тереңдiкке көмедi;
4) ауланған тiрi ауру балықтар (жаралары бар, қабыршақтары тiкiрейген, қабықтары қабатталған, денесi және құрсағы суға толған) техникалық кәдеге жаратуға жiберiледi;
5) судың қатты ағысын және аэрация жолымен оттегiмен байыту іс-шараларын қамтамасыз етедi;
6) судың қышқылдығын және оларда жиналып қалған органикалық қалдықтарды бейтараптау мақсатында судың рН деңгейiнің 8,5-ке дейiн көтерiлуiне қол жеткiзе отырып, су көлемiнiң 150-300 килограмм/гектарына мөлшерiнде (күнтізбелік 8-15 күн аралықпен суды ағызу кезеңінде 2-3 рет) сөндiрiлген әктi немесе әктiң сүттi сұйығын енгiзу ұсынылады;
7) шағын толық жүйелi балық өсiретiн шаруашылығы субъектілері, жеке тоғандар және әсiресе балық питомниктерiнде суын толық ағызып жiберу және барлық балық өсiру-мелиоративтiк және сауықтандырудың кешендiк іс-шараларын жүргiзу жолымен кептiреді;
8) су айдынында жұмыс iстейтiн персоналдың аяқ киiмдерiн және киiмдерiн, аулау құралдарын, мүлiктерiн, жабдықтарын міндетті зарарсыздандыруды ұйымдастырады.
2-параграф. Қызамықтан қолайсыз пунктте сауықтандыру
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1020. Судың қамтамасыз етiлуiне байланысты суын босатпайтын немесе суын толық босатпайтын су айдындарында, сонымен бiрге жабық балық шаруашылығы субъектілерiнде қызамықты жоюдың кешендi әдiстерi қолданылады, мұнда қоздырғышты табу және оны жою іс-шаралары, оның таралу жолдарын үзу және болдырмау, балықтардың ауруға қарсы төзiмдiлiгiн жоғарылату және аурудың әрi қарай дамып өрiстеуiне кедергi келтiретiн жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жүргiзiледi.
1021. Қолайсыз пунктерде қызамықпен ауырған, аталған ауруға салыстырмалы төзiмдi балықтардың арасынан еркек тұқым беретiн және балық басын көбейтетiн жас балықтардың үйірін қалыптастырады. Қолайсыз пункттерде және табиғи суларда өсiру және көбейту үшiн қызамыққа көбiрек төзiмдi өсiмдiк қоректi балықтарды ұстаған жөн.
1022. Балық кәсiпшiлiгiне маңызы бар, табиғи тұйық суларда уылдырық өсiретiн шаруашылықтар және суға салатын материалмен толық қамтамасыз ететiн балық өсiретiн зауыттар салу ұсынылады. Тоғанды шаруашылықтарды тұйық балық өсiретiн шаруашылықтарға ауыстырады (тауарлық балықтардан басқа балықтарды шығаруға және әкелуге жол бермейдi).
1023. Қызамықтан қолайсыз пункттерде емдiк және сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлік заттар қолданылады:
1) түйiршiктелген жем, астық, байытылған антибиотиктер барлық жастағы балықтар тобына көбею кезеңi ішінде мынадай схема бойынша берiледi: 3 күн балықтарды емдiк жеммен, одан кейiн үзiлiс берiп кәдiмгi жеммен жемдеу. Судың температурасы 120 С-қа дейiн кезде емдiк жеммен және кәдiмгi жеммен жемдеу 6 күнге дейiн ұзартылады, ал температура 210 С-тан жоғары болғанда 3 күнге дейiн қысқартылады;
2) еркек балықтар мен өсiретiн балықтарға емдiк мақсатпен левомицитиндi 1 килограмм салмаққа 20-30 милиграмм көктемде қыстаулардан босағанда, екiншi рет - көктемгi түгендеуден кейiн және үшiншi рет - күзде қыстауға ауыстырғанда құрсағына егiледi. Аурудың бiлiнетiн клиникалық белгiлерi бар ауру балықтармен жанасқан еркек балықтар уылдырыққа қонар алдында қосымша өңделеді;
3) өсiретiн тоғандарда бiржылдық балықтарға, серуендейтiн тоғандарда сауықтыру мақсатында метилен көктi әр балыққа бiржылдықтарға 2-3 милиграмм және екiжылдықтарға 3-5 милиграмм бередi. Емдiк жемді жемдейтін жерге тәулiк сайын 7-8 рет салады. Осындай тәртiппен 2-3 рет қайталайды;
4) балықтар үшiн сауықтыру және емдiк мақсатпен мынадай препараттардың емдiк ваннасы ұсынылады: левомицитин, синтомицин, немесе метилен көк;
5) қызамық ауруының қайталануынан сақтандыру мақсатында уылдырық шашар кезең ішінде еркек балықтарды метилен көкпен байытылған жеммен 1 килограмм жемге 3 грамм метилен көк қосылған жем берiледi. Жем нормасы - желiнуiне қарай. Жемдiк жем 2-3 күн қатарынан берiледi, содан кейiн 2-3 күн кәдiмгi жемді пайдаланылады және осылай 2-3 рет қайталанады.
1024. Кешендi ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-мелиоративтiк шаралар жүргiзiледi және балықтың қызамық ауруы толық тоқтағаннан кейін бiр жыл өткеннен соң балық өсiретiн шаруашылық субъектісінен карантин алынып, қолайлы деп жарияланады.
96-тарау. Балықтардың лигулезі және диграммозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 96-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
сауықтыру бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар
тәртібі
1025. Лигулез бен диграммоздың профилактикасы балық аулайтын шаруашылық жүргізуші субъектiлерінің аумағынан балық жейтiн құстарды үркiтiп отыруды білдіреді. Вегетациялық кезеңнің ішінде балық жейтiн құстардың жиналуына және олардың ұя салуына жол бермеу үшін тоғандарда қатты және жартылай қатты шөптер шабылады.
1026. Негізгі кәсiпшiлiк балық ретінде плерецеркоидтермен инвазиялауға ұшырамаған сазандар және көксеркелер өсiрiледi.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз пунктерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1027. Ауру балықтарды аулау олардың жиналу орындарында жүргізіледі. Тұқылы балықтардың ұсақ түрлерінің лигулезбен және диграммозбен зақымдану кезінде көксеркелер саны ұлғайтылады. Лигулез, диграммоз бойынша қолайсыз жерлерде орналасқан қайта жасалатын су айдындарында өсіру үшін ақсақа, арқан балық ауруларына бейiмділігі мейлінше төмен немесе бейiм емес балық түрлерін арнайы іріктеп алу керек.
1028. Лигулез, диграммоз анықталған кезде сатуға тек қана iшкi құрылысы алынған балық жiберiледi. Iшкi органдары гельминттермен бiрге кәдеге жаратылуға тиіс.
97-тарау. Описторхоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 97-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Описторхоздың профилактикасы ретінде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1029. Күрес және профилактика шаралары кешенiнде адамның және жануарлардың денсаулығына арналған балық өнiмдерiнің қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөніндегі мынадай іс-шаралар бірінші дәрежелі мәнге ие:
1) оны адамның және жануарлардың гельминтоздар қоздырғышынан зарарсыздандыруға кепілдік беретін балықты өңдеу режимдерін қамтамасыз ету;
2) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық сараптамалар;
3) медициналық-биологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға, сондай-ақ паразитарлық тазалықтың көрсеткiштерi бойынша санитариялық нормаларға сәйкестігіне зерттеулердi ұйымдастыру және олардың сапасы.
1030. Балықтарды елдi мекенге сату ихтиопатологиялық зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн өткізіледі.
2-параграф. Қолайсыз пунктердегі ауруды жою бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1031. Қауiпсiздiк және санитариялық нормалардың талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер кезiнде адамның және жануарлардың денсаулығына қауiптi тiрi метацеркарилер анықталған балықты және олардың өңделген өнiмдерiн сатуға рұқсат етілмейді.
1032. Құрамында адамның және жануарлардың денсаулығына қауiптi тiрi метацеркарилерi бар балықтар және олардың өңделген өнiмдерi "шартты түрде жарамды" немесе "жарамсыз" санатына ауыстырылады.
1033. "Шартты түрде жарамды" балық өнiмi тамақ өнімдеріне, қайта өңдеуге және сатылуға тек қана зарарсыздандырудан кейiн рұқсат етiледi.
1034. "Жарамсыз" санатына ауыстырылған балық және олардың өңделген өнiмдерi кәдеге жаратуға жiберiледi.
1035. "Шартты түрде жарамды" балықты тамақ мақсатында пайдалануға тұздау, тоңазыту, ыстау, қақтау, арнайы кулинариялық өңдеу немесе консервiлеу жолымен рұқсат берiледi.
1036. Шартты түрде жарамды балық өнiмiн тұздау:
1) балықты описторхид личинкаларын зарарсыздандыру балық етiнде тұздың салмақтық үлесін 14 %-ға жеткiзе отырып, аралас өткiр және орташа тұздауды (+1+2 С0 температурада тұздаудың бiрiншi күнiнен тұздықтың тығыздығы 1,20) қолданумен қамтамасыз етiледi. Бұл ретте тұздаудың ұзақтығы мынадан кем болмауы қажет:
теңге балықта, үкiшабақта, қабыршақ балықта - 10 тәулiк;
тортада, тарақ балықта, қызыл қанатта, щипа балықта, ұсақ (25 сантиметрге дейiн) аққайрандарда, табанда, онғақта - 21 тәулiк;
iрi (25 сантиметрден жоғары) аққайрандарда, табанда, онғақта - 40 тәулiк;
2) "Шартты түрде жарамды" балық үшін барынша әлсiз немесе ұзақ тұздау тек қана осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен алдын ала тоңазытудан кейiн рұқсат етiледi.
1037. Балықтың уылдырығын тұздау:
1) жылы күйiнде тұздау (15-16 С0 температурада), тұздың мөлшерiнде (уылдырық салмағына пайызбен) жүргiзiледi: 12 % - 30 минут, 10 % - 1 сағат, 8 % - 2 сағат, 6 % - 6 сағат жүргiзiледi;
2) салқындатып тұздау (5-6 С0 температурада) тұз бен уылдырықтың бірдей арақатынасында екi есе ұзақ жүргiзiледi;
3) шайлы лентец личинкаларын (дифиллоботриид) жұқтырған ақсақа және басқа балықтардың уылдырықтарының салқындатылған тұздауы, уылдырықтың салмағына 5 % тұздың мөлшерiнде 12 сағат бойы жүргiзiледi.
1038. Балықтарды тоңазыту:
тоңазытудың мынадай режимдерін сақтау кезінде балық описторхис личинкаларынан зарарсызданады:
минус 40 С0 (балық денесiндегi температура) - 7 сағат (зарарсыздандыруға қажеттi уақыт);
минус 35 С0 - 14 сағат;
минус 28 С0 - 32 сағат.
1039. Балық өнiмiн зарарсыздандырудың сенiмдi әдісі оны жоғары температурамен өңдеу болып табылады. Қолданыстағы технологиялық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылатын ыстық және салқын ыстау, сүрлеу, кептiру, сондай-ақ консервiлердi жасау, аққайраңды қоспағанда, балықтарды описторхис личинкаларынан зарарсыздандырады. Салқындатылған аққайраң сүрленген және салқындатып ысталған балық өнiмдерiн өндіруге пайдаланылуы мүмкін емес, өйткенi бұл ретте оның описторхис личинкаларынан зарарсыздандыруы жүрмейді.
1040. Жануарлардың азығына тағайындалған балық өнiмдерi