Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Владимир Анатольевич Костюшинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |
| Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 38/2 қаулысына қосымша |